Ұ Й Ы М С Т А Н Д А Р Т Ы
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ
Оқу-әдістемелік және оқу жұмыстарының құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
КЕАҚ СТ 56023-1910-04-2014
Ресми басылым
«Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы
II Алғысөз
1 «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқу-әдістемелік бөлімі ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН
2 «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ____ _______ 2014 ж. № ____ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН
3 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2019 жыл
ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
4 Осы стандартта Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының төмендегі негізгі нормативтік ережелері ескерілген: ҚР СТ 1.5-2004 стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар; ҚР СТ 1.14-2004 Ұйым стандарттары.
Түрлері және әзірлеу тәртібі.
5 КЕАҚ СТ 103521910-03-2007 Оқу-әдістемелік құжаттама. Оқу- әдістемелік құжаттаманың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар; КЕАҚ СТ 56023-1910-01-2009 Оқу жұмыстары. Оқу жұмыстарының құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.
Осы стандартты «Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының рұқсатынсыз толықтай немесе ішінара қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
III Мазмұны
1 Қолданылу саласы 1
2 Нормативтік сілтемелер 1
3 Жалпы ережелер 2
4 Мәтіндік құжаттарға қойылатын талаптар 3
4.1 Құжаттың құрылуы 3
4.2 Құжат мәтінінің жазылуы 5
4.3 Ескертулер мен мысалдар 6
4.4 Графикалық материалдар 7
4.5 Диаграммаларды орындау ережесі 8
4.6 Қосымшалар 9
4.7 Кестелердің құрылуы 10
4.8 Сілтемелер 12
4.9 Терминдер тізбесі. Қысқартулар тізбесі 12 5 Оқу-әдістемелік құжаттаманың орындалу ерекшеліктері 13
5.1 Оқу-әдістемелік құжаттаманың құрамы 13
5.2 Титул парағының ішкі жағы мен басылым мәліметтерінің терілімі 13
6 Оқу-әдістемелік құжаттаманың түрлері 14
7 Оқу жұмыстарының орындалу ерекшеліктері (оқушылар үшін) 15
7.1 Оқу жұмыстарының құрамы 15
7.2 Титул парағы 15
7.3 Тапсырма 17
7.4 Аңдатпа 17
7.5 Мазмұны 17
7.6 Кіріспе 17
7.7 Негізгі бөлім 17
7.8 Қорытынды 17
7.9 Терминдер тізбесі. Қысқартулар тізбесі 18
7.10 Әдебиеттер тізімі 18
7.11 Көрнекілік құралдардың орындалуы 18
8 Оқу жұмыстарының нормабақылауы 19
А қосымшасы Кейбір баспаханалық терминдер мен түсініктер 21 Б қосымшасы Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі 23
В қосымшасы Кестелердің элементтері 24
Г қосымшасы Келісу және бекіту парағының үлгісі 25 Д қосымшасы Әдістемелік нұсқаулықтардың титул парағының үлгісі 26 Е қосымшасы Әдістемелік нұсқаулықтардың титул парағының ішкі
жағының үлгісі 27
Ж қосымшасы Басылым мәліметтері бар парақ үлгісі 28 И қосымшасы Оқу құралының титул парағының үлгісі 29 К қосымшасы Оқу құралының титул парағының ішкі жағының үлгісі 30 Л қосымшасы Оқу құралының басылым мәліметтері бар парақ үлгісі 31
IV
М қосымшасы Дипломдық жобаның титул парағының үлгісі 32 Н қосымшасы Дипломдық жобаны орындауға берілген тапсырманың
үлгісі
33 П қосымшасы Курстық жұмыстың титул парағының үлгісі 36 Р қосымшасы Машықтану бойынша есептің титул парағының үлгісі
С қосымшасы Есептеу-графикалық жұмыстың титул парағының үлгісі
37 38 Т қосымшасы Зертханалық жұмыс бойынша есептің титул парағының
үлгісі 39
У қосымшасы Дипломдық жобаның мазмұнындағы қосымша жазбаның
рәсімделуі 40
Ф қосымшасы Оқу-әдістемелік құжаттың құнын есептеу Библиография
41 42
1
ҰЙЫМ СТАНДАРТЫ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ
Оқу-әдістемелік және оқу жұмыстарының құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
Енгізілген күні 2014.11.11
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт университеттің профессор-оқытушылар құрамы әзірлейтін оқу-әдістемелік құжаттаманың, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар орындайтын оқу жұмыстарының барлық түріне таралады және оларды рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес әртүрлі оқу жұмыстарының мазмұнына қойылатын нақты талаптарды кафедралар белгілейді.
Осы стандарттың талаптары міндетті болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
ГОСТ 2.105-95 ЕСКД. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар ГОСТ 2.605-68 ЕСКД. Оқу-техникалық плакаттар. Жалпы техникалық талаптар
ГОСТ Р 7.0.5-2003 СИБИД. Библиографиялық сілтеме. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері
ГОСТ Р 7.0.12-2003 СИБИД. Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі сөздердің қысқартылуы. Жалпы талаптары мен ережелері
ГОСТ 7.32-2001 Мемлекетаралық стандарт. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімделу құрылымы мен ережелері
ГОСТ 7.60-2003 СИБИД. Басылымдар. Негізгі түрлері. Негізгі түрлерінің терминдері мен анықтамалары
ГОСТ 8.417-2002 ГСИ. Шамалар бірліктері
Р 50-77-88 ЕСКД. Диаграммаларды орындау ережелері
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
ҚР СТ 1.14-2004 Ұйым стандарттары. Түрлері және әзірлеу тәртібі
ҚР СТ 2383-2013 Басылымдар. Басылым мәліметтері. Рәсімдеудің жалпы талаптары мен ережелері
Ресми басылым
2 3 Жалпы ережелер
3.1 Осы стандарттың бөлімдерінде көрсетілген ескертпелер мен толықтырулар ГОСТ 2.105, Р 50-77-88, ГОСТ 7.32-2001 оқу-әдістемелік құжаттамалар мен оқу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптарға сай құрастырылған.
