• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚ А

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚ А"

Copied!
369
0
0

Толық мәтін

(1)

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады

A.Yesevi UKTÜ Bülteni  Вестник МКТУ им. А.Ясави  Bulletin of IKTU named A.Yasawi

№1 (66)  Қаңтар-ақпан  2009

Қо ғ а м д ы қ ғ ы л ы м д а р с е р и я с ы

БАС РЕДАКТОР

техника ғылымдарының докторы, профессор ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы

филология ғылымдарының докторы, профессор

-Бас редактордың орынбасары

ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы -аға редактор

ШӘҢКІБАЕВА Әсем Шәңкібайқызы -көркемдеуші редактор

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

(2)

2

ҚҰРЫЛТАЙШЫ

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақүрік университеті

А қ ы л д а с т а р а л қ а с ы :

Ағдарбеков Т.А., Айменов Ж.Т., Ақбасова А.Ж., Әбілтаин М., Байдәулетов И.О., Байжігітов Қ.Б., Балабеков О., Бахтыбаев А.Н., Бердібай Р., Беркімбаев К., Ділбарханова Р., Жолдасбаев С., Жұмабаев М.Ж., Исабеков Б., Исламқұлов Қ.М., Кенжетай Д., Керімов Л.К., Құдайқұлов А.Қ., Мырзалиев Б.С., Нұсқабаев О., Раимбердиев Т.П., Тәукебаева Р.Б., Тұртабаев С.Қ., Шалқарова Ж.Н.

Журнал Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде 1996 жылғы 8-қазанда тіркеліп, №232 куәлік берілген.

Индекс №75637

Редакцияның мекен-жайы:

161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 8а, Ғылым орталығы, 13-бөлме

 (8-725-33) 6-38-01, 6-36-36, 6-36-40, 6-36-41 (450) E-maіl: yasawі[email protected]іstan.kz.

Журнал Қожа Ахмет Ясауи атындағыХалықаралық қазақ-түрік университетінің

«Тұран» баспаханасында көбейтілді.

Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы 37.5. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 278.

(3)

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

ФИЛОЛОГИЯ

Р.БЕРДІБАЙ

филология ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі

ЌАРАЌАЛПАЌ ЌАЗАЌТАРЫ АЌЫН, ЖЫРАУ, ЖЫРШЫЛАРЫНЫЊ ШЫЃАРМАШЫЛЫЃЫНДАЃЫ КӨРКЕМДІК ДЄСТҮР

В статье рассматривается художественная традиция в творчестве казахских акынов, жырау, жыршы Каракалпакии.

This article deals with art traditions in the works of Kazakh akyns, zhyrau, zhyrshy of Karakalpakstan.

Ќазаќ халќыныњ фольклоры мен аќындыќ поэзиясы ±шан-тењіз. Сµз µнеріне айрыќша ден ќойѓан дарынды халќымыз ѓасырлар бойында мазм±ны терењ, кµркемдігі кемел, тєрбиелік мєні зор шыѓармалар жаратќан. Олар талай буын µкілдеріне рухани таным, эстетикалыќ лєззат беріп келеді. Ауыз єдебиетініњ заманалар сынынан µткен д‰рдана ќазынасы б‰гінгі жєне келешек ќауым ‰шін де мањызын жоймайтын тењдесі жоќ ќ±ндылыќтар.

Б±л орасан ‰лкен байлыќты жинау, жариялау, зерттеу жолында атќарылѓан істер де елеулі. Ќазаќ фольклортану ѓылымыныњ негізін салушы Ш.Уєлихановтан жєне кµрнекті ѓалымдар В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Є.А.Диваевтан бастап ќазірге дейін ауыз єдебиеті мен аќындар поэзиясы жµнінде кµптеген зерттеулер жазылды, ондаѓан том текстер жарыќ кµрді.

Халыќ даналыѓынан туѓан ертегілердіњ, ањыз-єпсаналардыњ, эпос- дастандардыњ, маќал-мєтелдердіњ, ж±мбаќтардыњ, ѓ±рыптыќ жєне ѓ±рыптыќ емес поэзияныњ, шешендік сµздердіњ, айтыстардыњ, аќындыќ шыѓармаларыныњ татымды ‰лгілері ‰здіксіз жарияланып келеді.

Ќазаќстан ¦лттыќ Ѓылым академиясы М.Єуезов атындаѓы Єдебиет жєне µнер институты фольклордыњ ж‰з томнан т±ратын басылымын шыѓара бастауы ауыз єдебиетін халыќ игілігіне айналдыру жолындаѓы істердіњ бірі…

Б±л кезге дейін жазып алынѓан, том-том болып єр кезењде жарыќ кµрген, зерттелген фольклорлыќ м±ра ќаншалыќты ќомаќты болып кµрінгенімен, єлі де болса ќалтарыста ќалып ќойѓан ауыз єдебиетініњ ескерткіштері аз емес. Демек фольклор мен аќындар поэзиясыныњ туындыларын іздеу, жинау, ж‰йелеу ќазіргі кезде де актуальдыќ мєнін жоймаѓан проблема.

Т‰рлі тарихи жаѓдайлардыњ салдарынан ќазаќ халќы соњѓы ѓасырларда µзініњ ата мекеніне ыѓысып, кµршілес елдердіњ жерінен ќоныс тепті. Б±л к‰нде єрбір ‰ш ќазаќтыњ біреуі шет мемлекеттерде т±ратыны осы айтылѓанныњ дєлелі. Атап айтќанда Ќытай, ¤збекстан, Ресейде, Монѓолияда халќымыздыњ к‰рделі бµлегі шоѓырланѓан. Солардыњ арасында саќталѓан, дамыѓан ауыз єдебиеті м‰лкі жалпы ќазаќтыќ айналымѓа енді-енді т‰се бастаѓанын білеміз. Осы аймаќтардаѓы фольклор мен аќындыќ поэзияны т±тас ќалпында игеріп, зерттеу ж‰ргізу зєру уєзипа.

