Иә, ...
біз осылай жазуды бастадық
« Қазақ драма» курсы студенттерінің шығармашылық жұмыстары
АСТАНА
2
3
Иә, сендер осылай жазуды бастадыңдар ...
2010 жыл. Назарбаев Университеті ашылып, алғашқы шәкірттерді қабылдады. Ол – Дайындық мектебі болып аталды.
Аптасына сенбі күні ғана қазақ тілі болады. Сағынып көрісеміз.
Назарбаев Университеті - Қазақстандағы оқу таза ағылшын тілінде жүретін халықаралық деңгейдегі нағыз заманауи оқу орны. Атағы бірінші күннен аспанға шығып тұр. Ендеше бұл универдің студенттері ең алдыңғы қатарлы болуға тиіс қой.
7-желтоқсан, 2010 жыл. Тарихи күн болды. Қазақстан Респубикасының Президенті Назарбаев Университетінің алғашқы студенттеріне дәріс оқыды. Шетелдік қонақтар да көп келді. Осы бір жантолқытар кездесу біздерге үлкен сенім артып, күш-қайрат берді. Біз 9-ақпанда (2011 жылы) ақиық ақын Мұқағаи Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойын тойладық. Сол кезден бастап Назарбаев Университетінің өнер тарландары өмірге келе бастады. Алғашқы журналдар шықты, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінде сахналық қойылым болды.
Біздің керемет актерларымыз бен актрисаларымыздың (әсіресе Дина Асқарованың) өнеріне келген қонақтар, журналистер таңдай қақты. «Аққу» күйін Арғын Нұртазин орындап, биін Айгерім Өмірханның биші қыздары шығарды. Ал біздің күйшілеріміздің ерлігі – ол ерекше болатын!!
Міне, содан бері төртінші жыл. Студенттер саны да өсіп жатыр, университет те қалыптасып, дамып жатыр. Аяқтан нық тұрып кету үшін уақыт керек және үлкен еңбек керек. Алдыңғы толқын студенттер легі кейінгі толқынға орын беріп, өздерінің өнерлерін, өнегелі тағылымдарын үйретіп жатыр. 2013-2014 оқу жылында «Қазақ драма» курсы ашылды да, ол курста 1-3 курс студенттері араласып оқыды. Сонда біз студенттер арасындағы ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты көрдік.
4
Жалпы студент болсын, басқа тыңдармандар болсын тыңдаған ақпаратты уақыт келе ұмытады, жазып алғанды 5-10 пайыз есте сақтайды, көргенді 20-30 пайыз, ал өзі жазып, өзі шығарғанды, өзі тапқан жаңалықты ол 100 пайыз есінде сақтайды. «Қазақ драма» курсының мақсаты: өзін жеңу, өзіндегі комлексті жеңу, шығару, жазу, жазғанынан ләззат алу, өзі сценарист, өзі режиссер, өзі актер болу еді. Біз осы мақсатқа жеттік.
Қымбатты шәкірттерім, ұстаз жалғыз өзі – жалғыз жұлдыз, ал түнде аспанда жалғыз жұлдыздың сәні де, сәулесі де жеткілікті болмайды, аспанға жарқыраған көп жұлдыздар ғана сән береді. Сендер әрқайсыларың бір-бірлеріңе сәулелеріңді түсіріп, одан бетер сәулелі жарық болуға, әңгіме, өлең, драмаларық шығармаларды жақсы жазуға көмектестіңдер. Мен де сендермен бірге өстім, бірге қуанып, кейде-кейде (сахналық қойылым кезінде) бірге жыладым.
Қымбатты шәкірттерім! Сендерге шығармашылық табыс тілеймін, Әдемі бастаған сәулелі жарық жолдарыңды тастап кетпеңдер. Мен сендермен бірге сапардамын. Болашақта ұлы суреткер болатындарыңа сенемін.
Ізгі тілекпен, Гүлтас апай. 26.12.2013 жыл
5
Сценарийлер
6
Әйгерім Өмірхан Инженерия мектебі, 3-курс
ЗАҒИП
(2 актылы, 7 көріністі пьеса) Қатысушылар:
Шәміл – музыкант.
Баян – Шәмілдің әйелі Ғазиза – биші қыз Министр
Поштален Ана – елес Періштелер Жүргізуші
Гүл сатушы қыз
Көркем – Ғазизаның жолдас қызы.
1-көрініс
(Кеш. Шәміл фортепиано алдында. Баян ас үйде тамақ әзірлеп жатыр. Шәміл фортепианоны қайта-қайта соққылап, музаның келмей жатқанына ашуланады.)
Баян. Шәміл, мен саған мен үйде болғанда фортепианоны ойнамай-ақ қоюыңды сұрадым емес пе?! Менің басым ауырады...
Жынданып кететін шығармын.
Шәміл. Жаным, түсінші, бұл музыка ғой!
Баян. Музыка! Сенің музыкаңның кесірінен мен таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыста жүруге мәжбүрмін.
Шәміл. Кішкене ғана шыдашы, аяулым! Жақында ол келеді, менің музам! Үлкен дүние, менің ең керемет сәбиім келеді өмірге! Сосын мені бұрынғыдай Парижге шақырады, екеуіміз Эйфель мұнарасындағы кафеге барамыз! Қаланы тамашалап,
7
бұрынғыдай ең бақытты боламыз, Баянушка! (Баянды құшақтағысы келеді, ол рұқсат бермейді.)
Баян. Париж дейсің бе?! Париж тұрмақ, Астанадағы кинотеатрға бармағалы қаншама уақыт болды!
Шәміл. Кино дейсің бе? Киноны мен қалай көремін?
Баян. «Мен, мен, мен»! Неге біз осы ылғи да сен туралы айтамыз?! Мен туралы ойлайтын адам бар ма бұл дүниеде?!
Шәміл. Баян, сабыр етші, мен қалайда көремін, шын айтамын!
Сені тағы да бір рет бақытты етуге уәде беремін!
Баян. Қойшы енді, Шәміл. Құр сөздің қажеті қаншама?
Көмектеспейді саған ол методика, неге түсінбейсің соны? Сегіз жыл өтті. Бәрі бекер. Көрмеген көзің сол қалпында. Ас үйде тамағың әзір, барып ішерсің. Менің анама жолығуым қажет.
Жұмыстан кеш оралам, мені күтпе.
Шәміл. Жарайды, абайлап жүр (дәрменсіз). Мен көремін, көремін әлі! (Баян есікті тарс еткізіп жауып, шығып кетеді.) Баян. Әрине, сен үшін абайлап жүруім керек.
2-көрініс
Арада біраз уақыт өтеді. Шәміл күнделікті көз жаттығуларын жалғастыра береді. Көктемнің шуақты күні. Шәміл фортепиано алдында көңілді, жеңіл, әсем мелодияны ойнап отырады.
Шәміл. Шуақты көктем, енді аз күнде жер ана жап-жасыл болып, сулуанып сала береді екен ғой. Жоқ, жоқ, мен көз жаттығуларын тынбастан жасауым керек. Мен көруім керек. Бір күнде алған жанарымды бір күнде қайтарып береді. Мен сезем ғой. Иә, мен түс көрдім, ғажабы мен түсімде көремін (иығын көтереді). Жоқ, әде, мәңгілік тасқараңғыда қаламын ба?
Шындығында, Баяннан басқа кімім бар? Не бауырым, не қарындасым жоқ. Әкем мен анам да өмір жарығын маған қиып кетіп еді. Енді міне ол жарық та мені тастап кетті. Ей, Алла, егер мен жарық дүниені көрмесем, мені өзіңе ал. Мені Баянға масыл
8
етпе. Жетті, болды. Тоқтаттым өзімді алдағанды. Баян, Баян, енді сені азаптамаймын. Мен жарығы жоқ дүниеңді қажет етпеймін (жылайды).
(Жеңіл музыка ойналады, қоңыраулар сыңғырағандай болады.
Бөлмеге періштеер келеді)
1-Періште. Шәміл, Шәміл, сен көресің деп, бұлақ айтты, естідің бе? (Шәміл ойынды тоқтатады, жан-жағына қарайды.)
Шәміл. Бұл кім?!
2-Періште: Шуақ та айтты, естідің бе?
Шәміл. (Орнынан түрегеп, қорғанатын қалыпқа тұрады). Кім бұл, мені мазақ ете бастадыңдар ма?
3-Періште. Шәмі-і-і-л, суға барып едім, толқын да айтты, Шәміл көреді деді.
Шәміл. Соңғы рет сұраймын, кім бұл? Неге мені мазақ етіп тұрсыңдар? Мен не істедім сендерге? Кетіңдер, кетіңдер.
1-Періште. Шәміл, біз саған көмектесуге келдік. Біз сенің қолдаушы періштелеріңбіз. Сенің қатты қиналғаныңды, Алладан тілегеніңді есітіп, қол ұшын беруге келдік. Қазір саған қасиетті Анаң келеді. Қорықпа, мүмкін жанарың да оралар.
Шәміл. Рас айтамысыңдар?! Бірақ бұл мүмкін емес қой!
Қалайша?
1-Періште. Неге мүмкін емес? Баянды үміттендіріп, сөз бергеніңді ұмыттың ба?
Шәміл.Ұмытқам жоқ! Бірақ бұл фантастика ғой! Мен енді көретін болам?! Мүмкін емес!
Періштелер. Мүмкін! Мүмкін!
Шәміл. Жо-жоқ! Мен тағы да есімнен адастым! Дені сау адам дауыс естімейді! Кетіңдер! Мен соқырмын! Мәңгілік соқыр боп өтем, шарасызбын! Қайран дүние, неге өзімді осынша алдадым?!
Көрмеймін мен енді қайта! Көрмеймін... (Пауза. Шәміл әлсіреген, дәрменсіз. Көзінің жасын сүртіп, басын изеп, фортопианосына келіп отырады, фортепианоны ойнай бастайды.
9
Шәміл. Періштелерміз дей ме? Кімді алдағысы келеді? Періште қайда, мен қайда? Болды, болды, бір шешімге келуім керек...
Баянның ... Баянның... Баян, сен мен үшін емес, өзің үшін аман бол, маған енді ешнәрсенің керегі жоқ... Жоқ...
(Шәміл басын шайқап, пианиноны бір ұрып, орнынан тұра беріп, шалынып құлайды, қатты қиналып жатады. Сол кезде сахнаға Аруана келеді. Шәмілді айналып жүріп:
Ана. Балам, Шәміл, жарығым, қиналмашы. Бұл мен ғой. Сенің анаңмын. Жарығым, күдеріңді үзбе. Сен өз өміріңді, бізден қалған өмірді жағастыруың керек. Сенің ұрпағың болады.
Шәміл. Анашым, өзіңнің даусың ғой. Сен қайдасың? Ана, қиналдым, енді шыдар алар емеспін.
Ана. Балам, жалғызым, Алланың құдіреті шексіз. Оның бұйрығы болмаса, мен саған жете алар ма едім? Мен жаратушының жақсы хабарын алып келдім. Жанарыңды құдіретті Алла қайтарады.
Сенің тілеуің періштеер арқылы Аллаға жетті. Егер шын жыласаң, шын тілесең, Алла естиді деп едім ғой.
Шәміл. Періштелер, иә, олардың дауысын естігенмін.
Періштелер...
Ана. (Ақ жаулығымен баласының көзін сүртеді. Аспанға қарап, қолын созады. Періштелер келеді. Олар анаға хабар жеткізіп жатқандай).
1 - періште. Сабыр ет, ана. Балаңның көзі көреді деді.
2 – періште. Иә, сабыр етіңдер.
Ана. Балам, құлыным, таста қара көзілдірігіңді. Енді сенің дүниең жарық болады. Енді сен көретін боласың? Көрдің бе, Шәміл?
Уа, адамдар, дүние нұрын сүйіңдер, Бір-бірлеріңді бақытты етіп күліңдер!
Жарық дүниенің нұрымен жанды суарып, Жарқ күннің қадірін, қадірін жақсы біліңдер.
10
11
12
13
Шәміл. Анашым, Жарық дүние! Көрдім, көріп тұрмын, Ана!
Анашым, сізді көріп тұрмын. Анашым, құтқарушым, сағынышым. Жарық өмірге екінші рет әкелдің бе?
Анасы мейірленіп қарап тұрады.
Шәміл. Сағындым ғой сізді ана. Сіз де, әкем де мені жалғыз тастап кеттіңдер ғой.
Ана. Құылным, бізді қатты сағынба. Әкең екеуміз ол дүниеде де біргеміз. Ойлайтымыз сен ғана. Балам...
Шәміл. Иә, анашым, не айтқың келді? Неге үндемей қалдың?
Ана. Балам, әлі құдіретті музыка тудырасың. Бірақ жүрегің талай ауырар, балам.
Шәміл. Ауырады?! Ана, мен ең бақыттымын! Жарық дүниеден артық бақыт бар ма? Рақмет, рақмет.
Ана. Шексіз алғысымыз бір Аллаға болсын. Балам, сабыр ет, аз ғана құпияда ұстай тұр. Қуанатын шақ келген жоқ
Шәміл. Ана, анашым неге? Неге құпия? Баянға да айтпаймын ба?
Ана. Иә, екеуміздің уақытша құпиямыз болсын! (Ана кетеді.) Шәміл. Ана! Анашым, қайда кеттің?!
(Осы сәтте бөлмеге Баян келе жатады, анасының сөзі есіне түсіп, көзілдірігін ала беремін дегенде жығылып қалады. Баян жерде жатқан Шәмілді көріп, қасына жүгіріп келеді.)
Баян. Шәміл, Шәміл, саған не болды? Неге жерде жатырсың?
(Шәмілдің басын қолына алады.)
Шәміл. Баян, Баян ... енді бәрі өзгереді! Маған... жаңа, анашым, анашым...
Баян. Шәміл, сенің қызуың көтеріліп кетіпті ғой! Сен жай сандырақтап тұрсың, анаң баяғыда о дүниеге кеткен. Жүр төсегіңе апарып жатқызайын.
Шәміл. Баян, Баян, мен енді... көретін болам ... Жаңа ...
Баян. Иә, чудо болса, көресің. Дәріңді берейін...
(Ананың елесі. Айтпа деп басын шайқап тұрады)
14
3-көрініс
(Таң атады. Шәміл креслода отырады. Өзімен-өзі күлімсіреп отыр. Баян Шәмілдің көріп кеткенін әлі білмейді.)
Баян. Неге күлімсіреп отырсың?
Шәміл. Мен бе күлімсіреп отырған?
Баян. Ия, сенің дәл өзің. Бір ғажайыпты көргендей ырзасың ғой...
Шәміл. Ғажайып деймісің? Жай, армандап отырғаным ғой.
Баян. Армандағаннан бір нәрсе шықса, осыған дейін шығар еді ғой. Асыңды әзірлеп қойдым. Мен жұмысқа кеттім.
(Шәміл креслода қала береді. Ойында жаңа әлемді көргендегі қуанышынан туған композиция ойнап жатады. Алайда, мотор даусы шыққан соң музыка кенет өшеді. Шығар есікке барып қараса, Баянды бір кісі қарсы алып, бетінен сүйіп, гүл беріп, жатыр. Баян да оны құшақтап, қолымен аузын басады. Олар шығып кетеғді.)
Шәміл. Менің көзім соқыр болса да, сезімім соқыр емес еді.
Бәрін де сезгенмін. Салқындық... Бірақ мен сені қалай кінәлаймын, Баян? Жаным, Баяным. (Көзілдірігін алып, сахнаның шетіне кеіп тұрады).
Иә, жол апаты. Әкем мен шешем машинаның артында отырған, ал мен жүргізушінің қасында едім. Жүргізуші екеуміз белдікпен байланғандықтан ұшып кетпедік. А әке -шешем мерт болды. Мен 6 ай ауруханада жаттым, ақыры жанарсыз қалдым.
Үйленгенімізге 8 ай ғана болған. Баянның аяғы ауыр еді. Біздің хабарымызды естігенде Баян есінен танып қалып, ол да ауруханаға түсіпті. Дәрігерлер өзін аман алып қалды, ал баланы сақтай алмапты. Міне содан бері 8 жыл өтті. Бізде күн сияқты жалынды сезім болған, болған. Бірақ оның да жалыны, жарығы менің жанарым сияқты өшті.
Басында Баянымның үміті бар еді, бірте-бірте ол да сөнді.
Қызық, Баянға айтпа, сабыр сақта дегені қалай? Түсінікті, түсінікті болды. Баян енді мендік емес екен ғой. Тағдыр маған
15
енді қандай сый дайындап тұр? Неге мен өз Баянымды біреуге беруім керек. Жоқ бүгін, сәті түссе, Баянға айтамын. Өз Баяным, өз махаббатым, мүмкін Самат жолдасымыз еді ғой. Жай келіп жүрген шығар? (Орындыққа барып отырады) Әлі бәрі баяғыдай болады.
(Баян жұмыстан келеді. Шәміл жалма-жан көзілдірігін кие қояды. Шәмілге тәкаппарлана қарағанымен, өзі сондай мәз.
Шәміл отырған бөлмеге кіріп, айнаға өз-өзіне сүйсіне қарайды.) Баян. Қалың қалай, Шәміл?
Шәміл. Менің қалым қалай болушы еді, баяғы бір сарын, ескі сарын. (Құпиясын әлі де ашар емес. Өзіне сүйсіне қараған Баянға қарап) Сенің өзің сұлу боп кетіпсің ғой...
Баян. Не?
Шәміл. Өзіңе соншама сүйсініп қарап тұрғаныңа қарап айтқаным ғой.
Баян. Не деп тұрсың?!
Шәміл. Жәй, жәй, мен сезем ғой...
(Баян көпшілікке қарап, иығын қозғап, қолын жаяды. Шәміл айтуға ыңғайанып ) Баян, ... (есіктің қоңырауы шыр етеді. Баян есікке жүгіреді. Поштален келеді)
Поштален. Шәміл Еркінұлының пәтері ме?
Баян. Иә.
Поштален. Ол кісі бар ма?
Баян. Иә, үйде. Бірақ маған айта беріңіз.
Поштален. Жоқ, ол кісі өзі қол қою керек.
Баян. Ол кісі зағип қой. Маған бере беріңіз.
Поштален. Кешіріңіз, міне мына жерге қол қойыңыз. Жақсы сау болыңыз.
Баян. Сау болыңыз.
Шәміл. Баян... қандай хат?
Баян. Қазір ашып оқиын. Уважаемый Шамил Еркенович!...
Шәміл, сен қашан жіберіп едің?
Шәміл. Мәскеуден келді ме? Не дейді? «Жарық дүние» ғой.
16
17
Баян. Жарық дүние деген не? Короче, сені Москваға халықаралық Фестивальге шақырыпты.
(Шәміл, екі қолын кеудесіне қойып, қуанады).
Баян: Шәміл, түкке түсінсем бұйырмасын. Қашан жібердің?
Шәміл. Тура үш ай болды. Бір күні Саят досым келгенде мен
«Жарық дүниені» орындадым. Ол: «Шәміл, мынауың шедевр, шедевр. Маған берші Москвада халықараық конкурс өтеді соған жіберейін, сенің музыкаңнан артық музыка болмайды» деп, алып кеткен болатын.
Баян. Маған неге айтпадың?
Шәміл. Мен саған тыңдатайын дегенмін, бірақ сен ол күні үйге келмей қалдың, «мамамдарға барып, сонда қала салдым» деп едің ғой.
Баян. Одан бері де үш ай өтті ғой.
Шәміл. Кейін ұмытып кетіппін. Сенің қолың тимей кетті ғой.
(Баян ыза болып, басын шайқайды)
Баян. Шәміл, енді не істейсің? Москваға барасың ба? Жол шығынын төлеп, билетін де салып жіберіпті ғой. Мәскеуге қалай жалғыз барасың? Мен бірге барайын.
Шәміл. Баян, әуре болма, Саят барады. Солай келіскенбіз.
Баян. Сонда қашан дейді? Мәсаған, ертең шығуың керек екен ғой. Мен заттарыңды дайындайын (екеуі де сахнадан шығып кетеді. Шәміл сырт киімдерін киіп шығады, Баянның қолында чемодан).
Шәміл. Баян ...
Баян. (қарайды) Иә.
Шәміл. Өзіңді күтіп жүр, денсаулығыңа қара.
Баян. Шәміл, сенде бір өзгеріс бар сияқты.
Шәміл. Мен де ме, жоқ әлде сенде өзгеріс бар ма? Менде ... не өзгеріс болсын? (Баян қипақтап, көзін аспанға қаратып, басын шайқайды. Шәміл оны көріп тұр).
Баян. Шәміл, мен бірге барайын. Саған қиын болады.
18
Шәміл. Баян, жоқ, әуре болма. Оның үстіне жұмысың бар, мамаң бар... Сен осындағыларға да керексің. Оның үстіне мен жоқ кезде жақсылап демалып ал.
Баян. Шәміл, қашан ораласың?
Шәміл. Оны білмеймін... Мүмкін сонда қалып көзімді көрсететін шығармын.
(Баян Шәмілді құшақтап, бетінен сүйеді. Шәміл тек құшақтайды, бірақ сүймейді.)
4-көрініс
(Зал. Көремендер. Халықаралық конкурс. Шәміл сахнада өз туындысын ойнауда. Жайбарақат басталатын әуен, тасыған өзен секілді өте екпінді құлаш алып барып тоқтайды. Шәмілдің
«Жарық дүниесі» Көрермен орындарынан тұрып қол соғып тұр).
Жүргізуші: Дамы и господа! Сегодня я имею честь вручить гран при нашего конкурса Шамилю Еркинову с Астаны! Браво, Шамиль! Поздравляю вас с вашим фееричным возвращением! К тому же, хочу Всем объявить о том, что Шамиль вернул свое зрение и будет впредь радовать нас своим творчеством!
(Залдағы көрермендердің көпшілігі көздеріне жас алған.) Көрермендер. Браво! Бис! Бис!..
(Жұрт Шәмілді құттықтап, гүл беріп жатады).
Министр. Шәміл, Еркенұлы, сіз тәуелсіз еліміздің абыройын аспанға шығардыңыз. Сіз Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі болдыңыз. Сізге өзіңіз қалаған қаладан Астана ма, Алматы ма пәтер береміз. Таңдаңыз. Мұндай муызыканы, әлем мойындаған музыканы өзіміздің бауырымыз, қазақтың жігіті жазды. Енді тамыз айында Парижде өтетін конкурсқа қатысасыз.
Шәміл. Рақмет, рақмет. Шынымен үй дейсіз бе?
Министр. Иә, үш бөлмелі үй!
Шәміл. Онда Алматыдан болса, жақсы болар еді. Өнер адамдары үшін Алматының орны бөлек қой.
19
Министр. Болды, Алматы десеңіз, Алматы болсын.
(Шәмілдің музыкасы естіліп тұрады. Музыка фонында өлең оқылады).
Жарық дүние, жап-жарықсың, сен керім, Арманымсың, аяулымсың сен менің.
Саған ғашық бар тіршілік ғаламда, Музам менің сәуле ойнаған санамда.
Жарық дүние, тастама мені қапасқа,
Жаншыма жанды, жамадықтарды аласта.
Кеудемдегі жарықты сыртқа шығар деп,
Жалынам саған, Құдірет, жалбарынамын, жалынам.
Тастама мені, тастама мені қапасқа...
Күн нұрыңнан шашу шаш менің музама, Толқысын ғажап, музыкам менің толқысын.
Ақ жауыныңмен жанарма тамшы бер,
Шалқысын жүрек, қуансын көңіл тасысын.
Тастама мені, тастама мені қапасқа...
Уа, зағиптар, күдер үзбеңдер жарықтан, Жарық дүние кеудемізде орныққан.
Жанары барлардың соқыр тірлігі қауіпті, Оларға да тілейік жанар Ғарыштан!
Уа, адамдар, дүние нұрын сүйіңдер, Бір-бірлеріңді бақытты етіп күліңдер!
Жарық дүниенің нұрымен жанды суарып, Жарқ күннің қадірін, қадірін жақсы біліңдер.
20
2 - АКТ 1-көрініс
(Баянның үйі. Диванда Самат отыр. Самат, халат киіп алған.
Теледидардан Шәмілді көрсетіп жатыр) Самат. Баян, Баян, мұнда кел. Шәмілді қара.
Баян. (келіп, қарап тұрады. Қолында кесесі бар).
Тілші. Шәміл Еркенұлы, сіздің «Жарық дүниеңіз» әлемді шарлап кетті. Сізді тамыз айында Парижге шақырыпты, онда қандай шығармаңызды орындайсыз?
Шәміл. Онда үш шығармамды алып бармақшымын.
Тілші. Егер құпия болмаса?
Шәміл. Әрине құпия.
Тілші. Жарайды, үшеуін емес бір шығармаңызды ғана айтыңызшы.
Шәміл. Жарайды айтайын. Ол шығармамның атауы «Кешір» деп аталады.
Тілші. Қызық екен. Сіз кімнен кешірім сұрайсыз?
Шәміл. Ең қымбат жаннан...
Тілші. Рақмет, сізге шығармашылық шабыт тілейміз.
(Самат, орнынан тұрып, Баянды құшақтамақ болады, Баян үнсіз кухняға шығып кетеді).
(Самат пен Баян шай ішіп отыр. Есіктің қоңырауы шырылдайды.
Самт пен Баян бірдей есікке барады. Пошта тасушы) Почтален. Сізге хат келді (Баянға береді).
Баян жама-жан ашып оқиды.
Шәмілдің даусы. Баян, сәлем. Мен үшін қатты қиналдың, 8 жыл. Аз уақыт емес. Енді сенің қиналмағаныңды тілеймін.
Бақытты болғаныңды тілеймін. Менің жағдайым жаман емес...
Мені күтпе. Тағдыр ғой... Саматпен бақытты боласың. Сені қадірлей алады деп ойлаймын. Ажырасу туралы өтініш бергенмін. Уақыты келгенде Астанаға барып қайтамын. Мен
21
саған ренжімеймін. Бақытты бол, денсаулығыңды күт. Кешір.
Шәміл.
Баян. Бақытты бол, денсаулығыңды күт... (көзіне жас алып, басын шайқап, хатты Саматқа беріп, сахнадан шығып кетеді).
Самат . Бәрін сезген екен ғой. Сонда қалай? Ол кетпей тұрып, көрген ғой сонда?.. (Сахнадан шығады).
2-көрініс Афиша. (Шәміл дауыстап оқиды).
Ғазиза Асқарқызы. Халықаралық би конкурстарының лауреаты.
Мүмкіндіктері шектеулі жандардың концертіне шақырамыз!
Алматы қаласы, Республика сарайы, басталу уақыты: сағат 16.00 Шәміл. Ғазиза, Ғазиза Асқарқызы. Иә, мен бұл қызды теледидардан көрдім де. Керемет билейді. Міндетті түрде барайын. Бүгін ғой (сағатына қарайды) Баруым керек. Үлгеремін.
Гүл сатушы. (Шәміл аппақ раушан гүлін таңдайды) Мырза, бұл гүлді сүйгеніңізге сыйлайсыз ба?
Шәміл. А, не дейсіз?
Гүл сатушы. Сіз де, гүл де солай деп тұр. Егер сіз қаласаңыз, ол қыз сізге жар болады.
Шәміл. Рақмет, айтқаныңыз келсін. (Бұрылып бара жатып) Бұл жұрттың бәрі көріп кел болып кеткен бе? (күледі)
Гүл сатушы. 30 жылдан бері гүл сатып жүрмін ғой. Гүлдің тілін мен білмегенде кім біледі? Таңертең келгенімде-ақ бұл ақ гүлім қуанып, бүгін мені бақытын іздеп жүрген бір жігіт алады. Олар бақытты болады» деген болатын. Иә, басқаша ойламаңыздар, мен гүлдермен сөйлесе аламын, тілдерін мен түсінемін. Қызық бұларда да қызғаныш болады.
Жүргізуші. Сахнаға әлемді ғажап биімен таң қалдырған Ғазиза Асқарқызын шақырамыз! (Ғазиза билейді. Көрерменге тағызым жасайды, Залдан айғай. Браво! Керемет!)
22
23
Шәміл. (Өзімен өзі ) Керемет! Ғажап! Жанарсыз Жамалым-ай, қандай әдемісің? Тағдыр... тағдыр... (Елдің бәрі қол соғып жатыр. Гүл беріп жатыр. Шәміл де жақындайды). Ғазиза, Сіздің биіңіз керемет болды! Мен сіздің өнеріңізге тәнтімін, музыканың әрбір нотасына қимыл бердіңіз, әуенге керемет жан бітірдіңіз. Мына раушан гүлдер сізге, Ғазиза!
Ғазиза. Голландық розалар! Менің сүйікті гүлдерім...Ммм...Рақмет сізге!
(Шәміл Ғазизаны қолынан алады.) Кешіріңіз. Сіз музыкантсыз ба?
Шәміл. Қалай таптыңыз?
Ғазиза. Иә, нотаны айтқан соң ғой. Жалпы, сезем ғой.
Шәміл. Иә, білемін. Ол солай ғой.
Ғазиза. Қалай білесіз? Мен зағиппын ғой.
Шәміл. Ғазиза, кешіріңіз, қашаннан бері...
Ғазиза. Сегіз жыл болды. Бірақ сәтте қара түн, қапасқа түсіп кеткендей болдым... Анам өмірден қайтқан күн болатын. Мен қатты жыладым.
Шәміл. Бір-ақ күнде көрмей қалдыңыз ба?
Ғазиза. Иә, анамды шығарып бара жатқанда ... Анамның соңғы сапарын көрмесін деді ме? Көрмей қалдым.
Шәміл. Ғазиза, кешіріңіз. Сізді ренжітемін деген ойым жоқ еді.
Кешіріңіз. Мынадай керемет биді қайдан үйрендіңіз?
Ғазиза. Жоқ, несіне ренжиін. Анам марқұм мені бала кезімнен биге апарды. Менің бұл жеңістерімді ең жақындарым анам да, әкем де көрмеді. Әкем мен үшке толғанда жол апатынан қайтыс болған. Ой, кешіріңіз, сізге бүкіл тарихымды айтып тұрғанымды көрмейсіз бе? Ал сау, болыңыз. Рақмет. Көркем, қайдасың?
Көркем. Ғазиза мен сені күтіп тұрмын. Жүр (екеуі бұрыла береді).
Шәміл. Ғазиза, мен сізді енді қайдан табамын?
Ғазиза.(сықылықтап күледі) Жер бетінен табасыз. Ертең жол жүріп кетемін. Қазақстанның шығысында Рахман қайнары бар
24
екен. Көзге жақсы болысады дейді. Сонда барып қайтпақпын.
Сау болыңыз. (Ғазизаны бір қыз жетектеп сахнадан шығып кетеді)
Шәміл. Ғажабын-ай, әдемісін-ай. Алла Тағалла, менің жүрегіме не сыйлап тұрсың? Гүл сатушы апайдың сөзі рас болмасын.
Жамалым, Ғазиза, Кереметсің. Мен де Алтайға, Рахман қайнарына барамын. Мені де Алтай шақырады.
(Санаторийда болған күндердің бәрінде Шәміл Ғазизамен күнделікті кездесіп тұрады).
Ғазиза. Шәміл аға, сіз бұлай көп келе бермеңіз, мен сізге бауыр басып кетем ғой.
Шәміл. Ғазиза, мен сізге бауыр басқалы қанша күн, тіпті жыл, жоқ тіпті ғасыр өткендей! Ғазиза, мен сізге ғашықпын. Сізсіз өзімнің өмірімді елестете алмаймын, таңертең тұрсам да, түнде ұйықтасам сіз туралы ойлаймын. Білесіз бе, Ғазиза, мен сізді түсімде көргем... Біз екеуіміз қол ұстасып жарыққа қарай жүріп бара жаттық...
Ғазиза. Еһ... Жарық, жарық, мен үшін жарық болған енді тас қараңғы...
Шәміл. Ғазиза менің музыкамды тыңдайсыз ба?
Ғазиза. Қайдан?(Пауза)
Шәміл. Қазір, ұялы телефонымда бар. («Жарық дүние» тыңдап отыр)
Неге үндемей қалдың? Ғазиза, сөйлеші, маған өкпелеп отырсың ба?
Ғазиза. Сізге несін өкпелейін. Тағдырыма болмаса. Жарық пен қараңғы бір-біріне қосылмайтын екі әлем ғой.
Шәміл. Неге? Жоқ біз бір әлемде, бір ауада, бір тіршілікте мекен етеміз, Ғазиза. Мен музыка жазам, сен оған жан беріп билейсің.
Музыка ғой. Менің музам ғой сені тауып берген. Дәл менің музыкама сен керемет би шығардың, орындадың. Есіңде ме, Ғазиза. Ол түн ғажап түн болатын. Ай қызығып, мүмкін менен сені қызғанып, елжіреп қарап тұрған болатын.
25
Ғазиза. Өткендегі Көркемнің туған күніндегі кешті айтасыз ба?
Иә, сол кеш ерекше болып еді. Сонда сіз ол музыканы сол сәтте шығардыңыз ба?
Шәміл. Иә, ол өзіңе арналған. Оның атын «Жамалым» деп қойдым.
Ғазиза. (басын шайқап, аспанға қарайды). Шәміл аға, мені мазақ етпеңізші. Жаныңыз ашыса, мазақ етпеңіз. Құдайдың да жылатқаны аз емес. Өтінем. Мен жас қыз емеспін, шындық пен өтірікті айыра аламын. Менің жүрегіме түскен тас жеңіл емес, енді сіз одан бетер ауырлатпаңызшы.
Шәміл. Неге? Жаным-ау неге олай дейсің?
Ғазиза. Неге, неге, неге деген сұрақты қоймаңыз маған!
Кешіріңіз, енді маған келмеңіз.
Шәміл. Ғазиза, Жамалым, жаным... Шіркін сен екеуіміздің дүниеміздің бір-біріне қандай жақын екенін білсең ғой...
Жамаым, сен маған бөтен емессің. Ғазиза. Неге маған Жамалым дейсіз?
Шәміл. Мен сені алғаш сахнадан көргенде «Менің Жамалым, сен қандай әдемісің, кереметсің!» дегенмін.
Ғазиза. Сау болыңыз. Мен бүгін дәрігерге баруым керек.
Көркем . Сәлеметсіз бе, Шәміл аға! Ғазиза, жүр кеттік.
Ғазиза. Сау болыңыз.
Шәміл. Қыздар, байқап жүріңдер, кездескенше.
3-көрініс
(Кеш. Ғазиза беседкада жалғыз отыр. Шәміл артынан келіп, қыздың иығына костюмын жабады).
Ғазиза. А, сіз бе едіңіз? Сізді келмейтін шығар деп ойлап едім.
Шәміл. Ғазиза, алдында тым асығыстық жасап, ренжітсем кешірім өтінем.
26
27
Ғазиза. Шәміл аға, мен де кешірім өтінемін. Кешіріңіз. Шәміл аға, сіз білмейсіз ғой. Менің жан дүниемдегі қаншама жарқылды, қаншама толқынды, қаншама қайғы-мұңды ...Сіз осы әлем қандай ғажап, өмір деген сондай керемет дейсіз. Иә, мен білемін. Мен сол жап-жарық әлемді сағындым. Сіз түсінесіз бе?!
Шіркін-ай, тым болмаса енді бір-ақ рет жарық Күнді өз жанарыммен көрсем ғой... Алатауды, мөлдіреп аққан бұлақты, сәби күлкісін көрсем ғой...
Шәміл. (Ғазизаны жеңіл құшақтап тұрып) Ғазиза, Жамалым, сен көресің! Міндетті түрде көресің! Егер шын тілесең! Шын көргің келсе, Аллаға сен, оның құдіретіне сен. Ол – жарылқаушы, оның қолынан бәрі келеді.
Ғазиза. Бұл ертегі ғой...
Шәміл. Ертегі емес, шындық! Мен саған ешкімге ашпаған бір үлкен құпиямды ашайын ба? ( Музыка әуені естіледі. Шәміл музыканы тыңдап қалады)
(Сол кезде сахнаға періштелер шығады. Шәміл ойланып отырып қалады).
1-Періште. Ғазиза, сені көреді деп, бұлақ айтты естідің бе?
(Ғазиза, жан жағына елеңдеп тұр. Шәміл түк түсінбей оған қарап қалған).
2-періше. Ғазиза, сенің Алатауың да айтты ғой, естідің бе?
Ғазиза. Алатау, Алатау айтты...
3-періште. Иә, иә, судың толқындары да айтып жатыр, естідің бе?
Ғазиза. Не, нені айтты? Шәміл аға, қасыңыздағылар кімдер?
(Ғазиза басын ұстап, отыра қалады).
Періштелер. Ғазиза, қорықпа, сен көретін боласың. Қорықпа.
Ғазиза. (Ғазиза таңданып, жан-жағына қарап) Сіз де естіп тұрсыз ба, Шәміл аға?!
Шәміл. Нені? Жоқ, мен ештеңе де естіп тұрғам жоқ... Ол не?
Ғазиза. Тек, жәй, әншейін.
28
Шәміл.( Қуанып кетіп). Тоқтай тұр! Мен білемін! Дауыс естідің бе? Көресің деді ме?
Ғазиза. Ия, ия! Сіз оны қайдан білесіз?
Шәміл. Ал енді мұның бәрін, әппақ қанатты періштелер айтты ма?
Ғазиза.Тоқтай тұрыңызшы, Шәміл аға! Бір құпия туралы айтамын деп едіңіз ғой?..
Шәміл. Сол ғой, құпия... Осы, осы болатын. Олар өздері келіп айтыпты ғой. Рақмет, Жаратушы, рақмет! Естуші, Рақмет Жарық дүниені көрсетуші, мың алғыс! Ғазиза, енді бәрі керемет болады. Жаным, сенші менің сөзіме.
Ғазиза. Рас айтып тұрсыз ба? Жүрегіме толқын келіп тербеткендей, марқұм анамның алақаны сияқты, жұп-жұмсақ.
(Екеуі үн-түнсіз, бір бірінің қолынан қатты ұстап алған. Шәміл күлімсіреп біресе аспанға, біресе Ғазизаға қарайды)
Ғазиза. Міне, менің үйіме де келіп жеттік.
Шәміл. Қайдан білдің?
Ғазиза. Мінеки, баспалдақ... Мен баспалдақты сезем ғой...
Рақмет сізге, бүгін ерекше күн болды. Арманның биігіне шығып кеттік. Бірақ арман мен шындықтың ауылы бір-біріне өте алыс екенін ұмыта жаздаппын. Сау болыңыз!
Шәміл. Бәрі Берушінің қолында. Енді бәрі керемет болады.
Ғазиза сеніміңді жоғалта көрме. Сау бол, көріскенше. (Ғазизаны бауырына тартып құшақтайды.)
4-көрініс
(Сахна дәл ортасынан бөлінген. Алғашында мәз боп қалған Шәмілдің қуанышы су сепкендей басылып қалады. Өз бөлмесіне көңілсіз оралады. Шәміл музыка ойнайды. Шәмілдің әуеніне Ғазиза мың бұрала билейді. Ғазизамен бірге періштеер де билейді). Періштелер сондай мәз! Аппақ қанатты, әдемі періштелерді Ғазиза көріп тұр екен... Періштелер мәз болып, бөлмені бір айналып, сахнадан шығып кетеді..
29
Ғазиза. (қолымен көзін жауып, біресе ашып, тағы жауып көреді). Қандай кереметсің, Жарық дүние! (Шәміл «Жарық дүниені» ойнап жатады) Қандай сұлусың! Құдірет Иесі, мен Өзіңе тағызым етемін. Сен – Жарылқаушысың! Мен сені көріп тұрмын Жарық дүние! Шынымен көрдім! Көрдім. Шәміл!
Шәміл!
Ғазиза. Шәміл, Жарық дүнием! Мен сендерді көріп тұрмын!
(Шәміл, Ғазизаға сүйсініп қарап тұрады, екеуі біріне бір құшақ жая жүгіреді)
Шәміл. Жамалым, сағынышым, жарық күнім! Жаратқан ием;
біздерді кездестіру үшін бізге осындай ауыр сынақты берген екенсің ғой?
Ғазиза. Шәміл, Шәміл, қандай керемет! Әлем қандай сұлу.
Қандай керемет. Шәміл, бұл менің түсім емес пе?
Шәміл. Жоқ, Жамалым, бұл екеуміздің өңіміз. Бұл екеуміздің жарық дүниеміз!
СОҢЫ
30
31
Айболат Қойшыбай Инженерия мектебі, 3-курс Жақсылық жасауға мүмкіндік Қатысушылар:
Жансерік – басты кейіпкер Асан – жетім бала
Жанна – Жансеріктің жары Хирург – дәрігер
Бұзақы жігіттер
Бала – Асанның баласы
1- көрініс
(Көше. Төбелес. 3-4 жігіт бір жігітті ұрып жатады. Төбелесіп жатқан жерге Асан жақындайды)
1-жігіт: Аямаңдар, соғыңдар. Сен неге ақшасыз жүресің а? Ақша саған керек бомаса, бізге керек. Екінші жолы ақшаны өзің әкеп беріп тұратын боласың. Түсіндің бе?
2-жігіт: Ей, неге түсіндім деп айтпайсың? Әлде естімей тұрсың ба? (Ол да ұрады)
3-жігіт: Құлақ-шекеден жақсылап ұрсаң, жақсы естиді. (Ұрады, Жансерік жерге құлайды.)
Асан. Ей, жігіттер! Бұларың не?
1-жігіт: Шаруаң болмасын, аулақ жүр. Шегол, кет ары.
Телефоны жаман емес екен (қарап қалтасына салып алады).
2-жігіт: Мылжа-мылжаңды шығармай тұрғанда, келген бағытыңмен кері қайт (Асанды жұлқылайды).
Асан: Балалар, сендерге не болған?! Сөзге келмей жатып, тап бергендерің не? Оған қоса үшеу болып, бір адамға тиісу ерлік пе?
2-жігіт: Мынау кімге ақыл айтып тұр өзі. Сабақ үйретейін деп келіп пе ең? Көрсетейін онда мен саған бүгінгі сабағыңды.
32
(Асан қалтасынан ысқырығын алып ысқырады. Адамдар, милиция жүгіріп келе жатады, бұзақы балалар қашады).
Асан. Жарақат алып қалған жоқсың ба? (Жансерікті тексере қарайды). Жаным сүймейді бұндай жандарды. Ар ұят, намыс дегенді мүлдем білмейді. Сенің еш жерің ауырып тұрған жоқ па?
Мына жерің ісіп кетіпті ғой. (маңдайын қолымен көрсетеді).
Менің атым Асан, ал сенікі ше? (Жансерік үндемей Асанға қарап тұрады). Неге маған бұлай таңырқай қарайсың? Әлде шынымен зақым алып қалғанбысың? Жүр онда менімен. Сені шұғыл түрде дәрігерге көрсету керек. (Екеуі ауруханаға қарай беттейді).
Асан. Сен бұл жерден емес сияқтысың. Бұл аудан көше кезіп, қыдыратын жер емес. Жалғыз болсаң, бұл жерлерге келмей ақ қойғаның дұрыс болады, жігітім. Бұзақылардың ауданы осы жер ғой. (Жансерік ауырсынады) Шыда, шыда. Міне, келіп те қалдық.
Дәрігер бөлмесі.
Дәрігер: Не болды? Жол апаты ма?
Асан. Жоқ, аға, бұл жігітке жәрдем керек (Жансерікті көрсетеді). Жолда бұзақылармен төбелес болған еді.
Хирург. Сен маған не бүлдіргендеріңді емес, бұл жігітке не болған айсаңшы?
Асан. Аға, мен білмеймін. Мен төбелестің үсінен шықтым... Өзі бір түрлі. Сөйлемейді. Басы да ісіп кеткен. Өзіңіз көріңізші!
Дәрігер Жансерікті біраз тексереді. Қабағын түйеді.
Дәрігер: Иә, әзір дәл айту қиын, біраз бақылау керек. Бұл жігіт бүгін осында қалуы керек. Сіз бұл жігітке кім боласыз?
Жақындарына хабар бере аласыз ба?
Асан. Мен... бұл жігітті жалпы, танымаймын. Айттым ғой ... Үш бұзақы жігіт, тепкілеп ұрып-соғып жатыр екен. Тағы да болса менің мынау ысқырығымның пайдасы тиді. Адамдар келе бастағанда бұзақыар қашып кетті. Аға, кеш болып барады.
Маған қайту керек. Бара берсем бола ма?
33
Дәрігер: Болмаса мекен жайыңды қалдырып кет, заң орнынан адамдар іздейді ғой, керек болып қалар.
Асан. Менің өз үйім жоқ. Жетімдер үйінде тұрамын. Егер іздесе, жетімдер үйі деп айтарсыз. Сағат сегіз болып қалыпты.
Кешіріңіз, маған кету керек. Аға, көмектесіңіздерші, есі кіргенде мекен-жайын өзі де айтар. Әйтпесе, ұялы телефоны бар шығар.
(Жансерік басын шайқайды. Ұялы теефонын бұзақылар алып қойған)
Дәрігер: Сен уайымдама. Сен ең бастысын істедің, бұл жігітті далада қалдырмай осында алып келдің. Шынымен бұл жігіт өз өмірі үшін алдымен саған қарыздар. Ал біз өз қолымыздан келгенді жақсы атқаруға уәде етеміз.
(Медбикеге) Әзірше, толтыра бер. Басына зақым келді ме? Есін жинаған соң толық мәіметті жазасың. Палатаға апарыңыз.
( Медбике Жансерікті қолтығынан демеп, сахнадан шығады).
Дәрігер. Жастардың тәртібіне қатты көңіл бөлу керек. Сырттағы жұрт білмейді. Ал бізге күнде қаншама зәбір көрушілер түседі.
Тоңып секіргендік емес, тойып секіргендік қой.
34
35
36
2-көрініс
Жансерік әйелімен көліктің ішінде отыр. Жол автокөліктерге толып тұр. Кептелісте тұрғандарына жарты сағат болды.
Жансерік. Саған тезірек жинал деп өтініп едім. Енді міне, бір орында қозғалмай тұрғанымызға жарты сағат болды.
Жанна. Бүгін сенбі ғой. Бұл уақытта осыншама машина болады деп кім ойлайды.
Жансерік. Жарайды, болары болды. Енді тезірек қозғалып кетсек еді.
Жансеріктің түрі бұзылып кетеді. Бетінен қиналып кеткені байқалады.
Жанна. Тағы да басың ауырып тұр ма?
Жансерік. Иә, суық келді. Қайтадан қыс бойы мазам болмайтын болды-ау.
Жанна. Суық түсті, жылы киін деп, айтпадым ба?
Бұлардың машинасына қарай нашар киінген адам беттеп келді.
Жанна. Жансерік, анау бізге қарай келе жатыр. Қуып жіберші.
Өтірік мүсәпірсіп қайыр сұрай бастайды. Шынында барып тұрған алаяқ, еріншектер.
Жансерік. Жанна, олай дегенің не? Адамның тағдырын білмей тұрып, олай деуің ағаттық. Кім біледі, мені өлімнен аман алып қалған жетім болуы да мүмкін ғой? Сол жігіттің тағдыры әлі де мені мазалайды. «Көмектесіңіші» деп, мен үшін дәрігерге жалынған түрі әлі көз алдымда. Жөн дүзу рахмет те айта алмадым. Қанша іздесем де таба алмадым. Жетімдер үйіне де іздеп бардым. Аман болса екен өзі.
Терезені әлгі адам қағады.
Бейтаныс. Сәлеметсіз бе, машинаңыздың терезелері кір екен, жуып берейін бе? Ақысы бес жүз -ақ теңге. (Қатты-қатты жөтеледі).
Жанна. Жансик, оны не қыласың? Көлік жуу орталықтары толып тұр ғой! Сонда барып жусақ болмай ма? Терезені жаба салшы. Машинаның іші суып кетті.
37
Жансерік. Кешіріңіз менің әйелімді (бейтанысқа қарап). Сізді бағанадан бақылап тұр едім, бүгін жұмысыңыз жүрмей тұрған секілді. Мына бір азнаулық ақшаны аздық етпегейсіз. Онсыз да көлік жуу орталығына беретін ақша. Машинаны өзім де жуа аламын. Ал мынау (ақшаны көрсетіп) сізге керек болып қалар.
(2000 теңге береді. Бейтаныс аң-таң болып тұрып қалады.Машиналар ағымы қозғала бастайды. Жансерік те орнын қозғалады).
Жансерік. Осы мен сізді бір жерден көрген секілдімін. Сіз мені танымайсыз ба? (Машиналар тез қозғалсын деп, Жансерікке дыбыс береді)
Бейтаныс. Білмедім, бірақ маған да сіз таныс болып көріндіңіз.
Жансерік. Олай болса тағдыр бізді әлі тоғыстырар. Аман сау болыңыз.
Жансерік машиналар ағымымен алыстап кете береді. Жолда қалып бара жатқан Асан еді.
3-көрініс
Асан. Дәрігер, (күрсінеді) шыныңызды айтыңызшы, маған не болған? Қауіпті ме? Жұмысқа шықсам бола ма? Үйде жанұям маған қарап отыр. Мен жұмыс істемегелі бір апта болды. Балам да аш қалған шығар... Дәрігер... Неге үндемейсіз?
Дәрігер. Асан Бекболатұлы, тексерулердің жауабын алдым.
Бірақ олар көңіл қуантарлық емес. (Біраз кідіреді) Қалай айтсам екен, сіз өте кеш келдіңіз. Сізде өте қатерлі ісік бар екен. Біз қолымызда барды істейміз. Бірақ сіз ауруыңызды асқындырып жіберіпсіз.
Асан. Жоқ... Керегі жоқ, ары қарай жалғастырмай-ақ қойыңыз.
Жетер осы. Жетер... Сізге көп рахмет!
Дәрігер. Әлі де үміт бар, бірақ сауықтыру іс шараларын тез бастау керек.
Асан. Керегі жоқ. Менде оны көтеретін әл-ауқат та, құлқы да жоқ. Балама, әйеліме не деп айтам?! Қалай қалдырам оларды
38
жалғыз?! Несіне сізге айтам бұларды? Сізге мені түсіну қиын.
Сіз жалғыздық пен шарасыздықтан жаралған жоқсыз. Неге? Неге мен? Не жазығым бар еді? Не көріп едім бұл жазмыш дүниеде?
Көп болып па еді менің бақытым? Ұлым, сүйген жарым... екі бақытым. Тағдырым мені сендерден де айыратын болды.
Кешіріңіз дәрігер, мен кетемін. (Асан шығып кетеді) Асан көшеде жалғыз өзі кезіп келеді.
Асан. Ей жалған. Аххахха (ызалы күлкі). Сен мені ұттың, ұтылдым мен. Алдадың сен мені, алдамшы үміт отын сөндірдің.
Келістім барлығына! Тек, бір өтінішім бар. Жетімегімді қинай көрмеші. Соның бақыты үшін өмір сүрдім. Сол мен көргенді көрмесін дедім. Оған көмектесші. Аяғынан тұрып кеткенше өмірді неге қимадың? Сұм жалған...
4- көрініс
Жансерік көлігімен келе жатып қолында шелегі бар ұл баланы көреді. Тоқтайды.
Жансерік. Балақай, жаңбыр жаууға таяп қалды. Бұлтты қара.
Анау бір иттер жүр, қорықпайсың ба?
Бала. Қорықпаймын, мен еш нәрседен қорықпаймын.
Жансерік. Мықтысың, батырым. Неге қорықпайсың? Мен бейтаныс адаммын ғой, менен де қорқпайсың ба?
Бала. Иә, қорқпаймын. Батыл бол, әділ бол деп әкем айтып кетті. Ол өзі ешкімнен қорықпаған еді, әділ еді. Әкем шынымен де, өте жақсы еді.. (мұңайып)
Жансерік. Ендеше, қазір ол сенімен бірге емес қой? Дегенмен де батыр тәрбиелегені үшін оған алғыс айтар едім, елімізге сен сияқты батырлар керек. Қайда тұрасың өзің? Үйіңе дейін жеткізіп тастайын?
Бала. Мен қазір үйге бармаймын. Маған әлі жұмыс істеу керек.
Ақша тапқан соң ғана барамын. Анама қалай қараймын әйтпесе?
Аға, бұл машина сіздікі ме? Сіздің машинаңыздың терезелері кір екен, жуып берейін бе? Ақысы бес жүз-ақ теңге.