• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі"

Copied!
272
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨНІРЛІК

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Т.А. БОТАГАРИЕВ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ ТЕОРИЯСЫ МЕН ƏДІСТЕМЕСІ

Оқу құралы

АҚТӨБЕ - 2014

(2)

ƏОЖ 796/799. (075.8) КБЖ 75.1 Я 73 Рецензенттер:

Е.А. Алимханов – пед. ғыл. докторы, Қазақтың спорт жəне туризм академиясының профессоры

С.И.Касымбекова – пед.ғыл. докт., профессор, Ұлттық дене тəрбиесі орталығының генералдық директордың орынбасары

Н.А.Ахметов – пед.ғыл. канд., Ш.Есенов атындағы Каспий инженеринг жəне технология университетінің доценті

Ботагариев Т.А.

Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі: Оқу құралы. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өнірлік мемлекеттік университеті, 2014. – 272 б.

Оқу қуралы 2014 жылдың 24 сəуір айындағы № 2 хаттамасына негізделе отырып РӨƏК-і арқылы баспаға ұсынылған ISBN 978-9965-20-324-4

Оқу құралы модульдерге бөлініп теориялық, тəжірибелік материалдардан, өзін-өзі тексеру сұрақтарынан, тест тапсырмаларынан жүйеленіп білім алушыға сапалы игеруге мүмкіндік береді. Əрбір модуль өзара логикалық байланыста бірізді қалыптасып, сызбалар түрінде көрнекілік принципінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Оқу құралы «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша студенттер мен оқытушылар құрамына арналған.

ƏОЖ 796/799. (075.8) КБЖ 75.1 Я73

Қ.Жұбанов атындағы Ақтобе өнірлік мемлекеттік университеті- нің ғылыми кенесінің шешімімен басылымда жариялауға ұсынылған

Хаттама №4 30 желтоқсан 2013 ж.

© Қ.Жұбанов атындағы Ақтобе өнірлік мемлекеттік университеті,2014

© Т.А.Ботагариев, 2014 ISBN 978-9965-20-324-4

(3)

Алғы сөз

5В010800 «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығына арналған «дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу қуралы негізгі мақсат пен міндеттеріне жету үшін барлық қажетті оқу-əдістемелік құжаттардан тұрады.

Болашақта дене шынықтыру жəне спорт өрісіндегі маман өзінің кəсіби дайындығын жүзеге асыру тиіс.

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

пəні бойынша ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – болашақ мамандыққа қажетті теориялық жəне тəжірибелік білімдерді қалыптастыру болып табылады.

Осы оқу құралын жете зерттегенде келесі міндеттер шешілуге тиісті:

1. Дене шынықтыру теориясының негізгі бағыттарындағы мазмұны мен көлемінің, қосалқы пəндер жүйесіндегі оның орны жəне дене шынықтыру жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері үшін маңызын ашып көрсету.

2. Дене шынықтырудың мəдениеті, түрі ретіндегі құрылымдық рөлін, мазмұны мен қызметін нақты салаларымен өзара байланысын ашып көрсету.

3. Оқу ілімінің мақсаты, міндетттері туралы көзқарастарға, жалпы ілімдерге, тұлғаның дене шынықтыру мəдениетін қалыптастыру əдістері мен тəсілдері, оқытудың мазмұны мен əдістемесіндегі негізгі тұжырымдарға, қозғалыс қимылдары мен дене күші қабілеттерінің қалыптасыруға, дене жаттығулары сабақтарын құру түрлерін жоспарлауға, бақылауға жəне есеп жүргізуге сипаттама беру.

Бұл оқу құрал мазмұны келесі құрылымы бойынша игерілуге ұсынылған.

1. Біріншіден, 6 модульден тұратын пəннің теориялық бөлімін оқытуға материал берілген (дəріс пен семинар сабақтары). Бұл жерде ерекше көңіл аударатын жағдай, материал зерттеп жатырған тақырыптың бірізділік сабақтастығы бойынша ұсынылады.

2. Əрбір тақырып бойынша студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының тапсырмаларын орындауға нұсқаулар берілген.

(4)

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

пəнінен алынған білімдер «Дене мəдениеті мен спорт тарихы»,

«Валеология», «Дене шынықтыру мен спорт педагогикасы»,

«Дене шынықтыру мен спорт психологиясы», «Дене шынықтыру мен спорт экономикасы», «Олимпиядалық білім жəне кəсіптік спорт», «Мектеп жасына негізделген дене шыныктыру гигенасы», «Дене шынықтыруды басқару», «Спорттық кешендер», «Балалар мен жасөспірімдер спортының негіздері»,

«Емдік жəне сауықтыру негізіндегі дене шынықтыру»,

«Спорттық медицина», «Жас ерекшелік физиологиясына негізделген адам физиологиясы», «Спорттың кұқықтық негіздері», «Ұлттық спорт түрлері», «Педагогикалық жəне жаттыктыру практикасының əдістемелік негіздері».

«биомеханика», сонымен қатар жекеленген спорттық пəндер секілді аралас пəндерде қолдануға болады.

Модульдің қысқаша мазмұны

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

дене шынықтыру теориялық жəне əдістемелік негіздерін айқындауға бағытталған. Оны зерттеу нəтижесімен студенттерді дене шынықтырудағы қолданатын нақты əдістемелерді игеру болып табылады.

Модуль үлкен алты бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде -

«Дене мəдениеті ілімінің түрлері, əлеуметтік қызметтері жəне дене тəрбиесінің жүйесі» дене мəдениеті ілімінің түрлері мен əлеуметтік қызметтері; дене мəдениетінің жүйесі туралы мəліметтер беріледі.

Екінші бөлімде - «Дене тəрбиесінің қағидалары, қуралдары жəне үйрету тəсілдері» дене тəрбиесінің қағидалары, дене тəрбиесінің құралдары, дене тəрбиесінің үйрету тəсілдері туралы мəліметтер ұсынылады.

Үшінші бөлімде - «Іс қимыл əрекеттеріне үйрету, сапалығын дамыту. Дене шынықтыру жұйесіндегі жеке тұлғанын бағытты дамуы» қимыл-қозғалыс əрекетіне үйрету;

дене қуаты қасиеттері, оны дамыту əдістемесі; дене шынықтыру жұйесіндегі жеке тұлғанын бағытты дамуы туралы мəліметтер көрсетілген.

Төртінші бөлімде – «Сəби, мектепке дейінгі, мектепте жəне мектептен тыс дене тəрбиесі жұйесін жүзеге асыру

(5)

ерекшеліктері» сəби, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалардың дене тəрбиесінің негіздері; мектепте дене тəрбиесі сабағын ұйымдастыру,педагогикалық бақылау, бағалау;

бастауыш, орта, жоғары сыныптарда жəне əр түрлі типтегі мектептерде дене тəрбиесі сабағын жүргізу əдістемесі; жалпы білім беретін мектептердегі дене тəрбиесі жұмыстарын жоспарлау, бақылау жəне есепке алу; мектептегі сыныптан тыс жəне мектептен тыс дене тəрбиесі мен спорт жұмыстарын ұйымдастыру туралы мəліметтер көрсетілген.

Бесінші бөлімде – «Жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың, ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі» жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тəрбиесі; ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі туралы мəліметтер көрсетілген.

Алтыншы бөлімде – «Спорттың теориясы мен əдістемесі» Спорт түрлері жəне спорттағы бағдарлау, іріктеу жұмыстары; спорттық жаттықтыру негіздері; спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау; жарыс жəне жарысты өткізу əдістемесі туралы мəліметтер көрсетілген.

Əрбір модульдің құрылымы келесі бірізділік бойынша құрастырылған.

1. Кіру сипаттамасы /студенттердің бастапқы деңгейіне қойылатын талаптар/

2. Дəрістер

3. Семинарлық сабақтар 4. ОСӨЖ сабақтары 5. СӨЖ сабақтары

6. Модульдің бақылау түрі /бақылау жұмысы, тестілік тапсырмалар/

7. Шығу сипаттамасы /осы модульді аяқтағаннан кейін студенттерге қойылатын талаптар /

Білім беру мақсаттары

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

пəнін оқытудың негізгі мақсаты: студенттерде дене шынықтыру теориясының негіздерін қалыптастыру.

Құзыреттілік Бұл пəнді игеру барысында студенттерде үш бағыттағы

(6)

құзыреттілік қалыптасу қажет: ақпараттық , коммуникативтік жəне мəселелерді шешу құзыреттілігі.

Ақпараттық құзыреттілік студенттермен өзбетімен жұмыс жасаудың барысында қалыптасады. Олар əдебиеттерде, интернетте оқытушының берген тапсырмасын орындау үшін ақпаратты іздейді, оны өңдейді. Коммуникативтік құзыреттілік студенттермен сабақтың барысында дайындаған тапсырмаларды ауызша жəне жазбаша түрінде баяндағанда қалыптасады.

Мəселелерді шешу құзыреттілігі студенттермен сабақтардың барысында қойған мəселелерді практикамен жəне теорияның арасындағы қарама-қайшылықтардытабудың арқасында шешіледі.

Курсты оқып болған соң төмендегідей мағлұматтарды игересіздер.

Білуі керек:

- дене шынықтырудың жалпы жəне ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы əр түрлілігі мен құрылымы, дене тəрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;

- спорттың мəні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыты, спорттық дайындық жəне жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;

- дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасы, ғылыми-зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми-зерттеулерге деген жалпы ғылыми жəне интеграциялық көзқарасын;

- дене шынықтыру сабақтарының медициналық- биологиялық жəне психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік жəне базалык спорт түрлерін жетілдіру;

Жетік білуі керек:

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктілігі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі маңызды міндеттері, тəсілдерді іске асыруда;

- дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытуда, тəрбиелеуде, сауықтыруда жəне спорттық жаттығуларды инновациялық технологияларды;

(7)

- дене тəрбиесінің ағзаның қызметтік жəне бейімделу қасиеттеріндегі əсер ету ерекшеліктерін;

Пəнді оқудың нəтижесінде төмендегідей жайттарды жүзеге асыра аласыздар:

дағдысы болуы қажет:

- Дене тəрбиесі жəне спорттық жаттықтыру үдерістерін жүзеге асыру барысында тиісті əдістерді, құралдарды, инновациялық технологияларды пайдалану.

Студенттер өзіндік жұмысы, жеке жəне топтық тапсырмаларды орындауымен байланысты. Студент бұл жұмыстың барысында өз бетімен мақсат пен міндеттерді қоюға, өзінің əрекетін жоспарлауға жəне оны іске асыруға қабілетін дамытады. Осы мақсатқа студенттің дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесін терминологияны, педагогикалық процесстің заңдылықтарын, құбылыстарын, даму бағыттарын игеруі кіреді.

Мақсаты – дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесінің жалпы талаптарын игеру жəне осы бағыттағы дене шынықтыру жəне спорт маманына қажетті білімді қалыптастыру.

Оқу құралында берілген материалды бекіту үшін тестілік тапсырмалар ұсынылған. Студенттің өзін - өзі бағалау тапсырмалары берілген.

Бұл оқу құралымен жұмыс жасағанда, құрметті студент сенің қолыңда келесі материалдар болу қажет, яғни:

1. Пəн бойынша силлабус

2. Дəптер (сабақта берілген тапсырмалар т.с.с.) 3. Тиісті жабдықтар (қалам, қарандаш, сызғыш т.с.с.) Оқу құралын игеру барысында келесі ережелерді сақтауың қажет:

1. Түсінбейтін жерлерін өзіңнің дəптеріңе жазып алу (сосын оларды оқытушыдан сұрау)

2. 2 – ші жəне 3 – ші тараудағы («тестілер» жəне

«бағалау») берілген материал бойынша өзіңнің түсінбегеніңді тексеру.

(8)

ТИПТІК БАҒДАРЛАМА

Бұл типтік бағдарлама «Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі» оқу пəнінің негізгі мазмұны мен құрылымын анықтайды. Бұл оқу пəні 5В010800 - «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша кəсіби мамандарды даярлауға арналған негізгі пəн болып табылады.

Бұл пəнді оқытудың мақсаты - студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең теориялық білім берумен бірге оларды осы білімді тəжірибелік жұмысында қолдана білуге үйрету.

Пəнді оқыту міндеттері:

1. «Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесінің» негізгі категорияларының көлемі мен мазмұны, оның шектес ғылымдар саласындағы орны жəне студенттер мен дене шынықтыру ЖОО-н бітіруші маман иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.

2. Дене шынықтырудың жалпы мəдениеттің бір түрі ретіндегі рөлін, олардың өзара жəне адамның басқа да нақты өмірінің əр түрлі жактарымен байланысын, оның кұрылымын, мазмұны мен қызметтерін ашу.

3. Жеке тұлғаның дене шынықтыру қалыптастыру əдістеріне, құралдарына, негізгі қағидаларына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тəсілдерге, дене қасиеттерін қалыптастыру жəне қимыл-қозғалыс іс-əрекеттеріне оқыту əдістемесі мен мазмұнының басты аспектілеріне, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне, жоспарлауға, бақылауға жəне есеп жүргізуге сипаттама беру.

4. Адам өмірінің əр түрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану ерекшеліктерін айқындау.

5. Спортқа дене шынықтырудың құрамдық бөлігі ретінде сипаттама беру, спорттық жаттығулардың мəнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне тəн қағидаларын, мазмұнын, құрылымын жəне жоспарлау мен басқару технологиясын ашу.

6. Мамандарды даярлаудағы пəннің ролі мен маңыздылығы, оның оқу үрдісіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы коғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен

(9)

қызметіндегі білім, тəрбие, өндіріс, күнделікті тұрмыс, демалыс жəне қалпына келу, спорт жəне мəдениет кұндылықтарын арттыруға арналған білімдерді тереңдету, кеңейту.

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

оқу пəні жоғары кəсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес дене шынықтыру теориясының қазіргі тұжырымдамалары негізіндегі білімнің, біліктілік пен дағдының ең аз көлемін ұсынады.

Бұл бағдарламаның құрылымы үш бөлімнен тұрады:

1. «Дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері». Бұл жерде оқу пəнінің элементтері қарастырылады, яғни: пəн, негізгі ұғымдары, дене шынықтыру білімі мен тəрбиесінің əдістері мен құралдары. Спорт пен дене шынықтырудың қоғамдағы негізгі түрлері мен қызметтері қарастырылады.

2. Дене тəрбиесінің жас ерекшеліктер негіздері. Мұнда ерте, мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалар дене тəрбиесінің негіздері, студент жастар мен ересек түрғындардың дене тəрбиесінің негіздері жан -жақты талқыланады.

3. Спорт теориясы мен əдістемесінің негіздері. Мұнда спорттық жарыстар мен спортшыларды даярлау жүйелері сонымен бірге жарыстар мен оған дайындықты толықтыра, күшейте түсетін жəне жарыстан, жаттығудан тыс жағдайлар да қарастырылады.

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

пəнін оқытар алдында «спорттық морфологияға негізделген анатомия», «мамандану», «дене шынықтыру мен спорт биомеханикасы», «дене шынықтыру тарихы», «физиология»

сияқты пəндерді оқып білген тиімді.

«Дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі»

пəнін оқыту барысындағы қосалқы пəндер: «Спорттық морфологияға негізделген анатомия», «Мамандану», «Дене шынықтыру мен спорт биомеханикасы», «Дене шынықтыру биомеханикасы», «Спорт түрлері мен дене тəрбиесінің негіздері», «Дене мəдениеті мен спорт тарихы», «Валеология»,

«Дене шынықтыру мен спорт педагогикасы», «Дене шынықтыру мен спорт психологиясы», «Дене шынықтыру мен спорт экономикасы», «Олимпиядалық білім жəне кəсіптік спорт»,

(10)

«Мектеп жасына негізделген дене шыныктыру гигиенасы»,

«Дене шынықтыру мен спортты басқару», «Спорттық кешендер», «Балалар мен жасөспірімдер спортының негіздері»,

«Емдік жəне сауықтыру негізіндегі дене шынықтыру»,

«Спорттық медицина», «Жас ерекшелік физиологиясына негізделген адам физиологиясы», «Спорттың кұқықтық негіздері», «Ұлттық спорт түрлері», «Педагогикалық жəне өндірістік тəжиребенің əдістемелік негіздері».

Білуі керек:

- дене шынықтырудың жалпы жəне ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы əр түрлілігі мен құрылымы, дене тəрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;

- спорттың мəні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыты, спорттық дайындық жəне жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;

- дене шынықтыру мен спорт туралы теориялық зерттеулерді қорытындылау логикасы, ғылыми-зерттеулерді қорытындылау логикасын, ғылыми-зерттеулерге деген жалпы ғылыми жəне интеграциялық көзқарасын;

- дене шынықтыру сабақтарының медициналық- биологиялық жəне психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік жəне базалык спорт түрлерін жетілдіру;

- дене шынықтыру мен спортты басқарудың жүйелері, қызметтері, теориялық, экономикалық, кұқықтық жəне ұйымдастыру негіздері, дене шынықтыру мен спортты ғылыми тұрғыда басқару мектептері жəне оның қазіргі модельдері;

- спорт түрлеріне арналған кешендер мен дене шынықтыру қондырғыларын құру принциптері, теориялық негіздері, жоспарлауды есептеу жəне орналастыру туралы;

- қазіргі кəсіби спорттық құқықтық негіздері мен даму ерекшеліктері;

- қазақ халқы мен басқа халықтардың этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын істей алуы керек;

- əдістемелік тұрғыдан жоспарлай, бақылай жəне басқара білуі тиіс: əр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың

(11)

денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау жəне дене тəрбиесі процесі, спорттық дайындық деңгейін (дене, əдіс, тəсілдік, психологиялық жəне қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы

- спорттық біліктіктерін байқау;

- жоғарғы спорттық нəтижелерге қол жеткізу, оңтайлы дене жұмысын қабілеттілігі мен денсаулыққа зиян келтірмесін жəне бейімделеу тетіктерін бұзбай отырып, ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіру;

- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында ұйымдастыру- бұқаралық жүмыстарын іске асыру;

- дене шыныктыру жəне спортты дамытуды жоспарлау;

- дене шынықтыру жəне спорт бойынша ғылым мен бағдарламалық əдістемелік, қамтамасыз ету дамуына басшылық жасау;

- салауатты өмір салтын жəне дене шынықтыру спортпен шұғылдануды насихаттау;

- дене шынықтыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде менеджемент пен маркетингті ғылыми ұйымдастыру;

- педагогикалық зерттеу жүргізу, кешенді бақылаудың сандық жəне сапалық бағалануы, математикалык-статистикалык, педагогикалық, психологиялық жəне медициналық-биологиялық зерттеу əдістерін пайдалана отырып нəтижелерге талдау жасау, дағдысы болу керек: əр түрлі жастағы, жыныстағы тұлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау жəне тəрбиесі процесін спорттық дайындық деңгейін (дене, əдіс, тəсілдік, психологиялық жəне қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктерін байқау;

- дене жаттығуларын, тəсілдік қимылдарды, орындауды көрсету дағдылары мен шеберлікке үйретуі бойынша;

Iмедициналық-биологиялық, психология-педагогикалық жəне зерттеу əдістері бойынша;

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктіліктегі түлғаларды үйреіу мен жаттықтыруда түрлі тəсілдерді қолдана білу;

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктілігіне байланысты ағзалардың физиологиялық мүмкіндіктеріне дене

(12)

жүктемелеріне біркелкілігін талдау;

- спорттық модельдеу мен мониторинг бойынша іріктеу, болжау əдістері.

Жетік білуі керек:

- түрлі жастағы, жыныстағы, спорттық біліктілігі тұлғаларды үйрету мен жаттықтыруда түрлі маңызды міндеттері, тəсілдерді іске асыруда;

- дене шынықтыру мен спорт бойынша оқытуда, тəрбиелеуде, сауықтыруда жəне спорттық жаттығуларды инновациялық технологияларды;

- дене тəрбиесінің ағзаның қызметтік жəне бейімделу қасиеттеріндегі əсер ету ерекшеліктерін;

- оқушыларды тəрбиелеу, сауықтыру жəне түрлі жастығы тұлғалардың дене шынықтыру мəселелерін басқару;

- дене күш жəне спорттық дайындықты оңтайландыру мəселелерінде сыртқы ортаның табиғи жағдайларын, педагогикалық, медициналық-биологиялық бақылауды тиімді пайдалану;

- түрлі жастағы, жыныстағы түлғалардың денсаулығын ғылыми негіздеу, жоспарлау, бақылау жəне дене тəрбиесі процесі, спорттық дайындық деңгейін (дене, əдіс, тəсілдік, психологиялық жəне қызметтік) басқару, сыртқы ортаның түрлі жағдайларындағы спорттық біліктілігіндегі ерекшеліктерін;

- ағзаның қор мүмкіндіктерін жетілдіру əдістері мен тəсілдерінде, дене жұмысына қабілеттілігін оңтайландыру арқылы ағзаның бейімделу тетіктеріне зиян келтірмей жоғарғы спорттық нəтижелерге қол жеткізу;

- дене шынықтыру қозғалысының түрлі буындарында жүмысын жүргізу;

- көпшілік жұмыстарын іске асыру; дене шыныктыру мен спортты дамытуды жоспарлау; дене шыныктыру мен спорт бойынша гылыми жəне бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыздыктың жамуын іске асыру;

- салауатты өмір салты мен дене шыныктыру жəне спортпен шүғылдануды насихаттау; дене шыныктыру мен спортты басқарудың түрлі деңгейінде ғылыми түрғыда менеджмент пен маркетингті үйымдастыру.

(13)

ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе

Дене шынықтырудың қоғамдағы орны.

«Дене шынықтыру мен спорт теориясы мен əдістемесі» оқу пəні мен ғылымының дамуына жəне оның негізгі кезендеріне қысқаша тарихи шолу.

«Дене шынықтыру теориясының» мен оның оқу жəне ғылыми пəн ретіндегі құрылымы.

Негізгі түсініктерді анықтау: дене дамуы, дене жаттығулары, дене бітімі, дене дайындығы, дененің жетілуі, дене тəрбиесі жүйесі, дене мəдениеті, спорт жəне т.б.

Дене шынықтыру теориясындағы ғылыми зерттеу əдістері мен əдістемелік негіздер.

1 бөлім Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері

1.1 Дене шынықтыру түрлері мен əлеуметтік міндеттері

«Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесінің» негізгі түсініктері.

Дене шынықтыру қоғамдағы жалпы мəдениетінің бір бөлігі ретінде.

Дене шынықтырудың жалпы жəне кəсіби қызметі. Дене шынықтырудың базалық, қолданбалық жəне тұрмыстық түрлерінің мəні.

1.2 Дене тəрбиесінің жүйесі

Дене шынықтырудың жүйесі жайлы түсінік. Дене шынықтыру жұйесінің негіздері мен айқындаушы белгілері.

Бағдарламалық мазмұны, нормативті жəне əдістемелік негіздері.Ұйымдастыру түрлері мен қызмет ету шарттары.

1.3 Дене тəрбиесінің қағидалары

Саналылық мен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік мен даралық, жүйкелілік мен қозғалмалылық сияқты əдістемелік қағидаларында көрінетін дене шынықтыру заңдылықтарыны.

Дене шынықтыру саласында осы қағидаларды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.

(14)

1.4 Дене тəрбиесінің құралдары Дене шынықтырудың қуралдары жайлы түсінік.

Дене жаттығулары - дене шынықтырудың ең негізгі ерекше құралы. Дене жаттығуларының мазмұны, түрлері, техникасы, құрылымы, топтастырылуы. Табиғи жəне гигиеналық факторлар дене шынықтырудың ерекше құралы ретінде.

1.5 Дене тəрбиесінің ұйрету тəсілдері

Бастапқы түсініктер: «əдіс», «əдістемелік тəсіл», «əдістеме»,

«əдістемелік тұрғыдан келу», «əдістемелік бағыт».

Жүктеме мен демалыс дене шынықтыру əдістерінің өзара байланыс компоненттері ретінде. Арнайы əдіс (қатаң регламентті жаттығулар əдісі.Ойындық жəне жарыс əдістері).

Жалпы педагогикалық (көрнекілік жəне сөйлеу) əдістері.

Идеомоторлық, психореттегіш жəне соған ұқсас əдістер; дене шынықтырудағы сенсорлық-коррекциялық, ақпараттық жəне т.б. техникалық қондырғылар.

1.6 Қозғалмалы əрекеттеріне үйрету

Қимыл-əрекеттеріне үйрету ретінде: қимыл ескерлігі мен дағдылары, оларды қалыптастыру механизмдері. Дағдылардың өзара байланысы. Іс қимылына үйрету жұмысының құрылымы.Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, терендете үйрету, бекіту (пысықтау) жəне жетілдіру. Үйрету жүйесінің басқару. Қателіктерді түзету жəне алдын алу.

1.7 Іс-қимыл сапалығын дамыту

Дене сапалары туралы түсінік: олардың негізгі түрлері мен адамның дене дамуындағы мəні мен рөлі.

Дене сапаларын дамытудын негізгі зандылықтары. Ептілік, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділікке тəрбиелеу əдістеменің мəні, өлшемі, міндеттері, құралдары жəне айқындауыш белгілері. Дене бітімінің тəрбиесі: дене салмағын реттеу негіздері.

1.8 Дене шынықтыру жүйесіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы

Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен ролі. Жеке тұлғаны бағытты қалыптастырудың факторлары мен шарттары. Дене шынықтыру үдерісіндегі интеллектуалдық, адамгершілік, еңбек жəне

(15)

эстетикалық тəрбиенің міндеттері, құралдары, əдістері мен түрлерінің ерекшеліктері.

1.9 Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру негіздері Сабақтарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сабақ құрылымының негіздері: Дене шынықтырудың сабақтағы жəне сабақтан тыс түрлерінің сипаттамасы.

1.10 Студенттің өзіндік жұмысы

Білім жүйесі мен дене шынықтырудың жалпы теориясын қалыптастыру. Зерттеудің ақпараттық негізін құрайтын материалдарды ашу жəне оны өндеу əдістері.

Дене шынықтырудың мөлшерлік негізі мен мазмұны. Дене шынықтырудың сауықтыру жəне қолданбалы бағыттары.

Дене жаттығуларын жіктеудің негізгі белгілері. Жүктемені оның сипаттамасына, бағытына жəне мөлшеріне қарай қалыптастыру ерекшеліктері.

Қимыл əрекеттеріне ұйрету теориясының негіздері. Қимыл дағдылары мен іскерлікке бастапқы үйретудің жəне олардың қалыптасуының негізгі тəсілдері мен бақылауы.

Жаттығулардың жынысы мен жас ерекшеліктеріне байланысты қүштілік, жылдамдық, жылдамдық-күштілігі жəне тепе-тендікті сақтау қасиеттерін қалыптастырудың негізгі ережелері. Əр түрлі сипаттағы жаттығулар арқылы төзімділік пен икемділікке тəрбиелеу ерекшеліктері. Дене сапаларының өзара байланыстары. Дене сапаларын дамытуға арналған айналмалы жаттығулар əдісі.

Дене шынықтыру сабақтарын кұрудың ұйымдастырушылық жəне əдістемелік негіздері.

2 бөлім Дене шынықтырудың теориясы мен əдістемесінің жасөспірім негіздері

2.1 Ерте жəне мектеп жасына дейінгі дене шынықтырудың негіздері

Дене шынықтыру жүйесіндегі бастапқы жас буынның ролі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жастары мен байланысты жіктеліп бөлінуі. Мектеп жасына дейінгі кезендегі балалардың жастары мен байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-əрекетке

(16)

дайындық шарттарының зандылықтары арқылы айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.

Бала бақшаларда жүзеге асырылып келе жатқан жалпы тəрбие жүйесіндегі дене шынықтыру əдістеріінің бағыты, құралдар құрамы жəне айқындауыш белгілері.

Мектепке дейінгі сəбилердің күнделікті тұрмыстық жағдайларында дене шыныктыру бағытын тиімді пайдалануының əдіснамалық негіздері

2.2 Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру негіздері

Мектеп жасындағы балаларға дене шыныктырудың əлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағыты мен міндеттері.

Мектептегі дене шынықтыруды ұйымдастыру бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар.

2.3 Мектеп жасындағы дене тəрбие жүйесін жоспарлау жəне бақылауы

Жұмысты жоспарлаудағы негізгі бағыттар. «Оқушылардың дене шынықтыруы» бағдарламасының сипаттамасы. «Дене шыныктыру» пəні бойынша оқу үрдісін жоспарлаудағы бірізділік.

Жоспарлау кұжаттарын кұру техналогиясы. Бағдарламадағы материалдарды өткізудің жылдык жоспары. Тоқсандық жоспар.

Дене шынықтыру сабағының жоспары. Есепке алу жəне бақылау түрлері.

2.4 Сабақ - мектептегі дене шынықтырудың негізгі түрі Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұны, сабақтардың міндеттері мен мазмұнына қарай топтастырылуы.

Окушылардың іс-əрекетін үйымдастыру мен бақылау əдістері, окушылар іс-əрекеттерінің белсенділігін арттыру əдістері.

Сабақгағы жүктемелерді реттеу тəсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері. Дене шыныктыру сабағындағы мүғалімнің іс- əрекетінің құрылымы. Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мүғалімнің дайындығы.

2.5 Дене шыныктыру сабактарында дене сапаларын дамыту Мектеп жасында дене сапаларын дамытудагы негізгі талаптар. Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларын тəрбиелеу ерекшеліктері. Дене шынықтыру сабактарында қимыл-қозғалыс қабілеттерін тəрбиелеудің үйымдастырушылық

(17)

жəне əдістемелік негіздері. Дене шыныктыру сабақтарында дене сапаларының даму деңгейін бақылау.

2.6 Бастауыш, орта жəне жоғары сыныптарда дене шыныктыру сабактарын үйымдастыру жəне өткізу тəсілдері

Бастауыш, орта жəне жоғары сынып оқушыларының морфофункционалдық жəне психологиялық ерекшеліктері. Білім беру, тəрбиелеу жəне сауыктыру міндеттерінің ерекшеліктері.

Дене шыныктыру сабақтарының кұрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері. Қимыл-əрекеттеріне үйрету, дене сапаларын дамыту, сабақты үйымдастыру мен басқару əдістемелерінің ерекшеліктері.

2.7 Мектептегі дене тəрбие жүйесі бойынша сабақтан соң өткізлетін жұмыстар

Сыныптан тыс жүмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері. Мектептің оқу жəне ұзартылған күн тəртібіндегі дене шынықтыру-сауыктыру іс-шаралары.

2.8 Окушылардың дене тəрбие жүйесі бойынша мектептен соң өткізлетін жұмыстар

Сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны. Дене шынықтыру үжымы (спорт клубы). Жүйелі түрде жəне ауық-ауық жүргізілетін жүмыс түрлеріне сипаттама.

2.9 Ересек дене тэрбиесінің негізгі бағыттары

Тұрғындардың ересектер контингентіне сипаттама. Дене шынықтыру ерекшелігін сипаттайтын əлеуметтік факторлар.

Ересектердің дене шынықтыру мəселесінің биологиялық аспектілері. Мəселенің мəдениетттану аспектісі. Ересектердің дене шынықтыруының негізгі бағыттарының мақсаты мен міндеттері.

2.10 Студент жастардың дене тəрбиесі

Кəсіптік білім беру құрылымындағы студенттердің дене шыныктыруының мазмұны мен кызметтері. Оның мақсаты, міндеттері, түрлері мен мазмұны. Оқу үрдісін ұйымдастыру жəне оку топтарын құру əдістемесі. ЖОО кафедрасы жүмысының жəне Спорт клубының кұрылымы мен мазмұны.

Студенттердің демалыс кезі мен тұрмысындағы дене шынықтыруы.

(18)

2.11 Əскери дене дайындығы

Əскери қарулы күш катарындағы дене дайындығының мазмұны мен кұрылымы. Оның мақсаты, жалпы жəне өзіне тəн ерекше міндеттері, əскер қатарындағы жауынгерлердің дене дайындык түрлері.

2.12 Үлкендер мен кəрілер дене тəрбиесі

Дене шынықтыру қызметінің əлеуметтік-биологиялык ерекшеліктері мен міндеттері. Дене шынықтыруды бағытты тұргыда пайдалану əдістемесі. Дене шьшықтыру сабақтарында өзін-өзі бақылаудың түрлері.

2.13 Бейімделулік дене шынықтыру

Бейімдеу дене шынықтыруының негізгі ұғымдары. Бейімдеу дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері. Бейімдеу дене шынықтыруының негізгі қағидалары. Оның түрлері, кұралдары мен əдістері.

2.14 Сауыктыру дене шынықтыруы

Сауықтыру дене тəрбиесінің негізгі заңдылықтары. Фитнесс бағдарламаларының жіктелуі, құрылымы мен мазмұны.

Сауықтыру фитнесі бойынша мамандардың кəсіптік іс- əрекетінің ерекшеліктері.

2.15 Студенттің өзіндік жұмысы

Дене шыныктыру пəні мүғалімінің іс-əрекетінің мазмұны мен құрылымы. Дене шыныктыру сабақтарында үлгерімді тексеру жəне бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен мазмұнының жəне жас ерекшеліктеріне сəйкес топтарды ұйымдастыру əдістемесінің ерекшеліктері.

Əр түрлі жастағы окушыларды қимыл əрекеттеріне үйретудің ерекшеліктері. Əр түрлі жас топтарындағы окушылардың дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларын дамыту əдістемесінің ерекшеліктері.

Оку жəне үзартылған күн тəртібіндегі дене шынықтыру жəне сауыктыру іс-шаралары.

Жалпы білім беретін мекептердегі дене шынықтыру бойынша оқу үдерісін жоспарлау əдістемесі. Сыныпка арналған жүмысты жоспарлаудың негізгі күжаттарын құру.

Мектепте нақты дене шыныктыру, сауыктыру (спорттық) іс- шараларын өткізу эдістемесі.

(19)

Окушылардың дене дайындығы деңгейін анықтау əдістемесі.

Алынған мəліметтердің сараптамасы.

Дене шынықтырудың диференциялдық (деңгейлік) бағдарламасын кұру.

Арнайы медициналық топтардагы окушылар мен дене шыныктыру сабактарын ұйымдастыру жəне өткізу ерекшеліктері.

ЖОО-ғы студенттердің дене шынықтыру бағдарламасының сипаттамасы. ЖОО-ғы Дене шынықтыру кафедрасы жұмысының қүрылымы мен мазмұны.

3. Спорт негіздерінің теориясы мен əдістері

3.1. Спорттың мəні мен əлеуметтік қызметі

Қазіргі замандағы спорттың жағдайы мен пайда болуы.

Спорт қоғамдық мəдениеттің ажырамас бөлігі ретінде. Спорттың эталондық жəне эвристикалық ролі. Спорттың сауыктыру- рекреативтік қызметі; Спорттың эстетикалық қызметтері; Спорт ойын сауық ретінде; Спорт пен өнердің өзара байланысы.

Спорт кеңейтілген əлеуметтік қатынастар саласы ретінде.

Спорт пен саясат. Спорттың қарым-қатынасының (коммуникативтік) маңызы: спорт халыкаралық байланыстар факторы ретінде. Спорттың экономикалық маңызы. Спорттағы кəсіпқойлық пен əуесқойлық. Бұқаралық спорт, жоғарғы көрсеткіштер спорты.

Спортшыны даярлау көп компоненттен түратын үрдіс.

3.2. Спорттық жарыстар жүйесі

«Спорттық жарыстар» түсінігі.

Жарыс, спорт өзгешелігінің негізі ретінде. Спорттық жарыстар қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі əр түрлі дəрежедегі жарыстардың реттелген жиынтығы ретінде. Спорттық жарыстар жүйесі мен күнтізбесі; спортшыны даярлау жүйесі.

Спорттык жетістіктер-жарыстағы іс-əрекеттің өзіне тəн жəне жиынтық нəтижесі оны өлшеу жəне бағалау критериялары.

Спортық жетістіктердің жіктелуі.

3.3. Спорттық дайындық жүйесі

Спорттық дайындық жүйесін анықтайтын негізгі компоненттер. Спорттык жарыстар, спорттық жаттығу.

(20)

Жарыстар мен спорттық жаттығуды толыктыра түсетін, олардың тиімділігін арттырып, калпына келтіру үрдісін оңтайландыра, жеңілдете түсетін жарыс жəне жаттығудан тыс факторлар.

Спортшылар дайындығы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.

3.4 Спорттық жаттығулар сипаттамасы

Спортшы дайындығының мақсаты, міндеті мен негізгі жақтары. Спорттық жаттығулардың құрылымы мен əдістері.

Жүктеме мен демалыс: спорттық жаттығулардағы шаршау, қалпына келу жəне бейімделу. Спорттық жаттығулардың қағидалары мен заңдылықтары. Спорттық дайындықтың жалпы жəне арнайы қағидалары. Максималды мүмкін жетістіктерге бағыттау, тереңдетілген мамандандырылу жəне жекешелендірілу. Спортшынын жалпы жəне арнайы дайындықтарының байланысы.Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғарғы шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісінің жарыстарға сəйкес циклдығы.

3.6. Спортшыны дайындаудың негізгі бөлімдері (жақтары), мазмұны мен негізгі əдістемелері

Дене дайындығы, оның қазіргі спорттағы ролі. Жалпы жəне арнайы дене дайындығының мақсаты, міндеттері, кұралдары мен сипаттамасы.

Үйлесімдік, жылдамдық, күш, төзімділік пен иілгіштік сияқты дене қасиеттерін тəрбиелеу əдістемесінің ерекшеліктері.

Техникалық-тактикалық дайындық. Оның əр түрлі спорт түрлеріндегі орны мен маңыздылығы, максаты, міндеттері, құралдары, əдістері мен мазмұны. Техника мен тактиканы қалыптастыру жəне жетілдіру əдістемесінің кезеңдері мен негіздері. Техника мен тактиканың өзара байланысы жəне бірлігі.

Психологиялық жəне интелектуалдық дайындық.

Спортшы іс-əрекетінің қызығушылық негіздері.

Жігерлік сапаларын тəрбиелеу.

Спортшыны даярлау үрдісіндегі интелектуальдық білім беру мен тəрбиелеудің түрлері мен жолдары. Интегралдық (пəн арқылы) дайындық.

(21)

3.7 Спорттық жаттығулардың құрылымы Спорттық жаттығулардың құрылу негіздері

Спорттық жаттығулардың құрылымын анықтайтын байланыстар мен қатынастар мəні. Жаттыгу үрдісінің кезеңдерге бөлінуі: спорттық бітім жəне оның даму заңдылықтары жалпы түсінік; жарыстар күн тізбесі; маусымдық жəне климаттық жағдайлар.

Жаттығулар үрдісінің əртүрлі кезеңдерін, сатылары мен буындарын сипаттайтын құрылымдардьщ жетілуі (макро-, мезо- жəне микроқұрылым).

3.8 Спортшы дайындығы - көп жылдық үрдіс

Спортпен айналысатын көп жылдық үрдістердің негізгі кезеңдерінің сипаттамасы: бастапқы (базалық) дайындық, спорттық мүмкіншіліктерді жоғарғы деңгейде іске асыру жəне спорттағы ұзақ өмір сүру. Олардың уақыт шегінің көрсеткіші əртүрлі кезеңдегі спорттық дайындық ерекшеліктерін айқындайтын əлеуметтік жəне биологиялық факторлар.

Жылдық жаттығу, жылдық кезеңділіғіның кейбір нүсқаулары жəне ола

3.9 Спортшыны дайындау жүйесіндегі басқару, жоспарлау жəне бақылау

Жоспарлаудың маңызы мен мəні, оның түрлері.

Спортшы дайындығын басқару мен жоспарлау объектілері, объективті негіздемелері мен түрлері; оның мазмұнын жоспарлау тəсілдері, күтілетін нəтежелерді құру реті.

Спорттық нəтежелерді болжау тəсілдері мен алдын ала жоспарлау, спортшының «үлгі сипаттамасын» құрастыру жəне оның көпжылдық жаттығу бағдарламасын жасау.

Жаттыктырушы бақылауы мен спортшының өзін-өзі бакылау объектілері. Спорттық жаттығудың кешенді бакылауы.

Педагогикалык, медициналық, биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік бақылау əдістері.

Спортшының спорттық жаттығу үрдісіндегі есепке алу.

Жарыстар жүйесінің қызметтері мен оларға қойылатын талаптар.

Спортшының дене, техникалық, тактикалык, психологиялық жəне интелектуальды дайындыктарының бір-бірімен байланысы.

Спорттық жаттығудағы шаршаудың, қалыпқа келу жəне бейімделудің физиологиялық негіздері.

(22)

Спорттық жаттығу заңдылықтарының мəні. Жаттыгу үрдісіндегі арнайы мамандандырылу жəне жеке даралық кағидалары арқылы жоғары нəтижеге қол жеткізуге бағыттау қағидасын іске асыру.

Спортшының жалпы жəне арнайы дайындықтарының бірлігі.

Жаттығу үрдісінің үзілмес қағидасы. Максималды жетістіктерге бағыттау жəне біртіндеп есу қағидасы.

Жаттығу үрдісіндегі циклдық жəне толқын тəріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі əдістемелердің негіздері.

Ұсынылатын əдебиеттің тізімі Негізгі:

1. Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – 190 б.

2. Куаныш Т.Ш. Дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесі /Болашақ дене тəрбиесі мүғалімдерің кəсіптік бағытта дайындау мəселелеріне арналған оқу қуралы. - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. - 185 б.

3. Уанбаев Е.К. , Уанбаева Ф.Ж. Дене мəдениеті жəне спортттың ілімі мен əдістемесі//Оқу қуралы /2- басылым. Өнделіп толықтырылған. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2009. – 260 б.

4. Уанбаев Е.К. Дене мəдениеті жəне спорттың ілімі мен əдіснамасы:Оқу құралы. – 3-ші басылым, өнделіп толықтырылған. - Өскемен: «Либриус» баспасы, 2010. – 260 б.

5. Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері /Оқу қуралы. – Алматы, 2001. – 107 б.

6. Иванов Г.Д., Караков А. Дене тəрбиесі /Оқу қуралы. – Алматы: Санат жəне Мирас, 1995. – 173 б.

7. Теория и методика физического воспитания./Под.общ. ред.

Л.П.Матвеева и А.Д.Новикова-М.;ФИС, 1976,т.1-11.

8. Тайжанов С.,Қарақов А. Дене тəрбиесі. 1-4-кітап . Алматы,

«Үш Қиян», 2009.

(23)

Қосымша:

1. Спорттық терминдердің энциклопедиялық сөздігі //А.Құсаиновтың жалпы ред. – Алматы, Рауан, 1995. – 220 б.

2. Қаражанов Б.Қ., Аманбаев Р.Р., Калдыбаев М.К. Дене тəрбиелеу мəдениеті жəне спорт ілімі мен методикасының түсініктері. – Алматы, 1992. – 45 б.

3. Жолымбетов Ө.Ш, Кұлназаров А.Қ. Спорт терминдерінің түсшндірме сөздігі. – Алматы, 2009. – 480 б.

4. Тер-Ованесян А.А. Педагогические основы физического воспитания.- М.:Физкультура и спорт, 1978. |

5.Введение в теорию физической культуры: Учебник пособие для иниститутов ; Физ.Культ. /Под.ред. Л.П.Матвеева .- М.: Физкультура и спорт,1983.

6. Теория спорта /Под.ред.В.Н.Платонова-К:Вища шк.,1987.

7.Филин В.П. Теория и методика юношеского спорта:

Учебник пособие М. :Физкультура и спорт, 1987.

8. Теория и методика физической культуры /Под.ред.

В.М.Шияна. М.:Просвещение, 1988.

9. Теория и методика физического воспитания. Учебник для студентов фак.физ.культ./Под.ред. Б.А.Ашмарина. -М.:

Просвещение, 1990.

10. Матвеев Л.П. Теория физической культуры М.;ФИС, 1991.

11. Матвеев Л.П. Основы общей теории спорта и системы подготовки

спортсменов - Киев: Олимпиская литература, 1999.

12. Иванков Ч.Т. Теоретические основы методики физического воспитания-М.: \ «Инсан», 2000.

13. Холодов Ж.К.,Кузнецов B.C. Теория и методика физического воспитания и спорта: Учебное пособие для студентов высшых учебных заведений.-М.: Издательский центр

«Академия»,200.-480с.

14. Теория и методика физической культуры: Учебник / Под.ред. проф Ю.Ф.Курамшина. - 2-е изд., испр. - М.: Советский спорт, 2003. - 464.

15. Теория и методика физического воспитания /под.ред.

Т.Ю.Круцевич, Т. 1,2. - Киев-2003.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Бағдарлама құрылымы осы аталған пәннің негізгі бөлімдері бойынша материалдарды қамтиды: дене шынықтырудың жалпы теориясы мен

Бағдарлама құрылымы осы аталған пәннің негізгі бөлімдері бойынша материалдарды қамтиды: дене шынықтырудың жалпы теориясы мен

Пәнді оқыту мақсаты: дене шынықтыру және спорттың ғылыми- педагогикалық негіздері саласында магистранттардың бойында терең кәсіби

Российский госудaрственный университет физической культуры, спортa, молодежи и туризмa (ГЦОЛИФК) г. Москвa, Россия Аннотaция. В рaботе предложен подход

Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері және дене шынықтыру және спорт биомеханикасы, Таңдаған спорт түріндегі спорттық

13.50-14.40 БЕЙІМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ– практ. доктор PhD