Doctor of Economy Science, Professor, T.Ryskulov Kazakh Economic University,
Almaty, The Republic of Kazakhstan K.K. Primzharova,
Candidate of Economy Science, Associate Professor, T.Ryskulov Kazakh Economic University,
Almaty, The Republic of Kazakhstan EVALUATION THE LIVING STANDARDS
OF THE POPULATION IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Abstract
Purpose – to conduct a comprehensive analysis of the living standards of the population in the Republic of Kazakhstan, as well as to develop a proposals and recommendations for improving population welfare.
Methodology – The critique has presented dialectical-logic and information-system-type approaches, applying comparative analyses, causes-and-consequence analyses, the materialistic dialectic and synthesis.
Originality/value – in this research were conducted an analysis of the living standards of the population that characterized as a complex of real socio-economic conditions for people livelihoods. Problems of studying the living standards of the population, regardless of socio-economic development are relevant to all countries.
Findings – during the study were analyzed many indicators and identifi ed that the dynamic of population poverty level decreased over the past 5 years and on the contrary the level of population monetary income increased. As well as during the analysis of population poverty level in some open form were identifi ed some improvement of population living standards.
Key words – total productivity, gross domestic product, the Human Development Index, the Gender Inequality Index, an index of multidimensional poverty, living wage, monetary income.
УДК 64.011.11 (075)
Б.Д. Даулетбаков, э.ғ.д., профессор,
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
К.К. Примжарова, э.ғ.к., доцент,
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ САРАПТАМАСЫ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – болып ҚР халқының өмір сүру деңгейінің кешенді сараптамасы жəне оны жетілдіруге арналған ұсыныстар мен тұжырымдамалар.
Əдіснама – Мақаланы жазуда ҚР халқының өмір сүру деңгейін көтеру барысында мемлекет- тік органдардың қабылданған жəне жоспарланған шаралары туралы жылдық есебі, халықаралық
ұйымдардың рейтингтік бағалары, ұлттық жəне халықаралық статистика деректері жəне ғылыми ба- сылымдар пайдаланылды.
Сонылығы/құндылығы – халықтың өмір сүру деңгейінің сараптамасы болып, адамдардың əлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларының шынайы жиынтығымен сипатталады. Халықтың өмір сүру деңгейі мəселелерін оқып-үйрену, оның əлеуметтік-экономикалық дамуының тəуелсіздігіне қарамастан барлық ел үшін өзекті мəселе.
Қорытындылар – адамдардың əлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларының шынайы жиынтығымен сипатталады. Əр түрлі мемлекеттер азаматтарының өмір сүру көрсеткіштеріне сəйкес дəл жəне түзетілген салыстыруларды қамтамасыз ететін, жан-жақты бағалау механизмін құру өзекті мəселе болып қалады. Өмір сүру деңгейінің төменгі көрсеткішінің мөлшері жалпы Қазақстан бойынша анықталады жəне жыл сайын Қазақстан Республикасы бюджетінің қаржылық жылына сəйкес жылдық ақша құнсыздану есебімен бекітіледі. Жұмыс барысында келтірілген көрсеткіштер кестелері мен диа- граммаларды есепке ала отырып, 2013 жылы кедейлік деңгейі динамикасы төмендеді деп айтуға болады.
Керісінше, халықтың ақшалай кіріс динамикасы өскен, бұл елдегі өмір сүру деңгейі сараптамасының біршама ашық жүруі ел халқының өмір сүру деңгейінің өскенін байқатады.
Түйін сөздер – барлық шығарылым, барлық ішкі өнім, барлық ұлттық өнім, адами даму индексі, гендерлік теңсіздік индексі, көпөлшемді кедейлік индексі, өмір сүру минимумы, ақшалай кірістер.
Кіріспе
Өмір сүру деңгейінің жоғарылауы – бүгінгі таңда еліміздегі əлеуметтік мəселелердің бастыларының бірі. Оны шешудің тиімділігі Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктеріне байланысты.
Əлемдік тəжірибе көрсеткендей өмір сүру деңгейі – өте күрделі де, көп салалы дəреже (кате- гория). Бұл дəрежелер адамдардың əлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларының шынайы жиынтығымен сипатталады. Халықтың өмір сүру деңгейі мəселелерін оқып білу, оның əлеуметтік- экономикалық дамуының тəуелсіздігіне қарамастан, барлық ел үшін өзекті мəселе. Соңғы кездері бұл дəрежені оқып білудің өзектілігі деп еларалық салыстыруларды айтуда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050 Стратегиясы» Жолдауында: тұрақты мемлекеттің жаңа саяси курсы» біздің өміріміздің барлық та- лаптарына жауап береді. Стратегияда біздің тəуелсіз мемлекетіміздің бүгінгі күнгі негізгі мəселелері қарастырылған.
