Korkyt Ata Kyzylorda State University, Kyzylorda, Kazakhstan
Originality of creative work of women publicists of the Kyzylorda region
Abstract. In the history of Kazakh journalism, women’s journalism has a special place. The beginning of the research activities of the first publicists Nazipa Kulzhanova, Sarah Esova, Nagima Arykova, Akkagaz Doszhanova, Mariam Seydalina was laid in the years of their journalistic activities.
This article discusses the development of women’s journalism in the Syr region, traces the creative path of women journalists who have worked in print media, on television and who have contributed to the development of journalism in the region for many years. The article also discusses issues related to information management. The author of the article notes that these problems are the subject of his further research.
Keywords: women’s journalism, Kazakh journalism, creative skill, periodicals, television, media.
References
1 Sagybayeva Z. Kazak aielderining publicictikalyk murasy [Publicistic heritage of Kazakh women] // Candidate’s dissertation work. Almaty, 1999, 130 p. [in Kazakh]
2 Аkhmetova L. Karlygash Kalamdastar [Swallow writers]. (Almaty, Kazakh University, 1993, 112 p.). [in Kazakh]
3 Hasan S. Kazaktyn algashqy zhurnalist kyzdary [The first journalist girls of Kazakh], Available
at: https://www.inform.kz/kz/kazaktyn-algashky-zhurnalist-kyzdary_a2933611 (Accessed:
05.04.2020)
4 Zhalgasova G. Qalamgerlikti murat tutqan kyz [The girl who dreamed of writing], Syr boyi, 2009. №47. 3 p. [in Kazakh]
5 Bekbergenova R. Qara shanyraq [House of ancestors], Syr boyi, 2016. №51. 7 p. [in Kazakh]
6 Rakhymbekuly A. Qaita qurudyn qalamdaryn kordik [We have seen the steps of reconstruction], Syr boyi, 2015. №51, 7 p. [in Kazakh]
7 Rakhmet N. Kumyrska tirlik [Ant life] (Kyzylorda, Tumar, 2006, 272 p.).
8 Syrdyn syrly sandygy [Mysterious box of Syr] // Shygarushylar alqasy [graduate College]:
Karabala Zh., Rakhmet N., Baimbet G., Kasymova A., Kaldybaeva B., Shahmetov N., Myrzabekov E. (Kyzylorda, Tumar, 2011. p. 288). [in Kazakh]
9 Bikozha S. Enbek etkenmen, iship zhemeisin [You work, but you don’t eat or drink], Akmeshit akshamy, May 12, 1998. №22, 2 p. [in Kazakh]
Автор жайлы мәлімет:
Ермағанбетова З.Н. – филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекет- тік университеті, Қызылорда, Қазақстан.
Yermaganbetova Z.N.- Candidate of Philological Sciences, Senior Lecturer of the Department of Kazakh language and Literature and Journalism, Korkyt Ata Kyzylorda State University, Kyzylorda, Kazakhstan.
ХҒТАР 19.01.11
А.К. Канзатова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан (Е-mail: [email protected])
Отандық БАҚ-қа контент-талдау
Аңдатпа. Ғылыми мақаладa БАҚ материалдарына мазмұндық талдау жасау маңызы, мәні мен қызметтері жан-жақты талданады. Сонымен қатар, мазмұнды талдауды (контент-а- нализ) мәтіндердің барлық түрлеріне (публицистикалық, ғылыми, кәсіби-салалық) жаса- удың арнайы әдістемесі мен теориясы зерттеуші ғалымдар тұжырымдарымен зерделенді.
Мазмұндық талдаудағы сауалнама әдістерінен айырмашылығы, әлеуметтік құбылыстар ту- ралы қорытынды шығаруға, мәтіндік массивті зерттеуге, онда жоқ ақпараттық аспектілерді анықтау мәселері қамтылды. Қазіргі қоғамда БАҚ пен қоғамның барлық салалары тұрақты және әртүрлі формада өзара ықпалдасуда. Қазіргі БАҚ материалдарына мазмұндық талдау жасаудың маңызы мен мәнін зерттеу уақыт талабынан туындап отыр. БАҚ мониторингінің бүгінгі қоғамға әсері мен БАҚ материалдарын мазмұндық талдау әдістемесін жетілдіріп, тәжірибесінің ұтымдылығын артыру тұрғысынан зерделеу мақаланың басты мақсаты бо- лып табылады.
Түйін сөздер: БАҚ, мониторинг, санат, клиппинг, транскрипт, аудиожазба, артефакт.
DOI : https://doi org/10.32523/2616-678X-2020-131-2-37-46 Түсті: 04.05.20 / Қайта түзетілді:21.05.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 09.06.20 Кіріспе. Ақпараттық кеңістікте және толассыз ақпарат ағынындағы БАҚ мониторин- гінің мәні мен маңызын талдамас бұрын «мониторинг» терминінің анықтамасы мен қыз- метін, маңызын айқындап алғанымыз жөн. БАҚ мониторингі мемлекеттік мекемелер мен министрліктердің қарамағында болғандықтан, арнайы заңнамалар мен құқықтық-норма- тивтік құжаттармен ресми рәсілделеді. БАҚ - мониторинг деректердің ауқымды көлемін өңдеу принципіне бағытталған бірыңғай бағдарламалық ақпараттық кешен. Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарын мәдени немесе саяси өзара іс-қимыл көрінетін салада ғана қысқарту мүмкін емес. БАҚ арқылы қоғамның әртүрлі салалары өзара әрекеттесіп, дамудың түрлі баспалдақтарынан өтеді. БАҚ саяси-экономикалық қызметтегі өзара әрекеттестіктің ұйымдастырушылық орталығына айналды және бүгінгі саяси өмірді журналистикасыз еле- стету қиын. Журналистика өзінің оперативтілігі мен қоғамдық санаға әсер ету функциясы арқылы мәдени форма деп аталады. Бұл оның нақтылығы мен дәлдігінің сапасына деген сұранысты тудырады.
Тәжірибелік жағынан қарастыратын болсақ, БАҚ мониторингі тек медиа саласына ғана емес, барлық бизнес және консалтинг, білім беру және экономика салаларына қажет айқындаушы фактор болып отыр.
Бүгінгі ақпараттық технологиялар ғасырында БАҚ мониторингін жүргізу мемлекет- тік деңгейде, белгілі бір құзырлы мемлекеттік мекемелер арқылы БАҚ мониторингі жүр- гізіледі. БАҚ мониторигі мен контент-анализ жасау критерийлерін игеру жолдарын айқын- дау қажет. БАҚ мониторингін жүргізу жолдары, тәсілдері мен технологиясына ғылыми сараптама жасап, тәжірибеде жүзеге асуына мысалдар келтіру арқылы дәйектеу. БАҚ мо- ниторигін жүргізу, БАҚ материалдарына шолу жасау, қорытынды тұжырымдар жасау жур- налист мамандығын игеру процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде ғылыми
тұрғыдан сараптаманы қажет етеді. Газет-журнал, радио және теледидар бағдарламалары- ның, интернет-БАҚ веб-парақтарының мәні мен мазмұнына объективті баға беру мүмкінді- гі журналистке өзінің кәсіби қызметінде қажетті бағыттарды айқындауға көмектеседі.
БАҚ мониторингінің анықтамасы мен қызметін, ақпараттық кеңістікте мониторинг жүргізудің мәнін сараптай келе, БАҚ мониторингін жүргізу барысында ақпаратты сақтау, жиналған ақпаратты сараптау, санатқа бөлу мәселелеріне ғылыми талдау жасалады. БАҚ материалдары мазмұндық талдаудағы өлшеу дәлдігі мен дерексіз конструкциялардың анықтамаларын айқындау және сандық параметрлердегі негізгі тақырыптық блоктарды көрсететін мазмұнның жасырын жақтарын анықтау үшін қолданылатын кодтау процесінің маңызы мен құрылымын зерделейді. Мазмұндық талдаудағы құрылымның бір бөлігі ретін- дегі кодтау жүйесі – мәтіннен алынған мазмұнды жүйелі түрде бекіту және жазуға арналған нұсқаулар немесе ережелер жиынтығы тұрғысынан сараптау болып табылады.
БАҚ мониторингі нәтижесіне сәйкес медиа өнімдерінің бағыттары мен мазмұнына талдау жасау және мониторг жүргізу әдістемесін теориялық және тәжірибелік жағынан қарастыру мәселесі ақпараттық ғасырда алдыңғы қатардағы міндеттердің біріне айналып отыр.
БАҚ мониторингін жүргізу теориясы мен әдістемесі, технологиясы мен бағдарлама- лары, БАҚ мониторингін жүргізудің тәжірибелік маңызын айқындап, БАҚ материалдарына мазмұндық-тақырыптық талдау жасау, шолу нәтижесінде БАҚ материалдарын сараптауға ғылыми негіздегі сараптама жасау қажеттілігі туындап отыр.
«Мониторинг» термині ағылшын тілінде - «monitor» «қадағалау», «бақылау», «алдын ала ескерту» деген мағынаны білдіреді [1]. 1972 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында «бақылау» ұғымына толықтыру ретінде «монито- ринг» термині пайда болды. Термин синтезделген химиялық қосылыстар мен экологиядағы өзгерістерді зерттеу, зерделеу мақтасында енгізілген. Ал БАҚ мониторингі дегеніміз – бел- гілі бір тақырыпқа сәйкес БАҚ материалдарын қадағалау.
БАҚ деген сауалға қай кезеңде де қоғам дамуына тікелей әсер етіп маңызын жой- мағанынан, Қазіргі БАҚ мониторингі жүйесін зерделеу үшін ҚР Ақпарат және коммуника- ция министрлігінің 2018-2019 жылғы ресми деректерін негізге алдық. БАҚ мониторингі туралы мақалалар мен теориялық әдебиеттерге жүгіндік. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы ақпараттық кеңістікте БАҚ мониторингісімен айналысып отырған компаниялардың мате- риалдарын да талдап, сараптама жасадық.
Теориялық материалдар негізінде БАҚ мониторингісінің қоғамда атқаратын қызметі мен маңызын, қазіргі кезде даму бағыттарын, қазіргі қоғамда туындаған көзқарастар мен пікірлерге сараптама жасадық.
Ғылыми мақалада талдау-сараптау, салыстыру, тұжырымдау сынды ғылыми әдістер арқылы жинақталған материалдардың негізінде нақты нәтижелер мен қорынтындыға кел- дік. Мақалада MediaSystem, checkpoint.kz, vse.kz компанияларының дайджестерін нысанға алдық.
Талқылау. Бүгінгі таңда мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың басым көпшілігі қоғаммен байланыс, қоғамдық пікір және мекеменің даму деңгейі, имиджі бағы- тында нақты ақпаратқа қол жеткізу үшін БАҚ мониторингісіне жүгініп отыр. Ақпараттық кеңістікте және нарықта табысқа жету жолы ретінде компаниялар мен мекемелер жаңа на- рық тенденцияларын бақылап, кейде бәсекелестердің бизнес-стратегияларын талдау үшін БАҚ мониторингін тиімді пайдалану – әлемдік тәжірибе нәтижесінде қалыптасқан бағыт.
Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары құрған ақпараттық кеңістікте жақсы навигаци- ялау қажеттілігі туындайды. Бүгінгі таңда осы мақсаттарда кеңінен қолданылатын тиімді құрал - бұқаралық ақпарат құралдарын бақылау және талдау. БАҚ мониторигі бизес сек- торларына жарнамалық науқанды жоспарлау және реттеу үшін жақсы материал бере алады.
Қазақстандағы БАҚ мониторингісін жүргізу қағидалары, оның әдістемесі туралы ҚР Aқпapaт және қoғaмдық дaму министpлігі 2019 жылғы 5 тaмыздaғы № 263 «Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқapaлық aқпapaт құралдары мониторинг жүргізу қағидaлapын және оны есептеу әдістeмecін бекіту туралы» 2019 жылғы 29 cәуірдeгі №84 бұйpықтapындaғы өзгеpістep мен eрeжeлep, БАҚ мониторингін eceптey әдістемесінің нор- маларын жетілдірy тyралы зaңнaмaлық құжаттары қарастырылды. Сонымен қатар, БАҚ мониторингін теориялық тұрғыдан зерттеген орыс ғалымдары C.C. Kacaткин, А.Ю. Пите- рова, А. Лукасик, Н. Калинина сынды орыс ғалымдарының еңбектері басшылыққа алынды.
Қазіргі кезде Қазақстан ақпарат кеңістігінде БАҚ мониторингімен айналысып келе жатқан MediaSystem, checkpoint.kz, vse.kz kомпанияларының сайттарындағы мониторинг туралы материалдарына шолу жасалды.
Елімізде БАҚ мониторингін инвестиция және даму министрлігі жүргізіп, монито- рингті ақпараттандыру және ақпарат комитеті қадағалап, бақылап отырады. 2012 жылы шілде айында құрылған «Сараптама және ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесі Отан- дық БАҚ мониторингін жүргізеді. 2016 жылы 26 қаңтарда ақпарат құралдарына монито- ринг жүргізу ережелері бекітілді. БАҚ мониторингі мемлекеттік «Сараптама және ақпарат орталығының» құзырына өтуіне байланысты сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйы- мының мүшелері мен заңгерлер аталған орталық цензура қызметін атқарады деген пікірде болды. «Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Т. Калеева бұрын БАҚ мониторингімен аймақтық билік айналысқанын, енді әкімдіктердің орнына БАҚ мониторингісімен айналысатын ор- талықтың ашылғанын цензурамен байланыстырады. Оның ойынша, мониторинг бірінші кезекте тәуелсіз, оппозицияшыл басылымдарды бақылайтын болады. Мемлекеттік орталық постцензура қызметін атқарады [2].
Ал В. Семенова өзінің еңбегінде тақырыптарды сараптағанда контекстегі жағымды мысал немесе сынға мән беру қажеттігін, мұндай әдістер пайдалы ақпараттың белгілі бір минимумын қамтамасыз ететінін, алайда балама жіктеудің арқасында олар мәтіндер тура- лы құнды ақпаратты жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар мазмұнды үстірт және жеткіліксіз сенімді бағалауға әкеледі деп тұжырымдайды [3]. Жалпы әлеуметтанулық көзқарас тұрғы- сында бұларды анықтау үшін мәтіндердің бөлінуін, сандық құрамын талап етеді, жасырын мазмұндағы белгілі бір тенденцияларды сипаттайтын ақпаратты да жеке санатқа жіктей- ді. Көп жағдайда мазмұндық-сандық талдауды дәстүрлі, сапалы сипаттамамен және зерт- телетін мәтіндердің басқа аспектілерімен біріктіру керек. Кейде көлемі жағынан шамалы немесе модальділік туралы мәлімдемелер әлсіз, формализация олардың сирек қолданыла- тындығына байланысты бағдарламада қарастырылмаған, болашақта үлкен мәнге ие бола- тын дамып келе жатқан тенденцияны білдіре алады. Қазігі ақпараттық дәуірде бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті, ең алдымен, aқпараттың тұтынушысы болып табы- латынмақсатты аудиторияны толық қамту болды. Алайда қазіргі ақпараттық коғамда бір аудитория әртүрлі БАҚ (мерзімді басылымдар, радио, теледидар немесе интернет сайттар мен порталдары) тұтынушысы бола алады. БАҚ мониторингі аудиторияны зерттеу, оның әлеуметтік-демографиялық және психографиялық сипаттамаларын, тұтынушылардың сұранысын анықтау, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының дәйексөзі деңгейін өлшеу және жарнама төлемдерінің мөлшерін анықтау мәселелерін шешеді. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуді негізінен социологтар, маркетологтар мен талда- ушылар жүргізеді, олар деректерді жинау және медиа индикаторларын (сынып, жарнама) талдау үшін түрлі эмпирикалық әдістерді қолданады: мониторинг, мазмұнды талдау, рей- тингтік әдістер, ақпараттың әсер ету тиімділігін өлшеу. Зерттеу компаниялары зерттеулер жүргізіп, нәтижелерімен мәліметтер базасын құрумен, мәліметтерді өңдеумен және бағдар- ламалық жасақтаманы жасаумен айналысады, ал ақырғы пайдаланушылар бұқаралық ақпа- рат құралдары мен жарнама агенттіктерінің талдаушылары, маркетологтары және жарнама
мамандары болып табылады. БАҚ туралы ақпарат жинаудың негізгі әдісі – мониторинг.
Бірқатар сарапшылар әр мекеменің жұмысын ғана емес, сонымен бірге адамның бүкіл өмірін бірыңғай ақпараттық ағын ретінде қарастыруды жөн санайды, оның себебі үздіксіз ақпарат алмасу жүретінімен түсіндіреді. Шынында да, бүгінгі нарықтық экономика шең- беріндегі ақпараттық кеңістікте біз не істесек те, бәрі ақпарат құруға, жылжытуға, өңдеуге, іздеуге және сақтауға байланысты. Біздің заманымыздың ең танымал афоризмдерінің бірі
«Ақпаратты кім иеленеді, әлемді иеленеді» [4]. Бұл тұжырым қазіргі ақпараттық техно- логиялар құзыреті басым кезеңде ешкімді таңқалдырмасы анық. Сондықтан бір қадам алға ұмтылғысы келетіндер ақпаратқа соншалықты мән береді. Бұл бизнесте жаңадан пай- да болған кезде нарықтың даму тенденцияларын байқауға, бәсекелестер туралы қосымша ақпарат алуға, сайып келгенде, компанияңызды жаңа белестерге көтеруге мүмкіндік бе- ретін жағдайды айқындауға көмектеседі. Сонымен қатар, БАҚ өнімдеріне деген сұранысты арттыратын тиімді бағыт. Ақпараттық нарықта да БАҚ мониторингі өте қажет. Ақпарат нарығындағы бәсекелестерді анықтап, олардың өнімдерінің тақырыптық-мазмұндық ерек- шеліктері мен аудиториясын зерделемейінше, бірде-бір қадам жасалмайды.
Бүгінгі тaңда интeгрaцияланған маркeтингтік коммуникациялар дәуірінде табысты маркетолог, бренд менеджері немесе қаржыгер - ақпарат алмасу жүйесін ең жақсы құрған адам, ал табысты көшбасшы - бұл ақпарат оның кәсіпорынның қан айналымы жүйесі екенін білетін адам. Бірақ ақпараттың көптігі бірқатар келеңсіздіктерді туындатады. Біріншіден, бұл дұрыс басқару болмаған кезде белгілі бір тапсырмаларды орындауға бөлінген уақыт- тың барлығын дерлік иемденетін қуатты ағым екенін мойындауымыз керек. Әлеуметта- нушылардың есептеуінше, жұмыс уақытының 30%-ы адамға ақпаратты алуға, ұйымдасты- руға және өңдеуге кетеді. Сонымен шығу жолы қайда? Ақпараттық ағындарды қалай дұрыс басқару керек? Оларды қалай нақты бизнес мәселелерін шешуге бағыттау керек? Жауапты әлемдік нарықтағы ақпаратты жеткізу және өңдеу бойынша негізгі қызметтердің бірі - ма- мандандырылған агенттіктердің медиа-мониторингі бере алады.
БАҚ мониторингі – ақпарат ағынындағы ақпараттың барлық жиынтығын өңдеу ғана eмeс. Бұл, ең алдымен, oны талдау құралы. Пресс-шолуларды қолдана отырып, кез келген іс-әрекетті жоспарлауға, стратегиялық бағдарламалар жасауға және компанияны нарықта белсенді ету үшін тактикалық қадамдар жасауға болады. Ақпараттық шолулар бәсекеле- стерді бақылау үшін де маңызды. Пікірлерді жүйелі түрде қарау дұрыс ақпараттық саясатты әзірлеу, коммуникациялық бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде көмектеседі. Пресс-шо- луларды қолдана отырып, белгілі бір уақыт аралығында компанияның айтылу жиілігінің артуын немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдардың үнін бақы- лау арқылы PR және жарнамалық науқандардың тиімділігін бағалауға болады. Мақсатты топтардың өкілдері сіз туралы не ойлайтынын, компанияның қоғам алдындағы бейнесі қандай болғанын білу өте маңызды. Бұл рeттe БАҚ мoнитopингінің маңыздылығын асыра бағалау қиын [5].
Әдетте БАҚ мониторингі қалай жасалады? MediaSystem агенттігінің маркетинг және сату жөніндегі директоры Cымбaт Қадырдың айтуынша, бүгінде бұқаралық ақпарат құрал- дарының мониторингі нарықтың 85%-ына иелік етеді, мұны ақпаратты жинау және өңдеу технологиясына ие, арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолда- натын сарапшылардың бүкіл тобы жасайды.
Егер біз мoнитоpингтің негізгі принциптері туралы айтатын болсақ, онда жаңа ақпа- рат көздерін үнемі іздеуді және мәліметтер базаcын жаңартуды көздейтін бақыланатын ақпаратты неғұрлым толық қамту; белгілі бір тақырыптар мен берілген негізгі cөздер бой- ынша ақпаpатты нақты құpылымдау; егжей-тегжейлі шолуларды ұсынуға ыңғайлы ныса- ны, сонымен қатар тиімділік. Мәліметтер базасы мониторинг материалдарынан жасалады.
Олар кейіннен ақпаратпен жұмыс жасауға, атап айтқанда, аналитикалық өңдеуді жүргізу-
ге мүмкіндік береді, соның негізінде пресс-шолулар мен мазмұнды талдау пайда болады.
Соңғысы - компанияға жасалған сілтемелер санын, сондай-ақ материалды ұсыну реңін (теріс, позитивті немесе бейтарап) бақылау үшін жарияланымдардың мәтіндеріне сандық талдау жасау [6].
Мониторингтік агенттіктер әрдайым барынша тапсырыс берушілерге екі түрлі мо- ниториг ұсынады. Біріншісі – ақпаратты жүйелеу. Екінші, нақты салалық тақырыптар бойынша материалдарды сараптайды. Олардың айырмашылығы неде? Материалдарды жүйелегенде, алдымен, бұқаралық ақпарат құралдарына қысқаша шолу жасайды. Компа- ниялар барлық газет-журналдар мен телешоуларды көруге уақыт жетпейтіні белгілі. Со- нымен қатар, елде және әлемде болып жатқан оқиғалардан жайлы ақпаратты бір жүйеге жинақтайтын арнайы бағдарламалар бар. Мәселен MediaSystem мониторинг компаниясы News Digest шифрын пайдалану арқылы күн сайын ұлттық телеарналар арқылы өткен бар- лық жаңалықтарға тақырыптық және салалық сараптама жасайды. БАҚ мониторингін- де белгілі бір уақыт ішінде жарияланған бастапқы ақпарат көздерінен тақырып бойынша материалдарды жүйеленіп, жинақталады. Көбінесе бұл банк, мұнай және газ, көлік және байланыс, жеңіл өнеркәсіптер мен сақтандыру қызметі сынды тақырыптарға салалық шо- лулар жасалады [7]. Тапсырыс берушіге нарыққа жаңа өнім енгізу үшін бәсекелестер мен олардың өнімдері туралы жедел ақпарат жинау керек болса, мониторинг агенттіктер жеке тапсырыс қабылдап, тақырыптық және салалық шолу жасайды.
Қазіргі кезде мониторингтік компаниялар қазақстандық бұқаралық ақпарат құрал- дарын, барлық теледидар жаңалықтарын бақылап отырады. Сюжеттер кассеталарға жа- зылып, медиа-дерекқорға енгізіледі. Медиа дерекқордан кез келген уақытта қажетті ақпаратты алып, тапсырыс берушінің өтініші бойынша тақырыптық, мазмұндық талдау жасайды. Қазақстандағы мониторингтік компаниялар 1998 жылдан бері осындай мазмұн- дық-тақырыптық талдауды жасап келеді. БАҚ материалдарына сараптамалық талдау жаса- уда мейлінше уақытты үнемдей отырып, автоматты іздестіру жүйесіне жүгінеді. Тақырып арқылы БАҚ материалдарын іздестіре отырып, жинақталған БАҚ материалдарын санат- тарға жіктейді. Мониторинг барысында алғашқы қадам пресс-шолудан басталады. Шолу жасағанда ақпараттың құрылымына, оның толықтығына назар аударған жөн. БАҚ мони- торингісін пайдалануда нарық көшбасшылары нақты қағидаларды ұстануға ғана емес, со- нымен бірге тұтынушының назарын аудартуға да үлкен мән береді. БАҚ мониторингісіне тапсырыс беруші сұраныстарына қарай шолу жасалып, нақты деректер базасы құрылады.
Мониторингке тапсырыс беруші өзіне қажет тақырыпты, оның құрылымы мен мазмұнын өзі анықтайды, ал БАҚ мониторингі агенттіктері кеңесші және орындаушы ретінде әре- кет етеді. Мониторингтік компаниялар сараптамалық ақпаратқа тапсырыс берушілермен тығыз ынтымақтастықта маркетинг, PR, бизнесті дамыту және басқа да салаларға жауап беретін әртүрлі бөлімдермен бірлесе отырып нәтижелі, әрі сапалы контент-талдау ұсынуға әрекет жасайды. Мәселен, қазіргі кезде ең танымал өнімдердің бірі «Барлық тендерлер»
шолуы, оны тек байқауларға қатысу үшін ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілер, серіктестер және бәсекелестердің қызметі туралы ақпараттың сенімді дерек көзі ретінде де пайдаланады. PR-бөлімге арналған тағы бір шолу – «БАҚ-та компания сілтемелерін медиа-талдау» компанияның топ-менеджменті үшін үлкен қызығушылық тудырады [8].
Мысалы MediaSystem-нің бұл тәсілі өзін-өзі толық ақтады, қазіргі уақытта агент- тіктің шолуларын күнделікті қызметінде Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жұмыс жасайтын 700-ге жуық компания пайдаланады. Олардың саны үнемі өсіп отырады, өйткені олардың бәрі БАҚ мониторингін бизнестегі жетістікке жетудің маңызды құралы және агенттіктің өзі сенімді басқаруға болатын сенімді серіктес ретінде қарастырады. Со- нымен қатар, осы компанияның қазақ тілді басылымдарға шолу жасаған БАҚ дайджесінде (1-кесте) баспасөз материалдарын бірнеше айдарлар арқылы санаттарға бөлген. Мәселен:
«Ішкі саясат», «Сыртқы саясат», «Президент», «Парламент», «Үкімет», «Партиялар және қозғалыстар», «Экономика және қаржы»және т.б. Әр санат бойынша жарық көрген мақа- лалар мен материалдардың тақырыбы мен авторын тіркеп отырады. «Дайджест» термині ағылшын тілінен аударғанда digest «қысқаша баяндау, түйіндеу» деген мағынаны білдір- се, латын тілінде digerere «бөлу, бөлісу» деген мағынаны білдереді. Дайджес ақпараттық өнімдердерге қысқаша шолу жасау, аннотациядан тұратын, белгілі бір уақыт аралығындағы жарияланымдардың қысқаша мазмұны берілетін формат.
Демек фантаст-жазушы Сергей Лукьяненконың «Күзгі сапарлар» романының мына бір үзіндісін тілге тиек еткім келеді: «... Ақпарат енді танктерге қарағанда күшті. Ақпарат президенттерді құлатады және адамдарға дауыс береді. Ақпарат армандар мен мақсаттар- ды қалыптастырады... Ақпарат - бұл тек қару. Оны алуға болады. Сенің қолыңда, саған қызмет етеді!» [9].
Қорытынды. Қазақстан ақпарат кеңістігі мен оның даму бағыттарын зерделеу уақыт талабынан шығып отырған тақырып. Ақпараттың қоғамдық санаға әсері мен қоғамдық пікір қалыптастырушы күші және ақпараттың оперативті таралуы бұл саланы зертте- ушілерге үлкен міндеттер жүктейді. Ақпараттық нарық, бизнес деген ұғымдар да біздің санамызға нарықтық экономикамен бірге енді десек те артық болмас. Осы орайды елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының санын, бағытын айқындап, сапасын таразылап, сарап- тап, тіпті, сүзгіден өткізіп отыруға тура келеді. 2019 жылғы 15 қaңтapдaғы мoнитopинг бойынша Қазақстанда 3328 БAҚ тіркелген, оның ішінде 2790-ы мерзімді баспасөз, 128 те- леарна,70 радио, 340 ақпараттық агенттік және желілік басылым.
Mонитоpинг бойынша қазіргі кезде елімізде тіркелген мерзімді баспасөз саны басым болып отыр. Яғни баспасөз өнімдерінің саны – 2 790 (немесе 83,8%), оның ішінде газет – 1800 және журнал – 990. Соңғы мониторинг бойынша Қазақстанда 225 шетелдік теле-ра- диоарна тіркелген. Оның 161-і ресейлік телеарна, 15-і АҚШ-қа, 16-ы Эстoнияға, 20-ы Ұлыбритaнияға, 6-ы Францияға, 1-уі Кипрге тиесілі [10].
Aқпарат және қоғамдық даму министрлігі қазақстандық БАҚ-тың негізгі жаһандық тенденция бағытында дамыту үшін БАҚ-ты модернизациялау және ұлттық ақпараттық кеңістікті жүйелендіру бoйыншa негізгі жобaлap қoлғa алынды. Осындай «Қазақстан» ұлт- тық телеарнасының басты жобасы «Балапан» арнасы мен «KazSPORT» арнасы еліміздің барлық аумағына хабар таратады. Аталған арналардың мазмұндық сапасын арттыру және аудиториясын кеңейту мақсатында «Қазақстан» РТРК АҚ 2021 жылға дейінгі даму стра- тегиясы бар. Стратегияда аталған телеарналардың аудиториясының ауқымын ұлғайтумен қатар, бағдарламалардың танымалдылығын анықтайтын сараптау жүйесін енгізу арқылы рейтингін жоғарылату, сондай-ақ аудитория сұранысын зерттеп, көрермендер сұраныстары мен талап-тілектерін ескеріп, арна жұмысын жетілдіру мақсаты алға қойылды. «Қазақстан»
телеарнасы мақсатты индикатор – «Бүкіл Қазақстан, 6+» панеліндегі Топ-3-ке кіруге нақты қадамдар жасауда. Coнымен қaтap, өнімдердің рейтингін ескеріп, контентті сатып алудың жаңа саясатын әзірлеу арқылы контенттің сапасын арттыру басты назарда. Телеарна ин- тернет желісі үшін жаңа имидждік стратегияны қолға алып, арна сайттарын жаңартып, HD-де онлайн көрсетілімді қoсу, жаһандық және көпфункционалды мoбильдік қoсым- ша жaсaу aрқылы кopпopацияның мeдиaөнімдepін эфирден тыс ілгерілетуді басты даму бағыттары ретінде қарастырып кeлeді. Телеарнаға KPI жүйесін енгізу арқылы персоналды байқау нәтижесінде іріктеуді жетілдіру және кадрлық резервті қалыптастыру арқылы ма- мандардың біліктілігін және құзыреттілігін арттыру кешенді түрде жүзеге асырылады. Ми- нистрліктің тапсырмасымен телеарнаның облыстық филиалдарындағы контентті жетіл- діру арқылы корпорацияның өңірлік өнімдері мен көрермендерінің санын арттыру басты мақсаттардың бірі. Телеарнада қаражатты тиімді жұмсау, хабар тарату сеткасын жетілдіру, медиа жоспарлауды орталықтандыру жолға қойылған. Жалпы алғанда, трансформация