Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
ӘЛЕУМЕТТІК – САЯСИ БІЛІМДЕР МОДУЛІ: ӘЛЕУМЕТТАНУ Дәрістер жинағы
Алматы 2021
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Д.С. Орынбекова, С.Б. Апашов. Әлеуметтік- саяси білімдер модулі: әлеуметтанудан. Дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2021. – 101 б.
Ұсынып отырған философиядан дәрістер жинағы барлық мамандықтардың күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімдерінің студенттеріне арналған.
Пікір беруші: к.ф.н, доцент Нурмаханова М.К.
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 ж. жоспары бойынша басылды.
© «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2021 жылғы жоспары бойынша басылады.
Алғы сөз
Әлеуметтанулық білім берудің басты мақсаты - студенттердің әлеуметтік ой зерделілігін, әлеуметтік проблемаларды түсінуін, оларды шешу жолдарын табуды қалыптастыру болып табылады.
Ғұмарбек Даукеев атындаға АЭжБУ-да әлеуметтану пәні 1996 жылы енгізілді. Техникалық білім саласына арнаулы бірнеше күрделі тақырыптары бар: еңбек әлеуметтануы, инженерліктің әлеуметтік проблемалары, басқару мәселелері, білім беру т.б.енгізілді. Оларды оқып-үйрену теориялық және тәжірибелік тұрғыдан өте маңызды.
«Әлеуметтану» курсы студенттердің бұл ғылымның методологиялық мәселелерін, әлеуметтанулық ойдың тарихын, қоғамның әлеуметтік шындық және әлеуметтік жүйе ретіндегі сипатын және жалпы теориялық және қолданбалы әлеуметтанудың бірлігін түсінуге мүмкіндік береді.
- әлеуметтік шындықты социологиялық тұрғыдан, қазіргі қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан ұғынуды қалыптастыру;
- студенттерге қазіргі қазақстандық қоғамның ерекшелігін түсіну;
әлеуметтік мәселелерді басымды бағыттарын, Қазақстан Республикасының дамуының негізгі қарқындары мен болашағын анықтау үшін көмек беру;
- әлеуметтанулық ойдың дамуын, әлеуметтік мәселелерді, олардың пайда болуы мен шешілуінің мүмкін жолдарын түсіну;
- әлеуметтык білімдер мен әдістерді тиімді қолдануға үйрету және оларды нақты міндеттерді шешуде пайдалануға көмек көрсету;
- студенттері мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету және қоғамдағы құндылықтарды насихаттау арқылы белсенді өмірлік позициясын және әлеуметтік маңызды қасиеттерді, дүниетанымын қалыптастыруға және топтарда және қоғамда әлеуметтік рөлді игеруге көмек беру;
- әлеуметтанулық зерттеулерді өткізу методологиясы мен тәсілдер арқылы алынған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
1 дәріс. Әлеуметтік әлемді тұсіндірудегі әлеуметтану
Дәрістің негізгі мақсаты - студенттерге «Әлеуметтану» пәнінің ерекшеліктерін, оның басқа қоғамдық ғылымдар арасындағы алатын орны жөнінде түсініктеме беру. Сонымен бірге, пәннің құрылымын, оның қоғамда атқаратын қызметін қарастыру болып табылады.
Негізгі сұрақтар:
1.1 Әлеуметтану пәні және нысаны. Әлеуметтанудың құрылымы мен деңгейлері.
1.2 «Әлеуметтік» ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
Әлеуметтік шындық және жалпы түсінік.
1.3 Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі кезеңдері.
1.1 Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің
«Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.
Қоғам - бірқатар ілім салаларының зерттеу объектісі. Оны философия, тарих, экономика т.б. ғылымдарының зерттейтіні мәлім. Әлеуметтану ғылымы да қоғамды өзіндік тұрғыдан қарастырады. Әлеуметтану өз алдында әлеуметтік ілім ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Әлеуметтану пәнінің ең түбірлі бір категориясы «әлеуметтік» деген ұғым.
Оның мазмұнын дұрыс түсіну қажет. Әлеуметтанулық білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымның «социология» деген ұғымы латын, грек сөздерінен құралған: «societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім деген сөз.
Демек, әлеуметтану социология қоғам туралы ілім деген сөз. Әлеуметтануның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Әлеуметтану қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық.
«Қоғам» деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болатын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы
алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу пәнің бөліп алады.
Экономика ғылымдарының пәні - өндіріс, өндірістік қатынастар. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар - ол саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл саяси ғылымдардың пәні.
Әлеуметтану қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді.
Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтану пәні жөнінде ғалымдар арасында жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады:
1) Ғылымның пәнін анықтауды, ғылымның түбірлі ұғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобының бағыты. Мысалы, П. Сорокин әлеуметтануның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н. Смелзер - әлеуметтік қатынастарды, В. Ядов - қауымдастықты, Г. Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді.
2) Әлеуметтану пәнін өздерінің ғылыми зерттеу жұмысының нақты қортындысымен байланыстырған ғалымдардың пайымдауларын жатқызамыз.
Мысалы Э. Дюркгейм - әлеуметтану пәніне өз зерттеуінің нәтижесі болып табылатын - әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М. Вебер - адамның мінез- құлқын, К. Маркс - әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның құрылымдық элементтерін қарастырған.
Осы тұрғыдан қарағанда, әлеуметтану пәніне мынандай анықтама беруге болады: әлеуметтану - қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым- қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғалым.
Әлеуметтану білімінің құрылым бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік жүе ретіндегі білім шығады. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланысы туралы білім. Табиғаттың және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну, қоғамда бар әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім, оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы туралы білімді өз бойына жинап сіңірген.
Әлеуметтану білімінің құрылымына әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді бөліп айтуға болады:
- жалпы теориялық әлеуметтану;
- орта деңгейдегі әлеуметтану теориялары (жеке және арнаулы). Бұған, мәселен, қала әлеуметтану, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б.
жатады;
- нақты социологиялық зерттеулер.
Жалпы әлеуметтанулық теориялар, макросоциологиялық зерттеу ретінде қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы социологиялық теориялар деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен өмір сүруінің өте терең себептері туралы, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөніндегі ғылыми қорытындылар жасалады.
Орта (арнайы, жеке) деңгейлі теориялар – біртұтас жүйе ретіндегі бүкіл әлеуметтік өмірді қарастырмайды, оның жеке бағыттарын, кейбір құрылымдарын (жік, топ, тап, этнос, еңбек ұжымы және т.б.), институттарын және процестерді (конфликтілер, әлеуметтену және тұлғаның бейімделуі, адамдардың аномалды мінез-құлықтары және т.б.) қарастырады. Бұл теорияның танымдық мөлшері, көлемі жалпы әлеуметтанулық теорияларға қарағанда қысқа, әдетте ол қоғамның жүйелерін зерттеумен шектеледі.
Мысалы, қоғамдық өмірдің экономикалық және әлеуметтік жүйесін қарастырғанда адамдардың өндірістік қызметі, оның әлеуметтік аспектілері, халықтың әртүрлі категорияларының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуы мәселелері, білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыс пен демалу, әлеуметтік қамсыздандыру, т.б. мәселелері зерттеледі.
Нақты әлеуметтанулық зерттеулер эмпирикалық әлеуметтанудың маңызды саласы. Ол әлеуметтік шындықты, адамдардың күнделікті практикалық қызметін, оның объективтік және субъективтік жақтарын зерттейді. Мұндай зерттеу халықтың жекелеген әлеуметтік топтың оқиғалары көзқарасы туралы мағлұмат алу үшін, адамдардың қайсыбір әлеуметтік проблемаларға, оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты қоғамдық пікірді білу мақсатында жүргізіледі.
Мұндай зерттеулерден алынған мәліметтер қоғамның және мемлекет өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың, еңбек және басқа да ұжымдардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметтерінің ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге ұсыныстар дайындау үшін негіз бола алады.
Әлеуметтанулық зерттеулер сауалнама, сұхбат, бақылау және т.б. әдістерімен іске асырылады. Соның негізінде алынған ақпарат жаңа білімді қалыптастырады.
Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Біріншісі қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады.
Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, ол қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады.
Әлеуметтік философия мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламының ерекше, құрамдас бөлігі
ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Социология мен тарих өзара бір- біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді.
Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі.
Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытады.
Социология ғылым ретінде қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Оларды екі топқа бөлуге болады: теориялық - танымдық және басқару - басқарушылық.
Жалпы алғанда оның мынандай қызмет түрлері бар: теориялық - зерттеушілер, қолданбалы, ізгілік, болжамдық, идеологиялық, дүниетанымдық т.б.
Теориялық, зерттеу қызметі зерттелген проблема туралы түрлі ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми зерттеу ретінде әртүрлі формаларда жариялау арқылы іске асырады. Ол зерттеудің бағдарламасы болады, оның құрылымы, мақсаты және міндеті ажыратылады. Сонымен бірге зерттеудің тәсілдері де көрсетіледі.
Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды, зерттеу де соған бағытталады.
Социология шеңберінде іргелі теориялық зерттеулермен қатар эмпирикалық (тәжірибелік) зерттеулердің жүргізілуі әртүрлі әлеуметтік процестердің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстарды дайындау дәрежесімен анықталады.
Қоғамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарын және болашағын анықтауда социология теориясына аса зор маңыз беріледі. Дүниені әлеуметтік өзгертудің нақтылы жолдары мен әдістері көрсетіледі.
Әлеуметтік теориямен тікелей байланысты дамыған қолданбалы зерттеу әлеуметтік дамудың заңдылықтарын тануға тікелей қатынасады. Қолданбалы әлеуметтік зерттеу танымдық қызметті атқарады, теория мен жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Танымдық қызметінің жалғасы болжамдық көрінеді. Зерттеуші проблеманы зерттей отырып, оны шешудің тиімді жолын алуға, болашағын және түпкілікті нәтижесін көрсетуге ұмтылады.
Социология қолданбалы қызметті басқару және басқарушылық қатынастарды жетілдірумен байланысты. Аталған барлық қызметтердің іске асуы қоғамдық заңдылықтар мен әлеуметтік жағдайлардың сипатына байланысты. Социологиялық зерттеулерде объективті - ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің ара салмағын анықтауда сынаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.
1.2 Әр ғылымның өзіне тән категориялары мен заңдары бар.
Әлеуметтануғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктеріннақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналса, ал әлеуметтік зандылықтар оныңмәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.
К. Маркс пен Ф. Энгельстің ғылыми еңбектерінде қоғамға, ондағы процестер мен қатынастарға ғылыми талдаужасалғанда екі ұғым қолда нылған. Оның бірі - қоғамдық, екіншісі – әлеуметтікұғымдары. К. Маркс пен Ф. Энгельс жалпы қоғам туралы мәселе қозғағанда және қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, идеологиялық салаларыңың өзара байланысы жөнінде айткднда «қоғамдық», «қоғамдық қатынастар» ұғымдарын қолданды, ал адамның адамға, адамдардың бір-біріңе қарым-қатынастарының табиғаты туралы, орлардың тіршілік әрекетінің алғышарт- тары жөнінде, социумда адамдардың алатын орны мен атқаратын міндеттері туралы, жалпы қоғамдағы қарым-қатынастар жөнінде қарастырғанда К. Маркс пен Ф.
Энгельс «әлеуметтік» ұғымын пайдаланды және соған сәйкес «әлеуметтік қатынастар» туралы әңгіме де көтерді.
К. Маркс пен Ф. Энгельс шығармаларында кеңде
«әлеуметтік»ұғымы«азаматтық» ұғымымен бір мағынада қолданылған.
«Азаматтық» ұғымыадамдардың нақты әлеуметтік қауымдастық, атап айтқанда, отбасы, тап т.б.шеңберіндегі және жалпы қоғаммен өзара әрекет етуімен байланыстырылды.Қоғам туралы теорияны жасай отырьш, К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамныңтіршілік әрекеттерінің, қоғамдық қатынастардың бүкіл жақгарының өзара әрекеттеріне баса көңіл аударды, ал кейбір марксшіл ғалымдар «қоғамдық»және «әлеуметтік» ұғымдарың бір мағынада қолданатын болды, ғылымиайналымнан «азаматтық қоғам» ұғымы бірте- бірте шығып қалды. Тәжірибелік әлеуметтану біршама дамыған Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та жағдай басқаша қалыптасты. Осыған орай француз және ағылшын тілдерінде «әлеуметтік» ұғымы «қоғам» ұғымынан бөлініп алынып, дәстүрлі тар мағынада, яғни тәжірибелік түсінігінде қолданылады.
Бұның өзі жалпы қоғамға қатысты құбылыстар мен процестерді белгілеуде қиындықтар туғызды. Сондықтан әлеуметтану дамуының белгілі бір сатысында «социентальды» ұғымы енгізілді, бұл ұғым жалпы қоғамды жәнеэкономикалық, әлеуметтік-саяси және т.б. тұратын бүкіл қоғамдық қатынастардыңжүйесін сипаттау үшін қолданылды. Отандық ғылымда
«қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарының арасында нақгы шектеудің болмауы - қалыптасқан кейбір тілдік дәстүрмен байланысты «әлеуметтік»
ұғымы «қоғамдық» ұғымының синонимі ретінде қарастырылды.
