Рисунок 1 Каналы привлечения трафика на сайт
B. U. Uristenbekova,
Candidate of Economy Sciences, Associate Professor, Taraz humanitarian-innovative university,
Taraz, The Republic of Kazakhstan D. N. Eleshova,
Master of Economy Sciences, Senior Lecture, Taraz humanitarian-innovative university,
Taraz, The Republic of Kazakhstan G. Omarova,
Master of Economy Sciences, Senior Lecture, Taraz humanitarian-innovative university,
Taraz, The Republic of Kazakhstan
AN ASSESSMENT OF IMPACT OF SMALL AND MEDIUM BUSINESS ON THE REGION SOCIO-ECONOMIC DEVELOPMENT
Abstract
Purpose – To analyse the regional socio-economic situation based on the economic performance of small and medium business (SMB) development of Zhambyl region, to reveal the extent of his influence on the development of the region, to obtain findings and present practical recommendations on improving the activities of SMBs in the region.
Methodology – The research used such methods as deductive and inductive, elementary theoretical analysis and synthesis, the combined method of similarities and differences.
Originality/value – In the research were described the analysis assessing the impact of small and medium businesses to the socio-economic development of the region. A study of socio-economic development of the republic is a problem at the current stage of country economy development.
Findings – Based on research results were developed the proposals to stimulate entrepreneurship on the basis of a comparative analysis of the impact of small and medium enterprises development in the context of economic sectors in the social and economic potential of the region as well as the indicators of average monthly nominal wage in each industry were analysed.
Key words – small and medium-sized enterprises, the average nominal wage, export potential, gross regional product, region, socio-economic development.
қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis
ӘОК 334.012.63
Б. У. Уристенбекова,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз гуманитарлық-инновациялық университеті,
Тараз қ., Қазақстан Республикасы Д. Н. Елешова,
экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Тараз гуманитарлық-инновациялық университеті,
Тараз қ., Қазақстан Республикасы Г. Омарова
экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Тараз гуманитарлық-инновациялық университеті,
Тараз қ., Қазақстан Республикасы
АйМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
Аннотация
Зерттеудің мақсаты – болып Жамбыл облысы (аймақ) бойынша шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау жəне аймақтың əлеуметтік-экономикалық жағдайына əсерін бағалаудың нəтижесінде жетілдіруге арналған ұсыныстар мен тұжырымдамалар.
Әдіснама – мақаланы жазуда Ұлттық жəне аймақтық статистиканың, Даму қорының деректері, ШОК-тің дамуының халықаралық тəжрибесіні жəне ғылыми басылымдар пайдаланылды.
Сонылығы/құндылығы – аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуына шағын жəне орта бизнестің дамуы тікелей əсерін талдаумен сипатталады. Елдің əлеуметтік-экономикалық даму деңгейін зерделеу қазіргі кезеңдегі ең өзекті мəселе болып табылады.
Қорытындылар – аймақтың əлеуметтік-экономикалық потенциалының дамуына тікелей əсер ететін шағын жəне орта кəсіпкерлікті экономиканың салалары бойынша дамытуды жетілдіру жəне орташа атаулы айлық жалақының мөлшерін əр сала бойынша талдаудың нəтижесінде оның деңгейін кəсіпкерлікті дамыту арқылы теңестіру туралы ұсыныстар.
Түйін сөздер – шағын, орта, кəсіпкерлік, атаулы айлық, экспорттық потенциал, өңірлік жалпы өнім, аймақ, əлеуметтік-экономикалық.
Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізген алғашқы күндерден бастап, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мақсатқа бағытталған жəне жүйелі саясатын жүргізіп, оның дамуы үшін қолайлы жағдай жасауда. Бүгінде кəсіпкерлік елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды стратегиялық факторларының біріне айналып, қазақстандық орта тап негізін қалыптастырып отыр.
Шағын жəне орта бизнес секторының үдемелі дамуына елдегі жалпы макроэкономикалық жағдай да септігін тигізуде. Осылайша, елдің 2009-2014 жж. экономикалық дамуы экономиканың орнықты даму кезеңіне бағытталғанын білдіреді – соңғы екі жылда елдің ІЖӨ өсімі 7 пайыздан асса, оның ішінде 2014 жылдың 01 қаңтарындағы мəлімет бойынша ішкі жалпы өнімдегі шағын жəне орта кəсіпкерліктің үлесі 17,8 пайызды құрады. Бұл біздің экономикалық жүйеміздің орнықтылығы мен оның кезеңдік өзгерістерді табысты өткере алатынын білдіреді.
Халықаралық рейтингтердегі орнымыз да жақсара түсуде. «Doing Business 2012» Дүниежүзілік банкінің рейтингіне сəйкес Қазақстан 47- орынға көтеріліп, іскерлік ортасы анағұрлым қолайлы 50 елдің қатарына кірді. Нəтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылуы, ал аймақтық тұрғыда экономиканың өңдеу секторындағы еңбек өнімділігінің жоғарылауы мүмкін. 2010-жылдарға арналған елдің Мемле-
кеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының (МҮИИДБ) уақытылы іске асыры- луы елді дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне ұтымды өтуіне негіз болды. Ең алдымен, шағын жəне орта бизнес кəсіпкерлерінің, қаржы ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдар мен Үкімет арасындағы мемлекеттік жеке кəсіпкерліктің табысты болуының жарқын мысалы «Бизнестің жол картасы 2020»
бағдарламасы болды.
Шағын кəсіпкерліктің дамуы еңбектің сферасын дамытуға жəне халықтың арасында кəсіпкерлік қызметтің творчестволық дамуына жəне бос өндірістік қуатты жəне ресурстық потенциалды тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады.
Шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуы барлық əлемде де маңызы зор.
Соңғы бірнеше жылда Батыс Европода, АҚШ жəне Жапонияда шағын кəсіпкерліктің дамуы маңызды орын алып отыр. Олардың көбінің жұмысшыларының саны 20 адамнан аспайды жəне жаңа жұмыс орнын құруда 3 есе өскен, соның нəтижесінде бұл елдегі жұмысссыздық қысқарған.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» аты Жолдауында үлкен мін- деттер қойды. Осы үлкен міндеттің үлесінен шығу үшін облысымызда шағын кəсіпкерлік нысанда- рын дамытудың маңызы зор жəне аймақтың экономикасының дамуына əсері көп. Оны аймақтағы кəсіпкерліктің бүгінгі тыныс-тіршілігінен айқын аңғаруға болады.
Сондықтан мақаланың мазмұнында аймақтың əлеуметтік экономикалық дамуы жəне оған шағын жəне орта бизнестің дамуының əсерін зерделеу қазіргі кезеңдегі өзекті мəселенің бірі қарастырылған.
Кəсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға (сая- си экономикаға), неоклассикалық теорияға, кейнсианстваға, неолиберализмге жəне қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген əр түрлі бағыттар тəн.
Әлемдегі көптеген экономист-ғалымдардың еңбектерінде кəсіпкерлік тақырыбы, оның маңыз- дылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген.
К.Маркс – өз еңбегінде кəсіпкерлік туралы теориялық-əдістемелік негізін зерттесе, Д.Ж.Кейнс пен М.Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің кəсіпкерлікті дамытуды жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған [6].
Сонымен бірге тəжірибеде теориялық жағынан қамтылған жəне Батыс елдердің үлкен тəжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.
Дамыған елдердің тəжірибесін үйрену еліміздің шағын жəне орта бизнестің дамуын реттеу мен халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартудың үлгісін жасауға негіз болады.
ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі жəне ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдарындағы əлемдік дағдарыстар кəсіпкерлікке, кəсіпкерлік табыс пен кəсіпкердің өзіне қатысты жаңа баптардың пайда болуына əкелді. Бұл баптың негізін əйгілі экономист Йозеф Шумпетер (Schumpeter J.) қалады, ол басқалардан көп жағынан өзгешеленеді.
Әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды Й.Шумпетер (Schumpeter J.) кəсіпкерлер деп атады. Оның пікірі бойынша, кəсіпкерлік қызмет адамға мəңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты [5].
Кəсіпкердің жеке қасиеттері – бұл оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, бəсекелестерін жеңудегі қуаныштарын сезінуге бағытталған ынталылық, қаржылық, кəсіби шеберлік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалып- тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады жəне шағын жəне орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс, сондықтан біздің міндетіміз – шағын жəне орта бизнестің кəсіпорындары Қазақстандағы өнімнің жартысынан астамын өндіруі қажет, себебі бұл іс жақсы дамыған жерде экономикада тұрақтылық пайда болады» деп атап көрсетті [1] .
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалының дамуы отандық өндірістік өнеркəсіптің дамуына байланысты. Бірақ ірі бизнестер терең кризисте жəне кəзіргі кезеңдегі өндірістік бəсекелестікке төтеп беретін жағдайы жоқ, яғни қажетті қаржы қоры, жаңа технология- сы жəне жоғары дəрежелі жұмыс күші жоқ. Сондықтан отандық өндірісті, экономиканы болашақта дамытудың жəне бəсекелестікке шыдай алатын өндірісті нығайтудың тиімді жолы шағын кəсіпкерлікті дамыту.
қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis Экономика саласы бөлінісіндегі ШОК (шағын жəне орта кəсіпкерлік) субъектілерінің құрылымы кəсіпкерлік секторы мен экономиканың сапалы дамуының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Орта жəне шағын кəсіпкерлікті дамыту отандық тауарлардың бəсекелестігін арттыруға, ішкі рыноктың халық тұтынатын тауарлармен толтыруға, экспорттық потенциалдық жоғарылауына жəне оның құрылымының өзгеруіне кіші қаламен тұрғындық пунктердің əлеуметтік дамуына жəне де халық кəсіпкерлігінің дамып қосымша жұмыс орнының ашылуына мүмкіншілік береді.
Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко но микасының негізі. Дамыған ел- дердің тəжірибелері көрсетіп отыр ғандай, шағын жəне орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо- миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт қанда, салалық жəне өңірлік монопо- лизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нəтижесінде шағын жəне орта кəсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартым- ды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Қазіргі таңда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мемле кеттік саясаттың басым бағытта рының бірі болып табылады.
Соңғы уақыттардағы əлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына əлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр.
Елбасының «Нұрлы жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы əлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды.
Президент алдағы жылдарды жан-жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады.
Экономикалық сыни кезеңдерде банк секторына үнемі Мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.
Сондықтан да болар, Мемлекет Басшысы шағын жəне орта бизнесті экономикамыздың күретамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кəсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігін баса айтты.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымы шағын жəне орта бизнесті дамыту жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Бұл жерде Қазақстанның экономикалық, саяси жəне мемлекеттік өмірінің субъектілері ретінде аймақтардың теңдігі айтылып отыр.
Мемлекеттік аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр.
Осы мəселелерді шешуде аймақтың шағын жəне орта бизнес салаларының дамуы айтарлықтай рөл атқарады. Экономикалық əдебиеттерде аймақ екі түрлі түсінікке ие. Біріншісі, географиялық жағдайларымен жəне табиғи ресурстық мамандануымен ерекшеленетін, елдің халық шаруашылық кешенінің белгілі бір бөлігін аймақ деп атайды. Екінші түсінік – елдің əкімшілік бөлінісінің бірлігі:
облыс, аудан қала жəне т.с.с. аймақтар басқару объектісі ретінде əдетте, экономикалық-географиялық, əлеуметтік-демографиялық құрылымдармен, халыққа қызмет ету құрылымымен сипатталады [8,45].
Бұл құрылымдардың ерекшеліктері белгілі бір аймақтың жалпы халық шаруашылық кешенінде маңыздылығына сілтейді.
Шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуы барлық əлемде де маңызы зор. Соңғы бірнеше жылда Батыс Европода, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Германия, Польша, Қытай Халық Республикасы, Италия, Түркия, Франция, Сингапур, Ұлыбритания, Венгрия, Малайзия, Үндістан, Беларусь Респу- бликасы, Украина сынды елдердің шағын кəсіпкерліктің дамуы маңызды орын алып отыр. Олардың көбінің жұмысшыларының саны 20 адамнан аспайды жəне жаңа жұмыс орнын құруда 3 есе өскен, соның нəтижесінде бұл елің аймақтарының жұмысссыздық деңгейі қысқарған [10.250].
Орта жəне шағын кəсіпкерліктің əр елдегі даму деңгейі əр түрлі. Ең жоғары көрсеткіш Қытайда шағын жəне орта кəсіпорындардың саны 99,0 пайыз, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 75,0 пайыз, ІЖӨ-гі үлесі 60 пайыз боған, ал Евроодақ елдерінде сəйкесінше 99,0 пайыз, 72,0 пайыз жəне 67,0 пайызды құраған, ал АҚШ-та, шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысатын кəсіпорындардың саны 98,0 пайызды құраса, оларды жұмыспен қамтылғандарының саны жалпы халықтың 50 пайызын құрайды, ал Ішкі Жалпы Өнімдегі үлесі 52 пайызды құраған [10.228].
Қазақстанда шағын жəне орта кəсіпорындардың үлесі 95,0 пайызды құрағанмен, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 32,0 пайыз жəне ІЖӨ-гі үлесі 30,0 пайызды ғана құраған, бірақ Ресеймен салыстырғанда 13 пайызға жоғары.
Жамбыл облысы 1939 жылы құрылған жəне Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Аймақ ба- тысында – Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде – Қарағанды, шығысында – Алматы облыстарымен, оңтүстігінде – Қырғызстанмен шектеседі. Жамбыл облысының жалпы жер ауданы 144,3 мың шаршы шақырымды немесе мемлекет аумағының 5,3% құрайды (республика бойынша 10-орын).
2014 жылы Жамбыл облысының өңірлік жалпы өнімінің (ӨЖӨ) көлемі 655,3 млрд. теңгеге жетіп, өсім 9 пайызды немесе Қазақстанның ІЖӨ-нің 2% құрады жəне жан басына шаққанда ӨЖӨ көрсеткіші бойынша, өңір 16 орынды иеленеді [11.15-16].
Облыстың ӨЖӨ құрылымында ауыл шаруашылығы 10%, өнеркəсіп – 19%, құрылыс – 9%, сауда – 10%, көлік жəне қойма ісі жəне ақпарат пен байланыс – 11,4%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 10%, қызметтер мен өзге салалар – 30% .
Жамбыл облысының өнеркəсіптік потенциалы зор жəне сары фосфор мен минералды тыңайт- қыштар өндірісі бойынша республикада бірінші орында. Соңғы жылдары өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында, шағын кəсіпкерлікте өнім көлемінің өсімі байқалып, халыққа көрсетілген əлеуметтік көмек көлемі артты жəне білім беру мен денсаулық сақтау деңгейі жақсарды.
Жамбыл облысы фосфор шикізатының ерекше базасы болып табылады. Оның территориясында республиканың фосфорлық қорының 71,9%, алтынның 8,8%, мыстың 3%, уранның 0,7% шоғырланған.
Облыс басқа да пайдалы қазбаларға: түсті металл, барит, көмір, техникалық тастар, құрылыс матери- алдарына бай. Шу-Сарысу ойығында табиғи газдың бірнеше көзі анықталған. Болашақтағы қорғасын- мырыш минералдарының көздері Шу-Іле аймағында анықталған. Шу өзенінің төменгі жағында мұнайдың болуы болжамдануда.
2015 жылдың 01 қаңтарына аймақ бойынша белсенді 44 373 шағын жəне орта кəсіпорындары (ШОК) тіркелген, оның 1811 кəсіпорны заңды тұлға, 15 394 шаруа қожалықтары, ал қалған 27168 жеке кəсіпкерлік субъектілері.
Шағын кəсіпкерлікте жұмысқа қамтылғандардың саны 131,0 мың адам, өндірілген өнімнің көлемі 232 866,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,9 пайызға өскен.
Шағын кəсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер 2014 жылдың қаңтар-қараша аралығында 26544,5 млрд.теңге не- сие берілген (2013 жылы - 15931,1 млрд.теңге) [1].
Облыс бойынша кəсіпкерліктің кəсіпорындарын несиелеу жергілікті, республикалық бюджеттен жəне облыстағы екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылған.
ҚР Ұлттық банктің Жамбыл филиалының мəліметі бойынша ШОБ-ті несиелеудің өсім қарқыны төмендеуде. 2013 жылы екінші деңгейдегі банк арқылы 11822,8 млн. теңгеге несиеленсе, 2014 жылы төмендеп 9892,6 млн теңгені құраған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1039 6 қарашадағы «ҚР əлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін даму жоспары» туралы қаулысының шешімін орындау мақсатында
«Кəспкерліктің даму қоры» жəне «Даму» Акционерлік қоғамы арқылы 2013 жылы 800,0 млн теңге бөлініп, 30 жоба 579,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Осының нəтижесінде Жамбыл облысы бойын- ша жұмыспен қамтылғандардың саны жылдан-жылға көбейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеуде.
Аймақ бойынша жылдан-жылға жалпы тұрғындардың санының өсіп келе жатқанын (1-кесте) көруге болады. Жалпы тұрғындардың ішінде 2014 жылы экономикалық белсенді тұрғындардың үлесі 72,8 пайызды құрап өткен жылмен салыстырғанда 1,0 мың адамға жоғарыласа, ал 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 8,3 мың адамға төмендеген.
қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis
1-кесте – Жамбыл облысының негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Рет № Көрсеткіштер 2012 ж.
соңына 2013 ж.
соңына 2014 ж.
соңына
Ауытқуы (+,- )
Өсім қарқыны,
% (2014/2013) 2013/
2012 2014/
2013
1 Облыс бойынша халық саны (жыл басына), мың адам 1070,2 1084,6 1098,7 14,4 14,1 101,3 2 Облыс бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді
тұрғындардың саны, мың адам 589,3 581,0 582,0 -8,3 1,0 100,1
Экономикалық тұрғыдан енжар халық 162,5 155,3 158,3 -7,2 3,0 101,9
3 Экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, % 72,4 73,3 72,8 0,9 -0,5 - 4 Жұмыспен қамтылған халықтың саны, мың адам 551,3 557,0 566,9 5,7 9,9 101,8
5 Жұмыспен қамтылу деңгейі, % 93,5 95,8 97,4 2,5 1,6 -
6 Аймақтағы жұмыссыздардың саны, мың адам 33,4 32,4 32,4 -1,0 - 100,0 7 Шағын кəсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың
саны, мың адам 112,3 115,4 119,1 3,1 3,7 112,6
Оның ішінде: - шағын бизнес (заңды тұлғалар) 22,5 21,3 20,2 -1,2 -0,9 115,8
-орта кəсіпкерлік субъектілері 14,1 12,9 15,4 -1,2 2,5 119,4
-шаруашылық қожалықтарында жəне жеке кəсіп-
керлікпен айналысатындар 75,7 81,2 83,5 5,5 2,3 102,8
8 Экономикалық белсенді тұрғындардың ішіндегі үлесі,
% 19,0 19,8 20,4 0,8 0,6 -
9 ШОК субъектілерінде өндірілген өнім көлемі, млрд.
теңге 150, 7 280,3 307,3 129,6 156,6 109,6
10 Халықтың орташа айлық жалақысы, теңге 72 274 90 558 94 778 18284 4220 104,6 Ескерту: автор [2] мəліметтер негізінде дайындады
Жылдан-жылға жұмыспен қамтылғандардың саны да жоғарылап келе жатқаны байқалады, 2012 жылы 551,3 мың адам болса, 2014 жылы 566,9 мың адам болып 15,6 мың адамға жоғарылаған.
Сонымен қатар облыста шағын кəсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 3,1 мың адамға өсіп 115,4 мың адамды құраса, 2014 жылы 2013 жыл- мен салыстырғанда 3,7 мың адамға өсіп 119,1 мың адамды құраған, олардың экономикалық белсенді тұрғындардың ішіндегі үлесі сəйкесінше 19,8 жəне 20,4 пайызды құраған.
Аймақтағы жұмыссыздардың саны да жылдан-жылға азайып келе жатқанын байқаймыз. Мыса- лы 2012 жылы – 33,7 мың адам болса, 2013 жылы жұмыссыздықтардың саны 32,4 мың адам, ал 2014 жылы 32,4 мың адам болған. Облыстың шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері бойынша өндірілген өнімнің көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 129,6 млрд теңгеге жоғарылап 280,3 млрд теңгені құраса, 2014 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда салыстырғанда 156,6 млрд теңгеге жоғарылап 307,3 млрд теңгені құраған.
Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің ішінде негізінен шаруа қожалықтары мен жеке кəсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады.
Халықтың орташа айлық табысы 72274 теңгеден 94778 теңгеге дейін көтерілген, бұл аймақтың тұрғындарының əлеуметтік жағдайының жоғарылағанын көрсетеді. Бірақ экономикалық саланың қызметі бойынша орташа жалақының мөлшері əр түрлі, бір деңгейде емес (2-кесте.) [11.15-16].
2-кесте – Өңір бойынша орташа атаулы айлық жалақының экономикалық қызмет бойынша көлемі, теңге
№ Экономикалық қызмет түрі 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. Ауытқуы +,- Өсім
қарқыны,%
14/13 2013/
2012 2014/
2013 1 Барлық қызмет түрі бойынша
72 274 90 558 94 778 18 284 4 220 104,6 2 Ауыл, орман ж/е балық шаруашылығы
31 068 44 153 43 070 13 095 -1083 97,5
3 Өнеркəсіп 76 360 102 325 108 836 25 695 6 601 106,4
4 Құрылыс 95 517 109 163 90 297 13 646 -18 866 82,7
5 Көтерме ж/е бөлшек сауда 59 996 81 717 86 824 21 721 5 107 106,2
6 Көлік ж/е қоймалау 107396 183 444 174 759 76 048 -8 685 95,3
7 Жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу 62 382 59263 57 295 -3 119 -1 968 96,7
8 Байланыс ж/е ақпараттық 103597 180 678 178 240 77 081 -2 438 98,7
9 Қаржылық ж/е сақтандыру қызметі 111661 127 801 155 996 16 140 28 195 122,1 10 Кəсіби, ғылыми ж/е техникалық қызмет 85 844 141 362 139 255 55 518 -2 107 98,5 11 Әкімшілік жəне қосалқы қызмет көрсету саласы 53 352 66 170 67 623 12 818 1 453 102,2 12 Мемлекетті басқару жəне қорғаныс; міндетті əлеу-
меттік қамсыздандыру 85 813 107 389 106 725 21 576 - 664 99,4
13 Білім беру 59 030 64 002 68 017 4 972 4 015 106,3
14 Денсаулық сақтау ж/е əлеуметтік қызметтер көрсету 69 933 83 895 103 194 13 962 19 299 123,0
15 Мəдени, ойын ж/е сауық 78 870 95 753 75 104 16 883 -20 739 78,4
16 Басқа да қызметтер көрсету 71 794 51 046 56 914 -20 748 5 868 111,5 Ескерту: автор [2] мəліметтер негізінде дайындады
Орташа атаулы жалақының экономикалық қызмет түрі бойынша талдау жүргізсек (2-кесте) ең жоғары орташа айлық жалақы 2014 жылы байланыс жəне ақпараттық қызметінде – 178 240 теңге болған. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда (-2438) теңгеге немесе 1,3 пайызға төмендеген, сонда да болса облыстық орташа көрсеткіштен 80 462 теңгеге (178 240 - 97 778) жоғары, қаржылық жəне сақатандыру қызметі бойынша 2014 жылы 155996 теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 28195 теңгеге немесе 22,1 пайызға жоғарылаған, аймақтық көрсеткіштен 61218 теңгеге (155 996 - 94778), көлік жəне қойма қызметтерінде есепті жылы 174 759 теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда (-8685) теңгеге немесе 1,3 пайызға төмендеген, бірақ аймақтық көрсеткіштен 79 981 теңге жоғары, ал ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында 43070 теңге болып, өткен жыл- мен салыстырғанда (-1083) теңгеге немесе 2,5 пайызға төмендеген жəне аймақтық көрсеткіштен 51708 теңгеге (43070-94778) төмен. Сонымен қатар жылжымайтын мүлікпен жұмыс істеу, əкімшілік жəне қосалқы қызмет көрсету саласында, білім беру, мəдени, ойын ж/е сауық жəне де басқа да қызметтер көрсету салаларында орташа айлық жалақының мөлшері облыстық көрсеткіштің деңгейінен сəйкесінше (-37483), (-27155), (-26761), (-19674) жəне (-37864) теңгеге төмен, яғни аймақтағы қызмет түрі бойынша тұрғындардың əлеуметтік жағдайы бірдей емес, сондықтан шағын жəне орта бизнесті ауылдық елді мекендердің тұрғындарын жұмыспен қамту жəне олардың əлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл шаруашылық саласында, тамақ өндірісі мен тұрмыстық қызмет көрсету саласында дамытуды қолға алу қажет.
Облыстың қарамағындағы аудандардағы шағын кəсіпкерліктің дамуы да əр түрлі жəне шағын кəсіпорындардың орналасу тығыздығы да əр түрлі. Шағын жəне орта кəсіпкерліктің кəсіпорындарының ең көп шоғырланған көлемі Тараз қаласында, Қордай, Шу аудандарында. Шағын кəсіпорындардың ең аз саны Мойынқұм (1284), Талас (1336) жəне Сарысу (1412) аудандарында.
Шағын кəсіпорындарының экономика саласы бойынша орналасуы да аудандарда əр түрлі. Тараз қаласында көбінесе сауда, тұрмыстық қызмет көрсету сферасында қызмет көрсететін коммерциялық шағын кəсіпорындар көбірек дамыған.
қАРЖЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУ finance and analysis Ал аудандарда кəсіпкерлік көбіне ауыл шаруашылық саласында жəне ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеу жəне дайындау салаларында даму деңгейі төмен.
Шағын кəсіпкерліктің даму жағдайына, аймақтағы тарихи, əлеуметттік-экономикалық, этно- мəдениеттік, географиялық, климаттық ерекшеліктеріне байланысты факторлар əсер етеді. Осы по- зициядан қарағанда Жамбыл облысы өзінің территориясында экономикалық əр түрлі саласында жəне ауыл шаруашылықта ең жоғары тиімді қызмет ететін шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарын дамытуға қолайлы. Соған қарамастан облыс бойынша аймақтың даму ерекшелігіне байланысты шағын кəсіпкерліктің динамикалық дамуына əр түрлі төмендегі факторлар əсер етеді.
Облыста шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуы республикалық деңгейден төмен, бірақ бұл аймақта нарықтық экономиканың құрылымының дамуына экономикалық өсуіне қажетті жергілік- ті потенциал жеткілікті болғанымен жергілікті шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуына төмендегі жағдайлар əсер етеді:
– жалпы экономикалық ситуация;
– жұмыссыздықтың жəне кедейшілік деңгейінің жоғарылығы;
– төлемдік қабілеттілігінің төмендігі;
– ірі кəсіпорындардың тоқтап қалуы жəне банкротқа ұшырауы;
– тұрғындардың көшіп кетуі, өлім-жітімнің, аурудың көбеюі;
– кейін қалған ауыл шаруашылық аудандардың болуы;
– техникалық кадрлардың жетіспеушілігі;
– еңбек ресустарының тиімсіз пайдалануы.
Қорыта келе облыс бойынша шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамып қалыптасуы үшін жəне оның экономикалық-əлеуметтік жағдайын көтеру үшін төмендегі негізгі аспектілерге ерекше көңіл бөлінуі керек:
– Аймақтың əлеуметтік-экономикалық жағдайы шағын жəне орта кəсіпкерлікті əсіресе ауыл шаруашылық саласындағы өнімдерді өңдейтін сонымен қатар азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тамақ өнеркəсібін дамытып, ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін кəсіпорындарын дамыту- ды қажет етеді;
– Аймақтағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуына кері əсерін тигізетін факторларды жою, яғни жергілікті əкімшілік тарапынан қолдау көрсету, инфраструктуралық құрылымдармен қамтамасыз- дандыру, салық жүйесін жетілдіру жəне тағы басқалар;
– Қазіргі дағдарыс кезеңінде олардың дамуының құқықтық формасымен ауылды елді мекендерде ұйымдастырған жөн, себебі қолдағы бар шикізат көзін пайдалана отырып жеке кəсіпкерлікті дамыту қажет. Мысалы: қолөнер, киіз басу, сырмақ тігу, тері өңдеу, құрақ құрау, көрпе тігу, зергерлік бұйымдар жасау, ұлттық ер тұрман дайындау ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге жəне отандық ұлттық өндірістің дамып əлемдік нарыққа шығуына, сонымен қатар бəсекелістікке төтеп беруге мүмкіншілік туғызады.
Әдебиеттер тізімі
1 Назарбаев Н. А. Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое буду- щее [Электрон. ресурс]. – 2014. – URL: http://www.akorda.kz/ru/page/page_215738_poslanie-glavy- gosudarstva-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana (дата обращения: 18.07.2015)
2 Назарбаев Н. А. Казахстан родился под счастливой звездой [Электрон. ресурс]. – 2014. – URL:
http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstan-rodilsya-pod-schastlivoy-zvezdoy-nazarbaev-266944/ (дата обращения: 16.02.2015)
3 Назарбаев Н. А. Послание Президента народу Казахстана «Нұрлы жол – путь в будущее» [Элек- трон. ресурс]. – 2014. – URL: http://duis-akmol.kz/index.php/kz/vedomstvolyk-bagynysty-mekemeler/23- novosti-uchrezhdenij/novosti-uchrezhdeniya-ets-166-11/126-poslaniya-prezidenta-narodu-kazakhstana- nurly-zhol-put-v-budushchee (дата обращения: 12.05.2015)
4 Тукаев А. Қазақстандағы шағын кəсіпкерліктің дамуын талдау // Аль-Пари. – 2009. – № 2.
5 Шумпетер И. Теория экономического развития (Исследование предпринимательской прибыли, капитала, кредита, процента и цикла конъюнктуры). – Пер. с англ. – М.: Прогресс, 1982. – 455 с.
6 Фридман М. Почему бизнес стремится к саморазрушению. Выступление на конференции Ин- ститута Катона и журнала Forbes ASAP // Cato Policy Report. – 1999. – № 21 (2).
7 Әліпбай С., Бітікова Д. Отандық бизнес дамудың жаңа кезеңінде // Егемен Қазақстан. – 2014. –
№104. – 8 б.
8 Ибрагимова Л. Е., Лесбеков Г. А. Қазақстан жəне оның аймақтарындағы шағын жəне орта кəсіпкерліктің даму жағдайы туралы есеп. – 4-ші шығарылым. – Алматы: Даму, 2012. – 312 б.
9 Информация о состоянии развития малого предпринимательства в Жамбылской области по со- стоянию на 01.01.2015 [Электрон. ресурс]. – 2015. – URL: http://www.zhambyl.gov.kz (дата обращения:
16.02.2015)
10 Шағын жəне орта кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы халықаралық тəжрибе. – Алматы:
Даму, 2013. – 250 б.
11 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті [Электрондық ресурс]. – URL: http://www.stat.gov.kz (дата обращения: 06.05.2015)
12 Жамбыл облыстық статистикалық басқармасының деректері [Электрондық ресурс]. – URL:
http://www.zhambyl.stat.kz (дата обраазения: 16.08.2015) References
1 Nazarbaev N.A. (2014), "Kazakhstanskii put' – 2050: Edinaya tsel', edinye interesy, edinoe budushchee", available at: http://www.akorda.kz/ru/page/page_215738_poslanie-glavy-gosudarstva-nursultana-nazarbaeva- narodu-kazakhstana (Accessed July 18, 2015) (In Russian)
2 Nazarbaev N.A. (2014), "Kazakhstan rodilsya pod schastlivoi zvezdoi", available at: http://tengrinews.
kz/kazakhstan_news/kazahstan-rodilsya-pod-schastlivoy-zvezdoy-nazarbaev-266944/ (Accessed February 16, 2015) (In Russian)
3 Nazarbaev N.A. (2014), "Poslanie Prezidenta narodu Kazakhstana "Nurly zhol – put' v budushchee", available at: http://duis-akmol.kz/index.php/kz/vedomstvolyk-bagynysty-mekemeler/23-novosti-uchrezh- denij/novosti-uchrezhdeniya-ets-166-11/126-poslaniya-prezidenta-narodu-kazakhstana-nurly-zhol-put-v- budushchee (Accessed May 12, 2015) (In Russian)
4 Tukaev A. (2009), "Kazakstandagy shagyn kasіpkerlіktіn damuyn taldau", Al'-Pari, Vol. 2. (In Kazakh)
5 Shumpeter I. (1982), Teoriya ekonomicheskogo razvitiya (Issledovanie predprinimatel'skoi pribyli, kapitala, kredita, protsenta i tsikla kon"yunktury), Progress, Moscow. (In Russian)
6 Fridman M. (1999), "Pochemu biznes stremitsya k samorazrusheniyu. Vystuplenie na konferentsii Instituta Katona i zhurnala Forbes ASAP", Cato Policy Report, Vol. 21 No. 2. (In Russian)
7 Alіpbai S., Bіtіkova D. (2014), "Otandyk biznes damudyn zhana kezenіnde", Egemen Kazakstan, Vol.
104. (In Kazakh)
8 Ibragimova L.E., Lesbekov G.A. (2012), Kazakstan zhane onyn aimaktaryndagy shagyn zhane orta kasіpkerlіktіn damu zhagdaiy turaly esep, 4-shі shygarylym, Damu, Almaty. (In Kazakh)
9 "Informatsiya o sostoyanii razvitiya malogo predprinimatel'stva v Zhambylskoi oblasti po sostoyaniyu na 01.01.2015" (2015), available at: http://www.zhambyl.gov.kz (Accessed February 16, 2015) (In Russian)
10 Shagyn zhane orta kasіpkerlіktі memlekettіk koldaudagy khalykaralyk tazhribe, Damu, Almaty. (In Kazakh)
11 "Kazakstan Respublikasy Ulttyk ekonomika ministrlіgі Statistika komitetі", available at: http://www.
stat.gov.kz (Accessed May 06, 2015) (In Kazakh)
12 "Zhambyl oblystyk statistikalyk baskarmasynyn derekterі", available at: http://www.zhambyl.stat.kz (Accessed August 16, 2015) (In Kazakh)