• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Senior Lecturer, Master in Finance, T. Ryskulov Kazakh Economic University,

Almaty, Republic of Kazakhstan

THE PROBLEMS ARISING IN EXTERNAL DEBT MANAGEMENT IN CHINESE PEOPLE’S REPUBLIC

Abstract

Purpose – to reveal the problems that create external debt, to classify the external debts by types, develop specifi c recommendations by using and managing the external debts.

Methodology – generalization, deduction, abstraction, the methods of systems approach, the analysis of causes and consequences.

Originality/value – the author develops the practical recommendations aimed at regulation and optimization the work of the system by managing the external debts in Chines Republic.

Findings in scientifi c research was identifi ed that it’s possible to prevent the problems (confusions) by increasing the rights of the Center of managing the external debts in Chines Republic. It’s also possible to optimize the work by managing external debts not only by their registering, as well as publishing the information on its loan, and planning the works by using the external debts and control of its return. In order to increase the income from the external debts using it’s necessary to harmonize it with country’s macroeconomic policy. The author offer to activate the statistic work and debts registration in the Centre of managing the currency in order to warn the hidden debts in the country (i.e. external debt which borrow individuals without the knowledge of anyone and hiding from country).

Keywords – capital market, external debt, indicators of external debt, term of external debt, Management of external debt.

ОƏК 331.34

Г. Боранбай,

Аға оқытушы, қаржы магистрі,

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДАРДЫ БАСҚАРУ БАРЫСЫНДА САҚТАЛЫП ОТЫРҒАН МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖАЙЫНДА

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – сыртқы қарыздың туындататын мəселелерді ашып көрсету, қарыздарды түріне қарай жіктеу, оларды орынды пайдалану жəне басқару бойынша нақты ұсыныстар əзірлеу.

Əдіснама – зерттеу барысында ғылыми талдау, синтез процестері, варианттық салыстыру динамикасындағы өзгерістерді байқап, талдап қорыту əдістері қолданылған.

Бірегейлігі/құндылығы – Қытай Халық Республикасында сыртқы қарыздарды басқару жүйесінің жұмысын реттеп, оңтайландыруға бағытталған қолданбалы ұсыныстар əзірленген.

ГЛОБАЛИЗАЦИЯ И КАЗАХСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN

Зерттеу нəтижелері – Қытай Халық Республикасында сыртқы қарызды басқару орталығының құқығын арттыру арқылы олқылықтардың алдын алу мүмкіндігі белгілі болды. Сондай-ақ сыртқы қарызды алуды тіркеп қана қоймай, қарызды қайтару жұмыстарын бақылау, қарыз алу туралы мəліметтерді жария ету, қарызды игеру жұмыстарын жоспарлау арқылы сыртқы қарызды басқаруды оңтайландыруға болады. Сыртқы қарызды пайдалану арқылы табыс мөлшерін жоғарылату үшін қарызды жұмсау жүйесін мемлекеттің макроэкономикалық саясатына сəйкестендірген жөн. Мемле- кетте шетелден қарызды жасырын алудың алдын алу үшін статистикалық жұмыстарды жандандырып, алынған қарызды валюталық басқару орталығында тіркелуін ұсынады.

Негізгі сөздер – капитал нарығы, сыртқы қарыз, сыртқы қарызды анықтайтын көрсеткіштер, сыртқы қарыз мерзімі, сыртқы қарызды басқару.

Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы даму сатысының əртүрлілігі жəне халықаралық интеграция нəтижесінде мемлекеттің ішкі ресурстары экономикалық өсуге жеткіліксіз болып отыр. Дамушы елдер экономикалық өсімді жеделдету үшін сырттан қарыз алуға мəжбүр. Тіпті экспорт бойынша алдыңғы орынды иеленіп отырған, экономикалық қуаты мығым елдердің өзі де қазіргі кезге дейін сыртқы қарыз алудан бас тартар емес. Қайта сыртқы қарызды дұрыс пайдаланудың əдістерін қарастыруда.

Қарыз бұл ертең төленетін салық мөлшері. Сыртқы қарыздың пайызы инвестицялық табыстан төмен болған жағдайда ғана пайдалы. Бұлай болмаған жағдайда ішкі ресурстар тек қана шет мемлекеттердің, яғни қарыз берушілердің байлығын арттырады деуге болады. Мемлекеттік қарыз экономикалық белсенділікті реттейтін құрал. Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаттары бюджеттің жəне төлем балансының тапшылығын қолдау болып табылады.

Елдің сыртқы қарызының болуы орынды əлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен артуы ел экономикасына қауіп төндіреді. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі – елдің Орталық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пай- ызынан acпауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор-елдерге экономикалық жəне саяси тəуелділікке ұрындыруы мүмкін [1].

Əлемдік практикада мемлекеттік қарыздың мөлшерін салыстырмалы сипаттауға арнайы көрсеткіш пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатынастың қауіпсіз деңгейі 25 пайыз болып саналады. Сыртқы қарыздың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді жəне ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді.

Ірі жəне созылмалы тапшылықтардың жəне мемлекеттік қарыздың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.

Сыртқы қарыздың рөлін қарастыратын болсақ, сыртқы қарыз алудың 2 түрлі рөлі бар:

1) Елдің экономикалық өсуін алға ілгерілетуге, инвестиция салуға немесе қазыналық жетіс- пеушілікті толықтыру мақсатында алынатын қарыз. Бұл жағдайда елдің жалпы инвестициясы өзінде бар жиынтық қор мен шетел қаржысынан құралады. Сол кездегі ішкі жиынтық қор инвестиция сұранысын қанағаттандыра алмаған жағдайда, сыртан қарыз алуға тура келеді. Өйткені сыртқы қарыз ішкі жиынтық қор, ішкі запас қор мен инвестицияның айырмасынан келіп шығады.

2) Уақытша валюталық жетіспеушілікті толықтырып отырады. Елдегі халықаралық кіріс-шығыс теңсіздігі пайда болған жағдайда, басқа резервтерді жұмсау мүмкін емес болған жағдайда сырттан қарыз алып, халықаралық кіріс-шығысты қайтадан теңдік дəрежесіне дейін жеткізіп толықтырып оты- ру қажет болады.

Қалыпты мөлшердегі сыртқы қарыз арқылы елдің экономикалық өсуін тездетуге болатын бол- са, ал қалыпсыз мөлшердегі сыртқы қарыз елдің экономикалық өндірісіне өте үлкен қысым түсіреді.

Сыртқы қарыздың өсімін төлеу процесі елдің барлық айналыстағы қаржысын кемітіп, экономиканың өсуіне кері əсерін тигізеді. Сыртқы қарыздың өсуі көзді ашып жұмғанша елдегі импорт-экспортқа, тіпті халықаралық кіріс-шығыс теңсіздігіне де кері əсерін тигізіп үлгереді. Сондықтан сыртқы қарызды пайдалану барысында сыртқы қарызды қолдану уақытын кезең-кезеңге бөліп, елдегі сыртқы қарыз мөлшерін анықтап отыру керек. Сыртқы қарызды анықтаудың 4 түрлі көрсеткіші бар:

ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN 1) Қарыз қайтару мөлшері;

2) Қарыздарлық мөлшері;

3) Қарыздық жауапкершілік мөлшері;

4) Өсім төлеу мөлшері.

Қарыз қайтару мөлшері дегеніміз – жылдық қарыз алған сомасын өсімімен қоса сол жылғы тауар- лар мен қызыметтердің экспортынан түскен валюталық кірістің жалпы сомасынан ұстаған мөлшерді жатқызады.

Қарыздарлық мөлшерді елдегі сыртқы қарыздың артылып қалған мөлшерінің сол жылғы экспорт бойынша валюталық кірісінен ұстайды.

Қарыздарлық жауапкершілік мөлшері елдегі сыртқы қарыздың қалдық сомасының ұлттық жалпы өнімге шаққандағы салыстырма түрін көрсетеді.

Өсім төлеу мөлшері деп бір жылдық өсімдердің жалпы сомасын экспорттан түскен валюталық кірістен ұстайтын соманы айтады.

Сыртқы қарыз түрлері:

1. Сыртқы қарыз мерзіміне қарай:

– қысқа мерзімді;

– ұзақ мерзімді.

2. Сыртқы қарыз формасына қарай:

– халықаралық сауда несиесі;

– шетел ақшасы түріндегі облигациялар;

– халықаралық қаржы лизингі;

– сыртқы саудаға жұмсалатын қаржы;

– үкіметпен халықаралық қаржы ұйымдарының несиесі;

– шетелдегі жеке тұлғалардың депозиттері.

3. Қарыздық жауапкершілік бойынша:

– үкімет органдарының қарызы;

– қаржы институттарының қарызы;

– компаниялардың жəне т.б. органдардың қарызы.

4. Қарыздық құқық бойынша:

– халықаралық қаржы ұйымдарының несиесі;

– шетел үкіметінің несиесі;

– шетел банктерімен қаржы институттарының несиесі;

– шетел компанияларының немесе шетелдіктердің несиесі.

5. Көңіл бөлу жағдайына қарай:

– қатты несиелер;

– жұмсақ несиелер.

6. Несиенің проценттік мөлшерлемесіне қарай:

– өсімсіз қарыз;

– төмен өсімді қарыз;

– нарықтық ставка бойынша пайыз төленетін қарыз.

Қытай Халық Республикасы іс жүзінде төмендегідей 5 түрлі сыртқы қарызбен жұмыс жасайды:

– шетел үкіметінен алынған қарыз;

– халықаралық қаржы органдарынан алынған қарыз;

– халықаралық сауда ұйымдарынан алынған қарыз;

– шетелге таратқан облигациялар арқылы келген қарыз;

– халықаралық қаржы лизингісінен шыққан қарыз.

Шетел үкіметінен алынған қарыз – Қытай үкіметі шетел үкіметінен алған қарыз. Ол бір ел үкіметі өз мемелекетінің қазыналық қаржысы мен басқа бір үкіметке ұсынатын қамқорлық негізіндегі қарыз.

Оның көп түрлері бар. Қамқорлық түріндегі қарыздың өсімі өте төмен, тіпті кейбіреуі өсімсіз, қарыз мерзімі өте ұзақ, əдетте 20-30 жыл аралығында берілетін қарыздар. Бұл экономиканы өркендету

ГЛОБАЛИЗАЦИЯ И КАЗАХСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN

үшін берілетіндіктен əрі мемлекеттер арасындағы өзара саяси қарым-қатынаспен бірлестік негізінде берілетін қарыз болып, үнемі оның арнайы жұмсалу жолын өздері қадағалап, бекітіп отырады, мəселен экономикалық құрылыс саласындағы маңызды рөлге ие құрылыс түрлеріне қарай Қытай үкіметі 1979 жылы алғаш рет шетел үкіметінен қарыз алды. Бірінші болып Испания үкіметінен 23 миллион доллар қарыз алған болатын. Бүгінге дейін Жапония, Италия қатарлы онға жуық елдер Қытай үкіметін осындай түрдегі қарызбен қамтамасыз етіп келеді.

Халықаралық қаржы органдарынан алынған қарыз – бұл Қытай үкіметінің Дүниежүзілік Банк, Азия даму Банкі, Бірлескен елдердің ауыл шаруашылығын дамыту қор ұйымының жəне халықаралық, аймақтық қаржы институттарынан алған коммерциялық емес қарыздары. 1985 жылғы санақ бойынша жан санына шаққандағы ұлттық жалпы өнім 400 доллардан төмен мемелекеттер Халықаралық даму бірлестігінің кедей мемлекеттерге ұсынатын қамқорлық негізіндегі ұзақ мерзімді несиесін ала алатын болған, оның мерзімі 50 жыл, тек қана 0,75% комиссиондық ақша алатын еді. Осы мүмкіндік арқылы 1986 жылы наурыз айында Қытай үкіметі 500 миллион АҚШ долларын алды.

Халықаралық сауда ұйымдарынан алынған қарыз – бұл мемлекеттің ішкі жағындағы орган- дар резидент еместерден алған сауда түріндегі қарызы. Ол шетелдегі банктер мен басқа да қаржы ұйымдарынан алған қарыздар болып, оған шетелдегі компаниялардан, басқа да қаржы ұйымдарынан алатын əр түрлі қарыздар жатады. 2010 жылы Қытай Халық Республикасының халық саны 1370536875 адамды құрады, мұның ішінде Ганконг ерекше аймағындағы халық саны 7097600 адам, Аумин ерекше аймағында 552300 адам, Тайуан аймағында 23162123 адам тұрады. Сыртқы қарыз бойынша ерекше аймақтардағы халық санын қоспағанда сыртқы қарыз мөлшері жан басына шаққанда əрбір Қытай аза- матына орташа есеппен 500 доллардан келеді [2].

Дүниежүзілік банктің 2013 жылы 1 мамырдағы жаңа мəліметі бойынша 2011 жылы Дүниежүзілік банк Қытай Халық Республикасының сыртқы қарызы 548,938 миллиард АҚШ долларына тең деп хабарланған болатын. Қытай Халық Республикасының экономикасының тез арада өсуі оның əр мемлекеттің экономикалық өндірісімен тығыз байланысты болғандықтан, Қытай Халық Республикасының сыртқы қарыз мөлшерінің жыл сайын өсіп отыруы қалыпты мəселеге жатады.

Ԥɥɟɦ ɛɚɧɤ

0 100 200 300 400 500 600 700 800

1982 1987 1992 1997 2002 2007

Ԕɵɬɚɣ

ɋɵɪɬԕɵ ԕɚɪɵɡ ԕɚɥɞɵԕ ɫɨɦɚɫɵ

1-сурет – ҚХР сыртқы қарызының қалдық сомасы

ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN Қытай Халық Республикасының өткен 30 жылдық сыртқы қарыз қалдық сомасы 1-суретте көрсетілген. Бұл соманың экономиканың қай салаларына жұмсалғандығы нақтылы төмендегі кестеден байқалады.

1-кесте – 2010 жылдың соңындағы сыртқы қарыз сомасы (АҚШ доллары) [3]

Қарыз алушылар Қарыз түрлері

Шетел Үкіметінен алған қарыз

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған

қарыз

Шетелдік қарыздар жəне басқа қаржы институттарының қарызы

Сатып алынған несие

Мемлекеттік органдар 346,307,499 5026150 -

Орташа типтегі қаржы инсти-

туттары 320,839,780 - 33,904,650 3,047,931

Шетелдік қаржы институттары 776,000 367,797,870 -

Сыртқы саудаға инвестиция

салатын компания 83,531900 151,427,630 3270140

Кестенің жалғасы 1 2 3 4

Орташа компаниялар 27,30 4998760 88,7520

басқалар - 870 -

Сауда несиелік - - -

барлығы 320,839,780 355,463,980 563, 19,5930 34,636970

Кестенің жалғасы

Шетелге экспорт сауда немесе шетелдік компа- ниялармен жеке тұлғалардың

қарыздары

Шетелге таратқан облигациялар

Сыртқы сауда қаржысы

Резидент еместердің депозиттері

Халықаралық қаржы лизингі

11 - 3,660,7900 - - -

22 65410 5,061,2700 83,276,0830 8,267,8200 6,9480

33 660,2940 - 1,743,3630 8,831,5530 -

4 88,151,3670 - - - 4925,5790

5 398,3360 1,508,0130 - - 1,664,2890

6 98,7700 - - - -

7 - - - - -

8 89,315,3080 10,230,0730 85,019,4760 17,099,3730 6,596,8160

Кестенің жалғасы Сыртқы саудада толықтыруға тиісті

валюталық төлемдер бойынша қарыз Сауда несиесі Басқа да қарыздар Жалпы сомасы

1 - - - 38,794,154,000

2 - - 191,821,000 135,332,857,000

3 - - 51,837,000 48,144,464,000

4 2,5960 - 190,951,000 109,575,589,000

5 1,620,9210 - 5,757,000 5,788,674,000

6 - - 3,222,000 102,079,000

7 - 211,200,0000 - 211,200,000,000

8 1,623,5170 211,200,0000 443,588,000 548,937,817000

1-кестеде Ганконг, Аумин, Тайуан қатарлы ерекше аймақтардың сыртқы қарызы көрсетілмеген.

Мемлекеттік сыртқы қарызды басқару орталығы осы мəліметті жариялаумен бірге сыртқы қарыз

ГЛОБАЛИЗАЦИЯ И КАЗАХСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN

қауіпсіздік сызығының ішінде екендігін көрсетті. Мұның ішіндегі тіркелген сыртқы қарыз сомасы 337,738 миллиард доллар, сауда несиесінің қалдық сомасы 211,2 миллиард доллар. Орта-ұзақ мерзімді сыртқы қарыз: 31,56%.

