Methodological overview of the history of youth policy under the Soviet regime
A new methodological review of the history of the youth policy of the Soviet government is conducted in this article. Because the researches of youth policy in Soviet period conducted unilaterally, viewed from the communistic perspective. Since independence the Republic of Kazakhstan the studying of youth policy of Soviet authority was considered in the new methodological vector, was explored with true perspective. Collapse of the Soviet Union has created a new value of the youth movement and opened the way for new methods of its investigation, and that was the motivation for writing this article.
Keywords: youth policy, methodology, research, science, society, history.
ӘОЖ 94 (574): 316. 34
ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ Б.Сайлан, т. ғ д., профессор (Алматы қ.,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), А.Текеев, студент
(Алматы қ.,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) Аңдатпа: Жетпіс жыл үстемдігін орнатып келген Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары армия қиын кезеңді бастан өткерді. Ал бүгінде тарих үшін
қас-қағым сәт саналатын 20 жылда заман талабына сай әскерімізді қалыптастырдық деп айтуға толық негіз бар. Мемлекеттік саясаттың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алғашқы қадамдарының бірі ҚР Президентінің 1991 жылғы 25 қазандағы
«Қазақ КСР-і Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлығы болды. 16 желтоқсанда ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданып, ол «Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын күзету мақсатында өз Қарулы күштерін құруға құқылы» деп анықтады. Осылайша өзінің дербес армиясын құруға заңды құқығын ҚР 1992 жылғы 7 мамырда Президенттің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығы шығуымен іске асырды.
Түйін сөздер: Қазақстан Қарулы Күштері, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Әскери доктрина, НАТО, Қауіпсіздік кеңесі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған тұстан бастап Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема ел армиясының нормативтік- құқықтық негізін құру болды. 1993 жылғы ақпанда ҚР-ның алғашқы Әскери доктринасы қабылданды. Онда Қазақстанның, егер оның өзі немесе одақтастары қарулы агрессия объектісіне айналмаса, қандай да бір мемлекетке қарсы әскери іс-қимылдарды ешқашан, ешқандай жағдайда да бірінші болып бастамайтындығы көрсетілді. Доктринада біздің республиканың ешкімге қауіп төндірмейтіндігі, барлық мемлекеттермен қарым- қатынасты қауіпсіздік мүддесін өзара ескеру негізінде құруға әзір екендігі, әскери үстемдікке де ұмтылмайтындығы атап көрсетілді [1].
Ант, жарғы, әскери доктрина, идеология, қамтамасыз ету жүйесі, елдің алғашқы әскери басшылығы құрылды, әскери кадрларды даярлау базасы, командалық құрамды тағайындау сияқты мәселелердің барлығын келешек үшін заманауи тұрғыда шешу қажет болды. Әскери ведомствоға бюджет қаржыларының әскерлер қолындағы қару-жарақтар мен әскери техниканы жауынгерлік дайындықта ұстап тұруға ғана жететіндей аз ғана бөлігі бөлінді. 1993 жылы еліміздің әскери бюджеті бәрі 8 млрд. теңгені құрады [2].
Түрлі өзгерістерге байланысты екінші Әскери доктрина 2000 жылы қабылданды.
Осы Әскери доктрина әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған 1993 жылғы Әскери доктринаның негiзiнде әрi оны дамыта отырып әзiрлендi. Жаңа Әскери доктринаны қабылдаудың қажеттілігі қоғамдық өмірде, соның ішінде әскери салада жаңа ұлттық мүдделердің қалыптасуымен байланысты. Осы Әскери доктрина әскери салада 1999-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының негізгі ережелерін нақтылады және мемлекеттік шекара шебінде Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агрессия жасалған жағдайда елдің қорғанысын ұйымдастыруға, сондай-ақ ұжымдық әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі одақтас мемлекеттермен бірлескен күш-жігерді үйлестіруге бағытталды [3].
Қазақстан армиясының құрылуы туралы сөз қозғағанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегіне тоқталуымыз қажет. Жоғарғы бас қолбасшы ретінде Н.Ә.Назарбаев армия құрыларда «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: «Менің әскери мәселелерге тоқталуым тегін емес. Бәрінен бұрын осы әскери-техникалық және әскери- стратегиялық салада қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, тіпті, тұтас қоғамдық-саяси жүйелердің шын қауқары анық көрінеді», – деп жазған болатын [4, 26 б.]. 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан бастап Президентіміз елдің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене араласып, оны заман талаптарына сай жоғары сапада жетілдіру мәселесін қолға алды. Бұл туралы Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов өз еңбегінде: «Елбасының Қарулы Күштерді құру туралы Жарлығы шыққаннан кейін ұйымдасып, қажырлы еңбектену қажет болды. Біз әскерлер арасында үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
77
Бұл жұмысты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі басқарды. Президент барлық үлкен гарнизондарда болып, әскери бөлімдер басшыларымен, жеке құраммен және олардың отбасыларымен кездесті, сондай-ақ, олардың оқу-жаттығуларына да қатысты.
Мемлекет басшысы жас мемлекеттің қорғаныс саласының тағдырына қатысты: «Ешкім сендерге тимейді. Сендер басқарып отырған орындарыңда боласыңдар.
Қаржыландыруды біз қамтамасыз етеміз. Ескертемін, бірақ бірде-бір «ине» жоғалмайтын болсын», – деп жазды [5, 1-2 б.].
Халықаралық қауіпсіздік пен мемлекеттер қауіпсіздігі дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің сыртқы саяси қызметіндегі ең басты бағыт болып қалып отыр. Бұл тұрғыда әскери саладағы ынтымақтастық қарым-қатынастар.
Қазақстанның алдына қойылған басым міндет Республиканың сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзіндегі жетекші державалар тарапынан кепілдіктер алу болды. Бұл тұрғыда ТМД шеңберіндегі әскери саладағы ынтымақтастықтың маңызы зор.
Бұлай болатын себебі –ТМД КСРО Қарулы Күштерінің мұрагерлері болып табылады, яғни бұлардың қару үлгілері бірдей, ұйымдық құрылымы ортақ, тактика мен стратегияны пайымдауы біркелкі, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттерінің ортақтығы бар. ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруы мен әскери-саяси ынтымақтастығының құқықтық негіздерін таратып айтайық.
Достастық жарғысының ІІІ тарауы әскери-саяси мәселелерге арналған. Онда мүше мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қару-жарақты бақылау, қарулы күштерді құру саласында мақұлдастық саясатын жүргізеді. Бұл ретте әскери бақылаушылар топтарының және бейбітшілікті сақтау жөніндегі ұжымдық күштердің көмегіне де сүйенеді деп атап көрсетілген [ 6, 263-276 б.]. 1992 жылы 14 ақпанда ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі тағайындалды. Сол жылы 20 наурызда мына келісімдерге қол қойылды: ТМД-ның қорғаныс мәселелері жөніндегі жоғары органдарының өкілеттілігі туралы; өтпелі кезеңдегі Біріккен қарулы күштер туралы;
ТМД біріккен қарулы күштері қызметінің құқықтық негіздері туралы; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерін қарумен, әскери техникамен және басқа материалдық құралдармен қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру принциптері туралы [ 7, 232-233 бб]. Әуе шабуылына қарсы (ӘШҚ) біріккен жүйесі шеңберінде «Жауынгерлік достастық-98» жаттығулары әскери ынтымақтастық аумағындағы басты оқиға болып саналады.
Біздің тарихи тамырлас көршіміз – Ресей. Ресеймен қай салада болсын ынтымақтастықтың маңызы өте зор. Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы туралы айтқанда, бұл терең талдап, зерделеуді қажет ететін мәселе екенін атап өткен жөн. 1994 жылғы 28 наурызда Ресей мен Қазақстан арасында әскери ынтымақтастық жөніндегі шарттар мен келісімдердің алғашқы дестесіне қол қойылды. Олардың ішіндегі аса маңызды Әскери ынтымақтастық туралы шарт соңында Ресей мен Қазақстан арасында әскери мәселелер бойынша жасалған шарттар мен келісімдердің негізі болды.
Атап айтқанда, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы, Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық ядролық күштер (СЯК) туралы, 1994 жылы арнайы мүліктерді, материалдық құрал-жабдықтарды өзара алмасу, әскери мәндегі қызмет көрсету және әскери-техникалық ынтымақтастықтың осы түрлері үшін есептесу туралы келісімдерге қол қойылды [6, 167-168 беттер]. Ресей мен Қазақстанның әскери ынтымақтастығына себепші факторлар аз емес, солардың ең бастысы – екі мемлекеттің де әскери қауіпсіздігі. Қазақстан мен Ресейдің геосаяси жағдайы мынаған саяды:
Қазақстан Республикасын әскери-стратегиялық одақтасы ретінде танымайынша Ресей
өзінің әскери қауіпсіздігі проблемаларын іс жүзінде қалай шеше алмайтын болса, Қазақстанның да өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тарихи сенімді одақтасы мен стратегиялық әріптесі ретінде Ресей оған дәл солай қажет. Сол себепті көрші Ресеймен болатын әскери ынтымақтастықтың болашағы да зор деп айтуға толық негіз бар.
Қазақстан армиясының тағы бір жетістігі әлемнің алпауыт державалары басқаратын НАТО-мен қарым-қатынас орната алуы. Қазақстан мен НАТО-ның қарым- қатынасы НАТО-ның бұрынғы Бас хатшысы М.Вернердің 1992 жылғы қарашадағы Алматыға сапары кезінде және Президент Н.Назарбаевтың 1993 жылғы ақпандағы НАТО-ның штаб-пәтеріне жауап сапары кезінде басталды.
Қазақстанның НАТО-ға толық құқықты мүше болуға ниеті жоқ. Бірақ өзінің сыртқы саясатының принциптерін негізге ала отырып, Қазақстан Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ кеңестен кейінгі республикалардың әскери-саяси ынтымақтастығын жандандыру бүкіл Еуразия кеңістігінде сенім білдіру ахуалын нығайту үшін пайдалы деп есептейді. Сонымен қатар НАТО-мен бірге бірлескен жобаларға қатыса отырып, Қазақстан ең алдымен жеке қарулы күштерінің әзірлік деңгейін көтеруді мақсат етіп отыр. Бірінші кезекте бұл әскери ынтымақтастық және оқу. НАТО мен Қазақстан арасында байланыс орнатылған уақыт ішінде 200-ден астам қазақстандық офицерлер «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының түрлі іс-шараларына НАТО-ға мүше елдерде, сондай-ақ әріптес елдерде өткізілетін курстарға, семинарларға, жұмыс бабындағы кездесулерге қатысты. НАТО-ның әскери-оқу мекемелерінде – Римдегі (Италия) және Обераммергаудағы (Германия) мектептерде, Гармиш-Партенкирхен (Германия) қаласындағы Дж.Маршалл атындағы стратегиялық зерттеу және қорғаныс экономикасы орталығында және тағы басқаларында оқыған Қазақстан әскери қолбасшылығының көптеген өкілдері НАТО елдерінде қарулы күштерді ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің түрлі аспектілерімен танысуға тамаша мүмкіндік алды. 1995 жылдан бастап қазақстандық офицерлер БЖӘ бағдарламасының түрлі жаттығуларына байқаушылар ретінде қатысты. Қазақстан Қарулы күштері әскери академиясының курсанттары АҚШ-тың Форт-Полк әскери базасында НАТО-ның бітімгершілік оқу-жаттығуларына қатысты. 1997-1998 жж. екі рет
медициналық көмек көрсету жөнінде американдық-қазақстандық жаттығулар өткізілді [ 7, 322-323 б.].
Қазақстан тарапы Альянспен қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға ниеттеніп отыр және «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберіндегі өзінің міндеттемелеріне адал болып қалады. Қазақстан жүзге жуық іс-шараларды қамтитын 1998-2010 жылдарға арналған әріптестіктің жеке-дара бағдарламасын орындады. НАТО- ның бас хатшысы Дж.Робертсонның 2000 жылғы Қазақстанға ресми сапары барысында да Қазақстандық тарап НАТО-мен кеңейтілген әріптестікке, бірінші кезекте әскери кадрларды даярлау мен қорғаныс құрылысы мәселелерінде әріптестікке алдағы уақытта да өзінің дайын екенін мәлімдеді.
Мемлекеттің Қарулы күштерінің құрылуы және болашақтағы әскери мамандарды даярлау жүйесіне елеулі өзгерістер енгізуді талап етті. Қазақстанның қорғаныс саласының негізі қаланған күннен бастап Н.Ә.Назарбаев әскери құрылысты, ұлттық әскери ғылыми базаны құру мен оны дамыту үшін әскери мамандарды даярлаудың өзектілігіне назар аударды. Тәуелсіздік жылдары Президент қамқорлығының арқасында елімізде көптеген әскери оқу орындары құрылды, бүгінде олар Қарулы күштерімізді қажет кадрлармен қамтамасыз ете алады. Бұл туралы «біз жоғары интеллектуалды потенциалы бар, шет тілдерін білетін, қазіргі заманғы техникамен жұмыс істей алатын офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер легін дайындауымыз керек.
79
Бұл үшін бізде барлық жағдай жасалған. Озық мемлекеттер тәжірибесін ескере отырып, әскери білімнің жоғары оқу орындарынан тұратын отандық жүйесін жасай алдық», – деген болатын армия генералы М.Алтынбаев [ 8, 2-3 б.].
Қазіргі күнге дейін өзінің ұзақ тарихымен әскери кадрларды даярлау саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан Қазақстандық әскери ЖОО қатарына – жоғарғы офицерлік құрамды даярлайтын Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Екі мәрте Совет Одағының Батыры Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғаныс әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Теңіз әскери институты, ҚР азаматтық жоғары оқу орындардағы әскери кафедралар жатады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Жас Ұлан 1999 жылы құрылып, жас ұландарды жоғары әскери оқу орындарына түсуге дайындайды, Конституция мен әскери борышқа адалдық, патриотизм рухында тәрбиелейді.
Қорытындылайтын болсақ, шетелдік сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның Қарулы күштері кеңестен кейінгі кеңістіктегі озық үштіктің қатарында, ал Орталық Азия аймағында біздің армия ең үздік деп танылды. Қазақстанның армиясы кез келген жағдайда Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауға қабілетті.
Қуатты әскеріміз мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне сенімді кепіл бола алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 1993, 11 ақпан. – №1094.
2. ҚР ҚМ ресми сайты. Баспасөз қызметі. – http: // www. mod. gov. kz.
3. Әскери доктрина. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2000, 1 ақпан. – №334.
4. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.
5. Тасболатов А. Елбасы – Қарулы Күштердің негізін салушы // Егемен Қазақстан.
2013, 29 қараша.
6. Мансұров Т. Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 ж.
7. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы, 2002 ж.
8. Тасболатов А. Жоғарғы Бас қолбасшы – әскери қауіпсіздіктің кепілі. – Астана, 2011 ж.
РЕЗЮМЕ
СайланБ.,д.и.н.,профессор (г. Алматы, КазНУ им.аль-Фараби)
Становление и развитие вооруженных сил Казахстана
Статья посвещена формированию Вооруженных сил РК. В отрасли Государственной политики обеспечение армейской безопасности впервые вышел указ Президента РК 1991 года 25 октября «Об образовании Государственного комитета обороны Казахской ССР». 16 декабря был принят Закон «О государственной независимости Республики Казахстан», после этого Президент РК 1992 году 7 мая осуществил Указ об «Создание и развитие Вооруженных Сил Республики Казахстана».
Ключевые слова: Вооруженные силы Казахстана, СНГ, военная доктрина, НАТО, Совет безопасности.
SUMMARY
B. Sailan, Doctor of Historical Sciences, professor (Kazakh National Universety named after al-Farabi) A. Tekeev, student(Kazakh National Universety al Farabi) Formation and development of the armed forces of Kazakhstan
Which established the rule of 70 years disintegration of the Soviet Union in the years when Kazakhstan took Independence Army went through difficult times. At today's 20 th anniversary in modern demand. We can say that we are fully formed our army. In the field of State policy to ensure the safety of the army for the first time issued a decree of the President of the Republic of Kazakhstan 25 October 1991 «On the Establishment of the State Defense Committee of the Kazakh SSR». December 16 was adopted the Law «On the State Independence of the Republic of Kazakhstan», he was discovered as «The Republic of Kazakhstan is obliged to build their independence and territorial integrity of the purpose of the Armed Forces». Thus in his personal army the right to create a Kazakh President 1992 May 7 implemented Decree on «Creation and development of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan».
Keywords: Armed Forces of Kazakhstan, CIS, military doctrine, NATO, Security Council.
ӘОЖ 9(с)77 С 52
БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЧЕХОСЛОВАКИЯ ҮКІМЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
А.М. Сманова, т. ғ. к., доцент (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ) Аңдатпа: Мақалада шетелдік, кеңестік және отандық әдебиеттерді пайдалана отырып, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Чехословакия Республикасының құрылуы мен үкіметтің сыртқы саясаттағы жаңа қадамдары туралы баяндалады.
Түйін сөздер: Австрия-Венгрия империясы, Жоғарғы ұлттық мүдде, «чех пен словак одағы», кеңестік Ресей, кіші Антанта, Жоғарғы кеңес, социал-демократтар, революция.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін чех және словак жерлері Австрия-Венгрия империясының құрамында болып, осы елге тәуелді болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия-Венгрия империясы жеңіліске ұшырағаннан кейін, яғни чех пен словак жерлерінде ұлт-азаттық қозғалыстың терең белең алып кетуінен қорыққан чех буржуазиясының біраз белсенді тобын шетелде
«қарсыласу қозғалысы» деген топқа біріктіреді. Бұл қозғалыстың басында Прага
81
университетінің профессоры Т.Г. Масарик тұрған еді. Т.Г. Масарик АҚШ және Англия мемлекеттерімен тығыз байланыс жасап отырды, яғни олардың негізгі мақсаттары Австрия-Венгрияға соққы беру болды. Соғыс қарсаңында шетелге эмиграцияға кеткен Масарикке кейінгі жылдары оның шәкірттері доктор Э.Бенеш пен словак буржуазиясының өкілі Милан Растислав Штефаник қосылды.
1918 жылы 1 мамыр шеруінде Литовск-Микулаш қаласында словак халқы өз ұлттық мүддесін талап етті. 1918 жылы тамыз айының 9 күні ағылшын үкіметі де осыған қосымша хабарламаны мәлімдей отыра, «чех пен словак халықтары одақтас» екенін, ал чехословак легионы «одақтық армия» екенін жариялап өтті [4, 45 б].
Сонымен 1918 жылы 23-26 қазанда Филадельфиядағы конгресте құрылған Орталық Еуропаның демократиялық ұйымын құруға Америкада жүрген Масарик белсене атсалысты. 1918 жылы 14 қазанда Одақтас державалардың үкіметіне чехословак үкіметінің құрылғандығын Бенеш жария етті. Сөйтіп бұл үкіметтің Премьер-министрі және қаржы министрі Масарик, ал Сыртқы істер министрі Бенеш, Қорғаныс министрі Штефанник болып тағайындалды. Бастапқы кезде олар үлкен күш-жігермен бұрынғы Австрия-Венгрия үкіметінен билікті өз қолдарына алуға тырысты [13,154]. Австрия үкіметі 1918 жылы 25 қазанда Швейцарияға К.Крамарждың басқаруына көшуге қарсылықсыз келісімдерін берген болатын. Онда олар чех буржуазиясының 7 адамнан тұратын Масарик, Бенештің өкілеттілігіндегі делегациямен кездесті. 1918 жылдың 31қазанына дейін созылған келіссөздер нәтижесінде делегаттар, ерікті чех мемлекеті Австрия мемлекеттік федерациясының ең маңызды және негізгі бөлімі болады деген шешімге тоқталды.
1918 жылы 28 қазан күні Ұлттық Комитет өзінің 1-ші заңын жариялаған болатын, онда «барлық өмір сүрген жер және империя заңдары мен басқаруды реттеу уақытша күшінде қалды делінген еді. Бұл халыққа өзінің еркін білдіретін кейбір әлеуметтік талаптарын ұсынуға біраз кедергілер әкелгені де рас. Ал 1918 жылы қазан айының 30 күні Турчанск қаласында словак Ұлттық Кеңесі жиналып, чехтар мен словактардың біріккенін, тұтас Чехословакия мемлекеті болғандығын жариялады.
1918 жылы 29 және 30 қазанда Чехия, Моравияның және Силезияның неміс депутаттары Дейчбемен және Судетенланд провинцияларының құрылғандығын жария етті және бұл елді мекендерде немістердің көп тұруына байланысты оларды Австрияға біріктіру қажет деп тапқан болатын. Бұл шекаралық облыстар үлкен маңызды еді, өйткені өнеркәсіп күштерінің үлкен бөлігі осында орналасқан еді [21,57].
Бәсекелестік мәселесінде, дамудың алғашқы шарттары қалыптасқан капиталистік елдер арасында, осы кезеңдегі революциялық толқындар кедергілер туғыза бастады. Бұл жағдайда Чехословакия буржуазиясы күшті, жеңген Антанта мемлекеттерінен қолдау іздеді. Оған қайырым ретінде олар соғыс аяғында ұстанған революцияшыл жұмысшы қозғалысына қарсы күрес саясатын жалғастыру керек болды. Сондай-ақ бұл жоспар ірі державалық күштер тарапынан қандай әрекетті көздесе де соған қолдау етуі чех буржуазиясына тапсырылды.
Э.Бенеш 1918 жылы 3 қараша күні француз үкіметімен басқа одақтастардың үкіметіне жариялаған меморандумында Чехословакияның Орталық Еуропада басшылық етудің бірден-бір мүмкіншілігі бар аймақ екендігіне назар аудару қажет деді немесе өз аймағында «Австрия, Венгрия, Италия және Польшаға, содан кейін Ресей мен Украинаға тікелей ықпал ету» жағдайы бар екендігін ескертеді, сондай-ақ, Чехословакия Республикасы Берлиннен де қашық емес ел [1,35б.].
Сонымен бірге Чехословакияның тыныштық жайлаған ел екендігіне маңыздылығын, сол уақытта «қазіргі жағдайда большевизм қаупі әсіресе, Венада, белгілі бір себептермен Будапештте мүлде сезілмейтіндігі білінді. Тек чехтар ғана бұл қозғалысты баса алатындығын ескертеді [2,59]. Жоғарыда көрсетілген меморандумда, сонымен қатар Чехословакияға Антанта қарулы күштерін енгізу мәселесі қаралды. 1918 жылы қараша айының 24 күні Крамарж елде төңкеріс қаупін болдырмау жөніндегі мәлімдемесінде Бенешке былай деп хабарлама береді: «…төңкеріс қаупін болдырмауға да болады, бірақ ол үшін сенімді армия қажет, қазіргі қалыптасқан жағдайда үгіт-насихат әсер етпейтін шетел армиясы ғана қолайлы» [8,119].
1918 жылы желтоқсан айында Бенеш Франциядан «тағы бір таза француз дивизиясын [1,63-67] сұрайды, бірақ та Францияның өзінде әскери қарсыластық қозғалыс күшейіп кеткендіктен, бұл сұраныс қанағаттандырылмады. Сол уақытта Бенеш Чехословакия армиясын француз әскери қолбасшылығының маршалы Фоштың тікелей қол астында болуы қажет деген болатын және «чех әскери күштерін көрші елдерде де большевизм қаупін басу үшін қолдануға болады деп ескертті [17,67].
Соғыстан кейін Франция Еуропа құрлығындағы мықты үстемдікке таласқан және күшті держава болып саналған болатын. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы кіші мемлекеттерге өз ықпалын жүргізе отырып, Франция капиталистік бәсекеден, төңкерістік жағдайда озып шығудың жағдайын ойластырды. Осындай мемлекеттердің қатарында Чехословакия да бар еді. Сол үшін француз үкіметі Чехословакия армиясын жоғарғы француз қолбасшылығы қарамағына енгізу жөніндегі ұсынысын толығымен қолдады. Чехословакияға тез арада француз армиясы, жоғарғы шендегі офицерлері жөнелтілді, армия құрылысы мен жетекшілік ету мәселелері реттеле бастады, француз әскери миссиясының Чехословакия жерінде күшеюі біраз кейінірек жүргізілді.
Француз әскери миссиясы өзінің әскери істер аумағында ғана шектеліп қалмады, Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің бас штабы хабарламасында бұл жайт ескертіліп отырды, онда былай делінген болатын: «бұл миссия Францияға алғашқы қолдан-ақ біздің саяси өміріміз жөнінде ақпараттар береді. Сондай-ақ Франция біздің әскери саясатымызға толығымен әсер етеді. Француз әскери миссиясының 300 әскери адамы осы жерде саяси және мәдени, басты сауда жөнінде үгіт-насихат жүргізумен айналысады». Ары қарай мәлімдемеде, әскери миссияның көптеген көлеңкелік жақтары айтылады, француз офицерлері чехословак азаматтарына жасаған қарым-қатынасы орынсыз іс-әрекеттермен сипатталынған, нәтижесінде жылына әскери миссияны қамту үшін 20 миллион крон қаржы жұмсалынатыны баса айтылды [11,67].
Францияның қолдауымен қысқа мерзімде чехословакия буржуазиясының мүддесіндегі Германия мен Австрия шекаралары жөніндегі мәселе шешілді және 1918 жылы желтоқсан айында шекаралық мәселе жөніндегі проблемалар шешілді. Сонымен шекаралық облыстарды тартып алу қаупі басылып қалған болатын. Бірақ, басқа Чехословакия шекараларында жағдай жақсы бола қойған жоқ. 1918 жылы қараша айында асығыс құрылған чех әскери бөлімі, венгр үкіметінің әскери күштеріне қарсы Словакияға жөнелтілген болатын, бірақ жерде чехтар жеңіліс тапты. Шекара мәселесі және тағы басқа осы елдің арасындағы түсініспеушілік мәселелері Париждегі бейбіт конференцияда қаралуы қажет болды [11,29].
Париж бейбіт конференциясы (1919 ж. 18 қаңтар –1920 ж. 21 қаңтар аралығында) бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен ұлы державалық мемлекеттердің пайдасына әлемдік жаңа жаңартулар енгізуге бағытталды. Париж конференциясында барлық державалардың мүддесіне сәйкес көтерілген мәселелердің бірі «Кеңестік Ресейге» қарсы топтасып күресу шаралары тұрды [9,86].
83
Кеңестерге қарсы және жасырын төңкерістік жоспарларды жасауда белсене атсалысқан топ Чехословакия делегациясы болды, оның арнайы жетекшісі Премьер- министр Карел Крамарж болды да, іс жүзінде барлық әрекетті жандандыру Сыртқы істер министрі Эдуард Бенештің қолында болды. Париж бейбіт конференциясының бірінші қарастырған мәселесі және Чехословакияға қатысты, Тешин облысына байланысты болған Чехословакия мен Польша арасындағы талас мәселесі болды.
Чехтар да, поляк буржуазиясы мәлімдегендей Тениш облысына байланысты өз келіспеушіліктерін соғыстың аяғында да жариялай бастаған. Ол уақытта чех буржуазиясы бұл аймақтың тарихи заңдылығы негізіне сүйеніп, бұл аймақ өздеріне тиесілі екендігін көздесе, ал поляктар жағы мұнда поляк ұлт өкілдерінің көп тұратындығына сүйене отырып, ұлттық құқық мәселесін айтады. Бұл келіспеушіліктің бірден-бір нақты себебі көмірге бай Тешин бассейні көзі мен Тешин өнеркәсібіне талас еді. 1918 жылы қараша айының 5 күні екі жақ өкілдерінің келісімімен уақытша бұл облысты бөлу келісімі жасалғаны да рас еді. 1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Чехословакияға Франциядан чехословак әскери легионының алғашқы әскери бөлімдері орналаса бастады да, әскери күштің көмегімен Тениш облысын жаулап алу үшін чехословак буржуазиясы дайындала бастады. 1919 жылы қаңтардың 10 күні француз үкіметіне Бенеш былай деп ескертті: «егер біз бұл облыстың қожайыны болмасақ, онда большивизм қаупін бұл жерлерде болдырмауды бірден-бір қамтамасыз ететін біздер боламыз» [12,53-57]. Одақтастар осындай жағдайларды ескерте отырып, 1919 жылы ақпан айының 3 күні екі ел арасында демаркациялық сызықпен бөліп, бұл мәселені шешті, сонымен бірге бұл жаңа уақытша келісімде Чехословакияның мүддесі көп ескертілген болатын [10,16].
Чехословакия басқыншылығының көтеріп отырған тағы бір мәселесі ұлы державалардың қызығушылығын туғызды, ол осыған дейін Венгрияның қол астында болған аймақтың көлемі 12600 кв. км., 726 мың адамы бар Закарпат Украинасын өзіне қосып алу мәселесі болған еді. Бұл агрессиялық әрекетті Масарик 1918 жылдың күзінде АҚШ-қа барған ресми сапарында ойластырған және Америкадағы Закарпат Украинасы буржуазиясының өкілі Григорий Шатковичпен бұл жөнінде ақылдасқан болатын.
Американың ірі концерні «Дженерал моторстың» адвокаты, президент В.Вильсоннан қолдау тапқан Жаткович, Закарпат Украинасымен Чехословакияны біріктіру жөнінде компанияны дамытуды көздеген еді.
«Американ ұлттық кеңесі русиндерінің» 1918 жылғы 12 қарашадағы Скрантондағы шақырылған конгресінде, Закарпат Украинасы «кең мүмкіншіліктің құқықтық негізінде
«Чехословакияға біріктірілді» деген шешім қабылданды. Закарпат Украинасында өте нашар жағдай қалыптасты. Сол кезге дейін өз құрамында болған Закарпат Украинасын бірінші болып Венгрия сақтап қалғысы келді. Сол үшін 1918 жылы желтоқсан айының 25 күні Венгрияда Закарпат Украинасына автономия беру жөнінде заң шұғыл қабылданды. Жеңген ұлы держава мемлекеттері революциялық қозғалыстың қаупінен Закарпат Украинасынан Кеңестік Украина қосып алу мүмкіндігін тудырмау үшін, 1919 жылдың 3 наурызында-ақ Закарпат Украинасын Чехословакияға қосу жөнінде заң қабылдады.
Чехословакия үкіметі Париж бейбіт конференциясында чехословак-венгр шекарасын оңтүстікке қарай кеңейту жөнінде ұсыныс айтқан болатын және Чехословакияға ірі венгр көмір бассейні Шальготарьянды қосып алу тиімді жол болып саналады. Сол үшін 1919 жылы наурыз айының 25-і күні Париж бейбіт конференциясының төрағасы Францияның Премьер-министрі Клемансоға Бенеш