1
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Национальная библиотека Республики Казахстан
УДАРЦЕВ СЕРГЕЙ ФЕДОРОВИЧ Биобиблиографиялық көрсеткіш
*****
УДАРЦЕВ СЕРГЕЙ ФЕДОРОВИЧ Биобиблиографический указатель
Алматы, 2022
2
ӘӨЖ 016:929:34(574) У 29
Редакторлары: Оспанова Б.Қ.
Искалиева Н.А.
Тілепина Ш.В.
Алғы сөзін жазған: Тілепина Ш.В.
Құрастырғандар: Тілепина Ш.В.
Усербаева Ж.С.
Қазақ тіліне аударғандар: Тілепина Ш.В.
Зукай Ж.З.
Ағылшын тіліне аударғандар: Нүсіпова К.Ә.
Каматова Д.М.
Тілепин С.Қ.
Ударцев Сергей Федорович: биобиблиографиялық көрсет- кіш = биобиблиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы;
ред.: Б.Қ Оспанова, Н.А. Искалиева, Ш.В. Тілепина; алғы сөзін жазған Ш.В. Тілепина; құраст.: Ш.В. Тілепина, Ж.С. Усербаева;
қазақ тіл. ауд.: Ш.В. Тілепина, Ж.З. Зукай; ағыл. тіл. ауд.:
К.Ә. Нүсіпова, Д.М. Каматова, С.Қ. Тілепин. – Алматы, 2022. – 391 б. – Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.
ISBN 987-9965-401-63-3 © C.Ф. Ударцев, 2022
© Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, 2022
3
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
УДАРЦЕВ СЕРГЕЙ ФЕДОРОВИЧ Биобиблиографиялық көрсеткіш
Алматы, 2022
4
Редакторлары: Оспанова Б.Қ.
Искалиева Н.А.
Тілепина Ш.В.
Алғы сөзін жазған: Тілепина Ш.В.
Құрастырғандар: Тілепина Ш.В.
Усербаева Ж.С.
Қазақ тіліне аударғандар: Тілепина Ш.В.
Зукай Ж.З.
Ағылшын тіліне аударғандар: Нүсіпова К.Ә.
Каматова Д.М.
Тілепин С.Қ.
5
АЛҒЫ СӨЗ
Littera scripta manet1 Ұсынылып отырған биобиблиографиялық көрсеткіш (бұдан әрі – Көрсеткіш) қазақстандық көрнекті ғалым, заң ғылымдары- ның докторы, профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академия- сының академигі, Еуропа құқығы академиясының толық мүшесі, заңгер, педагог, жоғары біліктілік сыныбына ие судья, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заң білімін ұйымдастырушы Сергей Федорович Ударцевке арналған.
Ғалымның қоғамдық еңбегінің қырлары сан алуан, заң ғылымдары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасы, Қазақстан Респуб- ликасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық-консультативтік кеңесі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі, Қазақстан Рес- публикасының Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консульта- тивтік кеңес, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (БСҚТА) Аккредиттеу кеңесі және т.б. мемле- кеттік органдардың бірқатар сараптамалық қоғамдастықтары төрағасы және мүшесі.
Ғылыми-ақпараттық технологиялар ғасырындағы заманауи ғылыми білім бұрын бір-бірінен алыс салаларды бір арнада тоғыстыру мен біріктірілген білім, ақпараттың барлық түрлерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке интеграциялайтын өнім құру процесін көздейді. Конвергенция процесі биобиблиографиялық көрсеткіштерді құру мәселесін қозғайды. Осы тұрғыдан бұл Көрсеткішті құрастыру туралы ой профессор С.Ф. Ударцевтің жарық көрген еңбектері туралы ең толық библиографиялық ақпаратты жинақтауға деген ұмтылыстан туындады. Бұл –
1Ғалымның хаты өлмейді (латын тілінен аударылған)
6
көрнекті қазақстандық ғалымның таңдамалы еңбектерін жүйелеу- дің алғашқы тәжірибесі.
Көрсеткіш үш тілде жасалған. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының түрлі қорларында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғалым еңбектерінің болуына байланысты көрсетілген тілдерде ұсынылған материалдар мазмұнында айыр- машылықтары бар.
Алғы сөз, С.Ф. Ударцевтің ғылыми, ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы мақала, өмірі мен қызметінің атаулы күндері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Құрастырушы ғалымның қатысуымен қазақ тілінде шыққан кітаптарға, мақалаларға, басылымдарға, ол туралы материалдарға, қазақ тілінде жарияланған оның жұмыстары қамтылған басылым- дардың атауларына сілтемелер енгізді. Басылымдардың атаулы және тақырыптық көрсеткіштері бар.
Орыс тілінде С.Ф. Ударцевтің қатысуымен шыққан жекеле- ген еңбектердің, мақалалардың, сұхбаттар мен сөйлеген сөз- дерінің, басылымдардың библиографиялық сипаттамасы беріл- ген. С.Ф. Ударцевтің ғылыми жетекшілігімен орындалған канди- даттық, докторлық, PhD докторлық диссертациялар туралы мәліметтер бар. Ғалымның өмірі мен еңбектері туралы әдебиет, оның шығармаларына жасалған кейбір шолулар, оның қатысуы- мен өтетін іс-шаралар қызығушылық тудырады. Көрсеткіште С.Ф. Ударцевтің еңбектері туралы деректер шет тілдеріндегі басылымдарда көрсетілген. Ғалымның қатысуымен өткен іс- шаралар туралы мәліметтер бар. Дереккөздерінің атаулы және тақырыптық көрсеткіштері дайындалды.
