• Ешқандай Нәтиже Табылған Жоқ

әдебиеттану

N/A
N/A
Protected

Academic year: 2024

Share "әдебиеттану"

Copied!
179
0
0

Толық мәтін

(1)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ STUDY OF LITERATURE ӘОЖ 82-311.2

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ

Г.Ақанқызы, аға оқытушы (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) Аңдатпа: Әйелдер құқығы идеясы (feminism) пайда болғаннан бастап әдебиетпен тығыз байланыста болып келеді. XIX ғасырдың соңында драматург Ипсеннің (1828-1906)

«Нара» шығармасынан кейін, Батыс қоғамында «Нара енді не істейді?» деген таласты сұрақ туындаған болатын. Батыстың әйелдер құқығы идеясының қалыптасып, жүйеленіп, бүгінгідей арналы идеяға айналуына Нара образы үлкен рөл ойнады. Мақалада қазақ әдебиетіндегі ер авторлар жазған XX ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Әуезовтің «Қаралы сұлу», С.Мұқановтың «Ботакөз» т.б.

және пост-кеңестік жазушылар Д.Исабеков, Б.Нұржекеев, Қ.Түменбай т.б.

шығармаларындағы бір ғасырға жалғасқан әйелдер образының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, қазақ қоғамының өзгерісін қазақ әйелдері құқығының өзгерісімен сабақтастыра отырып зерттеліп, талдау жасалады.

Түйін сөздер: әйелдер құқығы идеясы, қазақ әдебиеті, ерлердің тұрғысы, әйелдер образы, үнсіздік.

Қазақ қоғамы өткен бір ғасырлық даму тарихында әйелдерге шекті құқық берген дәстүрлі танымнан бүгінгі шартты түрде әйелдерге ерлермен тең құқық қарастырған қоғамға жетті.

Қазақ әдебиетінде өткен ғасырда әйелдер образын негізінен ер жазушылар жазған.

Әйелдер құқығы идеясы ер жазушылар шығармаларында әйелдерге ерлердің тұрғысынан қарастырылады. 1910-1940 жылдары жарық көрген С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», М.Әуезовтің «Қаралы сұлу», С.Мұқановтың

«Ботакөз», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармалары әйелдер құқығы идеясының бірінші кезең көрінісі.

Екінші кезең – 1960-1990 жылдарда кеңес қоғамында жарық көрген Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Исабектің «Әпке» сахналық шығармасындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі.

Үшінші кезең – пост-кеңестік қоғамда жарық көрген Б. Нұржекеев, Қ. Түменбай шығармаларындағы әйелдер құқығы идеясының көрінісі. Осы ғасырлық уақытта қазақ қоғамында Батыс Еуропадағы Әйелдер құқығы идеясы деңгейіне жетпесе де, үлкен дамуды бастан кешті. Бұдан сөз үнсіздік өзгерісінен – қазақ қоғамындағы әйелдердің өз құқығын қорғау жағында үнсіздік жағдайдан біртіндеп өз құқығын саясат, экономика жағында мүмкіндігінше қорғай алатын деңгейге жеткенін көруге болады.

Адамзаттың бүгінге дейінгі жазба мәдениетінің тарихына үңілсек, адамзат (human being), адам (human), тарих (history) деген ұғымдарды пайымдаудан тұрады. Соған қарамастан, осы ұғымдар тікелей ерлердің тұрғысынан жазылған. Әйелдер тақырыбына жазылса да, ер адамдар өз тұрғысынан (male perspective) жазды. Адамзат мәдениетінің

(2)

бесігі саналған Египет, Грек-Рим, Парсы, Үнді, Қытай мәдениетінің жазбаларынан бүгінге жеткен деректерден біз осыны аңғарамыз. Бұл жағынан жоғарыдағы тарихта әйел заты үнсіз (the silence) қалып келген.

XVIII ғасырдың соңында Еуропада ерлердің әйелдерді толықтай бағынышты еткен қоғамдық ортағасырлық үстемдігіне қарсы әйелдер құқығы идеясының алғашқы негіздері пайда болды. 1791 жылы Франция төңкерісі қарсаңында О.Гоужес (Olympe de Gouges)

«Әйелдер құқығының жарнамасы» шығармасында автор «әйелдер  туғаннан еркін адам, ол ерлермен тең құқылы» деп жазды. АҚШ-тық М.Фуллер әйелдердің заңды құқығы мен тұрмыстағы құқықтарын философиялық тұрғыдан дәлелдеуге тырысты. Ол әйелдер отбасымен ғана шектеліп қалмауы тиіс, қайта, өзін түрлі салада жетілдіруді мұрат етіп ұстануы, ақыл-ой, сана-сезім, ғылым-білім жағында жетілу әйел затының өзін шыңдай түсуіне жол ашады деп қарады. Ағылшын Дж.Милл әйелдердің неке заңында ерлермен тең құқықты болу мәселесін көтерді. Ол неке шарты екі жаққа да тең болуы, әйелдерде некеден бас тарта алатын құқық болуы тиіс, әйел заты қоғамдық еңбекке араласуы керек, бұл олардың өзін асырауы үшін еріксіз некеге баруының алдын алады деп санады. Әйел заты қоғамдық еңбек бәсекесіне толық араласқанда ғана өзінің орнын табады, сондай-ақ, қоғамның қажетін толықтайды деп қарады. Ф.Энгельстің «Отбасы, жекеменшік және мемлекеттің пайда болуы» (Der Ursprung der Familie, des Privateigentums und des Staats, 1884), С.Веаувоурдің, М.Далидің «Әйел затының қоғамы» (Gyn Ecology) т.б. еңбектері әйелдердің саясатта, экономикада және мәдениетте ерлердің еркіне бағынышты еткен қоғамдық әділетсіздікті өзгертіп, өз тұрғысын табуына теориялық негіз қалады. Қоғамдық теңдіктен соң тең құқықты талап етуге мүмкіндігі жетті. Бүгінгі таңда таптық, нәсілдік, мәдениеттік айырмашылықтардан жоғары тұратын бұл идея әйелдердің құқығын қорғап қана қоймай, қоғамдық ғылымның барлық саласына ықпал етіп, адамзат қоғамы кез келген қайшылықтарды шешуде өз тұрғысынан жауап іздеп келеді.

