АЛМАТЫ 2022 НАУРЫЗ/МАРТ
Педагогика және психология
Ғылыми-әдістемелік журнал
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады
Педагогика и психология
Научно-методический журнал Издается с сентября 2009 года
Pedagogy and Psychology
Research journal Since september 2009
1(50) 2022
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ
ABAI KAZAKH NATIONAL PEDAGOGICAL UNIVERSITY
ISSN 2077-6861
Индекс 74253
ә.ғ.м. (Абай атындағы КазҰПУ); У.М. Әбдіғапбарова – п.ғ.д., профессор (Абай атындағы КазҰПУ); А.Е. Абылкасымова – п.ғ.д., профессор (Абай атындағы КазҰПУ); Ш.К. Беркімбаева – п.ғ.к., профессор (Педагогикалық шеберлік орталығы); Г.Қ. Касымова – PhD докторы (Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ); А.Н. Кошербаева – п.ғ.д., профессор (Абай атындағы КазҰПУ); Г.Ж. Менлибекова – п.ғ.д., профессор (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ); Ж.И. Намазбаева – психол.ғ.д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ), Д.Ж. Сакенов – п.ғ.к., профессор (Павлодар МПУ); Н.М. Стукаленко – п.ғ.д., профессор (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау МУ); Ш.Т. Таубаева – п.ғ.д., профессор (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ); Д.Д. Шайбакова – ф.ғ.д., профессор (Абай атындағы КазҰПУ); Н.Н. Хан – п.ғ.д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ).
Халықаралық редакция алқасы
М.Р. Арпентьева – психол.ғ.д., доцент (Психол.-пед., мед.-әлеум. көмек орталығы, Калуга, Ресей); Э.Б. Бейляров – психол.ғ.д., профессор (Әзірбайжан БМ ББИ, Баку); Я. Вежбински – ф.ғ.д., профессор (Лодзь университеті, Польша); Е.А. Журба – п.ғ.д., профессор (Украинаның ПҒА ББПИ, Киев); А.Т. Калдыбаева – п.ғ.д., профессор (И.Арабаев атындағы Қырғыз МУ); М.Д. Кенжегалиева – PhD докторы, профессор (Лейпциг университеті, Германия); Б. Кривирадева – PhD докторы, қауымд.профессор (К.Охридский атындағы София университеті, Болгария); И.А. Малахова – п.ғ.д., профессор (Беларусь ММжӨУ, Минск); Л.В. Мардахаев – п.ғ.д., профессор (Ресей МӘУ, Москва); Н.Б. Михайлова – психол.ғ.к. (PhD), профессор (ХБжҒАО, Германия); Е.Ю. Протасова – ф.ғ.д., профессор (Хельсинский университеті, Финляндия); В. Пузович – PhD докторы (ЖКББК, Белград, Сербия); К. Тастанбекова – PhD докторы, қауымд.профессор (Цукуба университеті, Жапония).
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР Билялов Д.Н. – доктор PhD
Редакционная коллегия
Момбек А.А. – зам.главного редактора, к.п.н. (PhD), асс.профессор (КазНПУ им.Абая); Исалиева С.Т. – ответ.секретарь, магистр соц.наук (КазНПУ им.Абая); Абдигапбарова У.М. – д.п.н., профессор (КазНПУ им.Абая); Абылкасымова А.Е. – д.п.н., профессор (КазНПУ им.Абая); Беркимбаева Ш.К. – к.п.н., профессор (Центр педагогического мастерства); Касымова Г.К. – доктор PhD (КазНИТУ им.К.И.Сатпаева); Кошербаева А.Н. – д.п.н., профессор (КазНПУ им.Абая); Менлибекова Г.Ж. – д.п.н., профессор (ЕНУ им.Л.Н.Гумилева); Намазбаева Ж.И. – д.психол.н., профессор (КазНПУ им.Абая), Сакенов Д.Ж. – к.п.н., профессор (Павлодарский ПГУ);
Стукаленко Н.М. – д.п.н., профессор (Кокшетауский ГУ им.Ш.Уалиханова); Таубаева Ш.Т. – д.п.н., профессор (КазНУ им.аль-Фараби);
Шайбакова Д.Д. – д.филол.н., профессор (КазНПУ им.Абая); Хан Н.Н. – д.п.н., профессор (КазНПУ им.Абая).
Международная редакционная коллегия
Арпентьева М. – д.психол.н., доцент (Центр психол.-пед., соц.-мед. помощи, Калуга, Россия); Бейляров Э.Б. – д.психол.н., профессор (Институт образования МО Азербайджана, Баку); Вежбински Я. – д.гуманитар.н., профессор (Лодзинский университет, Польша); Журба Е.А.
– д.п.н., профессор (Институт проблем воспитания НАПН Украины, Киев); Калдыбаева А.Т. – д.п.н., профессор, (Кыргызский ГУ имени И. Арабаева, Бишкек); Кенжегалиева М.Д. – доктор PhD (Лейпцигский университет, Германия); Кривирадева Б. – доктор PhD, асс.профессор (Софийский университет им. К.Охридского, Болгария); Малахова И.А. – д.п.н., профессор (Белорусский ГУКиИ, Минск);
Мардахаев Л.В. – д.п.н., профессор (Российский ГСУ, Москва); Михайлова Н.Б. – к.п.н., (PhD), профессор (Международный ЦОиНИ, Дюссельдорф, Германия); Протасова Е.Ю. – д.филол.н., профессор (Хельсинский университет, Финляндия); Пузович В. – PhD доктор, Коледж ВПО, Белград, Сербия); Тастанбекова К. – доктор PhD, асс.профессор (Университет Цукуба, Япония).
CHIEF EDITOR Bilyalov D.N. – PhD doctor
Editorial council
Mombek А.А. – deputy editor, candidate of pedagogical sciences (PhD), associate professor (Abai University); Issaliyeva S.T. – executive secretary, master of social sciences (Abai University); Abdigapparova U.М. – doctor of pedagogical sciences, professor (Abai University);
Abylkassymova А.Е. – doctor of pedagogical sciences, professor (Abai University); Berkimbayeva Sh.К. – candidate of pedagogical sciences, professor (The Center of Pedagogical Mastery); Kassymova G.K. – PhD doctor (K.Satbayev University); Kosherbayeva A.N. – doctor of pedagogical sciences, professor (Abai University); Menlibekova G.Zh. – doctor of pedagogical sciences, professor (L.N.Gumilyov ENU); Namazbaeva Zh. - Doctor of Psychological Sciences; Sakenov D.Zh. – candidate of pedagogical sciences, professor (Pavlodar SPU); Stukalenko N.M. – doctor of pedagogical sciences, professor (Sh.Ualikhanov Kokshetau StU); Taubayeva Sh.Т. – doctor of pedagogical sciences, professor (al-Farabi KazNU); Shaybakova D.D. – doctor of philological sciences, professor (Abai University); Khan N.N. – doctor of pedagogical sciences, professor (Abai University).
International editorial board
Arpentiyeva M. – doctor of Psychology, associate professor (Center for Psychological, Pedagogical, Social and Medical assistance, Kaluga, Russia); Beilyarov E. – doctor of phychological sciences, professor (Education Institute of the Ministry of Education of Azerbaijan, Baku);
Vezhbinsky Ya. – doctor of humanitarian sciences (University of Lodz, Poland); Zhurba Е. – doctor of Pedagogical Sciences, Senior Researcher, Chief Researcher, Institute of Education Problems of the National Academy of Pedagogical Sciences of Ukraine, Kiev); Kaldybayeva А.Т. – doctor of pedagogical sciences, professor (I.Arabayev Kyrgyz State University, Бишкек); Kenzhegaliyeva М.D. – doctor PhD (Leipzig University, Germany); Kriviradeva B. – PhD doctor, associate professor (Kliment Ohridski Sofia University, Bulgaria); Malakhova I.А. – doctor of pedagogical sciences, professor (Belarusian State University of Culture and Arts, Minsk); Mardakhayev L.V. – doctor of pedagogical sciences, professor (Russian State Social University, Moscow); Mikhailova N.B. – candidate of pedagogical sciences (PhD), professor (International Center for education and scientific information, Dusseldorf, Germany); Protasova E.Yu. – doctor of Philology, professor (University of Helsinki, Finland); Puzovic V. – PhD, College of higher vocational studies “Sports Academy”, Belgrade, Serbia; Tastanbekova К. – doctor PhD, associate professor (University of Tsukuba, Japan).
Учредитель: НАО «Казахский национальный педагогический университет имени Абая»
Перерегистрировано в Министерстве информации и общественного развития РК 19.03.2021 г.
№ KZ67VPY00033646 Периодичность: 4 раза в год
Адрес редакции: 050010, Алматы, пр.Достык, 13, телефон: 291-91-82
© КазНПУ им. Абая, 2021
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, АВТОРЛАР ЖӘНЕ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІ!
Сіздерді журналымыздың мерейтойлық шығарылымымен шын жұректен құттықтаймын!
Журнал өзінің жұмыс атқарған жылдары беделді мерзімді басылымдардың біріне айнала отырып, бет сандарында білім берудің өзекті мәселелері талқылананып келеді. Журналда берілген әрбір мақала жоғары сапамен, материалдарды ұсынудың негізгілігімен, теоретизмді және терең философиялық тұрпатымен ерекшеленеді. Жал- пы алғанда, «Педагогика және психология» жур- налында жарияланымдарды жариялау – білім беру саласындағы кез келген маман үшін беделді болып табылады.
Журнал академиялық жазудың үздік дәстүрлерін жалғастырып, бүгінде белгілі Қазақстандық мерзімді ғылыми басылымдардың қатарында тұр.
«Педагогика және психология» ғылыми- әдістемелік журналының қазіргі таңдағы жет- кен жетістігі – бірінші кезекте редакциялық алқаның, редактордың, ғылыми редактордың, жауапты хатшының, сондай-ақ веб-сайтты әзірлеушілердің орасан зор күш-жігерлі еңбектерінің нәтижесі.
Журнал университет ауқымындағы қарапайым журналдан басталып, бүгінде шет елдерге де танымал республикалық жетекші басылымдардың біріне дейінгі жолдан өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің басқа да ғылыми басылымдарымен, жаңа формациядағы басқа да басылымдармен бірге журнал кәсіби қарым- қатынастың қағидалары түрінде өзгеше, неғұрлым демократиялық, мобильді және нағыз интерактивтік, гуманитарлық ортасын қалыптастыруда.
Журнал түсіндірмелі формалардың мінсіздігін және өзіндік мазмұнында оқырмандар санының одан әрі өсуін және отандық ғылыми зиялы қауымның кең ауқымында танымалдылығын біз ойлағандай және сенімді түрде қамтамасыз ететін қасиеттерді біріктіреді.
Осы тұста, мақалаларды оқып, жарияла- нымдарды жариялап, журналымызды барын- ша жан-жаққа таратушылардың барлығына үлкен ризашылығымды білдіремін. Осылайша, журналдың оқырмандары мен авторлары және достар арасында жемісті ынтымақтастық орнай- ды деп үміттенемін.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология»
ғылыми-әдістемелік журналының даму жолында сарқылмас ынта мен жігер, ұжымға жаңа бірегей жарияланымдар, шығармашылық табыс және баспа ретінде ұзақ ғұмыр тілеймін!
Құрметпен,
бас редактор Д. Біләлов
Поздравляю вас с юбилейным выпуском нашего журнала! За годы своего существования журнал стал авторитетным периодическим изданием, на страницах которого обсуждаются ак- туальные проблемы образования. Журнальные статьи отмечены высоким качеством, фундамен- тальностью изложения материала, теоретизмом и глубокой философичностью. Опубликоваться в журнале «Педагогика и психология» – престижно для любого специалиста в области образо- вания.
Журнал продолжает лучшие традиции академического письма и сегодня стоит в ряду извест- ных казахстанских периодических научных изданий.
Успех научно-методического журнала «Педагогика и психология» – в первую очередь резуль- тат огромных усилий редколлегии, редактора, научного редактора, ответственного секретаря, а также разработчиков веб-сайта.
Журнал прошел путь от скромного журнала университетского масштаба варианта до одного из ведущих республиканских изданий, известного и за рубежом. Вместе с другими научными изданиями КазНПУ имени Абая и некоторыми другими изданиями новой формации журнал формирует принципиально иную, более демократичную, мобильную и по-настоящему интерак- тивную, гуманитарную среду профессионального общения. Журнал сочетает в себе безупреч- ность понятийных форм и оригинальное содержание – качества, которые, как мы полагаем и верим, обеспечат дальнейший рост числа его читателей и популярность в широких кругах от- ечественной научной интеллигенции.
Выражаю большую признательность всем, кто читает, публикует статьи, распространяет наш журнал. Надеемся на плодотворное сотрудничество и дальнейшее расширение круга чита- телей, авторов и друзей журнала.
Желаю коллективу новых оригинальных публикаций, творческого и издательского долголе- тия, неиссякаемого энтузиазма и энергии в развитии научно-методического журнала «Педагоги- ка и психология» Казахского национального педагогического университета имени Абая!
С уважением,главный редактор Д.Билялов
DEAR READERS, AUTHORS AND EDITORIAL BOARD MEMBERS!
I congratulate you on the anniversary issue of our journal! Existing many years, the journal has become an authoritative periodical, where we discuss the topical educational issues. Journal articles are notable for high quality, fundamental presentation of the material, theorism and deep philosophical ideas. Any specialist in education feels prestigious to publish an article in the journal "Pedagogy and Psychology".
The journal continues the best traditions of academic writing and today stands among the well-known Kazakh periodicals.
The success of the scientific and methodological journal "Pedagogy and Psychology" is primarily the result of the enormous efforts of the editorial board, the editor, the scientific editor, the executive secretary, as well as the website developers.
The journal started as a modest university-scale journal and now is one of the leading republican issues, known abroad. Our journal among some other new formation Abai KazNPU editions forms a fundamentally different, more democratic, mobile and truly interactive, humanitarian environment of professional communication. The journal combines the perfection of conceptual forms and original content – the qualities that we suppose and believe will ensure the further numerical growth of our readers and wide popularity among Russian scientific cerebral society.
I express my great gratitude to everyone who reads, publishes articles, and distributes our magazine. We hope for fruitful cooperation and further expansion of our journal’s readers, authors and friends.
I wish the team new original publications, creative and publishing longevity, inexhaustible enthusiasm and energy in the development of the scientific and methodological journal "Pedagogy and Psychology" of the Kazakh National Pedagogical University named after Abai!
With respect, Chief Editor D. Bilyalov
Педагогиканың және психологияның әдіснамасы мен теориясы Методология и теория педагогики и психологии
Methodology and theory of pedagogy and psychology
Кіріспе. Ғаламдық пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларында (экономикалық, саяси, әлеуметтік) тәжірибе мен саясатты жылдам қайта өзгертуді талап етті, өйткені трансформациялық процестер мамандардың кәсіби іс-әрекетті жоспарлау, жобалау, жүзеге асыру, бағалау стратегияла- ры мен тактикасына өзгерулер енгізуге ықпал етті. COVID-19 пандемиясы «вирустың та- ралуын тоқтатудың жалғыз ғана балама- сы болатын технологияларды қолданудың жаңа сценарийін жасады. Әкімшілік және академиялық процестер университеттік қауымдастықтың қызметтерді ұсынудың негізі болып саналады, сондықтан да цифрлық трансформация процесін көрсететін жоғары оқу орындарының проце- дуралары мен мәдениетін өзгеруді, цифрлық технологияларды кіріктіру қажетттілігі пай- да болады» [1].
Әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестілігін қалыптастыруды
метакогнитивті тұрғыдан зерттеудің өзектілігі қоғамның мәдени және әлеуметтік трансформациялануынан туындайтын жаңа міндеттерді шешу қажетілігін негіздейді.
Демек, білім беру әлеуметтік-мәдени институт ретінде қоғамның әлеуметтік- мәдени динамикасымен тығыз байланысты болғандықтан, ақпараттық әлеуметтіліктің (ақпараттық ағымның үздіксіз қозғалуы, сызықтық емес даму сипаты, өзгерулердің болжамсыздығы) басым болатыны ақиқат, өйткені білім берудің әлеуметтік саясаттың басқа түрлеріне қарағанда (отбасылық сая- сатты қоса алғанда) білімдерді, дәстүрлерді, сәйкестілік пен мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа беруге тигізетін ықпалы орасан зор. «Түрлі қоғамдар арасында мәдени айырмашылықтар (гендерді рөлдер, этникалық жағынан пай- да болған нарративтер, діни сәйкестілік, даралық, автономия мен ұжымдық) ғаламдық мәдени әркелкілікті қолдауға күдік туғызады, бірақ соңғы уақытта сая- ҒТАМР 14.35.07 https://doi.org/10.51889/2022-1.2077-6861.01
Г.Ж. МЕҢЛІБЕКОВА1*, С.Б. ИБРАЕВ 1
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) [email protected], [email protected]
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ
СӘЙКЕСТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: МЕТАКОГНИТИВТІ ТҰҒЫР
Аңдатпа
Мақалада тұлғаның кәсіби сәйкестілігін қалыптастыруды зерттеуге қатысты метакогнитивті тұғырдың алатын орны, мәні мен мазмұны қарастырылады. Ғылыми зерттеулердегі метакогнитивті тұғырды және метакогнитивті білімнің құрылымын қолданудың өзіндік маңызы негізделеді. Метакогнитивті тұғыр метакогнитивті білімнің сенімділік критерийін анықтайды. Метакогнитивті тұғыр негізінде тұлғаның кәсіби сәйкестілігі феноменінің түрлі ғылыми дискурстегі зерттелу деңгейіне мазмұндық талдау жүзеге асырылады. Философия, әлеуметтану, психология, когнитивті ғылымдар, педагогика салаларының пәндік және транспәндік шеңберінде кәсіби сәйкестілікті метакогнитивті тұғыр негізінде ұғынудың мәніне, жалпы сәйкестіліктің үздіксіздігі, динамикалығы, заманауи трансформациялық процестерге берілгендігі сипаттамаларына талдау беріледі. Ғаламдық жауаптылық пен іс-әрекетке есеп беруді талап ететін кеңістік пен персонализациялау жағдайында да кәсіби сәйкестілікті құрылымдауға серпінді қадам жасау қажеттілігі айқындалады.
