• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық"

Copied!
242
0
0

Толық мәтін

(1)

6

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ-нің ғылым және

халықаралық байланыстар жӛніндегі проректоры)

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу жҧмысын басқару және жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында 2001жылдың 17 қыркҥйегінде (№119 бҧйрық негізінде) ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) қҧрылған.

Университеттің ғылыми-зерттеу жҧмысы 33 кафедра, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты (ӘГҒЗИ), Іргелі ғылыми-зерттеу орталығы және 3 дербес ғылыми-зерттеу («Қазақ ҧлттық мектебінің даму мәселелері»,

«Зерттеудің инновациялық әдістері» және «Ӛзін-ӛзі тану») зертханалары арқылы жҥргізіледі.

Университетте 2006-2008 жылдары ғылыми-зерттеу жҧмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен білім саласын жетілдіруге маңызы зор – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы және халықаралық ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) жҥзеге асырылды.

Аталған ғылыми жобалар аясында орындалып, бҥгінгі таңда ҧлттық білім жҥйесін дамытуға қосар ҥлесі зор біраз оқу қҧралдары, оқулықтар жарық кӛрді, олар:

 «Мәдени мҧра бағдарламасы бойынша «Әлемнің әйгілі психологтары» сериясы бойынша 10 том:

 «Қазақ халқының тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томы;

 Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Педагогика тарихы» оқулығы;

 «Гендерлік білім: теориясы мен практикасы» және «Гендерлік саясат» атты оқу қҧралдары;

 «Тәртібі қиын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жҧмыс ҧйымдастыру тҧжырымдамасы».

2009-2011 жылдары аралығында 3 іргелі ғылыми зерттеу-жобасы бойынша жҧмыс жҥргізілуде. Сонымен қатар, «Мәдени мҧра» бағдарламасы бойынша

«Әлемдік педагогикалық ой-сана антологиясының» 8,9,10 томдарын біздің университеттің ғалымдары дайындауда.

Университеттің жаратылыстану факультетінің ғалымдары биотехнологияға байланысты зерттеулерді Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық университетінің химия факультетімен, Қазақ Ҧлттық академиясының биология ғылыми-зерттеу институтымен, Қазақстан Республикасы ҦҒА Ә.Бектҧров атындағы химия ғылымдары институтымен, ҒӚО «Фитохимия» институтымен бірігіп, ғылыми жоспар бойынша жҧмыс атқаруда. Университеттің физика және экология кафедраларының ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық және Ҧлттық аграрлық университетімен бірігіп зерттеулер жҥргізуде.

Университеттің «Жалпы педагогика» кафедрасы (кафедра меңгерушісі пед.ғ.д., профессор А.Қҧсайынов) ауқымды деңгейде Халықаралық салыстырмалы педагогика қауымдастығымен, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен байланыстар орнатып, іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар аясында табысты жҧмыс істеп келеді. Ал «Теориялық және практикалық психология» (каф.меңгерушісі –

(2)

Х.Т.Шерьязданова) кафедрасы ҥнемі ізденіс ҥстінде болуының арқасында бірнеше ірі ғылыми жобаларды абыроймен жҥзеге асырды. Мысалы, Халықаралық денсаулық сақтау қорының филиалымен бірге «Арал аймағының экологиялық жағдайының балалардың психологиялық денсаулығына әсері», педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған «Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің эксперименттік бағдарламасы, ал бҥгінгі таңда кафедраның профессорлары мен оқытушылары Тӛтенше жағдайлар жӛніндегі комитетпен бірігіп қолданбалы жоба аясында ғылыми-зерттеу жҧмысын жҥргізуде.

Ғалымдардың тынбай ізденулерінің арқасында университет 8 патентке ие болды. Сонымен қатар университетіміздің біраз ғалымдары (С. Қалиев, К.Қожахметова, А. Қҧсайынов, С. Жайлау, Р. Дәрменова, Қ. Ашекеева) республикалық үздік ғылыми еңбек сайысына қатысып, М.Әуезов, А.Байтҧрсынов, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский атындағы сыйлықтардың иегерлері атанды.

Университет кадрлар даярлау жҥйесінің екі сатылық жҥйесіне кӛшіп, 2002 жылы 8 мамандық бойынша, ал 2009 жылы 19 мамандықтан магистр даярланатын болды. Сонымен қатар, республикада шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі – «Хореография», «Кітапханатану және библиография»,

«Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша ғылыми педагогикалық кадрлардың тапшылығына байланысты магистратура ашылмай келген. Мәселенің маңыздылығына байланысты, 2009 жылдан бастап, аталған 3 мамандық бойынша магистратураны эксперимент жҥзінде ашуға мҥмкіндік жасалды.

Университетте магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға ерекше мән беріліп, магистранттарға дәріс оқу, ғылыми жетекшілік жасау негізінен ғылым докторларына жҥктеледі. Магистранттардың курстық жҧмыстары мен диссертацияларын даярлау ҥшін ірі ғылыми орталықтар мен зертханаларға, ғылыми-зерттеу институттары мен кітапханаларға, сол ғылым саласының жетекші ғалымынан кеңес алу ҥшін тәлімнамаға жіберу қарастырылған. Мысалы, тек 2008-2009 оқу жылында біздің магистранттар жақын шетел – Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск, Новосибирск қалаларының ғылыми ошақтарына және алыс шетел – Қытайдың Пекин Орталық ҧлттар университетіне, Сингапурға барып табысты оралды. Ӛз мемлекетіміз аясында Астана, Қарағанды, Семей қалаларындағы жоғары оқу орындарына тәлімнамаға барып келді. Жалпы, 2008-2009 оқу жылында магистранттардың тәлімнамасына қаржы 3.602.485 теңге кӛлемінде жҧмсалды. Сапасы жоғары маманға сҧраныс кӛп болатыны белгілі. Сондықтан, біздің магистранттарымыз жоғары оқу орындарына, орта арнайы білім мекемелеріне, мектептерге арнайы шақырумен орналасуда.

Университетте аспирантура – 15, докторантура – 8 мамандық бойынша жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды дәстҥрлі жҥйе бойынша жҥргізуде.

Ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда университеттің жанынан қҧрылған диссертациялық кеңестердің маңызы ӛте зор. 2009 жылға дейін университетте 2 диссертациялық кеңес 8 мамандық бойынша жҧмыс істеп келді.

Біріккен диссертациялық кеңес ОД 145017 2005 жылдың 29 сәуірінде № 340 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің бҧйрығымен қайта ашылған, ол кеңес 2005-2007 жылдар аралығында 10.02.01. – орыс тілі, 10.02.02. – қазақ тілі, 10.02.18. – тіл теориясы, 13.00.02. – оқу мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (қазақ тілі бастауыш және жоғары білім беру жҥйесінде) мамандықтары бойынша 7 ғылым докторы мен 45 ғылым кандидаттарын дайындады, оның басым кӛпшілігі – осы университет мамандары.

(3)

8

Диссертациялық кеңес Д 14.61.09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 01.07.2008 жылғы бҧйрығымен ашылған, бҧған дейін бҧл кеңестің тек кандидаттық диссертация қорғатуға мҥмкіндігі болған. Бҥгінгі таңда Д 14.61.09 диссертациялық кеңесте докторлық, кандидаттық ғылыми дәреже алу ҥшін 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика және 13.00.02 – оқыту мен тәрбиенің әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жҥйесіндегі музыка) мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлануда.

Университет ізденушілерінің ғылыми зерттеу жҧмыстарының нәтижелері 2006 жылдан бері «ҚызПУ хабаршысы» арқылы 6 сериямен (жаратылыстану, тарих, экономика және білімдегі сервис, педагогика, психология, филиология) жарық кӛреді.

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының мақсаты қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістердің индикаторлары ретінде гендерлік мәселелерді кешенді тҥрде зерттеу, гендерлік индикаторларды пайдалана отырып, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын қҧрастыру, республикамыздың білім беру жҥйесіне ҥздіксіз гендерлік білім беруді енгізу, оқу бағдарламаларына гендер туралы ақпараттар енгізуіне ықпал ету және оны оқу ҥдерісінде белсенді тҥрде қолдану.

Институт қоғамдық мәні бар жобалар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан қҧрылған әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жӛніндегі Ҧлттық комиссиясымен; БҦҦ «Гендер және даму» бюросы және халықаралық ЮНИСЕФ, Сорос-Қазақстан, ЮСАИД, ЮСИС, Ф.Эберт қорларымен; әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық университетінің жанынан қҧрылған гендерлік зерттеу орталығымен; Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығымен тығыз әріптестік қарым-қатынаста бірлесе қызмет атқарады.

Институттың ғылыми жҧмыстары нәтижесінде мектепке арналған «Гендер»

кешендік білім бағдарламасы даярланып, мектепке дейінгі білім беру жҥйесіне -

«Мен-қызбын, мен-ҧлмын»; бастауыш мектепке - «Гендер әліппесі»; 5-8 сыныптарға - «Гендер грамматикасы»; 9-11 сыныптарға арналған «Гендерлік білім негіздері» оқу-әдістемелік кешені (орыс тілінде) республикалық «Оқулық»

атты ғылыми-практикалық Орталықтың сараптамасынан ӛтіп, басылымға ҧсынылды.

Гендерлік ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері университет кӛлемінде ҥнемі әлеуметтік зерттеулер ҧйымдастырып тҧрады. Мысалы, 2005- 2006 оқу жылында «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық портреті» деп аталатын зерттеу ӛткізілсе, 2008-2009 оқу жылы «Қазіргі студент қазақ қызы: гендерлік бағдары мен мінез-қҧлық моделі» атты зерттеу жҥргізілді.

Университет студенттерінен алынған сауалнама жауаптарына сҥйене отырып, университетіміздің ерекшелігіне сәйкес, 2 курс студенттеріне арналған

«Қазақ аруы» арнайы курсы ендірілді.

«Қазақ аруы» арнайы курсы гендерлік мақсатты негізге ала отырып, ӛркениеттік ҥлгідегі ойын ҧлттық мҥддемен байланыстыра білетін, мінез-қҧлқы мен жҥріс-тҧрысы ҧлттық ділмен ҧштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел-ана тәрбиелеуге бағытталған.

«Қазақ аруы» арнайы курсының негізгі мақсаты:

Қоғамдық ортада азаматтық ҧстанымы бар, жеке ӛмірінде отбасылық этноәлеуметтік рӛлдерді алған білімімен ҧштастыра білетін ҧлтжанды, парасатты, шынайы қазақ аруының бейнесін сомдау

Басты міндеттері:

(4)

- Тарихи дара тҧлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық образын қалыптастыру;

- Отбасы тәрбиесінде ӛмірге негіз болатын этноәлеуметтік рӛлдерді атқаруға даярлау;

- Кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сӛйлеуді дамыту;

- Халықаралық іскерлік әдеп нормалары мен ресми ишара ережелерін игеруге бағыт беру;

- Сҧлулық пен денсаулық сақтаудың басты қағидаларын ҧстануды және оны жан сҧлулығына ҥйлестірудің қҧпияларын меңгертуге баулу;

- Ҥй шаруашылығына қатысты ӛмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру;

- Ҧлттық саз аспабы – домбырада ойнау арқылы ӛмірге қажетті тҧрмыс-салт жырларын ҥйрету;

Осындай мақсат-міндеттерді сипаттайтын «Қазақ аруы» арнайы курсы кіріктірмелі компоненттер кҥйінде қарастырылып, кешенді оқу бағдарламасы тӛмендегіше тақырыптық модульдарды қамтиды:

1.Ұлы қазақ даласында ӛткен тарихи дара тұлға-арулар 2.Отбасы тәрбиесінің теориясы мен халықтық тәжірибелері 3.Риторика

4.Іскерлік әдеп және және қарым-қатынас мәдениеті 5.Сұлулық және денсаулық

6.Үй шаруашылығындағы тұрмыстық қызмет 7.Саз ӛнері

Университеттің Іргелі ғылыми зерттеулер орталығы (жетекшісі тех.ғ.д., профессор Р.Баймахан) Ҧлттық ғылым академиясының ғылыми зерттеу институттарымен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ҧлттық университетімен, Жапониядағы Хоккайдо Университетінің аналитикалық зертханасымен және Канаданың Альберто университетімен бірлесіп бірнеше жобаларға қатысып жҧмыс істейді. Соның нәтижесінде, университетімізге шетелдік ғалымдар - Альберто университетінің профессоры Дейв Чан, Токио университетінің профессор Кагуэй Танако келіп, докторанттар, аспиранттар мен магистранттарға, профессор-оқытушылар қауымына ғылыми семинарлар ӛткізіп тҧрады. Ӛз кезегінде біздің университеттің профессоры Р. Баймахан Канаданың Альберто және Жапонияның Хоккайдо университеттері шақыруымен дәріс оқып қайтты.

Ресми шақырумен Франциядағы дҥниежҥзілік ISSMGE, TC28 аталатын ғылыми комитеттің Қазақстандық мҥшесі ретінде тех.ғ.д., профессор Р.Б. Баймахан, 2008 жылы Шанхайда ӛткен мәжілісіне қатынасып, баяндама жасады.

Зерттеулердің нәтижелері шетелдерде ӛткен 8 халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда баяндалып, 45 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен қатар, бірнеше студенттің ғылыми мақалалары Малайзия мен Шанхайда жарық кӛрді. Ғылыми Орталық конкурс арқылы жеңіп алған Канаданың халықаралық

―FSIDA‖ білім гранты бойынша университетіміздің екі студенті Маханова Айгҥл мен Алихан Амангҥл Перу, Бразилия, Кения, Австралия, Въетнам, Жапония студенттерімен бірге ағылшын тілінен емтихан тапсырып, жақсы нәтижелермен тҥсіп, халықаралық арнайы бағдарлама бойынша Альберто университетінде оқып қайтты. Альберто университетінің профессоры Дэйв Чан мен профессор Р.Баймахан студенттерге арнап математикалық моделдеу пәнінен бірігіп оқулық жазып, қазақ және орыс тілдерінде - Алматыдан, ағылшын тілінде - Канададан шығаруы жоспарланды.

Университеттің құрамындағы «Қазақ мектебінің даму мәселелері»

зертханасы 2006 жылы қаңтар айында қҧрылған. (Зертхана меңгерушісі- Д.Садыкова).

(5)

10

Университеттің ғылыми кеңесі бекіткен «Қазақ ҧлттық мектебінің тарихы және даму болашағы» тақырыбы бойынша зертхана 2006 жылдан бастап Алматы, Астрахан, Орынбор, Москва, Ташкент, Қазан, т.б. қалаларындағы орталық және мемлекеттік архивтерімен және облыстық (Астана, Қостанай, Орал, Семей, Шымкент, Тараз, т.б.) мҧрағаттарымен байланыс орнатты. Тақырыптарды зерттеу және оған қажетті материалдарды жинау ҥшін зертхана ҚМҚП университеті кітапханасымен, Қазақ мемлекеттік ҧлттық кітапханасымен, Қазақ ҧлттық техникалық ғылыми-зерттеу институтымен, Қазақстан Республикасы ҧлттық педагогикалық кітапханасымен, Абай атындағы қазақ педагогикалық ҧлттық университеті кітапханасымен, ҚР Орталық мемлекеттік кітапханасымен, Ресей мемлекеттік тарихи мҧрағат қорымен байланыс жасап, ғылыми кӛздерге зерттеулер жҥргізді. Зертхана республикалық және аймақтық қазақ мектептерімен тығыз байланыстар орнатқан.

Зертханаға 6 мектеп тірек-эксперимент мектептері ретінде бекітілген (Мамания орта мектебі, Шарын қазақ орта мектебі, Т.Рысқҧлов атындағы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы № 12 кӛпсалалы гимназия мектебі, Қарғалы №2 гимназия-мектебі, Тасқарасу орта мектебі). Бҧл мектептерде педагогикалық менеджмент, білім және тәрбие мазмҧны, инновациялық жаңа технология, ҧл және қыздар тәрбиесін ҧйымдастырудың этнопедагогикалық негіздері, оқушылардың ӛзін-ӛзі басқаруын ҧйымдастырудың жаңа формалары тақырыптарында семинар-кеңестер ӛткізілді. Зертхананың зерттеу нысанын аралас мектептердің, шағын жинақталған, ауыл, қала қазақ мектептерінің мәселелері қҧрайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында 2006 жылдың 28-29 наурыз кҥндері «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми- практикалық конференция ӛткізілді.

Конференцияның мақсаты: қазақ мектебінің жай-кҥйін жете зерттеп- зерделей келе, оның даму болашағын айқындау, білім беру сапасын арттыру бағытында кең кӛлемде пікір алмасу, ой бӛлісу. Осы мақсаттарды орындау жолын анықтап, нақты ҧсыныстар қабылдау.

Конференцияның: «Қазақ мектебінің даму мәселелері: тарихы мен тәжірибесі», «Қазіргі қазақ мектебіндегі оқытудың инновациялық технологиялары», «Қазіргі қазақ мектебі тәрбие жҥйесінің этнопедагогикалық негіздері», «Жаңа формациядағы ҧстаз келбеті», «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі. Басқару мәселелері» атты 5 секциялары бойынша республиканың барлық орблыстарынан келген 207 баяндама талқыланды. Конференцияға қатысушылар университет ректоры Ш.К.Беркімбаеваның пленарлық мәжілісте жасаған «Қазақ мектебі – қазақ ҧлтының бесігі» атты баяндамасын секциялық отырыстарда қызу талқылап, қазақ мектебіне қатысты ӛткір пікірлерін ортаға салып, тың ҧсыныстар жасады.

Зерттеудің инновациялық әдістері зертханасы – (зертхана меңгерушісі С.С. Мірсеитова).

Зертхананың мақсаты: философиялық тҧрғыда адам мҥмкіндіктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, таным әрекетін қалыптастыру.

Зертхана 2006 жылдың қыркҥйек айынан бастап жҧмыс істейді.

Зертхананың жҧмысы сын тҧрғысынан ойлау мен оқу мәселесіне арналған.

Зерттеудің нәтижесі 2008 жылдың 28-29 наурызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде ӛткен «Оқушының жеке басының дамуы: әлеуметтегі орны» атты конференцияда ӛз бағасын алды.

(6)

Зертхана жетекшісі Мірсеитова Сапаргҥл – Халықаралық Оқу Ассоциациясының Евразиялық комитетінің тӛрайымы. Зертхана шетелдік ғалымдармен тығыз байланыста жҧмыс жасайды. Мысалы, АҚШ, Айова университетінің профессоры Дәвид Ландис жыл сайын ӛз студенттерін ертіп келіп зерттеу жҧмыстарын университеттің ғалымдары және студенттерімен бірігіп ӛткізуде. Бҧндай жҧмыстардың студент жастарға берері кӛп, әсіресе тіл ҥйренуде (американдық студенттер – қазақ тілін ҥйренуге мҥмкіндік алса, ҚызПУ студенттері – ағылшын тілін меңгеруде). Зертхана жыл сайын ӛтетін халықаралық Оқу Ассоциациясының конференцияларына белсенді қатысып отырады.

