• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

N. Begaidarova, senior teacher

In document PDF rmebrk.kz (бет 166-181)

(Kazakh State Women’s Teacher Training University)

Research activities of the student - a pledge of their success in professional activity The article discusses the values of commitment to research activities of high school students for their professional self-determination. Different points of view on the concept of

«willingness to research activities», concretized definition of research and research activities, and their relationship with the concept of «research work» in the context of professional self- determination.

Keywords: research activity, readiness to research activity, professional self- determination of students.

171 ӘОЖ 74.26

Қ56

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРҒА ҚОРҒАНШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ОРНАТУ

А.Д. Қожабекова, т. ғ. к., доцент, (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ) С.Д. Сейполдаева, оқытушы,

(Павлодар қ., №14 мектеп)

Аңдатпа: Мақалада кәмелетке толмаған балалардың құқықтары туралы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар туралы; ата-аналары қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айырылған, ата-ана құқықтары шектелген немесе ата- аналары әрекетке қабілетсіз деп танылған балаларға заңды тұрғыдан қорғаншылық және қамқоршылық жасау туралы айтылады.

Түйін сөздер: неке, әрекетсіздік, қамқоршы, қорғаншы, алимент.

Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды орналастыруды құқықтық реттеу сұрақтарының көне және қызықты тарихы бар. Тек бір маңызды жағдайды атап өтуге болады. Тарих көрсетіп отырғандай қараусыз қалған балалардың болуы мен оларды орналастыру мәселесі – алаңдатушылықты тудыратыны белгілі, бұл – қоғамның дұрыс қалыптаспағандығы мен экономиканың төмендеуі, сондай-ақ моральдық жағдайдың да төмендеуінің дәлелі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша (2012 жылдың 14 шілдедегі № 2166-5-7415/02-4-1) республикада 79000 бала 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда 15096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда – 12574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде – 12599 бала, ерекше тәрбиелеу жағдайына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез-құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда – 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде – 247 бала тәрбиеленуде.

Тұлғаның дұрыс қалыптасуы мен оның әлеуметке қатынасын қамтамасыз етуде баланың отбасында тәрбиеленуі неғұрлым артық тәсіл екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі таңда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жартысынан астамы отбасы деген не, жақын адам деген не екенін және отбасымен қалай қатынас орнату керек екендігін, әлеуметтік ортада қалай өмір сүру қажет және т.б. жағдайлар туралы көздеріне елестете де алмайды.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға ата-аналары қайтыс болған, ата-ана құқықтарынан айырылғандардың балалары, ата-ана құқықтары шектелген немесе ата-аналары әрекетке қабілетсіз деп танылғандардың балалары жатады. Сондай-ақ ата-аналарының қамқорлығының болмауына ата-аналарының сырқаттылығы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-аналарының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы (іссапарға байланысты, жазасын өтеу мақсатында түзеу мекемелерінде мерзімін өткеріп жатқанда), ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары

мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы (соның ішінде ата-аналарының тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы), басқа да себептерге байланысты жағдайлар жатады [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 100- бап,1-тар.].

Қорғаншылық және қамқоршылық институты тек отбасы нормасымен ғана құрылмаған, ол азаматтық құқықпен, сонымен қатар әкімшілік құқықпен де құрылған, яғни өзінің негізі бойынша кешенді болып келеді.

Балаға қорғаншылық пен қамқоршылықты орнатудың негізгі шарты болып олардың сол немесе басқа да себептерге байланысты өз ата-аналарының қамқорлығынан айырылулары жатады. Қорғаншылық пен қамқоршылықты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға орнатуда көзделген негізгі екі мақсаты бар: а) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырау, тәрбиелеу және білім беру; б) ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 103-бап,1-тар.].

Заңмен қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балаларға [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 104-бап,1-тар; ҚР Балалардың құқықтары туралы заңы 27-бап.], ал қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толғандарға [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 105-бап,1-тар; ҚР Балалардың құқықтары туралы заңы 27-бап.]

белгіленеді.

Қорғаншылық және қамқоршылық орган балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнату керек екендігі мәлім болған күннен бастап бір ай ішінде баланың тұрғылықты жері бойынша оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа орналастырады. Көңіл аударуды қажет ететін жағдайда (мысалға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға тілек білдірушінің үйінде тұрып жатса) онда қорғаншы немесе қамқоршы қорғаншылық және қамқоршылық органмен, сондай-ақ қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша тағайындалуы мүмкін. Егер қамқоршылық пен қамқоршылықты қажет ететін балаға бір айдың ішінде қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалмаса, қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың қызметін уақытша қорғаншылық және қамқоршылық органдары атқарады.

Қорғаншы және қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалады. Бұл міндетті шарт, табиғи құбылыс, солай болғандықтан қорғаншылық және қамқоршылық қызметті мәжбүрлеп орындату бала мүддесіне сәйкес келмейді және қорғаншылықпен қамқоршылық орнатудың нағыз мақсатына жетуі екіталай. Мұндай келісушілік сәйкесінше қорғаныш және қамқоршы органдарына берілген арызда көрсетілуі керек.

Неке және Отбасы туралы заңда қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалған тұлғаға белгілі талаптар орнатылған. Қорғаншы немесе қамқоршы болып тек кәмелетке толған әрекет қабілетті тұлғалар тағайындалуы мүмкін. Заңмен қорғаншы немесе қамқоршы болуға рұқсат етілмейтін себептер бар, балаға отбасылық тәрбие беру мүмкіндігі болмаған жағдайларда:

а) кәмелетке толмаған тұлғаларға, олардың толық әрекетке қабілетті болуына қарамастан кәмелет жасқа толғанға дейін;

б) әрекет қабілетсіз тұлғаларға;

в) ата-ана құқықтарынан айырылған тұлғаларға;

г) созылмалы ішімдік пен нашақорлықпен зардап шегушілерге;

д) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық пен қамқоршылық қызметтен шеттетілген адамдар;

е) балаларын сот ата-ана құқықтарын айырмастан алып қойған, яғни ата-ана құқықтары шектелгендер;

173

ж) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылардың;

и) денсаулығының жай-күйіне (бала алуға болмайтын адамның бойындағы аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді) байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқара алмайтын адамдар [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 108-бап,1-тар.].

Қорғаншы және қамқоршы органдарының тұлғаны қамқоршы немесе қорғаншы міндетіне тағайындау сұрақтарын шешуде келесі жағдайларды ескеруі қажет:

а) тұлғаның қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерін орындай алу қабілеттілігін;

б) оның адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін;

в) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қажет ететін бала мен оның арасындағы қарым-қатынасты;

г) қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы;

д) егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 108-бап,1-тар.].

Қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың міндеті орындаудағы тұлғаның қабілетін бағалау өлшемдері «заңды» түрде әрбір нақты жағдайда берілген сұрақтарды жекеше шешу қажеттілігін болжау мен әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлықты есепке ала отырып (қорғаншының немесе қамқоршының жасы, білімі, қандай іспен шұғылданатыны, т.б.) анықталмаған. Бала асырап алудың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беруден ерекшелігі. [ҚР Неке және Отбасы туралы заң 84 бап.1 тар.]

баланы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа беруде оның нақты бір адамды өзінің қорғаншысы немесе қамқоршысы болуына келісуінің немесе келіспеуінің құқықтық мәні жоқ, тіпті бала он жасқа толса да. Бірақ, мына жағдайда бала қорғаншы немесе қамқоршы болуға тілек білдірушілерге теріс (кері) қарым-қатынаста болса, бұндай қатынастың себебін анықтау қажет және мүмкіндігінше баланың пікірін есепке ала отырып шешім шығару өте маңызды.

Тәжірибеде көбіне қорғаншы немесе қамқоршы болып баланың жақын туыстары (атасы, апасы, ағасы, әпкесі, бауыры т.б.) тағайындалады, сонда қорғаншының немесе қамқоршының жеке басының талаптарын қолайлы түрде және баланың тілегін де ескеруге болады. Бірақ, бұл жағдайда да баланың туысқандарының қорғаншы немесе қамқоршы болуға рұқсат ететін шешімді қабылдауда егер заңмен анықталған кедергілері бар болса, заңмен қандай да бір артықшылықтар берілмейді.

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны баланың тәрбиесін қандайда бір жағдайлармен (ұзақ іссапар, ауыр сырқаттылық т.б.) жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың өздерінің тілек білдіруімен де тағайындайды. Осы кезде ата-аналар қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қорғаншыға немесе қамқоршыға өздерінің таңдаған адамдарын ұсына алады.

Қорғаншының немесе қамқоршының құқығы мен міндеттері қорғаншы және қамқоршы органдарының оларды тағайындау туралы шешімі шыққан уақыттан басталады. Қорғаншыға немесе қамқоршыға қорғаншылық куәлігі беріледі және оған құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, сонымен қатар қамқорлығына алған баланың қажетті құжаттары тапсырылады. Кейінгі уақытта да қорғаншылық және қамқоршылық органдары қорғаншылардың (қамқоршылардың) қызметтеріне тұрақты бақылау жүргізіп

отыруға міндетті және оларға қамқорлығындағы балаларды тәрбиелеу мен басқа да сұрақтарын шешу үшін қажетті көмектер көрсетулері керек.

Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балалардың құқығының тізімі Неке және Отбасы туралы заңның 109-бабында берілген және де ол сонымен қатар жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарды да өзіне қосады. Неке және Отбасы туралы заңда кәмелетке толмағандарға қандай құқықтар берілсе, қорғаншылықтағы балалар да тура сол құқықтарға ие. Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалардың мынандай құқықтары бар:

1) Өздерінің адамдық қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне;

2) Қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қамқорлық көруге;

3) Қорғаншының (қамқоршының) отбасында тәрбиеленіп, онымен бірге тұруға;

4) Өздеріне тиесілі алименттерін, зейнетақыларын, жәрдемақыларын және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға;

5) Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;

6) Қорғаншы (қамқоршы) тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға құқығы бар;

7) Оларды асырап-бағу, тәрбиелеу, білім беру және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуі;

8) Тұрғын үй-жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алу құқықтарына да;

9) Осы заңының 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға ие болады (баланың отбасында өмір сүруі және тәрбиелену құқығы, баланың өз пікірін білдіру құқығы, баланың қорғалу құқығы). [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 109-бап,1-2-тар.].

Кәмелетке толмаған қорғаншылыққа алынған балалардың өмір сүру тәсілдерінің қайнар көздеріне:

а) ай сайынғы мемлекеттің қорғаншылыққа алынған балаларды асырау үшін бөлінетін ақшалай қаражаты;

б) балалары бар азаматтарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңға сәйкес мемлекеттің ай сайынғы бөлетін жәрдемақылары;

в) кәмелетке толмаған қорғаншылыққа алынған балалардың мүлкін басқарудан түскен кіріс (банктағы салымдар бойынша пайыздар, акция бойынша дивиденттер және т.б.).

г) алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар және тағы басқа әлеуметтік төлемдер, әрекеттегі заңға сәйкес қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) балаларға тиісті көмектер.

Балалардың қорғаншылыққа (қамқоршылықта) болу фактісі ата-аналарды оларды асырау міндеттерінен босатпайды. Бұл жағдайларда алимент ата-аналарынан өндіріліп алынады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның 125- 127- баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 128- бап,1-тар.].

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуын қамтамасыз ету құқығы Балалар құқықтары туралы Конвенцияның 28-бабында, Қазақстан Республикасының Конститутциясының 30-бабымен Азаматтардың орта білім алу міндеттілігі және азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдікке беріледі.

Қорғаншы (қамқоршы) баланың пікірін ескере отырып, ол орта білім алғанға дейін балаға білім беру мекемесі мен оқытудың нысанын таңдауға құқылы [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 112-бап, 1-тар.3-тармақша.].

175

Неке және Отбасы туралы заңның 109-бабында баланың тұрғын үйге меншік құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқықтарын сақтау құқығы бар делінген. Меншік құқығын (пәтерге, пәтердің жартысына, тұрғын үйге) бала заң бойынша мұрагерлікпен немесе өсиетке қалдыру арқылы, приватизациялау арқылы, сыйға алу арқылы иеленуі мүмкін. Кәмелетке толмаған баланы қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) беруде оған тиісті мүлікке меншік құқығы тоқтатылмайды, сонымен қатар тұрғын үйге де қатысты құқығы күшін жоймайды.

Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланың маңызды құқығының бірі болып – баланың қорғаншының (қамқоршының) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығын айтамыз. Бұндай жағдайда баланың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдармен жүзеге асырылады. Сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға бала он төрт жасқа толғанда құқылы. Қорғаншы және қамқоршы органдарының қорғаншылықтағы баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қажетті шартына негіз, баланың өзінің қорғаушысының немесе қамқоршысының тарапынан болған нақты қиянаттары (баламен қатал қарым-қатынас, балаға төленетін қаражатты өз мүддесіне пайдалану) туралы арызы (үндеуі) болуы мүмкін, сонымен қатар осы жайлы мәліметтер өзге де деректерден (бұған азаматтар мен заңды тұлғалардың хабарламалары) алынуы мүмкін. Қорғаншының (қамқоршының) тарапынан болған қиянаттар нақты түрде дәлелденсе қорғаншы және қамқоршы органдары арқылы соңғы адамдар бұл міндеттерден шеттетілуі мүмкін.

Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) бала өзінің ата-аналарымен (және басқа туыстарымен, егер оларды ата-ана құқықтарынан айырмаса қарым-қатынас жасауға құқылы. Қорғаншылар (қамқоршылар) қамқорлығындағы балалардың осы құқықтарын жүзеге асыруға қамқоршылық жасауға міндетті. Баланың өз ата-аналарымен және басқа жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауына, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне сай келмеген жағдайларды қоспағанда, бөгет болуға қорғаншының (қамқоршының) құқығы жоқ. [ҚР Неке және Отбасы туралы заңы 112-бап,3-тар.].

Қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) бала сонымен қатар өзіне қатысты сұрақтарды қорғаншы немесе қамқоршы шешуде және кез келген соттық немесе азаматтық істерде өз пікірін білдіре алады. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Осы Заңда (баланың аты мен тегін өзгерту, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру, асырап алуға баланың келісімі, бала асырап алғандарды баланың ата-анасы ретінде жазу, бала асырап алудың күшін жою және т.б.) көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995.

2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 2014.

3. ҚР Неке және Отбасы туралы заңы, 2010.

4. ҚР Қылмыстық кодексі.

5. ҚР Бала құқықтары туралы Заңы, 2007.

РЕЗЮМЕ

Кожабекова А.Д., к.и.н., доцент

(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) Сейполдаева С.Д., учительница

(г. Павлодар, №14 школа)

Установление опекунства и защиты несовершеннолетних детей

В статье рассматриваются права и обязанности органов опеки и попечительства по отношению к детям-сиротам, детям-инвалидам и к родителям, лишенным родительских прав в рамках Конституции РК, закона «О браке и семье», а также Декларации о защите прав детей.

Ключевые слова: брак, бездействие, опекун, защита, алимент.

SUMMARY

A.D. Kozhabekova, Candidate of historical sciences, Associate Professor (city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)

S.D. Seipoldeva, teacher(city Pavlodar,№14 school)

Establishment of guardianship of minors and protection

In the article the right and duties organs of guardianship and patronage are examined in relation to orphans, to invalids and to the parents, deprived paternal rights with in the framework of Constitution of RK, law "On marriage and family", and also Declaration about the protection of rights of children.

Keywords: marriage, omissions, guardian, protection, alimony.

ӘОЖ 343.212 М78

КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

Ж.Б. Мукалдиева, з. ғ. м., аға оқытушы, (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогикалық университеті ) Аңдатпа: Мақалада кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңсыз кәсіпкерлікті реттеу туралы айтылады. Заңсыз кәсіпкерлік экономикаға тікелей әсер етеді.

Түйін сөздер: заң, кәсіпкер, лицензия, тәуекел, азамат, тауар, мүлік, меншік, экономика, конституция, валюта, кодекс, кооперация.

Кәсіпкерлік бұл экономикалық және ұйымдастырудың жағдайлары мен жаңа материалдың қызмет көрсету мақсатында, тапқан пайданың шығындарын қысқарту бағытына арналған қызмет түрі болып табылады. Кәсіпкерлік ұғымын 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680–1734). Ол кәсіпкерлікті ерекше

177

экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисі Жан-Батисг Сейн (1767–1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен тәуекелділік үшін қызмет атқарды деп түсіндірді. Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжірбиесіне жүгінуі тиіс болды. Әйгілі ағылшын экономисі Адам Смиг (1723–1790) кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жекеменшікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды. Бұның негізі кәсіпкер өзі жоспарлау, өндірісті өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөлуі тиіс болды. Ал, ағылшын экономисі Давид Ричардо (1772–1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.

Дегенмен де, кәсіпкерлік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңдарының қалыптасуы XX ғасырдың 80 жылдарында «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған болатын. Яғни, кеңес заманында, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына 1988 жылы желтоқсанның 2-дегі №1405-ші

«Мемлекеттік кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы» Қаулысы ең маңызды міндет ретінде кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өндірістік кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі сақтау, социалистік іскерлікті дамыту ұсыныстарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі формаларында белсенді қатысуы үшін қажетті шаралар құру міндетін белгіледі. Кеңес өкіметінің ыдырауы, халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды, халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.

Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тарауларға (жұмысқа қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет деп айтатын болсақ, бұл кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу. Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен реттеледі.

Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісімшарт арқылы жасалады.

Заңдарда нақтыланғандай, кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтіндей келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқықтары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Оған қоса, кәсіпкердің бастамшылығы мен дербестігі оның жекелей тәуекелінде және ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жоғары деп танылатын (себебі, кәсіпкердің кінәсіне байланыссыз орын алады) жеке мүліктік жауапкершілігінде көрініс табады. Кәсіпкердің қызметі заңмен, бірақ мемлекеттің дара құзырына жатқызылған мәселелер конституциялық құрылыс негіздерін, басқа да адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысын және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шектелуі мүмкін.

ҚР Азаматтық кодексінде айқын бекіткен, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады (33-баптың 1- тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға, тиісінше кәсіпкерлік субъектісі деп танылмауына себеп болады. Кәсіпкерлік қызметті іс

жүзінде асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Тәуекелділік ұғымы болатын шығын түсінігіне байланысты, оның үстіне кәсіпкерлік қызметте мұндай шығындардың туу табиғатының ешқандай маңызы жоқ, яғни бұл шығындар кездейсоқ, абайсызда пайда болды ма, біреудің жауапсыздығынан немесе қасақана әрекетінен туды ма, оның бәрі есепке алынбайды. Тек келтірілген шығындардың орнын белгіленген тәртіппен толтыру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бұл маңызды бола алады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға, азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату, валюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және сыбайластық т.б. толық жатқан заңсыз кәсіпкерлік қызмет түрлерін атауға болады. Сондықтан да, заңсыз кәсіпкерліктің қоғамдағы қауіптілігі сол, мемлекеттің экономикасына үлкен шығын әкелумен қатар, экономиканың дамуына зор зиян тигізеді. Заңсыз кәсіпкерліктің қоғамдық қауіптілігі сондай, оны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына елеулі залал келтірілуімен көрінеді. Бұл ҚР ҚК-тiң 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс iрi мөлшердегi табыс деп, ал сомасы екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын табыс – аса iрi мөлшердегi табыс деп танылады. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан кәсіпкер болып табылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру. Сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану. Егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса, іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады.

Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық көздейтін ҚР ҚК-нің 190-бабы шын мәнінде кәсіпкерлік қызметтің заңсыз салаға, «көлеңкелі» экономикаға айналуының алдын алады, тиісінше оның мемлекеттің бақылау саласынан тасада қалуы кәсіпкерліктің мемлекет пен азаматтардың алдындағы заңды міндеттерін орындамауға жетелейді. Алайда, кәсіпкерлік ҚР АК-нің 10-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кәсіпкерлік меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған. Жекеменшікке (жеке кәсіпкерлікке) не мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет. Сондықтан да кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан тәуекелге баруымен және мүліктік жауапкершіліктерді мойнына алумен жүзеге асырылады. Демек, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлікпен айналыспау үшін кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өту керектігі көрініп тұр. Яғни, азаматтар мен жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттен өткен сәттен бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деген сөз.

Бұл заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығының негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу ҚР-ның 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңның негізінде жүргізіледі. Заңсыз кәсіпкерлік қылмыс құрамы жөнінен материалдық құрамға жатады. Осыған орай, қылмыс заңда көрсетілген ірі зиян келтірумен немесе ірі мөлшердегі табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Кей жағдайларда қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

179

Қылмыстың істелуіне байланысты, қылмыстың субъектісі жалпы немесе арнаулы болуы да мүмкін. Соңғы жылдарда осындай қылмыстардың – заңсыз кәсіпкерлік пен жалған кәсіпкерліктің тұрақты өсуі байқалады. Мұндай жағдай көлеңкелі экономиканың өсуіне, қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бір күндік фирмаларды пайдаланушы ұйымдасқан қылмыстық топ құрумен, коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын ұрлау, басқа да қауіпті қылмыстар жасаумен айналысуға байланысты тереңдеп кеткен процестердің көрінуін туындатады. Осындай үрдістер кәсіпкерлердің қол жеткізген нәтижесіне, олардың қаржы жүйесіне деген сенбеушілігін туғызуға және шамадан тыс салықтық ауыртпалықтарды алып жүру ықыласына психологиялық әсер етеді. Осыған байланысты экономиканы қылмыстық қол сұғушылықтан, криминалдық элементтерден қорғау мемлекет пен қоғамның аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей жүзеге асыруына анықтама беретін болсақ, мынаны айтатын едім. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәландыратын құжаты жоқ жағдайда осы іспен айналысуға тыйым салу болып танылады. Яғни, кәсіпкерлік қызметті арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсатты алу міндетті болған жағдайда, мұндай қызметпен айналысу үшін лицензия алмайынша лицензиялау туралы заңмен тыйым салынатындығы орын алады. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет саласында қылмыстылықтың болуы оның қылмыс ұғымымен айқындалады. Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруіне, не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс. Заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде табыс табу үшін тікелей қолданылған заттай дәлелдемелер болып танылған мүлік пен заттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 212-бабы үшінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес мемлекет кірісіне алынуға жатады, ал олар табылмаған жағдайларда олардың құны мемлекет кірісіне кінәлі адамның өзінен өндіріліп алынады.

Заттай дәлелдемелер болып танылған ақша мен өзге де құндылықтар, олардың иесі осы ақшалар мен құндылықтар белгіленгенге дейін одан заңсыз сыйақы алу үшін бопсалау әрекетінің жасалғаны туралы тиісті органдарға хабарлаған жағдайларда иелеріне қайтарылады. Соңғы кезде республикамыздағы қылмыстық жағдай ұйымдасқан қылмыстың өсуімен күрделене түсуде. Бұндай әрекеттердің етек алу, әсіресе, экономика саласында өзінің неғұрлым қауіпті жолында есірткі бизнесі, қорытып алушылық, астыртын қару сатумен, сыбайластық, жемқорлық, парақорлық және басқадай жолдармен жасалуда. Осының негізінде қылмыскерлер бизнестен қыруар ақша ала отырып, қылмыстары әшкереленіп қалмауға тырысып, әрекеттерін заңдастыруға, яғни тапқан ақшаларын жуып-шаюға тырысады. Мұндай мәселе жер шарының қайсы аймағында болмасын орын алып келеді. Осы орайда бұл салада халықаралық ынтымақтастық және заңнамаларды үйлестірусіз нәтижеге жету мүмкін емес. 1990 жылдың 8 қарашасында Еуропалық кеңеске мүше мемлекеттермен қылмыстық қызметпен түскен табысты жуып-шаю, әшкерелеу, алу және тәркілеу туралы Еуропалық Конвенция қабылданған болатын. Осы Конвенцияға сәйкес, мүше мемлекеттер ақшаны жуып-шаюға қарсы бағытталған тиісті әрекеттерді қылмыс ретінде саралау үшін заң жүзіндегі шаралар қабылдауға міндетті шешім шығарылып, «мүлік», «табыс»

терминдерін қолдану қарастырылғанды. Жоғарыда аталған Конвенцияға сәйкес, «табыс»

термині қылмыс жасау нәтижесінде алынған кез келген материалдық пайданы білдіреді.

«Мүлік» термині заттық немесе заттық емес, қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүлікті,

In document PDF rmebrk.kz (бет 166-181)