(4)

4

(5)

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…

Ќазаќ ауыз єдебиетініњ µте бай µлкесі – Ќараќалпаќстан. Б±л елді фольклор (материгі) десе де артыќ емес. Ќараќалпаќстан аймаѓындаѓы ќазаќтардыњ фольклоры мен халыќ поэзиясы кµлем жаѓынан ондаѓан том ќ±рарлыќ екеніне кµз жетеді. Ќазаќстанныњ ±лан-байтаќ µњірінде ерте замандардан бері тењіздей толќып жатќан ауыз єдебиеті Ќараќалпаќ ќазаќтары арасында да сары алтындай саќталып, ќауымныњ ќажетіне жарап келген. Ендеше сол кµркемдік м±раны ж‰йелі т‰рде зерттеу бір емес, кµптеген ењбектерді ќажет ететіні кєміл.

Филология ѓылымдарыныњ кандидаты, ауыз єдебиеті мен аќындар поэзиясын ±заќ жылдар бойында зерттеп ж‰рген Ќаржаубай Ж±мажановтыњ «Ќараќалпаќ аймаѓы ќазаќтарыныњ аќын, жырау, жыршылары шыѓармашылыѓындаѓы кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓы» деген ењбегі, сµз жоќ, фольклоршылар назарын аударарлыќ ќ±былыс. Ењ алдымен Ќ.Ж±мажановтыњ жинаѓан материал бірнеше монография, диссертацияѓа ж‰к боларлыќ екенін кµреміз. Зерттеуші ќараќалпаќ еліндегі ќазаќ аќын, жырау, жыршыларыныњ XIX ѓасырдыњ екінші жартысынан XX ѓасырдыњ орта т±сына дейінгі шыѓармашылыѓын сµз етеді. Зерттеуші ж‰зге жуыќ аќын, жырау, жыршыныњ м±расын жинап, солардыњ отыз екісініњ ењбегін ѓылыми айналымѓа т‰сіруге ±мтылѓан. Олар: Ќарасай жырау (1848-1926), Лепес жырау (1861-1927), Амант±рлы жырау (1872-1938), Ережеп Тілеумаѓамбет±лы Аманжолов (1890-1963), Тањжарбай Бєкір±лы (1872- 1926), Дариябай Тµребаев (1877-1933), Аќпан жырау, Ерѓожа Ќ±лпыбай±лы (1907-1981), ¤тім Балтуѓан±лы (1868-1936), Серікбай жырау (1880-1948), Єбдім±рат Ќоњырбай±лы (1897-1943), Серімбет жырау (1899-1976), Тењізбай Есенбаев (1905-1968), Ќуанышбай Досымбаев (1908-1980), Ќошќар Ахметов (1897-1970), Мєтнияз Тєжібаев (1910-1973), Ермахан Жандай±лы (1891-1965), Ермекбай Тєшпенов (1895-1978), Ж±маѓали Саѓынбаев (1876- 1945), Аралбай Жалѓасбаев (1893-1987), Жаќсылыќ Мамыт±лы (1899-1961), Жаќсылыќ Тµлепов (1905-1972), М±ратбай Шоњќаров (1906-1979), Биман Кенжебаев (1910-1986)6 т.б. Осы аталѓан жєне басќа сµз шеберлерініњ аќындыќ, жыршылыќ, жыраулыќ µлењдері мен толѓаулары, айтыстары мен дастандары ондаѓан мыњ жыр жолдарын ќ±райды. Ќ.Ж±мажанов м±ншама мол назым-µлењді т‰рлі мєнберлерден (дереккµздерден) топтаѓан.

Б±лардыњ бір парасы жер-жердегі ќ±йма-ќ±лаќ, сµз µнеріне бейім жандардыњ жинаѓандарынан алынса, таѓы бір шоѓыры ¤збекстан Ѓылым академиясыныњ Ќараќалпаќ филиалыныњ ќолжазба ќорындаѓы материалдардан ќ±ралѓан. Зерттеушініњ тікелей µзі жазып алѓандары да елеулі болып кµрінеді. Б±лардыњ ішінде жалпы ќазаќ еліне мєлім дєст‰рлі µлењ, толѓау, дастандармен ќатар олардыњ ќысќарѓан немесе кењейген вариант н±сќалары да, Ќараќалпаќ топыраѓында туѓан тµл туындылар да кездеседі. Кейде бір шыѓарманыњ ауќымына б±рыннан белгілі ‰лгілердіњ ќосылып ж‰ргендері де ±шырайды. Б±л материалдар м±раныњ саќталу зањдылыќтарын тануѓа µте ќызѓылыќты маѓл±маттар береді. Б±л к‰нде

(6)

6

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…

бірте-бірте ±мытылып, кµзден таса, кµњілден ѓайып болып бара жатќан ауыз єдебиеті мен аќындар поэзиясыныњ алуан ‰лгілерін ќ±м арасынан алтын тапќандай сарыла іздеп, ±ќыпты жинап ж‰йелеудіњ µзі ењбектіњ фольклортану ѓылымы ‰шін жањалыќ екенін алдымен айтуѓа тиіспіз.

Ќ.Ж±мажанов зерттеуініњ мєнділігі ќараќалпаќ жерін соњѓы бірнеше ѓасырда мекендеген ќазаќтардыњ жалпы зиялы жєне ѓылыми ж±ртшылыќќа мєлім болмай келген, жоѓалып бара жатќан кµркемдік м±расын тірнектеп жинап, ѓылым игілігіне ќосуында ѓана емес, б±л ќазынаны теориялыќ- методологиялыќ жаѓынан д±рыс сараптап, проблемалыќ, концептуальдыќ д±рыс талдау жасай алуында. Біз б±л зерттеудіњ µзіне тєн ерекшелігі жєне ќазаќ фольклортану, єдебиеттану ѓылымына єкелген сонылыѓы неде деген с±раќтарѓа ќысќаша кідіреміз.

