Candidate of Economic Sciences, Associate Professor, T. Ryskulov Kazakh Economic University,
Almaty, Republic of Kazakhstan
THE ISSUES OF IMPROVEMENT THE POPULATION SOCIAL PROTECTION IN KAZAKHSTAN
Abstract
Purpose – analyze the current state of the system of population social protection in Kazakhstan and develop the recommendations for its improvement.
Methodology – statistical methods, comparative analysis.
Originality/value – proposed recommendations had a practical importance for the development the programs of population social protection and its implementation by regional government for population social protection.
Findings – scientifi c research brief analysis of the current state of the population social protection in the Republic of Kazakhstan and the ways of its improvement. The main problems in this area: housing, raising the cost of public services and the psycho-pedagogical problems. Authors proposed the ways of solving these problems.
Keywords – social protection, social policy, quality of life, cost of living, income differentiation, poverty and unemployment.
ОƏК 658.14
Э.Е. Баймуханбетова,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті,
Алматы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы халықты əлеуметтік қорғаудың қазіргі əлеуетін талдау жəне оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар өңдеу.
Əдіснама – зерттеу барысында салыстырмалы статистикалық талдау əдістері қолданылды.
Бірегейлігі/құндылығы – автормен жасалған ұсыныстар халықты əлеуметтік қорғаудың аймақтық бағдарламаларын өңдеу мен əлеуметтік қорғау органдарының жұмысына енгізу үшін практикалық маңыздылығы бар.
Зерттеу нəтижелері – мақалада Қазақстан Республикасындағы халықты əлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, оны жетілдірудің негізгі жолдары ұсынылды. Осы саладағы көкейтесті мəселелер анықталды: тұрғын үй жағдайлары, үй-коммуналдық қызметтер ақысының артуы, психологиялық-педагогикалық мəселелер. Аталған мəселелерді шешудің жолдары ұсынылды.
БИЗНЕС ЖƏНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ BUSINESS AND CORPORATE
Негізгі сөздер – əлеуметтік қорғау, əлеуметтік саясат, өмір сүру деңгейі, күнелту минимумы, табыстар дифференциациясы, кедейлік, жұмыссыздық.
Əлемде болып жатқан жаһандық саяси жəне экономикалық өзгерістер қазіргі қоғамның барлық аспектілеріне ықпал етті. Қазақстан Республикасы іс-əрекеттің əр түрлі салаларындағы кардиналды реформаларды жүргізіп, қарқынды дамып жатқан мемлекет үлгісі болып табылады.
Өтпелі кезеңнің ерекшеліктерінің бірі – халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жəне кедейлік мəселесінің күрделенуі. Ол жалпы мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер етеді. Осы мағынада зерттеудің тақырыбы айтарлықтай өзекті болып, ең күрделі міндеттерді қамтиды.
Нарықтық қатынастарға өту, нарықтық қатынастардың тереңдеуі нарықтық экономика заңдары мен категорияларына сəйкес болуы тиіс шаруашылық жүргізудің формалары мен əдістерін маңызды шама- да өзгертеді. Бұл тұжырым əлеуметтік сфераның халықтың тұрмыс деңгейі сияқты саласына қатысты болады. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту прогреске ұмтылған кез келген қоғамның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Өз азаматтарына қамқорлық білдіретін мемлекет экономикалық өсу мен қоғамдағы əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, адамдардың ұзақ, қауіпсіз, сау жəне игілікті өмір сүруі үшін жағдай жасауы қажет.
Біздің елдің дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі – экономикалық тиімділіктің өсуінің əлеуметтік факторларын ескере отырып экономикалық жəне əлеуметтік процестердің маңыздылығының артуы.
Елдің экономикалық жəне əлеуметтік міндеттерін шешуде халықтың өмір сүру деңгейін арттыру шараларының мəнісі зор.
Қазақстан дамуының 2030 жылдарға дейінгі стратегиясы мен Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында халықтың əл-ауқатын көтеру мəселесіне айтарлықтай маңыз беріліп келді.