Түйін сөздер: кәсіби сәйкестілік; метатаным; метакогнитивті тұғыр; метабілім.
сат зерттеушілері сәйкестілік пен мәдениет арасындағы айырмашылыққа назар аударып отыр» [2].
Әлеуметтік педагогтың кәсіби және тұлғалық өмірлік өзіндік анықтау жоғары әлеуметтік белгісіздіктің және транзиттілік жағдайында жүзеге асады және оған даму варианттарының алуан түрлілігі тән болғандықтан, тұлғаның кәсіптік сәйкес тілігінің шарттары мен факторла- рын метакогнитивті тұғыр тұрғысынан айқындаудың қажеттілігіне маңыздылық сипат береді. Өмірлік өзіндік анықтаудың құндылықтық мәндік табиғаты өмір мәнінің жалпыадами критерийлеріне қатысты
«Менді» анықтау ретінде көрініс таба- ды және осы өзіндік анықтау негізінде өзін-өзі жүзеге асыру кәсіби сәйкестілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеу мақсаты әлеуметтік педа- гог тұлғасының кәсіби сәйкестілігін қалыптастырудағы метакогнитивті тұғыр- дың мәнін нақтылау болып табылады, өйткені «пандемия ғалымдардың өздерінің ғылыми жаңалықтарын тәжірибе мен саясатқа енгізудегі өзгермелі рөлін айқын көрсетті» [3].
Негізгі бөлім. Индивидтің тұлғалық және әлеуметтік сәйкестілігін бейнелейтін категориялар ұзақ уақыт бойы ғылыми психологиялық және философиялық дис- курс аясындағы зерттеушілердің басым бөлігі тарапынан қарастырылды.
Сәйкестілік ғылыми дискурстағы жаңа термин ретінде түсіндірілді. XX ғасырдың екінші жартысында ғана әлеуметтану са- ласында зерттеулердің сәйкес келетін са- ласы ретінде рәсімделді. XX және XXI ғасырлар тоғысындағы трансформациялық қайта құрулардың динамикасы шеңберінде заманауи әлемдегі бірінші және екінші әлеуметтенудің әлеуметтік процестерін анықтайтын факторлардың санының ар- туы, қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуі мен индивид мүше болып та- былатын әлеуметтік топтар санының өсуі, олардың атқаратын әлеуметтік рөлдерінің көптігі және қайшылықты сипатта болуы әлеуметтанушылардың айрықша қызығу та- нытуына ықпал етті.
Дегенмен, индивидуум өмірінің өзін- өзі түсіну, өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі белгілеуімен байланысты аспектілерін зерт- теу ертеден бастап адам және қоғам туралы ғылымдар өкілдерінің айтарлықтай наза- рында болғаны ақиқат.
Сәйкестілікті зерттеудің философиялық дәстүрі тарихи тұрғыдан қарағанда алғашқы деп танылды. «Сәйкестілік» феноменін грек топырағынан шыққан ойшылдар да қарастыра келе, адамдағы жекелік/тұлғалық пен әлеуметтіліктің арақатынасы мәселесін назардан тыс қалдырмады. Классикалық еуропалық философияда рефлексивті субъективтілік концептісіне басымдық берді.
Әдістері мен оны ұйымдастыру.
Әлеу меттік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестілігін метакогнитивті тұғырда зертте- уде теориялық зерттеу әдістері қолданылды.
Әдіснамалық негізі ретінде метакогнитивті тұғыр таңдап алынды. Әлеуметтік сәйкестілік индивидууим мен ұжым арасындағы және
«ұжымдық» дегенді қалыптастыратын
«Мен» және «біз» арасындағы қарым- қатынастарға жатады және тұтастықтың бөлігі ретінде «әлеуметтік Мен» бағдарына да қатысты болады. Шетелдік ғалымдардың пайымдауы бойынша, әлеуметтік сәйкестілік құрамында әлеуметтік категоризация, әлеуметтік идентификация, әлеуметтік салы- стыру маңызды рөл атқарады. Стетсу және Берку категоризацияны адамдар мен топ мүшелерінің ұқсастықтарын қабылдаудың нәтижесі ретінде түсіндіреді, сонымен қатар топтан тыс мүшелермен салыстырғанда олардың қатынастарында, сенімдерінде байқалатын және мінез-құлықтарымен байланысты айырмашылықтарды да атап көрсетеді. Әлеуметтік категориялар өмірде орын алып отырған құрылымдалған [4], иерархиялық градирлі [5], әлеуметтік құрылымды бейнелейді.
Топтармен болатын әлеуметтік иден- тификация топаралық сипаттамалар- ды кіріктірумен ғана шектелмейді, топ мүшелерінің символикалық бірігуінің (когеренттілік) әкелетін және ұқсас әлеуметтік мінез-құлықтың интернализа- циясына жеткізетін психологиялық иден-
№1(50),2022 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ /PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY тификация формасындағы психологиялық
мазмұнға ие болады [6].
Әлеуметтік категоризация әлеуметтік- когнитивтік процесс болып саналады, сөйтіп сегментацияның есебінен әлеуметтік орта модельдейтін топ арасындағы шека- раны тереңдете түседі. Бұл өз кезегінде индивидтердің когнитивтік функцияларын бұрмалауды, стереотиптерді өндіруге әкеліп соғатын стереотиптердің пайда болуына ықпал етеді.
Негативті стереотиптер салыстырыла- тын топтар арасындағы иерархия түзіле- тін топішілік мүшелердің атынан сырт- қа шығарылатын топтан тыс, яғни аут-топ тың құнсыздануы контексінде моральдық артықшылық идеологиясымен және әлеуметтік айырмашылықтармен, бағдарлармен, нанымдармен байланысты.
Позитивті сәйкестілікке, яғни «қалайтын Менге», әлеуметтік категорияның бедел, мәртебе мен билікке негізделген әлеуметтік салыстыру арқылы қол жеткізіледі [7].
Әлеуметтік сәйкестілік теориясы өзіндік категоризация теориясында одан әрі дамы- тылды. Өзіндік категоризация өзін әлеуметтік категорияға жатқызатын когнитивті про- цесс ретінде қабылданатын топішілік және топтан тыс стимулдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын күшейте түседі, бұл орайда индивидтерді ұжымдық және бірізді санасы айқын психологиялық топқа айналдыруды түсіндіруге басымдық береді.
Әлеуметтік топтардың шеңберінде инди- видтер өздерінің және өзгелердің топта- ры туралы когнитивті модельдерді (ре- презентацияны) қалыптастырады да, индивидтердің қабылдауын, сезімдері мен іс-қимылдарын деперсонализациялайды (дербестендірмейді), сондай-ақ ішкі және сыртқы топтардың мүшелері туралы пікірлер мен ұғымдарды гомогенизациялайды [8].
Жүйелі ізденістерге жасалған талдау кәсіби сәйкестілікті зерттеуді үш категорияға бөлуге негіз болды: бірінші категориядағы зерттеулер кәсіби сәйкестілікті қалып- тастыруға назар аударды; екінші категориядағы зерттеулерде мұғалімдердің өздерінің тарапынан кәсіби сәйкестіліктің
сипаттамаларын анықтауға басымдық жа- сады; үшінші категориядағы зерттеулер- де мұғалімдердің тарихында, олардың айтқан оқиғаларында көрініс тапқан кәсіби сәйкестілік туралы ізденістер орын алды.
Шетелдік әдебиеттерде кәсіптің алты сипаттамасы анықталған, атап айтқанда тұтынушы мен қоғам алдындағы міндеттемелер; білімнің мамандандырылған көлемі; дағдылардың мамандандырылған және бірегей жиынтығы; белгісіздік жағдайында адал үкім шығару қабілеті, тәжірибе негізінде жаңа білімнің өсуі; кәсіби тәжірибеге мониторинг және бақылауы жүзеге асыратын кәсіпқойлар қауымдастық [9].Әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестілігін қалыптастыруды зерттеу жоғары оқу орындарының оқытушылары мен «жалпы білім беретін мектептердегі тәлімгерлер үшін өте маңызды, өйткені болашақ педагогикалық қызметкерді қолдауды концептуализациялау және мейлінше жақсы түсінуге» мүмкіндік береді [10].
Bullough R.V. «Practicing theory and theorizing practice» атты еңбегінде
«Мұғалімнің сәйкестілігі енді ғана қызметті бастаған мұғалімдердің оқыту мен оқу тура- лы нені ойлайтынын көрсетеді, әрі мән мен шешім қабылдауды қалыптастырудың негізі болып табылады, сондықтан да оны оқытуды мұғалімдік «менді» зерттеуден ба- стауы керек» деген тұжырымды негіздеді [11].
Шакурова А.В. білім беру мекемелерінде еңбек іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі мұғалімдердің кәсіби сәйкестілігінің өзгешелігін мазмұндық интерпретациялау мақсатында «еңбек іс-әрекеті субъектісінің сәйкестілігі» деген ұғымды ұсынды.
«Дара кәсіби сәйкестілік» қызметкердің еңбектік мінез- құлқын оңтайландырудың ресурсы болатын және тиімді тәжірибені меңгеру, құзыреттер мен рөлдерді игеру, құндылықтарды эмоционалды қабылдау негізінде кәсіптік әрі ұйымдасқан қауымдастықтың мүшесі болуға жағдай жасайтын субектінің сипаттамасы болып
табылады. Кәсіби сәйкестілік құрылымы әлеуметтік психологиялық (әрекеттің түрі ретінде кәсіптің жалпылай өкілдерімен сәйкестендіру), өндірістік-технологиялық (еңбек мазмұнымен сәйкестендіру) және ұйымдастырушылық-мәдени (мәдениет құраушы негіздері бар ұйымдасқан ортамен сәйкестендіру) бөліктерден тұрады [12].
Кәсіби сәйкестілік мұғалімдердің әлеу- меттік-кәсіби шоғырландырылуын қам та ма- сыз етеді. Чикарова Г.И. ұсынған тұжырымға сай «кәсіби сәйкестілік құрылымы мамандық/кәсіп статусының бағалық си- паттамасы; әлеуметтік идентификацияның жалпы құрылымындағы мамандықтың/
кәсіптің маңыздылығы; корпоративті мәде- ниетке қатысты берілгендік/сенімділік/
адалдық; кәсіби құндылық; кәсіпке қанағат- танушылық; еңбек мотивациясы; кәсіби стратегиялардан тұрады» [13]. Кәсіби сәйкестілік адамның еңбектің өзгермелі жағдайына бейімделуін қамтамасыз етумен қатар тұрақтандыру (кәсіптік-ментальді позицияға қажетті тұрақтылық дәрежесін қамтамасыз ету арқылы) және түрлендіруші (кәсіби өзіндік дамуға одан әрі ынталандыру арқылы) функцияларды орындайды, сондай- ақ адамның кәсібилік деңгейі мен кәсіби ортаның қоятын талаптары арасындағы тепе-теңдікті қамтамаcыз етеді.
Мансаптық жетістік XXI ғасырда өнім- ділікпен, қанағаттанумен және өзін- өзі жүзеге асырумен байланысты болғандықтан, кәсіби сәйкестілік өзіне-өзі алған міндеттемелердің баламалары мен таңдалған баламалар- ды кәсіби зерттеу және кәсіби баламалар- ды қайта қарауды керек етеді. Белгілі бір кәсіпке немесе мамандыққа міндеттемелік еңбектің динамикалық әлемінде мансаптың тұрақтылығына ықпал жасайды. Күшкі кәсіби сәйкестілік – бәсекеге қабілеттілік саласындағы қажеттілік болып саналатын кәсіби сипаттама.
Ересектік өмірге қадам басудың жасаралық кезеңінің тұлға дамуының дербес жас кезеңі ретінде түйінді сипаттамасы оның өзін-өзі анықтауы мен одан әрі жалғасатын өмірлік жолын таңдау болып саналады [14].
К.А. Абулханова-Славская кәсіби сәйкес- ті лік ті кәсіптік өзін-өзі жүзеге асыру ба-
рысында пайда болатын феномен ретінде тұлғалық қалыптасу аспектісінде қарастыра келе, сәйкестіліктің өмірлік позицияға, өмірлік бағыттарға және өмірдің мәніне қатысты құбылыстарға басымдық беріп, оның кәсіпте тұлғаның өзін-өзі көрсету ерекшеліктеріне сай болатын келесі түрлерін ажыратты:
−
өзін-өзі көрсету тұлғалық сипат- тамаларға жеткілікті деңгейде жақын келетін кәсіптік таңдау арқылы жүзеге асады (өмірлік перспектива тұлғаның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдаят- тардың қайталануымен байланысты);−
кәсіп/мамандық тұлғаға кәсіби шеберліктің деңгейлері бойынша жоғары- лауға мүмкіндік береді (бұл процесс позитивті динамика мен кәсіби позициялардың сапалы өзгерулеріне ықпал жасайды және тұлғаның қабілеттерін дамытады);−
өзін-өзі көрсету тұлғалық сапа мен қабілеттердің жетілуі мен дамуына негізделеді, өйткені кәсіп/мамандық тұлға дамуы үшін мүмкіндік ұсына отырып, тұлғалық әлеуетті өзектендіреді;−
кәсіпте өзін-өзі көрсету шығарма- шылық белсенділікті, қабілеттерді дамыту- ды, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі талдауды жобалауға негізделеді [15].Сәйкестілік және оның түрлері (әлеуметтік мәдени, мәдени, ұлттық, азаматтық, этникалық) тәрізді категорияларға талдау негізінде Л.М. Тарантей
«Педагогтің сәйкестілігіне жалпы сәйкес- тіліктің үздіксіздігі, динамикалығы, заманауи трансформациялық процестерге берілгендігі сияқты жалпы сипаттамалары тән және әлеуметтік әрі мәдени сәйкестіліктің негізін құрайды» деген пікірге тоқталады [16].
Кәсіби сәйкестік – тұлғалық, әлеуметтік, тарихи жәе саяси контекстегі бірнеше құрылымдалған, өзгермелі, қайта құрылым- далатын өзгерулер, бәсеке және келісімдер [17], кәсіби өзін-өзі анықтау субъектісінің белсенді рефлексиялық процесінің нәти- жесі [18], тұлғаның кәсіби дамуының критерийі [19], педагогикалық мамандық бейнесіне/эталонына қатысты алғанда
«Мен мұғаліммін» позициясын ұғынуы
№1(50),2022 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ /PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY мен әсерленуді қамтитын күрделі тұлғалық
құрылым [20], метакогниция [21].
Кәсіби сәйкестілік адамға тұтастықты, сәйкестілікті және оның өзіне өзі сенімді болуын қамтамасыз ететін көпөлшемді және интегративті психологиялық фено- мен [22] және дағдылар, функциялар, білім құндылықтары мен этика, тұлға, тооптық сәйкестілік т.б. ұғымдарды [23] қамтиды.
Кәсіби сәйкестілік туралы әдебиеттерде даму келешегі, профилактикалық шең- бер, сауықтыру бағдары, адвокация, құқық тар мен мүмкіндіктерді кеңейту, кәсіби ассоциацияларға қатысу, сала үшін мақтаныш, тарих, философия, кәсіптің рөлі туралы білімдер т.с.с. ұғымдар жиі кездеседі. Дегенмен, кеңесшілердің кәсіби сәйкестігінің эволюциясына қарамастан, кеңес берудің консенсустық анықтамасы болса да, бірқатар ғалымдар кәсіпаралық ортада жұмыс жасайтын кеңесшілердің бірыңғай ортақ кәсіби сәйкестігінің жоқ екенін алға тартады.
«Денсаулық сақтау жүйесіндегі кеңесші- нің кәсібі интеркәсіби болуы керек деген тұжырым жасауға болады» [24].
Жекелей оқыту мен жауапкершілік дәуірінде мұғалімнің кәсіби сәйкестігіне ықпал ететін көптеген қарама-қайшылықты сипаттағы талаптармен бетпе-бет келетіні айқын, сондықтан педагогтар әлеуметтік жауапкершілік пен іс-әрекеттің нәтижелеріне қатысты жауап беруді талап ететін саяси орта шеңберінде және персонализация- лау жағдайында да құрылымдауға серпінді бетбұрыс жасайды [25].
ЮНЕСКО өкілі S. Braslavsky, «дәстүрлі мектеп бағдарламалары арқылы меңгерілген когнитивті білімдер мен дағдылар білім берудің нәтижесі болып саналады, де- генмен құзыретті іріктеу бұл шектермен тұйықталмауы тиіс деп пайымдайды [26]
Оқыту және оқытуды жобалау педа- гогикалық стратегияларды жоспарлауды, жүзеге асыруды және бағалауды қамтитын мәселелерді шешудің итеративті процес бо- лып табылады [27].
Құзыреттер мен дағдыларды зерттеуде болашақтағы білімнің дамуы үшін келесі
дағдылар зерттеушілер тарапынан назарға алынды, атап айтқанда когнитивті және метакогнитивті дағдылар (сыни ойлау, шығармашылық ойлау, оқи алу іскерлігі мен өзін-өзі реттеу); әлеуметтік және эмоцио- налды дағдылар (эмпатия, өзіндік тиімділік және ынтымақтастық); практикалық дағды лар (ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа құрылғыларын қолдану) [28].
Педагог метакогнитивті іс-әрекетті жүзеге асыру барысында өзінің когнициясын, атап айтқанда адам жөніндегі, педагогикалық іс-қимылдың міндеттері мен стратегиясы туралы білімдерді және олармен байланы- сты эмоцияларды қадағалайды да, мәселені шешу үшін оларды реттейді [29]. Оқыту шын мәнінде педагогикалық мәселелерді шешу бойынша метакогнитивті іс-әрекет, метакогнитивті мұғалімдердің табысты да сәтті оқыта алатынының ықтималдығы жоғары болады [30].
«Метакогниция» ұғымы рефлексивті (адамның өзінің өзіндік танымы, өзінің танымдық шеңберінің мүмкіндіктері мен шектеуліктері туралы ұғымының болуы) және реттеу (адамның өзінің танымы туралы білім мен оны басқару жүзеге асатын әр алу- ан стратегиялар, интеллектуалды дағдылар;
метакогнитивті тәжірибе құрылымы осы функцияны атқарады, яғни дара интеллекту- алды ресурстарды қашан, қай уақытта және қалай қолдануға болатынын анықтайды) сияқты екі феноменді ажыратуға мүмкіндік берді [31].
Нәтижелер. Әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестілігінің оның байланыстары мн позициясының алу- ан түрлілігін ескере отырып, бірнеше сәйкестіліктен тұратынын айтуға бола- ды, атап айтқанда адамның сәйкестілігі, тұлғаның сәйкестілігі, мұғалімнің сәйкестілігі, ұлттық сәйкестілік, гендерлік сәйкестілік және т.б. Контекс немесе қандай да бір сәйкестіліктің белсенді әрекет етуі немесе сәйкестіліктің бәсекелесу барысын- да басымдықтың қайсысына берілетініне байланысты әлеуметтік педагог осы сәйкестіліктің арасында келісім жүргізуге
тырысады да, келісілген сәйкестілік белгілі бір когницияларды, эмоцияларды және іс- қимылдарды басқаруға қатысады. Когни- циялар, эмоциялар, іс-қимылдар олардың кәсіби сәйкестілігінің репрезентациясы бо- лып табылады [32].
Метатаным көбінесе адамның өзін- өзі ұғынуы мен өзін-өзі бақылауы туралы білімдерді, метакогнитивті дағдыларды, стратегиялар мен операцияларды қамтитын ақыл-ой әрекетінің жоғары деңгейі деп түсіндіріледі. Негізгі метакогнитивті дағды- лардың қатарында мәселелерді шешу бойынша өзінің іс-қимылдарын жоспар- лау мен оларды бақылау, мүмкін болатын нәтижелерді болжау және оларды реалды шешімдермен салыстыру қабілеттілігі бар [33].
Метатаным мәселесін эмпирикалық зерт- теу дің басты бағыттарына метатанымды бағалау құралдарын зерттеу; метакогнитивті оқыту процестерін зерттеу, метатаным негізінде педагогикалық араласу/интервен- цияны зерттеу үрдісі байқалып отыр. Олай болса, мәдениет және мәдени өзгерулердің топтар мен жеке адамдардың сәйкестілігіне әсер ету деңгейі жоғары болады [34].
Қызметкерлердің ниеттестігін қалып тас- тыруға әсер ететін негізгі қажеттіліктер мен факторлардың арасында отандық зерттеушілер мыналарды бөліп көрсетеді:
«жұмысқа және еңбек жағдайларына қанағаттанушылық; жалақы деңгейі;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
[1] Coral M.A., Bernuy A.E. Challenges in the Digital Transformation Processes in Higher Education Institutions and Universities //International Journal of Information Technologies and Systems Approach (IJITSA). – 2022. – Т. 15. – №. 1. – С. 1-14.
[2] Fukuyama, Francis (2018) Identity: Te Demand for Dignity and the Politics of Resentment. New York:
Farrar, Straus and Giroux
[3] Gur-Arie R., Johnson S., Collins M. Advancing child health and educational equity during the COVID-19 pandemic through science and advocacy //Israel Journal of Health Policy Research. – 2022. – Т.11. – №1. – С.
1-5[4] Turner J.C. et al. Red is covering the social group: A self-categorization theory. – Basil Blackwell, 1987.
[5] Stryker, Sheldon. 1987a. "Identity Theory: Developments and Extensions." Pp. 89-104 in Self and Identity: Psychological Perspectives, edited by K. Yardley and T. Honess. London: Wile.
[6] Ellemers N., Spears R., Doosje B. Self and social identity //Annual review of psychology. – 2002. – Т.53. – №1. – С.161-186.
басшылықпен қарым-қатынас; әріптестер- мен қарым-қатынас; атқаратын қызметі;
мансаптық өсу және өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі [35].
Қорытынды. Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау кәсіби сәйкестіліктің әр алу- ан концептуализациясына қарамастан рөлдік қабылдауды, әлеуметтік сәйкестіліктің түрі ретінде конструктіден реляциондық контекстегі әлеуметтік педагогтердің өзара әрекеттестігі процесінде анықталатын және трансформацияланатын атрибут- тармен байланысты индивидтің тұлғалық және әлеуметтік қырларын қамтуға дейін дамығанын көрсетеді.
Педагогтердің кәсіби сәйкестілігін қалыптастыруды іргелі зерттеу күрделі өзгерулерге ұшырап отыратын заманауи білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагог болудың қандай екенін когнитивті тұрғыда түсіну және сол өзгерулерді қалай басқарып отырғанын ұғу мен тану/мойындау туралы танымдық кеңістіктің мәндік әлеміне үлес қосады. Осы тұрғыдан қарағанда, әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестігінің когнитивті құрауыштарына аса мән беру қажет.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік педагог тұлғасының кәсіби сәйкестілігі әмбебап феномен ретінде метакогнитивті тұғыр негізінде ғылыми тұрғыдан арнайы зер- делеу бағытындағы ізденістердің жаңа басымдықтары болып саналады.
№1(50),2022 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ /PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
[7] Stets J. E., Burke P. J. Identity theory and social identity theory //Social psychology quarterly. – 2000.
– С.224-237.
[8] Koutouzis M., Spyriadou K. The interaction between professional and social identity of Greek primary school educators //Interaction. – 2017. – Т.9. – №4.
[9] Tom P.A. van Oeffelt, Manon C.P. Ruijters, Anouk A.J.C. van Hees, P.Robert- Jan Simons. Professional identity, a neglected core concept of professional development. In: Black K, Warhurst R, Corlett S, eds. Identity as a Foundation for Human Resource Development, 2018: – P.237‐251.
[10] Volkmann M.J., Anderson M.A. Creating professional identity: Dilemmas and metaphors of a first‐year chemistry teacher //Science Education. – 1998. – Т.82. – №3. – С.293-310.
[11] Bullough, R.V. (1997). Practicing theory and theorizing practice. In J. Loughran, & T. Russell (Eds.), Purpose, passion and pedagogy in teacher education (PP.1331). – London: Falmer Press.
[12] Шакурова А.В. Профессиональная идентичность учителей как субъектов трудовой деятельности //Автореф. дисс… д-ра социол.наук. – Нижний Новгород, 2014. – 52 с.
[13] Чикарова Г.И. Профессиональная идентичность молодых учителей в крупном российском го- роде: факторы, структура, тенденции трансформации (на материале г.Ростова-на-Дону) //Дисс …канд.
социол.наук. – Ростов-на Дону, 2021. – 185 c.
[14] Карабанова О. А., Захарова Е. И., Старостина Ю. А. Личностная идентичность как основа по- строения профессиональной и семейной карьер в условиях неопределённости //Вестник Московского государственного областного университета. Серия: Психологические науки. – 2021. – №3. – С.6-23.
[15] Абульханова-Славская К. А. Стратегия жизни. – М.: Мысль, 1991. – 299 с.
[16] Тарантей Л.М. Национальная идентичность педагога: определение понятия //Веснік Мазырскага дзяржаўнага педагагічнага ўніверсітэта ім. ІП Шамякіна. –2021. – №1. – С.76-84.
[17] Galliher, R.V.; McLean, K.C.; Syed, M. An Integrated Developmental Model for Studying Identity Content in Context. Dev. Psych. 2017, 53, 2011–2022.
[18] Осадчук О.Л., Рыбакова Н.Н. Формирование профессиональной идентичности будущих педаго- гов в условиях рефлексивного обучения //Наука о человеке: гуманитарные исследования. – 2021. – Т.15.
– №1. – С.85-94.
[19] Чекалева Н.В., Алексеева Т.Ю. Развитие профессиональной идентичности на основе профессио- нально-ценностных ориентации будущих педагогов //Вестник Омского государственного педагогическо- го университета. Гуманитарные исследования. – 2021. – №3 (32). – С.159-162.
[20] Смоляр А.И. Профессиональная идентичность в контексте развития самосознания будущего учителя //Педагогическое образование: вызовы XXI века: материалы XI междунар. науч.-практ. конф., посв. памяти выдающегося ученого-педагога, академика В.А. Сластенина. – М.: МПГУ, 2020. – С.135- 140.[21] DeMarree, K.; Morrison, K.R. What do I Think About who I am? Metacognition and the Self-Concept.
In Social Metacognition; Briñol, P., DeMarree, K., Eds.; Taylor & Francis: New York, NY, USA, 2012. – PP.
103–120.
[22] Sadykova N.М. et al. Psychological research of the formation of professional identity in psychology students //Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. –2019. –Т.69. – №2. – С.18-23.
[23] Fitzgerald A. Professional identity: A concept analysis //Nursing Forum. – 2020. – Т. 55. – №3. – С.447- 472.[24] Klein J.L., Beeson E.T. An exploration of clinical mental health counselors’ attitudes toward professional identity and interprofessionalism //Journal of Mental Health Counseling. – 2022. – Т.44. – №1. – С.68-81.
[25] Segal A. When the student is the «problem» and the teacher is not the solution: Teacher professional identity in an era of accountability and personalized instruction //Learning, Culture and Social Interaction. – 2022. – Т.32. – С.100.
[26] Braslavsky, C. (2004). Development of key competencies in education: some lessons from international experience. http://www. ibe. unesco. org/cops/russian/IBE Competences.pdf
[27] Orgoványi-Gajdos, J. Differences between Expert and Novice Teachers’ Attitude to Challenging Classroom Situation. In New Aspects in European Teacher Education; Fulas, I., Orgoványi-Gajdos, J., Eds.;
Líceum Kiadó: Eger, Hungary, 2016. – PP.142-165