• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

Ғаламның тілдік «культ» концептісі

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "Ғаламның тілдік «культ» концептісі"

Copied!
28
0
0

Толық мәтін

(1)

№2 (123)/2018

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

ISSN 2616-678Х

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

ХАБАРШЫСЫ ВЕСТНИК

Евразийского национального

университета имени Л.Н. Гумилева

BULLETIN of the L.N. Gumilyov

Eurasian National University

ФИЛОЛОГИЯ сериясы Серия ФИЛОЛОГИЯ

PHILOLOGY Series

№2 (123) / 2018

1995 жылдан бастап шығады Издается с 1995 года Founded in 1995 Жылына 4 рет шығады Выходит 4 раза в год Published 4 times a year

Астана, 2018

Astana, 2018

(2)

Бас редакторы Дихан Қамзабекұлы

филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Бас редактордың орынбасары Шолпан Жарқынбекова

филология ғылымдарының докторы, проф. (Қазақстан) Редакция алқасы

Аскер оғлы Рамиз ф.ғ.д., проф. (Әзербайжан) Ақматалиев Абдылдажан ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан) Бахтикиреева Улданай ф.ғ.д., проф. (Ресей) Беженару Людмила ф.ғ.д. проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргүл ф.ғ.к., (Қазақстан) Біжкенова Айгүл ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Жақыпов Жантас ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Журавлева Евгения ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Жаң Динжиң PhD, проф. (Қытай)

Ескеева Мағрипа ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Ержласун Гүлжанат PhD, ассос. проф. (Түркия) Қасқабасов Сейіт ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Негимов Серік ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нұрғали Қадиша ф.ғ.д., проф. (Қазақстан) Нуриева Фануза ф.ғ.д., проф. (РФ, Татарстан)

Райхл Карл ф.ғ.д., проф. (Германия)

Рахманов Носимхан ф.ғ.д., проф. (Өзбекстан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (АҚШ) Сәтенова Серікгүл ф.ғ.д. проф. (Қазақстан) Султанов Казбек ф.ғ.д., проф. (Ресей) Тәжібаева Сәуле ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Хисамитдинова Фирдаус ф.ғ.д., проф. (РФ, Башқұртстан) Чернявская Валерия ф.ғ.д., проф. (Ресей)

Шәріп Амантай ф.ғ.д., проф. (Қазақстан)

Шәріпова Гүлбану ф.ғ.к., қауымд. проф. (Қазақстан)

Экиджи Метин PhD, проф. (Түркия)

Янковский Генрих PhD, проф. (Польша)

Редакцияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Сатпаев к-сі, 2, 408 б.

Тел.: (7172) 709-500 (ішкі 31413) E-mail: [email protected]

Жауапты редактор, компьютерде беттеген Құрманғалиев Ілияс

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. ФИЛОЛОГИЯ сериясы Меншіктенуші: ҚР БжҒМ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 27.03.2018 ж. №16996-Ж тіркеу куәлігімен тіркелген.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Тиражы: 35 дана

Типографияның мекенжайы: 010008, Қазақстан, Астана қ., Қажымұқан к-сі ,12/1, тел.: (7172)709-500 (ішкі 31413) © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

(3)

№2 (123)/2018

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Editor-in-Chief Dihan Kamzabekuly Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan)

Deputy Editor-in-Chief Zharkynbekova Sholpan Doctor of philology, Рrof. (Kazakhstan)

Editorial board

Asker ogly Ramiz Doctor of philology, Рrof. (Azerbaidzhan) Akmataliyev Аbdildajan Doctor of philology, Рrof. (Kyrgyzstan) Bakhtikireeva Uldanai Doctor of philology, Рrof (Russia) Beisembayeva Zhanargul Can. of philology, (Кazakhstan) Bezhenaru Lyudmila Doctor of philology, Рrof (Romania) Bizhkenova Аigul Doctor of philology, Рrof. (Кazakhstan) Chernyavskaya Valeriya Doctor of philology, Рrof. (Russia) Еrzhiasun Güljanat PhD, assos. Prof (Turkey)

Yeskeyeva Мagripa Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Henryk Jankowski PhD, Prof. (Poland)

Kaskabassov Seit Doctor of philology, Prof (Кazakhstan) Khisamitdinova Firdaus Doctor of philology, Prof. (RF, Bashkortostan)

Metin Ekiji PhD, Prof. (Тurkey)

Negimov Serik Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurgali Kadisha Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Nurieva Fanuza Doctor of philology, Prof. (RF, Tatarstan) Reichl Karl Doctor of philology, Prof. (Germany) Rakhmanov Nasimhon Doctor of philology, Prof. (Uzbekistan) Rivers William Patrick PhD, Prof. (USA)

Satenova Serikkul Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sultanov Кazbek Doctor of philology, Prof. (Russia) Sharip Аmantay Doctor of philology, Prof (Kazakhstan) Sharipova Gulbanu Can. of philology, assos. Prof. (Kazakhstan) Tazhybayeva Saule Doctor of philology, Prof. (Kazakhstan) Zhakypov Zhantas Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Zhang Dingjing PhD, Prof. (China)

Zhuravleva Yevgeniya Doctor of philology, Prof. (Кazakhstan) Editorial address: 2, Satpayev str., of.408, Astana, Kazakhstan, 010008

Теl.: (7172) 709-500 (ext. 31413) E-mail: [email protected]

Executive editor, computer layout: Іlyas Kurmangalyev Bulletin of the L.N.Gumilyov Eurasian National University PHILOLOGY Series

Owner: Republican State Enterprise in the capacity of economic conduct «L.N.Gumilyov Eurasian National University» Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan

Registered by Ministry of Іnformation and Сommunication of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No 16996-Ж from 27.03.2018

Periodicity: 4 times a year Circulation: 35 copies

Address of printing house: 12/1 Kazhimukan str., Astana, Kazakhstan 010008; tel.: (7172) 709-500 (ext.31413) © L.N.Gumilyov Eurasian National University

(4)

Главный редактор Дихан Камзабекулы доктор филологических наук, проф. (Казахстан)

Зам. главного редактора Шолпан Жаркынбекова доктор филологических наук, проф. (Казахстан)

Редакционная коллегия

Аскероглы Рамиз д.ф.н., проф. (Азербайджан) Акматалиев Абдылдажан д.ф.н., проф. (Киргизстан) Бахтикиреева Улданай д.ф.н., проф. (Россия) Беженару Людмила д.ф.н., проф. (Румыния) Бейсембаева Жанаргуль к.ф.н., (Казахстан) Бижкенова Айгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Жакыпов Жантас д.ф.н., проф. (Казахстан) Жан Динжин PhD, проф. (Китай) Журавлева Евгения д.ф.н., проф. (Казахстан) Ескеева Магрипа д.ф.н., проф. (Казахстан) Ержласун Гульжанат PhD, ассос. проф. (Турция) Каскабасов Сейит д.ф.н., проф. (Казахстан) Негимов Серик д.ф.н., проф. (Казахстан) Нургали Кадиша д.ф.н., проф. (Казахстан) Нуриева Фануза д.ф.н., проф. (РФ, Татарстан) Райхл Карл д.ф.н., проф. (Германия) Рахманов Насимхон д.ф.н., проф. (Узбекистан) Риверс Уильям Патрик PhD, проф. (США)

Сатенова Серикгуль д.ф.н., проф. (Казахстан) Султанов Казбек д.ф.н., проф. (Россия) Тажибаева Сауле д.ф.н., проф. (Казахстан)

Хисамитдинова Фирдаус д.ф.н., проф. (РФ, Башкортостан) Чернявская Валерия д.ф.н., проф. (Россия)

Шарип Амантай д.ф.н., проф. (Казахстан) Шарипова Гульбану к.ф.н., ассос. проф. (Казахстан) Экиджи Метин PhD, проф. (Турция)

Янковский Хенрих PhD, проф. (Польша)

Адрес редакции: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Сатпаева, 2, каб. 408 Тел.: (7172) 709-500 (вн. 31413)

E-mail: [email protected]

Ответственный редактор, компьютерная верстка Ильяс Курмангалиев

Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия ФИЛОЛОГИЯ Собственник: РГП на ПХВ «Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева» МОН РК Зарегистрирован Министерством информации и коммуникаций РК под номером №16996-Ж от 27.03.2018г.

Периодичность: 4 раза в год Тираж: 35 экземпляров

Адрес типографии: 010008, Казахстан, г. Астана, ул. Кажимукана, 12/1, тел.: (7172)709-500 (вн.31413)

© Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

(5)

№2 (123)/2018

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Мазмұны

Абасилов А.М. Жаңа қазақ әліпбиі: әлеуметтік лингвистикалық мәселелері,

оларды шешу жолдары ... 8

Абдуов М.И, Абдуова Н.М. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының діни мотивтері .. 15

АбдразаковаА.А., Ахметова Б.Б. , Қасқатаева Ж.А. , Бакенова А.М. Cан компонентті кейбір киелі ұғымдардың қалыптасу тарихынан ... 21

Аймұхамбет Ж.Ә. Мифтік кеңістіктегі адамзат пен пері-зат байланысы және оның көркем әдебиетте бейнеленуі ... 30

Амангазиева М.К. Л.З. Будаговтың «Түрік-татар сөздерінің салыстырмалы сөздігінің» қазақ лексикографиясындағы орны ... 38

Аубакирова Г.T., Володина E.O., Калиева С.Н. Кәсіби-бағытталған шетел тілін үйренудің тұлғалық-бағытталған тәсілі ... 44

Байбек А.К. Үкілі Ыбырай – сан қырлы дарын иесі ... 51

Байбеков С.Н., Шормакова С.М., Аязбекова Э.М. Ұлы Дала көне есептері және оның Бөлтірік шешен шығармашылығындағы көрінісі ... 63

Гауриева Г.М., Жумабекова Ә.А. Студенттердің тілдік компетенциясын қалыптастыруда аутенттік мәтіндерді қолдану ... 74

Ерғалиева Райхан Қазіргі заманғы қоғамдағы ұлттық мәдени мұраның проблемалары ... 76

Жұманбекова Н.З., Кабдушева А.Б. Студенттерде шетелдік құзыреттілікті қалыптастыру ... 81

Искакова Н.С., Ислам А. Заманауи лингвистикадағы бағалау теориясының дамуы ... 86

Кузбакова Г.Ж. Қазақ әдет-ғұрыптық ән ырғақтылығындағы сөз просодикасы ... 96

Қыдырмолдина М., Нуржанова Ж. Ағылшын тілін үйрену мен оқытудың маңыздылығы ... 105

Лазухина Л.В., Әбдіғалиева Т.А. У. Шекспирдің «Отелло» пьесасындағы одағайлардың қазақ тіліне аударылуына талдау ... 109

Нұрдәулетова Б.И. Жыраулар поэзиясы мәтінінің коммуникативтік ерекшелігі ... 116

Нұржанова Ж.Д., Дадехан Ж.Б. Интернет көмегімен ағылшын және қазақ тілінің сөздік қорын оқыту әдістемесі ... 123

Нұржаубек А. Қазіргі әлемдік және отандық лингвистикадағы фрейм туралы ізденістер ... 129

Оспанова А.К., Турдыгылова А.К., Бакенова А.М. Шетел тілі мұғалімдерінің ревлексивті қабілеттіліктерін даму ... 139

Тұрысбек Р. Ұлттық тіл табиғаты: әліпби мәні мен эволюциясы (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің тарихы мен даму үрдістері туралы) ... 146

Рысбаева Г.Қ., Исаева Ж.Т., Тұңғышбаева Ғ.Ж. Ғаламның тілдік «культ» концептісі ... 155

Сәрсекенова Қ.Қ., Меліс А.М. Тойбекова С.Р. Филология мамандығы бойынша білім алушыларды компьютерлік технология бағытында оқыту ... 166

Шаймерденова Н.Ғ. Қазақстандағы татарлардың тарихы, тілі, мәдениеті ... 173

Жазбадерек. Гуманитарлық ғылымдарға саясимәдениет әлемінде заманауи зерттеу ... 185

Рәсімдеу үлгісі ... 188

(6)

Contents

Abasilov А.М. New Kazakh Alphabet: Sociolinguistic Problems and Their

Solutions ... 8

Abduov M.I. , Abduova N.M. Religious Motifs in “Kozy Korpesh – Bayan Sulu” Poem ... 15

Abdrazakova A.A., Akhmetova B.B., Kaskatayeva Zh.A., Bakenova A.M. From History of Development of Some Sacral Concepts with Numerical Component ... 21

Aimukhambet Zh.А. Тhe interdependence of humanity with the fairy in the mythical space and its reflection in the artistic literature ... 30

Amangazyieva M.К. L.Z.Budagov’s «Comparative Dictionary of Turkish-Tatar Words» in Kazakh Lexicography ... 38

Aubakirova G.T., Volodina E.O., Kalieva S.N. Personally-Oriented Approach in Teaching Professionally-Oriented Foreign Language ... 44

Baibek A.K. Үkilі Ybray – Versatile Master of Transformations ... 51

Baybekov S.N., Shormakova S.M., Ayazbekova I.M. Ancient Tasks of the Great Steppe and Their Place in Boltirik Sheshen’s Work ... 63

Gauriyeva G.M., Zhumabekova A.A. Use of Authentic Texts for Formation of Students’ Linguistic Competence ... 74

Yergaliyeva Rakhan The Problem of National Cultural Heritage in Modern Society ... 76

Zhumanbekova N.Z., Kabdusheva A.B. Formation of Foreign Competencies in Students ... 81

Iskakova N.S., Islam A. Development of Evolution Theory in Modern Linguistics ... 86

Кuzbakova G.Zh. Prosody of the Word in Kazakh Ritual Song Rhythmics ... 96

Kydyrmoldina M.S. , Nurzhanova Zh.D. The Importance of Learning and Teaching English Language ... 105

Lazukhina L.V., Abdygalieva T.A. Analysis of the translations of U. Shakespeare’s «Othello» plays in the Kazakh language ... 109

Nurdauletova B.I. Communicative Peculiarities of the Bard Texts ... 116

Nurzhanova Zh.D, Dadekhan Zh.B. Teaching English and Kazakh vocabulary by means of the Internet ... 123

Nurzhaubek А. Frame Research in the Modern World and Domestic Linguistics ... 129

Ospanova A.K., Turdygylova G.D., Bakenova A.M. Development of Reflexive Abilities of Foreign Languages Teacher ... 139

Turysbek R. Kazakh Inscription is Spirituality (About the history and trends of the Kazakh language based on Latin graphics) .... 146

Rysbayeva G.K., Issayeva Zh.T., Tungushbayeva G.Zh. Concept of “Cult” in Linguistic Picture of the World ... 155

Sarekenova K.K., Melis A.M. Toybekova S.R. Training Graduates of Philology Specialty in the Field of Computer Technology ... 166

Shaymerdinova N.G. The History, Language and Culture of Tatars in Kazakhstan ... 173

Сhronicle. Мodern research on humanitarian sciences in the polycultural peace ... 185

Template ... 188

(7)

№2 (123)/2018

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

Содержание

Абасилов А.М. Новый казахский алфавит: социолингвистические проблемы, пути их решений ... 8 Абдуов М.И, Абдуова Н.М. Религиозный мотивы в лиро-эпическом произведений «Козы Корпеш – Баян сулу» ... 15 Абдразакова А.А., Ахметова Б.Б., Каскатаева Ж.А., Бакенова А.М. Из история развития некоторых сакральных понятий с компонентами числительных ... 21 Аймухамбет Ж.А. Взаимосвязь человечества с феи в мифическом пространстве и его отражение в художественной литературе ... 30 Амангазиева М.К. Роль «Сравнительного словаря турецко-татарских наречий»

Л.З. Будагова в казахской лексикографии ... 38 Аубакирова Г.T., Володина E.O., Калиева С.Н. Личностно-ориентированный подход в обучении профессионально-ориентированному иностранному языку ... 44 Байбек А.К. Үкілі Ыбырай – многоликий мастер перевоплощений ... 51 Байбеков С.Н., Шормакова С.М., Аязбекова Э.М. Древние задачи Великой Степи и их место в творчестве Болтирик шешена ... 63 Гауриева Г.М., Жумабекова А.А. Использование аутентичных текстов при формировании языковой компетенции студентов ... 70 Ерғалиева Р.А. Проблемы национального культурного наследия в современном социуме ... 76 Жуманбекова Н.З., Кабдушева А.Б. Формирование иноязычных компетенций у студентов ... 81 Искакова Н.С., Ислам А. Развитие теории оценки в современной лингвистике ... 86 Кузбакова Г.Ж. Просодика слова в казахской обрядовой песенной ритмике ... 96 Кыдырмолдина М., Нуржанова Ж. Важность обучения и преподавания английского языка ... 105 Лазухина Л.В., Абдигалиева Т.А. Анализ перевода на казахский язык междометий пьесы У. Шекспира «Отелло» ... 109 Нурдаулетова Б.И. Коммуникативные особенности текстов жырау ... 116 Нуржанова Ж.Д., Дадехан Ж.Б. Приемы изучение английской и казахской лексики с помощью интернет ... 123 Нуржаубек А. Фреймовый подход в современной отечественной и мировой лингвистике ... 129 Оспанова А.К., Турдыгылова А.К., Бакенова А.М. Развитие рефлексивных умений учителей иностранных языков ... 139 Турысбек Р.. Природа национального языка: сущность и эволюция алфавита (Об истории и тенденциях казахского языка на основе латинской графики) ... 146 Рысбаева Г.К., Исаева Ж.Т., Тунгышбаева Г.Ж. Концепт «Культ» в языковой картине мира ... 155 Сарекенова К.К., Мелс А.М. Тойбекова С.Р. Обучение выпускников филологиче- ских специальностей в области компьютерных технологий ... 166 Шаймерденова Н.Г. История, язык, культура татар в Казахстане ... 173 Хроника. Современные исследования по гуманитарным наукам в поликультурном мире ... 185 Образец оформления статьи ... 188

(8)

ХҒТАР 415.61

Г.Қ.Рысбаева1, Ж.Т.Исаева2, Ғ.Ж.Тұңғышбаева3

1Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

2, 3С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

(E-mail: 1[email protected], 2[email protected], 3[email protected]) Ғаламның тілдік «культ» концептісі

Аңдатпа. «Культ» концептісі қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени концептілер жүйесінде өзіндік орны бар концептілерінің бірі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүние- ге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті, т.б. ұғымдар арқылы танылады.

Культ өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі. Культтік лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын, рухани-мәдени өмірін, дүниета- нымдық болмысын, наным-сенімін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Әр ұлттың өз әлемдік бейнесі бар, себебі тіл тек ойлау, қарым-қатынастың құралы ғана емес, тіл бүкіл этностың рухани және мәдени айнасы. «Культ» концептісі жүйесіндегі «сый- ыну», «жалбарыну», «табыну», «құрметтеу» сөздерінің тілдік-танымдық моделі ерекше мәнге ие.

Концепт арқылы халықтың, ұлттың дүниетанымын, ой-өрісін, білімін анықтауға болады.

Түйін сөздер: «Культ» концепті, антропоцентризм, сыйыну, құрметтеу, табыну, ассоциация, концептілік өріс.

Кіріспе. Қазіргі жаһандану үдерісінде тіл білімінде этнолингвистикалық, этнопси- холингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық, лингвомәде- ниетанымдық бағыттарда «Дүниенің тілдік бейнесі», «Түркілік ғалам моделі» теориялары тұрғысынан түрлі зерттеулер жүргізу кең үрдіс алып келеді. Қазіргі кезде дүниенің тілдік бейнесін жалпы адамзат танымындағы әлем моделімен және дүниенің тұтас концептуал- дық бейнесімен бірлікте қарастыру - әрі философиялық, әрі филологиялық зерттеулер ны- саны бола алады. Ғаламның тілдік бейнесі мен ғаламның концептуалдық бейнесінің «тіл – ойлау - әлем (ғалам)» аясында зерттеудің қажеттілігі артып отыр.

Тіл білімінде культтік наным-сенімдерге қатысты фразеологизмдердің зерттелу та- рихы әріден басталғанымен, олардың қалыптасу негіздері, танымдық табиғаты лингвисти- калық тұрғыдан ашыла қойған жоқ. Жұмыста жүйелі түрде «Культ» лексемасы алғашқы рет концепт тұрғысынан қарастырылады. Жалпы түркілік деңгейдегі «Культ» концептісі әлі күнге дейін толық қарастырылып, салыстырмалы түрде жете зерттеле қоймаған. «Культ»

ұғымы тарихи-этнографиялық, діни, мифологиялық, философиялық тұрғыдан ғана қарас- тырылды. Бұл ұғым когнитивті лингвистикаға, тіл мәдениетіне, социолингвистикаға, ми- фологияға, этнографияға да тікелей қатысы бар ауқымы кең этнолингвистикалық мәселенің бірі болғандықтан, мұны қазақ, қырғыз, өзбек, татар, тува, хакас, алтай, шор, якут (саха) т.б.

ірілі-ұсақты түркі тілдерінің материалдары негізінде қарау оның архитиптік элементтерін, түркі мәдениетіне ортақ таным элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Алайда түркі тілдес халықтардың тілінде материалдар негізінде түптүркілік культ концептісінің барлық құрылымын бір ғана зерттеу жұмысында түгел қамтып, жан-жақты қарастыру мүмкін емес, сондықтан тек қазақ тіліндегі тиісті этнолингвистикалық параллелдерді саралаудың біре- гей ғылыми-танымдық көріністеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда қоршаған орта, әлем, дүние туралы барлық мағлұматтар халықтың сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бір- ліктер яғни жеке сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, қанатты сөздер, прецедентті мәтіндер арқылы сақталып, атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әлемнің тілдегі бей-

(9)

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

№2 (123)/2018

несі жаңарып та, толығып та отырады. Әр ұлттың өз әлемдік бейнесі бар, себебі тіл тек ойлау, қарым-қатынастың құралы ғана емес, тіл бүкіл этностың рухани және мәдени айна- сы. Тіл – мәдениетті сақтаушы, дамытушы, ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы ерекше ком- муникативтік құрал, салт-сананың, ұлттық ділдің, ұлттық ойлау мен сананың сан қырлы қасиеттерінің көрінетін тұсы.

Тіліміздегі культке қатысты атаулар, терминдер, лексика-фразеологиялық, паремио- логиялық бірліктер мен мақал-мәтелдердің қоғамда қалыптасқан ауыспалы мағынасын ғана емес, сонымен қатар сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан уәждерін анықтау жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Сонымен қатар түркі халықтарындағы культке қатысты атаулардың және ертедегі дүниетаным мен наным-сенімдер, салт-дәстүр- лер әлеуметтік-қоғамдық түрткі жайттарға қатысты ұғымдарға негізделген лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейін антропоцентристік тұрғыдан айқындау көзделді.

Зерттеудің негізгі нысаны. Культке қатысты атаулар, культтік фразеологиялық, паре- миологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктерді көрсететін, қазіргі көркем мәтіндерде көрініс тапқан мифологиялық, сакральды жүйелердегі, т.б. «культ» кон- цептісінің тілдік репрезентанттарының ұлттық-танымдық мәні мен олардың түркі тілдерінде- гі соның ішінде қазақ, қырғыз, өзбек тілдеріндегі қолданыс ерекшеліктері этнолингвистика- лық және этномәдени негізі. Біздің зерттеу аспектіміз – дүниетанымдық тіл білімі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – түркі тілдерін- дегі культ концептісін танытатын тілдік бірліктер жүйесін кешенді зерттеу. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер анықталды:

• негізгі ұғымдарды теориялық тұрғыдан сипаттау;

• культтік фразеологизмдердің адам санасында бейнеленген тілдік, құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, ұлттық-мәдени және танымдық сипатын ашу;

• культтік ұғымдардағы тілдік бірліктер мен культтік фразеологизмдердің ассоциа- тивтік көрінісін сипаттап, олардың ассоциативтік ерекшеліктерін саралау.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында теориялық-әдістемелік негіз ретінде антропоцентристік және когнитивтік лингвистиканың «дүниенің тілдік бейнесі» теориясы- ның қағидалары басшылыққа алынды. Соған сәйкес тарихи-салыстырмалы сипаттау, жүйе- леу, топтау, салыстыру, этимологиялық түсіндіру, этнолингвистикалық талдау, құрылым- дық және концептуалдық, фреймдік талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының тарихы. Діннің шығуын, таралуын және түрлерін мифология- лық, тарихи, этнографиялық тұрғыдан зерттеушілердің бірі - кеңес одағы кезіндегі атақты ғалым С.А. Токаревтің «Ранние формы религии» деген ғылыми еңбегі [1] дүниежүзі ха- лықтарының мәдениетіндегі алғашқы қауымдық діни наным-сенімдердің шығу мәселесі мен культ түрлеріне арналған. Онда ғалым алғашқы наным-сенімдер тотемизмді, шама- низмді, нагуализмді, магизмді, анимизмді, бақсылық және жерлеу культін, алғашқы қа- уымдық культ, кәсіптік культ, аграрлық культ, отбасы культін, құрбандық шалу культін, тау культін, т.б. діни, этнографиялық тұрғыдан қарастырды.

Культ концептісінің барлығы діни наным-сенімдердің негізінде қалыптасқан, сондықтан олар теология, мифология, этнография тұрғысынан қарастыратын ғылыми еңбектер. Мысалы, С.Н. Ақатаев «Культ предков у казахов и его этногенетические и иторико-культурные истоки» деген кандидаттық диссертациясында аруақтар культіне, күн культіне, жер-ана культіне тоқталады [2], Хорезм өзбектерінің дінін зерттеуші Г.П. Снесарев «О причинах сохранения религиозно-бытовых прежитков у узбеков Хорезма» зерттеу еңбегінде [3] ислам діні, шаманизм, анимизм, магизм және аруақтар культі, табиғат культі, қасиеттілер культін философиялық тұрғыдан қарастырады.

Зерттеу тақырыбына тікелей қатысты бағалы деректер «Мифы, культы, обряды, народов зарубежной Азии», «Символика культов и ритуалов народов зарубежной Азии» деп аталатын жи- нақтардан [4] табылды.

(10)

Ал ертедегі діни наным-сенім, әдет-ғұрып, мифологиялық нанымдар жөнінде қазақ халқында Ә.Т. Төлеубаевтың «Реликты доисламских верований в семейной обрядности ка- захов (ХІХ начале ХХ в.)» [5], қырғыз халқында Т.Д. Баялиеваның «Доисламские верования и их пережитки у киргизов» [6], өзбек халқында Г.П. Снесаревтың «Реликты домусульман- ских верований и обрядов у узбеков Хорезма» [7], алтай халықтарында А.М.Сагалаевтың

«Мифология и верования алтайцев. Центрально-азиатские влияния» [8] деген еңбектерінде құнды мәліметтер беріледі.

Бүкіл әлем халықтарының, оның ішінде түркі тілдес басқа халықтардың на- ным-сенімдерімен байланысты культтік ұғымдар, культ түрлері мифтер мен аңыздар тура- лы нақты деректер бүкіл әлем халқының мифологиялық сөздігінде берілген.

Түркі тектес халықтардың мәдениетінен, атап айтқанда, наным-сенімдерінен, мифо- логиялық дүниетанымдарынан, салт-тәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан, тұрмыс-тіршілі- гінен орын тепкен сан-алуан культтік ұғымдар мен культ түрлерінің, культтік фразеоло- гизмдердің зерттелу жайына келетін болсақ, бұл да ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мәселе екенін айта кеткен жөн. Оларды Г.Н. Потанин, В.В. Радлов, Ш. Уәлиханов, Ә.

Марғұлан, Ә. Диваев, М. Аджи, Ә. Қоңыратбаев, А. Аманжолов, Қ. Жұбанов, Р. Сыздық, К.

Байпақов, Т. Жанұзақов, Х. Арғынбаев, С.А. Қасқабасов, А. Махмұтов, Б. Сағындықұлы, С.Н. Ақатаев, О. Сүлейменов, Ә.Қ. Ахметов, С. Қондыбай, А.Б. Салқынбай, Қ. Аронов, Қ.

Ғабитханұлы, т.б. ғалымдардың еңбектерінен де кездестіруге болады.

Түркі тілдес халықтардың әдет-ғұрпы, мәдени өмірі ортақ болған. Түркі тілдес халықтардың толық тізімі қырыққа жетеді. Олардың ішінде алты тәуелсіз мемлекет бар:

Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан республикала- ры. Түркі тілдес халықтардың этнографиясы мен тілдері әлі күнге дейін толық зерт- телініп болған жоқ.

Түркі халықтарының салт-дәстүрінде ерекше орын алатын табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық жүйесі және олардың этномәдени негіздері туралы ғалым Ә.Қ. Ах- метов «Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер» [9] деген тарихи-салыстырмалы этно- лингвистикалық еңбек жазған. Бұл салыстырмалы лингвистика, когнитивті лингвистика, социолингвистика, тіл мәдениетіне, этнографияға тікелей қатысы бар ауқымды, кең, өте құнды этнолингвистикалық зерттеу жұмысы. Қ. Ғабитханұлының «Наным-сенімге бай- ланысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер» деген диссертациялық жұмысында халықтық наным-сенімдер мен ырымдарға қатысты қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді этнолингвис- тикалық тұрғыда қарастырылды [10].

Түркі халықтарының мекені, этногенезі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы мен кәсібі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен өнері, әдебиеті мен музыкасы, тілі, ділі ұқсас болғанымен олар- ды түркітануда үш үлкен топқа жіктейді. Біз қарастырып отырған қыпшақ тобындағы – қа- зақ, қарлұқ тобындағы - өзбек, қырғыз-қыпшақ тобындағы – қырғыз халықтарының тілінің арасындағы ортақ түркілік ұқсастықтары мен әр топтың өзіне тән айырмашылықтары бары белгілі және олардың болуы да заңды. Өзге де ТМД елдері сияқты, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан да егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік алып, өздерінің тарихын жаңа тұрғыда жазып, түркі негізді тілдеріне бәрі де ерекше мән беруге кірісті. Қазір бұл үш ел мызғымас, берік одақ құрып отыр. Тегі бір қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының достық тамыры терең- де жатыр. Мың жылдықтан бері келе жатқан ортақ тарихы бар, мәдениеті мен дәстүрі, тілі мен діні бір, жері мен суы да бір. «Қазақ, қырғыз - бір туған. Жүзіміз ұқсас, жүрегіміз бір, тіліміз ұқсас, тілегіміз бір» дегенді бауырлас екі халық қайталаудан танбай келеді. Өйткені қырғыз бен қазақ – егіздің сыңарындай, ырым-сырымы бір, дүниетанымы, менталитеті ұқ- сас, тағдыры мен тарихы ортақ, ежелден сырлас, мұңдас халық. Қазақтар «Өзбек өз ағам»

десе, өзбектер қазақты «қанатым, қамқор бауырым» дейді. «Қозақ иолдашың болса, иолдан адашмәйсан» - деп өзбек ағайындар қазақ бауырларын жоғары бағалаған.

(11)

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

№2 (123)/2018

«Культ» концептісінің жан-жақты қырларын сан алуан лексикографиялық дерек- көздер талпыныс жасайды. Лексикографиялық деректер культ концептісінің тілдік ре- презентанттары түрлерінің семантикасын, олардың бейнелік мағыналарын ашуға және әр лексеманың уақыт ағымындағы мағыналық өзгерістерін анықтауға жол ашады. Тілдік репрезентанттарына халықтың жаратылыс құбылыстарын бағалаушы культтік ұғымдар, культтік фразеологизмдер мағыналық құрылымындағы, семантикалық тұлғасындағы код- талған әртүрлі ақпараттарды айқындау тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Қырғыз тіліндегі сөздікте берілген мағыналарды жинастырсақ, қырғыз тілінде аталмыш лексеманың мынадай мағыналары тіркелген. Культ: 1. Табынуу, сыйынуу. Байырқы элдерин күнгө табынышы; 2. рел. Диний ырым-жырымдардын жыйнағы. Ыймам, поп, т.б. [11, 315].

Қазақ тіліндегі атеистік сөздікте: Жаратылыстан тыс күшке байланысты діни әре- кеттер жиынтығы делінген. Онда діни табынудың екі түрі айтылады: 1) магиялық 2) мей- рімденушілік. Культ латынның «cultus» - «күту», «сыйлау», «құрметтеу» деген сөзінен алынған [12, 144].

Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздікте: Культ - күтім, құрметтеу. Культ – ерекше тылсым күшке сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы. Культ – орталығы түрлі ғибадат етер заттары бар храм, табынатын үйлер. Көп жағдайда көркем шығармашылықтың классикалық үлгісі де культтік қызмет атқарады.

Культтің негізгі түрлері – магия (қоршаған ортаға бір тылсым күштің әсер етуі, арбау);

тілек тілеп жалбарыну, шарапат күту (Құдайға, рухқа, Аллаға, Аруаққа жалбарыну); қаси- еттілер культі [13, 139].

Мифологиялық сөздікте: «Культ» лексемасы латынның «cultus» — «сыйыну, та- быну, жалбарыну, бас ию, құрметтеу» мәнінде жұмсалатын сөзіне қатысты қалыптасқан.

Культтің тарихи түрлері: тотемдік культ, шамандық культ, жерлеу культі, алғашқы қауым- дық культ, кәсіптік культ, аграрлық культ, отбасы культі, құрбандық шалу культі, т.б. Кейде культ обьектіге байланысты бөлінеді: күн культі, ай культі, аспан культі, су культі, от культі, тау культі, аруақтар культі, тірі жәндіктер культі және т.б.» [14, 555].

Қазақ және қырғыз тілдерінің лексикографиялық деректерінде тіркелген мағыналар- дың ұқсастықтарымен қатар бірқатар алшақтықтары да байқалады. Екі тілдегі лексемалар мағыналарының сан жағынан алшақтылығының өзі екі халықтың ұғымдық, дүниетаным- дық ерекшеліктерін аңғартады.

«Культ» ұғымы қазақ және қырғыз этникалық мәдениеттері үшін әмбебаб категория болып табыла отырып, мағыналық және басқа компоненттерінде көрінетін өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді.

Лексикографиялық дереккөздерде тіркелген мағыналарынан байқағанымыздай, аталмыш ұғым қазақ және қырғыз халықтары үшін жоғары дәрежелі абстракциясы бар ұғымдарға жатады. Жоғарыдағы деректер бойынша культ лексемасының тіркелген мағына- ларынан абстрактілі, материалдық емес, бір затты құрметтеуге, киелі заттарға табынуға, жаратушы күштерге сыйынуға, жалбарынуға, діни наным-сенімдерге, қатыстылық т.б.

ақпараттық, бөліктерін бағамдауға болады. Сондықтан түркі тілдеріндегі (қазақ, қырғыз) аталмыш сөздіктерден алынған культ лексемасы түсіндірмелерінің барлығы бұл тілдердегі аталған концептінің ұғымдық аясын, қабатын құрайтын ерекшеліктерін байқауға болады.

Сөздіктерде берілген мағыналарды жинастырсақ, аталмыш лексеманың мынадай танымдық мағыналарын тіркеуге болады. «Культ» лексемасы «сыйыну», «жалбарыну»,

«табыну», «құрметтеу» сияқты етістіктер төңірегінде топтастырылған кең ұғым, культ дәстүрлі діндердің, діни наным-сенімдердің әдет-ғұрыптық жағы, дәлірек айтсақ, культ – діннің әдет-ғұрыптық жағы (құрбандық шалу, тасаттық беру, намаз оқу, ораза ұстау, құрбан айт өткізу); осы әдет-ғұрыптарды өткізу кезінде қолданылатын құралдар (Құран, жайнамаз, тасбих, садақа, діни адамдардың киімдері, т.б.) төңірегіндегі ұғымдар.

(12)

Зерттеу барысында «Культ» концептісі мынадай концепт-фреймдер жүйесіне бөлін- ді: жаратушының құдіретімен тілдесу; жаратушы күштерден көмек сұрау; табиғаттың тылсым күштеріне жалыну; жан-жануарларды пір тұту; аруақтарды құрметтеу; әулиелі жерлерге мінә- жат ету; тағдырдың жазуы, құдайдың бұйрығы; Құдай алдында айыпты, күнәһар болмау; басқан түскен қиындыққа көну; ризашылық білдіру (алғыс, бата, тілек); наразылық білдіру (қарғыс, ұрсу, зеку); тәубешілік жасау; кешірім сұрау, өтіну; табалау (дұшпандарын); шошыну (жағасын ұстап); бар әлемді жасаушы ұлы күш, құдырет иесі деп сыйлау.

Зерттеу жұмысының талдануы. Тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиет- терін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып білудің ғылыми-теориялық негіз- дерін қарастыратын, антропоцентристік бағыт шеңберінде қалыптасқан тіл білімінің жаңа саласы - когнитивті лингвистика. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің таным- дық бағыттары мен аспектілерін әртүрлі қырынан негіздейді және адамның таным процесі- не қатысты білімін тереңдетеді, тәжірибесін молайтады. Когнитивті лингвистика – мәлімет- тердің адам танымында өңделіп, адам санасында қалыптасқан тілдік формадағы білімдер жиынтығы. Сонымен қатар, дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананың құрылымын мо- дельдеуге бағытталады. Дүниенің тілдік бейнесін жасаудағы басты ұстанымдардың бірі – антропоцентризм. Антропоцентризм – (гр. antröpos - адам және centrum - центризм (орталық) «адам» және «центризм» деген екі сөз қосылып, адамның дүниетанымындағы рөлін көрсететін философиялық термин. Ол жаңа заман лингвистикасында негізгі назар тек тілге емес, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Адамзат баласының дүниетанымын, парасат-пайымын, тілдік бейнесін, білімін, ойлау құбылыста- рының сан қырын ашу - адам үшін, адамның игілігі үшін, адамның білімі үшін, яғни дүни- енің, әлемнің бәрі адам үшін» деген ұғымға саяды Антропоцентризм – дүниені, тілді адами тұрғыдан, адам үшін түсіндіретін концепция.

Әлемнің тілдік бейнесін, дүниетанымдық сипатын әр қырынанан академик Ә. Қайдар:

«Өткен өмір мен бүгінгі болмысты танып білудегі логикалық, философиялық, дүниетанымдық, эстетикалық, тағлымдық, прагматикалық, этнолингвистикалық мәнін түсінуде адам баласы- на тән асқақ ой, тегеурінді тұжырым, кешенді ақыл, дара біткен даналық – бәрі-бәрі сайып келгенде, тауып айтылған сөз арқылы ғана әр қырынанан жарқырып көріне алады» [15,16]

десе, когнитивті лингвистика мен этнолингвистиканың өзара байланысын ғалым Ж. Манке- ева былайша түсіндіреді: «Әр халықтың басынан кешкен тарихы бүкіл рухани, мәдени бай- лығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажетті бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы және т.б. тілде сақталып, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [16,43]. Демек, әлемнің тілдік бейнесі тіл арқылы танылады, тілдің таным- дық көріністері тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.

Тілдегі әлемнің ұлттық бейнесі туралы айтқанда, ғалымдар концепт, концепт түрлері туралы ұғымындарды қарастырып жүр. Концепт – белгілі бір танымды айқындайтын тірек сөздер көлемінде танылатын ұлттық болмысқа негізделген санадағы ақиқат дүниенің құндылықтарын көрсететін ақпараттар бірлігі. «Концепт» бір ғана ұғымды бермейді. Ол әр ұлттық ерекше дүниетанымын көрсететін, ұзақ ғасырларда санада сақта- лып келген ұлт заңдылықтары жөніндегі түсінікті білдіретін күрделі құрылым.

Біздің жұмысымыздағы концептік талдаудың негізгі мақсаты – «культ» концептісін ғаламның тілдік бейнесі аясында түсіндіру. «Культ» концептісі лингвомәдениеттік өзгеше тілдік көрінісі бар, ұлттық-мәдени ерекшеліктері байқалатын түркі тілдеріндегі, қазақ, қы- рғыз, өзбек халықтарының санасында берік орын алған жоғары құндылық категориясы- на жататын концептілер болып табылады. Концепт ретінде жалпыұлттық құндылықтарды түсіндіре алатын ұғымдар екі бағытта жүргізіледі; когнитивтік және рухани-мәдениетта- нушылық. Концептіні түсінудің лингвокогнитивтік және лингвомәдени бағыттары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады, бір құбылыстың екі жағын: сөздің

(13)

BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series

№2 (123)/2018

және оның мағыналарының қосылуы; сөздің мәдени контекске енгізілуі. Лингвокогнитивтік концепт – санада ақиқат дүниенің құндылықтарын көрсету, санадан мәдениетке бағыт; ал лингвомәдениеттік концепт – тіл мен мәдениеттің өзара әрекеті жүзеге асыратындықтан кез келген санадағы ақиқат дүние жүзеге асады, мәдениеттен санаға бағыт.

В.А. Маслова «Когнитивті лингвистикаға кіріспе» оқу құралында адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар арқылы көрініс табады дей келе: «... елестету, схема, кар- тина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпа- раттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген [17,35]. Кез келген концепт тілдік бірліктер (атаулар, терминдер, мақал-мәтел мен қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркестері, сөйлемдер, т.б.) арқылы, олардың әр түрлі құрылымдық модельдері арқылы тілде көрініс табады. Олардың бастылары: фрейм, скрипт; схема; ойсурет, гештальдт, сце- нарий немесе сюжет, ассоциация т.б. Бұлар санада белгілі бір құрылым үлгісінде сақтала- тын, бірінен соң бірі келетін сатылы әрекет. Біз өз жұмысымызда ойсурет, фрейм, сценарий, гештальт, ассоциация концептілерін тілдік материал талдауда қолданамыз. Тіл – мәдениетті сақтаушы, дамытушы, ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушы ерекше коммуникативтік құрал, салт-сана- ның, ұлттық ділдің, ұлттық ойлау мен сананың сан қырлы қасиеттерінің көрінетін тұсы.

Фрейм (фрейм – ағылшын сөзі, «қаңқа» деген мағына береді) алғашында лингвисти- калық құрылым ретінде қарастырылса, кейінгі кезде ол дүниетанымдық яғни когнитивтік құрылым тұрғысынан түсіндіріліп жүр. Фрейм теориясын алғаш рет ұсынған американ ға- лымы М.Минский. Ал В.А.Маслова: «Фрейм – жадыда сақталған түсініктер мен санада қордаланған білім құрылымының типі, сондай-ақ адамның өмірлік тәжірибесінің белгілі бір фрагменті жөніндегі ақпарат. Ол білімнің құрамына лексикалық мағына, энциклопе- диялық және экстралингвистикалық білім енеді. Фрейм қандайда бір басты, өзекті кон- цептуальды атау (нақты сөз арқылы білдірілетін мағына, ұғым) төңірегіне құрылады, сондықтан сол концептуальды атаумен ассоциация тудыратын ақпаратты түгелдей қамтиды» деген анықтама береді [17,46 б.]. Ғалым Н.Уәли: «Фреймнің маңызды кате- гориялық ерекшелігі – тілдік және тілдік емес білімді біртұтас когнитивті бейнеге (об- разға) айналдыра алатын құрылым» деп түсіндіреді [18,46 б.]. Фрейм – бір нәрсе туралы адам санасындағы ақпараттық құрылымдар жүйесі, бір біріне байланысты ұғымдар мен түсініктер жиынтығы. Фрейм – белгілі бір концепт төңірегінде жинақталған тілдік бірлік- тер. Фрейм - әрі схемаға түсіру формасы.

«Культ» концептісі туралы жазылған тарихи және археологиялық деректерге жүгіне отырып, культ ұғымына қатысты атауларды мағыналары жағынан жүйелеп топтап, культ ұғымын білдіретін жеке атаулар, фразеологизмдер, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер, сөйлемдер, когнитивтік бірліктер, яғни тілдің когнитивтік бейнесін т.б. концептуалдық өріс аясында топтастырып, ақиқат болмыстағы дүниетанымымызды, фреймдер арқылы көрсе- туге тырыстық.

Концептілік өріс – әрбір ру, әрбір этностың, болмыс-бітімі мен мәдени құндылығын көрсететін тілдің когнитивтік бейнесі. Олар макро және микроконцептілер құрайды. Тіл- дің когнитивтік бейнесін тілдегі кез келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады.

Мәселен, қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеологизмдер, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер болып табылады.

Ұлттық танымда жүйеленген, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін кон- цептілер (жаратушы күштер, аспан денелеріне табыну, алғыс, қарғыс, бата сөздерге та- быну) ұлттық мәдени концептілерге жатады.

Зерттеу жұмысымызда культ концепті түрлерін, өткен дәуірдегі халықтың дүниетаны- мынан мол хабардар беретін культтің когнитивтік бейнесін айқындауда Ай культі, Күн куль- ті, Су культі, От культі, Умай ана культі, Ағаш культі, Аруақтар культі және Жаратушы күштер концептісіне қатысты тілдік бірліктерді этнолингвистикалық тұрғыда қарастырамыз.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

На основе полученных данных по химическому составу кормов был составлен рацион кормления племенных быков – производителей и коров казахской белоголовой породы ТОО «Племзавод