L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, The Republic of Kazakhstan
THE MECHANISM OF AMORTIZATION POLICY’S CONFORMATIONIN CONCERN
Abstract
Purpose – This paper forward to open the essence of amortization policy and to determine possibilities of its realization in concerns. In addition, research directed to solve the main issues of amortization policy.
Methodology – The research uses the following methods: comparison analysis, generalisation, deduction, abstract-logical method, a systematic approach, the analysis of the causes and consequences, as well as monographic and statistical data analysis.
Originality/value –According to the research results, under the conditions of economy modernization theformsof amortization policypresents as an interactive financial-economic mechanism in a process of capitals perfecting.
Conclusion – According to the research results, amortization policy is an important consists of country’s economic policy, because it provides capital’s perfecting, low first cost of products, high labour productivity, development of investment activities and improvement of country’s financial condition.
Key words – fixed assets, amortization, fixed assets, amortization policy.
ОӘК 657.372.32
С. С. Сапарбаева,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана, Қазақстан Республикасы А. К. Керимбек,
аға оқытушысы, магистр,
«Тұран-Астана» университеті, Астана, Қазақстан Республикасы
А. Е. Жолумбаева,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Республикасы
КӘСІПОРЫННЫҢ АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМІ
Аннотация
Зерттеу мақсаты – амортизациялық саясаттың мəнін ашу жəне кəсіпорындарда оны жұзеге асырудағы мүмкіндіктерді айқындау, сонымен бірге амортизациялық саясаттың негізгі мəселелерін зерттеу.
Әдіснама – амортизациялық саясаттың негізгі функциялары мен оның қалыптасу сатыларын айқындау.
Түпнұсқалық / құндылық – экономиканы модернизациялауда амортизациялық саясат капиталды ұдайы жаңғырту үдерісіндегі интерактивті қаржылық-экономикалық механизмді қалыптастырады.
Қорытынды – амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі, ол негізгі капиталдың ұдайы жаңғыртылуын қамтамасыз етіп, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, еңбек өнімділігінің артуына, инвестициялық қызметтің дамуына жəне кəсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруына əсер етеді.
Түйін сөздер – негізгі құралдар, амортизация, негізгі құралдар амортизациясы, амортизациялық саясат.
Коммерциялық қызметтің негізгі мақсатын жүзеге асырудағы қажетті жағдай – авансталатын капиталға пайда алу – сатып алу, тұтыну жəне қалпына келтіру сатыларын қамтитын негізгі капиталды ұдайы жаңғыртуды жоспарлау болып табылады.
Айналымнан тыс активтерге капитал салымдарын қаржыландыру үшін түрлі ақшалай қорларды қалыптастыру жəне қолдану кəсіпорындағы негізгі капиталды қаржылық басқару механизмінің мəнін құрайды.
Бүгінгі таңда кəсіпорындағы жəне ұйымдағы негізгі қорларды ұдайы жаңғырту үдерісінің бұзылуы орын алуда. Қазіргі инвестициялық құрылым өзін-өзі қаржыландыру негізінде даму саласындағы кəсіпорын қызметінің атқару мүмкіндігін шегереді деуге болады. Мұны, ең алдымен, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында елімізде болған қаржылық жəне экономикалық дағдарыстың сал- дарынан негізгі құралдарды амортизациялау механизмдерінің күрделі өзгеруімен байланыстыруға болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізген реформасы арқылы экономикалық кате- гория ретіндегі амортизация өзінің өтеу, жинақтау, ақпараттандыру жəне ынталандыру функция- ларын толық көлемде атқару қабілетін жойды. Жоғарыда аталған жағдайлар кəсіпорында тозған негізгі құралдардың жинақталуына əкелді, ал бұл экономиканың ілгері дамуын айтарлықтай тежей- ді. Тозған жабдықты ауыстыру қажеттілігі мен оны жүзеге асыру бойынша кəсіпорынның нақты мүмкіндіктерінің арасында қайшылық болады.
Коммерциялық кəсіпорындардың иелері негізгі капиталдың ұдайы жаңғыртылуын корпоративтік даму саласындағы басым міндет ретінде санамайды, сəйкесінше, есеп саясатын қалыптастыру меха-
низмі жəне оны жүзеге асыру арқылы инвестициялық қызметті ынталандыратын амортизациялық сая- сат құралдарына назардың болмауы орын алады.
Амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі, ол негізгі капиталдың ұдайы жаңғыртылуын қамтамасыз етіп, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, еңбек өнімділігінің артуына, инвестициялық қызметтің дамуына жəне кəсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруына əсер етеді.
Кəсіпорынның амортизациялық саясаты – жаңа технологиялық негізде өндірістің материалды- техникалық базасын уақытылы жаңарту мақсатында негізгі капиталдың ұдайы жаңғыруы бойынша өзара байланысты тактикалық жəне стратегиялық кешен болып табылады [1].
Кəсіпорынның амортизациялық саясаты экономикалық тетіктер түріндегі белгілі бір құралдардың көмегімен жүзеге асырылады жəне оларға əсер ету арқылы кəсіпорынның негізгі капиталының ұдайы жаңғыруы басқарылып, олардың тактикалық жəне оперативті мəселелерін шешу қамтамасыз етіледі.
Амортизациялық саясат құралдарына мыналар жатады:
1) амортизациялатын активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін белгілеу;
2) негізгі құралдардың болашақ өтімділік құнын анықтау;
3) амортизациялық аударымдарды есептеу əдісін таңдау;
4) амортизацияланатын активтерді қайта бағалау əдістерін таңдау;
5) амортизациялық сыйақыны пайдалану.
Амортизацияланатын активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі – қолданыстағы негізгі активтердің моральды тозуына байланысты амортизациялану үдерісін жылдамдату құралы болып табылады. Ол негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің кəсіпорын қызметін тиімді жүзеге асыруға жəне оған пайда əкелуі мүмкін уақыт кезеңін көрсетеді. Бірақ, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі екі түрлі анықталатынын ұмытпаған жөн.
Негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімі – нарық конъюнктурасы жəне жаңа технологи- яларды есепке алып жасалынған, өндірісті қайта құру жəне технологиялық жаңарту жоспарларымен анықталса, ал материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі – патенттер, куəліктер, ли- цензиялар, келісімшарттар жəне басқа да құжаттармен белгіленген пайдалану мерзіміне байланысты анықталады.
Амортизациялық саясаттың бұл құралы амортизацияланатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің топтары бойынша ең төменгі жəне ең жоғарғы диапазоны шекарасында жылдармен белгіленеді [2].
Қазіргі таңда кəсіпорындарға пайдалы қызмет ету мерзімін қайта қарауға (азайту немесе көбейту) рұқсат етілген. Бұл шара кəсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына байланысты есептелетін амортизация көлемін реттеуге бағытталған.
Амортизациялық жою құны – пайдалы қызмет ету мерзімінің соңында амортизацияланатын ак- тивтерді өткізумен байланысты шығыстарды шегергеннен кейінгі оны өткізуден алуды жоспарлайтын мөлшерді білдіреді. Егер кəсіпорын негізгі капиталды сатып алуға жоспарланған шығыстардың не- гізгі капиталды пайдалану кезінен басқа, оны өткізу кезінде де орнын толтыруды көздесе, онда ал- дын ала анықталған амортизациялық жою құны экономикалық негізделген болып табылады жəне оны амортизациялық саясат құралы ретінде қолдануға болады.
Макродеңгейде амортизациялық саясат негізгі капиталдың жаңару дəрежесіне, ғылыми- техникалық прогрестің жылдамдауына, елде жағымды инвестицияалық ахуалдың орнауына, салық жүйесін жетілдіруге əсер ететін нақты бір тетіктерге əсер етеді.
Микродеңгейде амортизациялық саясат мемлекет бекіткен қағидаларға, амортизациялық аударымдардың əдістері мен мөлшеріне негізделеді.
Кез келген кəсіпорын жалпы мемлекеттік қағидаларды шаруашылықтың нақты жағдайларына бейімдеуге мүмкіндігі бар. Оған заңмен бекітілген негізгі капиталдың пайдалы қызмет ету мерзімі, оны пайдалану дəрежесі, оны сатып алуды қаржыландыру көздері, амортизацияны есептеу əдістері жəне т.б. жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекеттің амортизациялық саясаты негізінде əр кəсіпорын өзінің жеке амортизациялық саясатын жасап, оны жүзеге асырады. Мұндай амортизациялық саясаттың: консервативті, компромисті жəне агрессивті түрлерін атауға болады.