Әйелдер құқығы идеясы пайда болған күннен бастап әдебиетпен тығыз байланыста болды. Зерттеу аумағы  қоғам /адам, әйел/ ер, әйел /отбасы, әйел/, т.б. қатынастарын қамтитын әйелдер құқығы идеясы дәл осы саланы кең көлемде, жан-жақты, өзіндік тәсілмен бейнелейтін әдеби шығармалардан өзіне дәлел тауып келеді. Соның нақты бір мысалы ретінде Дания драматургі Г.Ипсеннің «Қуыршақ отбасы» (ADoll's House) сахналық шығармасын айтуға болады. Аталған шығарма XIX ғасырдың соңында Еуропа қоғамындағы әйелдердің отбасы қатынасының жағдайына үңіле отырып, қайшылықтарды бейнелеген. Нара образында дәстүрлі отбасы әйелінің жаңа бейнесі жасалған. Ол қоғамнан отбасына дейінгі ерлердің үстемдігі жүріп тұрған ортада алғаш болып, өзінің тәуелсіздігі, бостандығы туралы ойланады. Нара образынан XX ғасырда саясатта, экономикада, мәдениетте, қоғамда тең құқығы болуын талап еткен әйелдердің алғашқы бейнесін көреміз. Туынды авторы ер адам болса да жоғарыдағы шығарма әйелдің еркі мен құқығы мәселесін көтерді. Шығарманың өмірге келуіне сол тұста қоғамда бел алған әйелдер құқығы қозғалысының ықпалы болғаны анық.

Ежелгі Грекиядағы «Илиада» эпосындағы Илена мен Кассандраның, байырғы арабтың «Мың бір түн» шығармасындағы әйелдердің, ортағасырлық қытай әдебиетіндегі көптомды роман «Үш патшалық шежіресіндегі» әйелдердің, қазақтың «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» эпостарындағы Құртқа, Қарлыға, Ақжүніс т.б. әйелдердің образынан осыны көреміз. Бұларды ерлер көзқарасы тұрғысымен жазылған әйелдер образы деп атауымызға болады.

XX ғасырдың басында С.Торайғыров (1893-1920 ж.) «Қамар сұлу» өлең-романында дәстүрлі рулық-отағасылық билік үстемдік еткен қоғамдағы қазақ қызының тағдырын жазған. Қамар  бай әулеттен шыққан сұлу қыз. Он бес жасқа келген Қамар көркіне ақылы

(3)

сай (хат таниды, өлең шығарады) барлық жағынан сол тұстағы өз құрбыларынан оқ бойы озық тұрған жан. Соған қарамастан Қамар өз қалауымен сүйген адамына тұрмысқа шыға алмайды. Қамарды әкесі мен шешесі жанындай жақсы көрсе де, дәстүрлі қоғамдық салт бойынша оны сүйген жігіті Ахметке емес, малы көп бай Нұрымға береді. Бұл шығармада дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел затының отбасы мен рудың мүддесіне сай малға сатылып кете беретін бас еркіндігі жоқ материя ретінде көрінеді. Оның қоғамдық орны тек отбасымен ғана өлшенеді. Сондықтан да Қамар ақылды, сұлу болса да, тағдырынан қашып құтыла алмайды. Бұдан С.Торайғыров өз дәуіріндегі қазақ әйелдерінің тағдырына алаңдайтынын, алайда, алаңдаудан өзгеге бара алмайтын шарасыздығын көреміз. Қамар сұлу образы соған дейін малға сатылып, тағдыры тәлкек болып кете берген қазақ қоғамындағы әйелдердің әдеби мәтіндегі көрінісі деп бағалауға болады.

М.Әуезовтің (1897–1961 ж.) «Қаралы сұлу» әңгімесінен дәстүрлі қоғамдық қатынас құрсауындағы қазақ әйелінің образын кездестіреміз. Жастай ері қайтыс болған Қаракөз бір әулеттің заңды басшысы. Бас еркі еріне тәуелді өзге қазақ әйелдері сияқты емес, ол өз ортасында саяси, экономикалық жақтан еркін тұлға. Соған қарамастан шығарманың соңында Қаракөз жалшыға тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Мұнда Қаракөз саяси, экономикалық тәуелді болмаса да, ол  бәрібір әйел, оның орны – отбасы деген көзқарас тұр. Шығармадан әйел затына біржақты тұрғыдағы субъективті көзқарас байқалады.

М.Әуезов қалам тартқан уақыт Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңге тура келеді. Ол қазақ қоғамы өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан кез еді. Төңкерістің келуімен томаға-тұйық қазақ қоғамы ыдырап, оның орнына жаңа қоғамдық түзім  алғашқы кеңестік қоғамдық қатынас келді. Жаңа қоғамдық қатынастар жағдайындағы қазақ әйелі туралы М.Әуезовпен қатар С.Мұқанов, Ж.Аймауытов сияқты қазақ жазушылары да қалам тартты. С.Мұқанов «Ботакөз» романында алғашқы кеңес қоғамы келу қарсаңындағы қазақ әйелінің образын жасады. Ботакөз  қала өмірін көрген, қазақша, орысша жаза алатын сауатты, саяси төңкерістің сынағынан өткен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастаған, жаңа санадағы қазақ қызы. Бұл ерекшеліктері жағынан Ботакөз қазақ әдебиетінде бұрын-соңды кездеспеген жаңа образ. Автор Ботакөзді төбесі көріне бастаған кеңестік қоғам келу қарсаңында жаңаша өмір бастауы мүмкін қазақ әйелінің жарқын образы ретінде сипаттағысы келгенін байқаймыз. Ботакөз – саяси, экономикалық жақтан ерлермен тең құқылы өмір сүруге бет алған тұлға. Бұл образды әйелдердің қоғамнан ерлермен бірдей теңдік талап еткен кезеңіне жатқызуға болады. Автордың коммунистік дүниетанымы, маркстік социалдардың әйелдердің құқығы мен бостандығы туралы ойлары Ботакөздің бойында толық көрініс тапқан. Маркстік социалистердің әйелдердің құқығы мен бостандығы туралы пайымы, әйелдерге теңдік, қоғамдық тең құқық беру жағындағы саяси ұстанымы XX ғасырдағы әйелдер құқығы идеясы өз алдына үлкен күш болып қосылғаны белгілі. Сондықтан да Ботакөз қазақ әйелдер құқығы тарихында дәуір бөлгіштік кезеңде тұрған образ.

Дәстүрлі қазақ қоғамы өзгеріске ұшырап, Ресей империясының ықпалымен қалалық мәдениеттің әйел образын жасаған шығарма  Ж.Аймауытовтың (1889 – 1931) «Ақбілек»

романы. Шығармада ақылды, сұлу, өз ортасында сыйлы Ақбілектің тағдырын рулық- отбасылық қоғам ғана емес, отарлық империялық жаңа қоғамдық қатынастар билейді.

Автор Ақбілек образы арқылы ішкі-сыртқы қайшылықтар мен отаршылдық басқыншылықтан тарыдай шашылып, өз тағдырын өзі билеуден қалған қазақ қоғамының болмысын көрсеткен. Шығармада Ақбілек жай әйел заты ғана емес, ұлттың ары мен намысы, талқан болған тағдыры, күңгірт болашағы, қайғысы мен қасіреті, ауқымы кеңейген образ. Оның басындағы қайшылық та осы ерекшеліктерге сай жаңаша сипат алады. Енді ол дәстүрлі рулық-отбасылық қоғамның ғана емес, отаршылдық тәртіптің, қос

(4)

бірдей билеуші күштің талқысына түседі. Бұл шығармадан біз автордың әйел затын ұлттық ар мен намыстың символы, сонымен қатар өз еркі өзінде емес әлсіз қоғамдық топ деп бағалайтын көзқарасын байқаймыз. Жоғарыдағы екі әйел образынан біз қоғамдық өтпелі кезең тұсындағы ұлттың, қазақ әйелінің екі түрлі өкілін, екі түрлі тағдырын кезіктіреміз. Бұл жазушылардың бұрынғы жазушыларға ұқсамайтын ерекшелігі, олардың өздері жасаған әйел образына ұлт тағдырының символдық бейнесін сіңіргендігінде.

Кеңес қоғамы орныққан кезеңде Ғ.Мүсірепов (1902-1985) «Ұлпан» (1949 ж.), Ә.Нұршайықов (19222012) «Махаббат, қызық мол жылдар» (1970 ж.) шығармасында қазақ әйелінің жаңа образын жасады. Олар С.Мұқанов сияқты кеңес жазушылары бастап берген әйел затының «әйелден» «жолдасқа» айналған уақытын «кеңес дәуірінің әйелі»

делінетін жаңа кезеңге шығарды. Ұлпан жасы үлкен кісіге тұрмысқа шықса да, өзін дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйелдерден басқаша ұстайды. Саяси, экономикалық, психологиялық жақтан өзін еркін сезінеді. Бұл ерекшеліктерден біз автордың дәстүрлі қазақ әйелінің бойынан заманға сай жаңа ерекшелік көргісі келгенін аңғарамыз. Бұндай сипат Ә.Нұршайықовтың Меңтай образында да кездеседі. Меңтайдың бойына кеңестік қоғамға тән әйел затының көптеген қасиеттері жинақталған. Жоғарыдағы екі образ кеңес қоғамындағы құқықтары ерлермен шартты түрде теңескен әйелдердің саяси, экономика, мәдениет, өнер т.б. саладағы жарқын жетістіктерін көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде Д.Исабековтың «Әпке» пьесасындағы әпке образы кеңес қоғамындағы әйелдердің екінші қыры – жарық қоғамның тасасындағы көлеңке тұсты көрсетеді. Әпке отбасы үшін бар махаббатын, жастығын, өмірін арнайды. Соңында қаңыраған үйде жалғыз қалады. Автор кеңестік қоғамдық жұмыстарға өзін арнап, әйел затына тән мүмкіндіктің бәрінен айрылып, жалғыз қалған әйелдің тағдыры туралы ойланады. Кеңестік әйелдердің тағдырындағы мұндай келеңсіздіктер Б. Нұржекеев т.б. сынды жазушылардың шығармаларында да суреттеледі. Бұдан түйеріміз, кеңес қоғамы әйелдер құқығы мәселесінде көптеген алғабасар идеяларды ұсынғанымен, түбірлі сұрақтар жауапсыз қалдырылған. Әйел затының қоғам және отбасындағы орны мен мүмкіндіктері өз деңгейінде сараланбаған. Бұны кеңестік идеологияға сүйенген қоғамның өзіне тән шектелісінің туындысы деуге болады.

Тәуелсіздіктен кейін қазақ қоғамы тағы бір өзгерісті бастан кеше бастады. Жазушы Қ.Түменбайдың «Әйел» әңгімесінен біз осы кезеңдегі әйел образын кездестіреміз.

Шығармада қоғамның өзгерісі кеңес кезінде мойындалмай келген әйел затына тән кейбір ерекшеліктерді көмескіден көрнеуге шығарды. Ымырасыз бәсекемен өмір сүретін капиталистік қатынастар тұсында әйелдер бәз-баяғысындай әлсіз топтардың санатына жатады. Олар ерлермен шынайы бәсекеге түсуге қауқарсыз.

Біз XX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі жазушы ер адамдар жасаған әйел образына талдау жасай келе, қазақ әйелдері осы аралықта үлкен өзгерістерді бастан кешкеніне көз жеткіземіз. Бұл өзгерістерді атап айтар болсақ, қазақ әйелдері бір ғасыр бұрын толықтай рулық-отағасылық үстемдікке еркі байланған, тағдырын өзі билей алмайтын, қоғамдық орны отбасынан аспайтын, көп әйел алудың құрбаны болған әлсіз топ еді. Арада екі түрлі қоғамдық өзгерісті бастан кешкеннен кейін олар теңсіздіктен толықтай заңдық тұрғыда бостандыққа шықты. Бұны ер жазушылардың шығармаларындағы әйел образының өзгерісі дәлелдейді. Әйел затының адами, қоғамдық болмысындағы құқықтық өзгерісін тарихтың өзгерісі етіп шығарды, алайда, мұндай қоғамдық өзгеріс әйел затының табиғатындағы кейбір ерекшеліктерді өзгертуге шарасыз. М.Жұмабаев, М.Әуезов т.б.

сынды жазушылар шығармаларында әйел затына саяси, экономика, эстетика, психологиялық жақтан көп жағдайда өз тұрғысынан бұра тартып, теріс түсіндіріп, соны шындық ретінде қалдыруға тырысқан. С.Мұқанов, Ж.Аймауытов т.б. жазушылар әйел

(5)

затының қоғамдық теңдікке ұмтылуын, қоғамдық трагедиясын адамдық құқық тұрғысынан емес, тарихи-саяси өзгерістің салдары деп түсіндіруге ұмтылады.

Ә.Нұршайықов, Д.Исабеков т.б. жазушылар кеңестік қоғамдағы әйел болмысын жаңа қоғамдық қатынастың көлеңке тұсынан емес, әйел басындағы келеңсіздіктен іздейді.

Өтпелі кезеңдегі әйел тағдырына біржақты қарайды. Бұдан ер адамдар шығармашылығында әйел нәсілімен тең тұрғыда диалог құрып, кеңесе алмағанын түсінеміз. Бұл тұрғыдан келгенде өткен ғасырда қазақ әйелі қоғамдық болмыста өз орнын тауып, өз үнін шығара алғанымен, әдебиетте әлі де үнсіз қалып келеді деуге болады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Торайғыров С. Қамар сұлу. – Алматы: Атамұра, 2002. – 204 б.

2. Жұмабаев М. Шолпанның күнәсі. – Алматы: Жазушы, 1998. – 186 б.

3. Әуезов М. Қаралы сұлу. – Алматы: Атамұра, 2001. – 192 б.

4. Аймауытов Ж. Ақбілек. – Алматы: Жібек жолы, 2003.– 219 б.

5. Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы: Атамұра, 2012. – 282 б.

6. Лакаң (Франция). Лакаң таңдамалы шығармалары. – ҚХР: Шанхай Сан лян, 2010.–

195 б.

7. Яке Длида (Франция ). Әдебиет туралы көзқарас.– ҚХР: Шанхай аударма, 2005. – 194 б.

РЕЗЮМЕ

Аканкызы Г., старший преподаватель

(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) ФЕМИНИЗМ И ОБРАЗ ЖЕНЩИН В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ

В статье рассматриваются историческое развитие идеи прав восточных женщин в казахстанском обществе от политических, философских, эстетических и психологической точек зрения. Автор сравнивает изменения образа женщин в казахской литературе за последнее столетие.

Ключевые слова: феминизм, казахская литература, точка зрения мужчин, образ женщин, молчание.

SUMMARY

Akankyzy G., senior teacher

(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) FEMINIZM AND WOMEN’S IMAGE IN KAZAKH LITERATURE

The article deals with the historical development of the idea of the eastern women’s rights with the changes in women rights in Kazakh society from the political, philosophical, aesthetic and psychological points of view. Feminism considered that, men investigated women from the men’s point of view. Kazakh women`s image written in men’s work in last centuries and how it changed in male perspective in Kazakh society is mentioned in the article.

Keywords: feminizm, kazakh literature, male perspective, women`s image, silence.

(6)

ӘОЖ 82(091)

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Л.М. Әділбекова, ф.ғ.к. профессор м.а.

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) Аңдатпа: Белгілі бір қоғамда өмір сүріп, одан тысқары ойлау мүмкін еместігі сынды, қызмет аясына қарамастан сол қоғамның мүшесі ретіндегі әр адамның азаматтық позициясын анықтайтын, көрсететін де публицистика саласы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда кеңес қазақ журналистикасының көш басында тұрған қайраткерлердің бірі немесе бірегейі – қазақ поэзиясының Құлагері, ақын Ілияс Жансүгіровтің публицистикалық мұрасын арнайы сараптап, оқырманға ұсыну әдебиет тарихы мен қазақ көсемсөзінің даму барысын зерттеушілерге де, ілиястанушыларға да игілікті іс болары анық.

Түйін сөздер: қазақ көсемсөзі, публицистика, Ілияс Жансүгіров, өнертану, музыка, фельетон, әдебиет, журналистика.

Кез келген мемлекеттегі төртінші билік өкілдері саналатын журналистердің бүгінгідей ақпарат ағымының әлемдік өркениетті интернет арқылы алқымға алған дәуірінде алқалы жиынға салып, ақылға салар өзекті мәселелерінің бірі, әлбетте, отандық журналистиканың кешегісін түгендеп, бүгінгісін саралап, болашағын түзеу, ұлтқа, мемлекетке қызметі тұрғысынан сара жолын айқындау болып табылары анық. Қай кезеңде болмасын өз уақытындағы қоғамның тыныс-тіршілігінің айна-қатесіз көрінісі болып табылатын журналистиканың салмағы батпан, сұрауы мың сан сала екендігін де мойындайық. Белгілі бір қоғамда өмір сүріп, одан тысқары ойлау мүмкін еместігі сынды, қызмет аясына қарамастан сол қоғамның мүшесі ретіндегі әр адамның азаматтық позициясын анықтайтын, көрсететін де осы сала. Бұл тұрғыда, бүгінгі ой өзегі де, кеңес қазақ журналистикасының көш басында тұрған қайраткерлердің бірі немесе бірегейі – қазақ поэзиясының Құлагері, ақын Ілияс Жансүгіровтің публицистикалық мұрасы турасында болмақ.

1925-1928 жылдар аралығында Мәскеу журналистика институтын тәмамдаған ақынды алғашқы қазақ кәсіби журналисі ретінде қабылдауға да болар. Ұлы ақынның қаламгерлік көп қыры оқушысын тамсандырған сұлу поэзиясының көлеңкесінде қалып қойғандығы белгілі. Соның бірі – ақынның публицистикалық бай мұрасы. Бұл мұра – әртүрлі жанрды қамтитын, тақырыптық ауқымы кең, тілі құнарлы, арнайы ой жүгіртуді сұранып тұрған еңбектер. Әсіресе, талантты жазушы арнайы оқуды аяқтаған соң, қазақ әдебиеті тарихының белесті кезеңінде, отызыншы жылдар публицистикасының түрлі жанрында тамаша туындыларды дүниеге әкелді. Олар Ілиястың уытты фельетондары, әдебиет, өнертану, музыка саласындағы өзіндік ой-талғам, ізденістерге толы мақалалары, білікті журналистің ел өмірінен жазған тамаша очерктері, Қазақстан Жазушылар Одағын басқарған қоғам қайраткерінің қоғамға, әдебиетке қатысты жасаған баяндамалары, сын- пікірлері тағы басқалар. Түйінін айтсақ, қазақ шежіресі, ел, жер тарихы, құнарлы тілі, дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, бай ауыз әдебиетінің інжу-маржандары сынды бір ұлттың бар байлығын барынша нар бойына сіңірген, тума дарын мен сұңғыла білім иесінің, кемел таланттың өзін қоршаған ортадағы түрлі жайттарға қарата айтқан парасатты ойлары, тегеурінді пікірлері, көркем бейнелі очерктері мен ақынның азаматтық тұлғасын айқындайтын сан салалы мақалалары.

(7)

Ілияс публицистикасы тақырыбы сан тарау, танымдық мәні терең әрі жан-жақты шығармалар. Ілияс очерктері – сол дәуірдің айнасы іспетті болып келсе, оның мақалалары – оның әдебиеті мен мәдениетінің, әлеуметтік өмірінің дамуында елеулі үлесі бар, қала берді сол кездегі қазақ зиялылары мен қалың оқырманға, әлеуметтік ой-пікір ағымына өзінің жүйелі ойлары, саналы пікірлері мен тұжырымдары арқылы қозғау салған, тіпті негіз болған әрі ғылыми, әрі әдеби-көркем, әрі тарихи мәні мол туындылар. Бұған қоса, публицистика дегеніміз – сол кезеңдегі ұлт қайраткерлерінің еңбегі мен өмір жолынан мол мәлімет беретін, құнды деректерге толы дүниелер болатындығы да ақиқат.

Жалпы ақынның мақалалары 1923 жылдан бастап өмірінің ақырғы сәтіне дейін мерзімді баспасөзде жарық көріп, өмірдегі азамат, қоғам, қалам қайраткері Ілиястың өзіндік үнін, жүрекжарды сырын танытып отырған шығармалар. Ақынның өз қолымен жазған өмірбаянына кезек берсек. «1920 жыл ақтар жеңіліп, алаштар тарады. Кеңес өкіметі орнады. Ел аш. Жұттан шыққан жұрт. Аштарға бидай үлестіретін ауылдағы комитетінің мүшесі болып қызмет істедім. Алғашқы әлеумет қызметім осы. ...Күзге ...оқу іздеп, Тәшкенге келдім. ...Тәшкенде алғаш қазақ-қырғыз оқу институты ашылған екен.

Көзтаныс таба алмай, көп қиындықпен соның оқытушылар дайындайтын екі жылдық курсіне кірдім... Қазақ ана тілін, орыс таңбасын содан бастап оқыдым. ...Театрда роль алып ойнадық. «Ақ жол» газетіне корректор боп кірдім. Кейін Мұратбайұлы Ғанидың ұйыстыруымен «Жас алаш» газетін шығардық. Оның алғашқы нөмірінің бас мақаласын жаздым. Ол нөмірде «Жалпы жасқа» деген үгіт өлеңім басылды. Алғашқы басылған өлеңім осы шығар деймін. (Айта кету керек: «Жыл құсы» деген журналдың алғашқы санында Бәйділдәұлының мені ұлтшыл деп көлденең тартатын өлеңі осы. Ол күндегі менің саяси сауатым анау болатын. Жалғыз мен емес, ол уақытты талай қазақтың тап мәнісін ұғына қоймаған кезі еді. «Жас алаш» деген газетінің атынан да тануға болады.

Осылай өсу қазаққа табиғи жол еді. Іштен туа интернационалист едім деген құр жанғайла.

Өтірік. Қазақтың тарихи өсуінің шеңберіне сыймайтын алыпсатарлық. Ондай жолдастар өзін де, өзгені де алдайды, ол қиянат» [1]. Әдебиеттегі алғашқы қадамын осылайша журналист қаламымен қатар бастаған қарымды ақын келе-келе сол кезеңдегі кеңестік өмір көріністері мен әдебиет, өнер, театр мәселелеріне қатысты келелі ой, сындарлы соны пікір айта білген ұлт қайраткеріне айналды.

Мысалы, Ілиястың Абай шығармаларына қатысты айтқан пікірлері күні бүгін де бағасын жойған жоқ. Ұлы ақынның шығармаларын тереңнен зерделей келе, Ілияс, Абайды жазба әдебиеттің басы деп санауға іңкәр етіп отырған оның тек жаңашылдығы, қазақ өлең құрылысына кіргізген жаңалықтары ғана емес, сонымен қатар, «Абайдың жалпы өлеңінің дені сау, тілі таза. Абайдың өлеңі таудан тасыған бұлақтай сарқырап жатса, сөздері сол бұлақтың түрлі тасындай жарқырап жатады. Абайдың тарихи зор еңбегі «тіл өнерін жасап, қазақтың жабайы тілінен үлгілі, өнер әдебиет тілін жасағандығы» [2,61б.] деп толымды қорытынды жасайды. Осы ойын дәлелдей түсу үшін Абайдың қазақ өлеңіне 14 түрлі өлең өрнегін қосқанын айта келе, «Абай өлең түрін жасауға қызмет еткен жазушы.

Абай бұрынғы қазақтағы өлең, жырлардың өлшеу үлгілерін кеңітудің үстіне араб, парсы, шағатай, орыс өлеңдерінің үлгісін кіргізіп, қазақ әдебиетін жаңалаған адам» [2,62 б.] деп тарихи мәнді қорытынды жасайды. Оның шығармаларынан, өлеңінің әуез ырғағынан күйлі, ырғақты, сорғалап келетін талай өлеңдерді тауып, «Абайдың жыры ырғақ, музыка дыбысы құрылысы жағынан төгіліп кетеді. Өлең ұйқасындағы етістіктердің сайдың тасындай ірі, қимылды, қозғалысты көрсетудегі жандылығы» [2,64 б.] ақындық шеберліктің, талант қуаттылығының, өлең көркемдігінің белгісі деп айрықша қадірлейді.

Профессор Т.Кәкішевтің қазақ әдеби сынының тарихын зерттей келе көрсеткеніндей: «Ілияс Жансүгіровтің Абай жинағына жазған алғы сөзі ұлы дарынның ерекшелігін бірқыдыру аңғарған, кезеңдік эстетикалық талап-талғамның ауыр жүктерін

(8)

көтерген еңбек болды. Осындай еңбектердің дүниеге келуі Абайды дұрыс тануға жаңа кілт, жаңаша көзқарас тауып, нақты жүзеге асыру қажеттігі аңғарылып, мәнді сыни- ғылыми ой-пікірге үлкен арна дайындады. Көптеген мақалалар мен еңбектердің осындай ерекшелігі де, қате-кемшілігі де Абайдың алғашқы кезеңінің 1918 – 1933 жылдарға тұспа- тұс келеді. Сөйтіп сыншылық ой соны арна тауып, ғылыми процеске ұласа бастады» [3].

Сұлулық пен тазалықты, даналық пен жаңалықты көзімен ғана емес, көңілмен де көре біліп, әсемдіктің нәзік қауыздарын таңғы күн шапағындай аша біліп, әуенді сым пернелерін жүрек дүрсілімен баса білген Ілияс ақынның сөз дүлдүлі Абай туралы сыни ойлары қай қырынан алсақтағы ұлттық ақыл-ой қазынасының асыл мұрасынан табылары анық.

Отандық көсемсөз қоржынындағы Ілиястың қазақтың күйлерін жинау, әндерін сақтау, өнерін бағалау, жаңа театрларының жұмысын жандандыру мен артистерінің қабілетін лайықты бағалау турасындағы жазған өзекті мақалалары күні бүгін де шұрайлы тілімен де, тура айтқан соны ойларымен де бағасын жойған жоқ.

Ілияс Жансүгіровтың 1927 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің 18 июль күнгі санында жарияланған «Қазақ күйлері жиналсын», осы газетте 1931 жылы жарық көрген «Ән, әншілер жайында» деген көлемді мақалаларын алсақ, әлбетте, поэзияда «Күй» (1929ж.),

«Күйші» (1935 ж.), «Құлагер» (1936 ж.), «Көбік шашқан» (1937 ж.) сынды поэтикалық пафосы биік өнер тақырыбындағы шығармаларды дүниеге әкелген ақынның музыканың тілін, ұлттың өнерін, қазақтың қанымен келген асыл мұрасын терең білгендігі, терең түсінгендігі анық. Өнер, өнер адамының жан дүниесі мен табиғатын, тарихтағы, қоғамдағы рөлін тани біліп, терең көрегендікпен түсініп:

Қобызшы Молықбай шал Матайдағы, Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы.

