АСТАНА 2013
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы» сериясы
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
ҚЫЗМЕТ
ХРОНИКАСЫ 1992–1993 жылдар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...3
1992 жыл ҚАҢТАР ...13
АҚПАН ...27
НАУРЫЗ ...39
СӘУІР ...49
МАМЫР ...59
МАУСЫМ ...73
ШІЛДЕ ...85
ТАМЫЗ ...95
ҚЫРКҮЙЕК ...103
ҚАЗАН ...119
ҚАРАША ...131
ЖЕЛТОҚСАН ...141
1993 жыл ҚАҢТАР ...153
АҚПАН ...167
НАУРЫЗ ...179
СӘУІР ...189
МАМЫР ...203
МАУСЫМ ...215
ШІЛДЕ ...227
ТАМЫЗ ...233
ҚЫРКҮЙЕК ...241
ҚАЗАН ...251
ҚАРАША ...263
ЖЕЛТОҚСАН ...271
ҚОСЫМШАЛАР ...285
Бағаны ырықтандыруға байланысты Қазақстан халқына үндеуі ...286
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының проблемалары жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның арнайы пленарлық отырысында сөйлеген сөзі ....289
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуде сөйлеген сөзі ...291
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы ...297
Мазмұны
Халықаралық қатынастар жөніндегі Нью-Йорк кеңесінде сөйлеген сөзі ...322 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының
VIII сессиясында «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы» сөйлеген сөзі ...327 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының
VIII сессиясында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік
рәміздерінің қабылдауына байланысты сөйлеген сөзі ...338 Қазақстан кәсіпкерлерінің I форумында сөйлеген сөзі ...341 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің пленарлық
отырысында сөйлеген сөзі ...347 Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының I съезінде
сөйлеген сөзі ...350 Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайында сөйлеген сөзі ...357 БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген сөзі ...366 Демократиялық қоғамға және нарық экономикасына көшудің проблемалары
туралы Қазақ теледидары арқылы сөйлеген сөзі ...372 Әкімдіктер басшылары мен Халық депутаттарының жергілікті кеңестері
төрағаларының республикалық кеңесінде «Қазақстан Республикасы
Конституциясының жобасы туралы» тақырыбында сөйлеген сөзі ...378 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басшылық құрамының алдында
сөйлеген сөзі ...388 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының
IX сессиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындысы туралы сөйлеген сөзі ...396 Қазақстан халықтары форумында сөйлеген сөзі ...410 Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 1 жылдығына арналған салтанатты
жиналыста «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар» атты сөйлеген сөзі ...414 Жаңажылдық құттықтауы ...424 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының
X сессиясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету
бағдарламасы туралы сөйлеген сөзі ...426 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының
Х сессиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты сөйлеген сөзі ...439 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің 1993–1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасының жобасы туралы орталық және жергілікті атқарушы
органдардың басшыларымен кеңесте сөйлеген сөзі ...444
Арал теңізін сақтап қалу проблемалары жөніндегі мемлекет басшыларының
I конференциясында сөйлеген сөзі ...449
Дүниежүзілік экономикалық форумның Алматы қаласындағы көшпелі сессиясында сөйлеген сөзі ...451
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 1 жылдығына орай N-ші әскери бөлімі офицерлік құрамының алдында сөйлеген сөзі ...455
Идеология мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте «Қоғамдық идеялық тұрғыда ұйыстыру — Қазақстан дамуының басты шарты» атты сөйлеген сөзі ...461
XVIII ғасырдағы Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлері — Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биді еске алу күндерінде сөйлеген сөзі ...479
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының ІІ кездесуінде сөйлеген сөзі ...487
ІІ Халықаралық антиядролық конгресте сөйлеген сөзі ...491
Мемлекеттік холдингтік және акционерлік компаниялар басшыларымен кеңесте сөйлеген сөзі ...493
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының XI сессиясында сөйлеген сөзі ...496
Ұлттық валютаны енгізу мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзі ...506
Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақ теледидары арқылы үндеуі ...511
«Glоbal Panеl» халықаралық конференциясында сөйлеген сөзі ...516
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі ...521
Жаңажылдық құттықтауы ...525
1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі ...528
1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі ...533
1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының тізбесі ...538
1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының тізбесі ...553
Қысқартылған сөздер тізбесі ...564
Географиялық атаулар көрсеткіші ...565
Есімдер көрсеткіші ...575
Мекемелер мен ұйымдар көрсеткіші ...582
Z
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды Басып шығарушы: «Деловой Мир Астана» ЖШС
Редакциялық-баспагерлік топ:
М.Б. Қасымбеков (жетекші), саяси ғылымдардың докторы, профессор, Б.Б. Темірболат (жауапты редактор), саяси ғылымдардың кандидаты,
Ж.К. Үсембаева, техника ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Хасенов, филология ғылымдарының кандидаты,
Т.А. Темірханов, М.М. Бейсенова
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қызмет хроникасы. 1992–1993 жылдар. — Астана: Деловой Мир Астана, 2013. — 596 б.
