• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Хабаршысы Bulletin Вестник

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Хабаршысы Bulletin Вестник"

Copied!
25
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN (Print) 2616-7174 ISSN (Online) 2663-2500

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ BULLETIN

of L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ВЕСТНИК

Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева

ЖУРНАЛИСТИКА сериясы JOURNALISM Series Серия ЖУРНАЛИСТИКА

№1(130)/2020

1995 жылдан бастап шығады Founded in 1995

Издается с 1995 года

Жылына 4 рет шығады Published 4 times a year Выходит 4 раза в год

Нұр-Сұлтан, 2020

Nur-Sultan, 2020

Нур-Султан, 2020

(2)

Бас редакторы Қайрат Сақ

филология ғылымдарының кандидаты, профессор (Қазақстан)

Бас редактордың орынбасары Серік Тахан филол. ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Гүлнар Кендірбай PhD (АҚШ)

Редакция алқасы

Алдабергенов Қырықбай т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Асанов Қойлыбай ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбдіманов Өмірхан ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әбішева Вера ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Әшірбекова Гүлмира ф.ғ.к., доцент (Қазақстан)

Браун Михаил PhD, проф. (АҚШ)

Дзялошинский Иосиф ф. ғ. д., проф. (Ресей) Жақып Бауыржан ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Жусупова Алматай ф.ғ.к., доцент (Қазақстан) Ирназаров Кудрат т. ғ. д., проф. (Өзбекстан) Корконосенко Сергей саяси ғ. д., проф. (Ресей) Қара Әбдіуақап т. ғ. д., проф. (Түркия) Қозыбаев Сағымбай т. ғ. д., проф. (Қазақстан) Лебедева Татьяна ф. ғ. д., проф. (Франция) Нұртазина Роза саяси ғ. д., проф. (Қазақстан) Омашев Намазалы ф. ғ. д., проф. (Қазақстан) Ризун Владимир ф. ғ. д. проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Қазақстан) Сердәлі Бекжігіт ф. ғ. к., проф. м.а. (Қазақстан) Есдәулетов Айтмұханбет ф.ғ.канд., доцент (Қазақстан) Тоқтағазин Мұратбек ф. ғ. к., проф. м.а. (Қазақстан) Халилов Әбдіғани PhD, проф. (Қырғызстан) Ченгел Хулия Касапоғлы PhD, проф. (Түркия) Шайхитдинова Светлана филос.ғ.д., проф. (Ресей)

Шалахметов Ғаділбек Халықаралық Еуразиялық телевидение және радио академиясының академигі (Қазақстан) Шестеркина Людмила ф. ғ. д., проф. (Ресей)

Шульцман Петр өнертану ғ. к., доцент (Қазақстан) Жауапты хатшы: Гүлжазира Ертасова

Компьютерде беттеген: Гүлсім Базылхан

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қ.Сәтбаев к-сі, 2, 402 каб.

Тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27. 03. 2018 ж. №16995-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет. Тиражы: 25 дана.

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан к-сі ,13/1, тел.: +7(7172) 709-500 (ішкі 31413)

© Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

Editor-in-Chief Kairat Sak

Candidate of Philology, Рrofessor (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Serik Takhan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan) Deputy Editor-in-Chief Gulnar Kendirbai PhD, Рrofessor (USA)

Editorial board

Aldabergenov Kyrykbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Asanov Koilybay Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Abdimanov Omirkhan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan) Abisheva Vera Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Ashirbekova Gulmira Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan)

Brown Michael PhD, Рrof. (USA)

Dzyaloshinski Iosif Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Jakyp Baurjan Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Zhussupova Almatay Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Irnazarov Kudrat Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Uzbekistan) Korkonosenko Sergei Doctor of Political Sciences, Рrof. (Russia) Kara Abdulvahap Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Turkey) Kozybayev Sagymbai Doctor of Historical Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Lebedeva Tatiana Doctor of Philology, Рrof. (France)

Nurtazina Roza Doctor of Political Sciences, Рrof. (Kazakhstan) Omashev Namazaly Doctor of Philology, Рrof. (Kazakhstan)

Rizun Volodymyr Doctor of Philology, Рrof. (Ukraine) Syed Agil bin Shekh PhD, Рrof. (Malaysia)

Saudbayev Madiyar PhD, Рrof. (Kazakhstan)

Bekzhigit Serdaly Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Yesdauletov Aitmukhanbet Candidate of Philology, Associate Prof. (Kazakhstan) Toktagazin Muratbek Candidate of Philology, Assoc. Prof. (Kazakhstan) Khalilov Abdygani PhD, Рrof. (Kyrgyzstan)

Çengel Hülya Kasapoglu PhD, Рrof. (Turkey)

Shaikhitdinova Svetlana Doctor of Philosophy, Рrof. (Russia)

Shalakhmetov Ghadilbek Academician of the International Eurasian Academy of Television and Radio (Kazakhstan)

Shesterkina Ludmila Doctor of Philology, Рrof. (Russia) Shultsman Petr Candidate of Art, Assoc. Рrof. (Russia)

Executive Secretary: Guljazira Yertassova Сomputer layout: Gulsim Bazylkhan

Editorial address: 2, К.Satpayev str., of.402, Nur-Sultan, Kazakhstan, 010008 Теl.: +7(7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: vest_ [email protected] Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity off economic conduct «L.N. Gumilyov Eurasian National University», Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan.

Registration certificate No 16995-Ж from 27.03. 2018.