Ел Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктерімен əлеуметтік топтарының əлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді жəне осылай болып қала береді», – деп атап көрсетті.
Қазіргі жағдайда өмір сүру деңгейінің əлеуметтік-экономикалық аспектілерін теориялық тұрғыдан зерттеудің өмір сүру деңгейін арттыруға, кедей халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған əлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі іс-шараларын негіздеу мен өңдеу үшін ережелі мəні бар.
Тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы 25%, 2010 жылы 25% жəне 2011 жылы 30% арттырылды. Бұл ретте 2011 жылы зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%-ға дейін өсірілді.
Əлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ре- сурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуі тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру жəне денсаулык сақтау кешендерінің басты мұраты осы.
Əлеуметтік қорғау – бұл əлдебір жағдайларға (кəрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асырау- шысынан немесе жұмысынан айырылуы) жəне өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын, əрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктермен жəне əл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Халықты əлеуметтік қорғау жүйесі өзара байланысқан элементтер жиынтығын нарықтық экономиканың қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағыттайды. Ең алдымен əлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі – қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді.
Бұл зейнетақыны индексациялау, жəрдемақы, түскі астар беру, тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдар, мемлекеттік жəне коммерциялық кəсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ жəне орта кəсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі жəне міндетті.
БИЗНЕС И КОРПОРОТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ BUSINESS AND CORPORATE
Үшіншіден, мемлекет одан кейін кəсіпкерлік құрылымдар, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.
Төртіншіден, мемлекет, жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дəстүрге, мəдениетке жəне т.б.
қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде əр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Табысты бөлудегі теңсіздік нарықтық экономика калыптасқан елдерде де біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық əдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде əр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек шығындарына сəйкестендіру керектігін көп жазуда. Сонымен қатар еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жоюдың маңызы зор.
Еліміздің тұтыну нарығының бірыңғайлылығымен қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дəрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мек- теп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балаларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мəдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамтамасыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді канағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл коғам жəне оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй жəне т.б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуы тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дəрежесін анықтайды. Əлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарын (оқушылар, зейнеткер- лер, мүгедектер) ғана қамтып қоймайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып жұмыс істеушілерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау жəне т.б.) жəне оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Кедейшілік сияқты өткір əлеуметтік проблемаларды шешу – мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл əл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен, экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін көтеруге, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Ке- дейленген топты азайту – нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізгі міндеті.
Нарықтық экономиканың əлеуметтік бағыттау жағдайында əлеуметтік қорғау жүйесі келесі қағидаларға сүйенеді жəне оларды келесідей бөлуге болады: жалпы жəне арнаулы (1-суретке сəйкес).
Бірақ соңғы жылдары əлеуметтік-экономикалық өсуге байланысты, азаматтардың əлеуметтік құқығы мен еркіндігінің нығаюына байланысты əлеуметтік қорғаудың мазмұнын айқындау тəсілдері өзгере бастады. Бірінші кездері əлеуметтік қорғаудың негізгі мақсаты жоғалтқан еңбекақыны өтеу болса, кейіннен табыстың көлемін ұстап тұру, «əлеуметтік стандарттар» негізінде қоғамдық жұмысқа қатысуына қарай кедейшіліктің алдын алу шараларымен ұлғая бастады. Ұлттық байлықты бөлуде ынтымақтастық қағидаты негізге алынып əлеуметтік корғау жүйесінің негізгі мақсаты табыстар- ды қайта бөлу жəне ол əлеуметтік тəуекелдікті болумен байланысты емес, халықтың бай мен кедей топтарының табыстарын бөлу деп қарастырылды.
Əлеуметтік қорғаудың мақсаты – халықты ұдайы өндірудегі тəуекелдік залалдарының шығынын өтеу жəне мүмкіндігінше шығынның мөлшерін төмендету жəне олардың алдын алу.
Сондықтан, əлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың нəтижесі ретінде əлеуметтік жəне экономикалық келеңсіз жағдайлардың қай мерзімде пайда болуына қарамастан əр адамның өмір деңгейі мен сапасы қоғамда бекітілген стандарттарға сəйкес келуі халықтың əлеуметтік қорғалуы деңгейін көрсетеді.