© Қасымбеков М.Б., 2013
© «Деловой Мир Астана» ЖШС, 2013
© Барлық құқықтары қорғалған
3
Z
1992–1993
жылдар — таң- дау нарықтық қатынастардың пайдасына ше- шілген сенімді дағдарысқа қарсы шаралардың кезеңі. «Бұл кезең бізге өнегелі сабақ болды, олардың ең бастысы — тұрақты әрі мықты экономикасыз саяси даму күйзеліспен және баяу жүретінін, жалпыхалықтық наразылық пен елдің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін екенін сезіну болды».Жоспарлы экономикалық жүйенің шикізаттық қосымшасы принципі бойын- ша құрылған теңгерімі бұзылған экономика КСРО-дан Қазақстанға мұра болып қалғаны белгілі. Адам сенгісіз жұмыссыздық, жаппай тапшылық, гиперинфляция, шаруашылық қатынастардың күйреуі Кеңес Одағының құлауымен қоса қабат жүрді. Экономикадағы қарыздар республика ІЖӨ-нің көлеміне теңелді, кредиттер бойынша мөлшерлемелер 400% асты, жылдық инфляция 2500% көрсеткішінен асты, кәсіпорындардың жартысынан көбі банкрот немесе шығынды деп таныл- ды, орташа айлық жалақы мөлшері 2 еседен аса, ал ең аз мөлшері шамамен 90%
түсіп қалды.
Өндірістің құлдырауы, қаржыландырудың бұрынғы арналарының жойылуы бюджеттің кіріс бөлігін күрт кемітіп жіберді. Нәтижесінде мемлекет өз шығыстарын барынша азайтуға мәжбүр болды, ол әлеуметтік салаға зор нұқсан келтірді және халық тұрмысының айтарлықтай төмендеуіне себеп болды.
Осының барлығы экономиканы тұрақтандыру мен жедел түрде нарыққа көшу бойынша кідіріссіз және батыл шаралар қабылдауды талап етті.
Алғашқы қадамдардың ішінде 1992 жылғы қаңтар айында іске асырылған бағаның либералдануы, сондай-ақ қабылданған шұғыл дағдарысқа қарсы ша- ралар мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдетудің үкіметтік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу және
4
Z
жекешелендірудің 1993–1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасының қабылдануына сәйкес ұйымдастырылған мемлекет иелігінен алу мен жаппай жекешелендіру болды.
КСРО-дан мұраға қалған банктік және қаржылық жүйелерді қайта құрылымдау келесі маңызды бағытқа айналды. 1992–1993 жылдар арасындағы кезең ТМД-ның басқа елдеріндегідей Қазақстанда да «банктік серпілісімен» белгілі болды. 1992 жыл ішінде республикадағы банктер саны 155-тен (877 филиалдары бар) 204-ке дейін (1023 филиалы бар) өсті.
1993 жыл елдің банктік жүйесінің дамуында күрт өзгерісті жыл болды.
Қазақстандағы банктік қызмет көрсету саласы 1993 жылы қабылданған заңмен реттелді, оған кейіннен өзгерістер енгізілді. Заң мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік және бірлескен банктер жүйесінде реттеуші қызметін атқаруды көздеген орталық институт — Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін құрды.
Лицензиясы бар банктер дәстүрлі банктік операциялардың барлық түрлерін іске асыру құқығын сақтап қалды.
Сонымен қатар ел басшылығы сыртқы қаржылық ресурстардың құйылуы болмаған жағдайда сыртқы қарыздың кемуі, ішкі ақша айналымының тұрақтануы және нарықтық экономиканы құрудың ауқымды міндеттерін шешу асқан қиындық тудыратынын біле отырып, халықаралық экономикалық жүйенің маңызды субъектілері — халықаралық ұйымдармен сындарлы және өзара тиімді қарым- қатынас орнатуға бағыт алды.
Бұл арада тұрақты экономикалық өсудің маңызды шарттарының бірі болған әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара қарым- қатынасты белсендіре түскен Президент Н.Ә. Назарбаев өзекті рөл атқарды.
Экономикалық реформаларды қаржыландыру, Қазақстанның ұлттық экономикасының жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыру үшін займдар мен кредиттер алу тарапынан алғанда Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі секілді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға баса назар аударылды.
Қазақстан ХВҚ-ға кіріп, шетелдік бизнес үшін өз нарығын ашты, бірлескен кәсіпорындар құра бастады. Республикаға шетелдік инвестицияларды тарту саясатының алғашқы «қарлығаштары» қатарында «Chevron Corporation», «Philipp Morris» және т.б. атынан дүниежүзіне танымал компаниялар келді.
Сонымен бірге, 1993 жылдың соңына дейін Қазақстан біртұтас рубль аймағында бола отырып, іс-жүзінде өздігінен экономикалық саясат жүргізудің нақты мүмкіндігіне ие бола алмады. Соңғы нүкте 1993 жылдың қараша айында өзінің жеке валютасы — теңге енгізілгенде ғана қойылды.
1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.
1993 жылғы 15 қарашада теңге КСРО-ның 500 рубліне 1 теңге қатынасында айналымға енді. Бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта күні болып табылды.
Теңгені енгізу аса ауыр экономикалық жағдайларда іске асты. Ұлттық валюта енгізілген сәтте гиперинфляция деңгейі 2500% жетті, ІЖӨ — бұдан бұрынғы 1992 жылмен салыстырғанда 40% құлады, өндіріс — 9,2% төмендеді. Ең төменгі рұқсат етілген деңгейі 60% бола тұрып, экономиканы ақшалы ету дәрежесі 6–7% дейін
5
Z
құлдырады. 1993 жылға қарай 1 доллар 990 рубльге дейін жетті. Әлеуметтік және қаржылық күйзеліс пісіп-жетіліп, шегінен шықты.
Қазақстан бірыңғай рубль аймағында болған кезде Ресей жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, 1993 жылғы 26 шілдеде біржақты тәртіпте 1961–1992 жылдары шығарылған рубль банкноттарын жаңа үлгідегі рубль- дерге ауыстыруды бастап, сындарлы жағдай апатты ауқымға дейін жетті. Бұл рет- те, Қазақстан рубль аймағынан іс-жүзінде шығарылып тасталды. Республикаға ал- дымен Қырғызстаннан, содан соң Ресейден ескі кеңес ақшалары жаппай «таста- ла» бастады.
Осылайша, ұлттық валютаны енгізу мәселесі елдің жоғарғы басшылығының бұрынғы КСРО республикаларымен байланыс үзу ниетімен емес, тұтынушылық нарықты сақтап қалу, ел экономикасын, халықты экономикалық күйзелістен қорғау мақсатында жүзеге асырылды.
Республиканың қаржы-несиелік жүйесінің басында Ұлттық банк тұрды.
Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптарды қатаңдату бірінші қадам бол- ды. 1993 жылы Ұлттық банк бекітілген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты банктік қызмет көрсетудің 15 лицензиясын қайтарып алды. Дәл осы кезде әртүрлі бұзушылықтар үшін экономикалық санкциялар енгізілді, сондай-ақ қаржылық институттардың ең төменгі жарғылық капиталына қойылатын талаптар көтерілді.
Осыншалықты ауқымды экономикалық міндеттерді шешу қажеттігі қоғамды біріктіріп, жұмылдыра алатын мемлекеттік биліктің тиімді құрылымын жасауды та- лап етті.
Мемлекеттік құрылыстың алғашқы үлгісінің басымдықтарын Н.Ә. Назар- баев Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыс теориясы бойынша алғашқы іргелі еңбектерінің бірі болған «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясында» (1992 ж.) және «Қазақстан дамуы — қоғамның идеялық бірігуі» (1993 ж.) атты еңбегінде негіздеді.
Осы кезеңде Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ашық түрдегі қоғам ретінде Қазақстан дамуының тұжырымдамалық үлгісін — демократиялық, бейбітсүйгіш мемлекеттің — болашақ елдің түпүлгісін жасады, ол Қалыптасу стратегиясында көрсетілгендей:
а) адам құқығы мен бостандықтарына, тұрақты азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететін саяси және идеологиялық плюрализмге, халықаралық қоғамдастықта лайықты және теңқұқылы орынға ие болуға септігін тигізетін сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікке кепілдік беретін мықты президенттік республика болып табылады;
б) әралуан меншік нысандары мен әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпкерлігі, дұрыс бәсекелестік, шетелдік инвесторлардың ақылға қонымды қатысуы бар дамыған нарықтық экономикаға сүйенеді;
в) нақты айқындалған әлеуметтік бағдары бар, өз мүмкіндіктерін қолдану мен материалдық жағынан игілікті тұрмыс кешуі үшін барлығына бірдей тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды, әр халықтың ұлттық мәдениетін сақтап, дамытады, тұрақты даму негізі ретінде ұлттық консенсус саясатын жүргізеді.
6
Z
Осы кездері елдегі қоғамдық-саяси жағдай өте қиын және әралуан сипатымен ерекшеленді.
Саяси авансахнадан КОКП-ның кетуі нәтижесінде билік басында пайда болған бос орынды Жоғарғы Кеңес бастаған Халық депутаттары кеңесі толтырғысы келді, алайда сәтсіздікке ұшырады. Реформалар қарама-қайшылықтарды шиеленістіре түсті және Кеңестердің ұлғая түскен әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың сын- қатерлеріне жауап бере алмауын және елдің нарықтық экономикаға көшуін қамтамасыз ете алмауын ашық көрсетті. Осындай жағдайда толық билікті өз қолында шоғырландырған Кеңестер жүйесі Қазақстанның одан әрі дамуы жолын- да іс-жүзінде тежегішке айналды. Оның үстіне, ол демократиялық қоғамның іргелі негізі — билікті бөлу принципіне қарама-қайшы келді.
1993 жылғы 28 қаңтарда іске асқан Конституциялық реформа жасау қажеттігі туындады.
Қазақстанның алғашқы Конституциясын әзірлеу мен талқылау елдің мемлекеттік-саяси құрылымының негізін қалайтын принциптерге байланысты саяси пікірталаспен жалғасты. Қоғамдық пікірсайыстың ашық саяси қақтығысқа жалғасып кету қаупі айқындала бастады. Елдің постсоциалистік қоғамға аса күйзелісті, ал қоғамның белгілі бір топтары үшін қажетсіз әрі жедел ауысуына бай- ланысты жағдай бірнеше есеге қиындай түсті. Сондықтан да 1993 жылғы Конститу- цияны әзірлеу мен қабылдау әртүрлі, кейде қарама-қайшы ұстанымдарды тудырған бітпей кеткен ымыралас тұжырымдамалар іздеуге әкелгені заңды. Нәтижесінде, Конституцияның қорытынды мәтіні тым әмбебаптығымен ерекшеленді.