Әлеуметтанудың бірте-бірте дамуымен байланысты «әлеуметтік» ұғымы өз алдына жеке маңыздылыққа ие болды. Әлеуметтік - бұл нақты уақыт пен белгілі орында жеке адамдардың немесе жеке адамдар топтарының бірлесе еткен қызметінің процесі барысындаықпалдасқан сол қоғамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы. Кез келген қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, т.б.) жүйесі адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынастарына қатысты болды. Сондықтан бұл жүйелердің әрқайсысының өзіндік нақты әлеуметтік аспектісі бар. Әлеуметтік - бұл индивидтердің қарым-қатынасы мен өзара әрекетінен көрінетінәртүрлі жеке адамдардың біріккен қызметінің нәтижесі.Әлеуметтік – бұладамдардың өзара әрекетінің барысында пайда болады, нақты,қоғамдық құрылымда олардың алатын орны мен рөлінанықтайды. Бұл өзкезегінде, жеке адамдар мен жеке адамдар топтарының қоғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі әртүрлі қатынастарынан көрінеді. «Әлеуметтік қауымдастық» - әлеуметтанудың негізгі категорияларының бірі.
Әлеуметтік қауымдастық - бұл, индивидтер мен кез келген адам топтарының жәй ғана қосындысы емес, керісінше, ол тұрақгы және тұтас әлеуметгік түзілім, оның субъектілері ортақ мүддемен біріккен және өзара бір-бірімен араласа әрекет етеді. Осындай өзара өрекеттің нәтижесінде әлеуметтік қатынастар қалыптасады,қоғамда әлеуметтік сала ерекшеленіп, әрбір адам өзінің әлеуметтік сапасын өз бойына сіңіреді. Әлеуметтік қауымдастық әдетте түрлі әлеуметтікқауымдастыққа кіретін және соның ішінде әртүрлі әлеуметтік рөл атқаратын жеке адамның әлеуметтік болмысының (тұрмысының) сан алуан түрлері мен формаларын қамтиды.
Сол тұлға мен қоғамның өзарабайланысы мен әрекетін жанама түрде көрсетіп береді. Әлеуметтанудыңмәні мен ерекшелігін түсіну үшін әлеуметтік қауымдастық категориясыөте маңызды құбылыстар мен процестердің субъективтік қызмет жағын ерекшелеп, бөліп көрсетеді.
Өзінің түрі жағынан әлеуметтік қауымдастықтар соның кеңістік- мезгілдік көлемдегі түрі (мысалы, адамдардың әлемдік қауымдастығы және олардың мемлекеттік қауымдастығы әртүрлі қөлемдегі қоныстық қауымдастықтар: социодемографиялық қауымдастықтар) және олардың мүдделерінің мазмұнымен бірігетін түрі (мысалы, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіби, ұлттық, т.б. қауымдастықтар) болып бөлінеді.
Әлеуметтанудың мазмұны жағынан терең, әрі кең мынадай категорияларыбар: жүйе, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым,әлеуметтік топ, әлеуметтік әрекет, әлеуметтікмінез-құлық, т.б. Бұлардың әрқайсысы, өз кезегінде өте маңызды, алайда жалпыламалығытөмен категорияларды да осы айтылғандардан бөліпшығарады. Айталық,әлеуметтік топ категориясы мынадай жеке ұғымдарды:тап, әлеуметтік топ, халық, ұлт, отбасы, т.б., ал әлеуметтік әрекеткатегориясы - әлеуметтік мүдде, әлеуметтік мақсат, әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық және т.б. ұғымдарды қамтиды.
Әлеуметтанудыңмаңызды категорияларының қатарына әлеуметтік тендік
(немесе теңсіздік), әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік еркіндік, тағы басқа да ұғымдарды жатқызуға болады. Сөйтіп, әлеуметтанудың категориялары осы ғылымобъектісінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін көрсетеді.
Әлеуметтануда өз категорияларымен қатар басқа ғылымдардан енгенкатегориялар да қолданылады. Мысалы, философиядан әлеуметтануға«қоғам, адам, құқық, индивид, прогресс, даму», т.б.
категориялар ауысты,ал театр өнерінен - «рөл», заң ғылымынан - «статус»
ұғымдары енген.Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байыта түседі. Егер әлеуметтану категориялары объектінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін анықтайтын болса, әлеуметтанудың заңдары солардан туындайтын тұрақты қарым-қатынастар мен байланыстарды ашып көрсетеді.