Қазақта қобызшының қалғаны сол, Жорға еді маймаңдаған бақайшағы,

деп басталатын «Күй» поэмасын алсақ та, ақынның «Күйші» поэмасындағы сол тарлан таланттың тамаша дүниелерінің тыңдаушы құлаққа әсерін, тоқсан ауыз сөзбен жеткізуге қиналатын қасиетін табиғаттың тілсіз үн, ойшыл әуенімен жеткізе білген тыңдаушыға әсерін табиғатпен тілдестіріп:

Күн тыңдап, кірмей тұрды ұясына, Бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына.

Мақұлық жерде, көкте маужырады, Қараған бір жан болмай шаруасына.

Су ақпай жатты тоқтап арнасында, Қарғалар қалқып қалды жар басында.

Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт, Тырп етпей, тілеулес боп зарласынға.

Қалмақтың қақты қара жорғасына, Айналды ақ алмастар қорғасынға.

Мәжіліс, міне, осындай болып жатты, Бір кеште хан Кененің ордасында, –

деп тамаша суреттейді. Күй мен күйші қадірін білген ақын қазақтың құдіретті күйі мен тарлан күйшілерін, олардың асыл бағасын ерте түсініп, ол мұраның бүгіні мен ертеңі үшін аянбай еңбек етті. Ел өнерінің кәусар бұлақтарының бірі – қазақ күйлері, күй өнері халқымыздың мәдениетінде қызыл тілден кейінгі алдыңғы орынды алса керек-ті. Тіпті тілмен жеткізе алмаған сәтті күймен жеткізген сәттер тарихымызда аз ба? Қасиетті домбыра мен қоңыр қобыз үні – халық үні емес пе еді? Қара қазақтың мұңдасы да,

(9)

сырласы да күйі емес пе еді? Күйді ұмыту – күйді түсінбеуге, күйді түсінбеу – ата-дәстүр, салт-санадан қол үзіп, кей ұрпақтың мәңгүрттенуіне әкелмей ме сынды ақынның жанайқайы мақалаларынан көрініс тапты.

Қазақ музыка қорының алғашқы қарлығашындай сол жылдары жарық көрген Затаевичтің «1000 әнін» қуана қолдаған Ілияс, барша жұртқа осы кітапты үлгі ете отырып, тез арада қазақтың бар күйлерін жинауға, Затаевич сынды мамандарды пайдаланып қалуға шақырады. «Қазақта күй көп» деп мамыражай жүре бермей, барды қастерлеп, сақтап қалуға шақырды. Жаңа заман ағымымен, ойын-сауықтан гөрі елдің жан бағу жайымен шаруадарлыққа ойысып бара жатқанын ерте түсінген Ілияс, қазақта әрбір рудың, әрбір жер мөлшеріне сәйкес елдің өзіндік күйі, ол күйдің өзіндік мазмұны мен мәнері бар екендігін айта отырып «бүкіл қазақ күй мұрасы атаусыз, атқарусыз жатқан мол қазына, қалай да қазақ күйлерін жинау керек» деп бебеу қағады. Мақалада: «Елдегі ескі күйші шалдар өлген сайын күйлеріміз көрге көмілуде. Біздің елде ертеректе Тойтан деген бір шал қырық күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін де ешкім білмейді, тек күй аттарын айтып аңыз қылысады. Сүйтіп Тойтан өлімі қырық күйді ала кетіп отыр. Жалғыз Тойтан емес, толып жатқан домбырашылар, күйшілер күйімен бірге зым-зия жоғалып жатыр. Елден жастан домбыра шығу, жаңадан күй шығу өте сирек» [2,319 б.] – дей отырып, барлық газет-журналдарды, тілшілерді жер-жердегі күй аттарын жинауға, олардың мазмұндарын, білетін күйшілердің аты-жөндерін жазып алып, жинап, жариялауға шақырды. Осы істің көшбасшысы ретінде Ілияс осы мақалада Жетісудың Талдықорған уезіндегі Ақсу болысындағы домбырашылардың күйлері мен Қарқаралының арғын Манас-Маңдар руынан Алматыға келген домбырашы бала Манарбектің білетін отыз күйі деп, барлығы 68 күйдің атын тізіп жазған. Мақаласында автор газет бетінің күйлердің мазмұнын да көрсете кеткенге тарлық еткенін ескерте кетеді. Бұл Ілиястың айтқан күйлерін жақсы білгендігін көрсетсе керек.

Ілиястың өнер тақырыбындағы, мәдениеттану саласындағы құнды бір еңбегі – оның

«Ән, әншілер жайында» деген мақаласы. Мақаланың 1931 жылы жазылғанын ескерсек, бұл уақытта қазақ арасынан қазақ әндерін жинап, зерттеген білікті музыка мамандарының әлі шыға қоймаған кезі. Қазақ әндерін ұлт мәдениеті, ұлт өнері деген кең ұғымда түсініп, сол кездегі қолда бар ел әндерінің қандай күйде, қалай туған, заманымызға лайық па, жоқ па деген сияқты салалы сұрақтарына жаны ауыра жауап іздеп, оларды өз ой елегінен өткізе отырып, ақынның қазақ әндеріне жасаған өзіндік классификациясы тілге тартымдылығымен, ойға қонымдылығымен, ғылыми тұжырымдарының дәлдігімен, пікір дәмділігімен толғантады. Әрбір халықтың өзінің қанымен келген, тағдырына семген, табиғатынан туған, дәстүрлерін қуған, тек сол ұлтқа ғана тән әуені, әндері болатыны әркімге аян. Сондықтан да болар, бұл әндер, бұл әуендер ешбір бақырма, секірмесіз-ақ жүрек қылдарын дәл тауып, алпыс екі тамырыңды иітіп жатады. Мұның себебін сыншы былай түсіндіреді: «...Бір елдің шаруа күйі, қоғам құрылысы өзінше күйді, әнді, ырғақты тілейді. Ән-күй сол елдің әлеумет-шаруа (социал-эконом) тұқым (антропол) жүйесінің жемісі болды... Осы екі жүйе әр елдің ән-күйіне өзінше таңба салады, мөр басады».

Ойымыз түсінікті болуы үшін Ілиястың мына бір сөздерін де келтіре кетейік: «...Ән туу үшін алдымен әнші туады. Әнді шығарушыны әнді тыңдаушы тудырады. Тыңдаушы дегеніміз – әр дәуірдегі ел, соның ішінара табы, тобы болады [2,327-328б.]. Ілияс ел музыкасын, яғни қазақ әндерін үлкен-үлкен үш салаға топтайды, олар – ой музыкасы, сөз музыкасы, қимыл музыкасы.

Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең – менше сүй...

(10)

деген Абай сөздерін Ілияс осы салаға жататын әндерге лайық айтылған дей отырып, бұл топтағы әндердің басты ерекшелігі сарынында, әуенінде екендігін, өздеріне лайық сөздері болғанымен, негізгі салмақ әуеніне түсіп, сөздің тек көмекші құрал ретінде ғана қолданатындығын тілге тиек етеді. Себебі, бұл ойлы әндерді ...сөзсіз ыңыранып айтса да сарынды ой салады, – деп тұжырымдай отырып, мұндай ой әндерінің орындаушыларына – Қали, Әміре, Манарбек т.б. жатқызады.

Екінші үлкен сала – өзіндік әуені, ырғағы бар, сөз музыкасына жататын әндер тобы.

Ақынның бұл саладағы негізгі критерийі – айтылған әнде сөздің, айтылған ойдың негізгі басым рөл атқарып, ал айтылу сарынының тек қосымша рөлді ғана алатындығында.

Мұнда ән сарыны тұйықтау, үн мен ой салатын ырғақтан гөрі сөз салмағы басым болады.

Ән сөзге еріп, сөз әнге жетекші болады. Біздің ел әніндегі жыраулардың, ел ақындарының қолданысы осы үлгі болады, – деп қорытындылайды Ілияс. Бұл топқа зерттеуші қазақ тарихында аты қалған жырауларды, ақындардың әндерін, сонымен қатар ақынның замандасы Исаның «Желдірмесін» қосқан.

Үшінші үлкен сала – қимыл музыкасы. Атауының өзі айтып тұрғандай, бұл жердегі басты критерий – қимыл-қозғалыстың, яғни бидің рөл атқаруы. Домбырамен қосылып, биін тамашалау болмаса, жалпы би өнерінің о кезде көмескі тартқан кезеңі екендігі белгілі жайт. Мұндай әндердің де әлі қазақ музыкасында аздығын ескере отырып (сол кездегі – Л.Ә.) Елубай, Құрманбек сияқты әншілер іздене түссе, қазақтар қала тұрмысына үйрене түссе, бұл саладағы әндер де көбейе түсіп, халыққа қызмет етер дегендей ой айтады көреген ақын.

Журналист Жансүгіров бұл мақаласында қазақ әндерінің табиғаты туралы да кесек- кесек келелі ойлар айтқан. Қазақ халқының көшпелі, ұлан-байтақ кең даласы, тұрмыс- тіршілігі өз әндеріне де таңбасын салған дедік. Бұл жағдай қазақ әндерінің өзіндік түрі мен композициясын дүниеге әкелді. Кең-байтақ далада, сұлу табиғат аясында төрт түлікпен бірге өріп, бірге жусаған, малмен кіндіктес, кентсіз (қаласыз) елдің әндерінің ырғағы, сарыны өзгеше. Бұны Ілияс: «Қазақтың әндерінде кең даланың, ертеңгі-кешті, ұзақ күннің, күзеткен сары таңның, шусыз тыныш табиғаттың, баяу, жуас айналаның, жалқаулықтың, сылбыр өнімсіз еңбектің, ұзын сонарлы күштің сарыны басым болатындығы – сол қазақтың қоныс, шаруа, әлеумет жағдайларынан болу керек», – деп түсіндіреді. Ілияс қазақ әндерінің көпшілігі мұңмен сарындас, күйінді, зарлы келеді, мұның себебі, табиғатпен тағдырлас елдің жұт, боран, қасқыр, ауру сықылды алғалы тұрған табиғат жаулары алдындағы тәуелділіктен туса керек деген ой айтады. Оның үстіне «бір-бірімен шабысқан қазақ, жауынгершілік заманы, аздың әлсіздігі, әлсіздің қорғансыздығы, әдеттің күштілігі, әйелдің теңсіздігі, жүрек демінің іштен, тыстан еріксіздігі, еңбекке қырсыздығы – осының бәрі азап, бәрі мұң емес пе еді? Ендеше, тіршілік сарыны – әндегі сарын мұң басым болмай, не болатын еді?» – деген сынды зерделі пікірге келеді.

Ілияс қазақ әндерінің сарынына географиялық ортаның да әсері барын айта келіп, бірнеше мысал келтірген. Арқа әндерінің аспанға өрлеп басталып, созылып, неше қайырып, толқып-толқып тоқталатыны – Арқа жеріндей айдала, құба-құба жон, қырқа- қырқалатып барып тастағаны сықылды. Қарқаралы, Баян, Көкшетау, Ертіс бойы асқақтатып шырқап салса, Орал, Бөкей жағы қоңыр жыраулатып, құба жондатып, ыңыранып келеді. Жетісу жеңіл-желпілете аяң жорғалау келсе, Сырдария мыңқылдайды.

Қойшының «әлаулайы», «Алпамыс» эпостық жырындағы «Шөре-ай, шөре-ай» да қазақ тіршілігінің бір көрінісі іспеттес. Қаламгер әрбір ой тұжырымында бұлардың өз болжамдары екенін, тексеруді тілейтінін ескертуді де айтып отыруды ұмытпайды.

(11)

Ілияс көрсеткен ел музыкасының екі түрлі қасиетіне де толық қосылуға болады.

Оның бірі – халық әндерінің түбінде бір адам шығарғанын мойындай отырып, ауыздан- ауызға, құлақтан-құлаққа иесін керек қылмай көшіп отырып, ауыз әдебиетіндей ортақ мұраға айналып кеткендігі де, екіншісі – көп әндердің бірсарындас келетіндігі. Әсем әнді шығарушы шын талант сирек те, әнді үйренуші, салушы, тіпті жаңғыртушы көп. Осындай өзгертіп, өңдеп салушылардың көптігінің де әсері болса керек. Әннің, әуеннің бойына сол әнді шығарушының қоғамдағы орны, ой-санасы, табиғи тұрпаты да таңбасын салады.

Бұған Ілияс Бұхар жырау әндерінің толғау ырғағында, дүниені кезіп, жер жаннатын іздеген Асан қайғы әндерінің безілдеу, зарлау сарындас келетінін, бұған Біржан мен Әсеттің өрлемпаз келетін, Жаяу Мұсаның жаңа сарынын мысалға келтіреді. «Бұхар жырау әнін толғау ырғағына қарай бұқараға түсініксіз ханға, биге, батырға арналған түйткілдеу, сұрай тастау ырғағына салса, Асан Қайғы ашықтан-ашық зарлау, қоныс іздеу, дағдару, безілдеу сарынымен кетсе, қу тілді ақын Құлдың (кісі аты) әні моқалдау, ақырын ыбыр, шымшымалау келеді».