Зертхананың ҧйымдастыруымен «Дауыс&Кӛрініс» журналы шығып тҧрады.

Қазіргі кезде зертхана жетекшісі 2009 жылдың айында Португалияның Брага қаласында ӛтетін 16 Европалық конференцияға дайындық ҥстінде.

Университеттегі ғылыми жҧмысты қажетті деңгейге кӛтеру ғылыми педагогикалық кадрлар әлеуетіне тікелей байланысты екені белгілі. Бҥгінгі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 56-ғылым докторлары;

255-ғылым кандидаттары жҧмыс істейді. Олардың ішінде, тек қана Қазақстан Республикасына емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал ғалымдар шоғырланғанын айта кету керек, олар: Тынық мҧхит аймағы елдерімен және Жапония ғалымдарымен ынтымақтастықта жҧмыс істейтін профессор, Мемлекеттік ғылыми стипендия және «Жоғары оқу орнының ҥздік оқытушысы»

мемлекеттік грант иегері – Р.Б.Баймахан; «Дәстҥрлі емес энергия кӛздерін пайдалану» және «Физиканы оқыту әдістемесі» ғылыми жобаларға жетекшілік жасап жҥрген, «Қҧрмет» орденінің иегері тех.ғ.д., профессор А.Ж.Жамалов;

«Ӛзін-ӛзі тану» адамгершілік-рухани білім беру оқу әдістемелік бағдарламасының жетекшісі, әрі кеңесшісі, «Мәдени мҧра» бағдарламасы бойынша жарық кӛрген

«Әлемнің әйгілі психологтары» он томдығының авторларының бірі, «Ерен Еңбегі ҥшін» медалінің иегері – псих.ғ.д., профессор Х.Т.Шериязданова; Жалпы білім беретін мектептерге (12 жылдық) арналған оқулықтардың авторы, «Қҧрмет»

орденінің иегері, «Жоғары оқу орнының ҥздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант иегері – Қ.А.Аймағамбетова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жоғары оқу орнының ҥздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың және Ресей Федерациясы тағайындаған К.Д. Ушинский атындағы медальдың иегері, п.ғ.д., профессор А.Қ.Қҧсайынов, «Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томының қҧрастырушысы, халықтық педагогиканың даму тарихын тҥбегейлі зерттеген ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор С.Қ.Қалиев, Этнопедагогика ғылымының әдіснамалық, теориялық негіздерін анықтап, дамуына елеулі ҥлес қосқан ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор К.Ж.Қожахметова;

Педагогика ғылымының әдіснамасын зерттеудегі зор еңбегімен танымал ғалым, п.ғ.д., профессор Ш.Таубаева; Ресей Федерациясының М.Ломоносов атындағы медалінің иегері В.И.Жҧмағҧлова; «Қҧрмет» орденінің иегері – профессорӘ.Б.Бірмағамбетов; Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері – ф.м.ғ.д., А.Қ.Ершина; «Жоғары оқу орнының ҥздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант иегерлері: ф.ғ.д., профессор Б.Хасанҧлы, х.ғ.д., профессор Б.М.Бутин, филос.ғ.д., профессор Н.Қ.Сейтахметов, п.ғ.к., доцент Р.Р. Масырова, п.ғ.к., доцент И.А.Әбеуова, ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова, п.ғ.д., профессор Ж.Н.Сҥлейменова, п.ғ.к.доцент Р.Дәрменова. Бҧндай жетістіктер университет ғалымдарының жоғары деңгейі мен ӛре биіктігін байқатады.

Университеттің халықаралық байланыстары

Университет халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында біраз жетістіктерге қол жеткізген. Оған дәлел университет Туркия жоғары оқу орындары Ассоциациясының (ЙОК) және Педагогикалық білім беру ғылымдары

(7)

12

Халықаралық академиясының мҥшесі (Мәскеу), EWHA Корея қыздар университетімен, Кангнам (Корея, Сеул), Айова штаты(АҚШ) университеттерімен және басқа да Ресей, Қырғызстан, Ӛзбекстан, Тәжікстанның ЖОО –мен ынтымақтастық байланыста.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алдында тҧрған басты міндеттерінің бірі - аға ҧрпақтың еліміздің ғылымын дамытудағы ӛнегелі істерін жаңа серпінмен жалғастыра алатын жас ғалымдарды тәрбиелеу.

Осыған орай, университет студенттерін ғылыми-зерттеу жҧмыстарына, шығармашылық ізденістерге тарту ҥшін 2004 жылы Кіші ғылым академиясы қҧрылды. Кіші ғылым академиясы ҥйірмелер арқылы студенттерді ғылыми- зерттеу жҧмысын, әр тҥрлі конференциялар ҧйымдастыруға, студенттердің қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға, олимпиадаларға, кӛрмелерге қатысуына ықпал етіп отырады.

65 жылдық тарихы бар университетімізде студенттердің тҧңғыш ғылыми- практикалық конференциясы 1948 жылы ӛткізілген, ал 2008-2009 оқу жылында 62 - ші ғылыми-практикалық конференциясы ӛтті. Конференцияда студенттердің ғылыми-зерттеу жҧмыстарының нәтижелері жан-жақты талқыланады. Ғылымға қызығушылығы бар студенттерді қолдау мақсатында Жас ғалымдар кеңесі мен Кіші ғылым академиясы тарапынан әр секция бойынша эксперттік комиссиялар қҧрылып, комиссия тӛрағалығына басқа жоғары оқу орнынан танымал ғалымдар шақырылады. Бҧндай әрекеттер студенттердің қызығушылығын дамытумен қатар, университет студенттерінің білім деңгейін басқа жоғары оқу орнының ҧстазы бағалауы арқылы сол оқу орындарының студенттерімен білім деңгейін салыстыруға мҥмкіндік береді. Сӛйтіп, бҧндай шаралар бәсекеге қабілетті маман даярлауға ӛз септігін тигізетіні ақиқат. Жоғары бағаланған баяндамалар міндетті тҥрде ғылыми жинаққа енуге мҥмкіндік алуымен қатар, студент ақшалай сыйақы мен бағалы сыйлыққа ие болады.