Әлеуметтік заңдар адам қызметінің барлық саласын қамтиды және таралу аясына сәйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталық, шағынтопқа, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапқа, жалпы қоғамға әрекет ететін зандар бар. Басқаша айтсақ, зандар жалпы қоғам немесе оның бөлімдеріарасында қолданылып, осыларды қамтиды. Барлық ғылыми заңдар сияқты әлеуметтік заңдардың мынандай негізгібелгілері бар:
1. Белгілі бір жағдай болғанда, яғни сол уақытта ғанаәрекет ететін заң.
2. Осы жағдайларға орай әрдайым әрекет ететін заң.
3. Толығымен емес, жартылай және шамамен жүзеге асатын жағдайдаәрекет ететін заң.
Бұл белгілердің зерттеушілер үшін маңызы өте зор. Заңның әрекетіне талдау жасағанда және оның мазмұнын тұжырымда- ғанда зерттеуші сол әрекетті іске асыратын шарттарды мүмкіндігінше ескеруі керек. Сондықтан
«индивидтер әр кезде әлеуметтік топтар құруға тырысады» деген тұрғыдағы тұжырымдар әлеуметтік заң болып саналмайды,өйткені онда заңның әрекет ететін шарты айтылмаған. Керісінше,«ұйымдағы істер, конструктивтік әлеуметтік шиеленіс, егер де оған сыртқыфакторлар әсер етпесе және ұйым ішінде ресурстарды қайта бөлужүргізілмесе»,оның пайда болу себептерін жойғаннан соң кез келгенуақытта шешіледі, дегенүлгідегі әлеуметтік заңның әрекеті баяндалған, өйткені оның шарты нақтыескертілген. Әрине, ұйым сыртқы факторлардың ықпалынан біржола айырылаалмауымүмкін және материалдықресурстардың, ақпараттың ұйымның ішіндеірге теуіп, қозғалысқа түсуінтоқтатуға да қол жеткізу оңайға соқпас. Алайда,қайсыбір ұйымдарда заңның әрекет ету жағдайының мүлде тоқтатылуы кездеседі.Егер ұйымдағышиеленіскен жағдай өзін тудырған себептерді жойғаннан кейін дешешілмесе,онда бұл заңның шартын тұжырымдаудағы ескертудіңорындалмағанын білдіреді. Тағы бір мысал келтірейік. Егер бір мекемеде, адамғаекінші мекемеге қарағанда сондай көлемдегі жұмысына артық жалақытөлесе, онда ол адам соның біріншісіне жұмысқа тұрады, тек жалақыайырмашылығы болмаса, оған бұл мекемедегі жұмыс ештеңесімен өзгешеленбейді. Мұнда әлеуметтік заң келесі бір түрде байқалып тұр. Кейде қызметкер жалақыны аз төлейтін мекемені тандауы мүмкін, оның себебі
мекеме үйіне жақьш орналасқан немесе еңбек жағдайы жақсы болуы ықтимал. Бұл жағдайда заң әрекетінің шарты орындалмай отыр.Жалақыдан басқа, абсолютті жұмыс жағдайы бірдей мекеме болуы мүмкін емес, бірақ оларды бір-біріне жақындатуға әбден болады. Әлеуметтік заңдар мен адамдар арасында тұрақты түрде байланысорнатылады және ол талаптарға не бағынады, немесе олардан қашқақтайды, болмаса өзінің мінез-құлқын әлеуметтік заңдарға бейімдейді, немесе оларға қарсылық көрсетеді.
Әлеуметтанушы әлеуметтік заңды ашқанымен, әлі ешкім білмейтін құбылыстардың, белгісіздіктердің бет пердесін аша алған жоқ. Керісінше, адамдар әлеуметтік зандардан өздерініңкүнделікті өмірдегі белгілерін көреді, әрқашан сол зандардың көріністерін өз тәжірибелерімен салыстырып отырады.
Әлеуметтік заңдарды іздеп табу және зерттеу өте қиын. Бұл көптеген жағдайлардың болуымен, олардың күрделілігімен, бір-біріне жақындығымен,ұштасып жатуымен байланысты. Сондықтан да әлеуметтік топтарда адамдардыңмінез-құлқы қайталанады, ал өз кезегінде бұл детальдардың көп болуына орайәлеуметтік заңдардың әрекетін жеке-дара бөліпалу өте қиын. Әлеуметтік зандарды зертгегенде есте ұстайтын ерекше жағдайлар бар.Олар бұл жұмысты мейлінше жеңілдетеді. Әлеуметтік заңдар адамдардыңбір-біріне қатысты мінез-құлқын, жүріс-тұрысын зерттеп реттейтін, адам санасының тәуелсіз өмір сүретін объективті ережелер жиынтығы болып табылады және олардың негізін тарихи қалыптасқан мотивтер, мүдделер мен адамдардың тіршілік жағдайын қанағаттандыруға ұмтылыстары, қауіпсіздіктері, өзін-өзі көрсетулері және т.б.