Ілияс сол кездегі қазақ әншілерін екі топқа жіктеген. Бірінші топқа, дала музыкасының әрі актеры (салушысы), әрі авторы (шығарушысы) бола білген музыка таланттары, ән шығарушылар – Біржан, Ақан, Әсет, Жаяу Мұсаларды кіргізеді. Артына тамаша ән мұрасын қалдырған бұл дала композиторларын ақын «әнді тыңнан салу»

қасиетіне қарай топтаса, екінші бөлегін әнді «тыңнан салмай, бар арнаны қолдай салушылар» деген айдармен Әміре, Қали, Балабек, Пысмылда, Манарбек сияқты әншілерді атайды. Әйтсе де, әрқайсысы ән салатын, қоржынынан ел әндерінің небір сирек нұсқаларын табуға болатын тігінші емес, бүтінші болса да, жасаушы емес, жамаушы болса да, елден-елге кезіп жүрген әндердің ең асылдары осыларда болатынын Ілияс ескерте кетеді. Қазақ музыка өнерінің шын жанашыры бола білген Ілиястың әндер, әншілер туралы бұл мақаласының да қазақ әдебиеті мен қазақ өнері тарихынан алатын орны ерекше екендігі анық.

Тыңнан тұжырым жасап, баянды ойға бастау бола білген, өнер тілін өз тіліндей жеткізе білген Ілияс Жансүгіровтің өнер, мәдениет, әдебиет тақырыптарындағы публицистикалық мақалалары отандық көсемсөз антологиясынан өзіндік орны бар лайықты мұра болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ілияс Жансүгіров. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты. – Алматы: Үш қиян.

2006. – Б. 17-23.

2. Ілияс Жансүгіров. Бесінші том. – Алматы: Жазушы, 1988.– 368 б.

3. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994.– Б. 413-416.

РЕЗЮМЕ

Адилбекова Л.М., к.ф.н., и.о. профессора

(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) ПУБЛИЦИСТИЧЕСКОЕ ДОСТОЯНИЕ ИЛИЯСА ЖАНСУГУРОВА

Публицистика является инструментом самовыражения и отражает гражданскую позицию человека. Изучение публицистики Кулагера казахской поэзии Илияса Жансугурова имеет особое значение для исследователей истории казахской литературы и публицистики.

(12)

Ключевые слова: публицистика, Илияс Жансугуров, искусствоведение, музыка, фельетон, литература, журналистика.

SUMMARY

Adilbekova L.M., candidate of philological sciences, acting professor, (city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) PUBLICISTIC HERITAGE OF ILIAS ZHANSUGUROV

Journalism is a tool of expression and reflects the citizenship position of human. Studying journalism of Kulager Kazakh poetry Ilias Zhansugurov has a particular importance for researchers of history of Kazakh literature and journalism.

Keywords: publicism, Ilias Zhansugurov, art studies, music, satirical article, literature, journalism.

ӘОЖ 81’25: 821.111(73)

АМЕРИКАН ЖАЗУШЫСЫ Э.ХЕМИНГУЭЙДІҢ «ҚОШ БОЛ, МАЙДАН!»

РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АУДАРМАДАҒЫ СИПАТЫ И.М. Байзакова, оқытушы

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті)

Аңдатпа: Берілген мақалада Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романындағы табиғат көріністерінің аудармадағы сипаты қарастырылады. Түпнұсқа мен аударма нұсқаларды салыстыра отырып, талдау барысында ағылшын тілін білетін Қ.Қараманұлының аударма барысында түпнұсқамен де жұмыс істегені, бірақ аударғанда жазушы стиліне жат элементтерді енгізіп қойғандығы анықталды. Қазақ тіліне аударғанда сөйлемдерді біріктіруден гөрі, бөлшектеудің көп қолданылғанын байқадық. Бұл тәсілдің аудармада қаншалықты орын алғанынан хабардар болу үшін қазақша нұсқадағы сөйлем санының орысшадағыдан 632-ге артық болып шыққандығын атап айту қажет. Кей жерлерде тілдердегі синтаксистік мүмкіндіктерге қарай сөйлем құрылымын сақтай алмауы түсінікті, алайда арасында тұтастай аударуға қолайлы жағдайды пайдаланбай, қысқа сөйлемдердің орынсыз бөлшектенуі де жиі кездеседі.

Түйін сөздер: аударма, стиль, түпнұсқа, орысша нұсқа, қазақша нұсқа, табиғат көріністері, салыстыру.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аудармаға үлкен мән беріліп отыр. Мәдениетті өркендетуге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, соның бір саласы бойынша әдебиетімізді әлемге таныстыру, озық ойлы әлемнің әдеби, философиялық, ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі жолға қойылып отыр. Осы бағдарлама аясында 2004 жылы Астанада «Аударма» баспасынан әлем әдебиетінің алыптарының бірі – Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!», «Шал мен теңіз», «Килиманджаро – қарлы тау»,

«Қызығы мол сол жылдар» роман, повестері енген жинағы басылып шықты, өкінішке орай оларға бүгінгі талаптарға сай түзетулер енгізілмеген. Басқа теориялық мәселелерді

Сурет

Table  1–  The  same  ways  of  words  or  letters  replacement  in  English  Russian  and  Kazakh  languages

Ақпарат көздері

СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ҚҰЖАТТАР

Абайдың əдебиетімізде алатын орны, поэзияға қосқан үлесі, кіргізген жаңалықтары, оның тек ақын ғана емес, ойшыл, кемеңгер дана, философ, əрі

Сонымен бірге, діни тұрғыда, Ислам дінін уағыздап, ша- риғатты насихаттап, Қасиетті Құран негізінде жазылған шығар- маларды, жыр-дастандарды, діни туындыларды да

деген арынды да дарынды төкпе ақын өмірінің соңғы он жылында дауылдатып, нөсерлетіп, өлең-жырды көп төкті. Көптеген айтыстарға түсумен бірге “Итпен айтыс”, “Көк

Онда сонымен қатар Қытай Цин империясына жерімен бірге ел болған қазақтардың қоғамдық құрылымдары мен әлеуметтік шаруашылығы мен мәдениетінің дамуының өзіндік

Дупат — өзінен кеиінплерге тек мағыналық-идеялық жағынан ғана емес, өлең құрылымы, ырғақтық-өпшемдік тұрпаты жағынан да жаэба поэзияның алғашқы бепгілерін көрсеткен

Бұған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс

Физика - бұл қарапайым жəне сонымен бірге табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын, материяның қасиеттері мен құрылымын жəне оның қозғалыс заңдылықтарын

Э.Гидденстің ойы бойынша логикалық тұрғыдан сенімділік саласы тек қана жеке тұлғааралық қатынастарды ғана емес, сонымен бірге саяси