Аңдатпа. Мақалада YouTube-тегі Еуразия ұлттық университет арнасының қолдану тиімділігі зерттеліп, оған баға берілген. YouTube арнасындағы қазақстандық контент- тердің рейтингтік тізімі зерттелген. ЕҰУ YouTube арнасының сол тізімге ену үшін керекті қадамдардың мөлшері анықталып, сол межеге жету үшін керекті шаралар ұсы- нылған. YouTube бейнеқызметін ұлттың мәдени және рухани құндылықтарын дамы- туға пайдалану арқылы оның қолдану аясын кеңітіп, тиімділігін арттыру қарасты- рылған.
Кілт сөздер: YouTube, бейнефайл, бейнехостинг, бейнефильм, бейнестудия, бейнемате- риал, бейнеқызмет, ғаламтор, Eurasian National University, ENU, ұлтты, мәдени, руха- ни, құндылықтар.
DOI: 10.32523/2616-7174-2022-139-2-44-51
Кіріспе
2021 жылы мамыр айында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 25 жылдық мерейтойына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Ел- дегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты аталмыш шараға көп адам жинауға болмай- тындықтан да ЕҰУ басшылығы мерейтойды тікелей эфирде жүргізіп, мыңдаған көрер- меннің тамашалауына мүмкіндік жасады. Ол үшін арнайы алаң ретінде YouTube арнасы (1-сурет) және ZOOM платформасы таңдал- ды. Ал мерейтой аясында ұйымдастырылған шаралар кәсіби жылжымалы телевизиялық станцияның (ЖТС) көмегімен түсірілді. ЖТС құрамында 5-7 камера болады, оның бірі ар- найы кранға бекітіледі. Кранға бекітілген ка- мера түсірілім алаңын жалпы планда көрсе- туге мүмкіндік береді. ЖТС көлігінде отырған
режиссер мен локацияларда жүрген опе- раторлар үнемі байланыста болады, әрбір бейнекадр режиссердің командасынан кейін ғана тікелей эфирге беріледі. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындар арасында мұндай тех- нологияны пайдалану тұңғыш рет жүзеге асы- рылды. YouTube арнасы арқылы таратылған шараны тікелей эфирде мыңдаған адам көрді [1].
Талқылау мен нәтижелер
Tengrinews.kz. агенттігінің хабары бойын- ша [2] Google компаниясы 2020 жылғы қара- лым бойынша YouTube-бейнематериалдары- ның арасынан ең танымал жеңімпаздарын жариялады. Өкінішке орай, мұндай жеңім- паздар ортасына оқу орнында қолданылатын бейнеөнімдер кіре алмаған екен. Оның себебі
неден екенін білу және YouTube технологияла- рын оқу үрдісінде пайдалануды дұрыс жолға қою үшін не керегін анықтау осы зерттеуді өзекті етеді.
Еуразия ұлттық университеті 2011 жылдың 14 қарашасында YouTube-те «L.N. Gumilyov Eurasian National University» атты арнасын [3]
ашты (1-сурет).
Содан бері арнаға:
Бейне ойындар, хабар тарату, спорт, пара- метрлер, шағымдар, анықтама, пікір жіберіңіз атты қосымша мүмкіндіктері қосылды;
Қызмет, баспасөз құқығы, бізбен байланыс, авторлар үшін, жарнама берушілер, әзір- леушілер, қызмет көрсету шарттары, құпи- ялылық саясаты және қауіпсіздік атты бөлім- дер бар бас мәзір қосылды;
1-кестеде көрсетілген 13 бейнефильмдер топтамасы қосылды
1-кесте Бейнефильмдер топтамасы
№ Топтаманың атауы Бейне фильм- дер саны
1 Халықаралық ана тілі
күні 15
2 Философия докторы (PhD) диссертация қорғау
197
3 ENU.ENT2020 -
20.08.2020 13
4 ЕҰУ.ENT2020 - 16-
19.08.2020 12
5 Тәжірибелік білім
беру бағдарламалары 17 6 Лев Николаевич Гу-
милев 9
7 Оқиғалар 19
8 Сұхбат 23
9 Дәрістер мен кездесу-
лер 20
10 Профессорлардың
дәрістері 23
11 Нобель сыйлығы- ның лауреаттарының дәрістері
11
12 Ғалымдардың инно- вациялық әзірлеме- лері
22
13 Таңдамалылар 5
Барлығы 409
А.Ә. Маманқұл, Ж.Ж. Алдабергенова, Ұ.М. Есенбекова
1-сурет. Еуразия ұлттық университетінің YouTube арнасы
YouTube-тегі Еуразия ұлттық университеті арнасының тиімділігін арттыру мәселелері
YouTube статистикадағы [4] Қазақстан кон- тенттері тізімде арналардың реттік саны, аты, жазылушылардың саны және жалпы көрілу саны туралы ақпарат беріледі және олар көрілу саны арқылы сұрыпталады. ЕҰУ арна- сының тиімділігін зерттеу мақсатында қанша ізделсе де, бұл тізімнен оның статистикасы табылмады. Мысалы, тізімнің басында тұрған ТОЙ ДУМАН арнасының жазылушылардың саны 10 001 және жалпы көрілу саны 1 598 566 (2-сурет).
Арнаның жетістігі 2020 жылдың 18 жел- тоқсанында жазылушылар саны 2,06 милли- он, жалпы көрілу саны 1,42 миллиард. Со-
нымен қатар бұл арна бір жылда 356 мың, ал ашылғаннан бері 5,6 миллион АҚШ доллары табыс тапқан.
YouTube рейтингінің соңындағы арнаның жетістігі мен статистикасы 4 және 5-суреттер- де көрсетілген.
YouTube рейтингінің соңындағы Aktan Sharip арнасының жетістігі (5-сурет) тіркелім- дер саны 6,61 мың, жалпы көрілім саны 3,086 миллион. ЕҰУ арнасының бетінде көрсетілген жетістіктері (тіркелімдер саны 3960, ал жалпы көрілім саны 0,798 миллион) бұл рейтингтің соңына ілігуге де мүмкіндік бермейді. Егер ЕҰУ арнасы ең болмағанда осы Aktan Sharip 2-сурет. YouTube-тегі қазақстандық арналардың үздіктері.
Жоғарыдағы тұрған жолақты шерткен соң оның статистикасы ашылады (3-сурет).
3-сурет. YouTube-тегі арнаның статистикасы
А.Ә. Маманқұл, Ж.Ж. Алдабергенова, Ұ.М. Есенбекова
арнасының орнында тұрса, онда бір жылда ең болмағанда 731, ал ашылғаннан бері 12 мың АҚШ долларындай табыс тапқан болар еді.
Ал 6-суретте көрсетілген SocialBlade ком- паниясы жасаған «L.N. Gumilyov Eurasian National University» арнасының статистика- сы[4] көңіл көншітпейді.
Бұл жердегі айлық көрсеткіштердің ди- намикасына қарап, 2019 - 2020 жылдардағы
шілде айында сандардың 2-3 есеге өсіп, қайта түсетінін байқауға және көрсеткіштердің жал- пы аздап өсетіндігіне көз жеткізуге болады.
Алдыңғы қатардағы топқа қосылу үшін не істеу керек? Ол үшін ең соңғы бейнеблогер Aktan Sharip арнасынан басып озу керек. 6-су- реттегі оң жақтағы диаграммаларды қарасты- райық. Алдымен бұл диаграммадағы күнара қосылатын жазылушылар санын екі есе ұлғай- 4-сурет. YouTube рейтингінің соңындағы қазақстандық арналар
5-сурет. YouTube-тегі арнаның статистикасы
тып, тұтынушы санын жиырмаға жеткізу. Ал төмендегі диаграммада 11-18 желтоқсан ара- лығында 3085-3083 = 2 мың адам қараған екен.
Демек бізге де күн сайын 2*2/(18-11) =4/7=0,59 мың, шамамен 600 көрілім ұйымдастыру ке- рек.
Бұған жету үшін заманауи технологиялар мен YouTube арнасының зор мүмкіндіктерін және ЕҰУ студенттері, магистранттары, док- торанттары мен оқытушы-профессорлары- ның арасындағы оқу үрдісін пайдалану керек.
Қазақы құндылықтардың ішкі мәнін терең түсініп, болмысымызға айналдырып, құнды қасиетті бойымызға сіңіру үшін оны YouTube бейнехостингінде арналарға жариялап, әлемді таңғалдырарлықтай қазақ халқында мол руха- ни қазынасын - қазақтың ұлттық құндылықта- рын көпшілікке ұсыну керек. Олардың бәрін бір тұтынушы YouTube бейнехостингіне шығарады деп ойлау қателік шығар. Еуразия ұлттық университетін бітірушілерінің әрқай- сысы осы құндылықтардың бір қырын өзінің дипломдық зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде қабылдап, ғылыми жетекшілерінің көмегімен зерттеу нәтижесін ЕҰУ YouTube арнасында жариялауды дамыту қажет. Бей-
нехостинг тұтынушы «Енді қандай құндылық туралы зерттеу нәтижесі жарияланар екен»,- деп арнаның жанкүйеріне айналып, тіркелім- дер саны көбейер еді! Сондықтан «Қазақтың ұлттық құндылықтары» атты ақпарат легін Еуразия ұлттық университетіндегі YouTube бейнеқызметі арқылы көрсету өзекті мәселе болып тұр.
Қазақтың ұлттық құндылықтарының құра- мына кіретін:
қазақы мінез-құлық, әдет-ғұрып, рух, мен- талитет, тәрбие;
қазақ әндері мен күйлері;
ағаш, саз, теріден жасалған ыдыс-аяқтары;
қазақ домбырасы, әшекейі, киімі, ою өрне- гі, қару-жарағы, киіз үйі;
қазақи мәдениет, әдеби ет, өнер, шару- ашылық, - деген қасиетті сөздердің бар екені көпшілікке мәлім. Алайда, осы ұлтымыз үшін маңызды ұғымдарды бойымыздан таба ала- мыз ба, әлде олар тек сөз күйінде қолданыста қалды ма?
Бұл тізімнің толық-толық емесіне назар салмай, мысал үшін, «Қазақтың мінезі қан- дай?»,-деген бір жақты құндылығын зерттеп көрсек, ол - «Қазақтың жақсылы-жаманды 6-суретте «L.N. Gumilyov Eurasian National University» арнасының статистикасы
YouTube-тегі Еуразия ұлттық университеті арнасының тиімділігін арттыру мәселелері
қасиеттеріне байланысты шығар»,- деген ой келеді.
Қазақтағы туа біткен жақсы қасиеттер:
батырлық, батылдық, жауынгерлік, тәуекел- шілдік, намыскерлік, аршылдық, төзімділік, еңбекшілдік, турашылдық, ойшылдық, ше- шендік, тапқырлық, біліктілік, айтқырлық, ақындық, алғырлық, түсінгіштік, ізеттілік, ибалық, ілтипаттылық, тәрбиелілік, үлкен- ді сыйлағыштық, жол сыйлаушылық, сөзге тұрушылық, сыйласкерлік, адалдық, қал- тқысыздық, кешірімпаздық, ұятшылдық, кішіпейілділік, қайырымдылық, қанағатшыл- дық, шүкіршілдік, берегендік, қонақжай- лылық, қауымшылдық, кеңпейілдік, ағайын- шылдық, көпшілдік, жайдарылық, елгезектік, ынтымақшылдық, сауықшылдық.
Қазақтағы жүре біткен жақсы қасиет- тер: халықшылдық (басқа халықтармен ара- лас-құраластық), ізденімпаздық (өнер, ғылым т.б.).
Қазақтағы туа біткен кемшіліктер:
аңғалдық, даңғойлық, ысырапшылдық, ал- данғыштық, ырықшылдық, көнбістік.
Қазақтағы жүре біткен кемшіліктер: елік- тегіштік, кеудемсоқтық, менмендік, әкімгер- лік, астамшылдық, күншілдік, арызқойлық, парақорлық, араққорлық, опасыздық – бұлар жан-жағымыздағы кейбір көршілермен қа- рым-қатынастан жұққан кеселдер [5].
Қазақы мінездің бұл қырларын талдай келе, олардың әрқайсысы жеке ғылыми зерт- теудің тақырыбы болуы мүмкін екеніне көз жеткізуге болады.
Бұл жөнінде жарияланған контенттердің ішінде «Saliqaly urpaq» YouTube арнасының
«Ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналған контенттерінде жалпы құндыық тақырыбы туралы түсінік беріліп, қазіргі материалдық құндылық дәуірлеп тұрған заманда руха- ни құндылықты, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу дұрыс екендігі, қазақтың тарихы, мәдениеті, ата-бабалардан қалған өнері, тәрбиесі, қазақи рух пен қисса әңгіме- лері ұлттық құндылықтар болып есептелетіні және оны көздің қарашығындай сақтау керек- тігі туралы өсиет айтылады.
YouTube арналарындағы ұлттың мәдени және рухани құндылықтары туралы басқа зерттеулер мұғалімдердің осы тақырыпта даярланған сабақтарынан репортаждар мен қалалардағы мұражайларға қойылған экспо- наттар туралы мұражай қызметкерлерінің түсіндірмесінің смартфонға жазылған көшір- мелері болды. Қаралымдар саны 100-ге жет- пейді. Әрине бұл түсірілімдердің сапасы сын көтермейді және көрермендер үшін олардың құндылығы жоқтың қасы.
Қорытынды
Демек, бүгінгі таңда YouTube-те «Қазақтың ұлттық құндылықтары» атты арна бос тұр және ондай ақпарат легі жоқ деп айтуға бола- ды. ЕҰУ YouTube арнасының рейтингін көтеру үшін келесі қорытынды жасауға болады:
Университетте YouTube технологияларына негізделген қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін пәндердің методикасын, методи- калық кабинетін, соңғы үлгідегі компьтерлер- мен жабдықталған оқу залын ұйымдастыру туралы шаралар іске асырылып, соны қадаға- лайтын жаңа медианы жетік меңгерген ар- найы маман тағайындалуы қажет;
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлар арасында оқу үрдісіндегі сабақтарды YouTube бейнестудия- сында даярлаудың тегін ерікті курстарын ұй- ымдастыру керек;
Оқытушы-профессорлар құрамына YouTube технологияларына негізделген қашықтықтан білім беру пәндерінің жұмыс жоспарын даярлап, оқу бағдарламсына енгіз- ген жөн;
Жаңа YouTube технологияларын енгізген студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлар арасында білім ал- масу курстарын ұйымдастырып тұру керек;
Студенттер, магистранттар, докторант- тар мен оқытушы-профессорлар арасында YouTube технологияларын тиімді пайдалану жөнінде конкурс ұйымдастырып тұрған жөн;
Топтағы әрбір студентке өз YouTube ар- насында қазақтың мәдени және рухани құн- дылықтарының бір түрін дәріптеуге тапсырма
А.Ә. Маманқұл, Ж.Ж. Алдабергенова, Ұ.М. Есенбекова
Пайдаланған әдебиеттер
1. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 25 жылдық мерейтойы, тікелей эфир – 2021жыл, https://www.
youtube.com/watch?v=TW1br1Hk9f0
2. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvan-top-samyih-populyarnyih-video-v-kazahstane-na- youtube-421970/
3. https://www.youtube.com/user/ENUGumilyov
4. https://stats.video/top/most-subscribed/youtube-channels/kazakhstan 5. https://socialblade.com/youtube/user/enugumilyov
6. https://osken-onir.kz/okigalar/6832-azaty-mnez-anday.html
А.А. Маманкул, Ж.Ж. Алдабергенова, У.М. Есенбекова
Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан YouTube-канал Евразийского национального университета:
вопросы повышения эффективности
Аннотация. В статье рассматривается и оценивается эффективность YouTube-канала Евразийского национального университета. Изучен рейтинговый список казахстанского контента на канале YouTube.
Определены параметры, необходимые для включения YouTube-канала ЕНУ в этот список. В качестве ви- деоматериалов для повышения привлекательности, расширения количества просмотров и повышения его эффективности YouTube-канала ЕНУ предложены темы о развитии культурных и духовных ценно- стей нации.
Ключевые слова: Евразийский национальный университет, ЕНУ, YouTube, канал, видео, видеофайл, видеохостинг, видеостудия, видеосервис, интернет, повышения привлекательности, расширения коли- чества просмотров, рейтинговый, список, казахстанского, контента, национальные, культурные, духов- ные ценности.
A.A. Mamankul, Zh.Zh. Aldabergenova, U.M. Yessenbekova L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan
YouTube channel of the Eurasian National University: issues of efficiency improvement
Abstract. The article studies and evaluates the effectiveness of using the Eurasian National University YouTube channel. The rating list of Kazakhstani content on the YouTube channel is studied. The number of steps for ENU’s YouTube channel to be included in this list has been determined, and the necessary measures беріп, оның нәтижесін (арнасындағы ұлттық
құндылықтың дәріптеуге сілтемені) универси- теттің сайтына орналастырып тұру керек;
ЕҰУ арнасының статистикасы, YouTube технологиялары енгізілген пәндер, жетістік- тер мен марапаттаулар туралы репортажды университет тақтасы мен арнада күн сайын жүргізіп отыру, апта сайын басқа БАҚ-тарда жариялануы керек.
Осы аталған ұсыныстарды жүзеге асыра- тын болсақ, оның әсерінен туындаған БАҚ
формасы – жаңа медианы қолданушылар саны өседі.
«Қай елдің баспасөзі күшті болса, сол ел- дің өзі де күшті» деп Алаш қайраткері Мір- жақып Дулатов ХХ ғасырда айтса, ХХІ ғасыр- да бұл аталы сөздің де формасы өзгергендей.
Яғни, қай елдің ақпарат кеңістігі, ғаламторы күшті болса, сол ел ғана өзінің «ақпараттық иммунитетін» қалыптастырып, ақпараттық экспанциядан қорғанбақ, басқаға мойындат- пақ, танытпақ.
YouTube-тегі Еуразия ұлттық университеті арнасының тиімділігін арттыру мәселелері
have been proposed to achieve this goal. It is planned to increase the effectiveness and expand the scope of use of YouTube video services for the development of cultural and spiritual values of the nation.
Keywords: YouTube, video file, video hosting, video, video studio, video material, video service, Internet, Eurasian National University, ENU, cultural and spiritual values of the nation.
References
1. 25th anniversary of L.N. Gumilyov ENU, live broadcast – 2021, https://www.youtube.com/
watch?v=TW1br1Hk9f0
2. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvan-top-samyih-populyarnyih-video-v-kazahstane-na- youtube-421970/
3. https://www.youtube.com/user/ENUGumilyov
4. https://stats.video/top/most-subscribed/youtube-channels/kazakhstan 5. https://socialblade.com/youtube/user/enugumilyov
6. https://osken-onir.kz/okigalar/6832-azaty-mnez-anday.html Авторлар туралы мәліметтер
Маманқұл Ақмарал Әбибұлақызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журна- листика және саясаттану факультетінің докторанты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Алдабергенова Жанна Жайлаубаевна – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жур- налистика және саясаттану факультетінің докторанты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Mamankul Akmaral Abibulakyzy – doctoral student of the Faculty of Journalism and political science of the L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.
Aldabergenova Zhanna Zhailaubayevna – doctoral student of the Faculty of Journalism and political science of the L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.
Yessenbekova Ulbosyn Meirbekovna – candidate of philological Sciences, Associate Professor, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.
А.Ә. Маманқұл, Ж.Ж. Алдабергенова, Ұ.М. Есенбекова
А. Казыкенова
С. Демирел университеті, Алматы, Қазақстан (Е-mail: [email protected])
ХҒТАР 19.31