ШЫҒЫСТАНУ ORIENTAL STUDIES
A. T. Akhmetova, Alibekuly
L.N.Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan
Economic cooperation between ASEAN and Republic of Korea: development process and prospects
Abstract. The article discusses the economic cooperation between ASEAN and Republic of Korea, whose role in the world is very important. The Republic of Korea in a short period of time transformed from an agrarian state into a high-tech center, thereby taking 12th place in the economic sphere of the world and the 4th place in Asia.
Today, South Korea plays a leading role in the political, economic and socio-cultural environment. The region of South-Еast Asia, in turn, is located in an important geopolitical territory. And this region has a high economic and strategic importance. Ten countries of region united by the Association of South-East Asian Nations (ASEAN). Since the establishment of the ASEAN, it has promoted itself as one of the fastest growing regional groups in the world.
There is an important feature in the development of the state economy of almost all countries in this region. They all departed from the system of the internal market with the direct participation of the state and work on external exports.
This strategy, in turn, opened the way for interstate economic cooperation in the region. One of the main partner of ASEAN in foreign economic policy is the Republic of Korea. The scale of the bilateral partnership is expanding from year to year and giving good results.
Key words: ASEAN, Republic of Korea, economic partnership, integration, GDP, China, Japan, investments, trade, import, export.
References
1. Efimova L.M. Ob itogah goda v regione Jugo-Vostochnoj Azii. [The results of the year in Southeast Asia region]. Obrazovanie v Rossii [Education in Russia]. Available at: https://rus- siaedu.ru/vuz/77/mgimo/news/professor-kafedry-vostokovedeniia-l-m-efimova-ob-itogakh-go- da-v-regione-iugo-vostochnoi-azii. (accessed 04.01.19).
2. ASEAN-Republic of Korea Plan of Action to Implement the Joint Declaration on Com- prehensive Cooperation Partnership. Available at: https://asean.org/?static_post=asean-repub- lic-of-korea-plan-of-action-to-implement-the-joint-declaration-on-comprehensive-coopera- tion-partnership (accessed 14.06.12) .
3. Political and economic relations between Republic of Korea and ASEAN [한 – ASEAN 정치ㆍ경제관계]. Available at: https://www.aseankorea.org/kor/ASEAN/ak_overview.asp (ac- cessed: 21.10.18 ).
4. Fedorovskii A.N. Priorities of the Republic of Korea in Integration Projects. – Moscow:
Outlines of global transformations, 10, 153 (2017).
5. Bokarev D. Juzhnaja Koreja i V’etnam – novyj moshhnyj aziatskij tandem [South Korean and Vietnam: new powerful asian tandem]. Available at: https://ru.journal-neo.org/2018/04/21/
yuzhnaya-koreya-i-v-etnam-novy-j-moshhny-j-aziatskij-tandem/ (accessed: 21.04.18).
6. Panova A.N., Bazhanova E.P.,.Rajkova Ju.A red. Aziatsko-Tihookeanskij region: re- gional’nye problemy, mezhdunarodnye organizacii, jekonomicheskie gruppirovki: spravochnik.
[Asia-Pacific region: regional problems, international organizations, economic groups: a guide.]
(Vostok-Zapad, Moscow, 2010).
7. Rogozhin A. Economic relations between ASEAN and China – view without illusions.
(IVI RAN, Moscow, 2017).
8. Joint Media Statement, the 12th ASEAN Economic (AEM) plus Three Consultations.
Available at: https://www.asean.org/wp-content/uploads/images/archive/JMS-12th-AEM-Plus- Three.pdf (accessed 15.08.09).
9. Sergun I.P. Kljuchevye pozicii sotrudnichestva i perspektivy razvitija. [Key positions of economic cooperation and development prospects], Izvestija Saratovskogo universiteta [News of Saratovsk University], 11 (2), 29-34 (2011). [in russian].
10. Glosserman B., Synder S.A. The Japan-South Korea Identity Clash. East Asian Security and the United States. (Columbia University Press, New York, 2015).
Авторлар туралы мәлімет:
Ахметова А.Т. – Шығыстану кафедрасының 2 курс магистранты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Әлібекұлы А.– филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық қатынастар факультеті, Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Akhmetova A.T. – 2nd year student of master program, Faculty of International Relations, Department of Oriental Studies, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.
Alibekuly A. –Head of the Department of Oriental Studies, Candidate of Philology, Acting Рrofessor, L.N. Gumi- lyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, № 2 (127)/2019, б. 109-116 http://bulpolit.enu.kz/; E-mail: [email protected]
ҒТАМР 10.17.51
Ә.С. Еркін, Б.Ж. Абжаппарова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])
Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы «OPEN» бағдарламасы
Аңдатпа. Бұл мақала Корей Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы OPEN бағдарламасының пайда болуын, құрылымын, барысын анықтауға арналған. Корея - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтайтын ел. Дегенмен, мұның өзі жемқорлықтың әртүрлі түрлерін жоюға кепілдік бере алмайды.
Осы мәселеге байланысты Корей Республикасын басқарған бірқатар президенттердің заң аясындағы жұмыстары бір бағытта болғанымен, бұл саясат әртүрлі уақыт ағымындағы тиімділігін айқын көрсетті.
Корей президенттері өз қызметінің түрлі кезеңдерінде мемлекеттік қызметте «кадрлық тазарту» жүргізіп, қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізді. Жемқорлыққа қарсы күрес демократиялық реформалар кезеңінде, жалпы жұртшылықтың қатысуымен Оңтүстік Кореяда азаматтық президенттер билігі тұсында және елдегі жариялылық пен ашықтық белең алған кезде іске асырылды және нәтижесін берді.
Түйін сөздер: Корея, президент, саясат, сыбайлас жемқорлық, OPEN бағдарламасы, әкімшілік басқарма, құқық.
https://doi.org/10.32523/2616-6887/2019-127-2-109-116 Кіріспе. Кез келген мемлекеттің саяси және экономикалық негізіне, қоғамдық қауіпсіздігіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын заңсыз әрекеттердің ең қауіпті түрлерінің бірі сыбайлас жемқорлық болып саналады.
ХХІ ғасырдың басында Корея Республикасында жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша тәжірибе жинақтады. Оған бір мысал ретінде Сеул қаласының әкімі Го Ку Наның жемқорлыққа қарсы саясатын айтуға болады. 2000 жылдың басында аталмыш қаланың әкімшілік басқармасы 4 негізгі бағыттан тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама даярлады. Олар:
- сыбайластықтың алдын алу шаралары;
- репрессивті істер;
- әкімшілік қызметіндегі ашықтықты арттыру;
- мемлекеттік және жекеменшік мекемелер қызметкерлері арасындағы тығыз ынтымақтастық іс-әркеттер.
Сеул әкімшілігі барлық әкімшілік салалардағы мемлекеттік реттеудің өзгерту саясатын белсенді жүргізді: муниципалдық реттеудің шамадан тыс нормаларының болуы, жойылуы немесе жеңілдетілуі; қызметкерлерді ауыстыру жұмыстары енгізілді [1, 23 б.].
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарттарының бірі – «саяси еркіндік». Егер мемлекет тарапынан жоғарғы билік өкілдері халықтың өмір сүру деңгейіне қызығушылық танытса, онда жемқорлыққа қарсы тұру мен оның алдын алу шаралары – жауабы оңай сұрақтардың бірі болар еді. Осы тұрғыда Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул – осындай жағымды амбицияның жақсы үлгісі болды. Билік өкілдері іс жүзінде жемқорлықпен күресудің тиімді механизмін құрды: ол шын мәнінде жұмыс істеп, сондай-ақ оң нәтиже бере алды.
Уақыт ағымына сәйкес, Сеул қаласы жаңа ғылыми әдістемелер мен технология мүмкіндіктерін пайдалануды жөн санайды. Олардың негізінде жемқорлыққа қарсы шаралар
жасалады. Жалпы бұл сферада сенсациялық жаңалыққа айналған 1999 жылы енгізілген
«OPEN» атты сеулдік жобаны айтуға болады.
OPEN – бұл шенеуніктердің істерін қажетсіз кідіртуді немесе әділетсіз қарауды болдырмау үшін азаматтардың шағымдарын қарау кезінде қалалық әкімшіліктің жұмысын қадағалау үшін интернетті пайдаланудың ірі жүйесі. Яғни, тұрғындарға шенеуніктерге өткізген арыздарының орындалу барысын Интернет жүйесі арқылы бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған бағдарламаның арқасында, азаматтар кез келген уақытта олардың өтініштері бойынша құжаттарды қарау барысын қадағалай алады. Осындай жолмен әкімшілік қызметтің ашықтығы көрініп, жемқорлық шараларының алды алынады. Осы тұрғыда Бенджамин Франклин сыбайлас жемқорлыққа қарсы «саяси ашықтық» туралы өз ойын ерекше атап өтті: «Күн сәулесі – ең жақсы дезинфектор» дейді. Яғни күн шуағының адам бойын тазартатын ерекше қасиеті туралы түсіндіреді. Және дәл сол сана және қоғам ашықтықтығы, белгілі бір вакцина секілді: мемлекетті ластайтын инфекциядан арылтып, оны жоюға септігін тигізеді. Қалалық әкімшілік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін
«OPEN» онлайн жүйесі келесі қызметтерді орындай алады: белгілі мемлекет азаматтарына лауазымды тұлғалардың қажетсіз кідірістерін немесе әділетсіз қарауын болдырмауға мүмкіндік береді; кез келген оң және теріс жағдаяттар туғанда жоғарғы билік өкілдері ат салыса отырып қалай шешілетіні туралы, яғни заңға қарсы фактілерлер орын алатын болса қарсылық білдіре алатыны да қарастырылады[2, 10-15 б.].
«OPEN» бағдарламасы Сеулдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздемлерге бағытталған төмендегідей өзекті принциптерден құралады:
1. Қол жетімділік. Бұл идеяны үш бағытта қарастыруға болады:
- аумақтық және уақытша аспектілер – азаматтар кез келген жерде және уақытта Интернет процесі арқылы қалалық әкімшілікке берген өтініштерін бақылай алады;
- ақпараттық аспект – «OPEN» регламентті бағдарламасының көмегімен азаматтар өз құқықтарына қатысты кез келген информация ала алады;
- оперативті-функционалды аспект – көрсетілген бағдарламаны пайдалану ыңғайлылығы биліктің жұмыс сапасын бақылау процедурасын жеңілдетеді және құқық бұзушылық әрекеттерін аз уақыт ішінде шешуге мүмкіндік береді.
2. Ашықтық. Біріншіден, «OPEN» арқылы ашық жүйені бақылау; екіншіден, әкімшіліктегі процедуралық аспектілердің анықтығын білдіреді. Яғни азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы ақпаратқа нақты қол жеткiзу, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдауға, құжаттарды қарауға мүмкіндік және қарау уақытын бағалауға қатысты сұрақтарға жауап береді.
Азаматтардың өтiнiштерiн қараудың онлайн режимiндегi осындай жүйесiнiң басты мақсаты сыбайлас жемқорлық әрекеттердiң алдын алу болып табылады. Ол төмендегідей жүзеге асады:
- азаматтарға әлеуметтік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы саладағы қажетті ақпаратты ұсыну;
- саяси ашықтық орнату әрекеттері;
-сыбайлас жемқорлықтың болуының қажетті шарты ретінде лауазымды тұлғалар мен азаматтар арасындағы жеке қарым-қатынастан тыю ерекшеліктері де айтылады. Істің жай-күйі туралы ақпаратқа еркін қолжетімділік – шенеуніктермен жеке қарым-қатынас жасау қажеттілігін немесе шешім қабылдау үдерісін аяқтауды жеделдету үшін пара беруді болдырмайды.
жұмыстарға сәйкес үнемі бақылаудағы жоғарғы билік өкілдерінің қызметіне үлкен жауапкершілік пен обьективтілік күтіледі [2, 22-27 б.].
«OPEN» - құрылымы өте қарапайым ұйымдастырылған бағдарлама. Азаматтар қандай да бір өтінім берген кезде, мысалы, ғимаратқа рұқсат алу үшін, тиісті әкімшілік бөлімінің қызметкерлері «OPEN» веб-сайтына осы өтініш туралы ақпаратты орналастырады.
Интернетке қосылған кез келген үйдегі, қызметтік, аймақтық бөлімдердегі компьютерлерді пайдалана отырып, тұтынушылар олардың арыз-өтініштері сайтқа орналасуы мен уақытын, ол сұрақпен кім қалай айналысатынын және қашан шешілетінін немесе өтінім орындалмаса оның нақты себебін біле алады.
Аталмыш бағдарламада өмір сүрудің сфералары нақты көрсетілген. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы көрсеткеніндей жемқорлыққа қарсы практика іс-шаралар түрінде ашық таратылады. Атап айтар болсақ:
1. Тұрғын үй және құрылыс;
2. Құрылыс жұмыстары;
3. Транспорт;
4. Қоршаған орта;
5. Мәдениет пен туризм;
6. Өнеркәсіп пен экономика;
7. Қалалық жоспар;
8. Тазалық және әлеуметтік қамтамасыз ету;
9. Әкімшілік жұмыстары;
10. Өрт бөлімшесінің қызметі.
Әрбір сфера жұмыс жасау барысында нақты бекітілген жоба бойынша жүзеге асады.
Мысалы, «Тұрғын үй және құрылыс» санаты:
- Тұрғын үй құрылысы жобалары;
- Құрылысқа рұқсат және бақылау;
- Ғимараттарды жаңарту жобалары;
- Жағын мөлтек аудандарындағы экологияны жақсатру;
- Сәулетшілерді (архитекторларды) бекіту сынды тармақтардан тұрады.
Қазіргі уақытта Интернетке міндетті түрде салынатын публикация ретінде таныла- тын әлеуметтік сфералар саны 54-ті құрайды. Олардың ішіне өтініштерді қарау кезінде құқық бұзушылықтар жиі кездесетін орталықтар да кіреді. Бірақ, бір ескеретіні, күрделі құжаттарды рәсімдеуге байланысты азаматтар үшін қолайсыз болып танылатын, әйтсе де жобаны қараудың барлық сатыларының ашық жариялануы – шенеуніктердің қызметтеріне сеніммен қарауға септігін тигізіп отыр.
«OPEN» бағдарламасы – осы жобаны қолдайтын және дамуына үлес қосатын комиссияның көмегімен құрылды. Комиссия қаралатын іске жауапты үш адамнан және жобаның тоғыз ғылыми-техникалық жұмыскерлерінен құралған. Мемлекеттік қызметкерлер өз тәжірибелеріне сүйене отырып, рұқсатнаманың берілуі кімнің міндетіне кіретіндігін, жобаларды бақылау мен бекіту, мекемеге түскен өтінімдердің мақсаты мен міндетін басшылыққа ала отырып, комиссия мүшелерінің өз міндеттері жайлы ақпаратпен танысқандығын растайтын істерді жүзеге асыра алады. Комиссия өкілдері азаматтардың арыз-тілектері туралы ақпаратты қандай тәсілмен жария етуге болатынын талқылады.
Тиісінше, кіріс қосымшалардың ақпараттық ағыны схемасы жасалды, деректерді енгізу форматтары стандартталған және жүйенің жұмысын қамтамасыз ету үшін компьютерлік бағдарлама құрылды.
Бағдарламалық жасақтамалар азаматтардың өтініштерін талдауды қоса отырып, өтініштердің жіктелуін, әр іс қараудың тәртібін және ақпараттық ағын схемасын құруды қарастырды. Деректерді өңдеуді жеңілдету үшін лауазымды тұлғалар үшін ақпарапттарды
Осылайша, сайт әрбір өтініш бойынша толық ақпаратты қамтып, соның ішінде ұсынылған өтінімді ресімдеу, қажетті құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ ақпараттық іздеу бағдарламасы да рәсімделеді. Жүйе, сондай-ақ, қалалық әкімшіліктің тиісті бөлімшесі туралы және осы істі қарауға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ олардың телефондары туралы ақпаратты орналастыруды, сондай-ақ осы мәселе бойынша қашан және қалай құжаттарды шығару туралы ақпаратты ұсынады.
Қалалық әкімшіліктің қызметкерлері азаматтардың өтініштерін ескере отырып, компьютерлік сабақтарда оқыды, жүйенің қалай жұмыс істейтінін, мәліметтерді енгізу және өзгерту әдістерін зерттеді. Зерттеу аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер жеке сәйкестендіру нөмірін және паролін алып, ол оның жұмыс бөліміне сайттың деректерін енгізуге мүмкіндік беретін функцияны білді. Бұл берілген функция ақпараттың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді [2, 30-33 б.].
Жоғарыда айтылғандай, «OPEN» бағдарламасы азаматтарға тек ақпарат беріп қана қоймай, сондай-ақ өтініш беру процедурасының уақтылы орындалуын әлеуметтік бақылау арқылы жүзеге асуына мүмкіндік береді, сондай-ақ осы үрдісті қадағалау және процестегі кез-келген кешігулерді болдырмау, деректерді енгізу тәртібі және теріс пайдаланушылықты анықтау мүмкіндігіне де ие.
Жүйе барлық әкімшілік қызметкерлерден сайтта әрбір өтінішпен жұмыс күні мен сағатын көрсетуді талап етеді. Бірде бір лауазымды тұлға іс қарауды кейінге қалдыра алмайды, сонымен бірге рұқсат етілмеген шешім қабылдауға да құқығы жоқ.
Мемлекетке белгілі бір жобаның рұқсат етілуі мен бекітілуі туралы өтінішті және шолу кезіндегі кешіктірулерді азаматтар интернет арқылы біліп отыру үшін келесі күтілетін процесстің күні әрбір қағаздарды ауыстыру кезінде көрсетіледі.
Аудит және инспектир істеріне жауапты қызметкерлер орындалуы тиіс жұмысқа бөлінген уақыттың жарамдылығын және осы жұмысты «OPEN»-нің сайтына салған жауапты департаменттен орындалу талабын сұрай алады. Және аталмыш жобадағы кедергілердің орын алу себебін түсіндіріп, келесі орындалатын жобаның күнін бекітіп, егер орындалу күні белгісіз себептермен қойылмай қалып, ал процесс өтіп кеткен болса сайтқа жаңарту енгізу жұмыстары да қамтылады.
«OPEN» жүйесі кез-келген уақытта өтінішті қараудың нақты күні бойынша жұмыс жа- сайды. Мысалы қала әкімшілігінің қарапайым қызметкерінен бастап бас директорға дейін деректерді енгізу күнін салыстыру арқылы кез-келген деректерді енгізу кідірістерін қадаға- лауға мүмкіндік береді.
Халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама сүйенсек, оған 1245 адам қатысып, оның 84,3%-ы (1167-ден 984) «OPEN» бағдарламасын «ашық саясаттың» жетістігі деп санаса, қалған пайызы олардың қызығушылықтарын қанағаттандырады деген ойды білдірді[3, 55 б.].
«OPEN» бағдарламасы нақты уақыттағы әкімшілік жұмыс ағымы (енді жеке істің шешімін сол қабылданған уақытта білуге болады) туралы ақпаратты динамикалық түрде жариялайды және осы әдіс бірегейлігімен ерекшеленеді.
Хаос талаптарымен өмір сүру өте қиын. Қала әкімшілігінің жұмысына «OPEN»
программасын енгізу мәселені шешудің айқын тәртібінің сақталуын бақылауға мүмкіндік береді, өйткені «жылпылама бос орынды» қылмыстың алдын алу қиын екені белгілі [4, 15 б.].
«OPEN»-ды кейбір аймақтарда итальяндық «Таза қолдар» операциясының аналогы ретінде қарастыруға болады, бірақ аздап өзгеше тұрғыда болатыны рас. Басымдық
қарамастан, шешуші рөл атқармайтынын дәлелдейді. Адалдық - бұл жеке, субъективті сипат, оны әрдайым жетілдіруге және өз-өзімізді тәрбиелеуімізге қажет екенін түсінуіміз керек. Сондықтан, Сеул қаласының мэрі, оның ізбасарлары сенім туралы позицияларын сақтап қалуы керек, сонда ғана халық олардың ізінен ере алады [4, 25 б.].
«OPEN» жүйесі – әкімшілік секторда дұрыс және сау жұмыс істеуін қамтамасыз ететін прогрессивті құрал ретінде қолданылады, сонымен бірге оның міндеттерінің бірі – орталық және жергілікті деңгейдегі барлық мемлекеттік қызметтер осы бағдарламамен жұмыс істеуі және оны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесуі болып табылады.
Бұл бағдарлама тек зерттеу жобасы, таңдалған бағдарлардың дұрыстығын растауға бағытталған теориялық сауалнама немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты жүйе ғана емес, ол – қарапайым өмір үрдісіне еніп, практикада қолданылатын және оң нәтиже беретін бірегей жоба. Және айта кетерлігі, бұл проекттің өзі проблема туралы мәлімдеме, болған жемқорлықты шешу жолдарының түрлері болып табылады [5, 9 б.].
Сеулдің астаналық үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымымен БҰҰ-ға мүше елдердегі «OPEN»
жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқу-әдістемелік құралды әзірледі. Сеулде «OPEN» онлайн- жүйесінде екі ұйым демонстрациялық тренинг өткізді. Осылайша, БҰҰ барлық елдердің мемлекеттік билік құрылымдарында таратылуын құптайтыны белгілі болды. Алайда,
«OPEN» бағдарламасының белгілі бір ұлттық жүйе арқылы нақты қабылдануы сыбайлас жемқорлықпен күресуге және мемлекеттік механизмнің осы құбылысқа бейімділігін ең жоғарғы эшелондық билікте болуын көрсетеді және осыған байланысты бұл жүйе өзіндік өлшемі ретінде жұмысын жалғастырады.
Тұтастай алғанда, халықаралық қоғамдастық осындай жобаға деген қажеттілікті және оның тиімділігін мойындады. Бұл «OPEN» бағдарламасы арқылы баға берілген Дурбан конференциясында расталды. Толығырақ айтсақ: «Біз Сеул қаласының мэрі көрсеткен қоғамдық жобалардың ашық конкурстық жүйесі сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және анықтаудың жаңа, шығармашылық және тиімді әдістерін әзірлейміз, табамыз және таратамыз» - деген мәтін айтылған болатын [5, 24-30 б.].
Сапасы жағынан «OPEN» бағдарламасы Ресейде де бағасын алды. Санкт-Петербургтің билігі лауазымдылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Сеул тәжірибесін қолдануға ниетті. Олардың айтуынша, осы бағдарламаның нәтижесі бойынша Оңтүстік Корея астанасының лауазымды тұлғалары арасындағы жемқорлық алты есе азайғанын білуге болады. Осыған байланысты саяси кеңес Судьялық құқық фракциясының қалалық заң шығарушы Ассамблеясы мен оның бағдарлама комиссиясына Сеул бағдарламасының принциптерін Санкт-Петербургтің атқарушы билік органдарының қызметіне енгізуді көздейтін бірқатар заң жобаларын әзірлеуді тапсырды [6, 97 б.].
Өзінің мағынасы мен дербес ерекшеліктеріне қосымша, «OPEN» жүйесі Сеулдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ажырамас бөлігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күресу бағдарламасы төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1. Алдын алу шаралары;
2. Репрессивтік шаралар;
3. Әкімшілік қызметіндегі ашықтықты арттыру;
4. Жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметтер арасындағы тығыз ынтымақтастық шаралары жатады.
1. Алдын алу шаралары барлық әкімшілік салаларда мемлекеттік реттеуді жеңілдетуден тұрады. Бұл ретте муниципалды реттеудің артық нормалары жойылды немесе жеңілдетілді деген тұжырымға келуге болады. «Тыныш иірімде сайтан түлейді» деп ежелгі мақалда айтылғандай, тым ұзақ уақыт бойы қызметінде отырған қызметкер өз бөлімінде «сатушы- сатып алушы» жүйесін орнатуы мүмкін. Әлеуетті келіссөздерді жою үшін Сеул әкімшілігі белгілі бір аумақты рұқсаттарды, санкцияларды және бақылауды беру туралы шешім
тоқтатты. Сол кезден бастап шенеуніктер түрлі салалардағы күнделікті өтініштерді қарауға міндеті жүктелді. Бұдан басқа 25 ауданның әкімшіліктерінде кадрлық өзгерістер болып өтті. Осылайша, Сеулдегі кадр саясаты да басқа елдердегі сияқты жемқорлыққа қарсы саясаттың басты сілтемесі болып табылады.
2. Репрессивтік шаралар Сеул қаласының ресми өкілдері жасаған барлық құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік принципін іске асыру үшін мэрге тікелей шақыру жүйесі енгізілді. Айына бір рет қалалық әкімшілікте сыбайлас жемқорлыққа бейім аудандарда ақылы жауаптар бар ашық хат жіберіледі. Әкім өз кезегінде барлық ашық хаттарды оқып, барлық құқық бұзушылар дұрыс жазаланғанын қамтамасыз етеді.
3. Сеул әкімшілігінің қызметінде айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін
«OPEN» бағдарламасы жасалды, ол сыбайлас жемқорлыққа бейім әкімшілік мекемелердің қызметін толықтай жүзеге асыратын бірегей бағдарлама болып табылады. «OPEN»-мен қатар, жемқорлыққа қарсы индекс те енгізілді.
4. Жеке тұлғалар мен мемлекеттік қызметтер арасындағы өзара әрекеттесудің элементтері мақалның жоғарғы бөлігінде аталған барлық облыстарда болуы мүмкін. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және халыққа тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсыну кезіндегі басқа да заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Тұтастық туралы келісім» енгізілді. Пара алмаудың міндеті жоғарғы билік өкілдері арасында, тауар сату және жеткізумен айналысушылардың арасында, құрылыс істері бойынша келіссөз жүргізушілер арасында жүзеге асады. Яғни аталған қызмет мүшелері осындай келісімге қол қойып, келіскендігін білдіреді. Егер оны бұзу актілер тіркелсе, көрсетілген жаза бойынша айыбы өтеледі.
Бұл шаралар бір-бірін сапалы түрде толықтыра отырып, Сеулдегі жемқорлыққа қарсы жүйенің тиімділігін қамтамасыз етеді[7, 115 б.].
Жоғарыда келтірілген көрініс Сеул үкіметі көрсеткен өнертабылық пен шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Және осыған сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа оң және өте перспективалық идеялары әзірленді, соған орай оң нәтиже берілді.
ТИ-тің жыл сайынғы есебіне сәйкес 2000 жылдан 2014 жылға дейін Оңтүстік Кореядағы ТБИ бойынша сыбайлас жемқорлық көрсеткіші 0,2 тармаққа өсті және қазір 4,21 санын құрайды. Бұл кішкене жоғары пайызды өсім айтарлықтай жақсы деп есептеледі: себебі бұл көрсеткіш жалпылама бүкіл Оңтүстік Кореяға есептелген. Бірақ қазіргі таңда барлық жоғарыда аталған инновациялар тек Сеулде ғана тәжірибеден өтіп жатыр, десе де соған қарамастан, бүкіл мемлекеттегі жемқорлық жағдайына әсер етеді.
Қорытынды. Корея Республикасы тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнамаға ие. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалса да, олар қоғам тарапынан қатаң қысымға ұшырап, айыпталып отырады, қарапайым қызметкер, полиция қызметкері немесе президент болса да маңызды емес.
Корея - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтайтын ел. Дегенмен, бұл өзі жемқорлықтың әртүрлі түрлерін жоюға кепілдік бере алмайды. Осы мәселеге байланысты Корей Республикасын басқарған бірқатар президенттердің заң аясындағы жұмыстары бір бағытта болғанымен, бұл саясат әртүрлі уақыт ағымындағы тиімділігін айқын көрсетті.
Корей президенттері өз қызметінің түрлі кезеңдерінде мемлекеттік қызметте «кадрлық тазарту» жүргізіп, қатаң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізді. Жемқорлыққа қарсы күрес демократиялық реформалар кезеңінде, жалпы жұртшылықтың қатысуымен Оңтүстік Кореяда азаматтық президенттер билігі тұсында және елдегі жариялылық пен
Әдебиеттер тізімі
1. История Конституции Республики Корея. – Сеул: 경세원, 2015. - 126 с.
2. Программа антикоррупционных мероприятий администрации г. Сеула (OPEN). – Сеул: Journal of Democracy, 2016. - 92 с.
3. Асмолов К.В. Культурное восприятие коррупции в Республике Корея и КНДР.
Мировой опыт борьбы с коррупцией. – Москва: Сборник материалов научных семинаров и заседаний дискуссионного клуба, 2014. – 141 с.
4. Jong-sung You Development of control of corruption in South Korea. - Australia: GIGA German Institute of Global and Area Studies, 2015. – 37 p.
5. Kalinowski Thomas and Seoul Kim Corruption and Anti-Corruption Policies in Korea. - Seoul: GIGA, 2014. - 30 p.
6. Facts аbout Korea. - Seoul: Korean Overseas Information Service, 2015. - 198 p.
7. Cumings B. Korea’s Place in the Sun. A Modern History. - New York: W.W. Norton &
Company, 2005. - 544 p.
Ә.С. Еркін, Б.Ж. Абжаппарова
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Южнокорейская антикоррупционная программа «OPEN»
Аннотация. Эта статья посвящена определению, структуре и процессам антикоррупционной программы OPEN в Республике Корея. Корея - страна с жестким антикоррупционным законодательством. Однако само по себе это не может быть гарантией искоренения различных видов коррупции. Ряд президентов Республики Корея работали в данном направлении, но одна политика продемонстрировала разную эффективность в различные периоды времени. На различных этапах своей деятельности президенты Кореи занимались
«кадровой чисткой» на государственной службе, проводили жесткую антикоррупционную политику. Борьба с коррупцией осуществлялась также в период демократических реформ с участием широкой общественности Южной Кореи.
Ключевые слова: Корея, президент, политика, коррупция, программа OPEN, административное руководство, закон.