Көрсеткіш құқық пен мемлекеттің теориясы мен тарихында, конституциялық құқықта, құқықтық және саяси ой тарихында іргелі маңызы бар еңбектерге басты назар аударылды, тұтастығымен ерекшеленетін метақұқық туралы (С.Ф. Ударцев метақұқық тақырыбын жан-жақты қозғайды, оның маңыздылы- ғын көрегенділікпен болжайды), ғарыш құқығы жөніндегі еңбектері, сараптамалық қорытындылары, шолулары және т.б. өз орындарын тапты. Заң ғылымы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заң білімі бойынша еңбектерінің тізімі берілген. Әрбір мақала ғылыми мәселеге деген ерекше көзқарасты, нақты
7
құқықтық жағдайдың жаңа әдістері мен шешімдерін қамтиды.
Ойлау ашықтығы, талаптардың анықтығы, нәтижелердің сенім- ділігі, ғылыми материалды ұсынуда қатаң тәртіп пен қарапайым тілмен баяндаудың үйлесімі – мұның бәрі ғалымның стилистика- сына тән ерекшеліктер.
С.Ф. Ударцев еңбектерінің ақпараттық әлеуеті бай және біре- гей сипатқа ие. Әрбір зерттеу жұмысының, нақты ғылыми жария- ланымының маңыздылығына бөлек баға беру қиын. Олардың құндылығы келешекте заң ғылымының, зерттеушілердің қажетіне жарап, игілігіне асқанда айқындалатын болар.
С.Ф. Ударцевтің еңбектері ақыл-ойдың жұмысын, бақылау мен тәжірибеге, теория мен практиканың өзара байланысына негізделген табиғатты тану заңдарының диалектикасын көрсетеді, ғалымның тұлғасын айшықтап, уақыт салған ізді танытады.
С.Ф. Ударцевтің мақсатқа ұмтылғыштығы мен табандылығы өз алдына бөлек әңгіме, оның бүкіл өмірі Қазақстанның заң ғылымына жанқиярлықпен қызмет етудің тамаша үлгісі болады.
Осы Көрсеткіште материалдар іріктеу келесі дереккөздерді, яғни орталық бүкілодақтық (КСРО кезіндегі), республикалық, жергілікті баспалардың кітаптарын, брошюраларын, Кітап жыл- намаларында, Журнал мақалаларының жылнамаларында, Газет мақалаларының жылнамаларында, КСРО кітаптарының жылнама- ларында ұсынылған материалдарды, түрлі деңгейдегі (бүкілодақ- тық, республикалық, жергілікті, жоғары оқу орны (университет) мерзімді басылымдар жарияланымдарын, еңбектерді, ғылыми жазбаларды, Университеттердің (ЖОО) Жаршыларындағы, әде- би-көркем басылымдардағы жарияланымдарды, докторлық және кандидаттық диссертациялардың авторефераттарын және т.б.
түрлі деңгейдегі конференциялардағы баяндамаларды, жария- ланымдар картотекаларын, Ұлттық кітапхананың, Орталық ғылыми кітапхананың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының, Ресей мемлекеттік кітапхана- сының (Мәскеу қ., Мәскеу облысы, Химки қ.) жүйелік каталог- тарын, www.library.kz – ҚР Білім және ғылым министрлігінің
«Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, www.elibrary.ru – Ресей Федерациясының Ғылыми электронды кітапханасының; www.rsl.ru – Ресей мемлекеттік кітапханасының
8
электрондық каталогтарын, «Қазақстанның ХХ-ХХІ ғ. басындағы көрнекті ғалым-заңгерлері» энциклопедиялық-биобиблиография- лық анықтамалығын (3-бөлім, Алматы, 2017) және М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ Университетінің https://kazguu.kz/ru/ сайтын (Нұр-Сұлтан қаласы), басқа да көптеген БАҚ мен интернет ресурстарын қарап, зерттеу-зерделеу арқылы жүзеге асырылды.
Жекелеген мәліметтерді құрастыру кезінде С.Ф. Ударцевтің білім нәрімен сусындаған оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің архив қоры, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің материалдары пайдаланылды.
Көрсеткіште таңдамалы еңбектер (еңбектер, мақалалар, оның ішінде шет тілдеріндегі); С.Ф. Ударцевтің қатысуымен шыққан жеке басылымдар; кейбір сұхбаттар мен баяндамалар; ғалымның өмірі мен қызметі туралы таңдамалы әдебиеттер; қосымша таңдамалы ақпарат (ғалымның еңбектеріне пікірлер, респуб- ликалық және халықаралық конференцияларға, ғылыми форум- дарға қатысуы туралы) енген.
Материалдар Көрсеткіште жүйелі тәртіппен орналастырыл- ған. Орталық және жергілікті баспасөзде жарияланған кітаптар, журналдар, газеттерден мақалалар тақырыптық бөлімдерге енгізілген. Бөлімдердің ішінде библиографиялық сипаттамалар басылым түрлері (кітаптар, жинақтар мен мерзімді басылым- дардағы мақалалар, диссертациялардың авторефераттары) бойын- ша топтастырылған. Кейбір мақалаларда анықтамалық ақпарат бар (мақала кімге арналған, қандай мәселе қарастырылады, ғылыми проза жанры көрсетіледі және т.б.). Көрсеткіштегі жазбалар өтпелі тәртіппен нөмірленген. Ұсынылған библио- графиялық материалдар еңбектердің көмекші көрсеткішпен жабдықталған. Іргелес тақырыптар (тарих, философия, саясаттану және т.б.) бойынша библиографиялық басылымдардан С.Ф. Удар- цевтің ғылыми шығармашылығын зерттеушілерге ұсынуда маңызы бар басылымдар көрсетілген.