Periodicity: 4 times a year Circulation: 25 copies

Address of printing house: 13/1, Kazhimukan str., Nur-Sultan, Kazakhstan 010008; tel.: +7(7172) 709-500 (ext.31413)

© L.N. Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор: Кайрат Сак

кандидат филологических наук, профессор (Казахстан)

Зам. главного редактора: Серик Тахан доктор филологических наук, проф. (Казахстан) Зам. главного редактора: Гульнар Кендирбай PhD (США)

Редакционная коллегия

Алдабергенов Кырыкбай д. ист. н., проф. (Казахстан) Асанов Койлыбай д. ф. н., проф. (Казахстан) Aбдиманов Омирхан д. ф. н., проф. (Казахстан) Абишева Вера д. ф. н., проф. (Казахстан) Аширбекова Гульмира к. ф. н., доцент (Казахстан)

Браун Михаил PhD, проф. (США)

Дзялошинский Иосиф д. ф. н., проф. (Россия) Жакып Бауыржан д. ф. н., проф. (Казахстан) Жусупова Алматай к. ф. н., доцент (Казахстан) Ирназаров Кудрат д. ист. н., проф. (Узбекистан) Корконосенко Сергей д. полит. н., проф. (Россия) Кара Абдиуакап д. ист. н., проф. (Турция) Козыбаев Сагимбай д. ист. н., проф. (Казахстан) Лебедева Татьяна д. ф. н., проф. (Франция) Нуртазина Роза д. полит. н., проф. (Казахстан) Омашев Намазалы д. ф. н., проф. (Казахстан) Ризун Владимир д. ф. н., проф. (Украина) Саид Агил бин Шех PhD, проф. (Малайзия) Саудбай Мадияр PhD, проф. (Казахстан) Сердали Бекжигит к. ф. н., асс. проф. (Казахстан) Есдаулетов Айтмуханбет к.ф.н., доцент (Казахстан) Токтагазин Муратбек к. ф. н., асс. проф. (Казахстан) Халилов Абдигани PhD, проф. (Киргизстан) Ченгел Хулия Касапоглу PhD, проф. (Турция) Шайхитдинова Светлана д. филос. н., проф. (Россия)

Шалахметов Гадильбек академик Международной Евразийской ака- демии телевидения и радио (Казахстан) Шестеркина Людмила д.ф.н., проф. (Россия)

Шульцман Петр к. искусств. н., доцент (Казахстан) Ответственный секретарь: Гульжазира Ертасова

Компьютерная верстка: Гульсим Базылхан

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. К.Сатпаева, 2, каб. 402 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413) E-mail: vest_ [email protected]

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ЖУРНАЛИСТИКА Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК.

Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16995-Ж от 27. 03. 2018 г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 25 экземпляров.

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Нур-Султан, ул. Кажымукана, 13/1, тел.: (7172) 709-500 (вн.31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

Мазмұны

ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ

Әшірбекова Г.Ш., Ертасова Г.Қ. Мұстафа Шоқай публицистикасының жанрлық ерекшеліктері ... 8-15 Ермағанбетова З.Н. Қызылорда облыстық газеті кеңестік кезеңде ... 16-22

ӘЛЕМ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

Высоцкая И.В. Журналистердің кәсіби тілін зерттеу мәселелері ... 23-32

БАҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Тергембаева К.И., Топлу М. Коронавирус туралы ақпараттың қоғамдық санаға ықпалы ... 33-39

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА

Бельдибекова А.Т. «Балапан» телеарнасындағы анимациялық фильмдердің көркемдік құралдары ... 40-48 PR ТЕХНОЛОГИЯ

Қасенов С.Т., Абдуллина Л.И. Туризм индустриясындағы мәдени қатынастарды трансляциялау тәсілдері ... 49-57 Темирбаева Ж., Рыстина И. Бедел капиталы ұғымы және негізгі өлшемдері .... 58-66

ЖАҢА МЕДИА

Есенбекова Ұ.М., Тахан С.Ш. Жарнамалық коммуникацияда трансмедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері ... 67-72 Молдабаев Х.С., Мехмет С.Т. Жаңа медиа жағдайындағы аймақтық телеарналардың трансформациясы ... 73-78 Шайкенова А., Тілеубай Т. Жаңа медианың аудиториясы: өзгерістер мен бәсеке ... 79-84

(6)

Contents

HISTORY OF JOURNALISM

Ashirbekova G.Sh., Yertassova G.К. Genre features of publicism of Mustafa Shokay 8-75 Yermaganbetova Z.N. Kyzylorda regional newspaper is in the soviet period ... 16-22

WORLD JOURNALISM

Vysotskaya I.V. The problems of the research on the professional language of journalists ... 23-32

THE MEDIA AND SOCIETY

Tergembayeva K.I., Toplu М. The influence of coronavirus information on public consciousness …………... 33-39

TV AND RADIO JOURNALISM

Beldibekova А.Т. The artistic tools of animated films on the channel «Balapan» ... 40-48

TECHNOLOGIES PR

Kasenov S.T., Abdullina L.I. Cultural broadcasting techniques in the tourism in

dustry………... 49-57 Temirbayeva Zh., Rystina I. The concept and main criteria of reputation capital ... 58-66

NEW MEDIA

Yessenbekova U.M., Takhan S. Features of the use of transmedia technologies in advertising communication ………... 67-72 Moldabayev Kh.S., Mehmet S.Т. Trasformation of regional television channels in the context of the development of new media ... 73-78 Shaykenova А., Tleubay Т. New media Audience: the change and competition ... 79-84

(7)

Содержание

ИСТОРИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ

Аширбекова Г.Ш., Ертасова Г.К. Жанровые особенности публицистики Мустафа Шокая ... 8-15 Ермаганбетова З.Н. Кызылординская областная газета в советский период ... 16-22

МИРОВАЯ ЖУРНАЛИСТИКА

Высоцкая И.В. Проблемы изучения профессионального языка журналистов .... 23-32

СМИ И ОБЩЕСТВА

Тергембаева К.И., Топлу М. Влияние информации о коронавирусе на общественное сознание ... 33-39

ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТИКА

Бельдибекова А.Т. Художественные инструменты анимационных фильмов на телеканале «Балапан» ... 40-48

ТЕХНОЛОГИИ PR

Касенов С.Т., Абдуллина Л.И. Приемы трансляции культурного сообщения в индустрии туризма ... 49-57 Темирбаева Ж., Рыстина И. Понятие и основные критерии репутационного капитала ... 58-66

НОВЫЕ МЕДИА

Есенбекова У.М., Тахан С.Ш. Особенности использования трансмедийных технологий в рекламной коммуникации ... 67-72 Молдабаев Х.С., Мехмет С.Т. Трансформация региональных телеканалов в условиях развития новых медиа ... 73-78 Шайкенова А., Тлеубай Т. Аудитория новых медиа: изменения и конкуренция ... 79-84

(8)

ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ

/

ИСТОРИЯ ЖУРНАЛИСТИКИ

/

HISTORY OF JOURNALISM

ХҒТАР 19.51.09

Г.Ш. Әшірбекова1, Г.Қ. Ертасова2

Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан (E-mail: 1[email protected], 2[email protected])

Мұстафа Шоқай публицистикасының жанрлық ерекшеліктері

Аңдатпа. Мақалада М. Шоқайдың қайраткерлік тұлғасын тану және ұлт тарихындағы са- яси көзқарастарын бүгінге жеткізген ғылыми еңбектер жайлы сөз етіледі. М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми еңбектеркезеңдік тұрғыдан қарастырылады. Шоқайтанушы ға- лымдардың ізденістері мен мұрағат материалдары жайлы мәліметтер келтіріледі.

М. Шоқай мұраларының саяси, әлеуметтік мәні айқындалып, шығармашылығы жанрлық тұрғыдан талданады.

Сонымен бірге әр жылдары баспасөз ісін ұйымдастыру мен қоғамдық-саяси көзқарастарын айқындайтын мақалалары, хаттарының проблемалық қырлары сөз етіледі. М. Шоқайдың «Бірлік туы», «На рубеже», «Йени Түркістан», «Яш Түркістан» басылымдарында жасаған қызметі мен мақалаларына шолу жасалады. Қайраткер публицистің хаттары мен олардың мазмұнына байла- нысты көзқарастар мен пікірлер сарапталады.

Түйін сөздер: Мұстафа Шоқайдың публицистикасы, саяси хаттар, газет басылымдары, қоғамдық журналдар, ғылыми еңбектері.

DOI: https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-8-15 Түсті: 26.02.20 / Қайта түзетілді: 03.02.20 / Жарияланымға рұқсат етілді: 17.03.20 Қазақ тарихындағы ұлт санасын оятуға деген талпыныс, белсенді күрес Алаш арыстарының есімімен тығыз байланысты. Қазіргі таңда алаштану мәселесі оның ішінде жеке тұлғалардың өмірі мен қайраткерлік болмысын айқындайтын зерттеу еңбектері көп- теп жарық көруде. «Ұлт тарихын қоғамда орын алған, оқиғалармен емес, оны жасаушы тұлғалар арқылы тануымыз керек» деген ғалым Қ. Салғараұлының пікіріне жүгінсек, біз енді ғана тұлғатану мәселесімен айналысудамыз. Елі үшін өз өмірін қиған арыстардың қызметі мен шығармашылығы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Туған жерінен қуғындалып, сұрқия саясаттың құрбанына айналған М. Шоқай тағдыры бүгінгі жастардың бойына отан- сүйгіштік сезімін ұялатары сөзсіз.

М. Шоқай туралы сөз еткенде ең алдымен еске түсетіні, ол туралы деректердің тек тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ғана жария болғандығы дер едік. Оған дейінгі та- рих және оны жасаушылардың М. Шоқай туралы теріс пікірде болып келгендігін білеміз.

Бұл туралы Ә. Әлімжанов бірқатар мәселелерді айта келіп, «Мұстафа туралы шындықты бастан-аяқ білгісі келген адам ...аса көрнекті түрік тарихшы-публицисі Хасен Оралтайдың

(9)

кітабын оқысын (Стамбол, 1986ж.). Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған зерттеулер неше қайтара Оксфорд баспаларында шықты (соңғы рет 1986 ж.), Берклиде (1960 ж. Калифор- ния, АҚШ), Кембридж (1957, 1964 ж.ж.) жарық көрді, талай мәрте Берлинде, Парижде, Мюнхенде (1950, 1960 ж.ж.), Кельнде (1962 ж.), Нью-Йоркте (1957 ж.) жарияланды»[1, 47]

- деп жазады. Аталған еңбектермен танысу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты біз М.

Шоқай мұраларының қазақ оқырмандарына жету жайын сөз етпекпіз.

Қазақ журналистикасының тарихы тәуелсіздікке дейінгі жылдарда біржақты көзқа- распен, кеңестік биліктің қатаң бақылауымен жазылды. Азаттық алған алғашқы жылда- ры ғалымдар мен ізденушілердің бас қоя зерттеген саласы Алаш зиялыларының өмірі мен еңбектері. Мұстафа жайлы алғашқы сөзді біздің топшылауымызша 1991 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде Ә. Әлімжанов «Мұстафа Шоқай!.. Ол кім?» атты мақаласында айтты.

Онда М. Шоқайдың «Бірлік туы» газетін ұйымдастыру мен шығарудағы мақсаты, саяси бағыт-бағдары сөз етіледі. М. Шоқай туралы танымдық, ғылыми мақалалар «Ана тілі»,

«Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Түркістан» газеттерінде жариялана бастайды.

М. Шоқайдың Түркістан тағдырына байланысты пікірлерін елге етене таныстырған еңбек Б. Қошым-Ноғай Серікбайұлының «М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры» атты кітабы дер едік. Алғы сөзін Ә. Әлімжанов жазған бұл еңбекте Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, шығармашылығы, сөйлеген сөздері мен естеліктері жинақталған. Кітап соңында түсінік беріліп, аталған туындылардың қайда жарық көргені туралы мәліметтер келтіріледі.

Кітапта М. Шоқайдың «Түркістан», «Автономиядан азаттыққа!», «Қазақ жеріндегі ашар- шылық» атты мақалалары мен 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастарының алдын- да сөйлеген сөзі, «Кеңестер билеген Түркістан», 1917 жыл естеліктерінен үзінділер беріл- ген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл еңбектің оқырман үшін маңызы өте жоғары болғанын білеміз. Кітапта жарық көрген мақалаларды сол кездегі бірқатар басылымдар қайта көшіріп беріп отыруы осыған дәлел. Мәселен, «Ана тілі», «Азат» газеттерін атап өтуге болады.

1996 жылы «Рауан» баспасынан Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразайдың

«Қазақ журналистикасының тарихы» [6] атты оқу құралында М. Шоқай шығарған «Бір- лік туы» газеті жайлы мәліметтер беріледі.

1997 жылы Стамбұлдан Ә.Такенов, М. Қойгелдиевтің құрастыруымен шыққан

«Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай (естеліктер)» кітабы. Бұл еңбектің М. Шоқай тұлғасын терең тануға, кейбір көзқарастарды тиянақтауға септігі тигені шындық. Аталмыш еңбек көптеген шоқайтанушылардың дерек көзіне айналды.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің та- рихи-зерттеу орталығы М. Шоқайдың таңдамалы шығармалар жинағын «Қайнар» баспа- сынан шығарады. Бұл еңбекті құрастырып дайындаған А. Нүсіпхан М. Шоқайдың өмірі мен әртүрлі басылымдар жазған мақалаларын, естеліктерін үш томға жинақтайды. Аталған еңбектерде М. Шоқайдың халықаралық тақырыпқа байланысты жазған мақалаларын ерек- ше атауға болады. Әлемдегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жайында сараптама- ларын береді. «Ұлы Антанта» одағы және Еуропа елдері арасындағы жағдайды қарапай- ым оқырманға түсіндіреді. Сондай-ақ қайраткер «Яш Түркістанның» әр жылдары шыққан нөмірлеріне сараптама ретінде «Яш Түркістанның 8 жасқа толуына орай», «Яш Түркістан- ның 9-шы жылы» [2, 76] атты мақалаларынан оның баспасөзге қаншалықты мән бергенін байқауға болады.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығы тарихты тануға, ақтаңдақтар ақиқатын ашуға, тыйым салынған мұрағат материалдарын жарыққа шығаруға арналды. Осы жылдары М.

Шоқайдың таңдамалы шығармалар жинағын (аударып, құрастырған Айтан Нүсіпхан, 1-2 том, Алматы, «Қайнар», 1998-1999), Архан Кыдырәлінің «Мұстафа Шоқай: өмірі, танымы, күресі» (Анкара, 2001 түрік тілінде) атты еңбектерді ерекше атап өтер едік.

(10)

М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы, оның қайраткерлік қызметі жайлы мұрағат материалдарын сараптаған ғылыми еңбек қандасымыз А. Қараның «Мұстафа Шоқай» атты 2004 жылы «Арыс» баспасынан шыққан кітабы [3]. А. Қара Еуропа тілдерін- де жазылған, түрлі шетелдік мұрағаттарда сақталған құжаттарды алғаш рет ұсынып, қазақ оқырмандарын Шоқайдың беймәлім қырымен таныстырады. Кітап «Отанда», «Шет елде»,

«Баспасөз саласындағы қызметтері» атты бөлімдерден тұрады. М. Шоқайдың өмірі, сая- си күрескерлік келбеті, шығармашылығы, библиографиялық көрсеткіш берілген. А. Қара М. Шоқайдың саяси көзқарастарының қалыптасуын, оның өміріне қатысты мұрағат мате- риалдарын сараптаған. Әсіресе «Париждегі алғашқы күндер және орыс демократтарымен байланыс», «Түркістан Ұлттық Одағы», «Прометей одағы», «Шоқай өлтірілді ме?» атты тақырыптарымен берілген зерттеуде М. Шоқайдың жан-жақты тұлғасы айқындалады.

М. Шоқай мұраларын танытудағы тың серпілістер 2000 жылдардан басталады.

Мерзімді баспасөз, ғылыми басылымдар және шоқайтанушы ғалымдар мен ізденушілер, тарихшы ғалымдардың М. Шоқайдың өміріне қатысты пікірлері мен еңбектері жиі жа- рық көре бастады. Соның ішінде Ә.Таразидің «Мұстафа Шоқай» атты романын ерекше атауға болады. Ғылыми бағыттағы ізденістер тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Есмағамбетовтің «Әлем таныған тұлға» [4] атты еңбегімен толықты. Бұл еңбек шоқайта- ну ғылымына қосылған сүбелі үлес десек қателеспейміз.

М. Шоқайдың қайраткерлік тұлғасы мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларынан және өткір саяси сараптамаларынан айқын көрінеді. Олай дейтініміз, Алаш арыстары сол кезеңнің қитұрқы саясаты туралы пікірлерін бұқара халыққа түсіндірудің бірден-бір жолы баспасөз екенін жақсы түсінді. Қазақ журналистикасының тарихында осындай мақсатта бірнеше газет-журналдардың жарық көргені сөзіміздің дәлелі. Алдымен 1907 жылы «Серке», 1910 жылы «Қазақстан» газеттері, 1911 жылы «Айқап» журналы, 1913 жылы «Қазақ», 1915 жылы қолжазба «Садақ» журналы, 1916 жылы «Алаш», 1917 жылы

«Сарыарқа», «Бірлік туы», 1918 жылы «Жас азамат» газеттері мен «Абай» журналы ал- мағайып кезеңде халық санасын оятуға белсенді түрде қызмет етті. Мерзімді баспасөзді ұй- ымдастырушыларға жарыққа шыға салысымен тоқтатып тастау, қатаң бақылауда болу, жиі тексеру мен жауап беру оңай болмағанын тарихтан білеміз. Соған қарамастан елдегі саяси жағдайды түсіндіріп, қазақ жұртының ел болып бірігуіне, мемлекет құруына күш салды.

М. Шоқайдың саяси көзқарасы осындай қиын кезеңдерде шыңдала түсті. Бұл тура- лы шоқайтанушы Ә. Қара «Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени өміріне қатысты көп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада өсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев көп әсер етті» [3, 17] - деп жазады. Диваевпен жақын араласа жүріп, ол «Қазақ» газетінің 1915 жылы 31 қазандағы №156 санында М. Шоқай «Әбубәкір Диваев» атты мақала жариялайды.

Шағын ғана мақалада ғалымның қазақ фольклорын зерттеудегі еңбектерін жұртшылыққа таныстыра келіп: «Биыл Әбубәкір мырзаның бұл қызметіне 25 жыл толды. Газеттің қысқа жолында бұ кісінің бізге қанша пайда келтіргенін айтып шығып болмайды. Бұл жазып оты- рғанымыз жұртымыздың дос адамына орны келген жерде сәлем беріп өтейік деген. Және бір-екі сөз. Ташкентте оқып жүрген азын-аулақ қазақ балаларына Әбубәкір мырза қолынан келген жәрдемін тартынбай тигізіп жүреді. Әсіресе, Ташкент гимназиясында оқитын бір қазақ баласын өз үйіне, бір тиын пұл алмастан сақтап оқытып жүрді. Ол жігіт гимназия- ны бітіріп, студент болып жүрген кезінде де таршылықта Әбубәкір мырзадан көп жәрдем көріп тұрды. Әбубәкір ағайға шын көңілімізден рахмет оқып, барек-алла демекті міндет- ті борышымыз деп білеміз» [4, 321]. «М. Шоқай лицейде оқыған жылдарында жергілікті халықтың орыс әкімшілік орындарымен болған әр түрлі оқиғалары мен проблемаларын көзімен көріп, куә болды», - деп жазады шоқайтанушы Ә. Қара. Бұл оның саяси көзқара- сы мен бағытын айқындй түсуіне көмектеседі.

(11)

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген қазақ жастары Ресейде білім алды. Олардың қатарында Алаш арыстары Ә. Бөкейхан, М. Тынышбаев, Б. Қаратаев, Б. Құлманов, Б. Сыртанов, Ж. Сейдалин, А. Тұрлыбаев, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақпаев, С.

Асфендияров, С. Шәлімбеков, Х. Досмұхаммедов, Р. Мәрсековтер [5, 19] бар. Аталған алаш қайраткерлерімен қатар Петербургте білім алу М. Шоқайға да бұйырды. Осы кезеңде М.

Шоқай баспасөз ісіне араласа бастайды. Алғашқы мақалалары «Қазақ» газетінде жарық көрді. Басылымның шығуына тікелей атсалыспаса да, оның қазақ қоғамы үшін қаншалықты маңызды екенін білді. Бұл туралы ғалым Ә. Қара «Петербург университеті заң факуль- тетінің алғыр студенті Шоқайдың қазақ қоғамына терең ықпал еткен осы басылымдарды жіті қадағалап оқып отырғаны күмәнсіз. «Қазақ» газетінің баспасөз өміріне қадам басуына байланысты студент жолдастарымен тізе қоса отырып, газет редакциясына хат жазды. Бұл оның жарық көріп жатқан қазақ басылымдарына мұқият көңіл бөліп отырғанын көрсетеді»

[3, 20] - деп жазады.

М. Шоқайдың саяси публицистикамен айналысуына бірден-бір себеп оның Ресей Мемлекеттік Думасындағы Мұсылман фракциясының жұмыстарында белсенділік танытуы еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында «Қазақ» газеті барынша елдегі жағдайдың тұрақтануын, қазақ халқының жазықсыз жапа шекпеуін қадағалады. Бұл істе Ә. Бөкейхан, М. Дулатов басылымда үздіксіз мақалалар жарияласа, М. Шоқай тек аудармашылық, жол көрсетушілікпен қоса оқиғаға қатысты деректер мен мәліметтер жинады. Нәтижесінде

«Мұсылман фракциясы атынан Думаға ұсынуға бір сұрау дайындады» [3, 32]. 1916-1917 жылдары М. Шоқай Ә. Бөкейхан, М. Дулатовтармен бірге саяси оқиғаларға белсене ара- ласты. Әсіресе қазақ елін аман сақтап қалу, әскерге жіберілген қазақ жастарының жағдай- ын көру, олардың талап-тілектерін билікке жеткізу қажырлы еңбек пен табандылықты қа- жет етті. Алаш арыстары «Қазақ» газетінде аталмыш тақырыпты тұрақты жазып, болған оқиғаларды баяндап, талдап отырды. Басылымның Қазақстанның барлық аймағына жетуін қадағалады.

1917 жылы 15-17 наурызда Ресей мұсылмандарының жалпы Конгресі өтеді. Осы жиында құрылтай өткізу жоспарланады. Артынша «Қазақ» газетіне Ә. Бөкейхан, М. Шоқай, М. Дулатов үндеу жариялайды. Онда уақытша үкіметті қолдауға шақырады. Алаш арыста- ры Қазақстанның әр аймағында болып, азаттығымызды қорғап қалу үшін жеке мемлекет құру қажеттігін түсіндіреді.

М. Шоқай 1917 жылы Ташкентте «Ықтият» ұйымын құруға атсалысады. Бұл туралы ақпарат «Қазақ» газетінде жарияланады. Түркістан мұсылмандарының бірлігі мен ынты- мақтастығын нығайтуды көздеген ұйым «Бірлік туы» газетін шығарып, оның басшылығы- на М. Шоқайды тағайындайды. Қайраткердің баспасөз ісімен айналысуы да осы жылдар- дан басталады. Газет тарихына қатысты алғашқы мәліметтер 1991 жылы «Қазақ әдебиеті»,

«Ана тілі» басылымдарында сөз етілді. Белгілі публицист Ә. Әлімжанов «Мұстафа Шоқай!... Ол кім?» атты мақаласында М. Шоқай негізін қалаған «Бірлік туы» газеті сол кезеңде және өзінен кейінгі басылымдарға қарағанда мазмұны жағынан сапасы өте жоғары болғандығын айтады. Басылымда Алаш автономиясын құру мәселесі кеңінен талқыланды.

1918 жылдың сәуір айына дейін жарық көрген газетте М. Шоқайдың хаты жарияланған.

Бұл туралы «Қазақ журналистикасының тарихы» атты еңбекте: Мұстафа Шоқайдың хаты былай аяқталған: «Бірлік туы арқылы алаш азаматтарына сәлем. Құдай тірлікте күліп-ой- нап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды. 13-ғинуардан 10 фиу- ралға дейінгі күндер Түркістан халқының есінен өмірінде шықпас. Ол күндері адам-хай- уан өзінің бет-аузын Түркістан халқына ашық көрсетті. Ол күндер – Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер», - деп соңына (4. ІІ-фиуарл), «Тау арасы» Мұста- фа» деп қол қойған [4,80].

(12)

Бұдан кейінгі М. Шоқай өмірі шет елде өтіп, саяси күресін жат жерде жүріп жалғасты- рады. «Большевиктер Түркістанға өз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша тұрақтағанда баспасөзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды.

Тбилисиде біреуі түрік тілінде және екіншісі орыс тілінде екі газеттің шығуына мұрындық болды. Тбилиси большевиктердің қолына өткеннен соң, Стамбулға кетіп бара жатып жол- шыбай біраз күн Батумиге аялдады. Жергілікті газетке Тбилисидегі саяси жағдайға байла- нысты бірнеше мақала жазып үлгерді. Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға өтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар беріп тұрды» [3, 258], - деп жазады Ә. Қара.

М. Шоқайдың қайраткерлік қызметі, публицистік позициясы Парижде айқын, әрі бел- сенді көрінді. М. Шоқайдың публицистикалық мақалалары осы жылдары бірнеше тілдерде жарық көреді. Ол елдегі саяси, экономикалық жағдайларды талдай келіп, түркі халықта- рының бірлігін насихаттады, соған үндеді. Ол Түркістан жастарының алдында сөйлеген сөзінде: «... Түрік халқы - батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. «Кімнен таяқ же- гендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпанға аузының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсаты- мызға жетеміз! ... Түрік баласы, ұмытпаңдар, бастарыңдағы бөтен елдің өкіметін шығарып тастауға тырысыңдар!» [5, 64] -деген болатын.

М. Шоқай Тбилисиде «На рубеже», «Шафак» газеттеріне, Стамбулда «Йени Түр- кістан» журналында, Берлинде «Яш Түркістан» журналында публицистикалық мақала- ларын жариялады. Қайраткердің публицистикалық мақалалары Түркістан автономиясын құру, туыстас елдердің ұлттық мүддесін қорғау мәселесіне арналды. М. Шоқай публици- стикасында ерекше көрінетін басылым –«Яш Түркістан» журналы. Бұл туралы Ә. Қара

«Яш Түркістан» журналы Түркістанның саяси, экономикалық, әдеби және мәдени мәсе- лелеріне терең талдаулар жасаған журнал» деп бағалай келіп, «Түркістанның тәуелсіздігі мен халқының өзін-өзі басқару құқығына қол жеткізуі жолындағы күрес ...негізін саясат, мәдениет және тіл салаларындағы жұмыстарды құрайды» [3, 263]- деп жазады.

М. Шоқайдың публицистикалық мақалалары мен хаттарынан нақтылық, білімділік пен саяси сауаттылық, деректілік айқын аңғарылады. Ол шетелдік басылымдарда кеткен тарихи деректің бұрмалануын нақты дәлелдер келтіре отырып, хат жолдап, редакцияның жауап беруін қадағалап отырады. Мәселен, 1923 жылы 15 наурызда «Последние новости»

газетінің Париж редакциясына «Орыс монархистері бағдарламасының сынына байланысты осы айдың 10-дағы «Последние новости» газетінің бас мақаласында Александрия кітапха- насын өртеуге халиф Омар тарапынан бұйрық берілгені туралы аңызға (өкінішке орай, көп таралған кәдуілгі тарих оқулықтарының барлығында) байланысты, Брокгауз бен Эфрон- ның энциклопедиялық сөздігінен (1891 ж.) төмендегідей анықтамаға Сіздің газетіңізден орын беруіңізді сұраймын», - деп хат жазады. Газет редакторы М. Шоқай келтірген дерек- тің шынайылығын мойындайды.

Белгілі ғалым К. Есмағамбетов М. Шоқайдың «Яш Түркістанды» шығарудағы еңбе- гін зерттей келіп, «журнал беттерінде М.Шоқайдың жалпы қоғам дамуына, дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға және ұлт-азаттық қозғалысының формалары мен күрес тәсілдері- не, түрік халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған жүздеген мақалалары жарық көреді. Ол түркістандықтарды өз елі мен жерін шексіз сүюге, мақтан тұтуға шақырады, себебі ата-жұртын жанындай көретіндер ғана оның тәуелсіздігі үшін күресе алады деп ой түйеді. Алғашқы күндерден бастап М. Шоқай журналда басылатын материалдардың шын- дыққа толық сәйкестілігіне, мазмұны мен идеялық бағытына ерекше көңіл бөледі. Мұстафа Берлиндегі «Яш Түркістан» журналын Парижде тұрып басқарудың кейбір қолайсыздықтар тудыратынын жасырмайды - деп жазады [7]. Бұл туралы ғалым Ә. Қара да өз еңбегінде оның себептерін ашып көрсетеді. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ тілінде «Жас Түркістан» журналын шығарып, онда қайраткердің бірқатар мақалалары жарық көрді.

(13)

М. Шоқайдың эпистолярлық мұрасын құрастырушы Байланыс және ақпарат министр- лігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бас сарапшысы Ғ. Исахан екі томдықтың он ерек- шелігін атап өтеді. Сонымен қатар Париждегі университетаралық кітапханада сақталған құжаттарды мазмұндық жағынан сараптай келіп, «аталмыш мұрағатта М. Шоқайға М.

Мұхити, Т. Заһир, Ә. Оқтай, А. Исхаки, В. Каюм, С. Бахтияр, А. Ибрахим, Искандер, Н.

Шамсуллах, Ж. Ақшора-оғлы, Али Мардан бей, И. Акунин, В.А. Чайкин, Т. Шағатай, Дж. Кастанье және тағы басқалардан келген хаттар, ішінара жауап хаттардың көшірме- лері сақталған. М. Шоқайдың мұраттас, серіктес достарымен жазысқан хаттары Қазақстан мен Орталық Азия тарихын егжей-тегжейлі зерттеудегі айнымас дереккөз болып табыла- ды. Бұл құжаттар қазақ қайраткерінің эмиграциядағы саяси қызметі туралы мол мағлұмат береді. М. Шоқайдың 276 хаттарының 268-і алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды.

Хат мазмұндарына қарағанда, аяулы азамат өз Отанынан тыс жерде жүрсе де халқы- ның тағдыры үшін Ауғанстан, Қытай, Үндістан, Мысыр, Түркия, Ресей, т.б. елдерде тұрып жатқан қоғам қайраткерлерімен хабарласып тұрған. Оның үстіне М. Шоқайдың кіммен ара- ласып, хат жазысқаны, Кеңес Одағынан шыққан эмигранттар жөніндегі деректер де елеулі мұра саналады» [8].

М. Шоқай хаттарында қозғалатын негізгі мәселе – елдегі саяси жағдай. Әсіресе В.

Қаюмға жазған хаттарында тұтқындағы отандастардың халі, елдегі саяси ахуалдың ушығуы туралы кеңінен сөз етіледі.

М. Шоқайдың публицистикалық мақалалары мен хаттары әлі де болса арнайы зерт- теуді қажет етеді. Әсіресе «Яш Түркістанда» жарық көрген мақалалары әлі күнге маңызын жоймаған мәселелерге арналуымен құнды.

Қорыта келгенде айтарымыз, М. Шоқай мұралары осымен зерттеліп бітті деген сөз емес. М. Шоқай мұраларын зерттеуді шартты түрде жүйелесек, тәуелсіздікке дейін- гі және одан кейінгі жылдар деп қарастырғанымыз жөн. Өйткені тәуелсіздікке дейін М.

Шоқай тек шет елдерде ғана танылды. Ол туралы мақалалар мен зерттеулер бірнеше шет мемлекеттерде жарық көрді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары М. Шоқай мұрасымен танысу, ескерткіш орнату, ғылыми еңбектер жазу жұмыстары жалғасты. Бүгінгі таңда М.

Шоқай туралы деректі, көркем фильмдер, спектакльдер көрсетілуде. Мерзімді баспасөз, ақпараттық сайттар М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы танымдық мақала- лар жариялауда. Бір сөзбен айтқанда, қазақ ғылымында шоқайтану ғылым саласы ретінде қалыптасып, даму үстінде. Алдағы уақытта осы игі істер жалғасын табады деген үміттеміз.

Әдебиеттер тізімі

1. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры / Құрастырған: Берік Серікбайұлы Қошым-Ноғай.

- Алматы: Жалын, 1992. - 184 б.

2. Шоқай М. Таңдамалы: Үш томдық. - Алматы: Қайнар, 1999. - 520 б.

3. Қара Ә. Мұстафа Шоқай: Өмірі. Күресі. Шығармашылығы / Түрік тілінен аударған:

Г. Шадиева, Қара Ә. – Алматы: Арыс, 2004. - 320 б.

4. Есмағамбетов К. Әлем таныған тұлға / К. Есмағамбетов - Алматы: Дайк-Пресс, 2008.

– 504 б.

5. Қазақ / Құраст. Ү. Сұбханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сахов. - Алматы: Қазақ энциклопедия- сы, 1998. - 560 б.

6. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. – Алма- ты: Рауан, 1996. - 244 б.

7. Есмағамбетов К. «Яш Түркістан» журналы – тәуелсіздік жаршысы // Ана тілі газеті, 2010.

-14 қаңтар.

8. Тоқсанбай Қ. Шоқайдың соңғы құжаттары //Егемен Қазақстан газеті, 2010. - 29 желтоқсан.

(14)

Г.Ш. Аширбекова, Г.К. Ертасова

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Нур-Султан, Казахстан

Жанровые особенности публицистики Мустафа Шокая

Аннотация. В статье рассматриваются научные труды,в которых раскрывается личность М. Шокая и отражаютсяего политические взгляды. Работы о его жизни и творчестве разделены по периодам. Представлены сведения о научных поискахученых-шокаеведов, в частности, найденных ими архивных материалах. Анализируются жанровые аспекты, политические и социологические ценности наследия М. Шокая.

Также уделятся большое внимание организации им издательского дела, статьям, отражаю- щим его общественно-политические взгляды. Дается обзор его деятельности и статей в изданиях

«Бірлік туы», «На рубеже», «Йени Түркістан», «Яш Түркістан». Анализируется содержание писем публициста.

Ключевые слова: . публицистика Мустафы Шокая, политические письма, газетные изда- ния, общественные журналы, научные труды.

G.Sh. Ashirbekova, G.K. Yertassova

L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan

Genre features of publicism of Mustafa Shokay

Abstract.The article discusses the scientific works that reflect the political views in the history of nations and the recognition of the individual of M. Shokay. As well as research on the periods analyzed Turda about life and work of M. Shokay. Available on archival materials and scientific research scientists shokaevedets. It analyzes the genre aspects, political and sociological values of heritage of M. Shokay.

The article deals with the organizational work of the press and the problematic aspects reflecting the socio-political views of M. Shokay. Provides an overview of publications and articles in «Birlik Tuy»,

«At the turn», «Yeni Turkistan», «Yash Turkistan» and analyzes the opinions and views on the content of the letter of the also publicist.

Keywords: Journalism Mustafa Shokay, political letters, Newspapers, public magazines, scientific works.

References

1. Shokai М. Turkistannyn qily tagdyry [The difficult fate of Turkestan], (Zhalyn, Almaty, 1992, 184 p.). [in Kazakh]

2. Shokai М. TandamalyUshtomdyq [Favorite three volume], (Kainar, Almaty, 1999, 520 p.). [in Kazakh]

3. Kara A. Mustafa Shoqay. Omiri. Kuresi. Shıgarmashılıgı [Mustafa Shokai. A life. Fight.

Creation], translated from Turkish by G. Shadieva. (Аrys, Almaty, 2004, 320 p.). [in Kazakh]

4. Esmagambetov К. Alemtanıgantulga [The man who has received recognition in the world] , (Almaty, Dike-Press, 2008, 504 p.). [in Kazakh]

5. Qazaq [Kazakh], Composers: U. Subkhanberdina, S. Dauitov, K. Sakhov. (Kazakh encyclopedia, Almaty, 1998. 560 p.). [in Kazakh]

6. Аllabergen K., Nuskabaiuly Zh., Orazai F. Qazaq jurnalistïkasınyn tarikhy [History of Kazakh journalism], (Rauan, Almaty, 1996, 244 p.) [in Kazakh]

(15)

7. Esmagambetov К. Magazine «Yash Turkistan» jurnaly – tauelsizdik jarshysy [«Yash Turkestan»

- Bulletin of Independence], (newspaper «Ana tili», 2010, 14 January). [in Kazakh]

8. Тоksanbay K. Shoqaydyn songy qujattary [Recent Shokai Documents], (newspaper «Egemen Kazakhstan», 2010, 29 December). [in Kazakh]

Авторлар туралы мәлімет:

Әшірбекова Г.Ш. – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еура- зия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің доценті, Нұр-Сұл- тан, Қазақстан.

Ертасова Г.Қ. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ІІІ курс докторанты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.

Ashirbekova G.Sh. – Candidate of Philological Sciences, associate professor, Faculty of Journalism and Political science L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

Yertassova G.K. – 3 rd year PhD student of the specialty «Journalism», L.N. Gumilyov Eurasian National University, Nur-Sultan, Kazakhstan.

(16)

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы.

Журналистика сериясы» журналында мақала жариялау ережесі

1. Журналдың мақсаты. Қазақ баспасөзінің тарихы, журналистиканың теориялық және қолданбалы ғылымдары, қоғаммен қатынасы, көсемсөзі, баспасөз қызметі туралы мұқият тексеруден өткен материалдарды жариялау.

2. Журналда мақаланы жариялаушы автор Ғылыми басылымдар бөліміне (ме- кенжайы: 010008, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атын- дағы Еуразия ұлттық университеті, Бас ғимарат, 402 кабинет) қолжазбаның қол қойылған 1 дана қағаз нұсқасын тапсырады және Word форматындағы нұсқасын vest_ journalism@enu.

kz электрондық поштасына жіберу қажет. Қағазға басылған мақала мәтіні мен электронды нұсқасы бірдей болулары қажет. Мақаламен бірге автордың жұмыс орнынан Ілеспе хат та тапсырылуы қажет. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

3. Авторлардың редакцияға мақалаларды жіберуі «Л.Н. Гумилев атындағы Еу- разия ұлттық университетінің Хабаршысында» басуға және шет тіліне аударып, қайта ба- суға келісімін білдіреді. Автор мақаланы редакцияға жіберу арқылы өз туралы мәліметтің дұрыстығына, мақала көшірілмегендігіне (плагиаттың жоқтығына) және басқа да заңсыз көшірмелердің жоқтығына, барлық көшірмелердің, кестелердің, сұлбалардың, иллюстра- циялардың тиісті түрде рәсімдеуіне кепілдеме береді.

4. Ұсынылатын мақала көлемі (жекедеректер мен әдебиеттер тізімін қоса):

- мақалалар үшін - 8 ден 16 бетке дейін;

- сын пікірлер (монографияға, кітапқа) және конференция туралы пікір - 6 дан 12 бетке дейін болуы керек.

5. Мақала мәтінінің пішіні:

– Microsoft Word (docx) форматындағы файлда;

– Times New Roman шрифінде;

– жақтау жолағы 2х2х2х2;

– 1 жоларалық интервалы;

– 14 кегл;

– мәтінді жақтау көлеміне сәйкестендіру керек;

– Әрбір азатжол қызыл сызықтан басталуы қажет (1 см шегініс);

– транслитерация Library of Congress (LC) жүйесінде жасалуы керек.

Мақаланы құру сұлбасы:

ХҒТАР http://grnti.ru/ - бірінші жолдың сол жақтауында;

Автор(лар) туралы метамәліметтердің мазмұны (Рәсімдеу үлгісі / Образец оформления статьи / Template қараңыз)

Автор(лар)дың аты-жөні – жолдың ортасында қою әріппен жазылады;

Мекеменің толық атауы, қаласы, мемлекеті (егер авторлар әртүрлі мекемелерде жұмыс істесе, онда автордың тегі мен тиісті мекеменің қасында бірдей белгіше қойылады)

Автор(лар)дың Е-mail-ы – жақша ішінде (курсивпен);

Мақала атауы – жолдың ортасында (жартылай қоюмен)

Аңдатпа – (100-200 сөз) формуласыз, мақаланың атауын мейлінше қайталамауы қажет; әдебиеттерге сілтемелер болмауы қажет; мақаланың құрылысын (кіріспе, зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері, қорытынды) сақтай отырып, мақаланың қысқаша мазмұны берілуі қажет.

Түйін сөздер («Түйін сөздер» сөз тіркесі жартылай қоюмен белгіленеді) (5-8 сөз немесе сөз тіркестері) - Түйін сөздер зерттеу тақырыбын өте дәл бейнелеу керек, сонымен қатар, ақпараттық-іздестіру жүйелерінде мақаланы жеңіл табуға мүмкіндік беретін мақала мәтінің терминдерін және де басқа маңызды ұғымдарды қамтуы қажет.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Лингвистикалық талдау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған жазбаша және ауызша жарнама мәтіндері алынды.. Олардың

Солардың ішінде әсіресе мемлекеттік тілдің қолданылуы, қоғамдық мәні мен қызметі, орыс тілінің және өзге тілдердің әлеуметтік коммуникативтік

Қазақ тілі ана тілі болып, ағылшын тілі – үйренуші тіл болып табылатын билингвтің ауызша және жазбаша тілінде байқалатын қазақ-ағылшын синтаксистік

Жоғары оқу орны, мемлекет, қоғам және жұмыс берушінің тең дәрежелі әрі ынтымақтастықта, үйлесімді қызметі кәсіби әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа әлеуметтік

Әдебиеттер тізімінен кейін түйін сөздермен екі аңдатпа беріледі: егер мақала қазақ тілінде жазылса, аңдатпалар орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, егер

Ғылыми кітапхананың негізгі міндеттері - студенттердің, ма- гистранттардың және университеттің профессорлық-оқытушылық құра- мының білім беру және

Әшірбаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан E-mail: [email protected] Журналистиканың идеологиялық функциясы және мемлекеттік мүдде Аңдатпа..

– босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату тәртібі туралы комиссия құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді; – баспана іздеушілер мен босқындар- дың