Получена: 18 ноября 2016 / Принята: 13 декабря 2016 / Опубликована online: 30 декабря 2016
УДК 616.-006.07-084 574.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ ЕҢБЕК ЕТУ ЖАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ОНКОЛОГИЯЛЫҚ СКРИНИНГТІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
ЖҮЙЕЛІ ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Мырзатай А. Булешов 1,2, http://orcid.org/0000-0002-7472-1703 Карлыгаш Н. Тажибаева 2, http://orcid.org/0000-0003-4947-17 Айжан М. Булешова 1, http://orcid.org/0000-0001-9705-1119
Aндрей М. Гржибовский 2-5,http://orcid.org/0000-0002-5464-0498
1 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Шымкент қ., Қазақстан;
2 Х.А. Ясави ат. Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті, Туркістан қ., Қазақстан;
3 Қоғамдық Денсаулық сақтау Ұлттық Институты, Осло қ., Норвегия;
4 Солтүстік Мемлекеттік Медициналық Университеті, Архангельск қ., Ресей;
5 Солтүстік-Шығыс Федералдық университеті, Якутск қ., Ресей.
Түйіндеме
Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агентігінің мәліметі бойынша қатерлі ісіктен 14,1 миллион аурудың жаңа жағдайлары мен 8,2 миллион өлім-жітімі анықталған. 2012 жылы дүние жүзі бойынша қатерлі ісіктердің ішінен жиі кездескен диагноздары: өкпе обыры (1,82 млн), сүт безі (1,7 млн), тік ішек қатерлі ісігі (1.36 млн) болған. Қатерлі ісіктен болған өлімнің ең көп тараған түрлері өкпе обыры (1,6 миллион өлім), бауыр обыры (752,000 өлім-жітім) және асқазан обыры (723,000 өлім) болғаны анықталды. Қатерлі ісіктерді уақтылы және ерте диагностикалауға, емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға және пациенттердің өмір сүру деңгейінің артуына әкелетін ең тиімді жол онкологиялық скрининг болып отыр. Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта скринингтік бағдарламалар көзбен көріп анықтайтын қатерлі ісіктерге бағытталған.
Олардың қатарында – сүт безі, жатыр мойны және тік ішек қатерлі ісігі бар. Соңғы 2-жылда пилоттық түрде онкологиялық скрининг қатерлі ісіктің мына түрлерін қамтуда; өңеш, асқазан, қуық асты безі және бауырдың гепатоцеллюлярлы қатерлі ісігі. Көптеген жүргізілген зерттеулерге қарамастан қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау әліде болса өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы 10-жылда жүргізілген зерттеулерде онкологиялық скринигтің тиімділігін анықтау мақсатында онкоскринигтің тиімді әсерімен кемшілік тұстары зерттелінді. Жүргізілген онкологиялық скринингтердің жетістіктеріне, кемшіліктеріне, пациенттердің жас айырмашылығына, зеріттеушілер берген ұсыныстарға айрықша назар аудардық. Іздеу деректері MEDLINE, SCOPUS базаларында жүзеге асырылды. Кілтті сөздермен сәйкестендіру бойынша 1254 мақала алынды, оның ішінен 62 зерттеуге кірді.
Негізгі сөздер: скрининг қатерлі ісік, тиімділігі, жанама әсерлері, кеңестер мен ұсыныстар.
Summary
EVALUATING THE EFFECTIVENESS OF SCREENING FOR CANCER IN THE POPULATION OF WORKING ABROAD
AND IN KAZAKHSTAN. SYSTEMATIC REVIEW
Мyrzatai A. Buleshov 1,2,http://orcid.org/0000-0002-7472-1703 Karlygash N. Tazhibayeva 2,http://orcid.org/0000-0003-4947-3717 Aijan М. Buleshovа 1, http://orcid.org/0000-0001-9705-1119
Andrej M. Grjibovski 2-5,http://orcid.org/0000-0002-5464-0498
1 South-Kazakhstan State Pharmaceutical Academy, Shymkent, Kazakhstan;
2 International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan;
3 Norwegian Institute of Public Health, Oslo, Norway;
4 Northern State Medical University, Arkhangelsk, Russia;
5 North-Eastern Federal University, Yakutsk, Russia.
According to the International Agency for Research on Cancer of the world, the incidence of malignant tumors found 14.1 million new cases and 8.2 million deaths identified. In 2012, the most frequently diagnosed cancer of the lung (1.82 million.), breast cancer (1.67 million), a malignant neoplasm of the rectum (1.36 million); and the most common cause of death from malignant neoplasms has been established lung cancer (1.6 million deaths), liver cancer (745,000 deaths) and stomach cancer (723,000 deaths). Early diagnosis of malignant neoplasms and timely treatment of patients significantly improved by conducting cancer screening. The results of cancer screening leads to an increase in the standard of living and on the day for today is the most effective method for early diagnosis of malignant diseases. The purpose of screening early detection and active treatment of cancer during their early development. Currently, in the Republic of Kazakhstan screening program direction for the visual detection of malignant tumors. They are breast cancer, cervical cancer and colorectal cancer. The last 2 years held onkoskrininga pilot program covers the following types of cancer; esophageal cancer, gastric, prostate, liver, and hepatocellular carcinoma. Many of the studies in this area, early detection of malignant tumors is one of the urgent problems. Over the past 10 years was studied cancer screening conducted a study to identify abroad and in the Republic of Kazakhstan and the efficiency shortcomings cancer screening population. In this work we have studied in the past 10 years of full-text publications іn anglisskom language, we have paid special attention to the age categories, the efficiency, the negative effects of screening and researchers recommendations. It was identified in 1254 sources MEDLINE database, SCOPUS, have been selected and included in the analysis 62 articles.
Keywords: cancer screening, effectiveness, negative consequences, advice and suggestions.
Резюме
ОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ СКРИНИНГА ОНКОЛОГИЧЕСКИХ ЗАБОЛЕВАНИЙ У ТРУДОСПОСОБНОГО НАСЕЛЕНИЯ ЗА РУБЕЖОМ И В КАЗАХСТАНЕ. СИСТЕМАТИЧЕСКИЙ ОБЗОР
Мырзатай А. Булешов1,2, http://orcid.org/0000-0002-7472-1703 Карлыгаш Н. Тажибаева 2, http://orcid.org/0000-0003-4947-17 Айжан М. Булешова 1, http://orcid.org/0000-0001-9705-1119
Aндрей М. Гржибовский,2-5,http://orcid.org/0000-0002-5464-0498
1 Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия, г. Шымкент, Казахстан;
2 Международный Казахско-Турецкий Университет им. Х.А. Ясави, г. Туркестан, Казахстан;
3 Национальный Институт Общественного Здравоохранения, г. Осло, Норвегия;
4 Северный Государственный Медицинский Университет, г. Архангельск, Россия;
5 Северо-Восточный Федеральный Университет, г. Якутск, Россия;
По данным Международного агентства по изучению рака в мире заболеваемость от злокачественных новообразований встречается 14,1 миллион новых случаев и выявленный 8,2 миллион смертности. В 2012 году наиболее часто диагностировали: рак легких (1,82 млн.), рак молочной железы (1,67 млн), злокачественное новообразование прямой кишки (1.36 млн); и наиболее распространенных причинах смертности от злокачественных новообразований было установлено рак легкого (1,6 миллионов смертей), рак печени (745,000 смертности) и рак желудка (723,000 смерти). Ранняя диагностика злокачественных новообразований и своевременное лечение пациентов значительно улучшается благодаря проведению онкоскрининга. Результаты онкологического скрининга приводят к увеличению уровня жизни и на сегоднешний день самый эффективный метод ранней диагностики злокачественных заболеваний. Цель скрининга своевременное выявление и активное лечение рака в период раннего развития. В настоящее время в Республике Казахстан скрининговая программа направлена для обнаружения визуальных злокачественных опухолей. В их числе – рак молочной железы, рак шейки матки и рак прямой кишки. Последние 2 года проводится пилотная программа онкоскрининга, охватываются следующие виды злокачественных опухолей; рак пищевода, желудка, предстательной железы и гепатоцеллюлярный рак печени. Многие проведенные исследования в этой области, раннее выявление злокачественных новообразований остается одной из актуальных проблем. За последние 10 лет было изучено проведенные онкоскрининговые исследования с целью чтобы определить за рубежом и в РК эффективность и недостатки онкоскринингa. В работе мы изучили за последние 10 лет полнотекстовые публикаци в основном на английском языке, мы уделили особое внимание на возрастные категории, на эффективность, на негативные последствия скрининга и рекомендации исследователей. Было идентифицировано 1254 источников база данных MEDLINE, SCOPUS, из них было отобрано и включено в исследование 62 статей.
Ключевые слова: рак, скрининг, эффективность, негативные последствие, рекомендации и предложения.
Библиографическая ссылка:
Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М. Оценка эффективности скрининга онкологических заболеваний у трудоспособного населения за рубежом и в Казахстане. Систематический обзор / / Наука и Здравоохранение. 2016. № 6. С. 123-145.
Buleshov М.A., Tazhibayeva K.N.,Buleshovа A.М., Grjibovski A.M. Evaluating the effectiveness of screening for cancer in the population of working abroad and in Kazakhstan. Systematic review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2016, 6, pp. 123-145.
Булешов М.А., Тажибаева К.Н., Булешова А.М., Гржибовский A.М. Қазақстанда және Шетелде еңбек ету жасындағы тұрғындар арасында ұйымдастырылатын онкологиялық скринингтің тиімділігін бағалау нәтижелері. Жүйелі әдебиеттік шолу / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. № 6. Б. 123-145.
Өзектілігі
Онкологиялық скрининг қатерлі ісіктерді уақтылы және ерте анықтауға, емдеу нәтижелерін айтарлықтай жақсартуға және пациенттердің өмір сүру деңгейінің артуына мүмкіндік беруде [46,47].
Онкологиялық скринингтің мақсаты қатерлі ісік аурын ерте даму кезеңінде белсенді анықтау және қатерлі ісікті уақытылы емдеу.
Скринингтік бағдарлама елде немесе аймақта
қатерлі ісіктен сырқаттанушылық пен өлім көрсеткішінің жоғары болуына байланысты нысаналы түрде жүргізілуде [12]. Шетелде ғалымдар қатерлі ісіктің белгілері пайда болуынан бұрын, ісікті табуға көмектесетін зерттеулерде түрлі сынақтар қолдануда.
Шетелдерде онкологиялық скрининг қатерлі ісіктің (ҚІ) мына түрлеріне өткізілуде; сүт безі қатерлі ісігі, жатыр мойны, тік ішек, қуықасты безі, асқазан, өңеш және бауыр [10].
Ресейде Старинский В.В., Петрова Г.В.
авторлардың пікірінше қатерлі ісіктердің жиі таралған түрлеріне (өкпе, сүт безі, асқазан, тоқ ішек және жатыр мойны қатерлі ісігі) жүргізілген онкологиялық скринингтің нәтижелері әледе болса төмен, өйткені аурушаңдық және өлім-жітім ісіктің осы түрлерінен жоғарғы рангтік қатарда тұр [5, 6,7].
Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта скринингтік бағдарламалар көзбен көріп анықтайтын қатерлі ісіктерге бағытталған. Олардың қатарында – сүт безі, жатыр мойны және тік ішек қатерлі ісігі бар.
Соңғы 2 жылда пилоттық жүйеде өңеш, асқазан, бауыр және қуықасты безі обырын ерте анықтау мақсатныда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау минмстірлігінің 2013 жылығы 8 қаңтардағы
№8 бұйрығына сәйкес елімізде Батыс, Шығыс және солтүстік облыстарында жүргізілуде [9].
Cүт безі қатерлі ісігін маммографиялық зерттеу әдісімен, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігін гемокульт тест (нәжістегі жасырын қанды анықтау) арқылы және жатыр мойны қатерлі ісігін ПАП–тест цитологиялық зерттеу әдісімен анықтауда. Онкоскринингтің тиімділігі жүргізіліп жатқан аймақта өлім-жітімнің төмендеуімен көрсетілуде. Бұндай зерттеулердің тиімділігін анықтау үшін ұзақ уақыт популяцияны бақылауды қажет етеді [64].
Мақсаты: әдебиеттік шолудың мақсаты шетелде және Қазақстанда еңбекке жарамды тұрғындар арасында онкологиялық скринингтік зерттеулердің тиімділігімен кері әсерін және зерттеушілер ұсынған нұсқаулардың талдау болып табылады.
Зерттеуге соңғы 10 жылда толық жазылған
мақалалар алынды. Қазақстан
Республикасында онкологиялық ауруларға скринингтік тексеру 2010 жылдан бастап жүргізілуіне байланысты [13] отандық авторлардың жүргізген зерттеу жүмыстары аз кездесті. Сондықтан ағылшын тілінде жазылған мақалалар басымырақ зерттеуге алынды. Қазіргі таңда көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілседе онкологиялық скрининг әліде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жүйелі әдебиеттік шолу Preferred reporting items for systematic reviews and meta-
analyses: The prisma statement - талаптарына сәйкес орындалды. Іздеу деректері MEDLINE, SCOPUS, Google электронды базаларында жүзеге асырылды. Келесі кілтті сөздер сұралды: “Сancer screening”, “Effectiveness”,
“Side effects”, “Recommendations and proposals”. Кілтті сөздермен сәкестендіру бойынша 1254 мақала алынды, оның ішінен 62 іріктеуге алынды. (1 сурет) [21,22].
Біз іріктеуге соңғы 10 жылда жүргізілген онкоскринингтің әсерін, кемшілік тұстарын зерттеген мақалаларды іріктеуге алдық.
Жүргізілген онкологиялық скринингтердің жетістіктеріне, кемшіліктеріне, пациенттердің жас айырмашылығына, зеріттеушілер берген ұсыныстарға айрықша назар аудардық.
Іріктеуге қатерлі ісіктің 4-түрі алынды: сүт безі, жатыр мойны, тік ішек және қуықасты қатерлі ісігі.
Онкологиялық скринингтің негізгі мақсаты айтарлықтай залал көрсетпей қатерлі ісік ауруынан туындайтын өлім-жітімді төмендету болып табылады. Онкологиялық скрининг қатерлі ісіктің ең көп тараған түріне бағытталған олар: сүт безі обыры, жатыр мойны қатерлі ісігі, тік ішек қатерлі ісігі және қуықасты безінің қатерлі ісігі [57, 77].
Сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) көптеген экономикасы дамыған елдерде, ал соңғы жылдары дамушы елдерде Шығыс Араб және Оңтүстік Азия елдерінде күрделі мәселе күйінде қалып отыр [64,49].
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, Еуропаның 30 елінде, сүт безі қатерлі ісігін анықтауда көлденең зерттеу жүргізілген, [22]
онкоскринингтің ретроспективті талдау нәтижесінде өлім көрсеткіші 2006 жылдан 2011 жыл аралығында СБҚІ өлім көрсеткіші орта есеппен 19% - ға төмендегені байқалған.
Рангтык қатар бойынша Исландия елінде 45%
- ға төмендеcе, 17% - ға дейін өлім көрсеткішінің өсуі Румыния елінде тіркелген.
Әйелдердің жас топтарына байланысты өлім- жітім көрсеткіштерінің азайуы байқалған, 50 жастан төмен әйелдерде орташа есеппен 37%
- ға ал 50-62 жастан жоғары топта 21% - ға төмендеуі анықталған. Орташа есеппен 70 жастан асқан әйелдерде өлім жетім тек 2% - ға төмендеген [70].
Сурет 1. Мақаланы іріктеу дизайны.
Финляндия елінде 2004-2014 жылдар аралығында панелді зерттеу жүргізілген, бұл зерттеудің пайдалы және кемшіліктері нұсқауда берілген мақалада көрсетілген [25]
зерттеудің онкологиялық скринингтің нәтижелері талданған. СБҚІ жаңа жағдайларының 20% ерте кезеңде анықтаған.
Науқастардың 10 жылдық өмір сүру көрсеткіші 90% құраған, ал скрининг бағдарламасының шеңберінен тыс жүргізілген тексерулерде бұл көрсеткіш 70% көрстекен (р
= 0,003) [71].
АҚШ СБҚІ анықтауда рандомизирленген зерттеу жүргізілді, бұл зерттеудің артықшылығымен кемшілік түстары кеңінен сілтемеде берілген мақалада жазылған [26].
Іріктеуге 500 мың әйел алынған, және сүт безі қатерлі ісігін анықтауда маммографиялық (МГ) - скрининг жүргізілген. Алынған нәтижелерде скринингке шақырылған әйелдерде өлім көрсеткіші 25% - ға төмендегенін анықтаған.
Зерттеуге тереңірек талдау жүргізу барысында 50-69 жас аралығын қамтыған әйелдердің өлім-жітім көрсеткіші 30-%
төмендегенін байқаған [79].
Сәйкестендіру
Іздеу базаларынан алынған, сәйкес келген
мақалалар (n = 1254)
Скрининг Қайталанған мақалалар зерттеуден шектетілді
(n = 975)
Скринингтің талаптарына сәйкес келген мақалалар
(n = 580)
Қолайлылығы
Шектетілген мақалалар
(n = 238) Толыққанды жазылған
мақалалар (n = 342)
Шектетілген толық жазылмаған
мақалалар (n = 280)
Енгізілді
Онкологиялық скринингтің тиімділігімен кемшіліктерін
зерттеген мақалалар іріктелініп алынды
(n = 62)
Шектетілген мақалалар (n = 279)
Шектетілген мақала (n = 395)
Норвегия елінде жүргізілген когорттық зерттеу, бұл зерттеу туралы мәлімет нұсқауда көрсетілген [23] СБҚІ скринингі өлім көрсеткішінің төмендетуне аздап ықпал еткен, СБҚІ төмендеуі 11% құраған. Айта кету керек, Норвегия елінде ұйымдастырылған скрининг бағдарламасын енгізуге дейін СБҚІ анықтау үшін әйелдердің 40%-ы жүйелі түрде маммографиялық тексеруден өтіп отырған [69]. Сүт безі қатерлі ісігінің өлімін азайту мақсатында жүргізіліп жатқан МГ-скринингтің пайдасы мен гипердиагностикасы әліде пікір талас тудыруда, бұл қазіргі уақытта онкоскринингтің қолайсыз әсері ретінде қаралуда.
Ұлыбритания елінде 11 рандомизирленген зерттеу өткізілген., бұл зерттеудің тиімді, кемшілік тұстары сілтемеде көрсетілген мақалада жазылған [26] Онкоскриниг бағдарламасының нәтижелерін талдау барысында, гипердиагностика проблемала- рының шын мәнінде бар екенін анықтаған, бірақ шынайы бағалауға және оның мәнін шығару мүмкін болмаған. Зерттеулерде келтірілген болжам бойынша 50-52 жастағы әйелдер жыл сайын скринингтен өткенде 1%
гипердиагностика болуы күтілген [54,75].
R. Falk және бірқатар авторлардың жүргізген көлденең қима зерттеулерінде [24]
Еуропаның жеті елінде жүргізілген скринингтік бағдарламалардың нәтижелерінің қортындысы гипердиагностиканы 1-ден 10%
құрағанын көрсетті [72]. Жеке авторлардың зерттеуінде МГ-скрининг нәтижелерінде кездесетін гипердиагностика 10-20%-ға ауытқып отыратындығыда дәлелденген [45,82].
Норвегияда M. Kalager және қосымша авторлармен [65], онкоскрининг бағдарлама- сының аясында өткен маммаграфиялық когорттық зерттеу [23] жұмыстарының қортындысы 15-тен 25%-ы гипердиагностика ретінде бағаланған, немесе 2500 зерттеуден өткен қатысушы әйелдің ішінен 6-10 әйелдерге қате диагноздар қойылған. Қазіргі уақытта барлық онкоскрининг зерттеуіне шақырылған әйелдерге, тексеруден өтуге келген уақытта онкоскринингтің ықтималдылығын және қолайсыз жақтарын, қортынды нәтижелерімен хабардар ету қажеттілігі ұсынылуда [48].
Nelson HD және бірнеше авторлармен Medline базасында 2011-2016 жж. аралығында СБҚІ зерттеу жүргізілген жұмыстарға мета- анализ талдау жасаған. Зерттеу жұмыстары- ның нәтижесі көрсеткендей СБҚІ-нің өлім- жітімі 7-ден 23% - ға әсіресе 40-49 жас аралығындағы әйелдерде төмендеген. Ал МГ- скринингтің ықтимал қауыптілігі пікірталас сұрақ ретінде қалып отыр. 40-49 жастағы әйелдер үшін гипердиагностиканың немесе қате нәтижелердің 20-60% кездесуі анықталған. Сонымен қатар жалған оң нәтижелердің көрсетілуі әйелдерге біршама психологиялық кері әсер беретін болған.
Дегенмен зерттеуде көптеген әйелдер МГ- скрининг өту барысында ауырсыну сезімі туралы айтқан, бірақ бұл маммографияны өткізу үшін шектеуші немесе кері фактор ретінде қарастырылмаған [68,90].
Жақында Euroscreen жұмыс тобымен, сүт безі қатерлі ісігінен туындаған өлім көрсеткішіне маммографиялық скринингтің әсерін, тиімділігін бағалау мақсатында ауқымды әдебиеттік шолу жасалынған.
Зерттеуге Еуропа мен Ұлыбритания тұрғындарына онкоскрининг жүргізілген көлденең жағдайды бақылау зерттеулері алынған, бұл зерттеу туралы кеңінен келесі сілтемеде берілген [24]. Іріктеп алынған зерттеулерде әйелдер МГ тексеруден 2-жыл сайын 12 реттен өткен. Іріктеуде алынған әйелдердің жасы 50 жастан 68 жасты құраған. МГ-скринингтің енгізілуіне байланысты сүт безі қатерлі ісігінен туындаған өлім көрсеткіші 28% - дан 35%- ға дейін төмендегенін анықтады [40].
U.S. Preventive, Services Task Force (USPSTF) ұсыныстарына сәйкес МГ- скринингін әйелдерге 50 жастан бастап 2 жылда 1 рет өткізу қажеттігін үсынып отыр [80]. Бұндай жиілікте тексеруді өткізу сүт безінің қатерлі ісігін генетикалық тұрғыда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді [81, 91].
Ал Қазақстан Республикасында онкологиялық скринингтің 2009 жылдан бастап жүргізілуіне байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары өте аз кездесті. Іздеу және іріктеу барысында кездескен жұмыстарда онкологиялық скринингтің жалпы нәтижелері көрсетілген, ал халық арасында
жүріп жатқан онкоскринингтің кері әсерлері әдебиеттік шолуда анықталған жоқ.
Сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) ҚР соңғы он жылдықта сырқаттанушылық бойынша бірінші орында тұр. Әйелдер арасында аурушаңдық 2011 жылы 20,6 100 мың халыққа шаққанда кездесті. Өлім-жітім көрсеткішінің арасында барлық қатерлі аурулар ішінен 3 орынды иеленді. [13].
В.Ш. Навесова, Д.Т. Арыбжанов, Ж.С.
Туменбаева мен Оңтүстік қазақстан облысында онкоскрининг бағдарламасы аясында 2007-2008 жылдар арасында бірмезеттік зерттеу маммография қортындысына өткізілген [3, 22]. Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрінің
№607 профилактикалық тексеру скринингтік зерттеулердің бағдарламасына сәйкес іріктеу жүргізілді [3]. Mаммографиялық тексеруден өткен 54547 әйелдердедің ішіннен 51,62%
фиброзды-кистоздық мастопатия, 79,21%
қатерсіз кисталар, липомалар 0,98%, фиброаденомамалар 0,42% және 0,25% сүт безі қатерлі ісігі әйелдерде анықталды.
Фиброзды-кистоздық мастопатия диагнозы 0,11% әйелдерге қойылды. Онкоскринингтің тиімділігінің бар екендігі көрсетілді, себебі СБҚІ ерте сатысында 0,1% анықталған [11].
ОҚО тұрғындары арасында 2014 жылғ көлденең зерттеу өткізілді [22] скринингтің қортынды мәліметі бойынша скринингтік тексеруден өткен нысаналы топтар арасында сүт безі қатерлі ісігі анықталынды. Жаспарға сай 50-52-54-56-58-60 жас аралығындағы 55086 әйелдер онкоскрининг тексеруден өткен, 76 әйелде ҚІ анықталған.
Гистологиялық верификация қортындысы, яғни сүт безі обыры диагнозы 21,1%
анықталынған. Сүт безі обыры 4 –әйелде І-ші сатыда, 66-әйелде ІІ –ші сатыда, ал 6 әйелде ІІІ-ІV сатыда анықталынды [19].
Семей қаласында 2006-2009 жылдар аралығында көлденең, жағдай бақлауы жүргізілген [24], СБҚІ анықтауда жүргізіліп жатқан онкоскринингтің тиімділігін анықтаған.
Онкоскрининг зерттеулердің нәтижесінде нысаналы топты қамту 2006ж. 96,1%, 2007ж.
және 2008 жылдары 100% - ды құрады және 2009ж. 93,3%-ы көрсеткен. Ал скринингтің нәтижелері жылдан жылға тиімділігінің жақсаруын байқаған [12].
Австралия елінде жүргізілген рандомизирленген ауқымды зерттеулерге сүйенсек [36, 82, 26] бүкіл әлемде тік ішек қатерлі ісгі (ТІҚІ) 9,4% құрайды, онкологиялық аурулардан болған өлім-жітімнің негізі себептерінің ішінде төртінші орында тұр [28,42]. Австралия елінде ТІҚІ жасына байланысты ең жиі тіркелетін ісіктердің бірі.
Австралияда және басқа да елдерде, ТІҚІ ерте сатысында 40% жағдайдайларда диагностикаланады. ТІҚІ скрининг жүргізу өз тиімділігін дәлелдеді. ТІҚІ қатерлі ісік алды ауруларды анықтап (аденоматозды түймешіктер) [49,83,85] оларды емдеу арқылы аурушаңдықты төмендетуде.
2011 жылы Австралияның асқазан -ішек қатерлі ісіктеріне қарсы ұлттық скрининг бағдарламасы (NBCSP) жалпыға бірдей қолданатын тәсіл ұсынған. Бір рет қолданылатын фекальды оккультизм қан талдауы (FOBT) [93]. Бұл анализ 50, 55 және 65 жастағы адамдарға жүргізіледі.
Рандомизирленген бақыланатын зерттеулер [28] (РБЗ) көрсеткендей ТІҚІ анықталыну деңгейі 6-9%-ды, онкологиялық өлім жеттімнің төмендеуі 15-33% көрсеткен [41,84,86].
Гонконг қаласында 2010 жылы тік ішек қатерлі ісігін анықтауда ауқымды когортты зерттеу [25] жүргізілген. Бұл елде ТІҚІ аурушаңдығы бойынша екінші орында тұр.
Сырқаттанушылық көрсеткіштері ер кісілерде 64,8 100 000 және әйелдерде 44,8 100 000 халық тұрғынына шаққанда кездеседі.
Онкоскрининг тәсілімен жүргізілген тексерулерде ТІҚІ 16,3% анықталынады, анықталған ісіктің жартысынан көбі ІІІ-сатыда және 90% 50 жастағы әйелдерде кездескен [56, 89].
Канада елінде 2009 жылы ТІҚІ анықтауда жағдайды бақылау [24]. зерттеу жүргізілді.
Колоноскопии арқылы жүргізілген тексерулердің нәтижесі (Baxter 2009) мен өлім көрсеткіші арасындағы елеулі байланысты табу үшін. Жүйелі әдебиет шолу жасау нәтижелері көрсеткендей Hemoccult скринингі тік ішек қатерлі ісіктен болатын өлімді азайтатындығы расталған. ТІҚІ-не скрининг жүргізілмеген елдерде өлім көрсеткіші 32%
құраған, ал 2 жылда бір рет скрининг жүргізілген елдерде бұл көрсеткіш 9-22%
азайған [38,57]. Швейцария елінде
проспективті когортты зерттеу жүргізілген.
Қатысқан респанденттердің саны 1,912 болған, жасы 50-65 жас аралығын қамтыған.
10 жыл бойы зерттеу әр 2 жылда бір рет қайталанған. Колоноскопия 86,4%-респондент- терге өткізілген. Зерттеу көрсеткендей ТІҚІ кездесу жиілігі 0,1% - ды құрады [36,44].
Blotière 2013 Денис, Кинтеро 2012, Ko және Arora авторлардың 2010 жылдары жарияланған көлденең [24] зерттеулерінде мынандай деректер көрсетілді, тік ішек қатерлі ісігін анықтауда жүргізілген колоноскопия әдісінің асқынулары болып жиі кездескен ішектің перфорациясы және ішектің төменгі бөлімдерінен қан кетулер. Бұл жүргізіліп жатқан скринингтің асқынулары неғұрлым күрделі болып отыр. Ішек перфорациясының кездесу жиілігі зерттеулердің нәтижелерін салыстырғанда 0,01% - дан 0,1% - ға өскен.
Ал ішектен қан кету 0,1% - дан 0,6% - ға өсті.
Асқыну полипэктомии және күйдіру емін жүргізген адамдарда жиі кездескен. Зерттеу нәтижесі колоноскопиялық тексерудің жағымсыз әсері бар екенін анықтады [43,74] .
Тік ішек қатерлі ісігі (ТІҚІ) Америка Құрама Штаттарында үшінші кең тараған қатерлі ісіктің түрі. Ерлер мен әйелдердің өлім- жітімнің екінші жетекші себебі. АҚШ–та ТІҚІ онкологиялық аурудан болған өлімнің арасында 9%-ын алып отыр. Орта жастағы адамдарда тік ішек қатерлі ісігімен ауру қаупі жоғарлауда. Әсіресе 40 жас арасындағы еңбекке қаблетті адамдар арасында. Бірақ шамамен 85% ТІҚІ 55 жастан асқан тұрғындарда кездесуде. Соңғы бірнеше онжылдықтарда скринингтік зерттеулерді пайдаланылатын елдерде ТІҚІ-нен өлімінің төмендеуі және өмір сүру деңгейінің ұзаруы анықталуда [83, 65, 41].
Бір қатар Американдық және батыс Еуропалық ғалымдармен ТІҚІ методология- лық талдау жүргізілді. Төрт прагматикалық рандомизирленген клиникалық зерттеулердің [26] нәтижесі (п = 458002) ТІҚІ өлім көрсеткішінің төмендеуін 0,730,73 (95% ДИ 0.66- 0,82) көрсетті.
Бес рандамизирленген [28] екі жылдық скринингтің зерттеу нәтижелері (п = 419,966) өлім-жітімнің айрықша төмендеуін көрсетті 0,91; 95% СИ 0.84-0.98, 19,5 жылдан, 0,78;
95% СИ 0.65-0.93, 30 жылға дейін). Қатерлі ісікті анықтаудағы колоноскопияның сезімталдылығы жоғары болған, 6 мм жоғары аденомалар анықтаған, варияциялық қатар бойынша 75% дан (95% СИ 63%-84%) 93%
дейін (95% СИ 88% -96%) ісіктің анықталыну көрсеткіші өскен. Колоноскопияның елеулі жанама әсерлері кездескен. Ішектердің перфорациюсы (4/10000 тәсілдерінен кейін, 95% СИ, 2-5 10000) және ірі қан кету (8/10000 тәсілдерінен кейін, 95% СИ, 5-14 10000 шаққанда) (Кесте 1), [37,42,94].
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы №8 бұйрығына сәйкес тоқ және тік ішектің ісік алды және ісік ауруларын анықтауда 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы әйел және ер кісілерге скрининг жүргізілуде [14].
ТІҚІ нәжістегі жасырын қанды гемокульт тест арқылы анықталынуы, көптеген рандомизацияланған зерттеулер арқылы дәлелденуде, бұл зерттеудің артықшылығы- мен кемшіліктері келесі сілтемеде көрсетілген [26]. [67,87]. Towler талдау B.P. (1998) жүргізген мета-анализінде [76] және Hewitson P (2007) [53,60] зертеуінде колоректальді қатерлі ісіктен өлім қаупі 16% (ОР 0,84; ДИ 0,78-0,90) азайған. Еуропалық кеңес ТІҚІ анықтуда гемокульт тесті тұрғындарға жүргізуге үсыныс беруде [66,76,18].
ОҚО 2014 жылғы онкологиялық скринингтің қортындысы бойынша тік ішек қатерлі ісігінен жоспарлы түрде 50-52-54-56-58-60-62-64-66-68- 70 жас аралығындағы 837 тұрғындар тексеруден өткен. Қатерлі ісік диагнозы 17 науқасқа қойылған. І- сатыда обыр 4-адамда анықталынған. ІІ –ші сатыда 12 адамда, ал ІІІ- ІV ші сатыда 1- адамда анықталған [19,17].
Жатыр мойны қатерлі ісігі бүкіл әлемде жетекші гинекологиялық қатерлі аурулардың бірі болып табылады және дамушы елдерде жиі кездеседі. Қазіргі таңда жатыр мойыны қатерлі ісігін анықтауда тиімді тәсілдердің бірі онкологиялық скрининг болып отыр. Қатерлі ісікті ерте анықтау арқылы ауруға қарсы күресті жүргізу жолдары көбеюде [29].
Корея елінде 2011ж. панелдік зерттеу жүргізілген, бұл зерттеу туралы мәлімет келесі нұсқауда көрсетілген мақалада кеңінен жазылған [55,27].
Кесте 1.
Тік ішек қатерлі ісігінен болатын өлім деңгейін төмендетуде қолданған онкологиялық скринингтің тиімділігі.
Скрининг Құралы және анықтамалары
Сапасы Ел Скринингтен өтуші адамдардың
жасы
Респондент тердің қатысу саны
Нәтижелер дің елеулі жақтары
(%)
ТІҚІ кездесу
саны CRC
(%)
ТІҚІ–өлім CRC 100000 тұрғынға шаққанда
ТІҚІ болған өлімнің (95% СИ) Икемді ректороманоскопия
NORCCAP
2014 Дұрыс Норвегия 50-64 Жоспарлан- ған саны.
78220
20,4 1.4 Араласулар:
31
Бақылауда болғандар:
43
0.80 (0.62-1.04)
PLCO
2012 Дұрыс США 55-74 Жоспарлан-
ған саны.
77445:
32,9 1.5 Араласулар:
29
Бақылауда болғандар:
39
0.74 (0.63-0.87)
SCORE,
2011 Дұрыс Италия 55-64 Жоспарлан-
ған саны.
17136.
8.6 1.6 Араласулар 35.
Бақылауда болғандар 44
0.78 (0.56-1.08)
UKFSST,
2010 Дұрыс Ұлы
британия 55-64 Жоспарлан- ған саны.
112939
5.2 1.5 Араласулар:
30
Бақылауда болғандар 44
0.69 (0.59-0.80)
Гемакульт сынағы Миннесота
2013 Жақсы США 50-80 Жоспарлан-
ған саны 15587
Жоқ 2.9 Араласулар:
50
Бақылауда болғандар:
63
0.78 (0.65-0.93)
Миннесота
2013 Жақсы США 50-80 Жоспарлан-
ған саны 15570
Жоқ 2.9 Араласулар:
42
Бақылауда болғандар:
63
0.68 (0.56-0.82)
Ноттингем
2012 Жақсы Ұлы
британия 45-74 Жоспарлан- ған саны 76056
2.1 3.0 Араласулар:
91
Бақылауда болғандар 100
0.91 (0.84-0.98)
Гётеборг
2008 Әділетті Швеция 60-64 Жоспарлан- ған саны 34144.
3.8 2.2 Араласулар:
53
Бақылауда болғандар 64
0.84 (0.71-0.99)
Жатыр мойны қатерлі ісігін (ЖМҚІ) анықтауда ұлттық жүйедегі скрининг бағдарламасының тиімділігі бағаланған.
ЖМҚІ сырқаттанушылық көрсеткіші 1999 жылда 18,6 х100000 халыққа шаққанда болса, ал 2011 жылы 11,7 х 100000 халыққа
шаққанда ұдайы төмендеген [61,58]. 2012 жылғы жағдай бойынша, әйелдердің стандартталған жасына қарай ЖМҚІ ауруының деңгейі Кореяда төмен болды Жапония еліне қарағанда. Ал одан басқа АҚШ-та немесе Ұлыбритания сияқты дамыған елдермен салыстырғанда Корея елінде ЖМҚІ аурушаңдық деңгейі жоғарғы көрсеткіштерге ие [40,58,76].
Сонымен қатар, қатерлі ісікке қарсы Америкалық ұлттық статистикалық тіркелі- мінің мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы ЖМҚІ ауруынан өмір сүру деңгейінің жоғарлауы, онкологиялық аурулардың басқа түрлерімен салыстырғанда 2007 жылдан 2011 жыл аралығында 80,1% жоғарлаған. ЖМҚІ ауруы- мен ауырған 5 адамның 4-еуінің өмір сүру көрсеткіші 5 жылдан асатын болған [47,77].
Бірқатар авторлармен (Эми J Блатт, Рональд Кеннеди) когортты зерттеу [23] ЖМҚІ жүргізілген онкологиялық скринингтің нәтижелері сарапталған. Тексеруден өткен 256,648 әйелдердің 30-65 жас аралығынада кездескен диагноздардың жиілігін анықтаған.
1 жыл ішінде әйелдерден алынған жатыр мойнының биопсиясын гистологиялық зерттеуден өткізілген.
Анализ қортындысында 74,7%-да ПАП–
тест оң нәтиже берген, яғни адамның папилома вирусы (АПВ) анықталған. 73,8%
Пап-тест қортындысы қалыпты
көрсеткіштерге сай болған. АПВ оң болған әйелдердің 26,3% жатыр мойны дисплязиясының ІІІ-сатысы анықталған (CIN3) (256648 тексерілген әйелдің 66145 де).
Әйелдердің орта жасы 45,8 болды (95% СИ:
44.6-47) Ал 1,6%-на қатерлі ісік қойылған [31].
Бразилияда 2006 және 2009 жылдары арасында мемлекеттік жүйеде ЖМҚІ анықтауда ауқымды зерттеу жүргізілді.
Шамамен 10249000 әйелдер зерттеу тобында болған. Бразилиядағы 1979-1999 жылдары аралығында, жатыр мойны қатерлі ісігінен өлім көрсеткіші өскен (1979 жылдары 3,44 100.000 тұрғынға шаққанда болса ал 2002 жылы 6,6 / 100.000 тұрғынға шаққанда дейін өскен, 2009 жылы 11,8 / 100,000 қарқынды өсті). ЖМҚІ анықтауда скринингті жүргізу тиімділігі 8,0%-ға өсті. Бұл елде онкологиялық скринингтің жүргізілуіне қарамастан өлім-жітім көрсеткіші жоғары болып қалуда [ 62].
Leslea Пирсон, Донна Фицпатрик-Льюис, Донна Ciliska, және Рейчел Уоррен авторларымен Индияның 52 ауылдық аудандарында жалпы 131,746 дені сау, жасы 30-59 жас аралығындағы әйелдерге жатыр мойны қатерлі ісігін анықтауда когортты зертеу жүргізген, бұл зертеудің артықшылықтары келесі сілтемеде берілген [23]. Кездейсоқ түрде топты бірдей етіп төртке бөлген. Жиналған деректердің қортындысы, ЖМҚІ өлім қаупі 35%-ға төмендеген. Әйелдер арасында АПВ немесе цитологиялық тестілеуден өткен әйелдермен скринингтен өтпеген әйелдерді салыстырған да ЖМҚІ пайда болу қатынасы (ТК) 0,65% (95% СИ 0,47, 0,90; Р = 0,01) құрады [50].
Үлы Британия елінде жасы 25-пен 69 жас аралығындағы 116,022 әйелдердің қатысуымен когортты зерттеу өткізілді [23].
Зерттеудің қортындысы бойынша ЖМҚІ I сатысында инвазивті түрінің анықталынуы айтарлықтай төмен кездескен (р - р 0,38; 95%
ДИ 0,23, 0,63, p = 0,0002) [51,43].
Сонымен қатар онкологиялық скрининг өтуге келуші 30-40 жастағы әйелдердің тенденциясы өте жоғары, ал 40 жастан асқан әйелдердің тексеруден өту жиілігі төмен болған. 20-30 жас аралығындағы әйелдерге онкологиялық скринингтің өткізу тиімділігі әлі анық емес [67,78].
Елеулі зерттеулердің бірі, Швеция елінде 20-21-22-24 жас аралығындағы әйелдерге ЖМҚІ анықтау мақсатында онкоскрининг жүргізілді. Жүргізілген когортты зерттеу (OR 0,42; 95% СИ 0,24, 0,74) нәтижелі қортындылар көрсеткен жоқ [32]. Сонымен қатар Оңтүстік Африка елінде жүргізілген когортты зерттеу (OR 0,7, 95% СИ 0,3, 2,1) нәтижесіз болған [52].
Тағы бірқатар авторлардың когортты зерттеуінде [23]. (Sasieni P, Кастаньон A, Cuzick J.) ЖМҚІ 21-25 жас аралығында жүргізілген онкоскринингтің тиімсіздігі дәлел- денді 1,51, (95% ДИ 0,95, 2,38) [78,79,80].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстан елінде де жатыр мойнының қатерлі ісігі (ЖМҚІ) әлі күнге дейін өзекті мәселе
болып қалуда өйткені ЖМҚІ
сырқаттанушылық пен өлім-жітім (8,4 -3,9 100 мың тұр. шаққанда) көрсеткіштері ҚР жоғары күйінде қалып отыр. Мемлекеттік
бағдарламаға ЖМҚІ анықтау скринингін енгізу заманауй бағыт алуда және әйелдердің денсаулығын бақылауда зор үлес қосуда.
2014 жылы Қазақстанда ЖМҚІ анықтауда жүргізілген скринингке 514 959 әйелдер қатысқан. Талдау көрсеткендей біршама патологиялық өзгерістер анықталған.
2014 жылы Қазақстан Республикасында ретроспекивті көлденең зерттеу жүргізілген [22], 514.959 нысаналы топтағы әйелдерге ЖМҚІ анықтау мақсатында скрининг өтті.
Алынған материалдың нәтижелері жатыр мойны патологиялық өзгерістерін бірқатар анықтап көрсетті. Фонды және реактивті өзгерістер (ASCUS) - жеңіл дисплазиясы 20 873 (4%) әйелдерде кездесті, жеңіл дисплязия - 15,459 кем LSIL (2,8%) құрады. HSIL 31600 (0,6%) орташа және ауыр дисплазиясы түріне кездесті, Carcinoma in situ (CIS) 133 әйелдерде (0,03%) табылса, 172 (0,03%) инвазивті қатерлі ісік анықталған [19]. Қазақстанда цитолог мамандарының дайындық деңгейін жетілдіру, Бетезд білімі бойынша және дифференциалды диагностикалық біліктілікті игеру, жаңа технологиялар жүйесін енгізу қажетігі, Қазақстанда ЖМҚІ скрининг жолдарын одан әрі жетілдіру, жақсарту үшін жұмысты дұрыс ұйымдастыру, бастапқы буындардағы дәрігерлерде туындалып жатқан мәселелерді анықтау, мамандардың біліктілігін арттырумен және деректер базасын, скрининг бағдарламасына арнайы мониторинг өткізілу қажеттілігі бір қатар авторлармен үсынылуда [1].
Ақтөбе облысында 2008 - 2012 жылдар аралығында ретроспективті бірмезеттік көлденең зерттеу жүргізілді, зерттеудің артықшылық тұстары келесі сілтемеде берілген [24]. ЖМҚІ ерте анықтау мақсатында 234 695 әйелге скринингтік тексеру өткізілген.
Eрте анықтау бойынша қатерлі ісік алды және ісік ауруларын анықтау мақсат етіп қойылған.
Ісік алды және ЖМҚІ ауруларының 2008 жылы ең жоғары - 81,5% аурушаңдықтың көрсеткішін берді. Cоңғы бес жылда ЖМҚІ алды және қатерлі ісік өзгерістерін көрсетті.
Жеңіл дисплазиясы 58,8% анықталған. Келесі патологиялық өзгерістері ASCUS және ASC-H (20,3%) кездесті. Орташа дисплазия 15,7% - ға өскен. ЖМҚІ 2,1% - анықталған [18].
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі және халқына онкологиялық көмек көрсетуі" туралы бұйрығына сәйкес, нысаналы топтың онкоскринингпен орташа қамтылуы кем дегенде 70% төмен болмауы тиіс [8].
Шығыс Қазақстан облыстық диспансерінде бірмезеттік 82373 әйелдердің цитологиялық материалына зерттеуі өткізілді. Скринингтік цитологиялық материалдарда жатыр мойны қатерлі ісік анықтау мақсатында. 2009 жылдан бастап 2011 жыл аралығында мынандай нәтижелер алынды жатыр мойны обыры 2009ж.- 0,04%, 2010ж.- 0,02%, 2011ж. - 0,03%
құрады, осындай жиілікпен ауыр дисплазия 2009ж.- 0,02%, 2010ж.- 0,03%, 2011ж.- 0,04%
қатар жүрген ЖМҚІ ерте кезеңінде анықтаудың скринингтік бағдарламасын үлкен көңіл бөлуді қажет етуде, скринингтік тексеру жүргізілгенде санына емес, сапасына қарау қажет деген үсыныс беруде [13].
ОҚО ретроспективті көлденең зерттеудің нәтижелері көрсетілді [22]. 2014 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алуда нысаналы топтағы 69412 әйелдер жоспарлы түрде цитологиялық скринингтен өтті. Тексеруден өткен 3816 – әйелде қатерлі ісік алды аурулары кездескен, ал 20 әйелге жатыр мойны қатерлі ісік диагнозы қойылды, І- сатыда қатерлі ісік анықталынбаған, ІІ сатыда 8-әйелде, ал ІІІ-ІV 12-әйелде анықталған [19].
Онкоскриниг бағдарламасы арқылы ЖМҚІ анықталу деңгейінің төмендігі анықталынған, цитологиялық тексеруді жүргізуші дәрігерлерді даярлау, кольпоскоп циклдарын өткізу, БМСД дәрігерлерін заманауй тұрғыда біліктілігін артыру ұсынылған [7].
Қуықасты қатерлі ісігі ерлер арасында онкологиялық аурулар ішінде өлімнің үшінші жетекші себебі болып табылады. Көп жағдайларда қуықасты қатерлі ісігінің клиникалық белгілері жасырын өтеді және адамдардың көпшілігі диагноз дәл қойылмаудан көз жұмады. Қуық асты безінің обырын ерте анықтау одан болатын өлім көрсеткішін төмендетеді. Алайда, ерте анықтау қуықасты безінің ісік алды ауруларын шамадан тыс емдеуіне әкелуі мүмкін, ал ол өз кезегінде