ТҮРКІТАНУ TURKOLOGY
A. Bastamitova
13 Махмуд ал-Кашгари Дивани Лугат ат-Турк / Перевод, предисловие и коментарии З.- А. М.Ауэзовой. Индексы составлены Р.Эрмерсом. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 1288 с.
14 Қажиев А. Шөген қалай Полоға айналды? [Электронный ресурс]. – 2018. – URL:
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/54471/. (дата обращения: 15.12.2018)
15 Мағзұмова Г. «Шөген» - тарихы терең тарлан ойын. [Электронный ресурс]. – 2017.
– URL: http://argymaq.kz/?p=4736. (дата обращения:17.12.2018)
16 Қайратұлы Б. Жамбы ату – жауынгерлік өнер. Егемен Қазақстан. – Астана, №75 (29056). 19.04.2017. – 11 б.
17 Джелбулдин Е.Т. Мой великий, мудрый народ. Традиции и обычаи казахов. – Петропавловск: «Северный Казахстан», 2005. – 119 б.
А.Т. Бастамитова
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Конные традиционные игры тюркских народов
Аннотация. В статье освещается статья Президента Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи», рассматриваются конные традиционные игры как часть духовной культуры казахского народа. Проводится мысль о том, что, кочевники превратили верховую езду всадников в исскуство, использовали лошадь в военных целях и стали самой могущественной страной своего времени.
Принимая во внимание тот факт, что конь занимает важное место в тюркских народах, в том числе в верованиях и традициях казахского народа, описываются особенности игр «кокпар», «стрельба из лука»,
«поло» и их историческое развитие. Кроме того, показано упоминание этих игр в труде Махмуда Кашгари
«Дивани лугат-ит турк». В данной статье игры рассматриваются как богатая культура и образец цивилизации тюркских народов.
Ключевые слова: традиция, игра, конь, кокпар, поло, стрельба из лука.
4. Qazaqtyn etnografïyalyq kategoriyalar, ugymdar men ataularynyn dasturli juiesi. 3 tom.
[The traditional system of Kazakh ethnographic categories, concepts and names]. (RPK «Salon», Almaty, 2012).
5. Qaliuly A. Qazaq auyz adebietine sholu [Overview of Kazakh folklore] (Anagurt, Urumshi, 1985).
6. Sovetskaya etnografiya [Soviet ethnography] (Akademiya nauk SSSR, Moscow, 1960).
7. Simakov G.N. Obshestvennye funktsii kirgizskikh narodnykh razvlechenii v kontse ХІХ - nachale ХХ vv. [Public functions of the Kyrgyz folk entertainment in the late nineteenth - early twentieth centuries.] (Nauka, Leningrad, 1984).
8. Jansugirov I. Shygarmalar II tom, poemalar (Korkem adebiet, Almaty, 1960).
9. Murad Adzhi Velikaya step’. Prinosheniye turka (sbornik) [Great steak. Pinch of turquoise].
(AST, Moscow, 2014).
10. Drevnetyurkski slovar’ [Drevneturk’s Dictionary]. Red. V.M.Nadelyaev, D.M.Nasilov, E.R.Tenishev, A.M.Sherbak. (Nauka, Leningrad, 1969).
11. Achmetjan Q.S. Jaragan temir kigender (batyrlardyn qaru-jaragy, askeri oneri, salt- dasturleri), [Wearing iron (warlike battles, military art, traditions)]. (Dauir, Almaty, 1996).
12. Balasagun G. Kutty bilik [Kutty Bilik]. Perevod, predislovie i komentarii A.Egeubaiev (Taimas, Almaty, 2009).
13. Maxmud al-Kashgari Divani Lugat at-Turk [Divani Lugat at Turk]. Perevod, predislovie i komentarii Z.-A. M.Auezovoi. Indeksy sostavleny R.Ermersom. (Daik-Press, Almaty. 2005).
