Doctor of Economic Sciences, Professor,
International Hoca Ahmet Yesevi Turkish-Kazakh University, Turkistan, The Republic of Kazakhstan
A. K. Rysbekov, PhD Student,
International Hoca Ahmet Yesevi Turkish-Kazakh University, Turkistan, The Republic of Kazakhstan
PRODUCTION OF GOODS WITH HIGH VALUE CHAIN AND CRITERIA FOR TRANSITION TO NEW TECHNOLOGIES
Abstract
Purpose – to study the process of production of goods with value change and identify the main criteria for the transition of Kazakhstan Republic production to the new technologies and use of innovations. This research will identify the form how high value chain producing goods should be formed.
Methodology – using economical, statistical and comparing, logic thinking, assessment, grouping and other methods.
Originality / value – approving by scientific methods benefits of production of goods with high supply chain and criteria for transition to new technologies. To implant and using profitably the advanced economic experiences nowadays for countries are the main target to create industrial innovative economy. So countries should attract investments from abroad than financing these unprofitable projects by domestic budget. Actualy forming cost of the value chain high production of goods is conceived scientific experience important because of the market economy requirements and rules. It is used, that size of cost, that was value chain on economic time of category, to expose efficiency of production.
Findings – finding of new technologies and delivering of supplies by partnership mostly with foreign companies, attracting to participate domestic scientific and research organizations in private situations and project offices of companies. To form the high value chain producing goods should be formed as follows:
support of production by state; to produce innovative products for internal and external markets; to form productions for quality infrastructure; to carry out innovative projects to support and develop and using financial-services to create.
Keywords – value chain, technology, innovation, infracreation, investment.
ӘОЖ: 338.04
С. С. Ыдырыс,
экономика ғылымдарының докторы, профессор,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы
А. Қ. Рысбеков, PhD докторанты,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан Республикасы
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА ӨТУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Аннотация
Зерттеу мақсаты – қосылған құнмен тауарлар өндірісінің процесін зерттеу жəне Қазақстан Республикасының жаңа технологияларға өтудің жəне инновацияларды пайдаланудың басты талап- тарын анықтау. Аталған зерттеу қосылған құн тізбекте қандай түрде қалыптасуы қажетті формасын анықтау керек.
Әдіснама – мақаланың жалпы зерттеу əдістерінің экономика-статистикалық жəне салыстыру, логикалық ойлау, сараптамалық бағалау, топтау ретінде жəне басқа да түрлері қолданылады.
Түпнұсқалық / құндылық – қосылған құны жоғары өнімдерді өндіру жəне жаңа технологияларға өту критерийлері олардың тиімділігін ғылыми негіздеумен анықталады. Экономиканың алдыңғы қатарлы озық тəжірибелерін игеруге жəне оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мəселе индустриалды-инновациялық экономиканы қалыптастыру болып отыр. Соңдықтан мемлекет өз қаражатына мұндай тиімсіз жобаларды іске асырмай, шетелдік инвес- тиция тартуға мүмкіндіктер жасау керек. Қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін қалыптастырудың өзектілігі ғылыми-тəжірибелік маңызды нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына байла- нысты туындайды. Экономикалық категория ретінде қосылған құн мөлшері өндіріс тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Қосылған құн – фирма сатқан өнімнің құны мен өнімді өндіру үшін фирма сатып алған материалдар құнының айырмасы.
Қорытынды – жаңа технологияларды ойлап табу мен құралдарды жеткізу бойынша көбінесе шетелдік компаниялар серіктес болу, отандық ғылыми-зерттеу орталықтары жеке жағдайларда жəне кəсіпорын құрамына кіретін жобалық бөлімдерді қатыстыру. Қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін қалыптастыру мен кеңейту үшін келесідей жағдайлар жасалуы тиіс: өндірістерді мемлекеттік қолдау;
инновациялық өнімдерді тұтынатын ішкі жəне сыртқы нарықтардың пайда болуына ықпал ету;
өндірістерді қалыптастыру үшін сапалы инфрақұрылым жасау; инновациялық жобаларды іске асыру мен қолдау жəне дамыту үшін қаржылық-сервистік тізбегін құру.
Түйін сөздер – қосылған құн, технология, инновация, инфрақұрылым, инвестиция.
Ғылым мен техниканың эволюциясы, сондай-ақ онда болып жатқан құрылымдық өзгерістерді технологиялық даму жағдайларымен сипаттауға əрі айқын сатылары бар «баспалдақ» түрінде көрсетуге болады. Әр деңгей технология, білім мен дағды, тауар мен қызмет нарығының ерекшеліктерімен сипат- талады.
Технологиялық дамудың бір сатысынан екіншісіне өту жаңа технологиялар мен қосылған құны жоғары өнімдерді өндіруді қарастыратын фирмалар келесідей критерийлерге сай болуы тиіс:
– белгілі бір көлемдегі нақты білім мен дағдылардың болуы;
– инфрақұрылымдық салалардың болуы;
– инновациялар мен құрылымдық жылжуларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстардың жеткіліктігі;
– инвестициялық ресурстарды баламалы пайдаланумен сəйкес өлшенетін тəуекелдер;
– ортасалалық рентабельділік көрсеткіштерінен асатын жеткілікті табыс нормасы;
– болашақ өнімді өткізетін нарықтағы «қуыстардың» бос болуы.
Қазақстан экономикасында қосылған құны жоғары өнімдерді өндіру мен құрылымдық жылжулар- ды іске асыру мүмкіндігін жоғарыда көрсетілген критерийлерге сəйкестігін сараптаған кезде 5 жəне 6 критерийлерді қарастыра алмаймыз, себебі ол үшін нақты өндірісті немесе өнімді қарастыру қажет.
Бірінші критерий бойынша белгілі бір көлемдегі нақты білім мен дағдылардың болуы:
Бұл критерий мемлекетте дəстүрлі жəне заманауи техникалық мамандықтар бойынша дайындай- тын қалыптасқан жүйесі бар техникалық университеттердің болуымен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда ҒЗТКЖ-дың 70%-дан астам көлемін ғылыми-зерттеу ұйымдары атқарады, ЖОО-ның үлесі – 20%.
Соңғы жылдары жасалған ҒЗТКЖ көлемінің динамикасы, зерттеу түрлері бойынша (іргелі, қолданбалы зерттеулер жəне жобалар) сəйкесінше 18%, 49%, 33% құрайды. Мұндай құрылым дамыған елдерде, тіпті Ресейде қалыптасқан құрылымнан айтарлықтай ерекшеленеді. Осылайша АҚШ-та бұл қатынас 13:22:65, Жапонияда 13:25:61, Ресейде 13:21:66 құрайды. Қазақстанда ҒЗЖ-ң соңғы сатысына жұмсалатын қаржы үлесі əлемдік тəжірибеде қалыптасқан қатынастан екі есе төмен.
Инновацияларды жүзеге асыру үдерісінің бірлігін қамтамасыз ету мəселесі маңызды болып та- былады. Қазақстанда, Ресейдегідей инновациялардың пайда болу сатысы жеткілікті дамыған, яғни инновациялық циклдың ғылыми-зерттеу сатысы. Аяқталған ғылыми-зерттеулер технологиялық- тəжірибелік, конструкторлық-тəжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру мəселесі қиынырақ. Көптеген аяқталған жұмыстар сөрелерде қалып қояды жəне əлеуетті тұтынушылар арасында сұраныс жоқ.
Бұрынғы Кеңес одағы елдерінде технологиялардың ішкі жəне сыртқы трансфертінің специфи- калық жоспарлы моделі қалыптасқан. Инновациялық қызметтің бірлігі мен үздіксіздік үрдісінің жоқтығы Қазақстанға жоспарлы модельден қалған жəне де осы мақсаттарға бөлінетін бюджеттік, бюджеттік емес қаражаттардың тиімсіз қолдануына əкеледі.
Инновациялық қызмет субъектілерінің интеграциялау үрдісінің қалыптасуы кəсіпорындардың, министірліктердің, аймақтардың инновациялық даму аспектілерінің əлемдік нарықта тауарлы өнімнің қалыптасуынан бастап барлық меншік формалы ірі жəне шағын кəсіпорындарының қатысуын қарастыратын салааралық құрылымдардың қалыптасуына дейінгі шешілуіне əсер етеді. Экономиканың қайта құрылуын жүзеге асыру шынайы инновацияларды енгізу жағдайында мүмкін. Экономиканың инновациялық дамуы мақсатында құрылған даму институттары қызметін талдау жеткіліксіз коорди- нациялау мен соңғы тиімділікпен сипатталады. Бұл ең алдымен инвестициялық салымдардың əр түрлі бағытталуы мен қаражаттардың шағын жəне кездейсоқ таңдалған жобаларға жұмсалуына байланыс- ты. Мысалы, Маңғыстау облысында «Мырзабек» ЖШС «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-мен фракциондық шағыл жасап шығаратын зауыт құрылысы бойынша жұмыстар бастап кетті.
Ұлттық даму институттарына түскен ұсыныстар талдауы кəсіпорындардың көп бөлігі үлкен жоба- лармен жұмыс істеуге дайын емес екендігін көрсетті. Бұл институттардың қызметі белгілі бір бизнес түрінің дəстүрлі қызметі тəртібінде іске асады, яғни несиелендіру мен жобалық қаржыландыру, ал эко- номика қажеттіліктері ірі көлемді жобаларды іске асыруды көздейді.
Екінші критерий инфрақұрылымдық салалардың болуы.
Инновациялық процестер келесідей бағыттардан құралады:
– ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
– конструкторлық-жобалық жəне технологиялық жұмыстарын жүргізу;
– құрал-жабдықтарды сатып алу;
– жаңа өнім өндіру, жаңа өндірістерді меңгеру;
– жаңа технологияларды меңгеру мен енгізу;
– жаңа шикізат көздерін меңгеру;
– экологиялық мəселелерді шешу;
– өнеркəсіптік меншік объектілерін, ноу-хау мен технологияларды пайдалануға құқық алу;
– ҒЗТКЖ нəтижелерін құқықтық қорғау.
Қазақстан ғылыми-техникалық əлеуеттің негізгі көрсеткіштері бойынша əзірше Ресей мен алдыңғы қатарлы елдерден артта қалуда. ҒЗТКЖ ЖІӨ-дегі шығындар үлесі Ресейден 3-4 есе, Германия, АҚШ, əлемнің басқа дамыған елдерінен айтарлықтай аз.
Қазақстанда 10 мың халыққа келетін зерттеушілер саны (10 адам) бойынша ТМД елдері арасында 8-орын алады, Ресейде (93 адам), Ұлыбритания (46 адам), Германия (59 адам), АҚШ (76 адам), Жапо- нияда (91 адам).
Ғылымға жұмсалатын қаржы жан басына шаққанда Қазақстанда – 4,2 АҚШ доллары, Ресейде – 61, Францияда – 476, Германияда – 511, АҚШ-та – 794.
Инновациялық дамуды қамтамасыз етуде кадрлық ғылыми əлеует те маңызды орын алады. Ғылыми- техникалық дамудың тəуекелділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады: ғылыми мекемелер саны, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, ғылыми қызметкерлер саны мен негізгі ғылыми техникалық қызметтің қызметкерлері саны.
Инновациялық процестің келесі кезеңі – жаңа технологияларды енгізу мен меңгеруді жүзеге асы- ру кезінде қиындықтар туындайды. Республика аймағының көптеген кəсіпорындары инновациялық процесті тежейтін факторлар қатарына өткізу нарықтары мен жаңа технологиялар туралы ақпараттың жеткіліксіздігін жатқызады. Мысалы, «КЭУ Рудненский ГМЗ» ЖШС аймақтық жəне мемлекеттік ор- гандар деңгейінде нақты тауарға сұраныс пен ұсыныс көлемі туралы ақпарат, соңғы уақытта салаларға енгізілген жаңа технологиялар туралы, жаңа машиналар, қайта өңдеу салалары үшін агрегаттар мен құрал-жабдықтар шығаратын кəсіпорындар туралы ақпаратты беретін басқару құрылымдарын құру қажеттілігін айтады.
Осындай ақпараттың жеткіліксіздігі жаңа өнім өндіруді жоспарлаған өндірушіге жағдайды дұрыс бағалау, техника-экономикалық көрсеткіштерін ұқсас өндірушінің көрсеткіштерімен салыстыру мүмкіндігінің жоқтығын туғызады.
Бүгінгі күні ғылыми келешегі бар əзірлемелердің болуы əлемдік тауар нарығындағы мемлекеттің қызығушылығымен анықталады. Қазақстанда Курчатов, Приозерск, Степногорск қалаларында ғылыми орталықтар бар. Олардың қатарына Алатау (Алматы маңы) тұрғын мекенінде құрылған инновациялық технологиялар технопаркін де жатқызуға болады. Бұл орталықтардың қысқа мерзімде отандық ғылыми əзірлемелерді нарықта сұранысқа ие тауарға айналдыруға мүмкін ғылыми-техникалық əлеуеті бар.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің күшімен Степногорск қаласында бұрынғы «Прогресс» серік- тестігі мен Ұлттық биотехнологиялар базасында бірқатар биотехнологиялар шығаратын технопарк құрылды. Солардың ішінде астықты қалдықсыз жəне терең желімтік алу арқылы биоөңдеу, бұл өндіріс əлемдік жəне отандық нарықта да өндіруге кеткен шығындарды өтейді (крахмал, биоэтанол секілді өнімдерді айтпағанда). Технопаркте отандық дəрілік заттар, антибиотиктер жəне 20-дан астам биопре- парат түрлері шығарылады. Бұл 120 га өндірістік аумаққа өндірілетін барлық биотехнологиялар тізімі емес.
Приозерск қаласында көппрофильді технопарк құру жоспарлануда. Оның қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі антенна-фидералық кешен базасында ғарыштық мониторингтің ұлттық жүйесін құру болып табылады (оның құны кеңес одағы уақытында 30 млрд.долларды құраған). Технопарк құрамына Ұлттық ғарыштық мониторинг орталығы (Астана), Ғарыштық ақпаратты қабылдау орталығы (Алма- ты), Ұлттық радиоэлектроника жəне байланыс орталығының антенналық кешені (Приозерск) енеді.
Технопарк қызметінің екінші бағыты – көмірсутекті шикізатты терең өңдеу. Болашақта ол қуатты кешенге айналып, мұнай химиясы, көмір химиясы, органикалық синтез саласында иннова циялық технологиялардың тəжірибелік базасына айналады.
Курчатов қаласында ғылыми зерттеулермен қатар əлемдік нарықта сұранысқа ие ғылымды көп қажет ететін тауарлар өндірумен айналысатын Ұлттық ядерлік орталық жұмыс істеуде.
Осылайша Қазақстанда перспективалық ғылыми бағыттар технопарк жəне инновациялық қызметтің басқа субъектісі түрінде жүзеге асуда. Бұл биотехнологиялар, ғарыштық техноло- гиялар, мұнай химиясы жəне көмірсутек шикізатын терең өңдеу, ақпараттық технологиялар,
Қазақстан металлургиялық кешенінде ядерлік зерттеулер жоғары колегиренді сталь, жаңа ерітін- ділер мен композиттер, профильдік прокат өндіру мақсатында қолданылады. Осы бағыттардың барлығын Үкіметтің сəйкесінше жарғысы қолдауда. Отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми əзірлемелерінің негізінде туындайтын жаңа өндірістердің мысалы ретінде Қарағандыда салынған арглабин өндіретін зауытты алсақ болады. Бұл өнімді ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің фитохи- мия институтының ғалымдары ойлап тапқан. Отандық ғалымдардың өндірістік тираждауға дайын жұмыстарды инновациялық өндірістерді қамтамасыз етудің ғылыми техникалық бағдарламасы ая- сында конкурстық таңдау процесінде анықталады.
Жаңа өнеркəсіптік салалар құрудың үлкен əлеуетті мүмкіндіктері «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында»
қарастырылған.
10 мыңнан аса патент пен əзірлемелерден министрлікпен жаңа ғылым көп қажет ететін өндірістерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар объектілер ретінде 200 таңдап алынды.
Мемлекеттің инновациялық қызмет пен инновациялық қызметтің субъектілерін ұйымдастыру үшін алғышарттары ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуымен аяқталуы тиіс. Олардың қатарында маңызды болып:
– инновациялық субъектілерді мемлекеттік қолдаудың əдістерін ойлап табу;
– инновациялық инфрақұрылымды құру, соның ішінде инновациялық жəне венчурлық қорлар құру арқылы, оларсыз ешбір инновация, ешбір мемлекетте, пайда əкелетін тауарға айналмайды. Инно- вация бұл əрқашанда тəуекел, сондықтан оны төмендету үшін сəйкес тетіктер қажет;
– интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау оларсыз инновациялық даму мүмкін емес, себебі
«инновацияның интеллектуалдық үлесі» оның жалпы құнының негізгі бөлігін құрайды;
– кадрларды дайындау жəне қайта оқыту.
Үшінші критерий инновациялар мен құрылымдық жылжуларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстардың жеткіліктігі.
Қазақстан экономикасына салынатын инвестициялық ресурстар көлемі динамикалық түрде өсуде.
1-кестеде көрсетілгендей, ЖІӨ құрылымында негізгі капитал жалпы жинағының меншікті салмағы 2011 жылдан бастап өскен, 25-30 % -да тұрақтаған. Инвестициялардың өндірістік құрылымын қарасақ, өндірістік объектілер құрылысына салынған инвестициялар ахуалы оң жылжулар көрсетуде.
1-кесте – ҚР негізгі капиталдың жиынтық қорлануының динамикасы
№ Көрсеткіштер Жылдар
2011 2012 2013 2014 2015
1 ЖІӨ-гі негізгі капиталдың қорлануының меншік салмағы, % 27,7 31,2 30,5 26,2 29,4 2 Жалпы негізгі капиталдың қорлануының өсу қарқыны, % 128,1 128,5 117,3 100,4 99,2 Ескерту: əдебиеттер негізінде автор құрастырған [2]
Мұнай өндіруші аймақтарда жаңа құрылысқа инвестиция үлесі сəйкесінше 83,7%, 90,8%, 72,9%, 90,8%, 90,2% барлық өндірістік инвестициялар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында өскен. Бұл құбылыс мемлекетте жаңа салаларға бағытталған жалпы инвес- тициялар көлемінің жеткіліктігін көрсетеді, бірақ дəстүрлі мұнай өндіруші аймақтарда.
Қалыптасқан жағдайдан аңғаратынымыз шетелдік инвестициялардың басқа салаларға ауы- суын күту керек емес. Одан да шетелдік инвесторларды дəстүрлі салаларда қосылған құны жоғары соңғы өнім өндіру мақсатында технологиялық тізбектерді жалғастыруға ынталандыру қажет. Ең көп инновациялық іс-шаралар соңғы жылдары атқарылды: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - 56, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-31, «Казцинк» АҚ- 21, «ҚазМұнайГаз» АҚ -18.
Инновациялық қызметтің атқарылған іс-шараларының негізгі түрлері: жаңа технологиялар, құралдарды модернизациялау мен қайта құру, құрал-жабдықтарды сатып алу, жаңа өнім шығару мен жаңа өндірістерді құру.
Іске қосылған жаңа технологиялар қатарына Балқаш ТКК-ғы таза бағалы металдарды алу техно- логиясын меңгеру мен салуды, сондай-ақ «Қазақмыс Корпорациясының» қалыпталған мыс зауытының құрылысы мен іске қосылуын да жатқызуға болады. Алтын мен ұнтақтағы күміс өндіру «Балқаш тау-кен комбинаты» үшін жаңа өнім түрі болып табылады, мыс катанкасын өндіру кəсіпорынның нарықтағы бəсекегеқабілеттілігін арттырады.
«Миттал Стил Теміртау» АҚ-ы қаптайтын мырыш пен алюминий табағы өндірісімен байланысты техника мен технологияларды меңгерумен байланысты іс-шаралар кешенін аяқтады.
Көптеген іс-шаралар инновациялық қызметтің құралдар мен өндірістерді қайта құру мен модер- низациялау, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықтар мен толықтырушы бөлшектерді сатып алу сияқты түрлерінен іске асты.
Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін технологиялық құрал-жабдықтарды жеткізуші серік- тестер болып көбінесе шетелдік компаниялар табылады, себебі елде талап етілетін профильде ма- шина жасау кəсіпорындары жоқ. Жобалық-сметалық құжаттарды əзірлеу үшін көбінесе жобалық конструкторлық бөлімшелер қолданылады. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Казцинк» АҚ, «Миттал Стил Темиртау» АҚ инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен ғылыми-техникалық əзірлемелерді жүргізу саласында отандық ғылыми ұйымдармен белсенді серіктестігі байқалмайды.
Бірақ, «ҚазмұнайГаз» АҚ отандық машина жасау кəсіпорындарымен бірігіп мұнай саласына қажет жаңа өнімдер – станоктар, терең ұңғыма сорғыш, ПАП-40, ПАП-50 көтерме агрегаттарын шығарумен айналысуда.
Осы мысал, экономиканың əр түрлі салалар кəсіпорындары отандық машина жасау өнімдерін өндіру бойынша машина жасау кəсіпорындарымен табысты мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, жаңа технологияларды ойлап табу мен құралдарды жеткізу бойынша көбінесе ше- телдік компаниялар серіктес болып табылады, отандық ғылыми-зерттеу орталықтары жеке жағдайларда жəне кəсіпорын құрамына кіретін жобалық бөлімдерде қатысады.
Бұл жағдай үлкен кəсіпорындардың ғылыми-техникалық өнімдерді тұтыну жағынан мемлекеттің ғылыми-жобалық технологиялық, конструкторлық ұйымдармен іскерлік байланысының жеткілікті дамымағандығын көрсетеді. Келтірілген мəселе, келесідей себептерден болуы мүмкін: елдің ғылыми- техникалық əлеуетін жəне кəсіпорындардың қажеттілігін білместіктен, Қазақстанның ғылыми-техника саласының өкілдерінің кəсіби біліктілігін елемеу.
Осы ретте мемлекеттің инновациялық үрдістерді басқаруға араласуы қажет.
Инновациялық іс-шараның толық мысалы ретінде Қазақстанда ең алғаш поливинилхлоридтен өнім шығару технологиясын меңгеру мен Ақмола облысының Степногорск қаласында «Промпласт- масса» ЖШС салған зауытын атап өтуге болады.
«Тыныс»АҚ-да осы салада баспа платасы, қорыту үлгілері бойынша балқыту өндірісі үшін жаңа технологиялар енгізілді. Өнеркəсіптік өнімдердің жаңа түрлерін шығара бастады: мұнай-газ секторына арналған қысым өлшеуіш құрал, автомобильдік отын-газ құрылғысы жəне т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар ішкі нарықтың дамуына септігін тигізуі мүмкін, бəсекегеқабілеттілікті қамтамасыз ету жағдайында сыртқы нарықта да орын алуына мүмкіндік бар.
Инновациялық іс-шараның басқа мысалы болып Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы
«Түсті металдарды қайта өңдеу» зауыты табылады.
ҚР 2014 жылға дейінгі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясын- да Маңғыстау облысында түрлі өнеркəсіптік өнім шығаруға бағытталған 22 инвестициялық жоба құрастырылды. Олардың ішінде 8 – мұнай-газ секторымен тікелей байланысты; 5 – мұнай химиясы мен химиялық өнімдер өндіруді қарастырады; 5 – құрылыс индустриясы өнімдері; 2 – құю өндірісі;
2 – арнайы бағыттағы өндіріс.
Төртінші критерий мемлекеттің көзқарасы бойынша, капитал ағымын экономикада жаңа тех- нологиялар мен инновацияларды қолдану арқылы жағымды құрылымдық жылжуларды қамтамасыз ететін қайта өңдеу секторларына ынталандыру қажет. Инвесторлар көзқарасы бойынша мұндай ағым əзірше тиімсіз, себебі дəстүрлі тəуекелдер бар: төмен рентабельділік, өткізу нарығының зерттелмеуі, негізгі қорлардың ескіруі, ағымдық өндірістің бəсекегеқабілетсіздігі. Біздің ойымызша, қазақстандық
инвестициялық заңнама ұсынатын жеңілдіктер мен преференциялар аз реттелетін макроэкономикалық үрдістер нəтижесінде пайда болатын жəне шығындар құрылымына, өңдеуші өндіріс салаларындағы бағалық саясатқа əсер ететін кедергілерді жоя алмайды.
Жоғарыда аталып кеткен жобалар мемлекеттің сатып алулар үшін құрылған жəне көбінесе осы шикізаттық салаға қызмет көрсетумен айналысады. Олар ішкі жəне сыртқы нарыққа бəсекегеқабілетті өнім шығарумен айналысуға мүмкіндіктері жетпейді. Соңдықтан, біздің пікірімізше, мемлекет өз қаражатына мұндай тиімсіз жобаларды іске асырмай, шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндіктер жасау керек. Инфрақұрылым салу, салықтан босату, жұмыс күшімен қамту, шикізатпен қамту жəне т.б. жол- дар арқылы шетелдік инвесторларды отанымызға шақыру бүгінгі күннің ең өзекті мəселесі болып қала бермек.
Бесінші критерий бойынша ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызметке кадрлар даярлау жəне қайта даярлау ісі арнайы жоғары оқу орындарында жəне маманданған мекемелерде жүзеге асыры- луы тиіс. Арнайы мамандандырылған мекемелер инновациялық қызметтің жекелеген түрлері бойын- ша тиісті біліктілігі бар мамандар даярлаумен айналысады. Бұлар елдің жоғары білім беру жүйесіне кірмейді, негізінен кадрларға нақты инновациялық жобаларды жүзеге асырудың жеделдетілген əдіс- тəсілдерін үйретумен айналысады.
Бүгінгі таңда меншіктің барлық түрлеріндегі кəсіпорындар мен ұйымдарға, салыстырмалы қысқа мерзімде инновациялардың жоғары тиімділігі мен бəсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға қабілетті мамандар қажет.
Инновациялық бизнес инфрақұрылымның кадрлары – бұл, ең алдымен, жаңа технологиялар- ды құру мен игеру үрдісінің белсенді қатысушылары. Кадр құрылымының күрделілігі инновация міндеттерінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ ғылыми жəне ғылыми-техникалық еңбектің өзіндік се- бептерімен негізделеді. Осы құрылымды құрушылар ғылыми жəне инженерлік қызметтегі кадр- лар, басқару қызметшілері, тəжірибелік өндірістің қызметкерлері, көмекші жəне қызмет көрсету қызметшілері болып табылады. Инновациялық инфрақұрылым субъектілері алғашқы кезеңде өз қаражаттарының есебінен кадрларды дайындауға ақы төлей алмайтын жағдайда болады. Сондықтан мұндай кəсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдай отырып, арнайы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кадрларды дайындау бағдарламасы əзірленуі тиіс. Нақты инновациялық жобаларды басқару жəне іске асыру үшін мақсатты «менеджерлік командаларды» оқытуды қоса алғанда, ғылыми- техникалық жəне инновациялық қызмет үшін кадрлар даярлау жəне қайта даярлау нысандарының бірі ретінде инновациялық орталықтар мен технопарктер құру тəжірибеде бар.
Алтыншы критерий бойынша инновациялық инфрақұрылымның қаржылық-инвестициялық қамтамасыз ету бағытына инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстарды əр түрлі негізде беретін ұйымдар анықталуы тиіс. Олар: бюджеттік, бюджеттен тыс, венчурлық жəне сақтандыру қорлары, екінші деңгейлі банктер, несие беретін арнайы ұйымдар, қаржылық-өнеркəсіптік топтар жəне т.б. болуы мүмкін.
Инновациялық қызметті қаржыландыруда кең тараған арнайы ұйымдар қатарына инновациялық немесе венчурлық қор жатады. Инновациялық қор – əр түрлі салада инновацияны ендіруге жаңа ғылыми-техникалық əзірлемелерді жəне бағдарламаларды, олардың техникалық меңгеруін жəне басқа да тəуекелді жобаларды қаржыландыру мақсатындағы ақша қаражаттарына иемденетін маманданған қор. Қор ресурстарының көздері демеушілердің салымдарынан қалыптасады. Олар əр түрлі кəсіпорындардың, банктердің, мемлекеттік жəне басқа экономикалық субъектілерінің қаржыларынан тұруы мүмкін. Ал венчурлық қор тəуекелі жоғары жəне мерзімі ұзақ инновациялық жобаларды қаржыландырады. Тəжірибе көрсетіп отырғанындай, венчурлық қаржыландыруды дамыту инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, олардың тəуекелін төмендетуге, инновация- ларды коммерцияландыру аясында мемлекет пен жеке кəсіпкерліктің өзара тиімді əсерлесу жүйесінің қалыптасуына көмектеседі .
Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті қаржыландыру жүйесінің өзіндік ерек- шелігі бар жəне мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас элементі ретінде жүреді. Бұл жүйе, бірінші кезекте, техникалық жаңалықтардың ел экономикасына тез жəне тиімді енгізуде құрылымдық- технологиялық қайта құрылуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық жəне кадр əлеуетін сақтау жəне
дамыту, жоғары білікті мамандардың шет елдерге кетуінің алдын алу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Жалпы салалық, салааралық жəне аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларды, сондай-ақ өнеркəсіптік өнімдердің жаңа түрлерін игеру жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті жерлерде инновацияларды қолдаудың мемлекеттік емес қорлар жүйесі қызмет ететіні белгілі. Мұндай қорлар аймақтық деңгейлерде де, сол сияқты ұлттық компаниялар мен холдингтердің шеңберлерінде де құрылады.
Қымбат бағалы станоктар, жабдықтар, бірегей бақылау-өлшеу техникаларын сатып алуды та- лап ететін ірі технологиялық инновациялардың өнеркəсіпте тез игерілу мəселелерін шешу кезеңінде қаржылық лизинг негізгі маңызға ие болады.
Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету инновациялық дамудың айқындаушы шарты болып табыла- ды. Технологиялар мен жабдықтар экологиялық, техникалық қауіпсіздік жəне санитарлық нормалар та- лаптарын толық қанағаттандыруы, техникалық жəне қайта жарақтандыруды тез жүргізуі жəне əлемдік талаптарға сай өнімді шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
Әлемде инновациялық инфрақұрылымды қолдау тəжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де əр ел өзіне ең қолайлысын, тиімдісін өзінің экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай таңдағаны жөн. Бұл шетелдік тəжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше, олардың инновациялық даму жолдарын зерттеп, соған қарай инновациялық үрдістерді жүзеге асыру жүйесінің ұлттық моделін қалыптастыруға негіз болады.
Жетінші критерий бойынша ғылыми-техникалық жəне инновациялық жобалардың сараптамасын жүргізу инновациялық бизнес инфрақұрылымының қызметінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайды туғызу үшін қажет. Бұл қызмет инновациялық жобаны жан-жақты бағалаумен айна- лысатын арнайы сараптамалық ұйымдар жүйесімен жүзеге асырылады. Мұндай ұйымдарды құру инно- вация аясына салынатын қаражаттардың, соның ішінде бюджеттік ресурстардың да, қайтарымдылығын тездету мақсатынан туындайды. Әдетте сараптамалық бағалаудың барынша шынайылығын қамтамасыз ету тұрғысында мемлекеттік жəне тəуелсіз сараптама орталықтары құрылады, ал əрбір инновациялық жоба бірнеше сараптамадан өтуі заңды құбылыс.
Интеллектуалды меншікті пайдалану, бағалау жəне қорғау мəселелері бойынша консалтинг, ли- цензиялау, патенттеу жүргізумен мемлекеттік мекемелер жүйесі айналысады. Олар əр түрлі авторлық құқықтарды берумен, интеллектуалдық меншікті қорғау заңдылықтарының орындалуын бақылаумен жəне ұсынылған өнімнің əлемдік жəне ұлттық сапа стандарттарына сəйкестігін қадағалаумен айналы- сады.
Әр түрлі нарыққа ғылыми-техникалық жəне инновациялық өнімдерді жылжыту инновациялық инфрақұрылым субъектілерінің қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып саналады, өйткені өнімді өткізудің тиімді жүйесінің болмауы маңызды коммерциялық нəтижеге жеткізбегендіктен, ол кез келген қызметтің ары қарай жалғасуына негіз болмайды. Жоғары технологиялы өнім мемлекеттің стратегиялық ресурсына жататынын ескерсек, онда ол өнімдердің ұтымды айналымын қалыптастыру үшін арнайы құрылымдар қалыптастыру қалыпты жағдай.
Әрбір мемлекет ғылыми-техникалық əлеуетті сақтау жəне дамыту, сыртқы саудада салыстыр- малы артықшылықтарға жету мақсатында отандық өндірушілердің ғылыми сыйымды өнімдерін өткізуге барынша ыңғайлы жағдайлар жасауға ұмтылады. Ғылыми-техникалық дайындамаларды өткізу құрылымдарына мамандандырылған делдал ұйымдар – технологиялық биржалар жатады. Бұл биржалардың қалыпты биржалардан өзгешелігі – олардың тауарларында, яғни аяқталған ғылыми- техникалық дайындамаларында.
Қосылған құны жоғары өнімдерді шығару инфрақұрылымын қалыптастырудың түпкі мақсаты – жал- пы қоғамның мүддесіне сай инновациялық қызметті ұтымды жүзеге асыратын бизнес субъектілерінің жүйесін құру.
БҰҰ сарапшыларының пайымдауынша, инновациялық инфрақұрылымның барлық элементтеріне тəн мақсаттар мыналар:
– жұмыс орындарын құру;