Көрсеткіш 761 библиографиялық жазбадан тұрады және ақпараттың толықтығына, оның беттерінде С.Ф. Ударцевтің бар- лық еңбектері түгел көрсетілгеніне кепілдік берілмейді. Жұмыс жалғасатын болады.
9
Көрсеткішке 1971 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі хронологиялық ауқымы қамтылған жарияланымдар кіреді (алғаш- қы жарияланым 1971 жылда жарық көрген), кейбір еңбектері de isu тәртібімен қаралған. Жарияланымдардың ең көп жарияланған кезі 2011 жыл (64 библиографиялық жазба).
Рецензиялар кітаптармен бір жазбада берілген, бұл ретте кітаптардың атауларына сәйкес келетін рецензиялардың атаулары көрсетілмеген. Дайындалған көмекші аппаратта жарияланым- дардың тақырыптарының алфавиттік көрсеткіші, тең автор- лардың, журналистер мен рецензенттердің атаулы көрсеткіші кіреді.
Биобиблиографиялық көрсеткіш МЕМСТ 7.1-2003 талап- тарына сәйкес құрастырылған.
Бұл көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге және құқық және мемлекет теориясы мен тарихы, құқықтық және саяси ой тарихы, конституциялық құқық, заң ғылымының тарихы мен С.Ф. Удар- цевтің ғылыми-зерттеу қызметінде қаралған мәселелерге қызығу- шылық танытатындардың барлығына арналған.
Бұл дербес биобиблиографиялық көрсеткіш ғалымның ғылыми зерттеулерінің эволюциясын көрсетеді, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорларын ашады.
Құрастырушы осы басылымды дайындаудағы көмегі үшін К.А. Нусуповаға, А.С. Өтениязовқа алғысын білдіреді.
Биобиблиографиялық көрсеткіш Т.С. Бекетованың атынан шығарылды.
Шолпан Тілепина, заң ғылымдарының докторы, профессор
10
С.Ф. УДАРЦЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ (70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ)
Өмірбаяндық және кәсіби мәліметтер
Сергей Федорович Ударцев – саяси және құқықтық ойлар тарихы, мемлекет және құқық теориясы, құқық философиясы саласындағы ірі ғалым және маман. Ол – анархизм теориясының тарихы, Қазақстан, Ресей және ежелгі Шығыстың саяси және құқықтық ойларының тарихы, мемлекет пен құқықтың жаһандық эволюциясы проблемалары, метақұқық, құқық теориясы, құқық философиясы мен әлеуметтану мәселелері, саяси жүйені дамыту- дың теориялық және теориялық-қолданбалы мәселелері, мемле- кетті дамыту тенденциялары мен қоғамның конституциялық эволюциясы, Қазақстанның конституциялық заңнамасы, ғарыш мемлекеті, құқығы мен ғарыш қызметінің қалыптасуы мен болашағы, заң ғылымы мен жоғары заң білімін дамыту, білім туралы заңнаманы қазіргі жағдайы мен тарихы туралы бірқатар жұмыстардың авторы.2
2 Ол туралы оқыңыз: Таңдалмалы. рец.: на кн. «Политическая и правовая теория анархизма в России: история и современность». – Алматы:
Казахстан; ВШП “Әдiлет”, 1994: 1) Бейсенова А.У. // Вестник НАН РК. – 1995. – № 5; 2) Баталов Э. Русский анархизм вчера и сегодня // Свободная мысль (М.). – 1995. – № 12; на кн. «История политических
и правовых учений. Древний Восток». – СПб., 2007: 1) Саидов А.Х.
Введение в изучение юридической мудрости Древнего Востока // Право- ведение (СПб.) – № 2 – 2008. – С. 233 – 237; 2) Саидов А.Х. Юридическая мудрость востока: взгляд из ХХI века на политические и правовые учения Древнего среднего Востока, Индии и Китая // Право и политика (М.) – № 3 – 2008; 3) Тлепина Ш.В. К исследованиям истории политической и правовой мысли. История Древнего Востока.
Посвящение учителям // Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева. – № 1 (80). – 2011; на кн. «Учителя и коллеги». Алматы, 2011: 1) Айтхожин К.К.
«Другие по живому следу пройдут твой путь за пядью пядь…»
// Вестник Университета им. Д.А. Кунаева – № 1 (42) – 2012. – С. 212 –
11
Ол 1951 жылы 28 тамызда КСРО, РКФСР (қазіргі – Ресей
226; на кн. «Конституция и эволюция общества (вопросы теории и философии права)». – СПб., 2015. – 388 с.: 1) Нурпеисов Е.К. // Вестник РУДН. Серия Юридические науки – 2016 – № 3. – С. 145–151; 2) Абай- дельдинов Е.М. // Правоведение (СПб.) – 2016 – № 4. – С. 163-168.
Биографиялық мәліметтер: Ударцев Сергей Федорович // Кто есть кто в казахстанской науке: Справочник. – Алматы, 1999. – С. 142; Ударцев Сергей Федорович // Асылбеков А.З. Кiмнiң Кiм екенi. Қазақстаның сот- құқық жүйесi. Анықтамалық. Кто есть Кто. Судебно-правовая система Казахстана. Справочник. – Алматы, 2010. Каз., рус. – С. 937- 939; Тлепина Ш. Во всем дойти до самой сути // Казахстанская правда – 27 августа – 2011 – С. 6; Байма-ханов М.Т., Аубакирова И.У.
Профессор С.Ф. Ударцев: ученый, педагог, общественный и политический деятель // Право и государство. – № 3 (52). – 2011. – С.
216-229; Тлепина Ш. Исследователь правовой мысли профессор С.Ф. Ударцев // Фемида (Алматы). – № 8 (188) – 2011. – С. 6-18;
Джекебаев У.С. Профессор Ударцев С.Ф. – настоящий евразиец, любящий Казахстан // Правовая реформа в Казахстане. – № 4 (56). – 2011. – С. 14; Статьи и поздравления коллег и учеников: // Правовая реформа в Казахстане. – № 4 (56) – 2011. – С. 3-26; Ударцев Сергей Федорович // Ашимбаев Данияр. Кто есть кто в Казахстане.
Биографическая энциклопедия. 2012-2013. Изд. 12-е доп. – Алматы, 2012. – С. 1142; Сырых В.М., Тлепина Ш.В. Ударцев Сергей Федорович // Видные ученые-юристы Казахстана XX – начала XXI веков.
Энциклопедический справочник. В трех частях. Ч. 1–3 (отдельными книгами) / Министерство образования и науки Республики Казахстан.
Университет КАЗГЮУ / Под общей ред. д.ю.н., проф. С.Ф. Ударцева.
Астана: Типография «Дәме»; ТОО «КАЗГЮУ Consulting», 2017. Часть 3. О – Я / Авторы: Ударцев С.Ф., Тлепина Ш.В., Ким К.В., Алимжан К.;
Сырых В.М.; Зинченко В.В., Даутбаева-Мухтарова А.Е, и др. Указатели:
Тлепина Ш.В., Ударцев С.Ф. Астана: ТОО «Дәме»; ТОО «КАЗГЮУ Consulting», 2017 – С. 180-189; 14 с. илл. (фотогалерея ученых-юристов Казахстана).
12
Федерациясы) Новосибирск облысының Обь кентінде дүниеге келген. 1968 жылы Талдықорған облысының (қазіргі Алматы облысы) Сарыөзек кентіндегі орта мектепті күміс медальмен бітірген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) заң факультетін (1973) және аспирантурасының күндізгі бөлімін (1976) бітірген.
Студент кезінде В.И. Ленин атындағы шәкіртақының иегері болды. Студенттердің бүкілодақтық ғылыми жұмыстар конкур- сында «Үздік ғылыми студенттік жұмысы үшін» медалімен марапатталған (1973). Студенттік жылдарында С.Ф. Ударцев мем- лекет және құқық теориясы (үйірме жетекшісі М.Т. Баймаханов), философия (үйірме жетекшісі Р.А. Солодилова) және саяси және құқықтық ілімдер тарихы (жетекшісі А.Н. Таукелев) бойынша ғылыми үйірмелерге белсенді қатысты. Сергей Федорович фило- софия, саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша үйірме- лердің старостасы болып, В.И. Лениннің адвокаттық және заң шығару қызметіне арналған баяндамаларды («Ленин заңгер ретінде») дайындап жүрді. Бұл үйірмелердің жұмысы студенттерді ғылыми зерттеулерге дайындауда маңызды және үлкен рөл атқарды.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де (семестр, 1981) және КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында (семестр, 1990) біліктілігін арттырып, АҚШ, Болгария, Венгрия, Ұлыбритания, Франция, Финляндия университеттері мен сот мекемелерінде семинарлар мен тағылымдамалардан өтті.
С.Ф. Ударцев – заң ғылымдарының докторы (Мәскеу, 1992).
Профессор (1994). Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының (Алматы, 1998; 1996 жылдан бері корреспондент- мүшесі) және Заң ғылымдары академиясының (Алматы, 2004) академигі. Еуропа құқық академиясының толық мүшесі (Буда- пешт, 2000).
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
«М.А. Бакуниннің саяси көзқарастарындағы мемлекет және революция мәселелері (сыни талдау)» тақырыбындағы диссерта- ция (1977, Алматы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Филосо- фия және құқық институты) қорғады. Мамандығы: 12.00.01 –
13
мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқық және саяси ілімдер тарихы. Ғылыми жетекшісі: з.ғ.к., доцент А.Н. Таукелев.
Ресми оппоненттері: з.ғ.д., профессор Ғ.С. Сапарғалиев; з.ғ.к., доцент Н.С. Прозорова (Т.Г. Шевченко ат. Киев мемлекеттік университеті). Жетекші ұйым: М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультеті.
1992 жылы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын (М., Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей басқару академиясының Мемлекет және құқық орталығы) қорғады. Мамандығы: 12.00.01 – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы; құқық және саяси ілімдер тарихы. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ресейдегі анархизмнің саяси және құқықтық теориясы: тарих және қазіргі заман». Ғылыми кеңесшісі: з.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Г.В. Мальцев. Ресми оппоненттер: з.ғ.д., профессор О.Э. Лейст (М.В. Ломоносов ат.
ММУ); з.ғ.д., профессор И.А. Исаев (Мәскеу құқық академиясы);
философия ғ.д., профессор А.И. Володин (Мәскеу., Ресей Федера- циясы Президентінің жанындағы Ресей басқару академиясы).
Жетекші ұйым: КСРО Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институты (М). Бұл саяси және құқықтық ілімдердің тарихы бойынша қазақстандық ғалымдар арасында қорғалған алғашқы докторлық диссертация еді.
С.Ф.Ударцев 1976 – 1988 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, соған қоса деканның орынбасары, декан (1987 – 1988) қызметтерін атқарды (1987 жылғы ақпанда баламалы негізде сайланды). Көп жылдар бойы ҚазМУ заң факультетінің СҒЗЖ жетекшісі болды, Қазақ КСР командасын «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» бүкілодақтық олимпиадаларына дайындады (жеке есепте 1-ші орын және командалық есепте 2-ші орын, 1985 ж.) (Свердловск, 1984, 1985 ж.).
1988 – 1992 жылдары – Алматы жоғары партия мектебінің (АЖПМ) доценті және ғылыми хатшысы, РБА (М., Ресей Федера- циясы Президентінің жанындағы Ресей басқару Академиясы) Алматы ПБИ ғылыми кеңес хатшысы, Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (ҚМЭБИ) доценті.
14
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы болып сайланып, осы қызметте 1992 – 1995 жылдары жұмыс істеді. Жоғары білікті судья сыныбына ие.
1995 – 1998 жылдары – ҚазМЗУ, ҚазМЗИ мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі (Алматы). 1998 – 1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы заң қызметінің басшысы (заң бөлімінің меңгерушісі, заң басқармасы- ның бастығы, заң департаментінің директоры).
1999 – 2006 жылдары – «Әділет» Жоғары құқық мектебі – Заңтану академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры (Алматы).
2006 – 2007 жылдары - Астана қ. ҚазМЗУ оқу және оқу-әдістеме- лік жұмыс жөніндегі проректоры. 2007 – 2009 жылдары – ҚазМЗУ ректоры (Астана). 2009 – 2012 жылдары – ҚазМЗУ Президентінің кеңесшісі. 2012 – 2017 жылдары – ҚазМЗУ Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ҒЗИ директоры (Астана). 2013 жылдан бастап «Құқық және мемлекет» заң журналының бас редакторы (Астана, ҚазМЗУ https://www.elibrary.ru/title_about_ new.asp?id=
41180 http://km.kazguu.kz/). 2017 жылдың қазан айынан бастап ҚазМЗУ С. Зиманов атындағы Құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының Құқықтық саясат, конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі ғылы- ми – зерттеу жобаларының жетекшісі.
Студенттерге – «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы»,
«КСРО мемлекет және құқық тарихы», «Мемлекет және құқық теориясы»; магистранттарға – «Ежелгі Шығыстың саяси және құқықтық ілімдері», «Анархизмнің саяси және құқықтық теория- лары: тарихы және қазіргі заман»; докторанттарға – «Консти- туция және қоғам эволюциясы» пәндері бойынша дәрістер, қазіргі мемлекеттің дамуы мен құқықтық саясат бойынша дәрістер циклын оқыды.
«Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан Республика- сының азаматтық және азаматтық емес жоғары заң оқу орындары үшін алғашқы бірыңғай МЖБС (1999) және «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы» курсы бойынша үлгілік бағдарламалар (2003, 2005) әзірлейтін жоғары оқу орындарының бірлескен автор- лық ұжымдарын басқарды. Сорос-Қазақстан қорының құқықтық
15
реформалар және білім беру бағдарламалары бойынша сарап- шысы (1996 – 2001). Қазақстан Республикасы Ғылым комитеті жанындағы ЖАК (кейінірек – ҚР МАК) заң ғылымдары және саясаттану жөніндегі алғашқы үш сараптамалық кеңесі төрағасы- ның орынбасары және мүшесі (1993 – 1996). 2000 – 2004 жылдары – ҚазМЗА (ҚазМЗУ) Мемлекет және құқық институты Жоғары аттестаттау комиссиясының заң ғылымдары бойынша Ұлттық үйлестіру орталығының мүшесі. «Құқықтану» мамандығы бойын- ша республикалық оқу – әдістемелік бірлестіктің (ОӘБ) мүшесі, төраға орынбасары (2002 – 2009). Мемлекет және құқық институ- ты (Алматы), ҚазМЗУ (Алматы, Астана), Қырғыз мемлекеттік заң академиясы (Бішкек) жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер төрағасының орын- басары және мүшесі болды.
2000 – 2004 жылдар аралығында Қазақстан ЖАК заң жоба- ларын, нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде ғылыми дәрежелер мен атақтар беру қағидаларын, диссертациялық кеңес туралы ережелерді және ғылыми қызметкерлердің номенкла- турасын әзірлеуге және сараптауға қатысты.
Сергей Федорович көптеген жылдар бойы ғылыми және педагогикалық қызметтен басқа бірнеше мемлекеттік органдар- дың сарапшысы. 2000 – 2004 жылдары – Қазақстан ЖАК заң ғылымдары бойынша Сарапшылар кеңесінің төрағасы. 2006 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының (кейінірек – Қоғамдық палата) мүшесі. 1996 – 1997 жылдар – Қазақстан Рес- публикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық-консультациялық кеңесі мүшесі, 2007 – 2011 жылдары – төрағасы, 2012 – 2016 жылдары – төрағаның бірінші орынбасары, 2017 жылдан төрағасы. 2011 жылдан Қазақ- стан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшесі.
2013 жылдан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультациялық кеңес мүшесі. 2015 жылдан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (БСҚТҚА, БСҚТА) аккредитациялық кеңесі төрағасы.
Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сарапшысы болды.
16
«Право и государство» (Астана, ҚазМЗУ), «Правовая рефор- ма в Казахстане» (Алматы), «Заңгер» (Астана, Қазақстан Респуб- ликасы Судьяларының одағы), «Правоведение» (Санкт-Петербург, РФ), «Вестник Кыргызской государственной юридической акаде- мии» (Бішкек, Қырғыз Республикасы), «Образование. Наука.
Творчество» (Ресей Федерациясы), «Вестник Московского госу- дарственного открытого университета (ММАУ, Ресей Федерация- сы) сияқты бірқатар қазақстандық және шетелдік ғылыми журналдардың редакция алқасы мен кеңесінің мүшесі. «Nauki społeczne social sciences» (Wydawnictwo Uniwersytetu Ekonomicz- nego we Wrocławiu) журналының (Вроцлав, Польша Респуб- ликасы) «Rada naukowa» (Ғылыми кеңесі) мүшесі.
С.Ф. Ударцев Қазақстан құқық профессорлары арасындағы бірінші конкурстың жеңімпазы және «С.Ф. Ударцев. Құқықтану саласындағы жыл профессоры» (2005) төл медалінің иегері.
Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының «Үздік автор»
(2006) номинациясында А. Байтұрсынов атындағы медальмен және Қазақстан заңгерлері одағының «Қазақстан Республика- сының құрметті заңгері» (2015) медалімен, Қазақстан Респуб- ликасының бес мемлекеттік мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен (2013),
«Қырғыз мемлекеттік заң академиясының құрметті профессоры»
медалімен (2012) марапатталған. Қазақстан Республикасы Прези- дентінің алғысымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008), «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін»
(2011) белгілерімен және т.б. марапатталды.
Профессор С.Ф. Ударцев 700-ге жуық ғылыми, ғылыми- көпшілік, әдістемелік жұмыстардың авторы.
С.Ф. Ударцев ғылыми шығармашылығының келесі негізгі бағыттарын атап өтуге болады.
Конституциялық даму мәселелері
Посткеңестік елдердегі конституцияның эволюциясы, оның ішінде Қазақстандағы конституциялық реформаларды талдау,
17
конституция, экономика және саясат, Қазақстан Республикасын- дағы конституция және қолданыстағы құқық, конституциялық бақылауды дамыту проблемалары, адам құқықтары, олардың экономикалық дағдарыстар жағдайында қорғалуы, құқықтар мен бостандықтар эволюциясы саласындағы жаһандық үрдістер, жаһандану және демократияландыру жағдайларында мемлекеттік қызметті жаңғырту, посткеңестік елдердегі мемлекет нысанының эволюциясы, қоғамдық палатаның әлеуеті мен қызметі, сот және құқық шығармашылығы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар қызметін, жергілікті өзін-өзі басқаруды құқықтық тұрғыдан реттеу, этносаясаттың құқықтық негіздері, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, сайлау құқығы, сайлау алдындағы үгітті құқықтық реттеу және
конституциялық құқықтың басқа да көптеген мәселелері С.Ф. Ударцевтің ғылыми нысанасына жиі алынады.
Ол конституция эволюциясының жалпы теориялық және философиялық-құқықтық мәселелерін, оның ішінде «конститу- ция» терминінің генетикалық және этимологиялық аспектілерін, құқық негіздерін сақтау мен қорғау нысандары мен құралдары тарихындағы қоғамдық сананы іздеу мәселесін, конституция эволюциясына әсер ететін факторлардың құрылымы мен ара- қатынасын, қоғамдық даму қарқынын жеделдету мен бәсең- детудегі конституцияның рөлін, қоғам мен конституцияның даму үндестігін, жаһандық құқықтық жүйенің қарама-қайшылыққа толы эволюциясы кезіндегі конституциялардың заңды ұлттық
«адаптерлер», «жалғағыштар», «трансформаторлар» ретіндегі рөлін, конституциялық реформаның теориялық мәселелерін зерттеді. Бұл мәселелер оның «Конституция и эволюция общества (вопросы теории и философии права)» (СПб., 2015 – 388 бет) монографиясында көрініс тапты.3
Ақпараттық қоғам мен жаһандану жағдайында мемлекеттің
«жұмсақ» және «ақылды» күшінің тетіктері мен элементтерін
3 Ударцев С.Ф. Конституция и эволюция общества (вопросы теории и философии права). – СПб.: Университетский издательский консорциум, 2015. – 388 с.
18
қалыптастыруды ескере отырып, заманауи қуатты, әрі құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен дамыту, осыған орай құқықтық саясатты, мемлекеттік органдар жүйесін жаңғырту және осы процестерді құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету проблемаларын зерттеу ғалымның қызығушылығын тудырады.
С.Ф. Ударцевтің жұмыстарының едәуір бөлігі Қазақстанның саяси жүйесі мен конституциясының эволюциясы, конституция- лық заңнама мәселелеріне арналған. Конституция мен құқықтық сананың өзара ықпалдасуын ғалым құқық түсіну дәстүрлері және конституция тұрақтылығы, конституция мен оның шектерін, адам, халық және адамзат құқықтары идеяларын түсіндіру тұрғысынан қарастырады. С.Ф. Ударцев конституцияға қатысты жағдайда құқықтық сана айрықша маңызды рөл атқаратынын және кез- келген қарекет, адамның әрекеті сана арқылы өтетінін айтады.
Ғалымның ойынша, құқықтық сана көбінесе бірнеше жылдан ғасырларға дейінгі уақыт аралығында белгілі бір зияткерлік өнімдерді (философиялық-құқықтық, тарихи, саяси және т.б.
тұжырымдамалық дүниелер, жобалар, жоспарлар, болжамдар және т.б.) дүниеге әкелді, олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін жаңа жағдайларда сұранысқа ие болады. Ғалым сананың заң шығару саласын қалыптастырудағы, конституцияның ғұмырын ұзартудағы, әсіресе қазіргі қоғамдағы және тіпті болашақ қоғамдағы рөлі артып келе жатқанын айтады4.
4 Ударцев С.Ф. Конституция и правосознание // От Декларации о госу- дарственном суверенитете Казахской ССР к действующему основному закону Республики Казахстан: институциональное развитие консти- туционных прав и свобод человека и гражданина. Материалы Между- народной научно-практической конференции (Алматы, 20-21 октября 2005 г.) – Алматы, 2005. – С. 49-59. См. также: Ударцев С.Ф. Консти- туционная реформа 2007 г. в Казахстане в контексте эволюции формы государства // Парламентаризм в Казахстане: состояние и перспек- тивы развития = Қазақстандағы парламентаризмнің жай-күйi мен даму перспективалары = Parliamentarism in Kazakhstan: current status and prospects of development. Материалы Международной научно- практической конференции. Астана, 22 ноября 2007 года. – Астана, 2008. – С. 124 – 129; Он же. О совершенствовании правовой основы
19
Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгеріс- тер мен толықтырулар (2017), конституциялық нормалардың
взаимоотношений политических партий и НПО как элементов гражданского общества // Хабаршы – Вестник / Қазақ Гуманитарлық Заң Университетi / Казахский Гуманитарно-юридический Универси- тет. Серия «Философия, социология, политология» (Астана). Ғылыми журнал. Научный журнал. – № 5 – 2009 – С. 25 – 29; Он же. О возмож- ных направлениях и условиях совершенствования национального представительства в представительных государственных органах // Вестник Института законодательства Республики Казахстан.
Научно-правовой журнал. – № 2 (14) – 2009. – С. 12 – 14; Нарикбаев М.С., Ударцев С.Ф. Формирование сильного, эффективного, демократичес- кого государства и Конституция // Совершенствование законодатель- ства в свете концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года: Материалы международной научно- практической конференции 19 ноября 2010 г. I том. – Астана: ГУ
«Институт законодательства Республики Казахстан», 2010. – С. 48 –
70; Ударцев С.Ф. Устойчивое развитие общества и конституция // Международный научно-аналитический журнал «Қазақстандағы
парламентаризм» (Астана, Институт парламентаризма) – № 3 (9) – 2010. – С. 55 – 60; Он же. Развитие общества, государства и эволюция конституции // Материалы международной научно-практической кон- ференции «Конституция – основа демократического развития госу- дарства», посвященной 15-летию Конституции Республики Казахстан.
Астана, 2010, жылғы 27 – 28 тамыз. В 2-х томах. Т. 1. – Астана, 2010.
– С. 202 – 207; Он же. Правовая политики в Республике Казахстан [Текст]: новые приоритеты развития и преемственность / С. Ф. Удар- цев. // Вестник Российского университета дружбы народов: Серия Юридические науки. – № 3. – 2010. – С. 86 – 97; Он же. Государственная служба в условиях демократизации общества // Правовые проблемы совершенствования государственной службы в условиях глобализации.
Материалы круглого стола. КазГЮУ, 22 декабря 2010 г. – Астана: ТОО
«ЦБО и МИ», 2011. – С. 107 – 127; Он же. Правовая политика, систематизация законодательства и эволюция права // Право и политика. Международный научный журнал (М.) – № 5 – 2011. – С. 739 – 751. и др.
20
мазмұны, Қазақстан Конституциясындағы түзетулер баяндалып, түсіндіріліп, талданып, «Казахстан: конституционная реформа
2017 года: (Комментарий к Закону Республики Казахстан
“О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан” от 10 марта 2017 г. № 51 – VI ЗРК)», «ҚазМЗУ университеті» АҚ, Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институты /С.Ф. Ударцев» (Астана, 2018.
– 192 бет) монографиясында толық ұсынылды.
С.Ф.Ударцев – конституциялық заңнама саласындағы беделді сарапшылардың бірі. Қазақстан Республикасының Конституция- лық кеңесіне ұсынған сарапшылық қорытындыларының бірі 2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының жекелеген нормаларының басымдығын, Қазақстан Президентін сайлау күнін айқындауға септігін тигізді. Қазақстан Республикасының Консти- туциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентін кезекті сайлау күнін белгілеуге негіз болатын бапты айқындау және бұл күнді Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі жария- лауы үшін Қазақстан Парламенті депутаттары тобының Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 1-тармағын және 94-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін бас- шылыққа алды. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі- нің мүшесі С.Ф. Бычкова С.Ф. Ударцевті осы іске сарапшы ретінде тарту туралы ұйғарым шығарды. Өзінің сарапшылық қорытын- дысында С.Ф. Ударцев қойылған мәселелер бойынша дәлелді тұжырымдар жасап, 2005 жылғы 12 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің ашық отырысында сөз сөйледі. Сайлауды 2006 жылғы желтоқсанда өткізіп, Президент өкілеттігін бір жылға жуық уақытқа ұзартуды ұсынған көптеген сарапшылармен салыстырғанда, ол өзінің қорытындысында сайлау күнін алға қарай ығыстыру Президенттің өкілеттік мерзімінің халық сайлаған мерзімнен асып кетуіне, бұл жоғары биліктің заңсыз болуына әкелуі мүмкін деген пікір білдірді.
Қорытындыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 41- бабында баяндалған және оны ары қарай дамытатын Сайлау туралы заңның нақты айқындалған жалпы сипаттағы базалық нормасына басымдық беріп, Президентті Қазақстан Конституция-
21
сы бойынша жеті жылдық мерзімге сайлап, сайлауды 2005 жылғы желтоқсанның бірінші жексенбісінде, яғни 2005 жылғы 4 желтоқ- санда 41-баптың 3-тармағына сәйкес өткізу қажеттілігі туралы айтылған. Бұл сайлау күнін Конституциялық Кеңес қуаттады.5
Мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы
С.Ф. Ударцевтің жұмыстарының бірқатары Ш.Ш. Уәлиханов6
5 Қараңыз: Постановление Конституционного совета Республики Ка-
захстан 19 августа 2005 г. № 5 Об официальном толковании пунктов 1 и 3 статьи 41 и пункта 1 статьи 94 Конституции Республики Казах-
стан // Казахстанская правда – 25 августа 2005 – № 227-228 (24837- 24838) – С. 6; Ударцев С.Ф. О приоритете отдельных норм, последст- виях неопределенных формулировок и значении народа как источника государственной власти при толковании Конституции. Заключение эксперта по принятому к конституционному производству Консти- туционным Советом Республики Казахстан обращению группы депута- тов Парламента Республики Казахстан об официальном толковании пункта 1 статьи 41 и пункта 1 статьи 94 Конституции Республики Казахстан // Правовая реформа в Казахстане – № 3 (29) – 2005 – С. 9-
17; Бредихина Т. Конституционный совет заслушал экспертов // Казахстанская правда – 13 августа 2005 – № 217-219 (24827-24829) –
С. 2; Айхан Шәріп. Ел күтiп отыр Конституциялық кеңес шешімін,
сарапшылар қашан айтар екен кесiмiн? // Айқын – 13 тамыз 2005 –
№ 1525 (358) – 1-2 б.; Жихорь Ю. А все-таки она вертится (Консти- туция) // Новое поколение – 19 августа 2005 – № 33 (377) – С. 2; Баранов В. Ответ КС. Кто же определил дату проведения президентских выборов? // Московский комсомолец в Казахстане – 25-31 августа 2005 – № 32 (327) – С. 22.
6 Ударцев С.Ф. Ч.Ч. Валиханов во «Всеобщей географии» Э. Реклю // Простор (Алма-Ата) – 1985 – № 9; Сартаев С.С., Ударцев С.Ф.
Ч.Ч. Валиханов – ученый-востоковед, мыслитель, демократ. К 150- летию со дня рождения // Советское государства и право – 1986 – № 7;
Ударцев С.Ф. Связи Чокана Валиханова с русской революционно-
22
пен А. Құнанбаевтың саяси және құқықтық көзқарастарына арнал- ған7 . ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері – «Алаш» партиясы қайраткерлері идеяларының тарихи ізашары болған, консервативтік, либералдық және революциялық- демократиялық элементтерді біріктірген Ш.Ш. Уәлихановтың көзқарастары жаңа тұрғыдан сипатталады. Қазақстан мен Ресей Президенттері Қазақстанда Пушкин және Ресейде Абай жылы деп жариялаған 2006 жылы ұйымдастырушылардың бірі және автор ретінде С.Ф. Ударцевтің қатысуымен «Мәдениет кемеңгерлері:
Пушкин мен Абай» (2007) Ресей-Қазақстан баспа жобасы жүзеге асырылды. Кітапқа Ударцевтің Абайдың саяси, құқықтық көз- қарастары мен заң шығармашылығы туралы жұмысы да енген.
С.Л. Фукстың «Очерки истории государства и права казахов в XVIII и первой половине ХIХ в.» (Астана / СПб., 2008. – 816 б.) қазақтың әдет-ғұрып құқығының тарихы туралы бүгінгі күнгі ең ірі монографияның толық нұсқасын (қысқартылған нұсқасын 1981 жылы С.З. Зиманов шығарды) өзінің редакциясымен, ескерт- пелерімен және алғысөзімен (бірге авторлықта) шығару арқылы С.Ф.Ударцев Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы дерек көздерінің қорын қалыптастыруға үлес қосты. 8 Қолжазбаны
демократической эмиграцией // Чокан Валиханов и современность: Сб.
материалов Всесоюзной научной конференции, посвящённой 150-летию со дня рождения Ч.Ч. Валиханова. Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1988;
Ударцев С.Ф. Шоқан Уәлихановтың саяси және құқықтық көзқарасы // Уәлиханов Ш. Сот реформасы жайында жазба. − Алматы: Жеті
жарғы, 2003. − 5-34 бб.; Он же. Политические и правовые взгляды
Чокана Валиханова // Валиханов Чокан. Записки о судебной реформе / Вступит. ст. и примеч. С.Ф. Ударцева. – Изд. 2-е доп. и исправл. –
Алматы: Жетi жарғы, 2004. – 112 с. илл. (Серия: Жемчужины истории политической и правовой мысли).
7 Ударцев С.Ф. Абай Кунанбаев: мыслитель, судья, законодатель // Гении культуры: Пушкин и Абай. Мәдениет данышпандары: Пушкин
және Абай. Ростов-на-Дону – Астана – Армавир, 2007. − С. 227-246.
8 Ударцев С.Ф., Дулатбеков Н.О. С.Л. Фукс о кочевом обществе, государстве и праве казахов (вместо предисловия) // В кн.: Фукс С.Л.