3.2 Мәтіндік құжаттар А4 (210х297 мм) пішіміндегі қағазға орындалады.
Кестелер мен иллюстрацияларды A3 (297х420 мм) пішіміндегі қағазға орындауға рұқсат етіледі.
3.3 Мәтіндік құжаттар компьютерлік терілім көмегімен 14 кегльмен, Times New Roman қарпімен орындалады (А қосымшасы). Суреттің, кестенің т.б. ішіндегі жазуды 10-нан кем емес өлшемді қаріптің көмегімен орындауға рұқсат етіледі [1].
Азат жолдың орналасуы:
- әр жолдың арасы бір жоларалықпен (А4 пішіміндегі бір параққа 40-44 жолдан) терілуі шарт, алдыңғы және артқы жақтары – 0 пт;
- азат жолдың басындағы шегініс – 1,25 см, сол және оң жақтары – 0 см;
- парақтың сол және оң жақтары бойынша мәтінді түзеу.
Парақтың белгіленуі:
- парақтың кітапша (негізгі) бағытында болуы; мазмұнына байланысты альбомдық бағыт көмегімен орындауға рұқсат етіледі;
- мәтінді бір бағанға орналастыру;
- мәтіндік құжатты келесідей нақты жиектік өлшемдерді сақтай отырып басқан жөн: сол жағы – 25 мм, оң жағы – 18 мм, үстіңгі жағы – 20 мм, астыңғы жағы – 25 мм.
3.4 Құжаттың қорытынды нұсқасы төмендегідей тәсілдерді қолдану арқылы орындалады:
- принтер (немесе плоттер) арқылы қағазға басып шығару;
- құпия сөзді қолданбай Microsoft Word немесе PDF пішіміндегі оптикалық (CD, DVD) не қатқыл (USB флешкалары) тасымалдаушыларда сақтау. Жұмыстың жеке түрлері (сайттар, WEB-парақшалар, қабылдаушы оқытушының келісімен орындалған кейбір студенттік жұмыстар) HTML, DjVu пішімінде орындалады.
3.5 Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмыстарының соңғы нұсқасын компьютерден басып шығарғаннан кейін қолмен жазуға немесе түзетуге рұқсат етілмейді, себебі түзетілген файл түріндегі жұмыстың түпнұсқасын электронды оқу залына орналастыру үшін ақпараттық техникалық қамтамасыз ету орталығына (ОӘБ белгісімен) тапсырылады.
3.6 Оқушылардың оқу жұмыстарының соңғы нұсқасын компьютерден басып шығарғаннан кейін қолмен жазуға немесе қара сиямен түзетуге рұқсат етіледі, бір бетте 3-тен артық түзетуге рұқсат етілмейді және оқу жұмысы бойынша барлық түзетулер саны 15-тен аспау керек.
3
4 Мәтіндік құжаттарға қойылатын талаптар 4.1 Құжаттың құрылуы
4.1.1 Құжат мәтіні қажет жағдайда бөлімдер мен ішкі бөлімдерге, тармақтар мен тармақшаларға бөлінеді. Егер тақырыптан кейін параққа мәтіннің үштен аз жолы кірген жағдайда ғана, бөлім мен ішкі бөлімді жаңа беттен бастау қажет.
4.1.2 Бөлімдер мен ішкі бөлімдердің тақырыптары болуы тиіс. Ереже бойынша тармақтарда тақырып болмайды.
Тақырып бас әріптен басталып, кіші әріптермен жалғастырылады, астын сызбай, соңына нүкте қоймай орындау қажет. Тақырыпта сөзді келесі жолға тасымалдауға рұқсат етілмейді. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, онда олар нүктемен бөлінеді. Бөлімдер мен ішкі бөлімдердің тақырыптары қою қара қаріптермен және азат жолдың басындағы шегіністен басталып жазылады.
Бөлім тақырыптары мен мәтін арасындағы (бөлім мен ішкі бөлім тақырыптарының арасындағы) қашықтық компьютерлік терілімде MS Word пішімінде тақырыпқа дейін және одан кейін екілік жоларалықты қолдану арқылы жүзеге асырылады (немесе 12 пт, немесе бір жоларалықты қолдану кезінде бір бос жол қалдырылады).
Мәтін мен ішкі бөлім тақырыптарының арақашықтығы (үстіңгі және астыңғы жағынан) тақырып пен мәтін арасында 1,5 жоларалықты қолдану арқылы жүзеге асырылады (немесе 6 пт бір жоларалықты қолдану кезінде).
4.1.3 Барлық құжаттың шегіндегі бөлімдердің реттік нөмірі болуға тиіс, олар азат жолдың шегінісі арқылы жазылады және араб цифрларымен нүктесіз белгіленеді. Әрбір бөлімнің шегінде ішкі бөлімдер нөмірленуі тиіс.
Ішкі бөлім нөмірі нүктемен бөлінген бөлім мен ішкі бөлім нөмірінен құралады. Ішкі бөлім нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.
Бөлімнің немесе ішкі бөлімнің нөмірі тақырыптың құрамына кіреді де, тақырып атауының алдына жазылып, тақырып мәтінінен бөлініп тұрады.
4.1.4 Бөлімдер ішкі бөлімдер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан құралуы мүмкін, мысалы: осы стандарттың 4-бөлімі. Ішкі бөлімдер мен тармақтардың мәтіні азат жолдың шегінісімен жазылады.
Егер құжатта ішкі бөлім болмаса, онда ондағы тармақтарды нөмірлеу әрбір бөлім шегінде болуы тиіс және тармақ нөмірі нүктемен бөлінген бөлім және тармақ нөмірлерінен тұруы тиіс. Тармақ нөмірінен кейін нүкте қойылмайды (3-бөлімдегідей) және тармақ нөмірі мәтіннен бөлініп тұрады.
