• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)"

Copied!
49
0
0

Толық мәтін

(1)

[email protected]ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

Басқару институты қолжазба құқығында

Алиев Жанибек Алмасович

ҚАЗАҚСТАНДА АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)

«7М041 – Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша

«7М04122 – Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы

«7М04122 – Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша Бизнес және басқару магистрі дәрежесін алу үшін магистрлік жоба

Ғылыми жетекші: ____________________ құқық магистрі Бектурова А.Т.

Жоба қорғауға жіберілді: «_____» __________ 2023 ж.

Басқару институтының директоры:

____________________ саяси ғылымдарының докторы Гаипов З.С.

Астана, 2023

(2)

2 МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР... 3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР... 4

КІРІСПЕ... 5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ………... 7

ҚОРЫТЫНДЫ………. 36

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ …………. 39

ҚОСЫМШАЛАР……….. 42

(3)

3

Нормативтік сілтемелер

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.

Ресей Федерациясы ауылдық аймақтарының 2020 жылға дейінгі орнықты даму тұжырымдамасы. Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысы 30.11.2010 ж.

№ 2136-р.

«Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту»

туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 239/НҚ бұйрығы. Астана, 2013.

Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысы.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372 Заңы.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі №423 қаулысы.

(4)

4

Белгілеулер мен қысқартулар АЕМ Ауылдық елді мекендер

БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы ІҚМ Ірі қара малы

НҚА Нормативтік-құқықтық актілер

ТОБЖ Талшықты-оптикалық байланыс желілері

ЕО Европалық одақ

АҚШ Америка құрама штаттары

(5)

5 Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Ауылдық аймақ дегеніміз – кез-келген территориялық аумақтардың негізін құрайтын бөлігі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» бөлімінде «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр» деген болатын. Аталған құжатта ауылдық мекендерді тұрақты дамыту бойынша Президенттің «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын жалғастыру мақсатында үкіметке 2020 жылы 30 миллиард теңге және алдағы үш жыл көлемінде 90 миллиард теңге бөлу тапсырылды. Ол қаражат ауылдық мекендерді көлік, газ және ауыз сумен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымдық мәселелер желісін шешумен бірге, аурухана, мектеп, спорттық алаңдар салу мен жөндеуге жұмсалады деп жоспарлануда [1].

Кез-келген бәсекеге қабілетті елдің ғылыми-техникалық әлеуеті мен ауыл шаруашылығы өндірістік кешенінің қарқынды түрде жақсаруының деңгейін ауылдық аймақтардың даму деңгейі көрсетеді.

Тақырыптың өзектілігі – ауылдық аймақтардың әлеуетінің артуы – облыс пен оның құрамындағы аудандардың әл-ауқатын жақсартудың ең басты критерийі.Осы орайда, биылғы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №270 қаулысымен қабылданды.

Мәселенің ғылыми әзірлену дәрежесі. Қазақстан Республикасының Конституциясы [2], Салық кодексі, Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік кодексі», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және т.б.

нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған. Бұдан бөлек теориялық базаны Баутин Б.М., Мерзлов А.В., Деревянкин А.В., Бочаров Б.Ю., Киселёва Н.Н.

және т.б. авторлардың ауыл аймақтарының даму саласындағы заманауи әдебиеттері құрайды. Көрсетілген мәліметтер базасын талдау барысында жоба тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы, зерттеудің негізгі бағыттары, жұмыстың міндеттері мен мақсаттарын таңдауға мүмкіндік туындады.

Зерттеу мақсаты. Қызылорда облысының құрамындағы Қазалы ауданы ауылдық мекендерін мемлекеттік қолдау, өркендету, жақсарту мәселері бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу жұмысының мақсатына байланысты келесі міндеттер әзірленді:

- ауыл аймақтарының мәнін қарастыру;

- Қазалы ауданының әлеуметтік және экономикалық сипаттарының даму деңгейіне талдау жұмыстарын жүргізу;

- Аудандық деңгейде ауылдық мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары;

(6)

6

- Ауыл шаруашылығы саласында өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарын зерделеу және ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу объектісі. Қазалы ауданы ауылдық округтері.

Зерттеу пәні ауылдық округті мемлекеттік қолдау әрекетінде туындайтын әлеуметтік және экономикалық қатынастар.

Ақпараттық базаға заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, шетелдік және отандық ғалыми әдебиеттер, статистика бюросы мәліметтері, Қызылорда облысы және Қазалы ауданы әкімдіктерінің ресми сайттарынан мәліметтер алынды.

Зерттеудің әдіснамалық базасы: ауылдық округтерді қолдауды зерттеуде жүйелік-құрылымдық және диалектикалық талдау, статистикалық көрсеткіштерді кесте және графикалық әдіс түрінде салыстыру, талдау және т.б.

Зерттеуден күтілетін нәтижелер: Қазалы ауданы ауылдық мекендерін дамытудың мәселелері мен шешу жолдарын талдау негізінде магистрлік жобаның қорғауға ұсынылатын ережелері төмендегідей деп есептеймін:

1. Ауылдық мекендердің дамуының шетелдік және отандық тәжірибесі негізінде Қазалы ауданы ауылдық мекендерінің тұрақты дамуын жүйелеу;

2. Қазалы ауданының ауылдық мекендерін бағалау және дамыту ерекшеліктерін талдау;

3. Ауданның ауылдық елді-мекендерінің тұрақты дамуын зерделеу;

4. Аудандық деңгейде ауылдық мекендердің әлеуметтік- экономикалық дамуын жоспарлау, дамыту ерекшеліктерін анықтау;

5. Ауыл шаруашылығы саласында өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары мен жетілдіру жолдарын жүйелеу.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінен Исабеков Б.Н., Смагулова Ш.А., Баутин Б.М., Мерзлов А.В. және т.б. ғалымдардың зерттеген проблемалардың негізгі аспектілерін қамтитын зерттеу жұмыстары құрайды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Бұл зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау және қорытындыдан, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралған. Жұмыста 3 кесте мен 3 сурет, қосымшада 5 кесте қарастырылған. Жұмыстың жалпы көлемі 50 бет.

Жұмыстың әдеби шолу бөлімінде ауылдық округті мемлекеттік қолдаудың теориялық негіздері, нақтылап айтқанда ауылдық округ ұғымының мәні, мазмұны, нормативтік-құқықтық базасы, ауылық округтерді мемлекеттік қолдаудың қазақстандық жүйесі мен нысандары қарастырылған.

Зерттеу бөлімінде Қазалы ауданының ауылдық аумақтарының жалпы әлеуметтік және экономикалық даму қарқынына бірқатар талдаулар жүргізіліп, тұрақты дамуын кешенді бағалау, оның барысында даму сипатының ахуалы мен басты мәселелері қарастырылған.

(7)

7

Ұсыныстар бөлімінде аудандық деңгейде ауылдық мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау,ауыл шаруашылығы саласында өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қолдаудың басым бағыттары мен жетілдіру жолдары бойынша нақты шаралар ұсынылған.

Негізгі бөлім

1. Ауылдық мекендердің тұрақты даму теориясының зерттелу тарихы Қазақстан үшін ауылдық жерлердің үлес салмағын және ауылдағы басты әлеуметтік және экономикалық ахуалды аңдап, ауылдық мекендердің тұрақты даму мәселелері ерекше маңызға ие екенін байқаймыз. Осы күндері ауылдық мекендердің тұрақты дамуын зерттеу ғалымдар тарапынан әртүрлі ұстанымдармен жүргізіледі. Бір жағдайда мүліктік экологиялық аспектілер, екіншісінде – әлеуметтік-экономикалық аспектілер қарастырылады. Осылайша ауылдың әлеуметтік және экономикалық жағынан дамуы бір тараптан, тұрақты дамудың маңызды элементі, екінші жағынан, ауылдық қоныстардың тұрақты дамуын детерминациялайтын елеулі көрсеткіш болып көрінеді. Ауылдық территорияларды өркендетудің заманға сай әлеуметтік және экономикалық проблемаларына философиялық-теориялық көзқарастарға негізделген әдіснаманы пайдалана келе, ауылдық территорияларды тұрақты түрде дамытудың зерттелетін негізгі теориялары мен тұжырымдамаларының мәні анықталады. Ауылдық мекендерді тұрақты дамыту мынадай бірқатар қағидаттарды сақтай отырып қамтамасыз етілуі мүмкін:

- ауылдық жерлерді жалпыұлттық функцияларды орындайтын біріңғай аумақтық тарихи қалыптасқан кешен ретінде дамыту;

- ауылдық азаматтардың еңбекке лайықты ақы төлей отырып, заңнамалық шарттарын сақтау, сапалы білім мен медициналық көмек алуға, сонымен бірге бұдан да басқа әлеуметтік негізгі қызметтерге қол жеткізу;

- мемлекет тарапынан ауылдық аумақтарды дамытып, қолдау шараларын жасауға кепілдік болу;

- үкімет және жергілікті атқарушы органдар мен, бизнес саласыныңжәне халық арасындағы қатынасты жетілдіру жолдарын реттеу;

- ауылдарды аудан орталығы немесе қаламен байланысын жетілдіру, автомобиль жолдары саласында, байланыс нысандарын кеңейту және ұлғайту шараларын жүргізу;

- ауылдық елді мекендердегі өзін-өзі басқару институттарын, азаматтық қоғам институттары мен кооперацияның барлық нысандарын мүмкіндігінше дамыту жолдарын жетілдіру;

- ауыл тұрғындарының табиғи қазба байлықтарға, әлеуметтік қызметтер мен қолдауларға қол жеткізумен байланысты шешімдер қабылдауға қатысуын арттыру.

(8)

8

1.1. Ауылдық мекендердің дамуының шетелдік және отандық тәжірибесі

Өткен ғасырдың 60-80 жылдары Оңтүстік Кореяда «Жаңа ауыл қозғалысы» арнайы жобасы іске асырылды. Бұл дегеніміз белсенді азаматтық қоғамдастық пен жергілікті өзін-өзі басқаруы бар ауылдарды қолдап, қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешіп, адамдардың тұрмыстық жағдайын жақсартып, суғару құрылыстарын қайта жаңғыртып, әлеуметтік-мәдени нысандар салу және жолдарды жөндеу мен өмірлік маңызы бар коммуникациялар мәселелеріне басты мәселе ретінде қарастырылған.

Елді интернет қызметтермен қамтамасыз етуде Қазақстан географиялық сипаттамалары мен халық тығыздығы жағынан Автралия және Канадамен салыстыруға болады.

Канада мемлекеті өзінің ауылдық елді мекендерін экономикалық дамыту стратегиясын іске асырып келеді. Осы стратегия аясында билік әр канадалықтарды жоғары жылдамдықты интернетке қосады және канадылықтар тұратын және жұмыс істейтін орындарында, атап айтқанда қалааралық, аудан және ауыларалық жол бойларында мобилді байланыстың қолжетімділігінарттыруда орасан зор тәжірбиеге ие.

Ол елдің қаржысы талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салуды және озық технологияларды, атап өтсек Канаданың шалғайдағы елді мекендерін қосу үшін озық спутниктердің қабілетін қамтамасыз ету технологияларын ескеріп, оларды қолдауға бағытталады.

Ауылдардың экономикалық дамуы Канада мемлекетінің ауылшаруашылығы кооперативтерін қаржылық қолдау немесе қаржылай емес қолдауды жүзеге асырып, оның ішіндеіске асырылып жатқан федералдық бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша барынша хабардар етуді, нарықта жаңа тауар өндірушілерді анықтауды және бизнес-жобаларды қаржыландыруды және қолдауды қамтитын болады.

Бұл ел қарттар мен жас буындардың ауылдық жерлерден көшуіне орай жұмыс күшінің жетіспейтін тұстарын шетелдіктердің көшіп немесе уақытша келумен арнайы бағдарламалары (Провинциал номинии программ, Атлантик Иммигрэйшн Пилот және т.б.) арқылы іске асыру есебінен шешеді. Осы бағдарламалар аясында көшіп келгендерге, егер олар ауылдық жерлердің жұмыс күшіне деген келісімін берсе, жеңілдетілген шарттар ұсынады.

Автралияның қазіргі ірі қара мал биржасының (ІҚМ) жұмыс істеу тәжірибесі орасан зор. Онда барлығы 200 осындай мал биржалары (RIPL типтік биржалары) жұмыс жасайды. Мұндай мал биржасы ірі және шағын ауыл шаруашылығы қожалықтарының белсенділігін арттырып, халық шаруашылықтарын тарту есебінен ірі қара малдарының секторындағы белсенділіктің, мал басының және сату көлемінің ұлғаюын айтарлықтай ынталандырды[29].

Ауыл аумағын тұрақты дамытудың тұжырымдамалық моделі ұсынылды, ол осы дамуды қамтамасыз ететін мақсаттарды, міндеттерді, негізгі

(9)

9

факторларды, бағыттар мен тетіктерді толықтыратын бір-бірімен байланысты болатын жүйені аңғартады.

Экономиканың тұрақты дамуы және Қазақстандағы тұрғындардың жағдайын реттеу проблемаларын шешу көбінесе ауылдық аумақтардың дамуымен айқындалады. Біздің елдекөп жылдар бойы ауылдық елді мекендерді өркендетудің негізі кедергісі ол -төменгі аграрлық көзқарас қалыптасқан. Бұл дегеніміз ауылдық елді мекендерді бір жақты аграрлық тұрғыда дамуына, көпшілік жағдайда оларға қатысты өндіргіш барлық күштерді ыңғайсыз орналастыруға, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдардың дамымағанына және басқа да маңызды проблемаларға басты назар аударылады. Сондықтан, ауыл аймақтарын тұрақты түрде дамытудың шиеленістері аса маңызды мәселелер тізбегі болып табылады, ол дегеніміз зерттеудің ғылыми маңыздылығын растайды, оны терең теориялық пайымдауды, ауылдық мекендердің орнықты даму жолына көшуін іс жүзінде көрсетуді туындатады [3].

Зерттеудің мақсаты – ауыл аймақтарын өркендету теориясын қалыптастырудың теориялық тәсілдерін жинақтау.

Қойылған мақсаттарға жету барысында келесідей міндеттердің тізбегін шешіп алу қажет: ғалымдардың көзқарасымен ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытуға арналған әртүрлі мәселелер зерделенді, ауылдық елді мекендер дамуының негізгі заңдылықтары мен принциптері айқындалды;

ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамытудың тұжырымдамалық моделі қалыптасты.

Ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту теориясының қалыптасуы БҰҰ-ның 1992 жылғы қоршаған ортаның дамуы туралы Конвенциясында қабылданған орнықты даму тұжырымдамасына жатады.

Тұрақты даму дегеніміз – ол экономикалық өсуді көздейтін, бірақ оның нәтижелерін әділ тарататын Даму ретінде қарастырылып, табиғаттың оның бұзылуына қарағанда көп мөлшерде қалпына келтіріп, адамдардың мүмкіндігін арттыратын процесс. Бұл адам ортасында тұрған Даму – табиғатты қорғауға, жұмысқа орналасуды реттеуге, әйелдердің және жас балалардың өзіндік құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға байланыстырылған. Қазақстан үшін ауылдық территориялардың тұрақты түрде дамуы, ауылдық жердің үлес салмағын және ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай маңызды болып табылады. Бүгінгі күнде ауылдық мекендердің тұрақты түрде дамуын зерттеу әртүрлі ұстанымдардан жүргізіледі. Бір жағдайда экологиялық аспектілер, екіншісі – әлеуметтік- экономикалық аспектілер қарастырылады.

Бірінші тәсіл – қонымды ғалым-экологтар (А.Д. Арманд, А. Нұрғызарынов, В.А. Анучин, Қ.А. Семсеров, Ю.К. Ефремов, Т.И. Костина,

В.А. Данилов, Т.С. Хачатуров және т.б). Олар орнықты дамуды қиындататын экологиялық проблемалар аясында түр ретінде адамның өмір сүруімен байланыстырады.

Екінші тәсіл – ауылдағы елеулі әлеуметтік-экономикалық проблемалар байқалатын елдерге тән. Екінші бағыттың көлемінде төмендегідей ресейлік

(10)

10

ғалымдар жұмыс істейді: А.А. Анфиногентова, Л.В. Бондаренко, А.В.

Петриков, П.М. Першукевич, Ш.И. Шарипов, И.Н. Буздалов, В.М. Баутин, В.В.

Көзлов, Н.В. Нефедова және т.б. [4].

Осылайша, ауылдық жерлердің әлеуметтік және экономикалық дамуы бір жағынан, тұрақты дамудың маңызды элементі ретінде, екінші тараптан – ауылдық мекендердің тұрақты дамуын детерминациялайтын маңызды фактор ретінде қарастырылады. Осы бағыттың ішінде ауыл қоныстарының тұрақтылығы тұрғысынан әртүрлі көзқарастар бар.

Агроөнеркәсіптік бағыттағы елді мекендердің тұрақты дамуын зерттеуге еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институты ауылдық жерлерді тұрақты дамыту орталығының қызметкерлері елеулі үлес қосты [5]. Осы мектептің өкілдері ауыл елді мекендерін тұрақты дамыту ұғымына кешенді көзқарасты пайдаланды. Қазақ Елі орнықты даму қадамдарына бет бұру тұжырымдамасының негізінде әлеуметтік және экономикалық міндеттерді, бүгінгі және ертеңгі толқынның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көз тартарлық қоршаған орта мен табиғи- ресурстық қорларды сақтау проблемаларын шешуді қамтамасыз ететін дәйекті үдеріс.

2010 жылы қарашада ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту тұжырымдамасын қабылдау Қазақстан Республикасында ауылдық даму саясатының нормативтік негіздерін қалыптастыру үрдісін аяқтады. Ауыл шаруашылығы туралы Заң мемлекеттік аграрлық саясат құрамына ауылдық мекендердің тұрақты түрде даму мәселелерін, ережеге сәйкес тұрақты ауыл шаруашылығын қамтамасыз етуге Ауыл шаруашылығы министрлігі де шақырылған. Бұл орайда негізгі мәселе ауыл шаруашылығының салаларын жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауарларының, шикізаттар мен азық-түліктің нарықтарын реттеу болып, 2013-2020 жылдары қабылданған бағдарламада көрсетілді. Аталған құжаттарды қарау ауылды дамытудың отандық саясатын салалық ретінде сипаттауды жөн көреді.

Еуропалық тәжірибеде ауылдардың тұрақты даму ауыл шаруашылығының өндірістік салаларын биологиялық ауыл шаруашылығына ауыстыру, биоәртүрлілікті сақтау, ауылдық дамудағы жергілікті қоғамдастықтардың белсенділігін ұлғайту сияқты ұғымдармен тікелей байланысты. Көрсетілген бағыттар біздің ауылдарымыздың даму саясатында қарастырылмаған [6].

Тұрақты түрде даму сатысына бейімделу ауылдық қоныстардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне негізделуге тиіс. Алайда, ауыл қоныстарының тұрақтылығы халықтың белсенділігіне байланысты емес.

Тұрақты даму - бұл әлемдегі жаһандық үдерістерге қатысты өмір сүруді, дағдыларды ұйымдастырудың жаңа принциптері екенін алға тарта отырып, ауыл аумақтарының тұрақтыдамуы болып ауылдық қоғамдастықтың экономикалық, экологиялық жағынан негізделіп, әлеуметтік ҰБТ-ны кеңейтілген түрде жаңғыртып, ауылдық елді мекен аумақтарыныңғұмырлық, өндірістік және табиғи-ресурстық әлеуетін қолдау мен дамытуды, қаржылық

(11)

11

және инвестициялық стратегиялар аясында ауылдық жердегі тұрғындардың өмір сүруіндегі сапаны арттыру мәселелерін толықтыратын сапасы едәуір жоғары жаңаша деңгейге ауысуының мақсаты айқын үрдісі түсіндіріледі.

Экономика ғылымдарының докторы А.В. Мерзлов өз зерттеулерінде

«Экономикалық даму» тұжырымдамаларын сипаттаудың жеті негізгі ғылыми тәсілдерін қысқаша тұжырымдайды.

Олар:

1. экономикалық даму проблемаларын шешу;

2. кәсіпкерлік белсенділікті басқару;

3. «өсу машиналарын» құру;

4. табиғи, әлеуметтік ортаны сақтау;

5. адами әлеуетті жүзеге асыру;

6. басшылықтың нәтижесі;

7. әлеуметтік әділдікті іздеу [4].

1 кесте ‒ Ауылдық аумақтардың даму теориялары

Ауылдықмекендердітұрақтыдамытудыңтеориялықаспектісі

НЕОКЛАССИКАЛЫҚ КЕЙНСИАНДЫҚ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ

Шетелдік капиталға емес, ішкі ресурстарға сүйене отырып, капиталдың жинақталуы мен

халықтыңөсуіарасындағыте пе-

теңдіккеқолжеткізугеұмтыл у.

Даму – әлеуметтік- экономикалық

алғышарттар кешенін қозғамайтын

техникалық- экономикалық

параметрлердің өзгеруі есебінен жүргізіледі.

Даму – экономикалық өркендеуді қамту ғана емес, адами капиталға

инвестициялар мен кедейліктіжою.

Даму – техникалық прогресс есебінен қоғамдық еңбек өнімділігінің артуы болып аңғарылады.Құқық

институттарын

(конституциялық құқық, сайлау, мүліктік, келісім шарттық құқық) қамтамасыз ететін қоғамның әл-ауқатына бағытталған Даму жоспары Солоу үлгісі дайын өнімге

енгізілетін ресурстармен ақшағ мүлдем икемді бағалар көмегімен жинақтарды инвестицияларға

аударудың сөзсіз дәлелін білдіреді ( пайыз).

Теңгерілмеген экономикалық өсу моделі қатаң және қатаң емес нарықтық жағдайларда

салыстырмалы экономикалық артта қалушылықты еңсеруге бағытталған.

Адам Смиттің көрінбейтін қол тұжырымдамасы, Кауза

теориясы, Экономикалық ұйымдар теориясы, Қоғамдық таңдау теориясы, меншік құқығы теориясы.

Ескертпе – мәлімет бойынша автормен құрастырылған [5]

(12)

12

Ауылдық территорияларды тұрақты түрде дамыту бірқатар қағидаттарды сақтаған кезде қамтамасыз етілуі мүмкін. Біздің ойымызша, негізгі болып мыналар табылады:

- Ауылдық елді мекендерді өндірістік тұрғыдан, сондай-ақэкономикалық, әлеуметтік, тұрғындардың өсу (туу) жағынан, мәдени, қоршаған ортаны қорғау және басқа да жалпыхалықтықміндеттемелерді орындайтын біріңғай аумақтық тарихи қалыптасқан кешен ретінде дамыту;

- Ауыл азаматтарының еңбекке деген ынтасын арттырып, нақты құқықтарын белгілеп, міндеттелген әлеуметтік қорғау мақсатында төленетін төлемдерді төлеу, сонымен қатар сапалы білімге қол жеткізу мен медициналық көмекке және басқа да әлеуметтік қызметтерді алу;

- Ауылдық елді мекендердің олардың табиғи, әлеуметтік және демографиялық әлеуетін толықтай пайдалана отырып, мемлекеттік қолдау кепілдігін беру;

- Ауылдық аумақтардың орнықты даму деңгейіне жету үшін мемлекет пен жергілікті атқарушы орган мекемелері, бизнес және ауыл халқы арасындағы әріптестікті дамыту;

- Агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперация, байланыстызаманауи нысандарын дамытып, тұрғындарға әлеуметтік қызмет түрлерін атқарудың біріңғай жүйелерін құру үшін ауылды біртұтас жалпы экономикалық жүйеге интеграция жасау;

- Ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқару түсінігін, азаматтық қоғам институттарын, кооперативтер мен кооперацияның барлық нысандарын дамыту, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізумен, сонымен бірге ауылдық мекендерді дамытудың жүйелі перспективаларының нәтижелерімен байланысты шешімдер қабылдауға ауыл халқының қатысу үлесін арттыру.

Ғылыми зерттеу принциптеріне сүйенсек, ауылдық елді мекендерді тұрақты дамытудың тұжырымдамалық үлгісі ретінде ұсынылған, ол дамудың тұрақты деңгейін қалыптастырудың негізінде мақсаттар, міндеттер, факторлар, оның тұрақтылығы мен осы дамуды қамтамасыз ететін тетіктерге әсер ететін негізгі бағыттар мен тетіктерді қамтитын бір-бірімен байланыстағы жүйе тізбегі болып қарастырылады.

Ұсынылған тұжырымдамалық үлгіге негізделе отырып, ауылдық аумақтардың орнықты дамуын зерттеуде проблеманың сипаты мен мәнін есепке ала келе, тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттер жүйесін анықтау басты маңыздылық орында екендігін көруге болады. Осы тұжырымдамалық үлгіді жүзеге асыру бұл аграрлық секторды нығайту негізінде ауыл аймақтарын дамытудың мәселелерін ресурстық жағынан қамтылуының өсуіне, барлық ауылдық елді мекеннің экономиканы әртараптандыру мен дамытуға, ауылдық дамудың салық салынатын базасын және жергілікті өзін өзі басқарудағы қаржылық сауаттылықты көтеруге, экономикалық өсуді жүргізуге,сонымен бірге қабылданған мемлекеттік деңгейдегі әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асырудың көлемінде ауылды мемлекеттік қолдауды қуаттандыруға әсерін тигізеді [6].

(13)

13

Тұжырымдамада ауылдық елді мекендердің орнықты дамуы деп ауылдық елді мекендердің орнықты әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы менбалық өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы кешенінің тиімді болуын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарыныңжұмыссыздық мәселесін шешіп, өмір сүру сапасын кеңейтіп, сондай-ақ тұрғын үй, кәсіпкерлік мақсаттағы және ауылшаруашылығы үшін жерлерді тиімді пайдалану түсіндіріледі [1]. Осы орайда, ғалымдар ауылдық елді мекендердің орнықты дамуының авторлық анықтамасын ұсынады.

Ауылдықелді мекендердің тұрақты дамуының түрлі авторлық анықтамаларын талдай отырып, біз негізгі бағыттарды бөліп, оны екі тәсілге келтірдік. Олар: процесс және жүйелік.

Бірінші тәсіл – үдерістік–бұл дегеніміз ауыл елді мекендерінің орнықты дамуы ауылдағы қауымдастықтардың (әлеуметтік, экономикалық және экологиялық) тыныс-тіршілігінің әртүрлі салаларын өзгерту процесі ретінде қарастырып, дамудың негізгі бағдарлары айқындалады (ауыл шаруашылығы саласындағы өнім түрін көбейтіп, өндіру көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, бұл салада ауыл халқын толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу және өмір сүру деңгейін жоғарлату, жерді мақсатына сай пайдалану және т. б). Бұл көзқарас ең кең таралған (Коваленко Е.Г., тұжырымдама, Магомедов И.Ш., Петриков А.В. және т.б.) [3, 1, 4, 10].

Алайда, авторлардың бір бөлігі тұрақты дамуды өмірдің бір немесе бірнеше салаларымен анықтайды. В.И. Фроловтың«Әлеуметтік және экономикалық дамуға бағдарланған» [7], Л.В. Калягинаның – «әлеуметтік», Т. Марсденнің –

«экологиялық, бұл белгілі бір ауылдық елді мекеннің тұрақтылық деңгейін нақты бағалауға мүмкіндік бермейді» [2, 11]. Осының аясында Тұрақты даму көрсеткіштері кешенінің оң динамикасына бағытталуы керек деген тұжырымдамаға келеді.

Сонымен бірге, бұл тәсілдің кемшілігі ретінде – авторлардың ауылдық елді мекендердің жағдайлары мен ерекшеліктерін ескермей, олардың даму үдерісіне әсер ету жақтарын көрсетпейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, даму үдерісіне әсер ету керек, ол мемлекет алдында тұрған мақсаттарға жету үшін басқарылуы керек. Сондықтан, біз екінші тәсілге жатқызған авторлар кемшілігін жоюға тырыстық.

Екінші тәсіл – жүйелік тәсіл. Бірінші, "үдерістік" тәсілдегідей, ауылдық елді мекендердің орнықты дамуы ауылдық қауымдастықтың (әлеуметтік, экономикалық және экологиялық) тыныс-тіршілігінің әртүрлі салаларын өзгерту үлгісі ретінде қарастырылады, бірақ ауылдық аумақтарды дамыту үдерісіне әсер ету мүмкіндіктері (қаржылық және инвестициялық стратегия, жергілікті бастамалардың міндетті қатысуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді іс-әрекеттері және т.б.) қосымша көрсетіледі. Бұл тәсілдің авторлары А.Л. Медков, И.Н. Меренкова, И.В. Мищенко, В.Н. Перцев және т.б.

[5, 6, 8, 9].

(14)

14

Бұл тәсіл өзара әрекеттесетін және бір-бірімен тығыз қарым- қатынастағыбөліктердің жиынтығын сипаттайды. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл зерттелетін тұжырымдаманың мәнін ашу үшін ең қолайлы, бірақ қарастырылған авторлық анықтамалар кемшіліксіз емес және нақтылауды қажет етеді.

Ауылдық аумақтардың табиғи-ресурстық әлеуетін бірнеше авторлар ескереді, ал тарихи-мәдени ерекшеліктер сияқты тұрақты дамудың маңызды аспектісі осы сала ғалымдарының анықтамаларында іс жүзінде кездеспейді.

«Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын» анықтаудың әртүрлі тәсілдеріне жүргізілген талдау оның авторлық анықтамасын тұжырымдауға мүмкіндік берді. Ауылдық аумақтардың орнықты дамуы деп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде кеңейтілген ұдайы өндіру үшін, агроөнеркәсіптік өндірісін әртараптандыруға, инвестициялар тартуға, мемлекеттік билік органдарының тиімді іс-әрекеттері, жергілікті бастамалар және өзін-өзі ұйымдастыру элементтері арқылы инновацияларды пайдалануға бағдарланған, ауылдық аумақтардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштердің оң өзгерістерінің мониторинг жүйесі арқылы мемлекет бақылайтын және бақылайтын кешенді динамикалық процесі түсініледі шаруашылық жүргізуші субъектілер, ауылдық елді мекендердің ресурстық әлеуеті мен тарихи-мәдени ерекшеліктерін ескереді.

Ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту кезінде міндеттерді шешу оларды кешенді бағалаусыз мүмкін емес, сондықтан бұл ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жай-күйін көрсетеді және Ресурстық қор әлеуетті, аумақтық және тарихи-мәдени ерекшеліктерді ескере отырып, олардың орнықты дамуын арттыру бойынша тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық шараларды әзірлеуге мүмкіндік берері рас.

Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын мемлекет тарапынан реттеу ауылдық елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық құрамдас бөліктерін іске асырудың құқықтық аспектісін қамтамасыз ететін шараларды дайындауға әкеледі.

Ауыл шаруашылығы қожалықтарындаөнім көлемін ұлғайту, шаруашылық субъектілері кооперативтерге бірігіп, ұйымдасуы, ауыл елді мекендерінің экономикасын әртараптандыру және оның агроөнеркәсіптік кешендегі салаларында машина-трактор паркін жаңалау, инвестиция тартып – ресурстарды оңтайлы пайдалануға, ауыл экономикасының тұрақты дамуына, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің салық базасының көбейуіне, ауыл халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға және т.б. ықпал ететін ауылдық аумақтарды дамытудың орнықтылығын арттырудың негізгі бағыттары.

Ауылдық елді мекендердің орнықты дамуы ауылдық жерлердің экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарының жұмыссыздық мәселесі шешіліп, өмір сүру деңгейі мен сапасы артып, сондай- ақ ауылдан кетушілер мен көшушілердің саны азайып, көші-қон қарқынын төмендетуге, табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік болады. Осы тұрғыда

(15)

15

ауылдық елді мекендердің орнықты дамытудың тұжырымдамалық моделі әзірленді. Оның мақсаты менмміндеттері, аумақтардың орнықтылығына әсер ететін факторларды, жалпы алғанда, әрбір құрамдас бөлігі бойынша дамуды және орнықтылық құралдарын қамтамасыз ететін тетіктерді қамтитын өзара байланысты жүйе қалыптасты.

- ауылдық аумақтардың бірқалыпты даму сипатын мемлекеттік реттеу негізінде әлеуметтік әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асырудың құқықтық аспектісін жүйелеу;

- экономикалық, экологиялық құрамдас бөліктерді жетілдіру;

- ауыл шаруашылығы ұйымдарында өсім көлемін молайту;

- шаруашылық жүргізуші тұлғаларды құқықтық кеңес беріп, өзін-өзі ұйымдастырға жәрдемдесу;

- ауылдың экономикалық халін әртарапты ету, сонымен бірге оның салаларын агроөнеркәсіптік кешенде технологиялық жаңарту;

- инвестицияларды тарту;

- ауыл экономикасын тұрақты түрде жетілдіруге, ауыл шаруашылығының өнім шығарушыларының кірістілігіне, ауылдық тұрғындардың өмір сүруінің деңгейін көтеруге әсерін тигізетін ауылдық мекендерді дамытудың тұрақтылығын арттырудың басым шаралары.

Ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту бірқалыпты өсуді қамтуға жағдай жасайды. Ауылдың экономикасын арттыруға, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүрудің деңгейі мен өзіндік сапасын, ауыл тұрғындарының көші-қон қарқыны, айналаны аялау мақсаттарымен ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамытудың тұжырымдамалық моделі әзірленді (1-сурет, Қосымша А).

(16)

16

1 сурет ‒ Аумақтардың тұрақтылығына әсер ететін тетіктер

Ескертпе – [5] мәлімет бойынша автормен құрастырылған

Аумақтардың тұрақтылығына әсер ететін мақсаттарды, міндеттерді, факторларды қамтитын жүйе, тұтастай алғанда орнықтылықтың дамуы мен құралдарын қамтамасыз ететін тетіктер, сонымен бірге олардың әр құраушысы бойынша түсіндірілген.

Ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту мәселелерінің қосымша бойынша өзара байланысты құрамдас 4 бөліктері бар деп санаймыз:

экономикалық бөлік, әлеуметтік бөлік, экологиялық бөлікжәне институционалдық бөлік.

Экономикалық тұрақтылық деңгейінен ауылдық елді мекеннің экономикасын әртараптандыру арқылы, қалыптастыру көздерін кеңейтуге сәйкес ауыл тұрғындарының жұмыссыздық мәселесін реттеу. Әлеуметтік тұрақтылығы ауылдықтардың тұрмыстық әлеуетін жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды салуды, ал экологиялық тұрақтылық қоршаған ортанысапалы қолдануды көздейді. Орнықты дамудыңнегізгі мақсатында қолданыстағы ұйымдық-экономикалық тұжырымдамаға сәйкес тетік қалыптасқан.

Осылайша, жоғарыда аталған тетіктерді жүзеге асыру ауылдық елді мекендерді дамыту үрдісінде оң әлеуметтік пен экономикалық сонымен бірге, экологиялық әсерін тигізеді.

(17)

17

Алайда, осы тетіктерді жүзеге асыру кезінде – күрделі еңбекті қажет ететін және шығынды үрдіс болып табылады. Халық санының өсуі жағдайдың нашарлауынан, ауыл халқының өмір сүруінің деңгейінің төмендігі мен жұмыссыздық мәселесі, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану.

Біз ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту мониторингі баға беруге көмектеседі деп санаймыз. Олардың тұрақтылық деңгейі мен қандай да бір даму бағыттарын таңдау, жаңа даму деңгейіне шығара алатын ауылдық мекендерді дамыту [10].

2014 жылдан бастап Қазалы ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешіміне сәйкес бірқатар бағдарламаның механизмдері іске асырылды. Соның бірі, «2014-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасы.

Аталған бағдарламаның мақсаттары және міндеттері:

 Қазалы ауданындағы ауылдық мекендерді өркендету;

 тұрғын-үй мәселелерін жақсарту.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында «ауылдық мекендерді тұрақты түрде дамыту» муниципалдық бағдарламасы әзірленді [13].

Тапсырыстарды орналастыруды жүзеге асыратын бағдарлама бойынша жұмыстарды орындауға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне статистикалық есеп беруге міндетті.

Ауылдық жерлерде инвестициялық белсенділікті ынталандыру агроөнеркәсіп кешенінде оңтайлы мүмкіндіктерді жарату жолымен іске асатын болады.

Ауылдық мекендерді дамыту мәселелерінің жаңа стратегиялары мен бағдарламалары мынадай негізгі бағыттарды дамытуға бағытталған:

- Ауыл шаруашылығы салаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейін шыңдауға;

- қоршаған ортаны тазартуға;

- ауылда өмір сүрудің деңгейін көтеруге және ауылдың экономикалық халін әртарапты етуге;

- ауыл аймақтарындағы ЕО табиғи ресурстары мен ландшафты жақсарту, дамудың екінші кезеңініске асыруды ойластырып отыр.

Европалық одақ мемлекеттері үшін келесі салаларды сақтап, дамыту:

ауыл және орман шаруашылығы саласын сақтау мен дамыту шараларын қабылдау, қоршаған ортаның маңыздылығы мен дәстүрлі аграрлық ландшафтар мен су ресурстарын пайдалану, бұған қоса табиғаттың өзгеруінеорай мәселелер. Ауыл шаруашылығын саласын әртараптандыру үшін, экономика мен өмір сүрудің сапасын арттыру мақсатында ауылдық елді мекеннің дамуына жәрдемдесу. Бұл дегеніміз, экономикалық өсу үшін жұмыс мекемелерін,сонымен қатар қажетті алғышарттарды құру жолдарын қарастыру.

Шарада, үшінші бағыт шеңберінде жүргізілетін өндірістік қуаттарды құруға негізінен бағытталған. Саланы кеңейтуге қолдау көрсету кезіндегі білімді беру, ақпараттық шараларды өткізу және кәсіпкерлік рухты шыңдау, сонымен бірге сол сияқты ерекше қажеттіліктер ескерілуі тиіс. Осыларға сәйкес ауылдық

(18)

18

әкімдіктерде өңірлік пен жергілікті жұмыстың топтары құрылды. Бағдарлама бойынша жұмысқа жаңа қатысушылар тартылды, ал олармен бірге жаңа (инновациялық) идеялар мен бастамалар пайда болды. Жергілікті халықтың қажеттіліктері, үміті мен әлеуеті нақты жобаларға айналды. Олардың жеке қызметіне қосымша, соның ішінде коммерциялық емес салада да қызмет көрсетілді:

- округтің әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің сипаттамасы;

- өңірдің SWOT-ТАЛДАУЫ;

- ауылдық округтің даму стратегиясының өзін сипаттау жүйесі және стратегияны іске асыруды бағалау;

- қаржылық бағдарламаны қамтамасыз ету;

- жобалар мен жобаларды іріктеуді бағалау.

Ауыл экономикасын әртараптандыру жөніндегі жобалар:

- халықты қамтамасыз етудың мекемелерін іске қосу;

- туризмді дамыту;

- аграрлық өнімнің тікелей маркетингін жетілдіру;

- облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуын қалыптастыру;

- кадр тапшылығын шешу мақсатында заман талабына сай оқытуды ұйымдастыру;

- басқарушылық шешімдер қабылдау үшін дайындықта болу.

Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін басты назар аударылады. Стратегия деректері экономикалық пен әлеуметтік және экологиялық пен мәдени бастамаларды ынталандырады. Осы ретте негізгі мәселе халықтың ең осал топтарына бөлінеді: зейнеткерлер, әйелдер мен жастар [14].

1.2. Ауылдық аумақтарды дамытудың теориялық аспектілері Ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі аспектілерінің бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру. Бұл тұрғыда инновациялар мен заманауи технологияларды енгізу маңызды рөл атқарады[15]. Мұның негізгі теориялық табиғи ресурстар мен биоәртүрлілікті оңтайлы пайдалануды, әлеуметтік-экономикалық дамуды және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруды көздейтін ауыл шаруашылығын орнықты дамыту тұжырымдамасы болып табылады[16].

Ауылдық елді мекендерді дамытудың негізгі нүктесі көлік, энергетика, байланыс, білім беру және медициналық қызмет көрсету салаларын дамытуды қамтитын инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту[17]. Бұл саладағы маңызды зерттеу бағыты инфрақұрылымға инвестицияларды қызықтырып, оны тартып және ауылдық аумақтарды дамыту үшін қолайлы орта қалыптастырудағыорталық және жергілікті атқарушы орган рөлін зерттеу болып табылады[18].

Ауылдық аумақтарды дамытудың әлеуметтік-экономикалық жағы да көші-қон және демография мәселелерімен тығыз байланысты. Ауыл тұрғындарының көші-қон үрдістеріне әсер ететін факторларды зерттеу және ауылдық жерлерде жастар мен мамандарды ұстап қалу, жұмыспен қамтуды

(19)

19

ынталандыру және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялар мен шараларды қалыптастыру зерттеудің маңызды пәні болып табылады [19]. Осы тұрғыда ауылдық туризмді, шағын және орта бизнесті дамыту, ауылды аймақтық экономикалық үрдістерге интеграциялау сияқты ауыл тұрғындарын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың әсерін зерттеуге бағытталған зерттеулер өзекті болып табылады [20]. Ауылдық жерлерде сапалы білім мен медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі де олардың дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады [21]. Мұнда ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қашықтағы технологиялар мен мобильді қызметтерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған зерттеулер өзекті болып табылады [22].

Жалпы, ауылдық аумақтарды дамыту кешенді көзқарасты, оның ішінде әртүрлі теориялық және практикалық аспектілерді талдау мен синтездеуді қажет етеді. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық үрдістерді дамыту, сондай-ақ білім мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады [23].

Бұл әдебиеттік шолуда ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты негізгі теориялық аспектілер қарастырылды. Дегенмен, ауылдық жерлерді ойдағыдай дамыту үшін жекелеген аймақтар мен елдердің ерекшеліктерін, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескеретін қосымша зерттеулер жүргізу қажет екенін айта кеткен жөн. Бұл ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру және олардың тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша неғұрлым тиімді стратегиялар мен шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

1) бірінші тип-ауылдық жердің басым аграрлық мамандануы, оны дамытудың қолайлы табиғи және әлеуметтік жағдайлары бар өңірлер;

2) екінші тип-көпфункционалды ауыл экономикасы, қала маңындағы үлгідегі ауыл шаруашылығы және ауылдық жерді дамытудың қолайлы әлеуметтік жағдайлары бар өңірлер;

3) үшінші тип-ауылдық жерді дамытудың қолайсыз әлеуметтік жағдайлары және әлеуметтік-экономикалық депрессияның кең аймақтары бар өңірлер;

4) төртінші тип - ауылдық жерлердің ошақты игерілуі әлсіз және оны дамытудың қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлары бар өңірлер.

Қорытындылай келе, ауылды дамыту зерттеушілер, мемлекеттік және жергілікті билік органдары, жеке сектор үшін маңызды міндет болып қала беретінін атап өтуге болады. Барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы ауылдық аумақтардың проблемаларын шешуге кешенді көзқарасты жүзеге асыруға және ұзақ мерзімді перспективада олардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

(20)

20

Зерттеу әдістері

Зерттеудің әдіснамалық базасы мынадай ғылыми әдіснамалармен толықтырылды: ауылдық округтерді қолдауды зерттеуде жүйелік-құрылымдық және диалектикалық талдау, статистикалық көрсеткіштерді кесте және графикалық әдіс түрінде салыстыру, талдау және т.б.

Бұл ж�

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР