ISSN 2616-7174
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ХАБАРШЫСЫ BULLETIN
of the L.N. Gumilyov
Eurasian National University
ВЕСТНИК
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
ЖУРНАЛИСТИКА сериясы JOURNALISM Series Серия ЖУРНАЛИСТИКА
№3 (124) / 2018
1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995
Издается с 1995 года
Жылына 4 рет шығады
Published 4 times a year
Выходит 4 раза в год
Бас редакторы Қайрат Сақ
филология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қазақстан)
Бас редактордың орынбасары Аймұханбет Есдәулетов ф.ғ.канд., доцент (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Гүлнар Кендірбай PhD (АҚШ)
Редакция алқасы
Алдабергенов Қырықбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Асанов Қойлыбай Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбдіманов Өмірхан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбішева Вера Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Бейсенқұлов Аязби Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан)
Браун Михаил PhD, проф. (АҚШ)
Дзялошинский Иосиф Ф. ғ. д., проф. (Ресей) Жақып Бауыржан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Жусупова Алматай ф.ғ.к., доцент (Қазақстан) Ирназаров Кудрат Т. ғ. д., проф. (Өзбекстан) Корконосенко Сергей Саяси ғ. д., проф. (Ресей) Қара Әбдіуақап Т. ғ. д., проф. (Түркия) Қозыбаев Сағымбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Лебедева Татьяна Ф. ғ. д., проф. (Франция) Нұртазина Роза Саяси ғ. д., проф. (Қазақстан) Омашев Намазалы Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Ризун Владимир Ф. ғ. д. проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Қазақстан) Сердәлі Бекжігіт Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан) Тахан Серік Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Тоқтағазин Мұратбек Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан) Халилов Әбдіғани PhD, проф. (Қырғызстан)
Ченгел Хулия PhD, проф. (Түркия)
Шайхитдинова Светлана Филос.ғ.д., проф. (Ресей)
Шалахметов Ғаділбек Халықаралық Еуразиялық телевидение және радио академиясының академигі (Қазақстан) Шестеркина Людмила Ф. ғ. д., проф. (Ресей)
Шульцман Петр Өнертану ғ. к., доцент (Қазақстан) Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев
Жауапты хатшы: Гүлжазира Ертасова
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтпаев к-сі, 2, 408 б.
Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: vest_ [email protected]
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27. 03. 2018 ж. №16995-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Тиражы: 25 дана.
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31413)
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief Kairat Sak
Candidate of Philology, Рrofessor (Kazakhstan)
Deputy Editor-in-Chief Aitmukhanbet Yesdauletov Candidate of Philology, Associate Professor (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Gulnar Kendirbai PhD, Рrofessor (USA)
Editorial board
Aldabergenov Kyrykbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Asanov Koilybay Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)
Abdimanov Omirkhan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan) Abisheva Vera Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)
Beisenkulov Ayazbi Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan)
Brown Michael PhD, Рrof. (USA)
Dzyaloshinski Iosif Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Jakyp Baurjan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)
Zhussupova Almatay Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Irnazarov Kudrat Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Uzbekistan) Korkonosenko Sergei Doctor of Political Sciences, Рrof. (Russia) Kara Abdulvahap Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Turkey) Kozybayev Sagymbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Lebedeva Tatiana Doctor of Philology, Рrof. (France)
Nurtazina Roza Doctor of Political Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Omashev Namazaly Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)
Rizun Volodymyr Doctor of Philology, Рrof. (Ukraine) Syed Agil bin Shekh PhD, Рrof. (Malaysia)
Saudbayev Madiyar PhD, Рrof. (Kazakhstan)
Bekzhigit Serdaly Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Takhan Serik Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Toktagazin Muratbek Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Khalilov Abdygani PhD, Рrof. (Kyrgyzstan)
Çengel Hülya PhD, Рrof. (Turkey)
Shaikhitdinova Svetlana Doctor of Philosophy, Рrof. (Russia)
Shalakhmetov Ghadilbek Academician of the International Eurasian Academy of Television and Radio (Kazakhstan)
Shesterkina Ludmila Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Shultsman Petr Candidate of Art, Assoc. Рrof. (Russia)
Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Executive Secretary: Guljazira Yertasova
Editorial address: 2, Satpayev str., of.408, Astana, Kazakhstan, 010008 Теl.: (7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: vest_ [email protected]
Главный редактор Кайрат Сак
кандидат филологических наук, профессор (Казахстан)
Зам. главного редактора Айтмуханбет Есдаулетов к.ф.н., доцент (Казахстан) Зам. главного редактора Гульнар Кендирбай PhD (США)
Редакционная коллегия
Алдабергенов Кырыкбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Асанов Койлыбай Д. ф. н., проф. (Казахстан) Aбдиманов Омирхан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Абишева Вера Д. ф. н., проф. (Казахстан) Бейсенкулов Аязби К. ф. н., доцент (Казахстан)
Браун Михаил PhD, проф. (США)
Дзялошинский Иосиф Д. ф. н., проф. (Россия) Жакып Бауыржан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Жусупова Алматай К. ф. н., доцент (Казахстан) Ирназаров Кудрат Д. ист. н., проф. (Узбекистан) Корконосенко Сергей Д. полит. н., проф. (Россия) Кара Абдиуакап Д. ист. н., проф. (Турция) Козыбаев Сагимбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Лебедева Татьяна Д. ф. н., проф. (Франция) Нуртазина Роза Д. полит. н., проф. (Казахстан) Омашев Намазалы Д. ф. н., проф. (Казахстан) Ризун Владимир Д. ф. н., проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Казахстан) Сердали Бекжигит К. ф. н., доцент (Казахстан) Тахан Серик Д. ист. н., проф. (Казахстан) Токтагазин Муратбек К. ф. н., доцент (Казахстан) Халилов Абдигани PhD, проф. (Киргизстан)
Ченгел Хулия PhD, проф. (Турция)
Шайхитдинова Светлана Д. филос. н., проф. (Россия)
Шалахметов Гадильбек Академик Международной Евразийской академии телевидения и радио (Казахстан) Шестеркина Людмила Д. ф. н., проф. (Россия)
Шульцман Петр К. н. искуств., доцент (Казахстан) Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев
Ответственный секретарь: Гульжазира Ертасова
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413) E-mail: vest_ [email protected]
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ЖУРНАЛИСТИКА Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК.
Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16995-Ж от 27. 03. 2018 г.
Периодичность: 4 раза в год.
Тираж: 25 экземпляров.
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172) 709-500 (вн.31413)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Мазмұны
ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ
Садықов С. Ұлттық даму мәселелері мен проблемалары «Қазақ әдебиеті»
газетінде ... 8
БАСПА ІСІ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ БАҚ
Тоқтағазин М.Б., Амангелдиева Г.С. Дәстүрлі БАҚ-тың Интернет медиаға көшудегі негізгі құралдары ... 19
БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Білдабекова Ә.Т., Тәжібаев Ғ.Қ. БАҚ және Қазақстандағы цифрландыру жүйесі ... 24 Есенбекова Ұ.М. Саяси коммуникация жүйесіндегі ашық пікір мен шынайы ақпаратқа деген сұраныс ... 32 Кунгурова О.Г., Ермоленко В.С. Спорт имиджін болашақта зерттеудің теориялық аспектілері ... 38 Нурумов К.С., Атанаева М.К., Булдыбаев Т.К., Оспанов У.А., Акоева И.Г.
Жарияланған мәтіндік ақпаратты талдауға негізделген қоғамға әсерді бағалау үшін ақпараттандырудың маңыздылығын кешенді бағалау ... 44
ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС
Молдабаев Х.С. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы PR маманы қызметіндегі 5 негізгі бағыт ... 53
ЖАҢА МЕДИА
Асанов К.Д., Малғаждар А.С. Әлемдiк aқпapaтқa cұpaныc: қaжеттiлiк және қoлжетiмдiлiк ... 63 Булатова М.Б. Қазақстанда инновациялық медианың негізгі функцияларының жүйелік сипаттамалары: коммуникативтік және прагматикалық аспект... 72 Құтым Л.Қ., Есенбекова Ұ.М. Жаңа дәуір медиалары және ақпараттық-психо- логиялық қауіпсіздік мәселелері ... 82
Contents
HISTORY OF JOURNALISM
Sadykov S. The issues and problems of national development in the newspaper
«Кazakh literature» ... 8
PUBLISHING AND INTERNET MEDIA
Toktagazin M.B., Amangeldiyeva G.S. The main tools of transition of traditional media to the Internet media ... 19
MASS MEDIA AND SOCIETY
Bildebekova A.T., Tazhibayev G.K. Media and Digitalization System in Kazakhstan... 24 Yessenbekova U.M. Demand for free opinion and objective information in the system of political communication ... 32 Kungurova O.G., Ermolenko V. S. Theoretical Aspects of Perspective Studying of Sport Image ... 38 Nurumov K.C., Atanaeva M.K., Buldybaev T.K., Ospanov U.A., Akoeva I.G.
Comprehensive assessment of the importance of informative features for assessing the impact on society based on the analysis of published textual information ... 44
PUBLIC RELATIONS
Moldabayev K.S. 5 main areas of work of a PR specialist in health care organizations ... 53
NEW MEDIA
Asanov K.D., Malgazdar A.S. Demand for Worldwide Information: Need and Availability ... 63 Bulatova M.B. System characteristics of the key functions of innovative media in Kazakhstan: the communicative and pragmatic aspect ... 72 Kutym L.K., Esenbekova U.M. Issues of information and psychological safety in modern media resources ... 82
Содержание
ИСТОРИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ
Садыков С. Проблематика и вопросы национального развития в газете «Қазақ әдебиеті» ... 8
ИЗДАТЕЛЬСКОЕ ДЕЛО И ИНТЕРНЕТ СМИ
Тоқтағазин М.Б., Амангелдиева Г.С. Основные инструменты перехода традиционного СМИ в Интернет медиа ... 19
СМИ И ОБЩЕСТВО
Билдабекова А.Т., Тажибаев Г.К. СМИ и система цифровизации в Казахстане .... 24 Есенбекова У.М. Спрос на свободное мнение и объективную информацию в системе политической коммуникации ... 32 Кунгурова О.Г., Ермоленко А.С. Теоретические аспекты перспективного изучения имиджа спорта ... 38 Нурумов К.С., Атанаева М.К., Булдыбаев Т.К., Оспанов У.А., Акоева И.Г Комплексная оценка значимости информативных признаков для оценки влияния на социум на основе анализа публикуемой текстовой информации... 44
СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ
Молдабаев Х.С. 5 основных направлений работы PR-специалиста в организациях здравоохранения ... 53
НОВЫЕ МЕДИА
Асанов К.Д., Малгаждар А.С. Спрос на мировую информацию: потребность и доступность ... 63 Булатова М.Б. Системные характеристики ключевых функций инновационных медиа Казахстана: коммуникативно-прагматический аспект ... 72 Кутым Л.К., Есенбекова У.М. Вопросы информационной и психологической безопасности в современных медиа ресурсах ... 82
ХҒТАР 19.41.41
Ә.Т. Білдебекова1, Ғ.Қ. Тәжібаев2
1Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан
2Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан (E-mail: [email protected], [email protected])
БАҚ және Қазақстандағы цифрландыру жүйесі
Аңдатпа. Мақалада Қазақстандағы цифрландыру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралда- рының қызметі қарастырылған. Тарихта адамзат өркениетін дамытуда бірнеше ақпараттық серпілі- стер болғаны анық. Мәселенің төркіні өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған «ақпараттық қоғам» туралы қазіргі заманғы озық идеядан бастау алды. Аталмыш идея адамзат өркениетінің, ғылымы мен білімінің кешенді де ауқымды өрлеуін, мемлекеттің қоғам- дық-саяси құрылымын жетілдіру мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі орасан зор әлеуетімен көптеген елдердің назарына ілікті.
Қазақстан жаңа дәуірге – цифрлық дәуірге аяқ басты. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Елімізде цифрландырудың негізі болып табылатын ақпарат- тық-коммуникациялық технологияларды енгізудің қолға алынғанына біршама уақыт болды. Шикі- затқа емес, ғылым-білімге, ақпараттық технологияларға негізделетін экономикалық даму үрдісі қа- лыптасып отырған қазіргі кезеңде елдің ақпараттық ресурстарын молайту міндеті қойылып, ол өз шешімін тауып келеді.
Ең маңыздысы – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық және жеделділік қалыптасады. Бұдан шығатын қорытынды: цифрландыру – Қазақстанның болашағы.
Аталмыш бағдарлама ақпарат көшін бастап өркениетке ұмтылған БАҚ саласына зор жауапкершілік пен айқын міндеттер де жүктейтіні аян. Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының қазіргі таңдағы тенденциясы – ақпараттық қоғамға бетбұрыс болып табылады. Әлемдік журналистика жаңа сапа- лық деңгейге-цифрлық теледидар бағдарламалары мен баспасөз өнімдерін өндіруге көшті.
Түйін сөздер: Ақпараттық қоғам, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлан- дыру жүйесі, әлемдік журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-124-3-24-31 Кіріспе. Тарихта адамзат өркениетін дамытуда бірнеше ақпараттық серпілістер болғаны мәлім. Олардың біріншісі – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі.
Екінші серпіліс – баспалардың пайда болуы.Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу нәти- жесінде қалыптасқан телеграф, телефон радио, теледидар секілді тағы басқа ақпарат тарату құралдарының адамзат өмірінен кеңінен орын алуымен ерекшеленеді. Ал, XX ғасырдың соңғы ширегінен басталатын төртінші серпіліс – микро-процессорлы компьютерлік тех- нологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, желілік-ақпараттар технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс бүгінгі дәуір қоғамын ғажайып өзгерістер- ге бастаған негізгі күшке айналуда. Мәселенің төркіні өткен ғасырдың жетпісінші жылда- рында жапон ғалымдары ұсынған «ақпараттық қоғам» туралы қазіргі заманғы озық идея- дан бастау алды. Аталмыш идея адамзат өркениетінің, ғылымы мен білімінің кешенді де ауқымды өрлеуін, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымын жетілдіру мен оның тұрақты
БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ THE MEDIA AND SOCIETY
СМИ И ОБЩЕСТВО
дамуын қамтамасыз етудегі орасан зор әлеуетімен көптеген елдердің назарына ілікті. Әлем социологтары бүл үрдісті адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда. Ақпараттық қоғам талаптарындағы БАҚ туралы сөз қозғағанда әдетте бірнеше қасиеттері туралы айтылады. Біріншісі бұл – дигита- лизация, бұл барлық БАҚ-тың сандық формаға келтірілуі. ...Дигитализация (ағылшынның digitalisation – цифрландыру), яғни аудармасында БАҚ-тың барлық түрдегі – мәтіндік, гра- фикалық, дыбыстық – мазмұнын компьютерге түсінікті сандық форматқа келтіру. Дигита- лизация аталған мазмұнның электронды коммуникация арқылы жеңіл тасымалдануына жол ашады. Нәтижесінде интернет жай ғана компьютерлерді байланыстырушы желіден, өзінің сандық форматының арқасында дәстүрлі БАҚ-та шектеулі әрекеттерді іске асыра алатын негізгі ақпараттық және коммуникациялық ортаға айналады. Бұл бұқаралық ақпарат құрал- дарының сандық технологиялардың медиалық ұйымдардың қызметіне және коммуникация саласына енгізілу тарапынан революциялық технологиялық жаңару кезеңі болды. Дигита- лизация БАҚ түрлері арасында және мазмұнында айырмашылық орната отырып, олардың конвергенциясына жаңа жол ашады [1].
Көтерілген тақырыптың негіздері. Адам миының жаңа табыстары адамзат өмірін электронды технологияның жаңа жетістіктеріне алып келді. Жаңа жетістіктің шыңы – циф- рлы өркениет. Осы үдерістен жаһанның бір де бір елі тыс қала алмайды. Егер оған өзі де атсалыспаса, өзгенің боданында қалатыны, басқаның шылауында кететіні сөзсіз. Тек жа- сампаздыққа ұмтылғандар ғана озық елдер қатарына қосылып, өзгелермен тең дәрежеде алға нық қадам баса алады Алға нық қадам жасауды біздің еліміз де бастап кеткен. «Оның дәлелін алыстан іздемей, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазіргі өрке- ниетті қадамдарын мысалға келтірсем де жеткілікті болар деймін. Бүгінде дүниежүзі жұрт- шылығы Төртінші өнеркәсіптік төңкерістің табалдырығын аттай бастағанына ерекше мән беріп, болашақтағы адамзат роліне жаңаша көзқараспен алға жылжи бастады. Осы жаңа көзқарастар мен ғылыми жаңалықтар тоғысы нәтижесінде әлем халықтары тілінде «ақыл- ды ел» деген тіркес жиі айтылатын болды. Шындығында, бұл тіркес адамзат ойына күні бүгін ғана түскен жоқ, ондай ұғымның өмірге енуі әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл-Фарабиден басталады. Ол осыдан мың жылдан астам бұрын «ізгі қала», «қайырымды қала» деген түсінікті ғылыми айналымға қосқан болатын. Содан бері бұл тіркес өз мәнін жоғалтпаған күйі бүгінгі өркениеттің жаңа бастамаларына дейін келіп, енді «ақылды қала»,
«ақылды халық», «ақылды қоғам», «ақылды әлем» деген ұғымдармен ұштасып отыр. Осы- ларға сабақтаса енді қазақстандықтардың ғана емес бүкіл әлемнің назарын аударған «Циф- рлы Қазақстан» деген жаңа тіркес өмірге енді. Оны енгізген – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», -деп жазды профессор С. Медеубекұлы [2]. Автор мақаласында әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттегі «Е-campus», яғни «Электронды кампус» жо- басының жүзеге асуын аталмыш «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырудың алғышарттары ретінде қарастырады. «Әл-Фарабидің «ізгілікті қала» идеясын заманауи сұраныстармен ұштастыра отырып ақылды да ізгілікті және парасатты университет дең- гейіне көтеру мақсатында «Al-Farabi university – smart city» жобасы қолға алынған болатын.
Бұл жобаның түпкі мақсаты – білімді де білікті, парасатты да қайырымды мамандарды даярлау және тәрбиелеу арқылы интеллектуалды ұлтты қалыптастыруға ықпал ету. Түптеп келгенде «Al-Farabi university – smart city» Жобасының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
– маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған ел- дердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.
Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабыл- дауды тапсырамын» [3]. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Сонау 90-жылдардан бастап мектептерді компьютер- лендіру жұмыстары қолға алынды. 2011 жылдың 18 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назар- баевтың қатысуымен ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісі іске қосылған болатын. Бүгінде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын үй шаруашылықтары- ның саны миллионға жетуге жақын. Цифрлы стандартқа көшкен сәтте, Қазақстанда жер- серіктік жүйе абоненттерінің саны небәрі 6300 болғанын ескерсек, бұл көрсеткіш аталған қызметтің халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Бұл, әсіресе, ауыл тұрғын- дарына қатысты, өйткені, оның абоненттерінің 70 пайызы ауылдық жерлерге келеді. Пре- зиденттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, IT саласына басымдық беріледі. Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал келтіруге болады, ол – «eGov» жүйесі неме- се Қазақстанның электронды үкіметі. Осы жүйенің көмегімен бүгінде азаматтар жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізуде. Құжат рәсімдеу, коммуналдық қы- змет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. Айта кетерлік бір жайт: БҰҰ зерттеулеріне сәйкес, 2016 жылы элек- трондық үкіметтің тиімділігін бағалау бойынша Қазақстан әлемде 33 орынға жайғасыпты.
Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша Қазақстан – «желілік дай- ындық» индексі бойынша 39-шы, «Интернетті пайдаланушылар тығыздығы» бойынша 41- ші, ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы заңнаманың даму деңгейі бойынша 38-ші орында. Елімізде бұл күнде 3 мыңнан астам БАҚ жұмыс істейтін толыққан- ды және бәсекеге қабілетті медиа саласы құрылды [4].
Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар- ламасы іске қосылды. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына за- манда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркени- етті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапа- сын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
Негізгі бөлім. Бағдарламаның ел экономикасына жаңа серпін беретіні анық. Ком- муникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет IT саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.
Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және олар- ды өндіріске тезірек енгізу болып саналады. Елімізде цифрландырудың негізі болып та- былатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің қолға алынғанына біршама уақыт болды. Шикізатқа емес, ғылым-білімге, ақпараттық технологияларға не- гізделетін экономикалық даму үрдісі қалыптасып отырған қазіргі кезеңде елдің ақпарат- тық ресурстарын молайту міндеті қойылып, ол өз шешімін тауып келеді. Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі сайтындағы мәліметтерге сүйене отырып мынадай түйін шығаруға болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасы бойынша, елде 2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында 182 мың адам жұмыс істеуі керек, бұл саланың табысы жалпы ішкі өнімнің 4,9 пайызын құрауы тиіс.
Министрлік төрт жылдан кейін Қазақстанда интернет желісінің пайдаланушылар үлесі 81 пайызға, халықтың цифрлық сауаттылығы деңгейі 81,5 пайызға жетеді деп жорамалдайды.
Иә, бүгінде ақпараттық-коммуникациялық және сандық технологиялар ғаламдық дамудың жолбасшысына айналып отыр. Фантастикалық шығармаларда суреттелетін заттар, адам- ның қатысуынсыз, өздігінен жұмыс істейтін робот-зауыттар, жүргізушісі жоқ «ақылды»
көліктер бүгінде ақиқатқа айналуда. Бұл үдерістерден қазақ елі де шет қалмауы тиіс. Ақпа- рат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өз сөзінде: «біз қазіргі кезде ауқымды цифрлық өзгерістерге қадам басқалы тұрғанымызға ешкім де күмәнданбайды. Егер де осы үдерістен қалмасақ, онда осындай бағдарламаны қабылдаған 15 елдің қатарында боламыз.
Бұл өз кезегінде мемлекетке қажетті шараларды үйлестіруге, жеке бизнеске көмектесуге, цифрландыру бағытын күшейтуге көмектеседі. Ал цифрландыру қандай нәтиже беретінін өздеріңіз жақсы білесіздер, яғни бұл бағытта ашықтық, барлық шығындарды оңтайлан- дыру, рәсімдерді жеделдету, қауіпсіздік секілді негізгі қажеттіліктер қамтамасыз етіледі.
Еліміздің цифрлық саясатын жүзеге асыруға барлық салалар өздерінің үлесін қосатыны- на сенімдімін», деп түйіндеді [5]. Министр «Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумы аясында «ЕАОЭ құрылымын цифрлендіру. «Экономикаға жаңа көзқарас» атты панелдік сессияда жасаған баяндамасында: «Алайда цифрлендіру үдерісін тек қана өңір деңгейінде қарау қателік, оны әлем деңгейінде қарастырған жөн. Форум аясында қандай шешім қа- былданбаса да талқылаулар нәтижесі біздің мемлекетке пайдалы болуы керек. Одақ үдерісі Қазақстанның цифрлендіру үдерісін кенжелетпеуі қажет. Цифрлеуде әр мемлекет әр түр- лі деңгейде, ешкім ешкімді күтпейді. Қазақстанның өз бағдары бар, жолы бар. Қазақстан халқының 47% ауылдық жерде тұратынын ұмытпаған жөн, дәл қазір инфрақұрылымды құрмасақ, бізге оңай болмайды. Екінші ақпараттық-коммуникациялық мамандарды оқы- ту, мұғалімдерді оқыту арқылы креативті қоғамды қалыптастыру мақсаты тұр. Үшінші – экономиканың барлық салаларын цифрлендіру, мемлекеттік органдар қызметін цифрлеуді қолға алдық.Осы жоспарды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның цифрлендірудегі келбеті айтарлықтай өзгереді», – деді.
Бүгінде елімізде ғана бүкіл әлем деңгейінде қуатты цифрлік революцияға тасқы- ны жүріп жатыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын мұндайды елестету мүмкін емес-тін. Циф- рландыру өмірімізді өзгертті: жұмыс, бизнестің бәрі цифрлендіруге бағытталуда, және бұл үдерістер уақыт өткен сайын қарқын алуда. Өмір сапасын жақсарту, технологияларды дамытуда цифрлендіру басты бағыт. Ең маңыздысы – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық және жеделділік қалыптасады. Бұдан шығатын қорытын- ды: цифрландыру – Қазақстанның болашағы. Аталмыш бағдарлама ақпарат көшін бастап өркениетке ұмтылған БАҚ саласына зор жауапкершілік пен айқын міндеттер жүктейтіні аян. Бұқаралық ақпарат құралдары дамуының қазіргі таңдағы тенденциясы – ақпараттық қоғамға бетбұрыс болып табылады. Әлемдік журналистика жаңа сапалық деңгейге-цифр- лық теледидар бағдарламалары мен баспасөз өнімдерін өндіруге көшті. Еліміздің БАҚ-ы да интерактивті теледидар стандарттарын қолдануға қам жасау үстінде, көптеген газет-
көшірілді. Жоба аясында газеттің 1919 жылы 17 желтоқсанда алғаш «Ұшқын» деген ата- умен шыққан кезінен бастап, «Егемен Қазақстанға» дейінгі цифрлы мұрағаты жинақтал- ды. Біріншіден, бұл газет нұсқаларын сақтауға, оны қорғауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тарихи кезеңдер бойынша да ізденушілерге тиімді. Газеттің сайты жаңа форматқа көшіріліп, үш тілде ақпарат тарататын беделді онлайн басылымға айналуда. Осы төңіректе- гі ойларын газет басшысы Д.Қыдырәлі былай деп тарқатты: «Қазақ тіліндегі жаңалықтары- мыз шетелдегі қандас бауырларымызға арналып, латын қарпінде және төте жазумен жарық көруде. Соңғы бір жыл ішінде сайтымызға Франциядан, Қытайдан, АҚШ-тан, Түркиядан, Моңғолиядан мыңдаған адам кірген және олардың қатары тұрақты түрде артып келеді. Осы елдердің бәрінде қазақ диаспоралары бар. Олардың бәрі бірдей кирилл қарпін танымайды, сол себепті біз оларға да тарихи отанының жаңалықтарын өздері оқи алатын әліпбиде жет- кізуіміз қажет. Мемлекеттік саясатты тарататын бас басылым болғандықтан, бұл біздің мін- детіміз. Қазіргі таңда Қытай қазақтары біздің төте жазудағы нұсқамызды белсенді оқиды.
Одан өзге елдердегі бауырларымыз латын қарпіндегі нұсқамызға сүйенеді. Сондықтан ше- телдегі қандастарымызды алтын қазық атамекенімен ақпараттық тұрғыдан байланыстыру
«Егемен Қазақстанның» халықаралық деңгейдегі маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек» [6]. Бас газеттің электронды нұсқасы қысқа уақыттың ішінде еліміздің интернет кеңістігінде көш бастаушы сайттардың біріне айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары да электронды «Егемен Қазақстан» туралы жақсы пікірлер айта бастады. «Егемен Қазақстан»
газетінің электронды нұсқасы Zero.kz рейтингісінде алғашқы отыздыққа кіріп, қазір ең жиі қаралатын елу сайттың ішінде тұрақтады. Басқарма төрағасы «Қамшы.кз» сайтының тілшісіне берген сүхбатында: Ең әуелі, газетімізде IT мамандардың басын қосып, сайтқа толықтай SWOT-талдау жасадық. Ол талдауда сайтымыздың күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ мүмкіндіктері мен қауіптерін қарастырдық. Содан соң, әлсіз жағын күштіге ай- налдырып, қауіптің алдын алуды ойластырдық. Газет аптасына бес рет шығады және оның әрбір нөмірінде отызға жуық мақала бар. Оған тек сайтымызға ғана шығатын жаңалықтар- ды қосыңыз. Енді осының бәрін, сайтымыз 2006 жылдан бері істеп келе жатқандықтан, 11 жылға көбейтіңіз. Өте көлемді контент шығады. Ол контенттің көлемінен бөлек мазмұны мен сипаты да ерекше. Этнография, мәдениет, тіл, білім секілді өлмейтін тақырыптардағы авторлық мақалаларымыз жаңалықтар секілді бір-екі күн қаралумен шектелмей, жыл он екі ай оқырманның назарында болады» –деді [6].
Әлемде ақпараттық технологиялық төңкеріс жүруде. Оның дамуы мен қарқыны орасан зор. Сөзіміз жалаң болмасы үшін 2017 жылғы жарияланған Тафтс Университетінің Флетчер атындағы Мектеп жүргізген «Digital Planet 2017» зерттеуіне көз жүгіртсек:
«Күн сайын барлық әлем бойынша миллиардтаған адамдар идеялармен алмасу, бір-бірімен саудаласу және өзінің отбасымен, достарымен және әріптестерімен байланыста болу үшін интернетті пайдаланады. Google іздеу жүйесі жылына 1.2 триллионнан астам сұратуды өң- дейді, Facebook шамамен 2 миллиард белсенді қолданушыларына ие», - делінген [7].
Елдегі ақпараттық қоғамның ахуалына талдау жасар болсақ. Ол төмендегіше атала- ды. «Зерде Холдингі» АҚ ұсынған деректер бойынша: еліміздегі 6-74 жас аралығындағы халықтың интернетті қолдану үлесі: 2010 жылы көрсеткіш 31,6 пайыз, 2017 жылы 76,8 пайызға жеткен. Эфирлік сандық телерадио өнімдермен қамтылу да ұлғайып келеді. Бұл бағытта ел халқының 77,5 пайызы сандық технологиялық эфирмен қамтылған [8].
IT технологиялардың дамуымен қатар, елдегі барлық газеттер электронды форматқа көшіп жатқаны мәлім. Веб-сайттардың да қатары артқан. Уақыт сәтімен олардың әлеуеті әлі де арта бермек. Қазіргі жаңа технологиялар, инновациялар барлық сала қызметкерлерінің жұмысын оңтайландырып, уақытты үнемдеуге барынша үлес қосуда. Цифрландыру – Қа- зақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жарқын болашағы. Ең маңыздысы – жаңа технологияларға негізделген цифрландыру арқылы ашықтық, жеделділік қалыптасады.
БАҚ жаңа ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты енген жаңа меди- аның (web-02 одан бүгінде web-03) ықпалы күшті болды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дигиталицазия (цифрландыру) ақпарат құралдары түрлері арасында және мазмұнында айырмашылық орната отырып, олардың конвергенциясына жол ашады. Медиадағы кон- вергенция процесінің туындауына мол мүмкіндік берді. Ғылымның өзара сабақтастығы мен ақпараттық технологияның дамуы бұл сөзді медиа саласына да қолданысқа енгізді.
Нәтижесінде «converged journalism» деген ұғым қалыптасты, алайда «convergedjournalist»
(конвергентті журналист) деген тіркестің орнына «мультимедиа журналисі» деп қолданы- лады. Себебі, конвергенция құбылысты түсіндірсе, мультимедиа журналистің осы құбылыс аясындағы ерекшелігін танытады. Ең бастысы – «конвергентті» сөзі «мультимедиа» деген сөздің мағынасын бермейтінін есте ұстағанымыз дұрыс. Өйткені, «конвергентті журнали- стиканы» – әртүрлі ақпарат арнасынан келген жаңалықтың, оқиғаның бір арнаға тоғысуы деп ұғу керек. Түйіндей келе, медиадағы конвергенцияның қалыптасуына ақпараттық тех- нологиялар мен компьютерлік желілер себепші болғанын баса айтқымыз келеді. Сонымен Конвергентті журналистика интернеттің дамуымен байланысты, яғни ақпаратты жеткізу жылдамдығына үлкен өзгеріс енген дәуірде туындап отыр [9].
Қорытынды. Қазақстан жаңа дәуірге – цифрлық дәуірге аяқ басты. Елімізде қарқын алған цифрлы өркениетке ұмтылыс экономиканың, жалпы қоғамның жаңа сипатта дамуы- на серпін берері анық. Әрине, Цифрландыруға көшу бірер күнде шешілетін оңай шаруа емес. «Цифрландыруға көшу және ашықтық қазақстандық медиа үшін оңай шешіле сала- тын мәселе емес. Мемлекеттік тапсырыс та қазір интернетке бет бұрып отыр, нәтижесінде біздің БАҚ жалқауланып, бәсекеге қабілеттілігі төмендеуде, оңай басқарылатын құралға айналып келеді. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тек қазақстандық журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғам үшін үлкен маңызға ие»,-деген баяндамашы Д.Өкіремова- ның пікірімен толық келісеміз [10]. Расында ақпарат пен коммуникация саласында ақпарат- тық технологиялар дамуымен байланысты трансформацияланған жаңа сапалық деңгейге көтерілген БАҚ-ты елестетеді. Бұл дегеніміз – бұқаралық ақпарат құралдары дамуының қазіргі таңдағы тенденциясы – ақпараттық қоғамға бетбұрыс болып табылады. Бүгінде әлемде журналистика жаңа сапалық деңгейге, цифрлық тарату жүйесіне көшті. Ақпарат- тық қоғамда өмір сүріп отырған уақытта еліміздің өркениет көшінен қалып қоймауы ба- сты мақсат. Елбасы Жолдауында айтылғандай шикізатқа негізделген экономикаға емес, ғылымға, инновацияға табан тірейтін экономиканы бағдар етпек. Инновациялық экономи- ка қалыптастыруды ұстанған мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына да қойылатын талапты күшейте түсетіні анық.
Әдебиеттер тізімі
1 Бейсенқұлов А. «Қазақстандық БАҚ-тың жаңа ақпараттық технология негізінде дамуы»:
кандидаттық диссертация авторефераты. - Алматы, 2001. - 30 б.
2 Медеубекұлы С. Алматыдағы ақылды қалашық //«Цифрлы сауаттылық жаңа мүмкіндіктері сапалы журналистика матрицасы ретінде» атты IV халықаралық журналистика және коммуни- кация Қысқы мектебінің әдістемелік жинағы. - Алматы. 9-11-ақпан, 2017 ж.
3 Назарбаев Н. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қа-
ресурс] – URL: - http: Qamhy.kz (13.02. 2018 қаралды).
7 «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоба.
[Электронды ресурс] – URL: https://www.zerde.gov.kz/ (07.06. 2018 қаралды).
8 Еркімбай А. Конвергентті журналистика және мультимедиа / Мультимедиа анықтамалығы - Справочник по мультимедиа - Алматы: «Adal Plus» ЖШС, «SagiNur» баспасы, 2013.- 164 б.
9 Есали А.Х. медиа-құрылтай: Цифрлы технологиялар жетегіндегі журналистика. [Электронды ресурс] – URL: - https://egemen.kz// (20.11.2017 қаралды).
A.T. Бильдебекова1, Г.К. Tажибаев2
1Международный казахстанско-турецкий университет им. Х.А. Ясауи, Туркестан, Казахстан
2Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан
СМИ и система цифровизации в Казахстане
Аннотация. В статье представлены услуги по цифровизации и средств массовой информа- ции в Казахстане. Известно, что в истории человеческой цивилизации было несколько информаци- онных прорывов.Начало данного вопроса было положено с современной идеи об «информационном обществе», предложенной японскими учеными в семидесятых годах прошлого века. Данная идея привлекла внимание многих стран своей огромной возможностью для человеческой цивилизации, комплексного и масштабного развития науки и образования, совершенствования общественно-по- литической структуры государства и его устойчивого развития.
Казахстан вступил в новую эру - эпоху цифровых технологий. Развитие цифровой инду- стрии придаст импульс всем остальным секторам. Прошло некоторое время с момента внедрения информационных и коммуникационных технологий, которые являются основой оцифровки в стра- не. На нынешнем этапе экономического развития, основанного на науке, образовании и информаци- онных технологиях, а не на сырье, задачей является увеличение информационного ресурса страны, и найти решение данного вопроса.
Самое главное, что прозрачность и эффективность создаются путем оцифровки, основан- ной на новых технологиях. Из этого следует, что цифровизация - это будущее Казахстана. Ясно, что эта программа возлагает на СМИ огромную ответственность и определенные обязанности.
Современные тенденции в развитии средств массовой информации обращаются к информацион- ному обществу. Всемирная журналистика перешла на новый качественный уровень - производство цифровых телевизионных программ и пресс-продуктов.
Ключевые слова: информационное общество, информационные и коммуникационные тех- нологии, цифровизация, мировая журналистика, средства массовой информации.
A.T. Bildebekova1, G.K. Tazhibayev2
1K.A. Yasawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan
2L.N. Gumilev Eurasian National University, Astana, Kazakhstan
Media and Digitalization System in Kazakhstan
Annotation. The article presents services on digitalization and mass media in Kazakhstan. It is known that in the history of human civilization there were several information breakthroughs. The beginning of this question was based on the modern idea of the «information society» proposed by Japanese scientists in the seventies of the last century.
This idea attracted the attention of many countries with its great opportunity for human civilization, the comprehensive and large-scale development of science and education, the improvement of the socio- political structure of the state and its sustainable development. Kazakhstan entered a new era - the era of digital technology.
The development of the digital industry will give impetus to all other sectors. Some time has passed since the introduction of information and communication technologies, which are the basis of digitization in the country. At the current stage of economic development based on science, education and information technologies, and not on raw materials, the task is to increase the information resource of the country, and find a solution to this issue.
Most importantly, transparency and efficiency are created by digitization based on new technologies.
From this it follows that digitalization is the future of Kazakhstan. It is clear that this program imposes enormous responsibility on the media and certain responsibilities. Modern trends in the development of the media are turning to the information society. World journalism has moved to a new qualitative level - the production of digital television programs and press products.
Key words: information society, information and communication technologies, digitalization, world journalism, mass media.
References
1 Beisenkulov A. «Kazakstandyk BAK-tyn zhana akparattyk tehnologiya negizinde damuy»: kandidattyk dissertaciya avtoreferaty [Development of Kazakhstani mass media on the basis of new information technologies: cand. thesis] (Almaty, 2001). [in Kazakh]
2 Medeubekuly S. Almatydagy akyldy kalashyk // «Sifrly sauattylyk zhana mumkindikteri sapaly zhurnalistika matricasy retinde» [Smart town in Almaty «New digital literacy opportunities as a quality journalism matrix»] IV halykaralyk zhurnalistika zhane kommunikaciya Kysky mektebinin adistemelik zhinagy. (Almaty. 9-11akpan, 2017.). [in Kazakh]
3 Nazarbaev N. «Kazakstannyn Ushinshi zhangyruy: zhakandyk basekege kabilettilik» atty Kazakstan halkyna Zholdauy [Address to the people of Kazakhstan «Third transformation of Kazakhstan: global competitiveness»], Newspapr: Egemen Kazakstan,10.02.2018. [in Kazakh]
4 Zhanbyrshy Zh. Kol bulgaidy kommunikaciya gasyry [Signs of communication era]. [Electronic resource] - URL: http//www. Kazgazeta.kz (accessed: 12.05.2018) [in Kazakh]
5 Abaev D.Bayandama // Akparttyk Kommunikaciyalar ministrligi resmi saity [Official website of the Ministry of Communication and Information]. – URL: - http: http://mic.gov.kz/kk (accessed: 20.08.2018) [in Kazakh]
6 Kydyrali D. Baspasozdin onlain mediaga karaganda oz artykshylygtary bar [The press has its advantages over online media]. [Electronic resource] Qamhy.kz (accessed: 13.02.2018) [in Kazakh]
7 «Sifrlyk Kazakstan» bagdarlamasy halyktyn al-aukatyn arttyruga bagyttalgan zhoba [The Digital Kazakhstan Program is a project aimed at improving people’s well-being]. [Electronic resource] – URL:
https://www.zerde.gov.kz (accessed: 07.06.2018) [in Kazakh]
8 Erkimbai A. Konvergentti zhurnalistika zhane multimedia / Multimedia anyktamalygy - Spravochnik po multimedia [Converged Journalism and Multimedia / Multimedia Reference]. («Adal Plus» ZhShS,
«SagiNur» baspasy, Almaty, 2013. – 164р.). [in Kazakh]
9 Esali A.H media-kuryltai:Sifrly tehnologiyalar zhetegindegi zhurnalistika [Journalism in digital technology]. [Electronic resource] -URL: https://egemen.kz//20.11.2017 (accessed: 20.11.2017) [in Kazakh]
Авторлар туралы мәліметтер:
Білдебекова Ә.Т. - филология ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ, Б.Саттарханов көшесі 29, Түркістан, Қазақстан.