Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы кезекті XXХІV сессиясының №316 шешімімен қабылданған 2015 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті XXХVІІ сессиясының № 361 шешіміне қосымша
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ
2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Сырдария ауданы, 2015 жыл
Мазмұны Бағдарламаның төлқұжаты 3
Ағымдағы жағдайды талдау 7
Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.
Негізгі өзекті мәселелердің кешенді мінездемесі
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық
мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама
Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау
Өңір дамуының көрінісі
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары 1 бағыт: Экономика
2 бағыт: Әлеуметтік даму 3 бағыт: Инфрақұрылым
4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары 5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер
Қажетті ресурстар Бағдарламаны басқару
1. Бағдарлама төлқұжаты
Бағдарлама атауы Сырдария ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама).
Оны дайындауға
негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы №827
«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығы.
Өңірдің негізгі
сипаттамасы Сырдария ауданының аумағы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде және Қызылорда облысының орталығында орналасқан. Сырдария ауданы солтүстікте Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстікте Өзбекстан Республикасымен, батыста Жалағаш ауданымен және шығыста Шиелі ауданымен шектеседі. Аудан аумағы толығымен Тұран ойпатында жатыр.
Ауданның жалпы жер көлемі 40,7 мың шаршы км немесе Қызылорда облысының жалпы аумағының 18,0 пайызын құрайды. Аудан аумағында 2015 жылдың 1 қаңтарына 40007 адам тұрады, яғни 1 шаршы км жерге халықтың тығыздығы 1,0 адам, ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 3,3 адам.
Ауданның құрамына 1 кент және 13 ауылдық округ кіреді.
Әкімшілік орталығы 11618 халқы бар Тереңөзек кенті, бұл жалпы аудан халқының 29 пайызы
Бағыттары Экономика
Әлеуметтік даму
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп Инфрақұрылым
Экология және жер ресурстары Мемлекеттік қызметтер
Бағдарламаның
мақсаты Аудан экономикасын тұрақты осуін қамтамасыз ету.
Отандық өнеркәсіп саласын дамыту.
Агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікті дамыту.
Саудаменен кәсіпкерлікті дамыту.
Аймақ аралық қарым қатынастарды жандандыру.
Қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік жастар саясатын қолдау.
Денсаулық сақтау саласының функцияларын арттыру.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту.
Отандық мәдениет және өнер саласын насихаттау.
Физкультура және жалпы спортты дамыту.
Туризм индустиясын дамыту.
Мемлекеттік тіл саясатын дамыту.
Қоғамдық тәртіпті және жол көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Азамматтық қорғаныс саласын дамыту.
Байланыс және ақпараттық технологияларды дамыту.
Құрылыс саласын дамыту, халыққа қолжетімділік баспанамен қамтамасыз ету.
Көлік саласын дамыту.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфраструктурасын дамыту.
Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру.
Нысаналы
индикаторлар Экономика
Өңірлік макроэкономика:
Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, % Өнеркәсіп:
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %
Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі, %
Агроөнеркәсіптік кешен:
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі, %
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі, % Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі, %
МІКҰҚМ
Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі, % МІКҰҚМ
Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі, % Шағын және орта бизнес, сауда:
Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі, %
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, % Өңіраралық ынтымақтастық:
Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша), мың теңге
Резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнанастам көтерме кәсіпорындар бойынша), %
Инновациялар мен инвестициялар:
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны, %
Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %;
Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %
Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту, % Әлеуметтік сала:
Білім беру
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің
арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі, %
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы, %
Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі, %
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі, %
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі, %
Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, %
Денсаулықсақтау:
100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету, %
1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету, %
100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету, %
15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде, %
Еңбек және халықтыәлеуметтікқорғау:
Жұмыссыздық деңгейі, %
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, %
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %
Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, %
Атаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың адамдардың үлес салмағы
Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі, %
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %
Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар)ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, %
Мәдениет:
1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің(келу) орташа саны, адам:
кітапханаға келушілер театрға келушілер
концерттік ұйымдарға келушілер мұражайларға келушілер
Құрылыс:
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі, %
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр
Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі, %
Жолдар мен көлік:
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %
Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі, % Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:
Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету, % Ауданда орталықтандырылған қолжетімділік:
сумен жабдықтау, % су бұрумен жабдықтау, %
Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік:
сумен жабдықтау, % су бұрумен жабдықтау, %
Жаңғыртылған желілердің ұзақтығы
Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:
жылумен жабдықтау, км электрмен жабдықтау, км Экология және жер ресурстары:
Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі, %
Ластаушы заттардың нормативті көлемі:
атмосфераға шығарындылар,млн.тонна су объектілеріне төгінділер, млн.тонна
Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы, мыңга
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %
Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы), % Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру, %
Қажетті ресурстар Қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджеттер, отандық инвсетициялар, мекемелердің жеке қаражаттары Қазақстан Республикасының заңдарымен ұлықсат етілген.
Қаржыландыру көлемі Барлығы – 10792,2 млн. тенге
2. Ағымдағы жағдайды талдау 2.1. Бағыт: Экономика
2.1.1. Өңірлік макроэкономика
Сырдария ауданының аумағы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде және Қызылорда облысының орталығында орналасқан. Сырдария ауданы солтүстікте Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстікте Өзбекстан Республикасымен, батыста Жалағаш ауданымен және шығыста Шиелі ауданымен шектеседі. Аудан аумағы толығымен Тұран ойпатында жатыр.
Ауданның жалпы жер көлемі 40,7 мың шаршы км немесе Қызылорда облысының жалпы аумағының 18,0 пайызын құрайды. Аудан аумағында 2015 жылдың 1 қаңтарына 40007 адам тұрады, яғни 1 шаршы км жерге халықтың тығыздығы 1,0 адам, ал облыс бойынша бұл көрсеткіш 3,3 адам.
Елді-мекендердің құрылымы
Ауданның құрамына 1 кент және 13 ауылдық округ кіреді. (Сурет 1.1)
Әкімшілік орталығы 11618 халқы бар Тереңөзек кенті, бұл жалпы аудан халқының 29 пайызы.
Сурет 1. Сырдария ауданының әкімшілік бөліністері
Ескерту: Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі №98 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 25 сәуірдегі №102 шешіміне сәйкес, дербес елді мекен мәртебесінен айырылуына және олардың аумағының Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің құрамына енгізілуіне байланысты Құндызды ауылдық округі, сондай-ақ Сырдария ауданы Құндызды ауылдық округінің О.Мәлібаев ауылы таратылды.
Сырдария ауданы бойынша соңғы 3 жылда халық санының өсуі біркелкі. (Сурет 1.2) 2009 жылғы санақ бойынша аумақта 37960 адам тұрған, ал 2015 жылдың 1 қаңтарына 40007 адам тұрады немесе облыс халқының жалпы санының 5,3 пайызы.
2014 жылы 934 бала дүниеге келді. Аудан аумағына 503 адам көшіп келсе, 1129 адам көшіп кетті. 220 адам қайтыс болды. Соңғы 6 жылда аудан халқының саны 459 адамға өсті. Елді мекендердің көші- қон айырымы теріс сальдо көрсеткенімен, бұл өсімге туу көрсеткішінің жоғарылауы әсер етті.
Сурет 2. Сырдария ауданының жалпы халық саны (2005-2015 жж)
2009 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтары аралығында халықтың жас шамаларының құрылымында айтарлықтай өзгеріс болмаған.
2015 жылдың 1 қаңтарына 58-65 жас және одан жоғары жастағылар жалпы аудан халқының 8,0 пайызын құраса, 0-16 жастағылар 28,0 пайызын, 16-29 жастағы 25,0 пайызда, 30-62 жастағы 39,0 пайызды құрайды.
Аудан бойынша жалпы халық санының 48,4 пайызын әйелдер және 51,6 пайызын еркектер құрайды.
Этникалық жағынан қазақтар саны 98,6 пайыз және 1,4 пайызын орыстар, татар, өзбек, грузин, молдаван, кәріс және басқа ұлттар құрайды
1 кесте. Сырдария ауданы бойынша 2012-2014 жылдардағы халықтың миграциялық өсімі, адам.
жыл
барлығы Сыртқы миграция Аудан аралық Аудандық ішкі миграция
Көшіп келді Көшіп кетті Көші қон сальдо миграции Көшіп келді Көшіп кетті Көші қон сальдо миграции Көшіп келді Көшіп кетті Көші қон сальдо миграции Көшіп келді Көшіп кетті Көші қон сальдо миграции
2012 102 79 +23 11 21 -10 42 9 +32 49 49 0
2013 156 92 +64 12 27 -15 92 13 +79 52 52 0
2014 114 89 +25 10 8 -2 33 10 +23 71 71 0
2012-2014 жылдары Сырдария ауданының теріс сальдосы өсіп 2014 жылы -27 адамды құрады. Мұндай ахуалдың негізгі себебі жұмыс көзінің жоқтығы, аудан экономикасының әртараптандыру деңгейінің тым төмендігі және адам басына шаққанда табыстың төмен болуынан басқа облыстарға көшуі болды.
2.1.2. Өнеркәсіп
2013 жылдың қорытындысымен Сырдария ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі 1156,9 млн.теңгені құрады, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 87,2 пайызға орындалды.
Ауданның өнеркәсіп өнімінің 84,7 пайызы өңдеу өнеркәсібін құрайды, оның ішіндегі тамақ өндіру көлемі 81,5 пайыз. Сонымен қатар өнеркәсіп саласы құрылымында электржарығымен қамтамасыз ету 9,2 пайызды, су тарату 5,1 пайызды құрауда.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдері көлемінің 2012,2013 жылдары төмендеу себебінің негізі болып өндеу өнеркәсібінің, нақты айтқанда күріштің өңделуінің төмендегенінен болуда. 2012 жылға дейін күріш
«Шапағат Лимитед» ЖШС-нің зауытында ақталса, серіктестіктің құрылымы таратылуына байланысты, әрбір егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық құрылымы күрішті басқа құрылымдарда ақтады.
2 кесте. Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі және өсімі 2012-2014 жылдар бойынша, млн.теңге Өнеркәсіп
2012 жыл.
(ақшалай түрде/
нақты көлем индексі)
2013 жыл.
(ақшалай түрде/ нақты көлем индексі)
2014 жыл.
(ақшалай түрде/
нақты көлем индексі) Өнеркәсіп өнімдерінің
көлемі (қызметтер,жұмыстар) 1207,1/63,0% 1156,9/87,2% 942,2/120,5%
Оның ішінде
Өңдеу өнеркәсібі 1137,6/60,4% 1020,4/79,2% 798,7/120,6%
Элетрожарығын тарату 39,4/91,7% 42,9/100,1% 86,8/174,9%
Суды жинау, тарату 30,1/123,4% 88,8/115,8% 48,3/92,1%
2014 жылы «Ақжарма» ауылдық округінде «Ақжарма» шаруа қожалығының күріш зауыты іске қосылды.Жобаның құны 62,0 млн.теңгені құрайды. Қуаттылығы 40 тонна күніне күріш ақтайды.
Аудан бойынша индустриалдық аймақ құру үшін Тереңөзек кентінен 20 гектар жер белгіленді , жергілікті бюджет есебінен 10,0 млн.теңге ЖСҚ дайындау үшін бөлінді. ЖС мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
2.1.3. Агроөнеркәсіп кешені
Соңғы 3-жылда ауылшаруашылық өнімдері 15,7 пайызға төмендеді 2012 жылы 7625,4 млн. тенгеден 2014 жылы 6827,0 млн. тенге. Азаю себебі негізі өсімдік шараушылығнда 2012 жылы 4986,0 млн. тенге 2014 жылы 4207,0 млн. тенге. Бұл көрсеткіш ауарайының қолайсыздығынан және егістік көлемдері қысқаруына байланысты.
Аудан өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысады,
Ауданда суармалы жер көлемі 52,7 мың га оның ішінде: инженерлік жерлер 39,9 мың га, оның ішінде:
күріш егілетін жерлер 29,1 га.
2015 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша 6500 тонна астық жиналып, 2014 жылмен салыстырғанда 5960 тонна (109,1 %) артығымен орындалды.
3-кесте. Өсімдік шаруашылығының 2012-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштерінің динамикасы.
Дақыл түрі
2012жыл. 2013 жыл. 2014 жыл.
Егіс көлемі, га Орта өнім, ц/га Жалпы өнім, мың. тн. Егіс көлемі, га Орта өнім, ц/га Жалпы өнім, мың. тн. Егіс көлемі, га Орта өнім, ц/га Жалпы өнім, мың. тн.
Күріш 18915 40,7 76989 17920 46,2 82976 19366 50,1 97107 Картоп 1400 152,0 21280 1400 153,0 21420 270 155,0 4185
Бақша 780 183,0 14274 780 183,5 14313 307 185,0 5679
Көкөніс 780 175,0 13650 780 175,0 13650 172 177,0 3044
4-кесте. Субсидияландыру бағдарламасы шеңберінде 2012-2014 жылдар аралығында облыс көлемінде сатып алынған асыл тұқымды малдар жөнінде анықтама
Мал түрлері 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
МІҚ 21 48 83
Қой 0 0 210
Жылқы 0 6 85
Мал шаруашылығы
Бүгінгі күні статистикалық мәліметтер бойынша аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 27909 бас мүйізді ірі қара, 24098 бас қой мен ешкі, 9937 бас жылқы, 1162 бас түйе, 4018 бас құс өсірілуде.
Іңкәрдария ауылының тұрғыны Байманов Абдразақ несие серіктестігін құрып Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында «Байқоңыр» СПК-нан 15 млн теңге несие ұтып алып, бүгінге Ақтөбе облысынан 250 бас асыл тұқымды қой малын сатып алып, күтіп бағуда.
2011-2013 жылдар аралығында ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 850 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 1381 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, бұл көрсеткіш 162,4 пайызға орындалды. Бүгінге 28 шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап келеді.
2014 жылы ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 395 бас аналық сиыр, 17 бас асыл тұқымды бұқа малдары сатып алынып, бұл көрсеткіш 158,0 пайызға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Қоғалыкөл ауыл округіндегі «Әділбек» шаруа қожалығы төрағасы Құдабаев Бекболат 20 бас асыл тұқымды қошқар, 400 бас қой сатып алып күтіп бағуда.
Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ шаруашылық құрылымдарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.
Аудан бойынша 2014 жылы селекциялық және асылдандыру жұмыстары жүргізілгендігі үшін 47 136 000 теңге субсидия игерілді.
Асыл тұқымды бұқа, қой малдарын сатып алу жұмыстары жүргізілгендігі үшін 14 462 000 теңге субсидия игерілді.
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруда 54 402 101,48 теңге субсидия игерілді.
Бұл ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстардың бірі болып саналады.
Статистикалық мәліметтер бойынша малдар көбінесе жекелерде.
Саланың даму жөніндегі SWOT-талдауы
Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. Құнарлы топырақ , табиғи шабындықтар мен жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін болуы .
2. Аудан облыс бойынша негізгі күріш өндіруші болып табылады.
3. Экспорт көлемін өсіруге мүмкіндіктер беретін «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық»
бағдарламалары арқылы мал басын және өнімділігін көтеру.
1. Төмен еңбек өнімділігі ; 2. Ауа райы жағдайлары ;
3. Тұқым және мал генетикалық әлеуетін пайдалану төмен деңгейі;
4 Азық-түлік , Жем зауыты болмауы , мал мен құс өнімділігі төмен ;
5. Ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының ескіруі
6. Ет және сүт өңдеудің басым бөлігі (90 %) жеке секторларда болуы;
Мүмкіндіктер Қауіп-қатерлер
1.Егістік жер көлемін ұлғайту жер болуы;
2. жайылым болуы;
3.Ауыл шаруашылығы кластерлерді қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы секторында инфрақұрылымын
болуы;
4. оңтүстік аймақтағы ауқымды жылыжай жасау;
5. Жаңа және инновациялық ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;
1. Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер (аяздар, үсіктер, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылу, өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы, ракеталық-ғарыштық қызметтен зиян заттарды мөлшерден артық бөлінуі);
2.Бәсекелестіктер.
Ветеринария
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңына сәйкес, Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №13 қаулысымен аудан орталығынан шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сырдария аудандық ветеринариялық станса» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру мақсатында жергілікті бюджеттен 21 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, барлығы 35 штаттық бірлік ветеринар мамандар қабылданды. Аталған кәсіпорын қажетті ветеринариялық құрал-жабдықтармен, арнайы және қызметтік автокөліктермен, ғимаратпен қамтамасыз етілді.
2012-2014 жылдар аралығында эпизоотияға қарсы іс шараларды жүргізуге 111,604.0 мың теңге қаржы бөлініп, 110,528.084 мың теңге қаржы игерілді. Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шараларды жүргізуге 9642,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.
2012 жылы диагностикалық зерттеу барысында сарып ауруына 19 бас уақ мал, 27 бас МІҚ малдары оң нәтиже көрсетті.
2013 жылы диагностикалық зерттеу барысында сарып ауруына 16 бас МІҚ және 5 бас уақ оң нәтиже көрсетті.
2014 жылы диагностикалық зерттеу барысында сарып ауруына 7 бас МІҚ, 7 бас уақ мал малдары оң нәтиже көрсетті.
ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы №2331 қаулысына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мақсатында, Қызылорда облыс әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы №625 санды қаулысымен: МІҚ малына арналған - 11728 жұп құлақ сырғасы берілді.
Қызылорда облыс әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №707 санды қаулысымен: түйе малына арналған - 1050 жұп құлақ сырғасы берілді. Уақ малға арналған құлақ сырғасы - 80000 дана берілді. Шошқаға арналған құлақ сырғасы - 550 дана берілді.
Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 2014 жылы 10 000 дана ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге (жылқыға) арналған чиптер алынып берілді.
Мал тоғыту ваннасы. Аудан бойынша 2013-2014 жылдары уақ мал басын кенеге қарсы сапалы өңдеу мақсатында, аудандық бюджеттен бөлінген 40,44 млн. теңге қаржыға 14 елді мекенге 15 мал тоғыту ваннасының құрылысы салынды.
Аудан бойынша барлығы 14 типтік жобадағы мал көмінділері бар.
Соның ішінде, 8 елді мекенге (Ажарма, Н.Ілиясов, Қоғалыкөл, Бесарық, Жетікөл, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов С.Сейфуллин а/о) 2014 жылы аудан бойынша аудандық бюджеттен 68650 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Аудан бойынша барлық елді мекендер типтік жобадағы мал көмінділерімен толық қамтамасыз етілді.
5-Кесте. Аудан бойынша мал көмінділері туралы мәлімет Р/с Елді мекендер Типтік жобадағы
мал көміндісі
Жаңартып салуға және күрделі жөндеуден өткізуге бөлінген қаржы (мың теңге)
2014 жыл
1 Ақжарма 1 8 400,0
2 Н.Ільясов 1 8 375,0
3 Сейфуллин 1 8 700,0
4 Тоқмағанбетов 1 8 375,0
5 Іңкәрдария 1 8 700,0
6 Қоғалыкөл 1 8 700,0
7 Бесарық 1 8 700,0
8 Жетікөл 1 8 700,0
Аудан бойынша: 8 68 650,0
Аудан бойынша 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы жануарларының арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың өршуі тіркелген жоқ.
Саланың даму жөніндегі SWOT-талдауы
Күшті жақтары (S): Әлсіз жақтары стороны (W):
1.Аудан бойынша ветеринариялық іс-шараларға республикалық және аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып келеді.
2. аудандық ветеринариялық стансаны және ветеринариялық пунктер ветеринариялық құрал жабдықтармен, қызметтік және арнайы автокөліктермен толық қамтамасыз етілген.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін тастайтын 14 мал қорымы және аса қауіпті ауру жануарларды өртеп, жоятын 1 жылжымалы 1 стацианарлық инсинераторлармен қамтылған.
4. 14 елді мекен 15 мал тоғыту ванналарымен қамтылған.
1. Аудан бойынша аса қауіпті ауруға шалдыққан ауыл шаруашылығы жанурларының санитарлық сойыстан өткеннен кейін, қайта өңдейтін кәсіп орындар жоқ.
Мүмкіндіктер(O): Қауіптер (T):
ҚР «Ветеринария туралы» Заңына өзерістермен толықтырулар енгізілсе, аудан бойынша тіркелген қырым қанды безгегінің ошақтарына және оданда басқа объектілерге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктеріміз бар.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңына өзерістермен толықтырулар енгізілмесе, залалсыздандырғыш арнайы автокөлікті және басқада құрал
жабдықтарды алып қою қауіпі бар.
Саланың негізгі мәселері:
1. Аудандық ветеринариялық стансаға қарасты 13 ветеринариялық пункттер техникалық қызметкерлермен қамтылмаған;
2. Аудан орталығына ветеринариялық дәріхана салу қажет;
3. Тереңөзек кентіне қарасты мал сою алаңын салу қажет;
2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда
Кіші және орта бизнес.
Аудан бойынша кіші және орта кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. 2015 жылдың 1 қаңтарына кіші және орта кәсіпкерлердің саны 1498 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлғалар 76 бірлік, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының саны 1422 бірлікті құрады.
«Сыбаға», «Бизнестің жол картасы 2020», «Агробизнес 2020» бағдарламалары ауданда кәсіпкерлікті дамытуға өз септігін тигізуде. 2014 жылға дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 5 жоба субсидияланды.
6.Кесте Кіші және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері.
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
саны Адам 1372 1415 1498
Жұмыспен қамтылғандар адам 4921 5062 5122
Шығарылған өнім млн.теңге 172,2 178,9 189,0
Саланың негізгі мәселелері:
• Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің кепілі болмауына байланысты несиелерге қиын қолжетімділігі;
• кәсіпкерлік саласының өз деңгейінде дамымауы ;
• кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық даму деңгейінің төменділігі;
Сауда.
Ауданда 1 коммуналдық базар жұмыс жасауда. Саудада жұмыспен қамтылғандар 2014 жылы 622 адам болды. 2014 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 534,3 млн.теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 13 пайызға өсті.
Ауданда сауданың өз деңгейінде дамымау себептері:
Ауданда қазіргі заманға сай сауда форматтарының аздығы, көбінесе бөлшек сауда дамуда.
Бөлшек сауданың жоғары бағытта дамымау себептері болып бизнес үшін ынталандыру шараларының болмауы, көлеңкелі экономиканың болуы.
Саланың даму жөніндегі SWOT- талдау:
Күшті жақтары(S): Әлсіз жақтары(W):
1. Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бюджет шығындарын ұлғайту;
2. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы іске асырылуы;
3. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру;
4. Бөлшек саудаға қазіргі сауда форматын енгізу тәжірибесі;
5. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жасаудың қолданыстағы жүйесі
6. «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік – 2020»
бағдарламалары (кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау);
7. Қызмет көрсету саласын дамыту Бағдарламасы (Сауда нарықтарын және бөлшек сауданы, сонымен қатар электрондық сауданы жетілдіруді мемлекеттік қолдау);
1. Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің бар болуы;
2. Бизнеске оқу дайындығы деңгейінің жеткіліксіздігі;
3. Салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы кәсіпкерлерді ақпараттандырудың жеткіліксіздігі;
4. Электронды сауданың дамуының төмен деңгейі.
Мүмкіндіктері (O): Қауіптері (T):
1. жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру
2. Жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді ашу, жасау;
3. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралар қолдану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметінің тиімділігінің дамуы мен жетілуі;
4. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
5. Инвесторларды тарту.
1. Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюталық курс, қаржының көтерілуі, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынысы, капиталдың қымбаттауы, инфляция;
2. Бюджеттік ресурстардың тапшылығынан мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы;
3. Кәсіпкерлердің белсенділіктерінің бәсеңдеуі;
2.1.6. Инновациялар мен инвестициялар
Аудан бойынша инновацияның дамуы ҮИИДБ бағдарламасы шеңберінде дамуда. 2010-2014 жылдары бағдарлама аясында 2 жоба жүзеге асырылды «Ақшабұлақ» газ стансасының салынуы және «Құмкөл» газ стансасының өндірістік қуатын ұлғайту.
2012 жылы «Мағжан және К» ЖШС-і тұқым тазалау және өндіру-өңдеу зауытын іске қосты.
Қажетті құрал жабдықтар Албания мемлекетіндегі «Petkus» компаниясынан сатып алынған. Зауыт жұмысшыларын Албаниядан келген мамандар оқытқан. Өңір күрішшілерінің аталмыш зауыттың өнімі арқылы бітік егін өсіруіне қолайлы жағдай туып тұр.Жоба құны 250,0 млн.теңгені құрайды.
7. Кесте Инновация динамикасы
Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл Инновациялық кәсіпорындар
саны Бірлік 23 18 20
Инновациялық саласында
белсенділік деңгейі % 8,7 5,5 5,0
Инновациялық өнімдер мен
қызметтер көлемі млн.тенге 264,2 279,3 342,6
Аумақтық (кеңістіктік) даму
Сырдария ауданының жер көлемі 40,7 мың шаршы шақырымды құрайды., бұл облыстың жер көлемінің 18 пайызы. Халық саны барлығы 40007 адам яғни облыс халқының 5,4 пайызы.
Саласы: тамақ өнеркәсібі және энергетика. Аудан көлемінде мұнай газын қалаға жеткізу және Кумколь ГТЭС-інің күшін ұлғайту жөнінде жобалар іске асырылды. Акшабулақ ГТЭС-інің құрылысы жүргізілуде.
Сырдария өзені арқылы салынған көпір арқылы 9 елді мекенмен; ауданның орталығымен және облыс орталығымен «Батыс Европа-Батыс Китай». автокөлігі дәлізімен автокөлік қатынасы қамтамасыз етілген.
Саланың даму жөніндегі SWOT- талдау:
Күшті жақтары (S) Әлсіз жақтары (W)
1. Индустриялық аймақтарды құру және дамыту арқылы қоса алғанда) аймақтағы қолайлы инвестициялық климат;
1. Инновациялық бизнес және халық мәнін түсіну болмауы;
2. Ауданда инновациялық жүйесінің
шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдасқан желісі болмауы;
3. Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инвестициялар мен инновацияларды дамыту үшін бюджеттен қысқарту .
Мүмкіндіктері (О) Қауіп-қатерлері (Т)
1.Ұлттық іс-қимыл жоспары «100 нақты қадам»
аясында өнеркәсіп, инвестициялар мен инновацияларды дамыту ;
2. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлеу және оны іске асыру үшін Жол картасы болашағы ;
5. 2014 жылы инвестициялар туралы Заңға
өзгертулер мен толықтырулар енгізу инвестициялау дамыту үшін жаңа ынталандыру мен мекемелердің енгізу . ;
6. Инновациялық дамыту
1. Аймақтағы өнеркәсіп бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақтау инновациялық қызмет баяу қарқыны нәтижесінде ;
2. қуат тапшылығы , өрістің энергиясын көршілес елдер мен аймақтарда тәуелділіг!
Саланың негізгі мәселелері:
• халықтың және бизнестің инновациялық даму мәнін жоғары деңгейде түсінбеуі;
• кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейіде дамуы;
• аудан кәсіпорындарының инновациялық технологияларды толық көлемде енгізбеуі;
2 бағыт: Әлеуметтік даму 2.2.1. Білім беру
Ауданымыздың білім беру жүйесі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасы аясында дамиды. Ауданның экономикалық өсуі сапалы білім беруге бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру
Сырдария ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемесі -40, балабақша саны-17, шағын орталық- 23. 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы – 94,1 пайызды құрап отыр (кесте 1) . 2015 жылы Қоғалыкөл аулында 140 орындық «Шаттық» бөбекжай балабақша, С.Сейфуллин аулында 90 орындық «Ақкөгершін» балабақшалары ашылды.
Кесте-8 . 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы, 2014ж Аудан атауы Барлық МДМ 3-6 жастағы
бала саны МДМ 3-6 жастағы бала
саны
Пайыздық
көрсеткіш 1-6 жастағы балалар кезегі
Сырдария 41 2755 2494 90,5 392
2014 жылы жоғары және бірінші категориялы педагогтар 25 пайызды құрады. (2012 -2013 оқу жылында жоғары және бірінші категориялы педагогтар 20 пайызды құрады.)
Жалпы орта білім
2014-2015 оқу жылында барлық орта мектептердің саны-17, оқушылар саны-6962. Олардан бастауыш мектеп -0,орта мектеп -17, кешкі мектеп -1. Ауданда үш аусымда оқитын мектептер мәселесі шешілген, апатты жағдайдағы мектептер жоқ. Орын тапшылығына байланысты 2015 жылы 2 мектеп пайдалануға берілді.
2015 жылы ауданда 2 мектеп құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілді:
Шаған аулында 900 орындық №37 орта мектебінің жаңа оқу ғимараты және Шіркейлі аулындағы №129 орта мектептің 600 орындық ғимараты.
Кесте-9. Жалпы орта білім беретін күндізгі мектептердің желісі, 2014 ж Аудан Мектеп саны Ауылдық
жерде Электронды оқытумен қамтылғаны
Жаңа үлгідегі кабинеттер
физика химия биология
Сырдария 17 17 8 5 12 7
2014-2015 оқу жылында шалғайдағы елді мекендерден тасымалдауға 160 оқушы 100 пайыз аудандық бюджет есебінен тасымалданады (2012 -2013 оқу жылында 124 бала тасымалданды.). 2014-2015 оқу жылдында ыстық тамақпен 92 пайыз оқушы қамтылды, олардың әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балалары саны -1028 оқушы, 1-2 сынып оқушылары толығымен бір мезгіл тегін ыстық тамақ ішеді (2012 -2013 оқу жылында 1016 оқушы ).
Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңа модификациялық кабинеттердің, электронды оқыту жүйесін қалыптастырумен жаңарады.
Мұғалімдердің жоғары және бірінші санатты мұғалімдер 2012 жылы 50,8 пайыз болса, 2014 жылы 53,4 пайызды құрайды. Олардың 55-і жоғары, 541-і бірінші, 326-і екінші санатты. Аймағымыздағы білім сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2014-2015 жылы ҰБТ –ден орташа балл -80,12 болса, 4 мектеп бітіруші түлек «Алтын белгі» иесі атанды (2012-2013-1 окушы иемденді)
Кесте-10. Қосымша білім беру ұйымдар
2012 2013 2014
Барлығы 4 4 5
Қамтылған оқушы саны 1412 1639 1846
2014-2015 оқу жылында орта мектепті 415 оқушы бітірді. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарына -379 түлек оқуға түсті, 13 түлек жұмысқа орналасты, 23 түлек жұмыссыз, олардың көпшілігі қысқа мерзімді курстарда оқиды.
Балалардың құқығын қорғау
2014 жылы барлығы мүмкіндігі шектеулі 344 бала бар. Олардың біліммен қамтылуы: арнайы мектеп- интернатта – 8, коррекциялық сыныптарда -32, үйден оқитыны – 38, орта мектептерде оқитыны – 69, арнаулы орта – 6 бала.
Кесте-11. Аудан бойынша инклюзивті біліммен қамтылған балалар, 2014ж
Аудан Бала саны Мектепте оқитын бала
саны Пайызы
Сырдария 376 146 38,9
Техникалық және кәсіптік білім беру
2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда кәсіптік білім беретін 1 оқу орны бар, онда 222 студент оқиды. Осы күнге кәсіптік техникалық білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы қайта жасақтауды қажет етеді.
Кесте-12. Кәсіптік білім беретін ұйымдардың күрделі жөндеуді қажет ететіні
Аудан Жатақхана қажет етеді Күрделі жөндеу қажет етеді
Сырдария 0 1
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қажеттілік және индустриалды – инновациялық жобаларды дайындауда кәсіптік білім беру ұйымдардың маңызы зор. Кәсіптік техникалық білім беру ұйымының 8 мамандықтан оқыту жүргізіледі .
Білім үдерісіне дуалды оқыту технологиясын енгізу қарастырылуда, оның ғылыми-әдістемелік негізі жасалуда. Кәсіптік білім беру ұйымдарына ұжымдық басқару тәжірибесі енуде. Кәсіптік білім беру жүйесінде кейбір талдау нәтижелері көрсеткендей, кадр сапасының қиындықтары мен жастардың оқу бітіргеннен кейін жұмыс жасамайтындықтары анықталды.
Кесте-13. Аудандағы кәсіптік білім берудің кейбір көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы өлшем 2012жыл 2013 жыл 2014 жыл
Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің
жұмысқа орналасатындарының үлесі % 55,4 56,7 58,3
Жоғары және бірінші категориялы мамандар үлесі % 28 29 31
Электронды оқытумен қамтылуы % - - -
Техникалық және кәсіптік білім берумен (14-24
жас) жастарды қамтудың үлесі % 17,3 22 25
Білім беру жүйесіне SWOT талдау
Басым жақтары Әлсіз тұстары
1.13-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу пайызының жоғарылығы 2. үшауысымды мектептердің жоқтығы
Шаған аулында 900 орындық №37 орта мектебінің жаңа оқу ғимараты және Шіркейлі аулындағы №129 орта мектептің 600 орындық ғимараты пайдалануға берілуі.
Білім сапасы 34 пайыздан 55,1 пайызға өсуі.
аудан түлектерінің Москва және Санкт-Петербургте оқу үшін ықпалдастық
аудандық бюджеттің жылдан жылға артуы
1.1-3 жасқа дейінгі балалардың бөбекжайлармен азқамтылуы
2.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мамандардың аздығы;
1.Білім беру ұйымдарының техникалық құралдармен қөамтамасыз ету
2.кәсіптік білім берудегі дуальді оқыту жүйесінің төмендігі
Мүмкіндіктер Қауіп - қатерлер
1.кәсіптік білім беруді дамытуда шетел
тәжірибелеріне сүйену 1.техникалық және аграрлық білімі бар мамандардың аздығы
2.кең жолақты интернет желісіне қосылудың қымбаттығы
Саланың негізгі мәселері:
• 1-3 жастағы балалардың балабақшамен қамтылмауы;
• арнаулы оқу орындарының материалдық базасы мен техникалық жабдықтармен аз қамтылуы;
• білім беру орындарын білікті мамандармен қамтамасыз етілуі, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін мамандардың жоқтығы;
• білім беру орындарын материалдық-техникалық базасының төмендігі;
• Дуальді білім берудің кешуілдеп дамуы;
• Мектеп және кәсіптік білім беретін ұйымдардың бітірушілердің жұмыспен қамтылуының төмендігі;
• Кең жолақты интернет желісіне қосылмауы.
Жастар саясаты
Сырдария ауданында жастардың санын есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 11 127 азамат тіркелген, (жастар өңірдегі жалпы халықтың 29,9 %) 2015 жылдың 1 қаңтарына.
Кесте14. 2015 жылдың 1 қаңтарына Сырдария ауданы бойынша жастардың үлесі
№ Атауы
Халық саны
(адам) 14-29 жас аралығындағы жастардың жалпы халық
санынан үлесі(%) барлығы Оның ішінде:14-29
жастар саны
1 Айдарлы 1836 419 22.8%
2 Жетікөл 720 184 25.5%
3 Аманкелді 2885 782 27.1%
4 Бесарық 2210 491 22.2%
5 Қоғалыкөл 2610 602 23.0%
6 Шіркейлі 2735 582 21.2%
7 Н.Ілиясов 2235 525 23.4%
8 Шаған 4466 1248 27.9%
9 Ақжарма 2796 716 25.6%
10 Іңкәрдария 1146 191 16.6%
11 А.Тоқмағанбетов 1530 386 25.2%
12 С.Сейфуллин 1598 365 22.8%
13 Қалжан ахун 1210 287 23.7%
14 Тереңөзек кенті 11178 716 6.4%
2014 жылы 14-28 жас аралағындағы NEET жастары өңірдегі жалпы халық санынан 4.2 % құрады.
Аталған жағдайды реттеу және жастарды жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында іс-шаралар қабылданды.
Атап айтқанда:
• Тереңөзек кенті және Жетікөл, Аманкелді, Шіркейлі, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінде жастар саясатымен айналысатын мамандарға штаттық бірлік қарастырылған;
• Сырдария ауданы бойынша 2015 жылға арналған жастадың жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET жастарымен жұмыс істеу мақсатында іс-шара жоспары бекітілген;
• Ауданда жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді;
• Ауданда жастар саясатының патриорттық тәрбие беру жөніндегі Жастар кеңесі жұмыс істейді;
2015 жыл аудан бойынша жастар саясаты тиімділігін арттыру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесінде «14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі» - 29,9 % . Әлеуметтік сауалнама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Сыр медиа» ЖШС жүргізілді.
Саланың даму жөніндегі SWOT- талдау:
Күшті жақтары (S) Әлсіз тұстары (W)
1. Жастар үшін 14-19 жас аралығындағы мемлекеттік саясатты қанағаттану деңгейі жоғары;
2. Аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес қызмет атқарады;
3. Жастар саясатын институционалдық қолдау;
4. .Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмыс істеуі;
5. Тереңөзек кенті және Жетікөл, Аманкелді, Шіркейлі, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин және
А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінде жастар саясатымен айналысатын мамандарға штаттық бірлік қарастырылған;
6. «Жастар ресурстық орталығы» облыстық КММ-нің өкілдерінің жұмыс жасауы;
7. Жастармен адресті жұмысты жүргізу үшін түрлі бағыттағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы;
8. Жастар ұйымдарының белсенділігінің артуы.
1. Ауылдық округтерінде білікті мамандардың жетіспеушілігі;
Мүмкіндіктер (О) Қауіптер (Т)
1. Жастармен адресті жұмыс жүргізу;
2. жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
1. NEET санатына жататын жастар үлесінің артуы;
2. дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастар арасында таралуы
Саланың негізгі мәселері:
• Аймақаралық, өңірлік жастар арасында тәжірибе алмасу дамымаған.
• Денсаулық сақтау
Сырдария ауданың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру көлемінде, денсаулық сақтау саласы және басқару органдарымен кейбір денсаулық көрсеткіштерін жақсы үлгі көрсетіп үлгерді. Сырдария ауданың халқының өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы 67,9 жас , 2015 жылы 69,5 жасқа дейін өсті. (Қызылорда облысында – 71,0 жас)
2012 жылғы Сырдария ауданың халық саны 38,449 адамды құрады , ал 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,3 % ( 37,204 адам) азайды. Бұл өңірде бала туудың 2012 жылдың 1000 адамға 23,3- тен, 2014 жылдың 1000 адамға шаққанда 21,8 ге төмендеуімен байланысты.
2014 жылы ауданда жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6,3 (1000 адамға шаққанда), облыс көрсеткіші 6,10.
Өлім- жітім көрсеткішінде бірінші орынды алып отырған жүрек қан тамыры аурулары.
Қарастырылып отырған кезеңде жалпы өлім- жітім көрсеткіші қарқының төмендеуі. 2012 жылы жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шақанда 5,1, 2014 жылы 1000 адамға шақанда 6,3. Өлім- жітім көрсеткіші басты себебін алып отырған жүрек қан тамыры болып келеді.
Кесте 15. 1000 туғандарға шаққанда Сырдария ауданың өлім-жітім көрсеткіші
Атауы Өлім- жітім Бала өлімі
2012жыл. 2013 жыл. 2014 жыл. 2012 жыл. 2013 жыл. 2014 жыл.
Қызылорда облысы 6,57 6,01 6,10 18,75 14,37 12,01
Сырдария ауданы 5,12 6,07 6,03 22,29 21,1 17,2
Жылдар бойы Сырдария ауданы көлемінде жалпы өлім- жітім көрсектішінде 1 орынды алып отырған жүрек-қан тамырлары аурулары 73 (0,2 %) , 2-ші орында қатерлі ісік аурулары алып отыр 26(0,06 %), үшінші орында- тыныс жолдары аурулары 14(0,03%).
Ауданда жыл сайын , жас ерекшеліктеріне байланысты скринингтік тексеру жүзеге асырылады, түрлі аурулардың ерте сатыларында анықтау үшін. Ауданда 2012 жылы скринингтік тексеруден 61,4 % қамтылған, жалпы халық санынан ( скринингтік тексеруден 23624 мың адам тексерілген) , 2014 жылы 68,9 % құрады қамту.