• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ни

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ни"

Copied!
22
0
0

Толық мәтін

(1)

3

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

МАГИСТР ДӘРЕЖЕСІН АЛУҒА БІТІРУ ЖҰМЫСЫ 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

мамандығының магистранттарына арналған

бітіру жұмысын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар (ғылыми-педагогикалық бағытында)

Алматы 2014

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

«Ақпараттық жүйелер»

кафедрасы

(2)

4

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ни А.Г., Имангалиев Ш.И., Альмуратова К.Б.

Магистр дәрежесін алуға бітіру жұмысы. 6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығының магистранттарына арналған бітіру жұмысын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар (ғылыми-педагогикалық бағытында). – Алматы: АЭжБУ, 2013. – 21 б.

Әдістемелік нұсқаулар магистр дәрежесін алуға бітіру жұмысын рәсімдеу бойынша нұсқаулықтардан тұрады.

Әдістемелік нұсқаулар 6М070300 – Ақпараттық жүйелер (ғылыми- педагогикалық бағытында) мамандығының магистранттарына арналған

Пікір беруші: фил.ғыл.канд., доц. Нурмаханова М.К.

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж.

(3)

5

Кіріспе

Магистратурада кадрларды дайындау құжатқа сәйкес [1] екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: а) кәсіптік; б) ғылыми-педагогикалық.

6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша кәсіптік магистратура жоғары оқу орындарынан кейінгі тереңдетілген кәсіптік дайындығы бар IT-технологияның мамандарын жалпы білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Кәсіптік магистратураның білім беру бағдарламасы IT-технологиямен жұмыс істеуге бағытталған білім берудің қолданбалы сипаттамасы. Ғылыми-педагогикалық магистратура IT- технология облысындағы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындығы бар ғылыми- зерттеу секторының жүйесі үшін кадрларды жоғары оқу орнынан кейін дайындайтын білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлік диссертация мазмұны жағынан ғылыми болып табылатын бітіру квалификациялық жұмысы.

Мұндағы алынған нәтижелердің жиынтығы магистранттың ғылыми квалификациясын анықтауға мүмкіндік береді және ол өз бетімен ғылыми есептерді шеше алуы керек, магистр дәрежесіне лайық болуы тиіс. Бұл дәреже, ең алдымен, ЖОО-нын бітірушісінің білім беру деңгейін және бастауыш ғылыми жұмыскер ретінде оның қабілеттерін бейнелейді.

Берілген бағыттағы магистрант үшін диссертацияны орындаудың барлық кезеңдерінде ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесі және ұйымдастырылуы туралы көзқарасы болуы керек.

Ғылыми әдістеме жүйелік, яғни ғылыми білімді жариялайтын логикалық қорытындылардың талдау және синтездеу әдістерін қолданудағы жан-жақты және бүтін көзқарас. Мысалы, «Шешімдерді қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелер» бағытындағы диссертациялар шешімдерді қабылдау теориясының әдістерін, экономикалық, математикалық және статистикалық әдістерін, білімнің нақты пәндік облысында және сол есепке қатысты ақпараттық технологияларды пайдалануда кеңінен қолданылуы керек. Сондықтан жұмысты орындау кезінде тәжірибелік бөлімнен тұратын, компьютерлік экспериментпен толықтырылған, өзіне теориялық әдістерді біріктіретін танудың кірістірілген әдістерін пайдаланады.

Әдістемелік нұсқаулар ғылыми-педагогикалық бағытындағы 6М070300–

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранттарына арналып жасалған.

Ол магистрлік диссертацияның мақсаты, міндеті және қойылатын талаптарынан, құрылымдық элементтерін сипаттаудан, магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелерінен және магистрлік диссертацияның авторефератын рәсімдеу ережелерінен тұрады.

(4)

6

1 Магистрлік диссертацияның мақсаты, міндеті және оған қойылатын талаптар

1.1 Магистрлік диссертация ғылыми жетекшінің басқаруымен жүргізілген ғылыми зерттеулер, жобалық-конструкторлық және жобалық- технологиялық жұмыстары негізіндегі магистрантпен орындалған бітіру аттестациялық жұмысы болып табылады.

1.2 Магистрлік диссертацияны орындаудың мақсаты таңдалған мамандығына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізуге магистранттың қабілетін және кәсіби дайындығын көрсету болып табылады, бұл оған «6М070300- Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі»

академиялық дәрежесін беруге негіз болып табылады.

1.3 Магистрлік диссертацияны жазу мақсатына жету үшін магистрант:

- ғылыми идеясының негіздемесі және оқытылатын құбылыс немесе үрдіс бойынша теориялық зерттеу жүргізу;

- әдістемені негіздеу, оқытылатын құбылыс немесе үрдісті талдауға, нақты мәліметтер негізінде оның даму тенденциялар мен заңдылықтарын шығару;

- зерттелетін құбылыс немесе үрдістің дамуы мен жетілуі бойынша нақты ұсыныстарды өңдеу керек.

1.4 Магистрлік диссертацияның тақырыбы көкейкесті, ғылыми мен практикалық қызығушылығы және ғылыми-педагогикалық бағытындағы 6М070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығына сай болуы керек.

