Kazakh National Agrarian University, Almaty, Kazakhstan
REGIONAL FEATURES OF USING THE AGRICULTURAL LANDS IN ALMATY REGION
Abstract
Purpose – to defi ne scientifi c and research approaches for increasing the effi ciency of agriculture lands using in Kazakhstan (on Almaty region example). To identify the types of government support of agriculture lands using in foreign countries and in Kazakhstan.
Methodology – analytical and differentiation methods, a comparative analysis.
Originality – using of planting suitable agricultural lands in foreign countries is decreased. The author fi ned an original method for using this point profi tably for Kazakhstan which can increased agricultural export and contributed to the economic growth.
Findings – defi ned specifi c factors allowing using a cultivation lands effi ciently in Almaty region and for their implementation practically necessary to increase public and private funding more than 4 times.
Keywords – agrarian sector, cultivated land, agricultural cultures, effective using of land, cereal crops, technical crops, economic evaluation.
ƏОК 631.15:338
А. Молжигитова, PhD докторант,
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланудың аумақтық ерекшеліктерін зерт- теп, оның тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми тəжірибелік ұсыныстар жасау.
Əдіснама – зерттеу барысында аналитикалық талдау мен салыстыру əдістері қолданылды.
Бірегейлігі/құндылығы – ауыл шаруашылық жерлерінің аумақтық деңгейде ұтымды пайдаланудың ерекше қажеттілігі зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігін анықтап отыр.
Зерттеудің нəтижелері – егістік алқаптарды аумақтарда тиімді пайдалануға мүмкіндік тудыра- тын теориялық қағидалар мен іс-тəжірибелердің қорытындылары мен нақты ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.
Негізгі сөздер – егістік ауданы, аудандар территориясы, ауыл шаруашылық дақылдары, жерлерді тиімді пайдалану, дəнді дақылдар, техникалық дақылдар, жерлерді экономикалық бағалау.
Қазақстан Республикасының бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін жəне Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке кіру кезінде ауыл шаруашылық саласындағы жер ресурстарын тиімді де ұтымды пайдалануды басты назарда ұстауы тиіс. Əсіресе ауыл шаруашылық жерлерін қорғау мен құнарлығын арттыру шараларын мемлекеттік деңгейде қолдауды экономикасы дамыған: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Франция елдерінің инновациялық технологияларын жəне отандық ғылыми-зерттеулердің нəтижелерін өндіріске енгізу кезек күттірмейтін мемлекеттік шара.
Президентіміз өзінің халыққа Жолдауында атап өтті: «Ауыл шаруашылық дақылдарын терең өң- деу, фермерлік пен шағын жəне орта бизнесті дамыту, жер өңдеу мəдениетін өзгерту жəне жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дəстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет. Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру. Алынған шаралардың нəтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс» [1].
Бүгінгі кезде еліміздің экономика салалары нарық заңдылығымен жұмыс жасау кезінде жер ресурстарының құндылығын экономикалық бағалаудың механизмдерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Экономиканың аграрлық секторында тиімді нарықтық жүйе қалыптастыруға тиіспіз. Ауыл шаруашылық саласында инновациялық қолданбалы жəне іргелі зерттеулер жүргізе отырып, отандық ауылшаруашылық өнімдерінің əлемдік нарық кеңістігінде өзіндік орнын анықтауға мүмкіндік жасау керек. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ғылыми ұсыныстар мен қағидаларға сүйене отырып, ауыл шаруашылығы саласында қосымша өнім алуға жəне еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Сонда ғана ауыл шаруашылық дəнді-дақылдары мен жеміс ағаштарының жаңа сорты, гибриді, формалары, мал мен құстың жаңа түрлері, тағамдық, дəрілік жəне азық-түліктік диагностикумдардың вакциясы, ауыл шаруашылық машиналарының əр түрлі конструкциясын өндіріске енгізгенде ғана ауыл экономикасы мен ондағы тұратын 47% халықтық əлеуметік жағдайының жақсаруына жағдай жасаймыз жəне өркениетті мемлекеттердің қатарына қосыла аламыз. Аталған мəселелердің Алматы облысындағы ауыл шаруашылық саласын дамыту мен оның құрылымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға тікелей қатысы бар жəне оның маңыздылығы еліміздің экономикасы үшін қажеттілігі өте айқын.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласын ғылыми түрде əлемдік инновациялық жетістіктерді қолдану арқылы жетілдіру уақыт талабы жəне оның маңыздылығы арта береді. Ауыл шаруашылық дақылдарын терең өңдеу арқылы сапалы азық-түлік тағамдарын даярлауға қол жеткіземіз жəне олардың бəсекеге қабілеттігін арттыра аламыз.
Жүргізілген зерттеу нəтижелері байқатқандай, Алматы облысында 16 аудан жəне 3 қала:
Талдықорған, Қапшағай жəне Текелі. Сонымен қатар батысында Жамбыл облысымен, солтүстік- шығысында Шығыс Қазақстан облысымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды облысымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Облыс территориясындағы көлдер: Алакөл, Балқаш, Жалаңашкөл, Қапшағай су қоймасы, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл жəне ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен жəне т.б. ірілі ұсақты су көздері орналасқан. Облыстың топырақ жəне өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған: жусан, өлеңшөп, жүзгін, қамыс, құрақ, сораң, сексеуіл, эфемер, ал тау етегінде сұр жəне боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр жəне қара топырақтары қалыптасқан. Облыста негізінен ауыл шаруашылық саласы жақсы дамыған жəне елімізді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз жасауда өзіндік орны бар жəне дамытудың маңызы зор. Себебі облыста ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті егістік жерлер жəне оған қажетті су ресурстарының көздері мен инновациялық технологияны енгізу мен инвестицияны тартуға зор мүмкіншіліктер бар.
Аудандарда халықтың қоныстануы бірдей емес, оның ең басты себептері: халық санында, ауданның территория көлемінде, оңтүстік астанаға жақындығында, шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуында,
халықтың жұмыспен қамтылуында, инфрақұрылым мен əлеуметтік саланың даму деңгейінде, ауыл шаруашылығындағы жұмыс жасайтын халық санында жəне т.б. Есептеулер анықтағандай, халықтың орналасу тығыздығы бойынша аудандардың орналасу реті келесідей: Қарасай – 115,5 адам/км2, Талғар – 47,2 адам/км2, Еңбекшіқазақ – 32,1 адам/км2, Іле – 23,3 адам/км2, Ескелді – 11,8 адам/км2, Панфилов – 11 адам/км2, Ұйғыр – 7 адам/км2, Жамбыл – 6,5 адам/км2, Райымбек – 5,6 адам/км2, Көксу – 5,6 адам/
км2, Кербұлақ – 4,2 адам/км2, Ақсу – 3,1 адам/км2, Алакөл – 3,0 адам/км2, Сарқан –1,7 адам/км2, Балқаш – 0,8 адам/км2. Облыстың аудандарының территорияларының ауданы 1-суретте келтірілген.
Аудандарда тұратын халық тығыздығының басты себебі: ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлы болып келуі, суармалы егістіктің болуы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде инновациялық тех- нологияларды қолданатын кəсіпорындар санының көптігі, оңтүстік астанаға жақын орналасуы.
Зерттеу барысы көрсеткендей, облыстың аудандарында ауыл шаруашылық саласының дамуына айтарлықтай кері əсерін тигізіп отырған келесі факторларды анықтадық: ауыл шаруашылық саласында инновациялық технологияның аздығы; рыноктық инструменттердің баяу дамуы; рыноктың қызметінің кең түрде етек жаюындағы көптеген кедергілер; жер құнарлығын арттыру шараларын жүзеге асыратын экономикалық тетіктердің жетілмеуі; ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдаудың жанама жəне тікелей механизмдерінің жұмыс жасамауы; фермерлерге қажетті отандық техниканың шығарылмауы;
фермерлердің білімін көтеру мен ақпараттармен қамтамасыз жасаудың өз деңгейінде болмауы.
Ақсу Алакөл Еңбекшіқазақ Ескелді Жамбыл Іле Кербұлақ Көксу Қарасай Қаратал Панфилов Райымбек Сарқан Талғар Ұйғыр
Аудандар
12,59 23,67
37,39
8,3 4,29
19,32
7,8 11,49
7,07 2,26
24,22
10,58 14,22
24,4
3,76 8,76
0 5 10 15 20 25 30 35 40
і л е в к н
АуданымыңшаршыкмАуданымыңшаршыкм
1-сурет – Алматы облысының аудан территорияларының көлемі, мың шаршы км
Зерттеулер байқатқандай облыстың 16 ауданында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарын аймақтар бойынша орналасу ерекшеліктерін ескере отырып келесідей 5 топқа бөлдік: 1-ші топ – «би- дай, жүгері» – 16 ауданда; 2-ші топ – «картоп» – 10 ауданда (Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жам- был, Іле, Кербұлақ, Қарасай, Райымбек, Талғар); 3-ші топ – «көкөніс» – 7 ауданда (Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Қаратал, Панфилов, Талғар, Ұйғыр); 4-ші топ – «қант қызылшасы» – 6 ауданда (Ақсу, Ескелді, Жамбыл, Іле, Көксу, Сарқан); 5-ші топ – «күріш» – 2 ауданда (Балқаш пен Қаратал); 6-шы топ – «тары» –Балқаш ауданында. Бүгінгі таңда облыстың аудандарындағы дəнді, бұршақ дақылдардың жинап алынған көлемі жөнінде орналасуы келесідей: Панфилов ауданы – 41,1 мың тонна; Балқаш ау- даны – 25,8 мың тонна; Алакөл ауданы – 24,2 мың тонна; Еңбекшіқазақ ауданы – 24,1 мың тонна;
Сарқан ауданы – 20,0 мың тонна; Ескелді ауданы – 14,2 мың тонна; Жамбыл ауданы – 13,2 мың тонна;
Іле ауданы – 9,5 мың тонна; Кербұлақ ауданы – 9,3 мың тонна; Қаратал ауданы – 6,6 мың тонна; Талғар ауданы – 6,5 мың тонна; Райымбек ауданы – 6,5 мың тонна; Ақсу ауданы – 6,0 мың тонна; Қарасай ауданы – 5,6 мың тона; Көксу ауданы – 2,0 мың тонна; Ұйғыр ауданы – 0,8 мың тонна (2-сурет).
6004 24290
25809 24105
14218 13222
9566 9332
2028
56356607 6528 20066
6537
860 41179
0 5000 10000 15000 20000 25000 30000 35000 40000 45000
Аксу Алакөл Балқаш Еңбекшіқазақ Ескелді Жамбыл Іле Кербұлақ Көксу Қарасай Қаратал Панфилов Райымбек Сарқан Талғар Ұйғыр
Аудан дар Аудан дар
Жинапалынғанастық, тоннаЖинапалынғанастық, тонна
Ряд1
2-сурет – Алматы облысында жинап алынған астық көлемі, тонна
Есептеу мəліметтеріне жүгінсек, облыстың 16 ауданы жерінде бейімделіп, жақсы өнім беруі жағынан дəнді жəне бұршақ дақылдардың саны 9, оларды келесідей жіктедік (3-сурет): бірінші орында – «арпа» дақылы – 91114 тонна; екінші орында – «жүгері» дақылы – 71898 тонна; үшінші орында –
«бидай» – 58319 тонна; төртінші орында «күріш» – 18609 тонна; бесінші орында «сұлы» – 888 тонна;
алтыншы орында «асбұршақ» – 272 тонна; жетінші орында «қарақұмық» – 240 тонна; сегізінші орында
«тары» – 140 тонна; тоғызыншы орында «қара бидай» – 5 тонна.
58319
71898
18609
91114
888 140 5 240 272
0 10000 20000 30000 40000 50000 60000 70000 80000 90000 100000
Бидай
Арпа
Тары
Ауы л шаруашы лы қ дақ ы лдары ны ң түрі Ауы л шаруашы лы қ дақ ы лдары ны ң түрі
Дəндібұршақдақылдар, тоннаДəндібұршақдақылдар, тонна
3-сурет – Ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерінен алынған өнім, тонна
Зерттеу деректері анықтағандай Алматы облысында 2008-2012 жж. ауыл шаруашылық дақылдары егістігінің ауданы 23,9 мың гектарға қысқарған, оның басты себебі əр түрлі эрозия салдарынан егістік жерлердің айналымнан шығып қалуы (4-сурет).
1-қатар
Ақсу
494,4 491,9
467,1 480 470,5
119,2 118,5 124,8 137,2 155,4
65,3 66,9 64,3 64,4
63,6
216,2 223,8
211,1 223,6
214,1
0 100 200 300 400 500 600
2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж.
Жы лдар Жы лдар
Егістікауданы, мыңгаЕгістікауданы, мыңга
Дəнді дақылдар Техникалық дақылдар Картоп, көкөніс Жемдік дақылдар
4-сурет – Алматы облысындағы дəндік, жемдік, техникалық дақылдар жəне картоп пен көкөністің 2008-2012 жж. егістігінің ауданы, мың га
Егілген дəнді дақылдар түрлерінің аудандары: ең көбі жаздық арпа – 164,7 мың гектар жəне күздік бидай – 156,5 мың гектар, одан кейін жаздық бидай – 62,9 мың гектар мен жүгері – 62,2 мың гектар, күріш – 14,1 мың гектар (5-сурет).
156,5
62,9
6,6
164,7
2,6
62,2
14,1 0
20 40 60 80 100 120 140 160 180
күздік бидай
жаздық бидай
күздік арпа
жаздық арпа
сұлы жүгері күріш Дəн ді дақ ы лдар
Дəн ді дақ ы лдар
Дақылдардыңауданы, мыңгаДақылдардыңауданы, мыңга
5-сурет – Алматы облысында 2012 жылғы дəнді дақылдар түрлерінің ауданы, мың га
Сонымен қатар техникалық дақылдар түрлерінің ауданы бойынша (облыста 4 түрі өсіріледі): соя – 75,4 мың гектар, күнбағыс – 68,2 мың гектар; қант қызылшасы – 11,1 мың гектар; темекі – 0,7 мың гектар (6-сурет).
күнбағыс соя қантқызылшасы темекі
2012 ж.
68,2 75,4
11,1 0,7
0 10 20 30 40 50 60 70 80
Дақ ы лдарды ң Дақ ы лдарды ң ауданы, мы ң ауданы, мы ң
га га
Тех ник алы қ дақ ы лдар Тех ник алы қ дақ ы лдар
6-сурет – Облыстағы 2012 ж. техникалық дақылдар түрлерінің ауданы, мың га
Техникалық дақылдар егістігінің ауданын ұлғайтып, тамаққа қажетті əр түрлі шит майларын көптеп шығаруға мүмкіндіктер бар. Оңтүстік өңірде жақсы өсетін, тұрғын халық көп тұтынатын, оңтүстік қаржы орталығы Алматы қаласын қамтамасыз етіп отырған картоп пен көкөніс ауданына келсек, 2008-2012 жж. аралығында көкөністің ауданы: 2008 жылы – 25 мың гектар болса, 2012 жылы – 27,2 мың гектарға дейін өскен, ал картоптың ауданы аталған жылдар аралығында 1,1 мың гектарға көбейген (7-сурет).
38,6 38,8 38,8 39,3
39,7
25 25,5 25,6 26
27,2
0 10 20 30 40 50
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
ЖылдарЖылдар
Картоп п ен к өк өн і с а удан ы, мы ң га Картоп п ен к өк өн і с аудан ы, мы ң га
көкөніс картоп
7-сурет – Облыстағы 2008-2012 жж. картоп пен көкөніс ауданы, мың га
Жемдік дақылдар ауданы 2008 жылы 189,6 мың гектар болса, соңғы 2013 жылы 193,2 мың гектарға дейін көбейген (8-сурет). Яғни облыста мал санын көбейтуге мүмкіндік бар.
7,6 6,6 7,2 8,1 7,5
16,9 17,2 9,7
15,9 15,5
189,6 199,8 194,2
199,8 193,2
0 50 100 150 200 250
2008 ж.
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
ЖылдарЖылдар
Жемді к дақ ы лдар ауданы, мы ң га Жемді к дақ ы лдар аудан ы, мы ң га
көпжылдық шөп біржылдық шөп Жемге жүгері
8-сурет – Алматы облысында 2008-2012 жж. жемдік дақылдардың түрлерінің ауданы, мың га Зерттеулер барысында байқағанымыз, ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан жəне коммерциялық құрылымдар тарапынан да қаржылай көмекті қажетсінеді: «Ресейде егістік жерлерді экономикалық бағалау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстары кең түрде ауыл шаруашылық сала- сына енгізілуде» [2]. Себебі жылдан-жылға егістік жерлердің айналымнан шығуы жəне топырақтың құнарлығы төмендеуі ұлғаюда: «Соңғы 15 жылда егістік жерлердің ауданы 27%, ал егінді жинау кезінде астықтың шығыны 30 млрд. рублді құраған. Мемлекеттердің өз халқын азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз жасауда тек АҚШ пен Франция – 100 %, Германия – 93%, Италия –78%, Жапония – 50%, Парсы шығанағы елдері – 20 %. Ресей мемлекеті жылына импорттан келетін азық- түлік өнімдерін сатып алуға16-25 млрд. доллар, ал АӨК қолдауға 3 млрд. доллар көлемінде қаржы
жұмсайды. Яғни жер бетіндегі мемлекеттердің 90% астамының халқына азық-түлік мəселесі алдыңғы орында жəне оның шешімін шешу мəселесі жылдан-жылға күрделене түспек, мұндағы басты кедергі əлемде бір адамға келетін егістік жерлер ауданының жылдан-жылға азаюы, мысалы: АҚШ – 0,75 га;
Канада – 1,72 га; Қытайда – 0,8 га; Ресейде – 0,89 га» [3]. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 2010 жылы АҚШ – 25,6 млрд. доллар, ЕО елдерінде – 76,5 млрд евро бөлінген [4]. Болашақта, 2020 жылдарға қарай Азия елдерінің астықты импорты жылына 70 млн. тоннаға дейін өспек. Ресей- де тамақ өнеркəсібіне қажетті шикізаттың 51% импорттан алады [5]. Осы көрсетілген кең рынокқа Алматы облысындағы ауыл шаруашылық өнімдерін шығарудың мол мүмкіншіліктері бар. Аграрлық сектордың экономикасының қазіргі жағдайын талдай отыра, Алматы облысының ауыл шаруашылық өндірісінің əлеуметтік-экономикалық мəселелерін зерттеудің келесі міндеттерін шешу керек:
− АӨК интеграциялық процестерінің даму серпінін болжау;
− ауыл шаруашылық кешенінің тұрақты дамуының басты бағыттарын кластерлік негізде анықтау;
− ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін көтерудің жолдарын ұсыну;
− егістікті тиімді пайдаланудың ғылыми негізделген жобаларын қабылдау;
− ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің əр түрлі меншік формалары жəне шаруашылық түрлері үшін ыңғайлы экономикалық жағдайды қалыптастыру;
− ауыл шаруашылық өндірісінің жеткілікті қаржыландырылуы;
− техникалық құралдардың ескіруіне байланысты оның жабдықталу қажеттілігін қамтамасыз ету;
− ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдаланудың құқықтық жəне экономикалық негіздерін жетідіру;
− ауыл шаруашылық өнімдерінің жəне өнеркəсіп өнімдері арасындағы бағаның алшақтығын жою;
− ауыл шаруашылық өндірісінің табиғи-климаттық жағдайға тəуелділігін барынша азайту;
− ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің технологиясының сақталуын қадағалау;
− нарық инфрақұрылымын барынша дамыту;
− əлеуметтік объектілерді жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына 2013 жылы өтуді жоспарлап отыр. Ал көрші Ресей мемлекеті 2012 жылдың 22 тамызында Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтті [6].
Мұндағы белгілі нəрсе, Дүниежүзілік сауда ұйымы талабы бойынша барлық елдерге ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге бірдей жағдай жасау, оның мақсаты халыққа сатылатын азық-түлік өнімдерін ба- рынша арзандату болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымы талабын орындау бойынша келесі қиыншылықтар бар: тұтынушылар тарапынан түсетін қаржы көлемі қысқарады, импорттан келетін арзан азық түрлерін сатып алуға байланысты бұл бюджетке түсетін салық азаяды.
Үнемі Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жүргізіліп отырған келісімдерге қарамастан да- мушы мемлекеттерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді субсидиялау деңгейі өте жоғары, оның нақты мысалы: «Еуропалық одақ елдерінің аграрлық саясаты дамушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы саласына 40 млрд. доллар шамасына зиян келтіруде» [7]. Ресей мемлекетінде астық өсіруде «Астық рентасын» [8] енгізуді ұсынуда, елімізде бидай мен ұнды шығарудан алдыңғы орында болғандықтан аталған экономикалық механизмді тереңірек зерттеп енгізу мүмкіндігін қарастыру керек.
Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласында дəнді-дақылдарды өңдеу мен ауыл инфрақұрылымын жетілдіру бағытында шағын жəне орта бизнесті (ШОБ) дамытуымыз керек, мысалы Ресей үкіметі осы аталған салаға 2012 жылы 4,1 трлн. рубль бөлген [9].
Ауыл шаруашылық жерлерінің Алматы облысының аудандарында жақсы өнім беруін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін келесі факторларды ескеріп отыруға тиіс:
− ауыл шаруашылық жерлерінің топырақ-өсімдік жамылғысы, егістік жерлерді пайдалану жəне оның жағдайы;
− дəнді-дақыл түсімі, топырақ тозуы;
− топырақ құрамы мен территориялардың құлазуы, құнарлылық жəне топырақ құрамындағы ылғал мөлшері;
− тұщы су қоры, соның ішінде жаңбыр суы, табиғи су айдындары жəне жер асты суларының қоры;
− жалпы суармалы жерлердің ауданы;
− ауылдық жерлерде адамдардың қоныстануы, өндірістің жəне азық-түлік интенсивтігі.
Аталған факторлар Алматы облысындағы азық-түлік өндірушілердің жер ресурстарын пайдалану, еңбек өнімділігін арттыруға, нарықтағы ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс пен ұсыныстарды реттеу мəселесін шешуге көмектеседі.
Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, есептеулерді, экономикалық бағалауды талап етеді.
Егістік жерлерді əртараптандыру, өткізу рыногын кеңейту жəне астықтың бəсекеге қабілеттілігін көтеру ең басты міндеттерге жатады. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануды экономикалық бағалаудың ең басты критерийі алынған өнім болады. Бұл еңбек, өндірістік, табиғи ресурстарды тиімді қолданғанда жəне топырақ құнарлығы деңгейі мен табиғи ортаның экологиялық жағдайын сақтағанда ғана оң нəтижеге қол жеткізуге болады.
Зерттеулер көрсеткендей Алматы облысының ауыл шаруашылық құрылымындарында көбінесе би- дай өсіреді, сондықтан өткізу рыногының шектеулілігі, ауыл инфрақұрылымы дамуының өз деңгейінде болмауы, жинап алынған астықты тасу мен сақтау орындарының жетіспеушілігіндегі қиыншылықтар бар. Осыдан барып дəнді-дақылға баға төмендейді, бұл көлік тарифіне əсер ететін бюджеттік қаражатты қажетсінеді. Аталған мəселелер инвестиция тарту мүмкіндігін жəне астық шаруашылығының бəсекеге төтеп беруінің жалпы тартымдылығын кемітеді.
Əлемдік қаржы саласының тұрақсыздығы жəне əлеуметтік, ұлттық, саяси, экономикалық жағдайлармен санасу қажеттілігі күннен-күнге маңызды орын алуда [10]. Сондықтан əрбір аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығын тиімді дамыту керек . Инновациялық технология- ны енгізу талабы əлемдік озық деңгейде болуы керек, сонда ғана өсірілетін дəнді-дақылдың сапасы жоғары болып, бəсекеге төтеп беру қабілеттілігі болады [11]. Сонда ғана ауыл экономикасын, ондағы халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, əлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мүмкіншіліктер туады.
АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі жылына жергілікті жерлердің дамуына 15,5 млрд. доллар бөледі [12]. Ауылдық жерде ауыл шаруашылық саласында жаңа технологияны енгізу нəтижесі:
− жаңа жұмыс орындары ашылады;
− жинап алынатын өнім сапасы артады;
− импорттан келетін азық-түлік өнімдері азаяды;
− дəнді-дақылдарды тамшылап суғару жүйесі болады;
− еңбек өнімділігі артады;
− егістік түсімі артады;
− ауыл экономикасы мен əлеуметтік жағдайы жақсарады.
Елімізде, ауыл шаруашылығы саласын 2013-2020 жж. арналған агроөнеркəсіптік кешенді дамыту (АӨК) бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы алғанда 3122, 2 млрд.
теңге қаражат жұмсау көзделуде. Аталған қаражаттың 2 триллион 662 миллиарды мемлекеттік бюджет есебінен, ал қалған бөлігі облигациялық займдар жəне ҚазАгро жеке есебінен. Нақтырақ айтқанда, 2014 жылы – 106,2 млрд. теңге, ал 2015 жылы 90,7 млрд. теңге керек болмақ. Бағдарламаға сəйкес, 2020 жылы субсидиялау көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артатын болады [13]. Бағдарламада АӨК субьектілерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау қарастырылған, отандық азық- түлік өндірушілерді Кедендік Одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына өту кезеңі аясындағы бəсекелестік тартысында қажетті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз жасау көзделген. Мұнда негізінен негізгі 4 міндетті жүзеге асыру жоспарланған: АӨК қаржылық сауықтандыру; тауарлардың, қызметтердің АӨК субъектілеріне экономикалық қолжетімділігін арттыру; АӨК субъектілерін қамтамасыз етуде мемлекеттік жүйесін жетілдіру; АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
Осы бағдарламаға сəйкес Алматы облысында егістік жерлерді экономикалық бағалау арқылы дəнді дақылдарды орналастыру. Əр ауданда жаңа технологиялармен өсірілген ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеу арқылы сапалы да бəсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін Қытай (1,5 млрд.
адам), Ресей (141 млн. адам) жəне Орта Азия (50 млн. адам) елдерінің рыногына экспортқа шығарудың зор мүмкіндігіне ие боламыз. Жаңа инновациялық технологиялар: тамшылап суғару, ауыспалы егістік, минералдық жəне органикалық тыңайтқыштарды енгізу, түсімі жоғары дақылдарды егу, тұқым сапа- сын жақсарту, топырақ құнарлығын қорғау бағыттарында жоспарлы түрде ғылым мен өндіріс бай- ланысын арттыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы мемелекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Əдебиеттер тізімі
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия
«Казахстан-2050» Новый политический курс состоявшегося государства» // Официальный сайт Пре- зидента Республики Казахстан. – [Электронный ресурс] // http://www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie- prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-14-dekabrya-2012-g_1357813742
Абрамов Р. А. Агропромышленный потенциал России. – Москва: Российская экономическая академия имени Г. В. Плеханова, 2012. – С. 4-10.
Сидоренко В., Михайлушкин П. Продовольственная безопасность в современном мире //
Международный сельскохозяйственный журнал. – 2012. – № 2. – С. 40-45.
Укуев М. М. Мировая аграрная политика в условиях обострения продовольственной пробле- мы // Аграрная наука. – 2012. – № 5. – С. 2-3.
Ушачев И. Г. Развитие регионального АПК, межрегиональных и внешнепродовольственных связей // Сибирское соглашение: Материалы международной научно-практической конференции. – Краснообск, 2003. – С. 47.
Узун В. Российская политика поддержки сельского хозяйства и необходимость ее корректи- ровки после вступления в ВТО // Вопросы экономики. – 2012. – № 6. – С. 145.
Роджер Ч. Б. Дохийский раунд: развитие и проблема сельского хозяйства. – [Электронный ресурс] // http://www.polit.ru/article/2010/04/01/doha
Полулях Ю. Г., Ададимова Л. Ю. Экономическая оценка сельхозугодий на основе эффекта интенсификации земледелия // Глобализация и аграрная экономика России: тенденции, возможные стратегии и риски: Материалы международной научно-практической конференции. – Москва, 2011. – С. 267.
Пужаева Я. Б. Анализ кредитования малого и среднего бизнеса в России // Экономика: теория и практика управления: Материалы международной заочной научно-практической конференции. – Новосибирск: НП «Сибирская ассоциация консультантов», 2012. – С. 7-15.
Бузгалин А. В. Глобализация, генезис прото-империи и альтерглобализм // Экономика России в условиях глобализации и вступления в ВТО: Материалы международной научно-практической кон- ференции. – Краснодар, 2007. – С. 7-12.
Гераскин М. М. Региональное землепользование на пути к устойчивому развитию // Вестник Российской академии сельскохозяйственных наук. – 2011. – № 1. – С. 56.
Протопопов И. В. Информационный образ аграрного сектора США // США*Канада экономи- ка-политика-культура. – 2007. – № 8. – С. 98-99.
Программа по развитию АПК в Республике Казахстан на 2013-2020 годы «Агробизнес-2020»
// Официальный интернет-ресурс министерства сельского хозяйства Республики Казахстан. – [Элек- тронный ресурс] // http://mgov.kz/proekt-programmy-po-razvitiyu-apk-v-respubliki-kazahstan-na-2013- 2020-gody/ (дата обращения: 23.03.2013г.)
Абралиев О. Аграрлық секторда инновацияны жүзеге асырудың бағыттары // ҚазЭУ Хабар- шысы / Вестник КазЭУ. – 2012. – № 5 (89). – С. 30-38.
Серіков Б. Аграрлық ресурстар əлеуетінің кейбір мəселелері // ҚазЭУ Хабаршысы / Вестник КазЭУ. – 2011. – № 3 (81). – С. 44-47.
Salvati Luca, Carlucci Margherita. The Impact of Mediterranean Land Degradation on Agricultural Income: A short-term scenario. – Land Use Policy. – 2013. – Vol. 32. – pp. 302-308. DOI: 10.1016/j.landuse- pol.2012.11.007.
Azhar Badrul Lindenmayer, David B., Wood Jeff, Fischer Joern, Manning Adrian, McElhinny Chris, Zakaria Mohamed. The infl uence of agricultural system, stand structural complexity and landscape context on foraging birds in oil palm landscapes // IBIS. – 2013. – Vol. 155, No 2. – pp. 297-312. DOI: 10.1111/ibi.12025
18 Volarik Daniel, Hedl Radim. Expansion to abandoned agricultural land forms an integral part of silver fi r dynamics // Forest Ecology and Management. – 2013. – Vol. 292. – pp.39-48. DOI: 10.1016/j.
foreco.2012.12.016
19 Teixeira Edmar I., Fischer Guenther, van Velthuizen Harrij, Walter Christof, Ewert Frank. Global Hot-Spots of Heat Stress on Agricultural Crops due to Climate Change // Agricultural and Forest Meteorology.
– 2013. – Vol. 170, Special Issue: SI. – pp. 206-215. DOI: 10.1016/j.agrformet.2011.09.002
20 Brown J. Christopher, Kastens Jude H., Coutinho Alexandre Camargo, Victoria Daniel de Castro, Bishop Christopher R. Classifying Multiyear Agricultural Land Use Data from Mato Grosso Using Time-Se- ries MODIS Vegetation Index Data // Remote Sensing of Environment. – 2013. – Vol. 130. – pp. 39-50. DOI:
10.1016/j.rse.2012.11.009
21 Topp Cairistiona F. E., Wang Weijin, Cloy Joanna M., Rees Robert M., Hughes Gareth. Information Properties of Boundary Line Models for N2O Emissions from Agricultural Soils // Entropy. – 2013. – Vol. 15, No 3. – pp. 972-987. DOI: 10.3390/e15030972
22 Petrick Martin, Wandel Juergen, Karsten Katharina. Rediscovering the Virgin Lands: Agricultural Investment and Rural Livelihoods in a Eurasian Frontier Area // World Development. – 2013. – Vol. 3. – pp.
164-179. DOI: 10.1016/j.worlddev.2012.09.015
References
1 Kazakhstan Republic Presidential address, “Kazakhstan-2050” Novyi politicheskii kurs sostoyavs- hegosya gosudarstva” (2012), available at: http://www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie-prezidenta-respub- liki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-14-dekabrya-2012-g_1357813742
2 Abramov R.A., (2012), Agropromyshlennyi potentsial Rossii, Rossiiskaya ekonomicheskaya aka- demiya imeni G.V. Plekhanova, Moscow. (In Russian)
3 Sidorenko V., Mikhailushkin P. (2005), “Prodovol’stvennaya bezopasnost’ v sovremennom mire”, Mezhdunarodnyi Sel’skokhozyaistvennyi Zhurnal, Vol. 2, pp.40-45. (In Russian)
4 Ukuev М. М. (2012), “Mirovaya agrarnaya politika v usloviyakh obostreniya prodovol’stvennoi problem”, Agrarnaya Nauka, Vol. 5, pp. 2-3. (In Russian)
5 Ushachev I. G. (2003), “Razvitie regional’nogo APK, mezhregional’nykh i vneshneprodovol’stvennykh svyazei”, in Materialy mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii “Sibirskoe soglashenie”, 2003, Krasnoobsk, p. 47. (In Russian)
6 Uzun V. (2012) “Rossiiskaya politika podderzhki sel’skogo khozyaistva i neobkhodimost’ ee kor- rektirovki posle vstupleniya v VTO”, Voprosy Ekonomiki, Vol. 6, p. 145. (In Russian)
7 Rodzher Ch.B. (2010), “Dokhiiskii raund: razvitie i problema sel’skogo khozyaistva”, available at:
http://www.polit.ru/article/2010/04/01/doha (In Russian)
8 Polulyakh Yu.G., Adadimova L.Yu. (2011), “Ekonomicheskaya otsenka sel’khozugodii na osnove effek- ta intensifi katsii zemledeliya”, in Materialy mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii “Globalizatsiya i agrarnaya ekonomika Rossii: tendentsii, vozmozhnye strategii i riski”, 2011, Moscow, p. 267. (In Russian)
9 Puzhaeva Ya.B. (2012), “Analiz kreditovaniya malogo i srednego biznesa v Rossii”, in Materialy mezhdunarodnoi zaochnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii “Ekonomika: teoriya i praktika upravleniya”, 2012, NP “Sibirskaya assotsiatsiya konsul’tantov”, Novosibirsk, p. 7-15. (In Russian)
10 Buzgalin A.V. (2007), “Globalizatsiya, genezis proto-imperii i al’terglobalizm”, in Materialy mezh- dunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii “Ekonomika Rossii v usloviyakh globalizatsii i vstupleniya v VTO”. 2007, Krasnodar, p. 7-12. (In Russian)
11 Geraskin M.M. (2011), “Regional’noe zemlepol’zovanie na puti k ustoichivomu razvitiyu”, Vestnik Rossiiskoi akademii sel’skokhozyaistvennykh nauk. Vol. p.56. (In Russian)