4.1.5 Егер құжат мәтіні тек тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар құжат шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.
4.1.6 Егер бөлім немесе ішкі бөлім бір тармақтан тұрса, онда ол нөмірленбейді.
4.1.7 Қажет болса тармақтар әрбір тармақ шегінде нөмірленген тармақшаларға бөлінуі мүмкін (мысалы, 4.2.1.1).
4
4.1.8 Құжаттың құрылымдық элементтерінің нөмірленуіндегі нөмірлер саны төрттен аспауы тиіс.
4.1.9 Тармақтар немесе тармақшалар ішінде екі нұсқада орындалатын санамаланып келетін сөйлемдер келтірілуі мүмкін:
- санамаланып келетін сөйлемдердің әрбір позициясының алдына азат жолдың басындағы шегініспен дефис қойылуы тиіс (азат жолдағы одан кейінгі мәтін шегініссіз сол жақ шекарадан жалғастырылады);
- құжат мәтініндегі санамаланып келетін сөйлемдердің біріне сілтеме қажет болған жағдайда, орыс алфавитінің кіші әріптерімен (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріптерін қоспағанда) беріледі, олардан кейін жартылай жақша қойылады (соңында нүкте қойылмайды). Санамаланып келетін сөйлемдерді бұдан әрі нақтылау үшін араб цифрлары пайдаланылады, олардан кейін жартылай жақша қойылады, ал мәтіні төменде көрсетілгендей екі белгіге оң жаққа жылжыту арқылы жазылады.
Қасиеттері:
а) __________;
б) ___________:
1) _______;
2) _______;
в) __________.
Санамаланып келетін сөйлемдердің соңына нүкте қойылады.
4.1.10 Жұмыстың құрамына кіретін барлық беттер, соның ішінде қосымшалардың беттері де бастан-аяқ нөмірленеді. Титул парағы бірінші бет болып саналады, бірақ нөмірленбейді. Беттердің нөмірі араб цифрларымен мәтінге симметриялық түрде беттің төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз (14 кегль, Times New Roman қарпі) колонтитулдың көмегімен қойылады.
Беттің шетінен жоғарғы колонтитулға дейінгі арақашықтық – 1,0 см, төменгі колонтитулға дейін 1,6 см болу керек.
4.1.11 Құжатта бөлімдер мен ішкі бөлімдердің тақырыптары, қосымшалары мен басқа құрылымдық элементтері (кіріспе, әдебиеттер тізімі, қысқартулар тізбесі және т.б.) көрсетілген «Мазмұны» деген бөлім болуы қажет. Бұл ретте көрсетілген құрылымдық элементтерінің әрқайсысының тақырыбынан кейін «отточие» қойылады (А қосымшасы), сосын мәтін басталатын беттің нөмірі беріледі. «Мазмұнын» қолдануға қиындық тудырмаса, «отточие» қоймаса да болады.
Мазмұнына енгізілген атаулар бас әріптен басталып, кіші әріптермен жазылады.
Осы стандарттың мазмұнындағыдай ішкі бөлімдердің нөмірі бөлімнің және нүктемен бөлінген ішкі бөлімнің нөмірлерінен тұрады. Бүкіл құжат шегінде нүктесіз араб цифрларымен таңбаланған және азат жолдың басындағы шегініспен жазылған реттік нөмірге ие болуы керек.
«Мазмұны» бөлімінде құрылымдық элементтің қандай да бір тақырыбының жалғасын жазу қажет болған жағдайда екінші жолдан бірінші жолдағы осы тақырыптың басы басталған жерден басталып жазылады.
5
«Мазмұны» сөзі тақырып ретінде (беттің ортасына) бас әріппен басталып, кіші әріптермен (нөмірсіз) жазылады және қою қара қаріппен ерекшеленеді.
4.1.12 Құжат соңында «Әдебиеттер тізімі» деген бөлім болуы тиіс. Онда құжаттың мәтінінде сілтемелер орын алған жағдайда құжаттың мәтінінде қарастырылған, ескерілген, көрсетілген оны сәйкестендіруге, іздеуге және жалпы сипаттамасын беруге қажетті және жеткілікті мәліметтерді қамтитын библиографиялық сілтемелер жазылады. Библиографиялық сілтемелердің рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар ГОСТ 7.0.5 бойынша жүзеге асырылады.
Әдебиеттер тізімінде дерек көздер ретінде пайдаланылған жергілікті және қашықтан енім электрондық қорларына (электронды құжаттар, мәліметтер базасы, порталдар, сайттар, веб-парақшалар, форумдар және т.б.
тұтастай және жеке-жеке бөліктер бойынша) библиографиялық сілтемелер беріледі.
Оған сілтемелерді тізім бойынша реттік нөмірмен тік жақшалар ретінде көрсету керек, мысалы [1]. Егер құжат мәтінінің нақты үзіндісіне сілтеме жасалса, сілтемеде дерек көзінің реттік нөмірі және бет нөмірі қойылады.
Мәліметтер үтірмен ажыратылады, мысалы: [10, 81 б.]. Әдебиеттер тізімінің үлгісі Б қосымшасында берілген.
4.2 Құжат мәтінінің жазылуы
4.2.1 Құжат мәтіні қысқа әрі нақты болуы тиіс және түрлі түсіндірмелерге жол бермеу керек. Міндетті талаптарды жазу кезінде мәтінде
«тиіс», «керек», «қажет» және т.б. сөздерді қолданған жөн.
4.2.2 Құжатта физикалық шамалардың стандартталған бірліктері, олардың атаулары мен белгілері ГОСТ 8.417 сәйкес қолдануы керек. ӨЖ бірліктерімен қатар, қажет болған жағдайда, жақшада қолдануға рұқсат етілген бұрын қолданылған жүйелердің бірліктері көрсетіледі.
4.2.3 Формулаларда символдар ретінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес қалыптасқан таңбаларды қолдану керек. Егер тиісті түсіндірмелер бұрын мәтінде берілмесе, формулаларға кіретін символдар мен сандық коэффициенттер түсіндірмесі тікелей формула астында беріледі.
Түсіндірменің бірінші жолы «мұндағы» сөзінен кейін қос нүкте қойылмай жазылады. Түсіндірменің келесі жолының басы түсіндірменің бірінші жолының басы басталған жерден бастап орындалады. Мысалы, әр үлгінің тығыздығы ρ, кг/м3 формуласы бойынша есептеледі:
ρ = m/V, (1)
мұндағы m – үлгі массасы, кг;
V – үлгі көлемі, м3.
6
Бірінен кейін бірі келетін және мәтінмен бөлінбеген формулалар үтірмен бөлінеді.
М ы с а л ы A = , (2)
. (3) Формулалар жолдың ортасына орналастырылады, алдыңғы және соңғы формулалардың арасы бос жолмен ажыратылады.
Келесі жолға формулаларды тасымалдауға математикалық операциялар белгілерінде ғана рұқсат етіледі, бұл ретте келесі жолдың басындағы белгі қайталанады. Көбейту операциясын білдіретін белгілерде формулаларды тасымалдау кезінде « » деген белгі қолданылады.
Математикалық теңдеулерді жазу тәртібі формулалардағыдай болады.
Қосымшаларда түсіндірілетін формулалар араб цифрларымен нөмірленуі тиіс, олар формула қатарында оң жақ шетте жақшаның ішінде жазылады. Егер бір формула болса, онда ол (1) деп белгіленеді.
Формулалардың реттік нөміріне сілтемелерді жақша ішінде береді, мысалы, (1) формула бойынша.
Қосымшаларда орналасатын формулалар, әрбір санның алдынан қосымша белгісімен нүктенің қосылуымен әрбір қосымшаның шегінде араб цифрларының жеке нөмірлерімен нөмірленуі тиіс, мысалы (А.1).
Бөлім шегіндегі формулаларды нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі нүктемен бөлінген формуланың реттік нөмірі мен бөлім нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
4.2.4 Стендтегі жазуларды түсіндіретін, компьютердің пернетақтасы пернелерінің белгіленуін, мәзір әмірлерін, программа операторларын мынадай қаріптермен бөліп көрсету керек, мысалы: Қосу, Желі, Enter, Сақтау және т.с.с. Аспапта жазылған жазбаға сәйкес келетін бейнеге көңіл бөлу керек.
Сандар және (немесе) белгілерден тұратын, режимдер, сигналдар және т.с.с. атауларды тырнақшамен бөлген жөн, мысалы: «Сигнал +15 қосылған».
4.3 Ескертулер мен мысалдар
4.3.1 Егер мәтіннің мазмұнына, кестелеріне немесе графикалық материалдарға анықтамалық түсіндірмелер немесе мәліметтер беру қажет болса, құжаттарда ескертулер мен мысалдар келтіріледі.
Ескертулер мен мысалдардың құрамында талаптар болмауы керек.
Ескертулер мен мысалдар мәтіндік, графикалық материал немесе кестеден кейін жеке орналастыру қажет, оларды 12 кегльмен кішірейтілген қаріппен бөле отырып, азат жолдан бас әріппен бастап жазады.
4.3.2 Егер ескерту біреу болса, онда «Е с к е р т у» сөзінен кейін сызықша қойылады және ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескертуді нөмірлемейді. «Е с к е р т у» сөзіндегі сөздер ішіндегі әріптер арасы бір бос орын қалдыру арқылы басылады.
7
Е с к е р т у – Бір ескертудің орындалу үлгісі.
Бірнеше ескертулерді үлгі бойынша төменде келтірілгендей, араб цифрларының реті бойынша нөмірлейді.
Е с к е р т у л е р
1 Екі ескертудің бірінің орындалу үлгісі.
2 Екінші ескертудің орындалу үлгісі.
Кесте үлгісі үшін келтірілген 1-кестедегідей кестеге ескертуді сызықтың үстінен кесте соңында орналастырады, ол кестенің аяқталғандығын білдіреді.
1 к е с т е – Үлгі
Е с к е р т у – _____ .
4.3.3 Мысалдар «М ы с а л» сөзімен беріліп, 4.3.2 тармағындағы ескертулерге сәйкес орналастырылады, нөмірленеді және рәсімделеді.
4.4 Графикалық материалдар
4.4.1 Графикалық материалдар (сызба, сұлба, диаграмма, сурет және т.б.) оны жақсы түсіну мақсатында құжат құрамындағы құжат мәтінінің көрнекілігін түсіндіруге арналған иллюстрациялар ретінде қолданылады.
4.4.2 Иллюстрациялар саны баяндалатын мәтінді түсіндіру үшін жеткілікті болу қажет. Иллюстрацияларды тек қана компьютерде орындау
керек. Кез келген графикалық материалды «Сурет» сөзімен белгілеу қажет.
Иллюстрацияларды мәтінге жақын сілтемелерден кейін орналастыру қажет.
4.4.3 Қосымшаның иллюстрацияларын қоспағанда иллюстрациялар араб цифрларымен бастан-аяқ нөмірленеді. Егер бір сурет болса, онда ол «1 сурет»
деп белгіленеді.
Әр қосымшаның иллюстрациялары әр нөмір алдында осы қосымшаның белгісін қосып және оларды нүктемен бөліп жеке нөмірмен араб цифрларымен нөмірлейді. Мысалы: А.2 сурет.
Иллюстрацияларды бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрациялардың нөмірі нүктемен бөлінетін иллюстрацияның бөлім нөмірі мен реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: «1.1 сурет».
Иллюстрацияларға сілтеме жасаған кезде бастан-аяқ нөмірлеу кезінде былай жазған жөн «(2 сурет)», ал бөлім шегіндегі нөмірлеу кезінде –
«(1.2 сурет)».
4.4.4 Қажет жағдайда иллюстрацияның атаулары мен түсіндіретін деректері (сурет астындағы мәтін) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі және сызықшамен бөлінген атау сөздері түсіндірілетін деректер және суреттен кейін ортасына орналастырылады және келесідей түрде орналасады (4 сурет).
8
Суреттің белгіленуі мен атауы суреттен бөлек тұрады және сурет астындағы мәтін 1,5 жоларалық арқылы жазылады.
4.4.5 Ереже бойынша суреттерді беттің ортасына орналастырады (мәтінге симметриялық түрде). Суретті қабылдауға және оны түсіндіретін атаулары жазуларының сыюына кедергі келтірмеген жағдайда, екі немесе бірнеше суретті бір қатарға көлденеңінен орналастыруға рұқсат етіледі (1 және 2 суреттер). Суреттің үстіңгі мен астыңғы жақтары құжат мәтінінен бір бос жоларалық арқылы ажыратылады.
4.4.6 Көлемі жағынан үлкен иллюстрацияларды қосымшаларға енгізген дұрыс. Егер графикалық материал бір бетте кішіреймесе, онда оны келесі бетке ауыстыруға болады. Бұл жағдайда тақырыптық атауларды графикалық материал басталатын бетке орналастырады, графикалық материал орналасқан кез келген бетте – түсіндірілетін деректер, ал олардың астында немесе графикалық материал астынан жеке әр бетте «Жалғасы» деп көрсетеді.
М ы с а л – 3.1 суреттің жалғасы
4.4.7 Құжатта келтірілетін әрбір элементтің қасындағы электрлік сұлбаларда сәйкестендірілген стандартпен орналастырылған, оның белгілеу тәртібін және қажет жағдайда шаманың номиналды мәнін көрсетеді.
Элементтер өлшемі электрлік принципиалды сұлбаларды орындаудағы стандарттарға сай болуы қажет.
4.5 Диаграммалардың орындалу ережесі
4.5.1 Функционалды тәуелді бейнелеумен байланысқан шамалар мәнін шкала түрінде координаттар осіне салған жөн.
4.5.2 Координаттың тікбұрышты жүйесінде тәуелсіз айнымалыны көлбеу осіне қойған жөн, шамалардың оң мәндерін 1-суретте көрсетілгендей, санау нүктесінің басынан осьтердің оң жағына және жоғарыға қою қажет.
1 сурет
2 сурет – АФҚ диаграммасы Координаттардың үйектік (кереғарлық) жүйесінде бұрыштарды есептеудің басы көлденең және тігінен орналасқан осьтерде болуы қажет (2 сурет).
Рисунок 1
Рисунок 1
Рисунок 1
Рисунок 1
9
4.5.3 Шкаласыз және шкалалы диаграммалардағы координат осьтерін шамалар мәнінің өсу бағытын көрсететін меңзермен аяқтаған жөн (1 сурет).
Шкала диаграммаларда координат осьтерін шкала шегінен тыс меңзермен аяқтау керек немесе дербес меңзермен координат осьтеріне параллель шамалар белгіленуінен кейін белгілеу керек (3 және 4 суреттер).
4.5.4 Түрлі айнымалылары бар бірнеше функцияларды бейнелейтін диаграммаларда және сол айнымалы бір уақытта түрлі бірліктерде көрсетілетін диаграммаларда координат осьтеріне параллель орналасқан түзу мен координаттық осьтерді шкала ретінде қолдануға рұқсат етіледі.
Шкала диаграммадағы шамалардың белгіленуін оның сыртқы жағынан шкала ортасына таман орналастыру қажет, ал бөлу түрінде өлшеу бірліктерінің белгіленуі бар символдардың бірігуі кезінде соңғы санды шкаладан кейін соңына орналастырған жөн.
4.6 Қосымшалар
4.6.1 Құжат мәтінін толықтыратын материалды қосымшада орналастыруға рұқсат етіледі. Қосымшаларды берілген құжаттың жалғасы ретінде оның келесі бетіне орындайды.
Қосымшаларда, мысалы, графикалық материал, үлкен пішімдегі кестелер, есептеулер, алгоритмдер мен компьютерде шығарылатын есептер программаларының сипаттамасы және т.б. болуы мүмкін.
3 сурет – Сүзгінің АЖС
4 сурет – Бума сыйымдылығы мен істен шығу сандарының әсері
10
Құжат мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуге тиіс.
Қосымшаларды құжат мәтінінде сілтемелер ретінде орналастырады.
4.6.2 Әр қосымша жаңа беттен басталады, беттің жоғарғы бөлігінің ортасына қою қара қаріппен ерекшеленіп берілген «Қосымша» деген сөзді көрсету арқылы жазу керек.
Қосымшаларды қазақ және орыс тілдерінде терген кезде А әрпінен бастап (Ё, 3, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерін қоспағанда), орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді.
Орыс алфавиті әріптерін толық пайдаланған жағдайда қосымшаларды араб цифрларымен белгілеуге рұқсат етіледі. Егер құжатта бір қосымша болса, онда оған «А қосымшасы» белгісі беріледі.
Қосымшада мәтінге қатысты симметриялық орналасқан тақырыбы көрсетіледі, жеке жол түрінде беріледі, бас әріппен жазылады және қою қара қаріппен белгіленеді.
4.6.3 Қосымшаларды екі немесе бірнеше параққа орындаған жағдайда келесі парақтарға жалғастыру үшін қою қара емес, көлбеу қаріппен мәтінге симметриялық түрде тақырыпсыз «Н қосымшасының жалғасы» деген жазу жазылады (Н қосымшасы).
4.6.4 Ереже бойынша қосымшаны А4 пішіміндегі параққа орындайды.
Қосымшаларды А3 пішіміндегі парақтарға орындауға рұқсат етіледі.
Қосымшаларға сілтеме жасалғанда «(А қосымшасы)» сөзін қолданады.
4.6.5 Әрбір қосымшаның мәтіні қажет жағдайда бөлімдерге, ішкі бөлімдерге, тармақтарға, тармақшаларға бөлінуі мүмкін, оларды әр қосымшаның шегінде нөмірлейді. Нөмір алдында сол қосымшаның белгіленуі (әріп) қойылады (соңында нүктесіз):
М ы с а л –Б.1 Алгоритмдердің суреттелуі Б.1.1 Файлды жүктеу алгоритмі
Қосымшаларда құжаттың қалған бөлігімен жалпы беттердің бастан-аяқ нөмірлері болуға тиіс.
Құжаттың мазмұнында нөмірлері мен тақырыптары көрсетілген барлық қосымшалар берілуі қажет.
4.7 Кестелердің құрылуы
4.7.1 Кестелер көрсеткіштердің жақсы көрнекілігі және оларды салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданылады.
4.7.2 Қосымшалардың кестелерінен басқа кестелер араб цифрларымен бастан-аяқ нөмірленеді. Кестелерді бөлім шектерінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда кесте нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Әрбір қосымшаның кестелері әрбір нөмірдің алдына осы қосымшаның белгісін қосып және оларды нүктемен бөле отырып, араб цифрларымен жеке нөмірлейді.
11
Егер құжатта бір кесте болса, онда ол «1 кесте» немесе «В.1 кесте»
деп (егер кесте В қосымшасында берілсе) белгіленеді. «Кесте» сөзі кестеден жоғары сол жағына қарай жазылады.
4.7.3. Кесте мазмұнын қысқаша түсіндіру үшін кестенің үстіне бас әріппен оның нөмірінен кейін, оны сызықшамен бөле отырып, атауы жазылады. Бұл ретте нүкте кесте атауынан кейін қойылмайды.
4.7.4 Кестелерді үстінен, сол және оң жағынан, астынан сызықтармен шектейді. Бүйір жақтың және бағаналардың тақырыптары мен тақырыпшаларын (В қосымшасы) диогональ сызықтармен бөлуге рұқсат етілмейді. Кестенің басын кестенің басқа бөліктерінен қос сызықпен бөледі.
Егер сызықтардың жоқтығы кестені қолдануды қиындатпаса, кестенің жолдарын шектейтін көлденең сызықтарды жүргізбеуге де болады.
4.7.5 Егер кесте үлкен болмаса, оны 1-кестедегідей ортаға қарай орналастыру қажет. Егер кестенің жолдары немесе бағаналары парақ пішімінің шегінен шыққан болса, онда кестенің бір бөлігін бірінің астына бірін қойып немесе қасына орналастыра отырып, оны бөліктерге бөледі, бұл ретте кестенің әр бөлімінде кесте басында берілген жазуды қайталап жазады (2 кесте). Кестенің бөлімін қос сызықпен бөлуді ұсынады.
Кестенің барлық бөліктерінің үстіне «Кестенің жалғасы...» сөзін көлбеу қаріппен (курсивпен) ерекшелеп жазады және нөмірін көрсетеді. Кестенің бірінші бөлігінің үстіне атауын көрсетеді.
2 кесте – Келте құбырлардың өлшемі Миллиметрмен
Dy өтуі D L Dy өтуі D L
110 230 260 150 280 320
140 265 260 170 295 335
Егер кесте үш беттен артық болып жалғасса, келесі беттерінен бағаналарды сандармен белгілеуге рұқсат етіледі. Көлемі жағынан үлкен кестелерді қосымшаға енгізу ұсынылады.
4.5.5 Кестеге «Нөмірі ретімен» бағанын енгізуге рұқсат етілмейді (3 кесте).
3 кесте – Қолданылатын транзисторлардың негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіш атаулары Мәні
1 режимде 2 режимде 1 Коллектор тогы, А
2 Коллектордағы кернеу, В
3 Коллектор кедергісінің жүктемесі, Ом
5, кем емес 24
-
7, артық емес 30
-
Шамалардың сандық мәндері және типтері, маркалары және т.б.
белгісінің алдында реттік нөмірлер қойылмайды.
12
4.7.7 Жолдағы барлық деректер үшін жалпы физикалық шамалар бірлігінің белгісін оның атауынан кейін көрсету қажет (3 кесте).
Қажет жағдайда физикалық шамалар бірлігінің белгісін (бағананы) жеке жолға шығаруға болады.
4.7.8 Құжатта көлемі жағынан шағын цифрлық материал болған кезде оны кесте түрінде рәсімдегеннен гөрі, баған түрінде цифрлық деректерді орналастырып, мәтін түрінде беру ұсынылады.
М ы с а л – Сигналдың параметрлері:
жылдамдығы, кбит/с 64 код типі АМI амплитудасы, В 1,0
4.8 Сілтемелер
Егер құжатта берілген жеке деректерді түсіндіру қажет болса, онда бұл деректер түсініктемені жол үстіндегі белгісімен белгілеуге тиіс.
Сілтемені олар белгіленген бет соңында азат жолдың басындағы шегініспен жазады және мәтіннен сол жағынан қысқа жіңішке көлденең сызықпен бөледі, ал құжат мәтініндегі деректер жарты жақшамен араб цифрымен орындалады және қаріптің жоғарғы бөлігі деңгейінде 1 жазылады.
Сілтеме мәтінінің қарпі кішірейтілген 12 кегльмен беріледі.
Сілтемелер соңында нүкте қойылады.
Әр парақтың бетіне сілтемелердің жеке нөмірлеу жүйесі пайдаланылады. Сілтемелердегі цифрлар орнына жұлдызшалар қоюға да болады.
4.9 Терминдер тізбесі. Қасқартулар тізбесі
4.9.1 Егер құжатта арнайы терминология қолданылса, онда құжаттың соңында (әдебиеттер тізімінің алдында) қолданған терминдердің түсіндірме тізбесін беру керек. Түсіндірме тізбесі құжат мазмұнына кіреді.
4.9.2 Мәтінде ГОСТ 2.316 сәйкес келетін түсіндірмесі жоқ қысқартуларды, сонымен қатар төмендегі қабылданған қысқартуларды пайдалануға болады [2]: б.ә. – бұдан әрі; т.б. – тағы басқа; т.с.с. – тағы сол сияқты; т.т. – тағысын тағы; т.с. – тағы сондайлар; б. – бет; ж. – жыл;
жж. – жылдар; мин. – минималды; макс. – максималды; д. – даналар; жоғ. – жоғары; қ. – қараңыз; қ.а. – қоса алғанда. Сонымен қатар санау бірліктерін қысқарту тек қана кестедегі сандық мәндерді енгізгенде қолданады.
М ы с а л ы – 5 д.
4.9.3 Құжатта ГОСТ 7.0.12 сәйкес тек берілген мәтінде қолданылатын қысқартулар белгіленуі мүмкін. Бұл ретте толық атауын құжатта бірінші рет қолданылса толық жазылады, ал толық атауынан кейін жақшаның ішінде сол сөздің қысқартылған атауы немесе аббревиатурасы жазылады.
Бұл қысқартулар мәтінде қайталанып берілсе, сол сөздің қысқартылған атауы немесе аббревиатурасы қолданылады.
1 Сілтеме мәтінінің орындалу үлгісі.
13
Бұл қысқартулар «Қысқартулар тізбесі» атты арнайы бөлімде түсіндіріліп жазылуы керек.
4.9.4 «Қысқартулар тізбесі» және «Терминдер тізбесі» сөздері тақырып ретінде рәсімделеді, қою қара қаріптермен ерекшеленеді және нөмірленбейді.
5 Оқу-әдістемелік құжаттаманың орындалу ерекшеліктері 5.1 Оқу-әдістемелік құжаттаманың құрамы
Оқу-әдістемелік құжаттама А4 пішіміндегі ақ қағазға орындалуы қажет және келесі элементтерді ретімен тізбек бойынша қосу керек:
- келісу және бекіту парағы (Г қосымшасы);
- титул парағы (Д, И қосымшалары);
- титул парағының ішкі жағының үлгісі (Е, К қосымшалары);
- мазмұны (4.1.11 тармағына сәйкес);
- кіріспе (тек қана оқулықтар мен оқу құралдары үшін);
- негізгі бөлім;
- қорытынды (міндетті түрде оқулық пен оқу құралдарында, басқаларында – қажет жағдайда);
- әдебиеттер тізімі (Б қосымшасы);
- басылым мәліметтерінің терілуі (Ж қосымшасы).
Оқу-әдістемелік жұмыстардың бірінші беті (титул парағы), екінші беті (титул парағының ішкі жағы) мен соңғы беті де (басылым мәліметтері бар парақ) нөмірленбейді.
Барлық оқу-әдістемелік құжаттамалар төменде көрсетілген бөлім мамандарымен келісілген болуы тиіс:
- оқу-әдістемелік бөлім;
- редактор;
- стандарттау бойынша маман.
5.2 Титул парағының ішкі жағы
5.2.1 Титул парағының ішкі жағында библиографиялық сипаттама, аңдатпа, қосымша мәліметтер, пікір берушілердің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, аты-жөні мен тегі, шығарушы министрліктің басылым жоспары және бекіту жылы орналастырылады.
5.2.2 Библиографиялық сипаттамада авторлардың (құрастырушылардың) аты-жөні мен тегі, басылым тақырыбы, қаласы, басылым атауы, жылы және беттер саны көрсетіледі.
5.2.3 Аңдатпада әзірлеу мазмұнын баяндап жатудың қажеті жоқ.
Онда жұмыстың қысқаша сипаттамасы беріледі, баяндау пәні (нысаны) аталады, жұмыс туралы негізгі мәліметтер (жұмыстың мақсаты, тақырыптың негізгі мәні және оны шешу жолдары, ОӘҚ ерекшелік
14
белгілері; мәселенің қойылуы, жеке мәселенің шешілуі, нұсқаулар, ұсыныстар, т.б.) беріледі.
Аңдатпа көлемі жарты беттен аспауы тиіс.
5.2.4 Қорытынды жолда ОӘҚ құрастыру барысында қолданылған суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиеттер саны көрсетіледі.
5.2.5 Басылым мәліметтері жиынтығына оқу-әдістемелік құжаттаманың жоспарланған басылым жылы, нөмірі енеді.
Мұнда автордың (құрастырушының) аты, әкесінің аты мен тегі көрсетілуі тиіс, құжатта тақырыптар мен тақырыпшалар берілуі керек және редактордың тегі мен аты-жөні көрсетілуі қажет.
Одан әрі: ОӘҚ басуға қол қойған күні, оның таралымы, көлемі, пішімі, типография қағазының нөмірі, тапсырыс нөмірі, бағасы келтіріледі.
Баспаның атауы мен оның мекенжайы төменірек орналастырылады.
Е с к е р т у л е р
1 Оқу-әдістемелік нұсқаулықтар көлемі 2 баспа табақтан аспауы қажет (компьютермен тергенде мәтін 32 бет болуы тиіс). Үлкен көлемнің қажеттілігі ОӘБ келісілуі қажет.
2 Мұқабасы, титул парағының, титул парағының ішкі жағы және «Оқу құралы»
түріндегі ОӘҚ басылым мәліметтерінің жиыны Е, Ж, И қосымшаларына сәйкес рәсімделеді.
6 Оқу-әдістемелік құжаттаманың түрлері
6.1 Авторлар (құрастырушылар) мынадай ОӘҚ түрлерін басылымға дайындауы мүмкін: оқу құралдары, есептер жинағы, дәрістер жинағы, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулықтар және сөздіктер.
Оқулықтар, оқу құралдары, есептер жинағы және сөздіктер АЭжБУ Ғылыми кеңесі ұсынған немесе алынған ISBN кезінде АЭжБУ жоспарына енген жағдайда басылуы мүмкін.
6.2 Авторлар (құрастырушылар) ГОСТ 7. 60-90 бойынша келтірілген басылым түрлерінің анықтамасын басшылыққа алуы қажет.
Оқулық – АЭжБУ Ғылыми кеңесімен және РОӘК секциясымен ресми түрде бекітілген, типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқу пәні бойынша білім мазмұнын жүйелі баяндаудан тұратын басылым.
Оқу құралы – университеттің Ғылыми кеңесімен, қажет жағдайда РОӘК секциясымен ресми түрде бекітілген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын басылым.
Дәрістер жинағы – университеттің Ғылыми кеңесімен ресми бекітілген және оқу материалдарының баяндалған жазбасы болып табылатын оқу басылымы.
Оқу бағдарламасы – қандай да бір оқу пәнінің мазмұнын, көлемін сондай-ақ бөлімін, бөлігін оқу және оқыту тәртібін анықтайтын оқу басылымы.
Әдістемелік нұсқаулықтар – студенттердің дипломдық жұмыстарды немесе курстық жобаларды (жұмыстарды), зертханалық жұмыстарды
15
орындауда, машықтанудан өтуде, соның ішінде өндірістік машықтану, сондай-ақ гуманитарлық пәндерді оқытуда пайдалануға болатын жинақталған мәліметтер мен ұсыныстардың жүйеленген мазмұнын құрайтын оқу басылымы.
Есептер жинағы – өткен материалды игеруге, бекітуге және білімдерін тексеруге септігін тигізетін практикалық тапсырмалар мен жаттығулардан тұратын оқу басылымы.
Сөздік – қысқаша сипаттамалары бар тілдік бірліктердің (сөздердің, сөз тіркестерінің, атаулардың, терминдердің, белгілердің және т.б.) реттелген тізбесін құрайтын анықтамалық басылым.
7 Оқу жұмыстарының орындалу ерекшеліктері (оқушылар үшін) 7.1 Оқу жұмыстарының құрамы
7.1.1 Оқу жұмыстарына келесі құжаттар түрлері кіреді:
- докторлық немесе магистрлік диссертациялар (ДД/МД);
- дипломдық жобалар (жұмыстар) (ДЖ);
- курстық жобалар (жұмыстар) (КЖ);
- машықтану туралы есеп (өндірістік, педагогикалық) (ӨМ/ПМ);
- есептеу-графикалық жұмыстар (ЕГЖ);
- зертханалық жұмыстар бойынша есеп (ЗЖ).
7.1.2 Оқу жұмыстарының құрылымдық элементтері мыналар:
- титул парағы;
- тапсырма;
- аңдатпа (ғылыми мақала үшін – реферат);
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- қысқартулар тізбесі;
- терминдер тізбесі;
- әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Оқу жұмысының құрамы 4-кестеде көрсетілген нақты тапсырманың түріне байланысты, мұндағы «+» белгісімен элемент міндеттілігі, «-»
белгісімен элементтің жоқтығы, «±» – факультативтілік (қажеттілігіне байланысты). Нақты тапсырмаға байланысты мәтіндік бөлімі толықтырылуы мүмкін.
7.2 Титул парағы
7.2.1 Титул парағы оқу жұмысының бірінші беті болып саналады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып табылады.
16
Титул парағы А4 пішіміндегі параққа орындалады.
4 кесте – Оқу жұмыстарының әр түрінің құрамы
Оқу жұмыстарының элементтері
Оқу жұмысының түрі
МД ДЖ КЖ ӨМ/ПМ
туралы есеп ЕГЖ ЗЖ
Титул парағы + + + + + +
Тапсырма + + + + + +
Аңдатпа + + ± - - -
Мазмұны + + + ± ± -
Кіріспе + + + + - -
Негізігі бөлім + + + + + +
Қорытынды + + + + ± +
Қысқартулар тізбесі ± ± ± ± - -
Терминдер тізбесі ± ± ± ± - ±
Әдебиеттер тізімі + + + + + ±
Қосымшалар ± ± ± ± ± -
Электронды
тасымалдаушы + + ± - ± -
Титул парағында келесі мәліметтер келтіріледі:
- жоо атауы (бас әріптермен);
- кафедра атауы (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші әріптермен);
- оқу жұмысының түрі (бас әріптермен және қою қара қаріптермен ерекшеленеді);
- пәні (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші әріптермен);
- оқу жұмысының тақырыбы (бірінші әрпі бас әріптен басқасы кіші әріптермен) «тақырыбы:» деп көрсетілуі қажет;
- мамандық шифры мен атауы;
- кеңес берушілер мен пікір берушілердің қолдары (тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қол қойған күні). Кеңес берушілер санының көптігіне байланысты екінші бетті шығаруға рұқсат етіледі, ол титул парағының жалғасы болып табылады. Сонымен қоса екінші беттің жоғарғы оң жақтағы бұрышына
«Титул парағының жалғасы» деген жазу мен оқу жұмысының атауы көрсетіледі;
- сол жағына «Орындаған» деген сөз, қарсы жағының оң жағына студенттің тегі мен аты-жөні көрсетіледі;
- төменгі жолға «Қабылдаған» деп жазылады (дипломдық жұмыс, магистрлік немесе докторлық диссертациялар үшін – «Ғылыми жетекшісі») және жетекшінің тегі мен аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;
- қаласы мен орындаған жылы («жыл» деп көрсетілмейді немесе «ж.»).
Оқу жұмыстарының әр түрі үшін орындалатын титул парағы М-Т қосымшаларына сәйкес рәсімделеді.