Candidate of Economy Science, Associate Professor, Kozha Akhmet Yasavi International Kazakh-Turkish University,
Turkestan, The Republic of Kazakhstan
THE PLACE OF COTTON CLUSTERS IN THE ECONOMY OF SOUTHERN KAZAKHSTAN
Abstract
Purpose – The paper directed to examine the main directions of economic development of Southern Kazakhstan region and to give recommendations on improving the cotton-textile cluster in the region in order to solve the problems of unemployment.
Methodology – The research has been conducted on the following methods: source study analysis, synectics and construction, synthesis, deduction, and the methodology of assessment of the efficiency of strategy formation for industrial enterprises development.
Originality/value – In this research author identified the basic problems and developed some recommendations for improving the efficiency of cluster of cotton textile. According to the research, investment from abroad will help to open the local industry and decrease the unemployment.
Findings – According to the research results, the South Kazakhstan region has a potential to develop its economic potential and spread its influence in the word cotton-textile cluster. The implementation of AAA
"Southern" will start to develop light industry, as well as to acquire the global brand, the quality and quantity of textile products. The research results show that it is necessary to using modern technology in the textile industry in order to build production, propagated kinds of textile products.
Keywords – cotton textile industry, entrepreneurship, clusters, production, innovation, infrastructure and competitiveness.
УДК 336
Г. Ж. Азретбергенова,
экономика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ОРНЫ
Аннотация
Зерттеу мақсаты – автор Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) экономикасының негізгі даму бағыттарын қарастырған, мақта-мата кластерін жетілдіру арқылы аймақтағы жұмыссыздық мəселесін шешуге болады.
Әдіснама – мақалада дереккөзтану, зерттеулерді талдау, синектикалық (біріктіру) жəне де құрастыру, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау жəне даму стратегиясын əзірлеу процесінің бірне- ше тұжырымдамалық үлгілерін салыстыру, стратегиялық менеджменттің стратегиялық жоспарлау саласындағы көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулерін талдау сияқты əдістер қолданылған.
Түпнұсқалық / құндылық – жұмыста мақта-мата кластерін жетілдірудің басты мəселелері қаралған.
Шетелдік инвестициялармен жергілікті жерде өнеркəсіптердің ашылуымен жұмыссыздық мəселесі шешілетін болады.
Қорытынды – бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының даму бағыты мақта-мата кластерінің экономикалық əлеуеті мен таралуының қалыптасуы болып табылады. «Оңтүстік» АЭА құру үшін ал- дымен жеңіл өнеркəсіпті дамыту керек, сонымен қатар əлемдік сауда маркасына, текстильді өнімдердің саны мен сапасына қол жеткізу үшін заманауи технологияларды пайдаланып текстиль өнеркəсібін өндіру керек, текстильді бұйымдардың түрін көбейтіп, өндірістер салу керек.
Түйін сөздер – мақта-мата өнеркəсібі, кəсіпкерлік, кластерлер, өндіріс, инновация, инфрақұрылым, бəсекеге қабілеттілік.
Кластерлерді дамыту үшін қосымша алғышарттар инновациялық, əлеуметтік жəне инженер- лік инфрақұрылымдардың құрылысын салуға қаржылық қолдау, кəсіпкерлікті қолдау аясында республикалық жəне жергілікті бюджеттерден, қазақстандық қаржылық қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бір кластер жүйесіне, кəсіпорынды мақсатты құрылымдау, Қазақстанның агроөнеркəсіптік ке- шенін дамытудың инновациялық моделінің қисынды жалғасы болып табылады.
Мақта-тоқыма кластерін құру жəне дамыту үшін негізгі алғышарттар болып табылады:
– шикізатқа (мақта) қол жетімділік – Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тəжікстан;
– жаңа жəне қолданыстағы тоқыма кəсіпорындарды құру жəне жаңғырту;
– дамыған инфрақұрылым;
– ғылыми-зерттеу мен адам ресурстарының дамыту базасының қажеттілігі;
– өндірістік шығындардың төмен деңгейі;
– өнімді өткізетін əлеуетті нарықтардың жоғары сұранысы жəне жақындығы (Қытай, Азия, Ре- сей, Еуропа, Таяу Шығыс).
Қазақстан иірілген мақта-мақта жіп өніміне елеулі сұранысқа ие аймақтармен шектеседі. Азия- Тынық мұхит өңіріндегі елдердің жылдық сұранысы 16,5 млн тонна, Еуропа елдеріне 1,6 млн тоннадан астам жылына иірілген мақта-мата жібі қажет, бұрынғы Кеңес Одағының сұранысы – 0,6 млн тонна көлемінде болса, Таяу Шығыс елдерінің сұранысы шамамен 100 мың тоннаны құрайды.
Қазақстан осы өңірлердің əрқайсысында мақта-мата өнімдерін экономикалық пайдамен экспортта- уына болады. Италия жəне басқа да Батыс Еуропа елдері қазақстандық экспорттың ең жоғары əлеуетті маржасын қамтамасыз етеді, бірақ жеткізілетін тауарға, өнімнің сапасына, беріктігі мен сенімділігіне ең қатаң талаптар қояды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі міндеті жаңа өндірістерді ұйымдастыру, инновациялық кəсіпкерлік жобаларды іске асыру, əлемдік қаржылық жəне технологиялық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табы- лады.
Бұл бағытта, мақта-тоқыма кластерінің мақсатты түрде іске асуы үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «арнайы экономикалық аймағының «Оңтүстік» ЕЭА»
дамыту бағдарламасы «арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы» шешімі қабылданды [1]
жəне «Арнайы экономикалық «Оңтүстік» аймағын 2007- 2015 жылдар арасында дамыту бағдарламасы»
шетелдік жəне отандық инвесторлар маңызды салықтық жəне кедендік жеңілдіктер мен преференци- ялар берілетін болады [2]. Себебі тиімді жүргізілген инвестициялық саясат, мақта-тоқыма кластерін дамытудағы маңызды фактордың бірі. Біріккен кəсіпорындар құру, əсіресе мақта талшығын терең өңдеу саласында, жаңа дайын тауарларды өндіруде бірлескен кəсіпорындар құру. Біріншіден соңғы технологияларға қол жеткізу, екіншіден, шетелдік əріптестер арқылы əлемдік нарыққа тауарлардың шығарылуына қол жеткізу.
Жақын арадағы болашақта, Қазақстанның тоқыма өнеркəсібінде мақта талшықтарын иіру үдерісі алға жылжуы жəне жетілдіруге бағытталуы тиіс. Бұл иірілген мақта жібі мақта талшығына қарағанда жоғары қосылған құны бар өнім екендігімен байланысты. Сонымен қатар, ол əлемдегі көптеген ірі
нарықтарда өте жоғары сұранысқа ие. Мақта жібін экспорттауда үлкен əлеуеті бар, əсіресе Қытай, Еуропалық одақ жəне Ресей нарықтарына жіберіледі.
Осы сегменттің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, экспортқа бағытталған жəне халықаралық стандарттарға сəйкес жіптің көп түрлерін өндіруді жолға қою қажет. Өнімдердің сапасын жақсарту жəне жіп иіруде аралас технологияларды пайдалануды дамыту қажет.
Қазақстанның тоқыма өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруда «матаның қатты түрінен, мата-тоқыма өндірісіндегі қызмет көрсету жəне дайын өнімдердің өндірісі» өндірістік тізбекті дəйекті игеру, ішкі жəне сыртқы нарықтарға сұраныстың серпінділігін есепке ала отырып іске асыру керек.
Қазақстанның тоқыма кəсіпорындары бəсекеге қабілеттілігін арттыруда мынадай факторларға на- зар аудару керек:
– тоқыма зауыттарында еңбек өнімділігін арттыру;
– маркетингті жетілдіру;
– логистикалық тізбекке қол жеткізу жəне дұрыстау;
– бизнес-ахуалды дұрыстау.
Кластерлік дамыту жолымен жеңіл өнеркəсіп өндірісін дамытудың алғашқы кезеңінде (жеңіл өнеркəсіп тобы ретінде) мақта-мата өндірісіндегі мата мен иірілген жіп сегментімен шектелуді ұсынады.
Бұл сала тоқыма өнеркəсібінің басқа да салаларымен салыстырғанда бəсекеге барынша қабілетті болып табылады. Сонымен қатар, ол тоқыма өнеркəсібінің мақта-тоқыма сегментінде құн тізбегін қалпына келтіруді дамытуға ықпал етеді. Қазақстанда шитті-мақта өндіру көлемі артып келеді жəне үлкен көлемде экспортталады, ішкі жəне сыртқы нарықтарға қажетті көптеген өнімдерді өндіруге қабілетті тігін компаниялары да бар. Бəсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру, Қазақстанда өсірілген мақтаны өңдеуге, қосылған құнды ұлғайтуға жəне тігін фабрикаларында одан əрі өңдеуге қажетті өнімдерді, өндіруге мүмкіндік береді [3].
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қуаттылықтың жетіспеушілігі; қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық үлесінің төмендігі; мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кəсіпорындарының бөлшектенуі; ғылымға негізделген агротехнологияларды сақтамау, агротехнологиялық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері мақтаның төмен өнімділігіне əкеледі, шитті мақта өндірісімен айналысатын құрылымдардың төмен табысы; қазақстандық мақта талшығының бəсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Бəсекеге қабілетті мақтаның жоғары сапалы сорттарын шығару; мақта сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар; мақта өңдейтін ұйымдардың халықаралық стандарттарға өтуі; жылы- на өндірістік қуаты 10 мың шитті-мақта тұқымын дайындайтын зауыт құрылысы; отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мақта сапасын бағалау бойынша шығындарын толық өтеу; кластерлерге қатысушыларды нарықтың жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Тоқыма өнеркəсібінің сыртқы нарықтардағы бəсекеге қабілеттілігін арттыру; жұмыссыздықты қысқарту; терең өңдеу өнімдерінің өндірісі мен экспортының ұлғаюы; нарыққа қосылған құны жоғары өнімдерді жəне өнім түрлерінің ассортименттерін арттыру; отандық шикізаттан дайындалған сапалы тоқыма өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету. Отандық мақта өңдеуші кəсіпорындардың жылдық табысының 5 пайызға өсуі; мақта талшығының нақты сапасы туралы ақпарат алуға, еліміздегі өндірілген мақта талшығының сатымдылық объективті сараптамасын қамтамасыз ету; ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің табыстарын арттыруда мүдделерін қорғау.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мақта-тоқыма кластерін құру мүмкіндігін мақта тұқымынан бастап, мақтадан жасалған дайын өнімдерді шығаруда, технологияларды жетілдіру арқылы қарастыруға болады. Тоқыма құрал-жабықтар дұрыс жаңғыртылса халықаралық сапа стандарттарына сай, өнімдерді өндіруге болады.
Кластерлік экономикалық даму, Қазақстандағы ұлттық экономикалық саясаттың негізі болып та- былады. Қазіргі уақытта, еліміздегі кластерлерді əр түрлі салада əсіресе ауыл шаруашылығында дамы- ту, мемлекетті қолдау арқылы іске асырылуда. Кластерлерді қалыптастыру – өзара бір-бірімен бəсеке өсуіне ықпал ететін өндірістері тығыз байланыстағы фирмалардың қауымдастықтары негізінде құру болып табылады.
Бəсекеге қабілетті салаларда кластерлердің болмауы еліміздің ұлттық басымдылығындағы ірі маңызды элемент болып табылады. Кластерлер аймақты дамытудың негізгі базасы, ірі жəне шағын бизнестің өзара іс-қимылы болып табылады. Сондықтан да, Үкіметтің күш-жігері жеке кəсіпорындар мен салаларды қолдау жəне жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы, соңғы тұтынушылар мен өндірушілер арасында өзара қарым-қатынастардың дамуын қолдауға бағытталуы тиіс.
Оңтүстік Қазақстан облысында экспортқа бағытталған өндірістерді құруға қажетті барлық алғышарттарды дамытудың мақсатты саясаты жүзеге асырылуда, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу салалардың өндірісінің дамуын жеделдетуге басымдылық берілуде. ҚР Yкiметi қаулысына сəйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында «Тоқыма өнеркəсібі» жоспары кластері ек- пінді пайдаланылуда.
Қазақстан Республикасында мақта саласын дамытудың құқықтық базасын жетілдіру үшін, ҚР-ның 2007 жылдың шілде айында «Мақта саласын дамыту туралы» заңы қабылданды [4]. Осы заң негізін- де мақта саласының негізгі даму бағыттары мен оған негізделген кластерлік өндірісті дамыту, мақта өндірушілердің шаруашылық жəне сыртқы экономикалық қызметтерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кластерді қалыптастыру жағдайларын талдайтын болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішіндегі бағалы өнімі шитті мақтаны өсіру мен өңдеуде басқа облыстарға қарағанда аймақтың ауа райының қолайлылығы, ең үлкен салыстырмалы артықшылыққа ие екенін көрсетті.
ОҚО-да еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін, шитті-мақтаның өндірісі қарқынды өсті, атап айтқанда оның жылдық терімі артты. Облыстағы жылдық мақта терімі 1990 жылы 324,1 мың т. құраса, 2014 жылы осы саладағы барлық шаруашылық құрылымдар санаттарында жалпы түсім 350,1 мың тоннаны құрады, олардың ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының үлес салмағы 338,0 мың тоннаны құрады [5]. Егерде Қазақстанда 1990 жылы мақта алқабының көлемі 119,7 мың га құрады, ал 2013 жылы осы дақылды шитті-мақтаның егістік көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында 206,5 мың га құрады. Осы ауыл шаруашылығы дақылын, Қазақстанда тек Оңтүстік Қазақстан облысы ғана өсіреді.
Қазақстандағы мақта құрылымдары өздерінің өнімдерін сыртқа АҚШ, Ресей, Ұлыбритания жəне Еуропа мемлекеттеріне экспортқа шығарады. Біздің қазақстандық компаниялар өзбекстандық жəне түркіменстандық компаниялармен бəсекеге түседі, бірақ бұл аймақтағы шығарылатын Өзбекстан мақта талшығының көлемі, Түркіменстан мен Қазақстан мақта талшығының көлемінен бірнеше есе көп.
Өзбекстан бұрынғы КСРО кезінде де мақта талшығын өндірумен айналысқан мемлекет, қазіргі уақытта да мақта нарығында өзінің қомақты үлесі бар. Өзбекстан мақта талшығын экспортқа аз шығарады, көбінде шикізат көзі ретінде шығарады. Бірақ барлық көрсеткіштер негізінде Өзбекстан мақта индустриясы басқа азиялық мемлекеттердің барлығының алдында тұр. Өзбекстандағы мақта өндірісінде, 1988-1989 жылы 1,7 млн. т. мақта жиналған, ал 2000-2001 жж. соңғы он жылда мақта өндірісінің көлемі 1 млн. тоннадан төмен түсті, ал соңғы екі жылда 1 млн. т. деңгейіне қайта көтерілді.
2003-2004 жж. мақта егетін танаптар 1,4 млн. га қысқартылды. 2004 ж. орташа өнімділік əр гектардан 720 кг/га, 2005 ж. 640 кг/га болды. Осы орташа өнімділіктің төмендеуіне байланысты өндіріс 893 мың тоннадан 130 мың т. (13%) кеміді, соның ішінде нəзік талшықты мақтаның көлемі 16 мың т. құрады.
2007-2008 жж. ішкі нарықтағы пайдалану 300 мың тонна мақтаға өңделіп, 800 мың т. мақта экспорттал- ды. Өзбекстан мақта экспорты бойынша əлемде Қытайдан кейінгі екінші (35%) орынды алады, одан кейін Үндістан (11%), Австралия (6%). Өзбекстан мақтасының басты тұтынушысы Ресей жəне Қытай.
ҚР-да тəжірибе көрсеткендей мақта-зауыттар шитті-мақта өңдеп, мақта талшығын экспортқа шығарады, мұның себебі ішкі нарықта бұл өнімнің 4%-ы отандық тоқыма өндірісінде пайдаланыла- ды. «Меланж» АҚ жылына 2,5 мын тонна мақта-қағаз өнімдерін шығарады. Бұл өнімдердің барлығы иірілген жіптер РФ мен Түркияға тоқыма кəсіпорындарына жіберіледі. Қазақстандағы жеңіл өнеркəсіп өндірісінің көлемі өте аз, ішкі нарықтағы үлесі 10% құрайды. Ішкі нарықта жеңіл өнеркəсіп саласын дамыту қажет, тек 2007 жылы Қытайдан 906 млн. доллардың мақта-тоқыма өнімдері Қазақстанға əкелінген.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі жəне отандық кəсіпкерлер жеңіл өнеркəсіп саласын дамытуды қолға алды жəне мақтаның тек экспортқа шикізат күйінде сыртқа шығарудан, жергілікті жерде өңделіп дайын бұйымдардың нарыққа ұсынылуы тиімді екені дəлелденді. Мұның əлеуметтік тұрғыдан да пайдасы болып, жергілікті халық жұмыспен қамтылады. Әлемдегі тоқыма өндірісіндегі қазіргі қалыптасқан жағдай Қазақстан үшін, жеңіл өнеркəсіпті дамытуға үлкен белестер ашты, себебі бірқатар Еуропа мем- лекеттерінде жұмыс күші қымбаттауына байланысты, Азияда арзан жұмыс күшінің ресурсының не- гізінде тоқыма өндірісін дамытып, бəсекеге қабілетті өнім өндіруге мүмкіндіктер ашылды.
Әлем нарығындағы мақта талшығының өндірісі, оның конъюнктурасы бойынша 2007/08 жж. жыл бойынша орташа баға 1462 доллар/т. құрады, бұл баға 1973-1998 жж. 74 доллар фунт/цент құраса, 20013/14 жж. 1998 жылмен салыстырғанда 56 доллар фунт/цент құрады. Мақта талшығын əлемдік бағасының төмендеу қарқыны байқалады.
Ауыл шаруашылығындағы кластерлерік жүйені ұйымдастыру барысындағы тиімділік тізбектегі өнімнің баға саясаты. Өндірістік өнімдерді тұтынушыларға ең төменгі бағамен ұсынғанда, бұл өнімге сұраныс көп болады. Сондықтан əлемдік мақта нарығындағы, мақта талшығының баға конъюнктура- сына əсер ететін факторлар:
Шикізатқа ең соңғы сатып алушылар тарапынан сұраныстың азаюы, салыстырмалы түрде бағалардың жоғарылығы жəне басқа ыңғайлы бағалардың конъюнктурасының күтілуі, бұған себеп американ мақтасының экспорт көлемімен байланыстырамыз.
Оңтүстік Шығыс Азия нарығындағы мақта талшығының əр түрлі мемлекеттердің арасындағы бəсекелестіктің күшеюі, бағаның құлдырауы мақтаның өткізудегі бұл аймақтағы порттардағы халықаралық трейдлердің төменгі бағамен ұсынуы, бұл аймақта американдық мақталардың құны түсіп, Қытай импортының үлесінде американдық мақта көлемінің азаюын байланыстырамыз, бұл аймақтарда индиялық, өзбектердің, африкандық жəне австралиялық мақта талшығы көлемінің артқанын көреміз.
Мақта өсіргенге өте пайдалы дақыл, жалпы салмақтан тек 4% қалдыққа кетеді. Мақта талшықтарынан кез келген түрінен мата өндірісінде пайдалануға болады. Ұзын мақта талшықтарынан маталардың барлық түрлерін шығарады.
Мақта ұрығы тамақ өнеркəсібінде кеңінен пайдаланылады, дүние жүзінде өсімдік майын алатын шикізат ретінде, соядан кейінгі екінші орынды алады. Ұрықтың сыртқы қатты қабығынан жымық алы- нады, мал шаруашылығында жем ретінде пайдаланылады.
Ұрықты тазалағаннан кейін, өндіріс қалдықтарынан целлюлоза, спирт, лак, линолеум, киноплен- калар жəне картон шығарылады. Мақта жапырақтарынан уксус, алмалық, лимондық, органикалық қышқылдар жəне құрылыс саласында жылу изолояциялық материалдар дайындалады.
Мақтаның жасыл жапырағында 8-9% лимондық жəне алма қышқылы алынады, мақта қозапаясынан жəне ағаш қалдықтарынан байланыстыратын материалдарсыз-ақ ыстық престеу арқылы плиталық ма- териалдар алынып, құрылыста жəне мебель жасауда кеңінен қолданылады.
1 кг мақтадан 5 жайма материалы, 12 м шыт немесе 20 м батис жəне 40-140-қа дейін тігін жіптерін дайындайды.
1 кг мақта ұрығынан 170 г май, 400 г жымық, 300 г шұлық, 30 г линт алуға болады. Линттан пластмасса, кино пленкасы, фотопленка, линолеум жəне т.б. дайындалады. Шроттан таза тамақ белогы алынады, бұны нан пісіру өндірісінде пайдаланылады жəне жас малға сүт орнына азық ретінде пайда- ланылады. 1 т. шұлықтан 85 л. спирт, 300 кг құрылыс плитасын, 28 кг көмірқышқылы, 20 кг уксус кис- лотасы алынады. Мақта майы глицератқа өте бай, бұл өнім сабын өндірісінде кеңінен қолданыс тапқан.
Мақта саласындағы барлық жұмыстардың экономикалық жəне нарықтық тиімділігін артты- ру үшін, жұмысшы орнынан бастап, өндірістің барлық звеносы қамтылады. Ең маңызды мəселе кəсіпорындардың дербес жұмыс істеуі жəне мақсатты бағдарламалардың директивтік жоспарлау жүйесінің өзгеруі, басымдылықты айқындау əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық өсудің, конкурстық жүйесін жетілдіру арқылы жүзеге асыру болып табылады. Өндірістік əр саласын дамыту үшін, жалпы өндірістің нарықта мақта құрылымдарында сыртқы жəне ішкі нарықты саралап, маркетингтік басқару жүйесін енгізу болып табылады.
Экономикалық тиімділікті арттыру, мақта кəсіпорындарының салық жүйесін реттеу, өндірістің демонополизацияға бағытталған жолы, сұранысқа байланысты жаңа тауарлар ұсыну болып табы- лады. Мақта саласын басқарудың мақсаты, мақта құрылымы жұмысының басқару стилінің жетілуі, технологиялардың жаңа түрлерін өндіріске енгізілуі, құрылым мүшелерінің əл-ауқатын жақсарту, жалпы өндірісті басқаруда əлемдік жоғарғы сапасына жету болып табылады. Мақта-тоқыма кла- стерін қалыптастыру жəне дамыту Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасында болуы, ұлттық экономикалық мүддесі үшін өте маңызды болып табылады, бұл негізде, аймақ экономикасына басқа да құрылымдық кластерлерді тартуға, ұлттық экономиканың деңгейі мен дамуын арттыруға көмектеседі жəне тұрақты базасын жасауға ықпал етеді.
Мақта-тоқыма кластерінің бəсекеге қабілеттілігін одан əрі дамыту жəне жетілдіру Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуын анықтайтын модель пішімі болып табылады.
Мақта-тоқыма кластері екі негізгі құрамынан тұруы тиіс: мақта өндірісі жəне инфрақұрылым.
Толық қанды мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру, мақта жəне тоқыма өнеркəсібі жəне онымен бай- ланысты салаларда тікелей өңдеу өндірісіне құралдарды өндіру салалары тобының дамуын талап етеді.
Мақта-тоқыма кластерінің инфрақұрылымы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: 1) əлеуметтік;
2) өндірістік; 3) нарықтық. Мақта-тоқыма кластерінің құрамына кіретін осы салалардың құрамы, облыстың экономикасының құрылымының өзгеруіне жəне сыртқы экономикалық байланыстардың да- муына байланысты, бұдан кейінгі зерттеу барысында белгілі дəрежеде өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту Қазақстан экономикасы үшін маңызды, саяси əлеуметтік жəне экономикалық аспектілері бар. Саяси тұрғыдан мақта-тоқыма кла- стерін құру жəне тиімді жалғастыру əлемдік шаруашылықтарға үйлесімді кіруіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мақта-тоқыма кластері əлеуметтік тарапынан да ерекшеленеді. Бұл кластердің та- рапы облыс экономикасы құрылымында үстемдік етеді, ауылдық жəне қалалық жерлерде, халықтың көпшілігі жұмыспен қамтылады жəне табыс табады. Жұмыспен қамту мақта-тоқыма кластерін шеңберінде тиімді шешіледі деп күтілуде. Шитті мақтаның тоннасын өндірудегі еңбек шығындары, осындай астықтың тоннасын өндіруге кететін шығындармен салыстырғанда үш есе жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін қалыптастыруда, қосымша 5 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ, мақта талшығынан дайын өнімдерді өндіруде қосылған құнның өсуіне байланысты, жалақы деңгейі артады деп күтілуде.
Мақта-тоқыма кластерінің экономикалық рөлі, бүкіл ұлттық жəне облыс экономикасына, экономикалық дамуына ықпал етуінде жатыр.
Мақта-тоқыма кластерін, өндірістің тиімділігін арттыру салыстырмалы түрде жер экономикасының ресурсы жəне оны игеру құнына ықпал етеді. Бұл кластер облыстың əр -түрлі бағыттағы жекелеген салаларының қалыптасуы мен дамуында ынталандырушы рөл атқаруы мүмкін. Мақта-тоқыма кла- стерін инвестициялық əлеуетінің артуы жағынан экономиканың өзге секторларының дамуын ынталан- дыруы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысы мақта-тоқыма кластері шеңберінде əлемдік нарыққа жоғарғы өтімді өнімдерді, атап айтқанда мақта өндірісіндегі мақта маталары, ұлық жəне линт өндіруге жəне өткізуге қауқарлы, бұл елімізге валюталық түсімнің негізгі көзі болуы мүмкін. Ал машина жасау, жеңіл, химия жəне мұнай-химия өнеркəсібінің рөлі бұлжымай артуы қажет.
Мемлекеттік жəне жеке сектор мақта-тоқыма кластерін дамытуға қомақты қаражаттарын салу- да, бұл өңірдің экономикалық əлеуетінің нығаюына əсер етеді, сондай-ақ мақта өндірісі мен басқа да салалардағы байланыстардың сапалы сатыға көтерілуіне, тиімді даму бағдарламаларын іске асыруда маңызды рөл атқарады.
Қазақстанда 2005-2006 жылдары мақта-тоқыма кластерін дамытуға, республикалық бюджеттен жалпы 13,4 млрд теңге бөлінді, ал 2006 жылы, 9,4 млрд теңге көлемінде бөлінді. 2006 жылы жал- пы бөлінген соманың ішінен 583 млн теңге минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғауға бағытталған, ал көктемгі егіс жəне егін жинауға материалды-техникалық құндылықтарды субсидиялау 830 млн теңге, ал тұқым жəне суармалы жерлерді дамыту үшін 615 7 млн теңгені құрады [6].
Мақта-тоқыма кластеріндегі инвестициялық процесінде жандандыру мақсатында, инвестициялық салықтық преференциялар енгізілді:
1) корпоративтік табыс салығы:
– бір шаруашылық қызмет аясында инвестициялық жобаларды іске асыратын жаңа кəсіпорын- дарға, 10 жыл бойы инвестициялық қызметтен алынған табыстар бойынша босату;
– жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту жəне қайта құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыратын кəсіпорындарға 10 жыл бойы пайдаланған, негізгі құралдар құнының жалпы жылдық табыстан шегеру құқығы;
2) мүлік салығы:
– салық төлеушіге инвестициялық жоба аясында жаңадан тіркелген пайдалануға енгізілді актив- тер бойынша, мүлік салығын төлеуден 5 жылға дейін босату құқығы;
3) жер салығы:
– салық төлеушінің инвестициялық жобаны іске асыруға сатып алынған жəне пайдаланылатын жер үшін жер салығының салық төлеуден 5 жылға дейін босату құқығы.
Мақта-тоқыма кластерін несиелеу шеңберінде, мемлекет жеңілдік несиелерін мемлекеттің кепіл- діктері бойынша жеке коммерциялық несиелер тарту; тікелей экспорттық субсидиялар; жеңілдетілген экспорттық несиелер жəне экспорттық операцияларды сақтандыру; экспортқа бағытталған өндірісті, шикізат, материалдар жəне Қазақстанда өндірілмейтін бөлшектер өндірісін дамыту үшін, жабдықтарды сатып алуды мемлекет тарапынан несилеу; ТМД мемлекеттерінің бірнешеуін несиеге жеңіл өнеркəсіп, тоқыма жəне тамақ өнеркəсібі үшін жабдықтарды сатып алу үшін ұсыну, бұл өз кезегінде жақын шетелдердің экспортын арттыруға көмектеседі.
Қазақстан шарттарында бұл мəселелерді дайын өнім экспортының көлемін кеңейту жəне жалпы ішкі өнімнің үлесін ұлғайту, себебі əлемдік нарықтағы шикізаттық тауардың бағасының төмендеу үрдісі байқалады. Сондықтан бұл жағдайда шитті-мақтаны шикізаттық түрінде экспортқа шығарғанша, еліміздегі дайын өнімнің экспорттық үлесін арттырған жөн.
Сарапшылардың бағалауы бойынша дайын өнімдердің бірлігін экспортқа шығарсақ, шитті- мақтаның экспортының бірлігін шығарғаннан түсетін пайда 20 есеге артады, дайын өнімнің қосылған құны шикізат құнына қарағанда 20 есе көп.
Сондықтан да, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта-тоқыма кластеріндегі ұсынылған қосымша құн тізбегі келесідей: өндіріс: шитті-мақта = мақта талшығы = иірілген жіп = мата = мата кесінділері = матадан дайын киімдер тігу = сауда маркасы.
Сондықтан, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының дамуының басты бағыттарының бірі, мақта-тоқыма кластерінің экономикалық əлеуетін қалыптастыру жəне кеңейту болып табылады.
«Оңтүстік» АЭА құру ең бастысы жеңіл өнеркəсіпті дамыту, дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін əлемдік сауда маркаларын, шығарылатын тоқыма бұйымдарының сапасы мен ауқымын арттыру үшін қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндірістер құруды тарту, тоқыма өнімдерін түрлерін көбейту.
«Оңтүстік» АЭА қызметінің негізгі бағыттары жіптерді жəне маталарды өндіру, трикотаж жəне тоқыма тауарлар ретінде тоқыма өнімдері, сырт киім жəне тағы басқа да тоқыма бұйымдарды өндіруге бағытталады.
Сондай-ақ, осы арнайы экономикалық аймақтың негізгі бағыты АЭА осы заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ тоқыма өнеркəсібі саласындағы инновациялық жобаларды енгізуде ғылыми- зерттеулерді жүргізу болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілде №1605 Жарлығы. «Оңтүстік» ар- найы экономикалық аймағын құру туралы [Электрондық ресурс]. – 2005. – URL: http://adilet.zan.kz/kaz/
docs/U050001605_ (дата обращения: 20.12.2015)
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы №1145 Қаулысы. Қазақстан Ре- спубликасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жəне экспортты