L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan (E-mail: [email protected])
Indian plots in the poem by Saken Seifullin «Kokshetau»
Abstract. In Kazakh literature, there is a sufficient number of works based on ancient plots, which are rooted in a long history. The more we study the origins of the narratives central to these works, the more we begin to understand their deeper meaning. The bulk of these plots are associated with ancient legends, fables that have long been forgotten. How these plots were born and emerged, how these plots developed in different periods of human history, how they changed over time - these are questions that require meticulous research. Along with these investigations, it seems necessary to expand the study of this issue. In modern studies of fiction, it is relevant to pay attention to the fact that famous works of art of the modern era use plots of ancient literary monuments. They, these plots, are taken as a basis, interpreted, and masterfully transformed in the texts of contemporary works. This article is devoted to identifying the original basis of one plot of the famous poem
«Kokshetau», the author of which is an outstanding representative of Kazakh literature Saken Seifullin. The author of the article offers his own vision of the origin of the plots of the poem «Kokshetau» by Saken Seifullin, the source of which is the literary monuments of Ancient India, widely spread throughout the world, «Twenty-five stories of Vetala», «Pearls of conversations» (Javakhir al-asmar), «Totynama».
Key words: Indian stories, wandering plots, ancient values, Sanskrit, legends, Kalmyk girl, riddle, loyalty to the oath, allegorical story, Eastern traditions.
Б. Омаров
Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан (E-mail: [email protected])
Индийские сюжеты в поэме Сакена Сейфуллина «Кокшетау»
Аннотация. В казахской литературе существует достаточное количество произведений, основанных на древ- них сюжетах, которые своими корнями уходят в многовековую историю. Чем больше мы изучаем происхождение
повествований, занимающих центральное место в этих произведениях, тем больше мы начинаем понимать их глу- бинный смысл. Основная масса этих сюжетов связана с древними сказаниями, баснями, которые давно забыты.
Как зародились и возникли эти сюжеты, как эти сюжеты развивались в разные периоды истории человечества, как они изменялись с течением времени – это вопросы, которые требуют скурупулезного исследования. Наряду с этими изысканиями представляется необходимым расширение исследования данного вопроса. В современных ис- следованиях художественной литературы необходимо обратить внимание на то, что в известных художественных произведениях современной эпохи используются сюжеты древних литературных паямятников. Они, эти сюжеты, берутся за основу, интерпретируются, мастерски преображаются в текстах современных произведений. Данная статья посвящена выявлению оригинальной основы одного сюжета знаменитой поэмы «Кокшетау», автором кото- рой является выдающийся представитель казахской литературы Сакен Сейфуллин. Автор статьи предлагает соб- ственное видение происхождения сюжетов поэмы «Кокшетау» Сакена Сейфуллина, источником которых являют- ся широко распространившиеся по всему миру литературные памятники Древней Индии «Двадцать пять историй Веталы», «Жемчужины бесед» (Джавахир ал-асмар), «Тотынама».
Ключевые слова: индийские истории, «бродячие» сюжеты, древние ценности, санскрит, легенды, калмыцкая девушка, загадка, верность клятве, аллегорический рассказ, восточные традиции.
Автор туралы мәлімет:
Бауыржан Омаров, филология ғылымдарының докторы, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев көш. 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Сведения об авторе:
Бауыржан Омаров, доктор филологических наук, профессор кафедры телерадио и связи с общественностью, Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, ул. Сатпаева, 2, Нур-Султан, Казахстан.
About the author:
Bauyrzhan Omarov, Doctor of Philology, Professor of Department of Television and Radio and Public Relations, L.N.
Gumilyov Eurasian National University, 2 Satbayev st., Nur-Sultan, Kazakhstan.
Э.Н. Оразалиева
Назарбаев Университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])
Түркі тілдерін зерттеудің танымдық және диалектикалық ұстанымдары
Аннотация. Когнитивті қазақ тіл білімінің теориялық және қолданбалы ұстанымдары қазіргі заманғы өзек- ті лингвистикалық тенденцияларды да, жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен әдіснамаларды да анықтайды. Бұл тұрғыда қазақ тіл білімі ғылымындағы тұжырымдамалық және құрылымдық тәсілдердің өзара байланысының ұстанымдарын зерттеудің маңызы зор. Тіл мен ойлау байланысы орнатылған қоршаған шындықтың немесе қор- шаған әлемнің тіліндегі бейнесі қазіргі тіл білімінің антропоөзектік сипатын анықтайды. Сонымен, тілдік бірлік- терді диалектикалық-динамикалық құбылыстар ретінде талдау қазақ халқы әлемінің тілдік және концептуалдық бейнесін анықтауға, олардың этникалық менталитеті мен ділінің ерекшеліктерін ашуға және жалпы түркі тілдерін зерттеудің концептуалды қорының негізін қалауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, дәл осы концептуалды методо- логия тек қазақ тілі үшін ғана емес, басқа түркі тілдері үшін де маңызды диахроникалық және синхрондық зертте- улер үшін өте жемісті болып шықты. Тілдік танымның тұжырымдамалық-когнитивті теориясы ХХ ғасырдың 20- 30 жылдарында қазақ лингвистикасында тіл, философия, психологиямен түйіскен тұста қалыптаса бастады және ол адам болмысын танудағы салыстырмалы және құрылымдық тәсілдермен, тіл мен ойлаудың байланысымен тығыз байланысты. Құрылымдық ұстанымдардың философиялық, логикалық және танымдық бағыттар элементіне біртіндеп ауысуы қазіргі қазақ тіліндегі семантикалық зерттеулерге негіз болды. Мақалада қазақ ғалымдарының диахрония мен синхрониядағы зерттеулерінен алынған лингвистикалық бірліктерді талдау арқылы қазақ тілінің тұжырымдамалық және құрылымдық байланыстары ашылады.
Кілт сөздер: когниция, диалектикалық ұстанымдар, философия, түркі тілдері, концептуалды-құрылымдық байланыстар, қазақ тілі.
Кіріспе
Адамтанудың басты қағидаларын сұрыптаған диалектика ғылымы алғашқы философиялық ой-пікір- лердің тізбегін ұсына отырып, қоршаған әлем мен құбылыстар туралы, олардың адам дамуына әсері мен өзара сабақтастығы хақында құнды деректердің дүниеге келуіне себепкер болды. Олардың қатарында адамның объективті дүниені тануы, оны ой елегінен өткізуі, қабылдаған мәліметтерді саралауы, сол арқылы болмыс пен шындықтың, табиғат пен қоғамның өзгешеліктерін түсіндіруі сынды проблемалар зерттеу нысанын айқындады. «Пәлсапалық әдіс дегеніміз – ең алдымен, ғылымның, өз дәуірі мен өр- кениетінің табиғатын айқындайтын танымдық қағидалар мен ұстанымдар жүйесі... Пәлсапалық әдістің жалпыға ортақ сипатында, ғылымнан, өнер мен адамгершіліктен бастап сана мен дінге дейінгі ара- лықты қамтыған өзгешелігінде өз уақытының мазмұны мен формасында, құрылымында шоғырланған рухани бастауы жатыр» [1, 1-2 бб.], сол себепті пәлсапалық пайымдардың әр ғылым саласында көрініс тауып, қолданылуы оның дәстүрлі тарихи негіздерімен айғақталады. Танымның жалпыадамзаттық, ғылымаралық универсалды сипаты оның әдістемелік және теориялық ұстанымдарының бір бағытта емес, бірнеше салаға ортақтаса қалыптасуын дәйектеді. Жалпы танымдық заңдылықтар психология не- месе лингвистика шеңберінде ғана қалып қоймай, кең аяда қарастырылуға мүмкіндік алды. Пәлсапалық ұғымдар қатарында диалектика заңдылықтарының танымдық процесті айқындауға қатысуы да сол күр- делі тұтастықтың нәтижесін құрады.
Диалектика қимыл-қозғалыстар мен дамудың жалпы заңдары туралы ғылым болып есептелетіндік- тен, бүгінгі күні аталған термин 3 түрлі мағыналық ерекшелікпен сипатталуда: адам санасында тәуелсіз әрекет ететін объективті диалектикалық заңдылықтар мен процестер жиынтығы ретінде; бұл орайда табиғат, қоғам, ойлау, объективті шындық диалектілері сөз болады; субъективті диалектика, диалекти- калық ойлау немесе объективті диалектиканың санадағы көрінісі деп ұғынылатын түрімен; диалектика мен диалектика теориясы туралы пәлсапалық ілім мағынасында қолданылуы арқылы [2, 60 б.]. Таным- дық зерттеулердің пәнаралық негізін дәйектейтін факторлардың бірі ретінде когнитологияда пәлсапа- лық әдістердің қолданыс табуы, диалектика ұстанымдарының таным процесінде жүзеге асуы қарасты- рылады. Осыған орай, тіл мен танымды байланыстыратын принциптер екі бағыттың тоғысу шеңберінде зерделенетін амал-тәсілдермен сұрыпталады: біріншіден, шындық дегеніміз – дайын күйіндегі догмалар жиынтығы емес, ғылымның, оның ішінде, түркологияның, ұзақ та тарихи дамуы барысында толығу үстінде болатын, төменнен жоғары қарай өрлей беретін шексіз танымдық процестер, өйткені дүниеде-
гі барша құбылыстар, тіпті, қоғамдық тәртіп нормалары да бір кезеңге қызмет ететін өтпелі үлгілер болып есептеледі. Адам барлығын шегіне жетіп тани алмайды, яғни қоршаған әлем мәңгілік дамудың көрсеткішін құрайтын деректер, фактілер жиынтығы деп айқындалады. Екіншіден, танымдық тұрғыдан диалектика ұстанымдары жекеленген заттар мен құбылыстарды біріктіретін тұтастық немесе жалпыға ортақ негіз ретінде қарастырылатын қағидадан бастау алады. Аталған ұғым алғашында Платон еңбек- терінде көрініс тауып, «идея» сөзімен түсіндірілді. Философ «идеяның» басты өзгешелігі заттардың негізі мен тегінде, жалпылық қасиетінде жатыр; ол шындықтан әрекет пен қарым-қатынас арқылы туындайды; сөйтіп, болмыстың да өзгеріп отыруына әсер етеді деп тұжырымдалды.
Зерттеу әдістері
Ғалымдар диалектикалық ұстанымдардың табиғатын үш бағытта айқындауға болады деп есептейді:
а) антропологиялық негізде; ә) қарама-қайшылықтар диалектикасы бойынша; б) ғылыми танымның ди- алектикалық амалдары арқылы [3, 110 б.]. «Тіл философиясы» деген ұғымның өзектелуі неміс ғалымы В. фон Гумбольдттің есімімен тығыз байланысты. «Рух», «идея» мәселелерін тілдік құрылымдармен сабақтастырған зерттеуші алғашқылар қатарында пәлсапалық танымды, адамның ойлау әрекетін тілдік фактілердің ішкі-сыртқы өзгешеліктері арқылы дәйектеуге тырысты. Ол «субъект пен объект», «жал- пы мен жалқы», «даму мен қозғалыс» сияқты мағыналардың екі жақты арақатынасын тілдік дамудың философиялық заңдылықтарын шешуге бағыттай отырып, диалектикалық ұстанымдардың кілті ретінде
«антиномия» немесе қарама-қайшылық қағидаларын сұрыптады. Мысалы: тәуелсіздік пен байланыс антиномиясы; субъективтілік пен объективтілік немесе индивидуалдылық пен ұжымдық антиномиясы;
тұрақтылық пен қозғалыс антиномиясы, универсалдылық пен өзгешелік антиномиясы және т.б. [4, 107-112 бб.]. Нәтижесінде, тіл ғылымында орын алған диалектикалық нормалар қозғалыс пен үздіксіз дамудың салдарын құрайтын принциптер жиынтығы, қайшылықтар негізінде қалыптасатын арнайы заңдылықтар жүйесі деген тұжырым үстем бола бастады, себебі пәлсапа тарихында «диалектика» ұғы- мы алғашында «диалект», «диалог» деген сөздермен астарласып қолданылса да, кейіннен ғылыми ай- налымға тек «даму, мәңгілік даму» мағынасында еніп орнықты.
Осыған орай, тілдік танымға негізделген түркологияның ғылыми бастауын диахронды және син- хронды әдістермен сабақтастыра талдаған маңызды, өйткені ғылыми ізденіске арқау болар салыстыру мен салғастыру негізінде адамдық фактор, оның қалыптасу, даму өзгешелігі жататыны анық. Бірінші- ден, тілтанымның диалектикалық ұстанымдары адамның табиғи жаратылысын сипаттайтын қағидалар- дан тұратындықтан, зерттеу нысаны, адам мен қоршаған әлем арақатынасы, өзара байланысу үлгілері, жеке тұлғалардың ойлау қабілеттері мен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері, тілдік қатынастың маңы- зы тілдік құралдардың пәлсапалық мүмкіндіктерімен толыға отырып, жеке тұлғалық шығармашылық кеңістікке ұласу принциптерін айғақтайды. Адам белгілі бір қоғамдық тәртіптің, ұжымдық қатына- стардың әрі ұлттық қауымдастықтың жемісі болғандықтан, оның тіршілік ету, тәжірибе жинау, өз са- насында арнайы қорды қалыптастыру әрекеттері де сол нормалардың ықпалымен жүзеге асады. Екін- шіден, диалектикалық қарама-қайшылық шынайы болмыстың өмір сүру формасы мен даму сипатынан туындайтындықтан, зерттеу нысанын құрайтын кез келген объект екі жақты байланыстар мен қатына- стардың тоғысы ретінде зерделенеді; анығырақ айтқанда, танымның негізінде өзектелетін пайымдаулар жүйесі де «қайшылық» қатынаста дами отырып, келесі заңдылықтарға сәйкес анықталуы мүмкін: «...
олар бір мезетте ақиқат та, бір мезетте жалған бола алмайды. Бірінің ақиқаттығынан міндетті түрде екіншісінің жалғандығы шығады немесе керісінше» [5, 62 б.]. Оған В. фон Гумбольдт ұсынған тілдік антиномиялары дәлел бола алады. Тілдің «таңбалық жүйесі» (Ф.де Соссюр) жекеленген бірліктердің екі жақты сипаты арқылы ғана емес, олардың өзара байланысы мен бір-біріне ауысу принциптері не- гізінде айқындалатындықтан, диалектикамен қатар синтез процесі де жүзеге асып, динамикалық даму, өзгеру, толығу жолдары сұрыпталады. Түркі тілдерінің зерттеулерін диахронды-синхронды аспектіде қарастыру, яғни тілдік және танымдық ұстанымдар мен заңдылықтардың бірте-бірте қалыптасу негіз- дерін жүйелеу, ұғымдық бірліктердің жасалу кезеңдерін анықтау, олардың ішкі-сыртқы, негізгі-қо- сымша қарама-қайшылықтарын сипаттау диалектикалық қарама-қайшылықтардың үйлесімді сабақта- суын уәждеуге мүмкіндік береді. Айталық, тілтаным процесіндегі субъективтілік пен объективтілік, ортақтық пен жекелік, индивидуалдылық пен ұжымдық және т.б. сол ғылыми ұстанымдардың көрсет- кіші ретінде зерделенеді. Үшіншіден, қоршаған ортаны тіл арқылы тану процесі бұрыннан қалыптасқан танымдық амалдар арқылы зерттеліп анықталатындықтан, диалектикалық негізде шынайы болмысты меңгерудің теориялық және практикалық амалдары мен әрекет ету принциптерін үш мәселе негізінде
сұрыптауға болады. Олар: эмпиризм, интуиция және тану. Аталған танымдық амалдардың әрқайсы- сы белгілі бір тарихи қалыптасудан өткен, ғылыми теориялар мен жобаларда кеңінен қолданылатын тәсілдер деп есептеледі, сондықтан жеке алып қарағанда да, салыстыра зерделегенде де бұлардың мүм- кіндіктері шектеулі деп пайымдалады. Айталық эмпиризм амалын ғалымдар «қателер мен жорамалдар әдісі» деп атаған [3, 109 б.]. Дегенмен, таным процесінің өзі көп жағдайда асбтрактылы ойлау мен қабылдаудан туындайтындықтан, тілтаным ұстанымдарының негізінде әлеуметтік, психологиялық әді- стермен қатар, логика-пәлсапалық тұжырымдар да қолданылады, сөйтіп, ғылыми танымның дедуктивті және индуктивті ұстанымдары да когнитивтік ізденістердің табиғатын, ерекшеліктерін айғақтауға се- бепкер болады.
Талдау және нәтиже
Қазақ тіл білімінде қарама-қарсы ұғымдар сәйкестігін алғашқылар қатарында сөз ете бастаған ғалымдардың бірі – А. Байтұрсынұлы. Тіл табиғатын анықтау, оның адамзат өмірінде атқарар қыз- метін жүйелеу, сөз өнерінің танымдық үрдістерін саралау, сол арқылы тілдік құралдардың ғаламдық құбылыстармен сабақтастығын танып-білу негіздерін сұрыптау мақсатында тілші табиғи заңдылықты дәйектейтін диалектикалық ұстанымдарға назар аударды. Ғалам, зейін, көңіл, қиял, ақыл, ес сияқты ұғымдарды тілмен шебер байланыстыра білген зерттеуші адамды қоршаған дүниені танымдық қара- ма-қайшылық негізі деп түсіндірді. «Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады» [6, 147 б.], - дей отырып, тілші сол «әр жақты» ерек- шеліктерді алуан түрлі себеп-салдармен, қарым-қатынастармен дәлелдеп көрсетті. Осыған орай, автор ұсынған тілтанымдық деректер мен тұжырымдар да түркі тілдерін зерттеулер бағыттарымен ұштасып, маңызды фактілердің дүниеге келуіне жол ашты.
Адамзат болмысын табиғаттың бір бөлшегі ретінде өзектеген ғалым оның психофизиологиялық және қатысымдық әрекеттерін зейін арқылы танудан бастай келе, тілді немесе лұғатты ішкі және тысқы белгілер тұрғысынан айқындады. Сөйтіп, неміс ғалымы В.фон Гумбольдттің ішкі-сыртқы лингвистика- сымен үндесетін құнды қорытындылар жасады. А. Байтұрсынұлы адам ойы мен қиялынан, ақыл-білімі- нен бастау алатын «сөз шығару» үлгілерін талдау барысында жалпы шығармаларға тән екі түрлі өзге- шелікке тоқталды, олар – «1) ішкі пікір жағы; 2) тысқы тіл жағы» [6, 148 б.]. Оның негізін, ең алдымен, адамға тән ішкі ғалам мен тысқы ғалам нормаларымен сұрыптаған тілші бірінші жағдайда мазмұн мен идея арқылы айғақталатын ерекшеліктерге мән берсе, екінші кезекте «дыбыстардың, сөздердің, сөйлем- дердің заңынан шығатын тіл өңінің жүйелеріне», соларды «таныту» амалдарына назар аударды. Нәти- жесінде, автор тілдік дамудың көрсеткішін құрайтын туындылардың қай-қайсысы болмасын (ауызша да, жазбаша да) мазмұн мен форма бірлігіне негізделеді деп ұғынды, өйткені «...екі ғаламның арасында зор іліктік» [6, 226 б.] бар болғандықтан, «адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі» [6, 294 б.], сол арқылы әлемнің диалектикалық ұстанымы өзектеліп, адамның танымдық болмысы тілдік амалдар- дың табиғатын айқындауға бағытталады деп тұжырымдалды.
Тілдерді түркі дүниесін тану құралы ретінде әрі «еске не іске керек ұғым» деп қабылдау қоршаған әлемдегі заттарды атау немесе тану барысында алуан түрлі қарама-қарсылықтар сәйкестігін тудырары сөзсіз. Айталық, тілші қолданысында барша заттар «деректі-дерексіз», «жанды-жансыз», «бернелі-бер- несіз» құбылыстар жіктемесін құрайды, сондықтан ол ғаламды тану арқылы жасалған тілдік құралдар да осы аталған ұғымдардың үйлесімді бейнесі болып табылады деп есептеді. «Тіл көрнектілігі» мен
«Тіл (лұғат) анықтығын» сөз өнерінің негізгі шарттары қатарында қарастырған зерттеуші ғалам мен тіл сөздерінің байланысын сол күрделі сабақтастықтың, табиғи танымдық қажеттіліктің өзегі етті.
«...адам сөйлегенде сөзі толық түсінікті болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттар- ды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалдайды» [6, 154 б.] деген автор пікірі соған айғақ. Адам танымындағы қарама-қарсылық қағидаларын оның «сана-саңлауына келіп түсетін»
ұғымдар тізбегі деп түсінген ғалым, сонымен қатар, таным мен тілдік амалдар арасындағы арақатына- сты сөйлеуші немесе айтушы тілінің анықтығын уәждейтін шарт ретінде қабылдады. Автор «айтылған лебіздің» яки «тілдің анықтығын» да көрген-білген заттың нақты танылуымен ұштастыра келе, «адам анық танитын нәрсесін анық атайды да, көмескі танитын нәрсесін көмескі, күңгірт атайды» [6, 151 б.]
деген тоқтамға келді. Олай болса, «ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келу» керектігін [6, 153 б.], сөйлеуші тіліндегі сыртқы көркемдік пен мағына бірлігін тілтанымдық тұжырымдарына арқау еткен ғалым лингвистикалық талдаулардың аясын кеңейтумен қатар, терең пәлсапалы байланыстардың бү- гінгі тіл ғылымындағы орны мен қызметін диалектика заңдары негізінде дәйектеп көрсетті.
Тіл білімін «тіл тану» жүйесі деп айқындаған Қ. Жұбанов тұжырымдарының кез келгені ха- лық танымына жақындатылған образдар, теңеулер, «ұқсас бейнелер» [7, 39 б.] арқылы көрініс табумен қатар, жалпы пәлсапа, логика ұстанымдарымен тығыз байланыса, олардың негізгі қағидаларын тілдік зерттеулерге арқау ете қалыптасты. Көрнекті ғалым қазақ лингвистикасының шеңберін кеңейту, оны әлемдік деңгейге және түркі тілдес халықтардың ортақ құндылықтары қатарына көтеру мақсатында басты екі бағытты ұстанғаны мәлім: біріншіден, жалпы лингвистикалық тәжірибеге сүйену негізінде сұрыпталған пікірлерді жинақтау; екіншіден, қазақ тіл ғылымының өзіндік даму ерекшелігін, дүни- етанымын көрсетуге бағытталған тың көзқарастармен ғылыми көпшілікті таныстыру. Осыған орай, зерттеуші тіл ғылымының концептуалды жүйесін, тарихи дамуын ой таразысынан өткізе отырып, өзге фактілер қатарында диалектикалық ұстанымдардың да тіл үшін маңыздылығын өзектейтін мәсе- лелерге тоқталды. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулердің» мазмұндық желісін, баяндалу ретін жүйелеген диалектикалық ережелер әрі құрылымдық, әрі танымдық талдауларды дәйектеді. «Тіл деген не?» деп аталатын бөлімде берілген талдаулардың басым көпшілігі адам мен табиғат байланысынан бастау ала- тын мәселелерді шешуге, өмірлік және тәжірибелік қорларды пайдалануға әрі дамудың қарама-қайшы заңдылықтарын ажырамас бірлікте қарастыруға арналды.
«Тіл бір адам үшін керек емес, тіл жеке адам үшін жасалған нәрсе. Бір тілмен сөйлесу үшін адамдар бір-бірімен аралас болуы керек, істес болуы керек» [7, 91 б.], - деп айғақталған адамзат тілінің пай- да болу және даму жолы жалпы қалыптасудың бір бөлігін, аса қажет тетігін құрады, сол себепті Қ.
Жұбанов зерттеуінде тіл бүтін мен бөлшектің, жалпы мен жалқының, микро мен макроның, аулақтық пен жуықтықтың бірлігінен тұратын күрделі құбылыс ретінде түсіндірілді. Мәселен, «Грамматика өз алдына ғылым деп танылған соң және ол бірнеше ғылымдардан құралып пайда болған деп білгесін, алдымен грамматикаға кіретін ғылымдардың бәріне ортақ жалпы қасиетін ашып алу керек еді; әрі мұ- ның бәрін де осы жалпы қасиет желісімен матастырып, өзара біріктіріп басын қосу керек еді; сондай-ақ тіл ғылымының басқа тарауларымен грамматика пәндерінің арасында қандай айырмашылық барын ашу керек еді» [7, 78 б.], - деп атап көрсеткен ғалым тұжырымында жалпы мен жалқының «матасуын»
дәйектеген маңызды қорытынды жатыр. Тілдік бірліктердің табиғатын айқындау үшін өзіне дейінгі пікір-көзқарастардың қате жақтарын сынай келе, ғалым тілді әртүрлі бөлшектерден тұратын және сол элементтердің байланысы арқылы сипатталатын құрылымдық-жүйелік өзгешелік деп зерттеу қажетті- гін атады. «Сонымен қатар тілдің дыбыстарын, сөз тұрпаттарын, сөйлем құрылысын бір-біріне қоспай, аулақ ұстайды...», «...тілді, оның бір бөлшегі болған тіл дыбыстарын тексергенде «тіл семьясы» қорға- нына бір қамайтын болса, тілдің әрбір бөлшегін басқа бөлшектерге жолатпай, сол бөлшектің өз ішінде екі қамайтын. Сөйтіп, қос қорғанды қамалға тіл байғұсқа күн көрсетпейтін...»,- дей келе, автор «тілдік қасиеттердің» [7, 45-46 бб.] талдаудан жырақ қалғанын ескертті. Оның себебін тілші бұрынғы оқы- мыстылардың диалектика ұстанымдарына мән бермеуімен дәлелдеді. Тіл құрылымы мен мағыналық сипаты жағынан да қарама-қайшылықтар қосындысынан құралатын процесс деп танылатындықтан, Қ.
Жұбанов оның бір күйі екінші күйінен бөлек тұрмай, бір-біріне үйлесе «ауысатын» құбылыс ретінде зерделенуі керек деп тұжырымдады. Ғалым оны «тіл категорияларындағы өткіншілік» ұғымымен си- паттай отырып, кезінде осы өзгешелікке жете мән берілмегеніне әрі мұндай мүмкіндіктің болмағанына баса назар аударды: «...бұлардың өзара қатынасын зерттесе, бұлардың өзі де мәңгілікті категория бол- май, бірінен-бірі өтіп, ауысып отырғанын көрер еді, тілдің әрбір категориясының өткіншігін сипаттаған болар еді. Әрине, оқымыстылардың мұндайға баруы мүмкін емес еді, бармады да...бірінен-біріне алма- сып отырушылықты бүркеп кеткен...» [7, 48 б.].
Құрылымдық «өткіншілікпен» қатар, ғалым тіл табиғаты мен қызметін айқындайтын танымдық де- ректердің де екі жақты сипатта қарастырлатындығын ескертті. Оған дәлел ретінде Қ. Жұбанов «зат пен құбылысқа тағылатын аттардың» пайда болу өзгешелігіне зер салды. Бұл мақсатта, ең алдымен, автор
«кіші дүние» мен «үлкен дүние» ұғымдарын қолданды. «...өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған» [7, 93 б.] атауларды «кішкене космос дәуіріне» жатқызу арқылы тілші таным мен тіл арасындағы байланыстың диалектикалық ұстанымдарын өзектеуге тырысты. Айталық:
«Мысалы, орысша небо – аспан, нёбо – таңдай; қазақ тіліндегі таң – аспан әлемнің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің иесі; таңдай – адам денесінің жоғарғы жағы» [7, 93 б.] сияқты ұқсату немесе ана- логия негізін құраған танымдық элемент адамның сыртқы қоршаған ортаны қабылдауы, онымен бай- ланысқа түсуі арқылы дүниеге келіп отырғандықтан, өмір мен тәжірибе, білім мен қор мүмкіндіктерін жоғары бағалаған ғалым оларды ғылыми танымның негізі деп түсіндірді.
Ат қоюдың тағы бір маңызды көрсеткіштері ретінде Қ. Жұбанов бүтін мен бөлшектің арақатына- сын, олардың ажырамас бірлігін саралады. Ең алдымен, сөз бен сөйлемнің өзіндік белгілерін анықтаған зерттеуші бұл құбылыстың тілдік бірліктердің табиғи болмысында жататындығын ескертті. «...Өз басы атау болуға жаралған сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине, бөлшек емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі дейміз... тіл элементі атау қызметін өтесе, сөз болғаны; егер хабар беру қызметін өтесе, сөйлем болғаны..» [7, 99 б.], - дей келе, автор тілдегі номинативті ерекшелікті бүтінге жатқызса, оның қолданысқа еніп, қатысымдық қызмет атқаруын бөлшектік өзгешелік деп қарастырды. Сөз мағынасы- ның қалыптасып өзгеруін де тілші «бүтіннің мағынасының бөлшекке көшуі» немесе «бөлшектің мағы- насының бүтінге көшуі» арқылы талдап көрсетті. «Қол – иықтан бастап саусақ басына дейінгі адам мүшесінің аты. Шынтақ, білек, қар, саусақ бұрын қол болған. Монғол тілінде осы күнге шейін қол дегенді қар дейді...» [7, 96 б.] деген мысал арқылы тілші тілтанымдық деректердің негізінде жатқан табиғи сабақтастықтың бірлігі есебінде бүтін мен бөлшектің арақатынасын зерделеді. Адам танымында орныққан бүтін мағынаның уақыт өте келе бөлшектенуін де мағыналардың ауысуы, «тілдік қасиеттер»
мен «әлеуметтік астарлардың» тоғысуы деп дәйектеген ғалым пікірінде барша құбылыстар мен заттар- дың дамуы, бір-біріне өту заңдылықтары көрініс тапты. Бұл процестің екінші жағын түсіндіру мақса- тында келесі бөлімде келтірілген мысалдар, керісінше, бөлшектің бүтінге ауысу ерекшелігін сипаттауға бағытталды. Бүгінгі күні синекдоханың нысаны болып табылатын мысалдар жігі, шын мәнінде, адам- ның танымын тілдік құралдармен ұштастырған тіркестерден жинақталды: «...Мүйіз бен сиыр деген бір сөз; үш тұяқ – үш мал; бес бас – бес адам («жал» бұрын жылқы деген сөз, қазір «жал» шуваш тілінде жылқы)» [7, 96 б.]. Нәтижесінде автор: «...бүтіндік пен бөлшектілік бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды...
Сөйтіп, тілдің бір басына сиысатын екі түрлі қайшылықтан – бүтін мен бөлшектен – екі жақтың теңді- гі туады» [7, 99-100 бб.] деген қорытындыға келді, сол арқылы диалектиканың трансформация мен бірлікке негізделген ұстанымдарын дәйектеп көрсетті. Тек қазақ тілінің сөздік құрамымен шектелмей, өзге тілдік элементтерді де, түркі тілдерінің лексикалық бірліктерін де шебер қолдана білген Қ. Жұ- банов тұжырымдары тілтанымдық ізденістерді салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы-типологиялық фактілермен сабақтастырған, сол арқылы тілдік және танымдық универсалий принциптерін саралауға мүмкіндік берген аса құнды мәліметтердің дереккөзі болып есептеледі.
Автор қолданысымен дәйектеліп отырған келесі диалектикалық ұстаным тілтанымдағы «аулақтық»
және «жуықтық» тенденцияларына негізделген. «Тіл тенденциясы екі сөздің бір-бірімен байланысы жоқ сияқты етіп көрсетіп, сол арқылы аулақтату тенденциясын байқатып отыр. Ол бір сөзден екінші сөздің сыртқы көрінісінің басқалығы. Бұл тенденция күш алса, бір сөз екінші сөзге ұқсамас еді, түбір дыбыстарына да өзгелік кіргізер еді, қосымшалар арқылы ғана бір-бірінен айырылмас еді. Бірақ мұны жуықтық тенденциясы тұсаулайды... Жуықтық тенденциясы. Мағынасында өзгешелік тенденциясы бар екі сөздің арғы жағында жақындық бола қойса, соның жақындығын білдірем деген тенденция бір сөзден өрбігендігін сездіру тенденциясы болады...» [7, 103 б.], -деп анықтама берілген екі бағыттың өзіндік ерекшеліктерімен қатар, бірін-бірі толықтырар, дамытар «матасуы» қазақ тіліндегі лексиколо- гия, семасиология мәселелерін сапалы шешуге мүмкіндік берді. «Мағына жағынан байланыстылығын, дыбыс жағынан ұқсастығын көрсетер» жуықтық тенденциясының негізінде сөздердің бір түбірден не бір мағынадан өрбігендігін анықтауға болатынын тілші «бас» сөзінен жасалған «басшы, бастық, баста» варианттары арқылы түсіндіреді. Ал аулақтық үрдісінің маңызы бір сөзді екінші сөзден айыра білу қажеттілігімен пайымдалады. Әсіресе жалқы есімдердің жасалуында бұл тенденцияның басым келуін ғалым «сөз бен сөзді...неғұрлым ұқсатпау мақсатымен» дәйектеді, өйткені «ағайынды кісілердің аттары бір түбірлі болуы шарт емес» деп талдады. Осыған орай, Ғали, Әли, Қали, Қалима; Мұханбет, Махамбет; Мұқан, Мұқаш т.б. сынды адам аттары «...әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола кетуден» немесе «кейде бір аттың кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетуден» [7, 105 б.] туындаған деп танылды. Тіл дамуындағы әрқайсысының өзіндік орны мен қызметін саралай келе, Қ. Жұбанов «әрбір сөз формасы осы екі жаққа тартқан екі түрлі ішкі тенденция күресінің нәтижесі. Тіл қызметінде осы екі тенденцияның бір жағы ғана билеп кете алмайды, екеуі де өздеріне тиесілі сыбаға алады...» [7, 104 б.] деген қорытынды жасады, сөйтіп, тілтанымдық процесте орын алатын мағыналық және формалық қалыптасудың «қарсы мәнді екі тенденция» [7, 104 б.] арқылы айқындалуын сұрыптап көрсетті.