қалыптастырады. Сондықтан, әлеуметтік заңдарды зерттегенде ең алдымен әлеуметтік топтың,жіктің, таптың немесе бүкіл қоғамды құрастыратыниндивидтердің қажеттіліктерін (мұқтажын) анықтау керек және осымұқтаждықтарды негізгеала отырып, индивидтердің мінез- құлқындағықайталанатын әрекеттердііздестіру қажет, осындай қайталанатын көріністердітудыратын жағдайларды анықтау және қоғамда жүріп жатқан әлеуметтікпроцестерді табысты басқару үшін қажетті білімділік, әлеуметтік заңдар тұжырымдалуы тиіс. Әлеуметтік зандардың қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі, әлеуметтікпроцестерді басқарудағы маңызы өте зор. Әлеуметтік заңдардың қалыптасып,орнығуы мен әрекет етуі әлеуметтануда ғылыми тәсілдердіқолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қоғамның өмір сүру процесі барысында орныққан әлеуметтік байланыстарбелгілі бір зандар мен заңдылықтардың негізінде пайда болып, әрекет етеді. Өз кезегінде бұл заңдар әлеуметтік құбылыстар мен процестердіңерекшелікті жақтарын да айқындап отырады.
Әлеуметтанудаәлеуметтік заңдарды анықтауда бірлестік қатынастар маңызды рөл атқарады.Жалпы бірлестік қатынастарға әлеуметтік топтар, қоғам мен ұйымдардың, т.б.арасында қалыптасқан қатынастар жатады.
Әлеуметтік зандар оқиғаның барысында адамның ырқынан тыс қалыптасып,адам өміріне ықпал етеді. Бірақ адам сол әлеуметтік заңдарды
басшылыққа алып,өзіне қажетті жағдайды жасай алады. Өйткені адам рухани және материалдыққұндылықтарды өндіруге, өндірілген игіліктердітұтыну мен бөлу, т.б. үрдістерге қатысады. Бұлар адамдардың қоғамдықбірлікте өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.Әлеуметтік зандар адамдарды және олардың мінез-құлқын реттеп отырады, тұлғалардың арасындағы қатынастарды, олардың қауымдастықтарындағы қатынастарды анықтайды және адамдардың қызметі мен бірлестіктерінең көрініс табады.
Әлеуметтік зандардың қатарына, мысалы,әлеуметгік дифференциацияны және интеграцияны, әлеуметтік мобильділікті,қоғам урбанизациясын, т.б.
жатқызуға болады. Әлеуметтанудың зандарын классификациялау түрлі негіздерге сүйеніпжасалады. Заңдардың жалпылық (ортақтық) дәрежесіне сәйкес олар жал-пы заңдар және ерекше заңдар болып бөлінеді. Жалпы заңдар қоғамның,социумның, тұтас әлеуметтік жүйенің дамуын анықтайды.
Ал, ерекшезаңдар - әлеуметгік жүйенің жеке элементтеріне, қоғамның бөлімдеріне тән. Өзінің сипаты, көрініс табу тәсілі жағынан әлеуметтану заңдары ди-намикалық және статистикалық болып та бөлінеді.
Динамикалық заңдарнақты жағдайдағы оқиғалардың желісі арасындағы қатаң да бір мағыналы байланысты көрсетеді. Ал, статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң белгілеп, анықтайды, әрі ықгимал дәрежеде де белгілейді;бұлар әлеуметтік тұтастық шеңберінде болған әлеуметтік өзгерістердің негізгібағыттары мен тенденцияларын көрсетеді. Әлеуметтік заңдарды бүгінде бірнеше топтарға бөлеміз, атап айтсақ,біріншіден, инвариантты өмір сүретін әлеуметтік немесе сонымен байланысқан құбылыстарды байқататын заңдар. Бұл заңдар бойынша, егер деА деген құбылыс болатын болса, онда Б деген де құбылыс болуы тиіс.
Екіншіден, даму тенденциясын көрсететін заңдар. Аталмыш заңдар әлеуметтік нысан құрылымының динамикасына себепші болатын өзара қарым-қатынастың бір түрінен келесісіне өту зандары болып табылады.
Қайсыбір әлеуметтік жүйе құрылымындағы элементтер мен тәсілдердіңреттелген байланыстарының кеңістікте өзгеруі бұған дейінгі қалыптыжағдаймен анықталады. Құрылымның бұрынғы қалпының келесісіне осылайықпал етуі даму заңының сипаты болып саналады.
Үшіншіден,әлеуметтік құбылыстар арасында функционалдық тәуелділікті орнататыннемесе коварнация қалыптастыратын зандар. Даму заңдарымен салыстырғанда функционалдық зандар қайсыбір әлеуметтік жүйенің салыстырмалы түрдегі тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Мұнда жүйеніңэлементтері қозғалыста болғанымен, олар құрылымды мәнді өзгеріскетүсіре алмайды. Егер де даму зандары әлеуметтік объектінің бір сападанкелесі сапаға өтуіне себепші болса, функционалдық заңдар осы өтулер үшін алғышарттар жасайды. Төртіншіден, әлеуметтік құбылыстар арасындағы байланыстарды белгілейтін зандар. «Функционалды» және
«себепті»байланыстарды белгілейтін әртүрлі заңдардың болуы функционалдық себептің түрі бола алмайды деген сөз емес. Функционалдық байланыс себепті көрсетуі де мүмкін, көрсетпеуі де мүмкін. Бұл ұғымдар
жарым- жартылай сәйкес келеді. Функционалдық тәуелділіктің болуы әлі де болса мәнді себептік қатынастарды көрсетпейді. Бесіншіден, әлеуметтік құбылыстарарасындағы ықтимал байланыстарды орнататын заңдар.
Адамдардыңстатусын белгілейтін де заңдар бар. Әлеуметтік заңдар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.
Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі кезеңдері.
Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798- 1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары «Позитивті философияның курсы»
деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады, оның үшінші томында алғаш рет Конт
«социология» деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактіге негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген. 19-ғ. 20-ғ. басындағы батыс еуропаның көшбасшы социологтарының шешуші идеялары.
1 кесте Ғалымның аты
Өмір сүрген жылдары
Мемлекет Негізгі идеялары Огюст Конт
1798-1857 Франция
Позитивизммен мен
социологияның негізін қалаушы.
Әлеуметтану нақты ғылым болуы тиіс
Карл Маркс 1818-1883 Германия Ғалымдардың мақсаты тек қана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар революция арқылы әлемді өзгерту Герберт
Спенсер 1820-1903 Англия Қоғамның дамуы-эволюция, яғни қоғамның қозғалысы біртіндеп және табиғи болуы тиіс
Эмиль Дюркгейм
1858-1917 Франция Әлеуметтанудың мақсаты қатаң әрі шыңдық негізінде әлеуметтік фактілерді оқыту
Макс Вебер 1864-1920 Германия «Түсіне алатын әлеуметтанудың»
негізін салушы;
Жалпы рационалдану идеясын қолдаушы
Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты
байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді. Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады.
Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.
Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді.
Спенсердің социологиясының аса құнды жағы – «Әмбебап эволюция заңы».
Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі - әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық - функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті - лат. discretus) деген сөзінен шыққан «жеке бөліктерден құралған» деген мағынаны береді.
Француз социологы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) социология ғылымын дамытудағы маңызды рөл атқарады. Г.Спенсер мен бірге Дюркгейм классикалық социологияның өкілдеріне жатады. Классикалық социологияның негізгі принциптері төмендегідей:
1) әлеуметтік құбылыстар жалпы заңдылықтарға бағынады. Яғни, арнайы спецфизикалық заңдылықтар болмайды;
2) сондықтан социология дәлдік ғылымдарға ұқсас тәртіппен құрылады;
3) әлеуметтік зерттеулер тәсілі дәл және айқын болуы керек, барлық әлеуметтік құбылыстар сандық тұрғыдан анықталуы тиіс;
4) әлеуметтік құбылыстың ғылымилығын көрсететін өлшем - білім мазмұнының объективтілігі.
Бұл социологиялық білімде субъективтік эмоцияның, пікірдің болмауы керектігін көрсетеді. Мұның өзі социологияның ғылым ретінде идеологиядан, құндылықтардан тыс тұруы қажеттігін талап етеді.
Социологияның классикалық түріне қатысты принциптерін Э. Дюркгейм өзінің «Социологиялық тәсілдердің қағидасы» (1895) еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт (шындық) теориясына негіздейді. Ол әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді.
Дюркгейм адамның өзіне-өзі қол салуы мәселесімен айналысқан.
Статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жыныс, жас ерекшелігі, жыл мерзімдері
сияқты факторлармен байланыстырған. Адамның өзіне-өзі қол салуы интеграция нығайған сайын көбейе түседі. Өзіне-өзі қол салу белгілі әлеуметтік топ өкілдеріне тән сипат және сондықтан ол әлеуметтік құбылыс немесе Дюркгейм сөзімен айтқанда «әлеуметтік факт» болып табылады.
Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың «anomie» деген сөзінен шыққан, «заңның болмауы»
деген мағынаны береді. Дюркгейм өзінің теориясында адамның «өзін-өзі билеуін жоғалтуы», белгілі бір «норманың болмауы» деген мағынада қолданылып отыр. Оның пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивтік өзгерістер «ұжымдық реттіліктің өзгеруіне» байланысты болып келеді. Яғни, - әлеуметтік норма бұзылған жерде девиантты мінез пайда болады. Әлеуметтік тәртіпсіздік (дезорганизация) адамның девиантты мінезін түсіндіруде негізгі принцип екендігін социология ғылымында мойындалған. Әлеуметтік
тәртіпсіздік ұғымы - қоғамда әдеттегі мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді.
Неміс социологы Макс Вебер (1864-1920). М.Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, теориялық социологияның пәні тек қана әлеуметтік әрекет болуы шарт, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет. Егер, қайсыбір әрекетті түсінгіміз келсе, ол үшін адамның ішкі жандүниесінен шығуы ықтимал нақты мотиві немесе мотивтердің құрамды бөліктерін ашуымыз керек. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер 4 типке бөледі:
1) ұғымды-мақсатты әрекет;
2) құнды-ұғымды әрекет-белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде же туге бағытталған әрекет;
3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды;
4) дәстүрлі әрекет, бұл-әдет-дағдымен анықталатын әрекеттің түрі.
Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократиялық зерттеу болды.
Бюрократия - капиталистік ұғымды іске асырушы. Бюрократия кең көлемдегі ұйым, онда қызметкерлер рангіге бөлінеді дейді. Мысалы, ірі өнеркәсіп фирмалары, үкіметтік ұйымдар т.б. Вебер бюрократияның дамуын капиталистік кезеңнің міндетті белгісі деген.
Вебер социологиялық ілімінің негізі - идеалдық тип. Идеалды тип қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым- қатынас, жеке бас және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды типқоғамда бармен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен
қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.
2. Әлеуметтану пәнінін калыптасы тарихы.
3. Француз әлеуметтануының (А.Токвиль, А. Сен-Симон, О. Конт, Э.Дюркгейм) дамуы.
4. Неміс әлеуметтануының (К. Маркс, М. Вебер) дамуы.
5. Британ әлеуметтануының (Г. Спенсер) негіздері.
2 дәріс. Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Дәрістің негізгі мақсаты - студенттерге әлеуметтану теориясын құрылымын, ерекшеліктерін түсініктеме беру және талдау.
Негізгі сұрақтар:
2.1 Әлеуметтік теория.Макро-және микро - деңгейлері.
2.2 Қүрылымдық-функциялық теория. Қақтығыс теориясы.
2.3 Символдық интеракционизм теориясы 2.4 Рөлдер теориясы.
2.1 Әлеуметтану- қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Микро - әлеуметтану, жоғарыда айтылғандай, адамдардың бетпе-бет әрекеттерін зерттеуге қатысты. Бұл негізінен жеке адамдардың күн сайын бір- бірімен неғұрлым аз мөлшерде байланысын зерттейді. Микро - социология негізінен жеке өзара әрекеттесумен айналысатындықтан, жиналған мәліметтерді талдау үшін интерпретация әдістерін қолданады. Микро социологиялық зерттеулерде мәліметтерді эмпирикалық талдау немесе статистикалық әдістерді қолдану қиын. Сонымен қатар, осы пәндік салада жиі кездесетін зерттеу әдісі - бұл символдық өзара әрекеттесулер. Жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттесудің әртүрлі әдістерін байқай отырып, микро әлеуметтанушы қорытынды жасай алады.
Сонымен қатар, әлеуметтік психология, әлеуметтік антропология сияқты пәндерді микро - әлеуметтанудың бөлімшелері ретінде қарастыруға болады.
Бұл пән өрістері жеке тұлғаларға көбірек назар аударады, ойлау үлгілері кішірек. Біз қоғамның микро деңгейі, қоғам мүшелерінің мәртебесі, әлеуметтік рөлдер туралы ойласақ, белгілі бір әлеуметтік құрылымдағы маңызды құбылыс.
Микро - әлеуметтік талдау микро - әлеуметтік өзара әрекеттесуді түсінуде