ISSN 2224 – 5561 ҚазЭУ хабаршысы – Вестник КазЭУ 150
Амортизациялық жүйені макро жəне микро деңгейде, кіші жүйе жəне оның сыртындағы жүйе ретінде қарастыруға болады. Егер амортизациялық саясатты микродеңгейде – кəсіпорында қарастыратын болсақ, онда ол макродеңгейдегі – мемлекеттің кіші жүйесі болып табылады.
Амортизациялық жүйенің мемлекет деңгейінде қызмет ету қажеттілігі, ел экономикасының, сондай- ақ экономиканың жекелеген секторларының өсуін ынталандыратын немесе керісінше кедергі кел- тіретін, оның салықтық, инвестициялық, инновациялық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығымен түсіндіріледі.
Мұндай жағдайда, амортизациялық жүйе, оның құрылымы мен ұдайы жаңғыру дəрежесі көп жағдайда өзі өмір сүретін, қызмет ететін экономикалық организмнің жағдайына байланысты болады.
Амортизациялық саясаттың пəні өзара байланысты жəне қатар өмір сүретін кіші жүйелердің (амор- тизацияны есептеу, жинақтау жəне амортизациялық аударымдарды пайдалану) кешені болып табыла- ды. Кіші жүйелер шеңберінде амортизациялық жүйені құрайтын элементтер жиынтығы 1-суретте жеке қарастырылады [3].
1-сурет – Амортизация жүйесі
Соған сəйкес, негізгі капиталды ұдайы жаңғыртуға кепіл беретін ұйымның амортизациялық құралдарын басқару мəселесі қазіргі таңда жаңа мəселе ретінде саналады. Бұл отандық жəне шетел экономистерінің экономикалық категория ретінде амортизацияға, оның капиталды ұдайы жаңғыртудағы рөліне əр түрлі тұрғылар қарастыруымен байланысты. Осыған орай, инвестициялық жəне инновациялық қызметтің қаржылық ресурстарын қамтамасыз етуде кəсіпорындағы амортизациялық саясаттың стратегиясын жасау үдерісімен байланысты басылымдар жеткіліксіз болуда. Сондай-ақ, өз шешімін талап ететін бірқатар зерттелмеген немесе даулы мəселелер бар [4].
Өндірістік модернизациялау жағдайында нақ осы амортизациялық саясат бір уақытта үш нəтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін ашатын қаржылық менеджменттің тиімді құралы ретінде танылады:
– мүліктің тозуының нарықтық бағасы;
– амортизациялық ресурстың жинақталу жəне капиталдану қарқындылығын анықтау;
Сурет-1 – Амортизация жүйесі
Соған сәйкес, негізгі капиталды ұдайы жаңғыртуға кепіл беретін ұйымның амортизациялық құралдарын басқару мәселесі қазіргі таңда жаңа мәселе ретінде саналады. Бұл отандық және шетел экономисттерінің экономикалық категория ретінде амортизацияға, оның капиталды ұдайы жаңғыртудағы рөліне әртүрлі тұрғылар қарастыруымен байланысты. Осыған орай, инвестициялық және инновациялық қызметтің қаржылық ресурстарын қамтамасыз етуде кәсіпорындағы амортизациялық саясаттың стратегиясын жасау үдерісімен байланысты басылымдар жеткіліксіз болуда. Сондай-ақ, өз шешімін талап ететін бірқатар зерттелмеген немесе даулы мәселелер бар [4].
Өндірістік модернизациялау жағдайында нақ осы амортизациялық саясат біруақытта үш нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін ашатын қаржылық менеджменттің тиімді құралы ретінде танылады:
– мүліктің тозуының нарықтық бағасы;
– амортизациялық ресурстың жинақталу және капиталдану қарқындылығын анықтау;
– негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру.
Ресейдің үлкен энциклопедиясының жаңартылған нұсқасында «негізгі қорлардың амортизациясы (латынша amortization – өтеу) – бұл негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуына қарай құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге көшіру» деп анықталады. Бұл ретте тозу «ұзақ мерзімді материалдық өндірістік активтерінің (негізгі құралдардың)
АМОРТИЗАЦИЯ ЖҮЙЕСІ Кіші жүйелер
Амортизацияны
есептеу Амортизациялық
жинақтар Амортизациялық
аударымдарды пайдалану Кіші жүйе элементтері
Амортизация мөлшері
Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизациялық қор
Бақылау құралдары
– негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру.
Ресейдің үлкен энциклопедиясының жаңартылған нұсқасында «негізгі қорлардың амортизациясы (латынша amortization – өтеу) – бұл негізгі қорлардың физикалық жəне моральдық тозуына қарай құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге көшіру» деп анықталады. Бұл ретте тозу «ұзақ мерзімді материалдық өндірістік активтерінің (негізгі құралдардың) құнсыздануы жəне физикалық тозуы»
ретінде түсініледі. Бастапқыда негізгі құралдардың құны пайдалану мерзімі 12 айдан жоғары болатын еңбек заттарына капиталдың ұзақ мерзімді салымдары нысанында жүзеге асырылған шығындар ретінде түсіндіріледі.
Негізгі өндірістік қорлар мемлекеттің экономикалық потенциалының маңызды факторы ретінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан олардың жағдайы мен заманауи жаңаруына халық шаруашылы- ғының өсу мүмкіндіктері тəуелді.
Кəсіпорыннңың негізгі құралдарының амортизациясын басқару механизмін құрастыруда қазіргі жағдайдағы «амортизация», «амортизациялық саясат» экономикалық категориялардың құрылымымен байланысты теориялық мəселелерді шешу қажеті туындайды [5].
– Амортизация олардың қарапайым ұдайы өндірісі мақсатында негізгі қорлардың өз құнын шығарылатын өнімге алмастыру үдерісі.
– Амортизация өндірістік функционалдау үдерісінде негізгі қорлардың тозуының ақшалай көрінісі.
– Амортизация жобаны жүзеге асыру мерзімі басында кəсіпорынның өндірген негізгі құралдарын құруға кеткен сəйкес шығындары.
Мұндай тұрғымен Е.И.Костюкованың көзқарасы сəйкес келеді: «амортизация – бұл айналымнан тыс активтерді сатып алуға салынған ақшаны қайтару көзінің бірі, себебі бұл салық салынбайтын ақша ағыны» [6]. А. Солодовтың көзқарасы өзгеше, ол амортизацияны ұдайы жаңғырту мақсатымен сатып алынған ұзақ мерзімді активтер құнының бөлігін шығынға көшіру ретінде емес, «бекітілген тəртіпке сəйкес қаражатты арнайы қорға аудару арқылы негізгі қорларды қайта жаңарту жəне жаңарту үшін қаражатты жинақтау үдерісі» ретінде түсіндіреді [7]. Бұл жағдайда ғалым аударымдардың мөлшерін инвестициялық жобаларда жəне олардың өтелу мерзімімен қарастырылған негізгі құралдардың құнымен байланыстырады. Алайда отандық мамандардың көптеген пікірлері бойынша, соңғысы жобаның жүзеге асырылу нəтижесінде алына алатын, жоспарланатын пайда мөлшеріне тəуелді, ал амортизация өндіріс барысында туындайды жəне негізгі капиталдың айналымдылығының элементі болып табылады.
Сəйкесінше, еңбек құралдарын ұдайы жаңғыртумен байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қаржылық ресурстардың пайдасы мен келіп түсуін, кірісті емес, керісінше физикалық жəне моральдық тозу нəтижесінде жұмсалатын негізгі құралдар құнын амортизациялау қажет.
Экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің есебінде «амортизациялық есептен шығару» ретінде фирманың есебінде көрсетіліп, капиталдың негізгі тозуынан асатын, салық салынбайтын табыс мөлшері түсініледі. Осылайша, салық салынатын табыстың мөлшері төмендейді жəне салық төлемдері түріндегі меншікті қаражат та үнемделеді. Кəсіпорын мүліктің тиімді пайдалану мерзімінің бірінші жартысында амортизациялық ресурстың үлкен көлемін қайта бөлу жəне жинақтауға мүдделі.
Амортизацияның классикалық түсініктерін жалпылай отырып, «уақытпен тексерілген» жəне заманауи тəжірибеде сақталған амортизация түсініктерін атаймыз. Біріншіден, пайдалы мерзімінің нақты белгіленуіне, пайдалану шарттарының өзгергіштігіне жəне тозуға байланысты, негізгі құралдар құны амортизациялық аударым көлемінде біртіндеп өнімнің өзіндік құнына көшіріледі. Олардың келіп түсу қарқынын басқару амортизацияланатын мүлікті қолданумен байланысты қаржылық ағымды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, амортизация тозудың бухгалтерлік бағалау құралы ретінде танылады, алайда капиталдың нарықтық құнын бағалауға мүмкіндік бермейді. Тіпті егер де қолайлы келісім немесе нарық конъюнктурасы нəтижесінде активтің бағасы артса да, амортизация оның бастапқы құны бойынша есептеледі. Амортизациялық аударымдар бұрын жұмсалған шығындарды бөлудің салдары болып табылады [8].
Амортизацияның заманауи тұжырымдарын айта кету керек.
Бухгалтерлік тұжырым аясында амортизация негізгі құралдар объектілерінің уақыттағы құнын бөлу рəсімі ретінде танылады. Амортизацияны есептеу үдерісіндегі маңызды сəт ретінде əр есепті кезеңде кіріспен сəйкестендіруге болатын амортизациялық аударымдардың есебі де, амортизацияланатын активтердің тозу құнын өтеу үшін жинақталған амортизациялық ресурстың жеткіліктілігі де саналады.
Бұл ретте кəсіпорын деңгейінде инвестициялау үдерісін орындау барысында қолайлы жағдай жасау үшін амортизацияны есептеу сызбасын таңдаудың регламенттелген дəрежесі болады. Мамандар салық салынатын табысты негіздеп есептеу үшін есепті кезең шығындарын бейнелеуге ұмтылады. Мұнда шығындарды орналастыру мақсаты жүзеге асырылады.
Амортизацияның экономикалық тұжырымында негізгі капитал құнын ұдайы жаңғырту жағдайындағы нақты (физикалық жəне моральдық) тозуды көрсететін экономикалық негізделген нормалар бойынша есептен шығару ретінде сипатталады. Амортизацияның бухгалтерлік жəне экономикалық тұжырымының айырмашылығы көбінесе кезең бойынша активтің құнын анықтау пропорциясының айырымына əкеледі.
Амортизацияның бухгалтерлік тұжырымы салықтық тұрғыда жалғасады, бұл жерде амортизация негізгі капитал құнының салықтық норма бойынша есептен шығаруы ретінде түсініледі, ал олардың мəні экономикалық негізделген нормадан артады. Табысқа салынатын салықты есептеу үшін салық базасы қысқартылады. Мұндай тұрғының мəні амортизация арқылы амортизациялық ресурстың қайта инвестициялық құрауышының бағытына жəне қарқындылығына əсер ету мүмкіндігін ашады.
Амортизацияның экономикалық тұжырымы қаржылық ортаға шыға алады. Қаржылық аспектіде амортизация қызметті дербес қаржыландыру үшін кəсіпорын иелігінде қалатын кірістің бөлігін танытады. Бəсекелік экономиканың сипаты меншікті қаражат есебінен салалық өндірістің қызметін қаржыландыру жəне кеңейтуді қарастырады. Амортизация кəсіпорындағы ағымдағы шығындардың элементі бола отырып, қосылған құнның мөлшеріне кіреді.
Сəйкесінше, экономиканы модернизациялауда амортизациялық саясат капиталды ұдайы жаңғырту үдерісіндегі интерактивті қаржылық-экономикалық механизмді қалыптастырады.
Мұндай тұрғы амортизациялық саясаттың жалпы стратегиялық басқару элементі ретіндегі түсінігін нақтылауға жəне кеңейтуге мүмкіндік береді. Амортизациялық саясаттың қалыптасу сатылары 2-суретте көрсетілген [9].
2-сурет – Амортизациялық саясаттың қалыптасу сатылары
Амортизацияланатын мүлік бөлігінде салық салудың оңтайлы нұсқаларын жасау
Амортизациялық саясаттың негізгі құралдарын таңдау Амортизациялық
аударымдардың тиімді қолданылуының бағыттарын анықтау
Амортизациялық саясат
Қабылданған амортизациялық саясат негізінде есеп саясатын
жасау Белгілі бір кезеңге
арналған амортизациялық саясаттың мақсаты мен
міндеттерін қою
Шаруашылық субъектісінің деңгейін зерттеу шегін анықтай отырып, амортизациялық саясаттың қызмет ету қағидалары мен элементтерін макродеңгейде талқылау қажеттілігі туындайды. Бұл нақты кəсіпорындағы амортизациялық саясатқа қайта инвестицияланған ұдайы жаңғыртудың қаржылық- экономикалық механизмдерінің сабақтастығының болуымен байланысты. Оның құрамында салалық өндіріс ерекшеліктерін ескергендегі амортизациялық жəне инвестициялық саясаттардың өзара əрекетінің нəтижесінде туындайтын əсерлердің синергиясына ықпал ететін жағдайларды қалыптас- тыру амалдарының жиынтығы болады. Бұл механизмнің жүзеге асырылуы келесідей басты қағида- ларға негізделеді [10]:
1) ұдайы өндірістік теңгерімділік қағидасы (қолданыстағы негізгі құралдардың жаңаруына қайта инвестиция өсімінің тұрақты қарқынын ұстап тұру жəне инновациялық технологияларды жасау);
2) қайта инвестициялық үдерістегі үздіксіздік қағидасы;
3) салықтық жүктемені оңтайландыру қағидасы (амортизациялық жəне салық ағымын бағыттау);
4) жеке инвестицияларды оңтайландыру қағидасы (шаруашылық субъектілерінің меншікті ресурстарының резервтерін мобильдендіру).
Амортизациялық саясат макродеңгейде бес басты функцияны орындауы қажет:
– экономикалық: қайта инвестициялық ұдайы өндірістік үдеріс үшін қаражаттардың арнайы қорын қалыптастыру;
– бөлу: инвестициялық ресурстарды екі бағытқа бөлу: қолданыстағы қорларға инвестициялар жəне жаңа инновациялық технологиялар құруға инвестициялар;
– ынталандырушы: бюджеттік шығынды азайту үшін жəне жеке қайта инвестициялық ресурстардың көлемін тұрақты кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау;
– реттеуші: қайта инвестициялық үдерістегі амортизациялық жəне салық ағымдарының теңгерімділігін сақтау;
– имидждік: жоғары технологиялық өнімдердің негізінде əлемдік шаруашылыққа интеграцияла- ну жəне ұлттық бəсекеге қабілеттілікті арттыру.
Көрсетілген функциялардың мазмұны меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына, салалық қатыс- тылығына жəне өндіріс масштабтарына тəуелсіз түрде ҚР-ның барлық шаруашылық субъектілерімен (резиденттер) атқарылуға міндетті регламенттелетін құжаттарда бейнеленеді [11].
Қазақстан Республикасында амортизациялық үдерісті мемлекеттік реттеу негізінде амортизацияның салықтық тұжырымдамасы жатыр. Бұл тұжырымдама бойынша амортизациялық аударымдар инвестициялардың ұдайы өндірісінің ішкі көзі ретінде қаралмай, кəсіпорынның табыстарын қайта бөлудегі салықтық құрал ретінде қаралуында. Өндірістік шығындарға амортизациялық аударымдарды қосып, оны айналым құралдарымен біріктіру арқылы өндірістік инвестициялардың өзін-өзі ақтауына басты назар бөлінген. Макроэкономикалық деңгейде қызмет ететін менеджмент экономикалық либерелизмнің «нарық өзі бəрін реттейді» деген идеологияның тұтқынына айналды. Бірақ, нарықтық өзін-өзі реттеу біз күткен нəтижеге емес, керісінше, ұдайы өндірістің құлдырауына алып келді. Жалпы əлемдік конъюнктураның үздіксіз өзгерісі, бəсекелестіктің артуы, негізгі капиталдың активті жəне пассивті элементтеріне физикалық жəне моральдық тозудың артуы жағдайында, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіне, ішкі инвестициялық үдеріс масштабын кеңейтуге бағытталған амортизацияның экономикалық тұжырымдамасына басты назарды аудару қажет.
Шетелдік тəжірибеге сүйенетін болсақ (жеделдетілген амортизацияланудың ADS, ACRS, MACRS американдық жүйелері, жапондық СУА, СУПН жүйелері жəне т.б.) амортизацияны есептеудің ең тиімді əдісі, амортизацияны есептеудің сызықтық емес əдістері болып саналады. Оның негізгі мазмұны бойынша амортизациялық циклдың алғашқы жылдарына көбірек мөлшерде аудара отырып, амортизациялық аударымдарды амортизациялық кезеңге толық бөлу болып табылады. Бұл амортизациялық аударымдарды жинақтауды жеделдетіп, амортизациялық қорды құруға мүмкіндік береді. Тез уақытта жинақталған амортизациялық қор қаражаттары аз уақыт ішінде негізгі капиталды технологиялық жаңартуға мүмкіндік береді жəне сол арқылы қолданыстағы негізгі құралдардың моральды тозуын шетке ығыстырады.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы амортизациялық саясаттың ерекшеліктері:
– салықтық амортизацияның концептуалды ережелері шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты амортизация кəсіпорынның табысын қайта бөлу жəне оларды салық салудан босату құралына айналып, инвестициялық үдерісті, экономиканы басқару құралы ретінде өзін-өзі жойып, ұлттық басымдықтарға қол жеткізуде пайдаланылмайды;
– негізгі капиталдың жеделдетілген инновациялық жаңаруын ынталандырмайды, керісінше, не- гізгі капиталдың барынша тозығы жеткенше пайдалануға ынталандырады;
– негізгі капиталдың қарапайым ұдайы өндірісін қамтамасыз етпейді;
– амортизациялық қордың жинақталуына жəне оның көлемінің артуына мүдделі емес. Активтің бұл түрі ағымдағы банктік шотта өнімді өткізуден түскен түсімді жинақтаумен ғана шектеледі. Ал бұл түсімнің ішінде амортизациялық қордың үлесі де бар екені ұмытылып жатады;
– ұдайы өндіріс мақсатында амортизациялық ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамта- масыз етпейді [12].
Кəсіпорынның амортизациялық саясатын қалыптастыру келесідей сатылардан тұрады. Бірінші сатыда амортизациялық саясаттың алғышарттарын айқындайтын негізгі құралдар есебі қажет, яғни келесідей жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс:
– негізгі құралдардың көлемі мен құрамын анықтау;
– негізгі құралдарды бағалау əдістерін таңдау;
– амортизацияланатын мүлікті пайдалану мерзімін негізделген айқындау;
– амортизация нормаларын айқындау;
– инвестициялық белсенділік маңызын анықтау;
– инфляция қарқынының есебі.
Екінші сатыда амортизацияны есептеудің сəйкес əдістерін таңдау жүзеге асырылады:
– сызықтық;
– өнім көлеміне пропорционалды;
– азайтылған қалдық;
– пайдалы қызмет мерзімінің мөлшері бойынша.
Үшінші сатыда келесідей бағыттар бойынша амортизациялық аударымдарды пайдалану ба- ғыттарын таңдау жүзеге асырылады:
− амортизациялық аударымдардың жинақталуы;
− амортизациялық қорларды пайдалану.
Ал төртінші сатыда келесідей позициялар бойынша амортизациялық саясат тиімділігін бағалау жүргізіледі:
− ақша ағындарын талдау;
− негізгі құралдарды жаңарту көрсеткіштерін талдау.
Кəсіпорынның амортизациялық саясатының жекелеген құралдарының бірігуінің əр түрлі нұс- қалары негізгі құралдарды ұдайы өндірісін басқару мен тактикалық жəне жедел міндеттемелерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін оның заманауи құрылымын қалыптастырады:
− кəсіпорынның негізгі активтерінің технологиялық құрылымын жетілдіру;
− амортизацияланатын активтерді объективті қайта бағалау есебінен негізгі капиталдың лик- видтілік деңгейі мен қалдықты қалпына келтіру құнына сəйкестігін қамтамасыз ету;
− амортизацияланатын активтердің физикалық жəне моральдық тозуының алдын алуда кəсіпорынның амортизациялық ынталылығын пайлдалану есебінен негізгі капиталдың ұдайы өндірісін кеңейту;
− жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың тиімділігін жоғарылату;
− кəсіпорынның салықтық төлемдерінің мөлшерін оңтайландыру.
Бұл негізде кəсіпорын амортизацияны есептеу тəсілін таңдап, мұны өзінің есеп саясатында көрсете отырып, меншікті амортизациялық саясатын жасайды жəне жүзеге асырады [13]. Осылайша, ұйым жалпы қағидаларды шаруашылық жүргізудің нақты жағдайларына бейімдеуге, коэффициенттерді арттыратын жəне төмендететін амортизациялық сыйақыларды қолдану, салық есебінің аясында
амортизацияның есептелу əдісін ауыстыру, амортизациялық ресурстарды жұмсау жəне т.б. секілді заңмен қарастырылған құқықты орындауға мүмкіндік алады. Саясаттың инвестициялық бағыттылығы, бір жағынан, оның мазмұнын барлық деңгейлерде зерттеуге, ал екінші жағынан, олардың өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік береді. Әдетте, кəсіпорынның инвестициялық ресурсы таза пайда жəне амортизациялық аударымдар есебінен қалыптасады, ал өзге факторлардың құрамындағы амортизация нормасы капитал салымын өтеу жылдамдығын реттейді. Капитал құнының қымбаттауы, технологиялардың қарқынды жаңаруы жағдайында амортизациялық саясаттың өнімнің өзіндік құнын жəне, сəйкесінше, оның бəсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы рөлін арттырады.
Әдебиеттер тізімі
1 Абакумов Р. Г. Амортизационная политика: сущность, проблемы, направления совершенствова- ния // Финансы. – 2008. – № 47. – С. 55-59.
2 Соколов М. М. Амортизация и как ее использовать для подъема экономики // Экономист. – 2014.
– № 2. – С. 24-43.
3 Бойко В. В., Руденко О.Н. Мировой опыт формирования амортизационной политики предприя- тий // Горный информационно-аналитический бюллетень (научно-технический журнал). – 2010. – №9.
– С. 241-243.
4 Каренова Г. С. Управление амортизационной политикой предприятий в условиях рыночной эко- номики// Вестник КазНУ:Сер.экономическая. – 2000. – №3-4. – С. 73-79.
5 Кюрджиев С. П. Зарубежный опыт реализации амортизационной политики организаций //
Вестник Таганрогского института управления и экономики. – 2013. – № 2. – С. 15-18.
6 Костюкова Е., Костюков К. Амортизация как способ возврата инвестирования капитала // Меж- дународный сельскохозяйственный журнал. – 2006. – №6. – С. 35-37.
7 Солодов А. Амортизацию оценим не по Марксу // Экономика и жизнь. – 2007. – №2. – С. 4.
8 Кравцова Н. И. Направления совершенствования амортизационной политики в системе стра- тегического финансового менеджмента коммерческих организаций в системе стратегического менед- жмента коммерческой организации // Экономический анализ: теория и практика. – 2009. – № 14. – С.
36-41.
9 Куатова Д. Я. Экономика предприятия. – Алматы: Экономика, 2011. – 352с.
10 Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета: Пер. с англ. под ред. Я. В.
Соколова. – 2-е изд., стереотип. – М.: Финансы и статистика, 2002.
11 Сысоева В. В. Роль амортизационной политики в стимулировании инновационной деятельнос- ти и укрепление финансового положения компании// ҚарМУ. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мем- лекеттік университеті аспиранттары, магистранттары жəне студенттерінің XXXII ғылыми-тəжірибелік конф. материалдары 14-15 мамыр. – Қарағанды, 2009. – С.90-93.
12 Легостаева А. Концепция амортизационной политики Республики Казахстан в условиях эконо- мического реформирования. – 2004. – С.108-111.
13 Казбеков Т. Б. Резервы совершенствования амортизационной политики в условиях рынка // Ма- териалы международной научно-практической конференции «Проблемы становления инновационной- системы и развития предпринимательства в РК». – Қарағанды, 2013. – С.12-15.
References
1 Abakumov R.G. (2008),"Amortizatsionnaya politika: sushchnost', problemy, napravleniya sovershenstvovaniya", Finansy, Vol. 47, pp. 55-59. (In Russian)
2 Sokolov M.M. (2014),"Amortizatsiya i kak ee ispol'zovat' dlya pod"ema ekonomiki", Ekonomist, Vol.
2, pp. 24-43. (In Russian)
3 Boiko V.V., Rudenko O.N. (2010), "Mirovoi opyt formirovaniya amortizatsionnoi politiki predpriyatii", Gornyi informatsionno-analiticheskii byulleten' (nauchno-tekhnicheskii zhurnal), Vol. 9, pp. 241-243. (In Russian)