• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Ақпараттық жаңа технология және дәстүрлі журналистика

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Ақпараттық жаңа технология және дәстүрлі журналистика"

Copied!
25
0
0

Толық мәтін

(1)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

ISSN (Print) 2616-7174 ISSN (Online) 2663-2500

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы JOURNALISM Series Серия ЖУРНАЛИСТИКА

№3(128)/2019

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2019

Nur-Sultan, 2019

Нур-Султан, 2019

(2)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

Бас редакторы Қайрат Сақ

филология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Айтмұханбет Есдәулетов ф.ғ.канд., доцент (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Гүлнар Кендірбай PhD (АҚШ)

Редакция алқасы

Алдабергенов Қырықбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Асанов Қойлыбай Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбдіманов Өмірхан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбішева Вера Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әшірбекова Гүлмира Ф.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Браун Михаил PhD, проф. (АҚШ)

Дзялошинский Иосиф Ф. ғ. д., проф. (Ресей) Жақып Бауыржан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Жусупова Алматай ф.ғ.к., доцент (Қазақстан) Ирназаров Кудрат Т. ғ. д., проф. (Өзбекстан) Корконосенко Сергей Саяси ғ. д., проф. (Ресей) Қара Әбдіуақап Т. ғ. д., проф. (Түркия) Қозыбаев Сағымбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Лебедева Татьяна Ф. ғ. д., проф. (Франция) Нұртазина Роза Саяси ғ. д., проф. (Қазақстан) Омашев Намазалы Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Ризун Владимир Ф. ғ. д. проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Қазақстан) Сердәлі Бекжігіт Ф. ғ. к., проф. м.а. (Қазақстан) Тахан Серік Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Тоқтағазин Мұратбек Ф. ғ. к., проф. м.а. (Қазақстан) Халилов Әбдіғани PhD, проф. (Қырғызстан) Ченгел Хулия Касапоғлы PhD, проф. (Түркия) Шайхитдинова Светлана Филос.ғ.д., проф. (Ресей)

Шалахметов Ғаділбек Халықаралық Еуразиялық телевидение және радио академиясының академигі (Қазақстан) Шестеркина Людмила Ф. ғ. д., проф. (Ресей)

Шульцман Петр Өнертану ғ. к., доцент (Қазақстан) Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев

Жауапты хатшы: Гүлжазира Ертасова

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 402 каб.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27. 03. 2018 ж. №16995-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 25 дана.

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Editor-in-Chief Kairat Sak

Candidate of Philology, Рrofessor (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Aitmukhanbet Yesdauletov Candidate of Philology, Associate Professor (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Gulnar Kendirbai PhD, Рrofessor (USA)

Editorial board

Aldabergenov Kyrykbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Asanov Koilybay Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Abdimanov Omirkhan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan) Abisheva Vera Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Ashirbekova Gulmira Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan)

Brown Michael PhD, Рrof. (USA)

Dzyaloshinski Iosif Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Jakyp Baurjan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Zhussupova Almatay Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Irnazarov Kudrat Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Uzbekistan) Korkonosenko Sergei Doctor of Political Sciences, Рrof. (Russia) Kara Abdulvahap Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Turkey) Kozybayev Sagymbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Lebedeva Tatiana Doctor of Philology, Рrof. (France)

Nurtazina Roza Doctor of Political Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Omashev Namazaly Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Rizun Volodymyr Doctor of Philology, Рrof. (Ukraine) Syed Agil bin Shekh PhD, Рrof. (Malaysia)

Saudbayev Madiyar PhD, Рrof. (Kazakhstan)

Bekzhigit Serdaly Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Takhan Serik Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Toktagazin Muratbek Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Khalilov Abdygani PhD, Рrof. (Kyrgyzstan)

Çengel Hülya Kasapoglu PhD, Рrof. (Turkey)

Shaikhitdinova Svetlana Doctor of Philosophy, Рrof. (Russia)

Shalakhmetov Ghadilbek Academician of the International Eurasian Academy of Television and Radio (Kazakhstan)

Shesterkina Ludmila Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Shultsman Petr Candidate of Art, Assoc. Рrof. (Russia)

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Executive Secretary: Guljazira Yertasova

Editorial address: 2, К.Satpayev str., of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008 Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: vest_ [email protected] Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity off economic conduct «L.N. Gumilyov Eurasian National University», Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No 16995-Ж from 27.03. 2018.

Periodicity: 4 times a year Circulation: 25 copies

Address of printing house: 13/1, Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)

© L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

Главный редактор Кайрат Сак

кандидат филологических наук, профессор (Казахстан)

Зам. главного редактора Айтмуханбет Есдаулетов к.ф.н., доцент (Казахстан) Зам. главного редактора Гульнар Кендирбай PhD (США)

Редакционная коллегия

Алдабергенов Кырыкбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Асанов Койлыбай Д. ф. н., проф. (Казахстан) Aбдиманов Омирхан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Абишева Вера Д. ф. н., проф. (Казахстан) Аширбекова Гульмира К. ф. н., доцент (Казахстан)

Браун Михаил PhD, проф. (США)

Дзялошинский Иосиф Д. ф. н., проф. (Россия) Жакып Бауыржан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Жусупова Алматай К. ф. н., доцент (Казахстан) Ирназаров Кудрат Д. ист. н., проф. (Узбекистан) Корконосенко Сергей Д. полит. н., проф. (Россия) Кара Абдиуакап Д. ист. н., проф. (Турция) Козыбаев Сагимбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Лебедева Татьяна Д. ф. н., проф. (Франция) Нуртазина Роза Д. полит. н., проф. (Казахстан) Омашев Намазалы Д. ф. н., проф. (Казахстан) Ризун Владимир Д. ф. н., проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Казахстан)