БИЗНЕС ЖƏНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ BUSINESS AND CORPORATE
Ԕɚԑɢɞɚɥɚɪ
ɀɚɥɩɵ Ⱥɪɧɚɭɥɵ
ɗɤɨɧɨɦɢɤɚ ɦɟɧ ɫɚɹɫɚɬɬɵ ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ԕɨɪԑɚɭ
ɠԛɣɟɫɿɦɟɧ ԧɡɚɪɚ ɛɚɣɥɚɧɵɫɬɵɪɭ
ɋɚԕɬɚɧɞɵɪɭ
Ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ԕɨɪԑɚɭ ɠԛɣɟɫɿɧɿԙ ԕԝɪɵɥɭɵ ɦɟɧ
ɞɚɦɭɵɧɵԙ ԕɚɪԕɵɧɞɵɥɵԑɵ Ȼɿɪɵԙԑɚɣ ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ɤɟԙɿɫɬɿɤ
Ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ԕɨɪԑɚɭ ɠԛɣɟɫɿɧ ɤԝɪɭ ɤɟɡɟԙɿɧɞɟɝɿ
ɛɚɥɚɦɚɥɵɥɵԕ
Ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ɤԧɦɟɤ ɞɢɧɚɦɢɡɚɰɢɹɫɵ
Ԧɤɿɥɟɬɬɿɥɿɤɬɟɪɞɿԙ ɲɟɤɬɿɥɿɝɿ
Ⱥɬɚɭɥɵ ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ɤɨɪԑɚɭ
Ԧɡɿɧ-ԧɡɿ ɛɚɫԕɚɪɭ ɋɚԕɬɚɧɞɵɪɭ ɦɟɧ
ɵɧɬɵ-ɦɚԕɬɚɫɬɵԕɬɵԙ ԛɣɥɟɫɿɦɿ
ɒɵԑɵɧɞɚɪԑɚ ԕɚɬɵɫɭ
Ԥɥɟɭɦɟɬɬɿɤ ԕɚɦɫɵɡɞɚɧɞɵɪɭ ɉɪɟɜɟɧɰɢɹ
1-сурет – Əлеуметтік қорғау қағидалары
Əлеуметтік қорғау – біздің түсінігіміз бойынша, қоғамда орын алған өмір сүру деңгейінің əлеуметтік стандарттарын əр адамға қамтамасыз етудегі əлеуметтік тəуекелділікті басқару жүйесі.
Əлеуметтік қорғау – экономикалық категория ретінде əлеуметтік тəуекелділік пайда болған уақытта адамның қайта жаңғыруын қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық табысты бөлу кезіндегі қатынастар.
Егер бірінші анықтама, əлеуметтік қорғаудың мазмұнын əлеуметтік саясаттың негізгі əлементі ретінде қарастырып, оның белсенді жайғасымын көрсетсе, екінші анықтама оның макроэкономикалық мазмұнына жəне оның қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі орнын айқындайды.
Кедейлікті қысқарту бойынша жеткен жетістіктерге қарамастан, республикамыздың маңызды бөлігінің табыстары төмен болып, олар кедей халықтың категориясына айналуы əбден мүмкін. Соны-
БИЗНЕС И КОРПОРОТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ BUSINESS AND CORPORATE
мен қатар барлық аймақтарда ауыл кедейлігінің айқын көрінісін алған кедейліктің аймақтық диффе- ренциалдануы сақталуда. Қазіргі кезге дейін ауыл кедейлігі жоғары деңгейде қалып, қала кедейлігінен үш есе жоғары болып келеді (2-сурет).
18,2
13,6 24,4
12,7
6,9 18,1
12,1
8,1 15,9
8,2
4,1 12,1
6,5 3,7
10,1
0 5 10 15 20 25
2006ɠ. 2007ɠ. 2008ɠ. 2009ɠ. 2010ɠ.
