ВЕСТНИК
НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
Казахский национальный
педагогический университет имени Абая
THE BULLETIN
THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN Abai Kazakh National Pedagogical
University ISSN 2518-1467 (Online),
ISSN 1991-3494 (Print) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
Х А Б А Р Ш Ы С Ы
PUBLISHED SINCE 1944
6 (400)
NOVEMBER – DECEMBER 2022
ALMATY, NAS RK
БАС РЕДАКТОР:
ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (Алматы, Қазақстан)
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
БИЛЯЛОВ Дархан Нұрланұлы, PhD, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры (Алматы, Қазақстан), Н = 2
ҒАЛЫМ ХАТШЫ:
ӘБІЛҚАСЫМОВА Алма Есімбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогикалық білімді дамыту орталығының директоры (Алматы, Қазақстан), Н = 2
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
САТЫБАЛДЫ Әзімхан Әбілқайырұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институтының директоры (Алматы, Қазақстан), H = 5
САПАРБАЕВ Әбдіжапар Жұманұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының президенті (Алматы, Қазақстан), H = 6
ЛУКЬЯНЕНКО Ирина Григорьевна, экономика ғылымдарының докторы, профессор,
«Киево-Могилян академиясы» ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі (Киев, Украина), H = 2 ШИШОВ Сергей Евгеньевич, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, К.
Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университетінің кәсіптік білім берудің педагогикасы және психологиясы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей), Н = 4
СЕМБИЕВА Ләззат Мыктыбекқызы, экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Н = 3
АБИЛЬДИНА Салтанат Қуатқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды, Қазақстан), Н = 3
БУЛАТБАЕВА Күлжанат Нурымжанқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Н = 2
РЫЖАКОВ Михаил Викторович, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының академигі, «Білім берудегі стандарттар және мониторинг» журналының бас редакторы (Мәскеу, Ресей), Н =2
ЕСІМЖАНОВА Сайра Рафихевна, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық бизнес университетінің профессоры, (Алматы, Қазақстан), H = 3
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы».
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Меншіктенуші: «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ (Алматы қ.).
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде 12.02.2018 ж. берілген
№ 16895-Ж мерзімдік басылым тіркеуіне қойылу туралы куәлік.
Тақырыптық бағыты: әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулерге арналған.
Мерзімділігі: жылына 6 рет.
Тиражы: 300 дана.
Редакцияның мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28, 219 бөл., тел.: 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, 2022 Типографияның мекен-жайы: «Аруна» ЖК, Алматы қ., Мұратбаев көш., 75.
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР:
ТУЙМЕБАЕВ Жансеит Кансеитович, доктор филологических наук, профессор, почетный член НАН РК, ректор Казахского национального университета им. аль-Фараби (Алматы, Казахстан)
ЗАМЕСТИТЕЛЬ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА:
БИЛЯЛОВ Дархан Нурланович, PhD, почетный член НАН РК, ректор Казахского национального педагогического университета им. Абая (Алматы, Казахстан), Н = 2
УЧЕНЫЙ СЕКРЕТАРЬ:
АБЫЛКАСЫМОВА Алма Есимбековна, доктор педагогических наук, профессор, академик НАН РК, директор Центра развития педагогического образования КазНПУ им. Абая (Алматы, Казахстан), Н = 2
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ:
САТЫБАЛДИН Азимхан Абылкаирович, доктор экономических наук, профессор, академик НАН РК, директор института Экономики (Алматы, Казахстан), H = 5
САПАРБАЕВ Абдижапар Джуманович, доктор экономических наук, профессор, почетный член НАН РК, президент Международной академии инновационных технологий (Алматы, Казахстан), H = 6
ЛУКЬЯНЕНКО Ирина Григорьевна, доктор экономических наук, профессор, заведующая кафедрой Национального университета «Киево-Могилянская академия» (Киев, Украина), H = 2
ШИШОВ Сергей Евгеньевич, доктор педагогических наук, профессор, заведующий кафедрой педагогики и психологии профессионального образования Московского государственного университета технологий и управления имени К. Разумовского (Москва, Россия), Н = 4
СЕМБИЕВА Ляззат Мыктыбековна, доктор экономических наук, профессор Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева (Нур-Султан, Казахстан), Н = 3
АБИЛЬДИНА Салтанат Куатовна, доктор педагогических наук, профессор, заведующая кафедрой педагогики Карагандинского университета имени Е.А.Букетова (Караганда, Казахстан), Н=3
БУЛАТБАЕВА Кулжанат Нурымжановна, доктор педагогических наук, профессор, главный научный сотрудник Национальной академии образования имени Ы. Алтынсарина (Нур- Султан, Казахстан), Н = 3
РЫЖАКОВ Михаил Викторович, доктор педагогических наук, профессор, академик Российской академии образования, главный редактор журнала «Стандарты и мониторинг в образовании» (Москва, Россия), Н=2
ЕСИМЖАНОВА Сайра Рафихевна, доктор экономических наук, профессор Университета международного бизнеса (Алматы, Казахстан), H = 3
«Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан».
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Собственник: РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан» (г. Алматы).
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания в Комитете информации Министерства информации и коммуникаций и Республики Казахстан № 16895-Ж, выданное 12.02.2018 г.
Тематическая направленность: посвящен исследованиям в области социальных наук.
Периодичность: 6 раз в год.
