191
[5] З.В.Удальцова. Борьба партий в Пелопоннесе во время турецкого завоевания. –СВ, ІІІ-, 1951, с.161-179.
[6] А.Анкирский. Плач на взятие Константинополя. –ВВ, VІІ, 1953, с.218.
[7] История византии. –М., 1967, т.2, с. 114.
[8] История византии. –М., 1967, т.3, с. 198.
REFERENCES 1. Russel H. The Byzantine Empire. Publishing house «VSD» 2012, p. 98.
2.Vasilev A.A. The Byzantine Empire. Publishing house "Algorithm" 2012, p. 356.
3. Senina K. Golden racetrack. V.1 Publ «Accent graphics» 2010, p. 112.
4. Norwich D. History of Byzantium. Publishing house "AST" 2014, p. 178.
5. Udaltsova Z.V. The struggle of parties in the Peloponnese during the Turkish conquest. -SV, ІІІ- 1951, p.161-179.
6. Ankirsky A. Crying on the capture of Constantinople. -VV, VII, 1953, p.218.
7. History of Byzantium. -M., 1967, V.2, p. 114.
8. History of Byzantium. -M., 1967, V.3, p. 198.
ПРЕДПОСЫЛКИ И ПРИЧИНЫ ВЛИЯНИЯ ТУРКОВ НА ВИЗАНТИЙСКУЮ ИМПЕРИЮ Усманова Г.
Казахский Национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан Ключевые слова: Византия, Осман, индукция, дедукция, экономика.
Аннотация. В данной статье были исследованы такие проблемы, как причины раскола и распада Византийской империи. А также такая негативная сторона развитии империи стала результатом подданства Османской империи. Автор в статье выявляет ошибочные и волюнтаристскую введения политику главы данной империи. В исследовании с помощью дедукции и индукции, бинарного, бифуркационного метода автор анализировал политику, социально- экономическую модель государства. Также описываются внутренние и внешние положения страны и руководства которые ввели отличную, и в то же время плоxую политику.
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 6, Number 358 (2015), 191 – 194
CHARACTERISTIC AND SYSTEM OF MEANS
192
Аннотация Құқықтық ынталандырудың құқықтық кешенді институтын, құқықтық құралдардың сипаты мен құрылымын және құқықтық ынталандыру құралдарын тәжірибеде игеру мәселелеріне тоқталу.
Құқықтық ынталандырудың құралдарын - құқық құралдарының бір бөлігі ретінде қарастыру.
Құқықтық ынталандыру арқылы, құқық, әр түрлі құралдар арқылы қоғамдағы тәртіпті нығайтуға, тұлғаның еркіне және санасына әсер етеді. Субъектінің заңдылық әрекетін күшейтудегі заң шығарушы институтымен бекітілген құқық ынталандыру нысаны деп те айтуға болады. Заң- құқықтық қатынастын қатысушыларының заңдық уәжіне құқықтық ынталандыру арқылы ғана әсер етпейді, сонымен қатар құқықтық шектеумен де. Мысалы, құқық бұзушылық - құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға итермелейтін уәждемесін басу үшін, қолданылатын тыйым салу немесе бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту сияқты заң шығарушы институттары болып табылады.
Құқыққа сай әрекеттердің нәтижесінде субъектінің қызығушылығын туғызатын ынталандыру мақсатқа ие ғана заң институттары жатады. Құқықтық ынталандырудың жалпы шеңберіне, көтермелеу және марапат, жеңілдіктер және артықшылықтар, сыйлықақы және әр түрлі сыйақылар, құрметті атақ, деңгей және дәреже, иммунитеттер және т.б.с.с. Әдетте, ынталандыру субъектінің құқыққа сай әрекеттерді жасауға үйретеді, бірақ мұндай бағыт ынталандырумен ғана орнатылмайды, сонымен қатар құқыққа сай әрекет жасау субъектінің әдетіне айналып кетсе немесе құқық бұзушылық нәтижесінде жазаға тартылуына қорықса, адамның моральдік қасиеттеріне байланысты, шындық, ұят.
Құқықтық ынталандырудың құралдары – бұл қолданылатын құқық құралдарының бір бөлігі.
С.С. Алексеевтің пікірі бойынша, құқық құралдарын «құқықтың күшін көрсетіп, жүзеге асыратын, нақты бекітілген құрамы бар, құқықтық құбылыстар»[1, 155]. Ол заң мәселесін қарастыру кезеңдеріне қарай құқық құралдарын үшке бөледі.
Бірінші – бастапқы құқық құралдарының кезеңі (заң нормасы, субъективті құқықтары мен міндеттері).
Екінші – әр түрлі заң институттарымен берілеген құқық білімімен байланысатын, құқық режиміне сай кешендер кезеңі.
Үшінші – құқық қытынастың субъектісі пайдаланатын, белгілі бір заң құралдарына ұқсас кезеңі (мысалы, шарт).
Құқықтағы ынталандырудың құралы заңның әлеуметтік құндылығын көрсетеді. Олар субъектінің күткен нәтижесінің жетуіне көмектесетін, әлеуетті мүмкіндіктерді қамтыған.
Сондықтан, кез келген оқиғаны құқықтың құралы ретінде тану үшін, ең алдымен функционалдық бағытталуына сүйенуіміз керек. Құқық құралдардың оқиғасы ретінде, мемлекет пен қоғам алдына қойған мақсат пен міндеттерді тиімді шешу жолдары ғана бола алады.
Құқықтағы ынталандырудың құралдары қажетті объективтік сипатқа ие. Белгілі бір уақыт аралығында құқықтық ынталандырудың барлық күш – қуатын пайдалана отырып, мемлекет пен қоғамның алдында тұрған міндеттерді сапалы және тез орындауға көмектеседі. Құқықтағы ынталандырудың құралдары әр түрлі. Оларға келесілерді жатқызуға болады: заң нормалары, ынталандыратын құқықтық қатынастар, заңдылық, құзыреттілік, субъективті құқықтары мен міндеттері, заң қолдану актілері, заң техникасы.
Бүгінгі таңда заң ғылымдарының маңызы өсіп жатыр. Мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалардың жетістікке жетуі, тікелей қазақстан азаматтарының белсенді қатысу әрекеттеріне тәуелді. Сондықтан, жалпы қоғам мен жеке тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру үшін, құқықтағы ынталандыру құралдарын анықтау мен бекіту мәселелері өте өткір.
Құқықтық ынталандыру тиімділігі, сондай – ақ жалпы құқықтық реттеу тиімділігі құқықтық құралдарды таңдау мәселесіне тәуелді.
Сондықтан, қоғам мен мемлекетте үш элемент болуы тиіс:
- адам өзін - өзі жүзіге асыру үшін, құқықты жалпы – құқықтық мүмкіншілік ретінде қарастыруы тиіс;
- құқықтық талаптар мен мүмкіндіктерді бекітетін, нормативті – құқықтық актілер мен басқа да қайнар көздерде көрсетілген, белсенді әрекет етуші заңнамалар;
- белсенді заңнамаларды орындаудың құқықтық құралдары.
Аталған элементтер құқық пен құқықтық ынталандырудың пайда болуы мен дамуына қажетті.
193
Құқықтағы ынталандырудың құралдары құқықтық ынталандырудың қызметтік сапасын анықтайды. Құқықтық ынталандырудың құқықтық кешенді институты ретінде ерекшеленуі, құқықтық құралдардың сипаты мен құрылымына тәуелді. Құқықтық ынталандырудың нормативтік негізіне алынған ынталандыру құралдары қате таңдалса, онда құқықтық тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Құқықтағы ынталандыру құралдарының методологиялық маңызы келесіде:
1. Құқықтағы ынталандыру құралдарының түсінігіне, құқықтық ынталандыру мақсатына жетуге бағытталған барлық құқықтық оқиғаларды жинақтауға болады.
2. Құқықтағы ынталандыру құралдарының түсінігіне, құқықтық ынталандырудың қолданбалы аспектісі мен бірге функционалды құқықтық жағын көрсетуге мүмкіндік береді.
Құқықтағы ынталандыру құралдары құқықтық реттеу механизіміндегі құқықтық ынтаның орны мен рөлін анықтауға көмектеседі.
Құқықтық ынталандыру құралдарын тәжірибеде игеруге тұлғаның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейі әсер етеді, себебі қоғамдық қатынастардың белсенді қатысушысы болу үшін тұлғаның дайындығы олардан тәуелді болады.
Құқықтағы ынталандыру құралдары міндетті түрде нормативті анықталған болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, нормативтік – құқықтық актіде бекітілген тәртіп пен көрсетілген оқиғада субъектілер оларды қолдана алады.
Барлық құқықтық ынталандыру құралдары арасында байланыстары бар. Бір жағынан, құқықтық ынталандырудың әр бір құралы – құқықтық ақиқаттың бөлек элементі болса, басқа жағынан олардың жиынтығы құқықтық ынталндырудың ерекше механизмін құрайды.
Құқықтағы ынталандыру құралдарын әр түрлі негіздері бойынша жіктеуге болады:
1. Бір топ адамдардың әрекеттеріне құқықтық ынталандырудың әсері бойынша:
- жалпы құқықтық құралдар (олар әмбебап мінезді, барлық субъектілер қолдана алады; оларға келесілерді жатқыза аламыз: заң нормаларын, құқық қатынастарын, субъективті құқықтары мен заң міндеттерін);
- арнайы құқықтық құралдар (нақты бір тұлғаның әрекеттерімен байланысты, оған құқық қолдану актісі жатады).
2. Құқық құралдарын қолданған құрамның саны бойынша:
- қарапайым (нақты бір мәселені шешу үшін бір ғана құқықтық құралды пайдалануы, мысалы, кәсіпкер жеңілдік құқығын жүзеге асырады);
- қиын (ерекше құқықтық режимді құруға көмектесетін, бірнеше құқықтық құралдарының жиынтығы, мысалы, бос экономикалық аймақтар режимы).
3. Қызметтің сипаты бойынша:
- ынталандырушы субъектілерімен қолданатын құқықтық құралдар (заң шығару бастамашылық құқығы, заң құрылысы, заң терминдері негізінде нормативті – құқықтық актілерде құқықтық ынталандыруды бекітуін қамтамасыз ететін құқықтық құралдар);
- ынталандыратын субъектілерімен пайдаланатын құқықтық құралдар (субъектілердің құқықтары мен мүмкіндіктері негізінде із жүзіне асатын заң нормалары).
Құқықтағы ынталандыру процессінде қолданылатын құқық құралдарды екі топқа бөлуге болады: анықтау құралдары және әрекет құралдары. Құқықтық құралдарды мұндай екі топқа бөлудің себебі, ол «мінсіз үзінді (құралдар, субъективті құқықтарын анықтайтын құралдар, міндеттер, жеңілдіктер, тыйым салу, сыйлық, жаза және т.б.) және нақты үзінді (ең алдымен құқықты жүзеге асыру мен міндеттердің актісі, технологиясы, қызметті орындауға бағытталған әрекеттің құралдары) құралған»[2, 13].
Ынталандыруда қолданып жатқан құралдарын келесідей сипаттауға болады:
- олар құқықтық ынталадыруды белсенді қолданумен байланысты;
- олар өзгеріп тұрады;
- олар құзыретті мемлекеттік органдардың шешімімен, сондай – ақ басқа да ынталандырушы субъектілердің шешімдерімен ұсынылған (мысалы, мемлекеттік қызметшісіне сый беру бұйрығы, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу үшін грантты бөлу туралы шешімі), құқықты ынталандыру актілерін орындау негізінде көрсетіледі. Аталған шешімдер субъектінің әрекеттері әлеуметтік
194
белсенді деп танылып, белгілі бір марапатқа ие деп танылады (тұлғаның еңбегі заңмен мақұлдану этапы).
Құқықтық ынталандыру құралдарын ерекше құбылыс ретінде қарастырмауымыз керек.
«Бағытталған нәтижеге ерекше құбылыстың негізінде жетуі мүмкін емес, себебі автоматты түрде керекті әрекетке әкелмиді. Заңда ұсынылған аспаптарды қолдануымен байланысты, оған әрекет, белсенділік, күш жатады»[3, 363].
Сонымен, құқықтағы ынталандырулардың құралдары – ол құқықтық оқиғалар, осы әрекеттің нәтижесінде ынталандыратын субъектінің мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін, әлеуметтік және құқықтық белсенді әрекеттері қалыптасады.
ӘДЕБИЕТ [1] Алексеев С.С. Теория права. – М., 1994., 306 с.
[2] Малько А.В. Правовое стимулирование: Проблемы теории и практики // Правоведение. – 1994. - №2., 295 с.
[3] Проблемы теории государства и права: Учебное пособие /Под ред. М.Н. Марченко. – М., 2002., 427 с.
REFERENCES [1] Alexeev S.S. Teoria prava. – M., 1994., 306 s .
[2] Malko A.V. Pravovoe stimulirovanie: Problemy teorii i praktiki// Pravovedenie. – 1994. -№2., 295s.
[3] Problemy teorii gosudarstva i prava: Uchebnoe posobie/Pod red. M.N. Marchenko.- M., 2002., p.427.
ХАРАКТЕРИСТИКА И СИСТЕМА СРЕДСТВ ПРАВОВОГО СТИМУЛИРОВАНИЯ Нысанова С.К.1, Наурызова В.К. 1, Усеинова К.Р. 2
1Атырауский государственный университет, г.Атырау
2КазНУ им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы [email protected]
Ключевые слова: акты применения административных правонарушениях, нормы закона, право, правовое стимулирование, правоотношение, законность, компетентность, законадательство, юридическая техника.
Аннотация: В данной статье рассматривается роль правового стимулирования с точки зрения законодателя.
Правовой стимул изучается как правовой институт, представляющий совокупность юридических норм, цель введения которых - вызвать дополнительную мотивацию в пользу правомерного поведения, превышающего обычно предъявляемые к нему требования.
Nysanova of Sanzhan Kuandykkyza – the senior teacher of Atyrau state university, the candidate of historical sciences Nauryzova Venus Kayyrzhankyzy – the senior teacher of Atyrausky state university senior teacher of Atyrau state university Useinova Karlugash Rahimzhanovna - a candidate of juridical science, associate professor of department of theory and history of the state and law, constitutional and administrative law, law faculty of Аl-Farabi Kazakh National University
Нысанова Санжан Қуандыққызы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к.
Наурызова Венера Қайыржанқызы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Үсеинова Қарлығаш Рахимжанқызы - з.ғ.к., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң факультеті, мемлекет жәе құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының доценті
195 BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
ISSN 1991-3494
Volume 6, Number 358 (2015), 195 – 202 УДК 340.1; 321.01