1
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы
«ҒАЛЫМ МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ»
ІV Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының мақалалар мен баяндамалар жинағы
15 қараша 2021 ж.
2
ОӘЖ 378 КБЖ 74.58 Ғ 38
Ғ 38 Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм.
ІV Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының мақалалар мен баяндамалар жинағы. 2021 ж. 15 қараша. – Кӛкшетау: Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, 2021. – 240 б.
Редакциялық алқа:
ф. ғ. д. С. Негимов; т. ғ. д. С. Д. Шәріпханов;
ф.-м. ғ. к. К. Ж. Раимбеков; т. ғ. к. Қ. Қ. Карменов;
филос. ғ. к. Э. Г. Шуматов; PhD докторы Қ. Ә. Нарбаев;
ф. ғ. к. С. К. Қасымова.
ISBN 978-601-7978-37-2
Конференцияның материалдары шығармашылық ахуал мен қызықты пікірталастар арқылы жастарды жаңа қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуде, жаңа шешімдер табуға, одан әрі қарай білімдерін жетілдіруге және даму келешегін табуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сан қырлы талант иесі Мәлік Ғабдуллиннің ғалымдық болмысы, ғылыми ӛрісі сарқылмай, уақыт озған сайын, күн ӛткен сайын ӛзінің ӛміршеңдік сипатын жоғалтпай жаңғыра, жаңара, жарқырай түсу үшін жинақталған.
Жинақ ТЖМ қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, магистранттарына, курсанттар мен студенттеріне арналған.
ОӘЖ 378 КБЖ 74.58
ISBN 978-601-7978-37-2
© Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы, 2021
3
Приветственное слово
Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан генерал-майора Ильина Ю.В.
Уважаемые коллеги, участники и гости конференции!
От имени Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан и себя лично приветствую участников IV-ой Международной научно-теоретической конференции «Ученый Малик Габдуллин и новый казахстанский патриотизм»!
Проведение активной воспитательно-патриотической работы среди личного состава органов гражданской защиты должно способствовать формированию мировоззренческих установок сотрудников, направленных на защиту интересов государства и личности. Поэтому не случайно одним из важнейших направлений воспитательной работы в системе гражданской защиты является гражданско-патриотическое воспитание.
Академия гражданской защиты имени Малика Габдуллина МЧС Республики Казахстан является единственным в Казахстане профильным образовательным учреждением, которая не только обеспечивает подготовку и переподготовку востребованных кадров для системы органов гражданской защиты, но и формирует образ будущего офицера – спасателя.
Символично, что в год празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан нашему высшему учебному заведению присвоено имя Героя Советского союза – Малика Габдуллина, и был присвоен статус «Академии».
Воспитание высокого чувства патриотизма, верность профессиональному долгу, добросовестное выполнение служебных обязанностей, укрепление духовно-нравственных качеств – это и есть формирование мировоззренческой и активной гражданской позиции сотрудников органов гражданской защиты.
Убежден, что проведение конференции станет значимым вкладом в решении актуальных задач, связанных с формированием нового казахстанского патриотизма и будет способствовать выработке гражданско-мировоззренческих ориентиров и установок, как сотрудников системы гражданской защиты, так и граждан республики в целом, а также будет способствовать привлечению широкой общественности к проблематике конференции.
Желаю вам плодотворной работы и всего самого доброго!
4
Қазақстан Республикасы Тӛтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының бастығы,
техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник С.Д. Шәріпхановтың
АЛҒЫ СӚЗІ
Құрметті зиялы қауым, конференция қонақтары, әріптестер, курсанттар және конференция қатысушылары!
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – кӛзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл кӛптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан ӛтіп келеміз.
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан арман- тілегі. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және ӛшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт- азаттық кӛтерілістердің тарихымызда ӛшпес ӛнеге, ӛлмес мұра ретінде сақталғаны да рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан- сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың ӛзі де жандарын пида еткені ғажап емес.
Осы жыл тек мемлекетіміз үшін ғана емес, біздің оқу ордамыз үшін де айтулы ӛзгерістерге толы болды. Кӛкшетау техникалық институты Азаматтық қорғау академиясы болып, сондай-ақ «ер есімі – мәңгі ел есінде» демекші, академияға Ұлы Отан соғысының қаһарманы, академик-ғалым Мәлік Ғабдуллиннің есімі берілді. Бұл батыр бабамыздың есімін мәңгі ұлықтау әрекетіміздің бірі деп білемін.
М. Ғабдуллиннің есімін беру – бір күннің тарихы емес. 2018 жылы І конференция қатысушылары белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар Кеңес Одағының Батыры М. Ғабдуллиннің есімін институтқа беру туралы мәселені қозғап, оны резолюцияға мерзімін кӛрсете отырып қабылдаған болатын. Осы ретте Академияға М.Ғабдуллиннің есімін беру туралы құжаттары Тӛтенше жағдайлар министрі генерал-майор Ю.В. Ильиннің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияға жіберіліп, оңтайлы түрде шешімін тапты.
5
Ӛткен жылы коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты конференция қашықтық форматында ӛткізілді.
Конференцияның мәртебесін республикалықтан халықаралық деңгейге кӛтеру туралы шешім қабылданды. Резолюцияның осы тармағын біз бүгінгі күні орындап отырмыз.
Ӛскелең ұрпақтың бойында азаматтық және патриоттық сананы қалыптастыру – тәуелсіз мемлекет құрудың ажырамас құрамдас бӛлігі болып табылады. Отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дарыту мен дамыту, әскери және әскери-арнаулы мекемелердің қызметінде, сонымен қатар азаматтық қорғау жүйесінде де ерекше ӛзектендіріледі.
Отансүйгіштікті тек бос жаңғырық түрінде ғана емес, нақты тарихи тұлғалармен байланыстырған жӛн. Мәлік Ғабдуллин сияқты кӛрнекті тұлғалардың мысалында әскери-патриоттық тақырыпты таңдау, кездейсоқтық емес. Патриоттық-тәрбие жұмысы, әсіресе, жас ұрпақпен ерліктің, күштің, батылдықтың, адалдықтың және Отанға қызмет ету мысалдарынсыз мүмкін емес, әйтпесе ол абстрактылы-үстірт сипатқа ие болады.
Біздің даңқты жерлесіміз ерліктің, күштің, батылдықтың, адалдық пен Отанға қызмет етудің айқын үлгісі. Оның шығармашылығында қозғалған патриотизм және құндылық-дүниетанымдық бағдарларды қалыптастыру мәселелері бүгінгі күні де ӛзекті.
Биылғы конференцияға ғалымдар, сарапшылар, оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік мекемелердің ӛкілдері, студенттер мен курсанттар қатысып отыр. 100 тарта мақала келіп түсті, олардың ішінде 5 мақала шет мемлекет ғалымдарының жұмыстары.
Ӛткізіліп отырған конференция мазмұнды ӛтетініне сенім білдіремін. Барлық конференцияға қатысушыларға табысты еңбек, нәтижелі пікірталас, және жаңа серіктестік пен достық байланыстар орнатуға тілектеспін.
6
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС БАЯНДАМАЛАРЫ
Бекет Момынқұл,
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының штаттан тыс қызметкері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,
Қазақстанның құрметті журналисі. Тараз қаласы
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН (Хаттарда, мақалаларда, стенограммаларда баяндалған тарих)
Бауыржан Момышұлымен Мәлік Ғабдуллиннің таныстығы 1941 жылдың желтоқсанында басталды. Екеуі дивизияның екі полкінде болғандықтан бір-бірін кӛріп танымаған. 41-ші жылдың қарашасында Бауыржан 19-шы (бұрын 1073-ші) полктың командирі болып тағайындалады. Бірақ белгісіз себептерге байланысты сол жылдың аяғына таман 23-ші (бұрын 1075-ші) полк командирінің орынбасары етіп ауыстырылады. Дәл осы полкта Мәлік Ғабдуллин рота политругі етін. Екі ай болар-болмас уақыт ӛткенде Бауыржанды ӛз 19 полкіне бұрынғы қызметіне қайта тағайындайды. Сол екі айдың ішінде Бауыржанмен Мәлік танысады. Содан бастап Мәліктің тағдырында Бауыржан айтарлықтай роль атқарады. Тіпті Кеңес Одағының Батыры атағына Мәлікті ұсынып, алып та берген осы Бауыржан етін. Бұл жӛнінде сәл тӛменірек баяндалады.
Баукеңе жазған бір хатында Мәлік: «...23 февраль күні Талғар полкына командир болып белгілендіңіз. Біз Сізді зор тілек құрметпен аттандырып салғанбыз. Жауға қарсы кӛптеген ұрыстар жүргіздіңіз.
Февральдың бас кезінде полк шабуылға шыққан шақта, Капров біраз күн ауырып қалды да, барлық жауапкершілік Сізге жүктелді. Шабуылға шыққан полкты Сіз басқарып кӛптеген сәтті ұрыстар жүргіздіңіз.
Капров басқарған полкта бірге болған кезде таныстық... Сізбен бірге қызметтес болдық», - деп жазады.
1944 жылдың қаңтарында Бауыржан елге оралып, емделіп жүргенде, Мухтар Ауезовтың бастамасымен Алматыда Қазақстан мен Ресейдің шығармашылық және ғылыми элитасына лекция оқығаны бар.
Сол лекцияларда бір оқиғаны баяндайды. Ол Бородино деревнясы үшін ұрыс болатын. Полкке Трошково деревнясын басып алу тапсырылған.
Дивизия басшыларының пайымдауынша, дәл осы деревнядан
7
Соколовоны қорғап жатқан неміс әскерлеріне азық-түлікпен оқ-дәрі жеткізіледі. Ал рекогносцировкада түйінді нүкте Бородино деревнясы болып шықты. Оған алты жол апарады екен. Демек, Соколовоның қорғаныс негізі осында болғаны. Сонымен Момышұлы полкінің алдында алты деревня тұр. Олар: Трошково, Бородино, Баркловица, Трохово, Кашино, Коншино. Дәл осы сәтте оған қатты ойлануға тура келді. Егер Трошковоны басып алса, бұйрық толығымен орындалмағаны болады. Бұйрықты орындау үшін алты деревняны да алу керек. Оған күші жетуі екі талай: қарамағында полктің жарты құрамы. Ал оның қарсы алдында жәй неміс әскері емес, іріктелген эсэстың «Мертвая голова» дивизиясының бӛлімдері тұрды. Сонда жауды қалай жеңіп, алты деревняны босатуға болады? Бауыржан атап ӛткен лекцияларында бұл сұраққа былай жауап береді: «Тек басмашылардың тәсілімен!» Тәуекелге салып, сол түнде ол полкінің жарты құрамын алты топқа бӛліп бір сәтте алты деревняға шабуыл жасаймыз деп шешім қабылдайды. Ойы сәтті аяқталады.
Бірақ жау қыстақтарды қайта басып алмақ ниетпен бірнеше рет шабуыл жасайды. Фашисттердің шабулдарының бірінде оққа ұшқан батальон комиссары Гусевтің орнына Мәліктің қол бастап жасаған ерлігі туралы Баукең былай жазады: «Қайдан келіп қалғанын қайдам, жалт қарасам қасымдағының біреуі Мәлік.
– Ойбай, Мәлік, аналарға тез жүгір. Қырылып қалмаса бастарын кӛтерсін. Келіп қалды ғой, – деп сӛзімді аяқтағанша Мәлік автоматын серт ұстап, бұғып жатқан роталарға қарай тұра жӛнелді. Жау басынып, айбынды келеді. Қаптап, жақындап келіп қалды... ал, кешеден бергінің барлығы зая кетті деген осы деп жүрегім сұлқ ете түсе берегенде оң жақтағы бір шоқыдан 5-6 автоматшылар жер астынан шыққандай, автоматтарын безілдете айқайлай тиісті. Бүйірден соғу қандай жаман:
жау легінің сол қанаты жапырла құлай бастады. «Айналып кетейіндер...» деуге тілім келгенше жаудың оң бүйірінен Мәлік бастаған жиырма шақты адамдар атқылай қарсы шапты».
Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік жаудың екі танкісін гранатамен жарып, 12 солдатын тұтқынға алды. Ұрыс кезінде алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратты. Жас жігіттің ерлігінің арқасында полктің тағдыры шешілді десек артық етпес. Оны түсініп, бағалаған Бауыржан Мәлікті 22 ақпанда (1942 жыл) Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бұл ұсынысты дивизия командирі қолдағанымен, жоғары әскери командование еш себепсіз тоқтатып тастайды. Сол атақты Мәлікке бір жылдан соң Баукең жорға алып береді. Осы жӛнінде Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы санында «Батырдың беймәлім сырлары»
8
атты мақаласында тарих ғылымдарының докторы Кӛкіш Рысбайұлы былай деп жазады: «Жауды Мәскеу түбінен шегіндіргеннен кейінгі кӛктемгі шабуылға әзірлігімізге армия қолбасшысы риза болды, – деді Баукең. – Оны ӛзімнің КП-мда жақсылап сыйладым. Оған мүмкіндігіміз бар еді. Соның алдында атқосшы адъютант мініп жүрген атқа снаряд тиіп, ауыр жараланған болатын. Семіз еді, дереу сойғызып, аспазшым, ӛзбек жігітіне қазы-қартасын, ішек-қарынын бабына келтіріп пісіріп, офицерлермен солдаттарымды бір тойғызған едім. Содан қалғанын астырттым. Басқа да кӛңіл кӛтеретін бірдемелер бар еді. Соғыс жағдайындағы қонақжайлығымызға дән риза болған генерал машинасына мініп жатып:
– Бауыржан, маған қандай ӛтінішің бар? – деп сұрады. Мен Мәлік Ғабдуллиннің кӛрсеткен ерлігін тӛмен бағаланғанын айттым.
– Олай болса сен барлық награда құжаттарын қайтадан жазып, арнайы адаммен тікелей ӛзіме жеткіз. Ар жағын ӛзім білем, – деді де жүріп кетті. Айтқанын орындадым. Сӛйтіп Мәлік кӛрсеткен ерлігі үшін лайықты наградасын алды. Бәріміз қатты қүандық».
Бірақ Кӛкіш ағамыз бір қателік жіберген сияқты. Бауыржанның полкіне армия қолбасшысы келді дегенінде күмән бар. Біздің біліумізше, корпус командирі генерал-майор Михаил Кутузов келген.
Осы кісіні Мәлікте таныған. Бауыржанға 1943 жылдың 26 мамырында жазған хатында былай дейді: «Кутузовта болдым. Ол кісі сіздің бақырауықты мақтамайды, надан екен деп боқтайды. «Бір кӛргенде дұрыс сияқты, ал анықтап, түсіне қарасаң, ішек-қарны толған надандық екен», – дейді Кутузов. Мен осы определениеге қосылдым. Бұлар оны орнынан босату туралы әңгіме кӛтерген екен».
Мәлікке Кеңес Одағының Батыры атағы қалай берілгені жӛнінде профессор Мекемтас Мырзахметұлы былай баяндайды: «Баукеңнің мәлімдеуінше, бір генералды ӛз полкында жақсы күтіп, шығарып салыпты. Генерал кетерінде:
– Не сұрайсыңдар? – десе керек. Ол кезде кӛп командирлер қару- жарақ немесе қосымша әскер сұрайды екен. Ал, Баукең болса ӛз жауынгерлерінің ерлік істері жазылған пакетті генералға ұстатып тұрып:
– Жолдас генерал, осы пакетті тиісті орынға жеткізуіңізді сұраймын, – депті. Арадан кӛп уақыт ӛтпей Мәлік пен Тӛлегенге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді деген Баукең».
Баукеңнің осы сӛздерін Мәлік Ғабдуллин 1943 жылы 12 ақпанда Бибіжамал анамызға жазған хатында растайды. Хатта Мәлік: «...Маған герой атағын берді. Бұл атаққа ұсынуда Баукеңнің еңбегі зор, оны айтып
9
болмаса, жазып бітіре алмаспын. Тірі болсақ, Баукең еңбегін ақтау ӛз алдына...»
Тіпті, Мәлік 1943 жылы 15 ақпанда Бауыржанға жазған хатында:
«...Мен Мәскеуге келіп жатырмын (награданы майданның ӛзінде Пуркаев тапсырған 05.02.1943 ж.), бұл атаққа ие болуда менің қызметім аз, қызмет, жақсылық, істеген еңбек – сіздікі. Сіз болмасаңыз, ескерусіз қалған әңгіме еді ғой. Сізге кӛп рахмет, тірі болсам, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайырылатыны сӛзсіз. Тек тірі болайық», – деп жазған.
Сол қуанышты хабарды хат арқылы бірінші жеткізген де Баукең болған. Бұйрық шыққан соң үш күннен кейін 1943 жылы 3 ақпанында Баукең «Мәлікке» деп аталатын ӛлеңмен құттықтаған.
«Мәлікке!
Ел күйзелген кезінде, Ерлік еткен бауырым!
Жау жағадан алғанда, Батырлық еткен бауырым!
Ел намысын құрметтеп, Ер намысын ізеттеп, Құтты болсын айтамын Шын жүректен, Мәлігім!
Қиядағы қырағы қаршығадай жас жүрегің кемеңгер ақылыңа жолдас болып, аманшылық арқасында елімізге аянбай еңбек етіп, халқымызды бұданда былай тағы да бірнеше рет абыройға еге етеді деп сенемін!
Қолыңды қысып, құшақтап, жылтыр қара торы бетіңнен сүюші ағаң Бауыржан!»
Осы хатқа Мәлік былай деп жауап қайтарған: «Ақыл-ойдың арнасынан шыққан асыл сӛздеріңізбен шын жүректен құтты болсын айтып жазған ашық хатыңызды алдым. Бар жан-тәніммен риза болып отырмын. Ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілерсің деген осы. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінде тас қамауды бұзып, темір қоршауды қирата шыққан кездерде, біздің үлгі алған адамымыз, ақылы мен адамгершілігіне, қайраты мен ӛжетіне сенген адамымыз да – Сіз едіңіз.
Сіз – басшы, біз – қосшы болдық. Атақ үшін емес, ар-намыс үшін халық алдындағы борышты ӛтеу жолында да сізден үлгі алдық, Бауке. Сіздің дәрежеңіз артып, мәртебеңіз үстем бола беруіне шын кӛңілден тілектеспін. Ақыл мен қайраттың, адамшылық пен батырлықтың тұлғасы болған, Бауке, халқыңыздың рахаты мен шаттығы үшін
10
жасаңыз. Інілік сәлеммен қолыңызды қыстым, мойныңыздан құшақтап, бетіңізден сүйдім, Ініңіз, Мәлік!»
Екеуінің бір-біріне деген құрмет, бір-біріне ағалық-інілік кӛңілі сол хаттардан кӛрініп тұр. Әр хатын Мәлік «Ардақты Бауке» деп бастап,
«құшақтап, қолыңызды қысып, бетіңізден сүйген жаман ініңіз, алақай бауырыңыз Мәлік» деп аяқтаса, Бауыржан хаттарын «Қарағым, қара тентегім – Мәлігім» деп еркелетіп бастаған.
Енді Бауыржанның Мәлік туралы айтып жазғандарының біразына назар аударайық. 1944 жылдың 8 желтоқсанында Мәскеу қаласы кеңес жазушыларының клубында «Волоколамск тасжолы» повесін талқылау ӛтті. Сол жиында Бауыржан Момышұлыға сӛз берген. Сонда ол былай деді: «Мен жазып жүретін майдангермін. Соғыста бір топ майдангерлер бар, соғыстың тарихын жазатын. Қалтасында Жазушылар Одағының билеті болмаса да. Меніңше, олар жазушылар армиясының жаңа буыны.
Әрине, олар әлі сӛз шеберлігін меңгере қоймаған, бірақ дәл бүгінгі тарихтың тек күәгерлері ғана емес, осы тарихты жасаушылар. Біразын ӛлтіріп те жатыр, кейбіреулері мүгедек болып қалды, кейбіреулері тірі қалып, жазып жүр. Жазып жүретін майдангерлердің біреуі менің жолдасым Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин ортамызда отыр.
Қазірдің ӛзінде ол оншақты жалпы дәптерлерді толтырып тастаған.
Мынау соғыс аяқталғаннан кейін әдебиет майданында соғыс басталады.
Сонда майдангерлердің, оның ішінде Мәлік Ғабдуллиннің жазбалары құнды деректерге айналады».
1961 жылы 27 маусымда үлкен салтанатты жиын болған, Қазақ ССР-нің 40-жылдығына байланысты. Сол жиында Бауыржан Момышұлы сӛйлеп, Мәлік Ғабдуллинге мынандай мінездеме берген:
«Бұрынғы рота политругі, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин еңбек майданында да ерлік кӛрсетіп, ғылым докторы аталды, РСФСР педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Қазір ол профессор, институт ректоры».
1975 жылы 14 қарашада «Лениншіл жас» газетінің 225 нӛмірінде Бауыржанның «Еңіреген ер еді» атты мақаласы жарық кӛрген. Сол мақалада Баукең халқымыздың ардагер азаматы Мәлік Ғабдуллиннің алпыс жасқа толғанын ӛзінің кӛзінің тірісінде тойлай алмай отырмыз, бұл менің аға ретінде қабырғама қатты батады деп ӛкінішін білдіреді.
«Батыр, жауынгер, жазушы, зерек ғалым, сипатты, салтанатты – кӛрерге түрі де бар, ұғарға ойы да бар інім еді. Сұрапыл соғыс жылдары сын сағаттарда оның ерліктеріне кӛзі тірі куәлердің бірі менмін. Мен оның ағасы да, комадирі болғанмын. Майдан алғы шебінде оның орасан ерліктеріне куә болғандарым да рас. Оларды мойындап, дер кезінде жазып та жүрдім».
11
Осы орайда Бауыржанның «Бір түннің оқиғасы» атты әңгімесіне назар аударайық. Момышұлы былай деп еске алады ол оқиғаны: «Бір түннің оқиғасы» деген ескермемді табаны суымастан 1942 жылы 22 февральда жазған болатынмын. Сол кезде Мәлік болмаса, Балтабек болмаса, Гундилович, Мамонов болмаса, мен жағдайға, мүмкін, терең түсінбес те едім, жазбас та едім... Сан кейіпкерлердің қақ ортасында Мәлік те бар».
Мәлік Ғабдуллин соғысқа кіргенде бар болғаны 25 жаста еді.
Жастығына қарамастан политрук ретінде солдаттарды батылдыққа, адалдыққа тартып, кӛп жағдайда оларға қамқоршы бола білді. Алдыңғы шепте болды. Соғыста жинақтаған тәжірибесі бейбіт ӛмірінде Мәлік Ғабдуллиннің білікті ұстаз болуына ықпал етті. Ұлы Бауыржан жазғандай, ол «ел алдындағы азаматтық борышын тереңнен тебіреніп ұғынған азамат. Ар үшін арпалыс кезінде ажалмен бетпе-бет келіп, ол нағыз әскери тәлім алды. Шын мәніндегі қоян-қолтық шайқастың офицері атанып, абыройы кӛтерілді. Ол тек творчестволық ойлаудан туатын жай. Соны күн нұрындай бойына сіңіріп, ол педагог болды, кӛз жұмғанша оның осы асқақ тұғырдан, жас ұрпақты тәрбиелеу тұғырынан түскенін кӛргеніміз жоқ».
Міне, ӛстіп бір-бірін батыр деп, бауыр деп, құрметтеп ӛмір сүрді қазақтың екі сӛнбес жұлдызы.
ӘОЖ 811.512
А. Есжанова
Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері ОТАНДЫ СҤЮ – БАТЫРЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ (Қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдуллин бойындағы ерлік рухтың қайнар кӛзі мен оның дәріптелуі туралы)
Азияның кең байтақ даласында есте жоқ ескі замандардан бері еркін жайлаған түркілердің бүгінгі ұрпағы қазақ халқының күллі тарихы – ерлік пен батырлықтың шежіресі екендігіне қазақтың жүздеген батырлық жырларына қарап сенуге болады. «Жаңбыр жауса – жер ырысы, батыр туса – ел ырысы» деген қазақ халқы туған жері мен елін басқыншы жауларынан қорғау жолында жанқиярлықпен күрескен ерлерін әспеттеп, оны ұрпақтан ұрпаққа ұмыттырмай дәріптеп отырғандығының дәлелі де осы батырлар жыры. Батырлық эпостарды
12
зерттеуді бүкіл саналы ғұмырының арқауы етіп, осы жолда мол ғылыми мұра қалдырған филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллиннің «қазақ ауыз әдебиетінде кӛлемі үлкенді-кішілі тӛрт жүзден астам ерлік жыры бар» [1] деп атап кӛрсеткен екен. Біз ғылыми мақаламыздың арқауын академик Мәлік Ғабдуллиннің осы анықтамасымен сабақтай отырып, батыр тұлғаның қан майданда ӛзі жасаған ерлік істеріне бастау болған түп негіз туралы қарастыратын боламыз.
Сонымен бірге Мәлік Ғабдуллиннің майданда кӛрсеткен ғажайып ерлігін дәріптеген қаруластары мен замандастарының, сол заманнан бүгінгі күнге дейінгі жазушылар мен ақындардың туындылары арқылы біз қарапайым ғылым адамының, бойынан табылған батырлық рухтың сырын ашуды мақсат ететін боламыз.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 1418 күнге жалғасты.
Адамзат тарихындағы ең ауыр осы бір қырғын шайқасқа Отанды қорғау үшін қазақ халқының жарты миллионнан астам ұл-қыздары аттанды.
Қазақ жауынгерлері соғыстың бірінші күнінен бастап-ақ ӛздерінің қайтпас қайсарлығымен, тӛзімділігімен, ерен ерлігімен таныла білді.
Кеңес жауынгерлері мен қолбасшыларын ғана емес, қарсы шептегі неміс-фашистерін де мойындата алғанындарына тарих куә. Қазақ баласының ерен ерлігіне осындай лайықты мысал бола алатын ерлердің бірі де бірегейі – Мәлік Ғабдуллин болғандығы анық. «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған жүзден астам қазақтың арасында Мәлік Ғабдуллиннің орны ерекше. Оның да себебі бар: Мәлік Ғабдуллин – осы бір аса мәртебелі атаққа ең алғаш ие болған қазақ азаматы. Сондықтан да Мәлік Ғабдуллин мен Тӛлеген Тоқтаровқа Батыр атағы берілген күн – қан майданнан қажыған барша қазақ халқына күш-қуат сыйлаған күн болып тарихта қалды.
Мәлік Ғабдуллин аты аңызға айналған генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Талғарда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының 1075 полкінде ротаның саяси жетекшісі болып тағайындалды. 8 гвардиялық дивизиясының құрамында майданның ең шешуші шайқастарының бірі – ел астанасы Мәскеуді қорғауға қатысып, ерен ерліктің үлгісін кӛрсеткен атқыштар ротасының саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин мен қатардағы жауынгер Тӛлеген Тоқтаровқа 1943 жылы Кеңес Одағының Батыр атағы берілісімен, бұқаралық ақпарат құралдары олардың ерлігін жан-жақты танытып, насихаттай бастайды.
Қаламгерлер мен композиторлар олар туралы түрлі жанрлардағы туындыларын жарыққа шығарып, халық назарына ұсынғандарына сол заманда шыққан басылым беттеріндегі сарғайған тарих парақтары куә.
13
1943 жылы 30 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры атағы берілгеннен кейін, алғашқы болып Мәлік Ғабдоллаұлының майдандас досы, ақылшы ағасы, қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы құттықтап:
«Ел күйзелген кезінде, Ерлік еткен, бауырым, Жау жағадан алғанда, Батырлық еткен, бауырым, Ел намысын құрметтеп, Ер намысын ардақтап, Құтты болсын айтамын,
Шын жүректен, Мәлігім!» [2] - деген жыр жолдарын арнады.
Сондай-ақ, Мәлік Ғабдуллиннің ерлік жолы туралы алғаш толымды еңбек жазғандардың бірі – Кеңес Одағының бас газеті
«Правданың» әскери тілшісі, кейіннен әйгілі жазушы болған Борис Полевой. Газеттің арнайы тапсырмасы бойынша Мәлік Ғабдуллинмен кездесу үшін майдан даласына аттанады. Осы сапарының үлкен нәтижесі – «Эпостың тууы» атты кӛлемді очерк болады. Кеңес Одағы құрамындағы он бес республикаға түгел тарайтын беделді газет 1943 жылы 2 ақпаннан бұл очеркті жариялай бастаған. Бүкіл майдан даласы, тыл еңбеккерлері қазақ жігіті Мәліктің ерлігіне осылай қанық болады.
Мәліктің батыр бейнесі барша кеңес халқына танылды. «... ол, Мәлік – батыр, әрі күшті, әрі ержүрек, дейді. Қыр түлкісіндей айлакер, ақбӛкендей саққұлақ, жау дыбысын қырымнан біледі. Ақтұйғындай қырағы, бұққан жауды қиядан кӛреді. Болаттай қатты білектері неміс тӛбеттерін қырудан қалжыраған емес: қанша қырса, сонша күшейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті кӛрген жерден-ақ зыта бастайды»
[3], - деп жазуының ӛзі ұлтымыз үшін мақтаныш болатын.
Мәлік Ғабдуллиннің ерлігін жырлауға алғаш белсене атсалысқан ӛнер адамдары арасындағы ерекше бір толқын болғандығына сол жылдардағы баспасӛз бен кітаптарды парақтау арқылы кӛз жеткіземіз.
Бұлар – қазақ әдебиетінің ежелгі фольклорлық ұтқыр дәстүрін жалғастырушылар, халық ақындары болатын. Сол заманда Мәліктің ерлігін жырға қоспаған ақын жоқ шығар. Бұл аға толқынның басында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ӛзі тұр. Тоқсан алтыға келген қарт жырау ӛзіне сәлем бере келген Мәлік Ғабдуллинмен дидарласып, әңгімелесу сәтінде әйгілі «Арнау» жырын шығарады:
Батырым Мәлік беренім, Жүйрігім озған ӛренім.
Халқы сүйген қалаулым, Жырымды саған тӛгемін...[4].
14
Осылай толғанып жырын тӛккен Жамбыл жыраудың игі ӛнегесін жалғастырғандардың қатарында Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов, Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Сапарғали Әлімбетов, Жақсыбай Жантӛбетов, кӛкшелік ақындар Қалия Жұбандықұлы, Шәкен Отызбаев және т.б. болды.
Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин де Мәлік батырдың майдандағы ерлігіне сүйсіне шаттанып, ержүрек қазақтың ерлігін дәріптеген
«Қаһарман ұлыма» атты ұзақ толғауын шығарады.
...Мәлігім, елдің ерісің, Ел намысы серігің.
Ерліктің асқар белісің, Мақтанысың еліңнің.
Сарыарқа самал жеріңнің, Атыңды балалар жаттауда, Ғасырлар бойы сақтауға [5].
Қазақ әдебиетіндегі ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің қатар ӛкілі болған әйгілі ақын Иса Байзақов Мәлік Ғабдуллиннің ерлік жолына арнап бір жиында табан аузында ұзақ поэма шығарған екен.
Бірақ оның толық нұсқасы жетпеген. Бұл поэманың үзіндісінде ақын былай деп толғайды:
Отындай жанартаудың жалын шашып, Кеткендей сұсыменен жауды басып.
Қазақтың Рүстемі – батыр Мәлік,
Қаһарланса тау сілкер, судай тасып [2, 51 бет].
Мәлік Ғабдуллиннің майдандағы ерлігі туралы жазылған шығармалар арасында жазушы Сәбит Мұқановтың «Батыр бейнесі»
очеркін, Саттар Сейітхазиннің «Қаһарман», Мыңбай Рәштің Батыр- дастан» поэмаларын, Әзілхан Нұршайықовтың «Тоғыз толғау»
хикаятын ерекше атауға болады. Мәлік Ғабдуллиннің ерлік ӛнегесін тек қазақ ұлтынан шыққан қалам иелері ғана емес, барша кеңес елінің жазушылары мен журналистері жетпіс жылдан астам уақыт бойы әр қырынан толғаумен келеді. Батырдың майдандас досы Дмитрий Снегиннің «Алтын Жұлдызды асыл дос» мақаласы 1975 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне, әріптесі М. И. Ритманның «Наш Малик» мақаласы
«Казахстанская правда» газетіне жарияланады.
Бұл жарияланымдардың барлығында да Мәлік батырдың кӛзсіз ерлігі жеріне жеткізе баяндалады. Сонымен қатар, батырды сол ерлікті жасауға деген мотив туралы да қарастырылады: «Мәлік Ғабдуллиннің бойынан табылған ерлік рух оның арғы бабаларында жатыр деуге болады. Оны батырдың ӛзінің сӛзімен дәйектемекпіз: «Қарауылдың Құттымбет дейтін бұтағынан тараған қара қылды қақ жарған, Абылайды
15
хан кӛтерген Қанай би, тілге келсе құтқармайтын, білекке келсе, жығылмайтын айтқыш Бекболат, ақырған даусынан дұшпан сескенген Тілеу, Итқара сынды айбатты ерлер – менің ардақты бабаларым» [6, 32 бет]. Яғни, Мәлік батырдың ерлік рухы оның арғы ата-бабаларынан жалғасқан дәстүр екенін кӛреміз.
Мәлік Ғабдуллиннің арғы бабасы Қанай би Құттымбетұлы ӛз заманында Қазақ хандығының бір шаңырағы болған Ташкент қаласының бір қақпасына билік құрған екен. «Ханның қара сыбағасы»
деген жыл сайынғы қаржылық түсімді Қанай ұрпақтары бірнеше ұрпақ бойына алып тұрған кӛрінеді. Мәлік Ғабдуллиннің арғы бабаларының бірі Итқара батыр да ел қорғап жүріп Жетісу жерінде ерлікпен қаза тапқан екен. Батыр бабаларының осындай игі дәстүрлерін, ерлік істерін балалық шағынан құлағына сіңіріп ӛскен жас Мәлік туған дала тӛсіндегі әрбір тау мен тастың тарихына да ден қойып, олар туралы шежірелерді кӛкірекке түйіп ӛскен екен. Мәліктанушы ғалым, Мәкеңнің соңғы тӛл шәкірті, профессор Серік Негимов былай деп атап кӛрсетеді: «Мәкең балалық шағында сері ағасы Бекенмен бірге Желтауда құс салып, аң аулап жүргенде, ондағы Кенесары-Наурызбай бекінісін аталарымның маған қалдырған блиндажы дейді екен» [6, 24 бет].
Міне, осындай ерлік рухты жырлауда халық ақындарымен қатар, қазақ әдебиетінің жаңа заман ӛкілдері де тартынып қалмапты. Мәліктің ержүректігін, қайтпас рухын танытуда олардың үлкен еңбегі бар.
Жалпы, түйіндей айтқанда, ерлік рухты жырлау, мәңгі есте қалдыру миссиясын алғаш атқарған Мәлік Ғабдуллиннің ӛзі екендігін атап ӛткеніміз жӛн. «Сұрапыл жылдар» атты кітабының алғашқы басылымының алғысӛзінде Мәлік Ғабдуллин былай деп жазады: «...Бұл кітапшада жазылған әңгімелер жазушының қиялынан туған кӛркем шығармашылық емес. Олар майданда ӛз кӛзімен кӛрген оқиғалар. Мен соларды окопта отырып, соғысып жүріп жаздым... Майданда жүрген қазақ жігіттері қазақ мақтаныш ететін іс істеуде. Олардың батырлық- ерліктері үлкен хикая, жыр болып жазылуы керек. Бұл – ақын, жазушылардың міндеті» [7].
Осы ретте қазақтың әйгілі ғалымы, Мәлік Ғабдуллиннің ұстазы Бейсембай Кенжебаевтың мына бір пікірін толықтай келтіре кетуді жӛн санадық: «Қазақ халқының Ұлы Отан соғысы кезінде ер халық атанып, оның ұлы – қызының тамаша ерлік кӛрсетуі, Мәлік, Тӛлеген, Асқар, Әлікбай тағы басқалардың Советтер Союзының Батыры деген даңқты атаққа ие болуы кездейсоқ нәрсе емес, тарихи заңды нәрсе. Ӛйткені, қазақ ежелден ер халық, ерлік қазақ елінің ата – бабасынан келе жатқан дағдысы, ежелгі дәстүрі. Қазақ халқының тарихы жатқан ерлік, ерлік – қазақ халқының салты. Сондықтан, біздердің қай – қайсымыздың
16
болсын қазақтан тудым деп мақтануға, «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын» (Сұлтанмахмұт) деуге толық правомыз бар. Қазақ халқы, оның ертедегі ерлері ӛз тұстарында ата-бабаларының туып-ӛскен жері, отаны Сарыарқа үшін күресіп, ерлік кӛрсетті. Қазақ халқы, оның ұл- қызы ӛзінің отанын шексіз сүйеді. Осы сүю, ата – бабаларының ерлік бейнелері оларды батырлыққа, батырлық істер істеуге бастайды» [8].
Ендеше, біз де Мәлік Ғабдуллиннің майданда асқан ерлік кӛрсетуінің қайнар кӛзі – ӛз Отанын, туған жерін шексіз сүюде, ата- бабаларының ерлік дәстүріне деген адалдықта, мәрттікте жатқандығынан деп білеміз. Ерлікке, елдікке шақыратын игі дәстүрлер барында Мәліктей ел қорғаған ерлер шыға беретіндігіне сеніміміз зор.
Әдебиеттер тізімі
1. М. Ғабдуллин Қобыланды батыр жырын зерттеудің ғылымдық мәселелері. Филология ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін әзірленген ғылыми диссертация. – Алматы: ҚазССР ҒА, 1947.
2. Мәлік батыр жыры. – Кӛкшетау: Келешек-2030, 2012.
3. Б. Полевой. Эпостың тууы // «Правда», 2 февраль 1943.
4. Ж. Жабаев. Ел қадірін біл, балам: шығармалары. – Алматы:
Жалын, 1996. – 542 б.
5. Н. Байғанин Таңдамалы: ӛлең, дастан, толғаулар. – Алматы:
Жазушы, 1991. – 400 б.
6. С. Негимов. Мәлік Ғабдуллин. – Алматы: Санат, 2001.
7. М. Ғабдуллин Сұрапыл жылдар (Майдан хикаялары). – Алматы:
Жазушы, 1972.
8. Б. Кенжебаев. Батырлық біздің дәстүріміз // Социалистік Қазақстан. 1943 ж. 25 февраль. ҚР МОМ № 2040 қор кӛшірмесі
ӘОЖ 94(574)
Б. С. Айтмаганбетова
Кӛкшетау «Арна» жоғары колледжінің оқытушысы БАТЫРЛЫҚ БІЗДІҢ САЛТЫМЫЗ
«Батырлық бізге айдаладан келген жоқ, батырлық біздің салтымыз» - дейді, батыр Мәлік Ғабдуллин қолжазбаларында. 1944 жылдың 26 сәуірінде қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлына
17
жазған хатында, «Сӛз сарыны мынадай ғой: Қазақ – қазақ болғалы кӛп ғасыр ӛтті. Оның барлық ерлік-батырлық салты бүгін ғана пайда болған емес. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр бабаларымыз батырлықтың үлгілерін кӛрсетті ғой. Ал бүгінгі қазақ жігіттері сол батыр бабаларының дәстүрін ілгері дамытуда»-деген [1].
Батырдың бұл сӛзінен аңғаратынымыз, қазақ батырларының ерлігі сан ғасырлар куәсі, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын ӛз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен ұлт қорғандары, қазақ батырлары екендіктерін баса айтқандығы.
Қазақ халқы намысты, жүректі, қайсар, батырлық қанында ойнаған ұлт. Сол ұлттың қорғаны – Батыр. Қалың бұқараның қамын жеген хандар мен батырларды үш дәуірге бӛліп қарар болсақ, алғашқы дәуір Абылай хандық құрған заман десек, Абылай ханмен үзеңгілес болған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай батырлар болғаны белгілі. Екінші тарихи дәуірге қазақ хандығының соңғы «ханы»
Кенсары Қасымұлы заманы, Кенесарының қанды кӛйлек жолдастары, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Ӛтемісұлы, Есет Кӛтібарұлы, Жанқожа Нұрмұханбетұлы, Иман Дулатұлы, Баубек Бекмырзаұлы, Жәуке Назарғұл және тағы басқа батырлар да болғаны тасқа қашалып тарих беттерінде жазылды.
1916 жылғы Ұлт азаттық кӛтеріліс кезеңін үшінші дәуір деп алайық. Ресей империясының іргесін шайқалтқан Ұлт-азаттық кӛтеріліс оты жер-жерде тұтанып, ірі қозғалыс ошақтары болған Жетісу, Ырғыз, Торғай, Қожаш, тағы басқа да кӛтерілістер халық мүддесін қорғады.
Кеңестік дәуірдің саяси бұрмалануымен бүркемеленіп айтылмай қалған тарихи оқиғалар қаншама. Тарихи сыры мен деректері ашылмаған Қожаш кӛтерілісі солардің бірі еді. Ол казіргі Ақмола облысына қарасты Ерейментау ӛңірі және Еңбекшілер ауданының жергілікті қауымы патша ӛкметінің мұздай қаруланған әскерімен қақтығысқан жойқын соғысы болатын. Кӛтерілістің қолбасшылары Сәтбай қажы мен Доштай қажыларды сол ӛңірдің жұртшылығы «хан» кӛтерді. Бұл кӛтерілістің соңында башпайы мен бақайшағына дейін қаруланған патша жасағы Доштай қажының соңынан ерген 500 әскерін жан- жағынан қоршауға алып, 400 дей әскерін қамауға тоғытып, тұтқыннан аман қалған жүзшақты әскері Торғай кӛтерілісінің қолбасшысы Амангелді батырға барып қосылған деседі.
1916 жылғы ұлт кӛтерілістің негізгі орталықтарының бірі Торғай уезі болды. Торғай уезінде 13 болыстан тұратын ӛкілдер патша жарлығына қарсы тосқауылдар қойып, 13 болыс ӛкілдері қатысқан
18
құрылтайшылардың шешімімен Әбдіғапар Жанбосыновты Торғай уезінің ханы етіп, Кенесарының сенімді серігі болған атақты Иман батырдың немересі Амангелді Имановты кӛтерілісшілердің сардары етіп сайлаған. Әбдіғапар ел билігін соғыс жағдайына бейімдеп, дала демократиясы негізінде құрып, ӛзін «хан» деп есептемей, «әмір»
санады.
Бұрынғы әкімшілік бӛліністер бойынша Торғай ӛңірінде қалыптасқан хандық биліктің территориялық аумағы Сыр бойы Қазалыға дейін бір шеті болса, енді бір шеті Атбасар, одан Ақтӛбеден және Орынборға дейінгі аралықты алып жатты.
1916 жылғы ұлт азаттық кӛтерілістің кӛрнекті батырлары, кӛз мерген Кейкі батыр мен қол мерген Аманкелді батырдың ерлік жолы мен азапты ӛмірі тарихтан белгілі.
Кейкі Кӛкембайұлы 1871 жылы Қостанай облысының Битума деген жерінде дүниеге келіп, 1922 жылы Жалаулыда қызыл әскердің қолынан шаһид болады.
«Қанды оқиға 1922 жылдың наурыз айында, Сүтемгеннің Жәкенінің қыстауында болған. Кейкінің қазасы ауыр әңгіме, ол жайлы қазір кӛп жазылып зерттеліп жатыр. Жалаулыдағы батырдың ӛлтірілген орынына тас қойылып, темірмен қоршалған. Ол жерде ешқандай сүйек жоқ. Кейкінің де, оның жұбайы Ақжан мен інісі Шұбардың да мәйіті қырдан ӛзенге құйылған жыраның бойына кӛмілген. Милициялардың ызғары марқұмдарды арулап жерлеуге де мүмкіндік бермеген» деген нақты деректер бар [2].
Сол кезеңде Ресей патшалығы жала жауып, қанша жерден жау кӛріп, батырдың есімінің тарихта қалуына қомашаулық жасап, батырлығын дәріптеуге тыйым салса да, Кейкі мерген халық жүрегінде мәңгілікке сақталады. Кейкі батыр /Нұрмағанбет/ Кӛкембайұлы қазақтың теңдесіз батыры. Құралайды кӛзге атқан қасиет дарығын, жүз жылда бір туатын ӛр тұлға. Ол 1916 жылғы Ұлт-азаттық кӛтерілісте батырлық, ерлік жасап, халқын жауға бермей сол үшін де ақтармен арпалысып, қызылдармен қырқысып ӛткен һас батыр.
Кейкі Күйік қопасындағы соғыста, Торғайға шабуыл және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс – Доғал-Үрпек шайқасында қайсарлықпен қарсы тұрып, ерекше ерлік кӛрсетіп, Ресей патшалығының қаһарына ұшыраған. Кейкі батыр 1919 жылы Амангелді Имановты тұтқындап, ӛлтіргеннен кейін қудалауға ұшырап, елден жырақтап, бой тасалауға мәжбүр болады. Бой тасалап қызыл әскердің кӛзіне түспеудің амалын ойлап жүрген Кейкі мергенге жала жабылып, бұқара халыққа түрлі бұрмаланған деректерді сол кездегі «Ақ жол»
газеті арқылы жеткізе бастайды. «Ақ жол» газетінің 1922 жылғы, 6
19
мамырдағы 169 нӛмірінде «Қазақстанда Торғай оязында аламаншы құрылды» деген желеумен жазылған мына бір дерекке кӛз салалық.
«1920 жылдан бері қарай Торғай оязында бұрынғы заманнан белгілі қанды білек, жалаңаяқ ұры Кейкі Кӛкембаев деген бұзық шығып, қасына ӛзі секілді ұрыларды жиып алып, тыныш отырған халықты мазалап, малын алып, мүлкін талап жүретін еді. Бір кезде Кейкі Торғай оязындағы нағыз барып тұрған большевик болған. Бірақ «арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей арамдығы білініп, сонан соң большевиктен халықты құтқармақшы болып атқа мінген.
1921 жылы жазында Кейкіні ұстамақшы, ұясын таратпақшы болып Торғайдан һәм Атбасардан әскер шығып, Кейкіні ұстай алмаған.
Тек бірсыпыра жолдастарын ӛлтіріп, тобын таратқан. Кейкі бір-екі жолдасымен қашып қолға түспей кеткен. Кейкінің маңына үкіметтің қыспағынан қашқан әр болыстың ұрылары жиылған. Мекені «Арыс»
құмы болған. Ол жерде де халықты мазалай берген.
Осы ӛткен февраль басында Кейкіні ұстауға Торғайдың политбюросы тарапынан 10 шақты кісі жіберілген. Бастығы Александр Токарев. Бұл жолда Кейкіні алдаусыратып, ықтияры мен қаруын тастап келуі үшін Токаревті үгітші етіп жіберген.
Торғайдан барған отряд Арыс құмында Кейкінің тобымен кезігіп, келісімге келіп, ақыры Кейкі Торғайға келуі үшін қару-жарағын Токаревке береді. Бірақ Кейкі мерген қару-жарағын сенімге кіру үшін бергендігі сол күні байқалады.
Қалаға таяған соң Токарев бір жолдасы мен Кейкіні, оның қатыны мен інісін алып бірге келе жатқан отрядынан озады. Жолдың алыстығынан Торғайдан қырық шақырым жердегі бір ауылда түнейді.
Сол арады Токарев жолдасты ӛлтіріп, қасындағы милиционерді тұтқын қылып, қаруын алып Кейкі кейін қарай қашады. Жолда ықтиярсыз ат мінеді, бірен-саран серік тауып алады. Кейкінің басқа он тӛрт жолдасын алып келе жатқан кейінгі отряд бұл жәйтті естіп, Торғайға лезде хабар жеткізеді. Тұтқындағы он тӛрт аламаншыны қалаға тапсырып, Кейкінің ізіне түсіп, Жыланшық ӛзенінің маңындағы Жалаулы деген жерде жасырынып жатқан жерінде қолға түсіріп, айуандықпен ӛлтіріледі. Ӛзімен бірге болған аяғы ауыр әйелін және інісі мен жаңадан қосылған екі жолдасын ӛлтіріп, баукеспеліктің тамырын кесіп келді.
Торғай еліне және ашаршылық кезіде тӛтенше жұт болып жүрген Кейкі еді. Енді бұл бұзықтан құтылдық» - делінген [3].
Кейкі мерген 1922 жылы ӛлтірілгеннен кейін басын кесіп алады.
Кесілген басты Торғайдың орталығына ұзын сырғауылға 30 күн іліп қоюының ӛзі, ұлттың рухын жығу, ықтыру болса, ақ патшаға қарсы