1.5 Магистрлік диссертацияның тақырыбы бойынша кем дегенде бір ғылыми мақала болуы керек.

2 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері Диссертацияда келесі міндетті тараулар болуы керек:

- титулдық бет;

- магистрлік диссертацияны орындауға тапсырма;

- аңдатпа;

- мазмұны;

- нормативті сілтемелер;

- анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар;

- жүргізілген зерттеу рефераты.

2.1 Титулдық бет магистрлік диссертацияның бірінші беті және құжатты өңдеу мен іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титулдық бетті

(5)

7

диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылады. Беттің нөмірін титулдық бетте қоймайды. Титулдық бет қосымша 1-ге сәйкес рәсімделеді.

2.2 Магистрлік диссертацияны орындауға тапсырмада магистрлік диссертацияның бастапқы мәліметтері, магистрлік диссертацияны өңдеуге байланысты сұрақтар тізімі, магистрлік диссертацияны дайындау графигі болады. Тапсырма диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылады.

Беттің нөмірін тапсырмаға қоймайды. Тапсырма қосымша 2-ге сәйкес рәсімделеді.

2.3 Аңдатпа (көлемі жарты бет) тапсырмалардан және негізгі нәтижелерден тұрады. Аңдатпа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады.

2.4 Магистрлік диссертацияның мазмұны кіріспеден, барлық тараулардың ішкі тарауларының, пункттерден (егер олардың атаулары бар болса) атаулары мен реттік нөмірлерінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және диссертацияның осы элементтері басталатын бет нөмірлері көрсетілген қосымшалардан тұрады. Магистрлік диссертацияның мазмұны қосымша 3-ке сәйкес рәсімделеді.

2.5 «Нормативті сілтемелер» атты құрылымдық элемент сілтемелері берілген диссертация мәтініндегі стандарттардың тізімінен тұрады.

Сілтемелік стандарттар тізімі келесі сөздерден басталады: «Берілген магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға ... сілтемелер пайдаланылған».

Тізімге стандарттардың белгіленуін және белгілеулердің тіркеу нөмірлерінің өсу реті бойынша атауын қосады. Берілген құрылымдық элемент міндетті емес.

2.6 «Анықтамалар» атты құрылымдық элемент магистрлік диссертацияның терминдерін анықтауға қажетті анықтамалардан тұрады.

Анықтамалар тізімі келесі сөздерден басталады: «Берілген диссертацияда анықтамалармен сәйкес келесі терминдер қолданылады...». Берілген құрылымдық элемент міндетті емес.

2.7 «Белгілеулер мен қысқартулар» атты құрылымдық элемент магистрлік диссертацияда пайдаланылған белгілеулер мен қысқартулардан тұрады. Белгілеулер мен қысқартулар жазбасын қажетті түсініктемелерімен диссертация мәтініндегі келтірілген ретпен келтіреді. Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар «анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар»

атты бір құрылымдық элементте келтіріледі. Берілген құрылымдық элемент міндетті емес.

2.8 Беттерді нөмірлеу кіріспеден басталады. Кіріспе өзіне келесі элементтерді қосатын жұмыстың жалпы сипаттамасынан тұрады:

- тақырыптың көкейкестілігі– мәселенің қысқаша берілуі (1-2 бет), зерттеу пәні туралы білу мен білмеу арасындағы шекара, тәжірибенің талаптарына сәйкес есептерді уақытында шешудің қажеттілігі;

- зертеу мақсаты мен міндеті – мақсаты мен мақсатқа жетуге алып келетін міндеттерді анықтау;

- зерттеу пәні – диссертацияның тақырыбымен анықталады;

(6)

8

- зерттеу әдістері – пайдаланылған құрал және математикалық аппарат;

- ғылыми жаңалығы (2-3 және одан да көп пункттер) – зерттеу үрдісінде алынған (жаңа көзқарас, тәсіл, модель, әдістеме және т.с.с.) теориялық сипаттаманың жаңа нәтижелері;

- тәжірибелік құндылығы (2-3 және одан да көп пункттер) – тәжірибеде пайдаланылатын қолданбалы сипаттың жаңа нәтижелері (әдістемелер, ақпараттық технологиялар, программалық құралдар және т.с.с.) және ол не береді (экономикалық әсері, уақыт шығының және материалдық шығынның төмендеуі, есептердің кешенді шешімі және т.с.с.);

- қорғауға шығарылатын нәтижелер, яғни орындалғын ғылыми жұмыстың мәні мен сапасын бағалауға мүмкіндік беретін жаңа нәтижелер;

- нәтижелер апробациясы – жұмыстың негізгі жағдайлары талқыланған семинарлар мен конференцияларға (атауларын толық көрсету) қатысуы бейнеленеді (сонымен қатар, ғылыми гранттар конкурсындағы және конференцияларға қатысқанда алынған дипломдар мен мақтау қағаздарын көрсеткен жөн);

- публикациялар – шығарылған жұмыстардың санын көрсету керек;

- диссертацияның көлемі мен құрылымы – беттер, суреттер мен кестелер санын, жұмыстың құрылымын: кіріспе, тараулар санын, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін (әдебиеттер саны) және қосымшалар санын көрсету керек.