ɠɚɥɩɵ ɪɟɫɩɭɛɥɢɤɚ ɛɨɣɵɧɲɚ ԕɚɥɚ ɚɣɦɚԕɬɚɪɵɧɞɚ ɚɭɵɥ ɚɣɦɚԕɬɚɪɵɧɞɚ
2-сурет – ҚР бойынша табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі (%)
Кедейліктің аймақтық дифференциациясы төмендеу тенденциясын көрсетеді, бірақ əлде де маңызды болып табылады. Осылайша, 2001 жылы ол 9,2 есе құрайтын: Жамбыл облысында 70,7%
жəне Астана қаласында – 7,7%. 2010 жылы ол 4,5 есеге дейін қысқарды: Маңғыстау облысында – 11,6% жəне Алматы қаласында – 2,6%.
Астана жəне Алматы қалаларынан басқа кедейлік деңгейі төмен аймақтардың құрамына 2001 жылдағыдай 2010 жылы да Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары кірді. 2010 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Маңғыстау облыстарында байқалды. 2001 жылы осы топқа Қазақстанның оңтүстік аймағының облыстары жататын (Алматы, Қызылорда жəне Жамбыл). Қазақстанның басқа аймақтары кедейліктің орта деңгейі бар аймақтарға жатады (Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары), сонымен қатар бұрын бірнеше рет кедей аймақтар құрамында болған Алматы, Қызылорда, Атырау жəне Жамбыл облыстары да осы топқа кірді (1-кесте).
Кедейлікті қысқарту мен экономикалық бақуаттылыққа жетудің негізгі факторы – өнімді еңбекпен айналысу мүмкіндігі. Сондықтан өмір сүру мен сапа деңгейі тікелей елдегі еңбек нарығына, демек халықтың жұмыспен қамтылуының жағдайына байланысты болады. Еңбек нарығындағы жағдай негізінен көрсеткіштердің екі тобымен анықталады: жұмыссыздық пен жұмысбастылық көрсеткіштерімен, яғни жұмыс орындарының қолжетімділігімен жəне еңбекақы көрсеткіштерімен.
1-кесте – 2010 жылы Қазақстан аймақтарының кедейлік деңгейі бойынша топтастырмасы
Кедейлік деңгейі бойынша топтар Аймақтар
Төмен (2,6–4,4%) Астана жəне Алматы қалалары, Карағанды, Павлодар жəне Ақмола облыстары Орта (5,3-6,7%) Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда
жəне Атырау облыстары
Жоғары (8,4-11,6%) Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан жəне Маңғыстау облыстары
БИЗНЕС ЖƏНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ BUSINESS AND CORPORATE
Республика халқының жұмыспен қамтылуының деңгейі өсу тенденциясына ие: 2001 жылғы 89,6%-дан 2010 жылы 94,2%-ға дейін жетіп отыр. Жастар жұмыссыздығының деңгейі маңызды төмендеді (3,7 есеге). Сонымен қатар жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы да 1,7 есе қысқарды (14,9-дан 8,9 айға дейін).
Соңғы онжылдықта орташа айлық жалақы 4,5 есеге артып, 2010 жылы 77 611 теңгені құрады, бірақ оның диффренциалдануы сақталуда. 2010 жылы жалақының ең төмен деңгейі, бұрынғыдай, ауыл шаруашылығында қалды жəне 36 477 теңгені құрады (3-сурет).
Жұмыспен қамтылған халықтың ең осал категориясы – бұл өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыспен қамтылған халық санындағы олардың үлесі 2010 жылы маңызды болып қалуда – 33,3%.
2010 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың ең үлкен үлес салмағы бұрынғыдай еліміздің оңтүстік аймақтарында байқалуда – Оңтүстік Қазақстан (19%), Алматы (13,5%) жəне Жам- был (10,6%) облыстарында. Мұндай жұмысбастылық формасының төмен өнімділігі мен табыста- ры өз бетінше жұмыспен қамтылған халықты зейнетақылық, əлеуметтік жүйе мен жұмыскерлер құқықтарын қорғаудан тыс қалдырып, кедейліктің тəуекелін арттырады. Ауылдағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар одан да үлкен тəукелеге түседі, себебі табыстың негізгі көзі ретінде қосалқы шаруашылығы болғандықтан, олар адрестік əлеуметтік жəрдемге деген құқықтан айырылады.