Жаңа Конституция Қазақстан егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтады.
Алайда көп ретте 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясын қайталаған Негізгі заң ымыралық сипатта болды. Бұрынғы жүйенің негізгі механизмін тікелей Кеңестер та- рапынан сақтай отырып, жаңа Конституция іс-жүзінде Қазақстанның енді ғана қол жеткізген мемлекеттілігінің астына баяу іске қосылатын жарылғыш зат қойғанмен бірдей болды. Елде шын мәнінде, қосбилік орнады, ол ел дамуын сірестіріп таста- ды және жедел шешілуін талап етті.
Бұл жағдай Президент пен Жоғарғы Кеңес арасындағы қарама-қарсылықпен сипатталған Қазақстанның саяси өмірінің бұдан былайғы мазмұнын айтарлықтай дәрежеде алдын ала айқындап берді, бұл мемлекеттік басқару үдерістерінің шырқын бұзып, либералды экономикалық реформаларды үдемелі іске асырудың орындалмау қаупін төндірді. 1993 жылы қазан айында көршілес Ресейдің Мәскеу қаласында адам құрбандығына әкелген қарулы қақтығыспен аяқталған билік тармақтарының қарама-қарсы тұру тәжірибесі осындай жағдайдың мемлекет үшін қаншалықты қауіпті екенін көрсетті.
Барлық осы объективті факторлар Кеңестер жүйесінің құлауына себеп бол- ды. Мазмұнды қарама-қайшылық және Кеңестердің тежеусіз билігі мен биліктің демократиялық бөліну принципінің үйлесімсіздігі Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақырылымының 1993 жылы өзін-өзі таратуына әкелді.
Жоғарғы кеңестің он үшінші шақырылымының өзін-өзі таратуы өкілетті биліктің төменгі құрылымының өздігінен құлдырауынан басталды. Аудандық, соңынан облыстық кеңестер бірінен соң бірі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдай бастады. Мемлекеттік билік тармақтарын бөлу принциптері
7
Z
бойынша өкілетті билікті реформалау қажеттігі мен парламенттің заң шығарушылық қызметін кәсібилігі мен оның тиімділігін арттыру жағына қарай жетілдіру қажеттігін түсінген Жоғарғы Кеңестегі депутаттардың көп бөлігі де мандаттарын тапсыра ба- стады.
1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақырылымы өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
1990 жылдың 24 сәуірінен 1993 жылдың 13 желтоқсанына дейін жұмыс істеген Жоғарғы Кеңестің он үшінші шақырылымы Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Ол 1990 жылдың 25 наурызында өткен алғашқы демократиялық сайлаудың тәжірибесінен туындады.
Әлі де сындарлы өкілетті органның маңызды рөлі Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаған Мемлекеттік егемендік туралы декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң, Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау туралы заң, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы секілді аса маңызды саяси-құқықтық құжаттардың қабылдануымен айқындалды.
Осылайша, 1993 жылғы Конституция барлық кемшіліктеріне қарамастан ұлттық-мемлекеттік құрылыстың негізін қалап қана қоймай, демократияландыру үдерістері мен құрылымдық саяси реформаларды тереңдетуге жәрдемдесті.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі саяси тұрғыда білдіру үшін жағдай жасау, мемлекеттік емес БАҚ-тарды дамыту және т.б. көрініс тапқан қоғамдық-саяси өмірдің жүйелі түрде либералдануы басталды. Осы секілді серпінді либералды үдерістер ең қысқа мерзімде елдің саяси дамуын жаңа мазмұнмен толықтырып, саяси реформалар- ды одан әрі іске асырудың бағдарын айтарлықтай нақты белгілеуге мүмкіндік берді.
Қоғамдық өмірдің либералдануы сондай-ақ елде көппартиялықтың енгізілуімен есте қалды. Саяси плюрализмнің дамуы нәтижесінде саяси партиялар санының өсуі байқалды. Егер бұған дейінгі кезеңде Қазақстанның саяси майданында тек азаматтық және протопартиялық институттар болатын болса, 1993 жылдың соңында саяси партиялар құрылуының алғышарттары қалыптаса бастады.
Осы жылдары сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің жалпы бейнесі айқындала бастады. Атап айтқанда, 1992 жылдың ішінде «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР Халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы»
Заңына өтпелі кезеңде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және
«Экономикалық реформа жағдайларында мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметін жетілдіру туралы» Президент Жарлығы бірінен соң бірі қабылданды
Осылайша, Қазақстанда алғаш рет Президенттен бастап жергілікті әкімшіліктер басшыларына дейін біртұтас атқарушы-басқарушылық органдар жүйесі бекітілді.
1993 жылы жергілікті атқарушы билік органдарының атауына, құрылымы мен өкілеттігіне түбегейлі өзгерістер енгізген «Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы және өкілетті органдары туралы» Заңы қабылданды.
Осылайша, 1992–1993 жылдардағы саяси дамудың мазмұны өкілетті және атқарушы билік тармақтарының функциялары мен өкілеттіктерінің шегін ажырату мен нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы атқарушы билік органдары қызмет
8
Z
ету механизмінің оңтайлы моделін іздеуге бағытталған мемлекеттік басқарудың ескі жүйесін реформалау үдерістерімен толықты. Атқарушы және президенттік биліктің Мемлекет басшысының қол астына бірігуі осы кезеңге тән сипат алды, ал дамудың негізгі үрдісі — саяси маңыздылығын жоғалта бастаған Кеңестер жағын өкілдік еткен өкілетті билікке қарама-қарсы атқарушы билікті нығайту болды. Нәтижесінде басқарудың жаңа құрылымының конституциялық жағы бекітілді, оның шеңберінде атқарушы билік органдары (жергілікті әкімшіліктерді қоса алғанда) Парламентке есеп беру міндетінен Президентке бағыныстылығы қайта қаралды, ал президенттік тікелей басқару биліктің жеке тармағы ретінде бөлініп шықты.
Күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда елде этносаралық қатынастар тұрғысында да белгілі бір теріс әсерлі жағдай қалыптасты.
Бұл кезеңде ең бір қызу пікірсайыстар қосазаматтық мәселесі төңірегінде жүргізілді. Алайда, ақыр-соңында дұрыс тоқтам жасалды: қосазаматтық жойылды, бұл елдің саяси және экономикалық қауіпсіздігіне төнген қатерлерді айтарлықтай төмендетті. КСРО-ның бөлшектенуіне қарай бұрынғы республикалар арасында көптеген аумақтық және мүліктік наразылықтар жинала бастады, ал Қазақстанның айналасы мен ішінде де шекараны қайта қарауға шақырған сепаратистік ой- пікірлерді тарата бастаған саяси топтар белсендіріле түсті.
Жалпы Қазақстандағы этносаралық келісімді сақтап қалуға ел Президентінің ой елегіне салынған, үдемелі саясаты көп дәрежеде жәрдемдесті. Этносаралық келісім, азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты «үш алып кит» және Н.Ә. Назарбаевтың саяси пәлсапасының сөзсіз әрі үзілді-кесілді кесімі деп айтуға болады, онсыз қазақстандық қоғамның ілгері дамуы мүлдем мүмкін емес. Алайда көптеген елдерде және ғылыми доктриналарда көпэтностылық «қауіптілік» факто- ры болып есептелетін болса, Н.Ә. Назарбаев 1980 жылдардың соңынан бастап-ақ мемлекеттің этностық, тілдік, конфессиялық әралуандығын бағасыз әлеуметтік- гуманитарлық капитал және бірігу факторы ретінде қарастыра отырып, бұл тап- таурынды бұзды.
Сонымен бірге басқа үдеріс — Қазақстанға бір кездері Отанын тастап кетуге мәжбүр болған оралмандардың қайта келуі басталды. Қазақ диаспорасының әр түрлі бөліктерінің Қазақстанмен қауышуына дүниежүзінің 30-дан астам елдерінен 700-ден астам делегаттарды жинаған 1992 жылғы I дүниежүзілік қазақтар құрылтайында шешуші бастама берілді. Онда осы заманғы қазақ этносының көкейкесті проблемалары талқыланды және Дүниежүзі қазақтары қоғамдастығы құрылып, Н.Ә. Назарбаев оның төрағасы болып сайланды.
Ел тәуелсіздігі Қазақстан халқының шынайы рухани жаңғыруына бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер берді. Ғасырлар мен ондаған жылдар бойғы мәңгүрттіктен кейін халқына аса қымбат есімдері мен ескерткіштері қайтарылды. Зиялы күнтізбеде Наурыз мейрамы мерекесінің жаңғыртылуын қосқанда жаңа мерекелердің пай- да болуымен қатар, республикада осы кезең ішінде тарихи оқиғаларға, ұлттық тарихтың танымал қайраткерлерінің (қазақтың ұлы билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) есімдерін мәңгі есте сақтауға және құрметтеуге арналған еске алу ша- ралары өткізілді.
9
Z
1991 жылы дүниежүзілік қоғамдастықтың теңқұқылы мүшесіне айналған соң, Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатын қалыптастыру мен басқа мем- лекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын реттеу қажеттігін сезінді.
Стратегиялық ядролық әлеуетінен өз еркімен бас тарту туралы шешімі Халықаралық қоғамдастыққа жаңа егеменді мемлекет құқығымен кірген Қазақстанның алғашқы әрі аса зор маңызды қадамдарының бірі болды.
1992 жылдың наурыз айында Мәскеу қаласында Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь арасындағы меморандумға қол қойылған соң және 1992 жылғы мамырда Меморандум қағидаттарын заңды түрде бекіткен Лиссабон хаттамасын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы ядролық қарусыз мемлекетке ай- налды. 1993 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Парламенті Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) ратификациялады.
Жетекші әлемдік державалар тарапынан қауіпсіздігіне кепілдік берумен нығайтыла түскен Қазақстанның ядролық қарусыз мәртебесі жас республиканың шекарасы бойымен бейбітшілік пен қауіпсіздіктің негізін қалады және Қазақстанның басқа елдермен жемісті ынтымақтастық жасауына нақты мүмкіндіктер берді.
«Ядролық держава» деген әуезді әрі көп нәрседен дәмелі ететін мәртебеден бас тарту туралы оңай болмаған шешім қазақстандық басшылықтың кейінірек
«көпвекторлық» деген ұғыммен айқындала түскен кемел де, жауапты сыртқы сая- си бағытты ұстануға ұмтылысын паш етті.
Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып Түркия Республикасы қарсы алды. Осы сәттен бастап басқа шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастарды орна- ту үдерісі басталды.
Қазақстан сондай-ақ едәуір беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жақсы жолға қоя бастады, олардың қатарында — БҰҰ, ЕҚЫК, ЕО, ХВҚ, Дүниежүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНЕП, ЭСКАТО, БҰҰДБ, ДДСҰ, МАГАТЭ, ЭЫҰ және т.б. бар.
1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасын Ұйым мүшелігіне қабылдау туралы қарар бірауыздан мақұлданды. Бұл Қазақстанның толық құқылы қатысушы ретінде дүниежүзілік қоғамдастыққа қабылдануының дәлелі болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында сөйлеген бірінші сөзі зор маңызға ие бол- ды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысуының принциптері, оның осы заманғы әлемдегі рөлі туралы айтылды. Барлығының ортақ мойындауына сәйкес Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзі, ол ұсынған ауқымды сыртқы саяси бастамалары жас мемлекеттің әлемдік саясатқа қатысуы үшін маңызды мәлімдеме болып, оның көп ретте БҰҰ-да танылуына жәрдемдесті.
Қазақстан Республикасы өзін дүниежүзілік қоғамдастықтың лайықты әрі тең мүшесі ретінде көрсете білді және ірі сыртқы саяси бастамалар деңгейіне шықты, олардың ішінде ең ауқымдысы және перспективалысы Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін (АӨСШК) құру идея- сы болды.
10
Z
Бұл бастаманың мәні Азия құрлығында сақтандыру дипломатиясының тиімді тетіктерін құруға келіп тоғысты, онда әлемнің басқа өңірлеріне қарағанда бұл секілді тетіктер әлі құрылмаған болатын. «Еуропадағы ЕҚЫК секілді біздің құрлықта Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық құрылымын құру идеясы көптен бері өзектілігін жоймай келеді... Осындай құрлықтық құрылымға қарай іс- қимыл көпқадамды әрі кезең-кезеңімен жүргізілуі мүмкін. Ол, мәселен, мынадай сызба бойынша: өңірлік және құрлықтық құрылымдар мен коалициялар арқылы ынтымақтастықтың жекелеген түрлері бойынша (сенім шаралары мен ұжымдық қауіпсіздік, гуманитарлық, экономикалық, мәдени өзара әрекет ету) «екіжақты қатынастардан» кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың жалпы құрлықтық органдарына қарай жүргізілуі мүмкін». АӨСШК идеясы іс жүзінде бірден бірқатар мемлекеттер тарапынан қолдау тапты.
Осындай көпвекторлы радиуста Қазақстан консультациялар негізінде өзінің ше- каралары бойымен «бейбітшілік пен тату көршілестік белдеуін» қалыптастыруға кірісті, себебі бірінші кезеңде өткір экономикалық және әлеуметтік проблемалар- мен ғана емес, шекара мәселелерін, әсіресе, Қытай арасындағы шекара мәселесін шешу қажеттігімен бетпе-бет келді, себебі бұрынғы Кеңес Одағының басшылығы көптеген жылдар бойы осы аса маңызды мәселенің қандай да бір шешімін таппай келген болатын.
Осы мәселені шешу үшін жалғыз мүмкін жол — пәтуаластық негізінде және өзара мүдделестікті есепке ала отырып даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу таңдап алынды. Осыған орай Қазақстанда құрамына посткеңестік республикалар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан бар бірлескен делегация шеңберінде Қытаймен ортақ шекара тұстарында сенім шараларын қамтамасыз ету бойынша келіссөздерді жалғастыру туралы шешім қабылданды. 1992 жылғы 8 қыркүйекте Минск қаласында осындай бірлескен комиссия құру туралы Хаттамаға қол қойылды.
Бұл Хаттама дипломатиялық ортада келешекте Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) құруға әкелген келіссөздердің бастау алар нүктесі болып есептеледі.
Көрсетілген кезең ішіндегі Қазақстанның сыртқы саясатының басқа да бағыттарына келер болсақ, Президент Н.Ә. Назарбаевтың ұстанымы республика- ны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ең белсенді әрі бастамашыл мүшелерінің қатарына шығарды. Қазақстан және Президент Н.Ә. Назарбаевтың өзі де ТМД тағдыры үшін ерекше жауапкершілік сезімін көрсетті. ТМД елдерімен тең құқылы және өзара тиімді қатынастарды орнату мен дамыту Қазақстанның сыртқы саяса- ты басымдықтарының біріне айналды.
Посткеңестік кеңістікте ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру және 1992 жылғы 15 қаңтарда Ташкент қаласында Қазақстан мен Ресейдің бастамасы бойынша ТМД бес мемлекет басшыларының сәйкес Шартқа қол қоюы зор маңызға ие болды, онда қатысушы мемлекеттер өздеріне мемлекетаралық қатынастарда күш қолдану немесе қауіп-қатер төндіруден тартыну, өзара және басқа мемлекеттер арасындағы барлық даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу міндеттерін алды.
Мемлекет басшысы өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жақтасы ретінде елдің Қарулы Күштерін құру мәселесіне аса зор мән берді.
