• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Х А Б А Р Ш Ы С Ы - Вестник НАН РК

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Х А Б А Р Ш Ы С Ы - Вестник НАН РК"

Copied!
24
0
0

Толық мәтін

(1)

ISSN 1991-3494 (Print)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

Х А Б А Р Ш Ы С Ы

ВЕСТНИК

НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

THE BULLETIN

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

1944 ЖЫЛДАН ШЫҒА БАСТАҒАН ИЗДАЕТСЯ С 1944 ГОДА

PUBLISHED SINCE 1944

АЛМАТЫ JANUARY АЛМАТЫ 2018 ЯНВАРЬ ALMATY ҚАҢТАР

(2)

   

 

 

NAS RK is pleased to announce that Bulletin of NAS RK scientific journal has been accepted for indexing in the Emerging Sources Citation Index, a new edition of Web of Science.

Content in this index is under consideration by Clarivate Analytics to be accepted in the Science Citation Index Expanded, the Social Sciences Citation Index, and the Arts & Humanities Citation Index. The quality and depth of content Web of Science offers to researchers, authors, publishers, and institutions sets it apart from other research databases. The inclusion of Bulletin of NAS RK in the Emerging Sources Citation Index demonstrates our dedication to providing the most relevant and influential multidiscipline content to our community.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы "ҚР ҰҒА Хабаршысы" ғылыми журна- лының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды. Бұл индекстелу барысында Clarivate Analytics компаниясы журналды одан əрі the Science Citation Index Expanded, the Social Sciences Citation Index жəне the Arts &

Humanities Citation Index-ке қабылдау мəселесін қарастыруда. Web of Science зерттеушілер, авторлар, баспашылар мен мекемелерге контент тереңдігі мен сапасын ұсынады. ҚР ҰҒА Хабаршысының Emerging Sources Citation Index-ке енуі біздің қоғамдастық үшін ең өзекті жəне беделді мультидисциплинарлы контентке адалдығымызды білдіреді.

НАН РК сообщает, что научный журнал «Вестник НАН РК» был принят для индексирования в Emerging Sources Citation Index, обновленной версии Web of Science. Содержание в этом индек- сировании находится в стадии рассмотрения компанией Clarivate Analytics для дальнейшего принятия журнала в the Science Citation Index Expanded, the Social Sciences Citation Index и the Arts

& Humanities Citation Index. Web of Science предлагает качество и глубину контента для исследователей, авторов, издателей и учреждений. Включение Вестника НАН РК в Emerging Sources Citation Index демонстрирует нашу приверженность к наиболее актуальному и влиятельному мультидисциплинарному контенту для нашего сообщества.

   

 

(3)

Б а с

р е д а к т о р ы х. ғ. д., проф., ҚР ҰҒА академигі

М. Ж. Жұрынов

Р е д а к ц и я а л қ а с ы:

Абиев Р.Ш. проф. (Ресей)

Абишев М.Е. проф., корр.-мүшесі (Қазақстан) Аврамов К.В. проф. (Украина)

Аппель Юрген проф. (Германия)

Баймуқанов Д.А. проф., корр.-мүшесі (Қазақстан) Байпақов К.М. проф., академик (Қазақстан) Байтулин И.О. проф., академик (Қазақстан) Банас Иозеф проф. (Польша)

Берсимбаев Р.И. проф., академик (Қазақстан) Велихов Е.П. проф., РҒА академигі (Ресей) Гашимзаде Ф. проф., академик (Əзірбайжан) Гончарук В.В. проф., академик (Украина) Давлетов А.Е. проф., корр.-мүшесі (Қазақстан) Джрбашян Р.Т. проф., академик (Армения)

Қалимолдаев М.Н. проф., академик (Қазақстан), бас ред. орынбасары Лаверов Н.П. проф., академик РАН (Россия)

Лупашку Ф. проф., корр.-мүшесі (Молдова) Мохд Хасан Селамат проф. (Малайзия)

Мырхалықов Ж.У. проф., академик (Қазақстан) Новак Изабелла проф. (Польша)

Огарь Н.П. проф., корр.-мүшесі (Қазақстан) Полещук О.Х. проф. (Ресей)

Поняев А.И. проф. (Ресей)

Сагиян А.С. проф., академик (Армения) Сатубалдин С.С. проф., академик (Қазақстан) Таткеева Г.Г. проф., корр.-мүшесі (Қазақстан) Умбетаев И. проф., академик (Қазақстан) Хрипунов Г.С. проф. (Украина)

Юлдашбаев Ю.А. проф., РҒА корр-мүшесі (Ресей) Якубова М.М. проф., академик (Тəжікстан)

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы».

ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print)

Меншіктенуші: «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы»РҚБ (Алматы қ.)

Қазақстан республикасының Мəдениет пен ақпарат министрлігінің Ақпарат жəне мұрағат комитетінде 01.06.2006 ж. берілген №5551-Ж мерзімдік басылым тіркеуіне қойылу туралы куəлік

Мерзімділігі: жылына 6 рет.

Тиражы: 2000 дана.

Редакцияның мекенжайы: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28, 219 бөл., 220, тел.: 272-13-19, 272-13-18, www: nauka-nanrk.kz, bulletin-science.kz

© Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, 2018 Типографияның мекенжайы: «Аруна» ЖК, Алматы қ., Муратбаева көш., 75.

(4)

Г л а в н ы й

р е д а к т о р д. х. н., проф. академик НАН РК

М. Ж. Журинов

Р е д а к ц и о н н а я к о л л е г и я:

Абиев Р.Ш. проф. (Россия)

Абишев М.Е. проф., член-корр. (Казахстан) Аврамов К.В. проф. (Украина)

Аппель Юрген проф. (Германия)

Баймуканов Д.А. проф., чл.-корр. (Казахстан) Байпаков К.М. проф., академик (Казахстан) Байтулин И.О. проф., академик (Казахстан) Банас Иозеф проф. (Польша)

Берсимбаев Р.И. проф., академик (Казахстан) Велихов Е.П. проф., академик РАН (Россия) Гашимзаде Ф. проф., академик (Азербайджан) Гончарук В.В. проф., академик (Украина) Давлетов А.Е. проф., чл.-корр. (Казахстан) Джрбашян Р.Т. проф., академик (Армения)

Калимолдаев М.Н. академик (Казахстан), зам. гл. ред.

Лаверов Н.П. проф., академик РАН (Россия) Лупашку Ф. проф., чл.-корр. (Молдова) Мохд Хасан Селамат проф. (Малайзия)

Мырхалыков Ж.У. проф., академик (Казахстан) Новак Изабелла проф. (Польша)

Огарь Н.П. проф., чл.-корр. (Казахстан) Полещук О.Х. проф. (Россия)

Поняев А.И. проф. (Россия)

Сагиян А.С. проф., академик (Армения) Сатубалдин С.С. проф., академик (Казахстан) Таткеева Г.Г. проф., чл.-корр. (Казахстан) Умбетаев И. проф., академик (Казахстан) Хрипунов Г.С. проф. (Украина)

Юлдашбаев Ю.А. проф., член-корр. РАН (Россия) Якубова М.М. проф., академик (Таджикистан)

«Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан».

ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print)

Собственник: РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан» (г. Алматы)

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания в Комитете информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан №5551-Ж, выданное 01.06.2006 г.

Периодичность: 6 раз в год Тираж: 2000 экземпляров

Адрес редакции: 050010, г. Алматы, ул. Шевченко, 28, ком. 219, 220, тел. 272-13-19, 272-13-18.

www: nauka-nanrk.kz, bulletin-science.kz

© Национальная академия наук Республики Казахстан, 2018 Адрес типографии: ИП «Аруна», г. Алматы, ул. Муратбаева, 75

(5)

E d i t o r

i n

c h i e f

doctor of chemistry, professor, academician of NAS RK М. Zh. Zhurinov

E d i t o r i a l b o a r d:

Abiyev R.Sh. prof. (Russia)

Abishev М.Ye. prof., corr. member. (Kazakhstan) Avramov K.V. prof. (Ukraine)

Appel Jurgen, prof. (Germany)

Baimukanov D.А. prof., corr. member. (Kazakhstan) Baipakov K.М. prof., academician (Kazakhstan) Baitullin I.О. prof., academician (Kazakhstan) Joseph Banas, prof. (Poland)

Bersimbayev R.I. prof., academician (Kazakhstan) Velikhov Ye.P. prof., academician of RAS (Russia) Gashimzade F. prof., academician ( Azerbaijan) Goncharuk V.V. prof., academician (Ukraine) Davletov А.Ye. prof., corr. member. (Kazakhstan) Dzhrbashian R.Т. prof., academician (Armenia)

Kalimoldayev М.N. prof., academician (Kazakhstan), deputy editor in chief Laverov N.P. prof., academician of RAS (Russia)

Lupashku F. prof., corr. member. (Moldova) Mohd Hassan Selamat, prof. (Malaysia)

Myrkhalykov Zh.U. prof., academician (Kazakhstan) Nowak Isabella, prof. (Poland)

Ogar N.P. prof., corr. member. (Kazakhstan) Poleshchuk О.Kh. prof. (Russia)

Ponyaev А.I. prof. (Russia)

Sagiyan А.S. prof., academician (Armenia) Satubaldin S.S. prof., academician (Kazakhstan) Tatkeyeva G.G. prof., corr. member. (Kazakhstan) Umbetayev I. prof., academician (Kazakhstan) Khripunov G.S. prof. (Ukraine)

Yuldashbayev Y.A., prof. corresponding member of RAS (Russia) Yakubova М.М. prof., academician (Tadjikistan)

Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan.

ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print)

Owner: RPA "National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan" (Almaty)

The certificate of registration of a periodic printed publication in the Committee of Information and Archives of the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan N 5551-Ж, issued 01.06.2006

Periodicity: 6 times a year Circulation: 2000 copies

Editorial address: 28, Shevchenko str., of. 219, 220, Almaty, 050010, tel. 272-13-19, 272-13-18, http://nauka-nanrk.kz /, http://bulletin-science.kz

© National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, 2018 Address of printing house: ST "Aruna", 75, Muratbayev str, Almaty

(6)

Хроника

ҚР ҰҒА-сының президенті академик М. Жұрыновтың ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясындағы баяндамасы

Алматы қ., 31.01.2018 ж.

Құрметті əріптестер! Академияның 262 тұрақты мүшелерінен (173 акад., 89 корр. мүше) 94 адам уəжді себептермен – іссапарлар (командировка)мен денсаулықтарына байланысты қатыса

алмайды. Жиналысқа қатысып отырғандардың саны 168 адам, демек 3/2 қажетті мөлшерден асып тұр. Кворум бар. Академияның Жалпы жиналысының кезекті сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті əріптестер, ҚР ҰҒА академиктері, корреспондент-мүшелері мен құрметті мүшелері, қымбатты қонақтар!

Өткен жылдың маусым айында өткізген ҰҒА Жалпы жиналысының соңғы сессиясынан бергі уақыт аралығында Ұлттық ғылым академиясы, жалпы Қазақстан ғылымы, ауыр қазаларға ұшы- рады – ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Нечаев Игорь Николаевич (23.10.17 ж.), талантты ғалым, ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Рогов Евгений Иванович (22.11.17 ж.), фəни дүниеден озды. Осы ардақты азаматта- рымыздың рухына тағзым етіп, орындарыңыздан тұрып, бір минут үнсіз еске алуларыңызды өтінемін. (Үнсіздік).

Құрметті əріптестер! ҰҒА Төралқасының өткен жылғы Жалпы жиналысында қаралған есепті баяндамасынан кейінгі уақытта ҰҒА Төралқасының аппараты көптеген жұмыстарды атқарды.

Оларды електен өткізіп, тек қана ірі істерді тізетін болсақ – ол мыналар: ҰҒА-сының босаған вакансияларына сайлау өткізіп, жаңа мүшелерін сайлау; ҰҒА-ның тұрақты қаржыланып, жыл сайын дайындалатын ғылым туралы Ұлттық баяндаманы ұйымдастырып, даярлау (биыл 14 том);

Көп жылдар бойы созылған үзілістен кейін ҰҒА-сына қайта берілген ғылым саласындағы Қ.И. Сəтбаев, Ы.Алтынсарин, Д.Қонаев, М.Əуезов, Ш.Уəлиханов, Күлтегін атындағы мемлекет

тарапынан берілетін 75 ғылыми стипендияларды тағайындау; 1946 ж. бері шығарылып келе жатқан, 73 мемлекетке таратылатын 8 журналды тұрақты түрде уақтылы (жылына 6 рет) жоғары сапалы етіп шығару; республикадағы басым ғылыми бағыттарды анықтау ісіне қатысу; Ұлттық ғылыми Кеңестің құрамына ҰҒА академиктерінің көптеп кіруіне жəне сараптама жасауға, белсенді қатысуына ықпал жасау; ҰҒА-сының барлық мүшелерінің мемлекет жəне халықаралық ұйымдар тарапынан марапатталуына, олардың мерейтойларының жəне т.б. жағдайларда елеулі, биік дəрежеде өтуіне ықпал жасау. Өткен жылы жаңадан сайланған ҰҒА корреспондент-мүшелерін Президент Əкімшілігінің Поликлиникасы мен Емханасына мемлекетіміздің дамуына ерекше еңбегі сіңген азаматтар ретінде тіркеу.

ҚР ҰҒА-сы – Еліміздегі жалғыз классикалық əмбебап академия, барлық атақты, маңдайалды, дүниежүзіне белгілі ғалымдардың жиынтық академиясы. Сондықтан біздің академияның күрделі мəселелері Елбасының тікелей назарында болып келеді. Өткен жылдардың нəтижелері ҰҒА-сының ең таңдаулы, ең ардақты ғылыми ұжым екендігін көрсетті. Майталман академик-ғалымда- рымыздың қатары талантты жас ғалымдармен – ҰҒА корреспондент-мүшелерімен толықты.

Академияға еліміздің ең алдыңғы қатардағы, таңдаулы ғалымдары конкурспен сайланады. Соңғы өткен 2017 жылдың маусым айында Академияға корреспондент-мүшелерді сайлау осыны көрсетті, 1 орынға 10 үміткерге дейін барды. Оны біз өткен жылғы ҰҒА-ның Жалпы жиналысында да айт- қан едік. Бұл көрініс біздің қоғамымызда ҚР ҰҒА-сының беделі бұрынғыдай жоғары екенін тайға басқан таңбадай етіп көрсетті. Ал қазір біздің академия əлемдегі мүшелері ең жас (орта жасы – 60!) классикалық академия болып тұр.

(7)

Осы аталып өткен, қол жеткізген жетістіктеріміздің ешқайсысы оңайлықпен келген жоқ, көпшілігі шиеленіскен күреспен келді. Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың 22-ақпанында ҰҒА академигі, Елбасы Н.Ə. Назарбаев ҰҒА-сының 70 жылдық мəртебелі мерейтойына келіп, баяндама жасады. Елбасы өз баяндамасында Академияның жұмысына оң баға беріп, академиктермен кез- десіп, отандық ғылымды дамыту жолдарын айтып өтті. Академияның бұл мерейтойына дүниенің төрт тарапындағы елдерден (Ресей, АҚШ, Украина, Беларуссия, Қырғызстан, Грузия, Молдова жəне т.б.) атағы əлемге жайылған айтулы академиксол елдердің ҰҒА-ларының президенттері келіп қатысты.

Сондықтан мұндай ірі шараға үлкен дайындықпен, ең бастысы ауызбіршілікпен бардық деп ойлаймын. Үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, ҰҒА айналасына барлық академиялық институттар мен медицина жəне ауылшаруашылығы салаларындағы ірі ғылыми-зерттеу инсти- туттарын топтастырып, ҰҒА бөлімшелері орналасқан Ұлттық университеттермен бірге ірі Ұлттық ғылыми-техникалық консорциум немесе Ассоциациялық қоғам құруды қолға алдық. Түпкі мақсат – ҚР ҰҒА-сының мəртебесін жоғарылатып, тиісті, биік орнына келтіру.

Ең бастысы – өз арамызда ауызбіршілік болуы қажет. Мемлекетіміз Елбасы, академик Н.Ə. Назарбаевтың басшылығымен жүргізіп жатқан игі іс-шараларға да үн қосып, қолдау көрсетіп

отыру да біздің азаматтық борышымыз.

Уважаемые коллеги! 2017 год как для Казахстана, так и для нашей Академии,стал временем выхода на новые горизонты развития, связанные с масштабными реформами в стране.

Как вы знаете, знаковым событием уходящего года стало избрание Казахстана членом Совета Безопасности при ООН и затем успешное проведение в Казахстане международной выставки

«ЭКСПО-2017» с главной темой -«Энергия будущего».Следует отметить, что наши академики и члены-корреспонденты приняли в ней посильное участие.

В прошлом году была запущена Третья модернизация Казахстана. Однимиз важных эле- ментов стратегии модернизации становится – наряду с экономическими и политическими изме- нениями – трансформация общественного сознания в духе времени. Развернувшийся широкий и заинтересованный общенациональный диалог по поднятым в ней вопросам идентичности, тради- ций, языка, национальной истории продемонстрировал своевременность и востребованность подобной программы в обществе.

В рамках программы «Руханижаңғыру» также началась реализация проектов «Новое гуманитарное знание. 100 лучших учебников на казахском языке», «100 новых лиц Казахстана»,

«Туғанжер», «Сакральная география Казахстана», «Современная казахстанская культура в гло- бальном мире». В реализацию этих программ значительный вклад вносят наши ученые – акаде- мики и члены-корреспонденты, ученые вузов и НИИ.

Конкретными мерами по реализации заявленных Президентом целей стали начало перевода казахского алфавита на латинскую графику, когда 27 октября Указом Президента был утвержден проект казахского алфавита на основе латинской графики, а также образована Национальная комиссия по переходу государственного языка на латиницу, перед которой поставлена задача организации данного процесса до 2025 года, а также программа развития трехъязычия (владение казахским, русским и английским языками) и проект «Цифровой Казахстан».Во всех этих программах члены нашей Академии приняли активное участие.

Послание 2018 года определяет, что нам предстоит сделать для успешной навигации и адаптации в новом мире – мире Четвертой промышленной революции. В решении этих поис- тине грандиозных задач активное участие принимают ученые Казахстана, в том числечлены нашей Академии, причем на первых рубежах.

2017 отчетный год для нашей Академии стал особенным. Как я уже отметил, 22 февраля текущего года состоялось торжественноесобрание, посвященное 70-летию Национальной академии наук Республики Казахстан,на котором с приветственной речью выступил Глава государства Нурсултан Назарбаев, поставивший перед учеными страны ряд новых задач. К сегодняшнему дню многие из них уже реализованы.

Так, Глава государства поручил принять меры по привлечению академиков НАН РК к процессу проведения государственной научно-технической экспертизы, обеспечить участие НАН

(8)

РК на договорной основе в проведении конкурсов по присуждению именных премий в области науки.

Во исполнение этих поручений при активной поддержке министра образования и науки РК Сагадиева Е.К. в этом году впервые за много лет в НАН РК прошел конкурс по присуждению именных премий в области науки и государственных научных стипендий в 2017 году. Всего поступило 528 заявок, из них 54 – на именные премии; 474 – на государственные стипендии для молодых ученых и ученых, внесших значительный вклад в развитие науки. Выделено 50 госу- дарственных стипендий молодым ученым и 25 – для ученых, внесших значительный вклад в развитие науки.

Таким образом, в 2017 году присуждены именные премии в области науки следующим ученым:

1) имени К.И.Сатпаева за лучшее научное исследование в области естественных наук академику НАН РК БейсеновойАлиеСарсеновне.

2) имени Ч.Ч.Валиханова за лучшее научное исследование в области гуманитарных наук профессору, почетному члену НАН РКСапарбаевуАбдижапаруДжумановичу;

3) имени Ы. Алтынсарина за лучшее научное исследование в области педагогики профессору ОспанұлыСерикбаю;

4) имени Кюль-тегина за выдающееся достижение в области тюркологии профессору Жал- махановуШапагатуШарапатулы;

5) имени Д.А.Кунаева для молодых ученых за лучшую работу в области естественных наук РһD-доктору ЖабагинуМаксатуКизатовичу;

6) имени М.О.Ауэзова для молодых ученых за лучшую работу в области гуманитарных наук РһD-доктору Ахметову АрмануСериковичу.

Приказом Министра образования и науки РК от 22 декабря 2017 года во исполнение поручения Президента Республики Казахстан по итогам торжественной сессии Общего собрания НАН РК создан Совет по этике при Национальной академии наук РК. Состав Совета формируется из представителей научных организаций, образовательных учреждений высшего профессио- нального образования, а также представителей общественных организаций. Совет по этике яв- ляется постоянно действующим органом для проведения этической экспертизы научно-образо- вательной деятельности, результатов конкурсов на реализацию научных, научно-технических программ и при реализации научных работ на практике.

Разумеется, что главным событием за отчетный год был юбилей НАН РК и выборы, которые состоялись после юбилейной сессии Общего собрания в соответствии сУставом и решением Президиума в маепрошлого года. Как вам известно, были избраны новые академики и члены- корреспонденты НАН РК на 28 освободившихся мест со времени последних выборов, со- стоявшихся в 2013 году. Я только вкратце остановлюсь на этом вопросе, поскольку мы его уже обсуждали.

Для участия в конкурсе на членов-корреспондентов подали документы 68 человек, на действительных членов (академиков) – 60 человек.

Выборы прошли открыто и прозрачно: в республиканских газетах и на сайте НАН РК были даны объявления о проведении конкурса, о претендентах, проведены обсуждения их на заседаниях профильных Отделений, опубликован список избранных.Наша Академия пополнилась учеными, достойных звания академика и члена-корреспондента.

Подготовка ежегодного Национального доклада по науке выполняется в соответствии с Правилами подготовки ежегодного Национального доклада по науке, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан.

Реализация научных исследований в отчетном году проводилась в соответствии с одобрен- ными на заседании ВНТК пятью приоритетами развития науки: Рациональное использование природных ресурсов, переработка сырья и продукции; Энергетика и машиностроение; Инфор- мационные и телекоммуникационные технологии; Науки о жизни; Интеллектуальный потенциал страны. В конце 2017 года окончательно принято решение Правительства о новых семи приори- тетах развития науки.

(9)

Как известно, в подготовке Национального доклада принимают участие академики и члены- корреспонденты НАН РК, а также ведущие ученые – доктора наук, работающие под научным руководством или в соавторстве с академиками и членами-корреспондентами НАН РК в лабо- раториях научно-исследовательских институтов и на кафедрах высших учебных заведений страны.

В Докладе приводится сравнительная оценка состояния науки в стране и мире, рекомендуемые приоритетные направления, отрасли и подотрасли науки, которые необходимо развивать в целях научного обеспечения индустриально-инновационного развития экономики страны в русле пост- модернизма, востребованной 4-ой промышленной революцией. Большинство развитых стран концентрирует свои усилия на новых направлениях исследований, связанных с потребностями инновационнойиндустрии, аграрии, биотехнологии и др. Это позволяет сформировать крупные научные школы, способные заниматься конкурентоспособными разработками с целью создания наукоемких производств с доминантой автоматизации и робототехники, цифровых платформ и искусственного интелекта. Кроме того, в Докладе даются общая характеристика казахстанской науки, анализ состояния научного потенциала, финансирования научных исследований и разра- боток, тенденций развития мировой и казахстанской науки, развития национальной иннова- ционной системы, деятельности отраслевых уполномоченных органов по научно-технической части, выводы и предложения по дальнейшему развитию национальной научной системы. Доклад в 2017 году был обсужден на заседании ВНТК при Правительстве РК и принят Администрацией Президента РК.

Как вам известно, НАН РК продолжает выпуск 8 академических научных журналов, тем са- мым информируя ученый мир о достиженияхказахстанской науки. Напомню, что в конце 2016 года журнал «Известия НАН РК. Серия геологии и технических наук был индексирован в междуна- родной базе данных Scopus. В октябре прошлого года научные журналы были отмечены медалью Международной издательской кампанииSpringerNature(Шпрингер нейча) как лучшие научные

издания Казахстана.В этом году мы ожидаем, что в Международную базу Skopus войдут еще 5 журналов, которые стоят на 10-ой – последней ступени экспертизы.

Следует отметить, что в 2017 году в наших журналах увеличилось количество статей, опуб- ликованных на английском языке. Если раньше количество таких статей не превышало 30 %, то в настоящее время мы добились увеличения до 50 % и больше, что является одним из 4-х поручений Президента РК, данное правительству в докладе к 70-летию НАН РК –«проработать вопрос и внести предложение по обеспечению опубликования не менее половины всех научных статей на английском языкеи их включению в мировые базы данных».Это, бесспорно, является одним из путей интеграции казахстанской науки в общемировую.

Академия придает большое значение укреплению международных связей. В связи с этим необходимо отметить Договор о сотрудничестве между нашей академией и Академией Беларуси, который был подписан мной и президентом академии Беларусь, академикомГусаковым В.Г. в рамках государственного визита Президента РК Н.А.Назарбаева 29-30 ноября 2017 года. Кроме того, в прошлом году мы активно сотрудничали с Академиями наук России, Украины,Франции, КНР,Турции, Азербайджана, Кыргызстана, Молдовы, Татарстана.

Құрметті əріптестер! 2017 жылы ҰҒА ғалымдарының Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығымен марапатталуыбіздің аса үлкен жетістігіміздің бірі. Марапатталғандардың қатарында: ҰҒА академигі Байпақов Карл Молдахметұлы, ҰҒА корреспондент-мүшелері Мырзақұлов Ратбай, Бенберин Валерий Василье- вич, ҰҒА құрметті мүшесі Ахетов Əмір Амантайұлы.

Алдағы жыл – Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жылы. Бұл нақты тəжрибелік істер бағдар- ламасы барлық қазақстандықтарға жəне бірінші кезекте зиялы қауымның ең алдыңғы қатарлы ғалымдарына қатысты. Ондағы айтылған барлық 10 мəселе еліміздің ғалымдарының күш салуын талап етеді, əсіресе инновациялық индустриализацияны ғылыми сүйемелдеусіз жүзеге асыру мүмкін емес.

2018 жылы алдағы Мақсатты-бағдарламалық қаржыландыруды (ПЦФ), ғылыми жобаларды

мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткізу жұмысына толық түрде жаңа методикалық дайындықтар жасау керек.

(10)

ҚР ҰҒА жанынан коллегиалды орган – этика Кеңесі құрылды, бұл орган 2018 жылы белсенді түрде өз қызметіне кірісуі қажет.

Одан басқа, ҚР ҰҒА алдында əлемдік жəне отандық ғылымның басты жетістіктерінің терең талдамасы мен олардың даму тенденциясы жəне отандық ғылым дамуын қамтамасыз етуге арналған тұжырымдар мен ұсыныстар берілетін жылдық Ұлттық баяндаманы даярлау мəселесі тұр.

Қазақстандық ғалымдардың алдағы уақыттағы əрекет өрісі осындай, біздің академияның жұмысы осы тұрғыдан құрылатын болады.

Біздің академиямыз жыл сайын халықаралық беделі өсіп, қанатын кеңінен жайып, өзінің бұрынғы жоғарғы лауазымына қарай көтеріліп келеді. Бұл біздің бəріміздің ортақ табысымыз.

Келешекте де осылайша ғылымның бұлақ суындай таза, əрі биік идеалдарына, Отандық ғылымды одан əрі дамыту үшін қызмет ете берейік! Сіздерге үлкен шығармашылық табыстар тілеймін.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

(11)

Глобалдық 30 экономикаға апарар жол

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына арнап, еліміздің алдағы уақытта қарыштап дамуының басты 10 бағытын нақтылап белгілеп берді.

Жолдау – жаңа цифрлық дəуірде егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беріп, халқымыздың игілігін көздеген шынайы іс-жоспарға құрылған құнды құжат.

Биылғы Елбасы Жолдауының ерекшелігі – ел дамуының түбегейлі тұстарын зерделеп, оның сан қырлы салаларын жүйелі түрде жаңғырту мəселесіне мəн беруінде. Тəуелсіздіктің ширек ғасырын артқа тастаған мемлекет үшін болашаққа сенімді қадам жасау өте маңызды. Стратегиялық мазмұны жоғары бұл құжатта анықталған он міндеттің əрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін қажет. Елбасы мемлекетті жаңа сатыға көтеретін ауқымды реформаларға үлкен үміт артып, ондағы басымдықтардың бүгінгі қоғамға сəйкес келетін өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Демек, қазіргі заманның нағыз дамыған өркениетті елдерінің қатарына қосылуы үшін ескі экономикалық жүйені ғана емес, қоғамдық сананы да өзгертуге тиіспіз деген ойды ортаға салды. Мəселен, соңғы жыл- дары қолға алынған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары, сондай-ақ «100 нақты қадам»

Ұлт жоспары секілді реформалардың мəні зор, маңызы ерек. Осы ізгілікті бастамаларды жалғас- тырып, ұлттық келбетімізді, рухани мəдениетімізді жоғалтпай, кемелденуге бағыт алуымыз қажет.

Президент өз Жолдауында инновациялық индустрияландыру саясаты экономиканың флагма- нына айналуы тиіс деген тапсырма жүктеді. Расында да, Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі, алдымен Елбасы пəрменімен іске асырылған индустрияландыру бағдарламасының арқасында мүм- кін болып отыр. Міне, соның нəтижесінде қаншама жаңа өндіріс орындары пайда болды, ол өз кезегінде мыңдаған қазақстандық үшін тұрақты жұмыс көзіне айналды. Мəселен, бір ғана өткен жылдың өзінде индустрияландыру картасы бойынша 12633 жұмыс орны ашылды. Осы бағыттан таймасақ, еліміздің келешегі кемелді болары сөзсіз. Өйткені, қазіргі дамыған мемлекеттердің бəрі де осы жолмен жүріп өткен. Маңызды стратегиялық қадамдарсыз экономикамыз да өрге баспайды, алдыңғы қатардағы отыз елдің глобалдық экономикасына кіру қиын. Елбасының қоғамды ұстап тұрған барлық салаларға сандық технологияны енгізіп, сол арқылы əлемдік бəсекеге қабілетті болуымыз керек деген мағынадағы сөздері ерекше.

2017 жылы еліміз əлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 пайызға, ал өнеркəсіптік өнімнің

өсуі 7 пайыздан асты. Бұл орайда, өнеркəсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 пайыздан асты. Қазақстанның қолайлы дамуы орта топтың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. Еліміздің əлеу- меттік-экономикалық табыстарының негізі – азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық жəне конфессия аралық келісім – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала бермек. Ең басты құндылығымыз – Тəуелсіздігімізді сақтай отырып, Президентіміз алға қойған нақты ұлт жоспарын іске асыру – біздің басты міндет.

Елбасы жариялаған басымдықтар мен міндеттер Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне технологиялық тұрғыда жаңғыртудың логикалық жалғасы іспеттес. Еліміз егемендік жылдарында үнемі жаһандық жаңа үрдістерді қолдап келеді. Кез келген мемлекет өз билігінің тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін бұқара халықтың əл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсартып отырады. Бұл – аксиома. Адами капиталдың сапасын арттыру – мемлекет дамуын қамтамасыз етудің басты алғышарты.

Көпшілікке белгілі, кезінде М.Горбачев КСРО-ны жаңа демократиялық бағытқа бұрып, ха- лықтың тұрмыстық деңгейін еңбек өнімділігін арттыру арқылы көтермекші болды. Ол үрдісті

«Перестройка» деп атады. Бірақ оның қоғамды «қайта құруының» бағдарламасының негізінде

«ұлттық (немесе қоғамдық) сананың» өзгеруі, оның даму жолдары қаралмады. Осы терең

(12)

гуманитарлық мəселені М.Горбачев технократиялық жолмен шешіп тастауға болады деген жалған пікірден шыға алмады. Сол жылдары, бірде мені Облыстық партия комитетінің хатшысы шақырып алып «Сіз қаламыздағы (Қарағанды) ғылыми-зерттеу институтын басқарасыз ғой, ірі ғалым ретінде мына «перестройканы» бұқараға қарапайым тілмен алдымыздағы болатын партиялық конферен- цияда түсіндіріп беріңізші» – деді. Мен көптеген кітап-журналдарды оқып шығып, гуманитария саласындағы ғалымдармен ақылдаса отырып, өз баяндамамда «перестройка» əрбір жеке адамның сана-сезімінен құралатын «ұлттық, немесе қоғамдық, сананың» өзгеруінен соң бүкіл елдің жаңаша бет-бейнесі айқындалатынын айттым. Менен кейін сондағы шұлық фабрикасының бір тоқыма- шысы шығып былай деді: «Мен мына ғалым-кісінің айтқан сөздерін онша түсінбедім. Мен жа- қында Москвадағы біздің Бүкілодақтық жиналысымызға қатыстым, сонда М.С. Горбачев пере- стройканы былай түсіндірді: «Cіз əр ай сайын 3 мың шұлықтың орнына 3,5 мың шұлық тоқып шы- ғарсаңыз, міне осы нағыз перестройка» – деді. КСРО Президентінің перестройкасының немен біткені белгілі.

Бұл жердегі астын сызып тұрап айтатын мəселе, біздің Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев өзінің фундаменталды еңбектерінде елімізді бірінші кезекте ұлттық кодты (тіл, діл, əдет-ғұрып, дін, рух) сақтай отырып, ұлттық сананы жаңғыртудан бастау керектігін алға тартты. Осылайша мемлеке- тімізде меритократиялық, яғни біліктілер билігі орнаған, экономикасы дамыған, əлеуметтік тұр- мысы жетілген, бірегей ұлт қоғамын құру процесі басталды. Еліміздегі ұлтаралық достық, ерекше статусы мен Парламентке депутат сайлау құқығы жекеше Қазақстан халқының Ассамблеясы, діни конфессиялары арасындағы түсінстік пен келісім, жыл сайын жақсарып келе жатқан əлеуметтік- экономикалық жағдай жəне т.б. игіліктер Қазақстанды Евразиядағы үлгілі мемлекет дəрежесіне жеткізді. Сондықтан халқаралық аренада Қазақстанның беделі жоғары.

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағы құламай тұрып, Москвадан бүкіл КСРО басқарып отырған М.С. Горбачевтің қарсы болуына қарамастан өзінің батылдығымен Жарлық шығарып, Семей ядролық полигонын тырп еткізбей жауып тастады. Бұл тарихи Жарлықтың əсері тек Қазақстан емес, барлық ядролық полигондары бар АҚШ, Қытай, Франция сияқты алпауыт елдерге де тиді. Бəрі де тоқтады. Адамзатты, төбесінен төніп тұрған атом өлімінен құтқару ісіндегі таңқаларлық жеңіс болды. Сондықтан өркениет əлемі Нұрсұлтан Назрбаевты Кіндік Азиядан щыққан Лидер ретінде таниды. Оның ОБСЕ, ШОС, ОИС, Сирияға байланысты бітімгершілік мəсе- лесіне байланысты қызметі, кеше ғана АҚШ президенті Трамптың оны үстіміздегі жылда шақы- рылған шет ел президенттерінің арасынан бірінші кезекте қабылдап, Қазақстанды АҚШ-тың өте маңызды стратегиялық серіктес дəрежесінде тануы жəне оған қоса БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік Кеңеске мүше болып сайланып, артынша оған Төрағалық ету деңгейіне көтерілуі Қазақстан халқы үшін теңдеусіз мақтаныш.

Н.Ə. Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Нью-Йорктан бүкіл əлемге таралған, 25 баптан тұратын нақты мəлімдемесіне барлық мемлекеттерден жоғары баға беріліп, бұл салада жаңа леп пайда болғанын мойындап жатыр. Əлемдегі жойқын-қауіп ядролық қаруды тізгін- деуде, халықаралық қатынастарда туындайтын проблемаларды тек қана келісімдік жолмен шешу арқылы жер бетінде тыныштықты сақтау қызметінде біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі Бейбітшілік қызметі үшін берілетін «Нобель» сыйлығына əбден лайықты екенін тағы бір айтып кеткім келеді. Бұл тек қана біздің Академияның пікірі емес, бізбен қарым-қатынас жасап, араласып жүрген Ресей, Украина, Беларусь академиктерінің де пікірі.

Тəуелсіздіктің əу-басынан бастап Елбасы мемлекеттің индустрия саласын дамытуды ешуақытта назардан шығарған жоқ. Себебі, мемлекетті байытудың бірден бір тиімді жолы ол ауыр индустрияны дамыту жəне инновация жетістіктерімен толықтырып отыру. Дамыған Батыс мемлекеттерінде мұны «Scientific support» (ғылыми көмек) деп атайды, яғни өндіріске ғылыми көмек көрсету, дұрысы – ғылыми сүйемелдесу (научное сопровождение). Сатылып алынған ең жаңа технология (трансферт) əрі кетсе 5 жылда ғылымның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми сүйемелдеу арқылы алғы шепте ұстап тұру керек. Мысалы АҚШ, Батыс Европа, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осылайша жұмыс істейді. Ал керісінше Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ауыл шаруашылық дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамай кедейшілік өмір кешуде. Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол

(13)

жағдай өз кезегінде жоғары техникалық білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр. Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) жоқ» - деген аксиоманы естен шығармау керек.

Дегенмен Тəуелсіз Қазақстанда өндіріс тарапынан ғылымға Кеңес үкіметі кезіндегідей сұра- ныс жоқ. Оның негізгі екі себебін атап кеткім келеді. Біріншісі – көптеген ірі өндіріс орындары шет елдік инвесторлардың қолында, ол компаниялардың өз елдерінде көптеген ғылыми-зерттеу институттары бар, ғылымға бөлінетін шығындары сонда кетеді. Ал одан төмендеу өндіріс орын- дары – монополистер, қандай тауар шығарса да өтімді, арасында бəсекелестік жоқ. Ғылымсыз-ақ табысты күреп жатыр, қоршаған ортаны да аямай бүлдіріп жатыр. Шексіздік орын алған, қанағат жоқ. Екінші себебі – ғылыми лаборатория мен өндіріс цехтарынының арасын жалғап тұратын көпір бұзылған. Ғалымдардың жаңа, əрі озық тəсілмен грамдап алған заттарын өндіріс басшысы өз зауытына ендіру үшін, тонналап болмаса да килограммдап шығаруды талап етеді. Онысы дұрыс, бірақ ол үшін жартылай өндірістік ірі қондырғы керек. Бұрын ірі зауыттарда тəжірибелік немесе эксперименталдық цехтар болатын. Олар Кеңес Үкіметімен бірге жоқ болды. Қомақты қаражат талап етуіне қарамастан оларды жобалау жəне конструкторлық бөлімдермен қоса қайта құру керек.

Жаңадан өріс алып келе жатқан мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін құру арқылы бұл мəселені толық шешуге болады. Ондай игі бастамалар да жоқ емес. Мысалға, Алматы қаласының жанында

«Байсерке» атты көп салалы əмбебап ауыл шаруашылық өндіріс орнында, оның басшысы белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА-сының құрметті мүшесі, профессор Темірхан Досмұха- метов Ұлттық ғылым академиясының бір топ ғалымдарының сүйемелдеуі арқылы ең озық тех- нологияларды енгізіп, өнімділігі жағынан (бидай, жүгері, соя, т.б.) дүниежүзілік рекордтар беріп жатыр. Байсеркенің тағы бір айта кететін ерекшелігі ҰҒА академиктерімен бірге «Болашақ» бағ- дарламасымен шет елдерде оқып келген мамандар да қатарласа жұмыс істейді. Еңбекқорлыққа, таза пиғылмен ғылымның биік идеалдарына ұмтылып аянбай қызмет етуге үйренеді.

Реті келген соң айта кетейін, біздің еліміздің білімінің де ғылымының да көптеген шет елдер- ден еш кемдігі жоқ. Сондықтан өз ғалымдарымызды жермен жексен етіп, шет ел ғалымдарының аяғына бас ұруды тоқтату керек. Бұл көргенсіздік. Мен Білім министрі лауазымында жүрген кезімде 1996 жылы Батыс Европа, АҚШ білім ошақтарын қызмет бабымен араладым. АҚШ-қа барғанымда олардың Білім министрінің маған қойған бірінші сұрағы «Сіздің еліңізде азаматтардың қанша пайызы сауатты, хат таниды?» – дегені болды. Біздің хақымызда сауатсыздық баяғыда жойылып, орта білім барлық азаматтарымызға Конституция талабы бойынша міндетті екенін айтқанымда, таң қалып, АҚШ халқының 8 пайызы сауатсыз, төлемақы айлығын алғанда бас бармағының ізімен қол қоятынын айтқан еді.

Ұлттық ғылым академиясының 2004 ж. бастап, мемлекеттік статустан бас тартып, Республикалық қоғамдық бірлестік болғаны барша ғалымдарға белгілі. Бұл Кеңес моделінен бас тартып біздің Академияның Батыс Европа, АҚШ моделіне ауысуына байланысты болды. Жаңа бастамада қиыншылықтар кездесе беретіні белгілі. Бірақ Академияның жұмысы Елбасының на- зарынан еш уақытта тыс қалған емес. Н.Ə. Назарбаев ҰҒА академигі, «Ғасыр Ғұламасы» – атты ҰҒА-сының ең жоғары ғылыми дəрежесінің иегері, Академияың 70-жылдық мерейтойына ар- налған мерекелік сессиясында сөйлеген сөзінде Академияның қызметіне жоғары баға беріп, республикамызда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, инновациялық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуде кездесетін мəселелерге көңіл бөліп, тиімді нұсқаулар берді.

Қоғамның зияткерлік əлеуетін ілгерілетуді жүзеге асыру педагог кадрларға тікелей байла- нысты. Осы орайда Елбасы Жолдаудың жетінші негізгі міндетінде білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс екендігін жəне бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру қажеттігін алға тартты. Мұнда, əсіресе, ақпараттық технологиялар бойынша білім беруді барынша дамыту, жоғары оқу орындарына білім беру бағ- дарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттігі айтылды. Осы арада оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, əлемдік университеттердің кампустары ашылуы қажет. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту, орыс жəне ағылшын тілдерінде білім беру арқылы жастары- мыздың интеллектуалдық қабілетін жоғарылату мəселесі де назардан тыс қалмады. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі экономиканың бүгінгі қажеттілігіне сай болуға тиіс.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Х А Б А Р Ш Ы С Ы ВЕСТНИК THE BULLETIN НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ THE NATIONAL

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

ВЕСТНИК НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Казахский национальный педагогический университет имени Абая THE BULLETIN THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан Описанные цитогенетические данные о влиянии ингибитора синтеза ДНК на радиационно- индуцированный эффект свидетеля и