Біз, əсіресе, маңызды деп саналатын осы мəселелердің біріне тоқталамыз. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін халықтың тұрмыс-деңгейінің басты көрсеткіші болған жəне бола беретін мықты əлеуметтік саясатты нақтылы көрсетті. «Мен үшін басты көрсеткіш халықтың тұрмыс-деңгейі болған жəне бола бермек», – деді өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев [1].
Тұрмыс-деңгейі жағдайын оқып білудің басты мəселесі болып:
• Экономикалық қызмет қатысушысы ретінде адамның негізгі сапалық мінездемесінің бағасы (өмір сүрудің жоғарғы деңгейі мен оның ұзақтығын қамтамасыз ететін салауатты өмір сүру қабілеті, білім алу мүмкіндігі, өмір сүруге қажетті жеткілікті қорының болуы, жоғары кəсіби біліктілігі).
• Номиналды жəне шынайы кірісті оқып білу.
• Халықты тұрғын үймен, ұзақ пайдаланылатын тұтыну сипаттарымен қамтамасыз ету.
• Əр түрлі мемлекеттердегі өмір сүру сапасы мен деңгейінің бағасы жəне халықаралық салысты- руларды жүзеге асыру.
• Осы сала саясатын құру үшін өмір сүру деңгейін оқып білу [2, 11 б.].
Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейінің сараптамасы
Халықтың өмір сүру деңгейін бағалау сараптамасына əр түрлі көрсеткіштерді, солардың ішінде ерекше тоқталатындары барлық шығарылым (БШ), барлық ішкі өнім (БІӨ); барлық ұлттық өнім (БҰӨ);
тұрғын үймен қамтамасыз етілуі; тауар айналымы; жан басына шаққандағы тауар көлемі (қызмет
көрсету) жəне т.б. пайдалана алады. Бұдан басқа халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткішіне көші-қон үрдістерінің сальдосы, халықтың өмір сүру ұзақтығы, балалар арасындағы өлімі жатады. Сонымен бір- ге, халықтың өмір сүру деңгейінің толық сипаттамасы елдің барлық тұрғындарына есептелген жалпы- лама көрсеткіштер негізінде толық көрініс таба алмайды. Тұрғындар топтарының тұтыну құрылымы мен көлемін, əр түрлі əлеуметтік кəсіби жəне демографиялық кіріс деңгейін білу қажет [3,4].
Мұнымен бірге, əр түрлі мемлекеттер азаматтарының өмір сүру көрсеткіштеріне сəйкес дəл жəне түзетілген салыстыруларды қамтамасыз ететін, жан-жақты бағалау механизмін құру өзекті мəселе бо- лып қалады [5, c.43].
Осыған байланысты контексте қарастырылған мəселелерді қазіргі зерттеушілер өмір сүру деңгейін əлеуметтік индикаторлармен анықтайды. Мұнда өмір сүру деңгейін зерттеумен айналысатын мынадай халықаралық ұйымдарды атауға болады, бұл: Біріккен Ұлттар Ұйымдарын Дамыту Бағдарламасы (БҰҰДБ).
Тарау тақырыбымен байланысты бұл ұйымның адамның даму потенциалын зерттеу əдісі тура- лы айту қажет. БҰҰДБ мамандары адам дамуын (адам дамуының индексі – АДИ), үкімет ұйымдары, азаматтық қоғам институттары, ЮНЕСКО, Əлемдік банк, Халықаралық валюта қоры, босқындар мəселесі бойынша БҰҰ Жоғарғы комитеті, Денсаулық сақтаудың Əлемдік Ұйымдарының ұлттық са- рапшылары мен ғалымдары бағалау механизмімен байланысты тірек сұрақтарының сараптамасына əкелетін зерттеу қорытындысы бойынша жыл сайын баяндама жасайды.
АДИ жыл сайын БҰҰДБ сарапшыларымен есептеседі. Индекс еліміздегі адам дамуы көрсеткіштер жиынтығын көрсетеді жəне халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығы, білім алуы, оның азаматтарының өмір сүру деңгейінің лайықтылығымен елдің жетістігі өлшенеді.
2010 жылы «Адам дамуы туралы баяндамада» қолданыстағы АДИ қосымша ретінде ішкі теңсіздікті ескермейтін жəне орта мемлекеттік статистикалық деректерге сүйенетін жаңа үш индикатор енгізіл- ді: АДИ, əлеуметтік-экономикалық теңсіздік есебімен түзетілген, АДТИ, Гендерлік теңсіздік индексі (ГТИ) жəне Көпөлшемді кедейлік индексі (ККИ).
Елдер өз даму деңгейлеріне байланысты төрт санатқа бөлінеді: АДИ деңгейі өте жоғары елдер;
АДИ деңгейі жоғары елдер; АДИ деңгейі орташа; АДИ деңгейі төмен елдер.
БҰҰ сарапшыларының бағалауы бойынша БҰҰДБ АДИ 2012 жылғы баяндамасы шеңберінде
«Оңтүстіктің ө рлеуі: көптүрлі əлемдегі адами өркендеу» Қазақстан адам дамуының жоғарғы деңгейлі елдер қатарына кіріп, 69 орынды алады, бұл өткен жылғымен салыстырғанда бір сатыға төмен. Бірақ, 1995 жыл- мен салыстырғанда Қазақстанда АДИ деңгейі 2012 жылы 0,642-ден 0,754-ке дейін өскен (1-кесте). БҰҰДБ сарапшылары көрсеткендей Қазақстан аймақтағы АДИ көрсеткіші бойынша ең жоғары өсу деңгейін көрсетеді, бұл соңғы он жылда орташа 1,1 пайыз [6]. Өсім барлық көрсеткіштер бойынша байқалады:
Үдеу (прогресс) барлық көрсеткіштерде байқалады: өмір сүру ұзақтығы туу бойынша жылы- на 0,4 ұлғайды; мектепте оқу жылының ұзақтығы сол деңгейде қалды, ал күтілген оқу ұзақтығы 0,2 жылға ұлғайды; БҰК 2% ұлғайды. Бұл көрсеткіштердің ұлғаюы Қазақстанның 0,754 белгісімен АДИ көрсеткіші жоғары мемлекеттер тобына енуіне ықпал етті.
1-кесте – Қазақстан АДИ көрсеткішінің динамикасы
Жылдары Туғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл
Білім алудың күтілген орташа ұзақтығы, жыл
Білім алудың ұзақтығы, жыл
Жан басына шаққандағы ВНД АҚШ долл.
АДМ, мəні
1980 65,0 11.6 6.1 … …
1985 66,9 12.3 7.0 … …
1990 66.7 12.4 7.7 … …
1995 63.9 11.9 8.8 4,464 0.636
2000 63.5 12.3 9.9 5,030 0.657
2005 65.2 14.9 10.2 7,830 0.714
2010 66.7 15.1 10.2 10,001 0.740
2011 67.0 15.1 10.4 10,585 0.745
2012 67.4 15.3 10.4 10451 0.754
БҰҰДБ сарапшыларының мəлімдемелері бойынша Қазақстан АДИ көрсеткіші өте жоғары деңгейдегі мемлекеттер тобына жақындады.
Төмендегі 1-суретте 2000-2012 жылдар аралығындағы Қазақстандағы АДИ өсу көрсеткішінің жағымды үдеу беталысы байқалады.
1-сурет – Қазақстан Республикасындағы
адам дамуы индексі ([6] мəліметтер көзі бойынша құрылған)
2012 жылғы гендерлік теңсіздік индексі бойынша Қазақстан 0,311 мəнімен 186 мемлекеттің іші- нен 51 орынды алды. Мəлімет бойынша əйелдер Парламентте 13,6% орын алады, соның ішінде 92,2%
жоғары білімді, жасы үлкен əйелдер, еңбек нарығындағы ерлермен салыстырғанда 76,3%, əйелдер үлесі 65,7% құрайды. Көпөлшемді кедейлік индексі бойынша Қазақстан 68-орында [7].
Қазақстан Ресеймен (55-орын), Беларусия (50 орын), Украина (78 орын) осылармен бірге. Орта Азияның өзге елдері келесі орындарда: Түркменстан – 102, Өзбекстан – 114 орын, Қырғызстан жəне Тəжікстан – 125 орын.
Адам мүмкіндігі дамуы индексі бойынша мемлекеттер арасындағы көрсеткіштер басында Норве- гия тұр. Бұдан ары Австралия, Америка Құрама Штаттары, Нидерланды, Германия, Жаңа Зеландия.
2000 жылдан бастап Норвегия 2013 ж. 0,955 мəнді индексімен АДИ бойынша өзгермейтін əлемдік көшбасшы болып отыр. 1980 ж. (0,796) салыстырғанда Норвегияның АДИ 20% өскен. Анығында, АДИ жоғары көрсеткіші көрсеткіштердің жоғары мəнінен құрылып, соның ішінде өмір сүру ұзақтығы 81,3 жыл, орташа жəне күтілетін білім алу ұзақтығы 12,6 жəне 17,5 жəне жан басына шаққандағы БҰК – 48688 АҚШ долл. Мұнай қорына бай мемлекеттердің бірінші орында болуының басты себебі БҰК жоғары деңгейімен сипатталады, басқа көрсеткіштер бойынша Австралиядан шамалы мөлшерде төмен (Норвегия АДИ БҰК есептемегенде – 0,977 Австралияда – 0,978) (2-сурет).
2-сурет – БҰҰДБ баяндамасындағы жекелеген
мемлекеттер позициясы, 2012 жыл (мəліметтер көзі бойынша құрылған) [7])
БҰҰ даму Бағдарламасы мəліметтері бойынша (2013 жылғы адами дамуы баяндамасы) Қазақстан АДИ бойынша мемлекеттер рейтингісі бойынша адам дамуы көрсеткіштерінің жоғары деңгейлі мем- лекеттер тобына еніп, зерттелген 187 мемлекет ішінде 69-орынды алады, ТМД бойынша Белорусиядан (50 орын) жəне Ресей Федерациясынан (55-орын) кейінгі 3 орында [7].
Адам дамуының өте жоғары ондығы қатарына Норвегия, Австралия, АҚШ, Нидерланды, Герма- ния, Жаңа Зеландия, Ирландия, Швеция, Швейцария, Жапония енді .
Соңғы бес жылда Қазақстанның жағдайы БҰҰДБ АДИ рейтингісі бойынша тұрақты деп бағаланады, бұл Қазақстандағы əлеуметтік саладағы саясаттың тиімді жүргізілуінің нақты куəсі.
Осылайша, егер мемлекет БҰҰДБ мамандарының адами мүмкіндіктің даму мəселелерін зерттеу қорытындысын ескерген жағдайда бұл, менің пікірім бойынша халықтың материалдық жəне руха- ни дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру мəселесін зерттеу – бүкіл қоғамды объективті түрде бағалау ел үкіметі қызметінің мемлекеттік қалыпты жағдайының негізі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтың өмір сүру деңгейін зерттеу өзекті мəселе болып отыр.
Халықтың өмір сүру деңгейі сараптамасымен байланысты мəселелерді зерттеумен Қазақстанның көптеген ғалым зерттеушілері айналысқан. Солардың ішінде Ормонов Ж., Куница С.М. [8, 9] жəне басқаларды атауға болады.
С.М. Куницаның «Қазақстандағы кедейлік: мұқтаждықты жанама бағалау əдістерін пайдала- ну арқылы əлеуметтік бағдарламаларды жүргізудің тиімділігін арттыру» еңбегінде халықтың өмір сүру деңгейінің соңғы он жылда айтарлықтай өсуіне экономиканың жылдам дамуы, мұнай мен ме- талл бағасының үздіксіз өсуінің салдары ықпал еткендігін атайды. Сондай-ақ, кедейлік деңгейінің аймақтық алшақтықтары өте жоғары көрінетін Қазақстанның мұнайлы аймақтарында кірісті қайта бөлу болмағандығын атап өту керек. Кедейлік деңгейін төмендету мақсатында үкімет өмір сүру төменгі көрсеткішінің мөлшерін белгілейді. Өмір сүру деңгейінің төменгі көрсеткіші – тұтыну себетінің төменгі бағамына тең келетін бір адамға қажетті төменгі ақшалай кіріс.
Түркменстан
Ресей
Малайзия
АДИеңжоғарғы көрсеткішіАДИжоғарғы көрсеткіші АДИорташа деңгейімен көрсеткіші
16 қараша 1999 ж. Қазақстан Республикасы Заңы 474 – 1 «Өмір сүру деңгейінің төменгі көрсеткіші»
Қазақстанда өмір сүру деңгейін анықтау жəне пайдаланудың құқықтық негізін бекітеді.
Өмір сүру деңгейінің төменгі көрсеткішінің мөлшері жалпы Қазақстан бойынша анықталады жəне жыл сайын Қазақстан Республикасы бюджетінің қаржылық жылына сəйкес жылдық ақша құнсыздану есебімен бекітіледі ( 2-кесте).
«2013-2015 республикалық бюджет туралы» заңына сəйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап өмір сүру деңгейінің мөлшері əлеуметтік төлемдер базалық өлшемі 18 660 теңгені құрайды.
Өмір сүру деңгейінің төменгі көрсеткіші:
• өмір сүру деңгейін бағалау жəне кедейлікті анықтау;
• бағытталған əлеуметтік саясатты анықтау жəне халыққа əлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;
• бекітілген еңбекақы, зейнетақы, жəрдемақы жəне басқа да əлеуметтік төлемдердің төменгі көрсеткіші негізіне арналады.
2-кесте – 2010-2013жж. ҚР өмір сүру деңгейі төменгі көрсеткішінің өзгеру динамикасы [10]
Орташа жан басына шаққандағы өмір сүру деңгейі төменгі көрсеткішінің мөлшері ( теңге)
Ай 2010 2011 2012 2013
Желтоқсан 13 728 15 619 16 698
Қараша 13 467 15 461 16 554
Қазан 14 752 16 804 18 234
Қыркүйек 14 353 16 844 18 048
Тамыз 14 581 17 335 18 041 19 351
Шілде 13 743 16 610 16 979 18 267
Маусым 13 965 16 851 17 188 18 436
Мамыр 13 073 15 938 16 119 17 353
Сəуір 12 891 15 810 16 079 17 179
Наурыз 12 713 15 609 16 064 17 153
Ақпан 12 438 15 338 15 959 17 096
Қаңтар 12 141 14 644 15 817 16 983
3-сурет – ҚР 2013 жылғы өмір сүру деңгейі төменгі көрсеткіші өзгеруінің динамикасы (мəліметтер көзінен құрастырылған) [10]
Еліміздегі аймақтарға байланысты адам даму индексінің бірнеше сараптамаларын жүргізейік.
БҰҰДБ мамандарының есебі бойынша «АДИ пайдалану оларды ірілендіру жолдарын жақсарту мүмкіндігі». Елдің жалпы индексі, ел ішіндегі əр түрлі адам топтарының, адам дамуы деңгейінің əртүрлілігі болуы аймақтар, жыныстық немесе жергілікті жерлердің түріне (қалалық немесе ауылдық) негізделу фактілерін жасыруы мүмкін.
Аймақтарда АДИ есептерін жүргізуде, халықтың ресурстарға қолжетімділігінің анағұрлым объ- ективті көрсеткішін алу негізгі мəселе болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл көрсеткіш БҰҰДБ методологиясына сəйкес жан басына шаққандағы ІБӨ қабылданған. Аймақтық бөлімде өндірістік əдіспен есептелген, аймақтық барлық өнім осы көрсеткіштің баламасы болып табылады (БАӨ). АДИ есептеуде бұл көрсеткішті пайдалану аймақтардағы АДИ есептеу əдістерінің ең əлсіз нүктесі болып саналады. БАӨ өндірісіндегі экспортболжамдық салалардың жоғарғы үлес салмағы аймақ халқының экономикалық қолайлы жағдайының күмəнді суретін туғызады.
Көрсеткіш ретінде БАӨ жан басына шаққандағы сынды ескеруді пайдалану, лайықты өмір сүруді қамтамсыз ететін ресурстарға қолжетімділікті сипаттайтын, адам дамуының ұлттық есебі үшін аймақтық бөлімдердегі АДИ мəліметтері мен есептерін дайындауда бұл көрсеткішпен қатар халықтың ақшалай кіріс көрсеткіштері де пайдаланылды (4-сурет).
Жан басына шаққандағы ІБӨ мөлшері жəне ақшалай кірістер республикалық деңгейде 1993-2009 жылдары 2,9-4,1 есеге ұлғаюындағы айырмашылықты атап өту керек. Бұл үш себеппен байланысты.
Біріншіден, үй шаруашылығына енетін ақшалай кіріс оларды төмендетіп көрсету жүйелі қателіктерден тұрады. Макродеңгейі бағалауы бойынша 1999-2009 жылдардағы төмендету көрсетілген ақшалай кірістердің төрттен бірінен үштен біріне дейін құрады. Екіншіден, БАӨ халықтың ақшалай кірісінің төрттен бірін, сондай-ақ үй шаруашылығында оның иесі ретінде пайланушылардың жекелеген игіліктерінің құндылық бағалары. Бұған көбінесе өз үйінде тұрудың үлестік бағасы кіреді. Үшіншіден, БАӨ оны түпкілікті пайдалану көзқарасымен келгенде тек пайдалануға емес, сондай-ақ жинақтауға пай- далану. Бұдан басқа, аймақтар бойынша бөлінбейтін Ауыспалы қосымша құн (АҚҚ) сомасы сала бойын- ша (БАӨ) ауыспалы қосымша құны мөлшеріне ІБӨ мəнін анықтамайтынын атап өткен жөн (5-сурет).
Жоғарыда келтірілген себептердің соңында жан басына шаққандағы ақша кірістерін АҚШ долла- рына ауыстыру Сатып алу паритеті (САП) бойынша ресурстарға қолжетімділік бағасын төмендетуге əкеледі. Сондықтан республикалық деңгейдегі жан басына шаққандағы ақшалай кірісті сəйкестендіру қорытындысы мақсатында САП көмегімен АҚШ долларына ІБӨ жан басына шаққандағы қатынасы жан басына шаққан ақшалай кіріс коэффициентіне көбейтіледі. Осы коэффициент аймақтар арасын- да да жан басына шаққандағы ақша кірістерін реттеуге қолданылады. Нəтижесінде аймақтардағы тұрғындардың ақшалай кірістерінің қатынасы орташа республикалық деңгейде сақталады [4].
4-сурет – ҚР 2010-2013 жж. кедейлік деңгейі динамикасы [4]
5-сурет – 2005 жылдан 2012 жж. аралығындағы ҚР халқының ақшалай кіріс динамикасы [10]
Қорытындылай келе осылайша, осы жұмыс барысында келтірілген көрсеткіштер кестелері мен диаграммаларды есепке ала отырып, 2013 жылы кедейлік деңгейі динамикасы төмендеді деп айтуға болады. Керісінше, халықтың ақшалай кіріс динамикасы өскен, бұл елдегі өмір сүру деңгейі сараптамасының біршама ашық жүруі ел халқының өмір сүру деңгейінің өскенін байқатады.
Өмір сүру деңгейінің жоғарылауы – бүгінгі таңда еліміздегі əлеуметтік мəселелердің бастыларының бірі. Оны шешудің тиімділігі Қазақстанның қазіргі мүмкіндіктеріне байланысты.
Тұжырымдары:
Осылайша, алынған тақырып бойынша жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша келесі тұжырымдарды жасауға болады:
Елдегі адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасын көптеген көрсеткіштер анықтайды, бірін- ші кезекте, өмір сүру ұзақтығы, əр түрлі аурулармен ауыру, жеке қауіпсіздік жағдайы, табиғи орта, жұмыссыздық жəне əр түрлі тауарлар мен қызмет түрлерін пайдалану.
Келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болуы мүмкін:
– БҰҰДБ АДИ бойынша жылдық көрсеткіште Қазақстан ұстанымының жақсаруы.
– Ғылыми жетілдірулер мен инновациялар жəне соған сəйкес шығындарды (% ІБӨ) ұлғайту.
Осы көрсеткіштердің анағұрлым маңыздыларының кейбірін жалпыландыру барысында адам да- муы индексі көрсеткіші болып өмір сүру ұзақтығының индексі, халықты біліммен жəне өмір сүру деңгейін қамту болып табылады.
Жоғарғы мектеп жүйесі бəсекеге қабілетті адам капиталын құруда бастаушы болуы қажет. Осымен байланысты, сондай-ақ Қазақстандағы адам дамуы келтірілген сараптамасы негізінде жоғарғы білім беру жүйесінің келесі бағыттарын маңызды деп санаймыз:
1. Мемлекеттік білім беру стандарттарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нормативтік базасын, жоғары оқу орындарының оқу-əдістемелік жəне тəрбие жұмысы, халықаралық аккредитация талапта- рына сəйкестендіруге əкелу.
2. Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың, сондай-ақ бірыңғай əлемдік ғылыми- білім беру кеңістігіндегі ғылыми қызметкерлердің тұтастығын кеңейту.
3. Ел Президенті жанында құрамына қазақстандық білім жəне ғылым өкілдерімен қатар шетелдік серіктестер кіретін кеңесу органын құру. Білім беру жүйесінің барлық деңгейіне жаңалықтар енгізу координациясы басты мақсаты.
4. Оқу орындарының Қамқорлық кеңестерінің қызметін нығайту жəне ұлғайту.
5. Білім беру, ғылым, денсаулық сақтауды қаржыландыру бюджетін ұлғайту, адам капиталына жекелеген инвестицияларды тарту.
6. Мамандарды мақсатты дайындау арқылы білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау;
қосымша ғылыми зерттеулер жүргізуге, əкімшілік жанында жоғары оқу орны аралық ғылыми орталықтар құру үшін кəсіпорындармен (ұйымдар, фирмалар) мемлекеттік органдармен келісімдер жасау.
7. Студенттер, магистранттарды іс-тəжірибеге дайындау барысында туындайтын өндірістік тəжірибеге студенттерді қабылдағысы келмеген кəсіпорындармен (ұйымдар, фирмалар) неме- се мүлде қарсы болғандармен арадағы мəселені шешу; Дипломдық зерттеулерді орындауға қажетті коммерциялық құпия болып түсіндірілетін ақпараттарды алуға жəрдем көрсетеді. Сонымен бірге, бітірушілердің жұмысқа орналасу барысында кездесетін мəселе іс-тəжірибенің жоқтығы. Кепілдеме ретінде ұсынамыз:
– Коммерциялық фирма түріндегі оқу фирмалары мен зертханаларын құратын университет- тегі кəсіпкерлік ұйымдардың құрылуы. Университеттегі кəсіпкерлік ұйым жоғары оқу орны (кадрлық, қаржылық, материалдық, ақпараттық) ресурстарына тəуелді барлық бағыттағы қызметтерді экономикалық тиімді атқаруға арналған.
– Мамандар дайындауда, отандық жəне шетелдік тəжірибемен байланысты қай мамандыққа қажет болса, сол бағытта дуальдік жүйенің негізгі ұстанымдары мен келістірулерін пайдалану арқылы икемделген технологиялық білім алу кредиттік оқу технологиясы негізінде жетілдіріледі.
– Студенттердің іс-тəжірибе өтуіне жағдай жасайтын кəсіпорындарға (ұйымдар, фирмалар) мара- паттау шараларын қолдану (салық жеңілдіктері, несие жеңілдіктері жəне т.б.)
8) Тренинг, семинар, білімділігін жетілдіру курстары жəне т.б. , соның ішінде қашықтықтан жəне онлайн тəртібінде білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысын қалыптастыру, «Өмір бойы оқу»
жағдайын ары қарай жалғастыру жəне қалыптастыру.
Осыған байланысты кəсіпорындардың (ұйымдар, фирмалар) қызметкерлерінің біліктілігін жетіл- діруге негізделген марапаттауларға сəйкес, оны орындамағандарға əкімшілік жаза да қарастырылған.
9) БАҚ көмегін тек талапкерлер жинау барысындағы үгіт-насихат кампаниясы кезінде ғана емес, көп жағдайда халықты білім берудің жағымды жақтарымен ақпараттандыруға, оның ғылымдағы жетістік- тері жайлы, сонымен бірге, еліміздегі білім сапасымен қанағаттанғандарды көбейту мақсатындағы мəселелер мен болашақтағы атқарылатын істермен таныстыруға пайдалану.
Пайдаланылған əдебиеттер
1 Назарбаев Н. «Стратегия «Казахстан – 2050»: новый политический курс состоявшегося го- сударства» [Электрон. ресурс]. – 2012. – URL: http://www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie-prezidenta- respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana- (дата обращения:
16.01.2014)
2 Борисов Е. Ф. Экономическая теория. – М.: Юрайт, 1999. – 384 с.
3 Булатова. А. С. Мировая экономика. – М.: Экономист, 2004. – 250 с.
4 Официальный сайт Программы развития Организации Объединенных Наций (ПРООН) в Ка- захстане [Электрон. ресурс]. – URL: www.undp.kz. (дата обращения: 21.10.2013)
5 Дегтярь А. О., Мороз В. М. Уровень жизни населения государства, как индикатор оценки эф- фективности деятельности органов государственной власти. – Курск: КИГМС, 2005. – С. 43-49.
6 Официальный сайт Международного агентство новостей [Электрон. ресурс]. – URL: http://
www.inform.kz. (дата обращения: 19.11.2013)
7 Доклад о человеческом развитии 2013. Возвышение юга: человеческий прогресс в многообраз- ном мире [Электрон. ресурс]. – URL: http://zengamobookln.ru/doklad-o-chelovecheskom-razvitii-2013- vozvyshenie-yuga-chelovecheskiy-progress-v-mnogoobraznom-mire-halid-malik.html. (дата обращения:
12.12.2013)
8 Ормонов Ж. О стратегии повышения уровня жизни населения // Аль Пари. – 2009. – №4. – С.
135.
9 Куница С. М. Бедность в Казахстане: повышение эффективности проведения социальных про- грамм через применение методов косвенной оценки нуждаемости // АльПари. – 2009. – №4. – С. 156.
10 Официальный сайт Агентства РК по статистике [Электрон. ресурс]. – URL: http://www.stat.gov.
kz. (дата обращения: 12.12.2013)
11 Ali Halıcı, Burcu Yılmaz, Murat Kasımoğlu Employment Predictions in Secretarial Occupation //
The Proceedings of 7th International Strategic Management Conference. – 2011. – №24. – pp. 435–443. DOI:
10.1016/j.sbspro.2011.09.119
12 Qin Gao, Fuhua Zhai, Sui Yang, Shi Li Does Welfare Enable Family Expenditures on Human Capital? Evidence from China // World Development. – 2014. – №64. – pp. 219–231. DOI: 10.1016/j.
worlddev.2014.06.003.
13 Kurt R. Brekke, Rosella Levaggi, Luigi Siciliani, Odd Rune Straume Patient mobility, health care quality and welfare // Journal of Economic Behavior & Organization. – 2014. – №105. – pp. 140–157. DOI:
10.1016/j.jebo.2014.04.025
14 Patricia L. Mc Call, Jonathan R. Brauer Social welfare support and homicide: Longitudinal analyses of European countries from 1994 to 2010 // Social Science Research. – 2014. – №48. – pp. 90–107. DOI:
10.1016/j.ssresearch.2014.05.009.
15 John Cockburn, Jean-Yves Duclos, Agnès ZabsonréIs global social welfare increasing? A critical- level enquiry // Journal of Public Economics. – 2014. DOI: 10.1016/j.jpubeco.2014.06.013.
References
1 Nazarbaev N. "Strategiya "Kazakhstan-2050": novyi politicheskii kurs sostoyavshegosya gosudarstva"
(2012), available at: http: // www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera- natsii-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana- (Accessed January, 16, 2014) (In Russian)
2 Borisov E.F. (1999), Ekonomicheskaya teoriya, Yurait, Moscow. (In Russian) 3 Bulatova A.S. (2004), Mirovaya ekonomika, Ekonomist, Moscow. (In Russian)
4 "Ofi tsial'nyi sait Programmy razvitiya Organizatsii Ob"edinennykh Natsii (PROON) v Kazakhstane", available at: www.undp.kz. (Accessed October, 21, 2013) (In Russian)
5 Degtyar' A.O., Moroz V.M. (2005), Uroven' zhizni naseleniya gosudarstva, kak indicator otsenki effektivnosti deyatel'nosti organov gosudarstvennoi vlasti, KIGMS, Kursk. (In Russian)
6 "Ofi tsial'nyi sait Mezhdunarodnogo agentstvo novostei", available at: http: // www.inform.kz.
(Accessed November, 19, 2013) (In Russian)
7 "Doklad o chelovecheskom razvitii 2013. Vozvyshenie yuga: chelovecheskii progress v mnogoobraznom mire", available at: http://zengamobookln.ru/doklad-o-chelovecheskom-razvitii-2013- vozvyshenie-yuga-chelovecheskiy-progress-v-mnogoobraznom-mire-halid-malik.html. (Accessed December, 12, 2013) (In Russian)
8 Ormonov Zh. (2009), "O strategii povysheniya urovnya zhizni naseleniya", Al' Pari, Vol. 4, pp. 135.
(In Russian)
9 Kunitsa S.M. (2009), "Bednost' v Kazakhstane: povyshenie effektivnosti provedeniya sotsial'nykh program cherez primenenie metodov kosvennoi otsenki nuzhdaemosti", Al' Pari, Vol. 4, pp. 156. (In Russian)