2.9 Диссертацияның негізгі бөлімінде диссертацияның тақырыбы толығымен ашылады, зертеулер әдістемесі мен техникасы қарастырылады және алынған нәтижелер талқыланады.

2.10 Негізгі бөлім үш тараудан тұруы керек және келесі мәліметтер болуы керек:

- аналитикалық бөлімі: тақырыпты зерттеуге таңдалып алынған өңдеудің заманауи күйі мен дәрежесін анықтау, шешу құралдары мен әдістерін критикалық бағалау. Әдебиеттерге шолу нақты қойылымының дамуы ретінде мәселені негіздеудегі негізгі қор болып табылады, сонымен қатар магистрлік диссертация тақырыбының көкейкестілігі мен міндетін шешудегі қажеттілігінің негізі. Зерттеу мақсатына сәйкес нақты міндеттер қалыптастырылады;

- ғылыми-тәжірибелік бөлімі – өзіне ұсынылатын әдістерді және міндеттерді шешудің амалдарын қосады, әрекеттердің орындалған тізбегі, алынған теориялық нәтижелерден, нәтижелердің тәжірибелік жүзеге асырылуынан, ақпараттық жүйенің программалық өнімінің өңделуінен тұрады.

- қолданбалы бөлімі–алынған нәтижелердің дұрыстылығын және оларды пайдалану тиімділігін, тәжірибелік маңыздылығын нақтылау керек.

2.11 Әрбір тарау бойынша қорытындыларда мыналар болу керек:

 диссертациялық зерттеулер нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды;

 қойылған міндеттің толық шешілуін бағалау;

(7)

9

 нәтижелерді нақты пайдалану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтерді өңдеу;

 орындалған жұмыстың техникалық-экономикалық деңгейін берілген облыстағы жақсы жетістіктермен салыстыру.

2.12 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі магистрлік диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтерден тұру керек. Тізім қосымша 4-ке сәйкес рәсімделеді.

2.13 Қосымшада белгілі бір себептермен негізгі бөліміне қосыла алмайтын диссертациялық жұмыстың орындалуымен байланысты материалдарды қосуға болады.

3 Магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелері Жалпы талаптар

1 Магистрлік диссертация мәтін мазмұндамасы Ереженің талаптарына сәйкес орындалады. Мазмұндама 3-жақтан келтіріледі: қарастырамыз, аламыз, пайдаланамыз және т.б. Магистрлік диссертацияның мәтінің беті және оған қосылған иллюстрациялар мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі керек.

2 Магистрлік диссертация бір интервал арқылы А4 форматының ақ қағазының бір жақ бетінде ДК басатын және графикалық құрылғыларын шығаруды пайдаланумен орындалуы керек. Шрифт — қарапайым, кегль 14.

Магистрлік диссертация мәтінін өрістердің келесі өлшемдерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы - 10 мм, жоғарғы жағы - 15 мм, сол жағы – 30 мм және төменгі жағы – 25 мм.

3 Магистрлік диссертацияның көлемі 70-90 бет аралығында болу керек.

4 Шрифттің әртүрлі түрлерін пайдаланып, белгілі бір терминдер, формулалар, теоремаларға назар аудару үшін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

5 Терілген мәтін және иллюстрациялар, кестелер, ДК-ден баспаға шығару сапасы диссертацияның орындалу тәсіліне қарамастан оларды орындаудың талаптарын қанағаттандыруы керек.

6 Магистрлік диссертацияны орындау кезінде диссертациядағы бейнелер анық болу керек. Магистрлік диссертацияда сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер анық, әрі түсінікті болу керек.

7 Диссертацияны дайындау үрдісінде табылған қолтаңбалар, тізімдер және графикалық анық емес құжаттар тазарту немесе ақ бояу арқылы түзетілуі керек және түзетілген мәтінге (графикаға) машиналық жазба тәсілімен немесе қара бояумен қолмен түзету арқылы түзетулер енгізілуі керек.

8 Толығымен жойылмаған бұрынғы мәтіннің (графиканың) мәтіндік құжаттарының парақтары, бояулары және іздері рұқсат етілмейді.

(8)

10

9 Аты-жөні, ұйымдардың, өндірістердің, фирмалардың атаулары, өнім аттары және де басқа атаулар диссертацияда түпнұсқа атауымен келтіріледі.

10 Өзіндік аттарды аударуға болады және түпнұсқа атауын қоса отырып, диссертация жазылған тілде аударып, ұйымдардың аттарын келтіруге болады.

Магистрлік диссертацияның құрылымы

1 Магистрлік диссертациядағы құрылымдық элементтердің атаулары –

«Аңдатпа», «Мазмұны», «Нормативті сілтемелер», «Анықтамалар»,

«Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», «Реферат» - диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.

2 Құрылымдық элементтердің тақырыптарын үлкен әріптермен ортасында соңына нүкте қоймай жазу керек.

3 Тараулар мен ішкі тараулардың тақырыптарын азат жолдан (1,25 см) үлкен әріптермен соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.

Тақырыптарда сөздерді тасымалдауға болмайды.

4 Магистрлік диссертацияны ЭЕМ-нің баспаға шығару құрылғысы арқылы баспаға шығарғанда құрылымдық элементтердің, тараулардың, ішкі тараулардың тақырыптарын «қою» шрифтпен белгілеу керек.

5 Мәтін мен құрылымдық элементтің тақырыбының арасы «бір бос қатар» болу керек.

6 Тараулар тақырыптары мен ішкі тараулардың тақырыптары арасына қатар қалдырылмайды.

7 Мәтін мен тараулар және ішкі тараулар арасына «бос қатар»

қойылады.

Магистрлік диссертацияның беттерін нөмірлеу

1 Магистрлік диссертацияның беттерін араб цифрларымен диссертацияның барлық мәтіні бойынша реттілікті сақтай отырып, нөмірлеу керек. Бет нөмірі парақтың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

2 Титулдық бет жалпы нөмірленуге қосылады. Титулдық бетте нөмірі қойылмайды.

3 Жеке беттерде орналасқан иллюстрациялар мен кестелер диссертацияның жалпы нөмірлеуге қосылады.

4 А3 формат парағындағы иллюстрациялар мен кестелер бір бет болып есептеледі.

(9)

11

Магистрлік диссертациядағы тараулар, ішкі тараулар, пункттер мен ішкі пункттердің нөмірленуі

1 Магистрлік диссертацияның тараулары нүктесіз және азат жолдан жазылған араб цифрларымен белгіленген барлық құжат бойынша реттік нөмірі болу керек. Ішкі тарауларда нөмірлеу әрбір тарау шегінде нөмірленуі керек. Ішкі тараудың нөмірі нүкте арқылы ажыратылған тарау нөмірі мен ішкі тараудың нөмірінен тұру керек. Ішкі тараудың нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Тараулар ішкі тараулар сияқты бір немесе бірнеше пункттен тұруы мүмкін.

2 Егер құжаттың ішкі тарауы болмаса, онда ондағы пункттерді нөмірлеу әрбір тараудың шегінде болу керек және пункттің нөмірі нүкте арқылы ажыратылған тарау мен пункттің нөмірінен тұруы керек. Пункт нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Егер құжатта ішкі тараулар бар болса, онда пункттерді нөмірлеу ішкі тараулар мен пункт нөмірінің шегінде болу керек және пункт нөмірі нүкте арқылы ажыратылған тарау нөмірі, ішкі тарау мен пункт нөмірінен тұруы керек.

3 Егер мәтін пункттерге ғана бөлінсе, онда олар магистрлік диссертациялық жұмыс бойынша реттік нөмірмен нөмірленеді.

4 Қажет болған жағдайда пункттер ішкі пункттерге бөлінуі мүмкін, оларды нөмірлеу әрбір пункт шегінде болады, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.с.с.

5 Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа беттен (парақтан) басталуы керек.

6 Магистрлік диссертацияның әрбір тарауын жаңа беттен (парақтан) басталуы керек.

7 Магистрлік диссертацияның құрамына кіретін қосымшаларда бет нөмірі ретімен болу керек.

Иллюстрациялар

1 Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, сұлбалар, диаграммалар, фотосуреттер) магистрлік диссертацияда мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек. Иллюстрациялар компьютерде орындалуы мүмкін, соның ішінде түрлі түсті болуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға диссертацияда сілтемелер берілуі керек.

2 Иллюстрация «Сурет» сөзімен белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның аты қатардың ортасында орналасады.

3 Магистрлік диссертацияда иллюстрацияларды нөмірлеу өтпелі (араб цифрларымен) нөмірленеді. Суреттер саны көп болған жағдайда қосымша 5-те көрсетілгендей тарау бойынша нөмірленуі тиіс.

4 Мәтінде әрбір суретке сілтемелер болуы міндетті. Иллюстрацияларға сілтемелер қойғанда былай жазу керек: «2-суретке сәйкес …».

(10)

12

5 Иллюстрациядан мәтінге дейін, иллюстрациядан сурет атауына дейін, сурет атауынан мәтінге дейін бір жол қалдырылып отырады.

Кестелер

1 Ережеге сәйкес, цифрлық материалды кесте түрінде рәсімдейді.

Кестелерді рәсімдеу мысалы қосымша 6-да келтірілген.

2 Кестені диссертацияда ол бірінші рет айтылған жерде мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек.

3 Тарау тақырыбынан кейін кестелерді тасымалдау кезінде тарау номерін көрсете отырып, қатарды қосу керек. Кестені жалғастыру кезінде тарау атауы тасымалданбайды, бірақ тарау нөмірі көрсетіледі.

4 Барлық кестелерге диссертацияда сілтемелер болуы керек. Сілтеме кезінде нөмірін көрсете отырып, «кесте» деп жазу керек.

5 Қатарлары көп болып келетін кестені келесі параққа (бетке) тасымалдауға болады. Кестенің бөліктерін басқа параққа (бетке) тасымалдау кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірін кестенің бірінші бөлігінің астына оң жағына бір рет ғана көрсетеді, ал қалған бөліктеріне «Жалғасы» сөзін және кестенің нөмірін көрсетіп жазады, мысалы: «1-кестенің жалғасы». Кестені басқа параққа (бетке) тасымалдау кезінде атауын тек бірінші бөлігінің астына ғана жазады.

6 Қосымшалардағы кестелерден басқа кестелерді өтпелі нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеу керек.

7 Кестенің тарау мен қатарларының атауларын жекеше түрде үлкен әріптермен жазу керек, ал ішкі тараулары атауларын - егер олар атауы бар бір сөйлемнен тұрса, бас әріппен немесе өзіндік бір мәні болатын болса, үлкен әріптермен жазу керек. Кестенің тараулары мен ішкі тарауларының аттауларынан кейін нүкте қойылмайды.

8 Оң жақ, сол жақ және төменгі жақтағы кестелерді, ережеге сәйкес, сызықтармен шектейді. Кестедегі шрифттің өлшемдерін мәтіндегі шрифттен төмен етіп, қолдануға болады. Кестелерді рәсімдеу үлгілері қосымша 6-да келтірілген.

Формулалар мен теңдеулер

1 Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жеке қатарға жазуға болады. Әрбір формулалар мен теңдеулердің жоғарғы және төменгі жағынан, ең болмағанда, бір қатардан қалдыру керек. Егер теңдеу бір қатарға сыймаса, онда ол келесі қатарға теңдік (=) немесе қосу (+), азайту (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі қатардың басында қалана отырып, көшіріледі. Көбейту операциясын көрсететін белгіден кейін формуланы тасымалдағанда "х" белгісін пайдаланады.

2 Диссертациялық жұмыстағы формулаларды қатарда шеткі оң жақ бөлігіне дөңгелек жақшаға алып, араб цифрлары арқылы реттік нөмірлеумен

(11)

13

нөмірлеу керек (формулалар саны көп болған жағдайда, әрбір тарау шегінде нөмірлеу керек). Фомулаларды рәсімдеу мысалы қосымша 7-де келтірілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Диссертацияны жазу кезінде магистрант материалды немесе жеке нәтижелерді қайдан алғанына, авторы мен әдебиетке сілтеме көрсетуге міндетті.

2 Әдебиеттер туралы мәліметті диссертация мәтінінде әдебиеттерге қойылған сілтеменің ретімен қойылуы керек, араб цифрларымен нөмірленеді және азат жолдан басталады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалы қосымша 4-те келтірілген.

3 Пайдаланылған әдебиетке сілтемені тік жақшаға [5, 7 б.] алып келтіру керек. Бір әдебиетке бірнеше рет сілтеме қойғанда тік жақшаға әдебиеттің реттік нөмірінен басқа сәйкес беті де қойылуы керек. ХМЖ-нан ақпаратты пайдаланғанда тік жақшаға тек әдебиеттің нөмірі ғана көрсетіледі.

4 Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме қойған кезде олардың белгіленуін ғана көрсетеді, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде стандарттың толық сипаттамасы болған жағдайда оның бекітілген жылын көрсетпесе де болады.

Қосымшалар

1 Қосымшаларды берілген магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде келесі беттерде рәсімдейді.

2 Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі керек. Қосымшаларды диссертация мәтінінде сілтемелер реті бойынша орналастырады.

3 Әрбір қосымшаны жаңа беттен беттің оң жақ жоғарғы бұрышында

«Қосымша» сөзін көрсете отырып, бастау керек.

4 Қосымшада мәтінге симметриялы қатысты жеке қатарда үлкен әріптермен жазылған тақырыбы болу керек.

5 Қосымшаларды орыс алфавитінің үлкен әріптерімен белгілейді, ол А әріпінен басталады, Ё, 3, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптері қойылмайды.

«ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның ретін көрсететін әріп жазылады.

6 Қосымшаларда құжаттың басқа бөліктерімен ортақ парақтың жалпы өтпелі нөмірленуі болу керек.

(12)

14

1 қосымша

- Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі -

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КЕАҚ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» факультеті

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» кафедрасы

ОӘЖ …… Қолжазба құқығында Тойбаев Алмаз Асылбекұлы

Магистр академиялық дәрежесін алуға арналған МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Диссертация тақырыбы Шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелерді талдау және зерттеу

Дайындау бағыты 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

Ғылыми жетекшісі техн. ғыл. канд., доцент _____________ Ни А.Г.

«__» _________ 2014 ж.

Рецензент

техн. ғыл. канд., К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ

профессоры

_________Жұмағалиев Б.І.

«__» _________ 2014 ж.

Нормабақылаушы техн. ғыл. канд., доцент _____________ Ни А.Г.

«__» _________ 2014 ж.

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

АЖ кафедрасының меңгерушісі техн. ғыл. канд., доцент

____________ Иманғалиев Ш.И.

«__»_________ 2014 ж.