1992 жылғы 7 мамырда ол «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына қол қойды. Бір жыл өткен соң 1993 жылғы 9 сәуірде
11
Z
«Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» бірінші Заңға қол қойылды. Бұл Заңмен Қазақстан Республикасы қорғанысының негізі, мемлекеттік билік пен басқару органдарының қорғаныс мәселелерін шешудегі құзыры, оның экономикалық қамсыздандырылу жүйесі белгіленді. Сондай-ақ онымен мемлекеттің қорғаныстық қабілетін нығайту бойынша ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың міндеттері нақты айқындалды. Заңмен Қарулы Күштердің Қазақстан Республика- сы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі рөлі, орны мен міндеттері, сондай-ақ қорғаныстық шараларды өткізудің тәртібі анықталды.
Нәтижесінде, 1992–1993 жылдар ішінде Республикалық ұлан, ішкі және ше- кара әскерлері, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері құрылды.
Бұл Қазақстанның нақты егемендігін алу, қорғаныстық қабілеті мен қауіпсіздігін нығайту бағытындағы тағы бір қадамы болды.
Z
1992
Z
ҚАҢТАР 1992
Дс 6 13 20 27
Сс 7 14 21 28
Ср 1 8 15 22 29 Бс 2 9 16 23 30 Жм 3 10 17 24 31
Сн 4 11 18 25
Жк 5 12 19 26
Z
15
1992 жыл
Z
3 қаңтар
Мемлекет басшысы «Бағаны ырықтандыру жөнін- дегі шаралар туралы» №569 Жарлығына қол қойды.
6 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Негізгі заңының жобасы талқыланған Қазақстан Рес- публикасы Конституциялық комиссиясы отырысына төрағалық етті.
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Сыртқы эконо- микалық байланыстар және сыртқы сауда министрі Ли Ланьцин бастаған үкіметтік делегацияны қабылдады.
Келіссөздер барысында екіжақты сая- си, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың жай-күйі мен даму перспективала- ры талқыланды. Тараптардың өзара келісімі бойынша ынтымақтастықтың бірінші кезектегі бағыттарының қатарында тармақталған әуе, теміржол және автокөлік қатынастарын құру, шекара маңындағы Шыңжаң- Ұйғыр автономиялық ауданымен, сондай-ақ Қытайдың басқа да провинцияларымен сауда байланыстарын орнату, мамандар және студенттермен алмасуды кеңейту мәселелері аталды. Бұл ретте екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шарт- ты жедел түрде жасасу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында Н.Ә. Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Пэнге Қазақстанға ресми са- пармен келуге шақыруын жолдады.
Мемлекет басшысы «Т.Т. Жүкеевті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындау туралы» №571, «Б.І. Ізтілеуовті Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасының орынбасары қызметіне тағайындау туралы» №572 жарлықтарына қол қойды.
7 қаңтар
Мемлекет басшысы нарықтық қатынастарға көшу мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымы VIII сессия- сының таңғы пленарлық отырысына қатысты.
Отырысқа сондай-ақ Қазақстан Республика- сы Министрлер кабинетінің мүшелері, облыстық
16
Қаңтар
Z
атқарушы комитеттерінің төрағалары, министрліктері мен ведомстволары, мемлекеттік концерндері мен қоғамдастықтарының басшылары қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Д.Х. Семба- ев — нарық жағдайларында бағаларды либерал- дандыру және халықты әлеуметтік қорғау шарала- ры туралы, Премьер-министрдің орынбасары Б.М.
Тұрсынбаев — ауылшаруашылығы өнімдерінің әзірлемелерін ұйымдастыру туралы және Мемлекеттік кеңесші Ұ.Қ. Караманов — Президенттің халықтың өзін-өзі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуі үшін жағдайлар жасау туралы Жарлығының орын- далу барысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы бағдарламасын іске асыру туралы баяндамаларын жа- сады.
Отырыс қорытындысына сәйкес Президент Минис- трлер кабинетіне агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың оңтайлы құрылымын әзірлеуді, ал облыстар, Алматы және Ленинск қалалары әкімшіліктерінің басшыла- рына халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарын қорғау бойынша шаралар қолдануды тапсырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республика- сы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымы VIII сессиясының кешкі пленарлық отырысы- на қатысып, онда «Жергілікті өзін-өз басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы», «Қазақ КСР Министрлер кабинеті тура- лы», «Қазақ КСР Конституциясының жекелеген нормаларының қолданылуын өтпелі кезеңде тоқтата тұру туралы», «Қылмыстық-процессуалды заңнама»,
«Мереке күндері туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарастырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкінде болды.
«Қазалтын» ӨБ бас директоры М.А. Мұртазаев Президентке Мәскеу қаласы фабрикаларының бірінде қазақстандық асыл металдан жасалған салмақтары 11 килограмнан жоғары 99,99 сынамалы 5 алтын кесекті және 30 килограмнан 2 күміс кесекті табыс етті.
Жиналғандарды ел өміріндегі елеулі оқиғамен құт- тықтай отырып, Н.Ә. Назарбаев құймаларды Ұлттық
17
1992 жыл
Z
мемлекеттік банктің Кассалық операциялар мен бағалы заттарды сақтау орталығына сақтауға берді.
