ISSN (Print) 2616-678Х ISSN (Online) 2663-1288
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ХАБАРШЫСЫ
BULLETIN
of L.N. Gumilyov
Eurasian National University
ВЕСТНИК
Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLOGY Series
№1(126)/2019
1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года
Founded in 1995
Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year
Астана, 2019
Astana, 2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы
филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова
филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы
Аскер оғлы Рамиз Ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан Ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила Ф.ғ.д. проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл Ф.ғ.к., (Қазақстан) Біжкенова Айгүл Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)
Ескеева Мағрипа Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассоц. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза Ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)
Райхл Карл Ф.ғ.д., проф. (Германия)
Рахманов Носимхан Ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл Ф.ғ.д. проф. (Қазақстан) Султанов Казбек Ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)
Хисамитдинова Фирдаус Ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия Ф.ғ.д., проф. (Ресей)
Шәріп Амантай Ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Шәріпова Гүлбану Ф.ғ.к., доцент м.а. (Қазақстан)
Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)
Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)
Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 408 б.
Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31-413) E-mail: [email protected]
Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Тиражы: 35 дана
Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,12/1, тел.: +7(7172)709-500 (ішкі 31413)
© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Editor-in-Chief Dihan Kamzabekuly
Doctor of philology, аcademician of NAS RK (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan
Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan) Editorial board
Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology, (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof (Turkey)
Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)
Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)
Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)
Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)
Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)
Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satвayev str., of. 408, Astana, Kazakhstan, 010008
Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31-413) E-mail: [email protected]
Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series
Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018
Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies
Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)
© L.N. Gumilyov Eurasian National University
Главный редактор Дихан Камзабекулы
доктор филологических наук, академик НАН РК (Казахстан) Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова
доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Редакционная коллегия
Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., (Казахстан) Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассоц. проф. (Турция) Каскабасов Сейит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)
Сатенова Серикгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан)
Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)
Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., и.о. доцент (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)
Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)
Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатбаева, 2, каб. 408 Тел.:+7(7172) 709-500 (вн. 31-413)
E-mail: [email protected]
Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев
Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.
Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров
Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: +7(7172)709-500 (вн.31413)
© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева
Мазмұны
Фольклор және әдебиеттану
Аймұхамбет Ж.Ә., Қараханқызы Ұ. Метамәтін құрылымындағы мифтік символика ... 8 Айтуғанова С.Ш., Дәулетова А.А. Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат ... 16 Аққұлы С. Алаш мемлекеттік армиясының құрылуы хақында ... 24 Доскеева Ш.А. Ә.Нұршайықовтың эпистолярлық мұрасы ... 39 Дәуітова Г.Р., Сұлтан Е., Мейрамбекова Л.К. Көне эпостағы мифтік кейіпкерлер ... 46 Еслям А.Б., Алпысбаев Қ.Қ. З.Ахметов зерттеуіндегі Абайдың шығармашылық мұрасы ... 54 Жүсіпов Н.Қ., Ибраева А.Т. Бекмұрат Уақатов зерттеулеріндегі халық өлеңдерінің жанрлық жіктелуі ... 61 Қасқабасов С.А. Томирис – «Мәңгілік ел» идеясының символы ... 69 Кемеңгер Қ.Р., Ділдә Ж.Р. M.Mырзахметұлы Бауыржан Момышұлы жайында .... 77 Өскен Ә.М., Қамзабекұлы Д. Алаштану: текстологиялық жауапкершілік туралы (Ә.Н. Бөкейханның «Жаңа мектеп» журналында жарияланған мақалалары) ... 84 Садықова Р.Т. Халел Ғаббасов: өмір мен өріс мектептері ... 94 Химмат Сайед Әли әш-Шазли Орыс әйелдерінің қайғылы тағдыры – орыс адамы- ның дара тұлғасы (Е.Чижованың «Әйелдер уақыты» романы негізінде) ... 104
Лингвистика
Әбдуәлиұлы Б., Көшкінбай Д. Қазақ лексикасындағы құқықтық ақпараттарды зерттеудің жалпы мәселелері ... 120 Әубәкір С.С., Біжкенова А.Е. Поэтикалық дискурстың ерекшеліктері ... 127 Досжан Р.А. Тарихи түбірлердің сөзжасамдық қабілеті ... 135 Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Қазақстанның лингвистикалық ланд- шафтындағы көптілділік белгілері (Астана қаласы негізінде) ... 142 Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Абайдың 38-інші сөзін орыс және ағылшын тілдеріне аудару: салыстырмалы анализ ... 150 Сейидова С. Әзірбайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі «Жас» концептісі және оның идиоматикалық өкілдігі ... 157 Сыздықова Г.О., Шолақова А.К. «Ер Төстік» ертегісінің лингвосемиотикалық аспектісі ... 165
Тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі
Баекеева А.Т., Тәжібаева С.Ж. Тау-кен саласындағы халықаралық терминдерді аудару ... 173 Ниязова А. Е., Мукатова М.Н. Көптілді ортада шет тілінде сөйлеудің мульти- лингвалды әрекетін қалыптастыру ... 183 Смағұлова А., Мұхаметқалиева Г., Балтабаева Г. Сөздерді құрылымдық ұйымдас- тыру (ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай газы» термині) ... 191
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Contents
Folklore and Literary Studies
Aimukhambet Zh.A., Karakhankyzy U. Mythical symbolism in the structure of
metatext ... 8
Aituganova S.Sh., Dauletova A.A. The legend and truth about the steppe queens ... 16
Akkuly S. About the creation of the Alash state army ... 24
Doskeyeva Sh.A. A.Nurshaikhov’s contribution to the epistolary genre ... 39
Dautova G., Sultan Y., Meirambekova L.K. Mythical characters in the archaic epos ... 46
Yeslyam A.B., Alpysbayev K.K. Abai’s heritage in Z. Akhmetov’s research ... 54
Jysipov N.K., Ibrayeva A.T. Genre classification of folk poems in Bekmurat Uakatov’s researches ... 61
Kaskabasov S.A. Tomiris - Symbol of the Concept of «Mәңгілік ел» ... 69
Kemenger К.R., Dilda Zh.R. M. Myrzakhmetuly is about Baurzhan Momyshuly ... 77
Osken A.M., Kamzabekuly D. Alash studies: on textual responsibility (Articles by A.N. Bokeykhan, published in «Zhana mektep») journal ... 84
Sadykova R.T. Khalel Gabbasov: School of life and development ... 94
Himmat Sayed Ali ash-Shazli The Tragic Fate of the Russian Women and the Symbol of the Russians Identity (According to the Novel by E. Chizhova «Time of Women») ... 104
Linguistics
Abdualiuly B., Koshkinbay D.S. General problems of studying legal information in Kazakh lexicon ... 120Aubakir S.S., Bizhkenova A.Ye. Features of Poetic Discourse ... 127
Doszhan R.А. Word-building ability of historical roots ... 135
Akzhigitova A., Yelegenova M., Zhanzakova A. Multilingual signs in the linguistic landscape of Kazakhstan (the case of Astana) ... 142
Sarsikeуeva G.K., Baiorazova Zh.K. Translation of Abay,s 38th word info Russian and English: comparative analysis ... 150
Seyidova S. The concept of “Age” and its idiomatic representation in the Azerbaijani, English and Russian languages ... 157
Syzdykova G.O., Sholakova A.K. Linguosemiotic Aspect of Fairy Tales ... 165
Methods of teaching language and literature
Bayekeyeva A.T., Tazhibayeva S.Zh. Translating International Terms for Mining Industry ... 173Niyazovа A. E., Mukatova M.N. Formation of foreign language speech activity in a multilingual environment ... 183
Smagulova A., Mukhametkaliyeva G., Baltabayeva G. Structural organization of words («Oil gas» term in English and Kazakh) ... 191
Содержание
Фольклор и литературоведение
Аймухамбет Ж.А., Караханкызы У. Мифическая символика в структуре
метатекста ... 8
Айтуганова С.Ш., Даулетова А.А. Легенда и правда о степных королевах ... 16
Аккулы С. О создании Алашской государственной армии ... 24
Доскеева Ш.А. Эпистолярное наследие А. Нуршаихова ... 39
Даутова Г.Р., Султан Е., Мейрамбекова Л.К. Мифические персонажи в архаическом эпосе ... 46
Еслям А.Б., Алпысбаев К.К. Творческое наследие Абая в исследованиях З.Ахметова ... 54
Жусипов Н.К., Ибраева А.Т. Жанровая классификация народных стихов в исследованиях Бекмурата Уакатова ... 61
Каскабасов С.А. Томирис – символ вечной идеи «Мәңгілік ел» ... 69
Кеменгер К.Р., Дильда Ж.Р. М. Мырзахметулы о Бауржане Момышулы ... 77
Оскен А.М., Камзабекулы Д. Алашоведение: о текстологической ответствен- ности (Статьи А.Н.Бокейхана, опубликованные в журнале «Жана мектеп») ... 84
Садыкова Р.Т. Халел Габбасов: Школа жизни и развития ... 94
Химмат Сайед Али аш-Шазли Трагическая судьба русских женщин – символ иден- тичности русского человека (по роману Е.Чижовой «Время женщин») ... 104
Лингвистика
Абдуалиулы Б., Kошкинбай Д. Общие проблемы изучения правовой информации в казахской лексике ... 120Аубакир С.С., Бижкенова А.Е. Особенности поэтического дискурса ... 127
Досжан Р.A. Словообразовательные важности исторических корней ... 135
Акжигитова А., Елегенова М., Жанзакова А. Многоязычные знаки в языковом ландшафте Казахстана (на примере Астаны) ... 142
Сарсикеева Г.К., Байоразова Ж.К. Перевод 38-го слова Абая на русский и английский языки: сравнительная анализ ... 150
Сейидова С. Концепт «Возраст» и его идиоматическое представление на азер- байджанском, английским и русских языках ... 157
Сыздыкова Г.О., Шолакова А.К. Лингвосемиотический аспект волшебных сказок ... 165
Методика преподавания языка и литературы
Баекеева А.Т., Тажибаева С.Ж. Перевод интернациональных терминов горно- рудной промышленности ... 173Ниязова А.Е., Мукатова М.Н. Формирование иноязычной речевой деятельности в мультилингвальной среде ... 183
Смагулова А., Мухаметкалиева Г., Балтабаева Г. Структурная организация слов (термин «нефтяной газ» в английском и казахском языках) ... 191
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
16
№1 (126)/2019
ҒТАМР 17.07.41
С.Ш. Айтуғанова1, А.А. Дәулетова2
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан (E-mail: 1[email protected], 2[email protected] )
Дала патшайымдары туралы аңыз бен ақиқат
Аңдатпа. Мақалада ежелгі сақ дәуіріндегі қаһармандық аңыздаулардағы Томирис патшай- ымның ерлігі жайлы, ұлы даламызды мекен еткен сақтардың ерлігі туралы тарихи жазбаларға тұжырым жасалады. Гректің ұлы ойшылы Геродоттың «Тарих» еңбегіндегі сақтардың салты мен дәстүріне, дүниетанымына, елі үшін жасаған ерен ерліктеріне сүйене отырып, ұлы даламызды жа- удан қорғай білген қолбасшылардың ерліктері сөз етіледі. Аңыздың негізгі өзегі – ел есінде мәң- гі сақталған Томирис патшайымның ерлігі арқылы түсіндірілгені талданады. Томирис патшайым аңыз кейіпкері ғана емес, ол тарихи шындық негізінде құрылған оқиғалардың бас қаһарманы.Тари- хи аңыз түріндегі бұл шығармада өмірде болған қолбасшылар жайлы нақты деректер келтіріледі.
Біздің дәуірімізге дейінгі 530-529 жылдарда болған бұл шайқас әдеттегі соғыс емес, Ұлы даланы мекен еткен массагет-сақтардың парсы патшасы Кир бастаған қалың әскерден өз Отанын қорғап қалған тарих шындығы. Осы жағдайлар аңызда нақты көрсетіліп, соғыстың қалай басталып, қалай өрбігені, қалай өз мәресіне жеткендігі толық айтылады.Олай болса, бұл аңыз ақиқатқа негізделген тарихи шындық екені түсіндіріліп, тұжырымдалады.
Түйін сөздер: Геродот, тарих, фольклор, аңыздау, сақ, Томирис, Спаргапис, Кир.
DOI: https://doi.org/10.32523/2616-678X-2019-126-1-16-23 Кіріспе. Халқымыздың төл тарихы мен әдебиетінің көкжиегін кеңейту үшін біз ежелгі заман тарихына жүгіне отырып, әдебиетіміздің қайнар көздерін таба аламыз. Қазіргі Ұлы дала тұрғындарының арғы ата-бабалары кімдер деген сұрақ туындағанда, санамы- зда сақ, ғұн тайпалары өздігінен орын алары сөзсіз. Олай болса, тарихымыздың да, әдеби- етіміздің де бастауы сол ежелгі заманнан басталары анық. Сақтар біздің даламызды мекен еткен ең іргелі тайпалардың бірі болды. Қазіргі таңда тарихшылар сақтар одағының мекен еткен территориясын нақты белгілеп берді. Сақтар елі тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне қарай үлкен үш топқа бөлінген. Парадария сақтары ( теңіздің арғы бетіндегі сақтар) – еу- ропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағын мекендеген сақтар.
Хаомаварга сақтары ( хаома сусынын жасаған сақтар) – Ферғана алқабын мекенедейтін сақтар. Тиграхауда сақтары (шошақ бөрікті сақтар) – Сырдарияның төменгі ағысы мен Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар туралы жазбалар бізге ежелгі грек тарихшысы Геро- доттың және осы елдің атақты географы Страбонның жазбаларынан белгілі. Страбон сақ ұлысының көшпелі мал шаруашылығымен айналысқанын айтады. Олар көбіне жылқы, қой, ешкі асырағанын келтіреді. Сақтардың өмірін көзімен көрген Геродот Азияны мекен- деген көшпелі өркениеттің өкілдері сақтар туралы: «Массагеттердің киімі мен тұрмысы скифтерге ұқсас. Жаяу жүріп те, ат үстінде де соғыса алады. Соғыстың екі түрін де жақсы меңгерген. Ұрыста садақ пен найзаны қатар пайдаланады. Тұрмыс заттарының көбін алтын мен күмістен жасайды. Найза, жебе, айбалталарын мыстан жасайды. Аттарын соғыстағы соққыдан сақтау үшін мыстан сауыт жасайды. Үзеңгі, таралғы, ер-тоқым, айыл сияқты қо- салқы бөлшектерін алтыннан әсемдеп жасайды. Темір мен күмісті олар пайдаланбайды.
Есесіне алтын мен мысқа олардың елі бай» [1, 79] деп мәлімет береді. Сақтар мәдениеті жайында сөз қозғалса, біз аты аңызға айналған Томирис патшайымның елі үшін жасаған ерен ерлігінен бастаймыз.
17
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Тақырыптың өзектілігі. Осы тұста Томирис патшайым тарихи тұлға ма, әлде аңыз кейіпкері ме деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Әрине, әдебиет пен тарихтың арасында үлкен қайшылық пен айырмашылық бар. Себебі, тарих өмірдегі шындықтың айқын көрінісі бол- са, ал әдебиет оның көркемдік, идеалдық мәселесін сөз етеді. Олай болса, біздің де тоқтала- тынымыз аты аңызға айналған тарихи тұлғаның шындығына көз жеткізу болып табылады.
Қазақ елі – бүкіләлемдік ұлы тарихтың бір бөлігі. Мемлекет болып қалыптасып, бүгінде Азия барысына айналып отырған еліміздің тарихы біздің заманымызға дейінгі мыңжыл- дықтардан бастау алатыны баршамызға белгілі. Еуразияны мекендеген арғы атамыз сақтар- дың өркениеті, мәдениеті, майдан сахнасындағы аты аңызға айналған қаһармандарының ерліктері бүгінгі фольклорда терең талдауды, зерттеуді қажет ететін құнды дүниелердің қатарынан орын алды. Сақ өркениетінің мәңгі өшпейтін белгісі ретінде дүниені жеті рет аралаған гректің ұлы ойшылы Геродот өзінің «Тарих» атты еңбегінің төртінші кітабында сақтардың тұрмысы, ерлігі жайлы, соғыс өнерін жетік меңгерген сарбаздары туралы қал- дырған мәліметтері бізге аңыз түрінде жеткен ерліктің ерен үлгісі. Сақтар дала тарихында болып өткен соғыстарда орасан жетістіктерімен әлемді таңдандырған ұлы тайпа.
Көне сақ дәуірінен сыр шертетін ерліктің ерен үлгісі еркіндігіне ерлігі, серілігіне сұлулығы сай Томирис пен Зарина патшайымдарға тән. Жеке басының бақытын елінің еркіндігіне ай- ырбастаудан бас тартып, соңындағы ел-жұртын көре білген нәзік жанды, өр рухты қайсар қыздар ұлы даламызда Мәңгілік елдің алғашқы туын желбірете білді.
Томирис пен Зарина патшайымдар туралы аңыздаулар көркем фольклордың үлгісі болғандықтан, бұл аңыздауларда нақты тарихи кейіпкерлер жүйесі бар, жер-су атаулары кездеседі, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы сөз етіледі, дала тарихында болып өт- кен ең сұрапыл соғыстардың қатарынан орын алған шайқастың нақты тарихи датасы көр- сетіледі. Демек, Томирис патшайым өмірде болған тарихи тұлға, ұлт мақтанышы деп толық сеніммен айтуға негіз бар.
Сақ мәдениетіне байланысты алғашқы әдеби зерттеулер Ақселеу Сейдімбектің «Қа- зақтың ауызша тарихы», Тұрсын Жұртбайдың «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ би-батыр- лары туралы жарияланған сериялық жазбаларында Томирис туралы нақтыланады. Бүгінгі таңда бұл тақырып төл әдебиетіміздің бастауы ретінде өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр.
Томирис есіміне қатысты деректер. Сақ патшайымының есімі ежелгі жазбаларда Томирис деп көрсетілген. Томирис патшайым біздің жыл санауымызға дейінгі 570-520 жыл- дар аралығында өмір сүрген сақтарды басқарған әйел патша. Томирис – массагет сақтары- ның патшайымы, сақ елінің көсемі Ишпақайдың ұрпағы, сақтардың патшасы Мадийдің шөбересі, массагет сақтарының патшасы Сыпырдың қызы немесе немере қызы. Сыпыр есімінің өзі қазақ халқының төл сөзі екенін аңғартады.
«Томирис» сөзінің құпиясы кейбір деректерде «темірді майыстыру, қирату» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, көне иран тіліндегі «томруз», яғни «үйлі болу» деген сөз- ден шығуы да ықтимал.
Қазақ тарихшылары Томиристі «Тұмар» деп жүр. Қазіргі белгілі деректер бойынша, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу мүмкін емес. Алайда, сақ жұрты оны дәл гректер- ше Томирис деп атамағаны айдан анық. Ертедегі эллиндіктер Анарыс (Арыс) бабамызды Анахарсис, Тоқсарыны Токсарид деп, одан арғы бабаларымызды «Тарғытай, Ишпақай»
деп атаған. Бәрінде де сөз соңында –ис, -сис қосымшасын орынсыз қоспаған, тек есімінің соңында «с» дыбысы барларға ғана қосқан. Демек, Томиристі Тұмар деп атау бұл тәртіпке үйлеспейді. Ол өзі «марқұм болған патшаның» әйелі ғой. Патша-әйелді, сөз жоқ, әйгілі, текті тұқымнан алса керек. Біздің жорамалымызша, оның аты Томирис немесе Тұмарыс болуы, сондықтан оның Тума+арыс деп қоюы, бәлкім, бұл оның лақап аты болуы да мүм- кін [7, 60 б.] деп Томирис есіміне кең талдау жасалынады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
18
№1 (126)/2019
Біздің зерттеу барысында анықтағанымыздай: «Тұмар» деген ұғым сөз қолда- нысымызда киелі мағына түзеді, сол себепті Томиристің шын аты дәл осы Тұмар болуы ғажап емес. Себебі, біздің сан ғасырлық тарихымызда қазақ қыздарының арасында Томи- рис деген есім аталмаған, есесіне ішінара Тұмар деген есімдер кездесіп отырған. Ал, Ге- родоттың жазбаларында нақты Томирис деп көрсетілуі ол тарихи фактілер негізінде де өз дәлелін таба алады. Себебі, осы жауынгер халықты гректер «скифтер» десе, иран және парсы деректерінде «сақтар» деп көрсетеді. Бірақ осы екі атау да біздің тіліміздегі «Сақ»
ұғымына ортақ атау екеніне дауласпаймыз. Сол себепті, Геродот өз тілінің ыңғайы мен мен- талитетінің ерекшелігіне қарай Тұмар патшайымның есімін «Томирис» деп беруі мүмкін.
Томиристің анасы туралы дерек жоқтың қасы, өйткені жазба деректерде Томиристі анасынан бала күнінде жетім қалған деп көрсетеді. Сөзсіз, анасынан ерте айырылған кіш- кентай қыз әкесінің тәрбиесін алған. Томирис патшайым бала кезінен бастап қару-жарақты қолданудың шебері болғаны – оның майдан өнерін жетік меңгерген ортада өскенін аңғар- тады. Ол бес жасында аттың құлағында ойнайтын шебер болса, алты жасында оң қолы мен сол қолында садақ пен найзаны қатар ұстап игере алатын нағыз жауынгер болып қалыптаса бастағанын тарихшылар Геродоттың жазбаларына негіз жасай отырып жазады.
Мәселенің талқылануы және нәтижесі. Томирис патшайым мен парсы патшасы Кирдің айналасында өрбитін аңыздаулардың құрылымы мен оқиғасы эпикалық аңыздау- лардың табиғатына сай. Екі елді басқарған қос билеушінің арасындағы тартыс – батырлық жырларда кездесетін оқиғалар желісін аңғартады. Мұнда нақты тарихи деректерге сәйкес шынайы өмірде болған тұлғалар туралы сөз етіледі. Олар: Томирис, Кир, Крез, Дарий, Гис- тасп және Камбис. Біздің тоқталатынымыз Томирис патшайымның ерлігі болмақ. Олай болса, қаһарман әйелдің ерлігі, өр рухы жауыз патша Кирмен болған соғыстағы оқиғалар негізінде ашыла түспек.
Бізге жеткен деректерден аңғаратынымыз, Геродот өзінің «Тарих» кітабын жазғанда өте көп ел аралап, тарихи шындыққа негізделген құнды деректер қалдырған. Бұл еңбегінде Геродот сол замандағы қисапсыз соғыстарды баяндаған, ұлы қолбасшылар мен жекелеген батырлардың ерлігіне, бүтін елдің өміріне тоқталған. Тіпті, өзі болған елдердің өмір сүру ерекшеліктерін, салты мен дәстүрін, танымы мен тағылымын егжей-тегжейлі қағаз бетінде қалдырған. Осы еңбегінде бүгінгі қазақ даласын мекен еткен сақтардың парсы патшасы Кир жасаған жорығындағы ерліктері басынан аяғына дейін түгел баяндалады. Геродоттың жазбаларында қиял араласқан аңыздар көптеп ұшырасады. Дегенмен парсылар мен сақтар- дың арасындағы шайқастың шындығы ондағы тарихи тұлғалар мен тарихи даталар негізін- дегі жазылған ақиқат екенін дәлелдейді.
Тарихи аңыздарға талдау жасамас бұрын, сол аңыз төңірегінде жазылған шығарма- ладың ішінен бүгінгі зерттеулерге арқау болатын ең көне мұра болып саналатын Геродот- тың жазбаларынан бастайтынымыз анық. Ежелгі заманның қос қаһарманы Томирис пен Кирдің шайқасы туралы жазылған шығармалар бүгінгі әдеби қорымызда да көптеп кезде- седі. Жазушы Болат Жандарбековтің «Саки» тарихи повесінің I томында Томирис патшай- ым туралы кеңірек сөз етіледі. Зерттеушілер: Немат Келімбетов, Алма Қыраубаева, Тұрсын Жұртбай осы тақырып төңірегінде өз тұжырымдарын жасады. Болат Жандарбеков аңы- здың сюжетін тарихиландыра отырып, қазақ әдеби романдарының қатарын толықтырса, Немат Келімбетов, Алма Қыраубаева аталған аңызды ұлттық әдебиетіміздің ежелгі қайнар көзі деп қарастырды.
Сақтардың тіршілігі туралы: «Массагеттер егін екпейді, олар тек мал шару- ашылығымен айналысып, балық аулаумен күнелтеді. Себебі Аракс өзенінде балық өте көп.
Олар малдың сүтімен қоректенеді. Қадір тұтатын бірден бір Құдайлары – Күн. Олар Күн- ге құрбандыққа жылқы малын шалады. Оның мағынасы ең шапшаң Күн Құдайына жер бетіндегі ең шапшаң жануарды құрбандыққа шалу керек» [1, 79 б.]. Геродоттың сақтардың
19
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
тіршілігі туралы жазған бұл дерегі бүгінгі қазақ дәстүрінен көрініс табады. Сақтар зама- нында құрбандыққа жылқы малын шалса, бүгінгі таңда төрт түліктің бірі қойды шаламыз.
Дегенмен, қазақтың бата сөздеріндегі «Құрбандыққа шалғаның қияметте пырақ болсын»
дегені осы дәстүрдің көрінісінен қалған сөз деп білеміз.
Геродот еңбегінде Азия мен Европаны мекендеген екі ұлы өркениеттің өмір сүру салты туралы дерек қоры жеткілікті. Парсыларды бастаған патша Кир туралы да көп ақпа- рат беріледі. Оның өмірге қалай келгені, отбасын құрғаны, таққа отырғаны, оның жасаған жойқын соғыстары туралы дерек өте мол. Тіпті, Кирдің көрші жатқан елдерді қай жылы шабуылдап, қалай басып алғаны туралы да нақты тарихи деректермен көрсетіледі. Геродот Кирді қанішер жауыз патша ғана емес, сонымен қатар ақылды да айбарлы, ержүрек патша ретінде де әр қырынан көрсетеді. Азия жеріне, атап айтқанда, сақтар жеріне жорыққа ат- танбас бұрын Вавилон мен Бактрия халқын тізе бүктіреді. Бұл туралы: «Осы елдерді тізе бүктірген Кир енді массагеттерді бағындыруды жоспарлады. Массагеттер саны жағынан өте көп, батыр тайпа. Олар Аракс өзенінің шығыс жақ бағытында исседондарға қарсы бетте өмір сүреді. Басқалар оларды скифтер деп те санайды» [1, 75 б.] деп көрсетіледі.
Кирдің сақтарды бағындыру туралы шешім қабылдауының бірнеше себебі болды.
Ең бастысы, ол өзін бүкіл адамзат баласынан жоғары қоюы болса, екішісі – өзі шапқан ел- дерді түгел дерлік бағындыруға себеп болған сәтті жорықтары, кейінгісі – алтын мен мысқа бай, өмір сүруге ыңғайлы сақтар мекен еткен Ұлы даланы бағындыру болатын. Ол сақтар- ды сол тұста басқарып тұрған Томирис патшайымның жесір қалғанын біліп, оған үйлену арқылы сақтардың жері мен еліне қол жеткізудің ең оңай жолын қарастырады. Бұл ойын Томирис патшайымға елшілері арқылы жеткізеді. Кирдің арам ниетін бірден аңғарған зерек те алғыр Томирис патшайым бұл ұсыныстан бас тартады. Кирдің елшісінен мына сөздерді жеткізуді бұйырады: «Мидиялықтар патшасы! Мына пиғылыңнан қайт. Салған көпірлерің- нен пайда табасың ба, жоқ па, оған да көзің жетпейді. Егер сен массагеттерді шабуға шы- нымен құмар болсаң, өзен үстіне салынып жатқан көпірлеріңнің құрылысын тоқтат. Көп ұзамамй біз жақтағы жағаға өт. Біз өзеннен үш күндік жерге кейін шегінейік. Ал, егер де біздің өз жеріңе өткенімізді қаласаң, сен де солай жаса!» [1,76 б.]. Дәл осы тұста Томирис патшайымның еркін жатқан елін қанды соғыстан бейбіт жолмен қорғамақ болған ниетінен әйел адамға тән нәзіктігі айқындала түседі
Кир бірден соғыс бастамайды. Ол әскери кеңес құрып, шешімді кейін қабылдау- ды ұйғарады. Кирдің осы әрекетінен аңғаратынымыз, ол басқа адамның ақылына тоқтай алатын, өз шешімін өзгерте алатын кемеңгер қолбасшы да бола білген. Әскери кеңес ба- рысында Крез Кирге өзеннен өтіп, сақтардың өз жерінде шайқасу туралы ұсыныс айтып, ойының тиімділігін дәлелдейді. Крездің ұсынысын құп көрген Кир сақ жерінде Ұлы дала тарихында мәңгілік аңызға айналған соғысын бастайды. Соғыс алдында Кир ұлы Камбис пен Крезді өз туған жеріне кері қайтарады. Себебі алдында тұрған соғыстың өз өміріндегі соңғы соғыс болатынын ол бәлкім сезген де шығар. Кир Аракс өзені жағасында сақ сар- баздарының қолынан қаза тапты. Дегенмен, оның қалай шайқасып, қалай мерт болғаны туралы нақты дерек жоқ.
Томирис тұлғасының тарихилығы, оның ерлігі жайында Болат Жандарбековтің
«Саки» тарихи повесінде айтылады. Томиристің әкесі – Спаргапис, анасы – Зарина. Ана- сынан ерте айырылған Томирис өжет болып өседі. Бала кезінен қолына қылыш алып, соғыс өнеріне машықтана бастайды. Ол қылыш пен найзаны тең ұстаған, садақты екі қолымен де ата алатын мерген болып өседі. Массагет пен тиграхауд сақтары бірігіп хаомаварга сақта- рына соғыс ашар алдында үлкен жиын болады. Осы жиын-тойда Томирис өзінің нағыз батыр екенін дәлелдейді. Ол тиграхауда сақтарының бас батыры Рустаммен жекпе-жекке шығып, соғыс өнерін жетік меңгеріп, қаруды шебер пайдалана алатынын көрсетеді. Рус- там батырдың физикалық күшін мойындап, соған тұрмысқа шығады. Әкесі қайтыс болған
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
20
№1 (126)/2019
соң Томирис таққа отырады [2, Б. 23-25]. Немат Келімбетов те «Сақтарды өз жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен «Томирис» даста- нының сюжеті бізге Геродоттың «Тарих» атты көптомдық еңбегі арқылы жеткен» [4, 16 б.]
деп тұжырым жасайды.
Ұлы дала төрінде болған ең ірі шайқас барысында Кир әлсіз де ауру сарбаздардан құралған бір топ әскерін өзен жағасына қалдырады да, өзі бір қалтарысқа негізгі күшімен жасырынады. Сақ әскері парсылардың жалған әскеріне шабуылдап, жеңіске жеттік деп қа- телесті. «Жеңістерін» тойлап, шарапқа әбден масайраған сәттерінде парсылар сақ сарбаз- дарын қырып салды. Тұтқынға алынғандар ішінде Томиристің ұлы Спаргапис те бар еді.
Әскері мен ұлының қандай халге түскенін білген патшайым Кирге тағы да елші жі- береді. Кирдің өз сөзіне құлақ аспайтынын түсінген Томирис енді әскерін бастап өзі соғыс алаңына шығады. Ал, Томиристің ұлы Спаргапис мастығы тараған соң өзінің қандай халге душар болғанын түсініп, жаудан қолын босатуды сұрайды. Спаргапис қолы босай сала, өзін өзі өлтіреді.
«Бұл шайқасты мен барлық ұрыстардың ішіндегі ең сұрапылы деп білем. Варварлар шайқасы туралы мен мынаны білдім. Дұшпандар алдымен бір-біріне қарсы лек құрып, са- дақпен атысқан. Садақ оқтары таусылған соң, олар қанжар, найзамен қоян-қолтық ұрысқа кіріскен. Екі жақ та шегінбеді. Соңында массагеттер басым түсіп, жеңіске жетті. Парсы әскерлері түгелімен дерлік соғыс алаңында қаза тапты. Кирдің өзі де осы ұрыста қаза бол- ды. Ол 29 жыл ел басқарған патша болған» [1, 79 б.] деп жазады Геродот.
Кир қаза тапты. Парсы әскері жермен жексен болып, жеңіліске ұшырады. Сақ сар- баздары асқан ерлікпен өз жерлерін жау әскеріне таптатуға жол бермей, жеңіске жетті. Ал, Томирис Кирдің мәйітін тапқан соң, оның басын торсықтағы қанға батырып: «Мен тірі қалып, ұрыста сені жеңдім. Ал сен, ұлымды қулықпен тұтқынға алып, өлім құштырдың.
Менің күйімді осы әрекетіңмен өлімші халге жеткіздің. Сондықтан да, міне, өзіңе ескерт- кен уәдемді орындап, көзің тіріде тоймаған қанға енді тойдырам» [1, 79 б.] - деді.
Томирис – әйел патша ғана емес, шырайлы жүзінен шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусәр образының жиынтық бейнесі. Ол өте ақылды, жаужүрек әйел патша. Соғыстан қорыққанынан емес, бейбіт халықтың қанының төгілуі- не қарсы болған Томирис: «Енді сен менің жанашырлық ақылымды тыңда! Аман-сауыңда менің жерімнен кет! Егер де сен мұны істемесең, қанша тойымсыз болсаң да, мен сені қанға тойдырам!» [1,79 б.] дейді. Жаужүрек әйелдің бұл сөздерінен қатыгездікті емес, елінің ер- теңі үшін аянып қалмайтын өжеттігін байқаймыз.
Өткен замандардағы өмір келбетін соғыссыз елестету мүмкін емес, сондықтан да бұл жағдайға әділ баға бере отырып, бүгінгі бейбіт күнге ата-бабамыз жауының тізесін дірілдетіп, Ұлы даланы тұлпарының тұяғымен күмбірлетіп, бізге қалдырған аманаты деп білеміз. Кешегі заманда білегімізбен бірді де, мыңды да жеңген халық болсақ, бүгінгі за- манда білімімізбен мыңды жеңген елге айналып отырмыз. Осы ойымызды тәуелсіз мемле- кетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөздерімен қорытындыласақ:
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – қаси- етті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді « Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050»
Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдердің қа- тарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміх – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің бас- ты шарты – күшті рух пен білім» [8].
21
№1 (126)/2019
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
Томирис жау табанына өз жерін таптатпай, шекарадан асырмай, жарты әлемді бағын- дырған Кир патшаны әскерімен бірге ойсырата жеңген қаһарман тұлға. Томиристің соғысты болдырмай, бейбіт жолмен шешуге талпынғаны, жауды жеңіп, елі мен жерін қорғай білгені, ұлы үшін жанталасқан ана бейнесі – оны бір қырынан қатал да әділ қолбасшы екенін көр- сетсе, екінші қырынан мейірімді әйел екенін аңғартады. Бір әйелдің болмысынан жара- тылыстың қарама-қарсы екі күйі байқалады. Әйелге тән мейірімділік пен ер-азаматқа тән өжеттік бір образда тоғысқан.
Қорытынды. Қазақтың арғы-бергі тарихында елі, жері үшін жанын пида еткен, бар өмірін сарп еткен ұл-қыздары жетерлік. Сағымданған қазақ тарихының тереңіне үңілер болсақ, ерлік пен даналық, отансүйгіштік қасиеттер қазақтың ер-азаматтарына ғана емес, нәзік жанды аруларына да тән екенін байқаймыз. Қарсы келген жаудың қабырғасын қақы- ратып, қызыл қанын шашыратқан бұрымдылардың елім дегенде ет жүрегі елжіреп, соғыс даласында көрсеткен ерліктері ғасырдан ғасырға жетіп, аңызға айналған образдары Ұлы дала аспаны астында мәңгілік жасай береді.
Томирис патшайымның қаһармандығы жайлы аңыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгілік жасай бермек. Бүгінгі таңда патшайымның құрметіне 1906 жылы ашылған астеро- идке «Томирис» есімі берілген.
Астана қаласының Республика даңғылында орнатылған тарихи монумент жиын- тығында сақ патшайымы Томиристің алып бұқаның үстінде тұрған сәті бейнеленген. Мо- нументтің авторы орыс мүсіншісі – Даши Намдаков.
Қаһарман тұлғаларымызды дәріптеген ұлы халқымыз елінің мәңгілік болуы үшін ерлігі мен ақылы үндескен батыр қызын монументте ғана бейнелеп қоймай, 2005 жылы шыққан «Жүз тұңғыш» атты жинаққа да енгізді. Жинақта Томиристің ерлігі жайлы «Сақтан тараған массагет тайпасының тұңғыш әйел патшасы. Парсылар державасының негізін қа- лаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы жеңіп, соғыста өл- тірген тұңғыш әйел қолбасы» [7, 55 б.] деп баға береді.
Томирис патшайым туралы ойымызды түйіндесек: Томирис – ұлан істің бұлағы, мейірімнің шырағы, сабырлықтың сыңары, пәк үлгінің шынары, тұлғалы ұлттың құмары, туралықтың Тұмары болып ел есімінде мәңгі жасай бермек!
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қазақ халқының батырлық-эпикалық жыр-аңыздауларында көркем бейнеленуі» тақырыбындағы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру жобасы бойынша орындалды (келісімшарт №132, 12 наурыз, 2018 жыл)
Әдебиеттер тізімі
1 Геродот. История в девяти книгах. / Геродот - Ленинград: Наука, 1972. - 600 с.
2 Джандарбеков Б. Томирис. Историческая повесть. / Б. Джандарбеков - Алма-Ата: Жалын, 1982.
– 288 с.
3 Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. / Н. Келімбетов - Алматы:
«Раритет», 2011 - 432 б.
4 Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. / Н. Келімбетов - Алматы: Алатау, 2005. - 332 б.
5 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. / А. Қыраубаева - Астана: Елорда, 2001. - 224 б.
6 Жұртбаев Т. Дулыға. Екі томдық. I том. / Т. Жұртбаев - Алматы: Жазушы, 2007. - 400б.
7 Жүз тұңғыш. І кітап. / Құраст. Бексұлтан Нұржекеұлы. - Алматы: Жалын баспасы, 2005. – 320 б.
8 Қазақстан жолы-2050: «Мәңгілік ел» стратегиясы [Электронды ресурс] - URL: https//e-history.
kz>contents>view [Қаралған күні: 15.01.2019ж.]
9 Жолдасбеков М. Асыл арналар: Әдеби мақалалар. / М. Жолдасбеков - Алматы: Жазушы, 1990.
- 352 б.
10 Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу. / А. Сейдімбек - Астана: Фолиант, 2008. - 728 б.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. ФИЛОЛОГИЯ сериясы - BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
22
№1 (126)/2019
С.Ш. Айтуғанова, А.А. Даулетова
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан
Легенда и правда о степных королевах
Аннотация. В статье делается вывод о героических легендах древнего сакского времени, о подвигах королевы Томирис и саков, живших в Великой степи. В трудах великого мыслителя Геро- дота «История» рассказывается о подвигах полководцев, опираясь на их образ жизни и традиции саков, о их мировозрение, мужество, проявленные во имя своей страны и как защищали Великую Степь от врага. Анализируется, что основной стержень легенды - это подвиг королевы Томирис, который навсегда сохранился в памяти народа.Королева Томирис – это не только легенда, но и главный герой событий, созданных на основах исторических истин.В этом произведении в виде исторической легенды приводятся конкретные данные о существовавших в жизни полководцах.
Эта битва, прошедшая в 530-529 годах до нашей эры – это не обычная война, а правда истории, ко- торая защищала свою Родину от плотных войск под руководством персидского царя саков-массаге- тов, населявших Великую степь.Все эти обстоятельства подробно описаны в легенде: как началась война и как закончилась.В этой связи, следует отметить, что эта легенда является исторической реальностью, основанной на истине.
Ключевые слова: Геродот, история, фольклор, легенды, Сак, Томирис,Спаргапис, Кир
S.Sh. Aituganova , A.A. Dauletova
L.N. Gumilyov Eurazian National University, Astana, Kazakhstan
The legend and truth about the steppe queens
Annotation. The article concludes about the heroic legends of the ancient Saka period, about the exploits of Queen Tomiris and Saks who lived in the great steppe. In the works of the great thinker Herodotus «History» he tells about the exploits of the he generals. Based on the image and traditions of the Saks, worldview, courage, shown in the name of his country, they defended the great Steppe from the enemy. It is they analyzed that the main core of the legend is the feat of Queen Tomiris, which is forever preserved in the memory of the people.Queen Tomiris is not only a legend, but also the protagonist of events created on the basis of historical truth. This work in the form of a historical legend provides specific information about the life of generals. The battle, which took place in 530-529 years BC –is not an ordinary war, but the truth of history, which defended the Homeland from dense troops under the leadership of the Persian king Saks-massagetov inhabiting the great steppe.All these circumstances are described in the legend in detail: how the war began and how it ended.In this regard, it should be noted that this legend is a historical reality based on the truth.
Key words: Herodotus, history, folklore, legend, sak, Tomiris,Spargapis, Kir
References
1 Gerodot. Istoria v devyiati knigah [The story in nine books]. (Nauka, Leningrad, 1972, 600 p.).
[in Russian]
2 Dzhandarbekov B. Tomiris. Istoricheskaya povest’ [Tomiris. Historical tale]. (Zhalyn, Almaty, 1982, 288 p.). [in Russian]
3 Kelimbetov N. Türki xalıqtarınıñ ejelgi ädebï jädigerlikteri [Ancient Literary Essays of Turkic Nations]. (Rarïtet, Almaty, 2011, 432 p.). [in Kazakh]
4 Kelimbetov N. Ejelgi ädebï jädigerlikter [Ancient Literary Essays]. (Alataw, Almaty, 2005, 332 p.). [in Kazakh]