Алматы 2014

(13)

15

2 қосымша

Тапсырманы рәсімдеу үлгісі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КЕАҚ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» факультеті

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» кафедрасы Мамандығы: 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

БЕКІТЕМІН

АЖ кафедрасының меңгерушісі

техн. ғыл. канд., доцент

___________ Иманғалиев Ш.И.

«___ » _____ 2014 ж.

Магистрлік диссертацияны орындауға ТАПСЫРМА

магистрант Тойбаев Алмаз Асылбекұлына.

Диссертация тақырыбы: «Шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелерді талдау және зерттеу».

Аяқталған диссертацияны тапсыру мерзімі «___»____________

Магистрлік диссертацияға бастапқы мәліметтер. Магистрлік диссертацияны құрастыруға арналған сұрақтар тізімі немесе магистрлік диссертацияның қысқаша мазмұны:

а) Қазақстан Банкінің қызметін басқару сферасындағы ақпараттық технологияларды талдау;

б) ақпараттық банк жүйелері мен технологияларының ерекшеліктері;

в) ақпараттық банк жүйелерінің құрылымы;

г) ақпараттық кеңістіктің бірыңғай принциптері;

д) шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелер ШҚҚАЖ;

е) банк қызметін басқару сферасындағы ШҚҚАЖ есептері;

ж) ШҚҚЖ құрудағы тәжірибелік және теориялық алғышарттары;

и) ШҚҚЖ құрылымы; и) ШҚҚЖ-де математикалық модельдеу;

к) ШҚҚЖ деректер қоры мен қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің синтезі ретінде;

л) «БАНК» ШҚҚЖ-де «Тәуекелділікті бағалау» модулінің модельдерін құру және зерттеу;

м) анықталмағандық шартында ШҚҚЖ-сін пайдаланып, тәуекелділікті бағалау;

н) «Тәуекелділікті бағалау» модулінің формальді сипаттамасы;

о) жүйе жұмысының технологиялық принциптері.

(14)

16 2 қосымшаның жалғасы

Ұсынылатын негізгі әдебиет:

1) Трахтенгерц Э.А. Возможности и реализация компьютерных систем поддержки принятия решений // Известия РАН. Теория и способы управления.

2001. №3. - С. 86-113.

2) Трахтенгерц Э.А. Анализ ведения деловых переговоров с помощью компьютерных систем поддержки принятия групповых решений. Известия РАН. Теория и системы управления. 2002. №6. - С. 98-123.

Магистрлік диссертацияны дайындау ГРАФИГІ

Тараулар атаулары, өңделетін сұрақтар тізімі

Ғылыми жетекшіге

көрсету мерзімі Ескерту Тарау 1. Қазақстан Банк қызметін

басқару сферасындағы ақпараттық технологияларды талдау

30.03.2014 ж. Орындалды

Тарау 2. Шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелер ШҚҚАЖ

13.04.2014 ж. Орындалды Тарау 3. «БАНК» ШҚҚЖ-де

«Тәуекелділікті бағалау» модулінің модельдерін құру және зерттеу

20.04.2014 ж. Орындалды

Жоба бойынша оған қатысты жоба тарауларынан көрсететін кеңес беру

Тарау Кеңес беруші,

(ғылыми дәрежесі, атағы) Мерзімі Қолы Нормабақылаушы

Ни А.Г.,

техн. ғыл. канд.,

«Ақпараттық жүйелер»

кафедрасының доценті

Тапсырманы беру мерзімі «____»_________________ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________________ Иманғалиев Ш.И.

Ғылыми жетекшісі _______________________ Ни А.Г.

Тапсырманы орындауға қабылдаған магистрант ___________ Тойбаев А.А.

Мерзімі «_____»_______________ 2014 ж.

(15)

17

3 қосымша Мазмұнын рәсімдеу үлгісі

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қазақстан Банк қызметін басқару сферасындағы ақпараттық технологияларды талдау

11 1.1 Ақпараттық банк жүйелері мен технологияларының ерекшеліктері 11

1.2 Ақпараттық банк жүйесінің құрылымы 16

1.3 1.4

Ақпараттық кеңістіктің бірыңғай принциптері

Бірінші тарау бойынша нәтижелері 21

30 2 Шешім қабылдауды қолдайтын ақпараттық жүйелер ШҚҚАЖ 31 2.1 Банк қызметін басқару сферасындағы ШҚҚАЖ есептері 32 2.2 ШҚҚЖ құрудағы тәжірибелік және теориялық алғышарттары 37

2.3 ШҚҚЖ құрылымы 40

2.4 ШҚҚЖ-де математикалық модельдеу 45

2.5 ШҚҚЖ деректер қоры мен қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің синтезі ретінде

50

2.6 Екінші тарау бойынша нәтижелері 55

3 «БАНК» ШҚҚЖ-де «Тәуекелділікті бағалау» модулінің модельдерін құру және зерттеу

56 3.1 Анықталмағандық шартында ШҚҚЖ-сін пайдаланып, тәуекелді

бағалау

60 3.2 «Тәуекелділікті бағалау» модулінің формальді сипаттамасы 63 3.3 Жүйемен жұмыс істеудің технологиялық принциптері 67 3.4 Үшінші тарау бойынша нәтижелері

Қосымша А Анықталмаған шартында шешімдерді қабылдау есептерін шешудің демонстрациялық мысалы

70

Әдебиеттер тізімі 74

(16)

18

4 қосымша

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі Әдебиеттер тізімі

1 www.airport

2 Владимир Сперанский. Система «Авиация». Журнал «Авиационные технологии», август 1996 г.

3 «Электронный офис» журналының материалдары, қараша 2008 ж.

4 «Открытые системы» журналының материалдары №1(21), 2009 ж.

5 Хьюз Дж., Мичтом Дж. «Структурный подход к программированию».

Изд. Мир, М., 1980 г.

6 Владимир Сперанский. Система «Аэрофлот». Журнал «Банковские технологии», август 1996 г.

7 Бойко В.В., Савинков В.М. «Проектирование баз данных информационных систем». - М.: Финансы и статистика, 1989 г.

8 Мартин Дж. «Организация баз данных в вычислительных системах». - М.: Мир, 1999 г.

9 Кантарь И.Л. «Автоматизированные рабочие места управленческого аппарата», 1990 г.

10 В. А. Лапшинский. Локальные сети персональных компьютеров.

Часть II. - М.: МИФИ, 1994 г.

11 «Paradox Engine» Документация: описание, список функций для создания и работы с БД.

(17)

19

5 қосымша

Иллюстрацияларды рәсімдеу үлгісі

Басқару функциялары айтарлықтай көпжақты: өндіріс ұйымдары, жоспарлау (талдау, моделдеу, бағдарламалау), координаттау, мотивация, қойылған міндеттерді бақылау және есепке алу және соңында, басқарудың өзіндік функциясына жақында бөлінген маркетинг (1.1 суретті қараңыз).

1.1 сурет – Басқару функциялары

Басқару функциясының көптеген детальдік классификациялары бар.

Шынымен, бухгалтерлік есеп, ғылыми-зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар, материалдық-техникалық жинақтау, кадрлар мен өнім сапасымен басқару, үлестіру (басқару), басқару, коммуникация, зерттеу, бағалау, басқару шешімдерін қабылдау, ұсыныс жасау, келісім-шарттар жүргізу, келісім жасау сияқты өзіндік көптеген өндіріс функцияларын бөліп айтуға болады. Кез келген классификация абсолюттік болып табылмайды, әрқашанда қиылысатын, сонымен қатар бір-бірін жабатын элементтер де болуы мүмкін. Басқару функцияларының қарастырылатын классификациялары жалпы және басқару үрдісін ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін бейнелейді.

Маңызды, басқару функциясы объектілерді басқару бойынша іс- шараларды орындауды ұйымдастыруға бағытталған қызметті анықтайды (латын тілінен алынған терминге сәйкес «function» — «орындалуы, қызмет, атқару»). Сонымен қатар, басқару үрдісінің функционалды құрылымымен анықталатын жұмыстарды орындаудың логикалық тізбегі басқару технологиясынан тұрады.

Кез келген басқару функциясының негізгі мақсаты мен мазмұны екі компоненттен тұрады:

- жүйенің күйін талдау, оның негізгі параметрлерін бақылау, жүйені тепе-теңдік күйінен шығаратын факторлардың сандық анықталуы және олардың пайда болу себептері;

- басқару үрдісін оңтайландыруға бағытталған іс-шаралар құрамын анықтау.

Басқару функциялары

Ұйым Жоспарлау Мотивация Бақылау Маркетинг

г

(18)

20

6 қосымша

Кестелерді рәсімдеу үлгісі

2.1-кестеде іс-шаралардың күшті және әлсіз жақтары келтірілген 2.1 кесте - Іс-шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау Бағалау

параметрлері

Күшті жақтары Әлсіз жақтары

Ұйым 1. Іс-шараны дамытуда қызметкерлерді қызықтыру 2. Басқарудағы

демократизм

3. Оперативті шешімдерді қабылдау мүмкіндіктері

1. Ашық ұйымдастыру мен лауазымды

нұсқаулардың жоқтығы

Маркетинг 1. Өнімнің жақсы сапасы 2. Дистрибьюторлар мен жеткізушілер арасындағы қойылған қарым-

қатынастар

3. Иілгіш бағалау саясаты

1. Өнімнің бірыңғай қоймасының болмауы 2. Жеткізушінің бағасы мен мерзіміне тәуелділігі 3. Өнімдер мен

қызметтердің толық сызылмауы

Қаржылар 1. Пайдалылығы 1. Сатып алуға арналған айналым құралдарының жетіспеуі

Осыдан кейін өндірістің күшті және әлсіз жақтарының тізімінен ең маңыздысын (ең күшті және ең әлсіз жақарын) таңдап алуымыз қажет және оларды SWOT-талдау матрицасының сәйкес ұяшықтарына жазу керек (2.2- суретті қараңыз).

(19)

21

7 қосымша

Формулаларды рәсімдеу үлгісі

Басқару ұйымдарының заманауи концепциясы стратегиялық басқару шешімдерін қабылдауда ұжымның шешуші рөлін айтады, ал басқарудың ұжымдық стилі өнеркәсіпке маңызды артықшылықтар береді.

Атақты социолог Мишель Поль өзінің «Участие работников в промышленности» атты кітабында келесі кілттік тәуелсіз айнымалыларды ескеретін теңдеулер жүйесін сипаттайтын өндіріс ұйымдарының моделін ұсынады:

U = f(P, L, G, I), (1.1) мұндағы Р – өндіру және бақылау ұйымдарында жұмысшылардың қатысуы;

L – жасырын абыз (бейресми көшбасшыдық, «қарастының абызы» деп аталатын қоғамдық пікір және тағы басқа факторлар);

U – әкімшілік пен ұжым жағынан қызметтің бағалануы;

G – үкімет актілері мен іс-әрекеттері;

I – жалпы идеологиялар.

Теңдеулер жүйесінің өрісімен жасалған талдау өндірісті ұйымдастыруда, оның өндіріс есептеріне деген шығармашылық қарым- қатынасында ұжымның қатысуы маңызды рөлді көрсетеді.

(20)

22

Әдебиеттер тізімі

1 ГОСО РК Послевузовское образование – магистратура. Основные положения от 23.08.2012 года №1080.

2 Инструкция по оформлению диссертации и автореферата. МОН РК, Высший аттестационный комитет. - Алматы, 2004.

3 Коньшин С.В., Кондратович А.П., З.С.Советова. Ұйым стандарты КЕАҚ СТ 56023-1910-04-2014.

(21)

23

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Магистрлік диссертацияның мақсаты, міндеті және оған қойылатын талаптар

4 2 Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері 4 3

3.1 3.2 3.3 3.4 3.5 3.6 3.7 3.8 3.9

Магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережелері Жалпы талаптар

Магистрлік диссертацияның құрылымы

Магистрлік диссертацияның беттерін нөмірлеу

Магистрлік диссертацияның тараулар, ішкі тараулар, пункттері мен ішкі пункттердің нөмірленуі

Иллюстрациялар Кестелер

Формулалар және теңдеулер Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қосымшалар

7 7 8 8 9 9 10 10 11 11

Қосымша 1 Титулдық бетті рәсімдеу үлгісі 12

Қосымша 2 Тапсырманы рәсімдеу үлгісі 13

Қосымша 3 Мазмұнын рәсімдеу үлгісі 15

Қосымша 4 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі 16

Қосымша 5 Иллюстрацияларды рәсімдеу үлгісі 17

Қосымша 6 Кестелерді рәсімдеу үлгісі 18

Қосымша 7 Формулаларды рәсімдеу үлгісі 19

Әдебиеттер тізімі 20

(22)

24

Жиынтық жоспар 2013 ж. реті 204

Анна Геннадьевна Ни Шнар Ихсанович Имангалиев Камшат Бимуратовна Альмуратова

МАГИСТР ДӘРЕЖЕСІН АЛУҒА БІТІРУ ЖҰМЫСЫ 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

мамандығының магистранттарына арналған

бітіру жұмысын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар (ғылыми-педагогикалық бағытында)

Редакторы Қ.С.Телғожаева

Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126 __.__.__. басуға қол қойылды

Таралымы 30 дана.

Көлемі 1,4 оқу-бас.ә.

Пішімі 60х84 1/16

№1 типографиялық қағаз

Тапсырыс _____. Бағасы 700 т.

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Жұмыстың мақсаты - мыс, никель, мырыш және темір тотықтары қоспасынан қатты фазалық синтездеу әдісімен алынатын Сu 0.12 Ni 0.38 Zn 0.50 Fe 2 O 4

Дәріс мазмұны: буль алгебрасы және жиындар теориясы; коммутациялық сұлбалар. Дәріс мақсаты: буль алгебрасының изоморфизмінің маңыздылығын атап

Жобалық менеджмент менеджерлерге жобаның бизнес-идеясы мен тұжырым- дамасын бағалауға және негіздеуге; жобаны жүзеге асыру мақсаты, мазмұны

Оқу мақсаты: 8.5.3.1 Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауына байланысты берілген есептерді талдау және шешу1. Сабақтың мақсаты:

1) Сигналдар мен сызықты жүйелерді модельдеу. 2) Сандық және аналогтық сүзгілерді жобалау, талдау және енгізу. 3) Тез Фурье түрлендіруі,

Болашақ мұғалімдердің физика студенттерін жобалау және зерттеу жұмыстарына тартудың екі маңызды аспектісі бар: 1 жобаны жүзеге асыру процесі және студенттің зерттеу жұмысы оған физика

Өзі өмір сүрген қоғам қалай құбылса да, саясат желі қай жақтан соқса да Ысқақов туындыларының діттеген мақсаты мен темірқазығы – адам және өмірі мен тіршілігі.. Оған бір мысал келтіру

Мазмұны Кіріспе 4 1 Жалпы мәліметтер 5 2 Сәулелендіру жарық техникалық қондырғылары 14 2.1 Сәулелендіру қондырғыларын жіктеу 14 2.2 Сәулелендіру қондырғыларын есептеудің жалпы