14. Qajiev A. Shogen qalay Pologa ainaldy? [How did the grass turn into Polo?] Available at:
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/54471/ (accessed: 15.12.2018 )
15. Magzumova G. «Shogen» - tarichy teren tarlan oiyn. [“ Polo” is a history of deeply rooted game]. Available at: http://argymaq.kz/?p=4736 (accessed: 17.12.2018)
16. Qayratuly B. Jamby atu – jauyngerlik oner [Dzhamby shooting - martial arts]. (Egemen Qazaqstan, Astana, 2017).
17. Djelbuldin E.T. Moi veliki, mudryi narod. Traditsii i obyshai kazachov [My great, wise people. Traditions and customs of the Kazakhs]. (Severnyi Kazakhstan, Petropavlovsk, 2005).
Сведения об авторах:
Бастамитова А.Т. – түркітану кафедрасының «6D021200 – Түркітану» мамандығы бойынша І курс докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев көш., 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Bastamitov A.T. - PhD Student of the 1st course of the specialty 6D021200 - Turkology, Department of Turkology, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Satpayev str. 2, Nur-Sultan, Kazakhstan.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, № 2 (127)/2019, с. 172-176 http://bulpolit.enu.kz/; E-mail: [email protected]
ХҒТАР 16.21.49
А.Б. Кусаинова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Е-mail: [email protected])
Түркі тілдеріндегі «итке» қатысты паремиялардың ерекшеліктері
Аңдатпа. Бұл мақалада үй жануары «итті» сипаттайтын паремия ерекшеліктері қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты жануарлар әлемі интерпретациясын адамзат мәдениетінде, атап айтқанда түркі халықтары мәдениеттерінде, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер негізінде айқындау. Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер құнды лингвистикалық мұра болып табылады, себебі ол халықтың мәдени және тарихи көзқарасын, олардың мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетеді. Жануарлар атауы адамды әртүрлі қырларынан, яғни мінез- құлқы, жүріс-тұрысы, келбеті, ой-қабілеті жағынан сипаттай алады. Ит ежелден бері адамға жақын жануар, оның мінез-құлқы мен сыртқы көрінісі адамның қасиеттерін сипаттайтын метафора ретінде қолданыла бастады. Түркі мәдениетінде ит жағымды, сондай-ақ жағымсыз қасиеттерді көрсетеді. Талдау жасалған тілдердегі иттің ауыспалы мағынада қолданылуындағы мәдениеттанулық ұқсастықтары мен ерекшеліктері, сондай-ақ олардың қаншалықты дәрежеде ұқсас немесе ерекше екендігі ашық көрсетіледі.
Түйін сөздер: ит, мақал-мәтел, наным-сенім, тұрақты сөз тіркесі, дүниетаным, түркі тілдері
https://doi.org/10.32523/2616-6887/2019-127-2-172-176 Халықтың ұлттық болмысы, менталитеті, дүниетанымы, өмір сүру салты, әдет- ғұрпының айқын көрінісі тілде қалыптасқан тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қорда айшықталып, сақталады, баға жетпес рухани құндылық ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мақал-мәтелдердің мағынасында адамдардың қоғамдағы мінез-құлқы мен стереотипі, өмір шындығы көрінеді. Адамның мінезін, сыртқы келбетін, көңіл-күйін сипаттауда түркі тілдеріндегі ит атауына қатысты тұрақты тіркестер, әсіресе мақал- мәтелдер көптеп кездеседі.
Аңыз бойынша ит – алғаш адам баласының күркесіне, жағып отырған от басына бірінші болып келген, оған үйірсек болып, қолға үйренген жабайы хайуандардың бірі. Ол үйрене келе, адамға сенімді серік, таптырмайтын көмекші болды [1, 339 б.].