Тираж: 300 экземпляров.
Адрес редакции: 050010, г. Алматы, ул. Шевченко, 28, ком. 219, тел. 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© Национальная академия наук Республики Казахстан, 2022 Адрес типографии: ИП «Аруна», г. Алматы, ул. Муратбаева, 75.
EDITOR IN CHIEF:
TUIMEBAYEV Zhanseit Kanseitovich, Doctor of Philology, Professor, Honorary Member of NAS RK, Rector of Al-Farabi Kazakh National University (Almaty, Kazakhstan).
DEPUTY CHIEF DIRECTOR:
BILYALOV Darkhan Nurlanovich, Ph.D, Honorary Member of NAS RK, Rector of Abai Kazakh National Pedagogical University (Almaty, Kazakhstan), H = 2
SCIENTIFIC SECRETARY;
ABYLKASSYMOVA Alma Esimbekovna, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Executive Secretary of NAS RK, President of the International Academy of Innovative Technology of Abai Kazakh National Pedagogical University (Almaty, Kazakhstan), Н = 2
EDITORIAL BOARD:
SATYBALDIN Azimkhan Abilkairovich, Doctor of Economics, Professor, Аcademician of NAS RK, Director of the Institute of Economics (Almaty, Kazakhstan), H = 5
SAPARBAYEV Abdizhapar Dzhumanovich, Doctor of Economics, Professor, Honorary Member of NAS RK, President of the International Academy of Innovative Technology (Almaty, Kazakhstan) H = 6
LUKYANENKO Irina Grigor’evna, Doctor of Economics, Professor, Head of the Department of the National University “Kyiv-Mohyla Academy” (Kiev, Ukraine) H = 2
SHISHOV Sergey Evgen’evich, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Head of the Department of Pedagogy and Psychology of Professional Education of the Moscow State University of Technology and Management named after K. Razumovsky (Moscow, Russia), Н = 4
SEMBIEVA Lyazzat Maktybekova, Doctor of Economic Science, Professor of the L.N. Gumilyov Eurasian National University (Nur-Sultan, Kazakhstan), H = 3
ABILDINA Saltanat Kuatovna, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Head of the Department of Pedagogy of Buketov Karaganda University (Karaganda, Kazakhstan), Н = 3
BULATBAYEVA Kulzhanat Nurymzhanova, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Chief Researcher of the National Academу of Education named after Y. Altynsarin (Nur-Sultan, Kazakhstan), H = 2
RYZHAKOV Mikhail Viktorovich, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, academician of the Russian Academy of Education, Editor-in-chief of the journal «Standards and monitoring in education» (Moscow, Russia), Н = 2
YESSIMZHANOVA Saira Rafikhevna, Doctor of Economics, Professor at the University of International Business (Almaty, Kazakhstan), H = 3.
Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan.
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Owner: RPA «National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan» (Almaty). The certificate of registration of
a periodical printed publication in the Committee of information of the Ministry of Information and Communications
of the Republic of Kazakhstan No. 16895-Ж, issued on 12.02.2018.
Thematic focus: it is dedicated to research in the field of social sciences.
Periodicity: 6 times a year.
Circulation: 300 copies.
Editorial address: 28, Shevchenko str., of. 220, Almaty, 050010, tel. 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, 2022 Address of printing house: ST «Aruna», 75, Muratbayev str, Almaty.
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Volume 6, 120-129
https://doi.org/10.32014/2022.2518-1467.395
Ж.Б. Кдыралиева1*, Г.С. Балтабаева1, İsmet Çetin2, Ж. Ерахметқызы1
1Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы;
2Гази университеті, Анкара, Туркия.
Е-mail.ru:[email protected]
ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация. Мақалада жоғары оқу орындарындағы студенттердің әдеби педагогикалық технологиялардың қолдану мәселесі қарастырылған.
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қазіргі технологияны қолдана отырып оқыту мамандар үшін өзекті мәселе, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиет мамандары үшін өзекті мәселенің бірі.
Қазіргі уақытта ел мәдениетінің, ұлттық әдебиетіміздің әдеби-сыни мұрасы өз бағасын алуда. Десек те, қазақ әдебиетін оқыту саласы қай кезде де, жаңа заманауи әдістермен оқыту, түсіндіру, талдау барысы толықтай жүйеленбеді. Әдіс-технологиялардың тез жылдамдықпен өзгеріп жаңаруына байланысты қажетін алып-алмау мәселесі де қиындықтар туғызуда. Оны жүйелеп, тақырып аясына қарай қарастыру өз маңыздылығымен қоса нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау керектігі байқалады.
Мұғалімдерді бүгінде педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары көбірек мазалайды. Себебі бүгінгі күні білім беру үдерісінде пайдаланылып жүрген технологиялардың өзіндік философиясын зерделеп, әр пәнге лайықты бейімдеу, оқу материалдарының жүйелі кешенін әзірлеу, оны сараптамадан өткізу ісі қажетті дәрежеде жүргізіле бермейді. Сондықтан да мұғалімдерге белгілі бір технологияны кешенді пайдалану қиындықтар туғызады. Себебі әдістеме ғылымының өзінде педагогикалық технологиялар әр пәннің өзіндік ерекшелігіне қарай қолданудағы тиімділік толық зерделенбеген. Әрине, көп жылдар бойы оқыту тәжірибесі сапалы маман даярлауға бағытталып келе жатқаны анық. Мұғалімдер үшін де, ең бастысы – сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау. Бүгінгі студенттеріміз ертеңгі маман. Демек аталған мәселені шешудің тиімді жолы – қазірден бастап студенттердің өзіндік жұмысын сапалы ұйымдастыру болып табылады. Мақала студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары түрлі сипатта болуы керек деп түйінделеді.
Түйін сөз: оқыту, технология, жүйе, әдістеме.
Ж.Б. Кдыралиева1*, Г.С. Балтабаева1, İsmet Çetin2, Ж. Ерахметқызы1
1Казахский национальный женский педагогический университет, Казахстан, Алматы;
2Университет Гази, Анкара, Турция.
Е-mail.ru:[email protected]
МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ПРЕПОДАВАНИЯ ЛИТЕРАТУРЫ Аннотация. В статье рассматривается проблема использования литературно- педагогических технологий студентами высших учебных заведений. Обучение студентов в вузе с применением современных технологий является актуальной проблемой для специалистов, в том числе для специалистов казахского языка и литературы.
В настоящее время литературно-критическое наследие культуры страны, национальной литературы получает свою оценку. Но ни в коем случае не была полностью систематизирована сфера преподавания, интерпретации, анализа казахской литературы новыми современными методами. В связи с быстро меняю щимся обновлением методов и технологий, проблема отсутствия необ- ходимости также вызывает проблемы. Важно систематизировать его и рас- смотреть в рамках темы, а также создать конкретные научно-исследова тельские работы.
Учителей сегодня больше беспокоят способы использования педаго гичес- ких технологий. Потому что изучение собственной философии технологий, используемых сегодня в образовательном процессе, адекватная адаптация к каждому предмету, разработка системного комплекса учебных материалов, их экспертиза проводится не в должной мере. Именно поэтому педагогам сложно комплексно использовать ту или иную технологию. Потому что в самой методологической науке до конца не изучена эффективность применения педагогических технологий в зависимости от специфики каждого предмета.
Очевидно, что многолетний опыт обучения направлен на подготовку качествен ного специалиста. Как для учителей, так и, самое главное, правиль- ный выбор методов, достойных урока. Наши сегодняшние студенты – завтрашние специалисты. Следовательно, эффективным способом решения данной проблемы является качественная организация самостоятельной работы студентов. В статье резюмируется, что самостоятельная работа студентов должна носить разный характер.
Ключевое слово: обучение, технология, система, методология.
ZH.B. Kdyralieva1*, G.S. Baltabayeva1, İsmet Çetin2, ZH. Erakhmetova1
1Kazakh National Women’s Teacher Training University;
2Gazi University, Ankara, Turkey.
Е-mail.ru:[email protected]
METHODOLOGICAL FOUNDATIONS OF LITERATURE TEACHING
Abstract. The article discusses the problem of the use of literary pedagogical technologies by students in higher educational institutions. Training of students in higher educational institutions using modern technologies is an urgent problem for specialists, including for specialists of the Kazakh language and literature.
Currently, the literary and critical heritage of the country’s culture and national literature is being evaluated. However, the sphere of teaching Kazakh literature at all times, the course of teaching, interpretation, analysis by new modern methods has not been fully systematized. The problem of not getting the necessary ones is also causing difficulties due to the rapid updating of methods and technologies. It is necessary to systematize it and consider it according to the scope of the topic, as well as create specific research work.
Teachers today are increasingly concerned about the ways of using pedagogical technologies. Because today, the study of the original philosophy of technologies used in the educational process, appropriate adaptation to each subject, the development of a systematic set of educational materials, its examination is not carried out to the required extent. That is why the complex use of certain technologies by teachers creates difficulties. Because even in the science of methodology, the effectiveness of pedagogical technologies in their application to the specifics of each subject has not been fully studied. Of course, it is clear that many years of training experience have been aimed at training a high-quality specialist. For teachers, also the most important thing is to choose the right approach to the lesson. Today’s students are tomorrow’s specialists. Therefore, the most effective way to solve this problem is to qualitatively organize independent work of students from now on. The article summarizes that the work that students do independently should be of a different nature.
Key word: training, technology, system, methodology.
Кіріспе. Қәзіргі кезде білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасып келеді.
Білім жүйесіндегі ескінің орнына жаңасы келуі, яғни, білім программасының өзгеруі жасырын емес. Бүгінде білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымын үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеп отыр.
Технологияның өзі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын әр түрлі педагогикалық технология
қолданылып жүргеніміз жасырын емес. Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пән барысында да тек оқулықпен шектелмей, студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажет. Мұғалім үшін ең бастысы – сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау (Өстеміров, 2007). Сондықтан сабақ барысында индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік әдіспен оқыту тиімді болып табылады.
Оқу үдерісінде жоспар әр түрлі модельдерді, соның ішінде авторлық модельдерді құруға үлкен мүмкіндік береді. Осы саладағы білім берудің дамуы алға жылжуда: түрлі жүйелерді дамыту, білім берудің тиімділігін арттыру, заманауи оқыту, ғылыми жаңалықтар мен әртүрлі идеялар мен технологияларды практикалық дәлелдеу талап ететін қолдану қабілеті. Әр түрлі оқыту жүйелері мен оқыту әдістерін ұйымдастыру да маңызды. Басқаша айтқанда, қазіргі жағдайда бұрынғы оқыту жүйесінің орнына іс жүзінде оқыту практикасының әр түрлі жаңа формаларын қолдану қажет. Жаңа технологиямен білім беріп студенттердің жеке басына басымдық береді Білім, білік және дағдыларды емес, жеке тұлғаны дамыту.
Жалпы әр оқу барысы тікелей әдіс-технологиялар жүйесінің дамуымен, қимыл-қозғалысқа түсуімен ерекшеленеді. Әдістер тізбегі кешенді оқытудың тікелей мақсатына байланысты жасалады. Соған сәйкес технологиялар де өзгеріп, түрленіп отыратындығы белгілі. Әр пәннің қолданылатын әдісі әр түрлі болады. Қазақстандағы білім беру үдерісінде жаңарулар бой алдырып, оқыту жүйесі технологияларды меңгерумен жетілдіріліп келеді. Білім берудің жүйесін жаңа талаптарға сай жетілдірумен бірге жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етуге, тұлғалық деңгейін дамытуға, сыни тұрғыдан ойлау барысын кеңейтуге мүмкіндіктерді туғызады (Әлімов, 2009).
«Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып...
Жоғары оқу орнындағы студенттердің сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті» (ДББҰ, 2012.) деп көрсеткендей мұғалім әдебиетті меңгертуге барынша мүмкіндіктерді қарастыруы керек. Мұғалім әдіс-тәсілдері арқылы, заманауи технологиялар арқылы студенттердің таным қызметіне міндетті түрде әсер етеді. Ол үшін алдымен деңгейге студенттерді баптау да қажет. Талантты, дарынды жоғары оқу орнындағы студенттер әдебиет сабағында оқыту едәуір талқылауды, дұрыс жоспар құруды мұғалім тарапынан талап етіледі. Жоғары оқу орнындағы студенттің өзін-өзі тануы, диалогті ынталандыру стратегиясы мүмкіндікке қарай берілуі заңды. Психологиялық ерекшелігі, жас ерекшілігі, ынтасы, құлшынысы әдебиетті оқытуда, дамытуда ескеріледі. Тиімділік идеялары, даралап оқыту жұмыстарын, ой еңбектерін, қолайлы етуді, нәтижелі етуді ұйымдастыру күн талабы. Бұл өзгерістер жоғары оқу орнындағы студентдің сырттан басқа білім алуы мүмкін емес, нақты аудиториядағы немесе қашықтан оқуда жоғары оқу орнындағы студенттің тәжірибесі мен түсініктерінің заманауи өзгерістерінің оңды нәтижесімен
тікелей байланысты. Және мұғалімнің көшбасшылық қабілетін ұштастырумен ерекшеленеді. Бұл көшбасшылық білім беру сияқты білім алушының тұрақты дамуына, қабілетті болуына әсер ете алады. Оқу үдерісінде қандай да бір түсінбеушілік, қолайсыздықтар туындаған жағдайда дұрыс басқарылады.
Көшбасшылық дегенде алдымен мұғалімнің көшбасшылығын, белгілі бір деңгейде жауапкершілігін байқай отырып, дамыту жұмысының көшбасшысы болу керектігін ескеру. Өз ісінің көшбасшысы болғанда мұғалім тәжірибесін үнемі жетілдіреді, әріптестерімен стратегиялық шешім қабылдауға белсенді болады, кәсіби білімді құруға, таратуға атсалысады (Көшімбаев, 1969).
Әдебиетші ұстаз алдымен сөз табиғатын, оның заңдылықтарын, талдау жұмыстарын ғылыми әдістемелерімен бірге жетік білуі қажет. Мысалға:
- Ең тиімді әдіс-тәсілдерді ұлттық сипатта беріп, өз тәжірибесіне енгізу;
- Рухани құндылықтарды терең, жан-жақты тануға жаңашыл көзқарастар- мен қарау;
- Еліміздің тарихын, рухани жетістіктерін тануды терең сабақтыра отырып, көркемсөзді тануды қалыптастыру;
- Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен технологиясын ұлттық білім беру жүйесінде әр кез пайдалану;
Қазақ әдебиетін оқытуда интеграциялық мәселелер дамытудың, ілгерілеудің жолы болу керек. Бір тақырыпты бір жағынан емес, түрлі жағынан қарастырған тиімді пайдалану. Мемлекеттің білім беру жүйесінде жаңаша оқыту мақсаты білім алушылардың білім деңгейін барынша жетілдіруге бағытталады.
Пәнаралық байланыстарда интеграциялық мәселелер кіріктірілген сабақтарға жол ашады. Бұл жаңалық емес, әйтсе де әдебиет пәнін оқыту барысында қарқынды дамуға септігін тигізеді. Әсіресе, тіл, тарих, география пәндерімен байланыс интеграциялық мәселелер бойынша түсіністікпен тығыз байланыста жұмыс істеуде.
Технологияның негізгі бағытын, идеясын, мақсатын білуіміз абзал.
- адам құндылығын басты құндылық ретінде бағалау, жеке бағытта оқыту;
- қызмет әдістерін қалыптастыру, меңгерту;
- оқытудың мағыналық басымдығын қалыптастыру;
- оқуда ғылыми-теориялық жүйелілікті түсіну;
- шын диалогтық қарым-қатынас жасау;
- кері байланыс жасай білу.
Оқытуда технология ұғымы түрлі бағыттарда, түрлі деңгейлерде дамиды.
Ол пәнаралық бойынша немесе жобааралық негізде жасалынуы мүмкін.
Оқытуда бұл ең тиімді әдістер болуы мүмкін. Белгілі бір тақырыпты тәртіп бойынша білімді жүйелеп, түрлі жинаған материалдарды оның жүйесіне бағыттау, көшіру. Мысалға, әдебиет сабағында тарихи романдарға байланысты шығармаларды тарих пәнінің хроногиялық мәліметтерін, оқиғаларын әдебиетке қарай алып келу, көшіру керектігі айтылып отыр. Немесе тұтас бір тарихи кезеңдерді алып, тарихпен тығыз байланыс жасай отырып, белгілі бір тақырыпты ашып шығу, жұмыс барысына әдіс-технологияларды пайдалану
жоғары оқу орнындағы студенттердің дамуын одан ары білім деңгейін көтеруге мүмкіндіктер болады. Бір пән аясында екі немесе одан да көп пәндерді топтастыруға болады. Бұл жоғары оқу орнындағы студенттердің таным аясын дамытады. Технологияларды пайдалана отырып оқыту барысында интеграцияны пайдалану әдістерді пайдалануға алып келеді, оның нәтижесі интеграцияланған сабақтарды ұйымдастыруға жетелейді. Интеграцияланған сабақ үйлесімді әдістерді біріктіру арқылы жоғары сабақты оқыту деңгейіне қол жеткізеді. Нәтижесінде конференция-сабақ, экскурсия-сабақ, саяхат-сабақ, тарихи-сабақ т.б. деп түрленіп отырады. Сонымен бірге ең бастысы сабақ мақсатын дұрыс анықтау. Пәнаралық байланыстың қазіргі кезде заманауи жаңа қыры қалыптасты. Пәнішілік, пәнаралық байланыстар білімнің тұтас жүйесіне еніп, білім алушылардың өз бетінше білім алуына, түрлі бағыттағы бастамаларға бейімдейді, қалыптастырады. Педагогикалық ғылымдар бойынша интеграция мәселесін А.А. Бейсенбаева, А.М. Мухаметжанова, Г.К.
Меңдіғалиева сынды ғалымдар зерттеу жасады. Ал сыртқы интеграцияға келер болсақ, әлемдік деңгейдегі білім жүйесімен танысу, білу, пайдалану, үйрену, толықтыру сияқты мәселелер қарастырылады. Негізгілері, әлемдік білім беру жүйесіндегі интеграциялық бірігу; даму деңгейінде мақсаттарға негізделген интеграциялық бірігу; білім беру жүйесінде әдіс-технологияны қолдану, шетел оқу орындарымен байланыс жасап, тәжірибе алмасу; оқытудың барлық деңгейінде білім беру саясатын қалыптастыру.
Материалдар мен әдісі: Білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- модульдік оқыту технологиясы. Білім беру жүйесіндегі модульдік оқытудың басты міндеті - қажетті білім беруге ғана емес, сонымен қатар білім алушыларды үздіксіз кәсіби білім мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа формалары мен әдістерін таңдау (Усков, 2008).
Әдеби оқытудың және дамыту тәсілдерінің бірі – ойын технологиясы. Ойын арқылы оқу процессіне қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыратын білім беру әдістері мен технологиясы. Ойын арқылы оқыту технологиясында біз студенттің әдебиетке деген қызығушылығын оятамыз, әдеби дұрыс өйлеу дағдыларын қалыптастырамыз және қлттық ойын салт дәстүрімізді ұмытпайға және сақтауға әсерін тигіземіз.
Бүгінгі уақытта қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Кәсіптік әдеби бағдар беру технологиясы – білім алушының кәсіптік қызығушылығына сәйкес білім алудағы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, заманауи әлемнің көптеген жағдайларында бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлау (Тихонов, 2006).
Кәсіби бағдар беру арқылы біз студеттерімізге:
-кәсіби кеңес береміз;
-кәсіби тәрбиелейміз;
-педагогикалық шеберлікке үйретеміз;
-педагогикалық құзіреттілігін арттырамыз.
Еліміздің технологиясы дамуының белсенді түрде алға басуына байланысты, білім алушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк әрекеттер интерактивтiк деп аталады.
Интерактивті оқыту – белсенді әдістерді сабақта үздіксіз қолдана отырып, қазіргі заманға қажетті әдеби дағдарысты шыңдап, дамыту.
Жоғарғы оқу орнындағы студенттерге қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру. Яғни мамандар еліміздің болашағы – жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып табылады.
Әр заманның өзіндік ғылыми және әдістемелік тарихында әдебиетті оқытуға өз деңгейінде мән берген. Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде үйренудің, білім алудың негізі өздігінен білім алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өз мән-мағынасын төмендеткен емес. Ғалым ретінде Ахмет Байтұрсыновпен бірге әрі қарай жалғастырушылардың бірегейі Мағжан Жұмабайұлы әр баланы әдеби мұралармен қызығушылығын арттыруға үлкен мән берген. Әдебиетке жанашырлық танытып, тарихи хронологияны ескеріп, әсіресе бастауышта жақсы дайындық жасау қажеттігіне ден қояды.
Нәтижесінде «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі еңбегін жарыққа шығарды. Зерттеушілердің әдістемелік еңбектерінің қатары Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту методикасы», ғалым Қ. Бітібаеваның
«Әдебиетті оқыту әдістемесі» (1997 ж.), Ғалым Т.Қ. Жұмажанованың
«Әдебиетті оқыту әдістемесі» (2009 ж.) еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Сонымен бірге Б.Д. Жұмақаеваның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», Б.Д. Керімбекованың «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралдарымен толықты. Әдіс-технологиялардың тиімдісін шығармашылық негізінде қолдана отырып, әдебиетті тануда, оқытуда, дамытуда жоғары деңгейге көтерілуі қажет.
Нәтижелері және талқылау.
Нәтижесінде, оқыту технологиясы негізгі төрт элементтен тұрады деп айта аламыз: оқыту қалпы, құралдар, диагностика, оқыту мен мазмұнның әдістері мен техникасы. Педагогикалық технологиялардың ең маңызды белгілері мен сипаттамаларын келесідей ажыратуға болады:
• бұл технология белгілі бір әдістемелік, дидактикалық, психологиялық, философиялық ұстанымына негізделген нақты педагогикалық тұжырымдама үшін әзірленген (Иманбаева, 2015).
• оны құрайтын әрекеттердің, жиынтықтардың және қосылыстардың технологиялық тізбегі қабылданған мақсаттарға және нақты күтілетін нәтижелерге толық сәйкес орындалады;
• осы оқыту технологиясы оқытудың даралануы мен саралануының мүмкіндіктерін ескере отырып, оқытушы мен білім алушының өзара байланысты қызметін қамтамасыз етеді және техникалық, оның ішінде компьютерлік оқыту құралдарын қолдануды қамтамасыз етеді;
• бұл оқытудың кез келген технологиясы ең аз қаражат пен оған жұмсалатын
максималды жоспарланған нәтижеге қол жеткізумен көп өлшемді мәселені шешу ретінде әзірленеді және енгізіледі;
• оқыту технологиялары міндетті түрде педагогикалық процесс нысан қызметінің нәтижелерін өлшеудің критерийлері, көрсеткіштері мен құралдары бар әр түрлі диагностикалық (дидактикалық, психологиялық, социометриялық және т.б.) іс-шараларды қамтиды.
Оқыту үрдісінде технологиялық тұрғыдан келесілерге бөлінеді:
• мақсат қоюға және оларды нәтижеге жетуге бағдарлай отырып мейлінше нақтылау;
• мазмұнын зерделеу;
• тапсырмаларды белгілеу және оқу-тәрбиелік үрдісінің барысын оқыту мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру;
• сәйкесінше ағымдағы қорытындыларды бағалау;
• оқу процесінің компоненттерін мақсатқа жетуге бағыттауда жаңарту;
• нәтижелерді жаңа мақсат қоюда түпкілікті бағалау.
Оқыту технологиясын дидактикалық құралдарды қолдану тәртібі мен реттілігін таңдауға және анықтауға, оқытудың формалары мен әдістерін ұйымдастыруға арналған әрекеттер жиынтығы ретінде анықтайды. Оқыту технологияларының жіктелуі:
• білім алушыларды оқыту;
• мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау (Гончарова, 2014).
Әдебиеттің даму тарихында оқу үдерісі үнемі өзгеріп, жаңарып отырады.
ХVIII ғасырдан бастап оқытуда көрнекілік әдісі дами бастады. Сонымен бірге жаттату әдісі де кеңінен дамып жатты. Я.А. Коменскийдің осы әдістерге байланысты көптеген талап, ұсыныстары болды. Ал Ю.Н. Бабанскийдің ұсынған әдістері қолданыста бар, қазір де жалғасын тауып жатқан білім алушылардың таным қызметін әдістерінің ішінде әңгіме, пікірлесу, практикалық әдіс, көтермелеу әдісі т.б. зерттеушілер жақсы пікірдің қалыптасқандығын атап өтеді. Кейін ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқытудың лабораториялық әдістері де қолданысқа түсе бастады. Яғни, техника мен ғылымның дамуына байланысты әдіс-технологиялар өзгеріп отыратыны белгілі, бірақ қай әдіс қай тұрғыдан өзгеріс тапты, оны оқытудың қай түріне пайдалануға болады. Оны ажырата білуіміз керек. Қазіргі әдебиетімізде қолданыста жүрген әдіс-технологиялардың 50-ден астам түрі бар, анығында қай әдіс нақты әдебиетке қолдануға болатындығы белгісіз, сараптай отырып, қажетіне қарай қолдану керек, тәжірибеден өткізу керек(Бабанский,1984).
Оқыту әдістері қазір әр тараптанғанымен жиі және кең түрде қолданылып жүрген әдістерді түр жағынан топтастыруға болады. Сәйкесінше, түрлі пікірлердің нәтижесінде ауызша оқыту, көрнекі оқыту, практикалық оқыту түрлерімен ерекшеленеді. Бұлар әрине бір-бірімен тығыз байланыста, білім алушы мен оқытушы арасындағы бірлікті сақтай отыра білім мазмұны мен жүйесін тиімді оқыту қарастырылады. Әр сабақтың өзіндік ерекшелігі бар, қай сабаққа қандай әдістер тиімді екенін әдебиет сабағының ішкі мазмұны мен
табиғаты анықтай алады. Әдебиетті оқытудың алғашқы кезеңдерінде әдістерді өз мағынасына қарай топтастыра қарастырды. Ол әңгіме әдісі, түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, көрнекі оқыту әдісі, практикалық оқу әдісі, бақылау әдісі т.б.
Қазіргі қазақ әдебиетінде практикалық әдіс өзінің мақсатын орындау үстінде, дамыту үстінде, басымдырақ десек қателеспейміз.
Қортынды. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың болашағы оларды саналы тәрбиемен, сапалы біліммен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін өнегесін, тәжірибесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В.Г. Белинскийдің: «...
ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр», – деген сөзі еске түседі. Өйткені, ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Қазіргі әдебиетті оқыту ұлттық құндылықтарға негізделеді. Әдебиет сөз өнері болғандықтан оның философиялық, педагогикалық, психологиялық, тілдік, гуманистік негіздеріне сүйенеді. Оқырманның, білім алушының пәнге деген қызығушылығы, көркем шығарманы оқуға талпынысы олардың интеллектуалдық, адамгершіліктерін, азаматтық тәрбие беру, оқырмандық ықласын, биік талғамдарын қалыптастырады. Сонымен бірге білім мен біліктілігін, логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін, өз ойын жүйелі дәйектеп айтуға қалыптастырады.
Information about the authors:
Zhanday Baiganinovna Kdyralieva – Kazakh National Women’s teacher training University, Institute of Kazakh language and world languages, On the educational program “8d01701-Kazakh language and literature”, Doctoral student of the 3rd year, ORCID: https://orcid.org/0000-0001-9381-6516;
Baltabayeva Gaukhar Sayilovna – doctor of philology, acting associate professor, Kazakh National Women’s teacher training University, Institute of Kazakh language and world languages, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-7555-0766;
Prof.Dr. İsmet Çetin – Gazi University, E-posta: [email protected];
Zhaina Erakhmetova – Kazakh National Women’s teacher training University, Institute of Kazakh language and world languages, On the educational program
“8D01701-Kazakh language and literature”, 3rd year doctoral student.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы: 2009.
Әбдіқалық., Ермахан А. Оқу әдістемесі өзімізде жасалған.//Қазақ әдебиеті. 16 ақпан, - 2021.
А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. -357-364 б.
Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А., 2003.
Бабанский Ю.К., Поташник М.М. Педагогикалық процесті оптималдандыру /сұрақтар мен жауаптар/. – Алматы: Мектеп, 1984
Гончарова Е.В. Технологии организации образовательного процесса в вузе: Коллективная монография.- Нижневартовск: Изд-во Нижневарт. гос. ун-та, 2014.– 71 с.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
Керімбекова Б. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – Астана, 2017.
Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы. 1969.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. – Астана:
Назарбаев зияткерлік мектебі. ДББҰ, 2012. – 412 бет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы». – Астана, 2007
Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан мектебі №2, 2015 Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
Сейпутанова Қ.А. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. – Өскемен. – 2016.
Тихонов А.Н. Управление современным образованием – М., 2006. . – 176 с.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.
Усков В.Л. Информационные технологии в образовании. – М., 2008. – 184 с.
REFERENCES:
Alimov A. Application of interactive methods in higher educational institutions. Almaty: 2009.
Adilkair, Yermakhan A. The training methodology is developed in our own way.//Kazakh literature.
February 16, - 2021.
A. Baitursynov. Language lessons. - Almaty: native language, 1992. - 357-364 P.
Bitibaeva K. in-depth study of literature. – A., 2003.
Babansky Yu.K., Potashnik M. M. Optimization of the pedagogical process /questions and answers/.
- Almaty: School, 1984.
Goncharova E.V. Tekhnologii organizatsii obrazovatel’nogo protsessa v vuze: Kollektivnaya monografiya. (Technologies of the organization of the educational process in the university: Collective monograph). Nizhnevartovsk: Izd-vo Nizhnevart. gos. un-ta-2014. – pp 171 [in Rus].
State program for the development of education in the Republic of Kazakhstan for 2011-2020. - Astana, 2010.
Kerimbekova B. Methods of teaching Kazakh literature. - Astana, 2017.
Kushimbayev A. Methods of teaching Kazakh literature. - Almaty. 1969.
Imanbaeva A. Oқu-tәrbie үrdіsіn aқparattandyru bіlgіrlіgі. (Knowledge of the informatization of the educational process). Қazaқstan mektebі. 2015 - №2 [in Kaz].
The program of advanced training courses for teachers of the Republic of Kazakhstan. The teacher’s guide. Third base level. III edition. - Astana: Nazarbayev Intellectual school. AEO, 2012. - 412 pages.
Law of the Republic of Kazakhstan “on education”. - Astana, 2007.
Ustemirov K. Modern pedagogical technologies and teaching aids. - Almaty, 2007.
Seiputanova K.A. Methods of teaching Kazakh literature. - Ust-Kamenogorsk. – 2016.
State program for the development of education in the Republic of Kazakhstan for 2011-2020. - Astana, 2010.
Tihonov A.N. Upravlenie sovremennym obrazovaniem (Management of modern education) – M, 2006 pp 176 [in Rus].
Uskov V.L. Informacionnye tekhnologii v obrazovanii (Information technology in education) – M, 2008 – pp 184 [in Rus].
МАЗМҰНЫ
ПЕДАГОГИКА
Э.А. Абдыкеримова, А.Б. Туркменбаев, Б.У. Куанбаева, Г.Р. Кощанова КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯЛАР - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН
БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ФОРМАСЫ...5 Г. Акан, С.К. Рахимжанова, С.К. Серикова
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ...23 Д.О. Айтенова, А.П. Мынбаева, Д.Н. Байгутова
ҚАРАХАН ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІН ЖЕКЕ ПӘН РЕТІНДЕ ОҚЫТУ...37 А.М. Елубай
КОНЦЕПТУАЛДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК
ТІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР...45 Ф.М. Ержанова, Ж.Б. Ибраева, С.К. Серикова
ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ
БЕЛСЕНДІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ...61 Д.Б. Ешенкулова, С.Е. Манабаева, Г.А. Омарова, Г.Б. Мауленбердиева, А.Б. Сикимбаева
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ...72 С.Е. Жильгельдинов, Н.Б. Шамуратова, А.К. Кенжебаева,
Н.К. Тулемисова, Б.К. Сулейменова, Р.Б. Курманалинова ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ
РЕТІНДЕ...87 Ж. Изтаева, З. Смаилова, Г. Баусариева, С. Тлеубай, A. Касымбекова ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ НӨЛДІК ФОРМАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...98 А.Б. Керімбердина, А.К. Садвакасова, Н.К. Наурызова
ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАРЫ...111
Ж.Б. Кдыралиева, Г.С. Балтабаева, İsmet Çetin, Ж. Ерахметқызы ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ƏДІСНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ...120 Э.Қ. Қуандықова, Ш.Ш. Карбаева, А.Қ. Зиявдинова
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚУЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ...130 Г.Т. Курбанкулова, Ә.С. Стамбекова
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАҒДАРЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ...141 А.К. Мамбеталиева, А.Т. Туралбаева
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЖАСАНДЫ
ИНТЕЛЛЕКТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ...155 М.Е. Рахметов, А.К. Садвакасова
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ...166 Б.К. Сансызбаева, Ж.Н. Бисенбаева, Н.С. Ашимова, А.Туреханова, С. Рахимжанова
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТӘСІЛДЕР БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛИНГВО-ӘДІСТЕМЕЛІК РЕФЛЕКЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ...175 Б. Хасен, Ж. Жұмабаева
БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «МУЗЫКА» ОҚУЛЫҚТАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СӘЙКЕСТІГІ...189 А.К. Шашаев, А.А. Мақсұтова, Р.Ж. Мрзабаева, Г.С. Махарова,
М. Бақытқызы, Г.К. Шашаева
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІ...200
ЭКОНОМИКА
Ж.С. Абдрахманова, А.Б. Моттаева, А.С. Бухатова , С.С. Ургушева ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕДИЦИНАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...215
Л.О. Абылкасимова
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ...229 Г.И. Ахметова, З.О. Иманбаева,Ж.Қ. Басшиева, Б.Б. Дуйсенбаева,
Ш.Т. Нургалиева
АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КЛАСТЕРЛІК
БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ...242 Г.Ж. Байбосынова, Б.О. Казыбаев, А.А. Адешова, С.А. Абилдаханова, А.Р. Калымбетова
ҚАЗАҚСТАНДА КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН
ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ...256 А. Бердибекова, Л.М. Муталиева, Л.М. Шаяхметова
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ
ЖАҒДАЯТЫНА ТАЛДАУ...271 С.Т. Дошманова, Б.М. Таскарина, М.А. Тлеубергенова, Б.Ж. Болатова, А.М. Сапаргали
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ...282 A.O. Жагыпарова, Ж.У. Тулегенова, Д.M. Мухияева, Г.K. Бекбусинова, Г.Б.Алина
COVID 19-ДАҒДАРЫСЫ КЕЗІНДЕГІ САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ...298 З.О. Иманбаева, К.Б. Сатымбекова, Б.И.Сатенов, З.А. Бигельдиева, А.Ж. Зейнуллина
ӘЛЕУМЕТТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА ТАЛДАУ...308 А.С. Кадырова, Н.Б. Давлетбаева, Ж.А. Бабажанова, М.С. Толысбаева, Е.А. Богданова
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ...322 Б.С. Корабаев, Г.Д. Аманова, Г.Ж. Жумабекова, А.И. Естурлиева,
Г.К. Исина
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ТАЛДАУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ...339
М.З. Қажыкен, З.Т. Сатпаева
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰТЫНУ СЕБЕТІНЕ ТАЛДАУ...359 Д.О. Қалдыбаева, Б.К. Исаева, Л.М. Шаяхметова
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ САЛАСЫНА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ТИІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ...374 С.Д. Мамбетова, Г.Д. Аманова, К.Ж. Сәдуақасова, Б.С. Корабаев
САЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОММЕРЦИЯНЫҢ
БИЗНЕС-МОДЕЛЬДЕРІНІҢ ӘСЕРІ...389 М.Б. Молдажанов, М.А. Баяндин, З.А. Арынова, Б. Куанткан, Т.В. Диба ҚОНАҚҮЙ ҰЙЫМДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН
МОДЕЛДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ...401 Ә.Ж. Сапарбаев, Е.Е. Гриднева, Г.Ш. Қалиақпарова, К.Ш. Сыздыкова, К.С. Алпысбаев
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕЛДІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ
БОЛАШАҒЫ РЕТІНДЕ...411 Р.Б. Сартова, Ж.А. Бабажанова, М.А. Жолаева, М.С. Толысбаева,
А.Б. Тасмаганбетов
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ
ТИІМДІЛІГІ...425