1. Ќараќалпаќстанѓа ќазаќтардыњ кµшіп келуініњ архивтік жєне ањыздыќ ќ±жаттар негізінде байыпты баяндалуы, бауырлас ќараќалпаќ ж±ртымен ќоян-ќолтыќ араласып, ѓасырлар бойында екі елдіњ таѓдырлас, м‰дделес µмір кешуініњ, мєдени, рухани ќ±ндылыќтарды бір-бірімен тыѓыз байланыс

‰стінде жаратуыныњ тарихи жолдары кµрсетілуі мєнді мєселе;

2. Б±л кезге дейін аты-жµні Ќараќалпаќстаннан тыс жерлерге танымал болмаѓан отыздан артыќ ќазаќ аќын, жырау, жыршыларыныњ µмірбаяндыќ жєне шыѓармашылыќ маѓл±матын т±њѓыш рет аныќтауы да аса ќажетті ѓылыми міндетті µтейді;

3. Аќын, жыршы, жыраулардыњ эпикалыќ репертуарын, дастандардыњ вариант, версияларын іздеп, табуы, олардыњ байырѓы н±сќасыныњ саќталу, тиісті µзгерістерге ±шырау зањдылыѓын сµз етуі – мањызды жањалыќ;

4. Ењбекте тегі, тілі µте жаќын ќазаќ, ќараќалпаќ аќын, жырау, жыршылардыњ µзара шыѓармашылыќ байланысы, бір-біріне ыќпалы кµп мысалдармен алѓаш рет кењ кµлемде ќарастырылѓан. Мєселен, кµрнекті аќын Сейдєлініњ (1839-1928) ќараќалпаќ єдебиетініњ классиктері Бердаќты, Єжіниязды, ¤тешті µзіне ±стаз т±тќанын, таѓылым алѓанын кµрсету («Єжінияз жырдыњ д‰лд‰лі, Бердаќ µмір б±лб±лы») єдебиеттер байланысын зерттеуге ќосылѓан жања беттер деп ќарауѓа лайыќ.

5. Ќазаќ аќын, жыршылары ќараќалпаќтыњ бай фольклорын да жетік білген. Бір таќырыпты ќазаќ, ќараќалпаќ аќыны ќатарласа жырлауы дєст‰рге айналѓанын, µз тарапынан ќазаќ аќындарыныњ шыѓармашылыѓынан ќараќалпаќ єріптестері де тєсір алѓанын зерттеу де єдебиеттанудаѓы тыњнан жол салѓандай кµрініс;

6. Ќ.Жұмажановтыњ ењбегінде аќын, жырау, жыршылыќ µнеріндегі

±стаз бен шєкірт байланысы деген мєселе кµп те ќ±п кµтерілген. Зерттеуші белгілі айтушылардыњ ±стазы кімдер екенін, шєкірттерініњ тізбегін наќтылы, дєлелді сипаттайды. М±ншама кµп сµз ±сталарыныњ µнерлік таѓдырына єсер еткен ±стаздыќ пен шєкірттіњ тарихын айќындап беруі – таѓы да бір жањалыѓы деп білеміз.

(7)

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…

7. Ќазаќтыњ дєст‰рлі эпикалыќ туындыларыныњ басќа ±лт арасында саќталу ерекшелігін ашумен ќатар ќараќалпаќ, ќазаќ елініњ бастан кешірген ортаќ оќиѓаларын жырлаѓан µлењ, дастандар ќазаќ поэзиясыныњ таќырыптыќ кµкжиегін кењейтеді. Бейбіт ќазаќ аулына т‰ркімен басќыншыларыныњ озбырлыќ зєбірін кµрсетуге арналѓан бірнеше дастан («Асќар батыр», «Ермаѓамбет батыр», «Марќабай батыр») бірінші рет талдау таќырыбына айналып отыр. Б±лар халќымыздыњ эпикалыќ дастандар ќатарын байытады;

8. Қазаќ, ќараќалпаќ, т‰ркімен халыќтарына ортаќ дастандардыњ («Кµр±ѓлы», «Боз±ѓлан», т.б.) салыстырмалы типологиялыќ т±рѓыдан тексерілуі т‰рік халыќтарыныњ бірінен екіншісіне ауысќан фабулалардыњ сол елдердіњ поэзиялыќ м‰лкіне айналѓанын сипаттауѓа да аса ќажет;

9. XVIII ѓасырдаѓы ќазаќ-ќалмаќ соѓыстарыныњ оќиѓалары ќазаќ эпикалыќ дастандарыныњ к‰рделі бµлегін (Абылай, Ќабанбай, Бµгембай, Жєнібек, т.б. туралы) ќ±райтыны мєлім. Еділ ќалмаќтарыныњ басќыншылыќ шабуылдарын жєне оѓан ќарсы ќазаќ батырларыныњ ерлік к‰ресін баяндайтын «Асау – Бараќ» дастаныныњ тарихи негізі, кµркемдігі жµнінде монографиялыќ тарау берілген. Б±ѓан дейін кейбір ењбектерде ѓана аты аталып µтетін дастанныњ жанрлыќ, тарихилыќ бітімі кењ талдануы, б±л дастанныњ эпикалыќ дєст‰рмен байланысы ашылуы ењбектіњ татымды жетістіктері ќатарына ќосылады;

10. Б±рыннан азды-кµпті аты белгілі кейбір дастан, толѓау, айтыстардыњ (Сєйдєлі мен Бєйім) н±сќаларын салыстырып, текстологиялыќ ж±мыстар ж‰ргізуі, т‰сініктемелер беруі ењбектіњ ѓылыми мєнін арттыра т‰седі.

«Ќобыланды батыр», «Ќыз Жібек» дастандарыныњ ќараќалпаќ ќазаќтары арасында жасалѓан варианттарын сµз етуі де диссертацияныњ шењберінің кеңдігін кµрсетеді;

11. Ќараќалпаќ аймаѓындаѓы ќазаќ аќын, жыршы, жыраулар поэзиясыныњ тілін, бейнелеу, суреттер ќ±ралдарын талдауѓа ењбекте жеке тарау берілген. М±нда ќазаќ µлењ, жырларындаѓы формулалыќ, жањалыќ, даралыќ мєселелері ќамтылѓан. Ќараќалпаќ, µзбек, т‰ркімен поэзиясынан ауысќан жекелеген бейнелі сµздер мен тіркестер де ж‰йелі ќарастырылѓан.

М±ныњ µзі т‰рік халыќтары поэзиясыныњ тіліндегі кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓыныњ жања ќырларын тануѓа жол ашатын тыњ ќадам;

12. «Жырау» деген терминніњ єуел бастаѓы маѓынасына кейінгі заманда

«µзгеріс» енгеніне, Ќараќалпаќстандаѓы ќазаќтар арасында ертеден келе жатќан ќаћармандыќ дастандарды айтатын жыршыларды жырау деп атау ќалыптасќанына зерттеуші аныќтыќ енгізеді. Сондай-аќ аќындыќ пен жыршы-жыраулыќ µнердіњ бір дарын иесініњ басынан табылып отыруы да дєст‰рге айналѓаны кµп мысалдармен дєлелденеді;

(8)

8

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Бердібай Р. Ќараќалпаќ ќазаќтары аќын, жырау, жыршыларыныњ…

13. Тµкпе аќындыќ µнердіњ жарќын кµрсеткіші – айтыс жанрыныњ Ќараќалпаќстан ќазаќтары арасында кењ дамыѓанына да диссертацияда кењ орын беріліп, ќазаќ аќындар айтысы ќорын байытатын ‰лгілерініњ келтірілуі, єсіресе ќараќалпаќ, ќазаќ аќындарыныњ µзара айтыстары сµз болуы зерттеудіњ соны ќырларыныњ бірі. Б±л ќазаќ пен ќараќалпаќтыњ поэтикалыќ тілі егіздіњ сыњарындай жаќын екенін сипаттайтын кµрініс;

14. Ењбекте эпикалыќ циклизация (т±тастану) зањдылыќтары – Бараќ батырдыњ ерлік істерін оныњ ±лы Асау батырдыњ жалѓастыруына ќатысты наќтылы талдау – айќындалѓан. Б±л таќырып Ќ.Ж±мажановтыњ фольклортанудыњ теориялыќ мєселелерімен ќаруланѓанын ањѓартады;

Ќ.Ж±мажановтыњ «Ќараќалпаќ аймаѓы ќазаќтары аќын, жырау- жыршыларыныњ шыѓармашылыѓындаѓы кµркемдік дєст‰р жалѓастыѓы»

деген ењбегі жинаѓан материалыныњ ерекше байлыѓы, ѓылыми талдауларыныњ наќтылыѓы, кµтерген проблемаларыныњ жањалыѓы, алѓа ќойѓан ѓылыми міндеттерініњ к‰рделілігі жаѓынан фольклортану жєне єдебиеттану мамандыѓы бойынша бағалы еңбек болып табылады.

(9)

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Б.ӘБІЛҚАСЫМОВ

филология ғылымдарының докторы, профессор Қарағанды экономикалық университеті

Қ.Т.ҚАБАТАЕВА

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

«ДАЛА УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ» – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН САЯСИ РӨЛ АТҚАРҒАН БАСЫЛЫМЫ

В статье говорится о газете «Дала уалаяты», оказавшей большое влияние становлению казахской публицистики. Видные деятели того времени публиковали в ней вести о внутренней и внешней политике страны и просвещении самосознания народа.

This article is about the “Dala ualayaty” newspaper which exercised influence on the formation of Kazakh journalism. Outstanding politicians of that period published information about home and foreign policy of the country and about political education of people in this paper.

Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 1-қаңтарынан бастап шыға бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шыққан “Акмолинские областные ведомости” газетінің қосымшасы ретінде

“Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям” деген атпен жарық көрді. Кейіннен 1894 жылдан бастап “Дала уалаятының газеті” деген атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы “Киргизская степная газета” деп аталады. Газет редакторы ретінде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров деген адамдар қол қойған. Газеттің қазақшасын аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер басқарды. Газетке қатысқан қаламгерлер қатарында Р.Дүйсенбаев, Қ.Жапанов, Б.Чалымбеков, О.Әлжанов, Ж.Айманов, Д.Иманқұлов, А.Құрманбаев, А.Қылышбаев, А.Нөкербеков есімдерін атауға болады.

“Дала уалаятының газеті” - қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен әсер еткен басылым, әрі ірі қазақ публицистерінің мінбері болды деуге болады. Газет шығарыла бастады. Ол тек патша үкіметінің бұйрық, жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп-кетер пайда аз болар еді.

Сол кездегі ақылды, парасатты қазақ зиялылары, оны халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды. Бірақ бұл өте қиын да қауіпті іс болатын. Орыс әкім-қараларына қазақтың саяси ақыл-ойын алға сүйрейтін идеяларға толы мақалалардың жариялануы жақпады. Мәселен Ішкі істер министрлігінің барон Таубеге жазған хаты назар аударарлық.

Онда былай делінген: “В 1887 году бывший степной генерал-губернатор генерал от инфантерии Колпаковский сообщил министру внутренних дел, что им сделано распоряжение об издании при “Акмолинских областных ведомостях” особого “прибавления” на русском и киргизском языках для ознакомления местных киргизов с правительственными распоряжениями, а так же для распространения в их среде полезных и необходимых для них сведений... Казалось бы для такого

(10)

10

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...

темного люда, как киргизы, достаточно было – бы сообщать, кроме приказов и распоряжений местного начальства, лишь такие сведения, которые служили бы к улучшению их хозяйственного быта, внушали бы им здравые понятия об их обязанностях и т.п., но никак не выходили бы за черту того, что им необходимо и полезно. Между тем в истекшем году в “прибавлении”

начало появлятся в переводе на киргизское наречье “История тюрков Вамбери ...” принять меры чтобы “Прибавление” к “Акмолинским областным ведомостям” было издаваемо в направлении, более соответствеующим потребностям инородцев, для которых оно предназначено” [1], – деген архив деректеріндегі мәліметтер сол кездегі цензураның аса күштілігін аңғартса керек.

Басын қатерге тіксе де ретін келтіріп, жалпы қазақ ұлтының қамын ойлайтын қоғамдық жайларға мойын бұрып, сәті түссе ресми емес бөлімде тарихи маңызы зор мақалалар жариялап жіберуді өз мақсатына айналдырғандардың бірі – газеттің қазақша нұсқасына редакторлық жасаған Дінмұхамед Сұлтанғазин болды. Дінмұхамед Ғазыұлы Сұлтанғазин 1867 жылы 10 мамырында Семей қаласында туған. Ш.Уәлихановпен аталас, немере туыс. Әкесі Ғазы Болатұлы Шоқанның атасы Уәлидің Ғұбайдулла деген үлкен ұлының баласы екен. Дінмұхамед Томск университетінің медицина факультетіне оқуға түсіп, бір жылдан кейін Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне ауысады, оны 1895 жылы 1-ші дәрежелі дипломмен бітіргеннен кейін, сол оқу орнының заң факультетіне түсіп, 1897 жылы заңгер мамандығын алады. Небәрі 30 жасында 3 мамандық игеріп, араб, парсы, түрік, татар, орыс, француз тілдерінде еркін сөйлеген білікті қазақ азаматы соның ара-арасында газет ісіне де араласып, көрнекті қазақ публицисі болады, қоғам қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Оның публицистік қызметі, әсіресе, 1888-1902 жылдары “Дала уалаятының газетінде” редактор және аудармашы болып істеген жылдарында көрінеді.