Ит – үй күзету, мал бағуға бейімделген асыранды үй хайуаны. Қазақ өмірінде иттің мәні – аса зор: ол - үй, аула маңына, мал қорасына білдірмей жақындап келе жатқан адамды, малды торып жүрген жыртқыш аңдарды, басқа да қауіп-қатерді алыстан, алдын ала сезіп, үруі арқылы иесіне күндіз-түні бірдей хабарлап отыруымен қымбат [2, 342 б.]. Демек,
«Жақсы ит малға серік» «Ел жатпай ит тынбас» бұл мақал татар тілінде де кездеседі: «İl yatmıy ět tınmas», «Ит – адамның құлағы», «Ит иесіне үруімен жағады», «Жақсы ит иесінің көзі, құлағы» деген мақалдар иттің осындай қасиетіне айтылған. Өзбек тілінде де осындай мақалдар кездеседі: «El tinsä häm, it tinmäs (Халыққа рахат болса да ит тынбайды)».
Сонымен қатар, ит – аң аулауға немесе аңға салуға үйретілген үй хайуаны. Иттің бұл қасиетіне қатысты туындаған мынадай тұрақты сөз тіркестері кездеседі: «Ит жүгірту» – қазақ халқының аңшылық өнерінде көне заманнан күні бүгінге дейін өте көп қолданылатын әдістердің бірі. Аңшылықтың бұл түрінде негізінен денесі сидам, қуса жететін жүйрік әрі
қалыптасқан дәстүрлі сауық-сайран салу. Ел ішінде сәлем де, Замандас, құрбы, теңдерге.
Ит жүгіртіп, құс салған, Найза ұстаған ерлерге [3, 237 б.].
«Ит» туралы ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен мәлім. Ит көне түркі сөздігінде ït, köpӓk [4, 221, 317 б.]. М. Қашқари еңбегінде итке қатысты Ысырған ыт – қабаған ит; құтұз ит – құтырған ит; барақ ит, жүндес ит; және де қанчық – қаншық, яғни ұрғашы ит [5, 189, 422 б.] және тайған-тазы, алғыр ит [6, 238 б.] деген түрлері кездеседі. Барақ ит туралы түріктерде аңыз бар. Сол аңыз бойынша, бүркіт қартайғанда, екі жұмыртқа тауып, соларды басады. Сол жұмыртқалардың бірінен барақ шығады екен. Иттердің ең ұшқыр, алғыры, аңшы итінің ең мықтысы осы барақ иттер болады екен [5, 435 б.]. Сондай-ақ, М. Қашқари сөздігінде итке байланысты бірнеше мақал-мәтелдер берілген: «Ытқа ұвұт етсә ұлдаң иемәс – Итке ұят кірсе, ұлтан жемес (Итке ұят берсе, ұлтанды жаламас)». Бұл мақал ар-ұятты сақтауға шақырып, адамды жайсыз істерден қайтару, сақтандыру мақсатында айтылады [5, 146 б.]. «Құл иағы ыт бөрі – Құл – дұшпан, ит – бөрі». Ол қолынан келсе иесінің малын алып, сәтін тауып қашып кеткісі келіп тұрады. Ит те тегінен, үй-жай үшін бөрі. Өйткені ол да жейтін нәрсе тапса, одан өзін тия алмайды [5, 395 б.]. «Құдзұғда сув бар ит бұрны тегмес – Құдықта су бар, ит мұрны тимес». Бұл мақал қалаған іске қолы жетпеген, яғни біреудің қолындағы асқа көзі түсіп, сұқтанып, бірақ қолы жетпейтін адамға қатысты айтылады [5, 432 б.]. Жырда да кездеседі: «Малды көріп, көрмей жақын-жуықты, Иттей қыңыр қарар қандас туысқа». Адамдардың арасындағы опасыздықты меңзеп, опасыздың көбейіп кеткеніне налып айтқан: Жақын-жуық, туғандарын көрмейді, ағайындарына қарамайды.
Дүние, малды ғана көріп, соған пейілі бұзылып, қызғанған ит секілді, өз туыстарына да қыңырайып қарайды [6, 238 б.].
Қазақ итті қатты қадірлейді. Сондықтан да халық арасында: «Ит – ырыс», «Итің жақсы болса – ырысың, Көршің жақсы болса – тынысың», «Итті тепкен ырысты тебеді», «Итті иесімен қина» деген мақал-мәтелдер бар. Татар тілінде: «Ětně iyesě bělen ḳıyna (Итті иесімен қина) ». «Хужаға ярайым тиһәң, этен маҡта (Иесіне жағамын десең, итін мақта) ».
Сондай-ақ, ит әр қазаққа мәлім қазақ халқында қасиетті саналатын жеті қазынаның бірі.
Ертеде қазақ даласында қой шаруашылығының тез дамуы малшының табиғи серігі – итті ерекше қастерлеуді талап еткен. «Қой баға білген иттің құны сол заманда ер-тұрманы сай сәйгүлікпен тең түскен» [1, 345 б.].
Қазақ халқы итті жағымсыз эмоциямен де ассоциациялайды, яғни иттің жаман қылықтары мен қасиеттерін де ашық айтып, оны адамның мінезімен, өмірде кездесетін кейбір жағдайлармен салыстырып отырса керек. Мысал келтіре кетсек, Ит мінез деген тіркес аяқ астынан бүлінетін, шырт етпе, томырық, жағымсыз мінезді адамға қатысты айтылады [1, 341 б.]. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде жаман мінезді адамды итке теңеп, бірнеше түсініктеме берген: 1. Қас жау, жауыз, қараниет адам. Шүбә жоқ жауыз жауды біз жеңеміз, Сазайын Гитлер иттің біз береміз. Қанқұйлы фашистерді күл-талқан қып, Орнатып бейбітшілік гүлденеміз (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). – Ендеше Қодарыңды ойға алалық Мен бе едім сол итіңнен кем боларлық («Қозы Көрпеш» [7, 357 б.] ). 2. Надан, түк көрмеген тоғышар адам. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз иттің ісі (Абай, Таңд.
жин.). Ит боп өлмей, Дәріс алмай әр аңнан, Адам болып өлу үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді қайтесің! (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан) [7, 357 б.]. 3. Құр бос жүрген, қолынан еш нәрсе келмейтін, ісінен сөзі көп адам. Сен – ауылда үрген көпек ит, Мен –азулы арлан бөрі едім (Қашаған // Ақберен). Айтқаның Серікбай ғой! Ол итіңді бұл ауыл көрмегелі алты ай болды ма, немене? Қайда тентіп жүргенін білген кісі көргем жоқ (М. Әуезов, Абай жолы) [7, 358 б.]. 4. Керітартпа, көре алмайтын, біреуге ор қазғыш, қаскөй адам. Иесіне ит абаласа – сол жаман, Сүрінгенді табаласа - сол жаман. Қзгелерден төмен тұрған ағайын Өзін биік бағаласа - сол жаман! (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан). 5. Бір адамды жақтырмағанда немесе одан әбден қорлық көріп зәрезап болғанда оған қарата айтылатын жек көру сөзі. Жасымнан
ел аралап көп жүріп ем, Көрмедім келін иттен қара желін. Тектіден қарап жүріп қыз алма- саң, әрқашан жақсы ат бермес мұндай келін (Үске Торқаұлы // XX ғ. қаз. поэз.).
«Ит иттігін қылмай қоймас», яғни жоғарыда айтып өткеніміздей, итке тән жақсы қасиеттерімен қатар оның жаман әдеттері де бар. М. Қашқари сөздігінде «Ыт ысырмас, ат тепмес теме – Ит қаппас, ат теппес деме». Өйткені бұл олардың жаратылысынан біткен қылық [5, 211 б.]. Ит құтырса тіпті иесін де қауып алуы әбден мүмкін. Сол сияқты кейбір қасиетсіз адамдардың да осылайша жаман қылық көрсету әдетін аңғартады. Қарашай- балқар тілінде: Ат урмаз деме, ит къапмаз деме, татар тілінде: «Ět ětlěgěn itmi tora almıy, Ět ětlěgěn itmese, ěçě kügerěr, Ět bělen ět bulma». Өзбекше: «İt itlikni qilmay qoymaydi» (Ит иттігін қылмай қоймайды), «İt qutursa, egasini qopar» (Ит құтырса иесін қабады).
