ВЕСТНИК
НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
Казахский национальный
педагогический университет имени Абая
THE BULLETIN
THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN Abai Kazakh National Pedagogical
University ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
Х А Б А Р Ш Ы С Ы
PUBLISHED SINCE 1944
6 (400)
NOVEMBER – DECEMBER 2022
ALMATY, NAS RK
БАС РЕДАКТОР:
ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (Алматы, Қазақстан)
БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
БИЛЯЛОВ Дархан Нұрланұлы, PhD, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры (Алматы, Қазақстан), Н = 2
ҒАЛЫМ ХАТШЫ:
ӘБІЛҚАСЫМОВА Алма Есімбекқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогикалық білімді дамыту орталығының директоры (Алматы, Қазақстан), Н = 2
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
САТЫБАЛДЫ Әзімхан Әбілқайырұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институтының директоры (Алматы, Қазақстан), H = 5
САПАРБАЕВ Әбдіжапар Жұманұлы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының президенті (Алматы, Қазақстан), H = 6
ЛУКЬЯНЕНКО Ирина Григорьевна, экономика ғылымдарының докторы, профессор,
«Киево-Могилян академиясы» ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі (Киев, Украина), H = 2 ШИШОВ Сергей Евгеньевич, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, К.
Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университетінің кәсіптік білім берудің педагогикасы және психологиясы кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей), Н = 4
СЕМБИЕВА Ләззат Мыктыбекқызы, экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Н = 3
АБИЛЬДИНА Салтанат Қуатқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті педагогика кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды, Қазақстан), Н = 3
БУЛАТБАЕВА Күлжанат Нурымжанқызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Н = 2
РЫЖАКОВ Михаил Викторович, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім академиясының академигі, «Білім берудегі стандарттар және мониторинг» журналының бас редакторы (Мәскеу, Ресей), Н =2
ЕСІМЖАНОВА Сайра Рафихевна, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық бизнес университетінің профессоры, (Алматы, Қазақстан), H = 3
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабаршысы».
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Меншіктенуші: «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ (Алматы қ.).
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде 12.02.2018 ж. берілген
№ 16895-Ж мерзімдік басылым тіркеуіне қойылу туралы куәлік.
Тақырыптық бағыты: әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеулерге арналған.
Мерзімділігі: жылына 6 рет.
Тиражы: 300 дана.
Редакцияның мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28, 219 бөл., тел.: 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, 2022 Типографияның мекен-жайы: «Аруна» ЖК, Алматы қ., Мұратбаев көш., 75.
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР:
ТУЙМЕБАЕВ Жансеит Кансеитович, доктор филологических наук, профессор, почетный член НАН РК, ректор Казахского национального университета им. аль-Фараби (Алматы, Казахстан)
ЗАМЕСТИТЕЛЬ ГЛАВНОГО РЕДАКТОРА:
БИЛЯЛОВ Дархан Нурланович, PhD, почетный член НАН РК, ректор Казахского национального педагогического университета им. Абая (Алматы, Казахстан), Н = 2
УЧЕНЫЙ СЕКРЕТАРЬ:
АБЫЛКАСЫМОВА Алма Есимбековна, доктор педагогических наук, профессор, академик НАН РК, директор Центра развития педагогического образования КазНПУ им. Абая (Алматы, Казахстан), Н = 2
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ:
САТЫБАЛДИН Азимхан Абылкаирович, доктор экономических наук, профессор, академик НАН РК, директор института Экономики (Алматы, Казахстан), H = 5
САПАРБАЕВ Абдижапар Джуманович, доктор экономических наук, профессор, почетный член НАН РК, президент Международной академии инновационных технологий (Алматы, Казахстан), H = 6
ЛУКЬЯНЕНКО Ирина Григорьевна, доктор экономических наук, профессор, заведующая кафедрой Национального университета «Киево-Могилянская академия» (Киев, Украина), H = 2
ШИШОВ Сергей Евгеньевич, доктор педагогических наук, профессор, заведующий кафедрой педагогики и психологии профессионального образования Московского государственного университета технологий и управления имени К. Разумовского (Москва, Россия), Н = 4
СЕМБИЕВА Ляззат Мыктыбековна, доктор экономических наук, профессор Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева (Нур-Султан, Казахстан), Н = 3
АБИЛЬДИНА Салтанат Куатовна, доктор педагогических наук, профессор, заведующая кафедрой педагогики Карагандинского университета имени Е.А.Букетова (Караганда, Казахстан), Н=3
БУЛАТБАЕВА Кулжанат Нурымжановна, доктор педагогических наук, профессор, главный научный сотрудник Национальной академии образования имени Ы. Алтынсарина (Нур- Султан, Казахстан), Н = 3
РЫЖАКОВ Михаил Викторович, доктор педагогических наук, профессор, академик Российской академии образования, главный редактор журнала «Стандарты и мониторинг в образовании» (Москва, Россия), Н=2
ЕСИМЖАНОВА Сайра Рафихевна, доктор экономических наук, профессор Университета международного бизнеса (Алматы, Казахстан), H = 3
«Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан».
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Собственник: РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан» (г. Алматы).
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания в Комитете информации Министерства информации и коммуникаций и Республики Казахстан № 16895-Ж, выданное 12.02.2018 г.
Тематическая направленность: посвящен исследованиям в области социальных наук.
Периодичность: 6 раз в год.
Тираж: 300 экземпляров.
Адрес редакции: 050010, г. Алматы, ул. Шевченко, 28, ком. 219, тел. 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© Национальная академия наук Республики Казахстан, 2022 Адрес типографии: ИП «Аруна», г. Алматы, ул. Муратбаева, 75.
EDITOR IN CHIEF:
TUIMEBAYEV Zhanseit Kanseitovich, Doctor of Philology, Professor, Honorary Member of NAS RK, Rector of Al-Farabi Kazakh National University (Almaty, Kazakhstan).
DEPUTY CHIEF DIRECTOR:
BILYALOV Darkhan Nurlanovich, Ph.D, Honorary Member of NAS RK, Rector of Abai Kazakh National Pedagogical University (Almaty, Kazakhstan), H = 2
SCIENTIFIC SECRETARY;
ABYLKASSYMOVA Alma Esimbekovna, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Executive Secretary of NAS RK, President of the International Academy of Innovative Technology of Abai Kazakh National Pedagogical University (Almaty, Kazakhstan), Н = 2
EDITORIAL BOARD:
SATYBALDIN Azimkhan Abilkairovich, Doctor of Economics, Professor, Аcademician of NAS RK, Director of the Institute of Economics (Almaty, Kazakhstan), H = 5
SAPARBAYEV Abdizhapar Dzhumanovich, Doctor of Economics, Professor, Honorary Member of NAS RK, President of the International Academy of Innovative Technology (Almaty, Kazakhstan) H = 6
LUKYANENKO Irina Grigor’evna, Doctor of Economics, Professor, Head of the Department of the National University “Kyiv-Mohyla Academy” (Kiev, Ukraine) H = 2
SHISHOV Sergey Evgen’evich, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Head of the Department of Pedagogy and Psychology of Professional Education of the Moscow State University of Technology and Management named after K. Razumovsky (Moscow, Russia), Н = 4
SEMBIEVA Lyazzat Maktybekova, Doctor of Economic Science, Professor of the L.N. Gumilyov Eurasian National University (Nur-Sultan, Kazakhstan), H = 3
ABILDINA Saltanat Kuatovna, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Head of the Department of Pedagogy of Buketov Karaganda University (Karaganda, Kazakhstan), Н = 3
BULATBAYEVA Kulzhanat Nurymzhanova, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, Chief Researcher of the National Academу of Education named after Y. Altynsarin (Nur-Sultan, Kazakhstan), H = 2
RYZHAKOV Mikhail Viktorovich, Doctor of Pedagogical Sciences, Professor, academician of the Russian Academy of Education, Editor-in-chief of the journal «Standards and monitoring in education» (Moscow, Russia), Н = 2
YESSIMZHANOVA Saira Rafikhevna, Doctor of Economics, Professor at the University of International Business (Almaty, Kazakhstan), H = 3.
Bulletin of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan.
ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print).
Owner: RPA «National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan» (Almaty). The certificate of registration of
a periodical printed publication in the Committee of information of the Ministry of Information and Communications
of the Republic of Kazakhstan No. 16895-Ж, issued on 12.02.2018.
Thematic focus: it is dedicated to research in the field of social sciences.
Periodicity: 6 times a year.
Circulation: 300 copies.
Editorial address: 28, Shevchenko str., of. 220, Almaty, 050010, tel. 272-13-19 http://www.bulletin-science.kz/index.php/en/
© National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, 2022 Address of printing house: ST «Aruna», 75, Muratbayev str, Almaty.
BULLETIN OF NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Volume 6, 141-154
https://doi.org/10.32014/2022.2518-1467.397
Г.Т. Курбанкулова*, Ә.С. Стамбекова
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Алматы, Қазақстан.
E-mail: [email protected]
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БАҒДАРЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ Аннотация. Мақалада болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби маман ретінде даярлау ісінде рухани интелектісін ұлттық құндылықтар негізінде түсіндіру мәселесі қарастырылды. Техника мен ақпарат дамыған кезеңде ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, білім мен тәрбиені жүйелі беру үшін болашақ бастауыш сынып педагогтеріне арналған оқыту бағдары ұсынылды.
Болашақ педагогтердің ұлттық құндылық бағдарын дамытуға арналған әдіс тәсілдер мен, жоғары оқу орнында оқитын болашақ педагогтерден сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы ұлттық құндылыққа деген студенттердің көзқарасы мен қатынасы оң екенін көрсетті. Сонымен қатар респондеттердің пікірлері де назарға алынды.
Ұлттық құндылықты бастауыш білім педагогтерінің бойына дұрыс қалыптастырса, болашақ оқушыларда толық қалыптасқан кемелді тұлға болады. Елімізде осы кезге дейін де біршама білім беруді жаңартуға арналған республикалық бағдаламалар жүзеге асты. Олардың негізгі міндеті рухани құндылықтарымызды, ұлттық мұрамызды педагогикада тиімді қолдана білу. Мақалада осы процесстерді болашақ бастауыш білім педагогтерінің арасында сауалнама жүргізу арқылы нақтыладық. Ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру үшін құндылық терминінің анықтамасы мен ерекшеліктерін көрсеттік. Жас ұрпақты ғасырлар бойы бізге жеткен рухани, мәдени, ұлттық мұралар аясында тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты міндеті.
Түйін сөздер: педагогика, рухани интеллект, ұлттық құндылық, бастауыш білім педагогы, патриотизм, сауалнама.
Г.Т. Курбанкулова*, А.С. Стамбекова
Институт педагогики и психологии КазНПУ им. Абая, Алматы, Казахстан.
E-mail: [email protected]
ВОЗМОЖНОСТИ РАЗВИТИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ ЦЕННОСТНОЙ ОРИЕНТАЦИИ БУДУЩИХ ПЕДАГОГОВ НАЧАЛЬНОГО
ОБРАЗОВАНИЯ
Аннотация В статье рассмотрен вопрос подготовки духовного интеллекта будущих педагогов начальных классов на основе национальных ценностей в деле подготовки их как профессионалов. В период развития техники и информации для систематической передачи знаний и воспитания с сохране- нием национальных ценностей будущим педагогам начальных классов была предложена учебная ориентация. Проанализированы методологические под- ходы к развитию национальных ценностных ориентаций будущих педагогов, проведен опрос будущих педагогов, обучающихся в вузе. Итоги опроса показали, что отношение и отношение студентов к национальной ценности положительные. Также были приняты во внимание мнения респондентов.
При правильном формировании национальной ценности у педагогов начального образования будущие учащиеся будут иметь полностью сформи- рованную совершенную личность. В стране до сих пор реализованы республи- канские программы по обновлению нескольких образовательных учреждений.
Их основная задача – умение эффективно использовать в педагогике наши духовные ценности, наше национальное наследие. В статье мы уточнили эти процессы, проведя опрос среди будущих педагогов начального образования. Мы показали определение и особенности термина «ценность» для формирования национальной ценностной ориентации. Воспитание подрастающего поколения в рамках духовного, культурного, национального наследия, которое дошло до нас на протяжении веков – главная задача сегодняшнего дня.
Ключевые слова: педагогика, духовный интеллект, национальная ценность, педагог начального образования, патриотизм, анкетирование.
G.T. Kurbankulova*, A.S. Stambekova
Institute of Pedagogy and Psychology of KazNPU named after Abay, Almaty, Kazakhstan.
E-mail: [email protected]
OPPORTUNITIES FOR THE DEVELOPMENT OF NATIONAL VALUE ORIENTATION OF FUTURE PRIMARY EDUCATION TEACHERS Abstract. The article considers the issue of training the spiritual intelligence of future primary school teachers based on national values in training them as professionals. During the period of technology and information development, educational orientation was offered to future primary school teachers for the systematic transfer of knowledge and education with the preservation of national values. Methodological approaches to the development of national value orientations of future teachers are analyzed, a survey of future teachers studying at the university is conducted. The results of the survey showed that the attitude and attitude of students to the national value are positive. The opinions of the respondents were also taken into account.
With the correct formation of the national value of primary education teachers, future students will have a fully formed perfect personality. Republican programs for the renovation of several educational institutions have been implemented in the country so far. Their main task is the ability to effectively use our spiritual values, our national heritage in pedagogy. In the article, we clarified these processes by conducting a survey among future primary education teachers. We have shown the definition and features of the term “value” for the formation of national value orientation. Educating the younger generation within the framework of the spiritual, cultural, and national heritage that has come down to us over the centuries is the main task of today.
Key words. Pedagogy, spiritual intelligence, national value, primary education teacher, patriotism, questionnaire.
Кіріспе. Педагогика саласы ертеде пайда болған ғылымдардың бірі. Кез келген ғылымдағы тұлға педагогикадан білім алып, одан әрі жеке салалық дами түседі. Педагогика білім берсе, отбасылық тәрбие ұлттық танымнан білім береді. Ұлттық құндылық туралы тәрбие негізі отбасы мен бастауышта жүйелі түрде қалыптасады. Білімнің іргетасы бала алғаш әріп танығаннан бастау алса, оны жүйелі түрде ұйымдастырып, тек теория түрінде емес, қазақы менталитет, ұлттық таным, интеллектуалдық тұлға ретінде қалыптастыратын маңызды кезең осы бастауыш. Қазақтың алғашқы педагогикалық еңбегінің авторы, алаш азаматы М. Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсат-баланың тәрбиесін дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару»-деген (Жұмабаев, 1992). Ұлттық тәрбие мен құндылықтар жаңа ғасырда, техника
дамыған кезде неге керек? Қазіргі жаһанданған заманда ұлтымызға жанашыр азаматтар даярлау, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қазақстан бір ғасырға жуық уақытта бодан болып келгенде өз тілімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді ұмытпай сақтап, болашақ ұрпақ алдындағы міндетті ұмытпай сақтауымыздың себебі, ұлттық құндылықты бойымызға сіңірген әдіс-тәсілдердің дұрыс ұйымдастырылуынан. Ұлттық құндылықтар дегеніміз – адамзат үшін маңызды және құнды болып табылатын ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық тілдің байлығы, ұлттық мәдениеттің мұрасы, ұлттық салт-дәстүр, ұлт тарихы, ұлттың рухани мұраттарының жиынтығы (Жұмабаева, 1992).
Педагогика ғылымы ең көне, зерттеу салалары мен тарихы терең, динамикалық құбылыс. Динамика әр кезеңде жаңартулар мен зерттеу аясын одан әрі жетілдіруді, одан әрі толықтыруды қажет етіп отыратын құбылыс.
Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы тасқа жазылған жазудай екенін ескерсек, баланың санасына ұлттық тәрбие мен сапалы білім ұштасқанда жоғары интелектуалды, зиялы ұрпақ болып қалыптасады. Осы ескертулерді есепке ала отырып болашақ бастауыш педагогтерін даярлау ісінде де біршама маңызды фактілерге мән берген дұрыс. Алдымен болашақ білім педагогтерінің бойындағы ұлттық құндылықтар мен педагогтік интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту керек және оны практика барысында қолдануға қажетті әдістемелер құрастырылуы маңызды. Күн сайын қарыштап дамып, өміріміздің бір бөлшегіне айналған ақпараттық, инновациялық өзгерістер, болашақ бастауыш педагогтеріне дұрыс әдіс-тәсілмен, практикада қолданғанда шығармалық деңгейін жетілдіруде оңынан пайдаланылуы керек.
Ақпараттық жаңа технологиялардың қарқынды дамуы педагогтердің жұмысына тікелей қатысты болғандықтан, талапта күшейіп, ескі қолданыстағы методикаларымызға да өзгерістер қажет. Мобильді оқытудың ұлттық құндылықтар негізінде мүмкіндіктерін (Аlan, Shurygin, Cucinotta және т.б.) қарастырған. Болашақ педагогтерді даярлау олардың кәсіби, қатаң және жұмсақ дағдыларын дамытумен, ол дағдылардың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуімен тығыз байланысты (ttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/
P1900000988). Жаңа әдіс пен тәсілдер арқылы шығармашылық деңгейді көтеру қажетті туындап отыр. Сондықтан жаңа техника заманы болсын, кешегі совет заманында болсын ұлттың рухани азығын, ұлттық рухын, ұлттық құндылықтарын қалыптастыру отбасы мен бастауыш сыныпта берік орнығады.
Сондықтанда педагогиканың ішіндегі ең маңызды саласы бастауыш білім педагогтерінің дұрыс тұлға ретінде орнығуы. Ол үшін педагог дайындауда жүйелі әдіс тәсілдер ұсыну.
Болашақ бастауыш білім педагогтеріне қойылатын талап теориялық сабақта барынша мүмкіндіктерді пайдаланып, білім мен ұлттық танымды қалыптастыру болса, тәрбие жұмыстарында – педагог барынша шығармашылық қабілетін, тұлғалық біліктілігін білім алушыға көрсете білу. Демек, бала естігенін жасамайды, көргенін жасайды деген ертедегі нақыл сөзді ұмытпау керек.
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарларын қалыптастыру
жұмысы педагогтың осы бағыттағы атқаратын тәрбие жұмысына тәуелді. Ол мектеп оқушы болсын, университет студенті қоғамды тұлғалық қалыптасып, өз ұлтының маңызды бір бөлігі, өзі сүйген ұлттың өкілі екені мектептен тыс қоғамдық орындардың бәрінде көрініс табуы керек. Ол үшін бірнеше негізгі міндеттері саралап тәрбие сағаттарында жоспарлы түрде сабақ барысында қолдану керек. Олар:
- Ұлттық құндылықтарды тани отырып, өзіне ұнаған мінезді бойында қалыптастыруға мүмкіндік беру.
- Сабақ барысында тек түсіндіру жұмыстары емес, сыни ойлауын жетілдіру үшін диалог қатынас орнату.
- Еліміздің рәміздерін дәріптеуде, туған ел тарихын түсіндіруде, тілімізді, отан тақырыптарында ақын, жазушылардың шығармаларымен мәнін ашу.
- Ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық жетіліп қалыптасуға баса мән беру.
- Сабақ барысында әр түрлі патриоттық әндер орындауға, ұлттық би қимылдардын жаттығу ретінде пайдалану.
Бастауыш білім педагогтері ескеру тиіс тағы бір маңызды дүние бастауыш сынып оқушылары сырттан келетін кез келген информацияны тез қабылдағыш әрі сол ақпарттарды дұрыс, шынайы деп түсінуі. Сондықтан алғашқы түсінік барынша өмірмен байланысты, тың мәліметтер болу керек. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық қатынасы ата-баба дәстүріне сыйластық көзқарасы, туыстық парызды ұғынуы, ұлттық намыс, достық, жолдастық, ар, ұят сезімдері арқылы және ана тілін қастерлеуі арқылы көрініс тауып отырады.
Ұлттық құндылықтардың ең маңыздысы – ана тілі (Байтұрсынұлы, 1914).
Ұлттық құндылықтар барлық сабақтарда қосымша тақырып ретінде алып жүрілетін болса, негізгі талқылау қосымша сынып сағаттарының жоспарына кіреді және сыныптан тыс өткізілетін шараларда бастауыш сынып жас ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті өмірде болып жатқан дүниелерге білімдерін жетілдіріп, ұлттық құндылықтарға бағыттау. Осы арқылы рухани интелектуалды қабілетін жетілдіруге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулу.
Талқылаулар.
Бастауыш сынып оқушыларының рухани интеллекті жоғары, ұлттық құндылықты бойына сіңірудегі ең тиімді әдістер пікіралмасу, бейнероликтер көрсету, ситуациялық жағдайлардан сахналық ойындар. Осы әдіс-тәсілдер арқылы түсіну, өзіне қабылдау әлдеқайда түсінікті болады деген ойдамыз.
Дәстүрлі сабақтар ақпараттық техника дамыған заманда баланың 50 минут аудитория ұстап отыруға қолайсыздықтар тудырады. Себебі, сыныптан тыс қабылданып жатқан информациялардың жылдамдығы біздің санамызға да әсер беріп, бастауыш сынып оқушыларына ғана емес, сабақ өтуші педагог үшін де ыңғайсыздықтар тудырады. Осы жайттарды ескере келе педагог пен оқушының сабақ барысындағы іс-әрекетін бірдей дәрежеде қолдануды ұсынамыз.
Оқушының пікірі, сабақ барысындағы оқытушы мен оқушы балансын теңдікте ұстай отыра бойына интелектуалдық қасиет пен рухани құндылықты да қоса
жеткізе білу үшін төмендегідей бағдарлама немесе сабақтың сатылық жүйесін ұсынамыз.
1. Жалпы құндылық терминін мәнін ашып, рухани құндылығы бай адам кім? Қоғамға не үшін рухани да, ұлттық құндылығы жоғары адам керек екенін түсіндіріп көрсетіп беру.
2. Ұлттық құндылықты оқушы өз бойынан табу және одан ары жетілдірудегі білімін толықтыру.
3. Балаға барынша әсер ету. Ол әңгімелеу, сендіру, санаға сіңіру, моти- вациялық мәтіндер.
4. Оқушы мен оқушы арасындағы бағалау, сын-пікір айту. Бұл әдіс балалардың өзара бағалаушылық, барынша ойын айтуына, ұлттық құндылық терминдерін тағы бір қайталауына әсер етеді.
Жоғарыдағы сатылық талдау әдісі сабақ барысында болса, ұлттық құндылықтарды сыныптан шыққан соң ұмыт болмауы үшін, бойына сіңгенше әр кез жетілдіруді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін дөңгелек үстел, жиналыстар информацияны қабылдау үшін тиімді жол емес, әрі қарай бастауыш педагогтері уақытты тиімді пайдалану үшін дәріптеу кештері, тұлғалармен кездесу кештерін, сайыс түріндегі ойын бағдарламалары, сахналық көңілді қойылымдарды ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Мейілінше осындай кештер ата-аналармен бірлесіп жасауда өте тиімді жолдардың бірі. Бұл өз кезегінде салт-дәстүрлерді бала бойына сіңіру үшін интелектуалдық қабілетін одан әрі жетілдіре түсер еді. Соңғы кездері мектепке дейінгі коммуналдық мекемелерде ұйымдастырылып жүрген ұлттық салт-дәстүрлерді ата-аналардың ұйымдастырылуымен жасалатын іс-шаралар әдеттегі тәрбие сағатынан әлде қайда тиімді болғаны айтылып келеді. Бастауыш білім педагогтері де осы талаптарды ұстана отырып нәтижелі жұмыс жасауы оң нәтиже берер еді.
Кез келген тақырыпқа кіріспе ретінде айтылатын я өтілетін сабаққа кіріспе жасаймыз. Педагог осы кезеңде нанымды, бала рухын көтеретін, психологиясына әсер ететіндей болу керек. Мәселен, ұлттық құндылықтарды бастамас бұрын құндылық деген не? Ұлттық құндылық не үшін керек?
Рухани интелектуалды азаматтың қарапайым азаматтан айырмасы қалай деген мәселелерге шолу жасалу керек. Құндылығы бар адам қоғамда жоғары, бағалы адам, яғни, ұлттық құндылықты бойына сіңірген адам өз өмір сүріп отырған ортасында белді, беделді қоғамға пайдалы азамат боларын оқушы ұғынуы керек. Ол қайдан көрініс табады дегенде мына мысалдарды келтіріп, тікелей өмірмен байланыстыра аламыз. Біріншіден, туысқандық қарым-қатынас нормаларын ұстау. Екіншіден, достық, көршілік қарым-қатынас дәстүрлерді ұмытпау. Үшіншіден, көне дәстүрімізден келе жатқан жас ерекшеліктеріне байланысты ырым-жоралғыларды, рәсімдерді күнделікті қолдану. Төртіншіден, қазақтың қанында бар қонақжайлылық дәстүр, қонақ күту салтын ұстау, қонаққа барғандағы этикалқы талаптарды қолдану. Қазақы тәрбиенің қайнар көзі тыйым сөздер мен ым-ишара талаптарын орындау. Осы айтылғандар күнделікті қарапайым ережелер болғанымен ұлттық құндылықтарымызды
дәріптеуде, күнделікті қолдануды маңызы зор. Кез келген күрделі мәселе қарапайым ережелерден тұрады, педагогиканың ерекшелігі де осыда болса керек. Адам баласы жаратылғалы бері үздіксіз дамып, кемелденіп келе жатқан рухани дүние – тәрбие екені белгілі.
Зерттеу материалдары мен әдістері.
Ғалым Ә. Нысанбаева құндылықтар мәселесін зерттеп алғаш әлеуметтанулық статистикалық зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесі орта жасқа дейінгі буын өкілдерінде 38-ден аса құндылықтар бар екені анықталды. Оларды үлкен 5 топқа бөлді.
1. Универсалды құндылықтар. Жалпы адамзатқа ортақ отбасы, денсаулық т.б.2. Доминанттық құндылықтар. Жеке тұлғаның еркіндігі, тыныштығы т.б.
3. Тұрақты құндылықтар. Үй, еңбек, намыс, қаржы т.б.
4. Тұрақсыз құндылықтар. Патриотизм, прогрес, мансап, ұлт, интер на- ционалзм т.б.
5. Азшылық құндылықтар. Нарық, реформа, индивидуалимз т.б.
(Нысанбаева, 1999).
Жоғарыдағы құндылықтар әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесінен алынып отыр. Біз осы сауалнаманы негізге ала отырып ұлттық рухани құндылықтар төңірегінде сауалнама жүргіздік. Біздің сауалнама мақсаты ұлттық құндылық құндылық термині аясына кірмейді. Ұлттық құндылық өзінше үлкен категория екенін көрсетіп параметрлерін келтіру.
Сауалнамаға Шымкент университетінің 4 курс студенттері анонимді түрде жауап берді. Сауалнама сұрақтары мен нәтижесі төмендегідей:
А) Сіздің ойыңызша ұлттық құндылықтың маңызы қандай?
Ә) Өз бойыңыздағы ұлттық құндылықтарды атап өтіңіз? (жоғары, орта, төмен)
Б) Ұлттық құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларының бойына қалыптастыру үшін болашақ педагог ретінде қандай әдіс, тәсілдерді ұсынар едіңіз?
В) Ұлттық құндылықтар бүгінде ұмытылып барады деп ойлайсыз ба?
Г) Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін қандай ұсыныс айтасыз?
Д) Бастауыш сынып оқушыларының рухани интеллектісін дамыту үшін қандай ұлттық құндылықтармыздың орны бар ма?
Е) болашақ бастауыш педагогтерінің бойында ұлттық құндылықтар бар екеніне келісесіз бе?
Жүргізілген сауалнамаға орай студенттер бірінші сұрақ бойынша төмендегідей жауап берді:
Екінші сұрақ нәтижесі бойынша жауаптар:
Үшінші сұрақ жауаптары төмендегідей мәтіндермен толықты:
1.Ұлттық құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларының бойына қалыптастыру үшін болашақ педагог ретінде қандай әдіс, тәсілдерді ұсынар едіңіз? деген үшінші сұраққа білім алушылардың 91,7% арнайы пән енгізу керек екенін көрсетті.
2. Қалған білім алушылардың 8,3% жаңа инновациялық технологиялар көмегімен оқытуды ұсынған.
Ұлттық құндылықтар бүгінде ұмытылып барады деп ойлайсыз ба? Деген сұрақтың нәтижесі бойынша:
Қазіргі таңда ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін қандай ұсыныс айтасыз? деген сауалнама нәтижесі бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды.
Олар:
78,2% ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріп- тейтін іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарын барынша көбейту және 21,8%
Ана тілінде контенттер көбейту. Жастар арасында челленждер ұйымдастыру деп жауап берді.
Бастауыш сынып оқушыларының рухани интеллектісін дамыту үшін қандай ұлттық құндылықтармыздың орны бар ма деген сұрақтарға:
Болашақ бастауыш педагогтерінің бойында ұлттық құндылықтар бар екеніне келісесіз бе? деген сұраққа респонденттердің басым көпшілігі (85,6%) йа деген жауап берсе, ол пікірмен келіспейтіндер де (14,4%) бар екені анықталды.
Нәтижелер. Жоғары оқу оқындарында оқитын білім алушылардан алынған сауалнамаларды басшылыққа ала отырып болашақ білім педагогтерінің ұлттық құндылық бағдарын дамыту мүмкіндіктерін көтеру мақсатында алынған сауалнама нәтижесі негізі жақсы көрсеткіш көрсетті, дегенмен әлі де болса жастар, оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстары жүргізүлуі тиіс деген шешімге келдік. Ол үшін болашақ білім педагогтерінің рухани интеллектісін ұлттық құндылықтар арқылы дамыту. Болашақ бастауыш сынып педагогтеріне тиімді әдіс тәсілдерді ұсынуды жоспарлау.
Кез келген дамыған елдердің тарихына қарайтын болсақ сол қоғамда өмір сүретін адамдардың бойынан патриоттық, ұлтына деген махаббат сезімі, ұлттық тағлым, туған жердің қадірін білетін адамдар тобы бар. Халық тағылымы-сол халықтың ұлттық негізі. Ұлттық негіздің бір қыры ұлттың салт- дәстүр, әдет ғұрпымен байланысты. Бастауыш білім педагогтерін даяндауда да басты назарда ұстайтын негізгі қағидаттардың бірі дәстүр мен діл, тіл мен тарихты практикада жүйелі қолдану. Ол үшін білім алушының психикалық ұлттық құрылымын толық меңгерту керек. Олар ұлттық мінез, ұлттық салт дәстүр, ұлттық сана мен сезім. Осы үш қасиет педагог бойындағы ұлттық кодтардың кілті және мәдени ерекшелігімізді көрсетіп тұратын ерекшелік.
Сабақ барысында интеллектуалды қабілеті ұлттық құндықтарды жеткізе білуге қауқарлы болу керек, себебі, педагог ретінде бір мақсатқа жұмылып дұрыс тәрбиені көздесе, оны қолдану аясы, жеткізу жолдары әр қилы.
Адам өміріндегі жас ерекшеліктеріне байланысты жасалатын ұлттық дәстүрлер әр түрлі және өте көп. Қазақта баланың туғанынан қартайып қайтқанына дейін той деп бекер айтылмаған бесік салу, тұсау кесу, сүндет, құдалық, жар-жар, хабар айту, жоқтау және т.б. жоралғыларды білмеген педагог әрі қарай бала тәрбиелеуде де оң нәтижеге жете алмайды. Себебі бұл біздің ұлттық санамызда жаңғырмаса ұлттық құндықтан жұрдай болғанымыз.
Соның ішінде барлық жаста тойланатын Наурыз мейамын бастауыш білім педагогтеріне түсіндіру, оны практика барысында қолдану маңызы, тәрбие сағаттарын өткізу барысында қандай маңызды элементтерді назарға алу керек, сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдердің маңыздылығын ескеру сияқты дүниелерді білу керек. Наурызда жасалатын жосын-жоралғылардың бәрінде мән-мағына бар, ежелде осы дәстүрді қатаңсақтап бізге жеткізді. Осы ұлттық дәстүр бүгінде күнделікті қолданыстан шығып қалғандықтан сабақ барысында кейбір элементтерін көрсету ұлттық құндылықты жаңғырту болып табылады. Жаңғырту неге керек дегенде Қазақстан совет үкіметің құрамында болған ұзақ жыл салт-санамыз жабылған қазандай ұмыт бола бастады.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бері жақсы тойланып келе жатқан, қайта жаңғырған бұл дәстүрді оқу бағдарламасында бір тақырып ретінде емес, қосымша іс- шараларда да, біліктілік арттыру үшінде қосымша насихатталу керек, себебі
ұлттық дүниетаным аясын кеңейту үшін қолданылатын кез келген шара тиімді.
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі» (Әл-Фараби).
Болашақ бастауыш білім педагогтері рухани интеллектісі жоғары болу үшін құндылықтың ішкі және сыртқы факторларын меңгеру маңызды. Құндылық жоғары, сапалы деген мағынаны білдіреді, тұлғаның ішкі құндылығы жоғары болған кезде интеллектуалдық мәдениеті де жоғарылау түседі.
Сыртқы құндылықтар жоғары болғанда қоғаммен арақатынасы, тұлғалық орны ерекшеленеді. Осы құндылық баланаста тұрғанда педагог өзі үшін қоғамда сапалы маман, оқушылар үшін, ұжым үшін таптырмас кадр болар еді. Біздің мақсат болашақ бастауыш білім педагогтерін оқушылардың рухани интеллектісін ұлттық құндылықтар арқылы дамыта отырып, қоғамға пайдалы, санасы жаһанданған батыс дәстүрінен таза, ұлттық құндылықтарды сыйлап, құрметтейтін тұлға даярлау. Бұл істе бастауыш педагогтерін даярлауда тиімді әдіс-тәсілдермен даярлауда қоғамның өзекті мәселесі.
Оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыруда театрлан- дырылған мерекелер мен сайыс ойын сәттерін, ойын-мерекелерді көптеп пайдаланған жөн. Бұның өзі балалардың ойынға деген қажеттілігін жүзеге асырып қозғалыс белсенділігін жетілдіреді. Ойын мерекелер балалардың ақыл- ой мүмкіндіктерін жұмылдырып, өзіндік тәртіп дағдыларын қалыптастырады.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары арқылы тәрбиелеу-әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық құндылық» деген сөздің астарында елге жерге, тілімізге, дінімізге, өткен тарихымызға деген құрмет жатыр. Оқушылар бойында ұлттық құндылықтар қалыптастыру жұмыстары, ең алдымен бастауыш сыныпта атқарылуы керек. Бала тәрбиесі жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші- ата – анасынан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі- құрбысынан» деген екен Абай.
Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері- фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, дене шынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби – педагогкалық оқулықтарға енгізген М.Жұмабаев
«Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жаткан тақтақ жол болғандықтан , әр бір ұлттың баласы өз ұлттының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан әрбір тәрбиеші баланың сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» (Жұмабаев, 1992).
Қай ұлтты алып қарасаңыз да, дәстүрге негізделген тұрмыс-тіршілігі, кәсібі, соның ыңғайындағы тарихы, мәдениеті, өркениеті бар. Көне грек философиясында адам белгілі бір ұлтқа жатуын сезіну үшін бес түрлі шартқа сай болуы тиіс делінеді:ол өз ұлтының тілін, дінін, дәстүрін, тарихын және
ұлты мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білу қажет. Осы сипаттар түгел бойынан табылған адам ғана сол ұлттың толық өкілімін, ұрпағымын деуге құқылы. Ал бізде осы аталған шарттардың барлығы бар деп нақты айта аламыз.
Демек, сол аталған шарттарды бала бойында қалыптастыру-басты міндет.
Ендеше сол ұлттық құндылықтарымызға тоқтала кетсек. Ең бірінші тіл. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Қандай ақпарат болсын тіл арқылы санада көрініс табады. Оны көркем, есте сақтауға ыңғайлы болу үшін тілін, жерін, елін сүюді ұрпағына жүрек балқытар өлең-жырмен дарытты. Қазақ халқының тілінде көркем сөздерді мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлесу негізінде жыр, терме, толғау, дастан, айтыс, шешендік өнер, қара өлең, өлең түрлері сияқты әдеби өнер үлгілерінен қалыптасады. Екіншісі ұлттық құндылықтарымыз.
Құндылық жалпы адамзатқа ортақ болса, ұлттық құндылықтарымыз тек қазақтарға бүкіл жер шарының алты миллардтан нөлден бір бөлшегін шақты миллион адамына керек. Оны сақтамасақ оңай жұтылып кетеріміз мәлім. Бір ескере кетер жайт қазақ елінің рухани қуаты басым ел.
Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Қорытынды.
Педагогиканың басты мақсаты білім мен тәрбие берудің тиімді жолдарын ұсынатын ғылымның саласы. Уақыттың талабымен ол әр кезеңде өзінше өзгерістерге ұшырап отырады. Бастауыш білім педагогтеріне білім мен тәрбие беруде қойылатын талаптар өзгерді. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндеріп отырған.
Осы міндеттер енді отбасы мен мектептерде ортақ жаңа ережелермен толығып жатыр. Оқу бағдарламасынан бөлек жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге баулу. Мақсат ортақ – адамгершілік, зиялылық, бойында ұлттық сана қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле». Ата-бабамыз ғасырлар бойы тірнектеп ең асылын сұрыптап жинаған рухани байлығы – дінін, тілін, салт- дәстүрін жатқа жойғызбау үшін жанталаса қорғанды.
Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу- тәрбие процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және өскелең
ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.
“Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қайтып алмақ” (Жұмабаев, 1992) – деген тұжырым жасаған қазақ халқының ұлы ақыны ғалым М. Жұмабаев. Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деген болатын.
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, өскелең ұрпақты рухани адамгершілігін дамыту болып табылады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп айта аламын.
Information about the authors:
Kurbankulova G.T. – Phd studеnt. Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan, https: //orcid.org/0000-0002-2538-1837;
Stambekova A.S. – candidate of pedagogical sciences, associate professor.
Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan, https: //orcid.
org/0000-0002-6869-7401.
ӘДЕБИЕТТЕР:
М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, Рауан, 1992 – 112б
Г.Х.Сарсенбаев, А.Е.Жумабаева. Ұлттық құндылықтар негізінде болашақ бастауыш білім педагогтерінің трансверсальді дағдыларын дамытудың мүмкіндіктері. КазҰПУ хабаршы.
К. Аlan. How Simply and Understandably Could The «Personal Computing Experience» Be Programmed? (27 ноября 2019).
Shurygin V. Learning Management Systems in Academic and Corporate Distance Edu-cation //
International Journal of Emerging Technologies in Learning. 2021. Vol. 16. Is. 11. P. 121 – 139.
Cucinotta D. Who declares COVID-19 a pandemic // Acta Bio-Medica: Atenei Parmensis. 2020.
Vol. 91. Is. 1. P. 157 – 160. 16. Chun, K. M. (2019).
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // ttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988 (қаралған күні:
15.10.2021).
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың бастауыш мектебі жайында. «Қазақ» газетасы, 1914 ж., 9 май, № 61. https://el.kz/news/archive/a-bayt-rsyn-ly_-aza-ty-_bastauysh_mektebi_zhayynda/
Нысанбаева Ә, Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999. 272 б.
https://abai.kz/post/98105 Аль-Фараби https://vk.com/wall-60759295_165425 абай
https://melimde.com/bastauish-sinip-oushilarini-bojina-ltti-ndilitardi-siiru-jolda.html?page=7
REFERENCES:
M. Zhumabaev. Pedagogy. Almaty, Rawan, 1992 - 112 p
G.H. SARSENBAYEVA, A.E.ZHUMABAYEVA. Opportunities for developing transversal skills future teachers of primary education based on national values.
К. Аlan. How Simply and Understandably Could The «Personal Computing Experience» Be Programmed? (27 ноября 2019).
Shurygin V. Learning Management Systems in Academic and Corporate Distance Edu-cation //
International Journal of Emerging Technologies in Learning. 2021. Vol. 16. Is. 11. P. 121 – 139.
Cucinotta D. Who declares COVID-19 a pandemic // Acta Bio-Medica: Atenei Parmensis. 2020.
Vol. 91. Is. 1. P. 157 – 160. 16. Chun, K. M. (2019).
State program for the development of education and science in the Republic of Kazakhstan for 2020-2025 // ttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000988 (review date: 15.10.2021).
Akhmet Baitursynovich about the Kazakh primary school. Newspaper “Kazakh”, 1914, May 9, No.
61.https://el.kz/news/archive/a-bayt-rsyn-ly_-aza-ty-_bastauysh_mektebi_zhayynda/7 Nysanbayeva A, Abzhanov T. A brief history of philosophy. - Almaty, 1999. 272 p.
https://abai.kz/post/98105 Аль-Фараби https://vk.com/wall-60759295_165425 абай
https://melimde.com/bastauish-sinip-oushilarini-bojina-ltti-ndilitardi-siiru-jolda.html?page=7
МАЗМҰНЫ
ПЕДАГОГИКА
Э.А. Абдыкеримова, А.Б. Туркменбаев, Б.У. Куанбаева, Г.Р. Кощанова КЕЙС ТЕХНОЛОГИЯЛАР - ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН
БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ФОРМАСЫ...5 Г. Акан, С.К. Рахимжанова, С.К. Серикова
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ...23 Д.О. Айтенова, А.П. Мынбаева, Д.Н. Байгутова
ҚАРАХАН ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІН ЖЕКЕ ПӘН РЕТІНДЕ ОҚЫТУ...37 А.М. Елубай
КОНЦЕПТУАЛДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК
ТІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР...45 Ф.М. Ержанова, Ж.Б. Ибраева, С.К. Серикова
ОРЫС ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ
БЕЛСЕНДІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ...61 Д.Б. Ешенкулова, С.Е. Манабаева, Г.А. Омарова, Г.Б. Мауленбердиева, А.Б. Сикимбаева
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ДАЯРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ...72 С.Е. Жильгельдинов, Н.Б. Шамуратова, А.К. Кенжебаева,
Н.К. Тулемисова, Б.К. Сулейменова, Р.Б. Курманалинова ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ
РЕТІНДЕ...87 Ж. Изтаева, З. Смаилова, Г. Баусариева, С. Тлеубай, A. Касымбекова ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ НӨЛДІК ФОРМАНЫ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...98 А.Б. Керімбердина, А.К. Садвакасова, Н.К. Наурызова
ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАРЫ...111