Д.Сұлтанғазин 1890 жылы “Біздің қазақ тілі туралы бес-алты ауыз сөз”

деген мақаласында тіл тазалығы мен анықтығы туралы мәселені көтереді.

“Қырдың қазақ тілі хұсусында қазақша қалай сөйлеп, қалай нәху менен жазу турада. Анық қазақ тіліменен жазылған дұрыс жазып, анық сөйлеуді білдіретін мәшһүр һәм нәху кітаптары болмаған себебінен қазақ тіліменен аумай дұрыс жазу қиындау болып, қазақша жазатындары ғәйри түрік лұғаттарының нәхуларына жүгіртеді. Сонда да бұлай қылу анық қазақ тілімен жазуға көңілдегідей толымды келмейді” [2], – дей отырып сарт, ноғай тілдеріндегі және араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерді қазақша айтылу, жазылу үлгісін сақтап жазу керектігін ескертеді, тағзим, ғанимат, ғұлама, насихат, маслихат сияқты араб сөздерін ғылымсыз қазақтарға ұғымды етіп жазу керектігініе назар аударады. Мақалада Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қырдағы бала оқыту хақындағы жазғанын, Омбы оязының молласы Бөкен Әдіковтің қазақ тіліндегі кітаптардың жоқтығын

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...

(11)

жазғанын құптайды. Әсіресе: “Анық қазақ тілімен бір кітап жазған Алтынсарин марқұм солай ойлап еді” [2], – деп қазақ халқының әліппесін бір ізге түсірудің қажеттігін дер кезінде проблема етіп көтереді. Өйткені сол кезеңде баспасөз, кітаптарда бөтен сөзбен сөз арасы былғанса, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерінен айырылып қалатындығынан алдын-ала сақтандырады. Бұл проблема – өзінің көкейкестілігін әлі күнге жоғалтқан жоқ. Сұлтанғазин ойының құндылығы да сонда. Газеттің 1888 жылғы 48- нөмірінде “Бұрынғы замандағы билердің билік қылуы” атты мақала басылған. Орысша мақала авторы – А. Крахалев, қазақ тіліне тәржімалаған – Д.Сұлтанғазин. Мұнда қазақтың билік үкімінің әділдігі жан-жақты дәлелденеді. 1734 жылы Анна орыс патшайымы Иван Кириллов дегенді Кіші жүздің Бөкей ордасына қазақ ішіндегі билік рәсімдерін біліп қайтуға арнайы жібергендігі баяндалады.

“Қазақтың үлкендерге ас бергенінің бір пайдалы жері, асқа жиылған халықтар іс тексеріп дау бітіреді екен... Сол уақытта істі біліп, ақылды екенін көрсеткендерді би қояды екен”, – деп қазақ билерінің ел сеніміне қалай кіретіндігін көрсетеді. Мақалада қазақ биіне тән қасиеттер ретінде – ақылдылық, әділдік, шешендік, халық сеніміне ену, көпшіліктің сүйікті адамы болу керектігі аталады. “Билер жаза салып іс кескен уақытта ұятқа қарап бұрынғы рәсім бойынша қылады екен. Билер кесім қылған мезгілде өздері де билік алады екен, мәжілісіне қарай, бұрынғы рәсімі бойынша билердің билігі кескен малдың он бөлгенінің біреуінен көп болмаса керек.

Сондай билердің бір бітірген дау істің екінші қайтара дау қылып қайтадан билік қылмайды екен” [3], – деп қазақтың билік өнерін үлгі ретінде ұсынады.

Шын мәнінде сол замандарда жер дауы, жесір дауы, мал дауы сияқты қылмысты істер билер үкімімен-ақ шешімін тауып жатқан. Ал аса ауыр қылмыс атаулы, тіпті қазақ даласының табиғатында болмаған сияқты. Ол кездегі адамдардың жанын таза ұстауы, ауыр қылмысқа бармауы, көсем билер үкіміне құлақ асуы – қазақ даласының жаймашуақ тіршілігінің үлгі боларлықтай көрінісі ретінде бүгінгі күнге публицистика тілі арқылы жетіп отыр.

Газеттің 1894 жылғы 12-нөмірінде Д.Сұлтанғазиннің “Кейінгінің қамын ойлап жазылған ақыл” атты хаты жарияланған. Бұл хат – асылы ең алдымен қазақтың көзі ашық оқығандарына, ал түптің түбінде бүкіл қазақ халқына жолданған хат.

“Қыр даласында үшбу уақытта біздің мұсылманша һәм орысша оқу білген білімді адамдар көп. Бұл адамдар жаңа жұмыстардың мән-жайын байқап біліп, бұл жұмыстарды қадірлеп, жай бұқара халықтарға ешбір тоқтамастан үлгі көрсетсе керек. Бұрынғы уақыттағы адамдар оқу білмеген соң, бір орнынан ешқайда бармаған еді. Жан-жағында, дүниеде не болып жатқанын білмеуші еді...” [4], – деп бастап, қазақ халқын оқуға, білімге, ғылымға үндейді. Ағартушылық бағытта жазылған осы шығармасында Д.Сұлтанғазин – публицист Сібірде жасалып жатқан темір жолдың ертең

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...

қазақ даласына да жететінін телеграф пен откемелердің де қыр қазағына мәлім болатын күнінің алыс еместігін айтып, оқырманды өз ойымен

(12)

12

қызықтыра ілгері дамуға сүйрейді. Қазақ халқы да бұрынғы әдетін сақтап қала отырып, көп атақты халықтардан үлгі алып, ол жақсылықтарды өз ғұмырына пайдалану керектігіне мән береді. Егіншілік, жеміс егу, мал бағу сияқты шаруамен бірге, “Ақылы бар данышпан адамдар дүниенің мән- жайын біліп, өзіне қаратып алады” [4], – деген соқталы ой айтады. Дүниедегі білімді үйренбеген “надан халықтар қорқақ, именшек, жасқаншақ, не болса соған иланатұғын болады. Білімі көбейген сайын адамдар тиянақты, батыл келеді, білім көбейеді...” – деп надандықтың ауылынан шығып, білімді жарық дүниеге сапарға шығуға барша халықты шақырады. Шақырғанда да соқырға таяқ ұстатқандай етіп, білім-ғылымның нұрлы жолын көрсетеді.

Дәл осы білім-ғылым жолына түсудің бірден-бір жолы газет екендігін тайға таңба басқандай анық аңғартады. “Мұндай пайдалы білім шашатұғын нәрсе Дала уалаяты үшін шығарылмыш қазақ газеті деп білеміз. Көшпелі халықтың құрметті жақсы, атақты адамдары һәмма газеттің анық пайдалы екенін де біледі. Оның бер жағында қазақша газеттің әсіресе пайдалы екенін білсе керек. Бұл газет көз жетпейтұғын қыр даланың ішіндегі жатқан халықтың бірер нәрсеге мұқтаж турасында керекті. Бірінің айтқан ақылын біріне білгізеді. Егер де бұл ақыл мал бағып өсірмек, егін екпек, барша қыр даланың ішіндегі шаруаға һәм адамның ғұмырына тиесілі жауаптарға керекті болған болса. Жоғарғы айтылмашқа қарағанда біздің газет оқырмандарымыз хабар шашып тұрған бұл жалғыз газеттің қымбат, қадірлі екенін де білсе керек деп ойлаймыз...” [4]. Міне осы сөздерден Сұлтанғазин – редактордың газет шығаруды қандай мақсатқа бағындырғысы келетінін айқын аңғарамыз.

Ол тек патша үкіметінің шешімдерімен елді таныстырып отыратын, тілмаш, аудармашы, орыс отаршылдарының қолшоқпары емес. Қайта орыс әкімдерінің сеніміне кіре отырып, қазақша газетті өз қолына алып, сол арқылы қалың қазақтың санасын оятатын қаламгер екендігі айқын көрінеді.

Мақаланың соңында: “Біздің оқу білген оқымысты адамдар, өлеңші, жыршы, ертегіші, хикаяшы адамдар да ұмтылып жаһұт етіп жұмыстарын қолына алып оқушылардың пайдасы үшін мұны ынтық қылмақ үшін өздерінің білгенін, көргенін жазып тұрар деп көңіл айтамыз”, – деп тұжырымдайды өз ойын. Шындығында да “Дала уалаяты газеті” қазақ халқының әдеби-мәдени, жалпы рухани тұрғыдан дамуында зор ағартушылық, тіпті қоғамдық-саяси рөл атқарған басылым екендігі – бүгін алыстан асқар таудай “мен мұндалап”

көрінеді.

Публицистика қашан да сол кезеңдегі ең өзекті мәселелерге үн қатуы керек. Мұндайда публицист өз ойын газет бетінде жайып салады. Өз пікірін батыл білдіріп қана қоймайды, өз ұсыныстарын айтумен бірге, басқа да азаматтарды маңызды бір мәселе төңірегінде толғануға шақырады. Дәл осындай ыңғайда жазып-жарияланған Д.Сұлтанғазиннің бір мақаласы

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...

«Қазақ сөзін қалайша жазу турасы» деп аталады. Мақалада қазақ тіліне орыс әрпін пайдалану керек пе, жоқ әлде бұрынғыдай араб әрпінде жазу керек пе – деген сауалдар төңірегінде ой өрбітіледі. Бұл – бір күндік мәселе емес. Бүкіл бір халықтың тарих, тағдырына қатысты зор қоғамдық мәні бар мәселе болғандықтан, Дінмұхамед – публицист тақырыпты жан-жақты ашып жазуға тырысқан. Әсіресе, қалыптасқан бірнеше пікірлерді құптайды. «Зор білімді

(13)

адамдардың бағзысы қазақ сөздерін араб әріптеріменен жазу жарамайды деп, ешбір араб әліпбиін басқа әріптер қосып толтырса керек деп әр түрлі сөз айтып жүреді бағзы бір білімдіміз деп жүрген есерлеу адамдар қазақтар өздеріне латын жұртының әріптерін алса керек деп.

Осы жоғарыда айтылған адамдардың сөздерінің ешбір дәмі жоқ екендігі көрініп тұр. Себебі, қазақ білмейтін бір бөтен әліпби шығарғанша бұрынғысын түзеткені жақсы. Егер қажет болса және бір түрлі білімді адамдардың қазақ сөздерін орыс әліпбиіменен, орыс әріптеріменен жазу жарайды деп айтқандары бір таңсық сөз» [5;6], – деп бір түйеді. Шын мәнінде автордың өзі араб әліпбиінің қазақ жазуына қолайлы екенін, әсіресе қазақ тілінің әуезділігін сақтауға келгенде тиімді екенін, әрі қазақтардың мұсылман жұрты ретінде араб әліпбиімен хат танып, хат жазып жүргендігін тілге тиек етеді. Бірақ публицист бір жақты пікірге ұрынып, тек сол араб жазуын ғана қолдану керек дегенмен тоқталып қалмайды. Ильминскийдің кейбір әріптерін өзгерте отырып, қазақ сөздерін орыс әріптерімен жазса, – деген ұсынысын және Григорьевтің орыс әріптерін өзгертпестен, қазақ сөздерін орыс әліпбиімен көшіру керек, – деген ұсынысын салыстырып, қайсысының ойының дұрыс-бұрыстығын айырып, салиқалы, салмақты тұжырымдар жасайды. Қазақ әліпбиінің болашағы публицисті терең толғандырғандығы – оның әрбір жан ұшырған сөйлем-сөзінен аңғарылады.

Ол арабша да, орысша да таза білімді екенін дәлелдей отырып, нақты қазақ әріптерінің, сөздерінің жазылуынан мысалдар келтіреді. Ильминский варианты қалай болады, Григорьев ұсынысы қалай жүзеге асады, арабша жазылғанда қалай болады – осының бәрін қалың оқырманға түсінікті түрде жаза отырып, бұл мәселеде бір шешімге келуге халықтың өзін шақырады.

«Бұл екі түрлі әріптердің қайсысының өнімді екенін ойлап білуді бағзылар жақсы тәлім алған құрметті газет оқушылардың өз ықтиярына салып біздің қарындас-туыстарға айтатын бір сөзіміз қырда балаларды қазақша оқыта бастаған уақытта балаларға біраз орыс әріптерін көрсетіп үйретсе пайдасы болар еді.

Солайша орыс әліпбиімен оқытқан уақытта балаларға школдарына түсуге жеңіл болар еді және қырда ғылым білімнің көбеюіне себеп болар еді» [5;6]. Автор бұл жерде тек әліпби мәселесін ғана сөз етіп отырған жоқ.

Қалың қазақ жастарының көкірек көзінің оянуы үшін орыс қарпін білу керектігін де ескеріп отыр. Өз ойын мектеп ашуға, білімге шақыруға үндеген ағартушылық көзқараста аяқтайды: «Осы айтылғандардан білініп тұр жақсылардың сондай орысша, қазақша оқытатын медреселер ашуға

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Әбілқасымов Б., Қабатаева Қ.Т. «Дала уалаяты газеті» - қазақ халқының әдеби-мәдени тұрғыдан...

жаһат қылатындарының қандай пайдалы екендігі.

Екі жылдай болды қазақ газетіне жазған бір сөзді біз қуанып оқыдық.

Семей облысында бір ояздың қазақтары сондай бір школ ашты һәм балалар жақсы оқиды деген хабарды. Енді сондай школ ашушы адамдардың көбейіп, көп заманға атақтарын шығаруын қалап тұрамыз да» [5;6].

Қорыта айтқанда, «Дала уалаяты» газеті шыққан 1888 жыл мен 1902 жылдың аралығы – қазақ публицистикасы қалыптасуының тұтас бір кезеңі деп тұжырым жасаймыз. Бұл публицистиканың баспасөзбен тоғысып,ірі қоғамдық мәселелерге араласа бастаған кезеңі. Әрине патшалық Ресейдің

(14)

14

отаршылдық саясаты, оның қатал цензурасы қазақ көсемсөзінің қанатын кеңге жайғызбады. Бірақ, ірі публицистеріміз жол табуға тырысты, тіс арасынан сыздықтатып болса да көкейкесті қазақ мәселелерін алға тартты, ел құлағына жеткізді, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ішкі істер министрлігінен барон Таубеге жолданған хат // ҚРОМА. 64-қор; 1- тізім, 5378-іс. 1 б.

2. Дала уалаяты газеті, 1890, №6.

3. Дала уалаяты газеті, 1888, №8.

4. Дала уалаяты газеті, 1894, №12.

5. Дала уалаяты газеті, 1899, №22.

6. Дала уалаяты газеті, 1899, №23.

(15)

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009

Н.ҚОШАНОВА

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ясауи атындағы ХҚТУ

Қ.ЕСЕНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

В статье рассматриваются научные взгляды Х.Есенова о типах и особенностях сложноподчиненных предложений.

The article deals with Kh.Essenov’s scientific views of types and peculiarities of complex sentences.

Сабақтас сөйлем – құрмаластың күрделi түрi. Мұның өзі сабақтас құрмалас сөйлемнің өзiндiк табиғатынан шығады. Синтаксистік бірлік сабақтаса құрмаласқан сөйлемнiң бағыныңқы және басыңқы құрылым негiзiнде құралуымен айқындалады. Сабақтас құрмалас деп құрамындағы бiр сөйлемнiң екiншiсiне тәуелдi, бағына байланысуын айтамыз. Бағыныңқы компоненттi жетектеушi, өзiне бағындырушы бөлшек – басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың қарамағына түскен жай сөйлемдердiң бiр- бiрiмен өзара байланысы, ара қатынасы олардың тек жай ұласу, жалғасуы ғана емес, мағыналық және тұлғалық жақтарынан өзара тығыз, берiк байланысқа түсiп, бiр-бiрiмен ұласа айтылған күрделi ойдың бiрлiгi.

Қазақ тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемді зерттеуші ғалым Қ.Есенов сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексереді. Ермек ашылмаған жастай ұялып қалғанда, Марияштың мөлдiр көзi күлiмдеп кетедi (Мұстафин). Мұнда алғашқы бағыныңқы сөйлем басыңқыға қатысты айтылып, сондағы болған әрекет қимылының қашан орындалғанын (мезгiлiн) бiлдiрiп тұр. Марияштың мөлдiр көзiнiң күлiмдеуi Ермектiң ұялуына байланысты. Олай болса, басыңқының өзiн әдеттегiдей тиянақты сөйлем деп атауымыз да бiр жақты болар. Бұл тиянақтылық тек формалық жағынан ғана, мағыналық жақтан басыңқы сөйлем сырт қарағанда тиянақты сияқты көрiнгенмен, бұл да өзiне екiншi бiр сөйлемнiң сабақтаса айтылуын тiлеп тұрады.

Егер жоғарыдағы сөйлемнiң алғашқы компонентiн айтпай, тек екiншi бөлшегiн ғана айтатын болсақ, Марияштың мөлдiр көзiнiң күлiмдеуi неге байланысты, нелiктен, қашан болатындығы белгiсiз болатынын атап көрсетеді. Бұл бағыныңқы мен басыңқыларды өз алдына қанша жеке сөйлемдер болып танылғанымен, олардың бiр-бiрiмен тұлғалық, мағыналық жақтарынан өте тығыз, берiк байланыс екi сөйлемдi тұтасқан бiр бүтiннiң бөлшектерi екендiгiн айқындайды.

Ғалым Қ.Есенов сабақтас құрмалас сөйлемдер өзара топталып жiкке бөлгенде, бағыныңқы компонент негiзге алынатынын, бағыныңқының басыңқымен аралық қарым-қатынасы қай дәрежеде болуына байланысты сабақтас сөйлемнiң түрлерi ажыратылатынын басты назарда ұстайды.

(16)

16

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы

Түркітанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдерді ажыратуда пікір алшақтықтары болды. Ғалымдардың бірінші тобы бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды деп, баяндауыш мүшенің болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылар қатарына Н.П.Дыренкова, А.Н.Баскаков, Т.А.Бертагаев, А.З.Абдуллаев, С.А.Аманжолов, М.Б.Балақаевтар жатады да, олар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең басты меже ретінде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын міндетті етпей, ортақтаса айтылуын көрсетеді. Ғалымдардың екінші бір тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов, Г.Пешковский, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнің бір түрлерінде бастауыштың болуын шарт деп қараса, енді бірінде оны міндетті деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегі бастауышты саралай қарау - ортақ бастауыш ілімімен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кейбір түрлерінде ортақ бастауыштың болуын теріске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т.Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің қажет екендігін көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентінде ортақ болып келетіндігін де айтады.

Ғалымдардың үшінші тобы бағыныңқыға бастауыштың қажеттігін көрсетеді. Мұндай көзқарасты проф. А.Абдурахманов, М.З.Закиев, Т.Қордабаев, Қ.Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнің әр компонентінде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды.

Тіпті жіктік жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзінің де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етеді. Егер сөйлемде қимыл иесі ортақ болса, ондай сөйлемді жай сөйлем құрамында қарау керек екендігін көрсетеді. Қазақ тілінде мұндай сөйлемдерді Қ.Есенов жай сөйлемнің күрделенген түрі деп атайды [1].

Бұл жайт қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бір жақты екендігін көрсетеді, сондықтан бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негізделуі керек.

Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бұл басты меже болып саналады.

Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:

1. Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.

2. Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.

З. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.

4. Бағыныңқы компонентке тән интонация – тиянақталмаған интонация.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы

(17)

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі күрделі мәселесінің бірі – оның түрлерін саралау. Қазақ тіл білімінде бір кездері бағыныңқы сөйлемдерді саралауда орыс тіл біліміндегідей, алдымен, функционалды принцип үстемдік алды, яғни бағыныңқының қызметін жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерімен атады (А.Байтұрсынов [2], Қ.Жұбанов [3], С.Жиенбаев [4], Н.Сауранбаев [5]

(анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).

Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда мағыналық принцип те негізге алынды (С.Аманжолов, Т.Қордабаев) [6,7]. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлемнің қарым-қатынасқа түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынды.

С.Аманжоловтың "Қысқаша курсында" сабақтас сөйлемдерді 18 түрге жіктейді: себеп-салдар, мезгіл, шартты, ұқсасты, мақсатты, қарсылықты, дағдылы, үлестес, аяулы, мекен, сілтеу, үдетпелі, т.б.

Бағыныңқы сөйлемдерді топтастыруда мағыналық-тұлғалық принциптер де негізге алынды. Бұл принцип бойынша бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқыны айқындаудағы мағыналық белгілері мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз байланыста қарастырылады (түсіндірмелі, ыңғайлас сабақтас) [8]. Қ.Есенов те осы принципті ұстанып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді: шартты бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, мақсат бағыныңқы, амал бағыныңқы, себеп бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы деп бағыныңқылардың басыңқы сөйлеммен мағыналық қатынасын алтыға, бағыныңқы сөйлем мен басыңқы сөйлем арасындағы тұлғалық-мағыналық қатысына қарай түсіндірмелі сабақтас, салыстырмалы сабақтас, үлестес сабақтас сияқты жіктейді.

Қазіргі кезде сабақтас құрмаластың 8 мағыналық түрі көрсетіліп жүр.

Шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, салыстырмалы, мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, мақсат бағыныңқылы, мезгілдес (ыңғайлас) сабақтастар [7.112].

Қ.Есеновтің сабақтас құрмалас сөйлемді қарастыруда тағы бір ерекшелігі шарт бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқылы сабақтастарды құрамындағы синтаксистік бірліктердің мағыналық қатынасына қарай реалды, ирреалды шарт немесе қарсылықты бағыныңқы сөйлемдерге жіктеуі:

«Шартты бағыныңқы сөйлемдегi синтаксистiк компоненттер арасындағы болатын оқиға, әрекеттердiң болашақ орындалу, орындалмау нәтижесi әр сапада болып отырады: бiрiнде шартқа негiзделген оқиғаның орындалуы iс жұзiнде шындыққа асырылуы көзделсе, ендi бiрiнде мұндай қатынас керiсiнше көрiнедi; яғни бағыныңқы компоненттегi қойылған шарттық болмыстың жүзеге асуына басыңқыдағы қимыл-әрекет қарсы тұрады.

Осыдан барып құбылыстар арасындағы шарттастық нәтиженiң орындалуы iс жұзiнде болмай жатады. Ал ендi бiр шартты бағыныңқы сөйлемдерде баяндалған қимыл, әрекеттiң орындалуы әлi белгiсiз, екi талай, болжам ретiнде болып тұрады.

А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №1, 2009 Қошанова Н. Қ.Есенов еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің қарастырылуы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Байыпты реформалардың арқасында Қытайдың жоғары оқу орындары ел экономикасын жаңа деңгейге көтеруге және бүкіл білім беру

Мақалада Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы шығыс қазақстандағы жоғары оқу орындары - ның даму жолын, әрі оның элеуметтік - саяси сипаты бойынша

ҚММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасында студенттерді кәсіби зерттеу іс-әрекетіне инновациялық бағдарлама (RBL) бойынша

ҚАЗАҚ СПОРТ Ж ЭНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖЭНЕ СПОРТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ КАФЕДР АСЫ. «бБОШОО-ДЕНЕ Ш ЫНЫҚТЫРУ Ж

ПОҚ-ның жаңа үлгідегі сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, студенттердің оқу қызметін жандандыру, сандық құзыреттілікті қалыптастыру және тұлғаның

(13.8) ӛрнегінен уақыт бойынша туынды алатын болсақ:.. -бӛлшек пен бор 10 5 В ядросының соқтығысу кезінде ядролық реакция пайда болып және

Осы оқу құралында «Физика I» курсының барлық тараулары бойынша негізгі заңдар мен формулалар, есеп шығару мысалдары, өз бетімен жұмыс жасау

ӘУЕЗОВ ПЕН АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢА БАҒДАРЛАМАМЕН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ӘОЖ 801.311 К-90 Мектеп - тҽрбие мен білім орталығы болса, жоғары оқу орындары - білім мен ғылымның орталығы..