• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры"

Copied!
21
0
0

Толық мәтін

(1)

1

ISSN 2616-7174

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ BULLETIN

of the L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы JOURNALISM Series

Серия ЖУРНАЛИСТИКА

№2 (123) / 2018

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Астана, 2018

Astana, 2018

(2)

Бас редакторы Қайрат Сақ

филология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Аймұханбет Есдәулетов ф.ғ.канд., доцент (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Гүлнар Кендірбай PhD (АҚШ)

Редакция алқасы

Алдабергенов Қырықбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Асанов Қойлыбай Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбдіманов Өмірхан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбішева Вера Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Бейсенқұлов Аязби Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан)

Браун Михаил PhD, проф. (АҚШ)

Дзялошинский Иосиф Ф. ғ. д., проф. (Ресей) Жақып Бауыржан Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Жусупова Алматай ф.ғ.к., доцент (Қазақстан) Ирназаров Кудрат Т. ғ. д., проф. (Өзбекстан) Корконосенко Сергей Саяси ғ. д., проф. (Ресей) Қара Әбдіуақап Т. ғ. д., проф. (Түркия) Қозыбаев Сағымбай Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Лебедева Татьяна Ф. ғ. д., проф. (Франция) Нұртазина Роза Саяси ғ. д., проф. (Қазақстан) Омашев Намазалы Ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Ризун Владимир Ф. ғ. д. проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Қазақстан) Сердәлі Бекжігіт Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан) Тахан Серік Т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Тоқтағазин Мұратбек Ф. ғ. к., доцент (Қазақстан) Халилов Әбдіғани PhD, проф. (Қырғызстан)

Ченгел Хулия PhD, проф. (Түркия)

Шайхитдинова Светлана Филос.ғ.д., проф. (Ресей)

Шалахметов Ғаділбек Халықаралық Еуразиялық телевидение және радио академиясының академигі (Қазақстан) Шестеркина Людмила Ф. ғ. д., проф. (Ресей)

Шульцман Петр Өнертану ғ. к., доцент (Қазақстан) Жауапты редактор, компьютерде беттеген: Ілияс Құрманғалиев

Жауапты хатшы: Гүлжазира Ертасова

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қ.Сәтпаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27. 03. 2018 ж. №16995-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 25 дана.

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31413) © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

3

Editor-in-Chief Kairat Sak

Candidate of Philology, Рrofessor (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Aitmukhanbet Yesdauletov Candidate of Philology, Associate Professor (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Gulnar Kendirbai PhD, Рrofessor (USA)

Editorial board

Aldabergenov Kyrykbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Asanov Koilybay Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Abdimanov Omirkhan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan) Abisheva Vera Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Beisenkulov Ayazbi Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan)

Brown Michael PhD, Рrof. (USA)

Dzyaloshinski Iosif Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Jakyp Baurjan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Zhussupova Almatay Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Irnazarov Kudrat Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Uzbekistan) Korkonosenko Sergei Doctor of Political Sciences, Рrof. (Russia) Kara Abdulvahap Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Turkey) Kozybayev Sagymbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Lebedeva Tatiana Doctor of Philology, Рrof. (France)

Nurtazina Roza Doctor of Political Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Omashev Namazaly Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Rizun Volodymyr Doctor of Philology, Рrof. (Ukraine) Syed Agil bin Shekh PhD, Рrof. (Malaysia)

Saudbayev Madiyar PhD, Рrof. (Kazakhstan)

Bekzhigit Serdaly Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Takhan Serik Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Toktagazin Muratbek Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Khalilov Abdygani PhD, Рrof. (Kyrgyzstan)

Çengel Hülya PhD, Рrof. (Turkey)

Shaikhitdinova Svetlana Doctor of Philosophy, Рrof. (Russia)

Shalakhmetov Ghadilbek Academician of the International Eurasian Academy of Television and Radio (Kazakhstan)

Shesterkina Ludmila Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Shultsman Petr Candidate of Art, Assoc. Рrof. (Russia)

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Executive Secretary: Guljazira Yertasova

Editorial address: 2, Satpayev str., of.408, Astana, Kazakhstan, 010008 Теl.: (7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: vest_ [email protected] Bulletin of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity off economic conduct «L.N. Gumilyov Eurasian National University», Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No 16995-Ж from 27.03. 2018.

Periodicity: 4 times a year Circulation: 25 copies

Address of printing house: 13/1, Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: (7172) 709-500 (ext.31413) © L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор Кайрат Сак

кандидат филологических наук, профессор (Казахстан)

Зам. главного редактора Айтмуханбет Есдаулетов к.ф.н., доцент (Казахстан) Зам. главного редактора Гульнар Кендирбай PhD (США)

Редакционная коллегия

Алдабергенов Кырыкбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Асанов Койлыбай Д. ф. н., проф. (Казахстан) Aбдиманов Омирхан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Абишева Вера Д. ф. н., проф. (Казахстан) Бейсенкулов Аязби К. ф. н., доцент (Казахстан)

Браун Михаил PhD, проф. (США)

Дзялошинский Иосиф Д. ф. н., проф. (Россия) Жакып Бауыржан Д. ф. н., проф. (Казахстан) Жусупова Алматай К. ф. н., доцент (Казахстан) Ирназаров Кудрат Д. ист. н., проф. (Узбекистан) Корконосенко Сергей Д. полит. н., проф. (Россия) Кара Абдиуакап Д. ист. н., проф. (Турция) Козыбаев Сагимбай Д. ист. н., проф. (Казахстан) Лебедева Татьяна Д. ф. н., проф. (Франция) Нуртазина Роза Д. полит. н., проф. (Казахстан) Омашев Намазалы Д. ф. н., проф. (Казахстан) Ризун Владимир Д. ф. н., проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Казахстан) Сердали Бекжигит К. ф. н., доцент (Казахстан) Тахан Серик Д. ист. н., проф. (Казахстан) Токтагазин Муратбек К. ф. н., доцент (Казахстан) Халилов Абдигани PhD, проф. (Киргизстан)

Ченгел Хулия PhD, проф. (Турция)

Шайхитдинова Светлана Д. филос. н., проф. (Россия)

Шалахметов Гадильбек Академик Международной Евразийской академии телевидения и радио (Казахстан) Шестеркина Людмила Д. ф. н., проф. (Россия)

Шульцман Петр К. н. искуств., доцент (Казахстан) Ответственный редактор, компьютерная верстка: Ильяс Курмангалиев

Ответственный секретарь: Гульжазира Ертасова

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ЖУРНАЛИСТИКА Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК.

Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16995-Ж от 27. 03. 2018 г.

Периодичность: 4 раза в год.

Тираж: 25 экземпляров.

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172) 709-500 (вн.31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

5

Мазмұны

ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ

Баткеева Б.Т. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры ... 8 Ертасова Г.Қ., Сақ Қ.Ө. Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік туралы идеяларының өзектілігі ... 15 Шакуова Р.А. Голощекин саясатының Қазақстанда жүргізілуі ... 28 Шәуенова Г.А. Абай ұлылығы (Тұрағұл Абайұлының естелігі негізінде) ... 33

БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Байғожина Д.Ө. Бұқаралық коммуникация кеңістігіндегі мәдениет ... 40 Жанысбаева А.П., Шындалиева М.Б. Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы рөлі ... 47 Сейфуллина З. Журналистикадағы гендерлік теңсіздік ... 54

PR ТЕХНОЛОГИЯ

Кунгурова О.Г., Дарбеков А.В. Телевизия продюсерлігі Қазақстанның визуалды медиасферасын белсендіру ресурсы ретінде ... 60

ЖАҢА МЕДИА

Асанов К.Д., Даулен М.Б. Инновациялық технологияны игеру қажеттілігі және отандық журналистика мүмкіншіліктері ... 66 Бейсенқұлов А.А., Болатова М.Б. Журналист қызметіндегі әлеуметтік медиа ... 79

(6)

Contents

HISTORY OF JOURNALISM

Batkeeva В.Т. The Fate of the Land and the People in Maskhur Zhusup Kopeyev’s Publicistic Work ... 8 Yertassova G.K., Sak K.O. Actuality of Alash people’s Ideas About Independence .... 15 Shakuova R.A. Implementation of Galoshchekin’s Policy in Kazakhstan ... 28 Shauуenova G.A. The Greatnees of Abai (according to Turagul Abaiuly’s memoirs) ... 33

MASS MEDIA AND SOCIETY

Baigozhina D.O. Culture in the Space of Mass Communication ... 40 Zhanysbayeva A.P., Shyndaliyeva M.B. The Role of Regional Media in the Society .... 47 Seifullina Z. Gender Іnequalityin Journalism ...

.. 54

PR TECHNOLOGIES

Kungurova O.G., Darbekov A.V. Television Production as a Resource for Activating the Visual Media Sphere of Kazakhstan ... 60

NEW MEDIA

Asanov K.D., Daulen M.B. The Need for Innovative Technologies and Domestic Journalism ... 66 Bеisenkulov A.A., Bulatova M.B. Social Media in the Journalist’s Work ... 79

(7)

7

Содержание

ИСТОРИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ

Баткеева Б.Т. Судьба земли и народа в публицистическом творчестве Машхур

Жусупа Копеева ... 8

Ертасова Г.К., Сак К.О. Актуальность идеи деятелей Алаш о независимости ... 15

Шакуова Р.А. Политика Голощекина в Казахстане ... 28

Шауенова Г.А. Величие Абая (по мемуарам Турагула Абайулы) ... 33

СМИ И ОБЩЕСТВО Байгожина Д.О. Культура в медиа пространстве ... 40

Жанысбаева А.П., Шындалиева М.Б. Роль региональных СМИ в обществе .... 47

Сейфуллина З. Гендерное неравенство в журналистике ... 54

ТЕХНОЛОГИИ PR Кунгурова О.Г., Дарбеков А.В. Телевизионное продюсирование как ресурс активизации визуальной медиасферы Казахстана ... 60

НОВЫЕ МЕДИА Асанов К.Д., Даулен М.Б. Необходимость развития инновационных технологии и возможности отечественной журналистике ... 66

Бейсенкулов А.А., Булатова М.Б. Социальные медиа в работе журналиста ... 79

(8)

ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ HISTORY OF JOURNALISM ИСТОРИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ

ХҒТАР 19.51.09

Б.Т. Баткеева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан (E-mail: [email protected])

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикалық шығармаларындағы ел, жер тағдыры Аңдатпа. М.Ж. Көпеевтің соңына қалдырған мол рухани мұраларына тереңірек үңілер бол- сақ оның әсіресе, публицистикалық шығармалары әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ деп ай- туымызға әбден болады. Жалпы М.Ж. Көпеевтің публицистикалық мұраларын екі салаға бөліп қа- растыруға болады. Біріншісі өлең түрінде жазылған публицистикалық еңбектері. Өлең түріндегі публицистикалық дүниелеріне 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Тірілікте көп жасаған- дықтан көрген бір тамашамыз» және «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптарын жатқызамыз. Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының қоғамдық-саяси, шаруашылық өмірі жазылған. «Тірілікте көп жасағандықтан көрген бір тамаша- мыздың», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі - мұндағы бір бөлім қара сөзбен жазылған. Өлеңдердің негізгі түйіні патша империясының отаршылдық езгісінен құтылу. Мұнда Ресейдегі саяси-шаруашылық өзгерістердің қазақ өміріне әсері баяндалады. Ғасыр басындағы Қа- зақстанның саяси өмірі мен әкімшілік-басқару құрылымы, ұлттық психологиясы жан-жақты ашып қөрсетілген. Осылайша, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді. Оны ашына жазды. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата қонысының қолдан кете бастағанына күй- інді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынды. Туған халқын бірлікке шақырды.

Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистік шығармаларының мән-мазмұны ашылып, бүгінгі күн тұрғысынан баға берілген.

