• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

BACKGROUND AND REASONS FOR THE INFLUENCE OF TURKS ON THE BYZANTINE EMPIRE

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 186-191)

186

BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ISSN 1991-3494

Volume 6, Number 358 (2015), 186 – 191

BACKGROUND AND REASONS FOR THE INFLUENCE

187

Византияның ішкі тұрақсыздығымен қатар сыртқы жағдайы ХV ғасырдан бастап, мүлдем нашар күйге түсті. Сөзімізді дәйектейтін болсақ, кресшілердің 1444 жылы 10 қарашада Варна маңында мұсылмандардан жеңілуі Еуропадағы түріктерге қарсы коалицияға тиген ауыр соққы болды. Ұрыс алаңында кресшілер көсемі – король Владислав Ягеллон мен кардинал Джулиано Чезарини бастаған әскердің барлық жауынгерлері қазаға ұшырады. Бұл қырғыннан кейін Еуропадағы түріктерге қарсы құрылған коалиция ыдырап, тарих қойнауына енді.

Біріккен интеграциялық күштен айырылып қалған Византия Осман империясына жалғыз қарсы тұруға мәжбүр болды. Орын алған қалтқысыз жағдайда қарт император VІІІ Иоанн түрік сұлтанына қымбат сыйлықтар беріп, алдап-арбауға тырысты. Императордың бұл әрекетінің бос әурешілдік екенін түсіне тұрып, Мореяның басшысы Константин барлық Грекияны біріктіріп, оны жауға қарсы күреске дайындауға кірісті. Бірақ оның бұл ойын жүзеге асыруына түріктер мүмкіндік бермеді [4.1].

Әскери техникасы мығым Осман Империясы Византиямен қатар, Пелопонесс түбегіне де жойқын шабуыл жасауға кірісті. Яғни түрік мемлекетінің сұлтаны ІІ Мұрадтың 1446 жылғы Грекияға жорығы жеңіспен аяқталып, грек жерін тонаушылыққа ұшыратып, 60 мыңға жуық адамын тұтқындады. Ал Морея елі көп салық төлеу арқылы уақытша тәуелсіздігін сақтап қалды.

Константинмен бітім жасаса салып, ІІ Мұрад өзінің негізгі қарсыласы Янош Хуньдиге қарсы аттанды. 1448 жылғы қазанда мажар және түрік әскерлері Косово алаңында тағы кездесіп, алғашқы 1389 жылғы шайқас сияқты, бұл жолы да түріктер қарсыластарын қырып салды. Янош Хуньяди түрік сұлтанының билігін мойындады. Сербтер де тізе бүкті. Тек Скандербек бастаған албандықтар мейлінше қарсыласып бақты [4.2].

1448 жылғы 31 қазанда Константинопольде VІІІ Иоанн қайтыс болды. Оның орнына ІІ Мұрадтың қолдауымен Мореяның басшысы ХІ Константин таққа отырды. Тәж кию салтанаты 1449 жылы 6 қаңтарда Драгашта өткізілді. Жігерлі жаңа император XI Константин Палеолог барлық күш жігерін түріктерге қарсы шешуші соғысқа дайындыққа бағыттады. 1451 жылы ақпанда сұлтан ІІ Мұрад дүние салды. Түрік тағына оның жас, әрі жігерлі баласы – сұлтан ІІ Мехмед Фатих отырды (1451-1481). Ол өте білімді, бірақ қатыгез болатын [4.3]. Таққа отырысымен, Византия империясын толық жаулап алуға тырысты. Бұл мақсатына жету үшін ең алдымен, Батыстағы көршілермен бейбіт бітім шарттарын жасады. Сонымен Батыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз еткен соң әскерін шығысқа қарай, Кіші Азиядағы Эмир Қараманға қарсы аттандырды.

1452 жылдың басында жеңіске жетіп, Қараманмен өте ұтымды келісім жасап, ІІ Мехмед Византияға қарсы соғысқа дайындығын күшейтті.

1452 жылғы наурызда түріктер Босфор бұғазының еуропалық жағасында қамал сала бастап, оны тамыз айында бітірді. Нәтижесінде түріктер Босфор Бұғазын толығымен өз қолдарына алып, Константинополь соғыс алаңына айналды [4.4].

Византиялықтар түрік елінің агрессиялық толқынының алдын алу мақсатында қорғанысқа күш жұмылдырды. Әсіресе, император Константин астананың бекінісін нығайтуға көп көңіл бөлді. Ал ақсүйектер өкілдері Кәрі құрлыққа қарай қаша бастады. Ал XI Константин православие шіркеуінің қарсылығына қарамастан Рим престолымен жаңа келісім бастады.

1452 жылғы қарашада Константинопольге V Николай папаның елшісі – кардинал Исидор келді. Дегенмен оның бастамасымен Италиядан келген көмек мардымсыз еді. Патша Исидорды салтанатты түрде қабылдап, 1452 жылғы желтоқсанда келісім жасалды [4.5].

Православиелік партия халықты бұл келісімге қарсы көтерді. Монахтар қысымына душар болып отырған халық бұқарасы монастырға келді. Партия басшысы Геннадий қалың бұқара алдына шықпай, жасырын түрде өзінің жазбаша үндеуін жариялады. Аталмыш үндеуде Константинопольдің ақырының таяп қалғаны және оның себебі теистік көзқараспен түсіндірілді.

Яғни елдің деградациялық ахуалы құдайдың Католик шіркеуімен келісім үшін жіберген жазасы ретінде сипатталды. Мұндай манифест Константинополь тұрғындарының арасына жік түсіріп, Византияның билеуші топтары әр түрлі фракцияға бөліне бастады. Кейін орын алған мұндай алауыздық империяның тағдырына үлкен зиян келтірді.

Одақ жасалған соң түрік жақтастары бас көтерді, олар астана тұрғындары арасындағы қарама- қайшылықтарды өз пайдасына пайдаланып қалуға тырысты. Астанадағы түркофилдердің және

188

Византия флотының қолбашысы Лука Нотара болатын. Ол рим-католик шіркеуімен одақ жасалып жатқанда «латын тиарасынан гөрі қалада түрік чалмасының үстемдігін көрген артық» деген болатын [4.6]. Оңың бұл тілегі қабыл болып, сонша жік туғызған одақтың пайдасы болмады.

Ал Батыс Еуропа мемлекеттері Византияға көмек беруге мүдделілік танытпады, тіпті, олар әлсіреген империяны өздеріне қосып алуды көздеді. Византияны шын ықыласымен құтқарып қалуға тек Генуя мен Венеция ғана мүдделі болды. Бірақ олардың өзара бақталастықтары түріктерге қарсы күш біріктіруге кедергі жасады. Тек Константинопольдің қоршалуы алдында Джованни Джустинианидің басшылығымен 700 генуялық жасақ көмекке келді. Алдында көмекке келуге асықпағанымен, кейінірек Венеция да Моросинидің басшылығымен 2 кемені көмекке жіберді.

Соңғы императордың туыстары Дмитрий мен Фома да өзара жан-жалдасуының кесірінен ағасына уақтысында көмекке келіп үлгере алмады. Түріктер олардың арасындағы жанжалды әдейі қоздыра түсті [5]. Империяның басына түскен бұлт күннен-күнге күшейе берді. 1453 жылдың басында екі жақ соғысқа қызу түрде дайындық жүргізе бастады. Түрік сұлтаны күндіз-түні Константинопольді және оның бекіністерін жақсы білетін мамандармен мәжіліс құрды.

Адрианополь қаласында күндіз-түні зеңбіректер жасалып жатты. Сұлтан византиялықтарға қызмет етіп жүрген дарынды зеңбірек жасау шебері венгр Урбанды өз жағына тартып алды [4.7].

1453 жылы наурыз айының басында ІІ Мехмед халық арасынан жаппай әскерге алу жөнінде бұйрық шығарды. Жарты айдың ішінде 200 мыңға жуық әскер жиналды. Константинопольді басып алудың алдында ІІ Мехмед Византияға қарасты Месамврияны, Анхиалар, Визаны бағындырды.

1453 жылы сәуірде түрік әскерінің алдыңғы тобы Византияның қабырғасына келіп жетті. Аз уақыт ішінде түріктер қаланы құрлықтан қоршап алып, басқа әлеммен қатынасын үзді. Мәрмәр теңізіне 30 әскери, 330 жүк тасушы кемелерден тұратын түрік эскадрасы, ал бір аптадан соң мұнда түріктердің Қара теңіздегі 76 кемесі де келіп жетті. Константинополь қабырғасында сұлтан өз кемелерінің байқауын өткізді. Кемелер саны төрт жүзден асты. Нәтижесінде Константинополь құрлықтан да, теңізден де қоршауға алынды.

Екі жақтан да үлкен қоршауға алынған мемлекеттің жағдайы мүлдем нашарлап, сыртқы агрессиялық күштің алдын алуға қауқарсыз болды. Түріктер әскері византиялықтардан бірнеше есе көп еді. Сондай-ақ Виззантия империясының әскери-техникалық әлеуеті түріктермен салыстырғанда өте төмен болатын. Мәселен, Константинополь тұрғындарының 5000-ға жуығы ғана қару ұстауға жарайтындар болды. Оған қоса 2 мың жалдамалылар бар еді. Ал алтын мүйізді қоршаған Византия мен оған көмекке келген кемелер саны 25-тен аспады. Дегенмен бұл күштің сапасы жоғары болатын: византия кемелері «грек отымен» қаруланған еді. Бірақ түрік кемелерінен саны жағынан 20 есе аз болды [4.8].

Византиялықтар барлық үміттерін Константинопольдің берік қамалдарына артты. Бірақ ол қабырғаларды қорғауға адами ресурс жетіспеді: әрбір қорғаушыға жаудың 20 жауынгерінен келді.

Сондықтан ІІ Мехмед үшін әскерін ұлтарақтай жерге ғана теңіз бен қабырғалар арасындағы құрлыққа орналастыру бас қатыратын мәселе болса, қорғанушылар үшін қабырғалар бойына қоятын адамдардың жетіспеуі қиыншылық туғызды.

ІІ Мехмедтің басшылық орны әулие Роман қақпасына қарсы бетке жайғасты. Оны 15 мыңдық таңдамалы әскер қорғап тұрды. Византиялықтар барлық үміттерін Джустиниани басқарған итальяндық жалдамалы әскер жасағына артты. Ол жасақ та әулие Роман қақпасының алдына орналасты. Аталмыш жасақ маңында ағайынды гректер Павел, Антоний, Трилдың әскерлері, олардан кейін - византиялықтар мен латындықтардың аралас қалың қолы Федор Каристийскийдің, Иоанн Немецкийдің, Леонард Генуэзскийдің басшылығымем шайқасып жатты. Сол қанатта Феофыл Палеолог пен Мануил Генуэзскийдің отряды тұрды. Ал барлық флот пен Алтын мүйіз қорғанысын Лука Нотара басқарды.

1453 жылдың сәуірінде түріктер қаланы атқылай бастады. Қоршау екі айға жуық созылды.

Алдымен түріктер қаланы құрлықтан қорғап тұрған қабырғаларды атқылап, бұзып кіруге тырысты. Бекіністердің кейбір жерлері бұзылғанымен, қорғаныс әскері жау шабуылына тойтарыс беріп отырды.

Түріктер қала бекіністерін жағалай қазылып, сумен толтырылған арықты топырақпен көміп тастауға тырысты, оны түнімен византиялықтар қайтадан тазалап, су жіберіп отырды. Түріктердің

189

кабырғалар астынан жерді қазып, қалаға кіру әрекеттері де сәтсіз болып шықты. Керісінше қала тұрғындары жерді қазып жасаған жолдар арқылы түріктердің әскери қостарына жетіп, оларды жарылған оқ-дәрімен талқандап отырды. Қорғаныс жасағы кейде қаладан шығып, жаумен қолма- қол соғыс жүргізді.

Сұлтанды теңіздегі сәтсіздіктері қатты қапаландырды. Түрік кемелерінің Алтын мүйізге ену әрекеттерінен түк шықпады. 20 сәуір күні ең алғашқы үлкен теңіз шайқасы болды. Онда византиялықтар мен олардың одақтастары толық жеңіске жетті. Осы күні Хиос аралынан төрт генуя, бір византия кемелері әскері және қару-жарағымен көмекке келді. Алтын мүйізге кіре берісте бұл кішкентай эскадра 150 кемеден тұратын түрік флотымен ашық айқасқа түсті [4.9].

Византиялықтар мен генуялықтардың теңізде жүзу тәжірибесінің молдығы және кемелердің сапасының жоғарылығы арқасында император кемелері таңғажайып жеңіске жетті. Шайқасты византиялықтар да, түріктер де өте қатты қобалжи тұрып бақылады. Шайқастың ең қиын кезінде түріктердің сәтсіздігіне әбден ашуланған II Мехмед атымен теңізге түсіп, кемелеріне жүзіп барып, жауынгерлеріне дем берді, рухтарын көтерді. Түрік жауынгерлері жан-тәнін сала ұрысқанымен жеңіске жете алмады. Византиялықтар мен олардың одақтастарының кемелері түрік кемелерін

«грек отымен» өртеп жіберіп отырды. Бұл шайқаста түріктер бірнеше кемелері мен 12 мыңнан астам теңізшілерінен айрылды [6]. Түнге қарай византиялық кемелер қорғаныс жаққа кіргізіліп, өте жуан сымдармен гаванға кіре беріс бекітілді. Сұлтан түрік флотының қолбасшысы бұлғарлық- ренегат Палда-оғлын өз қолымен сабап, орнынан түсірді, барлық байлығын янычарларға таратып бергізді [7.1].

Теңіз шайқасындағы бұл жеңіс қорғанушыларды құлшындыра түсті, бірақ жағдайды өзгерте алған жоқ. Сәтсіздікке ұщыраған ІІ Мехмед кемелерін дереу Алтын мүйізге кіргізіп, қаланы тек құрлықтан ғана емес, теңізден де тікелей атқылауды жоспарлады. Бұл ойын жүзеге асыру үшін түрік кемелерін Босфор бұғазынан Алтын мүйізге құрғақ жер арқылы сүйреп шығаруға бұйрық берілді. Бұл аралық бірнеше шақырымды қамтыған болатын. 1453 жылдың 22 сәуірінде түріктер әулие Устьеден Алтын мүйізге дейін тақтай, бөренелер төседі. Ол бөренелер жақсылап майланған соң, кемелерді шығарып, бір түннің ішінде барлық түрік кемелері Алтын мүйізге жетті.

Византиялықтардың түрік кемелерін өртеп жіберу жоспарлары генуэздіктердің опасыздығынан жүзеге аспай қалды. Түрік кемелеріне түнде жүзіп келген ержүрек византиялықтарды генуялықтардың сатқындығының арқасында түріктер қолға түсіріп, қырып тастады. Бұған жауап ретінде XI Константин тұтқындағы 260 түрік жауынгерлерін өлтіртіп, бастарын қорғаныс қабырғаларына іліп қойғызды [7.2].

Көп ұзамай түріктер жеңіске жете бастады. Мажарлардың кеңесі арқасында түрік артиллериясы Константинопольдің қорғаныс қабырға-ларының бірнеше жерін бұзып шықты. Бұл кезде қорғанушылардың қиыншылықтарының үстіне азық-түліктің таусылуы келіп қосылды.

Константинопольдің жағдайы тек мұнымен ғана емес, қорғанысшылар қатарында бірауыздылықтың болмауынан да қиындай түсті. ХІ Константин жеке ерлігімен көзге түсіп, басқаларға үлгі болғанымен, барлық үмітін италиялықтарға артты. Оның шетелдіктерге соншалықты құрметпен қарауы қала тұрғындарының наразылығын тудырып, толқуға әкеліп соқты.

Оның үстіне, византиялық ірі ақсүйектердің бір тобы сатқындық жолына түсті. Сарай нөкерлерінің жеңістен үміт үзгендігі, селқостығы туралы Нестор Искандер ашына жазады [8.1]. Ол ХІ Константиннің жақын нөкерлері мен патриарх, генуялық жалдамалы жасақтың басшысы императорға қаланы жауға беру туралы кеңес бергендігін айтқан болатын. Мануил Иагарис пен Неофит Родосский сынды өкімет мүшелері Константинополь қорғанысы үшін бөлінген қаржыны жасырып қойды. Мегдука Лука Нотара көп байлықты (алтын, күміс, бриллиант) қолға түсіріп, кейін өмірін сақтап қалу үшін түрік сұлтанына сыйға тартқан болатын [8.2].

Византия империясының түрік ықпалына түсуінің тағы бір элементі Византиялық ірі дінбасылары батырлықпен отанына берілгендік үлгісін таныта алмады. Олар шіркеу байлығын қорғаныс мұқтаждығы үшін сыпырып алған императорға наразы болды. Кейбір дінбасылары ел басына зор қауіп төнген қысылтаяң кезеңде халықтың өкімет басшыларына қарсы наразылығын қоздырып отырды. Толқулар Константинопольдегі италиялықтар арасында да орын алып отырды.

Бұрыннан бірін-бірі жақтырмайтын бақталас генуялықтар мен венециялықтар бір-бірімен қақтығысып, қан төгіс болып тұрды. Мұның бәрі қорғанысшылар лагерін әлсіретті.

190

Ұзаққа созылған сәтсіз шабуылға ашуланған сұлтан 28 мамырда барлық күшті қала қабырғаларының түбіне әкелді. Шешуші шабуыл 29 мамырға белгіленді. ІІ Мехмед пен дінбасылары түрік жауынгерлерін «кәпірлерді» құртуға, олардың байлықтарын басып алуға шақырды. Шайқаста қаза тапқандарды Алла-тағала о дүниеде жұмаққа шығарады деп уәде берді [7.3].

Шешуші шабуыл алдында түрік кемелерінде жарқырап от жанып тұрды.

Константинопольдіктер түріктер жағында өрт шыққан екен деп ойлады. Бірақ көп ұзамай түріктердің шабуылға дайындалып жатқандығын түсінді. Бұл кезде сұлтан ІІ Мехмед әскерді аралап, жеңіске жеткен соң жауынгерлер жалақысын 2 есе көбейтуге, «кәпірлер» байлығын үлестіріп беруге уәде беріп жүрді. Жауынгерлер сұлтанды қуанышты, шаттық үнмен қошеметтеп жатты.

Ал қорғанысшылар арасында тыныштық орнады. Бірақ олар да ұйықтаған жоқ.

Қорғанысшылар да айқасқа қызу дайындалып жатты. ХІ Константин де қала бекіністерін аралап, онда тұрған қорғанысшыларға дем беріп, көңілдерін көтеруге тырысты. Дегенмен қала тұрғындары өздерінің алдағы шайқаста жеңілетіндерін айқын сезініп, бір-бірімен қоштасып жатты.

1453 жылы 29 мамырда таңға жуық түрік әскері шабуыл бастады. Ең алдымен шабуылға жаңа алынған жауынгерлер жіберілді. Византиялықтар олардың бетін қайтарып тастаған соң, енді шабуылға түріктердің негізгі әскері шықты. Қантөгіс айқас 2 сағатқа созылды. Алғаш басымдық қорғанысшылар жағында болды. Сұлтанның өзі бастаған өкімет басшылары жауынгерлерді бір жерде алдап-арбап, бір жерде қорқытып алға қарай айдап салып отырды.

Түріктер қалаға басып кірді. Қала тұрғындары қасық қаны қалғанша аянбай қарсыласып бақты. Император ХІ Константиннің өзі шайқаста ерлікпен қаза тапты. Сұлтан оның киіміндегі ерекшеліктері арқылы өлігін іздеткізіп, Константиннің басын кескізіп, оны қала ортасындағы алаңға ілгізіп қойды.

Түріктер қаланы басып алғанын көрген итальян және грек флоттары қашуға дайындалды.

Теңіз жағасына көп халық жиналып, қашатын кемелерге жармасты. Түріктер қаланы үш күн бойы талан-таражға салды. Қаланың көптеген тұрғындары әулие София храмына барып тығылып, тірі қалуға үміттенді. Олардың әруақтарға, әулиеге артқан үміті ақталмады. Түріктер храмды қорғаушыларды қырып салды.

Қала тұрғындары қырылды, аман қалғандары түріктерге тұтқынға түсті. Византияны талқандаған соң Түрік мемлекеті ортағасырлық әлемнің ең күшті мемлекетіне айналды.

Константинополь қаласы Стамбул деген жаңа атқа ие болып, Осман империясының астанасына айналды.

Қорыта айтқанда, ел басқарудағы қателіктер мен кемшіліктер, әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар Византия империясының құлауына әкеп соқты. Енді орын алған мұндай келеңсіз құбылыстар төмендегідей топтастырылады:

1. Византия империясында діни қайшылықтар өте жоғары деңгейде болды. Католиктік- православиелік шіркеу халықтың арасында діни алауыздықты күшеейтіп отырды;

2. Бір орталықтандырылған билік аппараты перифериялық аймақтың көзқарасымен санасуға толыққанды қарсы болып, отарлық езгіні жауыздықпен байқатып отырды;

3. Интеграциялық толқын әлсіз болды. Өйткені Византия империясы оқшауланған күйде ғұмыр кешіп, көршілес мемлекеттермен алауыздықта тұрған болатын.

4. Әскери-техникалық база мен шебер әскери жасақ болмады. Жасақтың негізін жалдамалы жауынгерлер құрағандықтан, оларда Отанды қорғауға деген рухани байлық болмады. Қарапайым оқ-дәрімен күрделіі техникалық жетістіктерге қарсы тұру мүмкін емес болатын.

5. Билікке талас-тартыс, локальді аймақтардағы шонжарлардың халыққа деген өшпенділігі - ел басқарушы императордың басқару қабілетінің әлсіздігін көрсетті.

ӘДЕБИЕТ [1] Х.Руссель. Византийская империя. Изд-во «VSD» 2012, с. 98

[2] А.А.Васильев. Византийская империя. Изд-во «Алгоритм» 2012, с. 356 [3] К.Сенина. Золотой ипподром. T 1, Изд-во «Accent graphics» 2010, с. 112 [4] Д.Норвич. История Византии. Изд-во «Издательство - Аст» 2014, с. 178

191

[5] З.В.Удальцова. Борьба партий в Пелопоннесе во время турецкого завоевания. –СВ, ІІІ-, 1951, с.161-179.

[6] А.Анкирский. Плач на взятие Константинополя. –ВВ, VІІ, 1953, с.218.

[7] История византии. –М., 1967, т.2, с. 114.

[8] История византии. –М., 1967, т.3, с. 198.

REFERENCES 1. Russel H. The Byzantine Empire. Publishing house «VSD» 2012, p. 98.

2.Vasilev A.A. The Byzantine Empire. Publishing house "Algorithm" 2012, p. 356.

3. Senina K. Golden racetrack. V.1 Publ «Accent graphics» 2010, p. 112.

4. Norwich D. History of Byzantium. Publishing house "AST" 2014, p. 178.

5. Udaltsova Z.V. The struggle of parties in the Peloponnese during the Turkish conquest. -SV, ІІІ- 1951, p.161-179.

6. Ankirsky A. Crying on the capture of Constantinople. -VV, VII, 1953, p.218.

7. History of Byzantium. -M., 1967, V.2, p. 114.

8. History of Byzantium. -M., 1967, V.3, p. 198.

ПРЕДПОСЫЛКИ И ПРИЧИНЫ ВЛИЯНИЯ ТУРКОВ НА ВИЗАНТИЙСКУЮ ИМПЕРИЮ Усманова Г.

Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан Ключевые слова: Византия, Осман, индукция, дедукция, экономика.

Аннотация. В данной статье были исследованы такие проблемы, как причины раскола и распада Византийской империи. А также такая негативная сторона развитии империи стала результатом подданства Османской империи. Автор в статье выявляет ошибочные и волюнтаристскую введения политику главы данной империи. В исследовании с помощью дедукции и индукции, бинарного, бифуркационного метода автор анализировал политику, социально- экономическую модель государства. Также описываются внутренние и внешние положения страны и руководства которые ввели отличную, и в то же время плоxую политику.

BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

ISSN 1991-3494

Volume 6, Number 358 (2015), 191 – 194

CHARACTERISTIC AND SYSTEM OF MEANS

In document Х А Б А Р Ш Ы С Ы (бет 186-191)

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР