Candidate of Economic Sciences, Associate Professor, Narxoz University,
Almaty, The Republic of Kazakhstan
THE CONTENT AND DIRECTION OF THE EVOLUTIONARY DEVELOPMENT OF ENTREPRENEURSHIP
Abstract
Purpose – To reveal the contents of entrepreneurship and explore directions of development of the theory of entrepreneurship in the context of scientific research.
Methodology – This paper used such methods as theoretical systematization, comparative evaluation and methods of induction.
The originality / value – The article considers the directions of evolutionary development of entrepreneurship starting with the formation of the concept of entrepreneurship until today.
Findings – The revelation of the meaning and content of entrepreneurship, the formation and condition of entrepreneurship are examining for more than 3 centuries. The development of the theory of entrepreneurship has following four main areas:
Representatives of the first direction R. Cantillon, I. Thunen, F. Knight gave justification that risks associated with unexpected emergency situations it is fact that they are an important part of the business.
The initiators of the second direction, Jean-Batiste Say and A. Marshall explored the macro-and micro- entrepreneurship.
The third founder J. Schumpeter determined that important source of economic development is entrepreneurship.
The representatives of the fourth direction P. Drucker, B. Karloff, B. Santo considered entrepreneurship associated with innovative management.
All stages of development entrepreneurship starting with the formation of the concept of entrepreneurship until today have following signs: risk, innovation, responsibility for property, making profit, proactive activity.
Key words – New idea, resources, risk, capital, factors of production, profit, responsibility, initiative personal activity.
УДК 334.7
Р. Қ. Елшібаев,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Нархоз Университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – кəсіпкерліктің мазмұнын ашу жəне кəсіпкерлік теориясының даму бағыт- тарын ғылыми тұрғыда зерттеу.
Әдіснама – ғылыми мақалада теориялық жүйелеу, салыстырмалы бағалау, индукция əдістері қолданылды.
Түпнұсқалық / құндылық – мақалада кəсіпкерлік ұғымының пайда болуынан бастап қазіргі кезге дейінгі қалыптасу жəне эволюциялық даму бағыттары қарастырылған.
Қорытынды – кəсіпкерліктің мазмұны мен маңызын ашу, оның қалыптасу жəне даму жағдайын зерттеуге экономика ғылымы 3 ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Кəсіпкерлік теориясының дамуында мынадай төрт негізгі бағыт бөліп көрсетіледі:
Бірінші бағыттың өкілдері Р. Кантильон, И. Тюнен жəн Ф. Найт күтпеген төтенше жағдайлармен байланысты тəуекел кəсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығына негіздеме берген.
Екінші бағыттың бастамашылары – Ж.Б. Сэй мен А. Маршалл кəсіпкерлікті макро жəне микро деңгейде зерттеген.
Үшінші бағыттың негізін қалаушы Й. Шумпетер экономиканы дамытудың маңызды қайнар көзі кəсіпкерлік болып табылатындығын анықтаған.
Төртінші бағыттың өкілдері П. Друкер, Б. Карлофф, Б. Санто кəсіпкерлікті инновациялық менед- жментпен байланысты қарастырған.
Кəсіпкерлік ұғымының пайда болуынан бастап қазіргі кезге дейінгі барлық даму кезеңдеріне тəн мынадай белгілерді бөліп көрсетуге болады: тəуекел, инновация жəне жаңашылдық, мүліктік жауап- кершілік, табыс табу, бастамашылық қызмет.
Түйін сөздер – жаңа идея, ресурс, тəуекел, капитал, өндіріс факторы, пайда, жауапкершілік, дербес бастамашылық қызмет.
Кез келген мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кəсіпкерлік қызмет жəне оның субъектілері, яғни кəсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кəсіпкерліктің мазмұны мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде «кəсіпкерлік»
түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кəсіпкерліктің мəні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді.
Кəсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII ғ. – XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кəсіпкер – ол тəуекел жағдайында іс-əрекетін жүзеге асыратын адам.Кəсіпкер тек стандартты жағдайда ғана емес, сондай-ақ инновация кезінде де қабылданатын шешімдер үшін барлық жауапкершілікті толықтай өзіне алу, тəуекелге бара білу сияқты ерек- ше қабілеттерді иеленетін субъект. Кəсіпкер өндірісте де жақсы жетістікке жетуі мүмкін, бірақ айналымдағы капиталдың меншік иесі болуы міндетті емес, ал өндірістегі кəсіпкерлерге қажетті өндіріс құралдарын иелене отырып табыс табу мақсатында сатуға арналған өнімдер өндіретіндерді жатқызған.
Ағылшынның экономист ғалымы А. Смиттің (1723-1790) пікірінше, кəсіпкер – капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру жəне пайда табу үшін тəуекелге баруы. Кəсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады, оның нəтижелеріне иелік етеді.
Кейінірек атақты француз экономисі Ж. Б. Сэй (1767-1832) кəсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни, жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нəтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кəсіпкерді тəуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандайда бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Сондықтан да кəсіпкердің негізгі функциясы ретінде пайда табуды емес, ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды атаған. Ж.Б. Сэйдің пікірінше, кəсіпкердің табысы – оның өндірісті ұйымдастыру мен өнім өткізу қабілеті, жасаған еңбегі үшін алатын сыйақысы.
Француз экономисі А. Маршалл (1907-1968) жоғарыда атап өткен үш өндіріс факторына (жер, ка- питал, еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.
Американдық экономист Дж.Б. Кларктың (1847-1938) пікірінше, өндірістік үрдіске тұрақты түрде төрт фактор қатысады: 1) капитал; 2) капиталдық игіліктер – өндіріс құралдары жəне жер; 3) кəсіпкердің қызметі (іс-əрекеті); 4) жұмысшының еңбегі. Бұл факторлардың əрқайсысына өндірістік түсімнің өзіндік үлесі тəн. Атап айтсақ, капитал капиталиске пайыз, капиталдық игіліктер – рента, кəсіпкерлік қызмет – пайда түрінде табыс əкелсе, жұмысшының еңбегі оны жалақымен қамтамасыз етеді [1].
Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер (1883-1950) кəсіпкер түсінігін «новатор» ретінде си- паттайды. Атап айтатын болсақ, кəсіпкер – бұл жаңа технологияларды əзірлейтін новатор. Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді жəне олардың қозғалысы өз кезе- гінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклының жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, кəсіпкердің функциясы – экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуын- да маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің мынадай бес түрін бөліп көрсетті:
1) жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды жаңа сапада жасау;
2) жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа əдістерін енгізу не болмаса сəйкес игілік- терді коммерциялық пайдаланудың жаңа тəсілін ойлап табу;
3) жаңа өткізу нарықтарын ашу;
4) шикізаттың жаңа көзін немесе түрін пайдалану;
5) кəсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын енгізу.
Ағылшын экономисі, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1974 ж.) Фридрих фон Хайектің (1899-1984) пікірінше, кəсіпкерлік – бұл қызмет түрі емес, іс-əрекет сипаттамасы, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу жəне зерттеу [2, 3].
Экономикалық ілімдер тарихын зерттеу көрсеткендей, кəсіпкерлік теориясының дамуында төрт негізгі бағыт бөліп көрсетіледі [4].
Бірінші бағыт. Оның көрнекті өкілдері Р. Кантильон, И. Тюнен жəн Ф. Найт күтпеген төтенше жағдайлармен байланысты тəуекел кəсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығына негіздеме берген. Тəуекел жағдайында өздерінің жетістікке жету мүмкіндіктерін іске асыра білу қабілеттерін иеленетін кəсіпкерлер мұндай қабілеттері жоқ бизнесмендермен салыстырғанда жоғары пайда ала алады.
Екінші бағыттың бастамашылары – Ж.Б. Сэй мен А. Маршалл. Жоғарыда айтып өткеніміздей Ж.Б.
Сэй кəсіпкерліктің мəнін өндіріс факторларының (жер, еңбек, капитал) ұтымды үйлесуімен байланыс- ты қарастырады. Ол кəсіпкерлікті макроэкономика деңгейінде зерттеген. Ал А. Маршалл кəсіпкерлік теориясын зерттей келе, жоғарыда аталған өндіріс факторларын өндірісті ұйымдастырумен байланыс- тыра отырып үйлестіруді микродеңгейде қарастырған.
Екінші бағыттың логикалық жалғасы ретінде кəсіпкерлік теориясын дамытқан Й. Шумпетер бол- ды. Ол үшінші бағытың негізін қалаушы болып табылады. Й. Шумпетер экономиканы дамытудың маңызды қайнар көзі – кəсіпкерлік болып табылатындығын анықтаған. Оның еңбегі – ерекше сападағы еңбек, яғни өндіріс факторларының жай ғана үйлесуі емес, жаңа комбинацияларды іске асыру деп есептеген. Мұндай жағдайда кəсіпкер лауазым да емес кəсіп те емес. Егер шаруашылық қызметтің кез келген субъектісі жаңа комбинацияны жүзеге асырса кəсіпкерлік болып табылады, ал əдеттегі режимде жұмыс істеуге көшкен кезде сəйкесінше кəсіпкерлік болуын тоқтатады. Осы аталғандарды негізге алсақ, Й. Шумпетердің пікірінше кəсіпкерлік оның жаңашылдығымен (инновациялылығымен) сипатталады.
Кəсіпкерлік теориясының қалыптасуы мен дамуындағы төртінші бағыттың да маңызы жоғары.
Оның өкілдері П. Друкер, Б. Карлофф, Б. Санто кəсіпкерлікті инновациялық менеджментпен байла- ныстырады.
П.Друкер «кəсіпкерлік кəсіпорын», «кəсіпкерлік қоғам», «кəсіпкерлік басқару» түсініктерін эко- номика ғылымы мен шаруашылық тəжірибесіне енгізген. Қазіргі жағдайда бəсекелік артықшылыққа, көбінесе, жаңашылдыққа тұрақты түрде бағдарланудың арқасында қол жеткізіледі, ал жұмыс жасап тұрған фирмалардың басқарушылары басқарудың кəсіпкерлік типіне өте отырып тиімді кəсіпкерлер болуы қажет деген тұжырымды негіздеген. Сонымен, П. Друкер кəсіпкерлікті технологиялардың өзгеруімен байланыстырылған инновациялық кəсіпкерлік үрдіс ретінде қарастырған. Осыған байла- нысты ол кəсіпкерлік қоғамды қалыптастыру туралы идеяны ұсынған, ал мұндай қоғамда кəсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болар еді, – деп есептейді.
Б. Карлофф кəсіпкерлікке компанияны жəне капиталды иеленуді, бизнесті басқаруды жатқызбайды.
Оның түсінігінде, кəсіпкерліктің мəні бизнесті жүргізуге арналған мүмкіншіліктерді айқындау мен жүзеге асыру, əлеуетті пайданы бағалау, ресурстарды ұтымды бөлу қабілеттерімен сипатталады. Оның
пікірінше, кəсіпкерлік үрдісі қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа, едəуір тиімді тəсілдерін табу болып табылады.
Б. Сантоның қазіргі кездегі философиясы – бұл жаңа идеялардың философиясы. Кəсіпкерліктің негізгі функциясы нəтижелерді болжау болып табылады. Нəтижені алдын ала көре білу жəне оны- мен байланысты соңғы нəтиженің мотивациясы ретінде кəсіпкерлік бастаманы қарастырады. Б. Сан- то фирманың даму стратегиясын қалыптастыратын инновациялық менеджерді кəсіпкер деп есепте- ген. Осы стратегияны іске асыру үшін инновациялық менеджер фирманың қаржылық, материалдық, коммерциялық, əкімшілік, əсіресе, адами əлеуетін жұмылдырады [5].
Кəсіпкерлікті зерттеуге ресейлік жəне қазақстандық ғалымдар да өзіндік үлес қосқан. Сондықтан бірқатар ғалымдардың пікірлеріне қысқаша тоқталайық.
Ресейлік ғалым В.Я. Горфинкельдің анықтамасы бойынша «кəсіпкерлік – жеке тұлғалардың, кəсіпорындар мен ұйымдардың өнім өндіру, қызмет көрсету немесе тауарларды сату мен сатып алу, қызығушылық танытқан тұлғаларға, кəсіпорындар мен ұйымдарға өзара тиімді негізде басқа тауарға немесе ақшаға айырбастауды жүзеге асыратын қызмет» [6].
Тағы бір ресейлік ғалым В.Е. Савченконың пікірінше, «кəсіпкерлік – өндірістің ерекше инновациялық нысаны. Ол сəйкес əлеуметтік-экономикалық жағдайда басымдыққа ие болады, сондықтан да бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріске қажетті динамиканы қамтамасыз етеді. Ал кəсіпкер – бұл болашақта қосымша табыс алу үшін бастамашылық жəне инновациялық негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпастан тəуекелге баруға қабілетті жəне басқа өндіріс факторла- рын ерекше түрде біріктіретін субъективті ұдайы өндіріс факторы [7].
А.В. Бусыгин кəсіпкерлікке мынадай анықтама берген: «Кəсіпкерлік – бұл дербес бастамаға, жауапкершілік пен инновациялық кəсіпкерлік идеяға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі [8].
«Нарықтық кəсіпкерлік» кітабында кəсіпкерлікке мынадай сипаттама берілген: «жеке пайда мен қоғамдық пайданы үйлестіру негізінде пайда табу мақсатында қаражат салымын жасаумен байланысты қызмет».
«Кəсіпкерлік энциклопедиясында» кəсіпкерлікті былайша сипаттайды: «Кəсіпкерлік – заңды тұлғаның атынан жəне заңдық жауапкершілігімен немесе азаматтардың өз атынан, өзінің тəуекелімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын пайда табуға бағытталған дербес бастамашылық қызметі» [9].
«Қазіргі заманғы (заманауи) экономикалық сөздікте» кəсіпкерлік деп азаматтардың, жеке жəне заңды тұлғалардың тəуекелге бара отырып өзінің жауапкершілігімен өз атынан жүзеге асырылатын, мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден пайда табу арқылы жүйелі түрде табыс алып отыруға бағытталған бастамашыл, дербес қызметін айтады [10].
Е.Е. Румянцевтің «Жаңа экономикалық энциклопедиясында» кəсіпкерлікті «инновацияларды қолдана отырып дербес жəне тəуелсіз негізде бизнес жүргізу тəсілі» ретінде қарастырады [11].
Қазақстандағы кəсіпкерлікті зерттеуші белгілі ғалымдардың бірі Қ.О. Оқаевтың жетекшілігі- мен авторлық ұжым дайындаған «Қазақстан Республикасындағы кəсіпкерлік» деп аталатын оқу құралында кəсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: «Кəсіпкерлік – шаруашылық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нəтижелер мен табыс табу мақсатында меншікті, қарыздық жəне басқа да қаражаттар мен мүліктер есебінен тəуекелге бара отырып іске асырылатын бастамашылық шаруашылық қызмет» [12]. Кəсіпкерлікті мынадай төрт кезеңнен тұратын үрдіс ретінде қарастыруға болады:
1) жаңа идеяны іздеу жəне бағалау;
2) бизнес-жоспар жасау;
3) қажетті ресурстарды іздеу;
4) құрылған кəсіпорынды басқару.
Жоғарыдан аталған кезеңдер логикалық жүйелілікпен құрылған жəне бір-бірімен өзара байла- нысты.
Кəсіпкердің тұрақты ізденісі нəтижесінде қандай да бір идея пайда болады. Осыған байланысты бірінші кезеңде жаңа идеяны бағалау іске асырылады. Яғни, оның өмірдегі қажеттілігімен байланыс- ты факторларды айқындау, сондай-ақ жаңа өнімнің қандай уақыт кезеңі ішінде сұраныспен пайда- ланылатынын жəне оның ұзақтылығын бағалау; идеяның өзекті жəне əлеуетті құндылығын бағалау;
болашақ кəсіпорынның мүмкін болатын табыстары мен басқа да пайдаларын болжау жəне тəуекелді бағалау; жаңа идея кəсіпкердің жеке қасиеттері мен мүддесіне қаншалықты сəйкес келетіндігін бағалау;
бəсекелестердің өнімімен салыстырғанда жаңа өнімнің артықшылықтарын бағалау қарастырылады.
Кəсіпкерлік үрдістің екінші кезеңі оның ең күрделі құрамдас бөлігі болып табылады. Оған биз- нес-жоспарды жасау əдістемесін жатқызуға болады. Ол нарық сегментін, оның мөлшері мен негіз- гі сипаттамасын; маркетинг жоспарын; өндіріс жоспарын; қаржылық жоспарды жəне тағы басқа да мəселелерді қамтиды. Жақсы дайындалған бизнес-жоспар идеяны нəтижеге дейін жеткізу құралы ғана емес, сондай-ақ қажетті ресурстарды нақты бағалау жəне қайтадан құрылған кəсіпорынды басқару стратегиясын дұрыс таңдау құжаты да болып табылады.
Үшінші кезеңде идеяны іске асыруға қажетті ресурстарды табу мəселесі қарастырылады. Ең бас- тысы – ол үшін не талап етілетіндігін тура бағалау; бірінші кезектегі мəселені екінші кезектегіден ажырата білу; қажеттілікті төмендетпеу жəне шығындардың қандай да бір маңызды баптарын жіберіп алмау қарастырылады. Сонымен қатар ресурстардың қайсыбір түрінің жеткіліксіз көлемде болуымен байланысты теріс салдарларды да бағалау қажет.
Құрылған кəсіпорынды басқару – кəсіпкерлік үрдістің төртінші кезеңі. Ол жетістікке жетудің не- гізгі факторларын айқындаудан, ұйымдық құрылымды құрудан, басшылық жасаудың белгілі бір стилін əзірлеуден, сондай-ақ əлсіз жерлерді анықтау жəне бақылау жүйесінің көмегімен оларды болдырмаудан тұрады.
Қазақстандық ғалым А.Н. Тоқсанованың пікірінше, «Кəсіпкерлік – бұл жаңа кəсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дəрежеде тəуекелі бар құрылған кəсіпорынмен байланысты инновациялық қызмет.
Кəсіпкерлікті, көбінесе, жаңа бизнестің басталуымен ғана байланыстырады. Шын мəнінде кəсіпкерлік қызмет ауқымы əлдеқайда кең деп есептейді [13].
Кəсіпкерлікті жоғарыда аталған ғалымдардан басқа да көптеген экономист-ғалымдар əр түрлі аспектіде қарастырған. Зерттеушілердің бір тобы кəсіпкерлікті «шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет ету, нарық субъек- тілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) арқылы қанағаттандыру жəне пайда табу мақсатындағы іс-əрекет» ретінде қарастырса, тағы бір тобыкəсіпкерлікті«меншік иелерінің инновациялық іс-əрекетіне негізділген, жаңа идеяларды табу жəне оларды қолдану, сондай-ақ, нақты кəсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі» ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде кəсіпкерлік ұғымына мынадай анықтама берілген: «Азаматтардың, оралмандардың жəне заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарлар- ды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кəсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кəсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кəсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі» [14].
Ал, Азаматтық кодекске сəйкес: «Кəсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған (жеке кəсіпкерлікке не мемлекеттік кəсіпкерлікке негізделген) ынталы қызметі» [15].
Сонымен жүргізілген зерттеулер негізінде кəсіпкерлік ұғымының пайда болуынан бастап қазіргі кезге дейінгі барлық даму кезеңдеріне тəн мынадай белгілерді бөліп көрсетуге болады: тəуекел, ин- новация жəне жаңашылдық, мүліктік жауапкершілік, табыс табу, бастамашылық қызмет. Яғни, кез келген кəсіпкерлік қызмет тəуекелмен байланысты, тəуекелсіз кəсіпкерлікті жүзеге асыру мүмкін емес.
Кəсіпкерлік жаңа идеялардың туындауынан бастап, оны іске асырып, пайда табуға дейінгі кезеңдерді қамтитын болғандықтан инновация мен жаңашылдық міндетті түрде болуы қажет. Конституцияда атап көрсетілгендей, əркімнің кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызмет
үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Міне осы тұрғыдан алғанда белгілі бір мүліктік жауапкершіліктің болуы міндетті. Мұның барлығы табыс табу мақсатын көздейтіндігі белгілі. Демек, кəсіпкер пайда табу мақсатында қандай да бір жаңа идеяны іске асыру үшін өзінің қаражатын салады, осы арқылы ол тəуекелге барады жəне өз мүлкін пайдаланады. Бұл əрекеттердің барлығы да ерікті, бастамашылық қызмет түрінде іске асады.
Еліміз егемендігін алғаннан бастап кəсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы мақсатта кəсіпкерлікті қолдауға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Осыған қарамастан кəсіпкерліктің даму қарқыны мен жалпы ішкі өнімдегі үлесі жоғары емес. Мұны ресми статистикалық мəліметтерден анық байқауға болады. Соңғы жылдардағы мəліметтерге сүйенсек, 2015 жылы шағын жəне орта кəсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 25,6%-ды құраған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, шағын жəне орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесі Кеден одағы елдерінде 20-25% құраса, еуропалық одақ елдерінде 2-3 есеге жоғары (50-60%). Бұл елімізде шағын жəне орта кəсіпкерлікті ұйымдастыру, басқару, дамыту, өнімділігін жоғарылату мəселелерін жетілдіруге көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.
Кəсіпкерлікті, соның ішінде шағын жəне орта кəсіпкерлікті (ШОК) дамыту мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Дегенмен, шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму динамикасы жəне негізгі көрсеткіштері айтарлықтай жоғары емес екендігін атап өту қажет. Соңғы 5 жыл ішіндегі шағын жəне орта кəсіпкерліктің саны, ондағы жұмыспен қамтылғандар жəне өндірілген өнім көлемі бойынша мəліметтерді төмендегі кестеден көруге болады (1-кесте).
1-кесте – Шағын жəне орта кəсіпкерліктің 2010-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштері
Рет № Көрсеткіштер Жылдар 2014жыл 2010жыл-ға
%-бен
2010 2011 2012 2013 2014
1 Тіркелген ШОК субъектілерінің саны,
бірлік 1196 725 1383727 1399787 1535983 1655386 138,3
2 Белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік
661598 846 111 809 750 888233 926 844 140,1 3 ШОК-та жұмыспен қамтылғандар
саны, адам 2630580 2427 135 2383 338 2576902 2 810962 106,9
4 ШОК субъектілерінде өндірілген
өнім көлемі, млн.теңге 7275779 7603804 8255123 9165412 15568081 214 Ескерту: əдебиеттер негізінде автор құрастырған [16]
Бірінші кестеден көріп отырғанымыздай, 5 жыл ішінде тіркелген ШОК субъектілерінің саны 458661 бірлікке немесе 38,3%-ға өссе, белсенді шағын жəне орта кəсіпкерліктің саны 265246 бірлік- ке немесе 40,1%-ға өскен. Тіркелген жəне белсенді субъектілер арасындағы айырмашылық едəуір жоғары күйінде қалып отыр. 2010 жылы тіркелген субъектілердің жартысына жуығы 535127 бірлігі немесе 44,8% қызметін жүзеге асырмаса, 2014 жылы 728542 бірлігі немесе 44,1% жұмыс жасамаған.
Құрылымдық тұрғыда қарастырғанда 5 жыл ішінде тіркелген субъектілердің ішінде нақты жұмыс жасайтындарының үлесі бойынша өсім 1%-ға да жетпеген. Бұл қазіргі кездегі өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Сондықтан мұны ғылыми тұрғыда зерттеу жəне мемлекет тарапынан нақты іс-ша- ралар қабылдау қажет. Тіркелген жəне белсенді субъектілер арасындағы арақатынастың алшақтығы жұмыспен қамтуға, өндіріс көлеміне жəне жалпы ішкі өнімдегі үлесіне тікелей əсер ететіндігін атап өту қажет.
Республика бойынша белсенді шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің белсенді субъектілерінің үлес салмағы 2010 жылы 94,2% болса 2014 жылы 95,9%-ды құраған. Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің ішінде едəуір тиімді нысаны дара кəсіпкерлік болып табылады. Өйткені, 2010 жылы жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 661598 бол- са, соның ішінде 416085 бірлігі немесе 62,9% дара кəсіпкерлер құраса, 2014 жылы 926844 белсенді субъектінің 649759 бірлігі немесе 70,1% құраған. Бұл дара кəсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктерімен,
яғни оны ашудың жəне қызметін ұйымдастырудың қарапайымдылығымен сипатталады. Сонымен қатар жұмыспен қамтылғандардың ең көп бөлігі де осы дара кəсіпкерлікке тиесілі болып отыр. 2014 жылы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 2810962 адам болса, соның ішінде 1136050 адам немесе 40,4 % дара кəсіпкерлікте жұмыс жасаса, 849015 адам немесе 30,2 % шағын кəсіпорындарда, 516520 адам немесе 18,4% орта кəсіпорындарда, 309377 адам немесе 11% шаруа фермер қожалықтарында еңбек еткен. Ал, шағын жəне орта кəсіпкерлік субъек- тілерінде өндірілген өнім көлемі 2014 жылы 15568081млн. теңге болса, оның 8007342 млн. теңгесі (51,4%) шағын кəсіпорындарда, 5801985 млн. теңгесі (37,3%) орта кəсіпорындарда, 972670 млн.
теңгесі (6,2%) дара кəсіпкерлікте, 786084 млн. теңгесі (5,1%) шаруа қожалықтарында өндірілген [16].
Елімізде шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму динамикасын аймақтар мен қызмет түрлері бойын- ша саралаудың маңыздылығы жоғары. Экономика салаларындағы немесе қызмет түрлеріндегі санын келесі кестеден (2-кесте) көруге болады.
Екінші кестеде берілген мəліметтерден көріп отырғанымыздай, талдау жасалып отырған кезең ішінде ауыл, орман жəне балық шаруашылығынан басқа барлық салаларда белсенді кəсіпкерлік субъектілерінің саны өскен. Әсіресе, білім беру саласындағы кəсіпкерлік субъектілері 3831 бірлікке не- месе 2,8 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 58632 бірлікке немесе 2,4 есеге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 29667 бірлікке немесе 2 есеге ұлғайған. Мемлекеттің индустриалдық- инновациялық даму саясатына сəйкес өнеркəсіптегі кəсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
2-кесте – Экономикалық қызмет түрлері бойынша белсенді шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің саны, бірлік
Экономикалық қызмет
түрлері 2010ж. 2011ж. 2012ж. 2013ж. 2014ж. 2014 жыл
2010 жылға
%-бен
Барлығы 661 598 846 111 809 750 888 233 926 844 140,1
Ауыл, орман жəне балық
шаруашылығы 175 316 188 027 170 086 163 428 158 153 90,2
Өнеркəсіп 18 808 21 797 23 389 24 472 28 267 150,3
Құрылыс 19 157 21 062 20 912 22 792 26 062 136,0
Көтерме жəне бөлшек сау- да; автомобильдерді жəне
мотоциклдерді жөндеу 274 357 385 664 334 505 381 479 389 457 142,0
Көлік жəне қоймалау
39 905 51 445 51 918 58 763 62 313 156,2
Ақпарат жəне байланыс
5 469 6 876 8 221 9 259 10 261 187,6
Тұру жəне тамақтану бо-
йынша қызметтер 14 820 19 136 20 346 22 280 24 167 163,1
Жылжымайтын мүлікпен
жасалатын операциялар 29 474 40 414 48 078 54 459 59 141 2 есе
Кəсіби, ғылыми жəне техникалық қызмет
15 340 18 600 19 114 21 135 23 144 150,9
Әкімшілік жəне қосал- кы қызмет көрсету сала-
сындағы қызмет 16 593 20 161 20 943 23 468 25 184 151,8
Білім беру 2 108 2 696 4 001 5 022 5 939 2,8 есе
Денсаулық сақтау жəне
əлеуметтік қызметтер 3 309 3 957 4 500 5 034 5 509 166,5
Өнер, ойын-сауық жəне
демалыс 3 045 4 292 4 542 5 119 5 764 189,3
Өзге де қызметтер
түрлерін ұсыну 44 851 61 965 79 168 91 523 103 483 230,7
Ескерту: əдебиеттер негізінде автор құрастырған [16]
Жасалған есептеулерден байқағанымыздай соңғы 5 жыл ішінде өнеркəсіп саласындағы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері 9459 бірлікке немесе 50,3%-ға өскен. Соның ішінде өңдеу өнеркəсібіндегі кəсіпкерлік субъектілері 8860 бірлікке немесе 51,5 %-ға артып 26059 бірлікті құраған. Бұл өсім дара кəсіпкерліктің 9304 бірлікке немесе 88,2 %-ға өсуі есебінен болған. Осы саладағы жұмыс жасап тұрған шағын кəсіпорындар саны 23 бірлікке, орта кəсіпорындар 421 бірлік- ке азайған. Бірақ бұл мəліметтер өнеркəсіпте кəсіпкерліктің жоғары деңгейде дамып отырғандығын көрсетпейді. Шын мəнінде өнеркəсіптегі кəсіпкерліктің үлесі өте аз. Оны нақты сандармен көрсету үшін құрылымдық тұрғыда талдау жасау қажет.
Ресми статистикалық мəліметтерге сүйенсек, 2014 жылы шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің 40,4% – көтерме жəне бөлшек сауда; автомобильдерді жəне мотоциклдерді жөндеу саласында, 17,1% – ауыл, орман жəне балық шаруашылығында, 11,2% – өзге де қызметтер түрлерін ұсынуда жұмыс жасаса, өнеркəсіп саласындағы үлесі 3% ғана құрап отыр. Ал ең аз бөлігі 0,6% – өнер, ойын-сауық жəне демалыс, білім беру, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қызметтерге тиесілі болып отыр.
Жасалған талдаулар мен есептеулер негізінде мынадай тұжырымдар жасауға болады:
– еліміздегі жалпы ішкі өнімнің төрттен бір бөлігі ғана шағын жəне орта кəсіпкерлікке тиесілі;
– тіркелген кəсіпкерлік субъектілерінің жартысына жуығы жұмыс жасамайды;
– дара кəсіпкерлік кəсіпкерлікті ұйымдастырудың едəуір қолайлы нысаны болып табылады.
Жұмыс істеп тұрған кəсіпкерлік субъектілерінің 70%-дан астамын дара кəсіпкерлік құрайды, жұмыспен қамтылғандардың 40,4% -дан астамы дара кəсіпкерлікке тиесілі, өнім көлемінің жартысынан астамын (51,4%) шағын кəсіпорындар өндірген. Мұның барлығы шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлардың жасалуы нəтижесінде орын алып отыр деп айтуға болады. Атап айтсақ, кəсіпкерлік субъектілерін ашу, тіркеу, қаржыландыру бойынша, сондай-ақ арнаулы салық ре- жимі түрінде салықты төмендету арқылы жеңілдіктер жасалған;
– кəсіпкерлік субъектілерінің жылдан-жылға даму динамикасы байқалғанымен олар əлі де болса сауда жəне қызмет көрсету сияқты тəуекел деңгейі төмен, капитал қайтымдылығы жоғары салаларда басымдыққа ие болып отыр.
Әдебиеттер тізімі
1 Лапуста М. Г. Предпринимательство: учебник. – М.: ИНФРА-М, 2013. – 384 с.
2 Самарина В. П. Основы предпринимательства: учебное пособие. – Старый Оскол: ТНТ, 2011.
– 292 с.
3 Яковлев Г. А. Организация предпринимательской деятельности: учебное пособие. – 2-е изд. – М.: ИНФРА-М, 2010. – 313с.
4 Мочерный С. В., Некрасова В. В. Основы организации предпринимательской деятельности:
учебник для вузов / Под общ. ред. проф. С. В. Мочерного. – М.: Приориздат, 2011. – 224 с.
5 Кузьмина Е., Кузьмина Л. Организация предпринимательской деятельности: учебное пособие.
– М.: Юрайт, 2012. – 480 с.
6 Горфинкель В. Я., Поляк Г. Б., Швандар В. А. Предпринимательство: учебник для вузов. – М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2012. – 687 с.
7 Савченко В. Е. Современное предпринимательство. Экономические и организационные осно- вы. – М.: Известия, 2006. – 311 с.
8 Бусыгин А. В. Предпринимательство. – М.: Дело, 2012. – 640 с.
9 Емельянов В. М. Энциклопедия начинающего предпринимателя. – М.: Мир, 2004. – 220 с.
10 Райзберг Б. А., Лозовский Л. Ш., Стародубцева Е. Б. Современный экономический словарь. – 6-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2011. – 515 с.
11 Румянцева Е. Е. Новая экономическая энциклопедия. – М.: ИНФРА-М, 2010. – 826 с.
12 Окаев К. О., Смагулова Н. Т., Яновская О. А. Предпринимательство в Республике Казахстан:
учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1999. – 102 с.