• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

кәсіпкерлік

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "кәсіпкерлік"

Copied!
253
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. С. СЕЙДАХМЕТОВ, Қ. Ж. ЕЛШІБЕКОВА, А. Қ. ІЗМАҚАНОВА

КӘСІПКЕРЛІК

Оқулық

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен

Алматы, 2011

(2)

УДК ББК

Пікір жазғандар:

Н. А. Нҧрсейт – ҚБТУ-ің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.

Г. И. Маянлаева – ҚазЭУ-нің «Экономиканы мемлекеттік реттеу»

кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор

Ж. О. Тҧмбай – Әл-Фараби атындағы ҚазҦУ-нің «Менеджмент және бизнес» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова, А. Қ. Ізмақанова Кәсіпкерлік. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 251 б.

ISBN

Ҧсынылып отырған оқулық «Кәсіпкерлік» типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған.

Оқулықта кәсіпкерліктің мәні мен мазмҧны, оның тҥрлері, ерекшеліктері мен функциялары, кәсіпкерлік қызметтің обьектілері, субъектілері және кәсіпкерлік орта қҧрудың маңызы қарастырылады. Онда бизнес – жоспарлау, қаржылық және кадрлық тҧрғыдан кәсіпкерлікті қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аударылған. Сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелді тӛмендету, кәсіпкердің жҧмысын бағалау мәселелеріне біршама назар аударылған. Кәсіпкерлік ҧйымдардың қызметін тоқтату механизмдеріне, серіктестермен ӛзара қарым – қатынастарға және серіктестер мен олардың арасындағы келісімшарттық қатынастарға, кәсіпкерлік мәдениеті мен қҧпияға, шаруашылық субъектілер алдындағы кәсіпкерлердің жауапкершіліктеріне жеке тараулар арналған. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау механизмдеріне және кәсіпкерлік аясындағы бәсекеге қабілеттілікке ерекше назар аударылған.

Оқулық студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік аясында ӛз білім деңгейін арттырғысы келетін азаматтарға арналған.

УДК ББК ISBN

© А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова, А. Қ. Ізмақанова, 2011

© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011

(3)
(4)

КІРІСПЕ

Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін арттыру мәселелері ҧлттық экономика жҥйесінің ҥйлесімді қызмет етуіне және оның ҧйымдастырушылық – экономикалық механизмдерін жетілдірумен байланысты. Бҧл жағдайда кәсіпорындар мен ҧйымдардың кәсіпкерлік қызметін дамыту ерекше рӛл атқарады. Ол, ӛз кезегінде, кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін терең меңгерген, жоғары білікті экономистер мен басқару жҥйесіне кадрлар дайындау сапасына тікелей байланысты. Сондықтан да Қазақстанның экономикалық жҥйесінің шаруашылық жҥргізу объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың кәсіпкерлік қызметіндегі ҧйымдастырушылық – қҧқықтық, әлеуметтік – экономикалық мәселелерін зерттеу мен меңгеру ҥшін оқу – әдістемелік материалдарды дайындау мен жариялау қажеттілігі туындап отыр.

«Кәсіпкерлік» оқулығында ҧлттық экономиканың аялары мен салаларында бәсекені кҥшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

Оқулықта кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастыру мен оның тиімділігін бағалаудың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қолдаудың мемлекеттік механизмдерін пайдаланудың инновациялық нысандары мен әдістері кӛрініс тапты. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мәселелерін жҥйелі тҧрғыдан сипаттау мен зерттеуге, маман-кадрлармен қамтамасыз ету мен кәсіпкерлік қызмет инфрақҧрылымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше кӛңіл бӛлінген. Кәсіпкерлік қызмет аясында келісімшарттық және іскерлік қатынастарды ҧйымдастыру мәселелеріне; кәсіпкердің жауапкершілігіне;

кәсіпкерлік қҧпияға, оны қорғау тәсілдеріне, тәуекелді бағалау мен басқаруға, тиімділікті талдауға, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті тоқтату механизмдеріне ерекше мән берілген. Оқулықта кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау механизмдерін пайдаланудың әдістері кӛрсетілген, кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілікті арттырудағы рӛлі де жҥйелі тҥрде келтірілген.

Оқулықта ҧлттық экономика жҥйесіндегі кәсіпкерлік қызметтің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік материалдарды оқып-ҥйренуді жеңілдету ҥшін суреттер, кестелер мен кӛрнекті қҧралдардың басқа да тҥрлері кеңінен пайдаланылды. Сонымен қатар қарастырылатын тақырыптар бойынша студенттер ӛздерінің білімін бақылауына арналған сҧрақтар мен пән мазмҧнына қатысты глоссарий да енгізілген.

Оқулықтың мазмҧны, қҧрылымы Қазақстан Республикасының экономикалық мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартының типтік оқу қҧралына сай келеді.

Оқулық студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет аясында ӛз білім деңгейін арттырғысы келетін азаматтарға арналған.

(5)

1 - тақырып:

1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҦНЫ

Қоғам мен ӛндірістің даму ҥрдісінде адамдар әр тҥрлі ҧйымдық- экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады.

Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың ӛзінде кӛпестер, саудагерлер, колӛнершілер жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің бӛлінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» тҥсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сӛздігінде» келтірілген. Мҧнда кәсіпкер – ӛнім ӛндіру немесе қҧрылыс обьектісі бойынша міндеттемесін ӛз мойнына алатын адам деген тҥсінік беріледі.

Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» тҥсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық кӛрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сҧраныс пен ҧсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субьектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатуға мҥмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым – қатынастағы субьектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мҧндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар ӛндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар ӛндірістік қҧрал – жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, ӛзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп тҥсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы ӛндірістің қызметін біріктіру және ҥйлестіру деген пікірді ҧстанған. Альфред Маршал мен жолын ҧстанушылар кәсіпкердің ҧйымдастырушылық функциясына ерекше кӛңіл бӛлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы – кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше бағытты ҧстанған Иозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да қҧрыла алады деген кӛзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қҧқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке тӛмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік – меншік тҥрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тҧлғалардың тауарларға (жҧмысқа, қызметке) сҧранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық қҧқығына (мемлекеттік

КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ

(6)

кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мҥліктік жауапкершілігімен жҥзеге асырылады.

1-кесте – «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» тҥсініктерінің эволюциялық тҧрғыдан дамуы

Мерзі

мі Анықтама авторы Анықтама мазмҧны

1 2 3

1723

Коммерцияның жалпыға ортақ сӛздігі, Париж қ.

Кәсіпкер – ӛнім ӛндіру немесе қҧрылыс объектісі бойынша міндеттемені ӛз мойнына алатын адам

1725 Ричард Кантильон

Кәсіпкер – белгісіздік жағдайларында шешім қабылдайтын және ӛз қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің табысы – ол тәуекел ҥшін тӛлем.

1770 А. Тюрго Кәсіпкердің тек қана белгілі бір ақпараты ғана емес, сонымен қатар капиталы да болуы керек

1776 Адам Смит

Кәсіпкер – кәсіпорын иесі және тәуекелді коммерциялық идеяларды жҥзеге асырушы. Негізгі функциясы – кҥнделікті шаруашылық қызмет барысында ӛндірісті ҧйымдастыру мен басқару

1797 Карно Бодо

Кәсіпкер – атқарылып жатқан іске жауапты тҧлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын, бақылайтын, ҧйымдастыратын және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдық деңгейі, яғни алуан тҥрлі ақпараттар мен білім иесі.

1830 Жан Батист Сей

Кәсіпкерлік – бҧл нарықтық кеңістіктің аталған нҥктесіндегі ӛндіріс факторларының рационалды комбинациясы.

Кәсіпкер – ӛндірістік бірлік аясында адамдарды ҧйымдастыратын тҧлға. Кәсіпкер ӛнім ӛндіру мен бӛлу ҥрдісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін – ӛнім ӛндірісі мен ӛткізуді ҧйымдастыру қабілеті қҧрайды.

1876 Фрэнсис Уокер Кәсіпкер – ӛзінің ҧйымдастырушылық қабілеттері арқасында пайданы иеленетін тҧлға.

1890 Альфред Маршалл

Әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмайды.

Кәсіпкерлердің «табиғи» таңдауы Ч.Дарвин ашқан табиғи таңдауға сәйкес жҥргізіледі

1910 Макс Вебер

Кәсіпкерлік қызмет – рационалдылықты жҥзеге асыру. (Рационалдылық деп ол функционалды тиімділікті, салынған қаражаттары мен жҧмсалған

(7)

кҥштерді және т.б. пайдаланудан тҥскен максималды табысты тҥсінген). Кәсіпкерлік негізінде протестантизмнің рационалды этикасы жатыр, ал әлемтанушылық, тәрбиешілік кәсіпкердің қызметіне маңызды әсерін тигізеді

1911 Иозеф Шумпетер

Кәсіпкерлікте ең бастысы – инновациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қҧқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, ӛндіріс факторларының жаңа комбинацияларын жҥзеге асыратын кез – келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр тҥрлі нысанындағы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы «...

басқалар жасайтын іспен айналыспау» және

«...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тҧрақсыз, ӛйткені нарықтық экономика субъектісі тек жаңашылдық функцияларын жҥзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал ӛз қызметінде кҥнделікті ҧсақ – тҥйек жҧмыспен айналысқан кезде осы статусынан айрылады

1927 И.фон Тюнен

Кәсіпкер – ерекше қасиеттерді иеленуші (тәуекелге бара алатын, стандартты емес шешімдерді қабылдай алатын және ӛз іс-әрекеттеріне жауап бере алатын) және сондықтан да жоспарланбаған (кҥтпеген) табысқа ҥміткер. Кәсіпкер тәуекел ҥшін, сонымен қатар кәсіпкерлік ӛнері ҥшін табыс алуы керек.

(Ескертетін жағдай, И. Тюнен кәсіпкердің жаңашыл болуы міндетті емес деп санаған)

1936 Джон Мейнард Кейнс

Кәсіпкер – шаруашылық жҥргізушінің ӛзіндік әлеуметтік – психологиялық типі, ол ҥшін ең бастысы"... тек қана Вебердің рационалды калькуляциясы немесе Шумпетердің жаңашылдығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы". Негізгі кәсіпкерлік қабілеттер: тҧтыну мен жинақтауды сәйкестендіру, тәуекелге бару қабілеті, белсенділік рухы, болашаққа деген сенімділік және т.б. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мотивтері – жақсыға, тәуелсіздікке ҧмтылыс, мҧрагерлерге байлық қалдыру

1961 Дэвид Макклелланд

Кәсіпкер – шамаға қарай тәуекел ету жағдайларында әрекет ететін белсенді адам

1964 Питер Друкер Кәсіпкер – кез – келген мҥмкіндікті максималды табыспен қолдана алатын адам

(8)

1975 Альберт Шапиро

Кәсіпкер – ынталы, әлеуметтік – экономикалық механизмдерді ҧйымдастыратын, белгілі бір тәуекел жағдайларында қызмет ететін, мҥмкін болатын сәтсіздік ҥшін толығымен жауапты болатын адам 1980 Карл Веспер

Кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер кӛзқарасында әртҥрлі мәнісіне тҥсінік.

1983 Гиффорд Пиншо

Интрапренерлік – фирмаішілік кәсіпкерлік.

Интрапренердің жаңа кәсіпорынды қҧрайтын антрепренерден ерекшелігі, ол қолда бар кәсіпорын жағдайында жҧмыс істейді

1985 Роберт Хизрич

Кәсіпкерлік – қҧны бар жаңа бір нәрсені қҧру, ал кәсіпкер – осының барлығына уақыты мен бар кҥшін жҧмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе әлеуметтік тәуекелді ӛз мойнына алатын, және соның арқасында сыйыақы ретінде ақша мен қол жеткізгені нәтижесі ҥшін қанағатқа кенелетін адам

1988 М. Алле Кәсіпкер шаруашылық жҥргізуді нарықтық ҧйымдастыруда жетекші рӛлді иемденетін адам

1993 Т.Ю.Горькова

Кәсіпкер – бизнестегі жетекші фигура, ол ӛз міндеті ретінде ӛндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық ҥрдіске біріктіруді мойнына алады Жоғарыда келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ҧғымы әр тҥрлі кӛзқарастар тҧрғысынан қарастырылады: шаруашылық жҥргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ҧйымдастыру мен жҥзеге асыру ҥрдісі ретінде, нарық субъектілерінің ӛзара әрекеттесуі ретінде және т.б.

Әртҥрлі кӛзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет – бҧл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, ӛндіріс факторларын оңтайлы ҥйлестіру тҧрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жҥзеге асыру деген тҧжырым жасауға болады. Кәсіпкер ӛндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ҧйымдастырады, жаңашылдық тҧрғысынан басқарады. Ол ӛнім ӛндірудің шығындарының тӛмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді тҥрде ҧйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, ӛндіріс қҧралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін, және дер кезінде ӛнімге деген тиімді тӛлемқабілеттілік пен сҧраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жҥргізушілерге қарағанда кӛп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер ҥнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған саналы тҥрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел ҥшін ӛтемақы алудың орнына ҥлкен табыс табуға ҧмтылады.

Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан тҥскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларға

(9)

байланысты ӛндіріс факторларын жаңа тҧрғыдан ҥйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында тҥсетін артық қаражаттарды тҥсіну керек.

Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір функцияларды жҥзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мҧндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мҥшелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің ҥздіксіз, ҥнемі жаңартылып отыратын ҧдайы ӛндірісін жоспарлау, ҧйымдастыру және жҥзеге асыру ҥрдісі ретінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жҥзеге асырылады : 1) қандай да бір тауарды, ӛнімді немесе қызметті тікелей ӛндіру жолымен; 2) продуценттен (ӛндірушіден) тҧтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жҥргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет – ӛзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше тҥрі.

Кәсіпкерлік идея – қандай да бір нақты экономикалық нысандық кӛрінісі бар, ӛндірушінің айқындалған мҥмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды.

Мҧндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мҥмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мҥмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жҥзеге асыруға болады.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше тҥрі болып табылады, ӛйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал – кейіннен материалды нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар ӛндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды қҧру тҧрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті тҥрде болуымен сипатталады. Ӛндірісті, сапаны басқарудың жаңа жҥйесі, ӛндірісті ҧйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу – бҧл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті қҧрамдас жҥйе ретінде қарастырған дҧрыс:

– новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функциясы ретінде;

– кәсіпкерлік іс – әрекет оның функциясын атқарушы және жҥзеге асырушы механизм ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтің әрбір ҥлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

– кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалды қаражаттарынан пайда табу;

– қоғам мҥшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сҧранысын қанағаттандыру.

– ӛндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақсаттардың аясы ҧлғаюы мҥмкін. Мысалы, тӛмендегідей мақсаттар туындауы мҥмкін:

– жаңа нарықтарды жаулап алу және ӛндірісті дамыту ҥшін ақша қаражаттарын жинақтау;

– ҧйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту;

(10)

– ҧйым ӛніміне деген тҧтынушылар сҧранысын оңтайландыру;

– қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тҧтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. кӛмек кӛрсету.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мҥмкіндіктерді кӛре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай ӛткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік ҥшін жауапкершілікті ӛз мойнына жҥктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік – бҧл жаңа идеяларды жҥзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық қҧндылықтарды толығымен немесе жартылай тҥрде қолдана отырып, оларды бизнесті ҧйымдастыру ҥшін ҧтымды пайдаланатын мҥдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік – бҧл табыс әкелетін, кез – келген ӛз бетінше жҥргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатталады: адам мҥддесіне бағыттау, ӛнімді сатып алушыға сапалы қызмет кӛрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ҧстау және қорғау, серіктестік арасында ӛзара сыйластық рухын ҧстану мен қолдау, ҥнемі алдыңғы қатарда жҧмыс істеуге деген ҧмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты әлеуметтік – экономикалық ортада жҥзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жҧмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның ӛнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік – бҧл ӛзіндік ынтаға – жігерге, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға бағытталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше тҥрі.

Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тҧтынушыны «жаулап алу», ӛзінің ӛнімін тҧтынушыларының ортасын қҧру қажеттілігі болып табылады.

Мақсаттарға қол жеткізу ҥшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ҧйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жҥзеге асырудың әдістері мен бағытын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның ӛзгермелі жағдайларында ҧйымның тиімді мінез-қҧлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бӛлуге болады. Бірінші бағыт – шешімі кәсіпкердің инновациялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт – шешімі жҥзеге асырылған немесе енді ғана жҥзеге асырылып жатқан ӛндіріс ҥрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

Мысалы, пайданың ӛсуіне қол жеткізу ҥшін келесідей міндеттер кешешін шешуді талап етеді: ӛндіріс ҥрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру кӛздерін іздестіру; бәсекенің ӛзгермелі жағдайларында кәсіпорынның тҧрақтылық деңгейін анықтау; ӛнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; ӛнім сату кӛлемін кӛбейту;

қызметкерлер санын тӛмендету; маркетингтік стратегияларды жасап шығару;

(11)

жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ҧйым ӛтімділігін арттыру; қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жасап шығару және т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сҧранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында ӛндіріс факторларының жаңа тҧрғыдан ҥйлестіру (ӛнімді, технологияны, ҧйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жҥзеге асыру болып табылады.

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Нарықтық экономика жҥйесінде кәсіпкерлік – жалпыэкономикалық, ресурстық, шығармашылық-ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ҧйымдастырушылық функцияларды атқарады.

Жалпыэкономикалық функция кәсіпкерлік ҧйымның ӛз атынан және жеке меншіктегі мҥліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тҧлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ҧйымдардың объективті рӛлі не негізделген.

Кәсіпкерлік қызмет тауарлар (жҧмыстар, қызметтер) ӛндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары (сҧраныс пен ҧсыныс, бәсеке, қҧн және т.б.) жҥйесінің әсері арқылы жҥзеге асырылады. Бҧл тҧрғыда, ол оның жалпыэкономикалық функциясының байқалуының объективті негізі болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық ӛсудің, ҧлттық табыс пен жалпы ішкі ӛнім кӛлемін кӛбейтудің анықтаушы шарттарының бірі болып табылады.Сонымен қатар, бҧл фактор шаруашылық қатынастар жҥйесінде кәсіпкерліктің жалпыэкономикалық функциясының кӛрінісі ретінде анықталады.

Ресурстық функция кәсіпкерліктің маңызды функциясы болып табылады.

Кәсіпкерліктің дамуы ҧдайы ӛндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бҧл жағдайда ресурстар қҧрамына материалды және материалды емес ӛндіріс факторларын, олардың жҧмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, ӛндіріс қҧралдары мен ғылыми жетістіктерді, сонымен қатар кәсіпкерлік қабілетті және т.б.ресурстарды қамтиды.

Кәсіпкердің жоғары табыстарға жетуі, егерде ол ғылыми-техникалық идеяларды, ӛзі қызмет істеп жҥрген сферадағы жаңашылдықтарды жҥйелі тҥрде жинау арқылы, оларды білікті жҧмыс кҥші мен ресурстарды ҧштастыру жағдайында пайдалануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың (пайданың) соңынан тҥсу кӛбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мҧндай кәсіпкерлер ӛз қызметімен қоршаған ортаға және тҧрғындарға зиянын тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дҧрыс қолданбағаны ҥшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші рӛлі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бҧл функциясы бір – бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндігі деңгейінен шығады.

Әлеуметтік функция әрбір қабілетті тҧлғаның іс – әрекет жҥргізуші ретінде, ӛзінің дара талантын және мҥмкіндіктерін кӛрсетуге деген мҥмкіндігімен сипатталады. Кәсіпкерліктің бҧл функциясы белгілі бір іс

(12)

бастауға қабілеті бар, ӛз бетінше шаруашылық – экономикалық қызметті жҥргізуге, ӛз ісін ашып жҧмыс жҥргізе алатын, қойылған мақсатқа жете алатын адамдарды қалыптастырады танылады. Бірақ та ӛз кезегінде, экономикалық және әлеуметтік тҧрғыдан кәсіпкерлік кәсіпорындардың тҧрақты қызмет етуіне тәуелді жалдамалы қызметкерлер саны артуда.

Кәсіпкерлік кәсіпорындар тиімдірек қызмет еткен сайын, әртҥрлі деңгейдегі бюджеттік жҥйе мен мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға тҥсетін тҥсімдердің мӛлшері кӛп болады. Кәсіпкерліктің дамуы жҧмыс орындары санының кӛбеюін, жҧмыссыздық деңгейінің тӛмендеуін, жалдамалы қызметкерлердің ӛмірлік деңгейі мен әлеуметтік жағдайының артуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерліктің ҧйымдастырушылық функциясы кәсіпкерлермен ӛз ісін ҧйымдастыру туралы ӛз бетінше шешім қабылдауында, кәсіпкерлік басқаруды қалыптастыруда, кҥрделі қҧрылымдарды қҧруда, кәсіпорын стратегиясының ӛзгеруінде және т.б. жҧмыстарды ҧйымдастыруда байқалады.

Ҧйымдастырушылық функция әсіресе шағын және орта бизнестің тез дамуына, сонымен қатар «ҧжымдық» (желілік) кәсіпкерліктің дамуына ерекше әсер етеді.

Осылайша, кәсіпкерліктің мәні жоғарыда аталған оның барлық функцияларын кешенді қолданған жағдайда айқын кӛрінеді. Бҧл жағдай қалыптасқан және дамыған кәсіпкерлікке тән. Сонымен қатар, кәсіпкерлік жҧмыс субьектілерінің тиімді қызметімен қатар мемлекет тарапынан қолдауға да байланысты.

1.3 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ

Кәсіпкерлік субъектілері болып азаматтар (жеке тҧлғалар) мен заңды тҧлғалар табылады.

Азаматтар заңды тҧлға қҧрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тҧлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді қҧруға тікелей қатысатын жеке тҧлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттілігі бар кез-келген азамат бола алады.

Азаматтардың қҧқық қабілеттерінің мазмҧны Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен бекітілген:

 белгілі бір меншікті иелене алады, мҥлікті мҧрагерлікке алады және мҥлікті мҧрагерлікке қалдыра алады;

 кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;

 ӛз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тҧлғалармен біріге отырып заңды тҧлғаларды қҧра алады;

 заңға қайшы келмейтін кез-келген мәмілені жасаса алады және міндеттемелерге қатыса алады;

 тҧрғылықты орнын ӛз бетінше таңдай алады;

(13)

 ғылым, әдебиет және ӛнер туындыларының, сонымен қата басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы қҧқығын иелене алады;

 басқа да мҥліктік және жеке мҥліктік емес қҧқықтарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу ҥшін заңмен қҧқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез-келген тҥрін таңдауына мҥмкіндігі бар.

Бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тҧлғаларына тӛмендегідей қызметпен айналысуға болмайды:

 ӛз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

 ӛз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;

 шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында ӛз бетінше немесе ӛкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салымдармен, пайлармен, ҥлестермен дауыс беруге;

 шаруашылық жҥргізу субъектісінің басқару органдарында белгілі бір лауазымға ие болуға.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға адамдардың, полиция, салық органдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтардың кейбір басқа да қызмет категориялары бойынша қҧқықтары жоқ.

Әрекет қабілетілігі бар деп танылған тҧлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тҧлға қҧрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айналыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тҧлғаларды ӛз бетінше немесе басқа азаматтармен және тҧлғалармен біріге отырып қҧра алады. Заңды тҧлға қҧрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу ҥшін азамат белгіленген тәртіп бойынша - дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау ҥшін – патент алуы керек.

Кәсіпкерлік нарықтық экономикада жалпыэкономикалық және әлеуметтік- экономикалық ҥрдістердің айнымас бӛлігі ретінде сипатталады.

Кез – келген ҧйымдастырушылық-қҧқықтық нысанда кәсіпкерлік ҥрдістің негізгі субъектісі болып кәсіпкер табылады. Бірақ, кәсіпкер – жалғыз субъект ғана емес. Бҧл категорияға тҧтынушы (негізгі контрагент ретінде), мемлекет, сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер мен бизнес жҥйесіндегі әріптестер де жатқызылады.

Кәсіпкер мен тҧтынушының ӛзара қарым-қатынастарында алғашқысы белсенді субъект категориясына, ал тҧтынушы пассивті рӛль атқарады.

Тҧтынушы кәсіпкерлік ҥрдістің индикаторы рӛлін атқарады. Оның себебі, кәсіпкер қызметінің нәтижесі, тек дайын ӛнімді сатып алатын нақты тҧтынушының оң эксперттік бағалауынан кейін ғана жҥзеге асырылады. Ӛз қызметін жоспарлау және ҧйымдастыру барысында кәсіпкер тҧтынушының кӛңіл-кҥйін, қалауларын, мҥдделерін, кҥтетін нәтижелерін ескеруі керек.

Нарықтық жҥйе қатынастары жағдайында кәсіпкер ҥшін тҧтынушы мҥдделеріне қарай қызмет етуден басқа жол жоқ. Бірақ, мҧндай жағдай кәсіпкер тҧтынушының мҥдделерін ғана ескеріп қатаң тҥрде солармен жҥруі

(14)

керек дегенді білдірмейді. Тҧтынушының ӛзі тҧтынушы сҧранысынын қалыптастырып, жаңа сатып алушылық қабілеттерді қҧруы керек. Демек, кәсіпкердің негізгі мақсаты болып ӛзіндік тҧтынушылар ортасын қҧру, тҧтынушыны «жаулап алу» қажеттілігі болып табылады.

Егер қоғамдық ӛндіріс тҧрғысынан қарағанда белсенді субъект рӛліне кәсіпкер шығатын болса, кәсіпкерлік ҥрдіске деген кӛзқарас жағынан, оның мазмҧны мен тиімділігіне тҧтынушы белсенді рӛлді атқарады, ал кәсіпкер осы жағдайды ескеруі керек.

Кәсіпкерлік ҥрдістің субъектісі ретінде мемлекеттің рӛлі іскерлік белсенділік аясында қалыптасқан, нақты жағдайға және мемлекеттің алдына қойылған мақсаттарға байланысты алуан тҥрлі болуы мҥмкін. Осы тҧрғыдан алғанда мемлекет:

 кәсіпкерліктің дамуы ҥшін қолайсыз жағдайды қалыптастыратын жағдайда, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші болуы мҥмкін;

 кәсіпкерліктің дамуына қарсы болмаса және оның дамуына септігін тигізбесе сырттай бақылаушы ретінде болады;

 кәсіпкерліктің «жандануына» әкелетін, жаңа агенттерді кәсіпкерлік ҥрдіске тартуға бағытталған шараларды тҧрақты және белсенді іздеп, жҥзеге асыратын отырған жағдайда, кәсіпкерлік ҥрдісті жеделдетуші болады.

Кәсіпкерлік ҥрдістің жеделдетушісі ретінде мемлекет келесі функцияларды атқарады:

 кәсіпкерлік жҥйесінің кадрларын кәсіби тҧрғыдан даярлау мен тәрбиелеу аясы бойынша білім беру;

 іскерлік белсенділік аясында жаңадан қосылған кәсіпкерлерді қаржылық тҧрғыдан қолдау;

 кәсіпкерлер ҥшін жобаларды тиімді жҥзеге асыруға қажетті қызметтерді кӛрсете алатын кәсіпкерлік инфрақҧрылымды қҧру функцияларын атқарады.

Жалдамалы қызметкер, кәсіпкер идеясын жҥзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік ҥрдіс субъектілерінің тобына жатқызылады. Кәсіпкерлік идеяны жҥзеге асырудың сапасы мен тиімділігі жалдамалы қызметкерге байланысты.

Кәсіпкерлердің жоспарлары мен қызметкерлердің мҥдделері сәйкес болуы керек. Нәтижесінде, пайда жоғары болған сайын, жалақы мен әлеуметтік тӛлемдер де жоғары болады. Жалдамалы қызметкерді кәсіпорынның коммерциялық мҥддесіне тарту барысында қызметкер тек ӛзінің жеке нәтижелерімен қатар, ҧжымдық қызмет нәтижелеріне де мҥдделі болатын жағдайды қалыптастыру керек. Қызметкердің мҧндай екі жақты мҥддесін материалдық және моральдық тҧрғыдан ынталылығын ҥйлестіре отырып жҥргізуге болады.

Қазіргі кезде, әрбір кәсіпкер еңбек бӛлінісі нәтижесінде пайда болған, ӛндірістің жеткілікті тҥрде терең мамандануы жағдайында қызмет етеді.

Нәтижесінде кез-келген кәсіпкер ӛзара тиімді әріптестік байланыстарды қажет етеді. Тек осы жағдайда ғана ол біртҧтас ӛндірістік ҥрдістің белгілі бір сегментінің шектерінде ғана іс-әрекет ете алады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері ретінде адамдар ӛзінің алуан тҥрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер

(15)

ретінде материалды заттар мен объектілер (оларды материалды игіліктер деп те атайды), сонымен қатар белгілі бір тҧлғаның қажеттілігін орындау ҥшін атқарылатын жҧмыстары мен қызметтерін (оларды материалды емес игіліктер деп те атайды) айтуға болады.

Материалды игіліктер әрқашанда заттық (нысандық) тҥрде болады және адамның сезім мҥшелеріне әсері арқылы байқалады. Олардың қатарына ауа, су, тамақ, киім, тҧрғын ҥй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады.

Адамдар ӛмір сҥру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, ӛзара алуан тҥрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Тӛмендегідей материалдық игілік тҥрлерін атап кӛрсетуге болады:

 табиғи және адамдардың іс - әрекетімен ӛндірілген;

 тҧтынушылық және инвестициялық;

 жеке және қоғамдық;

 ҧдайы ӛндірілетін және ҧдайы ӛндірілмейтін (ерекше).

Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бҧл адамдардың ӛмір сҥру жағдайларын қамтамасыз ететін табиғи материалдық игіліктер. Оларсыз адамның ӛмір сҥруі мҥмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды (шикізатты) ӛңдеу барысында ӛзіне қажетті нақты заттарға айналдыра алады.

Олар ӛндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше ӛндірілген материалдық игіліктер деп аталады.

Жеке, жанҧялық, топтық, ассоциацияланған тҧтынушыларға арналған табиғи немесе ӛндірілген материалдық игіліктер тҧтынушылық игіліктер деп аталады. Оларға тҧрмыстық техника, жиһаз, киім, азық-тҥлік тағамдары және т.б. жатады.

Инвестициялық материалдық игіліктерге басқа да материалдық игіліктерді ӛндіру, қызмет кӛрсету және жҧмыстарды орындау ҥшін қажетті шикізат, машиналар, қҧрал-жабдықтар жатады. Мысалы, шикізатты немесе дайын ӛнімді тасымалдау ҥшін қажетті автокӛлік қҧралдарын инвестициялық материалдық игіліктерге, ал жанҧялық тҧрмыста қолданылатын – тҧтынушылық игіліктерге жатқызуға болады.

Материалды игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық игіліктер жеке және қоғамдық деп екі тҥрге бӛлінеді. Мысалы, жеңіл автомобиль – бҧл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған автопарктің кӛліктері қоғамдық игілік болып табылады.

Материалдық игіліктер ҥнемі ӛндіріліп келе жатқан және ерекше ӛнім тҥрінде де болуы мҥмкін. Ерекше материалдық игілік оның техник – техникалық ерекшеліктеріне, кҥрделілігіне байланысты. Ал ҥнемі ӛндірілген игіліктер оны ӛндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен дамуынан туындайды.

Материалдық емес игіліктердің заттық нысаны жоқ. Олар адам ҥшін кӛрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жҧмыс нәтижесінің тиімділігіне байланысты.

Қызмет кӛрсету аясы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс және т.б. сияқты қоғамдық ӛмір сҥру сфераларының негізін қҧрайды. Сонымен

(16)

қатар, қызмет кӛрсету жҥйесі басқа да салаларда (техникалық сервистік қызмет кӛрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жҥргізіледі.

Жҧмыстарды орындау процедуралары кез-келген объектілердің қҧрылысы (қҧрылыс жҧмыстары), жӛндеу (жӛндеу жҧмыстары) ҥрдістерінде және т.б.

жҧмыстарда кездеседі.

Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және шектеулі игіліктер деп екіге бӛліп кӛрсетуге болады. Еркін, немесе ҥнемі қол жетімді игіліктер болып әрқашан сҧранысты қанағаттандыруға мҥмкін болатын игіліктерді айтады. Оларға кҥнделікті жағдайларда қолданылатын кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) жатады.

Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер салыстырмалы шектеулі немесе абсолютты шектеулі болып бӛлінеді. Бҧл жағдайда, оларға деген қажеттілік кӛлемдері ҧсыныстан артады деген сӛз.

Игіліктердің шектеулігі, аталған игіліктердің мазмҧнының шектеулігінде емес (мысалға, сҥттің нашар дәмі немесе кинотуындының қызығушылық тудырмайтын сюжеті), қажеттілігі айқын игіліктерді адамдардың қолдану мҥмкіндігінің шектеулігінде.

Салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі материалдық және материалдық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың (жеңудің) объективті негізі болып табылады. Сондықтан да ӛнім ӛндіру, қызмет кӛрсету немесе жҧмыстарды орындау аясында адамдардың қызметі негізінде басқа адамдар ҥшін де және ӛзінің де қажетті игіліктерге қол жеткізу мақсатына байланысты жҥргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолютты шектеулі игіліктерге адамдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кәсіби функциясы болып табылады.

1.4 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҦЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Кәсіби тҧрғыдан кәсіпкерлік белгілі бір қағидалар бойынша ҧйымдастырылады. Ол туралы кәсіпкерлік бизнестің тәжірибелі субъектілері жақсы біледі және ӛз қабілеттері мен қалауларына сай қолайлы істі іздеумен айналысатын жаңадан қалыптасып келе жатқан кәсіпкерлер бҧл жағдайларды есте ҧстауы керек. Латын тілінен аударғанда «қағида» сӛзі негіз дегенді білдіреді. «Қағида» сӛзінің жалпыфилософиялық мағынасы оны қҧбылыс мәнінің қҧрылымымен байланыстырады.

Кәсіби кәсіпкерлік қағидалары деп кәсіпкерлікте кәсіби табысқа қол жеткізуді кӛздейтін барлық адамдар басшылыққа алуға міндетті, кәсіпкерлік бизнестің негізін қҧраушы элементтерін айтады. Аталған қағидалар объективті сипатқа ие және экономиканың тарихи және ҧлттық ерекшеліктеріне тәуелсіз, адамдар қызметінің ерекше типі ретінде сипатталады.

Кәсіби кәсіпкерлік бизнес қағидалардың 5 тобы негізінде ҧйымдастырылады және дамиды. Оларға мыналар жатады:

1) кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидалары;

2) кәсіпкерліктің ынталандырушы қағидалары;

(17)

3) кәсіпкерліктің ҧйымдастырушылық-мінез-қҧлықтық қағидалары;

4) кәсіпкерліктің эволюциялық қағидалары;

5) кәсіпкерліктің жҥйелік қағидалары.

1) Кәсіпкерліктің бағыттаушы қағидаларына бизнестің кәсіпкерлік бейімділігіне сәйкестігі қағидасын және бизнестің бәсекеқабілеттілік қағидасын жатқызады.

Кәсіпкерлердің ӛмірде ӛзіне лайықты орынды іздеуі олардың кәсіпкерлік миссия деп аталатын арнаулы бағытына байланысты. Әр адам ӛзінің іскерлік карьерасының алғашқы кезеңі немесе ҧзақ ҥзілістен кейін кәсіпкерлікке келуі болсын, кәсіпкерлік миссиясын ӛзі анықтауы қажет.

Кәсіпкерлердің ӛз миссиясын орындауы олардың кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілігінің әлеуетіне тікелей байланысты. Бәсекеқабілеттілік деп бәсекеге тҥсу қабілеті дегенді тҥсінеді. Бәсекеқабілетті кәсіпкерлер ӛнімді ӛндіру, қызмет кӛрсету, жҧмыстарды орындау бойынша таңдалған сферадағы істі жҥргізуге ғана емес, сонымен қатар бизнесті ӛз бәсекелестерінен нашар емес, керісінше мҥмкіндігі бойынша олардан жақсы етіп жҥргізуге де дайын болуы керек.

Кәсіпкерлік бәсекеқабілеттіліктің әлеуеті (КБӘ) деп кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерінің арақатынасын (ӛз бәсекелестерінен қай жағынан кем, қай жағынан артық екендігін) айтады.

Әрбір кәсіпкер ӛз бәсекелестеріне қарсы тҧруға және қарсы әрекет етуге міндетті. Кәсіпкерлік бизнес субъектісінің бәсекеқабілеттілігі оның ӛз қарсыластарынан бәсекелік артықшылықтарын анықтап, оларды ҧстап қалуға деген қабілетімен анықталады. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілік деңгейі, оның бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерін қарсыластардың бәсекелік артықшылықтары мен кемшіліктерімен салыстыру жолымен анықталады.

Кәсіпкерлер (Кәсіпкерлік бәсекеқабілеттіліктің әлеует) КБӘ қҧру мен арттыруға мҥдделі. Ӛйткені олардың барлығы нарыққа енген кезден бастап-ақ бәсекелестік ортаға қатысушы болады.

Кәсіпкерліктің кез-келген субъектісінің КБӘ қҧрамына мыналар кіреді:

 кәсіпкерлердің жеке бәсекеқабілеттілік әлеуеті;

 кәсіпкерлік фирмалардың институционалды бәсекеқабілеттілігінің әлеуеті.

Кәсіпкерлердің жеке бәсекеқабілеттілік әлеуеті кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің кәсіби қабілеттерінің, кәсіби қҧзіреттерінің және жеке қасиеттерінің жиынтығымен анықталады. Бҧл әлеует кәсіпкерлер жағынан істерді жҥргізу және нарықтағы қарсыластарына тӛтеп беруге жҧмсалады.

Кәсіпкерлік фирмалардың институционалды бәсекеқабілеттілігінің әлеуеті кәсіпорындардың материалдық және адами ресурстарының жиынтығымен анықталады. Бҧл әлеуеттің типтік қҧрылымы әдетте келесідей міндетті элементтерден тҧрады:

 кәсіпорындардың іскерлік қызметінің қҧралдарының, еңбек заттары мен технологияларының жиынтығы;

 қҧрылған және ӛткізілуге тиісті тауарлардың, сонымен қатар кәсіпкерлік фирманың қаржы активтерінің жиынтығы;

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Осы Рим декларациясы негізінде қатысушы мемлекеттер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрғыдан жағдай

Кез келген құқық саласы сияқты экологиялық заңнаманың даму негізі табиғат-қоғам қатынастарын реттеудегі мемлекеттің жалпы концептуалды əрекеттерін анықтайтын

Зерттеушілік ақпараттық база ретінде шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын құру және дамыту кезінде көмек көр- сететін «Даму» кәсіпкерлікті

Қарт адамдардың қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету; егде жастағы адамдардың қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне толыққанды

Проблемная ситуация (кейс) Тұрғындардың қауіпсіздігі, апатты жағдайлардын алдын алу, экономикалық даму, сыбайлас.. жемқорлықтың алдын алу,

Жалпы алғанда, экономикалық дипломатия дәстүрлі дипломатия сияқты мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қызметінің біртұтас құрамдас

[8]; «қауіптің жоқтығы; амандық, сенімділік» [9]. Ресейлік саяси энциклопедияда: «Қауіпсіздік – адам, қоғам жəне мемлекеттің өмірге маңызды мүдделер мен

Бірқатар ресей ғалымдары өз еңбектерінде Қытай қоғамына және сыртқы әлемге қазіргі Қытайдың: мемлекеттің өзі, оның саяси, әлеуметтік, мәдени