• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Zh. Alimbekov

In document Вестник Bulletin (бет 163-170)

ТҮРКІТАНУ TURKOLOGY

R. Zh. Alimbekov

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan Korkut and his era in historical sources

Abstract. This article describes the era and historical truth of the legend about Korkyt Ata, one of the most fa- mous figures who contributed to the development of the Turkic peoples’ worldview and culture.

The tradition of oral literature, oral history is a widespread and deeply rooted tradition among the Kazakh people.

In the Kazakh steppes Korkyt’s philosophy, his nature, activities, role in the society were preserved strongly from the father to the child, without losing his identity. Therefore, our research work, first of all, focuses primarily on the history and culture of the former Turan, where the grave of Korkyt ata is located, including the history and culture of the Syr-Darya, the worldview and traditions of the tribal community of that ancient time.

Most of the published research on Korkyt has a more compilative nature than the scientific novelty: it has been limited to repetition of previously known facts and has been regarded as a folklore collection without going beyond the description of the content of the legends that were known to all.

In this regard, when analyzing historical facts about Korut, using historical-philosophical, literary-folklore, ar- chaeological methods, determining the ethno-geographical movements of ancient and medieval tribes, analyzing ethno-political and historical events, tried to uncover the era of Korkyt.

Keywords: Korkyt, legend, history, folklore, turks, culture, oguz.

References

1. Zholdasbekov M. Kisilik. III tom. Maqalalar. Suxbattar. [Nobility. Volume III. Articles.

Dialogues] («Kultegin», Astana, 2012)

2. Salgara Q. Zher-shaqanda argy atangnyng izi bar. [There is a trace of your ancestor in the world] (EKO GOF, Pavlodar, 2015)

3. Zhirmunsky V.M. Tyrkskij geroicheskij e’pos. [Turkic heroic epic] (Nauka, М-L., 1974) 4. Korogly X.G. Oguzskij geraicheskij e’pos. [Oguz heroic epic] (Nauka, Moscow, 1976), Qasqabasov S. Shygarmalar. T.1. Zhanazyq. Ar zhylgy zertteuler. [Works. V.1. Zhanazyk. Annual study] (Foliant, Аstana, 2011), Tursunov E.D. Istoki tyrkskogo folklore. Qorqyt. [Sources of Tur- kic folklore. Qorqyt] (Daik-press, Almaty, 2001)

5. Margulan A. Ezhelgi zhyr, angyzdar (gylymi-zertteu maqalalar) [Ancient poems, legends (scientific articles)] (Zhazushy, Almaty, 1985).

6. Kononov A.N. Rodoslovnaya Turkmen, sochinenie Abu-l-Ghazi, Khana Khivinskogo.

[The pedigree of the Turkmen, the work of Abu-l-Ghazi, Khan Khiva] (IV AN SSSR, М.-L., 1958)

7. Rashid ad-Din Oguz-name [Oguz-name] (Elm, Baku, 1987)

8. Barthold V. Otchet o poezdke v Srednyuyu Aziyu s nauchnoi celyu. 1893-1894 gg. [Re- port on a trip to Central Asia for a scientific purpose. 1893-1894 ] (Tipografiya Imperatorskoy Akademii nauk, Petersburg, 1897)

9. Material po istorii Turkmen i turkmenii Т-1. VIІ-ХV vv. Arabskie i persidskie istochniki (pod red. S.L. Volin, А.А. Romaskevich, А. YU. Yakubovskij. [Material on the history of Turk- men and Turkmenia. Val.-1. VIІ-XV centuries. Arab and Persian sources (edited by S.L Volin, A.A Romaskevich, A. Yu. Yakubovsky)] (INВ AN SSSR, М.-L., 1939)

10. «Qorqyt Ata» Enciklopediyalyq zhinaq/ bas redactor A. Nysanbaev. [Encyclopedic col- lection «Korkyt Ata» / Editor-in-Chief Nissanbayev] («Qazaq énciklopediyasy» bas redakciyasy, Almaty, 1999)

11. Fuat Köprülü Türk edebiyatında ilk mutasavuılar [The first mutasavu in Turkish literature]

(diyanet işleri başkanlığı yayınları, Ankara, 1984)

12. Ahmet Kabaklı Türk Edebiyatı. Cilt 1. [Turkish literature. Volume 1] (Türk Edebiyatı Vakfı, Istanbul, 1975)

13. Tauasaruly Qazybek. Tup-tuqiyamnan ozime sheiin. /Basp. Daiyndagan B. Qydyrbekuly.

[From ancestors to me] (Zhalyn, Almaty, 1993)

14. Salgara Q. Orta gasyrlyq turkter [Medieval Turks] (Foliant, Astana, 2012)

15. Orxon eskertkishterining tolyq Atlasy. /Qur. M. Zholdasbekov, Q.Sartqozhauly/. [Full At- las of Orkhon Monuments] («Kultegin», Astana, 2005).

16. Rakhmanaliev R. «Imperiya tyrkov». Velikaya civilizaciya. [«The Empire of the Turks».

Great civilization ] (RIPOL Classic, Moscow, 2009).

Автор туралы мәлімет:

Алимбеков Р.Ж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің докторанты, Қ.Сәтбаев көш. 2, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Alimbekov R.Zh. – PhD Student of Faculty of International Relations L.N.Gumilyov Eurasian National University, Satpayev str. 2, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, № 2 (127)/2019, с. 165-171 http://bulpolit.enu.kz/; E-mail: [email protected]

МРНТИ 03.61.91

А.Т. Бастамитова

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: [email protected])

Түркі халықтарының жылқыға байланысты дәстүрлі ойындары

Аңдатпа. Мақалада Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына назар аударылды, сонымен қатар шешу жолдары ретінде қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі – ұлттық ат ойындары ғылыми тұрғыда зерттеліп қарастырылды. Жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген көшпенділер өз заманының ең қуатты еліне айналды. Жылқы малының түркі халықтарында, оның ішінде қазақ халқының наным-сенімдері мен әдет-ғұрпында маңызды орын алатындығы ескеріле отырып: көкпар тарту, жамбы ату, шөген ұлттық ойындарының ерекшеліктері, тарихи дамуы бейнеленді. Сондай-ақ, Махмұт Қашқаридың «Дивани лұғат-ит түрік» еңбегінде бұл ойындардың көрініс тапқаны көрсетіледі. Бұл мақалада түркі халықтарының ойындары бай мәдениет пен өркениет үлгісі ретінде қарастырылды.

Түйін сөздер: дәстүр, ойын, жылқы, көкпар тарту, шөген, жамбы ату.

https://doi.org/10.32523/2616-6887/2019-127-2-165-171 Түркі халықтарының этникалық мәдениетінде, халықтың рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері және олардың тарихи сипаты көрініс тапқан ойындары мен жарыстары маңызды орынды иеленеді. Осыған орай, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да түркі халықтарының, әсіресе, қазақ халқының бірегей рухани және этникалық құндылықтарын сақтауға, дамытуға, насихаттауға баса назар аударды.

Біздің көшпенді бабаларымыздың тіршілігі жылқымен тығыз байланысты болғаны тарихтан белгілі. Түркі халықтарының, яғни қазақтардың көшпелі мәдениетінің тарихи символы ат мәдениетімен байланысты дәстүрлер болды. Мәселен, бұл жоғарыдағы Елбасымыздың мақаласында былай делінген: «Атқа міну мәдениті мен жылқы шаруашылығы жер жүзінде Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды» [1, 1 б.]. Мұндағы Елбасымыздың бұл мақаласын жүзеге асырудың бірден-бір жолы - қазақ халқының рухани мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі ұлттық ат ойындарымызды ғылыми тұрғыдан зерттеп, насихаттау болып табылады.

Қазақ халқы ежелден жылқыны жеті қазынаның біріне жатқызады. Халық арасында жылқы түлігін «Ер қанаты – қазанат» деп асқақтата дәріптесе, жылқы малының пірі, иесі ретінде Қамбар атаны таныған.

Жылқы – көшпенді дала салтын ұстанған түркі тектес халықтар үшін де қасиетті жануар саналады. Қазақ жерінің ұланғайыр кеңістігін, табиғатын оның тау-тасына бейімделген жылқы малынсыз елестету, игеру мүмкін емес.

Түркі жұртында жылқы «мінсе – қанат, шөлдесе – сусын, жесе – тамақ, көшсе – көлік»

болғаны белгілі. Жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген көшпенділер өз заманының ең қуатты еліне айналды. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары «жылқылы ел» аталып, жылқы жалында өскен, айбарлы

әскерлерімен Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, осылайша адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған. Кейінгі Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясы да жылқы малының арқасында жұртты билеген. «Түн ұйықтамай, күндіз отырмай» елін қорғаған Күлтегіннің соғысқа мінген Боз аты пен Торы аты, Алып шалшы, Азман арғымақтары, қазақтың батырлар жырындағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, ер Тарғынның Тарланы, Құлагер – бәрі де түркі халықтарының таным-түсінігінің, ой-пайымы мен наным-сенімінің жылқы малымен астасып жатқандығын дәлелдейді.

Жылқының этнос тіршілігіндегі сан-салалы қызметі мен маңызы халықтың дәстүрлi наным-сеніміне, әдет-ғұрып пен құқықтық қатынастар жүйесiне ерекше ықпал етіп, оны культтық дәрежеге көтерген [2, 516 б.].

Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының көптеген ойындарының ішінде ең ерекше, жоғары бағаланатыны – жылқыға байланысты ойындар. Солардың ішінде, Көкпар тарту, Жамбы ату, соңғы кездері Шөген (поло), Бәйге ойындары түркі халықтарының өмірінде басты орын алады. Зерттеу жұмысымызда осы ойындарды зерттеу нысанына алып отырмыз.

Көптеген түркі халықтары той-томалақта көптеген ойындармен қатар көкпар тартады.

Көкпар ойынының шығуы, сонау көшпелі заманнан бастау алады. Жалпы, көкпар сөзінің шығуына қатысты ғалымдардың пікірі әр түрлі. Мәселен, шығу тегін қарайтын болсақ:

«Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк+бөрі. Бөрі сөзі көпшілік түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады. Бұл сөз алтай тілінде бöру; тува тілінде бөру; ноғай, татар, башқұрт, ұйғыр тілдерінде бьори, бүре, бөрө болып айтылады. Көк сөзі басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де «заттың түсі, аспан, жас балауса шөп, жаңа шыққан жеміс-желең, өрімдей жас» деген мағыналарда қолданылады. Бөрі сөзіне қосылып көк сөзі «мықты, азулы, нағыз көк жал қасқыр» деген ұғымды білдіреді» [3, 104 б.] сөйтіп, көкпар сөзі көк және бөрі деген екі сөзден құралған.

Л.Н. Ермоленконың пікірі бойынша көкпар ойынын қасқыр тотемімен байланыстыра келе, көкпар тартушы ойыншылардың өзін қасқыр деп қарастырса [4, 177 б.], Ә. Қалиұлы былай дейді: «Біздегі қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түрік қағандығы кезіндегі «дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сығайланған батырлар тобы еді. Әскер тәрбиелеудің осындай әдісі келе- келе көкпар тарту спортына ұласып, халықтық рең алып кеткен» [5, 52 б.]. Б.Х. Кармышева мен С.П. Толстов сынды Орталық Азияның археологиясы мен этнографиясын терең зерттеген ғалымдар болса «басында ешкіні емес, керісінше қасқырды тартқан» деген пікір айтты [6, 9 б.]. Осыған ұқсас пікірді этнограф Г.Н. Симаков та білдірді: «Қазақтар ілкі замандарда аңшылық кезінде соғып алған қасқырды ауылға жеткенше тартып, сайысып, жеңісін әйгілеп келеді» [7, 102].

Көшпелілер өмірінде көкпардың мақсаты - жігіттерді шынықтыру, батылдыққа, ептілік пен қажырлылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және осы арқылы әскери өнерге баулу болған.

Түркі халықтарының, қазақ халқының мәдениетінде көкпардың алуан түрі кездеседі, сондай-ақ , ережелері де әр түрлі болады. Бірақ ертеден бастап көкпарға қатысты нақты ережелер болмаған. Ең басты қағида – жігіттер өзінің және атының күштілігімен, ептілігімен, қажырлылығымен, жылдамдығымен, ұйымшылдығымен серкені өзгелерден тартып әкетуі тиіс болған. Ол үшін серке ортаға тасталғаннан кейін жігіттер лап қойып, бұрын жеткені ат үстінен еңкейіп, серкені іліп алады да өңгере қашады. Ал өзгелері оған жармасып, тартып алуға бар күштерін салады. Мұндай тартыс әдетте бірнеше сағатқа созылады. Тартыс

Құпақтап отыра алмай қойдай шулап, Екі жақ «А, құдайлап», аруақтасты.

Сарыны қара көкпар лақ қылды, Ұршықтай үйіргенде ылақтырды.

Екеуі өлерменге жеткен кезде,

«Айыр!» деп, халыққа ояз жұбап қылды [8, 323 б.].

Мұндай тартыста адамдар топтарға бірігіп, өзара көмектесіп те отырған. Көкпарда жігіттер ауыл, ата, румен де жарысқа шығады. «Топтасқан жігіттер бір-біріне ешкіні тартып алуға, өзгелерді ығыстырып тастауға, ешкіні тақымға басқан жақтасының атын жетектеп алып шығуға көмектескен. Көкпаршылардың бірі серкені топтан тартып алып шығады да, әдейі шетте тұрған жүйрік аттылы бір жақтас жігітке өңгеріп береді. Ол тың әрі жүйрік атымен өзгелерге жеткізбей серкені алып кетеді. Таулы өңірлерде биік жотаның етегіне өршіл аттылы адамды тұрғызып қойып, серкені жеткізіп беретін болған. Өршіл аттар мұндайда жотаға шауып шығып, өзгелерге жеткізбей адастырып кететін. Яғни, Көкпарда жеңіске жету үшін епті, әрі қайратты жігіттер мен белді, жүйрік аттар ғана емес, асқан ұйымшылдық та қажет» [4, 178 б.].

Қорытынды ретінде, көкпарға қатысқан адам және атта бір «тұлға» болуы керек.

Көкпаршы жігерлі, күшті, епті, қажырлы болуы тиіс, аты да оған сай болуы керек. Ойыншы өзінің астындағы атын сезе білуі қажет. Көкпар – ойыншылар бір-бірімен ақылдасатын, әрекетті бағамдайтын, сәйкесінше ат құлағында ойнай білетін ойыншылардан тұратын ұжымдық ойын. Кез келген жарыстардағыдай көкпардың да өзінің құлаққа тиер шуылы бар: айғайлау, мимика, ым, ишара; ат басын тез бұру – мұның бәрі де көкпар ойынының ажырамас бөлігі болып саналады.

Түркі тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде қазақтарда ежелгі замандарда кең тараған спорттық ойындардың келесі түрі – Шөген ойыны. Бүгінгі таңда Еуропада танымдылыққа ие шөген ойынының түп тарихының негізі Орта Азиядан шыққаны туралы деректер көп.

Бұл ойынды Еуропалықтар поло деп атап кеткен. Ағылшын ақсүйектерінің сүйікті әрі машықты спорт ойынының біріне айналған.

Еділ патша (Аттила) заманында шөген ойынын сәтті сапардан кейін шабандоздар арнайы имек таяқпен, былғары қаптамаға оралған жаудың басымен ойнаған, өйткені бұл – «Ұлы жеңіс ойыны» болатын. Қазіргі кезде арнайы ағаш доппен ойнайды, бірақ ережелері сол күйінде сақталған [9, 236 б.].

Шығу тегі жағынан «шөген» ежелгі түркі сөзі «sök» - әскерді бөлу (бұзу) дегенді білдірген [10, 510 б.]. Осы түбірге байланысты «шөген», «шоған», «шоғбан», «чавгон» сөздері пайда болды. Ал қазақтың қару-жарағын зерттеген этнограф-ғалым Қ. Ахметжанның пікірі бойынша бұл сөздер «шоқпар» деген сөзбен туысады. «Шөген сөзі шоқпармен түбірлес.

Екеуінің де түбірі – соғу (ұру) сөзі», - дейді [11, 113 б.].

Х-ХІ ғасырлардағы түркі халықтарының ежелгі мұраларында шөген ойыны туралы деректер кездеседі: Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында «Елшілер қандай болу керектігі туралы баяндалатын» тарауында осы шөген ойынын айтып өтеді: «Елші тілге шебер, шешен, әдепті, зерелі, алғыр болуы керек, әрі шахматты, шөгенді жақсы ойнауы тиіс» - дейді [12, 205 б.]. Ж. Баласағұнның айтуынша, жақсы елшілер мен қолбасылар, бектер шөген ойыны жүйрік болған және басқа да шеберлік, ептілік, ақылдылық, сергектік, зеректік қажет әртүрлі ойындарды, өнерді меңгерген.

М. Қашқаридың «Дивани лұғат-ит түрік» атты еңбегінде шөгенді ат үстінен арнайы имек таяқпен доп қуалап ойнайтын спорт түрі деп түсіндіріліп, мынадай мысалдар келтіреді:

актур (оның формалары актурур, актурмак) «бүгу» дегенді білдіреді: Ул жукан актурди

«Ол имек таяқты бүгуге бұйрық берді (атты шөген ойыны үшін)» [13, 236 б.]; атгар (атгарур, атгармак): Ул мани атгарди «Ол біреуге ат үстіне отыруға көмектесті» [13, 237

б.]; аргур (аргурур, аргурмак) «атын арыту», «болдыру» мағынасында: Ул атин аргурди

«Ол атын арытты» [13, 238 б.].

Шөген ойынының бейнесін басқа лексемалар да ашады: тасал – «шөген ойыны үшін орнатылған алаң, шекара» [13, 372 б.]; сондай-ақ жукан – «шөген ойыны үшін имек таяқ»

[13, 379 б.]. Осылайша, шөген ойынын бейнелейтін сөздердің семантикалық өрісі жасалады:

актур, атгар, аргур; тасал, жукан.

Шөген ойыны түркі халықтарының арасында ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Бұл ойын туралы А.Қажиев былай дейді: «Бабыр сұлтанның заманында жетісулық моғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алып, осылайша, Үнді жерінде ойнала басталған шөген ойыны Үндістанды бодан қылған ағылшындардың назарына ілікті. Англия бұл спортты көп дәріптеді. Ең алғаш елде осы спорт түрінен клуб ашылып, өзара турнирлер ұйымдастырыла бастады. Уақыт өте қатарға көршілес Ирландия шөгеншілері қосылды. Екі елдің атсалысуымен Аргентинада 1875 жылы бұл спорт түрінен чемпионат өтті. Осы кезеңде шөгенді ойнауға құмартқан аргентиналықтар бірден осы ойынды ойнауға қызығушылық танытып, ойынның қыр- сырын бірден меңгеріп кетті. Уақыт өте шөген шеберлеріне айналған олар ат спортының жаңа түрі ретінде шөгенді «Поло» деп өзгертті» [14].

Қазіргі таңда шөген ойыны Ұлыбритания, Испания, Франция, Германия, Пәкістан, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Аргентина, Мексика, Бразилия, АҚШ, Австралия сияқты елдерде кеңінен таралған. Көбіненсе ақсүйектер ойнайды. Осы елдердің ішінде Аргентинада ғана поло ұлттық спорт түрі ретінде жалпы бұқара арасында ойналады.

Сонымен қатар, Аргентина - поло ойынын тұрақты қаржылық табыс көзіне айналдырған.

Мұнда шөген ойынына мінетін жылқыларды үйретумен, ер-тұрман әзірлемен және ойын кезінде қолданылатын доптар мен таяқшалар жасаумен, тіпті осы ойынға қызығушылық танытқандарды үйретумен айналысады [15].

Ал, Қазақстанға шөген ойыны қазақ хандығының 550 жылдығын тойлағанда қайтып оралды. Қазіргі таңда Қазақстанда Шөген федерациясы құрылды. Халықаралық аренада шөгеннің беделін арттыру үшін еліміз күш салуда.

Сонымен шөген – түркі халықтарының бай мәдениетін, өркениет үлгісін танытатын ойын.

Келесі атқа байланысты ойынның бірі - жамбы ату. Бұл ойын ерте заманнан келе жатқан, түркі халықтарына тән ойын түрі. Ойын үлкен ас пен тойда, жиындарда өткізіледі. Жамбы атуда мергендердің өнері мен бағы сыналады.

Жамбы ату ойынының тарихы тым тереңде жатыр. Оның пайда болу мерзімін тарихшы- ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпенді Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген.

Қытай жазбаларында ғұндар көсемі Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады. Ал, моңғолдың «Құпия шежіресінде»: 1225 жылы Шыңғыс қаған Хорезмді толық бағындарған соң «Бұғылы-шашақ» дейтін жерде ұлан-асар той жасап, ат жетер жердегі мергендерді шақырып, сайыс өткізгені туралы айтылады. Осы сайыста Есей мерген 335 құлаш (502 метр) жердегі нысана-жамбыға оғын дәл тигізген [16].

Жамбы сөзінің шығу тегіне қарайтын болсақ: «ертеде күмісті ямб деп атаған. Қырғыз тілінде жамбы – қытайда ақша орнына қолданылған, салмағы мен формасы әр түрлі кесек күміс, ұйғырша ямб – қытайдың 52 сәрі (сәрі – 35 грамм) бағасындағы күміс кесегі. Ал монғол тіліндегі юмбүү (юамбүү) – елу лан бағасындағы күміс, ауыспалы мағынада ямба дәреже, право, шен ұғымын білдіреді. Жамбы қытайша – юань және бао деген екі сөзден

Жамбы ату Махмұт Қашқаридың «Дивани лұғат-ит түрік» атты еңбегінен де көрініс тапты:

Атиш (оның формалары атишур, атишмак) «атудан, мергендіктен жарысу» мағынасын береді. Ул манник ук атишди «Ол менімен мергендіктен жарысты» [13, 202 б.]; атум, атум ар – «жақсы ата білетін мерген адам» мағынасын береді [13, 107 б.]; атишган, ул манник бирла ук атишган ул – «мергендігімен сайысқа түсетін адам» мағынасын береді [13, 183 б.]. Жамбы ату ойыны сөздікте осылайша сипатталады.

Бұл ойында шабандоздар садақ атудан жарысады. Қатысушылардың саны шектелмейді.

Бұрынғы заманда оған қыздар да қатысатын болған. Әрбір қатысушы астындағы атымен және садағымен ойынға қатысатын. Жамбы – алтын немесе күміс жасырылған, шүберектен тігілген нысана. Оны 4-5 м биіктіктегі ағаш бұтағына жұқа жүн жіптерімен нысана ілінетіндей етіп байлайтын болған. Қатысушылар 50-60 қадам әрі тұрып, қатарынан үш реттен нысанаға ататын, нысананың өзіне емес, ол байланған арқанға ататын. Кімде-кім нысанадағы «сөмкені» жықса, ішіндегі алтыны немесе күмісі бар қапшықты алып кететін болған. Ойын ерекше дәлдікті талап етті және жамбыны тек мергендер ғана иеленген.

Нысанаға дөп тиюдің ат үстінде отырып не жерде тұрып, болмаса шауып келіп дегендей басқа да көптеген жолдары бар [17, 119 б.].

Қорыта айтқанда, түрлі тарихи кезеңдерден өткен бұл ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ел мен жердің қорғаушысы батырлықтың бастау болған дәстүрлі ойындары жылқы малымен байланысты болғанын көрсетеді.

Жалпы жылқыға байланысты ойындар түркі халықтарының, қазақ халқының наным- сенімін, рухани байлығын, дене тәрбиесін машықтап көрсетеді. Жаһандану заманында бұл ойындар кеңінен насихатталса, дәріптелсе қазақтың әрбір азаматынан талап етілетін мақсаттылықты, табандылықты, төзімділікті, көшбасшылықты қалыптастыратыны сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі

1 Назарбаев Н. Ұлы даланың жеті қыры. Егемен Қазақстан. – Астана, №223 (29454).

21.11.2018. – 1 б.

2 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.

Энциклопедия. – Алматы: РПК «Салон», 2012. – 2 том. – 736 б.

3 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Ред. А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев. – Алматы: «Ғылым», 1966. – 240 б.

4 Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.

Энциклопедия. – Алматы: РПК «Салон», 2012. – 3 том. – 177-178 бб.

5 Қалиұлы Ә. Қазақ ауыз әдебиетіне шолу. - Урумчи: «Атажурт», 1985. - 52 б.

6 Советская этнография. – Москва: «Академия наук СССР», 1960. – 9б.

7 Симаков Г.Н. Общественные функции киргизских народных развлечений в конце ХІХ - начале ХХ вв. Л: «Наука», 1984. – 275 с.

8 Жансүгіров І. Шығармалар ІІ том, поэмалар. Құрастырғандар: Сүлеев А., Орманов Ғ. – Алматы: «Көркем әдебиет»,1960. – 598 б.

9 Мурад Аджи Великая степь. Приношение тюрка (сборник). – Москва: «АСТ», 2014 . – 236 б.

10 Древнетюркский словарь. Ред. В.М.Наделяев, Д.М.Насилов, Э.Р.Тенишев, А.М.Щербак. - Л: «Наука», 1969. – 678 с.

11 Ахметжан Қ.С. Жараған темiр кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнерi, салт-дәстүрлерi). – Алматы: Дәуiр, 1996. – 256 б.

12 Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: «Таймас» 2009. – 614 б.

13 Махмуд ал-Кашгари Дивани Лугат ат-Турк / Перевод, предисловие и коментарии З.- А. М.Ауэзовой. Индексы составлены Р.Эрмерсом. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 1288 с.

14 Қажиев А. Шөген қалай Полоға айналды? [Электронный ресурс]. – 2018. – URL:

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/54471/. (дата обращения: 15.12.2018)

15 Мағзұмова Г. «Шөген» - тарихы терең тарлан ойын. [Электронный ресурс]. – 2017.

– URL: http://argymaq.kz/?p=4736. (дата обращения:17.12.2018)

16 Қайратұлы Б. Жамбы ату – жауынгерлік өнер. Егемен Қазақстан. – Астана, №75 (29056). 19.04.2017. – 11 б.

17 Джелбулдин Е.Т. Мой великий, мудрый народ. Традиции и обычаи казахов. – Петропавловск: «Северный Казахстан», 2005. – 119 б.

А.Т. Бастамитова

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Нур-Султан, Казахстан Конные традиционные игры тюркских народов

Аннотация. В статье освещается статья Президента Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи», рассматриваются конные традиционные игры как часть духовной культуры казахского народа. Проводится мысль о том, что, кочевники превратили верховую езду всадников в исскуство, использовали лошадь в военных целях и стали самой могущественной страной своего времени.

Принимая во внимание тот факт, что конь занимает важное место в тюркских народах, в том числе в верованиях и традициях казахского народа, описываются особенности игр «кокпар», «стрельба из лука»,

«поло» и их историческое развитие. Кроме того, показано упоминание этих игр в труде Махмуда Кашгари

«Дивани лугат-ит турк». В данной статье игры рассматриваются как богатая культура и образец цивилизации тюркских народов.

Ключевые слова: традиция, игра, конь, кокпар, поло, стрельба из лука.

In document Вестник Bulletin (бет 163-170)