Сердали Бекжигит К. ф. н., асс. проф. (Казахстан) Тахан Серик Д. ист. н., проф. (Казахстан) Токтагазин Муратбек К. ф. н., асс. проф. (Казахстан) Халилов Абдигани PhD, проф. (Киргизстан) Ченгел Хулия Касапоглу PhD, проф. (Турция)

Шайхитдинова Светлана Д. филос. н., проф. (Россия)

Шалахметов Гадильбек Академик Международной Евразийской академии телевидения и радио (Казахстан) Шестеркина Людмила Д. ф. н., проф. (Россия)

Шульцман Петр К. н. искуств., доцент (Казахстан) Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев

Ответственный секретарь: Гульжазира Ертасова

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 402 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ЖУРНАЛИСТИКА Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК.

Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16995-Ж от 27. 03. 2018 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 25 экземпляров.

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172) 709-500 (вн.31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Мазмұны

БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Алдабергенов Қ.М. Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия жылдарындағы баспасөз ... 8-13 Дүйсебай Д., Тасполатова Р. Спорт журналистерін кәсіби деңгейде дайындау мәселелері ... 14-21 Трофимова Г.Н., Петров Г.П., Барабаш В.В. Билингвалды медиакеңістіктегі Саха-Якутияның этнобағытталған журналистикасы ... 22-38 Шындалиева М.Б., Сарекенова Қ.Қ. Журналистика, филология мамандықтары оқу бағдарламасын дайындаудағы өзекті мәселелер ... 39-44

ЖАҢА МЕДИА

Амангелдиева Г.С., Сақ Қ.Ө. Сандық журналистиканың қалыптасуы және өзгермелі көкжиектері ... 45-52 Маулет Зүлькәпіл, Тоқтарбай Б. Ақпараттық жаңа технология және дәстүрлі журналистика ... 53-60

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА

Есенбекова Ұ.М. Трансмедиалық баяндаудың тұжырымын зерттеудегі теориялық ұстанымдар ... 61-66 Сулейменова А.Э., Жусупова А.М. Жергілікті қауымдастық аудиториясына аймақтық теледидардың мәдени әсер ету нысаны ... 67-72

(6)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

Contents

THE MEDIA AND SOCIETY

Aldabergenov K.M. Press In Time of Mass Famine and Repression In Kasakh Land ... 8-13 Duisebay D., Taspolatova R. Issues of Professional Training of Sports Journalists ... 14-21 Trofimova G.N. , Petrov G.P., Drum V.V. Ethno-oriented Journalism in the Blingual Media Space of Sakha-Yakutia ... 22-38 Shindalieva M.B., Sarekenova K.K. Actual Problems of the Curriculum of Journalism and Philology Specialties ... 39-44

NEW MEDIA

Amangeldiyeva G.S., Sak K.О. The Formation and the Changing Horizons of Journalism Digital ... 45-52 Maulet Zulkapil, Toktarbai B. Information Technology and Traditional Journalism ... 53-60

TELERADIOJOURNALISTIKA

Yessenbekova U.M. Theoretical Bases of Concept Development Transmedia Storytelling ... 61-66 Suleimenova A.E., Zhusupova A.M. A regional Television Like an Object of Culture Influent to Local Community ... 67-72

(7)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Содержание

СМИ И ОБЩЕСТВА

Алдабергенов К.М. Печать Казахстана в годы голодомора и политических репрессий ... 8-13 Дуйсебай Д., Тасполатова Р. Вопросы профессиональной подготовки спортивных журналистов ... 14-21 Трофимова Г.Н., Петров Г.П., Барабаш В.В. Этноориентированная журналистика в билингвальном медиапространстве Саха-Якутии ... 22-38 Шындалиева М.Б., Сарекенова К.К. Актуальные проблемы учебной программы факультетов журналистики и филологии ... 39-44

НОВЫЕ МЕДИА

Амангелдиева Г.С., К.О. Сак Формирование и меняющиеся горизонты цифровой журналистики ... 45-52 Маулет Зулькапил, Токтарбай Б. Информационные технологии и традиционная журналистика ... 53-60

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА

Есенбекова У.М. Теоретические основы разработки концепции трансмедиа сторителлинга ... 61-66 Сулейменова А.Э., Жусупова А.М. Региональное телевидение как объект культурного воздействия на аудиторию местного сообщества ... 67-72

(8)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

ҒТАХР 19.01.11

Зүлькәпіл Маулет1, Б. Тоқтарбай2

1Моңғолия мемлекеттік университеті, Улаанбатор, Моңғолия

2Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail:[email protected])

Ақпараттық жаңа технология және дәстүрлі журналистика

Аңдатпа. Мақалада электронды құралдар атауларының біздің сөз қорымызға ену негіздері талқыланады. Бүгінде жаңа ақпараттық технология қарқынды дамып, аса жылдам өзгеріске ұшырап, қоғамда атқаратын ролі артып қоғамдық институтқа айналды.

Ақпараттық жаңа технологияның әсерінен дәстүрлі журналистика саласы да жаңа сипатты за- манауи бұқаралық ақпарат құралдарымен бірге дамып, жаңа бағыттары айқындалды. Мақалада автор- лар заманауи журналистиканың бірегей ерекшеліктерін анықтайтын интерактивтік сипаты мен жеке тұлғаның журналисткадағы ролі деген тақырыптарды жан-жақты талқылайды.