Қазақ КСР Президентінің «Қазақ КСР-інде алтын қорын және алмас қорын жасау туралы» 1991 жылғы 31 тамыздағы Жарлығына сәйкес, Қазақстанның жер қойнауында өндірілген металдар алғаш рет республика игілігі болып табылды.
8 қаңтар
Мемлекет басшысы Қарағанды және Екібастұз қалалары шахталарының, кеніштері мен бірлестіктерінің еңбек ұжымдарын, басшыларын, Қазақстанның көмір өнеркәсібі кәсіподақтарының көшбасшыларын қабылдады.
Мемлекет басшысы Қазақстанға Арал теңізін құтқаруға және Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандардағы тіршілік ету ортасын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық қоғамдастық күштерін үйлестіру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін келген БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) өкілдерін қабылдады.
БҰҰ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП — ағылш. Unitеd Natiоns Еnvirоnmеnt Prоgrammе) БҰҰ Бас Ассамблеясының 1972 жылғы 15 желтоқсандағы №2997 қарарына сәйкес құрылған. Оның басты мақсаты қазіргі және болашақ ұрпақтар игілігі үшін қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шара- ларды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады. Бағдарлама ұраны: Қоршаған орта — даму үшін!
9 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республика- сы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымы VІІІ сессиясының пленарлық отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы «Қазақ КСР халық депутат- тарының қызметін қамтамасыз ету және олардың депутаттық қызметке байланысты шығындарын өтеу туралы» Қазақ КСР Заңының күші жойылды деп тану туралы» №1104-XІІ Заңына қол қойды.
10 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысына төрағалық етті.
18
Қаңтар
Z
Талқылау барысында Қазақстан Республикасының Әскери тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан бөлімдер мен құрамалардағы әскери техникаларды, қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді және әскери мүліктерді түгендеу, әскери борыш- ты азаматтарды әскери қызметке шақыру мен олар- ды запасқа шығару тәртібін анықтаған дұрыс деп та- нылды.
Сондай-ақ Республикалық ұлан құру, Кеңес Одағының маршалы И.С. Конев атындағы Алма- ты жоғары жалпы әскери командалық училищесін көпбейінді әскери оқу орны етіп қайта құрып, суворовтық тип үлгісіндегі арнайы әскери училищесін құру туралы ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау туралы жарлықты, сондай-ақ Республикалық ұлан туралы заң жобасы мен ережесін дайындауды тапсырды.
Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстан аумағына көшірілген әскери бөлімдер мен құрамалардың командалық құрамымен кездесті.
Президент елдің Қарулы Күштерін құру туралы таяу арадағы міндеттері, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қорғау шарала- ры туралы хабардар етті.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасын- да халық денсаулығын сақтау туралы» №1107-XІІ Заңына қол қойды.
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» №575, «Генерал-майор В.В. Гордеевті Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындау тура- лы» №576 жарлықтарына қол қойды.
11 қаңтар
Мемлекет басшысы Қазақстан өнеркәсібінің ме- таллургия, химия және машина жасау салалары кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесіп, олармен ел экономикасының нарыққа өту жағдайларындағы жұмыстарының мәселелерін талқылады.
12 қаңтар
Мемлекет басшысы «Бағаны ырықтандыру жағдайында халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
19
1992 жыл
Z
қосымша шаралар туралы» №577 Жарлығына қол қойды.
13 қаңтар
Мемлекет басшысы ТМД Біріккен Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы, авиация маршалы Е.И. Шапошниковты және Түркістан әскери округінің командованиесін қабылдады.
Кездесуде Президент Қазақстанның Достастық аясында біртұтас Қарулы Күштерді сақтап қалуды дәйекті түрде жақтайтынын, соған байланысты Әскери тұжырымдаманы әзірлеу, әскери органдар- ды, бөлімдер мен бөлімшелерді басқарудың күйреуіне жол бермеу, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қолдану ерекше маңызға ие болып отырғанын мәлімдеді.
Ядролық қаруландыру туралы сөз ете отырып, Н.Ә. Назарбаев Қазақстан оны қысқарту бойын- ша барлық мемлекетаралық уағдаластықтар мен үдерістерге қатысуға дайын екенін және Орта Азия мен Қазақстан мемлекеттерін қорғау мәселелерінде бірыңғай ұстанымды жасап шығару қажеттігін атап айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындары жетекшілерімен кездесті.
Президент ТМД мемлекеттері басшыларымен, ең алдымен Ресеймен материалдық-техникалық жеткізілімдерге өзара квота мен лицензияны алып тастаудың мақсаттылығы жөніндегі келіссөздер бары- сы туралы ақпарат берді.
Одан басқа, Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республи- касы Министрлер кабинетіне қорғаныстық салаға не- сие беру үшін 1992 жылға 1 млрд. рубль көлемінде қаражат қарастырып, кәсіпорындарды ресурстар- мен қамтамасыз ету мақсатында республикаішілік резервтерді анықтауды тапсырды.
Мемлекет басшысы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР Халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы» Қазақ КСР Заңына өтпелі кезең кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту- ралы» №1117-XІІ, «Өтпелі кезеңде Қазақ КСР Конституциясының жекелеген нормаларын тоқтату ту- ралы» №1119-XІІ, «Қазақ КСР Министрлер кабинеті туралы» Қазақ КСР Заңына өтпелі кезең кезінде