Конференциялармен қатар университетімізде студенттердің пәндік олимпиадаларын жҥйелі тҥрде жыл сайын ӛткізу ӛз жемісін беруде. Біздің студенттеріміз 2008-2009 оқу жылының ӛзінде республикалық студенттердің олимпиадаларында жҥлделі орындарға ие болды: математикадан – жеке студент (Хансеитова Айгерім) – Гран Приге ие болса, ал жалпы команда ІІ (екінші) орынды иеленді; информатикадан – ІІ орын, психологиядан – ІІ орын; мектепке дейінгі білім – І орын; қазақ әдебиеті – І орын; қазақ тілі – І орын;

2007-2008 оқу жылында Жоғары оқу орындарының арасында ӛткен жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең ҥздік ғылыми жҧмысына арналған республикалық байқауда жҥлделі орынға ие болған университеттің 8 студенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды. Олардың ҥшеуі – 1 дәрежелі, екеуі 2 дәрежелі, ҥшеуі 3 дәрежелі диплом иегерлері болса, Корпоративтік Қазақстан Білім және ғылым қорының тағайындаған атаулы стипендиясына университеттің 4 студенті ие болды.

(8)

К Ә С І П Т І К Б І Л І М ӘОК 371. 3

ТIГIН МАШИНАСЫНЫҢ НЕГIЗГI МЕХАНИЗМДЕРIНІҢ ЖҰМЫС АТҚАРУ ҚИМЫЛЫ

Абдижаббарова С.Қ. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Барлық тiгiн машиналары бӛлшектерден, буындардан және механизмдерден қҧралған.

Бӛлшек - қҧрастырушы операциясыз жасалатын элемент, мысалы: винт, гайка, бiлiк, болт, шпонка.

Буын - дегенiмiз бӛлшектер тобы. Бiр қатты жҥйенi қҧрайтын және қозғалмайтын бiр-бiрiне қарағанда салыстырмалы келедi. Буындар қозғалмалы және қозғалмайтын болып келедi. Қозғалмайтын бӛлшектер, бiр қатты қозғалмайтын дененi қҧрайды (мысалы машинаның корпусы). Әрбiр қозғалмайтын бӛлшек, топ бӛлшектерi, бiр қатал системаны қҧрайды оны қозғағыш буын дейдi (иiн, бҧлғақ, жетектеме т.б.). Екi қосылған буын бiр-бiрiне қарағанда қозғалатын кинематикалық жҧпты қҧрайды. Кинематикалық жҧптардан қҧралған буын (звено) кинематикалық тiзбектi қҧрайды. Қол тiрегiне (стойка) орналасқан барлық механизмдер кинематикалық тiзбектен тҧрады.

Машина - бҧл механизм немесе механизмдер ҥйлесiмi белгiлi бiр жҧмыс жасау ҥшiн қозғалыстың қайта ӛзгерiлуi немесе жҧмыстың аяқталған тҥрi. Әрбiр механизм немесе бӛлек тҥйiндердiң ӛзара қарым-қатынасын анық тҥсiну ҥшiн арнайы шартты белгiлермен белгiленген схемамен сызып кӛрсетедi (кесте 1).

«Кинематика элементтер схемасы ЕСКД графикалық шартты белгiлермен орындалған» 2.770-68 ГОСТ бойынша. Тiгiн машинасының негiзiн, орындаушы механизмдер қҧрайды, яғни тасымалдаушы механизмдер арқылы электроприводтан қозғалыс алады және технологиялық жҥйенiң жҧмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

Кесте1- Тiгiн машинасының кинематикалық элементтерi және буын, бӛлшектерiнiң негiзгi шартты белгiлерi

Кинематикалық

элемент, бӛлшек, буын

Кинематикалық схеманың белгiлерi жазықтық кеңiстiк

1 2 3

Топсалы ҧсталған жерi қозғалмайтын бiр жазықтықтағы тiрек

Ҥш жазықтықтағы қозғалыс (шар тәрiздi топса)

(9)

14

Иiндi бҧлғақ

Жазық жҧдырықша бойлай ауысушылығы

Дискалық

Эксцентрикалық

Таспалы берiлiс

Тiстi берiлiс

Цилиндірлі барабан

Қозғалмайтын бағыттағыш жетектеме Тісті беріліс

Конус тәрiздi

Маховик

(10)

Берiлiс (привод) бiлiк - тасымалдаушы механизм болып табылады. Ол тігін машинасының айналмалы қозғалысын әртҥрлi элементтердiң кӛмегiмен жҥзеге асады.

Тігін машинасы мҥшелерi жҧмыс iстеушi бӛлшектер және орындаушы бӛлшектер деп бӛлiнедi. Тiгiске қатысты бӛлшектер: ине, қайық (челнок), жiптартқыш, тiстi рейка, табан, iлмек және т.б. Тігін машинасының жҧмыс мҥшесiне қозғалыс берушi және жiптi дҧрыс реттеушi бӛлшектер: олар бiлiк (вал), бҧлғақ, иiн, бҧлғақты - иiн, жҧдырықша, саусақ, тiстi дӛңгелек, эксцентрик т.б.

Буындардың жинау және бекiту механизмiн қамтамасыз етiушi бӛлшектер:

гайкалар, болттар, бҥркеншiксiз шеге (штифты), винттар. Қозғалмайтын бӛлшектерге жататын: тігін машинасының корпусы, қоршаулы механизмдерi және т.б.

Ось - дегенiмiз әртҥрлi ӛзiне қатысты және қатысты емес бӛлшектердi ҧстап тҧратын машина бӛлшегi. Бiлiк - оське қарағанда айналмалы қозғалысқа арналған машина бӛлшегi. Ось тiк стерженьдi болып келедi, ал бiлiк тiк және иiндi (коленчатый) болып келедi. Иiндi бiлiк иiндi - бҧлғақты берiлiсте қолданылады, ол қайырма - ҥдемелi қозғалысының айналуы және керiсiнше тҥрлендiрiлу ҥшiн керек. Бҧлғақ деп механизмнiң қозғалмалы буындары бар кинематикалық жҧпты айтамыз (сурет 1, а).

Ӛзiнiң осьiн толық айналып шыққан буынды иiн деп, ал тербелмелi қозғалыс жасайтын буынды коромысло деп атаймыз. Коромысло 6 (сурет 1,б) 5 бiлiкпен бiрге немесе 4 винтпен бекiтiледi. 1 корамысло 2 саусағына 3 жылжыманы ҥдемелi және тербелмелi қозғалысын басқа бӛлшектерге берiлуi ҥшiн кигiзiледi.

Сурет 1. Қозғалысты ӛзгертетiн элементтер

Жҧдырықша - бҧл ауыспалы қыйсық тегiстiк тҥрiнде орындалған элементке жататын бӛлiк. Қҧрамына жҧдырықша кiретiн механизм жҧдырықшалық механизм деп аталады. Жҧдырықшалық механизмдер жатық және кӛлемдi болады. Кӛлемдiлердiң ең кӛп тараған тҥрi – ол айналмалы цилиндрлiк жҧдырықшалар.

Жҧдырықшаға әр тҥрлi бейне (форма) беру мҥмкiндiгi – оның қозғалысты жанжақты ӛзгерту мҥмкiндiгiн анықтайды. Жалпақ дӛңгелек жҧдырықша эксцентрик деп аталады, оның қҧрамына эксцентриктiк қозғалыс беру механизмi жатады (сурет 1, в). Эксцентрик орнатылған бiлiктен - центiрдiң ығысу ҥлкендiгi - эксцентритет деп аталады. Эксцентриктiк қозғалыс беру - негiзiнде айналмалы қозғалысты тербелмелi қозғалысқа айналдыру ҥшiн қызымет етедi. 11 бiлiкке бекiтiлген 10 эксцентриктiң орталығы 7 коромысломен қосылған 9 буын мен бiлiктiң орталығына қыйғаш (смещен) қозғалыс беруден тҧрады, 10

(11)

16

эксцентриктiң қимылының арқасында 9 буынға 7 коромысло мен 8 бiлiкке тербелмелi қозғалыс бередi.

Бiр бiрiнен алыста тҧрған параллелдiк бiлiктерге айналмалы қозғалыс беру ҥшiн дӛңгелек белдiктi (ремень), қыйық белдiктi және тiстi белдiктi қозғалыс беру әдiстерi қолданылады (сурет 2, а). Параллельдiк 1 және 5 бiлiктерiнде тiстi барабандар бекiтiлген 2 және 4, соған 3 тiстi белдiк кигiзiлген.

Тiстi механизмдер – айналмалы қозғалысты бiр бiлiктен екiншi бiлiкке, айналмалы қозғалысты iлгерi басу қозғалысына айналдыруға және айналымның жылдамдығын ӛзгерту ҥшiн қолданылады (сурет 2, б, е), олардың негiзгi бӛлшектерi тiстi дӛңгелектер мен рейкалардан тҧрады. Тiстi берiлiстер тiгiн машина қҧрылысында ең кӛп тараған берiлiстердiң (передачи) бiрi.

Сурет 2 - Тiгiн машиналарында қолданылатын айналмалы қозғалыстарының берiлiс тҥрлерi

Айналымды беретiн бiлiкке бекiтiлген тiстi дӛңгелек – жетектеушi айналымды қабылдайтын – жетекшi деп аталады. Бiрiктiрiлген екi дӛңгелектiң кiшiсi шестерна деп аталады. Тiс саны бiрдей шестернаның бiрi жетектеушi, ал келесi бiрi жетектелушi болады. Осьтері параллельдi орналасқан бiлiктерге айналмалы қозғалыс беру ҥшiн тiстi цилиндірлiк берiлiс қолданылады (сурет 2 б, в), ал егер бiлiктiң осьтері қыйылысатын болса, онда конструктық (сурет 2 д), винттiк (сурет 2 г) немесе червяктық (сурет 2 е) берiлiстер қолданылады. Iшкi және сыртқы iлмектiлi берiлiстер кездеседi. Iшкi берiлiсте – дӛңгелектер қарама- қарсы бағытта, ал сыртқыда – бiрыңғай бағытта қозғалады. Червяктiк берiлiс айналым санын ҥлкейтуге, әрi айналым жылдамдығын ӛзгерту қажеттiлiгiне жағдай жасайды. Айналымы қозғалысты iлгерi жылжу қозғалысына айналдыру ҥшiн цилиндрлiк дӛңгелекпен рейкадан тҧратын рейкалық берiлiстер қолданылады. Бiр-бiрiне тиiп тҧратын механиздердiң ҥйкелу буыны арқылы қозғалатын болса ол фрикциондық қозғалыс деп аталады. Айналмалы немесе тербелмелi бiлiктер мен осьтер тiгiн машинасында тiрек ретiнде орталықтық (центровые) саусақтар (сурет 3 а) және подшипниктер (сурет 3 б, в) қолданылады.

Бiлiктiң 1 ҧш шағын конус тәрiздi тесiк бҧрғыланады, соған орталық саусақ 2 кiргiзiлiп стопорлық винтпен 3 бекiтiледi. Тӛлке (втулка) тҥрiнде жасалған жылжымалы подшипниктер ӛте кең қолданылады (сурет 3 б), домалақ (сурет 3 в) және ине тәрiздi подшипниктерде қолданылады.

(12)

Сурет 3 - Айналмалы және тербелмелi бiлiктiң тiрегi

Ҥдемелi қозғалысты және ҥдемелi қозғалысты айналымға ӛзгерту ҥшiн иiндi- бҧлғақ механизмi пайдаланылады. Бҧндай механизм (сурет 4) 7 иiн, 8 бiлiктiң ҧшына орнатылған. 7 иiнге 6 саусақ бекiтiлген (8 бiлiктiң 6 саусақ ортасына дейiнгi аралығы иiннiң радиусы болып саналады). Бҧлғақтың 9 жоғарғы басы 6 саусаққа, ал тӛменгi басы мойынша (темiр сақина) саусағына 3 кигiзiлiнген. Машинаның ине жылжытқыш 4, мойынша 3 винт 2 арқылы бекiтiлген, тiк кеңiстiкте жылжиды 1 және 5 тӛлке бағытаушы арқылы. Мойынша 3 саусақтың оң жағында 10 жылжыма (ползун), жылжытушы және бағыттаушы 11 орнатылған. Егер жылжыманың жылжыуы иiн бiлiгiнiң осьiне тiк болса жылжыманың жҥру кӛлемi иiннiң екi радиусына тең болады.

Сурет 4 - Конструктивтi кинематикалық (а) және кинематикалық (б) тiгiн машиналарының иiндi - бҧлғақты механизмдерiнiң сызбасы

Тiгiн машинасының бӛлшектерiн бiрiктiру және олардың бiр-бiрiне қарағандағы жағдайын реттеу ҥшiн әр тҥрлi конструкциялы бҧранда шегелер қолданылады.

Атқаратын мiндетiне қарай бҧрандалы шегелер орнатушы, стопорлы, бекiтушi және арнайы болып бӛлiнедi. Орнатушы және стопорлы 3 (сурет 5 а) бҧрандалы шегелер бӛлшектердi бекiту ҥшiн пайдаланылады, бҧрандалы шегенiң ҧшы бӛлшектiң бетiне тiреледi немесе арнайы жасалған тесiкке кiредi. Бҧрандалы шеге 3 босатылғанда бӛлшек 2 стержень бойымен жылжытуға немесе стержендi айналдыра отырып белгiлi бiр бҧрышқа бҧруға болады. Бекiтушi бҧрандады шегелер 5 (сурет 5 б) бӛлшекке бҧрап кiргiзiледi, ол бiр бӛлшектi екiншiсiне бекiту ҥшiн пайдаланылады, мысалы: пластина 4 пластина 6. Бҧндай бекiтулер бҧрандалы шегенi 5 босатқанда пластиналарды жылжытуға мҥмкiндiк бередi.

(13)

18

Бекiтушi бҧрандалы шеге 9 (сурет 5 в) кӛбiне кесiндi бӛлшектердi 8 бiлiкке 7 (саусақ) бекiту ҥшiн қолданылады.

Бҧндай бiрiктiру клеммалық бiрiктiру деп аталады. Кесiндi бӛлшек 8-дiң оң жағында орналасқан тетiкке бҧрап кигiзiледi, сол жақтағы бҧрандалы (резбовое) тесiкке бҧрап бекiтiледi. Бҧл шеге бӛлшектiң 8 бiлiк 7 -ге оң және сол жақтарын бiрдей тартып бекiтедi. Клеммалық бiрiктiрулер бӛлшектердiң жағдайын жҧмыс барысында тез-тез ӛзгертiп тҧратын кездерде қолданылады.

Сурет 5- Бӛлшек және буындарды қосатын әртҥрлi винттердiң тҥрлерi

Сурет 6- Бӛлшектердi қосатын арнайы винттер

Тiгiн машиналарында арнайы бҧрандалы шегелер кең қолданылады (сурет 6). Олар бӛлшектердiң бiр-бiрiне қарағандағы жағдайларын ӛзгерту мҥмкiндiгiн бередi. Мысалы: бҧрандалы шеге 1 бӛлшек 2-ге тербелмелi немесе айналмалы қозғалыс жасауға мҥмкiндiк бередi. Бҧрандалы шеге 3 (сурет 6 б) 4және 5 бӛлшектерге әр тҥрлi кеңiстiкте қозғалыс жасауға мҥмкiндiк бередi. Қозғалыстағы бӛлшектердi ҧстап тҧру ҥшiн шарнирлi саусақ 7 (сурет 6 в) пайданалынады.

Мысалы: стопорлы шеге 8 - бен бӛлшек 6 саусақ 7-ге айналмалы немесе тербелмелi қозғалыс жасай алатын бӛлшекке 9 кигiзiледi.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Исаев В .В. Оборудование швейных предприятий М.: « Легпромиздат».1989. - 336с.

2. Франц В.Я., Исаев В.В. Швейные машины Иллюстрированное пособие М., 1986г.

3.Ермаков А.С Оборудование швейных предприятий, 2004г.

4.Франц В.Я. Монтаж, техническая эксплуатация и ремонт швейного оборудования, 2005г

5. Суворова О.В. Швейное оборудование. Ростов на Дону изд. Феникс, 2002г.

(14)

ТҤЙІНДЕМЕ

Мақалада тігін машинасының негізгі элементтері және механизмдерінің қимыл қозғалысы қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются основные элементы и движение механизмов швейной машины.

ӘОК 687.16

КИІЗ БАСУ ӨНЕРІ, ОНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ Абдраман К. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Халық қолӛнері – бағзы замандардан бері ҧлы даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани кӛне мәдениетінің дәстҥрлі жалғасы, халық тҧрмысымен бірге туып біте қайнасқан ӛміршең ӛнер.

Ҧлттық қолӛнер бҧйымдарынан қазақ халқының тек ӛзіне тән тӛл мәдениеті мен тҧрмыс-салты сияқты, ғасырлар бойы ӛзге халықтарға ҧқсамайтын ӛзіндік қолтаңбасы, ӛзіндік нақыш бояуы мен әшекей-ӛрнектерінен, тіпті оның жасалуына қарап аймақтық ерекшеліктерін аңғаруға болады.

Олар кӛшпелілер тҧрмысы мен мәдени болмысынан, халқымыздың дҥниетанымы мен наным-сенімдерінен мол мҧрағат береді.

Қолӛнер дәстҥрлі тҧтыну және сәндік бҧйымдарын жасайтын ҧсақ ӛндіріс.

Қолӛнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек қҧралдарының кӛмегімен кӛркем композициялық шешіммен тҧрмысқа қажетті мҥліктер, музыкалық аспаптар, зергерлік бҧйымдар, қҧрал-саймандар жасайды.

Қолӛнер шеберлері табиғат сҧлулығын ӛнер туындыларына арқау ете білген.

Ҧлттық ӛнердің ӛзіндік ерекшелікпен қалыптасуына ҥлкен әсерін тигізген жайт – кӛп ғасырларға созылған кӛшпелі ӛмір. Демек, кҥнделікті тҧрмысқа қажет қолӛнер бҧйымдары кӛшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-ӛрісіне тән ою-ӛрнекпен нақышталып беріліп отырған /1/.

Кӛнеден келе жатқан қазақ қолӛнері де ӛз халқының дәстҥрлі кӛркемдік мҧрасын сақтап қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба жҧмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолӛнер бҧйымдары соны дәлелдейді.

Қазақ қолӛнерінде киіз басуда пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы қой жҥн болды. Халық шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып, оны ӛңдеуге техникалық тәсілінің барынша тиімді және кҥнделікті тҧрмысқа ең қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дҥниесіне де кӛңіл бӛле білді.

Мал шаруышылығымен кеңінен айналысқан ата-бабаларымыздың кҥні бҥгінге дейін ӛз маңызын жоғалтпай келген дәстҥрлі қолӛнер ҥлгілерінің бірі – киіз басу.

Киіздің негізгі шикізаты жҥннің ӛзіндік қасиеті де ерекше: қой жҥні мен жҥннен басылған киіздің емдік қасиетін атам қазақ жақсы білген. Кӛшпенді ӛмір сҥре жҥріп, тӛрт тҥлік малдың шикізатын пайдалауды жақсы игерген. «Тоғыз қабат торқадан, боқты ішекті тоқтының терісі артық» деген мақалды тегін айтпаса керек.

Жҥн – денсаулыққа пайдалы және ыстық пен суыққа тӛзімді, жҥннен тоқылған, жҥн тартылып астарланған, жҥнен басылған киімдер адам

(15)

20

денсаулығына ӛте пайдалы. Оның қҧрылымы адам терісінің тыныс алуына ӛз әсерін тигізеді. Швейцариялық дәрігер Арнольд Рикли (ХІХ ғасырдың салауатты ӛмір қозғалысының атақты кӛшбасшысы) «Адам ӛмірі ҥздіксіз ауа шомылғысы іспеттес! Ал, жҥн адам ӛмірін қамсыздандырады» – деген болатын.

Боялмаған, химия қосылмаған, тірі малдың жаңадан қырқылған жҥні 12 пайыз ланолиннен тҧрады. Бҧл қҧнды зат, косметикалық кремдер, майлар дайындау ҥшін қолданылады. Қҧрамындағы су, протеинкреатин лаулаған отты сӛндіруге әсерін тигізеді. Жҥн бҧлшық ет, буын, омыртқа ауруларына шипа, адамның қан айналымын жҥйеге келтіреді және ауруды басады. Денеге жылу беруімен қатар адам ӛзін сабырлы сезінеді. Неғҧрлым қойдың терісіне тақап қырқылған жҥнді пайдаланса, соғҧрлым жҧмсақ әрі майда жанға жайлы келеді /2/.

Қой жҥнінің емдік қасиеттері: Ертерек кезде жетілмей туылған нәрестелерді (аурудан сақтандыру мақсатында) қойдың жҥніне ораған.

Жҥннің бас, тіс, бел ауруларына емдік қасиеті ӛте зор. Тобықпен, білектің, буындардағы ісіктерге жҥнді тартса, ісігі тез қайтады. «Сарқылмайтын алтын»

деп бекер айтылмаған, ӛйткені ланолин ісікке, аллергияға, жарақаттарға қарсы дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.

Кейінгі кезде ғалымдар жҥннің адам ағзасына қажетті қҧнды зат екенін дәлелдеді. Мысалы, жетілмей туған жас нәрестелерді ҧстайтын вакумның ішіне жҥннен тӛсеніш жасаған. Сонда нәресте денесі тыныс алады, салмағы қосылады, матаға қарағанда жҥн балаға жылуды молырақ береді, асты ҥнемі қҧрғақ болса, бала тез жетіледі. Осы тәжірибе нәтижесінде балалар вирустық және бактериялық жҧқпаларға шалдықпайтын болады. Балаларға суық тигенде, ӛкпесі қабынғанда қойдың жҥніне орау қажет деп дәрігерлер де кеңес ҧсынады. Жас нәресте мазасызданғанда оның кіндігіне жҥнді басады, сонда ауырғаны басылады.

Бала тҥнде тыныш, әрі мазасызданбай ҧйықтау ҥшін оның астына қойдың жҥнінен жасалған кӛрпе тӛселеді.

Ревматизм, артрит, буын аурулары, ісік аурулары пайда болғанда тізені, шынтақты тобықты жҥнмен ораса аурудан тез айығады. Жҥннен жасалған киімдерді адамдар мыңдаған жылдардан бері қолданып келеді және бҥгінгі кҥнде де сәндігін жоғалтқан жоқ. Жҥн 33% ылғылды ӛзіне сіңіре отырып, қҧрғақ қалпын сақтайды. Мақта 8% ылғалды ӛзіне сіңіреді, ал жасанды жҥндер мҥлдем ылғалды ӛткізбейді. Жҥннің салмағы аз болғанымен жылуды кӛп бӛледі және ыстық кҥнде де тері қабатын салқын кҥйде сақтайды. Жҥннен жасалған аяқ киім қан айналымын жақсартады, ылғалды ӛзіне сіңіріп алады, аяқ демалады және жылы жҥреді. Артрит, ревмотизммен ауырғандар аяққа пима кию қажет /3/.

Жҥннің жоғардағы аталған ерекшеліктерін ескере отырып жҥзеге асырылатын киіз басу дәстҥрлі ӛнері, қазақ халқының ӛзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан тҧрмыстық мәдениеттің кӛрінісі.

Киіз (кигіз) – қойдың кҥзем жҥнінен басылатын ҥй тҧрмысында ерекше орны бар бҧйым. Кӛшпелі тҧрмыста киіз ҥй жабдықтарынан: ҥзік, туырлық, тҥндік, текемет, сырмақтар; ат абзелдерінен: тоқым, ішкіліктер; киім кешектен:

қалпақ, шекпен, пима, байпақ т.б. жасап пайдалануға киізді кеңінен қолданып келді. Ал бҥгінгі кҥнде тҧрмысқа керекті киім-кешектен тартып, тҥрлі сәндік бҧйымдарды жасап алуға болатыны айқын дәлелденді.

Киіз басудың әдіс-тәсілдеріне келер болсақ, қойдың немесе қозының кҥзем жҥнін қырқып алғаннан кейін, ақ-қарасын ажыратып, қоқыстан тазартып, кҥннің кӛзі жақсы тҥсетін жерге жайып кептіреді. Кепкен жҥнді тулаққа салып сабап, ірілері майдаланады. Басылатын киіздің кӛлемін мӛлшерлеп, тоқылған шилерді қатарластырып орналастырып кӛктейміз. Шидің бетіне жҥнді салып шабақтап - жаймалап, шидің кӛлемін жҥнмен толтырып тегістейміз. Шабақталып жаймаланған жҥннің ҥстінен, бір шетінен бастап бір қабат жҥнді қолмен тартады

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Соның ішінде заманауи білім берудің өзекті бағыттары білім беру мен кəсіптік даярлау «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа

Болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру іс-әрекетінің жалпыдан, яғни кәсіптік білім берудің әдіснамалық білімдерінен

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды.. Білікті маман дайындау, білім беру - қоғам дамуының

Әл- Фараби дадактикасы бойынша: оқытудың мақсаты – шәкірттің бойында білім беру мен зерттеуге үйрету арқылы білім, ақыл, парасат қалыптастыру, оқытудың

Кілт сөздер: дәрілік өсімдіктер, фитотерапия, антропогендік факторлар, дәрілік шикізат, морфология-лық-анатомиялық ерекшеліктері.. Ключевые

Сондықтан ӛзге елде білім алып жүрген жастарымыз бір-бірімен ана тілінде еркін сӛйлеп, елінің тілінің мәртебесін кӛтеріп, ана тіліне деген сыйластығы мен құрметі жойылмағанда ғана

[3, б.7] Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі

Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде оқытуда студенттердің кәсіптік даярлығын тиімді қалыптастыру тілді оқыту құрылымына тікелей байланысты.. Сондықтан,