St. Petersburg State University, St. Petersburg, Russian Federation (Е-mail: [email protected])
To the 80th anniversary of Doctor of Historical Sciences, Professor Tursun Ikramovich Sultanov
Сведения об авторе:
Джандосова Заринэ Алиевна, кандидат исторических наук, заведующая кафедрой Центральной Азии и Кавка- за, Санкт-Петербургский государственный университет, Университетская наб., 7/9, Санкт-Петербург, Российская Федерация.
Автор туралы мәлімет:
Жандосова Заринэ Әлиқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, Орталық Азия және Кавказ кафедрасының меңгерушісі, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Университет жағ., 7/9, Санкт-Петербург, Ресей Федера- циясы.
Information about author:
Dzhandosova Zarine Alievna, Candidate of Historical Sciences, Head of the Department of Central Asia and the Caucasus, St. Petersburg State University, 7/9 Universitetskaya emb., St.Petersburg, Russian Federation.
Шет тілдері және іскерлік карьера университеті, Алматы, Қазақстан.
(E-mail: [email protected]) DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-4-87-90
1952 жылы мектепті, 1955 жылы Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтының орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп шығады. Ұстазым өз қызметін 1955 жылы орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы болудан бастайды. 1959 жылы Өзбекстан Ғылым Академиясы Қарақалпақстан филиалы ашылып, академик Марат Нурмухаммедовтың шақыртуымен кітапхана қорындағы араб тілінде жа- зылған ескі қолжазбаларды зерттеумен ғылым жолындағы белесіне аяқ басады. Араб, парсы, көне түркі тілдерінде хатқа түскен жазба ескерткіштерді зерделей отырып, қарақалпақ тілінің тарихы осы мате- риалдар негізінде зерттелуі тиіс екендігін бар жан-тәнімен түсінеді. Коммунистік идеология үстемдік жасап тұрған сол дәуірде мұндай пікір ұйғарым жасай білуінің өзі үлкен ерлік пен батылдық еді. Ол – қарақалпақ халқы сауатсыз, қарақалпақ жазуы, жазба ескерткіштері болмаған деген пікірді жоққа шығарып, дәлелдеп бере алған ұлтжанды ғалым.
Х. Хамидов араб, парсы тілдерін жетік меңгергендігінің арқасында араб тілінде жазылған ортаға- сырлық еңбектерді зерттеген. Осы туралы өз естелігінде Өзбекстан халық батыры, Өзбекстан және Қарақалпақстан халық жазушысы Төлепберген Қайыпбергенов: «Адамзатта бір термин бар, неше тіл білсең – сонша адамсың. Х. Хамидов үшінші адамды біріктіре алды, бойындағы сол үшінші адам – араб тілінің маманы еді. Біздің бұрынғы тарихымыз, өткен өміріміз, біздің қателіктеріміз бен кемшіліктеріміз осы араб жазуларында көрініс тапқандықтан, ғалым Х. Хамидов үш ақылды біріктіріп, ғылым жолында академик дәрежесіне жетті», - деп жазды.
Х. Хамидов жастарға араб тілін үйрету үшін Қарақалпақ Мемлекеттік университетінде араб фило- логиясы кафедрасын ашып, 1990-1995 жылдары сол кафедраның меңгерушісі болып, шығыстанушы мамандар дайындауға да өз үлесін қосты.
Ол 1967 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Д.С. Насыровтың жетекшілігімен Түрікменстанның астанасы – Ашхабад қаласында «ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қарақалпақ заңдық құ- жаттарының тілі және оның қазіргі заман қарақалпақ әдеби тіліне қатысы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Диссертациялық жұмысында Мәскеудегі Сыртқы істер министрлігі архиві- нен табылған, ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарындағы қарақалпақ билері мен дін уәкілдері атынан Ресей мемлекетінің басшыларына, шекара комиссиясы генерал-губернаторларына жазылған хаттарды, ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында Әмударияның оң жағалаулары патшалық Ресейдің қол астына өткен соң жазылған 300-дей ресми іс-қағаздарын зерттеулерінің негізгі нысаны етіп алған.
Ол қарақалпақ тіл білімін ғана емес, қарақалпақ әдебиеті мен фольклоры теориясы және тарихы зерттеулерін 1960 жылдары бастады. «Әжінияз шығармаларының қолжазбасы», «Әжінияз шығарма- ларының жаңадан табылған қолжазба нұсқасы», «Бердақ шығармаларының қолжазбасы», «Бердақтың
Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақжарқын мінезді, жүзінен нұр шашып тұратын, жылы жүректі бейнесі мені еріксіз қиялға батырып, нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...
Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.
Ғылым жолындағы құрметті ұстазым, дарабоз ғалым, көрнекті тюр- колог, фольклортанушы, лингвист, әдебиеттанушы, аудармашы, ақын, жазушы, әрі педагог, Өзбекстан Ғылым Академиясының академигі, фило- логия ғылымдарының докторы, профессор Хусниддин Хамидов өмірден озбағанда, биыл 85 жасқа толар еді. Қарақалпақ тілімен бірге араб, пар- сы, түрік, латын, орыс, өзбек, қазақ тілдерін жете меңгерген ғалым адам- затқа өшпес мұра қалдырып, ұрпағына құнды еңбектерін сыйлап кетті.
Өзбекстан Республикасы ҒА академигі,
филология ғылымдарының докторы, профессор Хусниддин Хамидовтың 85 жылдық мерейтойына
«Шежіре» шығармасының нұсқалары», «Ежелгі түркі жазба ескерткіштері», «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жазып алынған қарақалпақ дәстандарының нұсқалары» т.б. мақалалары тіл та- рихы мен әдебиеттің мәселелерін зерттеуге арналды. Бұл еңбектерінде ХХ ғасырға дейінгі қарақалпақ әдебиетінің Шығыс әдебиетімен тарихы байланыстарын талдады.
Көне түркі ескерткіштерінің қазіргі қарақалпақ тілі және әдебиетімен генетикалық, көркемдік жақындықтарын «Орхон-Енисей», «Оғызнама», «Құтадғу білік», «Диуани лұғат ит-түрк», «Кодекс Ку- маникус» жазба ескерткіштерін зерттеу арқылы дәйектеп, ғылыми тұжырымдар жасады.
1974 жылы жарық көрген, 23 баспа табақтан тұратын «Қарақалпақ тілі тарихының очерктері» мо- нографиясы жоғары оқу орындарына «Қарақалпақ тілі тарихы» пәні үшін алғашқы оқу құралы болды.
Еңбек үлкен 5 бөлімнен тұрып, Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілінен бастап, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар- дағы қарақалпақ шайырларының тілін зерттеуді қамтыды. Әр бөлімде тақырыпқа байланысты фоне- тикалық, лексикалық, морфологиялық өзгешеліктерге талдау жасалған. Арада 46 жыл өтсе де, сол ескі кітап әлі де студенттер, зерттеушілер үшін өз құнын жоғалтпаған, таптырмас еңбек болып саналады.
1985 жылы «Ескі қарақалпақ тілінің жазба ескерткіштері» монографиясында ХVІІІ-ХІХ ғасырларда араб әліппесімен жазылған ресми құжаттар, «Қобыланды» жыры мен Бердақтың «Шежіре» поэмасы қолжазба нұсқаларының кирилл әліппесіне транскрипцияланған мәтіндері берілген.
1986 жылы Х. Хамидовтың «Каракалпакский язык ХІХ – начала ХХ вв. по данным письменных па- мятников» атты монографиясы орыс тілінде жарық көреді. Оған «ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы қарақалпақ тілі» тақырыбында 1990 жылы қорғаған докторлық диссертациясы негіз етіп алынған болатын. Академик Сабыр Камалов «Бұл жұмыс филология ғылымына ғана емес, тарих ғылы- мына да қосылған үлкен еңбек болды», - деп жоғары баға берді.
Х. Хамидовтың 1991 ж. «Шығыс тілдеріндегі жазба деректер және ХІХ ғасырдағы қарақалпақ шай- ырлары» монографиясында ХІХ ғасыр қарақалпақ әдебиетінің Шығыс тілдеріндегі (араб, парсы, көне түркі) жазба әдебиеттермен байланысы көрсетілген.
ХІХ ғасыр қарақалпақ шайырлары Күнхожа, Әжінияз, Бердақтың шығармашылығындағы Шығыс поэзиясына тән көркемдік-эстетикалық, тақырыптық, идеялық дәстүрлерді ашу үшін қарақалпақтар арасында кең тараған араб, парсы, ескі түркі тілдеріндегі жазба деректерді, Құранды, пайғамбар хади- стерін, «Мұхтасар», «Қырық парыз», «Нұрнама» т.б. кітаптарды зерттеп, оларға мазмұны және тақы- рыптық семантикасы бойынша классификация жасайды. Күнхожа, Әжінияз, Бердақ, Өтеш шайырлар- дың шығармашылығындағы жазба деректердің орнын, маңыздылығын, шайыр және ойшыл болып жетілуін көрсетеді. «Шығыс тілдеріндегі жазба деректер және ХІХ ғасырдағы қарақалпақ шайырлары»
еңбегінде қарақалпақ шайырларының өлеңдері мен Шығыс жазба деректеріндегі мәтіндерді бір-біріне салыстырып талдау жасайды және стильдік, формалық өзгешеліктері негізінде тақырыптық-идеялық ұқсастықтарын ашып береді.
Х. Хамидов «Едіге ибн Түкті Азиз қыссасы», «Дарабшах қыссасы» (Шәрьяр), «Әлбанд Сона қыс- сасы», «Ғәриб Шахсанем қыссасы», «Юсуфбек уә Ахмадбек қыссасы», «Мансур қыссасы», т.б. жазба дастандарды өзгеше бағдарда зерттеген. Осы еңбектердегі тарихи деректерді, көркем мәтіндерді ке- шенді талдау арқылы ХІХ ғасырдағы қарақалпақ мәдени және әдеби орталығын, сол кезеңнің әдеби үрдістерін, әдеби байланыстар мен әсерлердің маңыздылығын көрсете білген. ХІХ ғасыр қарақалпақ әдебиетін зерттеу үшін әдебиеттің негізгі дерегі болған қарақалпақ жазуы, қарақалпақ жазба әдеби тілі, әдеби процестердің өзгешеліктері туралы мәліметтерге, қолжазбаларға текстологиялық терең түсінік беру қажеттігін айтады. Ол – қолжазбалармен жұмыс істеудің ғылыми үлгісін, механизмін мақалалары мен монографияларында түсіндіріп, келешек ғалымдарға нұсқа көрсетіп кеткен дана ғалым. Ол қолжаз- балардың тек мазмұнын ғана емес, оның көлемі, мұқабасы, хаттың түрі, жағдайы, көшіруші адамның сауаттылық дәрежесі, қашан көшірілгені, қағаздың сорты, қағаздың жай-күйі, сияның түрі, т.б. бәріне мұқият көңіл бөлген және оның ғылым үшін аса қажетті компоненттер екенін баса айтып кеткен.
Оның 1995 жылы жарық көрген «Рукописное наследие Бердаха» еңбегі ақын шығармаларын терең ғылыми зерттеуге арналған. Зерттеуші Бердақ пен Әжінияздың араб графикасында жазылған қолжазба нұсқаларын халық арасынан іздеп жүріп жинап, оларды кирилл графикасына транскрипциялап, ғылыми талдау жасай білген. Академик Х. Хамидовтың ғылыми стилінің ерекшелігі мәтіндерді салыстыра тал- дап, мәліметтерге, деректерге сүйене білуінде болғандықтан, оның әрбір еңбегі өз құндылығын сақтай отырып, жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары, докторанттары және жалпы зертте- ушілер үшін аса қажет.
Х. Хамидов «Өмір баспалдақтары» («Өмир мәнзиллери») деп аталатын 2007 жылы жарық көрген, 26 баспа табақтан тұратын кітабында «Көркем сөзді дамытуға әрбір шығармашылық адамы өзіндік ерек- шелігімен үлес қосады, бірі шебер болса, бірі онша емес, онысының да, бұнысының да жазғандары ке- лешек үшін сақталғаны және келешек ұрпаққа жеткізілгені абзал, себебі ол – өз дәуірінің естелігі» деп жазады. Ол – өлеңдерімен бірге әңгіме, повесть, роман жанрында да қалам тербеген жазушы. «Өз үйім»
деп аталатын көлемді романы бар. Шығармаларын қарақалпақ және орыс тілдерінде жаза отырып, көр- кем шығармашылықпен және ғылыми жұмыспен қатар айналысты.
Х. Хамидов профессор Н.А. Баскаковпен жақын дос болған. Бұған олардың бір-біріне жазған хатта- ры мен докторлық диссертация қорғау күні Кеңесте сөйлеген сөздері куә бола алады. Н.А. Баскаковтың
«Қарақалпақ тілі» кітабының ІІІ-ІV томдарына Х. Хамидов жауапты редактор болған.
Академик Ж. Базарбаев: «Шынында да, Х. Хамидов уақытпен жарыса қимылдаған, сол уақыт ішін- де үлкен табыс және абыройға ие болып, тарихта аты қалатындай еңбек жасаған ұлы тұлға», - деп бағалаған. Осы еңбектері үшін оған «Қарақалпақстанға еңбегі сіңген ғылым қызметкері» (1993) атағы беріліп, «Шухрат» медалі (1998) табысталды. Сонымен бірге ол Өзбекстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1994) боп сайланып, Өзбекстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты (1995), Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің Дін істері бойынша жауапты басшысы (1999-2000), Өзбекстан Ғылым Академиясының мүшесі (2000), Бердақ атындағы Қарақалпақ Мемле- кеттік университеті жанындағы «Қарақалпақ тілі және әдебиеті» бойынша докторлық диссертациялар қорғайтын Кеңестің төрағасы міндеттерін қосалқы атқарған қоғам қайраткері.
Ұстазым әр жүрекке жылу дарытып, нұр құятын ыстық ықылас, шын пейіл өмірдегі ізгіліктің қай- нар көзі екенін ұғындырып, артына өшпес ғылыми мұрасын қалдырды. Ол қайсарлықты, батылдықты, шыншылдықты, жанашырлықты өзіне ту етіп ұстап, түркітану ғылымында өзіндік сара жол салып кетті.
Ұстазымның «ғалым адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, тек ақиқатқа жү- гініп, ар, адалдық, адамгершілік қасиеттерін жоғары ұстай білуі тиіс» деген сөздері ешқашан жадымнан өшпейді. Академик Х. Хамидовтың аманат етіп қалдырған ғылыми мұралары түркі халықтарының ру- ханиятымен бірге ұзақ жасайтыны сөзсіз.
Негізгі еңбектері
1. О языке каракалпакских присяг// Вестник КК ФАН УзССР. – 1966. – № 2. – С.67-75.
2. Язык юридических документов ХVІІІ-ХІХ начала ХХ вв. и его отношение к современному каракалпак- скому литературнуму языку. АКД. – Нукус – 1967. – 17 с.
3. Китаб-ат- идрак Ли-лисан-ал-атрак – памятник тюркской письменности XIVвека // Вестник КК ФАН УзС- СР. – 1968. – № 4. – С. 66 -70.
4. О старокаракалпакском письменном литературном языке //Вестник КК ФАН УзССР. – 1970. – № 2. – С.
56-59.
5. Енисей-Орхон жазба естеликлери тилиниң қарақалпақ тилине фонетика тарауындағы қатнасы// ӨзС- СРИА ҚҚФ Хабаршысы. – 1971. – № 1. – Б. 65-70.
6. XIII әсирдеги «Түркий-араб сөзлиги» //ӨзССРИА ҚҚФ Хабаршысы. – № 1971. – № 2. – Б. 91-94.
7. Орхон-Енисей жазба естеликлери тилиниң қарақалпақ тилине морфология тарауындағы қатнасы хаққын- да// ӨзССРИА ҚҚФ Хабаршысы. – 1972. – № 1. – Б. 60-65.
8. Махмуд Қашғарий хәм қарақалпақ тилиниң фонетикалық системасы //ӨзССРИА ҚҚФ Хабаршысы. – 1973. – № 1. – Б. 60-67.
9. Новые памятники каракалпакской письменности//Вестник КК ФАН УзССР. – 1973. – № 2. – С.73-100.
10. Қарақалпақ тили тарийхының очерклери. – Нөкис: Қарақалпақстан, 1974. – 359 б.
11. Об изучении письменных памятников каракалпакского языка дореволюционного периода // Советская тюркология. Баку. – 1979. – № 5. – С. 97-101.
12. Об отношении языка каракалпакских письменных памятников к диалектам // Вестник КК ФАН УзССР. – 1981. – № 1. – С.71-73.
13. О каракалпакском литературном языке дооктябрского периода // Советская тюркология. Баку. – 1985 – № 2. – С. 66-74.
14. Ески қарақалпақ тилиниң жазба естеликлери. – Нөкис: Қарақалпақстан. – 1985. – 202 б.
15. Каракалпакский язык ХІХ в. – начала ХХ в. по данным письменных памятников. – Ташкент: Фан. – 1986.
– 222 стр.
16. Қарақалпақ әдебиятының жақын хәм Орта шығыс әдебиятларыменен байланыслары хаққында //ӨзС- СРИА ҚҚФ Хабаршысы. – 1987. – № 3. – Б. 67-72.
17. Каракалпакский язык ХІХ – начала ХХ вв. По данным письменных памятников (фонетика, морфология, словообразование). АДД. – Ташкент, 1990. – 57 с.
18. Шығыс тиллериндеги жазба дәреклер хәм ХІХ әсирдеги қарақалпақ шайырлары. – Нөкис: Билим. – 1991.
– 212 б.
19. Әжинияз. Таңламалы шығармалары. – Нөкис: Қарақалпақстан. –1994. –203 б.
20. Рукописное наследие Бердаха. – Нөкис: Билим. – 1995. – 229 б.
21. Фирдәусул-ықбал. Ески өзбек тилинен қарақалпақ тилине аударма (қолжазба). 1995.
22. Бердақ – руухый мәдиниятимыздың өреси // ӨзССРИА ҚҚБ Хабаршысы. – 1998. – № 6. – Б. 124-128.
23. Бердақ. Сайланды шығармалары.– Нөкис: Қарақалпақстан. – 1997.–196 б.
24. Қарақалпақ хәм қазақ тиллериндеги айырым сөзлердиң лексика-семантикалық өзгешеликлери (Ш. Қудья- рова менен бирге) // ӨзССРИА ҚҚБ Хабаршысы. – 1999. – № 6. – Б. 95-98.
25. Рабғузий шығармасы тилиниң морфологиялық сыпаты хаққында // ӨзИИА ҚҚБ Хабаршысы. – 2001. – № 4. – 98-101 б.
26. Тасауыф (суфизм) хаққындағы мағлыуматлардан // ӨзИИА ҚҚБ Хабаршысы. – 2001. – № 5. – Б. 88-89.
27. Туркий жазба естеликлеринде тил-билимге катынаслы созлер, ибаралар хам насиятлар хаккында (Кысса- сул-Анбтя материалларында) // ӨзИИА ҚҚБ Хабаршысы – 2001. – № 6. – Б. 70-73.
28. Өмир мәнзиллери. – Нөкис: Билим. – 2007. – 408 б.
29. Түркий филологияға кирисиу. – Нөкис: «Полпред» баспаханасы. – 2007. – 170 б.
30. Түркий халықлары әдебияты. – Нөкис: «Полпред» баспаханасы. – 2008. – 165 б.
31. Жәхән әдебияты тарийхы. – Нөкис: «Полпред» баспаханасы. 2008. – 180 б.
32. Абай хәм ХІХ әсирдеги түркий жазба тили. // Әжинияз атындағы НМПИ илимий теориялық конференци- ясының материаллары. – Нөкис. – 2010. – Б. 12-19.
33. Илимге бағышланған өмир. – Нөкис: Миразиз, 2015. – 103 б.
34. Мунис, Агахий Фирдаус-ул-Ықбал (Хорезм хәм Қарақалпақстан тарийхынан материаллар). Арабша түп нұсқадан қарақалпақ тіліне ғылыми тұрғыдан аударма жасап, баспаға дайындау жұмыстарын Өзбекістан Респу- бликасы Ғылымдар академиясының академигі Хүсниддин Хамидов орындады. – Нөкис: «Билим» баспасы. – 2019.
– 385 б.
Sh.T. Kudyarova
University of Foreign Languages and Business Career, Almaty, Kazakhstan (E-mail: [email protected])
To the 85th anniversary of the academician of the Academy of Sciences of the Republic of Uzbekistan, Doctor of Philological Sciences,
Professor Khusniddin Khamidov Ш.Т. Кудьярова
Университет иностранных языков и деловой карьеры, Алматы, Казахстан (E-mail: [email protected])
К 85-летнему юбилею академика АН Республики Узбекистан, доктора филологических наук, профессора Хусниддина Хамидова Автор туралы мәлімет:
Кудьярова Шолпан Таубаевна, Ph.D, филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, Шет тілдері және іскерлік карьера университеті, Қазыбек би 168, Алматы, Қазақстан.
Information about author:
Kudyarova Sholpan Taubaevna, Ph.D., Head of the Department of Philology and Journalism, University of Foreign Languages and Business Career, 168 Kazibek bi, Almaty, Kazakhstan.
Сведения об авторе:
Кудьярова Шолпан Таубаевна, Ph.D., заведующая кафедры филологии и журналистики, Университет ино- странных языков и деловой карьеры, ул. Казыбек би, 168, Алматы, Казахстан.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы, Қазақстан (E-mail: [email protected])
DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-4-91-97
де қызмет етіп үлгереді (1948-1950 жж.). Шымкенттегі мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдеби- еті факультетін үздік бітірген соң (1951 ж.), орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
Қ. Өмірәлиев 1953-1957 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факуль- тетін бітіріп, 1957-1960 жж. сол жерде аспирантурада оқыды. Алғашқы ғылыми жетекшісі болған қазақ тілінің көрнекті маманы, профессор Сәрсен Аманжолов қайтыс болғаннан кейін, оның орнына акаде- мик Ісмет Кеңесбаев белгіленді.
1960-1962 жж. Атырау (Гурьев) педагогикалық институтының оқытушысы, 1962-1972 жж. «Қа- зақстан мектебі» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған ол ғылыми жұ- мыспен де өндірте айналысып, 1970 ж. «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деген тақырып- та кандидаттық диссертациясын қорғады.
1972 ж. бастап ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының түркітану және тіл тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып, 1985 жылдың 25 мамырында дүниеден қайтты.
Жалпы, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов негізін салған дәстүрлі қазақ тіл білімін одан әрі дамытып, өрісін кеңейткен С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Ш. Са- рыбаев үрдісін жалғастырған ғалымдардың жаңа легі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары бой көрсетті.
Бұл буын қазақ тілін зерттеудің тың ғылыми-әдіснамалық негізін жетілдіріп, қолдану арқылы отандық лингвистиканы жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Олар ана тілінің қазынасын бүкіл болмысына сіңіріп, киесін сезінген, тумысынан қабілетті, сөзді өнер деп ұққан ата-бабамыздың асыл қасиетін игерген, сөйлеп кетсе шешен, зерттеушілік танымы кең де терең, ойларындағы романтикалық, эвристикалық сезімдері тұлғалық деңгейге ұласқан ғалымдар шоғыры еді. Т. Жанұзақов, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, С. Омарбеков, С. Нұрханов, т.б. кіретін осы талантты топтың ішінде Құлмат Өмірәлиев өзінің ізденгіш дара болмысымен, шалқар да шыңырау пай- ымымен ерекшеленетін шоқтығы биік жан болатын.
Академик, аса көрнекті лингвист Рәбиға Сыздықова өзінің замандас әріптесі туралы: «Ол бүкіл бол- мыс-бітімімен, білімімен, сол білімді дұрыс жарата білген қабілетімен табиғатынан туа біткен ғалым еді. Бұл таным ең алғаш рет оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі» журналында жарияланған «Қазақ әдебиеті тілі тарихын қай тұрғыдан зерттеу керек?» деген мақаласын оқығанда басталған-ды. Ғалым- дық жолды енді бастаған Құлмат өзінің қадам алысын осыдан-ақ танытты», - деп жазды.
Ғалым мұрасын зерделеу үстінде белгілі тілтанушы Е. Жанпейісовтің оның шығармашылығының тіні – «тіл тарихы, әдебиет тарихы, ел тарихы», «зерттеулерін бұлай бірнеше ғылым тоғысында жүргі- зетін, ғұламалығы жағынан сойы бөлек мұндай тұрпатты ғалымдар – ғылымда жалпы сирек құбылыс»
деп бағалаған пікірінің шындығын көреміз. Ғалымның үш жүзден астам үлкенді-кішілі еңбектері тіке- Қазақ тілі тарихын тереңдете зерттеуге, қазақ әдебиетінің тарихы
мен теориясын ғылыми тұрғыдан жаңаша байыптауға, түркі жазба ескерткіштерін тың көзқараспен зерделеуге зор үлес қосып, артына елеулі мұра қалдырған лингвист, әдебиет зерттеушісі, түрколог Құл- мат Өмірәлиев қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Ал- тын ауылында 1930 жылы 10 қарашада дүниеге келген. Қаршадай- ынан еңбекке араласып, мектепте оқып жүрген кезінде Жарлытөбеде есепші-табельші, мал дәрігері (1947 жж. ветеринарлық техникумды тәмамдаған), Қаратаста аудандық газеттің жауапты хатшысы ретін Көрнекті тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы
Құлмат Өмірәлиевтің туғанына 90 жыл
лей, яки жанама түрде болсын, тарихқа жүгінген боп шығады. Бұл ғалым өрісінің кеңдігін ғана емес, зерттеушілік тереңдігін көрсетіп, сол заманның өзінде тілді адам танымының өзегін айқындап беретін құрал ретінде танитын бүгінгі таңдағы кешенді бағытпен ұштасқан «Құлмат феноменін» дәлелдейді.
Чарль Ф. Гарсон мен Хасан Оралтай сынды ғалымдардың 1983 жылы Лондондағы «Central Asian Survey» басылымында жарияланған «Күлтегін: келешек үшін насихат па?» мақаласында және мұның 1985 жылы Анкарада «Asya-Afrika Araştırmaları Grubu» жинағында түрік тіліне аударылып басылған нұсқасында Қ. Өмірәлиевтің «Күлтегін» мақаласына («Қазақ әдебиеті», 1982) 68 жерде сілтеме жаса- луы ғалымның зерттеулеріне берілген жоғары баға есебінде қабылданады.
«Тұтастық», «жалғастық», «сабақтастық» ұғымдары арқау болған Қ. Өмірәлиевтің ғылыми ой жүй- есі оның барлық еңбектерін («XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі», «VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері», «Оғуз қаған» эпосының тілі» т.б) ортақ бір арнаға тоғыстыратынын байқаймыз.
Бұл зерттеулердің бәрінің түпқазығы – көне түркілік ескерткіштер тіліндегі сұлу сөз орамдары мен бейнелі тіл өрнектерінен басталып, жыраулық поэзия мен Махамбет, Дулат өлеңдерінде жалғасын та- пқан поэтикалық өрімдер арқылы көрініс беретін көркем әлем.
Ғалым шығармашылығына көркем ой жүйесін айшықтаудың қазақ поэзиясындағы бастау көздерін көне түркілік тамырмен сабақтастырған әдебиет пен тіл тоғысындағы филологиялық сипат тән. Мұн- дай зерттеулердің қазіргі таңдағы тіл білімі мен әдебиеттанудың лингвопоэтика, мәтінтану, дискурс, текстология мәселелерінің мәнін ашуда ғылыми құндылығы аса жоғары. Олай болса, Қ. Өмірәлиевтің монографиялары мен өзекті ғылыми мақалалары өз заманында ғылыми ортаның рухани-әлеуметтік са- насында тың серпін туғызса, бүгінгі күні де қазақ филологиясы мен руханиятын, түркітану саласын зерттеуді жаңа сапалық деңгейге көтеру, жаңғырту үрдісінде тиімді ғылыми-әдіснамалық құрал ретінде бағалануы тиіс.
Мысалы, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанын тойлап жатқан 1982 жылы Қ. Өмірәлиевтің
«Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған, жоғарыда айтылған «Күлтегін» атты мақаласы әуелден бо- стансүйгіш түркі (қазақ) рухының отаршылдыққа қарсылығын астарлаған үні іспетті болды.
Ғалым талдаған Күлтегіннің сөзінде «ертедегі түркілердің таным-түсінігі, мінез-құлқы, сана-сезімі, ой өрісі, мұң-шері, аңсаған арман-мұраты, өрлік пен ерлік үні» тасқа қашап таңбаланған. Сөз мазмұ- нын талдау барысында ертедегі түркілердің өткен тарихын, өз заманын, қоршаған ортасын қалай, қай дәрежеде танығаны анықталады. Соның нәтижесінде зерттеуші осыдан 1250 жыл бұрын Орхон бойына қойылған тас бітікті түркі халықтарының тарих сахнасына шығуы мен өзін тануының, өзгелерге осы танымды мойындатуының тарихи куәсі тәрізді қызмет атқарғанын көрсетеді. Қ. Өмірәлиевтің Күлте- гінге берген бағасы бүгінгі таңдағы рухани жаңғыру үрдісінің мәнін түркілік құндылықтар тұрғысынан түсіндіріп бере алады. Демек, өлең-сөздегі поэтикалық дискурстың ұлттық болмысын мәдени-әлеумет- тік тұрғыдан сипаттаған Қ. Өмірәлиевтің мұрасынан тілдік тұлға деңгейін ашуға қатысты тұжырымдар- ды табуымыз – заңдылық.
Жалпы, сөз өнерінің теориясында қарастырылатын поэтика мәселесін танудың ғылыми концепци- ясы А. Потебняның, В. Виноградовтың, В.М. Жирмунскийдің еңбектерінде ұсынылғаны белгілі. Ал қазақ тіл білімінде сөз өнерінің поэтикасы алғаш рет А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, М. Әуезов еңбек- терінде негізделсе, одан әрі жетілуі Р. Сыздық, Қ. Өмірәлиев, Е. Жұбанов зерттеулерінде жеке шығар- машылық өкілдерінің тұлғалық болмысымен байланыста және оның динамикалық категория ретінде коммуникативтік қызметіне мән беру арқылы тереңдей түсті.
Қ. Өмірәлиевтің поэтика тілін зерттеулерінің ерекшелігі – әуелде ауызша туып, тараған поэзия үл- гілерінің одан әрі жанрлық сөз үлгілерінің қалыптасуына ықпалын тарихи даму сипатында қарасты- руында. Бұл мақсаттағы зерттеулерін ғалым қазақ поэзиясының XV ғасырға дейінгі арналарынан бастап (VIII, XI, XIII ғғ.), кейінге жалғасқан (XV-XIX ғғ.) көне жазбалардағы ауызша сөз үлгілеріне жан-жақты талдау жасаған «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілі» атты монографиясы (1976) арқылы жүзеге асырды. Оны қазақ поэзиясы тілінің генезисін сипаттаған кешенді жүйе деп бағалауға болады. Бұл ту- ралы көрнекті әдебиеттанушы ғалым Р. Бердібаевтің сөзімен айтқанда, «Әдебиеттану мен тіл білімінің аралық жігінен келіп, бұл егіз ғылымның басын біріктіретін ортақ проблемаларды сөз ету автордың (Қ.
Өмірәлиевтің – М.Ж.) негізгі бағыты деуге болады».
Қазақ филологиясындағы маңызды мәселенің бірі әдеби тіл тарихына байланысты екені белгілі. Қа- зақ әдеби тілінің қалыптасуын жазумен байланыстыратын еуроөзектік қасаң қағидаға сай қазақ әдеби
тілінің бастауын Бұқарға тірейтін тұжырымдармен келіспейтін, әдебиетіміздің көне замандағы үлгілері мен нұсқаларын түбегейлі зерттеген Б. Кенжебаев, М. Мағауин, Н. Келімбетов, Р. Бердібаев сынды ғалымдардың қатарында тілші-ғалым болып саналатын зерделі зерттеуші Қ. Өмірәлиевтің «VIII-XII ғасырлардағы көне түркі әдеби ескерткіштері» атты монографиясының да маңызы зор.
Осы кітапта ғалым ертедегі түркі қағанатының әдебиетіне жататын Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк сөздеріне және ежелгі түркі фольклорына қатысты «Оғыз қаған» дастанына дәйекті зерттеу жүргізеді.
Қазақ әдебиеті тарихындағы көне мұралар бойынша білгір маман-ғалым Н.Келімбетов көрсеткен- дей, VIII ғасырда жазылған «Күлтегін батыр туралы сөздің» алдындағы рухани қайнар көздер одан да ежелгі дүние тарихының қойнауына жетелесе, ал VIII-ХII ғасырлар мен ХIIІ-ХІV ғасырларда түркілер бай жазба әдебиет жасау дәрежесіне жеткен.
Қ. Өмірәлиев 1983 жылы жарық көрген «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» монографиясында ХІV ғасырда жасаған Асан Қайғы, одан кейінгі Шалкиіз, Қазтуғанға жалғасқан Бұқар, Махамбет, Дулат өлеңдерін «ауызша әдебиет» деп санайды. Осы кітаптың Дулатқа арналған екі тарауында ақын өлең- дерінің композициялық құрылысын, сөз-образдарын талдай келіп, Дулаттың өзінен ілгерідегі Бұқар, Махамбеттерден мүлде басқа жаңа өлең үлгісін көрсетеді. Осылайша «дулаттану» ұғымын шынайы ғылыми айналымға енгізген Қ. Өмірәлиев Дулат ақынның ұлы Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясындағы орнын айқындаған.
Ал лингвист-ғалым ретінде Қ. Өмірәлиев поэтикалық тілді зерттеуде мына мәселелерге ерекше на- зар аударады:
1. Өлең құрылысын зерттеуде ырғаққа ерекше назар аударып, «ырғақ – өлеңнің моторы» деп баға- лайды. Мұны Қ. Өмірәлиев зерттеулеріндегі XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілін өзге жанр тілінен ерекшелейтін грамматикасының ырғақпен, ұйқаспен астасып, синтаксистік-морфологиялық нормасына сай құрылымдалатын көнетүркілік рух мазмұнын берудің тәсілі деп түсінген жөн. Соған орай, өлеңнің синтаксистік жүйесі грамматикалық формалары арқылы өлең ырғағымен бірлікте қара- лып, жанрлық сипатын айқындайды. Мысалы, XV ғасырдағы Бұқар жырау жырында көрінетін син- таксистік ерекшелік – өлеңнің ырғақ заңдылығы негізінде туған поэтикалық тіл тұрақты тәсіл ретінде көрсетіледі:
Құландар ойнар құр тақыр Қурай бітпес демеңіз.
Қурай біткен құба жон Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие Құлын салмас демеңіз.
2. Поэзия тілін (XV-XIX ғғ.) оның көтерген тақырыбымен, идеясымен, жанрымен бірлікте қарау.
Мысалы, Махамбет поэзиясы тілінің қуаты Бұқар сияқты қазақты тұтас алмай, оны қара халық (бұқара) пен ел-билеуші әкім хан-сұлтанға бөліп қарап, оларға көтерілістің көзімен қарсы сөйлеуінде деп түсін- діреді. Осымен байланысты ғалымның: «Ал енді қалай айту – түсініктің, идеяның жемісі. Демек, қазақ поэзиясында ненің айтылып, ненің айтылмауында осы поэзияның сезіну, көру, бағалау тарихы жатыр»
деген пікірін «тілдік тұлға» ұғымымен байланыстыруға болады.
Сол сияқты Махамбет жырларындағы «менді» Қ. Өмірәлиев ақындық «мен» емес, батыр «мен» деп танып, оны өзіне дейінгі жыраулар поэзиясына, «Едіге» т.б. жырларға тән белгілердің жалғастығы деп қарайды. Махамбеттің поэзиясындағы көркем ойдың тілдік бейнесін беру мақсатында сөздің мағына- лық аясының автор танымына сәйкес символдық өріске дейін шығуын, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысын ғалым «қызғыш» сөзінің қолданысы арқылы көрсетеді: «Айталық, өзге бір жерде арыстанға теңеп отырған Исатайын бірде Махамбет: қызғыштай болған есіл ер, қайранда жұрттан не көрді – деп қызғышқа теңейді. Мұнда ақын Исатайдың ерлігін айтайын деп отырған жоқ, оның халыққа, жұртқа қамқоршы болуын, ел қорғаны болуын, жанашырлығын ескеріп отыр». Бұл – халық ұғымындағы қы- зғыштай қорыды деген тіркестің, қызғыш құс – көл қорықшысы деген түсініктің негізінде ашылған лингвомәдени код.
Сонымен қатар, осы кезеңдегі қазақ поэзиясында «көшіп жүрген» даулы өлең жолдарын Қ. Өмірәли- ев олардың арасындағы жанрлық тілдік-стильдік тәсіл байланысының мұралық-жалғастық дамуының көріністері деп санайды. Яғни цитаттық сипаттағы жолдар – жағдай ерекшелігіне қарай қажеттіктен туған қолданыстар, сабақтастық көрінісі.