(Kazakh State Women’s Teacher Training University)
The article tells about theoru of attracting investments into economy. The article also tells about investment policy of government and research of investment attracting problem.
Keywords: investment, export, import, control, to stimulate.
ӘОЖ 336.2
КЛАСТЕРЛIК ӘДІСТІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН МАҢЫЗЫ
А. Асылханқызы, магистр (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) Аңдатпа: Осы зерттеулерге сүйене отырып, жеке фирмалар кластерге бiрiккен кезде олардың ұжымдық бәсекеге қабiлеттi басымдықтарын қалыптастыруға қажет талаптарды шоғырландырады. Қазiргi кезде белсендi дамыған жүйелерді түсiндiруді Қазақстанда технопарктердi өркендету үшiн пайдалануға болады.
Түйін сөздер: Трансакция, кооперация, оппортунист, фирмааралық, банкрот, инвестиция, аспект, картель, социум, кластер, иерархия, франчайзинг, феномен, акцент, интеграция, динамика.
Ғаламдандыру жағдайында елдер арасында да, жекелеген фирмалар арасында да рынок үшiн бәсекелiк күрес асқына түседi. Соңғылары бәсекеге қабiлеттi басымдықтарын арттыратын әдiстердi iздестiру жолында бизнес ұйымдастырудың жаңа үлгiлерiн пайдалануда. Солардың бiрi – фирмааралық кооперацияның жүйелi нысанын перспективалы деп танылуы.
Фирмааралық кооперация құндылықтардың барлық пайда болатын тiзбегiнде өркендегенiмен, әрiптестiктiң жылдам бой көтеруi ғылыми зерттеулер мен игерулер саласына тән. Ал осы кооперация нысандарына келетiн болсақ, бүгiнде бiртiндеп түрлi келiсiмшарт нысандары таңдалынып отыр. АҚШ-тың тiкелей шетелдiк инвестицияларына шолу жасағанда, 90-шы жылдары АҚШ компанияларымен берiлген лицензияларды саудалау өсiмi (жыл сайын деңгейi 11 пайызға артады) сауда мен тiкелей шетелдiк инвестицияларының өсiмiн қосып есептегеннен де басым болып шықты.
Фирмааралық кооперация кездейсоқ рыноктық деректер категориясынан феноменге айналып, өзiнiң белсендi дамуы арқылы зерттеушiлер назарын аударды. Фирмалар қызметiнiң осы бағыты стратегиялық даму және фирманың материалды емес активтерiн арттыру контекстерiнде талдана бастайды.
«Басқарушы» – зерттеушiлердiң мүдделерi жүйелi фирмааралық ұйымдардың феноменiн өзгерiске ұшырайтын процестердiң, құрылымдардың, шекаралардың,
басқарудың қалыптасып жатқан жаңа, сондай-ақ стратегиялық ережелердiң ұстанымдары негiзiнде жете сипаттап түсiндiруге бағытталған, фирмааралық жүйелердiң феноменiн түсiндiруде және басқа да теориялық ұстанымдарда түрлi көзқарастар мен әдiстердi жинақтау қажеттiгiнен туындап отыр. Фирмааралық кооперация туралы түсiнiктер экономиканың, әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың iргелi теорияларында берiлген, олардың жекелеген бағыттары фирмааралық кооперацияның жүйелi нысанымен байланысты мәселелердi зерттеу нәтижесiнде даму импульсын алды.
Бiрiншiден, бұл iргелi және қолданбалы зерттеулердiң негiзгi жетiстiктерiн жинақтау арқылы фирма теориясының дамыту контексiндегi жаңа жүйелi парадигманың пайда болу жолдарын түсiндiрсе, екiншiден, осы парадигманың талдау және даму бағыттарын көрсетедi. Осындай кешендi теориялық негiздiң қажеттiлiгi өсе бередi.
Көптеген зерттеушiлер индустриалды ұйымның динамикалық өзгерiстерiн индустриясы дамыған елдердегi бизнестiң жүйелi құрылымына қарай басталған өту кезеңi деп қарастырады.
Агенттiк қатынастар теориясы тұрғысынан қарастыру фирмалар мен олар жалдаған агенттер арасындағы трансакциялардың тереңiрек талдауына жол ашады. Қатынастар шығыны немесе агенттiк шығындар мiндеттердi қабылдау және олардың орындалуын қадағалау механизмiне жұмсалған қаржылардан тұрады, ол оппортунистiк сипаттағы шығындарды және принципалдар мен агенттер арасындағы шарасыз қақтығыстарды азайту мақсатында жасақталады. Басқару механизмiне келiсiмшарттың әртүрлi нысандары енедi. Соңғыларының iшiнде ресми және бейресми, айқын және айқын емес, мақсатты және пәндiк түрлерi де бар.
Трансакциялық шығындар экономикасы (Transaction Cost Economy - TCE) аясында фирмааралық кооперацияға түсiнiк беру кейiнгi әдiстердiң қалыптасуына әсер етедi. Осы әдiс аясында трансакциялық шығындар маңызды фактор ретiнде қарастырылады.
Өйткенi ТСЕ фирмааралық кооперацияға қазiргi заманғы түсiнiктеме беруде iргелi теориялардың бiрi болып табылады.
Бiр географиялық аймақта шоғырланған агенттер арасындағы жүйелi қатынастар ұжымда өмiр сүруге қабiлеттi болады, ұйымаралық байланыстар мен қатынастар есебiнен өсетiн тұрақтылық үлгiлерiн жасайды. Оларды фирманың сыртқы ортасы деп атайды. Бұл әдiс көптеген зерттеулерде қолданылады. Фирманы қоршаған ортада түсiну ресурстық әдiстiң (немесе ресурстық тәуелдiлiк теориясының) пайда болуына жол тапты.
Фирмааралық кооперация феноменiнiң теориялық түсiндiрмелерiн бiр жүйеге түсiру үшiн бейресми коммуникациядан бастап фирмааралық ақпараттық-жоспарлы жүйелерге (альянстарға), күрделi интеграциялық құрылымдарға, яғни (бiрлескен кәсiпорындар мен франчайзингтiк қатынастарға) дейiнгi аралықтағы үйлестiру механизмдерiнiң тұтас спектрiн қамтитын жүйенiң кең ауқымды анықтамасын қолдануға болады. Жалпылама түсiнiк бойынша фирмааралық жүйелер фирмалар арасындағы байланысты реттеушi әдiстер деп танылады, оның бiр жағынан, фирмаiшiлiк (иерархиялық) реттеуден, ал екiншi жағынан, рыноктық үйлестiруден өзгешелiгi бар.
Фирмааралық кооперация, әсiресе оның жүйелi нысаны тәртiптiк және тәртiпаралық әдiстердi қолдану арқылы түсiнiк беретiн құбылыс болып табылады, бұл өз кезегiнде одан әрi жалғасын тапқан тәртiпаралық диалогқа негiз болады.
Жүйе феноменiне түсiнiк беретiн тағы бiр нәрсе – оның тиiмдiлiгiн мойындау. Осы мойындау нәтижесiнде қазiргi уақытта институционалдық теорияда жүйенiң рынок пен иерархия арасындағы аралық ұстанымы бар оңтайлы қоспалы нысан ретiнде кеңiнен таралды. Жүйенi пайдалануға қосымша дәйек ретiнде авторлар өзiндiк активтерi жоғары жағдайларда рыноктық үйлестiру шығындарының өсуiн, трансакциялар дүдәмалдығы
163
мен жиiлiгiнiң артуын, сондай-ақ рыноктық тәуекелдiлiктi қайта үлестiрмейтiн агенттердiң нәтижелiлiгiмен және есебiмен байланысты қиындықтарды атайды.
Эволюциялық теория арқасында жүйелi экономиканың инновациялық аспектiсi дамиды. Экономикадағы эволюциялық бағыттың бастауы Шумпеттердiң инновацияларға арналған еңбектерiнен алынған. Ол ұзақ мерзiмде дамиды деген ұстаныммен фирманың революциялық технологиялық ығысуын және басқа да сипаттарының қайта қарастырылуын негiзге алады. Бұл сипаттамалар фирма эволюциясына түсiнiк бергенде қажет. Шумпеттердiң айтуынша, революциялық инновациялардың салдарын болжап бiлуге болмайды. Кейде жекелеген саланың фирмалары жетекшi позицияда болуы мүмкiн. Басқа жағдайларда бұндай революциялық инновациялар қазiргi кезде бәсекелесiп жүрген барлық фирмаларды жойып жiберуi мүмкiн. Бұндай кезде оқу оқып, бiлiм мен тәжiрибе жинақтау керек, сөйтiп оларды қолдану үшiн қолайлы жағдай туғызу қажет. Осы қисынға сәйкес жүйенiң феноменiн түсiндiру үшiн технологиялар мен оқытуға шыққан шығындарды қосу керек.
Институционалдық теория, салалық рыноктар теориясы және шумпеттерлiк даму түсiнiгi аясында дамитын әдiстер комбинациясы нәтижесiнде саланың өмiрлiк кезең үлгiсi пайда болады, бұнда Шумпеттердiң айтуындағы революция санақ басы (тiршiлiк бастауы) болады. Осы революциялық өзгерiстер саланың технологиялық базасын және стратегиялық құнды ұйымдастыру ресурстарын анықтайды. Солардың негiзiнде жекелеген фирмалар табысқа жетуi мүмкiн, ендi бiреулерi ресурстық базасын түрлендiру (модификациялау) керек, ал үшiншiлерi банкроттыққа ұшырауы мүмкiн. Шумпеттердiң айтуындағы революция жаңа саланың бәсекеге қабiлеттi негiзiн жасақтап бердi де, салалық бәсекеге қабiлеттiктi ретке келтiрдi. Саланың дамуына дүмпулер (Шумпеттер бойынша) әсер етсе де, олар белгiлi бiр уақыт iшiнде саланы түбегейлi өзгерте алмайды.
Ресурстық тәуелдiлiк теориясына сәйкес ұйымдар қоршаған ортамен ресурстар алу мақсатында айырбас жасайды, бұл өз кезегiнде жекелеген ұйымдар мен нарықтың басқа да ойыншылары арасында тәуелдiлiктi туғызады. Осы салалық зерттеулерге қомақты үлесiн қосып жүрген жүйелi нысандар спектрi – бiрлескен кәсiпорындар, бiрiккен басқармалар, қауымдастықтар, картельдер, әлеуметтiк және персонификациялық жүйелер кеңiнен сипатталып жүр.
Жүйелерге анықтама бергенде институционалдық теория жорамалдары қолданылады. Институционалдық теория бойынша қоршаған орта ұйымдарға қысым жасап, соның нәтижесiнде олар әлеуметтiк нормаларға сәйкес келетiн заңды ережелердi жасақтауға мәжбүр. Бизнестi басқару контексiнде осы теориялық әдiстi қолдану арқылы фирмалар заңды әрекет етуге бағытталған қызмет белсендiлiгiн арттырып, қоршаған ортаның негiзгi ережелерiне, талаптары мен нормаларына сай әрекет етедi. Осы нормаларға сай болудың бiр тәсiлi – ұйымаралық қарым-қатынастарға белсендi түрде қатысу. Институционалдық әдiс ресурстық тәуелдiлiк теориясы секiлдi «тәуелдiлiкке»
ерекше мән бергенiмен, соңғысынан айырмашылығы әлеуметтiк тәуелдiлiкте болып тұр.
Социумда фирманың бөлек болуынан қорғап қалатын әлеуметтiк байланыстар, жүйелер, ресми келiсiмдер мен басқа да құралдар фирманың өмiр сүру негiзi болып табылады.
Екiншi жағынан, ортаның нормалары мен заңдарына, яғни институттарына сай болу үшiн фирмалар белгiлi бiр жүйеге кiруi қажет. Сөйтiп олар өз ерiктерiмен жүйенiң ережелерiн орындауға келiсiмiн бередi. Сонымен қатар фирмааралық кооперативтi құрылымдар құрудың тиiмдiлiгi мен қарапайымдылығы көбiнесе жоғары деңгейлi iшкi орта арқылы анықталады, ал мұнда фирмааралық жүйелер басым болады. Мұндай iшкi орта факторларына заңнамалық база, банктiк жүйе, еңбек нарығы және т.б. жатады.
Осылайша қарастырылған түрлi тәртiптегi әдiстер жүйе қалыптастырудағы негiзгi алғышарттарды, яғни ұжымдасып әрекет еткен ұйымдар өзiнiң бәсекеге қабiлеттiгiн күшейтетiнiн мойындайды. Зерттеушiлер ресурстық тәуелдiлiк теориясы аясында осы алғышарт бойынша ұйымдардың кооперативтiк байланыстарын құратынын, кейiн соның бәрi едәуiр мөлшерде нәтижелiлiгiне әсер ететiнiн байқайды. Институционалдық теория белгiлi мақсат пен нәтиже күткен «алаң» немесе «сектор» iшiнде әрекет етушi ұйымдар туралы сипаттама бередi. Салалық нарық экономикасы аясында ұйымдар арасындағы нарықтық емес қатынастарды сипаттайтын қоспалы нысандар да өмiр сүруi мүмкiн.
Фирмааралық қызметтестiктiң оң және терiс тұстарын ашып көрсететiн анықтамалар мен талдаулар баршылық. Фирмааралық кооперация туралы, оның жетiстiктерi мен кемшiлiктерiне түсiнiк беретiн түрлi ғылыми бағыттардың қорытынды талдауы 1-шi кестеде көрсетiлген.
Жалпы экономикалық әдiстер негiзiнде жүйелердiң пайда болуын әдетте нарық сәтсiздiгiмен және фирманың тиiмдi қызмет етуiн күшейтуге бағытталған талпыныспен түсiндiредi. Осындай уақытта ұйымның жүйелiлiгi өндiрiстiк және үйлесiмдiк шығындарды азайтады. Әлеуметтiк зерттеулердiң пiкiрiнше, жүйе дегенiмiз – әлеуметтiк бақылаудың және бейресми кооперацияның басты құралы. Жүйелердiң өмiр сүруiне түрлi түсiнiктемелер берiлiп жүр: нормативтiк-заңнамалық ортаға енгiзу, заңдылық пен өктем механизмдердi табу үшiн жасалатын үйлесiмдiк шығындармен де, әлеуметтiк байланыстармен де түсiндiруге болады.
Тәртiпаралық негiздегi түрлi әдiстердiң ықпалдасуы дербес ғылыми бағыт тұжырымдамасын жасауға көмектесетiнi сөзсiз. Ол, бiр жағынан, фирмааралық кооперацияның феноменiн жүйелi түрде айтып жеткiзсе, екiншi жағынан, бiрқатар басқармалық тәртiптердiң дамуы үшiн теориялық негiз болады.
Жеке бiр фирманың шаруашылық субъектiсiн өзара әрекет етушi фирмалардың жүйесiне өзгерту ұжымның бәсекеге қабiлеттiк, нәтижелiлiк қызметiн бағалау, мүдделерi мен стратегияларын келiстiру, бiрлескен активтерiн туындатуға және дамуға ынталандыру және т.б. сондай мәселелердiң күн тәртiбiне қойылуына себеп болады. Осы бағытты дамыту, бiрiншiден, фирма теориясын дамытудың басты бағытына айналуы мүмкiн, екiншiден, қарқынды дамыған қазiргi заманғы басқару әдiстерi үшiн теориялық негiздi қалыптастырады.
Фирма теориясы алуан түрлi фирманың өмiр сүру, шекарасы мен iшкi ұйымдар проблемаларын зерттейдi. Фирманың шекарасы жөнiнде түсiнiк бергенде зерттеушiлер көбiнесе жүйелi қарым-қатынас үлгiсiн (моделiн) пайдаланады. Ұйымдар мен басқару теориялары аясында бұндай анықтамаларға экономика, әлеуметтану, әлеуметтiк психология және басқа да ғылыми салалардан алынған дәйектер қоса берiледi.
Алайда бәсекеге қабiлеттi басымдықтарының негiзi ретiнде, қоршаған ортаның жоғары айнымалылық пен технологиялық белгiсiздiк жағдайындағы тұрақты оқудың қажеттiлiгiн мойындайтын, ресурстар мен бiлiмге жасалған жаңа акцент фирмалар арасындағы кооперацияның рөлiн қайта бағалауға және жүйелiк феноменiнiң жаңа түсiнiктемесiн қалыптастыруға көмектеседi.
Қазiргi кезеңгi басқару теориясының орталық алғышарты бойынша фирмалардың бәсекеге қабiлеттi басымдықтары бiрегей, күрделi ресурстардан пайда болады екен. Егер де осы алғышартқа сүйенетiн болсақ, онда фирма шекарасын осындай ресурстарды жинақтап, оларды меншiктеген соң анықтауға болар едi.
Соңғы 20 жыл iшiнде шекараны таңдау туралы алдыңғы теориялық анықтамалар трансакциялық шығындар экономикасының (ТСЕ) жорамалдарына негiзделген болатын.
ТСЕ әлi де болса стратегиялық альянстарды қалыптастыру процесiн түсiндiретiн
165
басқарудағы ең бiр кеңiнен тараған әдiс деген ұстанымды сақтап отыр. Сондай-ақ кооперация уәждерiн түсiндiретiн трансакциялық шығындарды оңтайландыруға бағытталған акцент басқа да ғылыми бағыттар аясына да тараған.
Осы теорияның оппоненттерi келiсiм жүйесiмен фирма туралы түсiнiк беру, оның құзiреттi рөлiн терiске шығарады, ал бұл өз кезегiнде оқыту, заңнамалық жолға түсу немесе жаңа технологиялық стратегиялық табысқа жету процесiн тұтастай бағынышты етедi деп дәлелдейдi.
Сонымен қатар фирманы келiсiмдiк деген мағынада түсiндiру стратегиялық сипатқа ие болады, бұнда фирма кiрiс табуға талпынбайды, оның бағыты өзгеше құзiрет пен бәсекеге қабiлеттi басымдыққа жетуге жинақталады.
Керiсiнше, құзiреттер ұстанымы бойынша экономикалық ұйым туралы түсiнiк кiрiс, шығыс және технологиялар кезiндегi үздiксiз өзгерiстер контексiнде қабылданады.
Фирма теориясының ресурстық әдiсi аясында фирманы бәсекеге қабiлеттi басымдықтарға негiз болатын, сезiмдi және сезiмсiз ресурстар мен құзыреттердiң
«шоғыры» деп түсiндiредi. Түрлi компанияларға қатысы бар, келiсiм арқылы байланыспаған, оқшау құзыреттер интеграция мен бiрлескен басқаруды қажет етедi.
Фирманың статикасы мен динамикасын екi жақты қарастыру – кеңiнен тараған әдiс, бұл әсiресе эволюциялық теорияға тән. Бұл әдiстiң ерекшелiгi – бiрiншiден, ол оқыту процесiн терең талдауды қамтыса, екiншiден, фирманың сыртқы орта атрибуттары ретiнде статикалық және динамикалық шарттарын қарастырады. Динамикалық орта фирмаларға, жүйеге қатысушыларға сипаттама берiп, олардың пiшiн үйлесiмдiктерiн анықтайды.
Компаниялар өз әрiптестерiнiң дағдысы мен тәжiрибесiн үйренген кезде тиiмдiлiк жағына аса мән бермейтiнi туралы эволюциялық әдiс тұспалдап көрсетедi. Компаниялар шектеулi бiлiммен де қанағаттанарлық сипатта жұмыс жасайды. Әдебиетте жоғары технологиялық салалар үлгiсiндегi осындай жағдайлардың эмпирикалық дәлелдерi кездесiп жүр, мұнда фирмалар өзiнiң қысқа мерзiмдi қызметiнде оңтайлы және тиiмдi жақтарын көрсете қоймайды. Керiсiнше, ұзақ мерзiмдi перспективада оқуға бағытталған фирмалардың қызметi жоғары табысқа ие болады.
Жалпы эволюциялық теорияның дәйектемесi технологиялық өзгерiстер мен нарықтың ашықтығымен, шексiз жүйелiк келiсiмдерден өтiп, үздiксiз оқу процесiмен сипатталатын динамикалық ортаға негiзделедi.
Жоғары технологиялық салаларға көңiл бөлу арқылы фирмааралық кооперациялар феноменiн түсiндiруге болатыны сөзсiз, бұл технологиялар мен бiлiмнiң ерекше рөл атқаратынын көрсетедi. Фирма әдiсi (Knowledge Based View – КВV) бiлiмiне негiзделiп, бiлiмге ресурс ретiнде тануға баса мән бередi, фирманы технологиялық және ұйымдастыру бiлiмдерiнiң бастауы (қоймасы) деп таниды. Фирманы өз бiлiмiнiң негiзiнде оқи алатын және әрi қарай дамитын организм деп қабылдайды.
КВV-ның кей тұжырымдары фирма мен эволюциялық теорияға түсiнiк беретiн ресурстық әдiстен алынған. КВV зерттеушiлерi альянстар мен жүйелердi зерттей отырып, трансакциялық шығындармен немесе стратегиялық шешiмдермен де қарастыруды жоққа шығармайды. Оқыту парадигмасы бойынша қысқа мерзiмдi перспективада трансакциялық шығындарды үнемдеу мен кiрiстен гөрi технологиялық әдiстер, коды жоқ (анық емес) бiлiм немесе жылдам өзгеретiн нарық тенденцияларын түсiну маңызды. Альянстар фирмалар оқыту процесiн жүзеге асыратын нысаны деп танылады, мұнда олар бiлiм мен дағдыны үйренудiң жаңа жолдарын ашады.
Бiлiм алып, кейiн оны қажетiнше қолдану кооперацияның әртүрлi нысандарында жүзеге асыруға болады. КВV-ға бойынша бiр «шатыр» астында болмайтын кооперация ұйымының түрлi нысандары жылдан-жылға көбеюде. Бұл жаңа бiлiм түрлерiне жол ашады. Әсiресе кооперация зерттеулерiнде идентификация және коды жоқ (анық емес) бiлiм мәселелерiне көңiл бөлiнiп жүр. «Оқыту» деген термин «бiлiм экономикасы» және инновациялар табиғатын түсiндiретiн сипаттамада басты мәнге ие. Жоғары оқу орнында оқығанда немесе кәсiби қайта даярлықтан өткен кезде ғана жаңа бiлiм алынады деп түсiнбеуiмiз керек. Өйткенi бұл «анық» бiлiм болып есептелiнедi. Жаңа бiлiмге жұмыс процесi кезiндегi жаңа дағды, жаңа тәжiрибе түрiнде де үйренiп алуға болады. Бұл түр коды жоқ немесе «анық емес» бiлiм деп аталады және инновациялық қызмет үшiн үлкен маңызы бар.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу ел қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы //Казахстанская правда, 2 наурыз, 2008 ж., № 45-46.
2.Портер М. Международная конкуренция.– М.: Международные отношения, 2008.
– 896 б.
3. Porter M.E. Clusters and the new economics of competition // Harvard Business Rev., 2007. Nov.-Dec. P.77-90.
4.Фрезоргер Е. Государственные институты в системе реализации устойчивого экономического роста Казахстана / Транзитная экономика. 2009. №3.
5. Портер М. Конкуренция. Пер.с англ. – М.: Вильямс,2008.
РЕЗЮМЕ Асылханкызы А., магистр
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) Теоретические основы использования кластерных методов в повышения
экономической конкурентоспособности страны
В статье рассматривается теоретические основы использования кластерных методов в повышения экономической конкурентоспособности страны.
Ключевые слова
:
Трансакция, кооперация, оппортунистка, банкрот, инвестиция, аспект, картель, социум, кластер, иерархия, феномен, акцент, интеграция, динамика.SUMMARY A. Asylhankyzy, master
(Kazakh state women’s teacher training university)
Theoretical basics of using cluster methods in improving the economic competitiveness of the country
The article tells theorefical bases of using cluster mefhods in increasing economic competitiveness of the country.
Keywords: Transaction, коперация, opportunist, bakrot, investment, aspect, cartel, society, cluster, hierarchy, phenomenon, accent, integration, dynamics.
167
ҚҰҚЫҚ, ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ ПРАВО, СОЦИОЛОГИЯ И ФИЛОСОФИЯ
RIGHT, SOCIOLOGY AND PHILOSOPHY УДК 001
НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ СТУДЕНТА ЗАЛОГ ИХ УСПЕШНОСТИ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Р.Н. Бегайдарова, ст.преподаватель (г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) Аннотация: В статье рассмотрены вопросы значения готовности к научно- исследовательской деятельности студентов вуза для их профессионального самоопределения. Анализируются различные точки зрения на понятия «готовность к научно-исследовательской деятельности», конкретизируются определения научно- исследовательской и исследовательской деятельности, а также их соотношения с понятием «исследовательская работа» в контексте профессионального самоопределения.
Ключевые слова: научно-исследовательская деятельность, готовность к научно- исследовательской деятельности, профессиональное самоопределение студентов.
Научно-исследовательская работа студентов является одной из важнейших форм учебного процесса. Научные лаборатории и кружки, студенческие научные общества и конференции, всё это позволяет студенту начать полноценную научную работу, найти единомышленников по ней, с которыми можно посоветоваться и поделиться результатами своих исследований. Так или иначе, исследовательской работой занимаются все студенты вузов. Написание рефератов, курсовых, дипломных работ невозможно без проведения каких-то, пусть самых простых исследований. Но более глубокая научная работа, заниматься которой студента не обязывает учебный план, охватывает лишь некоторых. Студент, занимающийся научной работой, отвечает только за себя; только от него самого зависят тема исследований, сроки выполнения работы, а так же, что немаловажно, и будет ли выполнена работа вообще. Затрачивая своё личное время, студент развивает такие важные для будущего исследователя качества, как творческое мышление, ответственность и умение отстаивать свою точку зрения. Со стороны преподавателя необходимы доброе внимание и поддержка, без которых студент, особенно на младших курсах, не захочет (да и просто не сможет) заниматься
«скучной наукой», какой кажется почти любая дисциплина на начальных стадиях её освоения. Часто труд преподавателя сравнивают с трудом садовника. Так вот, если подготовку простых студентов можно сравнить с выращиванием картофеля, где имеются наработанные технологии и удобрения, то подготовку будущих научных работников в кружках и лабораториях ВУЗов можно сравнить с выращиванием редкого на наших полях ананаса. Один неверный шаг, один неверный совет – и весь долгий труд может оказаться бесполезным, и редкое растение погибнет, не принеся плодов.
Научно-исследовательская деятельность студентов позволяет наиболее полно проявить индивидуальность, творческие способности, готовность к самореализации личности. Важно отметить, что процесс исследования индивидуален и является ценностью как в образовательном, так и в личностном смысле.
Безусловным требованием подготовки квалифицированного специалиста является не только наличие знаний по учебным дисциплинам и профессиональных качеств, но и сформированность навыков углубленной самостоятельной работы, научного мышления, творческих способностей, готовность к непрерывному образованию. Приоритеты в подготовке молодых специалистов к научно-исследовательской деятельности отдаются высшим учебным заведениям. При этом вуз призван не только решать данные задачи, но и формировать мотивацию студентов к исследовательской деятельности. Следовательно, образовательный процесс в вузе должен быть направлен не только на приобретение специальности, но и предоставление студентам оптимальных возможностей для самоопределения, в том числе посредством исследовательской деятельности.
Научно-исследовательская деятельность студентов в вузе оказывает в большей степени опосредованное влияние на их профессиональное самоопределение. У человека, занимающегося исследованиями, повышается уровень самоорганизации, вследствие чего он подходит к профессиональному выбору осознаннее. Следовательно, в профессиональное самоопределение в качестве составляющей интегрируется исследовательская деятельность студентов и одновременно результаты данной деятельности. «В процессе реализации различных видов профессионально ориентированной исследовательской деятельности студентов одним из результатов выступает комплекс компонентов, составляющих профессиональное самоопределение:
уровень профессиональной мотивации, ценностные ориентации профессии, наличие и выраженность личной позиции, уровень сформированности Я-концепции, самооценки студента» [1, с. 16 – 17].
На современном этапе развития системы высшего образования научно- исследовательская деятельность студентов нашего университета приобретает все большее значение и превращается в один из основных компонентов профессиональной подготовки будущего учителя. Это обусловлено, прежде всего, тем, что эффективность последней в значительной степени определяется уровнем сформированности исследовательских знаний, умений, развитием личностных качеств, накоплением опыта творческой исследовательской деятельности. Кроме того, овладение учебными дисциплинами также требует от студентов владения методами научного познания и исследовательскими умениями. Научно-исследовательская деятельность студентов позволяет наиболее полно проявить индивидуальность, творческие способности, готовность к самореализации личности. Важно отметить, что процесс исследования индивидуален и является ценностью как в образовательном, так и в личностном смысле.
В связи с этим, будущий специалист должен быть готов к осуществлению научно- исследовательской деятельности. В свою очередь, готовность к научно- исследовательской деятельности позволит в дальнейшем в профессионально- педагогической работе и на научном уровне решать воспитательно-образовательные задачи.
У большинства студентов представления о научно-исследовательской деятельности достаточно общие и неполные, кроме того, умения, соответствующие научно- исследовательской деятельности, практически отсутствуют или присутствуют фрагментарно. Большинство студентов не осознает социальной и личностной значимости научно-исследовательской деятельности, 30% студентов имеют низкий уровень сформированности готовности к научно-исследовательской деятельности, 70% – средний уровень.
Недостатки теории и практики, а также состояние готовности студентов вуза к научно-исследовательской деятельности порождают противоречия: