• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Коммерциялық

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Коммерциялық"

Copied!
53
0
0

Толық мәтін

(1)

Коммерциялық емес ақционерлік қоғам

Автоматтандыру және басқару кафедрасы

SCADA ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ

5В070200 – Aвтоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Алматы 2018

АЛМАТЫ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

(2)

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ж.Ж. Омирбекова, Ш.К. Адилова, Е.Ж.

Оракбаев. SCADA жүйесін құру негіздері. 5В070200 – Aвтоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2018. – 49 с.

Әдістемелік нұсқаулар 5 зертханалық жұмысқа сипаттамадан тұрады және осы жұмыстарды орындауды MasterSCADA программалық жабдықтауын пайдалануды жобалайды.

Әдістемелік нұсқаулар «SCADA жүйесін құру негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауда қолданылады.

Бейне-75, әдебиет.- 5 атау.

Рецензент: техн. ғылым. канд, доцент АУЭС А.М. Ауэзова

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2018ж. қосымша жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2018 ж.

(3)

Кіріспе

«SCADA жүйесін құру негіздері» пәні «Автоматтандыру және басқару»

мамандығында оқитын 4 курс студенттерге базалық пәндерінің құрамында оқыталады, көлемі 3 кредит (компонент таңдау бойынша). Пәннің жұмыс бағдарламасы үлкен көлемді тероиялық және практикалық мәліметтерді қамтиды. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар зертханалық жұмысқа арналған 5 жұмысты қамтиды. Тақырып бойынша зертхналық жұмыс жоба элементтерін практикалық зерттеуге арналған, MasterSCADA бірыңғай құралдар ортада жүргізіледі. Бұл аппараттық архитектуралық жүйеде дайындалады және алгоритмдерді өңдеуді жобалау, логикалық құрылымды сипаттау және параметрлер базасы, бастапқы өңдеуді орнату, визуалды жүйені, есептерді, журналдарды және басқа компоненттер жүйесін дайындау.

Зертханалық жұмыс бойынша есептер Алматы энергетика және байланыс университетінің стандарты бойынша СТ НАО 56023-1910-04-2014

«Оқу-әдістемелік нұсқаулар және оқулық жұмыстар. Жалпы құру талаптары, баяндауға, рәсімдеу және оқу-әдістемелік және оқу жұмыстарын» және мақсатты қамтиды, нұсқаға сәйкес тапсырма, құрастырылған жоба терезесі, әртүрлі жоба режим жұмысы: аппаттық жағдай, тұрақты режим, жұмыс бойынша қорытынды.

(4)

4

1 Зертханалық жұмыс №1. Желі параметрлерін мнемосұлбада көрсету

Жұмыс мақсаты: MasterSCADA-да қарапайым жоба дағдыларын құру, ОРС Server жұмыс істеу.

1.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1.1.1 Нұсқа тапсырма бойынша айнымалыларға сәйкес мнемосұлбада бейнелейтін жобаны құру.

1.1.2 ОРС Server датчиктер арқылы мәнің алу үшін аспаппен байланыс орнату.

1.1.3 Дайындалған жобаның дұрыстығын тексеру және орындалу режимін қосу.

1.2 Жұмыс тапсырмасын тәртібі

1.2.1 MasterSCADA ашып және жаңа проектті құру, солардың бір жолы:

 меню Проект-Создать;

CTRL+N;

 меню программасына кіріп Создать кнопкасын басу керек.

1.2.2 Ашылған терезеде «Жобаны құру» (1.1 сурет) жоба аты ретінде Тегін және инициалдарын белгілеу. Папканы көрсетіп, жобаға кіру үшін Документы\ Группа\ФИО\Работа 1. ОК басу және келесі ашылған терезеде Пароль бос қалдыру.

1.1 сурет – Жобаны құру

(5)

5

1.2.3 MasterSCADA (1.2 сурет) ашылған терезе келесі бөлімнен тұрады:

 меню;

 жүйе ағашы – ТҮАБЖ техникалық құрылымы сипатталады:

архитектура жүйесі, жүйеде өзара жұмыс жасайтын компьютер саны, сыртқы құрылғыларды қосу тәсілі, кіріс-шығыс модульдері;

 нысан ағашы – ұйымдастырылған технологиялық құрылым нысаны сипатталады;

 нысан қасиеттерінің панелі;

 функционалды блок панелі – мнемосұлба элементтерінің типтері.

1.2 сурет – MasterSCADA негізгі терезесі

1.2.4 Жүйе ағашын орнату. Жүйе ағашында контексті меню жүйесі арқылы Компьютер орнату. OPC server арқылы құрылғымен байланыс орнату:

 орнатылған OPC серверді іздеу контекстті меню арқылы КомпьютерПоиск OPC DA сервер арқылы жүзеге асады;

Свойства ашылған терезеде: Сервер таңдау (1.3 сурет) қажетті серверлерді таңбамен белгілеу (InSAT ModBus OPC Server DA - симулятор);

 контекстті меню арқылы Вставить ОРС сервер таңдалған серверді Компьютерге қосу.

1.2.5 Айнамалыларды (датчиктер) қосу үшін сәйкес сигналдар ОРС серверде құру қажет:

 жұмыс станциясында Master OPC Universal ModBus Server (1.4 сурет) ашу;

 контекстті меню арқылы тапсырма бойынша PN_SIMULATOR – Добавить – Устройство.

(6)

6

1.3 сурет –Сервер таңдау

1.4 сурет – Басты терезе Master OPC Universal ModBus Server

 құрылғыға қосылған контексті меню арқылы Добавить – Тег датчигі, оған сәйкесінше ат беру және келесі орнатуларды жүзеге асыру (1.5 сурет):

Тип доступа – ReadOnly, Разрешение выполнения скрипта после чтения – True. Сосын Редактирование кода скрипта чтения басу және белгілі бір заң бойынша тегтің мәнің өзгертетін код жазу. Мысалы, айнымалы мәнің valU 180-нен 250-ге дейін кездейсоқ заң бойынша өзгерту:

-- Initialization local valU

function OnInit() valU=200;

end

-- Uninitialization function OnClose() end

-- Processing

(7)

7 function OnRead()

--запись текущего тега

server.WriteCurrentTag(valU,OPC_QUALITY_GOOD);

--пересчет

valU = valU+math.random(10);if valU > 250 then valU = 180 end end

1.5 сурет –Тегті редакциялау терезесі

1.2.6 MasterSCADA құрылған айнымалыларды қосу үшін контексті меню серверге Вставить – ОРС переменные кіру қажет. Мысал үшін қолданыстағы U кернеуді, I токты және φ бұрышын қарастырайық (1.6 сурет).

1.2.7 Нысан ағашын орнату. Нысан ағашына технологиялық нысан құрылымын көрсету қажет мысал ретінде активті, реактивті, толық қуатты қарастырылады.

Объекта контексті меню арқылы нысанды қосып және оған (Установка) қасиет бөлімінде ат беру. Бұдан әрі Установка нысанына қажетті нысандарды қосу: Реактивті, Активті, Толық қуатты.

1.2.7.1 Реактивті қуатты формула арқылы QUIsin есептеуге болады.

Бұл үшін қажет:

− кітапханадан Вычисления Панели функциональных блоков sin Есептеу функционалды блок Панел sin Реактивті нысанына қосу. Функционалды блок sin 3 кірісі болады: Период, диапазон, аргумент және бір шығысы Синус және





Период

Аргумент Диапазон

Синус 2

2 sin формула арқылы есептеледі, сондықтан Опрос бөліміндегі Диапазон қасиетіне Константа 2, Опрос бөліміндегі

(8)

8

Период қасиетіне Константа 360 деп қою қажет. φ бұрышы аргумент болады, сондықтан арасындағы бұрышпен Жүйе ағашты байланыс жасау қажет және қарапайым тасу Аргументі, содан кейін қызыл белгі байланыс беру сигналы пайда болады;

1.6 сурет – Жүйе ағашының соңғы түрі

− кітапханадан Вычисления Панели функциональных блоков Произведение Реактивті нысанына қосу. Произведение функционалды блоктың Произведение шығысы және Множители тобы болады. Множитель саны Орнату бөлімі көмегімен Произведения қасиет терезесінде өзгертуге болады. Бұдан әрі Множитель және Жүйе ағашынан шығыс Синус, U кернеуін, I қолданыстағы тоқпен арасында байланыс орнату.

1.2.7.2 Активті қуатты формула арқылы РUIcos есептеуге болады.

1.2.7.3 Толық қуатты формула арқылы S UI есептеуге болады. Толық қуатты есептеу үшін Толық қуат контексті менюден Есептеу функциясын қосуға болады. Есептеу қасиетіндегі Формула бөліміне U кернеуін, I қолданыстағы тоқты қолданылған айнымалыларды тасу қажет және формуланы жазып алу.

1.2.7.4 Нысан ағашының аяқталуы Параметрлер нысаның құруы жүзеге асырылады және Жүйе ағашынан барлық параметрлерді осы Нысанға тасу қажет (1.7 сурет).

1.2.8 Терезе бөліміндегі нысанда мнемосұлбаны құру жүзеге асырылады. Мысал ретінде мнесұлбада U, I, P, Q, S мағыналарды бағыттамалық аспап ретінде қою және деректерді сызбада (тренд) көрсету қажет.

1.2.8.1 Мнемосұлбаны құру үшін құрылған нысан Объекта (Установка) бөліміндегі Терезе бөліміне көшіп және Құру батырмасын басу қажет (1.8 сурет).

1.2.8.2 Ашылған мнемосұлба терезесінде Нысан Ағашынан тінтеуір оң жақ батырмасымен U параметрін тасып және «Стрелочный прибор» таңдау қажет (1.9 сурет).

1.2.8.3 Бағыттамалық аспаптың қажетті түрін орнатқаннан кейін қалған параметрлерді мнемосұлбаға көшіруге болады және де қасиеттер құрылған аспаптарды (1.10 сурет) Нысан Ағашымен сәйкесінше шығыс параметрлерін

(9)

9

тасу (реактивті қуат үшін, мысалы, бұл произведения шығысы) және аспапты өзгерту.

1.7 сурет – Нысан ағашының соңғы түрі

1.8 сурет – «Установка» Нысан қасиеті

1.2.8.4 Аспап шкаласын орнату үшін аспап қасиеттерінде жоғарғы және төменгі шекаралар әрқайсысына бөлек редакциялау, жүйеде шкаланы орнату ыңғайлы. Мнемосұлбадан жобаға батырма арқылы ауысу Жобаға көшу ,

(10)

10

содан кейін Жүйе Ағашы Жүйе қасиетіне Шкала бөліміне керекті шкалаларды және олардың диапазонын және де апаттық және ескерту шекаралар қосу, берілген шекке жеткенге дейін Жүйе ақпаратты жасалынады, шама сәйкесінше түске боялады.

1.9 сурет – Нысан таңдау терезесін көрсету

1.10 сурет – Мнемосұлбада нысананың қасиеттері

1.2.8.5 Q, S шкаласын құру кезінде сәкесінше өлшеу бірлігі тізімде жоқ.

Оларды қосу үшін Өлшеу бірлік кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу (1.11 сурет).

1.2.8.6 Содан кейін, құрылған шкаланы беру үшін параметрлер қасиетіне кіру қажет Жүйе Ағашында және нысан қасиетіне (олардың шығысы) Жалпы бөлімінде Нысан Ағашы сәйкесінше диапазон өлшемін беру.

1.2.8.7 Параметрлерді сызбада көрсету үшін палитра мнемосұлбасынан тренд элементін қосу керек. Мәндерді сызбада көрсету үшін сәйкесінше айнымалыларды трендке тасымалдау жүзеге асыруға болады.

1.2.9 Құрылған бағдарлама жұмыс істеу үшін, оны компьютерге беру керек, себебі MasterSCADA желілік жобаларды құруға мүмкіндігі бар, бірнеше компьютерлер жасайтын. Бір компьютер үшін түбірлік компьютер Ағаш Жүйесінде нысан қасиеттерінде, Жалпы бөлімінде Компьютер 1 беру. [1]

(11)

11

1.11 сурет – Кернеу шкаласын құру

1.2.10 Қосылған кезде мнемосұлба ашылу үшін Нысан (Құрылғы) қасиеттер терезесінде, Терезе бөлімінде компьютердің Бастапқы мнемосұлбада белгі қою. Осымен құрылуы аяқталды, жобаны қосу үшін Пуск

батырмасын қосу.

1.3 Тапсырмалар нұсқалары

Нұсқа Деректер Формулалар

1 α[1,1.5], B[10,50], I[15,40],

L[5,15], S[10,30]. Ф=BScosα, F=ILBsinα 2 I[5,10],R[10,70],t[5,20]. A=I2Rt, P=A/t

3 m=70, v[15,25],t[5,20]. p=mv, F=p/t

4 L[10,45],I[5,10]. Ф=LI, W=LI2/2

5 L[5,25],C[10,60]. T = 2π√LC, XL=2πL/T, Xc=1/ωC 6 R[10,70],C[10,60],L[15,30]. XL=2πL/T, Xc=1/ωC, T = 2π√LC, Z =

√(Xc− XL)2+ R

7 C[15,30],U[5,20]. q=CU, W=qU/2, φ=W/q

8 m=50, v[5,30],h[3,50]. E=Eк+Eп=mv2/2+mgh 9 =1000, c=420, V[3,5],

t1[10,20],t2[30,50]. Q=cmΔt, m=V 10 α[3,7], B[10,35],r[4,9]. Ф=BScosα, S=πr2

11 I[1,5],R[5,10]. P=I2R, U=IR

12 R[10,45],I[5,10],t[1,5]. Q=IUt, U=IR

13 q[1,10],

U1[2,10],U2[3,5],U3[7,10]. A=qU, U=U1+U2+U3

14 d=10, q[5,15],E[5,10]. W=qEd, φ=W/q

15 l[15,25]. T = 2π√l/g, v=1/T

(12)

12 1.4 Бақылау сұрақтары

1.4.1 ОРС технологиясы.

1.4.2 ОРС стандарттары.

1.4.3 MasterSCADA терезесі және олардың функционалдық мақсаты.

1.4.4 Мұрағаттау жүйесін орнату.

1.4.5 Кіріс және шығыс айнымалылар, MasterSCADA оқу және жазу 1.4.6 MasterSCADA параметрлерін қалай есептеуге болады?

1.4.7 Апаттық және ескерту шекараларды орнату.

1.4.8 Түбірлік компьютерді тағайындау қажеттілігін түсіндіріңіз.

1.4.9 Үш типті режимді орындау.

2 Зертханалық жұмыс №2. MasterSCADA жүйесінде жобалау негіздері

Жұмыс мақсаты: MasterSCADA деректерді жинау және операциялық диспетчерлік басқару жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру.

2.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

Кәсіпорында биіктігі 8 метрлі сыйымдылық орналастырылған. Датчик 0- ден бастап 8 метрге дейін деңгейді өлшейді. Төменгі апаттық шекара 5%-ды, жоғарғысы - 95%-ды құрайды.

2.1.1 Апаттық шекараны (төменгі, жоғарғы) бұзылған кезінде сәйкес ескертулер берілсін.

2.1.2 Мнемосұлба ағымдағы сұйықтық деңгей мәндерін көрсету керек.

2.1.3 Операторға ескерту шекараларының мәнін өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ету.

2.1.4 Операторда сұйықтық деңгейінің уақыт бойынша сызба өзгерісін көру мүмкіндігі болу керек.

2.1.5 Өлшемдер мәндері және бұзылу туралы хабарлама 1 айдан астам сақталуы тиіс.

2.2 Жұмысты орындау тәртібі

2.2.1 OPC-сервер MasterOPC іске қосу: Пуск – Программы – InSAT – MasterOPCMasterOPC server.

2.2.2 Команданы орындау: Ашу – конфигурацияны жүктеу simulator.mbc. Өзіңіздің тегіңізді құрыңыз – резервуарда су деңгей датчигін және оның скриптін жазыңыз.

2.2.3 MasterSCADA іске қосыңыз – Деңгейді бақылау жаңа жобасын құрыңыз.

2.2.4 Ерекшелігі (оң жағында) бетінде – Шкалы бөлімін таңдаңыз – ҚосуАты: Деңгей – Басталуы: 0, Соңы: 8, Апаттық және ескерту шекараларын 2.1 суретіне сәйкес енгізіңіз.

(13)

13

2.1 сурет – Шкалалар

2.2.5 Оң жақ батырмасында ЖүйедеҚосу – Компьютер (АРМ оператор аты).

2.2.6 Оң жақ батырмасында АРМ операторда - OPC сервер - InSAT Modbus OPC server DA және құрылған Уровень айнымалысын таңдаңыз (2.2 сурет).

2.2 сурет – Ағаш жүйесінде Уровень айнымалысы

2.2.7 Ағаш нысанына өтіңіз - оң жақ батырмасында «Емкость» нысанын қосыңыз.

2.2.8 Функционалды блокты таңдаңыз: Обработка сигналов – Повторитель – компьютерлік тінтуірмен Емкость нысанына апарыңыз – Жалпы (оң жақ жоғарыда) ерекшелігінің бетінде –Повторитель Деңгейге атын өзгертіңіз (2.3 сурет).

2.3 сурет – Ағаш нысаны

2.2.9 OPC-сервер Деңгей айнымалысы және Деңгей кіріс элементі арасында байланыс орнатыңыз. Кірісінде қызғылт тік сызық шығуы керек (2.4 сурет). [2]

2.2.10 Емкость нысаның таңдаңыз және оң жақ басырмасымен орындаңыз: Вставить – Команду. Жалпы бөлімінде ат беріңіз: ЖШШ (жоғарғы шекті шекара), Тип: Аналогты. Опрос выхода бөлімінде Восстановление при рестарте флагын орңатыңыз.

2.2.11 Оң жақ батырмасымен орыңдаңыз: Дублировать – ТШШ (төменгі шекті шекара) атын өзгертіңіз (2.4 сурет).

(14)

14

2.2.12 ЖШШ командасына - Опрос выхода бөлімі – Опросқа дейінгі мән: 7. ТШШ командасы үшін - Опрос выхода бөлімі - Опросқа дейінгі мән: 1.

2.4 сурет - Ағаш нысаны

2.2.13 Шығыс айнымалы шекараларды командамен байланыстыру:

Шығысты таңдаңыз – Мәндерді бақылау бөлімі – Жоғарғы ескерту шекарасына ЖЕШ командасын апарыңыз, Төменгі ескерту шекарасына – ТЕШ командасын (2.5 сурет).

2.5 сурет – Шығыс бөлімі «Мәндерді бақылау»

2.2.14 Ескерту хабарламаларының жүйесін және оператордың іс- әрекетін сақтау үшін Журнал сообщений құру: Емкость нысанын таңдаңыз – Журналы бөлімі – Тип: Новое окно – Ерекшеліктер: Басқа терезелер үстімен флажогы (2.6 сурет).

2.6 сурет - Негізгі журнал

2.2.15 Тренд құру: Тренды бөлімін таңдаңыз – Қосу – Аты: Деңгей өзгерту.

2.2.16 Батырма бойынша «Выбор перьев» (звезда) – Шығыс айнымалысын қосыңыз (2.7 сурет).

2.7 сурет - Тренд

(15)

15

2.2.17 Оң жақ батырмасы бойынша Y осінде Установки пунктін таңдап, барлық қарама-қарсы шекараларда флагтарды орнатыңыз.

2.8 сурет - Установки оси Y

2.2.18 Тренды тип ерекшелік бетінде қойыңыз: Жаңа терезе.

2.2.19 Архив бөлімінде сақталу мерзімін орнатуға болады. Шарт міндеттері бойынша 30 күн.

2.2.20 Мнесұлба құрастыру – Тип: Терезе – флажок қосыңыз компьютердің Бастапқы мнемосұлбасы.

2.2.21 Астында Палитра бөлімін таңдаңыз – Графикалық примитивтер – Текст: мнемосұлба үстіне текст жазыңыз: деңгей сыйымдылығын бақылау.

Оң жақ батырмасында – Ерекшеліктер – мөлшері: 28, Түсі: көк.

2.2.22 Палитра – Объемные элементы – Цилиндр: Оң жақ батырмасы Свойства – вкладка Окончания – Начало: Срез.

2.2.23 Цилиндрді таңдаңыз – астында Ерекшеліктер бөлімі – кіріс мәндерінің Динамизациясы - Процент заливки ерекшелігін таңдаңыз – сол жақ батырмасымен Деңгей функционалды блогының Шығыс айнымалысын апарыңыз.

2.2.24 Батырма бойынша (Шығыстан оң жағында) - Процент заливки ерекшелігін қойыңыз (2.9 сурет).

2.9 сурет –Динамизация орнатылуы 2.2.25 Процент заливки – сызықты түрленуі: Шындық.

2.2.26 Оператор ЖШШ және ТШШ мәндерін анықтауға мүмкіндігі болу керек: команданың деректерін мнемосұлбаға апарыңыз. ЕрекшелікЕні: 3 (2.10 сурет).

2.2.27 Шығысты цилиндрге апарыңыз. Ерекшелік: шектің ені: 3, Фон түсі: White, Шекара типі: Ойыс шекара.

2.2.28 Оң жақ(!) тінтуір батырмасымен Сыйымдылық нысанын мнемосұлбаға апару – Негізгі журнал – Ерекшелітерде қою – Подпись: Негізгі журнал.

2.2.29 Оң жақ тінтуір батырмасымен Сыйымдылық нысанын мнемосұлбаға апару – Деңгей өзгеруі – ЕрекшелітерПодпись – Тренд.

(16)

16

2.2.30 Пуск батырмасы бойынша оператордың Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) тексереміз.

2.2.31 Жүйені таңдаңыз – Ерекшеліктер (оң жағында) – Операторлар бөлімі – Қосу: Оператор көмекшісі – Ауыстырып: Флажок алып тастау!

2.2.32 Операторлар - Қол жеткізу құқықтары бөлімі – 2.11 суреттегідей беру.

2.2.33 АЖО операторы – Ерекшеліктер – Операторлар – Оператор көмекшісін таңдаймыз – Қосу – Өзіңіздің тегіңіз.

2.10 сурет – Мнемосұлба

2.2.34 Жұмыс столында АЖО операторын қосу үшін ярлык құру: оң жақ батырмасы – Ярлык құру – Ерекшеліктер – Нысан: "D:\Program Files\InSAT\MasterSCADA\MasterSCADA.exe" "D:\MasterSCADA Projects\01КонтрольУровня\Контроль уровня.vav" user:Иванов.

2.11 сурет – Қол жеткізу құқықтары

(17)

17 2.3 Тапсырма нұсқалары

Сыймдылық биіктігі

Төмеңгі апаттық шекара

Жоғарғы апаттық

шекара Түсі Пайдаланушылар

1 7 1 91 қызыл Оператор, контроллер

(журнал)

2 6 2 92 көк Оператор, контроллер

(тренд)

3 9 3 93 жасыл Оператор, контроллер

(журнал)

4 10 4 94 сары Оператор, контроллер

(тренд)

5 11 6 96 көгілдір Оператор, көмекші (журнал

көрмейді)

6 11,5 7 97 қызыл Оператор, көмекші (журнал

көрмейді)

7 9,5 8 98 көк Оператор, көмекші (журнал

көрмейді)

8 8,5 9 99 жасыл Оператор, көмекші (тренд

көрмейді)

9 6,5 1 90 сары Оператор, контроллер

(журнал)

10 7,5 2 91 көгілдір Оператор, контроллер

(тренд)

11 8,7 3 92 қызыл Оператор, контроллер

(журнал)

12 9,8 4 93 көк Оператор, контроллер

(тренд)

13 12 6 94 жасыл Оператор, көмекші (журнал

көрмейді)

14 13 7 96 сары Оператор, көмекші (тренд

көрмейді)

15 14 8 97 көгілдір Оператор, көмекші (журнал

көрмейді)

2.4 Бақылау сұрақтары 2.4.1 Динамизация мәндері.

2.4.2 Повторитель (қайталанушы) мақсаты.

2.4.3 Жаңа пайдаланушы жүйесін құру.

2.4.4 Құқық типтері: бокалды, глобалды, журнал, растау.

2.4.5 Уставки.

2.4.6 «Восстановление при рестарте» белгіні не үшін қою керек.

2.4.7 Тренд берілген кезде «Жаңа терезе» типі не үшін беріледі.

2.4.8 Терезе типтері.

2.4.9 Ескерту және апаттық шекарасын орнату.

(18)

18

3 Зертханалық жұмыс №3. Толыққанды жобаны құру

Жұмыс мақсаты: күрделі жобада ОМ қолдану арқылы дайындау дағдырларын алу, жұмыс режимін динамизациялау және қайталағыш жұмысын зерттеу

3.1 Зертханалық жұмысқа тапсырма

3 аппаратты N л, 2 бак бар: араластырғыш сыйымдылығымен, берілген пропорция клапан арқылы сұйықтық құйылады. Сыйымдылық толықтырылғаннан кейін араластыру және қыздыру жүргізіледі, берілген уақыт ішінде, содан кейін сұйықтық насос сорғысымен төгілуге апарады. (3.1 сурет)

3.1.1 Параметрлер шартын көрсету қажет:

− бактың деңгейі;

− сыйымдылық деңгейі;

− сыйымдылық температурасы;

− қыздыру қуаты;

− ОМ жағдайы.

3.1.2 Оператор сұралған мәні:

− жүктелетін сұйықтық саны;

− процесс температурасы;

− процесс уақыты;

− ОМ басқару үшін қол режимін қосу.

3.2 Жұмысты орындау тәртібі

3.2.1 3.1 кестесіне сәйкес ОРС серверде айнымалыларды орнату.

3.2.2 Ағаш жүйесін орнату (Имя Компьютера – Оператор).

3.2.3 Шкаланы (Прим. формат f0 – заттық, 0 – үтірден кейін белгі саны) және айнымалыға сәйкес өлшеу диапазоның орнату.

3.2.4 Нысана ағашын орнату:

1) Нысана құру – ПЛК.

2) ПЛК нысана үшін Нысана құру – Қызыл бак.

3) Функционалды блок палитрасынан Қызыл бак нысанаға Сыйымдылық апаратын қосу. Қасиеттер бөлімдісінің Сыйымдылығында Цистерна көрінісін және минимум түсін Қызыл орнату (берілген сыйымдылық үшін температура қойылмайды).

(19)

19

3.1 сурет – Міндеттер қою 3.1 кесте – ОРС тегі

Аты Типі

ПЛК Құрылғы

1 Қызыл бак Құрылғы іші

1.1 Сыйымдылық Құрылғы іші

1.1.1 Деңгей Тег/бүтін [0;N]/оқу

1.1.2 Апат Тег/логикалық/оқу

1.1.3 Насос Тег/логикалық/оқу-жазу

1.1.4 Насос апаты Тег/логикалық/оқу

2 Жасыл бак (Қызыл бак

ұқсастығымен) Құрылғы іші

3 Аппарат1 Құрылғы іші

3.1 Сыйымдылық Құрылғы іші

3.1.1 Температура Тег/заттық [0;T]/оқу-жазу

3.1.2 Деңгей Тег/бүтін [0;N1]/оқу

3.1.3 Қуат Тег/ бүтін [0;100]%/оқу-жазу

3.1.4 Араластырғыш Тег/логикалық/оқу

3.2 Клапан Құрылғы іші

3.2.1 Клапан1 Тег/бүтін [0;100]%/оқу-жазу

3.2.2 Клапан2 Тег/бүтін [0;100]%//оқу-жазу

3.3 Басқару Құрылғы іші

3.3.1 Қызыл саны Тег/бүтін [0;N]/оқу-жазу

3.3.2 Жасыл саны Тег/бүтін [0;N]/оқу-жазу

3.3.3 Уақыт Тег/бүтін [0;t]мин/оқу-жазу

3.3.4 Пуск Тег/логикалық/жазу

3.3.5 Автомат Тег/логикалық/жазу

3.3.6 Процесс_жүріп жатыр Тег/логикалық/оқу 4 Аппарат2 (Аппарат 1 ұқсастығымен) Құрылғы іші

(20)

20

4) Сыйымдылық Деңгейінің шығысын ағаш жүйесінен ОРС айнымалы қызыл Бак Деңгейімен байланыстыру (бұл да Апатпен).

5) Функционалды блок палитрасынан ОМ Мнемоникалық насосты қосу. Орнату бөліміндегі нысан қасиеттерінде қажетті емес шығыстарды алып тастау керек (3.2 сурет). ОРС айнымалыны Қызыл Бактың Апат насосын Насос нысаның Апат кірісімен байланыстыру. Насос ОРС айнымалы нысан кіріс Насосымен қосылып тұр және Шығысты қосу.

6) Жасыл Бак Нысанды қосу үшін Қызыл Бак Нысананың көшірмесін алып және қалпына келтіру терезесіне қызылды жасылға өзгерту керек, Тексеру батырмасын шертіңіз, барлығын Қондыру, Қалпына келтіру.

3.2.5 ПЛК нысаны үшін мнемосұлбаны құру: қызыл және жасыл Бактарды және насостарды 1 суретке сәйкес құбырмен бірге клапанға дейін енгізу (нысан қасиеттерімен құбыр орнату түрі іске асырылады). [3]

3.2 сурет – Насос қасиеттері 3.2.6 Аппарат 1 Нысананы ПЛК Нысанасына құру:

1) Нысан Жабдықтар аппаратында құру.

2) Нысан Сыйымдылық Жабдықтар үшін құру.

3) Сыйымдылық Функционалды блок нысанына Сыйымдылық араластырғышпен орналастыру.

4) Контексті меню Сыйымдылық арқылы қолмен Қуат командасын қосу керек (Тип – Бүтін, шкала – Қуат).

5) Аппарат1 нысанына жұмыс Режимі нысанын қосу, одан Автоматты командасын қосыңыз (тип – дискретті).

6) Аппарат1 нысанына функционалды блокты қосу Задвижка мнемоническая – Клапан1 атын өзгерту, осыған ұқсас 2 суретке сәйкес орнату жасаңыз, Автоматты командасы мен Автомат кірісі арасында байланыс жасау.

7) Клапан2 нысанды көшірумен жасау және Қалпына келтіру батырмасын басу.

(21)

21

3.2.7 Кіріс/шығыс Нысан Аппарат1 және OPC айнымалыларын байланыстыру үшін клемниктерді (Қайталағыш) қолданыңыз.

1) Клеммник Нысаның қосу және Аппарат1 ОРС айнымалылармен ұқсас құрылымын құру, тегтің орнына сәйкесінше Қайталағыштар функционалды блокты құру (шығыс типті сәйкесінше орнатуда Қайталағыш және өлшеу Диапазонда беру).

2) Кіріс қайталағыш Температурасын сәйкесінше ОРС айнымалылармен, ШығысТемпература кірісімен Сыйымдылық араластырғыш нысанымен байланыстыру.

3) Кіріс қайталағыш Деңгейімен сәйкесінше ОРС айнымалылармен, ШығысДеңгей кірісімен Сыйымдылық араластырғыш нысанымен байланыстыру.

4 ) Кіріс қайталағыш Араластырумен сәйкесінше ОРС айнымалылармен, ШығысАраластырғыш кірісімен Сыйымдылық араластырғыш нысанымен байланыстыру.

5 ) Өйткені оқу және жазу үшін қуат тег болады, 2 қайталағышты құру қажет: Кіріс Қуатты және шығыс Қуатты.

6 ) Қолмен Қуат және Кіріс қайталағыш шығыс Қуат, Шығыс – ОРС айнымалылармен Қуат командалар арасында байланыс жасау.

7 ) Кіріс қайталағыш Қуат кіріс сәйкес OPC айнымалысы арқылы қосу, Шығыс кейінірек трендке жіберіледі.

8 ) Клапан1 клеммник үшін 3 қайталағыш керек: Клапан қосылған, Клапанды қосу, Саны.

9 ) Кіріс қайталағыш Клапан қосылған сәйкесінше ОРС айнымалыларының кірісімен, ШығысАшық нысан Клапан1 кірісімен байланыстыру.

10 ) Кіріс қайталағыш Клапан қосылған шығысмен Шығыс Ашық нысан Клапан1, Шығыс – сәйкесінше ОРС айнымалылармен байланыстыру.

11 ) Кіріс қайталағыш Саны сәйкесінше ОРС айнымалыларымен, Шығыс мнемосұлбаға жіберу.

12) Клапан2 қайталағышты құру үшін Клапан1 көшіру, клапан1-ді клапан2-ге ауыстыру, Заменить, Проверить, Установить все, Восстановить батырмасын басыңыз.

3.2.8 Аппарат1 Басқару нысаның қосыңыз параметрлерді беру және процесті қосу және тоқтату үшін:

1) Функционалды блок Палитрасын Басқару бөлімінен кестені қосыңыз. Параметрлер саны – 4: Қызыл сан, Жасыл сан, Температура, Уақыт. Барлық параметрлерге Басқару белгісін қою. Кесте Шығысы мен сәйкесінше ОРС айнымалылармен байланыстыру.

2) Cондай-ақ Пуск (Тип – дискретті) қосыңыз.

3.2.9 Қайталағыш құру үшін Пуск командасын және Уақыт және Процесс айнымалылары үшін клеммник нысанын барады және байланыс орнатылады.

3.2.10 Аппарат1 мнемосұлбасын құру:

(22)

22

1) Сыйымдылық араластырғышты, Клапан1 және Клапан2 және кестені мнемосұлбаға қосыңыз. 1 суретке сәйкес мнемосұлбаны құрастырыңыз.

Мәндерді ндикациялау үшін мнемосұлбаға Шығыс қайталағышты, Клапан1 және Клапан2 нысанынан және де қалған уақыт және қазіргі бак деңгейін апарыңыз.

2) Қол режимін қуатын беру үшін мнемосұлбаға стрелкалық индикаторды қосу қайталағыш Кіріс Қуаттан, және де қуат тапсырмасын қолмен Қуат (слайдер) қосу.

3) Пуск батырмасын басқару нысанынан апару.

3.2.11 Автоматты/қол ауыстырғыш режимін батырмасын құру үшін қажет:

1) Режим нысаны үшін Терезе қасиет бөлімінде басқару Терезесін және Құру батырмасын таңдау.

2) Палитрадан Ауыстырғыш нысаның Элемент диалогына қосыңыз.

3) Автоматты және Қол жолдарын терезе қасиетінде жолдар бөлімінде құрыңыз.

4) Группа бөлімінде бастапқы таңдау ретінде Автоматты таңдаңыз.

5) Командамен байланыс орнату үшін кіріс/шығыс динамизация

қолдану қажет (3.3 сурет): Шығыс динамизациясына көшу және Таңдалынған жолдар өрісінде Автоматты командасын апарыңыз және 3 нүктемен батырмасын басыңыз және динамизация қасиетін Орнату терезесінде 3.4 суретке сәйкес орнату жасаңыз.

3.3 сурет – Кіріс және шығыс динамизация

6) Динамизация Кірісіне көшіңіз және Бастапқы таңдау өрісінде Автоматты командасын апарыңыз ауыстырғыштың режимін қалпына келтіру үшін қайта жүктеу режимі ороындалғаннан кейін және 3 нүктелік батырманы басыңыз және динамизация қасиеттерін Орнату терезесінде орнатуды жасаңыз.

3.4 сурет – Динамизация қасиетін орнату

(23)

23

3.2.12 Мнемосұлбаға өтіңіз және басқару нысан Режим Терезесін қосыңыз. Орнатуды көрсету үшін ауыстырғыш қасиеттеріне өтіңіз:

– Изображение ауыстырғышты басыңыз және man.bmp суретін, папки

…/Project/Элементы мнемосұлба таңдаңыз және Қолдануды басыңыз;

– қайтадан auto.bmp суретін таңдаңыз және Қолдануды басыңыз, Автоматты батырма текстті теріңіз;

– суретті өзгерту үшін және динамизация Кірісі;

– жұмыс режиміне байланысты суретті және подписті өзгертуге, динамизация Кірісіне өтіп, Подпись өрісінде Автоматты командасын апарыңыз, 3 нүкте батырмасын басып, параметрлерді динамизация қасиет Орнату терезесінде орнатыңыз. Сондай-ақ, Изображение өрісіндегі Автоматты командасын таңдап, 3 нүктелі батырмасын басып, параметрлерді динамизация қасиет Орнату терезесінде (3.5 сурет) жасаңыз.

3.5 сурет – Сурет режимін орнату

3.2.13 Автоматты режимде индикатор тапсырма Қуаты керек емес, өрісте өшірілген динамизация Кіріске Автоматты командасын апару, жасыру үшін қажет.

3.2.14 Шығыс Опрос қасиет бөлімінде Автоматты командасында Опрос – Вкл дейін Мәндерді қою.

3.2.15 Аппарат1 нысанында Опрос қасиет бөлімінде Қалпына келтіру белгісін басу, рестарт кезінде деректерді сақтау режимдерді ауыстыру үшін.

3.2.16 Қазіргі температураны, оның бақылау нүктесін және деңгейін көрсету үшін мнемосұлбада трендті қосу. Жетілдірілген режиміне көшіңіз және перьев атауын өзгертіңіз. Себебі, шкалалар әртүрлі диапазондары бар, қосымша тік ось құрыңыз:

− Тренд орнатуда Добавить – Ось – Вертикальную ось значений басыңыз. Ашылған тізімде Тік ось1 табыңыз және Байланыс қасиеттер бөлімінде Терезе У және желі Таңбалау У өрісінде керекті параметрді таңдаңыз. Қасиеттерде ось көрінісін орнатыңыз.

3.2.17 Аппарат1 нысаны үшін Температура, Деңгей, Қуат және температура кестесінің шығуын көрсететін тренд құрыңыз. Барлық айнымалылар автоматты түрде трендке түскенде архивтеледі. Архивтеу орнату үшін Жүйе қасиеттер терезесіне кіріңіз – Архив бөлімі – Шаблондар.

Шаблон үшін Аналогты мәндерін Өлі аймақта к% беріңіз.

3.2.18 Апарат1 нысаны үшін оқиға журналын құрыңыз.

3.2.19 Журналды және Аппарат1 мнемосұлбадан трендті ашу мүмкіндігін қарастырыңыз.

(24)

24 3.3 Тапсырмалар нұсқалары

N, л N1, л T, С t, мин k, %

1 4726 432 60 13 0,6

2 4325 435 70 11 0,6

3 4586 402 55 13 0,6

4 4308 468 64 13 0,8

5 4831 499 68 13 0,5

6 4511 494 63 10 0,3

7 4935 401 64 10 0,2

8 4043 435 65 10 0,8

9 4193 476 66 13 0,7

10 4971 495 63 15 0,2

11 4680 429 54 15 0,8

12 4486 491 65 14 0,8

13 4413 434 57 12 0,5

14 4810 464 53 15 0,6

15 4792 426 59 12 0,8

3.4 Бақылау сұрақтары

3.4.1 Қайталану объектілерді байланыстар арқылы сақтау.

3.4.2 Басқару терезесі.

3.4.3 Жұмыс режимін байланысты динамизация орнату.

3.4.4 Кіріс/шығыс тегтер үшін сигнал қайталағыштары.

3.4.5 Ілгері режиміндегі тренд жұмысы.

3.4.6 Ілгері режиміндегі журнал жұмысы.

4 Зертханалық жұмыс №4. Толық жобаны құру (жалғасы)

Жұмыстың мақсаты: пайдаланушы хабарламаларды, нысанның суреттерін құру және желілік жобаны құру дағдыларын игеру.

4.1 Зертханалық жұмыстың тапсырмалары

4.1.1 Тапсырма бойынша K басымдықты өзіңіздің жеке хабарламаңызды жасаңыз.

4.1.2 ОМ күйін көрсету және оны үлгі ретінде тағайындау үшін Құрылғы кескінін жасаңыз.

4.1.3 Орындаушы И сайтты бақылай алатын және дайындалған қоспаның мөлшерін көре алатын желілік жоба жасаңыз. [4]

4.2 Жұмысты орындау тәртібі

4.2.1 Жүйелік сипаттардағы Хабарлар қойындысына өтіп, тапсырма бойынша К басымдықпен өзіңіздің санатыңызды қосыңыз, мәтіннің және фонның түсін, дыбысын өзгертіңіз (4.1 сурет).

(25)

25

4.2.2 Ағаш жүйесінен П параметрін таңдап, апаттық және ескерту шекаралардың мәндерін Бақылау қойындысына енгізу және жүйелік хабарлар құру қажет.

4.2.3 Пайдаланушы хабарларды жасау үшін Оқиға түріндегі айнымалы мәнді пайдалану керек. Ол үшін:

− контекстті меню арқылы Оқиға типті айнымалыны таңдаған нысанға қосу;

− формула қойындысында таңдалған айнымалыны апарыңыз және оқиға енгізілу керек болатын күрделі шартты (логикалық AND, OR операцияларын пайдаланып) қойыңыз;

− хабарлама қойындысында өзіңіздің хабарламаңыздың мәтінін айнымалы мәнмен енгізіңіз (4.2-сурет) және алдын-ала жасалған хабар санатын көрсетіңіз.

4.1 сурет – Өзіндік хабарлар санатын құру

4.2.4 Аппарат1-дің бейнесін жасау үшін, нысанның қасиеттер терезесінің қойындысына өтіп, Сурет параметрін таңдап, Создать батырмасын басыңыз. Сурет көлемін өзіңіз реттеңіз. Барлық ОМ және құбырлармен, сондай-ақ қажетті мәтіндік белгілермен (мысалы, мнемосұлба жасағанда: Температура, Деңгей) Аппарат1 бейнесін жасаңыз. Жұмыс режимін көрсету үшін бояғыштан Сурет қосыңыз. Сурет сипаттамасында қолмен жұмыс режиміне сәйкес суретті таңдаңыз. Суретті тек қол режимде көрсету үшін Динамизация кірісіне терезесіндегі Өшіру жолында Автоматты бұйрығын әкеліп қосыңыз.

4.2.5 ПЛК нысаның мнемосұлбасын ашыңыз және Аппарат1 суретін апарыңыз, жұмыстың дұрыстығын тексеріңіз. Жалпы қойындысында Шаблонға белгі(галочка) қойыңыз.

4.2.6 Аппарат1 нысанның көшірмесін алып, Аппарат1-ді Аппарат2-ге өзгеріңіз, Өзгерту, Тексеру, Барлығын орнату, Қалпына келтіруді басыңыз.

Негізгі мнемосұлбаны аяқтаңыз.

(26)

26

4.2 сурет – Хабарламаларды оранату

4.2.7 Желілік жобасын құру үшін осы компьютерде есептелінетін компьютердің қажетті санын және нысанын қою керек:

Ағаш Жүйесіне компьютерді қосып, оған И деген ат беріңіз;

− компьютер арасында байланыс орнатыңыз: сипаттардың орындалу режимі – Байланыс И және Оператордың компьютері үшін компьютердің ІР адресін беріңіз;

− нысанды ПЛК ретінде Ағаш нысанға қосыңыз және И үшін оған Информация атың қойыңыз, И компьютерінде орындалу үшін нысанды орнатыңыз;

− бактағы деңгей және илеу (замес) саны туралы ақпарат алу үшін нысанға Информация атты И үшін Аппарат1 нысаның қосыңыз, оның астында Клеммник нысанға Қайталаушылар тастаңыз: Процесс жүріп жатыр және Деңгей ОРС айнымалылармен байланыс орнатыңыз;

Аппарат1 нысанға Артқы фронт функционалды блогын қосыңыз, оны Аяқталған деген ат беріп, Процесс жүріп жатыр қайталаушылармен байланыс орнатыңыз;

− илеу санын білу үшін Аппарат1-ге Обработка сигналов - Счетчик дискретных импульсов атты библиотекадан функционалды блок қосыңыз, оның кіріс және шығыс Аяқталды артқы фронтымен байланыс орнатыңыз.

Шексіздікке санау үшін Счетчика дискретных импульсов максималды мәнін 0-ге тең деп алыңыз;

− дайындалған сұйықтық санының қосындысын алу үшін Аппарат1-ге Расчет (Сумма деп ат қойыңыз) айнымалысын қосыңыз: деңгейгедгі сыйымдылыққа сақталған мәнді қосу қажет. Формула қойындысына шығу Деңгейі, Артқы фронт және Сумманы: Сумма+Деңгей*Артқы фронт (логикалық сигнал = 0 болса, онда Сумма өспейді), шығыс Сауалнама қойындысында мәндер сауалнамаға дейін = 0 орнатыңыз;

− сумманы нөлдеу үшін Аппарат1 нысанынан Сброс (Дискрет түрі) командасын қосыңыз, команда және дискретті импульс Счетчиктің кірісімен байланыс орнатыңыз. Действия кірістіруді (вкладка) қосыңыз, Тағайындау (присвоить) әрекетін Сумманы Нысан полясына апарып, 0-ге теңестіріңіз;

− Аппарат1 үшін 4.3 суретке сәйкес сурет(п.4) жасаңыз;

(27)

27

Аппарат1-дің көшірмесін құрыңыз;

− мәндерді көрсету үшін: қуат нысаны (шығыс қайталаушы ПЛК- Аппарат1,2-ден Кіріс Қуаты) және аттарды дұрыстап, И орындаушы үшін тренд құрыңыз.

− И орындаушы үшін жалпы мнемосұлба құрыңыз: құрылғыларды көрсету, трендке және компьютер Операторының негізгі мнемосұлбасына өту мүмкіндігі.

4.2.8 Оператор мен И орындаушының жалпы жүйеге кіру құқықтарын анықтаңыз:

− И орындаушы мнемосұлабаны, трендттерді, журналдарды қарастыра алады, бірақ процеске ықпал ете алмайды: Переменная (Глобально) и Исполнительный механизм позицияларда белгілерді алып тастау керек;

− И орындаушы және Оператор Ағаш нысаның және Ағаш жүйесін көре алмайды: Проект позициясында Навигация по Дереву проекта и Системы (Локально) белгіні алып тастау;

− операторды (окно свойств компьютера Оператор) қосыңыз – өзіңіздің атыңызды және оны барлық ауысымға тағайындаңыз;

− И орындаушыны (окно свойств компьютера И) қосыңыз – досыңыздың атын және оны барлық ауысымға тағайындаңыз;

− жалпы жүйе үшін рұқсат құқығы тағайындалғандықтан, И режимдармен басқаруға рұқсаты бар, И орындаушыға бұл әрекетке тыйым салу үшін Режим нысаның бөліп, рұқсат құқығы қойындысынан Окно управления-ны таңдап, Глобально белгісін Орындаушы И-дан алып тастаңыз.

4.2.9 Жобаны басқа компьютерге көшіру үшін, басты меню Проект – Экспортировать және басқа компьютерде MasterScada/Projects/Projects папкасына сақтау.

4.3 сурет – И орындаушы үшін көрініс 4.3 Тапсырма нұсқалары

Категория К басымдылық Мәтін

түсі Фон түсі П –параметрі И

орындаушы 1 Критическалық

мән

Жоғары Қызыл Қара Деңгей Аға оператор 2 Максималды мән Орташа Көк Сары Температура Кіші

оператор

3 Минималды мән Төмен Қара Сары Қуат Контроллер

Категория К басымдылық Мәтін Фон түсі П –параметрі И

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Алмастырулар жəне орналастырулар санын формуланы қолданбай есептеуге болады (ол үшін көбейту ережесін білу керек), ал көп ықтималдықты есептегенде терулер

Республикада қолайлы инвестициялық климатты құру үшін қажетті іс-шаралар: шетелдік, бірлескен кəсіпорындарды тіркеу шарттарын оңайлату, жобалардың

Қазақ тілі қазақ болып қалу үшін керек болса, мемлекеттік тіл осы ел тұрғындарының бір-бірімен түсіністікте өмір сүріп, толыққанды азамат болуы үшін керек. Тіл

Осы бағаннан , егер қандай да бір х санын ойлаған болсақ онда барлық амалдарды орындаған соң жауабы 4 х +1 шығуы керек.. Мысалы , фокусшыға 33

2.3.1 Бір периодты түзеткіштің (2.1 сурет) сұлбасының графикалық есептеуін өткізу керек. Ол үшін 2.2.1 түсірілген вольт-амперлік сипаттаманы пайдалану

жасырын беру керек, оны Аллаһтың разылығы үшін жасауы керек, ақыл-есі сау, кəмелет жасқа жеткен жəне еркін болуы керек, күнкөріске қажетті қаражатқа ие

Зерттеушілердің көпшілігі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар – бұл адамдардың өздеріне дұрыс шешім қабылдау үшін керек болатын жаңа білімдерді игеру

жұмысын басқару үшін және деректер базасының логикалық құрылымын құру үшін қолданылуы мүмкін