Қарызды мерзімі бойынша қарастырсақ, орта-ұзақ мерзімді сыртқы қарыздың қалдық сома- сы 1732,43 миллиард доллар болып, жалпы сыртқы қарыз қалдық сомасының 31,56%-ын құрайды;

қысқа мерзімді сыртқы қарыздың қалдық сомасы 375,695 миллиард доллар, жалпы сыртқы қарыздың 68,44% -ын құрайды.

Қарызды құрылымы бойынша қарастырсақ, 2010 жылдың соңындағы сыртқы қарызда сауда несиесінің үлесі 56,22%, банктің импорт-экспорт саудасын қаржыландыруға жұмсалған сыртқы қарыз 21,74% деңгейінде болып отыр. Халықаралық сауда несиесі: 79,98% құрайды.

Сыртқы қарызды алушыларды қарастырсақ, тіркелген сыртқы қарыз қалдық сомасының ішінде орта дəрежелі қаржы институттарының сыртқы қарыз қалдық сомасы 135,333 миллиард доллар бо- лып, ол 40,07%-ға жеткен; сыртқы сауда инвестиция компанияларының сыртқы қарыз қалдық сомасы 109,576 миллиард доллар (32,44%); сыртқы қарыз қорын басқаратын қаржы институттарының сыртқы қарыз қалдық сомасы 48,144 миллиард доллар (14,26%); орталық мемлекеттік органдарының алған тəуелсіз қарыз (Қытай үкіметтік орталық органдары кепілдік болуы арқылы мемлекет алған) қалдық сомасы 38,794 миллиард доллар (1,71%); басқа органдардың қарыз қалдығы 0,102 миллиард доллар болып (0,03%) отыр.

Қарыздық жауапкершілік бойынша тіркелген сыртқы қалдық сомасының ішінде халықаралық сауда қарызы бойынша қалдық 270,108 миллиард доллар (79,98%); шетел үкіметінен алған сыртқы қарызбен халықаралық қаржы ұйымдарынан алған сыртқы қарыз қалдығы 67,630 миллиард доллар (20,02%) құраған.

Валюталық түрі бойынша тіркелген сыртқы қарыздың ішінде (70,41%) АҚШ доллары, жапон ақшасы (8,56%), еуро валютасы (4,41%). Ганконг қатарлы ерекше аймақтардың ақшасы 2,65% иеленеді.

Ұлттық экономика салаларына инвестиция салу түрлері бойынша тіркелген орта-ұзақ мерзімді сыртқы қарыз қалдығының ішіндегі индустриалды инновацияға салынғаны 45,743 миллиард доллар (22,71%); транспорттық-тасымал, сақтау жəне почта саласы бойынша 25,656 миллиард доллар (12,74%);

электр қуат күші, газ, су өндіру мен ұсынатын сала бойынша 17,299 миллиард доллар (8.59%); тұрғын- үй құрылысы бойынша 10,659 миллиард доллар (5,29%); ақпараттық-техника саласы бойынша 8,179 миллиард доллар болып 4,06% иеленіп отыр.

Қарыз қайтару мөлшері 1,63%, қарыздық мөлшері 29,25%, қарыздық жауапкершілік мөлшері 9,34% [4].

Қай мемлекет болмасын экономикасын дамыту үшін сыртқы қарыз алудан бастарта алмайтындығы рас, сондықтан да сыртқы қарызды дұрыс пайдалану жолдарын кезеңге бөліп зерттеп отыру қажет.

Өйткені бизнесті дамыту барысында сырттан қарыз алудың көлеңке жақтары пайда болуы да мүмкін.

Сыртқы қарызды басқаруда əлемдік орта-ұзақ мерзімді капитал айналысындағы проблема- лар жөнінде айтар болсақ: орта-ұзақ мерзімді капитал айналысының мерзімі бір жылдан жоғары болғандықтан, сыртқы қарыздың есеп дəптерінде үнемі қызыл сызықпен белгіленіп тұрады, сол себепті жұмсалуы біршама тұрақты болатын осы капиталмен мемелекеттік кіріс-шығысты теңестіреді.

Үкіметтің шығысын ойластырмаған жағдайда, мемелекеттің ішінде осы капиталдың бір бөлімі инвестицияға, енді бір бөлімі тұтынуға жұмсалынады да, сыртқы қарызды жұмсауда осындай бір-біріне ұқсамайтын екі сала, жеке-жеке өндірістік қарыз, тұтынушылық қарыз түрлерін қалыптастырады.

Бірақ бұл қарыздардың барлығы ең соңында қайтаруды талап етеді.

Орта-ұзақ мерзімді капиталдың бір мемлекеттің макроэкономикасына əсері іс жүзінде осы капиталдың жұмсалуы мен қайтарылуы ортасындағы уақыт жағындағы айырмадан қарыздың қайтарылу проблемалары келіп шығады да, қарыз дағдарысының туылуына мүмкіндік жасайды.

Қарыз дағдарысы тұтынуға жұмсалынған сыртқы қарыздан пайда болады, егер қоғамның тұтыну дəрежесі жоғарылай беретін болса сыртқы қарызды қайтаратын мерзім толғанда проблемалар туын- дайтыны анық.

1. Сыртқы қарызды алған кезде қалқымалы пайыздық өсім есептелгенімен, оны тұтынған кездегі пайыздық өсім инвестициялық кірістен жоғары болады. Əлемдік капитал нарығы əр түрлі жағдай-

ҒАЛАМДАНДЫРУ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN лардың əсеріне ұшырап отырады да, оның өсімінде үнемі өзгерістер туындап отырады. Егер тек қарыз алған кезге негізделсек əлемдік өсім деңгейіне сол кезден кейінгі тəжірибелер əсер ететіндігі туралы ойлану керек болады, осы жағдайдың негізінде сыртқы қарыздың қайтарылуында проблемеалар туын- дайды.

2. Сыртқы қарыздың жұмсалуы жағынан айтар болсақ, жұмсалған капиталды инвестицияға салғандағы ағымдағы табыстылығы болжаған табыстылықтан кіші болады. Тіпті бұл табыстылық төмендеп, инвестиция салған саланың өндірістік жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Міне, осындай жағдайда болжаған табыстылыққа жете алмау жағдайы туындайды.

3. Капитал нарығында айналымға түскен кездегі пайда болатын тəуекелдіктердің себебінен.

Мəселен, коммерциялық банктердің бекіткен несие сомасының шегі.

Алайда, көп мөлшердегі қарыз ең кем дегенде теориялық жақтан ұқсамайтындықтан қарыз дағдарысының туылу мүмкіндігі жоғары болады. Даму үстіндегі мемлекеттердің барлығы сырттан алған қарызды негізінен инвестицияға салады, қарыз дағдарысының пайда болуы əлемдік орта-ұзақ мерзімді капиталдың айналымы барысындағы түрлі-түрлі мəселелердің бірігіп топтасуынан пайда болады.

Сыртқы қарызды тексеретін көрсеткіштер келесідей:

1. Сыртқы қарыз мөлшерінің жыл сайын артып отыруы. Қытай Халық Республикасының сыртқы қарызы жыл сайын көбеюде. XX ғасырдың 80-жылдарының басында сыртқы қарыз əр жылы бір миллион АҚШ долларына да жетпейтін,1995 жылға келгенде сыртқы қарыз кенеттен 10 миллиард АҚШ доллары болып, 1997 жылдың соңында 130,96 миллиард АҚШ долларына жетіп, 1979 жылмен салыстырғанда 128,78 миллиард АҚШ долларына көбейген, бұл алдыңғыдан 59 есе артып, əр жылы орта есеппен 25,5% көбейіп отырғандығын көрсетеді, яғни сыртқы қарыздың өсу қарқыны жалпы ұлттық өнімнің артуынан да жоғары болған. Тіпті 90 жылдардан бері, сыртқы қарыздың көбеюі артып, 1997 жылы Қытай Халық Республикасының сыртқы қарызы дамушы елдердің сыртқы қарыздарының жалпы мөлшерімен салыстырғанда 7,4% болып, Қытай Халық Республикасы дамушы мемелекеттерінің ішінде сыртқы қарызы ең көп мемелекет есептелінді.

2. Сыртқы қарыз мерзімінің өлшемге сай болуы. Сыртқы қарыздың мерзімі бойынша қарағанда, қысқа мерзімдегі сыртқы қарыздардың салыстырмалы мөлшері ең бастапқыда көп болғанымен соңында төмендеген. 80-жылдардың алдыңғы жартысындағы қысқа мерзімді сыртқы қарыз жал- пы сыртқы қарызбен салыстырғанда 40% жоғары болып, жыл соңында біртіндеп əрең дегенде 20%

төмендеткен болатын. 1997 жылдың соңында қысқа мерзімді сыртқы қарыздардың сомасы 18,14 мил- лиард АҚШ долларына артып, жалпы сыртқы қарыз сомасының 13,9% құрады, сыртқы қарыздың мерзімі өлшемге сай болған. Шығыс Оңтүстік Азияның қаржы дағдарысының себебінен 1998 жылы Қытай Халық Республикасының қысқа мерзімдік сыртқы қарызының мөлшері төмендеді. Себебі қарыз беретін көздері азайды.

3. Сыртқы қарыз көзінің тұрақтылығы. Сыртқы қарыз көзі жағынан алып айтқанда, сыртқы қарыз берушілермен халықаралық сауда түріндегі несиелер негізінен тұрақты. Қытай Халық Республикасының үкіметі негізгі дамыған елдермен екі жақтық мемелекеттік сыртқы қарыз байла- нысын жасап, Дүниежүзілік банк, Азия даму банк қатарлы Халықаралық қаржы институттарымен ұзақ мерзімдік тұрақтылыққа ие болатын үлкен мөлшердегі қарыз келісімін жасайды. Жақын жыл- дардан бері Қытай Халық Республикасының сыртқы қарыз жалпы мөлшеріндегі халықаралық сау- да несиесінің мөлшері біршама тұрақты болып, ол 50% иеленсе, ал өздерінің мемелекеттік сыртқы қарызбен халықаралық қаржы топтарынан алған қарызы негізгі жақтан 30% төңірегінде болып қарыз көзінің тұрақтылығы қарыздың біртұтас орналастырылуына қолайлылық тудырды.

4. Сыртқы қарыз көрсеткішінің тиімді болуы. Сыртқы қарызды тексеріп, өлшеу барысы- нан алып айтсақ, əр түрлі көрсеткіштердің барлығы да өте жақсы. Қытай Халық Республикасының сыртқы қарызды қайтару пайызы негізінен 14,5% бен 63,2% аралығында болып, орта есеппен əдеттегі халықаралық өлшемнен төмен болуы, əр түрлі көрсеткіштердің өте жақсы екендігін білдіреді [5].

Қытай елінде сыртқы қарызды жүзеге асыру процесінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік сыртқы қарыздарды тарту, игеру жəне өтеу жөніндегі, мемлекеттік сыртқы борыш жəне мемлекет кепілдік берген сыртқы борышпен қоса мемлекеттік емес борышты басқару барысында туындаған қатынастар:

ГЛОБАЛИЗАЦИЯ И КАЗАХСТАН GLOBALIZATION AND KAZAKHSTAN

1. Сыртқы қарызды басқару орталығының басқару күші əлсіз. Сондықтан бұл төменде бес түрлі жақтан талқыланғанда осы елдегі сыртқы қарызды басқару мен оны игеру жақтарындағы олқылықтарды көрсетіп береді [5].

A. Құқықтық билігі төмен. Қытай Халық Республикасы сыртқы қарызды басқарғанда «Бір тұтас басқару, бөліп жауапкершілік ету, басқаруды күшейту, қатаң қадағалау» деген саясатты қолданады.

Бірақ, бұған дейін қытай елінің сыртқы қарызды басқару жүйесінде құқықты шоғырландырып басқаратын органы кемшіл болды да, кейінірек қытай елінде сыртқы қарыз алу көлемін, сыртқы қарызды ұзақ мерзімге алу жоспарын, сыртқы қарыздың түрін, қарыз алушының қажетті шарттарын

«Сыртқы қарызды басқару орталығы» бекітетін болды. Ал сыртқы қарыздың игерілуіне қарыз алу- шы өзі жауап береді. Міне, осылай сыртқы қарызды макролық деңгейде басқарудың жоғары деңгейде əртараптануынан, бір-біріне байланыспайтын жағдайлар қалыптасып, мемлекеттің сыртқы қарызды басқару орталығының басқару функциялары үлкен жақтарда тек қана сырттай бақылап, статисти- ка жасап отыратындықтан, компаниялардың басқаруы жеткіліксіз болып отырды. 1989 жылы қытай елінде сыртқы қарызды шоғырландыратын 10 ірі Қаржы институты (Қытай Банкі, Қытайдың əлемдік траст компаниясы, Қытай инвестициялық банкі, Транспорт Банк, Гуаңдоң қалалық шетелдік траст компаниясы, Шанхай қалалық шетелдік траст компаниясы, Пужіан шетелдік траст компаниясы, Далан шетелдік траст компаниясы, Тіанжін шетелдік траст компаниясы, Хайнан шетелдік траст компани- ялары) құрылды. Олар халықаралық сауда кредит жəне шетел валютасымен облигацияларды тарату жұмыстарына жауапты болды. Бұл қаржы институттары заң жүзінде дербес болғанымен іс жүзінде үкіметтің қолдауына ие. Қаржы институттары жерлік өкіметтің шетелден қарыз алуына көпір бола алады. Əрбір жерлік үкімет өз жерінің экономикалық мүддесін ойлап, олардың көптеп қарыз алу- ын қолдады. 90 жылдан кейін ғана қытай елінде шеттен қарыз алуға жауапты компаниялар үкіметтің қазыналық мүлкін кепіл беруге тыйым салды. Сонда да жерлік үкімет шетелден қарыз алудың басқалай амалдарын жасады. Ал бұған шетел ақшасын басқару орталығының құқығы жетпеді. Бұдан сырт жоғарыдағы шетелден қарыз алуға жауапты 10 түрлі қаржы институттары өз ішіндегі басқару түзімі жəне серіктестік мəселелері де бар, қарызды қайтару туралы мəселелерді де анық ойластырылмаған, мəселен, Гуаңдон шетелдік траст компаниясының банкрот болуы осы түзімнің кемшілігін дəлелдейді.

B. Нақтылы басқару күші жеткіліксіз. 1997 жылдың қыркүйегінде шығарылған «Сыртқы қарызды қорытындылау жəне бақылау» Заңының 3-тармағы бойынша, мемлекеттік сыртқы қарызды басқару орталығы сыртқы қарызды қорытындылау жəне басқару қызметін жүргізді. Анықтап айтқанда қарыз алуды тіркеп қана қоймай, қарызды қайтару жұмыстарын бақылау, қарыз алу туралы мəліметтерді жа- риялау жəне қарызды қалай игеру жұмыстарын басқаруды жақсартуды жоспарлады. Бірақ іс жүзінде сыртқы қарызды басқару, сыртқы қарызды қорытындылау жұмысын ғана атқарып, оның бақылау жұмысына ілесе алмаған. Қағида бойынша сыртқы қарызды басқару органдары қарыз алу жұмыстарын бақылау барысында өлшемге толмайтындарды мақұлдамау керек еді, мысалы, қарыздың өсімі халықаралық ұқсас деңгейдегі өсімнен жоғары болған жағдайда, бірақ іс жүзінде, осындай жоғары өсімдегі қарыздар да алынып кеткен. Шетел ақшасын басқару мекемесі сыртқы қарызды қор жинау ойымен, барлық сырттан қарыз алу жұмыстарын бекітіп отырған. Ал ол қарызды қалай пайдалануды бақылауға нақтылы тəртіп орнатылмаған еді.

C. Сыртқы қарыздың тартылу мөлшері асып кеткен. 1998 жылы шілде айына дейін қытай елінің сыртқы қарызы 138 миллиард АҚШ долларына жеткен. Алдыңғы жарты жылда 5,3%-ға көбейген, ол 1997 жылдағыдан 16,3% артып кеткен. Бұл өткен 1995-96 жылдармен салыстырғанда 10% жоғары бол- ды. Айта кететін тағы бір жəйт, қытай елінің экономикасы ұзақ уақыт мұндай жоғары жылдамдықты көрсеткішті сақтап тұра алмады. Дүниежүзілік қаржылық дағдарыстың басталуы қытай елінің шетел- ге экспорт арқылы табыс табуына əсер етті. Ал сыртқы қарыздың тездеп көбеюі қытай елінің қарыз қайтару жүгін ауырлатады. Қарыз алушылардың ішінде бұл елде шетел инвесторларының көмегі мен ашылған компаниялардың сыртқы қарызы көбейіп кетті, шетел инвесторларының сырттан қарыз алуына тыйым салынбайды, алынатын қарызды өз ішіндегі компаниялар сияқты бекіту қажет емес. Осы орай- да, өздерінің компаниялары шетелмен бірлесіп құрылған компаниялардан қарыз алады да, ол сыртқы

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР