• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2023

Share "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ"

Copied!
54
0
0

Толық мәтін

(1)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

Басқару институты

қолжазба құқығында

Махмут Керім Ғалымұлы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨЗ БЕТІНШЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ

«7M041 Бизнес және басқару» дайындық бағыты бойынша

«7M04107 – Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы

Бизнес және басқару магистрі дәрежесін алу үшін магистрлік жоба

Ғылыми жетекші _________________ Тлембаева Ж. У., з.ғ.к.

Жоба қорғауға жіберілді: «___»__________ 2022 ж.

Басқару институтының директоры __________Акижанов К. Б., PhD, профессор

Нұр-Сұлтан, 2022

(2)

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР………. 3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ………... 4

КІРІСПЕ ... 5

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ……… 8

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ………. ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ………. 14

16 ҰСЫНЫСТАР ……… 40

ҚОРЫТЫНДЫ ………... 42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ ……… 43

ҚОСЫМШАЛАР ……… 48

(3)

3

Нормативтік сілтемелер

Осы магистрлік жобада келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі;

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі;

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»

Заңы;

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» № 750 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі

«Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары туралы» № 1147 Қаулысы.

(4)

Белгілеулер мен қысқартулар ҚР – Қазақстан Республикасы

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

ҚР ӘҚБК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

ҚР БПҚСАЕАК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

ӨБСҚ – Өз бетімен салынған құрылыс МО – Мемлекеттік орган

СО – Сот органдары

ЖАО – Жергілікті атқарушы орган

КСРО –Кеңестік социалистік республикалар одағы ТРЛН – Триллион

МЛРД – Миллиард МЛН – Миллион

МСҚБ – Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы НҚА – нормативтік-құқықтық акті

РФ – Ресей Федерациясы

«ҚТК» АҚ – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы

(5)

5 Кіріспе

Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап маңызды таңдау алдында тұрғаны белгілі. Ол – жаңа тәуелсіз Қазақстан экономикасын Кеңестік кезеңдегідей жоспарлы экономика аясында жалғастыру немесе дамыған батыс мемлекеттеріндегідей нарықтық экономикаға көшу.

Таңдау жасалып, ел экономикасы нарықтық қарым-қатынас түріне көшті.

Әрине, бұл таңдау сол кездегі конъюнктураның нұсқауымен жасалынғаны да белгілі. Нарықтық экономикаға көшу қоғамның көп саласына күрделі өзгерістер алып келді.

Бұндай өзгерістер қоғам өмірінің маңызды саласының бірі болып табылатын құрылыс саласында да орын алды.

Жобаның өзектілігі. Құрылыс саласына қатысты мәселелердің өзектілігі мемлекеттің экономикалық өсуімен қатар түсіндіріледі. Қазақстанда 2025 жылға қарай 96,5 млн шаршы метр немесе 900 мың пәтер салынуы тиіс [1]. Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту арқылы, әлеуметтік мәселелерді кешенді шешеміз, сондықтан құрылыс саласы экономиканың драйвері ретінде мемлекет тарапынан қадағаланады.

Қазақстанда 2021 жылдың қорытындысы бойынша 32 237 отбасы атаулы тұрғын-үй көмегін мемлекет тарапынан алады [2]. Өткен жылдың соңына қарай 3,680 мың шаршы метр тұрғын-үй салынған. 2009-2021 жылдары аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 1,7-ден 4,9 трлн. теңгеге яғни 2,8 есеге артқан [3].

Жоғарыдағы көрсетілген көрсеткіштерді зерделей отырып, құрылыс саласының маңыздылығын мемлекеттік деңгейде атап өткен жөн. Құрылыс саласы тек әлеуметтік мәселелерді шешіп қана қоймайды. Құрылыс саласы мемлекетке инвестиция әкелетін тартымды сала болып табылады [4]. Ауқымды мемлекеттік көмек және тұрғындардың сұранысының жылдан жылға өсуі шет елден де, Қазақстанның өзінен де кәсіпкерлердің бұл салаға деген қызығушылығын арттыратыны анық. Сондықтан, құрылыс көлемінің өсуімен қатар құрылыс компанияларының сандарының өсуі байқалады.

Бұл келтірілгендер негізінен тұрғын-үй құрылысына қатысты ресми статистикалық мәліметтер ғана. Осы орайда, мемлекет бастамасымен жүзеге асырылатын тұрғын-үй құрылыс жобалары мен пайдалануға берілетін тұрғын- үй көлемін белгілі бір деңгейде алдын ала жоспарлап, болжауға болатыны белгілі.

Алайда, құрылыс саласында алдын ала жоспарлы құрылыспен қатар жоспарсыз, әрі өз бетінше салынған, яғни заңсыз құрылыстар да кездеседі.

Өз кезегінде, өз бетінше салынған құрылыстың шеңбері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 244-бабымен айқындалып, анықтама берілген. Азаматтық кодекстің 244-бабына сәйкес, мемлекеттің құзырындағы, жер телімдері ретінде қалыптаспай қалған жерде, құрылыс жұмыстарын іске асырған тұлғаға меншік емес жер телімінде құрылған, оған қоса осы ретте Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жайлы заңнамаға және Қазақстан

(6)

Республикасының өзге де заңнамасына сай тиісті рұқсаты алынбай салынған тұрғын үй, өзге де құрылыстар, ғимараттар не басқа да жылжымайтын мүліктер өз бетімен салынған құрылыс ретінде саналады, яғни заңсыз [5].

Өз бетімен салынған құрылыстар қазіргі таңда құрылыс саласы мен жер пайдалану саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады [6].

Себебі, аталған мәселе мемлекет пен қоғам, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалар мүдделерін де қозғайды. Өйткені, Азаматтық кодекстің 244-бабында көрсетілілгендей, өз бетінше салынған құрылыстар оны салушы субъект тарапынан жіберілген заңға қайшы әрекет салдарынан туындаған нәтиже болғандықтан, ол мүдделі тарап болып табылатын мемлекет, қоғам, жеке және заңды тұлғаларға кері әсерін тигізбей қоймайды [5].

Зерттеулер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында заңсыз құрылыстардың келтірілетін зияны (шығыны) мен ауқымы жағынан ең өзекті де күрделісі үлестік құрылыстар екендігі анықталды [7]. Бұл дегеніміз, ҚР «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының нормалары мен талаптары сақталмағандығы себепті ондай құрылыс түрлері заңсыз құрылысқа жатқызылады.

Үлестік құрылыс дегеніміз – бұл құрылыс компаниясы мен тұрғын-үй алушы азаматтардың шарт бойынша салынатын құрылысы. Компанияның мақсаты – құрылыс нысандарына ақша тарту болса, азаматтардың мақсаты – құрылыс аяқталғаннан кейін осы құрылыстағы өз үлестерін алу [8].

Үлестік құрылыс Қазақстанда кең ауқымда жүргізілуде, 2007-2018 жылдар аралығында ел аумағында үлескерлер саны 62 мың 889 адамды құрайтын үлескерлік негіздегі 450 проблемалық нысан тіркелген. Оларды шешу (реттеу) мақсатында мемлекет бюджеті тарапынан 469 млрд. теңге бөлінген [9].

Өз бетінше салынған заңсыз құрылыстарды болдырмау үшін мемлекет нақты шаралар қолдануы керек деп есептейміз. Сондықтан, бұл мәселені зерттей отырып, тақырыпты ғылыми түрде қарастыру үшін келесі зерттеу сұрағын белгіледік – «Қазақстан Республикасындағы өз бетінше құрылыс салуды қандай механизмнің көмегімен реттеуге болады?» деген.

Зерттеу сұрағына жауап беру үшін магистрлік жобада өз бетінше салынған құрылыстың кең таралған түрі сонымен бірге, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында құрылыс саласында көптеген даулы мәселелердің туындауына себеп болып табылатын үлестік негіздегі құрылыс та қарастырылатын болады.

Жобаның мақсаты: өз бетінше салынған құрылыстардың мемлекетпен қоғамға тигізер кері әсерлерін төмендету мен алдын алудың мемлекеттік- әкімшілік механизмдерін нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

1) Қазақстан Республикасындағы құрылыс саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу;

2) Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;

3) Ақтау қаласы мысалында орын алған өз бетінше салынған құрылыс түрлеріне талдау жүргізу.

(7)

7

Зерттеу объектісі: өз бетінше салынған заңсыз құрылыстар.

Зерттеу пәні: өз бетінше салынған құрылыстарды мемлекеттік реттеу кезінде туындайтын қатынастар.

Магистрлік жобаның нәтижелерін тәжірибелік маңыздылығы - әзірленген ұсыныстар тұрғын-үй құрылысын мемлекеттік реттеудегі қаржылық және әкімшілік шығындарды төмендету.

Методология. Магистрлік жобаға ұсыныстарды әзірлеу және ақпарат бойынша талдама жасау үшін сандық және сапалық зерттеу әдістері қолданылды. Сапалық зерттеу әдістеріне: мақсатты-ақпараттық талдау әдісі, шетелдік тәжірбие, салыстырмалы талдау және заңнаманы талдау әдістері кіреді.

Сандық зерттеу әдістемесіне: зерттеліп отырған тақырып бойынша әзірленген эксперттік сауалнама кіреді.

(8)

Әдебиетке шолу

Қоғамдық қатынастың кез келген саласы – бизнес пен экономика болсын немесе әлеуметтік сала болсын, мемлекет тарапынан орталықтандырылған реттеуді талап етеді. Мемлекеттік реттеу болса әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жүйе түрлерінде маңызды орынға ие және ол әкімшілік тетіктер жиынтығынан құралады.

Қазақстан Республикасында заңсыз құрылысты реттеу тәсілдері мен тетіктері негізінен Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңында жинақталып, көзделген.

Аталған жобаны әзірлеу барысында жоба тақырыбы бойынша Стивен Эйджеман, Сэмпсон Ассиама, Герберт Абека, М. Сулейменов, А.

Беленькая, О. Гумилевская, Н. Ковалёва, О. Глобенко мен Е. Портная, М.

Попович және т.б. сынды отандық және шетел (негізінен Ресей және ТМД) құқықтанушы ғалымдарының еңбектеріне зерттеу жүргізіліп, талдау жасалды.

Аталған ғалымдардың жұмыстары магистрлік жобаның теориялық негізіне арқау болды.

Шолу жасалынған ғылыми еңбектерде өз бетінше салынған құрылыстың практикалық жағына қарағанда құқықтық-теориялық жағы (мысалға өз бетінше салынған құрылыстардың түсінігі мен белгілері, оған меншік құқығының пайда болуы мен заңдастыру мәселелері және т.б.) басым бағытта нысанға алынып зерттелген [10, 11].

Мысалға Ресей ғалымы А. Беленькаяның докторлық диссертациясында өз бетінше салынған құрылыстың түсінігі мен оның белгілері және өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығын берудің шарттары зерттелген. А.

Беленькая өз бетінше салынған құрылысқа берілген анықтамасы РФ Азаматтық кодексінің 222-бабымен келтірілген анықтамаға сай келеді. Яғни А. Беленькая өз бетінше салынған құрылыс олай деп танылуы үшін құрылыс мақсатына бөлінбеген жер учаскесіне салынған болуы немесе құрылысты жүргізуге тиісті рұқсат алынбай жүзеге асырылған болуы тиіс [10].

Сондай-ақ, өз бетінше салынған құрылысқа меншік құқығын берудің шарттары туралы О. Глобенко мен Е. Портная өз зерттеулерін ұсынады. Ол құрылыстың өз бетінше салынған құрылыс деп танылуы үшін, тек құрылыс жүргізу үшін арналмаған жер учаскесіне салынуы жеткілікті деп пайымдайды.

Яғни В. Жабреев пікірінше құрылысты ӨБСҚ деп анықтауда басты шарт құрылыстың жер учаскесінің нысаналы мақсатын сай болуы керек [11]. Осыған байланысты ӨБСҚ-ты заңдастыруда да аталған факт өте маңызды болып табылады.

Бұған қоса Ресей ғалымы О.В. Пудовкина өзінің ғылыми мақаласында қазіргі таңда заңсыз құрылыстың прецеденттері, яғни жаңадан салынған жаңа құрылыстарды рұқсатсыз деп тану көбейіп келе жатқанын, соның салдарынан үлестік құрылысқа алданған қатысушылардың саны артып келе жатқанын

(9)

9

айтады. Мұның бәрі РФ құрылыс тәртібін реттейтін қолданыстағы нормативтік актілер жүйесінің жетілмеген механизмінен туындайды деп көрсетеді [12].

Ғалымдардың көзқарастарын зерттей келе, өз бетінше салынған заңсыз құрылысқа келесі белгілер ортақ болып табылатындығын айтуға болады: 1.

Құрылыс нысанының ол үшін бөлінбеген, яғни арналмаған жер теліміне салынуы; 2. Құрылыстың құрылыс салынған жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай болмауы; 3. Құрылыс үшін мемлекет тарапынан тиісті рұқсаттың алынбауы, яғни рәсімдемеу [13].

Өз бетінше салынған құрылыстардың белгілері туралы Ковалёва Н.

Ковалёва өз мақаласында анықтамалар береді. Ол құрылыстың заңсыз, яғни мақсатына арналмаған жерде салынуын және мемлекет немесе уәкілетті мекеменің арнайы рұқсатының болмауын өз бетінше құрылыстың заңсыздығын сипаттайды. Н. Ковалёваның мақаласында сот органдарының өз бетінше салынатын құрылысқа қатысты құзыреті мен шешімдері айқындалады [14].

Осыған байланысты, жоба тақырыбы бойынша зерттеу жүргізілген ғылыми еңбектерде өз бетінше салынған құрылысқа қатысты келтірілген түсініктер тұтастай алғанда ҚР АК-нің 244 бабы бойынша қарастылған өз бетінше салынған заңсыз құрылысқа қатысты берілген анықтамаға сай келеді [5].

Алайда, аталған еңбектерде өз бетінше салынған заңсыз құрылыс мәселесіне құқық бұзушылық тұрғысынан баға берілмей, өз бетінше салынған құрылыстардың пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептері ескерусіз қалдырылғандығын және аталған сұрақтар зерттеу жұмыстарының нысаны мен мақсаты болмағандығын айта кеткен жөн.

Бұл өз кезегінде мәселеге әлеуметтік-қоғамдық құбылыс тұрғысынан қарауға және оның мүдделі тараптарға тигізер әсерін болжау бойынша әрекет жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыған қатысты, Стивен Эйджеман, Сэмпсон Ассиама және Герберт Абека өздерінің докторлық диссертацияларында мемлекет тарпынан берілетін рұқсаттар туралы жазады. Олар үкімет тарапынан қолданыстағы рұқсаттарды өңдеу жүйесі процеске бағытталғандығын атап, ол әлеуетті құрылыс салушылардың мүддесін қорғамай, заңсыз құрылыстарды салуға ынталандыратынын атап өтеді. Зерттеушілер бюрократиялық кідірістер заңсыз құрылысшылардың құрылыс ережелері мен қадағаларын сақтамауға және елемеуге әкеліп соқтыратындығын көрсетеді. Сондай-ақ, зерттеушілер заңсыз құрылыстардың алдын алу үшін ашық және анық шешім қабылдау процесін дамыту керек деп жазады. Бұл Гана мемлекетінің құрылыс саласына оң ықпалын тигізеді деп есептейді. Зерттеушілердің тұжырымдамаларына сәйкес, қаланың урбандалу саясаты заңсыз құрылыстарды мұқият қадағалап, ондай өз бетінше салынған құрылыстардың алдын алуға көзделіп жасалуы тиіс. Жергілікті әкімшіліктің құзыреті және мемлекеттік органдардың бюрократиялық процестері құрылыс саласына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, құрылыс саясатының заңнамаға сәйкес, арнайы қағидалармен ережелерге сай болуы жергілікті әкімшіліктің міндетіне кіру керек. Зерттеушілердің ойынша, құрылыс саласындағы қадағалау мен бақылау жергілікті әкімшілік арқылы жүргізілуі қажет. Және де, олардың мақаласына сәйкес, орталық мемлекеттік мекемелер

(10)

тарапынан, құрылыс компанияларына ешқандай тексерістің тоқталылуы жүргізілмеу керек (мораторий болмауы керек). Өйткені, құрылыс саласын қауіпті сала деп қарастыру техникалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да дұрыс [15].

Ал Х. Чан өзінің мақаласында Гонконгта рұқсат етілмеген құрылыс жұмыстары өте өзекті мәселе екенін атайды. Рұқсатсыз салынған ғимараттары мұқият және міндетті түрде тексеру керек екендігін жазады. Оның ойынша, егер заңсыз салынға ғимараттарды кейіннен заңдастырып алатын болса, бұл олардың қауіпсіздік жағдайын үнемі тексеріп тұру керек екендігі күмәнсіз. Өйткені, бастапқыда рұқсатсыз салынып алып, кейін заңдастырылған ғимараттардың алғашқы құрылыс жұмыстары кезінде бақылау мен қадағалаудың болмайтыны анық. Сондықтан, зерттеушінің пікірі бойынша заңсыз ғимараттарды қадағалау тетіктері күшейтілуі тиіс деп есептейді [16].

А. Каталано мен Р. Витрано Италиядағы заңсыз және рұқсатсыз салынған құрылыстардың табиғи апаттар кезінде құрылыс талаптарына сәйкес болмағандықтан, қирап адами және инфрақұрылымдық шығындарға әкеліп соқтыру мүмкіншілігін жоғарылайтындығын дәлелдейді. Олардың ойынша, құрылыс салушылар құрылыс салынатын орынның, құрылыс салынар алдында, табиғи және техногендік жағдайлар бойынша талаптар мен нормаларға сай екендігін тексеріп, құрылысты заңдастырулары керек. Орманды алқап, теңіз жағалаулары секілді жерлерде заңсыз құрылыстар көп кездеседі. Осындай жерлерде табиғи апаттардың болу ықтималдылығы өте жоғары. Адами шығындарға әкелмес үшін, зерттеушілер мемлекет тарапынан қадағалау мен заңдастыру процестерін ашық қылып жасағанды жөн деп есептейді. Сондай-ақ, Жер ресурстарын басқару туралы заңнаманың және оған түзетулердің енгізілуі жер пайдалану құқығын меншіктен бөлді, осылайша жер пайдалану құқықтары мен жылжымайтын мүлік нарықтарын коммерцияландыруға негіз болды. Бұл өзгерістер жердің берілуіне әкелді. Ұлттық зерттеу көрсеткендей, мыңдаған гектар егістік жерлер ауылшаруашылыққа емес, басқа мақсаттарға пайдалануға берілген. Осылайша, ғалымдар жетілмеген заңнама заңсыз құрылысқа мүмкіндік бере алатындығын атап өтті [17].

Эрдал Көктүрік пен Эрол Көктүрік Түркия мемлекетінде заңсыз құрылыстардың орналасу жерлерін анықтаудың тиімді тетігі ретінде қашықтықтан зондтау және фотограмметрия тәсілін қолдану екендігін ұсынады.

Зерттеушілер қала маңын урбандалу процесіне тез бейім болған сайын, қала сыртында заңсыз құрылыстардың өсуі де байқалынатын атап айтады. Олар, қаланың даму жоспарына сәйкес болмайтын, өз бетінше салынған құрылыс нысандарын құрылыс талаптарына сәйкестендіру ұзақ немесе ауқымды жұмыс екенін көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде, жемқорлық секілді сыбайластықтың дамуына әкеліп соғу мүмкін. Сондықтан, жаңа технологияларды қолдана отырып заңсыз құрылыстарды бастапқы салыну кезінен бастап анықтау заңсыз құрылысты азайтады [18].

Қарастырып отырған жағдайда жоба тақырыбы аясында өз бетінше салынған заңсыз құрылыстар салдарынан туындаған даулы мәселелерді шешуге жұмсалған (әрі алдын ала болжанбаған) қаржы көлемі мен өз бетінше салынған

(11)

11

құрылыстардың мүдделі тараптарға тигізген зияндары туралы келтірілген мәліметтерді ескере отырып, өз бетінше салынған құрылыстарды мемлекеттік- әкімшілік реттеудің тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу практикалық тұрғыдан алғанда маңызды әрі зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады. Яғни зерттеу жүргізу барысында, ұсынымдарды әзірлеу толыққанды және дәлелденген талдау арқылы жүзеге асырылатын болады. Оған негіз ретінде, әртүрлі елдер әдебиеттеріне шолу және Қазақстандағы фактілік- айқын тәжірибелер болады.

Шетелдік тәжірибемен салыстыру

Осыған байланысты, жоба тақырыбы бойынша шетелдік тәжірибені зерттеу мақсатында, заңнамасы және экономикалық құрылымдары Қазақстанға ұқсас Ресей мен Украина мемлекеттері таңдалып, аталған мемлекеттердің сәулет, қалақұрылысы мен құрылыс салаларын зерттейтін заңнамалық актілеріне талдау жасалып, ҚР сәйкес заңнамасымен салыстыру жүргізілді.

Зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік тәжірибеге Ресей мемлекетін таңдаудағы басты критерий – құқықтық-заңнамалық базасының Қазақстанмен ұқсастығы. Осы орайда, зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша Ресей Федерациясындағы заң қолдану тәжірибесінің ерекшеліктері, атап айтқанда өз бетінше салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы санкциясын тек қана сот емес, сонымен қатар ЖАО-ның қолдана алу мүмкіндігі Қазақстан үшін жаңашылдық болмақ.

Украина мемлекетін таңдаудағы негізгі факторлар: құқықтық-заңнамалық базасының Қазақстанмен ұқсастығы және өз бетінше салынған құрылыстар үшін салынатын әкімшілік айыппұлдар көлемінің ҚР салыстырғанда жоғарылығымен қатар, келтірілген зиян көлеміне байланысты қылмыстық жауапкершіліктің көзделуі.

Мысалға, РФ Азаматтық кодексінің 222-бабына бойынша, өз бетімен салынған құрылыс дегеніміз – арнайы бекітілген тәртіптермен берілмеген жер теліміне салынған немесе осы аталған құрылыс объектісінің салынуына тыйым салынатын, бірақ-та пайдаланылуы рұқсат етілген жер теліміне салынған нысан немесе заңмен көзделген келісімдер мен қажетті рұқсаттар алынбай немесе құрылыс пен қала құрылысы стандарттары мен қағидалары сақталмай салынған нысан немесе өзге де құрылыс түрі айтылады [19].

Көріп отырғанымыздай, өз бетінше салынған құрылысқа РФ заңнамасымен берілген анықтама тұтастай алғанда ҚР заңнамасында берілген анықтамаға сәйкес келеді.

Өз бетінше салынған құрылысты мемлекеттік-әкімшілік реттеу тәсіліне келер болсақ, ҚР АК 244-бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылысты оны жүзеге асырған тұлға есебінен мәжбүрлеп бұзу және сот шешімімен ондай құрылыс түріне меншік құқығының берілу мүмкіндігі көзделген [5].

РФ заңнамасына келер болсақ, келесідей өзгешілікті байқауға болады:

ӨБСҚ оны жүзеге асырған тұлға есебінен оны бұзумен қатар оны заңдастыру мүмкіндігі. Яғни, РФ заңнамасында өз бетімен салынған құрылыстың ауқымы мен келтіруі мүмкін зиянына байланысты және жол берілген заң бұзушылықтың

(12)

ауырлығына байланысты сотпен салынған құрылысты заңнама талаптарына сай келтіру қажеттігі туралы шешім қабылдануы мүмкін.

РФ Азаматтық кодексінде аталған норма нақтылы түрде қарастырылған [19].

РФ заңнамасындағы тағы бір ерекшілік бұл – өз бетінше салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешімді сотпен қатар жергілікті атқарушы органның да қабылдай алуы.

Сонымен қоса, мәжбүрлеп бұзу міндеті құрылысшы тарапынан өткізілуі қажет, және оның мерзімі үш айдан кем емес және бір жылдан уақыты аспауы тиіс. Бірақ, құрылысшы субъекттісіне заңсыз құрылған нысанды тиісті қалпына келтіру мүмкіндігі беріледі. Оның мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған міндеттер орындалмаса, сот шешімімен жер учаскесі иесінен тартып алынады, және тиісті жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, ӨБСҚ нысандарына сот арқылы заңдастыру тетіктері де қарастырылған. Осылайша, егер жер учаскесі өмір қауіпсіздігіне қатер келтірмесе, және нормаларға сәйкестендіруге кіріссе, сот шешімімен бұндай құрылыс заңды деп танылуы мүмкін. Әрине, барлық шарттарда жер учаскелері сәйкесінше құрылысшы иелігінде, немесе мирасқор ретінде қарастырылса ғана, теріс жағдайда соттың оң шешіміне жол жоқ.

Алайда, ашық дереккөздерге зерттеу жүргізу барысында жоғарыда аталған норманың заңнамада формальды түрде белгіленгенімен іс жүзінде ӨБҚС мәжбүрлеп бұзу туралы шешім негізінен сотпен қабылданатындығы белгілі болып отыр.

ӨБСҚ-тар үшін көзделген әкімшілік айыппұлдар көлемі де ҚР заңнамасымен салыстырғанда өзгеше. Айыппұлдар мен екі мемлекет заңнамасы бойынша салыстырма кесте 1-қосымшада келтірілген.

Украина Республикасы Азаматтық кодексінің 376 бабымен берілген анықтамаға сәйкес, құрылыс салу мақсатына бөлінбеген жер учаскесінде немесе құрылысты жүргізуге тиісті рұқсатнамалар рәсімделмей салынған немесе салынып жатырған ғимарат, тұрғын-үй және өзге ғимарат түрлері өз бетімен салынған құрылыс ретінде есептеледі [20].

ҚР заңнамасымен салыстырғанда Украина заңнамасында ӨБСҚ-қа қатысты көзделген мемлекеттік реттеу шараларының қатарында алдымен өз бетімен салынған құрылысты заңдастыру мүмкіндігі келтірілген.

Мысалға, ҚР АК-сәйкес ӨБСҚ реттеу шаралары ретінде 244-баптың ӨБСҚ оны жүзеге асырған тұлға қаражаты есебінен сот шешімімен мәжбүрлеп

бұзу, 2-тармағымен болса, оған сот шешімімен меншік құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылған [5].

Украина заңнамасында болса ӨБСҚ мәжбүрлеп бұзу шарасынан бұрын оны заңдастыру мүмкінді келтірілген. Украина Азаматтық кодексінің 376- бабының 3-тармағымен ӨБСҚ заңдастырудың нормасы айқындалып көрсетілсе, 7-тармағының 2-бөлігімен ӨБСҚ мәжбүрлеп бұзудың ережелері көрсетілген [20].

(13)

13

Украина заңнамасына сәйкес, ӨБСҚ қатысты әкімшілік шара түрлерінен бөлек Украина қылмыстық кодексінде де жауапкершілік түрі көзделген.

Украина Қылмыстық кодексіне сәйкес егер бөтеннің жер учаскесіне өз бетімен заңсыз құрылыс салу (жерді басып алу) жер иесіне келтірілген зиян көлемі бекітілген минимум жалақы деңгейінен 100 есе асатын болса, онда заңсыз құрылысты жүзеге асырған тұлғаға қатысты 1000 нан 4000 дейін айыппұл немесе 6 айға бас бостандығынан шектеу арқылы жаза тартады [20].

Аталған заңдарды салыстыра және сараптап отырып, өз бетімен заңсыз құрылысты жүзеге асыруды үкімет тарапынан реттеу механизмі ретінде айыппұл салу жазасынының тиімді немесе керісінше тиімімді емес екендігін анықтап нақтылау қажет.

Толығырақ, Қосымша 2-дегі ҚР мен Украина заңнамаларына салыстыру жүргізілген кестеде ақпарат берілген.

Осыған байланысты, мен бұл жобада құрылыс саласын реттеуге бағытталған құқықтық-әкімшілік элементтер жиынтығын өз бетінше салынған құрылыстарды мемлекеттік реттеу тетіктері тұрғысынан қарастыратын боламын.

(14)

Зерттеу әдістері

Магистрлік жобаны әзірлеу және орындау барысында негізгі зерттеу әдістері мен тәсілдерін қамтитын сандық және сапалық әдістер қолданылды.

Атап айтқанда, зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес алдын ала таңдалып құрастырылған тізім бойынша әдебиеттерге шолуды жүзеге асыру үшін ақпараттық-мақсатты талдау әдісі қолданылды. Аталған әдістің мақсаты магистрлік жоба тақырыбы бойынша жазылған еңбектермен танысып, ондағы ақпараттың мазмұнына талдау жасау және сол арқылы зерттеу тақырыбы туралы ғалымдар мен мамандардың негізгі пікірлері мен көзқарастарын анықтау, оларды топтастыру және салыстыру.

Бұдан бөлек, зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты зерттеліп, зерттеу нысаны болған шет мемлекеттер мен ҚР-ның сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы заңнамаларына салыстыру әдісі қолданылды. Өз кезегінде құқықтық талдау мен салыстыру әдісінің мәні заңнамалық актілер мен оның нормаларына талдау жасау арқылы салыстыру.

Аталған әдісті қолданудағы мақсат таңдалып алынған шет мемлекеттердің заңнамасы мен отандық заңнамадағы ерекшеліктерді, сондай-ақ, оңтайлы нормалармен қоса озық тәжірибені де анықтау болып табылады.

Сонымен қатар, НҚА-ден бөлек зерттеу тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтермен бірге мемлекеттік органдармен ұсынылған құжаттарға да талдау жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, ҚР ҰСБ мен өзге де МО және СО ресми сайттарында орналастырылған мәліметтерге және қызметтік құжаттарға талдау жүргізілді. Құжаттарға талдау жүргізу тәсілін қолданудың негізгі мақсаты ҚР аумағында ӨБСҚ-дың соңғы жылдардағы динамикасы мен мүдделі тараптарға келтірген әсер көлемін анықтау.

ӨБСҚ-дың ағымдағы жағдайына талдау жүргізу және оны мемлекеттік реттеудің тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мүдделі тараптар арасында, оның ішінде мемлекеттік органдарда қызмет ететін мамандар мен құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласының сарапшыларымен эксперттік сауалнама жүргізілді.

Сауалнаманың мақсаты – білікті мамандардың зерттеліп отырған тақырып бойынша талдау жасау үшін ақпарат алу. Сауалнама сұрақтары заңсыз үлестік құрылыстың өзекті мәселелерін, оның пайда болу себебін, өңірлердегі заңсыз құрылыс жағдайын анықтауға бағытталған. Сауалнама 51 респонденттен алынды. Респонденттер құрылыс саласы (соның ішінде үлестік құрылыс) бойынша тәжірбиелері бар мамандардан құралды. Сауалнама Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді. Саны жағынан, басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларының тұрғындарынан құралды. Сауалнама зерттелетін тақырыптың практикалық және әлеуметтік маңыздылығын көрсететін сенімді мәліметтер алу мақсатында жүргізілді. Сұрақтар зерттеуге қатысушы респонденттерден қатысуға келісім ала отырып, ар-ожан, намыс пен қадір- қасиетін құрметтеу қағидатын сақтай отырып жасалды. Зерттеуге қатысушы респонденттерді тарта отырып деректерді жинау құпиялылық қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізілді.

(15)

15

Сауалнама алудың негізгі мақсаты жоғарыда көрсетілгендей, ӨБСҚ-ның ағымдағы жәй-күйіне талдау жасау және мүдделі тараптар болып табылатын МО мен халықтың жалпы алғанда ӨБСҚ-ға қатысты және оны шешу бойынша пікірін білу, анықтау.

Сауалнамаларды әзірлеуде әрі жүргізуде негізінен және «Google»

платформасының қосымшалары (бағдарламалары) қолданылып, дайын болған сауалнамалар мүдделі тараптарға (респонденттерге) әлеуметтік желілілер мен мессенджерлер арқылы жолданып отырды.

(16)

Талдау және зерттеу нәтижелері

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244 бабымен берілген анықтамаға сәйкес, мемлекеттің құызырындағы, жер телімдері ретінде бекітілмеген жерде, құрылыс жұмыстарын іске асырған тұлғаға меншік емес жер телімінде құрылған, онымен қоса Қазақстан Республикасындағы құрылыс, қала құрылысы және сәулет қызметі туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасының басқа де заңдарына сәйкес тиісті рұқсат алынбай құрылған тұрғын үйлер, ғимараттар, басқа да құрылыс немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып саналады [5].

Бұл баптың нормасына сай, өз бетімен салынған құрылыстың сондай деп танылуы үшін екі негізгі шарт бар:

1. Құрылыстың құрылысты салушы тұлғанікі болып саналмайтын жер телімінде салынуы, әрі салынған құрылыстың жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай болмауы;

2. Салынған (салынатын) құрылысқа жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін тиісті рұқсаттың рәсімделмеуі, яғни болмауы.

Осы орайда, магистрлік жоба аясында ҚР сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласының қолданыстағы заңнамасы мен ҚР ӘҚБК зерделеу нәтижесі бойынша заңсыз құрылыс пен өз бетінше салынған құрылыс түсініктері бір мағына беретіндігін, әрі бірге қолданылатындығын ескерген жөн.

Алайда, ҚР ӘҚБК 319-бабымен көзделетін әкімшілік жауапкершілік шара түрінің қолданылуының алғы шарты, сонымен бірге ажырамас шарты ретінде заңсыз құрылыстың құрылысты жүргізетіндерге қатысы жоқ (жердің иесі емес) жерде салынуы деп көрсетілген [21].

Ал, сот іс жүргізу тәжірибесін қоса алғанда, іс жүзінде жоғарыда аталып өткендей, заңсыз құрылыс пен ӨБСҚ ұғымдары бір мағынада қолданылады.

Мысалға, Маңғыстау облысының экономикалық сотының 2019 жылғы 26 ақпандағы №4712-18-00-2/3761 шешіміне қарайтын болсақ, шешімде құрылыс салушы тұлғаға заңды түрде тиесілі болып табылатын, яғни меншік құқығы берілген жер учаскесіне ҚР сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласының қолданыстағы заңнамасының талаптары сақталмай салынған тұрғын-үй құрылысы заңсыз құрылыс деп сипатталған.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының № 2 сотының 2019 жылғы 6 қазандағы № 4711-19-00-2/7656 шешімінде де Ақтау қаласы әкімдігінің құрылыс жүргізуші тұлғаға жер меншігіне қатысты емес болған, алайда құрылыс жүргізу сатылары мен құрылыс жүргізуге қойылатын техникалық шарттарды бұзғандығы, сондай-ақ тұрғын-үй нысандарына үлескерлер қаражатын заңсыз тартқандығы туралы талаптары да өз бетінше салынған заңсыз құрылыс ретінде сипатталған.

Аталғандар ӨБСҚ пен заңсыз құрылыстардың іс жүзінде де, сонымен бірге заңнама тұрғысынан да бірдей екендігіне дәлел болып табылады.

ҚР құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және

(17)

17

құрылыс қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қатысты іске асады. Оған қоса, мемлекеттің жалпы құрылыс саласына қатысты заңнамасы жоғарыда көрсетілген Заңнан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен басқа де НҚА нормаларынан тұрады (Заңның 2-бабын қараңыз) [22].

Өз кезегінде, құрылыс пен құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағида) белгіленген тәртіппен жүргізіледі [23].

Қағиданың 22-тармағымен құрылысты салуды іске асыру тәртібі 5 кезеңге бөлініп көрсетілген. Атап айтқанда:

- жүзеге асырылатын құрылыс жобаларын дайындауға бастапқы мағлұматтар алу;

- эскизді дайындау мен келісу;

- жоба-сметалық құжаттамаларын дайындау және сараптамадан өткізу;

- жергілікті атқарушы органның мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізетін органына құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жіберу және құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру;

- салынған құрылыс нысанын қабылдау және пайдалануға беру [23].

Қағидада көрсетілген анықтамаға сай, алғашқы мәліметтер деген – қазіргі нысандардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) құру және реконструкция жасау жобаларын дайындауға тиісті материалдар [23].

Құрылысқа рұқсат алу процесін 9 негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады (Сурет 1), олар төмендегі суретте және оның түсіндірмесінде көрсетіледі.

Бірінші кезең. Құрылыс салушы құрылысты бастар алдында жергілікті атқарушы органнан (яғни сәулет бөлімінен) техникалық шарттарды және сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу бойынша өтініш береді. Заңға сәйкес сәулет бөлімі тиісті коммуналдық кәсіпорындардан барлық қажетті техникалық шарттарды жинайды, сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындайды және өтініш берушіге осы құжат пен техникалық шарттарды бір пакетте береді.

Екінші кезең. Өтініш беруші негізгі жобаны әзірлеуді бастамас бұрын сәулет эскизін келісуі керек. Содан кейін өтініш беруші инженерлік желілерге қосылу жоспарларын (инженерлік коммуникацияларды жоспарланған орналастыру көрсетілген) техникалық шарттарды беретін коммуналдық кәсіпорындармен, сондай-ақ сәулет бөлімімен келісуі тиіс.

Үшінші кезең. Келесі қадам-аккредиттелген компания жүргізетін сәулет және инженерлік жобаларды кешенді сараптау.

Төртінші кезең. Аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарымен шарт жасасу.

Бесінші кезең. Құрылыс жұмыстары басталар алдында, жоба келісілгеннен кейін өтініш беруші құрылыстың басталуы жайлы Мемлекеттік сәулет- құрылыс қадағалау басқармасына хабардар етуі тиіс.

Алтыншы кезең. Құрылыс кезінде суды бұру және сумен жабдықтау коммуналдық кәсіпорны инфрақұрылымға қосылу жолдарын тексеру және бекіту үшін объектіге тексеру жүргізеді.

(18)

Жетінші кезең. Құрылыс аяқталғаннан кейін өтініш беруші ғимаратқа техникалық паспорт алуы қажет (яғни ғимараттың техникалық сипаттамалары көрсетілген құжатты «Азаматтарға арналған үкімет» орталығына өтінім береді).

Сегізінші кезең. Өтініш беруші жұмыстың аяқталғаны туралы екі міндетті хабарлама береді: біреуі МСҚБ-ға, ал екіншісі сәулет бөліміне, аталған хабарламалар осы мекемелерде тіркеліп одан әрі сақталады.

Тоғызыншы кезең. Өтініш беруші ғимаратқа меншік құқығын тіркеу үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» үкіметтің құзырындағы мекемесіне жолдайды, олар төменде 1 суретке сәйкес, көрсетіледі.

1-сурет – құрылғының бөлшектері

Ескерту ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары»

пайдаланылып, [23] қайнар көздің негізінде автормен құрастырылған.

ҚР АК-тің 244-бабымен көзделген стандарттар мен нормаларға сай, өз бетімен құрылыс салуды іске асырған тұлға, салынған құрылыс нысанына қатысты меншік құқығын ала алмайды. Осыған байланысты, аталған тұлға өз бетінше салынған құрылысқа билік етуге, яғни сату мен сыйға беру, жалға беру және өзге де мәмілелер жасайтын құқығы жоқ [5].

Сонымен бірге, ҚР АК-тің 244-бабының 2-тармағының 2-бөлігіне сай, өз бетімен салынған құрылыс нысаны оны жүзеге асырған тұлғаның есебiнен бұзылуға жатады [5].

Осыған ұқсас норма Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 164-1 бабының 2-тармағымен де қарастырылған [24].

(19)

19

Яғни, ҚР АК-нің 244-бабының 1-тармағымен айқындалған шарттарға сай келетін өз бетінше салынған заңсыз құрылыс ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс салуды жүргізген тұлғаның есебінен бұзылуға тиіс [5]. Бұл заңсыз салынатын нысандарды мемлекеттік реттеудің заң бойынша басты тетігі болып саналады.

Бірақ, АК-тің 244-бабының 3-тармағына сай өз бетiмен салынған құрылысқа оны жүзеге асырған тұлғаға қатысты меншiк құқығы берілуі мүмкін, бірақ осы баптың 4-тармағына сай заңнамада көрсетілген тәртіппен коммуналдық меншікке де берілуі мүмкін екендігі көрсетілген [5].

ҚР қолданыстағы заңнамасымен өз бетінше салынған құрылыстарға қатысты қолданылатын жоғарыда аталған екі шара түрі – мәжбүрлеп бұзу немесе салынған құрылысты заңдастыру – өз бетімен салынған құрылыстарды мемлекеттік реттеу тәсілдері болып табылады.

Негізінде, ғимараттар мен өзге де құрылыстарды салу елді мекендер аумағында жүзеге асырылуын ескере отырып, бұл жұмыста Заңның 24-ші, 25-ші мен 26-баптарын, яғни облыс, аудан және қала әкімшіліктерінің құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласы бойынша құзыреттеріне тоқталып қарастырған жөн [22].

Заңның 24 бабына сәйкес, қарастырылып отырған салада мемлекеттік саясатты іске асыру мен белгіленген тәртіппен құрылыс жүріп жатқан (салынуы белгіленген) нысандар мен кешендердің мониторингін жүргізу облыс әкімдіктерінің негізгі құзыреттерінің бірі болып табылады [22].

Сонымен бірге, құрылыс объектілері сапасына сәулет-құрылыс қадағалауын және бақылауын іске асыру, осы құрылыс нысандарда сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде қарастырылған әкімшілік ықпал ету іс-шараларын пайдалану да жергілікті атқарушы органның құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласы бойынша қызметінің (мекемесінің) құзыретіне бекітілген.

Осыған сәйкес, ҚР ӘҚБК–нің 804 бабы 1-тармағының 21) тармақшасы бойынша, жергілікті атқарушы органның мемлекеттiк құрылысты қадағалау және бақылау, құрылыс саласын реттейтін мекемелер өз бетінше салынған құрылыстарға жол берген немесе оны іске асырған заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319 – заңсыз құрылыс бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық жайлы хаттама толтырып бере алады [21].

ӘҚБК–нің 319 бабына сәйкес, құрылыс нысандарын жерге қатысты құқықсыз заңсыз құру – заңсыз құрылған немесе құрылып-тұрғызылып жатқан нысанасын мәжбүрлете отырып бұза отырып не онымен емес, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады [21].

Түсінгеніміздей, ӘҚБК–нің бекітілген стандарт пен нормалары сәулет- құрылыс саласын қадағалау және бақылау органдарының заңға сай емес құрылысқа қатысты әкімшілік құзыреттерін көрсете бекітеді.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР