• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Төртұштықтар теориясы 1302000-Автоматтандыру және басқару

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "Төртұштықтар теориясы 1302000-Автоматтандыру және басқару"

Copied!
29
0
0

Толық мәтін

(1)

Төртұштықтар теориясы

1302000-Автоматтандыру және басқару мамандығының колледж студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен әдістемелік

нұсқаулар

Алматы 2022

Коммерциалық емес акционерлік қоғамы

АЭжБУ колледжі

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

(2)

Құрастырушылар: Болдырева Л. П., Нурмадиева Э. А.,Смагулова Г.К Төртұштықтар теориясы. 1302000-«Автоматтандыру және басқару»

мамандығының колледж студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар – Алматы: АУЭС, 2022. – 28 б.

Әдістемелік нұсқау төртұштықтар теориясы курсының негізгі бөлімдері бойынша төрт зертханалық жұмысты дайындау, енгізу, нәтижелерін талдау және тіркеуге арналған негізгі ережелерді қамтиды.

Бұл әдістемелік нұсқауда әр зертханалық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады: жұмыс мақсаты, жұмысқа дайындық, жұмысты орындау тәртібі, жұмыс нәтижелерін тіркеу және талдау.

1302000 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығының колледж студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

Без. – 22, кесте. – 14, библиог. – 6 атау.

Пікір жазған: PhD, доцент Н.К. Алмуратова

© «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2022 жылғы колледж жоспары бойынша басылады.

© КЕАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті», колледж АЭжБУ 2022 г.

(3)

Кіріспе

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар 1302000-

«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша

«Төртұштықтар теориясы » пәні бойынша әдістемелік әдебиеттер кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады.

ЭТ кафедрасында зертханалық зерттеулерді тәжірибелік іске асыруды универсалды УИЛС оқу-зерттеу зертханалық стенді қамтамасыз етеді.

УИЛС стенді активті және пассивті блок корпусынан құралған, орналасқан столында пультпен бекітілген және алынған аумақта сұлбаларды жинақтайды. Стенд құрамы жинақталған элементтерден, штекерлермен және қосқыш сымдардан құралған.

Қорек көзінің активті блок корпусы ТКБ тұрақты кернеу блогынан, АКБ айнымалы кернеу блогынан, ҮКБ үшфазалы кернеу блогынан құралған.

Пассивті блок корпусы АКБ айнымалы кедергі блогынан, АИБ айнымалы индуктивтілік блогынан, АСБ айнымалы сыйымдылық блогынан құралған.

АКБ құрамы:

- тұрақты стабилизирленген кернеу көзін 0 ден 25 В кіріс кернеумен реттейді;

- тұрақты стабилизирленген кернеу көзін 20 В шығыс кернеумен реттелмейді;

- «электронды кілт», өтпелі кезеңді зерттеу үшін қолданады.

Екі қорек көзімен қамтамасыз етілген сұлбалар қысқа тұйықталудан және аса жүктемеден қорғалған. Жұмсалған ток қорғанысы 𝐼жум = 𝐼𝐴.

АКБ тікбұрышты және үшбұрышты формада (қалыпта), бірфазалы айнымалы кернеудің синусоидалды жиілігімен реттелген болып көрсетіледі.

Қамтамасыз етілген сұлбалар қысқа тұйықталудан және аса жүктемеден қорғалған. Жұмсалған ток қорғанысы 𝐼жум = 𝐼𝐴.

ҮКБ үшфазалы кернеу көзімен өндірістік жиілікте алынады. Барлық фазалар электрлі бір-біріне тәуелді емес.

Әр фазаны қамтамасыз ету қысқатұйықталудан және аса жүктемеден электронды қорғалған. Жұмсалған ток қорғанысы 𝐼жум = 𝐼𝐴.

АКБ үш реттелмейтін (реттелмеген) резисторлардан 𝑅1, 𝑅2, 𝑅3 және үш реттелетін резистор 𝑅4 сұлбаларынан құралған. Реттелетін 𝑅4 кедергісі сәйкесінше қосқыштың көмегімен қатарлардан алынады.

АИБ үш реттелмейтін орамалардан (катушкалардан) 𝐿1, 𝐿2, 𝐿3 және үш реттелетін орамадан L4 құралған. Реттелетін индуктивтілік сәйкесінше қосқыштың көмегімен қатарлардан алынады.

АСБ үш реттелмейтін сыйымдылықтардан С1,С2,С3 және үш реттелетін сыйымдылықтан С4 құралған. Реттелетін сыйымдылық сәйкесінше қосқыштың көмегімен қатарлардан алынады.

(4)

Көз алдыда тұрған панель блогында сигнализация аймақтары (индикаторлар, шамдар), басқару аймақтарында (қосқыш ұстағыштары, тумблерлер, кнопкалар) және де өлшегіш аспаптар орналасқан.

НП тізбектің зерттелетін ұя (гнезд) тектес болып қосылуы үшін өзара 67 жұптан орналасқан және СЭ элементтер жиынтығынан құралған. СЭ-тер түрлері пластмасса қобдишағында (ішкі жағы көрінетін қобдишақ) және де осы қобдишақ ішінде шанышқы ұштарынан құралған электр тізбек элементтері бекітілген.

Активті тумблер «СЕТЬ» блогын қосқанда «ВКЛ» жағдайын қондыру, осы кезде «СЕТЬ» индикаторы жанады.

Өлшегіш аспаптары кернеу көзін реттейтін ток пен кернеу шамаларын бақылау үшін ПКБ және АКБ белгіленген. Реттегіш потенциометр көмегімен алынады.

АКБ –да 1 кГц жиілігі арқылы қосқыш қатарында және де потенциометрмен (потенциометр плавно) реттеледі. Кейде потенциометр

«ЧАСТОТА ПЛАВНО» оң жағында орналасса, онда шығыс кернеу мәні жиілікке сәйкес келеді де, реттелетін қосқыш қатарында нақтылы ±2%

көрсетіледі.

ҮКБ әр фазаларының шығыс кернеу шамаларын 1ден 9 В және 0 ден 30 В қосқыш көмегімен қатарларға реттеуге болады

Қысқа тұйықталу болған жағдайларда кез келген аса жүктемеде (дұрыс құрастырылмаған сұлбалар) электронды қорғаныс блогы жұмыс істейді, осы жағдайда «ЗАЩИТА» индикаторы жанады. Осы жағдайлардан кейін қысқа тұйықталу немесе сұлбаларды жинаған кездегі қателікті жөндеген (дұрыстаған) соң, «ЗАЩИТА» кнопкасын басып, жұмыс жағдайына қайтадан келу, осыдан кейін индикатор өшеді.

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мемлекеттік оқу стандартына сай жоғарғы білім оқу орындарының мамандықтарына арналған.

Зертханалық жұмысты қорғау және есеп беруді безендіру:

1. Студент әр жасалған жұмысты қорғау үшін толығымен аяқталған есеп беру керек.

2. Есепте титулдық парақ (А қосымшасы) және келесі бөлімдер болу керек: жұмыстың мақсаты; негізгі теориялық ережелер мен оқыту сұрақтарына жауаптар; зерттелген тізбектердің тізбектері; зерттелетін электр шамалардың тәуелділіктерін есептеу формулалары, сызбалары; зерттеу нәтижелері (кестелер, сызбалар, көрсеткіштердің сандық мәндері және электрлік шамалар) және жұмыс бойынша қорытындылар.

Есеп беруді безендіргенде А4 ақ немесе сызылған қағаз парақтарына жасалады. Таза және ұқыпты жазылған мәтінде.

(5)

1 Зертханалық жұмыс № 1. Симметриялы пассивті төртұштықты зерттеу

Жұмыстың мақсаты: пассивті симметриялы төртұштықтардың әртүрлі режимдерін тәжірибелі зерттеу.

1.1 Жұмысқа дайындық

Сұраққа жауап беру және келесіні орындау:

1) Электр тізбегіндегі қай элемент төртұштық деп аталады?

Төртұштықтың шартты бейнесін келтіріңіз .

2) Қандай төртұштықтар симметриялы деп аталады?

3) Төртұштықтың теңдеулерін А түрінде жазыңыз .

4) Симметриялы төртұштықтардың А11, А12, А21, А22 коэффициенттері қандай қатынастар арқылы байланысады?

5) Z1бж және Z2бж бос жүріс, Z1қт және Z2қт қысқа тұйықталу кедергілерін тәжірибе жүзінде қалай анықтайды?

6) Симметриялы төртұштықтың Z1бж және Z2бж, Z1қт және Z2қт

байланыстары қандай?

7) Бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірибелерінен төртұштықтың А11, А12, А21, А22 коэффициенттерін есептеу формулаларын жазыңыз .

8) Симметриялы төртұштықтың ZC сипаттамалық кедергісі қалай анықталады және төртұштықтың А түрлі теңдеуінің коэффициенттері арқылы, сондай-ақ Zбж бос жүріс және Zқт қысқа тұйықталу кедергілері белгілі болса қалай есептеуге болады?

9) Төртұштықтың беріліс тұрақтысы Г дегеніміз не және төртұштықтың А түрлі теңдеуінің коэффициенттері арқылы, сондай-ақ Zбж бос жүріс және Zқт

қысқа тұйықталу кедергілері белгілі болса қалай есептеуге болады?

10) Симметриялы төртұштық үшін a әлсіреу тұрақтысы (сөну коэффициенті) мен b фазалық коэффициентін қалай анықтауға болады?

11) Симметриялы төртұштықтың кіріс кедергісін анықтайтын теңдеуін жазыңыз.

12) Келісілген жүктеме режимі деп қандай режимді айтамыз?

1.1 кесте – Бастапқы деректер нұсқасы

Нұсқа № Төртұштықтар сұлбасы f, Гц L, мГн C, мкФ

1 1.1сурет 1500 15 1

2 1.1сурет 3000 5 0,25

3 1.2сурет 2000 10 0,75

4 1.2сурет 2500 7 0,5

5 1.3сурет 1500 15 1

6 1.3сурет 3000 5 0,25

7 1.4сурет 2500 7 0,5

8 1.4сурет 2000 10 0,75

(6)

Төртұштықтар сұлбасына нұсқалар

1.1сурет 1.2 сурет

1.3 сурет 1.4 сурет

1.2 Жұмыстың орындалу тәртібі

1.2.1 Стендте зертханалық жұмысты орындау кезінде нұсқаға сәйкес конденсатор мен индуктивті катушканың элементтерін таңдап алу қажет. Ом заңын пайдаланып берілген жиілікте олардың нақты кедергісін 1.5-суреттегі тізбекке сәйкес ток пен кернеудің өлшенген мәндерін есептеңіз.

(7)

Нұсқаға сәйкес көрсетілген симметриялы төртұштық үшін T- немесе П- тәрізді орынбасу сұлбасын салыңыз. Төртұштықтың Z1 және Z2 нақты көрсеткіштерін 1.2 -кестеге жазыңыз.

1.2.2 Тізбекті жинаңыз (1.6 сурет) оған зерттелінетін симметриялы төртұштықты қосыңыз. Нұсқаға сәйкес (1.1 кесте) f жиілігін, L және C, сонымен қатар кіріс кернеудің мәнін U1 = 3 В етіп орнатыңыз.

1.2.3 Төртұштықты бос жүріс режимін зерттеңіз. Ол үшін 2-2' шығыс қысқыштарын ашыңыз, (EWB қосымшасында жұмыс жасаған жағдайда R2

кедергісінің шамасын 1 МОмға тең етіп қойыңыз) және төртұштықтың кірісіндегі I1 ток пен шығысындағы U2 кернеудің әсерлік мәндерін өлшеңіз, сонымен қатар 𝜑𝑈̇2 шығыс кернеудің және 𝜑𝐼̇1 токтың фазаларымен бірге T2T1 уақыт ығысуларын анықтау қажет. Өлшеу нәтижелерін 1.2 -кестеге жазу.

1.2.4 Төртұштықты қысқа тұйықталу режимін зерттеңіз. Ол үшін 2-2' шығыс қысқыштарын жабыңыз, (EWB қосымшасында жұмыс жасаған жағдайда R2 кедергісінің шамасын 0.1 Омға тең етіп қойыңыз) және төртұштықтың кірісіндегі I1 ток пен шығысындағы I2 токтың әсерлік мәндерін өлшеңіз, сонымен қатар 𝜑𝐼̇

1 кірістегі ток пен 𝜑𝐼̇2 шығыстағы токтың фазалары мен бірге T2T1 уақыт ығысуларын анықтау керек . Өлшеу нәтижелерін 1.2 - кестеге жазу.

1.2.5 Төртұштықты келісілген жүктеме режимінде зерттеңіз. Ол үшін T- немесе П- тәрізді орынбасу сұлбасындағы төртұштықтың Z1 және Z2 нақты көрсеткіштері арқылы симметриялы төртұштықтың сипаттамлық кедергісін есептеу керек. 2-2' қысқыштарына Z2 = ZC сипаттамлық кедергісіне тең жүктеме кедергісін қосыңыз. U2 шығысындағы кернеудің әсерлік мәндерін, және төртұштықтың I1 кірісіндегі, I2 шығысындағы токтарды сонымен қатар 𝜑𝑈̇2 шығыс кернеудің фазасын, 𝜑𝐼̇1 кірістегі ток пен 𝜑𝐼̇2 шығыстағы токтың фазалары мен бірге T2T1 уақыт ығысуларын анықтау керек. 𝜑𝐼̇2. Өлшеу нәтижелерін 1.2-кестеге жазу.

1.6 сурет – Төртұштықты зерттеу сұлбасы. 𝑈̇2кернеудің бастапқы фазасын өлшеу

(8)

1.7 сурет – Төртұштықты зерттеу сұлбасы. 𝐼̇1 токтың бастапқы фазасын өлшеу

1.8 сурет – Төртұштықты зерттеу сұлбасы. 𝐼̇2 токтың бастапқы фазасын өлшеу

1.2 кесте – Өлшеу нәтижелері

Төртұштықтың жұмыс режимдері

U1 = 3 В; Z1 = jXL = , Ом; Z2 = –jXC = , Ом;

U2, В T2мкс T1, 𝜑𝑈̇2,

град I1, мА 𝜑𝐼̇1, град

T2T1,

мкс I2, мА T2мксT1, 𝜑𝐼̇2, град 2-2' қысқыштарындағы

бос жүріс

(EWB үшін R2 = 1 МОм)

0

2-2' қысқыштарындағы қысқа тұйықталу (үшін EWB R2 = 0,1 Ом)

0 Клісілген жүктеме

Z2 = ZC

(9)

1.3 Жұмыстың нәтижелерін өңдеу және безендіру

1.3.1 Zбж бос жүріс және Zқт қысқа тұйықталу үшін жалпы кедергілерді (комплексные сопротивления) , сонымен қатар, симметриялы төртұштықтың T- немесе П-тәрізді алмастыру сұлбасына А11, А12, А21, А22 коэффициенттерін Z1 және Z2 нақты параметірлердің мәнімен есептеу (1.2 кесте).

1.3.2 Бос жүріс және қысқа тұйықталуға жасалған тәжірибе нәтижелерімен бос жүріс Zбж және қысқа тұйықталудағы Zқт жалпы кедергілерді есептеу:

𝑍хх = 𝑈̇1

𝐼̇1хх; 𝑍кз = 𝑈̇1

𝐼̇1кз; 𝑍𝐶 = 𝑈̇1 𝐼̇1согл.нагр.

.

1.3.3 Бос жүріс және қысқа тұйықталуға жасалған тәжірибе нәтижесін пайдаланып төртұштықтың коэффициенттерін А11, А12, А21, А22 есептеу:

𝐴11 = 𝑈̇1

𝑈̇2хх; 𝐴12 = 𝑈̇1

𝐼̇2кз; 𝐴21 = 𝐼̇1хх

𝑈̇2хх; 𝐴22 = 𝐼̇1кз 𝐼̇2кз.

Алынған нәтижелерді 1.3.1 бөлімде алынған төртұштықтың коэффицентерімен салыстыру керек. Теңдіктің орындалуын тексеру:

А11 = А

22; ∆ = А

11А

22А

21А

12 = 1.

1.3.4 Төртұштықтың сипаттамалық кедергісін ZC және беріліс тұрақтысын Г , әлсіреу тұрақтысын a, сонымен қатар, фаза коэффициентін b есептеу керек.

1.3.5 Жасалған жұмысқа қорытынды жасау :

− симметриялы төртұштықтың А11, А12, А21, А22 коэффициенттерін анықтау үшшін қандай тәжірибе жасау қажет;

− симметриялы төртұштықтың А11, А12, А21, А22 коэффициенттерін байланыстыратын қатынастар қандай дәлдікпен орындалады ;

− келісілген жүктеме режимінде жалпы кедергілердің Zкір = Zж = ZC

теңдеуі қандай дәлдікпен орындалады;

− Әлсіреу коэффициентінің а есептелген мәнін пайдаланып төртұштықтың кірісіндегі және шығысындығы токтар мен кернеулердің әрекет өлшемдерін салыстыру қажет.

1.1 Әдістемелік нұсқау

1.1.1 Шығыс кернеудің𝜑𝑈̇2және токтардың 𝜑𝐼̇1,𝜑𝐼̇2 бастапқы фазалары нөлге тең деп алынған, кірістегі кернеудің бастапқы фазасына қатысты екіканалды осциллографтың көмегімен өлшенеді. Сол себепті, канал 1 (канал A) барлық тәжірибелерде кіріс кернеуге қосылған 𝑈̇1, 1 нүкте сұлбада, 1.6 - 1.8 суреттерде.

1.1.2 Шығыс кернеудің 𝜑𝑈̇2 бастапқы фазасын өлшеу үшін осциллографтың 2 каналы шығыс кернеуге қосылады (канал B) (сұлбада, суретте 1.6 2 нүктеге). Осциллогрофтан алынған кернеулердің u1(t) және u2(t) қисығынан осы кернеулердің бастапқы фазаларының ығысуына сәйкес келетін, T2T1 уақыт ығысуын анықтайды. Егерде T2 T1-ге қатысты солға ығысқан

(10)

болса, T2T1 уақыт ығысу минус таңбасымен алынады. Өлшеніп алынған уақыт бойымен ығысуға сәйкес келетін бастапқы фаза, мына формуламен анықталады:

𝜑 = −360°⋅ 𝑓 ⋅ (𝑇2– 𝑇1).

1.9 сурет – Зертханада стендте осциллографтың көмегімен уақыт бойымен ығысуды өлшеу

1.1.3 Зертханалық жұмысты зертханада стендте орындаған жағдайда, T2

T1 уақыт ығысу өлшемін осциллографтың уақыт осі бойындағы масштабының көмегімен есептейді. Есепті шығару барысында қажет болған жағдайда «SWP.VAR» басқарғышты (регулятор) оңға қатты бұру керек . Бөліктің мәні (тор көздің ені) ажыратқыштың (переключатель) орналасуымен анықталады «TIME/DIV». 1.9-суретте осы басқарғыштың орналасуы (регулятор) 50 мкс/дел белгісіне сәйкес келеді, яғни әр тор көздің ені 50 мкс тең, ал кіші бөліктер мәні бес есе аз және 10 мкс тең болады. Осы мысалда уақыт ығысу сегіз кіші бөлікке тең болып тұр, яғни 𝑇2– 𝑇1 = −80 мкс. Тура осы тәсілмен уақыт ығысуды қалған тәжірибелерде өлшейміз, ол жерде u2(t) орнына i1(t) және i2(t) токтарына пропорционалды кернеу қисықтары болады.

1.1.4 Зертханалық жұмысты EWB бағдарламасында жасаған жағдайда 1 каналды (канал A) қосатын сымды кіріс кернеуге 𝑈̇1, параметірде қызыл түс таңдау керек, осы жағдайда кіріс кернеудің қисығы осциллограф экранында қызыл түске боялады. 2 (канал B) каналды қосу сымына параметрде көк түсті таңдау керек, осы жағдайда сәйкес қисық осциллограф экранында көк түске боялады. T2T1 уақыт ығысу өлшемін зертханадағы осциллографпен анықтағандай табады, 1.10-суретте көрсетілгендей. T2T1 өлшемін осциллографтың үшінші терезесінен көреміз.

(11)

1.10 сурет – Осциллографтың көмегімен EWB бағдарламасында уақыт T2T1

бойымен ығысуды өлшеу

1.1.5 Токтардың бастапқы фазаларын өлшеу үшін токты кернеуге айналдыру әдісі қолданылады, ол үшін өлшенетін ток тізбегіне аз ғана кедергісі бар резисторды қосамыз . Берілген зертханалық жұмыста осы резистор ретінде амперметірдің ішкі кедергісі қолданылады.

i1(t) токты кернеуге айналдыру үшін 1" және 1' нүктелер арасын қосатын амперметірдің ішкі кедергісі қолданылады. Осциллографтың 2 каналын (канал B) осы кедергіге параллель қосады, яғни 1" нүктеге (1.7 сурет).

i2(t) токты кернеуге айналдыру үшін 2' және 2" нүктелер арасын қосатын амперметірдің ішкі кедергісі қолданылады. Осциллографтың 2 каналын (канал B) осы кедергіге параллель қосады, яғни 2' нүктеге. i2(t) токтың кіріс кернеуге қатысты T2T1 уақыт ығысуын өлшеу барысында, 1" және 1' нүктелер арасындағы I1 токты өлшейтін амперметірді тізбектен алып тастау керек (1.8 сурет).

2 Зертханалық жұмыс №2. «К» типті пассивті сүзгіні зерттеу

Жұмыстың мақсаты: «К» типті қарапайым төменгі жиілікті (ТЖС) және жоғарғы жиілікті (ФЖС) сүзгілер үшін a(f) сөну коэффициенті мен b(f) фазалық коэффициенттің жиіліктік сипаттамасын зерттеу.

2.1 Жұмысқа дайындық

«Жиіліктік электрлік сүзгі» бөлімін қайталау.

Сұрақтарға жауап беру және келесі тапсырмаларды орындау:

1) К-типті сүзгілердің ерекшеліктері неде?

2) К-типті сүзгінің кемшіліктерімен негізгі артықшылықтарын атаңыз?

3) Төменгі жиілікті сүзгі (ТЖС), жоғары жиілікті сүзгі (ЖЖС), жолақты сүзгі (ЖС) және бөгеуіш сүзгілерге (БС) түсініктеме беріңіз.

(12)

4) Сүзгінің екінші ретті көрсеткіштеріне анықтама беріңіз. Олар қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

5) Сүзгінің өтукізу жолағы мен тоқтау жолағы дегеніміз не?

6) Сүзгінің келісілген жүктеме режимі дегеніміз не және оның артықшылығы неде?

7) ЖЖС және ТЖС үшін П-типті және Т-типті орын басу сұлбаларын келтіріңіз?

8) ЖЖС, ТЖС, ЖС және БС үшін a(f) сөну коэффициенті мен b(f) фазалық коэффициенттің жиіліктік тәуелділік сызбасын келтіріңіз.

9) Резонанстық тербелмелі LC-контурындағы ЖЖС және ТЖС үшін

сипаттамлық кедергі мен fқим қима жиілігінің есептелу формуласын көретіңіз.

2.1 кесте – Нұсқа бойынша бастапқы көрсеткіштер Нұсқа № Сүзгінің

түрлері

Сүзгінің

сұлбасы L, мГн C, мкФ

1 ТЖС Т-сұлба 20 1,0

2 ЖЖС Т- сұлба 15 0,5

3 ТЖС П- сұлба 5 1,25

4 ЖЖС П- сұлба 30 0,25

5 ТЖС Т- сұлба 50 0,25

6 ЖЖС Т- сұлба 70 0,75

7 ТЖС П- сұлба 7 1,25

8 ЖЖС П- сұлба 30 0,5

Сүзгі сұлбаларының нұсқасы

2.1 сурет – ТЖС, Т-сұлба 2.2 сурет– ТЖС, П-сұлба

(13)

2.3 сурет – ЖЖС, Т- сұлба 2.4 сурет – ЖЖС, П-сұлба 2.2 Жұмыстың орындалу реті

2.2.1 Стендте зертханалық жұмысты орындау кезінде нұсқаға сәйкес конденсатор мен индуктивті катушканың элементтерін таңдап алу қажет. Ом заңын пайдаланып f = 1000 Гц жиілікте олардың нақты кедергісін, 2.5- суреттегі тізбекке сәйкес ток пен кернеудің өлшенген мәндерін есептеңіз. Көздің кернеуінің әсерлік мәнін 3-5В аралығында орнату керек.

2.5 сурет – Қарсылықты өлшеудің нақты тізбегі

Әрі қарай, формулалар көмегімен катушка индуктивтілігінің және конденсатордың сыйымдылығының нақты мәндерін есептеңіз.

𝐿 = 𝑋𝐿

2𝜋𝑓 және 𝐶 = 1 𝑋𝐶 ⋅ 2𝜋𝑓 .

2.2.2 Берілген сүзгінің T- немес П-тәріздес орын басу сұлбасын салыңыз, нұсқаға сәйкес резонанстық тербелмелі LC-контурындағы

сипаттамлық кедергі мен fқим қима жиілігін есептеңіз. Сүзгінің L және C сонымен қатар есептелген fқим мен

мәндерін 2.2-кестеге жазыңыз. П-тәріздес сұлба үшін 𝑅н = 2𝜌, ал Т-тәріздес сұлба үшін 𝑅н = 𝜌

2 мәндерін орнатқан жөн.

2.2.3 Тізбекті жинаңыз (2.6 сурет) кіріс кернеуінің әсерлік мәнін Uкір = 3 В та орнатыңыз, нұсқаға сәйкес L катушка индуктивтілігінің, C конденсатордың, және Rж жүктеменің кедергісінің мәнін қойыңыз.

Осциллографқа V1 және V2 вольтметрлерді жалғаңыз. Стендте зертханалық жұмысты жасау жағдайында қорек көзі ретінде дыбыстық генератор жиілігін (ДГ) немесе функционалды генераторды пайдаланмыз. V1 вольтметріндегі

(14)

генератордың кернеу мөлшерін бақылау және оны бүкіл тәжірибе кезінде жиіліктің өзгеруінің барлық диапозонында өзгеріссіз ұстау.

2.6 сурет – Электр сүзгісін зерттеу сұлбасы

2.2.4 Генератордың f жиілігін 0,1·fқим. дан fқим. ға дейін және одан әрі 3·fқим- ға дейін өзгертіп (5-6 нүкте аралығында), сүзгінің шығысындағы U2 кернеудің әсерлік мәнін өлшеп, сонымен қатар сүзгінің кірісіндегі U1 кернеуге қатысты Т2 –. Т1 уақытқа байлансты бастапқы фазалық ығысуды анықтау. Өлшеу нәтижелерін 2.2 - кестеге жазу.

2.2 кесте – Өлшеу нәтижелері

Uкір. = 3 В; L = мГн; C = мкФ; fқим. = Гц;

= Ом; Rн = Ом f, Гц U2, В T2T1, мс a, Нп b, град 0,1·fқим.

···

fқим.

···

fқим.

2.3 Жұмысты безендіру және нәтижелерін талдау

2.3.1 Сүзгінің a(f) өшу коэффициенті мен b(f) фазалық коэффициентінің жиілікке тәуелділігін есептеу. Есептеу нәтижелері 2.2-кестеге жазылады.

2.3.2 Екі режим үшін сүзгінің a(f) өшу коэффициентінің жиілікке тәуелділік сызбасын бір суретке салу, идеалды келісілген жүктеме режимі үшін 2.3 немес 2.4-кестедегі мәндер бойынша, ал реалды келісілген жүктеме режимі үшін тәжірибе бойынша жасалған 2.2-кестедегі мәндері алынады.

2.3.3 5.3.2 тармақтағы режимдер үшін бір суретте 2.3 немесе 2.4 -

(15)

2.3.4 Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау: сүзгінің a(f) өшу коэффициентінің жиілікке тәуелділігінің сызбасын иделады келісілген жүктеме жағдайында және сүзгінің өткізу қабілеттілігінің барлық диапозонында реалды келісілмеген жүктеме жағдайында салыстырыңыз.

2.3 кесте – Идеалды келісілген жүктеме жағдайындағы төменгі жиілікті сүзгінің b(f) фазалық және a(f) өшу коэффициенттерінің тәуелділіктері

ТЖС 𝑓

𝑓ким. 0,2 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1,0 1,1 1,2 a, Нп 0 0 0 0 0 0 0 0 0,90 1,26 b, град 23 47 60 74 90 106 130 180 180 180 ТЖС 𝑓

𝑓ким. 1,3 1,5 1,6 2,0 3,0 4,0 a, Нп 1,52 1,94 2,30 2,74 3,60 4,16 b, град 180 180 180 180 180 180

2.4 кесте– Идеалды келісілген жүктеме жағдайындағы жоғарғы жиілікті сүзгінің b(f) фазалық және a(f) өшу коэффициенттерінің тәуелділіктері

ЖЖС f/f0 0,25 0,5 0,67 0,83 0,9 1 1,25 1,43 1,67 2 2,5 5 a, Нп 4,1 2,74 1,94 1,26 0,9 0 0 0 0 0 0 0 b, град –180 –180 –180 –180 –180 –180 –106 –90 –74 –60 –47 –23 2.4 Әдістемелік нұсқау

2.4.1 2.1 және 2.2-суреттерде көрсетілген сұлбаның ТЖС үшін қима жиілігін есептеу формуласы:

𝜔қим. = 2

√𝐿𝐶 және 𝑓қим. =𝜔қим.

2𝜋 = 1 𝜋√𝐿𝐶 .

2.3 және 2.4 -суреттерде көрсетілген сұлбаның ЖЖС үшін қима жиілігін есептеу формуласы:

𝜔қим. = 1

2√𝐿𝐶 және 𝑓қим. =𝜔қим.

2𝜋 = 1

4𝜋√𝐿𝐶 .

2.4.2 LC-контура тербелмелі контурындағы

сипаттамалық кедергінің формуласы:

𝜌 = √𝐿 𝐶

2.4.3 a өшу коэффиуиенті төменгі формуламен анықталады:

𝑎 = ln𝑈1 𝑈2.

2.4.4 Сүзгінің b фазалық коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

𝑏 = 𝜑𝑈1 − 𝜑𝑈2 = 360° ∙ (𝑇2− 𝑇1) ∙ 𝑓,

(16)

мұндағы 𝜑𝑈1, 𝜑𝑈2 – кіріс және шығыс кернеулерінің бастапқы фазалары.

2.4.5 Шығыс кернеуінің 𝜑𝑈̇2 бастапқы фазалары нөлге тең етіп қабылданған 𝜑𝑈̇1 кіріс кернеуінің бастапқы фазасына қатысты екіканалды осциллограф көмегімен өлшенеді. Сол себепті 1-ші канал (А каналы) 𝑈̇1 кіріс кернеуіне қосылады, 2.6-сурет сұлбасындағы 1ші нүкте, ал осциоллографтың 2-ші каналы (В каналы) шығыс кергеуіне қосылады, 2.6-сурет сұлбасындағы 2- ші нүкте. Осциоллографтағы u1(t) және u2(t) кернеу қисықтарынан осы кернеулердің бастапқы фазаларының ығысуына қатысты T2T1 уақытқа қатысты ығысуды анықтайды. Егер T2 T1-ге қатысты солға жылжитын болса, онда T2T1 уақыттың ығысуы теріс таңбамен алынады. Бастапқы фаза өлшенген уақыт ығысуына сәйкес келесі формуламен анықталады:

𝜑 = −360°⋅ 𝑓 ⋅ (𝑇2– 𝑇1).

Зертханадағы стендта зертханалық жұмыстарды орындау жағдайында, уақыт осьі бойымен осциллограф шкаласының көмегімен T2T1 уақыт ығысуының шамасын есептеуге болады. Егер есептеулер жүргізу қажет болса

«SWP.VAR» реттеуіші тоқтағанша оңға бұру керек. Бөлу мәні (ұяшықтың ені)

«TIME/DIV» қосқышының орналасуымен анықталады. 2.7-суретте бұл реттеуіштің орыны 50 мкс/дел сәйкес келеді, ал бір ұяшықтың ені 50 мкс тең, ал ұсақ бөліктердің бағасы бес есе аз және ол 10 мкс-қа тең. Бұл мысалда уақыт ығысуы сегіз ұсақ бөліктерге тең, яғни 𝑇2– 𝑇1 = −80 мкс.

2.7 сурет – Зертханадағы стендтан T2T1 уақыт ығысуын осциллограф көмегімен өлшеу

Зертханалық жұмыстарды EWB қосымшасында орындау жағдайында, 1- ші каналға (А канал) қосатын 𝑈̇1 кіріс кернеуінің сымына оның қасиеттері бойынша қызыл түсті таңдап алу керек, бұл жағдайда осциллограф экранындағы кіріс кернеуінің қисығы қызыл түске боялады. 2-ші каналды (В канал) қосуға арналған сым үшін көк түстерді таңдаңыз бұл жағдайда осциллограф экранындағы шығыс кернеуінің қисығы көк түске боялады. T2

(17)

яғни 2.8- суретте көрсетілгендей анықтайды. T2T1 шамасын осциллографтың үшінші терезесінде есептейді.

2.6 сурет – EWB қосымшасында осциллограф көмегімен T2T1 уақыт ығысуын өлшеу

3 Зертханалық жұмыс № 3 Біртекті шығынды желіні әртүрлі режимде зерттеу

Жұмыстың мақсаты: біртекті ұзын желілерді әртүрлі режимдерде зерттеу жолдарын қарастыру

3.1 Жұмысқа дайындық

ЭТН2 курсынан «Таратылған көрсеткіштері бар тізбектерде орнатылған режимдер» бөлімін қайталау.

Сұрақтарға жауап беріп және келесі тапсырмаларды орындау:

1) Желінің біріншілік көрсеткіштері деп қандай шамаларды атайды?

2) Қандай желілер біртекті деп атайды?

3) Z0 және Y0.есептеу үшін теңдеулерін жазыңыз.

4) Желінің екіншілік көрсеткіштері деп қандай шамаларды атайды?

5) ZТ толқындық кедергі және тарату коэффициентін есептеу теңдеулерін жазыңыз.

6) Біртекті желінің гиперболикалық функциялары бар теңдеулерін жазыңыз.

7) Біртекті желінің кіріс кедергісін қалай есептейді?

8) Біртекті желінің келісілген жүктемесі дегеніміз не?

9) Біртекті желінің басындағы Р1 активті қуатты, Р2 желінің соңында қуатты және ПӘК қалай есептеуге болады?

10) Берілген нұсқаға сәйкес, біртекті шығынды желінің Т-тәріздес орын басу сұлбасының R1, L1, C2, R2, ZТ көрсеткіштерін есептеу (6.1 кесте). Есептеу теңдеулері осы жұмыстың әдістемелік нұсқауында көрсетілген.

Біртекті ұзын желіндегі әртүрлі кезеңдерді зерттеу үшін EWB қосымшасында желі симметриялық төртұштық сияқты қарастырылады, симметриялық Т-тәріздес сұлбасы жинастырылған.

(18)

3.1 кесте – Нұсқа бойынша көрсеткіштер

Нұсқа

U1, кВ

,

км |𝑘1| |𝑘2| 𝑅0, Ом

км 𝐿0⋅ 10−3  Гн км

𝐺0

⋅ 10−6См

км

С0

⋅ 10−9Ф

км

Rж, Ом

1 400 700 1,043 0,927 0,07 1,0 0,2 9,0 450 2 500 800 1,056 0,899 0,09 1,2 0,08 8,3 400 3 110 1000 1,11 0,815 0,1 1,3 0,3 9,5 500 4 220 900 1,089 0,845 0,08 1,4 0,06 8,8 470 5 330 1100 1,16 0,753 0,06 1,35 0,1 10 550

3.2 EWB қосымшасында жұмыстың орындалу реті 3.2.1 Сұлба бойынша электр тізбегін жинау (3.1 сурет)

3.2.2 Нұсқаға сәйкес генераторға желінің басындағы U1 кернеудің әсерлік мәнін, жиілігін f = 50 Гц және біртекті шығынды желінің Т-тәріздес орын басу сұлбасының R1, L1, C2, R2, көрсеткіштерін есептелінген мәндерін орнату қажет.

3.2.3 Біртекті желінің келісілген жүктеме режимін зерттеу. Rж = ZТ

жіктеме кедергісінің мәнін беру.

3.2.4 Желінің соңындағы кернеудің әсерлік мәнін U2, желінің басындағы I1 токты және соңындағы I2 токтардың әсерлік мәндерін өлшеу. Желінің соңындағы кернеудің бастапқы фазасын 𝜑𝑈̇2, желінің басындағы 𝜑𝐼̇1 және соңындағы 𝜑𝐼̇2 токтардың фазаларын өлшеу. Осы режимдегі өлшеу нәтижесін 3.2-кестеге енгізу.

3.1 сурет – Зерттелінетін тізбек сұлбасы

3.2.5 Біртекті желінің ерікті жүктеме режимін зерттеу. Нұсқаға сәйкес Rж жүктеме кедергісінің мәнін орнату.

3.2.6 Желінің соңындағы кернеудің әсерлік мәнін U , желінің басындағы

(19)

соңындағы кернеудің 𝜑𝑈̇2, желінің басындағы 𝜑𝐼̇1 және соңындағы 𝜑𝐼̇2 токтардың бастапқы фазаларын өлшеу. Осы режимдегі өлшеу нәтижесін 3.2- кестеге енгізу.

3.2.7 Біртекті желінің бос жүріс режимін зерттеу. Rж жүктеме кедергісін ажыратыңыз, желінің шығыс қысқыштарын ашық қалтырыңыз.

3.2.8 Желінің соңындағы кернеудің әсерлік мәнін U2, желінің басындағы I1 токтың мәндерін өлшеу. Желінің соңындағы ток I2 = 0. Желінің соңындағы кернеудің 𝜑𝑈̇2 және желінің басындағы токтың 𝜑𝐼̇1 бастапқы өлшеу. Осы режимдегі өлшеу нәтижесін 3.2-кестеге енгізу.

3.2.9 Біртекті желінің қысқа тұйықталу режимін зерттеу. Rж жүктеме кедергісін ажыратыңыз, желінің шығыс қысқыштарын жабық қалтырыңыз.

3.2.10 Желінің басындағы I1 токтың және желінің I2 соңындағы токтың әсерлік мәндерін өлшеу. Желінің соңындағы кернеу U2 = 0. Желінің басындағы 𝜑𝐼̇1 және соңындағы 𝜑𝐼̇2 токтардың бастапқы фазаларын өлшеу. Осы режимдегі өлшеу нәтижесін 3.2-кестеге енгізу.

3.2 кесте – Тәжірибелік мәліметтерге негізделген өлшеулер мен есептеулердің нәтижесі

Желінің жұмыс режимдері

U1, кВ

U2, кВ

Т2Т1, мс

𝜑𝑈̇2, град

I1, мA

Т2Т1, мс

𝜑𝐼̇1, град

I2, мA

Т2Т1, мс

𝜑𝐼̇2, град Келісілген

жүктеме Rж = ZТ Ерікті жүктеме

Rн = , Ом

Бос жүріс 0 – –

Қысқа

тұйықталу 0 – –

3.3 Жұмыстың нәтижесін өңдеу және безендіру

3.3.1 Қарастырылған режимдер үшін желінің соңындағы кернеудің 𝜑𝑈̇2, желінің басындағы 𝜑𝐼̇1 және соңындағы 𝜑𝐼̇2 токтардың бастапқы фазаларын есептеу. Есептеу нәтижелерін 3.2-кестеге сәйкес жолдарға жазыңыз.

3.3.2 3.3-кестеге барлық режимдер үшін зерттелінген және есептелінген 𝑈̇1 және 𝑈̇2 кернеулермен, 𝐼̇1 және 𝐼̇2 токтардың кешенді әсерлік мәндерін жазыңыз.

3.3.3 Тәжірибелік мәндерге сүйене отырып барлық зерттелінген режимдер үшін желінің кіріс кедергісін Z1кір, Р1, Р2 активті қуаттарын және

ПӘК-ін есептеңіз. Нәтижесін 3.3-кестеге жазыңыз.

3.3.4 Алынған нәтижелерді талдаңыз. Атқарылған жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.

(20)

3.3 кесте – Тәжірибеде алынған мәліметтер негізінде есептеу нәтижелері Желінің жұмыс

режимдері 𝑈̇1, кВ 𝐼̇1, А Z1вх, Ом

P1,

кВт 𝑈̇2, кВ 𝐼̇2, А P2, кВт

КПД

, % Келісілген жүктеме

Rж = ZТ Ерікті жүктеме

Rн = , Ом Бос жүріс Rж = ∞ Қысқа тұйықталу

Rж = 0

3.4 Әдістемелік нұсқау

EWB қосымшасында шығынды біртекті желіні әртүрлі режимдерде зерттеу үшін, желіні эквивалентті симметриялы төртұштықпен ауыстырады, жиналған Т-тәріздес сұлба 3.2-суретте көрсетілген.

3.2 сурет – Шығынды біртекті желінің Т- тәріздес орынбасу сұлбасы Орынбасу сұлбасының көрсеткіштерін келесідей теңдеулермен есептейді:

𝑍1 = 𝑍0𝑙𝑘1 = (𝑅0+ 𝑗𝜔𝐿0)𝑙𝑘1 = 𝑅1+ 𝑗𝜔𝐿1; {𝑅1 = 𝑅0𝑙|𝑘1|

𝐿1 = 𝐿0𝑙|𝑘1| ;

𝑌2 = 𝑌0𝑙𝑘2 = (𝐺0+ 𝑗𝜔𝐶0)𝑙𝑘2 = 𝐺2+ 𝑗𝜔𝐶2; {𝐺2 = 𝐺0𝑙|𝑘2|; 𝑅2 = 1

𝐺2 𝐶2 = 𝐶0𝑙|𝑘2|

,

мұнда 𝑅0, 𝐿0, 𝐺0, 𝐶0 – біртекті желінің біріншілік параметрлері;

𝑙 – желінің ұзындығы;

кешенді коэффициенттер, параметрлерді жеткілікті дәлдікпен есептеулер үшін |𝑘1| және|𝑘2| олардың модульдерін пайдалануға болады.

Біртекті желінің ZТ толқындық кедергісін және  тарату коэффициентін

( )

l l k sh l

lsh l k ch

=

= 2

1 2 1 ,

(21)

𝑍̱В = √𝑍̱0

𝑌̱0 = √𝑅0+𝑗𝜔⋅𝐿0

𝐺0+𝑗𝜔⋅𝐶0 = 𝑧В ⋅ 𝑒𝑗𝜃 және 𝛾 = √(𝑅0+ 𝑗𝜔𝐿0)(𝐺0+ 𝑗𝜔𝐶0) . Төртұшты желінің кірісі мен шығысындағы кернеулер мен токтардың бастапқы фазаларын өлшеуге арналған әдістемелік нұсқаулар №1 зертханалық жұмысқа арналған сипаттамады келтірілген.

4 Зертханалық жұмыс № 4. Біртекті шығынсыз желідегі әртүрлі режимдерді зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Біртекті шығынсыз желілердегі әртүрлі режимдерді тәжірибелі зерттей білу.

4.1 Жұмысқа дайындық

ЭТН 2 курсының «Таратылған параметірлері бар тізбектердегі қалыптасқан режимдер» бөлімін қайталау.

Келесі сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды орындау:

1) Қандай желі шығынсыз желі деп аталады?

2) Біртекті шығынсыз желі үшін таралу коэффициентінің  және толқындық кедергінің ZТ есептік теңдеуін жазыңыз.

3) Біртекті шығынсыз желі теңдеулерін желінің басы мен соңындығы мәндермен жазу .

4) Біртекті шығынсыз желінің кіріс кедергісін бос жүріс, қысқа тұйықталу және жүктемелік режимдерінде қалай есептейміз?

5) Шығынсыз желі қысқа тұйықталғанда және тұйықталмағанда кіріс кедергісінің сипаттамасы қандай болады? Неден тәуелді?

6) Қысқа тұйықталған шығынсыз желіден идиалды изольятор қалай жасауға болады?

7) Шығынсыз желінің кандай режимдерінде тұрақталған толқындар пайда болады?

8) Толқындық кедергіні ZТ, толқын ұзындығын λ, k1 және k2

коэффициенттерін және шығынсыз желінің П-тәрізді орын басу сұлбасының L1

және C2 параметірлерін нұсқа бойынша есептеу керек (7.1 кесте). Алынған нәтижелерді 7.2-кестеге енгізу керек. Есептеуге қажетті формулалар осы жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген.

9) Желінің басындағы 𝐼̇1 токтардың және соңындағы 𝐼̇2 токтар мен кернеулердің 𝑈̇2 теориялық комплексті әрекет мәндерін, желінің кіріс кедергісін Z1кір., активті қуаттарын Р1, Р2 сонымен қатар ПӘК η барлық зерттелетін режимдер үшін есептеу керек. Нәтижелерді 4.4-кестенің

«теориялық есептеу» деген бөлігіне енгіземіз.

(22)

4.1 кесте – Берілген бастапқы нұсқалар Нұсқа №

U1, B f, Гц , м L0 , мкГн

м C0 , пфм Rн, Ом

1 10 108 0,375 1,57 7,1 800

2 15 108 0,5 1,67 6,67 1000

3 20 107 3,75 2,0 5,57 200

4 12 109 0,1 2,5 4,46 400

5 18 108 0,25 1,57 7,1 700

6 25 107 2,5 2,0 5,57 300

4.2 кесте – Берілген нұсқалар, орын алмасу сұлбасының коэффициенттері және параметірлері

U1, B f, Гц , м L0, мкГнм C0 пф

м ZВ, Ом k1 k2 L1, мкГн

С2,

пФ , м

EWB бағдарламасында біртекті шығынсыз ұзын желіні зерттеу үшін желіні эквиваленттік симметриялы төртұштықпен алмастырамыз.

4.2 EWB бағдарламасында жұмысты орындау реті 4.2.1 Электрлік тізбекті жинау (4.1 сурет).

4.2.2 Генераторға нұсқаға сәйкес желінің басындығы кернеудің U1 әрекет мәнін, жиілікті f және П-тәрізді біртекті шығынсыз желінің орын алмасу сұлбасының L1 және C2 параметірлерінің есептелген мәндерін орнату керек.

4.1 сурет – Зерттелетін тізбектің сұлбасы

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Талдамалық есеп "халықаралық рейтингтер (ЭЫДҰ, БҰҰ және басқалар) негізінде ұлттық және өңірлік ауқымда қоғамдық игілік деңгейін талдау бойынша

Оқу мақсаты: 8.5.3.1 Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауына байланысты берілген есептерді талдау және шешу1. Сабақтың мақсаты:

1. Компьютермен жұмыс жасау кезінде бұл экранда болады және дербес компьютерлер үшін қазіргі операциялық жүйенің атауында негіз.. в) иілгіш

Бастапқы білім Ондық бөлшек, ондық бөлшектің жазылуы және оқылуы, разрядтары бойынша сандарды жіктеу, ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдыру,

Бұл мақалада ЖСФ, БГГ және ЖЕҮ алгоритмдерінің қайсысы деректер жиынындағы барлық фотосуреттерді тану үшін айтарлықтай және тез нәтиже беретінін табу үшін жұмыс жүргізілген.. Бұл

1 СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ «6В06201– Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының барлық оқу бөлімінің студенттері үшін зертханалық

Олардың кӛмегімен барлық баптауларды бастапқы күйіне келтіруге және жаңадан орнатылған «таза» Windows-ты алуға болады; - жүйенің бақылау нүктелері – жүйеге қандай да бір ӛзгерістер

Уақыт 2мин,3 мин,4 мин Тапсырма: Нүктелер арқылы машина жолының бастапқы және соңғы орнын белгіле, Жол соңына машинаның суретін салу .Дескриптор: Машинаның бастапқы және соңғы бөлігін