Ақпараттық жаңа технологияның ең негізгі сипаттарының бірі - интерактивтік сипаты. Осы интерактивтік сипат ғылымдардың БАҚ туралы сызықтық модель тұжырымдамалары мен ұстанымда- рынан бас тартуға әкеліп соқтырды.

Түйін сөздер: Ақпараттық жаңа технология,қоғамдық институттар, журналистика, заманауи журналистика, жеке тұлға.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-128-3-53-60 Кіріспе. Ақпараттық жаңа технологияның әсерімен дәстүрлі журналистика саласында бол- маған көріністер заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының тәжрибесіне еніп, оның дамуын және бағытын айқындай түсуде. Біз заманауи журналистиканың бірегей ерекшеліктерін анықтайтын оның интерактивтік сипаты, ақпаратты уақыттың түйсінуі, жеке тұлғаның журналисткадағы ролі деген тақырыптарды талқылайық Нақтырақ айтсақ интерактивтік сипат дегеніміз ақпаратты таратушының және қабылдаушының тарапынан өзара байланысқа қойылатын бақылау- ды көрсететін онлайн қатынастың сипаты деуге болады. Интерактивтің негізгі сипаты екі адамның арасындағы қарапайым диалог. Бұл байланыстағы ортақ іс әрекет болумен қатар әр қатысушы кез келген уақытта диалогті үзіп, тақырыпты өзгертіп немесе жаңа пікір ту- дыруға болады деген сөз.

Дәстүрлі медианың онлайн түрі болсын немесе басқа құралдары да интерактивті сипатта емес. Себебі көптеген жағдайда ақпаратты өндіруші бұқарамен бір жақты ғана байланыста болып келеді. Кері байланыс орнату жолдарының ауқымы тар және қол жетімді емес. Мысалы: газетке келген хаттар, рейтинг зерттеулері, басылып шығатын парақтар саны деген сияқтыларды атауға болады. Газет, журнал, кітап және кинолар басылымнан шыққан соң ешбір өзгеріссіз заттарға айналатындықтан қабылдаушы тарапы бұларға зей- ін қоюы немесе мүлде ескермеуі мүмкін. Газеттің немесе кітаптың бір парағынан әркім әртүрлі пікір түйгенімен ақпараттың мазмұны мүлдем өзгермейді. Қазіргі заманғы шетелдік және отандық жаңалықтар бағдарламаларын көргенде, ғаламның бақылаудан шығып кеткен- дігі туралы қорытынды жасауға тура келеді. Ақпарат агенттіктерінің бұзақылық, зорлық зом- былық жайлы именбестен хабар таратып, назарды басқа жаққа бұруы қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге кері әсерін тигізуде екенін зерттеушілер бірнеше рет атап өтті.

Ақпараттың жаңа құралдары адамдарды интерактивтік қатынасқа түсуге жақсы әсер етеді. Мұндағы негізгі фактор – электронды байланыстың екі жақты сипаты, жылдамдығы, тығыз қарым-қатынас, ақпаратты таратушы және қабылдаушы тарапынан процесске қой- ылатын бақылаудың арта түсуінде.

(9)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

Соңғы жылдары мәтіндерді және кейіпкерлерді «ақылды» электронды тасымал- дағыштар арқылы тарату авторлар мен режиссерлердің назарын аударып отыр. Себебі, жаңа ақпараттық технология мәдениет саласында жаңаша бағытты қалыптастыруға әсер етуде. Автор оқырманға жазбаны өзгертуге, басқа балама таңдауға және жазу процессіне қатысуды ұсынады. Суретші көркем кескіннің пішіні мен түсін белгілі мөлшерде өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аудитория көмегімен құрастырылған электронды кітаптар, пьесалар мен фильмдер пайда бола бастауы мәдени саладағы жаңа құбылыс.

Адамдар интерактивті сипатты жеке көзқарастарын білдіретін және таңдау жасай- тын тәсіл ретінде жақсы қабылдауда. Оларға өз көзқарасын білдіру, жарнамалық бейнелерді айналып өту, көптеген арналардан өз қалағанын таңдау, кәсіби фактілер мен ақпаратты табу ұнайды. Газет оқу мен теледидар көруді демалыспен үйлестіру – жалпы құбылыстардың бірі.

Интерактивтілік – адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынасты белгілі бір мөлшермен анықтайтын байланыс процессі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста та- ратушы мен қабылдаушы ақпарат алмасу функциясын кезектесіп атқаруымен қатар әрбір қатысушы кері байланысты қандайда бір жолмен жылдам және толығымен орнату мүмкін- дігіне ие. Әрбір қарапайым байланыс интерактивті болуы мүмкін емес. Себебі, бір жақты байланыс кез келген қабылдаушыны жедел және толық кері байланыспен қамтуды алдына мақсат етіп қоймайды. Қоғамдық ақпарат таратушы өз аудиториясының не істеп жатқанын, не ойлайтынын, не сезінетінін білмейді және әрбір қабылдаушы өзінің оң және теріс әре- кеттерін білдіре алмайды.

Сонымен қатар, интерактивтілік әрекетті қарым-қатынастың мазмұнына бірге бақы- лау қою мүддесі ретінде қабылдауға болады. Мысалы, адамдар арасындағы байланысқа қатысушылар әңгіме тақырыбын өзгерту немесе бас тарту арқылы байланыс процесіне, мазмұнына және мәніне әсер етуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды БАҚ-ты дамытудың маңызды ерек- шеліктерінің бірі оның интерактивтік сипат екені анық. Журналистердің аудиториямен жа- саған диалогы тек қана сол мезгілде орындалуымен айырықша. Оны зерттеушілердің ай- туынша жеткізсек, «интерактивтілік – журналистика мазмұнының ерекшелігі, артықшылығы диалогтың дәл сол сәтте жүрілуі немесе мақсатты аудитория сұранысындағы ақпаратты өн- діру, өңдеу, тарату және бақылау әрекеттерінің өзара тығыз байланыста болуы»[1].

Заманауи журналистикада интерактивтік сипат ерекше орын алғанымен, дәстүрлі журналистикадан бас тарту мүмкін емес екендігі айтпаса да түсінікті. Дегенмен, коммуни- кацияның жаңа бағыты және заманауи журналистің жаңа стилі қалыптасып жатқандығын мойындауға тиістіміз.

Ақпараттық жаңа технологияның нәтижесінде журналист жаңалығы жаһандану үрдісі- не еріп отырғандығын біз әртүрлі ақпараттық технологиядан байқай аламыз. Дегенмен, соңғы жылдары көрермен мұндай жедел ақпараттан оқиғаның сипаты мен табиғаты туралы толық мәлімет ала ма жоқ па деген сұрақ туындап отыр. Кішкентай қорапшадағы спутник, сандық бей- немагнитофон және құрастырушы техниканың толық жиынтығы аудиторияға ұсынып отырған ақпараттың сапасын күрт өзгертеді деуге болады. Мәселен медиа өнім өндірушілер арасындағы қатаң бәсекелестік, нашар менеджмент және көбінесе технологиялық құрылғыларды орынсыз орналастыру сияқтылардың салдарынан оқиғаның қызу нүктесінен дайындалған хабарлардың негізі айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. Бүгінде кейбір журналистер ақпараттың тікелей берілуі және оқиғаны эксклюзивті сипатына баса назар аударған жағдайда аудитория ақпаратты толық түсінбей қалуы мүмкін деп алаңдайды. Медиа өнім өндірушілер өз пайдасы үшін (бүгінгі таңда телеақпарттық бизнесі $ 3 млрд шамасында бағаланады) әр тарапқа бөлінген аудиторияның кең ауқымын игеру мақсатында әр түрлі оқиғалардың маңыздылығына қарамай ұсынатын болған.

Осыдан болып журналистика мен жарнама арасындағы ерекшелік құнын жоғалтуда.

(10)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Медиа зерттеуші Элих Катц бүгінгі күні жылдам өзгеріп жатқан оқиғалар мен ақпа- раттарды жедел жеткізу үшін кәсіпқой редактордан немесе сұхбаттан бас тарту, атап ай- тқанда, «дәстүрлі көзқарастағы журналистика аяқталу алдында тұр» дегенді айырықша атап көрсетеді [2]. Жаңа технология ақпаратты аса шапшаң таратып жатқандықтан оны жинау, жазу және өңдеу үшін уақыт жеткіліксіз, сонымен қатар арналардың өзара бәсекеле- стігі қабылдаушыларды еріксіз оқиғаның қатысушысы ретінде сезінуге итермелеуде.

Кешкі бағдарламаға арнайы әзірленгенген жаңалық эфирге шықпай қалу ықтималдығы өте жоғары. Себебі жиырма төрт сағат бойы үздіксіз жүріліп жатқан ақпарат ағынындағы соңғы «жанды» жаңалықтар «ескі» хабарламаларды салыстырмалы түрде қатардан ығы- стыру қарапайым құбылысқа айналуда. Сондықтан журналистер мүмкіндігінше дер кезін- де дайындалған хабарларды жеткізуге тырысады. Алайда біздің ақпараттық технологиялық деңгейіміз әлі жоғары мүмкіндікке жетпегендіктен «жанды» немесе «шамамен жанды»

дейтін санаттағы хабарлар саны шектеулі.

CNN стиліндегі журналистканы қолдаушылар көрермендердің өзіне редакциялау мүмкіндігін бергенімен ерекшеленеді деп санаса алайда сыншылар мұны кәсіби маман атқару керек деп есептейді. Сонымен қатар мамандар – журналистер қателік жасауы неме- се жалған мәліметтер таратуы мүмкін екендігін ескерте келе шағын хабарлар мен әлеумет- тік-саяси процестер арасындағы айырмашылық жақындай түсуі мүмкіндігін жоққа шығар- майды. Сондықтан заманауи журналистиканың жаңа ақпараттарды дер кезінде жеткізу артықшылығын бағалай отырып, дәстүрлі журналистика мен арасындағы тығыз байланы- стың маңызын тиянақты зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Қысқаша айтқанда, заманауи журналистка дәстүрлі журналистканы ығыстыра ма немесе бірі келесісінің олқылықтарын толтыра ма деген сұрақтар жауабын күтүде.

Ақпараттың ең қорқынышты, шиеленісті, зорлық-зомбылықты яғни негативті сипат- тайтын қазіргі бейнесі – қабылдаушыларға, әсіресе кез келген ақпараттан шектен тыс ләз- зат алатын ерекше адамдарға ешқандай дүниеге елең етпейтін мінез дарытып, «коллективті моральдық тозуға ұшыратуы» әбден мүмкін. Қазіргі заманғы шетелдік және отандық жаңа- лықтар бағдарламаларын көргенде, ғаламның бақылаудан шығып кеткендігі туралы қоры- тынды жасауға тура келеді. Ақпарат агенттіктерінің бұзақылық, зорлық зомбылық жайлы именбестен хабар таратып, назарды басқа жаққа бұруы қоғамдағы маңызды мәселелерді ше- шуге кері әсерін тигізуде екенін зерттеушілер бірнеше рет атап өтті. Жаңа технологияның соңғы жетістігімен қаруланған түсіруші топ адамзаттың ең қатыгез және қорқынышты оқиға- ларынан тікелей эфир жасайды, ал бұл редакция үшін «жаңалық» емес екенін түсінбейді.

«Жанашырлықтан айырылу» – дегеніміз көрермендер мен оқырмандар осындай үрей- лі оқиғаларды қайталап көре келе кінәлілер мен зорлаушылар жайлы олардың қорқыныш сезімін біртіндеп жоғалтуды атайды. Әлеуметтанушылар мұндай зорлық-зомбылық жайлы те- ледидардан үнемі көрсету қоғамдағы қайғылы жағдайды елемей, бей-жай қарайтын тасжүрек- тердің санын көбейтіп, бүгінгі бейбіт өмірге қауіп төндіреді деген қорытынды жасады.

24 сағат бойы қызмет жасайтын әлемдегі ең ірі БАҚ-тардың бірі CNN – жаһандану- дың ірі себепкері. Сонымен қатар Reuters және Microsoft сияқты ғарыштық жетекші медиа жасаушылар электронды журналистика әлеміне үстемдік етуде. Электронды журналистика ғарыштық және уақыттық факторларға тәуелді емес, әлеуметтік мәдени жүйеде ақпаратты таңдау, жинау, көрсету, тарату жолында жаңаша үлгіде. Жаңа медиа мен дәстүрлі журна- листиканың деректерді жинау әдісінде айтарлықтай айырмашылық болуымен қатар мұны

«жаңалық туралы білік» деген мағынада түсінуге болады [3].

Кибернетика тұжырымдамасының ажырамас бөлігі болып табылатын компьютерлік технологияны кеңінен қолданатын ақпарат құралының жаңа буынын байланыс ғылымында кибержурналистика деп атайды. Зерттеушілер оны «телевизия және интернет арқылы жұ- мыс жасайтындар жаһандық тақырыптар бойынша білім алуда» деп түсіндіреді [4].

(11)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

Кибернетика – бұл тірі организм, көлік құралдарының және қоғамның басшылық және ақпарат берудегі жалпы ұйымдық құрылымы туралы ғылым. Сондықтан қазіргі за- манғы ең кеңінен қолданылатын БАҚ жүйесі кибержурналистика деп аталады.

Кәсіби журналистика деңгейінде конвергенция немесе ұқсастық қоғамдық БАҚ-тар- ды өзара интеграциялауға әсер етеді. Бір ақпарат құралының міндетін басқасына ауысты- рудың нәтижесінде бірдей мазмұнды әртүрлі арналардан қабылдауға мүмкіндік туып, бай- ланыс пен ақпарат арналары жайлы ескі ұғымдар түбегейлі өзгеретін болды. «Ескі» ақпарат құралдарының болашағы белгісіз» [5].

Бірақта, зерттеушілердің айтуынша қоғам тарихында қарым-қатынастың жаңа пай- да болған түрі ескі құралдарды толығымен жоққа шығармаған. Керісінше бұған дейінгі ақпарат құралдарының артықшылығын тиімді пайдаланып, жаңа технологияның жаңа әдістерімен ұштастыра пайдаланып келген. Әртүрлі ақпарат құралдарының өзара жақында- су, бірігуі әртүрлі арналар үшін біріккен медиа өнімдердің жасалуы жаңа композициялардың пайда болуына себепші болуда. Қазір біздің баспа өнімдерімізде әртүрлі БАҚ элементтерінің сипатына ие жазба түрінің көбеюін осы арқылы түсінуге болады. Сарапшылар бұл процеске әртүрлі көзқараста қарайды.

Олардың кейбіреулері өте оптимистік көзқараста. Мысалы, ресейлік тележурнали- стика зертеушісі В. Егоров жазба түрлерін реформалауды «тірі» процесс деп атаса, Л.Земля- нова қатарлы зерттеушілер қарсы болды [6]. Соңғы жылдары байланыс теориясы бойынша маманданған зерттеуші Л.М. Землянова: «Бұл ақыр соңында БАҚ-тың бұқараны қамтитын байланыс қатынасының қабілетін және адамдар оны жеке басының мүддесіне пайдалану аралығындағы қатынастың бұзылуына ықпал етіп, БАҚ-тың бұқараға қызмет етуші мақса- ты ешқандай мәнсіз болуына алып келеді», - деп жазады [6] .

Әлеуметтану мен саясаттану ғылымында «депривация» ұғымы адамдардың, қоғам- дық топтардың өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің азаюына, кемуіне немесе сондай мүмкіндіктен айырылуына қатысты әлеуметтік процестерді сипаттауда қол- данылады. Жаңа цифрлық медиалар қоғам мен адам өмірінде депривациялық құбылыстар- дың күшеюіне жол ашты. Өйткені, бұқаралық медиалар мен ондағы медиапсихологиялық тәсілдердің сапалы жетілуінің нәтижесінде адам мен қоғам өмірдің шынайы, объективті картинасын көру мүмкіндігінен айырылды. Жарнама беруші де, билік құрылымы да, билік- ке қарсы саяси күштер де ақпаратты өзінің мүддесіне сай бұрмалап, адамның санасына өздеріне қажетті образдар мен пікірлерді, көзқарастарды жарыса таңа бастады.

Әлемде болып жатқан саяси шиеленістер, әскери қақтығыстар, террорлық сой- қандардың барлығы бізге тура ақпарат күйінде емес, бұрмаланған, интерпретацияланған формада келіп жетеді. Оның ішінен шындық пен өтірікті, ақ пен қараны аршып алу үшін де жоғары кәсіби біліктілік, сол мәселелерді кәсіби деңгейде сараптай алатын маман болу керек. Міне, бүгінгі күнгі адамдардың ақпаратқа деген, білімге деген өмірлік қажеттілік- терінің депривацияға ұшырауын осындай көріністер арқылы түсіндіреміз [6].

Қазіргі уақытта конвергенттік журналистика алдында осындай мәселелерді қойып отырғаны рас. Мұны интернет журналистикадан немесе әлеуметтік желі ақпараттарынан оңай аңғаруға болады. Бүгінде кез келген адам қолдағы материалын электронды жүйеге жүктей алады, мұны бір сайт «ақпарат», екіншісі «ойын-сауық», ал үшінші «жарнама» деп атайтыны қарапайым құбылысқа айналды. Кез келген оқырманның интернетке жүктеген материалын кәсіби журналистикадан ажырату оңай, бірақ қандай жазба түріне арналғанын ажырату критерийлері жоқ. Мұндай критерийлерді белгілеу де мүмкін емес.

Желілік журналистика көбінесе басқа ақпарат құралдарының ортақ сипаттамаларын ескере отырып, біртіндеп өзіндік үнін, келбетін, материалды жазу оны орналастыруға дейін ықпал етуге тырысады. Әрине, жаңа медиа өзіндік ерекшелігін айқындау үшін белгілі бір уақыт қажет ететіні түсінікті. Мысалы, бұхаралық сипаттағы мерзімді баспасөз өнімдері 50

(12)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

жылдан астам уақыт өткен соң 1880-ші жылдардың соңына қарай ғана заманауи басылымға тән сипатқа ие болды. Теледидар алғаш пайда болған кезде онда жаңалықтар қызметі га- зет мәтіндерін тікелей оқумен шектелетін. Тек қана бейнежазбалар қарқынды дамып әрі кеңінен таралған кезден бастап тележурналистер бұқаралық бағдарламалар дайындау мен таратудың өзіндік тәсілін әзірледі.

Бірақ бір нәрсені – мойындау керек. Жаһанды қамтыған интернеттік желі журнали- стерге өздерінің білімдері мен біліктерін сынап көруге, қалаған ақпаратын табуға, басқа- лардан үйренуге және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін әртүрлі шектеу- лерден арылып, барынша еркін болуға мүмкіндік берді.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуының нәти- жесінде жаңа медиалық арналардың қатары артып, интернет пайдаланушылардың саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, әсіресе соңғы онжылдықта дәстүрлі журналисти- каның негізі босаңсыды деуге болады. Кейбір батыстық ықпалды журналдардың жазуы бойынша көпшілікті қамтыған ақпарат құралдарының серпіні аяқталып, жеке тұлғаның қа- тысуымен немесе партиципаторлы ақпарат құралдарының кезеңі басталды» [7].

Ақпараттық жаңа технология дәуірінде қабылдаушылар саны бірте-бірте азая түсетіндігі сезіліп отыр. Адамдардың назарын аудару үшін орта және ірі ақпараттық ком- паниялар ғана емес, сонымен бірге кішігірім компаниялар, жеке тұлғалар бірігіп немесе ақпарат таратушылар бір-бірлеп әрекет етуге тиіс. Олар өздері өндіретін ақпараттық өнім- дердің нәтижесінде кейбіреулері жетістікке жетіп, енді біреулері банкротқа ұшырайды.

Бірақ бұл мәселе қатты алаңдатпайды, себебі олардың мақсаттары мен себептері басқа.

Таразының бір басындағылар ақпаратты өздерінің атақ даңқы мен танымалдығы үшін жа- сайды, ал екінші жағындағылар жеке тұлғаның супербрендін қалыптастыруға тырысады.

Заманауи ақпараттық нарықта адамдар жаңа ақпарат құралдарын (сондай-ақ, кірістің негіз- гі көздері болып табылатын жарнама) белсенді «пайдаланып» оның іс әрекетіне белсенді араласатындығы – ақпараттың белгілі деңгейін қандай да бір жолмен, кез келген тәсілмен жасап жатқандығының дәлелі бола алады. Зерттеулерге қарасақ, американдық жасөспірім- дердің жартысынан көбі интернеттегі мәтіндерден бастап, фото, бейнеклип, музыка сияқты әртүрлі контенттерді жасап шығаратыныны айтылады.

Жеке тұлғаның араласуымен өндірілген ақпарат өнімдерінің басты ерекшелігі – қабылдаушылар мен авторлар арасындағы айырмашылықты азайтуға бағытталған. «Бір адамнан көп адамға» бағытталатын дәстүрлі журналистиканың «ұстаз дәрісі» сипатын- дағы байланыс бүгінде жеке адамдар арасындағы «әңгіме» болып өзгеріп жатыр. Бұл өз- герістер дәстүрлі журналистиканың негізгі қағидаларын өзгертуге әсер ете бастады. Бүгін- де жастардың көп бөлігі, болашақта адамдардың белгілі мөлшері ненің рас ненің жалған екендігіне өздері ұйғарым жасайтын болады. Бұған әсер ететін көптеген факторлар бар екендігі белгілі. Олар кейде кәсіби редакторлардың таңдауына сенсе, енді бірде бүгінде пайда болған жаңа технологиялар мен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде анықталған көпшіліктің ортақ ой пікірін құрметтейді.

Бүгінде шамамен әрбір адам жеке блог жүргізеді. Ал журналистика дербес жеке сала емес адамдар арасында пікірлесу алаңы болып өзгергенін біз сәт сайын сезініп оты- рмыз. Бүгінгі журналистика тек дәстүрлі журналистиканың электрондық нұсқасы емес, блог(blog) және азаматтық журналистика(citizen journalism) деген екі формасымен ерекше- ленеді. Басқаша айтқанда, блог – адамның жеке электронды күнделігі, ал азаматтық журна- листика – адамдар өзінің қалаған шығармашылық өнімін сайттарға ұсына алатындығын білдіреді.

Азаматтық журналистиканың артықшылықтарының бірі – жасалып жатқан контент- тің жергілікті ең жақын ортаға сай сипатты (гиперосталинге) болып келуінде. Басқаша айтқанда, авторлар мектептің спорттық жарыстары сияқты жергілікті газеттер үшін кіші-

(13)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

гірім, маңызы аздау жаңалықты құнды ақпарат ретінде ұсына алуы қалыпты жағдай. Әри- не, қоғам үшін блогерлерден бастап азамат-журналистерге дейін жасаған өнерлі тұлғалар- дың үлесі ерекше екендігі түсінікті.

Кейбір зерттеушілер қазіргі кездегі тұрақты басылымның бүгінгі жағдайына қарап, болашаққа тым пессимистік көзқараста болып отыр. Мысалы, апталық Commentary журна- лында Джозеф Эпштейн газеттердің ешқандай бос кеңістіксіз шығып жатқандығын сынап, егер осылай жалғаса берсе газет шыбын өлтіргіш немесе балық орауға ғана қажет болады деп келеке етеді. Сонымен қатар оның ең соңғы газеттің ең соңғы оқырманы 2040 жылы оны оқиды деген пікірі қызықушылық тудырып отыр.

Бүгінде газет өндіру саласы өте қиын уақытты бастан өткеріп жатыр. Соңғы екі он- жылдықта баспа басылымдары күрт төмендеді. Жастардың көпшілігі күнделікті газеттерді оқымайды.

Дегенмен, қиын жағдайға ұшыраған басқа секторлар сияқты бұл саланың да өзіндік артықшылыққа ие болып отырғандығын зерттеушілер айтуда. Газет басылымы қанша аза- йды дегенмен де 2004 жылы Американдық 12 ірі газеттің орташа табысы Fortune журналы- ның тізіміне кірген 500 компанияның 21 пайызын иеленген.

Бүгінгі медиа магнаттарға дейін медиа өзгерістің тиімді жағын дұрыс пайдаланып, түсіне бастаған. Руберт Мердок: «Ақпараттық индустрия орынсыз немұрайлылық танытуда ... Газет сайттары диалог алаңы болуы керек. Цифрлы жүйе әлемінің тұрғындары енді газет шығарушыларға хаттар жібермейді, интернетте кіріп өздерінің блогтарын жүргізе береді.

Біз осы блогерлердің хатын күтіп отыратын адам болуымыз керек» - деген [7].

Сондықтан Мердок жастар арасындағы ең танымал, беделді блогерлердің жұмыс жасай- тын MySpac сайтын сатып алған болатын.

Қазіргі заманғы медиа революция алдыңғы дәуірдегі ақпараттық революция си- яқты сөздік қорымызға жаңа сөздер мен жаңа теориялар енгізуде. ХХ ғасырдың басында

«Манчестер Квардия» газетінің редакторы, Чарли Скотт «телеарна» (television) жартылай грек және жартылай латын тілінен алынған деп сынаса, бүгінде оданда басқаша тұрпатты терминдер қалыптасуда. Мысалы, «блог» сөзін алғаш 2004 жылы Merriam-Webster баспа мекемесі пайдаланған болса, 2005 жылы американдық «Нью-Оксфорд американдық сөзді- гінде», подкаст, содан кейін folksonyk сөзін қолданды. Бұл үрдіс біздің журналисткада да үйреншікті құбылыс болды. Бүгінгі онлайн баспа, онлайн журналистика, блогтар, азамат- тық журналистика, кибер журналистика, контент, коммент және т.б. терминдерді күнделік- ті пайдалануымыз осының жақсы мысалы болып табылады.

Газеттер өз электронды нұсқаларына жаңа үрдістерді енгізіп жаңа жолдарды іздеу та- лабы туындап отыр. Біріншіден, мақалада оқырмандарға қысқаша ақпарат беретін мазмұны болуы керек, ал бұл жайлы редакциялар ерекше назар аудару керек. Оқырмандар электронды басылымды оқыған кезде, олар әдеттегі газет ретінде басқы бетінен бастамайды, олар өздері- не қажет ақпарат бар бетті тікелей ашады, сондықтан баспасөздің кез-келген бетіне көшіп, керекті деректерді тереңінен табуға қол жетімділігін қамтамасыз ету керек. Басқаша айтқан- да, оқырманның назарын тікелей тартатын элемент болу керек. Екіншіден, әр беттегі мате- риал оқырманға ықпал ету үшін ынталандыруды табу маңызды. Әрбір мақаланың рейтингісі үшін арнайы like немесе жұлдызшалық таңба болуы мүмкін және белсенді қатысушыларға автормен тура кеңесу немесе дебаттар үшін жеке бұрыштар мен терезелерді аша алады. Кей- бір жағдайларда түрлі теріс әрекеттерден аулақ болу үшін қатысушыларды тіркеу қажет. Бұл мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты электронды газеттерде блогтардың, блогтарда жеке га- зеттердің сипаты пайда болады. Бұл жерде мәселе «азаматтық журналистика» емес. Журна- листика өзінің дәстүрлі ерекшеліктерін жоғалтқандықтан, мемлекеттік мекемелердің кәсіби мониторингін және бақылауын тоқтау мүмкін. Басқаша айтқанда, демократиялық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын көрсететін мүмкіндік туындайды.

(14)

№3 (128)/2019

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия Журналистика BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Әдебиеттер тізімі

1 Горохов В., Гринберг Т. Интерактивная журналистика: Путь в будущее // Журналистика и литература на рубеже нового тысячелетия. / В. Горохов, Т. Гринберг - Москва, 2000. - 281 с.

2 Katz E. The End of Journalism? Notes on Watching the War // Journal of Communication. 2017 42(3). - P. 9.

3 Бакулев Г.П. Массовая коммуникация: Западные теории и концепции. / Г.П. Бакулов - Мо- сква, 2010. - 159 с.

4 Землянова Л.М. Пресс-бизнес в условиях развития кибержурнализма // Вестник МГУ.

Серия «Журналистика». - 1999. - №3. - С. 71.

5 Вартанова Е.Л. Конвергенция как неизбежность // От книги до интернета: Журналисти- ка и литература на рубеже нового тысячелетия. / Е.Л. Вартанова - Москва, 2000. - 240 б.

6 Егоров В. Телевидение между прошлым и будущим. / В. Егоров - Москва, 1999. - 360 с.

7 Землянова Л.М. Зарубежная коммуникативистика на рубеже веков / Л.М. Землянова - Москва, 2000. - 365 с.

Зулпакил Маулет, Б. Токтарбай

Монгольский государственный университет, Улаанбатор, Монголия

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Информационные технологии и традиционная журналистика

Аннотация. В статье рассматриваются основы доступа к именам электронных эквивален- тов в нашей базе данных. Сегодня новые информационные технологии стремительно развиваются и быстро меняются и выступают общественным институтом.

Под влиянием новых информационных технологий традиционная журналистика развивает- ся вместе с новыми медиа, с новыми тенденциями. В статье авторы подробно обсудят интерактив- ный характер уникальных черт современной журналистики и роль личности в ней.

Одной из важнейших особенностей информационных технологий является интерактив- ность. Этот интерактивный характер привел к отказу от концепции и принципов линейной модели науки о науках.

Ключевые слова: информационные технологии, общественные институты, журналистика, современная журналистика, личность.

Zulpakil Maulen1, B. Toktarbai2

1Mongolian State University, Ulanbatoor, Mongolya

2L.N.Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Information Technology and Traditional Journalism

Abstract. The article discusses the basics of accessing electronic equivalents’ names into our database. Today, the new information technology is rapidly developing and changing, and has become a public institution.

Under the influence of new information technology, traditional journalism has been developing along with new media, with new trends. In the article, the authors will discuss in detail the interactive nature of the unique features of modern journalism and the role of an individual in the journalist.

One of the most important features of information technology is interactive. This interactive character has led to the rejection of the concept and principles of the linear model of science about the sciences.

Keywords: Information technology, public institutions, journalism, modern journalism, and personality.

(15)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

№3 (128)/2019

References

1 Gorokhov V., Grinberg T. Interaktivnaya zhurnalistika: Put’ v budushcheye [Interactive journalism: The path to the future], Zhurnalistika i literatura na rubezhe novogo tysyacheletiya [Journalism and literature at the turn of the new millennium]. (Moscow, 2000, 281 p.). [in Russian]

2 Katz E. The End of Journalism? Notes on Watching the War , Journal of Communication. (3) 42, P. 9. (2017).

3 Bakulev G.P. Massovaya kommunikatsiya: Zapadnyye teorii i kontseptsii [Mass communication:

Western theories and concepts], (Moscow, 2010, 159 p.). [in Russian]

4 Zemlyanova L.M. Press-biznes v usloviyakh razvitiya kiberzhurnalizma [Press business in the development of cyberjournalism], Vestnik MGU, Seriya «Zhurnaistika», (3), 71. (1992). [in Russian]

5 Vartanova Ye.L. Konvergentsiya kak neizbezhnost’ [Convergence as inevitability], Ot knigi do interneta: Zhurnalistika i literatura na rubezhe novogo tysyacheletiya [From books to the Internet:

Journalism and literature at the turn of the new millennium], (Moscow, 2000, 240 p.). [in Russian]

6 Yegorov V. Televideniye mezhdu proshlym i budushchim [Television between the past and the future], (Moscow, 1999, 360 p.). [in Russian]

7 Zemlyanova L.M. Zarubezhnaya kommunikativistika na rubezhe vekov [Foreign communication at the turn of the century], (Moscow, 2000, 365 p.). [in Russian]

Автор туралы мәлімет:

Зүлькәпіл Маулет - Моңғолия мемлекеттік университеті, Улаанбатор, Моңғолия.

Тоқтарбай Б. Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Zulpakil Maulen - Mongolian State University, Ulanbatoor, Mongolya.

Toktarbai B.PhD student at faculty of Journalism and Political Science, L.N.Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. 402, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Мендыбаева.. Вестник

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. 402, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Мендыбаева.. Вестник

1) РГП ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н.. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

“гуманитарлы географияның” синонимі ретінде жиі қабылданады. Мәдени географияға қарағанда,.. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия ФИЛОЛОГИЯ BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия ФИЛОЛОГИЯ BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY

ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева - Серия ФИЛОЛОГИЯ BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY

Gumilyov Eurasian National University ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н.. ЭКОЛОГИЯ сериясы