Түйін сөздер: отаршылдық саясат, атақоныс, ұлт ынтымағы, ұлттық психология, Науырыз- бай, Кенесары.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикасы екі жанрда көрінеді. Соның ішінде бір тобы – қара сөзбен жазылған публицистикалық шығармалары. «Сарыарқаның кімдікі екен- дігі» кітабының алғашқы тарауы қара сөз үлгісімен жазылған. Бұл тарауды С. Дәуітов ең- бектің кіріспе бөліміне жатқызған [1]. Бірақ, біздің пікірімізше, бұл кіріспе бөлім емес, жеке бір тарау – себебі, бұл тарауда ауқымды мәселелер көтеріліп, өзіндік ой-тұжырымдар қорытындылаған. Тақырып аясы да «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» деп аталуына да кіріспеден өзгеше.

Осы бөлімде тарихтан, этнографиядан көп мәлімет беріледі. Мақала публицисти- калық сарынмен, оның үстіне тарихи еңбек түрінде жазылған. Бұл екі сала бір-бірін то- лықтырып, суреттелетін құбылыстар мен оқиғалар мағыналық тұрғыдан үндесіп, тари- хи-публицистикалық очерк түрінде келген. Бұл публицистикада сол күннің басты назар аударып отырған қоғамдық-саяси мәселелері көтерілген. Соған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалған.

(9)

9

Мәшһүр Жүсіптің оқиғаны баяндау желісі өзгеше. Жай ғана хабарлай салмай, әрбір мәселені философиялық оймен, тарихи деректер тұрғысынан баяндайды. Шығарма ше- шендік тілмен жазылғандықтан, оқырман түсінігіне жеңіл. Еңбек «Күн батысы- Сырдария, күн шығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу (Семереченск өзені), солтүстігі – Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда Дешті Қыпшақ атанған қыпшақ жұртының қонысы еді. Сол Қыпшақтан тоқсан екі ру ел тарайды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе» де- ген мақала болған себебі сол...», - деп басталады [1].

Осы сөздерді түсіну барысында әр адамның көз алдына қазақ елінің жағрафиялық картасы елестейді. Кітапта Сарыарқаның келбеті – дала табиғаты суреттелген. Төрт өзен- ді жазғандағы айтпақ ойы- қазақ даласының оңтүстік- солтүстік, батыс-шығыс шекарала- рының мызғымай, ата-бабалардан ауысып, ежелден келе жатқандығы. Даланы иеленбек болған шет жұрттың басқыншыларға қарсылығы тарихи фактілермен дәлелдеп, этногра- фия мен топонимикалық деректерді өз орнында қолдануы арқылы білдіреді. Жалпы шекара мәселесі, туындай қалған жағдайда Мәшһүр сияқты шежіреші – философтардың еңбегіне сүйенген жөн. Себебі, олардың шығармаларына бізге беймәлім жер- су аттары молынан ұшырасады. Әрі, тың деректер тарихи фактілермен дәлелденген.

Ең көне жырлардың бірі – лиро-эпостық «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырындағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігін Мәшһүр Жүсіп қазақ әдебиетінде тарихи тұрғыдан тұңғыш зерттеген деп айтуымызға болады. Автордың өзі бұған: «өлеңнің аяғында «Қара оба», «Сары оба» деген екі төбе – Қарабай, Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған мекені екен. Бұл екеуі де қазақ байлары.

Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері – Баянауыл тауы. Бұл таудың атының Баянауыл қойылған себебі «Баянауылы» атанып кеткендікетен. Сол қыздың қарқара- сы жоғалып, түсіп қалған жері «Қарқаралы-Қызылық» аталған. Домбырасы мен бет-моншағы түсіп қалған жері «Тоқырауын- Жәмшім» атанған. Сандығы түсіп қалған жер «Алтын сан- дық-Ақшатау» атанған. Аттарының шідері түсіп қалған жер «Жауырбоғы» атанған. Қайыр, бұл сапар қазағы жер аты – бәрі қазақтың ата-бабасының аттары» [1], - деп анықтама берген.

Шығарма баяндау тәсілімен жазылған. Сөз болатын обьекті – Сарыарқа даласы, қа- зақ халқы. Әңгіме Дешті қыпшақ жерін суреттеуден бастап, қазақ халқының жоңғарлармен, қалмақтармен болған шайқастарда баяндаумен жалғасады. Одан әрі нақты оқиғаларға бай- ланысты қазақ даласында сақталып қалған ескерткіштермен жер-су аттарының шығу тегі түсінікті тілмен жазылаған. Бұрынғы заманда болған оқиғаларға Мәшһүр Жүсіп өзінше топшылау жасаған. Бұл шығармада әрбір жер-су аттарына байланысты фактілер жиналып, аңыз-әңгіме түрінде берілген. Оқиғалардың тізбегі баяндау түрінде берілсе де, шығарма мазмұны бұзылмай, ой шашырамай, оқырман тез қабылдайды. Қай оқиғаны баяндаса да Мәшһүрдің айтпақ болған негізгі идеясы - қазақ халқының жат жұрттық басқыншыларға деген азаттық күресі, халық патриотизмі.

Қай публицистикалық мақаласын алсақ та осы идея алдымыздан шығады. Қал- мақтармен, ноғайлармен, Бұқара, Хиуа хандықтарына қарсы азапты, ұзақ жылға созылған ұрыстарда да қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы – ата-баба жерін жау қолында қалдырмау ұраны. Бұл ұранмен талай батырлар жау қолында мерт болған. «Ата-бабамыз қалмақтан не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағыма жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу-біреуге соңынан қалмаса «атаңның құны бар ма еді» дейді ғой. Сондай-ақ, атаның құны болғаны үшін жер-судан айырылып, қаңғып, қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем де ойымнан кетер емес. Баянауыл тауын қалмақтан еріксіз алған Жасыбай мен Олжабай еді. Жасыбай өлді де, Олжабай қалды. Жа- сыбай асуының алдында Жалаңтөс деген баласына қыстатып, Олжабайдың өзі Аяз басқан деген асуға қарсы қыстап еді. Дүние деген, шіркін, көшпелі, екен. Қазақтың тұлпар мініп,

(10)

ту ұстаған кейінгі үрім-бұтағына олжа салған ең алдында мұжықтың поселкесінің аты бол- ды. Олжабай қаласы атанған қала, Ереймен тауы - Олжабайдың өлген жері. Содан бір сөз.

Ата-бабасының қаны қойдың қанындай ағып, алып берген жерінен үрім-бұтақ бабалары көзінің жасын төге-төге қаңғып кете берді» [2].

Бұдан кейінгі сөз болар оқиға – ХIХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен Наурызбай, Кенесарының орыс басқыншаларымен соғысы. Әр кезеңнің батырла- ры өз халқын аман сақтау үшін жан аяспас ұрыстарға бара білген. Шығарманың компози- циялық құрылымының бүтіндігі соншалық, әрбір сөйлемнің ара-жігі ажыратылмайды, бар- лығы түйінге келіп тіреледі. Оны бір төмендегі мысалдан айқын аңғартуымызға болады:

«Біздің Сарыарқадағы қазаққа: «қазақ бізге бағын, бізге қара», - деп ақ патшадан жарлық алып шықтым деп Иван Семенович деген келді. Қазақ саған қармайды, маған қарайды деп ол екеуіне басқа қазақтың өз ішінен Кенесары, Наурызбай деген шықты. Олар:

Бағынба қазақ орысқа, Бағынсаң қазақ орысқа.

Осы бастан амандас,

Сарыарқа деген қонысқа, - деп ұрандады.

Осы замандағы қазақ жақсылары кеңесті де Кенесары, Наурызбайдың сөзін қоста- мады және қытай елшісімен сөйлеспеді. Жерімізге тимесең, солдат алмасаң, саған қарай- мыз деп, құдайшылығы бар деп, ақ патшаға өз ықтиярымен қарап, бағынады». Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының Ресей имперсиясына қарауын өз заманында болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты жан-жақты суреттеген. Сол кезлегі екі жақты психология, екі топ арасындағы тартыс орыс ұлықтарының пайдасына шешілді. Олар бос жатқан жер деп емін-еркін пайдалана бастады. Бұл шығарма ХIХ ғасырдың қоғамдық-саяси жағдайын дұрыс түсіне біліп, талап көрсетуімен құнды. Ол бұл еңбектің отты екпіні мен жоғары эмо- ционалдығынан көрінеді. Бұл орайда: «Осы күнде байқап қарасақ. Қазақта ешкімнің есесі жоқ. Ол қалайша жоқ десек, қазақ жерін қала салумен бір алды. Бастықтарының уазифасы (усадьба) деп ағашты, шабындық жерлерді ат қойып, учаске деп ала берді. Қазақ жерін өзі тастап кете алмай неше жыл бойы көгіне ақша төлеп, қысы-жазы малының көрегі үшін са- тылып, кедей болды. Бүйтіп сатып жеп қалайша күн көреміз деп суырма жонға қыстап еді.

Жан сақтап, күн көріп жүрген жерлерін мұжық келіп егініне лайықты етіп алды.

Еркекте ақыл қала ма, өз қонысынан ауған соң, Әйелде ақыл қала ма, біреуден сауын сауған соң.

Азғантай ақылдан айырылып қалып, жауыр амалына береке қашып, оның үстіне өлім- шығын, землке деген қаптап, ел аралаған начальник, чиновниктердің жалдап мінген аттары- ның майын алмай қаңғып кетті. Бұхар, Ташкент барсаң, сарттың малайы қазақ. Малайлықта жалғыз-жарым болып кеткендер ауырса, суын беріп, кім басына жастық қойып, иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осындай қиыншылықтан тірімізге иман, өл- генімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық», -деп ашына жазды автор [3].

Бұл ойын Мәшһүр Жүсіп одан әрі: «Бір жерде, бір қазақты бір мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көшіп-қонып ел аралап кетеді, ал сары орыс үйінде жаннан ты- ныш отыра береді. Бір қазақты бір казак-орыс пышақтап жарып тастаса, казак-орысқа сот жоқ көшеде ойнап-күліп жүре береді», - деп жалғастырады.

Қазақ ұлтын қорлаудың шегіне жеткен түрі осы. Бұл шығарманың кульминациясы да осы жолдарға келіп тіреледі. Қазақты қонысынан аударғаны, ел билейтін азаматтарына билік бермеуі, малын тартып алуы былай тұрсын, енді патша отаршылары жергілікті ха- лықты өлтіруге кірісті. Отаршылдықтың ең жабайы әдісі- халықты аяусыз қыру. Қазақтың басына да осы ауыр күн келді. Туғанын мұжық өлтірген соң қазақ амалсыздан басқа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Қазақ жоғары әкімдерге арыздана алмайды. Себебі, оның құқығы жоқ. Қазақтың сөзін чиновник тыңдамайды, көзге ілмейді. Бұл – Ресей империясының жер-

(11)

11

гілікті халық құқығын аяққа басқан, отаршылдық саясатының көріністерінің бірі. Мәшһүр Жүсіп өзі көріп отырған қиянатты ашына жаза отырып, Ресей бұғауына бекер түстік деп күйінеді. Әділетпен, ел басқарған бұрынғы билер жолын аңсайды. Ол заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды», -деп аңсайды. Мәшһүр Жүсіп орталық саясаттың қазақ ұлтының дәстүрлі ел билеу тәсіліне кесірін тигізгенін жазады. Орыс отаршылары халықты құлдыққа ұстау үшін, әдейі бұрынғы ел билеу дәстүрін жойып, ауылнайлық, бо- лыстық билеу жүйесін кіргізді. Орыс чиновниктері надан, топас адамдарды ауылнай, бо- лыс сайлап қояды. Елде қазақ ұрпағы аза бастады. Елде надан, жалқау, өсекші, жағымпаз адамдардың көбеюіне әкелді. Қазақ жұртының ғасыр басындағы азып-тозған халін Мәшһүр Жүсіп көрсете білді.

Мәшһүр Жүсіптің 1912 жылы «Айқап» журналының екі санында «Туысқан бауыр- ларыма бір насихат» атты мақаласы жарық көрді [41]. Бұл мақалада қазақ елінің экономика- лық хал-ахуалы, татар молдаларының қазақ ұлтына ықпалы жайында сөз болады. Мәшһүр Жүсіптің 1907-1912 жылдары айдауда болғаны белгілі. Сол жылдары Қазанда болып татар діни оқу жайын зерттеп, қазақ ауылындағы балалардың оқуына тигізген әсерін түсіне оты- рып, өз мақаласында осының мәнін ашып беруі мақсат етті. Мақала «Айқап» журналының 7-8 сандарында басылған. Соңында Мәшһүр Жүсіп Көпеев деп қол қойылған. Мақалаға фельетон деп айдар тағылған. Бірақ, бұл фельетон ба, әлде басқа жанрдағы мақала ма?

Бұл мақала фельетоннан гөрі проблемалық мақала жанрына сәйкес келеді. Бұл мақа- ла бейнелі тіл болғанымен фелетонға тән басқа элементтер жетіспейді. Мақалада Ресейден және Қазан төңірегінен патша құлдығынан қашып, қазақ жерін паналаған татар молдалары, олардың жұртты алдап-арбап мал жинағандықтары жөнінде айтылады. «Сарыарқаның ен шөбінің байлығы мен шаруа күтіп, мал бағып, ғылым-білімнен, әртүрлі ғибратты өнерден сафир болып айтса да болмады. Көл орнында қалған жұрт еді. Солдаттан қашқан құмыра бөрікті, толағай басты ноғайлар келіп, «Бәдуаш», «Кесікбас», «Ақырзаман» деген кітапта- рын оқытып, өзі құдайдың бұйрығынан, ақ патшаның қырғынынан қашып жүрген қулар Ресейдің жұртын жамандап, үкімет ерлерін жамандап, «патшаның бізге қызметшілігі осын- дай, Қаһарлы қаттылығы осындай деп құдайды ұзын құлақтан зорға естіп жүрген қазақты шөптің басынан үріккен қойдай, ақ жарықта көлеңкесінен қорыққан қояндай қылып, Ре- сейдің бас хакімдері қазаққа қала сал, балаңды оқытуға бер десе, біздің ноғайға да осы- ларды айтқан, осылай айлалап барып тұзаққа түсірген деген. Қала салсаң шапшаң сал дей- ді, шоқын дейді. Балаларыңды орысша оқытуға берсең, солдаттыққа алады деп, көнектен шошыған биедей қылып шошытып, ғұмыр бойы өзіменен жырлас, сулас, оттас, арыздас болып тұрған Ресей жұртыменен ынтымағын қосуға келтірмей қазақтың ақылсыз, надан қатындары дуана келеді деп өз баласын өзі қорқақ қылып үйреткендей, жаман қылып, көк милау қылып жіберді», - деп жазды М.Ж. Көпеев [5].

Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің көзқарасының өзгергенін көреміз. Егер, бұрынғы шығармаларында ол Ресейдің тек отаршылдық саясатын ғана көріп, соған қарсы үн қатса, бұл жерде оқу-білім тарататын демократтық бағыттағы Ресейді көріп отыр. Көзқарасының өзгеруі сірә, Мәшһүрдің осы жылдары орыс демократтарымен көптеп араласуынан болса керек. Өзі діни білім алса да, татар молдаларының қазақ даласына таратаын жалған үлгі – насихатына қарсы шықты. Мәшһүр Жүсіп татар молдаларының таратып жүрген білім- дері қазақ топырағына лайықты емес, күні өткен ескі оқу үлгісі деп тұжырымдайды. Соған байланысты қазақ жерінде жаңа бағдарламамен оқытатын медреселер ашу керек. Әрі бұл медреселерге ұстаздарды қашып жүрген ноғай молдаларының арасынан емес, жаңа оқу негіздерімен оқытатын молдалар арасынан іздеу керек. Мәшһүр Жүсіп орысша оқыту ке- ректігін күн тәртібіне қойды. Себебі, заман өзгерді. Жаңа заманға жаңаша ойлайтын, жаңа ғылым-біліммен ойлайтын адамдар керек. Сондықтан да қазақ өз балаларын жаңаша үл- гімен оқытатын мектепке беру керектігін айтады.

(12)

Мәшһүр Жүсіп бұл мақаласында қазақ жұртының арасында мұсылман дінінің толық негізінде таралмағанын айтады. Қазақ ораза ұстап, намаз оқымайды. Соған қара- мастан өздерін-өздері мұсылмандық жолын ұстаймыз деп сендіретіндігін айтады. Бұл жер- де Мәшһүр Жүсіп мұсылман дінінің тәрбие, жақсы үлгі берер жақтарын көріп отыр. Дін- жақсы үлгіні, адамгершілік пен әділеттілікті насихаттайды. Осы үлгі қазақ арасына таралу керек. Қазақ құдайға, мұсылман дініне онша сене бермейді. Дін көп таралмағандықтан да қазақ дінді оқыту жағдайын біле бермейді.

Мұсылман дінін үйренуге ықыластанғанымен үйрететін ұстаздары аз. Ілгеріде ай- тылған шала сауатты татар молдаларды осыны пайдаланып, қазақты алдап-арбайды. Сол молдалар оқытқан шәкірттерін де шала сауатты етіп шығарады. Шет жұрттан қашып келіп паналағандар қазақты былай деп өтірік мақтайды: «Ноғайдан келді қазақтың өзін мақтады, өзгенің бәрін жаманға қойды. Сарттан келді, ол да осыны айтты. Сонан соң бұл қазақ ойла- ды: біз болған екенбіз, жетілген екенбіз. Дүние де бізде екен. Әулиелік те бізде екен. Дүни- еде не жақсылық, бәрі бізде екен деп. Дәнеңені керек қылмайтын мұңсыз болды. Құдай өзі бізден аямаған дәнеңесі жоқ екен. Осы келіп жүргеннің бәрі судырап- судырап тұрған мол ғой, әулиелікке жеткен ойшылдар ғой. Құдай жаман болса, сонша жерден осындай жақсы жетілген кісілер неге келеді?

Дүниеде төрт түлік малдан асқан құдай жаратқан жоқ екен, қазақтай асыл жұрт- ты жасаған жоқ екен деп, Сарыарқадай жер қайда барсаң жоқ екен. Қыс болса халқының қазы-қартасындай тамақ қайда, жаз болса қымыздан артық шарап қайда деп шалқасынан түсіп жаттық та қалдық» [4]. Келімсектердің келген мақсаты біреу: қазақ жерінің кеңді- гін пайдаланып, үкіметтен жасырыну, жергілікті халыққа қалайша сіңіп кету керек? Көзге түсіп қалмау үшін молдалардың атын жамылып, ұстаздық етуге тырысқан. Қазақтардың аңқаулығы сонша, айтылғандардың бәріне сеніп қалады. Қашқындарды қатты құрметтеп, олардан дәріс алады. Одан келімсектер екі түрлі пайда көреді. Әрі молдалық жұмыс үкімет құрығынан құтылуға көмектессе, әрі бала оқыттым деген сылтаумен қараңғы халықтан пайда түсіреді. Олардан дәріс алған шәкірттер сауатты білім ала алмаса да қараңғы қазақ оларды құрақ ұшып қарсы алып, құрмет тұтады. Молда сымақтар алдағанымен қоймай, елді теріс жолға үгіттейді. Олар орыс мектептерінің оқыту үлгісін жамандап, соған бала- ларды оқытпау керектігін айтып, бар жанын сала теріс жолға бастайды.

Мәшһүр Жүсіп осы бір теріс құбылысты көре біліп, жалған молдаларды қазақ ара- сынан қуу керектігін айтады. «Айқап» журналы арқылы оқырмандарға мұсылман дінін көркейту туралы ұран тастайды. Патша дінге бостандық берді. Енді осы мұсылман дінін қазақ арасына тарату арқылы елді дұрыс жолға бағыттайды. Адамдар арасындағы сыйла- стық қарым-қатынасты қалпына келтіріп, адамгершілік пен әділдікті насихаттау керектігін баса айтады. Мақала үгіт-насихат үлгісімен жазылған.

«Дала уалаяты газетінің» 1890 жылғы 18 санында М.Ж. Көпеевтің «Ғажайып бір құс заманымызда»(9) атты мақаласы жарық көрген. Бұл мақалада қазақ халқының аңшылық кәсібі туралы баяндалған. Аңшылық өнер құралы - бүркіт. Қазақтардың бүркітті қолда ұстауы, баптауы жайында қызықты мәліметтер келтірілген. Жәрмеңкелерде қазақ бүркіті көрушілерді алып тұлғасымен таңдандырады. Басқа мақалаларынан ерекшелігі- оқиға нақты фактіге құрылған. Мақаланы Павлодар уезі, Ақкелін еліндегі Т.М. Шормановтың бүркіті жайында бастай отырып, аңшылық өнердің қырларына бойлап кетеді. Аңшылық тек өнер емес, кәсіп, табыс көзі. Егер бүркіт алған аңдарды жәрмеңкеде өткізіп, көпестерге тұрақты сатып отырса, қазаққа біраз пайда түсетіндігін айтады. Алайда, «...оның бұл пай- дасынан бөлек алған қызықтығы, мехнат иә машақатын таза біле тұрып, біздің қазақ халқы бүркітті пайда үшін салмайды, қызығына құмарланып, сол үшін машық қылып ұстайды» [5].

М.Ж. Көпеев мақаласында бүркіт ұстау қазақтың ежелден келе жатқан аңшылық өнері, дәстүрлерінің бірі екендігін, оны жалғастыру қажеттігін айтады. Бұл мақала ата

(13)

13

кәсіпті жойып алмай жалғастыру қажеттігіне үндейтіндігімен құнды. «Дала уалаяты га- зетінің» 1890 жылғы 14 санында жарияланған «Жақсы молда» [5] атты мақаласында М.Ж.Көпеев қазақтың ел билеу тәсілі, молдалары жайында жазады. Халыққа үлгі көрсе- тетін билеушілер қандай болу керек? «Егер билеп тұрған ұлық жақсы жолда болса, халық та соған еліктеп жақсылыққа тырысады. Егер ұлық жаман болса, халық һәм жамандыққа айнала береді. Халық басшысынан ғибрат алады», - дейді.

Мәшһүр Жүсіптің мақалада айтпақ негізгі ойы - халықтың жақсы, жаман болуы елді басқарып тұрған ұлықтарға байланыстылығы. Бұл мақаладағы сол кездегі билеу жүй- есін талдап көрсеткен пікірлер жоқ. Мақалада жалпылама деректер ғана берілген. Әдетте, Мәшһүр Жүсіп мақалалаларында айтпақ болған құбылыстар мен оқиғаларға өзінің қатысы аңғарылатын және қорытынды тұжырым жасалатын.

Ал, «Жақсы молда» атты мақалада не молдалар, не ұлықтар жайында толық мәлімет- тер жоқ. Мақаланың тақырыбы «Жақсы молда» деп қойылғанмен, оқыған кезде оның мазмұнына сәйкес еместігін аңғарасыз. Соған қарамастан «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген материалдарында халықтың шешендік сөздері, фольклор үлгілерімен мол мәлімет- тер келтірілген. Газеттегі мақала, өлеңдері М.Ж.Көпеевтің халық ауыз әдебиетін жинаумен шұғылданған кезеңіне сәйкес келеді.

Әдебиеттер тізімі

1 Көпеев, М.Ж. Таңдамалы шығармалары. / Құраст. С. Дәуітов. - Алматы: Жалын, - 1990. -245 б.

2 Көпейұлы, М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. Таңдамалы шығармалары. 4 том. - Павло- дар: «ЭКО» ҒӨФ, 2004. - 536 б.

3 Көпеев, М.Ж. Туысқан бауырларыма бір насихат. / М.Ж. Көпеев «Айқап» журналы. - 1912, - № 7.

4 Көпеев, М.Ж. Ғажайып бір құс заманымызда. / М.Ж. Көпеев «Дала уәлаятының газеті».

- 1890, - № 18.

5 Көпеев, М.Ж. Жақсы молда. / М.Ж. Көпеев «Дала уәлаятының газеті». - 1890, - № 14.

Б.Т. Баткеева

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

Судьба земли и народа в публицистическом творчестве Машһур Жусупа Копеева Аннотация. М.Ж. Копеев оставил потомкам богатое творческое наследие в области исто- рии, литературы, этнографии, публицистики. К исследованию его многогранного творчества об- ращались многие ученые, историки, писатели и публицисты. Его труды являются основой многих докторских, кандидатских, магистерских диссертаций, дипломных работ, научных статей и публи- каций. Творчество М.Ж. Копеева и сегодня может служить источником научных исследований в различных областях культуры, литературы, истории. Особое место в творчестве М.Ж. Копеева за- нимает публицистика. Это – научные труды по истории, фольклору казахского народа, статьи о социальной, экономической, политической жизни казахского народа, особенностях уклада и быта, национальной психологии, образовании, воспитании.

В статье рассматривается поэтические сборники М.Ж. Копеева «Кому принадлежит Са- рыарка» и «Чудесные впечатления из многолетного опыта», где в особой стихотворной форме отра- жена реалистическая картина жизни казахов начала ХХ века.

Ключевые слова: «Кому принадлежит Сарыарка», «Чудесные впечатления из многолетно- го жизненного опыта», национальный характер, национальное единство, колониальная политика, Наурызбай, Кенесары.

(14)

B.T. Batkeyeva

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana, Kazakhstan

The Fate of the Land and the People in Maskhur Zhusup Kopeyev’s Publicistic Work Abstract. M.Zh. Kopeyev left to his descendants a rich creative heritage in the field of history, literature, ethnography, and journalism. Many scholars, historians, writers and publicists turned to the study of his many-sided creativity. His works are the basis of many doctoral, candidate, master theses, graduation works, scientific articles and publications. M.Zh. Kopeyev’s creativity even today can serve as a source of scientific research in various fields of culture, literature, and history. A special stand in M.Zh. Kopeyev’s creativity is journalism. These are scientific works on the history, folklore of the Kazakh people, articles on the social, economic, political life of the Kazakh people, peculiarities of the way of life and manners, national psychology, education, and upbringing.

The article deals with M.Zh. Kopeyev’s poetry collections “Who Owns Saryarka” and

“Wonderful Impressions from Many Years of Experience”, where in a special verse form we can see a realistic picture of the life of Kazakhs of the early XX century.

Key words: “Who Owns Saryarka”, “Wonderful Impressions from Many Years of Experience”, national character, national unity, colonial policy, Nauryzbai, Kenesary.

References

1 Kopeiuly, M.Zh. Izbrannye tvorshestvo [Favorites creativity]. / Sostovitel S.Dauitov. (ZHalyn, Almaty, 1990. - 245 р.). [in Kazakh];

2 Kopeiuly, Saryarkanyn kimdiki ekendigi. Izbrannye tvorshestvo. [Who owns Saryarka]. 4 vol.

(Pavlodar, 2004. - 536 р.). [in Kazakh];

3 Kopeiuly, M.Zh. Tuyskan bauyrlaryma bir nasikhat. [The advice to my relatives]. (Aikap Journal. 1912, № 7). [in Kazakh];

4 Kopeiuly, M.Zh.. Gajaiyp bir kus zamanymyzda. [Amazing bird of our time]. (Dala ualayaty newspaper, 1890, № 18). [in Kazakh];

5 Kopeiuly, M.Zh. Jaksy molda [Good mullah]. (Dala ualayaty newspaper, 1890, № 14). [in Kazakh].

Автор туралы мәлімет:

Баткеева Б.Т.- Филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, Сәтпаев көш. 2. Астана, Қазақстан.

Batkeeva B.T. - Candidate of philological, associate professor, L.N. Gumilyov Eurasian National University, К.Satpaev str. 2. Astana, Kazakhstan.

(15)

89

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.

Журналистика сериясы» журналында мақала жариялау ережесі

1. Журналдың мақсаты. Қазақ баспасөзінің тарихы, журналистиканың теориялық және қолданбалы ғылымдары, қоғаммен қатынасы, көсемсөзі, баспасөз қызметі туралы мұқият тексеруден өткен материалдарды жариялау.

2. Журналда мақала жариялаушы автор мақаланың қол қойылған 1 баспа нұсқасын Ғылыми басылымдар бөліміне (редакцияға, мекенжайы: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт- тық университеті, Бас ғимарат, 408 кабинет) және vest_ [email protected] электрондық поштасына Word форматындағы нұсқасын жіберуі қажет. Мақала мәтінінің қағаз нұсқасы мен электронды нұсқалары бірдей болулары қажет.

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

3. Автордың қолжазбаны редакцияға жіберуі мақаланы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысына басуға келісімі мен шетел тіліне аударылып қайта басылуына келісімін білдіреді. Автор мақаланы редакцияға жіберу арқылы мәлімет- тің дұрыстығына, мақала көшірілмегендігіне (плагиаттың жоқтығына) және басқа да заң- сыз көшірмелердің жоқтығына кепілдеме береді.

4. Мақаланың көлемі: 8 беттен кем болмауы (16 беттен аспауы) керек.

5. Мақаланың құрылымы: (қағаз беті - А4, кітап сұлбасында, барлық беттеу жолы – 20 мм. Шрифт: Times New Roman - нұсқасында, әріптің көлемі (кегль) - 14);

6. ХҒТАР http://grnti.ru/ - бірінші жолдың сол жақтауына жазылады;

Автор(лар)дың аты-жөні – жолдың ортасында, қою кіші әріппен жазылады;

Мекеменің толық атауы, қаласы, мемлекеті (егер авторлар әртүрлі мекемеде жұмыс жасайтын болса, онда әр автор мен жұмыс мекемесі қасына бірдей белгі қойылады);

Автор(лар)дың Е-mail-ы – жақша ішінде, жол ортасында курсивпен жазылады;

Мақала атауы – жолдың ортасында, жартылай қою кіші әріппен жазылады;

Аңдатпа - 100-200 сөз; формуласыз, мақаланың атауын мейлінше қайталамауы және әдебиетке сілтемелер болмауы қажет; мақаланың құрылысын (кіріспесі, мақаланың мақсат/

міндеттері, қарастырылған сұрақтың тарихы/ зерттеу әдістері, нәтижелері/ талқылаулары, қорытындысы) сақтай отырып, мақаланың қысқаша мазмұны беріледі.

Түйін сөздер (6-8 сөз немесе сөз тіркесі) - Түйін сөздер мақала мазмұнын көрсетіп, мейлінше мақала атауы мен аннотациядағы сөздерді қайталамай, мақала мазмұнындағы жиі кездесетін сөздерді қолдану қажет. Сонымен қатар, ақпараттық-іздестіру жүйелерінде мақаланы жеңіл табуға мүмкіндік беретін ғылым салаларының терминдерін қолдану қажет.

Негізгі мәтін мақаланың мақсат/ міндеттері, қарастырылған тақырыптың тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылау, қорытынды бөлімдерін қамтуы қажет. Жоларалық интервал - 1, азат жол - 1,25см, беттеу жолағы – еніне сай жасалады.

Таблица, суреттер – аталғаннан кейін орналастырылады. Әр таблица, сурет қасын- да оның аталуы болу қажет. Сурет айқын әрі сканерден өтпеген болуы керек.

Мақаладағы формулалар тек мәтінде оларға сілтеме берілсе ғана нөмірленеді.

Жалпы қолданыста бар аббревиатуралар мен қысқартулардан басқалары алғаш қол- данылса міндетті түрде түсініктеме берілуі қажет.

Қаржылай көмек туралы ақпарат бірінші бетте көрсетіледі.

Әдебиеттерге сілтеме. Мәтінде әдебиетке жасалған сілтеме тікжақшаға алынады.

Әдебиет сілтемелері мәтіндегі қолданылуына қатысты нөмірленіп, қолданыс ретіне бай- ланысты алғашқы сілтеме [1, 253 б.] арқылы, екінші сілтеме [2, 182 б.] арқылы т.с.с. жүр- гізіледі.

Әдебиеттер тізімінде кітаптың жалпы бет көлемі көрсетіледі.

(16)

Жарияланбаған еңбектерге сілтеме жасалмайды. Сонымен қатар, рецен-

зиядан өткізілмейтін басылымдарға да сілтемелер жасалмайды (әдебиеттер тізіміндегі транслит пен ағылшын аударманы беру үлгісін buljourn.enu.kz сайтындағы рәсімдеу үлгісінен қараңыз).

Мақала соңындағы әдебиеттер тізімінен кейін библиографиялық мәліметтер қазақ және ағылшын тілінде (егер мақала орыс тілінде жазылса), орыс және ағылшын тілінде (егер мақала қазақ тілінде жазылса), орыс және қазақ тілінде (егер мақала ағылшын тілінде жазылған болса) беріледі.

Авторлар туралы мәлімет: автордың аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, жұмыс орнының мекенжайы, телефоны, e-mail-ы қазақ, орыс және ағылшын тіл- дерінде толтырылады.

6. Қолжазба мұқият тексерілген болуы қажет. Техникалық талаптарға сай келме- ген қолжазбалар қайта өңдеуге қайтарылады. Қолжазбаның кейін қайтарылуы, оның жур- налда басуға жолданғанын білдірмейді.

7. Электронды корректурамен жұмыс. Редакцияға тіркелген мақала жабық (ано- нимді) тексеруге жіберіледі. Барлық рецензиялар авторға танысуына жіберіледі. Автор (рецензент мақаланы түзетуге ұсыныс берген жағдайда) үш күн аралығында қайта қарап, қолжазбаның түзетілген нұсқасын редакцияға қайта жолдауы керек. Мақаланың түзетілген нұсқасы мен автордың рецензентке жауабы редакцияға жіберіледі.

Рецензент жарамсыз деп таныған мақала қайтара қарастырылмайды.

8. Төлемақы. Басылымға рұқсат етілген мақала авторларына төлем жасау туралы ескертіледі. Төлем көлемі 2018 жылға ЕҰУ қызметкерлері үшін 4500 теңге және басқа ұйым қызметкерлеріне 5500 теңге болып белгіленді.

Рекзивизиттер:

РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Столичный филиал АО «Цеснабанк»

КБЕ 16

БИН 010140003594 БИК TSES KZ KA

Счет в кодировке IBAN – KZ 91998 BTB 0000003104

«За публикацию ФИО автора»

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана, Қазақстан.. 2 Абай атындағы педагогикалық

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Қазақстан Республикасындағы түрік диаспоралары тіліндегі қазақ

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (Тарих)..

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің теориялық математика және ғылыми есептеулер институты, Астана, Қазақстан 3Қ.. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ Қамаева Сәруар Аплашқызы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасы, Астана, Қазақстан Республикасы

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан *Корреспонденция үшін автор: [email protected] Қазақ тіліндегі ойконимдердің пайда болу тарихы мен ұлттық санадағы

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Е-mail: [email protected], [email protected], [email protected], [email protected] ХҒТАР 15.01.77 Равен

Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан E-mail: [email protected], [email protected] БАҚ және Қазақстандағы цифрландыру жүйесі Аңдатпа.. Мақалада Қазақстандағы цифрландыру