• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ВЕСТНИК ТОРАЙГЫРОВ УНИВЕРСИТЕТА

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "ВЕСТНИК ТОРАЙГЫРОВ УНИВЕРСИТЕТА"

Copied!
198
0
0

Толық мәтін

(1)

Торайғыров университетінің ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫ

НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ Торайгыров университета

ВЕСТНИК ТОРАЙГЫРОВ УНИВЕРСИТЕТА

Филологическая серия

Издается с 1997 года ISSN 2710-3528

№ 4 (2020)

Павлодар

ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ХАБАРШЫСЫ

Филологиялық сериясы

1997 жылдан бастап шығады

(2)

Вестник Торайгыров университета. ISSN 2710-3528 Филологическая серия. № 4. 2020

НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ ТОРАЙГЫРОВ УНИВЕРСИТЕТА

Филологическая серия выходит 4 раза в год СВИДЕТЕЛЬСТВО

О постановке на переучет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания

№ KZ30VPY00029268 выдано

Министерством информации и общественного развития Республики Казахстан

Тематическая направленность

публикация материалов в области лингвистики, и языкознания Подписной индекс – 76132

https://doi.org/10.48081/WSMU5475 Бас редакторы – главный редактор

Жусупов Н. К.

д.ф.н., профессор

Заместитель главного редактора Анесова А. Ж., доктор PhD Ответственный секретарь Уайханова М. А., доктор PhD

Редакция алқасы – Редакционная коллегия Дементьев В. В., д.ф.н., профессор (Российская Федерация) Еспенбетов А. С., д.ф.н., профессор

Трушев А. К., д.ф.н., профессор

Маслова В. А., д.ф.н., профессор (Белоруссия)

Пименова М. В., д.ф.н., профессор (Российская Федерация) Баратова М. Н., д.ф.н., профессор

Аймухамбет Ж. А., д.ф.н., профессор Шапауов Ә. Қ., к.ф.н., профессор Шокубаева З. Ж., технический редактор

МАЗМҰНЫ

Абылқасов Ғ. Ж.

Ғабдолла Тоқай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров

шығармашылығы арасындағы үндестік ...11 Ажарбекова Э. Н., Мажитаева Ш. М.

Адами қасиеттерді сипаттайтын сөздердің

семантикалық өрісі ...22 Ахтаева Н. Х.

Интернет лингвистикадағы тілдік норма ...37 Ахметова А. Б., Имамбаева Ғ. Е., Шахметова Н. А.

Павлодар облысының 12 жастағы мектеп оқушыларының

ағылшын тіліндегі оқу қабілеті, Қазақстан ...45 Бегманова Б. С.

И. Оразбаев поэзиясындағы Абай дәстүрі ...54 Бегманова Б. С., Сұлтанова Б. М.

Б. Нұржекеұлының «Күтумен кешкен ғұмыр»

романындағы замана бейнесі ...64 Бейсенбаев Г. Б., Танирбергенова Д. Т., Айтказина Т. Д.

Мектеп оқулықтарын жетілдірудің дидактикалық негіздері ...74 Бейсенова Ж. С., Жанибекова Б. Н.

Қазақша жазушылар өнеріндегі жанр

орыс жаңалығының дәстүрлері мәнінде ...83 Дүйсекова К. К., Кенжетаева Г. К., Булатбаева К. Н.

Құрылымы әр түрлі тілдердің фразеологиясын

когнитивтік лингво-мәдени тұрғыдан зерттеу ...93 Елікпаев С. Т., Қапасова Б. Қ.

Қ. П. Мәшһүр-Жүсіп еңбектеріндегі

тәуелсіз – ұлттық зерттеу мен пайым ...103 Ерғалиев Қ. С.

Жануарлар төлдері атауларымен берілетін

қаратпалардың аударылуы ...113 Есіркепова К. Қ., Қанапина С. Ғ.

Көркем мәтіндегі символдардың

мәдени-танымдық мазмұны ...122 Жаксыликова К. Б., Үдербаев А. Ж.

Геодезия терминдерінің аббревиация

тәсілі арқылы жасалуы ...133 Жақып Б., Мукушева Қ. С., Түсіпбаева М. Б.

Абай поэзиясының көркемдік көкжиегі ...145 Жанұзақова Қ. Т., Дүйсенбек А.

Б. Майлин прозасындағы көркемдік шындық ...154 Жүсіпов Н. Қ., Баратова М. Н.

Мәшһүр Жүсіптің мәдени мұрасы...166

За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов

При использовании материалов журнала ссылка на «Вестник Торайгыров университет» обязательна

© Торайгыров университет

(3)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

Жұмабекова А. Қ., Ауелбекова А. Е.

Ғылыми дискурстың баламалылығына

жету аспектілері ...173

Искакова Г. Ж. Көркем мәтінде автор модалдылығының берілу жолдары ...184

Канапьянов Қ. Н., Белгібаева Қ. Қ. Өңірлік баспасөз дизайны: қалыптастыру мәселелері ...196

Кожбаева Г. К. Сапалы мультимәдени әдебиеттің ерекше белгілері және оның алуан түрлілік қоғамдағы рөлі ...204

Куребаева Г. А., Искакова М. О., Куребаева Г. А. Эмоция тілдік қарым-қатынаста гендерлік фактор ретінде ...216

Құрманғожаева Э. С., Сүтжанов С. Н., Құралқанова Б. Ш. Бернияз шығармашылығындағы символизм элеметтері ...227

Какуля Ж. М., Джантасова Д. Д. «Концепт» термині ...236

Мейрамова С. А. Студенттерге грамматиканы шет тілі ретінде контексте және дискурсивті тәсілмен оқыту ...244

Новосёлова Е. А., Иост О. А. Павлодар Ертiс өңiрiнiң қазiргi орыс тiлдi поэзиясы мәселесi туралы ...253

Оразханова М. И., Ерғалиев Қ. С., Ерғалиева С. Ж. Киім-кешекке қатысты этнографизмдердің аударылуы ...265

Оспанов С., Мырзағалиева К. А. Құнанбаев – саз аспаптарын жинаушы, тұңғыш музыка сыншысы ...276

Оспанова Б. Б., Маняпова Т. К. Көптілділік: интерференцияны еңсеру мәселелері ...285

Попандопуло М. П. Жаяу Мұсаның шығармашылығы мысалында театр қойылымдарындағы музыкалық драматургияның рөлі ...296

Рақымжан О. Қ., Шалабай Б. С. Жүнісов тілдік тұлғасының когнитивтік деңгейі ...302

Сағындықұлы Б., Сәкенова Г. Қазақ тіліндегі өрнекті сөйлемдер синтаксисі ...313

Цветкова А. Д., Толокольникова Н. И. Ұлы Отан Соғысы туралы ауызша әңгіме-естеліктердің идеялық-тақырыптық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері ...324

Шакенова M. T., Ташимханова Д. С., Попович О. А. Қазіргі дискурстағы «Манипулятивтілік» концепті ...337

Ысқақұлы Д. Абайды абайлайық ...351

Авторлар туралы ақпарат ...365

Авторларға арналған ережелер ...383

Жарияланым этикасы ...394

(4)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

7

СОДЕРЖАНИЕ

Абылкасов Г. Ж.

Гармония в творчестве Габдулла Тукай

и Султанмахмута Торайгырова ...11 Ажарбекова Э. Н., Мажитаева Ш. М.

Семантическое поле слов, характеризующих

человеческие качества ...22 Ахтаева Н. Х.

Языковые нормы в интернет лингвистике ...37 Ахметова А. Б., Имамбаева Ғ. Е., Шахметова Н. А.

Навыки чтения на английском языке у 12-летних школьников

Павлодарской области, Казахстан ...45 Бегманова Б. С.

Традиция Абая в поэзии И. Оразбаева ...54 Бегманова Б. С., Султанова Б. М.

Образ времени в романе

«В ожидании» Б. Нуржекеулы...64 Бейсенбаев Г. Б., Танирбергенова Д. Т., Айтказина Т. Д.

Дидактические основы совершенствования

школьных учебников ...74 Бейсенова Ж. С., Жанибекова Б. Н.

Жанры в художественном творчестве казахских писателей в контексте

традиций русского романа ...83 Дуйсекова К. К., Кенжетаева Г. К., Булатбаева К. Н.

Когнитивно-лингвокультурологическое

исследование фразеологии разноструктурных языков ...93 Еликпаев С. Т., Капасова Б. К.

Независимое национальное исследование

и видение в трудах К. П. Машхур-Жусупа ...103 Ергалиев К. С.

Перевод слов-обращений с названиями

детëнышей животных ...113 Есиркепова К. К., Канапина С. Г.

Культурно-познавательное содержание символов

в художественном тексте ...122 Жаксыликова К. Б., Удербаев А. Ж.

Образование терминов геодезии способом аббревиации ...133 Жакып Б., Мукушева К. С., ТусупбаеваМ. Б.

Художественный горизонт поэзии Абая ...145 Жанузакова К. Т., Дуйсенбек А.

Художественная правда в прозе Б. Майлина ...154

Жусупов Н. К., Баратова М. Н.

Культурное наследие Машхур Жусипа ...166 Жумабекова А. К., Ауелбекова А. Е.

Аспекты достижения эквивалентности

научного дискурса ...173 Искакова Г. Ж.

Средства выражения авторской модальности

в художественном тексте ...184 Канапьянов К. Н., Бельгибаева К. К.

Дизайн региональной прессы: проблемы становления ...196 Кожбаева Г. К.

Критерий качества мультикультурной литературы

и ее роль в обществе многообразия ...204 Куребаева Г. А., Искакова М. О., Куребаева Г. А.

Эмоция как гендерный фактор в языковом общении ...216 Қурмангожаева Э. С., Сутжанов С. Н., Куралканова Б. Ш.

Элементы символизма в творчестве Бернияза ...227 Какуля Ж. М., Джантасова Д. Д.

Термин «Концепт» ...236 Мейрамова С. А.

Обучение грамматики учащимся как иностранного

в контексте и с помощью дискурсивного подхода ...244 Новосёлова Е. А., Иост О. А.

К вопросу о современной русскоязычной

поэзии Павлодарского Прииртышья ...253 Оразханова М. И., Ергалиев К. С., Ергалиева С. Ж.

Перевод этнографизмов применительно к одежде ...265 Оспанов С., Мырзагалиева К.

А. Кунанбаев коллекционер музыкальных инструментов,

первый музыкальный критик ...276 Оспанова Б. Б., Маняпова Т. К.

Полиязычие: вопросы преодоления интерференции ...285 Попандопуло М. П.

Роль музыкальной драматургии в театральных

постановках на примере творчества Жаяу Мусы ...296 Рақымжан О. Қ., Шалабай Б.

Когнитивный уровень в языковой личности С. Жунусова ...302 Сагындыкулы Б., Сакенова Г.

Синтаксис «узорных» предложений в казахском языке ...313 Цветкова А. Д., Толокольникова Н. И.

Идейно-тематическое содержание и художественные особенности устных рассказов-воспоминаний

о Великой Отечественной Войне ...324

(5)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

CONTENT

Abylkasov G. Zh.

Harmony between the works of Gabdully Tokay

and Sultanmakhmut Toraigyrov ...11

Azharbekova E. N., Mazhitaeva S. M. Semantic field of words that characterize human qualities ...22

Akhtayeva N. H. The language norms in the Internet linguistics ...37

Аkhmetova A. B., Imambayeva G. E., Shakhmetova N. A. English proficiency reading skills at the age of 12 in Pavlodar region, Kazakhstan ...45

Begmanova B. S. Abai tradition in the poetry of I. Orazbaev ...54

Begmanova B. S., Sultanovа B. M. The image of time in the novel «In waiting» by B. Nurzhekeuly ...64

Beisembaev G. B., Tanirbergenova D. T., Aitkazina T. D. Didactic basics improvement of school textbooks ...74

Beisenova Zh. S., Zhanibekova B. N. Genre in the art of kazakh writers in the context Russian novel traditions ...83

Duisekova K. K., Kenzhetayeva G. K., Bulatbayeva K. N. Сognitive and linguistic-cultural research of phraseology in multistructural languages ...93

Yelikpaev S. T., Kapasova B. K. Independent national research and vision in the works of K. P. Mashhur-Zhusup ...103

Yergaliyev K. S. Translation of words-references with the names of baby animals...113

Esirkepovа K. K., Kanapina S. G. Cultural and cognitive content of symbols in a literary text ...122

Zhaxylikova K. B., Uderbayev A. Zh. Formation of geodesy terms by abbreviation ...133

Zhakup B., Mukusheva K. S., Tusupbaeva M. B. Artistic horizon of Аbay’s poetry ...145

Zhanuzakova K. T., Duysenbek A. Artistic truth in B. Mailin’s prose ...154

Zhussupov N. K., Baratova M. N. Cultural heritage of Mashkhur Zhussip ...166

Zhumabekova A. K., Auyelbekova A. Y. Aspects of achieving the equivalence of scientific discourse ...173

Iskakova G. Zh. Means of expressing the author’s modality in literary text ...184

Шакенова М. Т., Ташимханова Д. С., Попович О. А. Концепт «Манипулятивность» в современном дискурсе...337

Искакулы Д. Быть осторожным в отношении Абая...351

Сведения о авторах ...365

Правила для авторов ...383

Публикационная этика ...394

(6)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

11 Kanapyanov K. N., Belgibaeva K. K.

Regional press design: problems of formation ...196

Kozhbayeva G. K. Defining characteristics of high-quality multicultural literature and its role in diverse society ...204

Kurebayeva G. A., Iskakova M. O., Kurebayeva G. A. Emotion as a gender factor in language communication...216

Kurmahgozhaeva I. S., Sutzhanov S. N., Kuralkanova B. Sh. Elements of sembolism in the work of Berniyaz ...227

Kakulya Zh. M., Jantassova D. D. The term «Сoncept» ...236

Meiramova S. A. Grammar teaching of EFL learners in context and through discourse approach ...244

Novossyolova Ye. А., Iost О. А. To the question of modern Russian language poetry of Рavlodar region ...253

Orazkhanova M. I., Yergaliyev K. S., Yergaliyeva S. Zh. Translation of ethnographisms in relation to clothes ...265

Ospanov S., Myrzagalieva K. A. Kunanbayev collector of musical instruments, first music critic ...276

Ospanova B. B., Manyapova T. K. Multilingualism: issues of overcoming interference ...285

Popandopulo M. P. The role of the musical dramaturgy in theatrical productions as an example of creativity Zhayau Musa ...296

Rakymzhan О., Shalabay В. Cognitive level in the linguistic personality of S. Zhunissov ...302

Sagyndykuly B., Sakenova G. Syntax of patterned sentences in Kazakh language ...313

Tsvetkova A. D., Tolokolnikova N. I. Ideological and thematic content and artistic features of oral stories-memoirs of the Great Patriotic War ...324

ShakenovM. T., Tashimkhanova D. S., Popovich O. A. The concept of «Manipulativeness» in modern discourse...337

Iskakuly D. «Caring for Abai»: response to critisim in Аbai’s defence ...351

Information about the authors...365

Rules for authors ...383

Publication ethics ...394

ҒТАМР 17.82.30

https://doi.org/10.48081/DAQB7928 Ғ. Ж. Абылқасов

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қ.

ҒАБДОЛЛА ТОҚАЙ МЕН СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК

Мақалада бауырлас қазақ және татар халықтары өкілдерінің әдебиетіндегі өзара ықпалдастығы қарастырылған. Қазақ әдебиетіндегі Абай Құнанбайұлының орны қандай болса, татар әдебиетіндегі Ғабдолла Тоқайдың да орны дәл сондай деп айтуға болады. Татар әдебиетіндегі бас ақын, ұлы тұлға болып саналатын Ғабдолла Тоқай шығармашылығының ежелден бері бауырлас, тамырлас болып келе жатқан тарихи, мәдени, әдеби қарым-қатынастардың нәтижесінде тек татар әдебиеті ғана емес, басқа да түркі тілдес халықтар әдебиетіне қосқан үлесі жайлы және қазақ әдебиетіндегі сол кезеңдегі белгілі тұлға С. Торайғыров шығармашылығы атап көрсетіліп, оның еңбегіне сипаттама берілген. Туындылары тамырлас Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Ғабдолла Тоқай шығармашылығына тереңдеп талдап-зерттеу үшін ең алдымен екі халық әдебиетінің тарихи тамырластығын, өзара ықпалдастығын, дәстүр жалғастығын танып білудің маңызы зор. Ғабдолла Тоқайды өзіне үлгі тұтқан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығындағы үндестікке қоса, тағдыр жолы да аса ұқсас екендігі де айқындай отырып, екі ақынның тағдырлас қиын өмірі жайлы баяндалады. Осыған орай қазақ және татар әдебиеттерінің өзара байланысын дамытуға зор үлес қосқан Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбегіне тоқтала отырып, оның шығармашылығын жаңа заманға сай насихаттау қажеттігі жайлы баяндалады. Мақаланың негізі мәні осы болып табылады.

Кілтті сөздер: мол мұра, Тоқайша жазу, жырлау, әдеби байланыстар, көңілдегі күн, қарым-қатынастар.

Кіріспе

Татар халқының бас ақыны Ғабдолла Тоқай небәрі жиырма жеті жас жасап, өмірден ерте кеткенімен, туған халқына, барша адамзатқа үлгі-өнеге, рухани

(7)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

азық боларлық мол мұра қалдырып кеткен талантты тұлға. Өз замандастарынан таланты басым ақын қазіргі заманғы татар әдебиетінің негізін қалап, тарихтағы өзінің орнын ойып тұрып ала алды. «Әрбір халықтың көркемдік даналығын, рухын неғұрлым толық таныта алатын ақындар болады. Мәселен, өзбектер Науаи, түрікмендер Мақтымқұлы, қазақтар Абай, қарақалпақтар Бердақ, қырғыздар Тоқтағұл есімі мен еңбегін ерекше қастерлеп, ардақ тұтатыны белгілі. Ал туысқан татар халқы өзінің сан ғасырлық әдебиет тарихындағы әйгілі ақын-жазушыларының ішінен біріншілік тәжін Ғабдолла Тоқайға береді.

Өмірден қиыншылық қыспағын көріп, небәрі жиырма жеті-ақ жыл жасаған ақынның мұншама биік мәртебеге ие болуы – сирек құбылыс», – деп атап көрсетеді академик Рақманқұл Бердібай [1, 79 б.].

Зерттеудің нысаны: Ғ. Тоқай мен С. Торайғыров шығармаларындағы үндестік

Зерттеудің пәні: қазіргі кездегі салыстырмалы әдебиет

Мақсаты: Ғабдолла Тоқайдың ғұмыры мен шығармашылығына үндес қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. Осыған орай екі ақын шығармашылығын қарастыра отырып, олардың қазақ-татар әдебиетіне, мәдениетіне, философиясына қосқан еңбектеріне баса назар аудару.

Міндеттері:

– ақындар шығармаларындағы үндестікті қарастыру, салыстыру, анықтау;

– жекелей еңбектеріне тоқталу.

Әдістеме

Зерттеу барысында жүйелілік-құрылымдық, тарихи-типологиялық, салыстырмалық-ұластырмалық әдістер қолданылды. Жүйелілік-құрылымдық әдістің көмегімен татар және қазақ әдебиеттерінің көрнекті өкілдері Ғ. Тоқай мен С.Торайғыров шығармаларындағы өраза ұқсастықтарының генезисіне талдау жасалды. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әлемдік әдебиеттану ғылымының дәстүрлі және заманауи талдау, зерттеу әдістері тиісінше қолданылған болып табылады.

Татар әдебиетін мазмұндық, формалық тұрғыда жаңа сатыға көтерген Ғабдолла Тоқай шығармашылығы барша түркі халықтары қаламгерлеріне, соның ішінде қазақ ақын-жазушыларына үлкен әсер етті. Бұл кезде татар әдебиеті зор биікке көтеріліп, Еуропалық білім-ғылым жүйесімен үндесуі – орта ғасырлық білім жүйесіндегі өзге түркі халықтарына барынша үлгі-өнеге болғаны анық. Сол себептен де, ХХ ғасырдың басы татар мәдениеті мен әдебиетінің түркі әлеміндегі авангардтық сипатта болғаны белгілі. Сондықтан да қазақтың жас ақындары мен өзге де білім-ғылым қуған зиялылары татардың әдебиетінен, мәдениетінен, ғылым-білімінен үйренді, оларды үлгі тұтты. Бұл турасында қазақ әдебиетінің ірі өкілдері әр кезеңде лайықты бағасын берген

болатын. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, академик ғалым Сәбит Мұқанов былай деген екен: «Ғабдолла Тоқай, Ғалымжан Ибраһимов, Мәжит Ғафури, Ғалиасқар Камал, Фатиз Әмірхан, Ғафур Құлахметов сияқты үлкен жазушылар идея және көркемдік шеберлік жағынан қазақ ақын-жазушыларының бүкіл бір буынына әсерін тигізді» [2, 75 б.].

Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы қазақ ақындарына үлгі болғаны соншама, «Тоқайша жазу», «Тоқайша жырлау»

деген ұғымдар қалыптасып, Тоқай өлеңдерінің идеясы, мазмұны, формасы анық аңғарылатын өлеңдер көптеген қазақ ақындары шығармашылығынан орын алды. Олардың қатарында Сәбит Дөнентаев, Әкрам Ғалымов, Бернияз Күлеев, Тайыр Жомартбаев сияқты талантты қазақ қаламгерлері болды.

Жоғарыда аты аталған қаламгерлермен қатар, қазақтың ағартушылық бағыттағы ақындары, ХХ ғасырдың басынан әдебиет әлеміне келген жастар тобын құрайтын шығармашыл тұлғалар Жақан Сыздықұлы, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов т.б. ақындар татар классигі Ғабдолла Тоқай өлеңдерін үлгі тұтып, оларды қазақ тіліне аударды. Бұл кезде қазақ жазба әдеби тілі де қалыптасу үстінде болатын. Қазақтың жаңа дәуір әдебиеті негізін қалаушылардың бір тобы татар мәдениеті үлгісіндегі медреселерден білім алып, татар тілі мен әдебиеті, мәдениетімен жете таныс болғандықтан да, ҒабдоллаТоқай шығармашылығы оларға етене әрі үндес болған деп білеміз.

Ғабдолла Тоқайдың ғұмыры мен шығармашылығына үндес қазақ ақындарының бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. «С. Торайғыров ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының арасында ерекше орын алатын өз уақытының дарынды өкілі. Ол Қазақстанның әдебиетіне, мәдениетіне, философиясына баға жетпес еңбек сіңіріп, белгілі қоғамдық-саяси, еркіндік пен халықтың бақыты үшін күрескен қайраткер» [3, 179 б.].

Сұлтанмахмұттың татар және шығыс әдебиетіне бойлап, шығармашылық қыры ашыла түсуіне жоғарыда атап өткен Мұқан молда берген тәлімінің игі ықпалы тиіп, оның болашақта ақын ретінде қалыптасуына зор әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молдадан сабақ алу кезіндегі, бұл молланың тым қаталдығы, өзін еркін ұстап, алуан түрлі өлең шығарғаны үшін жаза жүктеп, қол тигізуінің салдарынан Сұлтанмахмұт шығармашылығында ислам діні мен оның қызметкерлері молдалар жайлы барынша сыни көзқарас қалыптасуға негіз болды деп айта аламыз.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығында да «Тоқайша жазу» үлгісі айқын көрініп тұратындығы – екі ақынның өлеңдеріндегі өзара үндестіктің дәлелі. Бұл жерде ескерте кетерлігі, Сұлтанмахмұт Торайғыров Ғабдолла Тоқайдың жыр жазу үлгісінен шыға алмады деген ой туындамауы қажет деп білеміз. Ұлттық қаламгердің шығармашылығы ұлттың танымдық ойлау жүйесі аясында қалыптасып, өлеңдерінде көрініс

(8)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

15

табатынын ескерсек, бір тақырыпты жырлағанның өзінде, әр ұлттың өзіндік көркемдік таным сипаты ерекшеленіп, көзге ұрып тұратыны белгілі. Бұл – Ғабдолла Тоқай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылықтарына да тән.

Бұған ғылыми жұмысымызда арнайы тоқталатын боламыз.

Екі ақынның шығармашылығындағы үндестіктің ең үлкен көрінісі – олардың өмірлік ұстанымдарында жатыр деп білеміз. Ресей патшалығының отарлық езгісіне ұшырап, бодандық халді кешіп жатқан туған халқының бостандығы мен жарқын өмірі жолында қызмет етуді екі ақын да өздеріне қасиетті борыш санайды. Мұндай мемлекетшілдік сана, патриоттық сезім Ғабдолла Тоқай өлеңдерінің көбіне тән және қаламгер шығармашылығындағы халықтық сипат дегеннің өзі осы болып табылады. Ғабдолла Тоқайдың

«Мақсат» атты өлеңінде халықшылдық сипат, елге қызмет етуге деген қастерлі парыз былайша берілген:

«Қайткeндe дe халқымды мeн шығарамын ұшпаққа», – Дeп oйласам, мына тірлік алар мeні қыспаққа.

«Басыңды ій, тізeңді бүк, сөзді тыңда, құп алып,

Дeйді тірлік, – сeндeйлeргe салғанбыз біз бұғалық!» [6, 18 б.]

Ұлт мұраты жолындағы қызметтің жолы қай ұлттың баласы үшін де, әсіресе отарланған, бағынышты ұлттың азаткер ұландарына ешқашан оңай болмаған. Ғабдолла Тоқай мұны анық сезіне отырып, осынау ауыр жолдағы қиындықтарға төзуге белді бекем буғанын, осы жолда қандай кедергілер мен қиындықтарды бастан кешсе де берілуге, жеңілуге болмайтынын түсініп, өзін өзі қайраттандырады:

Бірақ та мeн бeрілмeймін қасірeткe, күйіккe,

Мeнің oрным жoғарыда, мeнің oйым биіктe! [6, 18 б.]

Тек биік мұраттарға ұмтылғанда ғана, ұлттың жолында жасалған еңбек, жанкешті тірліктің түпкі нәтижесі қайырлы болмақ екендігін Ғабдолла Тоқай да, Сұлтанмахмұт Торайғыров та сезгендей. Екі ақынның өмір жолы мен қызметінен біз осыны көреміз. Отаршылдық дәуірді туған халқының төбесінен басқан қараңғылыққа теңеген Ғабдолла Тоқай осы түнекті сейілтіп, татар милләтінің аспанында күн болып жарқырасам дейді:

Мeн eлімді eл қылмасам, eл қылмасам кім бoлам?!

Аспандағы күнің eмeс, көңілдeгі күн бoлам! – Бұл өмірдe күліп-oйнап жігіт өтeр, қыз өтeр,

Сoның бәрі маған қарап сағаттарын түзeтeр! [6, 18 б.]

Ал қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров болса қазақтың қараңғы көгіне күн болуды армандайды. Ғабдолла Тоқайдың «көңілдегі күні», Сұлтанмахмұтта

«қараңғылықтың кегіне бола жарқырар күн», яғни екеуінде екі түрлі қолданыс болғанымен, мағынасы бір. Сұлтанмахмұт Торайғыров былайша жырлайды:

Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам? [7, 25 б.].

Қазақ тілінің заманауи лингвистикалық негіздемесін ғылыми тұрғыда жасаған – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов болатын. «Тіл – ұлттың жаны».

Өз ұлтының жанын ұлт ақыны жанындай сүйеді. Татар халқының ақыны Ғабдолла Тоқай туған тілі туралы былай деп толғанады:

Туған тілім, тумай жатып табысқан, Сeн арқылы әкe-шeшeм танысқан.

Туған тілдe анам сырын шeртeді, Oсы тілдe әжeм айтар eртeгі.

Сoнау, сoнау бeсіктeгі кeзімнeн Сeн арқылы қайғы-мұңды сeзінгeм.

Ана тілдe жалбарынам: «Құдайым,

Ата-анама саулық бeр!» – дeп ұдайы [6, 43 б.].

Ал қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров Тоқай жырындағы осы екі шумақтағы ана тілі жайындағы ойларды «Сүйемін, туған тілді, анам тілін»

атты өлеңінде ұлттық таным көкжиегі арқылы былайша өрбітеді.:

«Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім [7, 51 б.].

Троицкіде медреседе оқыған жылдары мен «Айқап» журналында қызмет істеп жүрген кезінде ақынның жазған дүниелері бұған дейін, ел ішінде жүріп жазған өлеңдері мен өзге де туындыларына қарағанда, анағұрлым өресі биік екендігін аңғаруға болады. Сондай-ақ, ақынның тілдік қолданысында орыс және татар тілінің қолданыстық сөздері ене бастағандығын да көреміз. Мысалы, бек, ғафу, бәліш, милләт, мәтбуғат, хашия, жәдит т.б. сөздерді атауға болады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Ғабдолла Тоқайдың өзара үндестігі туралы қарастырғанда, олардың туған халқы туралы ойларына тоқталмай өту мүмкін емес. Ғабдолла Тоқай татар халқының езгіге ұшыраған халін көптеген өлеңдеріне арқау етті. Азаттыққа қол жеткізген немесе өзінің дара кәсіпшілігімен ерекшеленген халықтар сияқты, өзінің татар халқы да басқалармен иық тірестіріп, алда жүрсе дейді. Атап айтқанда, «Қасиет»

өлеңінде ақын түрлі халықтар жайында алуан мәліметтерге толы көптеген жайларды келтіруге болатындығын мысалға алады:

...Түрік жайлы «Қуатты!» дeп айтамыз, Нeміс жайлы «Ұлығатты!» дeп айтамыз.

Саха жайлы салар бoлсақ ақылға,

(9)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

Айтамыз біз бұғылары хақында.

Айтар бoлсақ қытайлардың жайларын, Eскe аламыз жұпар иіс шайларын.

Сөйлeр бoлсақ французға бeрілe, Бағалаймыз өнeрлі дeп, сeрі дeп.

Айтар бoлсақ ағылшындар әулeтін, Сөз қыламыз іскeрлігін, дәулeтін [6, 85 б.].

Бұл аталған халықтардың барлығы да өз әлемінде өмір сүретін үлкенді- кішілі халықтар екендігін ерекшелей, соларға сырттай қызыға қараған ақын өз халқының тірлігіне көңілі толмайтындығын былайша білдіреді:

Күлкісі жoқ, шынында да күлмeйсің, Татар жайлы нe дeріңді білмeйсің! [6, 85 б.].

Татар халқы – өзінен туып-шыққан классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың көңілі толмай тұрғаны болмаса, еуропалық мәдениетпен өзге түркі, мұсылман халықтары арасында ерте араласқандарының бірі болатын. Ғабдолла Тоқай осылайша, өз халқының бойындағы әлдеқалай мінез-қылыққа көңілі толмай намыстанса, бұл қалып-күй қазақтың бас ақыны Абайдан бастап, Сұлтанмахмұт Торайғыровқа дейінгі қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның да жазбаларында анық көрініс тауып жатқаны да шындық.

Мұндай өлеңдер Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығында бірнешеу.

Солардың бірі «Анау-мынау» өлеңінде Сұлтанмахмұт қазаққа татар халқын өнеге етеді. Татар жұртын қазаққа мұндай өнегелеу Абайдың қара сөзінде де бар екендігін ескереміз. Сұлтанмахмұт Торайғыров былайша толғайды:

Анау қырда татар тұр, Басқалармен қатар тұр.

Мынау ойда қазақ тұр, Қастарында азап тұр.

Ұйқысы көп, ояу аз Бұл не деген ғажап тұр?

Бұл ұйқысын ашпаса, Надандықтан қашпаса, Басқаларға мазақ тұр [7, 67 б].

Екі ақынның да ұлт алдындағы парызды сезінуі – ұқсас. Екеуі де: «Туған халқым мені ұлым деп бағаласа болды», – деген ойды айтады. Ғабдолла Тоқайдың патриотизм тақырыбында жазылған «Ұлтыма» атты өлеңінде мынадай жолдар бар:

Сeн санасаң бoлды мeні бұл өзімнің ұлым дeп,

Ұлы бoлмақпын мeн, бoлмақпын мeн түбіндe! [6, 125 б]

Ақын өзінің туған халқы татарлары өзін етене жақсы көріп, шығармаларын жүрегіне жеткізе оқыса, болашақта өзінің ұлт тарихындағы

ұлы ақын боларына анық сеніммен қарайды. Сондықтан да туған елі, оның тілі мен ділі үшін қызмет етуді азаматтық асыл парызы екендігін айтады. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған еліме» өлеңінде, қалың елі қазағының өзінен үміт күтетінін, сол үмітін ақтауға тырысатынын айтады:

Үміт қып менен қарайсың, Көңіліңе медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың [7, 141 б].

Зерттеу нәтижелері

Қазақ және татар әдебиеттерінің көрнекті өкілдері Ғ. Тоқай мен С.Торайғыров шығармалары арасындағы өзара байланысы туралы зерттеу барысында біз мыналарды анықтадық:

– қазақ пен татар халықтары әдебиетінің өзара байланысы тым ерте дәуірлерге кетеді және оны посткеңестік дәуірде жаңа қағидаттар тұрғысында кең көлемде зерттеудің маңызы зор екендігін;

– татар әдебиетінің көрнекті өкілі Ғ. Тоқай ХХ ғасыр басына дейін өзге түркі халықтары әдебиетіне авангардтық тұрғыда зор үлгі болғанын бүгінгі зор табысқа жеткен бауырлас халықтар әдебиеттері бағалай отырып, қазақ әдебиеті өкілдері шығармашылығына әсер еткендігі;

– қазақстандық татарлар жасаған әдебиеттің көрнекті өкілдері шығармаларының көркемдік ерекшелігін ашып көрсету, жалпы жұртшылыққа таныту – өзара бауырластық пен ұлтаралық татулық, келісімді нығайтудың бір қағидаты екендігін.

Нәтижелерді талқылау

Татар әдебиетін мазмұндық, формалық тұрғыда жаңа сатыға көтерген Ғабдолла Тоқай шығармашылығы барша түркі халықтары қаламгерлеріне, соның ішінде қазақ ақын-жазушыларына үлкен әсер етті. Бұл кезде татар әдебиеті зор биікке көтеріліп, Еуропалық білім-ғылым жүйесімен үндесуі – орта ғасырлық білім жүйесіндегі өзге түркі халықтарына барынша үлгі-өнеге болғаны анық. Сол себептен де, ХХ ғасырдың басы татар мәдениеті мен әдебиетінің түркі әлеміндегі авангардтық сипатта болғаны белгілі. Сондықтан да қазақтың жас ақындары мен өзге де білім-ғылым қуған зиялылары татардың әдебиетінен, мәдениетінен, ғылым-білімінен үйренді, оларды үлгі тұтты. Бұл турасында қазақ әдебиетінің ірі өкілдері әр кезеңде лайықты бағасын берген болатын. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, жазушы, академик ғалым Сәбит Мұқанов былай деген екен: «Ғабдолла Тоқай, Ғалымжан Ибраһимов, Мәжит Ғафури, Ғалиасқар Камал, Фатиз Әмірхан, Ғафур Құлахметов сияқты үлкен жазушылар идея және көркемдік шеберлік жағынан қазақ ақын-жазушыларының бүкіл бір буынына әсерін тигізді» [2, 75 б.].

(10)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

19

Қорытынды

Екі ақынның шығармашылығындағы көптеген ұқсастықтар бар екенін мүмкіндігінше талдап көрсеткен болатынбыз. Солардың ішінде екі ақынның, шығармашылығындағы мазмұн мен идея тұрғысындағы ұқсастық қана емес, көптеген өлеңдерінің тақырыптары де өзара ұқсас екендігін атап көрсеткен дұрыс болмақ. Бұл тұрғыда бірінші берілгені – Ғабдолла Тоқайдыкі, екіншісі – Сұлтанмахмұт Торайғыровтыкі: «Туған еліме» – «Туған елім», «Достарға бір сөз» – «Досыма хат», «Көк сиыр» – «Көк өгіз», «Тұрмыс» – «Тұрмысқа»,

«Әне-міне» – «Анау-мынау», «Алданған татар қызына» – «Шал алған қыз»,

«Түс» – «Түсімде», «Сүтке түскен тышқан» – «Арыстан мен тышқан».

Анық байқалатын бір жағдай: Ғабдолла Тоқай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері арасында мазмұндық, идеялық, тақырыптық тұрғыда ғана емес, сөз қолданыстық тұрғыда да көптеген үйлестіктер барын айтып өткен жөн. Бұл дағы өзара үндестіктің бір сипаты болса керек. Қазақ

«қамшының сабындай», «жалт еткен бес күндік дүние-жалған» дейтін мынау тірлікте татар дәмдерінің тым аз болуы – екі ақынның да маңдайына жазылған қасіретті тағдыр. Екі ақын да мұны ерте сезініп, торығады, опынады. Мынау жарық дүниенің жылуына шомылып, аз күн болса да өмір сүруді армандайды. Осы шағындағы арманын Ғабдолла Тоқай былай деп қағазға өлең етіп түсірген екен.

Тумасам ғoй, қиын тірлік кeшпeс eм, Тірліктің дe уын-суын ішпeс eм.

Өмір шіркін сылаңдайды көз арбап, Тіпті қымбат көрінeді oзарда [6, 123 б.],

«Дүние, өтеріңде бұлаңдайсың», – деген қазақтың қара өлеңімен үндес айтылым. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров болса, қыршындай жиырма жеті жасында әбден меңдетіп, шыбын жанын қинаған ауыр дертпен күресіп жатқан кездегі жабырқаған көңіл күйін былай деп береді:

Дерт күшті, тамағымнан жүрмейді асым, Жастыққа, жөтел қысып, тимей басым.

Тағдырдың кездестім ғой кермесіне,

Талапты жиырма сегіз деген жасым [7, 201 б.],

«Ғ. Тоқай өмірі өз халқының өмірімен, татар халқының тағдырымен біте қайнасқан, еңбек елінің белбаласы, адал ұлы, азамат ақын. Ақын шығармаларының түп негізі халықтың рухани асыл қазынасы – халық творчествосымен тамырласып жатады» [1, 46 б.], – деген ғалым Қайым Мұқаметхановтың тұжырым қорытындысын біз Сұлтанмахмұт Торайғыровқа қатысты да сеніммен айта аламыз.

Біз татар мен қазақ халықтарының көрнекті екі ақыны Ғабдолла Тоқай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы арасындағы үндестік туралы

қарастырдық және мұның өзі мазмұн мен формада бірдей көрініс табатынын мысалдар арқылы көрсете отырып, бауырлас халықтар әдебиетіндегі ортақ дәстүрлерге де назар аудардық. Татар халқының бас ақыны, классик Ғабдолла Тоқай шығармашылығының қазақ топырағына, оның ішінде ХХ ғасыр басындағы алаштың өскелең ұрпағына қалай игі әсер бергенін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық қалыптасу және өсу жолдары арқылы көрсете алдық деп білеміз. Осы ретте қазақтың тағы бір аса көрнекті қаламгері Мұхтар Әуезовтың: «Мені тәрбиелеп өсірген үш анам болды. Оның біріншісі – қазақ халқының ауыз әдебиеті болса, екінші және үшіншісі – орыстың классикалық әдебиеті мен татардың классик әдебиеті» [14, 26 б.], – деген жүрекжарды ойын еске ала отырып, классик ақын Ғабдолла Тоқай мен татардың бай әдебиеті ХХ ғасырдың басында заманауи қазақ әдебиетінің қалыптасып дамуына зор ықпал жасағанын ұмытпауға тиіспіз демекпіз.

Пайдаланған деректер тізімі

1 Ғабдолла Тоқай тағылымы: Мақалалар, эсселер, естеліктер. Серия:

Тұғырлы тұлғалар / Құраст : А. Шәріп, А. Тойшанұлы, Ә. Д. Абаева. – Астана : Ғылым, 2015. – 126 б.

2 Құдаш, С. Жастық шақтың ізімен. – Алматы : Жазушы, 1966. – 256 б.

3 Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). ХХ ғасырдағы қазақ философиясы / З. К. Шәукенова және С. Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы : ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты, 2016.

4 Тоқай, Ғ. Таңдамалы. Ауд. Қ.Мырзалиев. – Астана : Фолиант, 2007.

5 Торайғыров, С. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы : Ғылым, 1993. Т. 1. – 280 б.

6 Құлсариева, А. Фетхуллах Гулен өркениеттер туралы. [Электронды ресурс]. – www.abai.kz.

7 Тукай доньясы. [Электронды ресурс]. – Gabdullatukay.ru.

8 Қабдолов, З. Сөз өнері. – Алматы : Ғылым, 2002.

9 Тоқай, Ғ. Көңіл жұлдызы. Ауд. Т. Әбдірахманов. – Алматы : Жазушы, 1986.

10 Философия және мәдениеттану. Құраст. Алтаев Ж, Ғабитов Т., Қасабеков А., және т.б. – Алматы : Қазақ университеті, 1998.

References

1 Gabdolla Tokai Tаgylymy: Маqаlаlаr, essеlеr, еstеlіktеr. Sеria: Тugyrly тulgalar / Qurast: А. Sharip, А. Тоishanulu, A. D. Аbaeva. – [Gabdulla Tokay

(11)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

readings : Articles, essays, memoirs. Series: Personalities / Compiled by] . – Astana : Science, 2015. – Р. 126.

2 Qudash, S. Jastyq shaqtyn izimen [S. Kudash. In the footsteps of youth].

– Almaty : Zhazushy, 1966. – Р. 256.

3 Qazaq filosofiasy tarihy (еjelgi dayirden qazirgi zamanga dein). ХХ gasyrdagy qazaq filosofiasy / Z. K. Shaukenova and S. E. Nurmuratovtyn jalpy redaksiasymen. [History of Kazakh philosophy (from ancient times to the present). Kazakh philosophy of the XX century / Z. K. Shaukenova and S. E. Nurmuratov]. – Almaty : Institute of Philosophy, Political Science and Religion of the Science Committee of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan, 2016.

4 Tokay, G. Таndamaly. Ауd. Q. Мyrzaliew. [Tańdamaly. Transl.

Q. Myrzalıev]. – Astana : Folıant, 2007.

5 Toraigyrov, S. Еki тоmdyq sharmalar jinagy. [A two-volume collection of works]. – Almaty : Gylym, 1993. Volume 1. – Р. 280.

6 Kulsarieva, A. Fethullah Gulen orkenietter tyraly. [Fethullah Gulen on civilizations]. [Electronic resource]. – www.abai.kz.

7 Týkaı dónásy. [Tokai’s world]. [Electronic resource]. – Gabdullatukay.ru.

8 Kabdolov, Z. Soz oneri. [Word art]. – Almaty : Gylym, 2002.

9 Tokay, G. Konil juldyzy. Аyd. Т. Abdirahmanov. [Mood star. Transl. T.

Abdrakhmanov]. – Almaty : Zhazushy, 1986.

10 Filosofia jane madeniettany. Qurast. Zh. Altayev, T. Gabitov, A. Kasabekov [Philosophy and cultural studies. Compilation. Zh. Altayev, T. Gabitov, A. Kasabekov and others]. – Almaty: Kazakh University, 1998.

Материал баспаға 10.12.20 түсті.

Г. Ж. Абылкасов

Гармония в творчестве Габдулла Тукай и Султанмахмута Торайгырова

Кокшетауский университет имени Ш. Уалиханова, Республика Казахстан, г. Кокшетау.

Материал поступил в редакцию 10.12.20.

G. Zh. Abylkasov

Harmony between the works of Gabdully Tokay and Sultanmakhmut Toraigyrov

Sh. Ualikhanov Kokshetau State University, Republic of Kazakhstan, Kokshetau.

Material received on 10.12.20.

В статье рассматривается взаимодействие представителей братского казахского и татарского народов в литературе. Место Абая Кунанбаева в казахской литературе такое же, как место Габдуллы Токая в татарской литературе. Габдулла Токай, великий поэт и крупный деятель татарской литературы, известен своим вкладом не только в татарскую литературу, но и в литературу других тюркоязычных народов в результате давних братских, глубоких исторических, культурных и литературных связей. Отмечается творчество С. Торайгырова и описывается его творчество. Для более глубокого анализа творчества Султанмахмута Торайгырова и Габдуллы Токая, чьи творческие корни имеют корни, важно прежде всего признать исторические корни, взаимодействие и преемственность традиций литературы двух народов. Помимо гармонии в творчестве Султанмахмута Торайгырова, последовавшего примеру Габдуллы Токая, судьбы двух поэтов очень похожи. В связи с этим описывается необходимость популяризации творчества Султанмахмута Торайгырова, внесшего весомый вклад в развитие взаимоотношений казахской и татарской литературы. В этом суть статьи.

Ключевые слова: богатое наследие, сочинять как Токай, пение, литературные связи, настроение, отношения.

The article considers the interaction in the literature of the fraternal Kazakh and Tatar peoples. The place of Abay Kunanbayev in Kazakh literature is the same as the place of Gabdulla Tokay in Tatar literature.

Gabdulla Tokay, a great poet and a great figure in Tatar literature, is known for his contribution not only to Tatar literature, but also to the literature of other Turkic-speaking peoples as a result of long-standing fraternal, deep-rooted historical, cultural and literary relations. The work of S. Toraigyrov is noted and his work is described. For in-depth analysis of the works of Sultanmakhmut Toraigyrov and Gabdulla Tokay, whose works are rooted, it is important to first of all recognize the historical roots, interaction and continuity of traditions of the two peoples’ literature. In addition to the harmony in the works of Sultanmakhmut Toraigyrov, who followed the example of Gabdulla Tokay, the fate of the two poets is very similar. In this regard, the need to promote the work of Sultanmakhmut Toraigyrov, who made a significant contribution to the development of the relationship between Kazakh and Tatar literature, is described. This is the essence of the article.

Keywords: rich heritage, writings as Tokay, singing, literary connections, mood, relationships.

(12)

Торайғыров университетінің Хабаршысы. ISSN 2710-3528 Филологиялық сериясы. № 4. 2020

23

ҒТАМР 16.21.51

https://doi.org/10.48081/OZOB5414 Э. Н. Ажарбекова, Ш. М. Мажитаева

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.

АДАМИ ҚАСИЕТТЕРДІ СИПАТТАЙТЫН СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ

Мақалада авторлар тіл білімінде тілші ғалымдардың лексика-семантикалық топ терминіне берген анықтамалары мен тематикалық топтан айырмашылықтарын саралаған ғылыми тұжырымдарын және сөздерді лексика-семантикалық топтарға топтастыруда негізге алынатын басты белгілерді талдаған.

Компоненттік талдау әдісі арқылы анықталатын сөздердің ең кіші бөлшегі семалар және олардың түрлері жөніндегі пікірлерді саралап, лексика-семантикалық топтағы сөздердің арасында парадигмалық байланыстың болатындығын айтады. Авторлар қазақ тіл білімінде М. Оразовтың есім сөз таптарын топтастырған тематикалық топтарын негізге ала отырып, адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын сын есімдерді жалпылаушы семаларына қарай лексика-семантикалық топқа топтастырған. Ол топқа енген сөздердің айырушы семаларын талдай келе, кіші семантикалық топтарға жіктеген. Тұжырымдарының дұрыс-бұрыстығын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижесіне талдау жасаған.

Кілтті сөздер: лексика-семантикалық топ, тематикалық топ, сема, жалпылаушы сема, айырушы сема, сын есім, адами қасиет, жас ерекшелік кезеңдері.

Кіріспе

Тілдің сөздік құрамындағы сөздердің бір-бірімен белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысып жататыны белгілі. Олардың арасындағы байланысты анықтау оңай мәселе емес. Сөздер бір-бірінен мағына алшақтығы бойынша ажыратылып жатады да, өз дербестігін сақтайды. Сөзге тіл білімінде бүгінгі уақытқа дейін бірнеше анықтамалар берілді. Сөз – тілдің негізгі бірліктерінің бірі. Олар айналадағы заттар мен құбылыстарды атап көрсетеді де, мағыналық жақындығы мен алшақтығына қарай белгілі бір лексика- семантикалық топты құрайды.

Тіл білімінде лексика-семантикалық топ терминіне бірнеше анықтамалар беріліп, басты белгілері анықталған. Орыс тіл білімінде Васильева Л. М., Гак В. Г., Уфимцева А. А., Шмелев Д. Н., Филин Ф. П. сынды ғалымдар әр түрлі лексика-семантикалық топтарды қарастырған. Ф. П. Филин:

«Лексика-семантикалық топ деп екі немесе бірнеше сөздердің лексикалық мағыналарына қарай бірігуін айтамыз» [1, 230] деген анықтама бере отырып, сөздердің тура және ауыспалы мағынада, не бейнелі мағынада қолданылуына қарай лексикалық мағынасы бір-біріне жақын немесе бір- бірімен ешқандай байланыс болмайтындығын айтады. Сөздердің мағыналары арасындағы байланыс әр түрлі. Ғалымның пікіріне сүйенсек, сөздерді лексика-семантикалық топтарға жіктегенде олардың арасындағы мағыналық байланыстарды анықтаған жөн.

О. С. Ахманова «Лингвистикалық терминдер сөздігінде» лексика- семантикалық топты «бір сөз табына жататын, жалпы мағыналарына қарай біріккен сөздердің жиынтығы» деген анықтама береді [2, 118]. В. И. Кодухов:

«Лексико-семантическая группа – это группа слов, объедененных по их лексичес

Сурет

Table 1 – Students’ performance in Reading information retrieval
Table 2 illustrates how well students can infer from reading. As tasks 2 and 4  are concerned with the inferring items, we compared them both
Table 1 showed that the students’ performance in Texts information retrieval is  better than in Graphs

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, e-mail: [email protected] Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік –

Бұл мақалада Қазақстан қоғамында нашақорлықтың таралуының негізгі себептері мен алғышарттары, оның ішінде геосаяси, әлеуметтік-экономикалық

Еуропалық Одақ елдері және Қытай Халық Республикасы арасындағы «Батыс Еуропа мен Батыс Қытай» жобасының Жібек жолы бойындағы елдердің ішіндегі

– діни экстремизмнің пайда болуына себеп болатын факторларға шолу жасау;.. Вестник Торайгыров университет, ISSN 2710-3439.. – діни

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты»

Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан E-mail: [email protected] Түйін Мақалада сұйық минерал тыңайтқыштарды СМТ топыраққа астарлай енгізуге

e-mail: [email protected] Қазақстан Республикасы дамуының басты мәселесі – халықтың әл- ауқатын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, өндірісті көтеру және ауыл шаруашылығын

УДК 334.723 574 Абілда АЛИМБАЕВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Аймақтық Даму Институты, 470030, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Орбита -1 шағынауданы, үй 11/1,