2010 жылы өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың бір пайызынан аз бөлігі ғана мемлекеттік адрестік əлеуметтік жəрдем алушылары болып табылған.
40790
52479
60805
67333
77661
13487 12660
12364 8410 9653
26152 21348
20037 16935
13723 18,2%
12,1%
6,6% 5,8%
7,3% 6,6%
7,8%
12,7%
6,5%
8,2%
0 10000 20000 30000 40000 50000 60000 70000 80000 90000
2006ɠ. 2007ɠ. 2008ɠ. 2009ɠ. 2010ɠ.
0,0%
2,0%
4,0%
6,0%
8,0%
10,0%
12,0%
14,0%
16,0%
18,0%
20,0%
ɨɪɬɚɲɚ ɚɣɥɵԕ ɧɨɦɢɧɚɥɞɵ ɠɚɥɚԕɵ, ɬɟԙɝɟ ɤԛɧɤԧɪɿɫ ɦɢɧɢɦɭɦɵ, ɬɟԙɝɟ
ɬԝɬɵɧɭԑɚ ɠԝɦɫɚɥԑɚɧ ɬɚɛɵɫɬɚɪ, ɬɟԙɝɟ ɠԝɦɵɫɫɵɡɞɵԕ ɞɟԙɝɟɣɿ, %
ɬɚɛɵɫɵ ɤԛɧɤԧɪɿɫ ɦɢɧɢɦɭɦɵɧɚɧ ɬԧɦɟɧ ɯɚɥɵԕ ԛɥɟɫɿ, %
3-сурет – ҚР-да 2006-2010 жж. аралығында өмір сүру жəне сапа көрсеткіштерінің жұмыссыздық деңгейімен арақатынасының динамикасы
Кедей болу тəуекеліне көбірек бейім болатын ең осал халық топтарына бұрынғыдай асы- рауды талап ететін адамдар саны көп үй шаруашылықтары болып тұр (құрамында жас бала- лар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, студенттері бар отбасылар).
2010 жылы табыстары күнкөріс минимумынан төмен халықтың 79,5% 5 жəне одан көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарының құрамында тұрған, ол 14,8 пайызға 2006 жылдың көрсеткішінен жоғары болып тұр.
БИЗНЕС И КОРПОРОТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ BUSINESS AND CORPORATE
Қазақстан Республикасының Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігінің мəліметтері бойынша 2010 жылы əлеуметтік жəрдем алушылардың 60,9%-ын жас балалар, 9,3% – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 9,0% – жұмыссыз азаматтар құраған.
Жасалған талдаудың нəтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылды, атап айтқанда соңғы 10 жылдағы халық табыстарының дифференциа- ция жəне теңсіздік көрсеткіштері салыстырылды, аймақтар мен тұрғылықты жеріне байланысты (қала/
ауыл) кедейлік көрсеткіштері зерттелді.
Атап кететін қорытынды – өмір сүру деңгейі мен сапасының қазіргі жағдайында республикамыздың макроэкономикалық көрсеткіштерінің позитивті өсуіне қарамастан ауылдық жерлер мен елдің жеке аймақтары үшін «кедейлік» құбылысы əлі де өзекті мəселе болып тұр. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту жəне олардың лайықты еңбекақы алуының мəселесі, сонымен бірге олардың халықты əлеуметтік қорғау бағдарламаларына қатысуының мəселесі де шешілмей тұр.
Осы тұста Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы басқа өңірлерге қарағанда демографиялық процестер бойынша айрықша ерекшеленеді. Тұрғындардың 40 пайызынан астамын кəмелет жасына толмаған балалар құрайды, олардың 15,6 пайызы аз қамтылған ретінде балалар жəрдемақысын алады.
9,8 пайызды құраған бала туудың жоғары өсімі балалар жəрдемақысын алушылар санының артуына, тиісінше қаржының өсуіне əкелді. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы жəрдемақы алушылар саны 7 пайызға немесе 148,9 мың балаға дейін өсті, ал төленген балалар жəрдемақысының сомасы 1,3 млрд.
теңгені құрады. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен аталмыш жəрдемақыны төлеуге 1,9 млрд. теңге бөлініп, былтырғы жылмен салыстырғанда 46 пайызға артты.
Аз қамтылған отбасылардағы балаларды қосымша қолдау мақсатында 2006 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жəрдемақы қолданысқа енгізілді.
Одан бөлек, инфляция деңгейі өсімін, оның аз қамтылған тұрғындардың əл-ауқатына кері əсерін назарға ала отырып, əлеуметтік қорғау органдары тарапынан аталған санаттағы азаматтарға əлеуметтік көмек көрсету тетігі оңтайландырылды. Ағымдағы жылы тұрғын үй көмегін көрсету ережесі өзгертіліп, бұл қала тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар ауылда жеке сектордағы тұрғындарға да қолжетімді болды. Тұрғын үй көмегінің құрамына қатты отын (көмір), сұйық газ, жылумен қамту, газбен қамту, сумен қамту, электр қуатымен қамту, қоқыс шығару жəне байланыс қызметін алу шығындары енгізілді.
Егер 2012 жылы бұл мақсатқа 22 млн. теңге қаржыландырылған болса, 2013 жылы 200 млн. теңге мөлшерінде қаржы бөлінді.
Дегенмен, кедейлікті төмендету жəне халықтың табысын ұлғайту қызметіндегі көптеген мəселелер бар. Мұқтаж азаматтардың ішінде көп балалы отбасылар ең аз қамтылған болып табылады, сондықтан тамаққа, киімге кететін шығындар арта түседі. Табыстар құрылымында балаларға төленетін жəрдем ақылар отбасылық бюджетке қосымша болғанымен, олардың үлесі шамалы ғана. Азық-түлік тауарла- рына кететін шығындардың үлесі жоғары, ал тамақтанудың құрылымы біркелкі болып табылады.
Бағалардың тұрақты өсуіне байланысты мұндай отбасыларда ең қажетті заттарға деген қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіншіліктері шектеулі. Бұл отбасылардың бюджеті білім беру, балалардың мəдени жəне спорттық дамуына, музыкалық-шығармашылық білім беруге жұмсайтын қаржылары жоқ.
Күнкөріс деңгейі шамасының орташа жан басына шақкандағы нақты табыс шамасына арақатынасының айтарлықтай айырмашылығы:
– еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі;
– тұрғындардың тұрғылықты тұратын жерінде талап етілетін қажетті жұмыс орындары санының жеткіліксіздігі;
– шағын кредит беру шарттарына қолжетімділіктің төмендігіне байланысты аз қамтылған азаматтарға жеке шаруашылығын ашу үшін шағын кредит берудің жеткіліксіз дамуы.
Көп балалы отбасылардың қазіргі жағдайдағы өмір сүруі меншікті табыстарын арттыру арқылы мүмкін болады (жеке ынталылық, екінші жалақы, жасөспірімдердің еңбек етуі).
Біздің елімізде əрқашан көкейтесті болып келген тұрғын үй мəселесі бірінші кезектегі маңыздылыққа ие. Тұрғын үй жағдайлары мөлшерлемелерге сай келмейді. Сонымен қатар үйді өз қаржысының есебінен сатып алу отбасылардың көпшілігі үшін мүмкін емес.
БИЗНЕС ЖƏНЕ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ BUSINESS AND CORPORATE
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ақысы артуда. Егер бұл мəселе жоспарлы түрде шешілмейтін болса, ол қоғамдағы əлеуметтік шиеленісушілікті жоғарылату факторларының біріне айналуы мүмкін.
Сонымен қатар, атап кететін маңызды мəселе – бұл психологиялық-педагогикалық мəселелер.
Көп балалы отбасыларда ата-аналардың аса жүктелуіне байланысты балаларды тəрбиелеуге уақыт қалмайды. Тəрбиенің тапшылығы балалардың өзін-өзі төмен бағалайтын көзқараспен өсуіне алып келеді, яғни өзіне-өзі сенбеушілік, өз тұлғасы туралы сəйкес емес көзқарас қалыптастыру.
Осындай отбасылардың əлеуметтік қорғалмағандығының мəселесі келесі міндеттердің шешілуін талап етеді:
– көп балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту үшін жағдайды қамтамасыз ету;
– көп балалы отбасылардың өмір сапасы мен денсаулығын қорғауды жақсарту;
– көп балалы отбасылар үшін əлеуметтік ыңғайлылық жағдайларын жасау;
– көп балалы отбасылардың еңбекке қабілетті отбасыларының еңбек нарығындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыру;
– 3 жəне одан көп балалы жұмыскерлерге еңбек іс-əрекетін отбасылық міндеттермен үйлестіру үшін ыңғайлы жағдай жасау;
– көп балалы отбасыларға балаларды тəрбиелеуде, балалар үшін білім берудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жəрдемді күшейту.
Осы міндеттерді шешу үшін халықты əлеуметтік қорғау органдары келесі іс-шараларды іске асы- руы тиіс:
– көп балалы ата-аналарды бірінші кезекте жұмысқа орналастыру (мүмкіншілігі бойынша жұмыстың икемді кестесін қамтамасыз ету арқылы);
– тегін секциялар мен үйірмелерді ашу;
– материалдық емес жəрдем көрсету;
– балалардың сауықтандыру лагерлерінде тегін немесе ақысын жеңілдікпен төлеп, демалуын ұйымдастыру;
– отбасылық бос уақытын ұйымдастыру;
– отбасылық жолдамаларды ұйымдастыру;
– отбасыларға көмек көрсету орталықтарын ашу;
– адрестік əлеуметтік көмек жəне материалдық жəрдем көрсету.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін бірінші кезекте көп балалы отбасыларды есепке алудың жүйесін жəне оларды мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік реттелуін жетілдіру, қоғамдық санада өнегелі, оның ішінде отбасылық құндылықтарды қалыптастыру жəне нығайту, көп балалы отбасылар- ды қолдауға азаматтық қоғам институттарын қатыстыру қажет. Азаматтық қоғам институттарының ішінде аталған мəселелердің жүзеге асуын қаржыландыруға көмек көрсететін ұйымдарды – өкіметтік емес жəне қайырымдылық тарту қажет.
Сонымен, халықты əлеуметтік қорғау жүйесі Қазақстанда қалыптасқан жəне айтарлықтай дамыған, дегенмен, экономикалық жағдайға байланысты бейімділігі төмен болып отыр. Қазіргі кезде халықты əлеуметтік қорғаудың заманауи технологиялары мен тəсілдерін қолдану қажет, оның ішінде шетелдік тəжірибені зерттеп, елімізде қолданысқа жарамды жолдарын қолданысқа енгізген дұрыс.
Əдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2342 Қаулысы [Электрон. ресурс]. – 2009. – URL: http://adilet.zan.kz/kaz/
docs/P090002342_
2 Бедность в России: государственная политика и реакция населения / под ред. Джени Клугман.
– Вашингтон: Всемирный банк, 1998. – 85 c.
3 Основные показатели дифференциации доходов населения [Электрон. ресурс]: бюллетень. – Астана: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2011. – URL: http://www.stat.kz/publishing/
DocLib4/2011/Уровень%20жизни%20населения/2010_Б-12-10-Г.rar
БИЗНЕС И КОРПОРОТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ BUSINESS AND CORPORATE
4 Цели развития тысячилетия в Казахстане: отчет. – Астана: Фирма Kuik, 2010. – 159 с.
5 Уровень жизни населения в Казахстане: статистический сборник. – Астана: Агентство Респу- блики Казахстан по статистике, 2011. – 242 с.
6 Оплата труда в Республике Казахстан: статистический сборник. – Астана: Агентство Респу- блики Казахстан по статистике, 2011. –306 с.
7 Баймагамбетов С. З. Социальная сфера Казахстана: опыт и проблемы // Казахстан-Спектр. – 2003. – № 4. – С. 24-32.
8 Говорухина Е. И. Проблемы взаимодействия субъектов управления социальной защитой на- селения в условиях рыночных отношений // Вестник КазНУ: серия экономическая. – 2004ю – № 1. – С.
65-66.
9 Антропов В. В. Модели социальной защиты в странах ЕС // Мировая экономика и междуна- родные отношения. – 2005. – № 11. – С. 70-77.
10 Байтілеуов С. С. Адамдық даму индексі жəне адамдық дамуды өлшеудің кейбір мəселелері //
ҚазЭУ хабаршысы / Вестник КазЭУ. – 2012. – № 1 (85). – С. 56-61.
11 Кудиярова А.К. Қазақстан Республикасында əлеуметтік қорғау шараларын қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру // ҚазЭУ хабаршысы / Вестник КазЭУ. – 2011. – № 2 (80). – С. 38-40.
References
1 «Kazakstan Respublikasy Enbek zhane khalykty aleumettіk korgau ministrlіgіnіn 2010-2014 zhyldarga arnalgan strategiyalyk zhosparyn bekіtu turaly. Kazakstan Respublikasy Ykіmetіnіn 2009 zhylgy 31 zheltoksandagy № 2342 Kaulysy” (2009), available at: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090002342_ (In Kazakh)
2 Klugman Dz. (1998), “Bednost’ v Rossii: gosudarstvennaya politika i reaktsiya naseleniya”, Vsemirnyi bank, Vashington. (In Russian)
3 “Osnovnye pokazateli differentsiatsii dokhodov naseleniya” (2011), Agentstvo Respubliki Kazakhstan po statistike, Astana, available at: http://www.stat.kz/publishing/DocLib4/2011/Uroven’%20zhizni%20 naseleniya/2010_B-12-10-G.rar
4 “Tseli razvitiya tysyachiletiya v Kazakhstane: otchet” (2010), Firma Kuik, Astana.
5 “Uroven’ zhizni naseleniya v Kazakhstane: statisticheskii sbornik” (2011), Agentstvo Respubliki Kazakhstan po statistike, Astana.
6 “Oplata truda v Respublike Kazakhstan: statisticheskii sbornik” (2011), Agentstvo Respubliki Kazakhstan po statistike, Astana.
7 Baimagambetov S.Z. (2003), “Sotsial’naya sfera Kazakhstana: opyt i problemy”, Kazakhstan-Spektr, Vol. 4, pp. 24-32.
8 Govorukhina E.I. (2004), “Problemy vzaimodeistviya sub”ektov upravleniya sotsial’noi zashchitoi naseleniya v usloviyakh rynochnykh otnoshenii”, Vestnik KazNU: seriya ekonomicheskaya, Vol. 1, pp. 65-66.
9 Antropov V.V. (2005), “Modeli sotsial’noi zashchity v stranakh ES”, Mirovaya ekonomika i mezhdunarodnye otnosheniya, Vol. 11, pp. 70-77.
10 Baitіleuov S.S. (2012), “Adamdyk damu indeksі zhane adamdyk damudy olsheudіn keibіr maselelerі”, KazEU khabarshysy / Vestnik KazEU, Vol. 1 No. 85, pp. 56-61. (In Kazakh)
11 Kudiyarova A.K. (2011), “Kazaқstan Respublikasynda aleumettіk қorgau sharalaryn karzhylyk қamtamasyz etudі uiymdastyru”, KazEU khabarshysy / Vestnik KazEU, Vol. 2 No. 80, pp. 38-40. (In Kazakh)
Резюме
В статье проведен краткий анализ современного состояния социальной защиты населения в Ре- спублике Казахстан. Определены основные проблемы в данной области: жилищные условия, повыше- ние стоимости коммунальных услуг, психолого-педагогические проблемы. Предложены пути решения проблемы малообеспеченных многодетных семей.