Мақал-мәтелдердің арасында кездесетін Ақмолла ақын жазған: «Ақсақ ит жатып үреді».
Бұл жерде адамға қаратып айтылса керек, яғни жаман адам жамандығын жасамай қоймайды.
Бұл әдетіне айналған іс болса керек. Мақтамас адамды адам – көре алмаса, Ақсақ ит жатып үрер жүре алмаса, Аузына топырақ толып, сонда тоқтар, Әзірейіл ісін келіп тамамдамаса (Ақмолла ақын, Күндер) [8, 521 б.]. Бұл мақал татар тілінде де кездеседі: «Aḳsaḳ ět yöri almasa yatıp örěr». Өзбек тілінде: «İt qarisa, yåtgan jåyidan huriydi» (Ит қартайғанда жатып үреді). Аузына не келсе соны сөйлеп, өз сөзіне ие бола алмайтын адамдарды шәуілдеген итке теңейді.
«Ит жалдаған суға кетеді» адамгершілік қасиеті, жауапкершілігі, ісінің берекесі жоқ адамға сеніп, іс жасауға болмайды, әйтпесе пәлесіне ұшырап, жасаған ісің сәтсіздікпен аяқталады. Бұл мақала башқұрт тілінде де кездеседі: «Эт яллаған кисеү кисмәҫ». Бұған ұқ- сас тағы мақал: «Итке артқан қос жолда қалар, Нарға артқан қос елге барар». Итке артқан қостың жолда қалуы – оның осалдығына, күш-қуатының аз, нашарлығына, сенімсіздігіне байланысты болса, нарға артқан қостың барар жеріне тұтас жетуі – оның қайраты мен төзімділігіне байланысты. Ал адамға қатысты айтатын болсақ, тексіз, жетесіз кісіге ел билеуді, оған жауапкершілік артып, сенуге болмайды. Себебі ондай адам елді тұйыққа апарып тірейді; сондықтан да ондай жауапты әрі қиын істі шыдамды, белі мықты нар тәрізді ер-азаматтың мойнына артқан жөн [2, 344 б.]. «Ит те киіміне қарап үреді», кейбір адамдар адамды киген киіміне қарап бағалайды. Мұздай болып киініп алған адамға құр- мет көрсетуге тырысады. Татар тілінде: «Tunı yamanı ět ḳaba» (Көйлегі нашар адамды ит қабады). Башқұртша: «Эт йүгереген төлкө һөймәҫ» (Ит көрінген, яғни кез келген түлкіні ұнатпайды). «Ауыл итінің құйрығы қайқы», «Өз көшесінде ит те жолбарыс», өз жерінде, өз үйінде кімде болмасын өзін қожа етіп есептейді. Башқұрт тілінде де бұндай мақал бар:
«Эт ояһында көслө», татар тілінде: «Avıl ětěněñ ḳoyrıġı yuġarı».
«Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышар», бұл мақал татар тілінде: «Ětněñ tizegě daru bulsa, koyıġa tışka çıġar» (Иттің боғы дәрі болса, құдыққа тышар). Кей адамдар ісің түсіп, қандай да бір қажеттілікпен өтініш жасаған кезде, әлдеқандай болып, қолынан келетін жақ- сылығын істемей, керісінше, кері тартып ат-тонын ала қашады. Бұл мақал сондай адамдарға қатысты айтылған.
Итке қатысты қазақ халқы арасында наным-сенімдер де өте жиі кездеседі. Жаңа босанған әйелге үйге кіріп кеткен итке «кет!» деп, қуып шығуға болмайды. Егер олай айтып, қуған жағдайда әйелдің тісі түсіп қалады деген сенім бар. Иттің басынан теппе, себебі ырысың кетеді. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, ит адамның адал досы, үйдің күзетшісі ретінде танылып, жеті қазынаның бірі болып есептелгендіктен, оның басынан аяқпен тебуді итті қорлау, өз ырысыңды өзің теуіп кетіру деп санаудан туған сенім. Ит ұлыса жамандық болады деп сенген қазақ. «Күн тұтылады, жер сілкінеді, жаугершілік болады, ел басына
Түріктердің сенімінде ит туралы мынадай наным-сенімдер кездеседі: köpek havaya doğru ulursa kendine; yere doğru ulursa sahibinin başına bir iş gelir (ит ауаға қарап ұлыса өз басына, жерге қарап ұлыса иесінің басына бір бәле келеді). Ezan okunurken köpeğin uluması iyi yo- rulmaz (дұға оқылған уақытта иттің ұлығаны жақсылыққа жорылмайды) [9, 57 б.].
Түркі халықтарының ат қою рәсімінде де наным-сенімнің көрініс тапқанын байқаймыз.
Мәселен, егер нәресте туа салысымен шетінеп кете берген жағдайда, алтайлықтарда ер балаға it ködön («ит көтен») деген ат қойылған. Ал солтүстік чуваштарда, егер әйелде ешбір бала тірі қалмаған жағдайда, жаңа туылған нәрестеге Модка («Қара ит») деген есім берген. Осындай есіммен бала өмір сүреді деп түсінген. Халықтың сенімі бойынша бұндай атаулардың сиқырлы күші бар және ол балалардың өмірін сақтап қалады деп есептеген.
Сонымен қатар, көне түріктердің әдеті бойынша нәрестенің жанынан зұлым күштерді қуу мақсатында, балаға туғаннан кейін қырық күн өткен соң it kojlek («ит көйлек») кигізген.
Түркі тілдеріндегі итке қатысты паремиялардың ауыспалы мағына жүйесінде ортақ ұқсастықтарымен қатар, ерекшеліктерінің де бар екенін көреміз.
Әдебиеттер тізімі
1. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде: (этнолингвистикалық сөздік). III том. Табиғат.
-Алматы: Сардар, 2013. – 608 б.
2. Қайдар Ә. Халық даналығы.- Алматы: Тоғанай, 2004. -560 б.
3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. -Алматы: Ғылым, 1977. – 711 б.
4. Древнетюркский словарь. Ред. В.М.Наделяев, Д.М.Насилов, Э.Р.Тенишев, А.М.Щербак. - Л: «Наука», 1969. – 678 с.
5. Махмұт Қашқари Түрік сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 1 том / Қазақ тіліне ау- дарған А. Егеубай. - Алматы: Хант, 1997. – 590 б.
6. Махмұт Қашқари Түрік сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 том / Қазақ тіліне ау- дарған А. Егеубай. - Алматы: Хант, 199. – 596 б.
7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том.- Алматы: Арыс, 2007. - 752 б.
8. Сөз мәйегі (қазақ мақал-мәтелдері). -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. – 552 б.
9. Adem Yaldız Hayvanlarla ilgili efsaneler // Yüksek lisans tezi. -Konya, 2002.
А.Б. Кусаинова
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Особенности паремий, относящихся к понятию «собака»
в тюркских языках
Аннотация. Данная статья посвящена рассмотрению особенностей паремий, представляющих домашнее животное «собака». Целью в рамках предпринятого исследования является изучение интерпретации мира животных в человеческой культуре, а именно в тюркских культурах, на материале фразеологизмов, пословиц и поговорок. Пословицы и фразеологический состав языка представляют собой весьма ценное лингвистическое наследие, потому что именно в нем отражаются культурно-историческое мировоззрение народа, его культура, обычаи, традиции. Животные могут характеризовать человека с абсолютно разных сторон: черты характера, поступки, поведение, внешний вид, умственные способности. Собака это животное, которое с древнейших времен находится рядом с человеком, ее поведение и внешний вид стали использоваться в качестве метафор для характеристики человеческих качеств. В тюркских культурах собака олицетворяет и положительные, и отрицательные качества. Рассмотрены с культуроведческой стороны переносные значения качеств собаки в анализируемых языках, в том числе степень их сходства и особенности.
Ключевые слова: собака, пословица, верование, фразеологизм, мировоззрение, тюркские языки.